The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by izimovatahmi, 2023-03-02 09:35:35

11 cынып оқулығы

11 cынып кітап

151 4.4-4.5. Мобильді қосымшаларды жасау Смартфонда осы қосымшаны орнатып, қосқаннан кейін, программаның терезесінен Қосылу → AI көмекші (Подключиться → Помощник AI) компонентін таңда. Companion-ға қосылатын қосымшаңның QR-коды мен оның алты белгілік коды бар терезесі ашылады (10-сурет). Осы кодты мобильдік құрылғыңдағы MIT AI2 Companion қосымшасының сәйкес ұяшығына жаз. Өзің қазір ғана құрған қосымшаң ашылады. Қосымшаны тестілеуден өткізіп, қажетті өзгерістерді енгіз. Егер AI көмекші режімінде жұмыс істесең, онда программада кез келген өзгерістер автоматты түрде тестілеуден өткізілетін қосымшаға қолданылатын болады. 10-сурет. Қосымшаны тестілеуге арналған QR-код А деңгейі. Қосымшаңның интерфейсін өзгерт. Фонның түсін, батырманың сыртқы түрін, мәтіндік өрістер үшін ұсыныстарды өзгерт. В деңгейі. А деңгейінің тапсырмасын орындап, мәтіндік өрістен мәтінді, теңдеудің түбірін табу үшін жазылған жазбаларды тазартатын Тастау (Сброс) батырмасын қос. С деңгейі. В деңгейінің тапсырмасын орында. Нәтиже шық қаннан кейін, өзіңнің коэффициенттеріңмен квадраттық тең деудің өзі шығатынын есеп ке ал (11-сурет), Есептеу (Вычислить) батырмасы жа сырылуы керек. Мәтіндік өрісті тазартқаннан кейін, экранда қайтадан Есептеу (Вычислить) батырмасы пайда болуы тиіс. 11-сурет. Қосымшаның интерфейсін өзгерту Практикалық жұмыс Алматыкiтап баспасы


Заттар интернеті 4-бөлім. 152 Циклмен қосымша құру МІТ App Inventor ортасында циклдерді ұйымдастыру үшін, есептегіш цикл мен шартты цикл деген екі блок бар (12-сурет). Есептегіш циклде есептеудің алғашқы мәнін, оның соңғы мәні мен өлшеу қадамын көрсетесің. Шартты циклде кейбір шарттар беріледі, ол орындалып жат қан кезде циклдің денесі де орындалады. Тапсырма: Факториал сандары есептелінетін қосымша әзірле (факториал – 1-ден берілгенге дейінгі сандардың көбейтіндісі, мысалы: 5!= 1 · 2 · 3 · 4 · 5). Программада екі айнымалы қолданылады: берілген N саны мен F санының факториалы. Қосымшаның интерфейсі 12-суретте берілген. Берілген есепті шығару үшін, есептегіш цикл қолданылады. Есепті шығарудың блок-схемасы 13-суретте көрсетілген. 1. Қосымшаның компоненттерін орналастырудың мүмкін болатын тәсілдерін атап, әр тәсілді сипатта. 2. Егер компонентті алып тастасаң, онда осы компонентпен байланысты программалық код автоматты түрде жойылып кете ме? 3. МІТ App Inventor ортасында қандай блоктардың көмегімен шарттар ұйым дастырылады? Білу мен түсіну 12-сурет. Қосымшаның интерфейсі 13-сурет. Факториалды табу Енгізу n F F:=1 F:= F * i i:=1,n Соңы Басы Алматыкiтап баспасы


153 4.4-4.5. Мобильді қосымшаларды жасау 1. Келесі есепті шығару алгоритмін ұсын: Мобильді трафикті бақылайтын мобильді қосымша әзірлеу керек. Егер ол берілген лимиттен асып кетсе, онда қолданушыға трафикті асырғаны, лимиттің трафигін арттыру не трафикті қолдануды шектеу қажеттігі туралы хабарлама келеді. 1. Не себепті компоненттердің аттарын бастапқы қалпында қалдырмай, ауыстыру керек? 2. Қандай жағдайда есептегіш циклді, қандай жағдайда шартты циклді қолданған тиімді? 2. Сабақта қандай қосымша жасағаныңды айт, қосымшаның жұмысын жақсартуға арналған ұсынысыңды жеткіз. Сыныптастарың жасаған қосымшаны бағалап, осы қосымшаны жақсарту бойынша ұсыныстарыңды айтыңдар. Мобильді қосымшаңда, қолданушыға қажетті әрекеттер мен енгізілген деректерге байланысты шектеулер туралы хабарламалар дайында. Үй тапсырмасы Топтық жұмыс Қолдану Практикалық жұмыс А деңгейі. Қосымшаңа тек факториалдық есептеудің мүмкіндігін ғана емес, 1-ден берілген санға дейінгі қосындылар қатарын да қос. В деңгейі. А деңгейінің тапсырмаларын орындап, 30-дан артық болмайтындай берілген сандарға шектеу қой. С деңгейі. В деңгейінің тапсырмаларын орында, бірақ қосымша 1-ден берілгенге дейінгі сандар квадратының қосындысын есептейтіндей етіп өзгерт. Жоғарғы деңгейдегі тапсырмалар Деңгей бойынша практикалық жұмысты орында. Алматыкiтап баспасы


Заттар интернеті 4-бөлім. 154 4.6 МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАНЫ ОРНАТУ Қосымшаны тестілеу кезінде қосымша орнатылған MIT AI2 Companion программасы бар мобильді телефонды қолдандың. Мобильді құрылғыға қосымшаны жүктеудің тәсілдерін қарастырайық: • Бастапқы кодта (.aia кеңейтілген файлымен). .аіа форматындағы бастапқы код қосымшаны редакциялауға мүмкіндік береді. Бастапқы код Жобалар (Проекты) → Таңдалған жобаларды экспорттау (Экспортировать выбранные проекты) (.аіа)) мәзір бетінен Менің компьютеріме (Мой компьютер) түрленеді. • Орындалатын файл түрінде (.apk кеңейтілген файлымен). .apk файл қосымшасы MIT App Inventor-дың Құрастыру (Построить) → Қосымша (Приложение) (.арk-ны компьютерде сақтау) мәзірінде түрленеді. .apk файлы – құрылғыда жұмыс істейтін орындаушы қосымша. • Қосымшаның QR-коды түрінде. Мәзірдің Құрастыру (Построить) → Қосымша (Приложение) командаларымен түрленеді (.apk-ны жүктеуге арналған QR-код құру). Орындайтын файлды мобильді құрылғыңа көшіріп алу керек. Мұны бірнеше тәсілмен орындауға болады: USB кабелі арқылы Құрылғыны USB кабелі арқылы қосу кезінде алдымен USB бойынша ретке келтіруді қосу керек. 1. Ол үшін мобильді құрылғыда Жүйені баптау (Настройки системы) → Әзірлеушілер үшін (Для разработчиков) мәзіріне ауысып, USB-ретке келтіру (Отладка USB) пунктінің мәзірін қосу қажет (1-сурет). Android 4.2 және одан жоғары құрылғыларда Әзірлеушілер үшін (Для разработчиков) функциясы әдепкі қалпы бойынша жасырын тұрады. Бұл функцияны қосу үшін, Баптаулар (Настройки) → Теле- мобильді қосымшаны қалай орнату керектігін білесің. Іске қосу файлы – файл запуска – Iauch file Бүгінгі сабақта: Негізгі ұғымдар: Алматыкiтап баспасы


155 4.6. Мобильді қосымшаны орнату 1-сурет. Әзірлеушінің режімі фон туралы (О телефоне) мәзіріне ауысып, Құрастырылым нөмірі (Номер сборки) мәзірін жеті рет басу қажет. Әзірлеушілер үшін (Для разработчиков) мәзірін ашып, USB бойынша ретке келтіруге рұқсат бер. 2. Мобильді құрылғыны USB кабелі арқылы компьютерге қосып, құрылғының Медиа-құрылғы (Медиа-устройство) емес, Жадтаушы құрылғы (Запоминающее устройство) ретінде қосылғанына көз жеткізу қажет. Android 4.2.2 мен одан жоғары құрылғыларда мобильді құрылғыны компьютерге қосқан кезде USB-ретке келтіруге рұқсат беру (Разрешить USB-отладку) деген хабарлама пайда болады, компьютерге қосу үшін, ОК-ді бас. 3. Қосылғанын тексеру. Компьютердің мобильді құрылғыға қосылғанын тексер. 4. Мобильді құрылғыдағы Download бумасына .apk файлын көшіріп ал. Электрондық пошта арқылы Егер телефонда пошта орнатылса, онда .apk файлын өзіңнің электрондық поштаңа жіберуге болады, сонан кейін файлды телефонға көшіріп алу керек. Орнату үшін жүктелген .apk қосымшаның файлы мобильді құрылғыдағы Download каталогінде сақталады. Оған Файл менеджері қосымшасының көмегімен қол жеткізуге болады. Түрлі OS Android версиялары үшін қосымша әртүрлі нұсқаларда берілуі мүмкін. Жаңа қосымша ескі қосымшаның орнына орналасуы мүмкін немесе түрленген атпен жаңа версия түрінде орналасады. Download каталогіндегі ескі версияларды өшіріп тастау ұсынылады. Операциялық жүйе қосымшаны орнату барысында әзірлеушілер туралы деректердің жүктелмегені туралы хабарлама жібереді, сонда Бәрібір орнату (Все равно установить) мәзірін шерт. Қосымша құрылғыңа орнатылады. Енді оның жұмысын тексер. Алматыкiтап баспасы


Заттар интернеті 4-бөлім. 156 1. Компьютер үшін қандай кеңейтудің компиляцияланған файлы мен смартфон үшін қандай кеңейтудің орындалатын файлы бар? 2. Егер мобильді қосымшаны USB кабелі арқылы орнатса, онда алдын ала қандай қадамдарды орындау керек? 3. Орындалатын файлдарды компьютерден мобильді құрылғыға қандай тәсілдермен көшіруге болады? Өзіңнің нұсқаңды ұсын. 4. Программалық қамтамасыз етуі бар платформа қызметін ұсынатын сервистер қалай аталады? Бұрыннан құрылған мобильді қосымшаны телефоныңа орнатып, оның жұмысын тексер. Кестені толтыр. .apk файлын іске қосудың тәсілі Артықшылықтары Кемшіліктері Үй тапсырмасы Білу мен түсіну Қолдану Алматыкiтап баспасы


157 Практикалық жұмыс А деңгейі 1. Берілген жақтары бар үшбұрыш бар-жоқтығын тексеруге арналған қосымша әзірле. Егер болса, онда сәйкес хабарламаны шығарып, оның периметрі мен ауданын есептеуі тиіс. 2. Геометриялық прогрессияның қосындысын берілген бірінші мүшесі мен еселігі бойынша есептейтін қосымша әзірле. 3. Математика, физика, химия, тарих секілді кез келген бір пән бойынша мобильді қосымша әзірле. Қосымшаңда блоктардың циклдері мен шарттары қолданылуы тиіс. В деңгейі 1. Берілген жақтары бар үшбұрыштың бар-жоқтығын тексеруге арналған қосымша әзірле. Егер болса, онда сәйкес хабарламаны шығарып, үшбұрыш болған жағдайда оның периметрі мен ауданын есептеуі тиіс. Үшбұрыштың бұрыштары мен үшбұрыштың түрін анықта: сүйірбұрышты, тікбұрышты немесе доғалбұрышты. 2. 1-ден 20-ға дейінгі санды табуға арналған мобильді қосымша әзірле. Ойыншының міндеті – санды табу. Ойыншы санды енгізген кезде, енгізілген сан ойланған саннан артық не кем екенін хабарлайтын хабарлама шығуы керек. Әрекет саны 5-тен аспауы тиіс. Егер осы уақытта ойыншы санды таба алмаса, онда «Сен жеңілдің» деген хабарлама, ал ойыншы санды тапса, онда «Сен жеңдің» деген хабарлама шығуы тиіс. 3. Математика, физика, химия, тарих секілді кез келген бір пән бойынша мобильді қосымша әзірле. Қосымшаңда блоктардың циклдері мен шарттары қолданылуы тиіс. «МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАНЫ ӘЗІРЛЕУ» ПРАКТИКУМЫ 4.7 4.9 конструкторда мобильді қосымшаның достық интерфейсін қалай құру керектігін; шарттары мен циклдері бар блоктарды қолданып, мобильді қосымшаны әзірлеуді; әзірленген мобильді қосымшаны орнатуды үйренесің. Бүгінгі сабақта: 4.7-4.9. Мобильді қосымшаны әзірлеу» практикумы Алматыкiтап баспасы


Заттар интернеті 4-бөлім. 158 С деңгейі 1. Қолданушының сауалы бойынша сфера, куб, пирамида, призманың толық беті мен көлемін есептейтін қосымша әзірле. Қолданушы сауалының саны шектеулі. Бұл шектеуді қолданушы қосымшаны енгізгеннен кейін өзі беруі керек. 2. Арифметикалық прогрессияның берілген бірінші мүшесі мен айырымы бойынша есептейтін, сондай-ақ n-мүше прогрессиясын шығаратын қосымша әзірле. 3. Математика, физика, химия, тарих секілді кез келген бір пән бойынша мобильді қосымша әзірле. Қосымшаңда блоктардың циклдері мен шарттары қолданылуы тиіс. Қосымшаны әзірлеу кезінде интерфейстің талаптарын ескерген жөн. Қосымшада кейбір әрекеттер туралы қолданушыға арналған ескертпелер мен шектеулер туралы ақпараттар міндетті түрде болуы керек. Қосымшаны құрып болған соң, оны мобильді құрылғыңа орнатып, жұмысын тексер. Алматыкiтап баспасы


159 4.10-4.11. «Ақылды үй» Сонау 1950 жылы жазылған америкалық жазушы Рэй Брэдберидің «Жылы жаңбыр болады» деген әңгімесінде қазіргі шындыққа айналған «ақылды үй» сипатталған екен. «Ақылды үй» ұғымымен танысып, «ақылды үйде» қандай датчиктердің (өлшеу құрылғылардың) қолданылатынын білесің. «Ақылды үй» – «умный дом» – Smart home Датчик – датчик – sensor «Ақылды құрылғы» – «умное устройство» – Smart device Басқару құрылғысы – устройство управления – control device «Ақылды үй» – әртүрлі жоғары технологиялық құрылғылардың көмегімен адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалған тұрғын үй. «Ақылды үйге» арналған электрониканың кез келген жиынтығы – үй коммуникациясы жүйелерінің қызметін бақылауға әрі дәл басқаруға арналған жоғары технологиялық жабдық. «Ақылды үй» пәтер немесе үйдегі әртүрлі инженерлік жүйелер мен жабдықтарды автоматты түрде басқаруға арналған программалық-техникалық кешеннен тұрады (1-сурет). Бүгінгі сабақта: Негізгі ұғымдар: 4.10 4.11 «АҚЫЛДЫ ҮЙ» 1-сурет. «Ақылды үй» жүйесі Алматыкiтап баспасы


Заттар интернеті 4-бөлім. 160 Мұнда смартфоннан басқарылатын робот-шаңсорғыштан бастап тұрмыстық техника да, үйде не болып жатқанын бақылайтын жүйелер де бар. «Ақылды үй» ғимаратта болып жатқан нақты жағдайларды түсінеді. Ол алдын ала әзірленген алгоритмдер бойынша тиісті шешім қабылдайды. Адам бір командамен қалаған жағдайды талап етеді. Автоматика сыртқы, ішкі шарттарға сәйкес барлық инженерлік жүйелер мен электр құралдарының жұмыс режімін анықтайды әрі қадағалайды. Қазіргі заманғы «ақылды үй» жүйесінің ерекшелігі – пәтердің немесе үйдің бөлмелерінде бір-бірінен өзгеше режімдерді орнатуға мүмкіндік болады. Мысалы, балалар бөлмесіндегі температура жоғары, ал дәлізде төмен болуы мүмкін, өйткені ол жер жылытуды қажет етпейді. Жүйе бір мезгілде ваннадағы жоғары ылғалдылық пен асүйдегі ауаны ретке келтіреді. Барлық маңызды процестерді басқаруға қабілетті кешенді жүйелер барынша тиімді. Бірақ «ақылды үйдің» белгілерінде тек бір функцияны орындайтын қарапайым жабдық жиынтықтары да бар. Мысалы, оған орнатылған жылытқышты қосу мен өшіруді басқаратын процессорды жатқызуға болады. Электр желісіне орнатылған шамдардың жарығын реттейтін, сонымен қатар электр энергиясының шығынын төмендететін диммер де интеллектуалдық жабдыққа жатады. «Ақылды үйді» құру «ақылды» құрылғылардың болуын талап етеді. 1-тәсіл Өз құрылымын өзгерту арқылы: бұл құрылымдағы жүйенің іс-әрекеті «ақылға қонымды» болуы мүмкін. 2-тәсіл «Интеллектуалдау» (жүйені ақпаратты жинау, оны өңдеу мен шешімдер қабылдау құрылғыларымен жабдықтау) есебінен. 3-тәсіл Жүйенің тәртібі басқа жүйелермен өзара әрекеттесу есебінен «ақылға қонымды» болады. Құрылғыларды интеллектуалдау тәсілдері Схема Алматыкiтап баспасы


161 4.10-4.11. «Ақылды үй» «Ақылды үйдің» жүйесі қалай құрылған? «Ақылды үй» жүйесінің қалай жұмыс істейтінін, оның қандай болатынын қарастырайық (2-сурет). 2-сурет. «Ақылды үйдің» құраушы бөліктері «Сезім мүшелері» МИ мәртебелер командалар командалар командалар «Ақылды орындаушылар» Басқару құрылғылары Смартфондар, планшеттер, компьютерлер мәртебелер Интеллектуалды жабдықтың кез келген жиынтығының негізін процессор құрайды. Онда орнатылған программа жүздеген немесе мыңдаған режімдердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Қолданушылар, мысалы, тиісті температураны енгізіп, қажетті программаны іске қосса жеткілікті. Басқару блогы немесе басқарушы өзекті мәндерді программаланған мәндермен салыстыру әдісімен бақылайды. Бұл – «ақылды үйдің» «миы». Бұл құрылғы желі мен оған кіретін құрылғылардың жұмысын бақылайды, жадында күрделі сценарийлерді (белгілі бір іс-әрекеттер жиынтығын) сақтайды әрі «ақылды үй» жүйесін смартфон, планшет немесе компьютермен байланыстырады. Барлық қажетті ақпарат жүйенің құрамына кіретін жабдықтың ішкі басқару органдарынан, бақылаушылардан, әрбір үй-жайға орнатылатын датчиктерден келіп түседі. Бұны «ақылды үйдің» «сезім мүшелері» деп айтуға болады. Егер нақты уақыт режімінде алынған деректер белгіленген деректерге сәйкес келмесе, онда басқару блогы түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін тиісті команда береді. Олардың барлығы жабдықтың жұмысын қамтамасыз етеді. Алматыкiтап баспасы


Заттар интернеті 4-бөлім. 162 Орындаушылар – датчиктердегі деректер негізінде берілген жүйе командаларын орындайтын құрылғылар тобы. Мысалы, датчик бір жерден су кетіп жатқанын анықтаса, кран дереу суды жабады. Басқару құрылғылары – «ақылды үй» жүйесін жайлы қолдануға арналған аспаптар. Бұл – қашықтан басқару пульттері, мысалы, батарея негізіндегі жарық ажыратқыштар. Оны өздеріңе ыңғайлы жерге орналастыруға болады. Интеграцияланған жабдық пен web-сервистер – ашық API-мен (мультимедиа-жабдықтар, әртүрлі заманауи техника, проекторлар, т.б.) немесе қашықтықтан басқару пульттерімен басқарылатын бейнекамералар, жабдықтар мен сервистер. «Ақылды үй» түрлері Өндірушілер қолданушылардың қажеттілігін ескереді, сондықтан интеллектуалдық құрал-жабдықтың түрлері мол. Бұл құрал-жабдық сымды және сымсыз болып бөлінеді (1-кесте). 1-кесте Сымды Сымсыз Жалғау тәсілдері Орындаушы датчиктер, сервомоторлар, контроллерлер мен құрылымның басқа да элементтері өзара сымдармен жалғанады. Құрылым элементтерінің арасындағы байланыс радиосигналдардың көмегімен іске асырылады, ол үшін тиісті коммуникациялар қолданылады. Артықшылығы • командалардың аса дәлдікпен орындалуы; • сигналдардың көп саны бар таратқыш шинаның шамадан тыс жүктелу ықтималдылығының жоқтығы; • оптикалық-талшықты сымдар жоғары кері байланыс жылдамдығын қамтамасыз етуі. • монтаждың қарапайымдылығы; • үй-жайлардың құрылымын өзгертудің, құрылыс материалдарына қаражат жұмсаудың қажеті жоқ; • оңай әрі жылдам орнатылады. Кемшілігі • монтаж күрделі, өйткені көптеген сымдарды жүргізуге әрі жасыруға тура келеді; • компоненттер арасындағы байланыс тәсілі, яғни радиосигналдар олардың функционалдығын айтарлықтай шектейді; Алматыкiтап баспасы


163 4.10-4.11. «Ақылды үй» • қажетті құрылыс материалдарын сатып алуға жұмсалатын қосымша шығындарға әкеледі; • өткізгіш жүйелерді орнату көп еңбекті қажет етеді. • қауіпсіздік деңгейі төмен, өйткені деректер радиоканал арқылы берілгендіктен, байланыс бірде жоғалып, бірде өшіп қалады. • батареяларды жиі ауыстыру қажет, бұл ыңғайсыз әрі үнемі аздаған шығынды қажет етеді. Басқару түрі бойынша «ақылды үй» жүйелерінің тағы бір жіктелімі орталықтандырылған немесе орталықсыз нұсқа болуы мүмкін (2-кесте). 2-кесте Орталықтандырылған Орталықсыз Басқару қағидасы Құрал-жабдықты басқару орталық контроллер арқылы жүзеге асады. Әрбір құрылғының процессоры мен жады, автономды электр энергия көзі бар. Артықшылығы • бір құрылғының көмегімен үйдегі барлық ішкі жүйелер басқарылады. Әрбір датчикті басқалардан бөлек программалаудың қажеті жоқ, контроллерге сценарийді жүктеу керек, содан соң барлық құрылым автоматты режімде жұмыс істейді; • құрал-жабдықтың көпшілігімен үйлесімді. • сенімділігі жоғары. Егер бір немесе бірнеше құрал сөніп қалса, қалғандары жұмысын жалғастыра береді; • көпшіліктің көңілінен шыққан жүйе KNX – кеңінен таралған хаттаманың бірі; • қажет жағдайда қосымша логика блогын қосуға болады; • көпшілік тұтынатын сұрыпталым: сатылымда басқару панельдері көп кездеседі, таңдап жүріп сатып алуға болады. Кемшілігі • сенімділігінің төмендігі, өйткені орталық бақылаушы істен шықса, барлық автоматтандырылу жұмысын тоқтатады; • көптеген мүмкіндіктерімен сипатталатын бағасының әжептәуір жоғарылығы. • баптауы күрделі, өйткені әрбір құрылғы бөлек-бөлек бапталады; • әрбір автономды құралдағы қуат элементтерін (батарея немесе аккумулятор) үнемі ауыстырып отыру керек. Сонымен қатар әртүрлі басқару блоктары бар ішкі жүйелерді қолдану негізгі функциялардың сенімділігін арттырады. Алматыкiтап баспасы


Заттар интернеті 4-бөлім. 164 Бірінші санатқа түрлі өндірушілер қолданатын, тілмен басқару жүйелері жатады. Жабдықтың мұндай түрінің артықшылығы – функционалдылығы, қолжетімділігі, әмбебаптығы. Бұл құрамға қосуға болатын компоненттердің әсерлі іріктелімін қамтамасыз етеді. Тек бір ғана өндіруші жасаған тілмен басқарылатын жүйе жабық жүйе саналады. Бұл жинақтың құрамына тек өздері ғана әзірлеп, дайындаған компоненттерді қосуға мүмкіндік болады. Бұл функционалдығы мен әмбебаптығын төмендетеді, бірақ құрылғылар мен аспаптардың үйлесімділігін қамтамасыз етеді. «Ақылды үйдің» датчиктері «Ақылды үй» жүйесінің маңызды компоненттерінің бірі – ақпаратты жинайтын әрі оны басқару блогына жіберетін түрлі датчиктер. Тұрғын үйде қолданылатын датчиктер бірнеше түрге бөлінеді. Олардың әрқайсысы белгілі бір функцияны орындайды. Оларды кешенді қолданғанда ғана энергия ресурстарын үнемдеп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге болады. Оларды шартты түрде қозғалысты бақылайтын датчиктер мен орта параметрлеріне жауап беретін датчиктер деп екі топқа бөлуге болады. 1-кесте Датчиктерді қолдану Датчиктер Қолдану Сыртқы түрі Қозғалысты бақылайтын датчиктер қауіпсіздік жүйелерінде және интеллектуалды жарықта қолданылады. Орта параметрлеріне жауап беретін датчиктер қоршаған ортаның қандай да бір нақты жағдайын бақылауға бағытталған. Бұл датчиктер инженерлік жүйелермен жұмыс істеуге арналған. Температура сыртқы температура датчигі жүйені көшедегі ауа температурасының деректерімен қамтамасыз етеді. Алматыкiтап баспасы


165 4.10-4.11. «Ақылды үй» Датчиктер – «ақылды үйдің» сенсорлық рецепторлары. Оларсыз жүйе соқыр, мылқау әрі пайдасыз болады. «Ақылды үй» программалық қамтамасыз етілімі басқа компоненттерді дұрыс орналастыру және баптаудан кем емес маңызды рөл атқарады. Мысалы, қозғалыс датчигі бөлмедегі адам ұзақ уақыт қозғалмаған жағдайда әрекет етпеуі мүмкін. Программалық талдау дәл қай бөлмеде қанша адам бар екенін есте сақтауға мүмкіндік береді. бөлме температурасының датчигі бөлмелерде жайлы температураны ұстап тұруға мүмкіндік береді. Ылғалдылық ылғалдылық датчигі үйде бір нәрсенің ойдағыдай болмай тұрғанын хабарлайды. Ол судың тамшылауы, терезенің жабылмағандығы, жылу жүйесіндегі ауытқулар болуы мүмкін. жаңбыр датчигі көрсеткіштері үй метеостансысымен бірге автоматты суғару жүйесін басқарады. жарықтандыру қоршаған кеңістікті жарықтандыру деңгейіне байланысты жарық көздерін автоматты түрде басқарады. Үйдің жағдайы газ жіберу датчигі пультке сигнал түсіріп, газдың шығуы туралы хабар береді. өртке қарсы датчик түтіннің пайда болуы немесе температураның қауіпті шамадан асуы туралы хабарлайды. су кету датчигі су құбырына орнатылған қақпақты жабады. су қысымының датчигі контроллерге су құбырындағы қысымның өзгеруі туралы сигнал береді. Алматыкiтап баспасы


Заттар интернеті 4-бөлім. 166 Деңгейлік тапсырмаларды орында. А деңгейі. Тапсырыс беруші саған «ақылды үйдің» жарықтандыру жүйесі үшін жоба әзірлеуді тапсырды делік. Саған қандай құрылғылар қажет болады? Болжамдап айт. В деңгейі. Интернеттің іздеу жүйесін қолдана отырып, «ақылды үйдің» прайс-парағын жаса, орташа құнын есептеп шығар. С деңгейі. http://smarta.kz/solutions/Smart-house сайтындағы материалмен таныс. Егер «ақылды үйдің» таныстырылымын жасау мүмкіндігі берілсе, сайтқа қандай өзгерістер енгізер едің? 1. «Ақылды үй датчиктері» деген тақырыпта таныстырылым жаса. 2. «Ақылды үйлердің болашағы» тақырыбына эссе жаз. 3. Жапония мен Қазақстандағы үйді автоматтандыру жүйелерін салыстыр. 1. «Ақылды үйдің» маңыздылығы қандай? 2. «Ақылды үйге» қандай жағдайда сымды, ал қандай жағдайда сымсыз жабдық түрін қолданған тиімді? Көппәтерлі үйдің тұрғындары «ақылды үйдің» жүйесін орнатуға келісті. Оларға қандай құрылғыларды ұсынар едіңдер? Үй тапсырмасы Топтық жұмыс Қолдану Жоғарғы деңгейдегі тапсырмалар 1. «Ақылды үй» деген не? 2. «Ақылды үй» жүйесіне қандай міндеттерді жүктеуге болады? 3. «Ақылды үйдің» негізгі сипаттамаларын ата. 4. Бірыңғай басқару жүйесіне қандай жүйелер енеді? 5. «Ақылды үйде» қандай датчиктер қолданылады? 6. «Ақылды үйдің» негізгі функцияларын атап, маңыздылық дәрежесіне қарай оларды кему ретімен орналастыр. Өз таңдауыңды түсіндір. Білу мен түсіну Прогресс дегеніміз – тек клондау мен гендік инженерия ғана емес, күнделікті шаруаға да көмектесетін шешімдер. Үнемділік пен ыңғайлылық қазіргі әлемнің ұранына айналды, дәл осы ұран «ақылды үй» жүйесін дүниеге әкелді. Алматыкiтап баспасы


167 4.12-4.13. «Ақылды үй» жобасын әзірлеу «Ақылды үй» датчиктерінен алынған деректерді шығаруға арналған программаны қалай әзірлеуге болатынын; «Ақылды үй» құрылғыларын басқаратын программаны қалай әзірлеу керектігін білесің. Бүгінгі сабақта: «Ақылды үй» жүйесіне арналған құрылғылар «Ақылды үй» жобасын әзірлеу үшін, Cisco Packet Tracer программасын қолдануға болады. Ол желіні модельдеуге әрі оның жұмысын тестілеуге арналған. Бұл пакетте «ақылды үйдің» моделін жобалауға мүмкіндік беретін модуль бар. Программалық пакетті https://www.netacad.com ресми сайтынан жүктеп алуға болады. https://www.netacad.com/ru/ courses/iot/ introduction-iot адресі бойынша «Заттар интернеті» ақысыз курсына тіркелу қажет. Тіркелгеннен кейін, Student Resources сілтемесін қолданып, программаны жүктеп аласың (1-сурет). IDE ортасы – среда IDE – integrated development environment Контроллер – контроллер – сontroller Датчик – датчик – sensor Негізгі ұғымдар: 4.12 4.13 «АҚЫЛДЫ ҮЙ» ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕУ 1-сурет. Программаны жүктеп алуға арналған сілтеме Алматыкiтап баспасы


Заттар интернеті 4-бөлім. 168 Cisco Packet Tracer программасының интерфейсін қарастырайық (2-сурет). 2-сурет. Программа интерфейсі 1 – мәзір жолағы; 2 – баптау беті; 3 – компоненттерді таңдау; 4 – таңдалған компоненттің элементтері; 5 – элементпен жұмыс жасауға арналған құралдар панелі; 6 – жұмыс аясы. Cisco Packet Tracer ұсынып отырған «ақылды үй» мен қалаларды жобалауға арналған компоненттер мен мүмкіндіктер (3-сурет). 1 – network devices; 2 – end devices; 3 – components; 4 – connections; 5 – miscellaneous; 6 – multiuser connections. 3-сурет. Cisco Packet Tracer-дің компоненттері 1 2 3 4 5 6 Алматыкiтап баспасы


169 4.12-4.13. «Ақылды үй» жобасын әзірлеу Үй компоненттеріне төмендегі элементтер кіреді (4-сурет). • «ақылды кондиционер» • «ақылды кофеқайнатқыш» • аккумулятор • блютуз динамигі • карбон мен моноксид детекторлары • үй төбесіндегі «ақылды желдеткіштер» • «ақылды есіктер» • смарт-жылытқыш • «ақылды қақпалар» • үй динамигі • «ақылды ылғалдауыш» • ылғал реттегіш • «ақылды көгалсуарғыш» • «ақылды шам» • қозғалыс детекторы • портативті музыкалық күйтабақ ойнатқыш • вольтметр • түтін датчигі • күн батареясы • дыбыс тазалығын өлшегіш • температураны реттегіш • «ақылды термостат» • «ақылды суағар» • су деңгейінің датчигі • web-камера • «ақылды терезе» Программаны жібергеннен кейін, «ақылды үй» жүйесін баптайтын жұмыс аясына үйдің суретін белгілеу керек. Суретті жұмыс аясына орналастыру үшін, Set Tiled Background командасын орындап, Browse батырмасы арқылы суреті бар буманы таңда. Суретті қосқаннан кейін келесі құрылғыларды орналастырасың: 1. Home Gateway шлюзі (5-сурет) – үйдегі сымсыз желіні басқару үшін. 2. Телефон – «ақылды үйдің» жүйесін басқару үшін (6-сурет). 3. Автоматтандырылған суару құрылғысы (7-сурет). 4. Термостат (8-сурет). 4-сурет. «Ақылды үй» элементтері Алматыкiтап баспасы


Заттар интернеті 4-бөлім. 170 Үйіңе компоненттерді орнатқаннан кейін (9-сурет), оларды баптау қажет. 5-сурет. Шлюзді таңдау 6-сурет. Телефонды таңдау 7-сурет. Автосуаруды таңдау 8-сурет. Термостатты таңдау 9-сурет. «Ақылды үйдің» компоненттері Шлюзді баптау Шлюзді шертсең, оның баптау терезесі ашылады. Config бетіндегі Displey Name өрісінің атауын Home Gateway-ге өзгерт (10-сурет). 10-сурет. Шлюзді баптау Алматыкiтап баспасы


171 4.12-4.13. «Ақылды үй» жобасын әзірлеу 11-сурет. Телефонды баптау Смартфонды баптау Телефоннан оның баптау терезесін тауып, Config бетіндегі Wireless0-ді таңда. Wireless0 бетіне өтіп, смартфонды өзіңнің сымсыз жүйеңе қосу үшін, SSID өрісіндегі атауды Home Gateway-ге өзгерт (11-сурет). 12-сурет. Желіге қосуды баптау Автосуаруды баптау Автосуарудың баптау терезесін тауып, оны аш. Advanced батырмасын шерт. I/0Config бетіндегі Networg тізімінен Adapter PT-IOT-NM1W батырмасын шерт, яғни сымсыз желі бойынша қосылуды таңда (12-сурет). Config бетіндегі Display Name өрісіндегі атауды Water деп өзгерт, lot Server – Home Gateway үшін көрсет (13-сурет). Осындай баптауды термостат үшін де орында. Термостаттан алынған деректерге қарай авто суаруды баптаймыз. Алматыкiтап баспасы


Заттар интернеті 4-бөлім. 172 13-сурет. Автосуаруды баптау Environment бетін ашып, Edit батырмасын бас. Графикте күні бойғы температура режімінің өзгерісін баптай аласың. Бұған көк түсті график жауап береді. Оны күні бойы температура 120С-тан 280Сқа дейін өзгеретіндей етіп бапта (14-сурет). 14-сурет. Температураның өзгеруін баптау Алматыкiтап баспасы


173 4.10-4.11. «Ақылды үй» жобасын әзірлеу Уақытты реттегенде 1 секундта үйдің моделінде 45 минут уақыт өтетіндей етіп бапта (15-сурет). 16-сурет. Шлюзге қосылу 17-сурет. Қосылған құрылғылар 15-сурет. Уақытты баптау Телефонды датчиктердегі ақпаратты оқуға баптаймыз. Автосуару жүйесі күні бойы температура режімінің өзгеруіне бай ланысты жұмыс істейді. Телефонды таңдап, Desktor → WeBrowser бетін аш. URL өрісінде 192.168.25.1 логинді де, парольді де «admin» деп тер (16-сурет). Қосылған құрылғылар туралы ақпаратты көресің (17-сурет). Алматыкiтап баспасы


Заттар интернеті 4-бөлім. 174 18-сурет. Суаруды баптау Егер температура 200С-тан төмен, 250С-тан жоғары болса, Water_ off процедурасын баптаймыз. Осылайша Cisco Packet Tracer программасын қолданып, «ақылды үйіңнің» қажетті құрылғыларын баптай аласың. Құрылғыларды басқару үшін, тиісті командаларды бересің. 1. Датчиктер «ақылды үй» жүйесінде қандай қызмет атқарады? 2. «Ақылды үйдің» датчиктеріндегі деректерді жіберу үшін, не істеу керек? 3. «Ақылды үйдің» жүйесінде ақпарат алмасу үшін, қандай программалық құралдар қолданылады? 1. Кестені толтыр. Датчик Қандай деректерді алуға мүмкіндік береді? Қалай қосу керек? Білу мен түсіну Қолдану Алматыкiтап баспасы


175 4.10-4.11. «Ақылды үй» жобасын әзірлеу 2. Деңгей бойынша практикалық тапсырмаларды орында. А деңгейі. Параграфта берілген автосуару мен термостатты қосу бойынша тапсырманы орында. «Ақылды үйіңдегі» уақытты өзгерт: ондағы 30 минут шынайы уақыттағы 1 секунд ішінде өтетін болсын. Күні бойғы температураның өзгеру параметрлерін түнде 160 С-тан күндізгі 290 С-қа дейінгі өзгеруін өлше. Суару баптауын былайша өзгерт: температура 19-240С шамасына өзгерген кезде жүйе іске қосылсын, басқа температураларда өшіп қалатын болсын. В деңгейі. А деңгейінің тапсырмасын орындап, «ақылды үй» жүйесінің қозғалыс датчигі мен web-камерасын қос. Web-камера қозғалыс датчигі іске қосылған кезде қосылуы тиіс. С деңгейі. В деңгейінің тапсырмасын орындап, қозғалыс датчигі іске қосылған кезде ашылатын «ақылды үйдің» «ақылды есігі» жүйесін қос. 1. «Ақылды үй» жүйесін жүзеге асыру кезінде интернет желісінен қандай қауіп төнуі мүмкін? Осы қауіптің алдын алуға бағытталған ұсыныстар дайында. 2. Интернет желісінен «ақылды үй» жүйесін жүзеге асыратын компаниялардың тізімін, олар ұсынатын қызметтердің бағасын тап. Ықтимал тұтынушыларға ұсыныстар жаз. 3. «Ақылды үй» жүйесінің элементтерін өз пәтеріңе (үйіңе) қалай қолдануға болатынын көрсетіп, өз «ақылды үйіңнің» жобасын сипаттап жаз. Жобаны схема түрінде орында. 1. Осы жобаға тағы қандай құрылғыларды қосуға болады? Құрған «ақылды үйдің» жобасын талда. 2. Неліктен көп жағдайда программаның құрылғылар үшін тапсырмасында екі программалық код құру қажет? Топта «ақылды үй» жобасын талқылаңдар. Осы жобаға тағы қандай өзгерістер енгізуге болатындығын анықтаңдар. Үй тапсырмасы Топтық жұмыс Жоғарғы деңгейдегі тапсырмалар Алматыкiтап баспасы


Заттар интернеті 4-бөлім. 176 «ЗАТТАР ИНТЕРНЕТІ» БӨЛІМІНЕ ҚЫСҚАША ШОЛУ Заттар интернеті (Internet of Things, IoT) – сыртқы ортамен өзара әрекеттесуге, олардың жай-күйі туралы ақпарат жіберуге әрі сырттан мәлімет алуға мүмкіндік беретін, ендірілген технологиялары бар физикалық нысандардың желісі. Интернеттің бүгінгі таңда көптеген өзара байланысты желілері бар, олардың әрқайсысы өз мәселелерін шешеді. Байланыс үшін IPv6 протоколын қолданады, бұл Жердің әр тұрғынына 300 миллионнан астам IP мекенжайын қолдануға мүмкіндік береді. Заттар интернетінің өндірістік, тұтынушылық деген бағыттары бар. Технология дамуының осы кезеңінде тауарлар, энергия, көлік шығарумен айналысатын компаниялардың ішінде заттар интернеті қарқынды түрде енгізілуде. Заттар интернетінің бірі – «ақылды үй». «Ақылды үй» – қауіпсіздік жүйелерінің автоматты әрі үйлесімді жұмысын қамтамасыз ететін, үйді басқарудың ақылды жүйесі. «Ақылды үй» – үйде орнатылған ішкі жүйелерді бақылау мен басқарудың орталықтандырылған жүйесі, жұмыс режімдерін программалауға мүмкіндік беретін технология. «Ақылды үй» жүйесінің элементтерін бірнеше топқа бөлуге болады. Олар: • қорғаныс элементтері; • өрт қауіпсіздігі элементтері; • сумен жабдықтау мен газды бақылауға арналған құрылғылар; • үйді автоматтандыру элементтері. «Ақылды үйдің» құрамына кіретін құрылғылар Кез келген интеллектуалды қондырғының негізін өте қуатты әрі заманауи процессор құрайды. Контроллер немесе басқару блогы желі мен оған қосылған барлық құрылғылардың жұмысын бақылайды, «ақылды үй» жүйесі мен смартфон, планшет немесе компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Деректер жүйеге енгізілген жабдықтың, контроллер мен сенсорлардың ішкі бақылауынан келеді. Алматыкiтап баспасы


177 Орындаушылар – датчиктердің деректері негізінде берілген жүйелік командаларды орындайтын құрылғылар тобы. Басқару құрылғылары «Ақылды үйдің» түрлері: • құрылғыларды қосу әдісі бойынша: сымды және сымсыз; • басқару қағидасы бойынша: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған. «Ақылды үй» жүйесінің моделін жасауға арналған қосымша Cisco Packet Tracer – желіні модельдеуге әрі оның жұмысымен тәжірибе жасауға арналған программа. Мобильді қосымша – смартфондарда, планшеттер мен басқа мобильді құрылғыларда жұмыс істеуге арналған, белгілі бір платформаға (iOS, Android, Windows Phone, т.б.) арналған программа. Мобильді қосымшаларды жасау үшін, дизайнер мен генератор сияқты платформалар қолданылады. Android қосымшаларын әзірлеу үшін, МІТ App Inventor визуалды ортасы қолданылады. Дизайнер режімінде қолданбалы интерфейс жасалады. Бұл режім қосымшаның әртүрлі компоненттерін таңдау және орналастыру үшін қолданылады. Батырма, мәтіндік өрістер, кескіндер, т.б. программа іске қосылған кезде құрылғының экранында көрінеді. Блоктар режімінде қосымша мен оның компоненттерінің әрекеті программаланған, яғни таңдалған компоненттер қолданушының түрлі әрекеттеріне қалай жауап беретіндігі белгіленген. Қоршаған ортадағы код визуалды, бірақ нысанға бағытталған тілдердің параметрлеріне сәйкес келеді: Нысан. қасиет = қасиеттің мәні .аia форматындағы бастапқы код қосымшаны өңдеуге мүмкіндік береді. .аpk файлы – құрылғыда жұмыс істейтін орындалатын программа. Жасалған қосымшаны мобильді құрылғыға келесі жолдармен орнатуға болады: Қосымшаның QR-коды түрінде,usb кабелі арқылы компьютерден мобильді құрылғыға көшіру арқылы немесе электронды поштаға көшіру. Қысқаша шолу Алматыкiтап баспасы


5-бөлім. 178 IT Startup «Startup» (стартап) ұғымын; Стартапты жасау мен іске қосу кезеңдерін білесің. Стартап – стартап – startup Сен мектеп бітірген соң немен айналысқың келетінін ойланғаның анық. Жоғары білім беретін оқу орнын таңдап, болашаққа жоспарларыңды да құрып қойған боларсың. Нарықта үлкен сұранысқа ие болатын қандай да бір өнім ойлап тауып, тұтынушыға қажет қызмет ұсыну туралы тың идеяң да болуы мүмкін. Осының бәрін жүзеге асыру жолында не істеу керек? «Стартап» деген ұғымды естігенің анық. Соңғы уақытта БАҚ, интернет кеңістігі мен жарнамалық баннерлер бұл терминді жиі қолданады. «Ол нені білдіреді және бізге бұл ұғым қайдан келді?» деген мәселені қарастырып көрелік. «Стартап» деген термин шағын фирманың атауынан пайда болған. Ол Hewlett-Packard сияқты бізге белгілі брендтердің біріне айналды. Бұл термин алғашқы ірі интернет-компанияларды құру кезінде үлкен танымалдылыққа ие болды. Youtube бейнехостингі, Уикипедия электронды энциклопедиясы, әлеуметтік желілер, сондай-ақ кейбір IT-корпорациялар – сәтті стартаптың жарқын үлгілері. Бұл терминді қолданысқа енгізген кәсіпкер Стивен Бланктің стартапқа берген классикалық анықтамасы төмендегідей: Стартап – ауқымды бизнес-модельді іздеу мен іске асыруға арналған уақытша құрылым. Стартапты жаңа коммерциялық жоба деуге болады, ол бизнесті табысты дамытқаннан кейін одан пайда табу мақсатында құрылады. «Стартап» термині ағылшын тілінен «процестің басы», «оның басталған жері» деп аударылады. Алайда ашылған коммерциялық жобаның кез келгенін стартап деп атауға болмайды. Бұл санатқа нөлден бастап дамып келе жатқан бизнес-жобалардың азғантай бөлігі ғана жатады. 5.1 STARTUP-ТЫ ҚАЛАЙ ІСКЕ ҚОСУ КЕРЕК Бүгінгі сабақта: Негізгі ұғымдар: Алматыкiтап баспасы


179 5.1. Startup-ты қалай іске қосу керек Стартаптың негізгі белгілерін қарастырамыз (1-схема): 2-схема Стартапты жасау жолы Нағыз стартап ешқашан белгілі коммерциялық жобаларды көшірмейді, ол – түбегейлі жаңа жоба. Толық қалыптасқан идеялар бар, сондай-ақ ойлар бар. Ойды идеяның туындысы деуге болады, оны идеяға айналдыру керек. Идеяларды сынақтан өткізген жөн. Стартапты қалай жасау керектігін ғана емес, сонымен қатар «Ол біреуге қажет пе?» деген мәселені де білген маңызды. Тестілеуден өткізу идеяның өзектілігін анықтауға мүмкіндік береді. Идея уақытылы болса, оны адамдарға жеткізу мен адамдардың оны қабылдауы оңай болады. Идея уақытылы болмаған жағдайда оны көтеру өте қиын, кейде мүмкін емес. Толық идея қалыптасқаннан кейін, бірте-бірте ол жүзеге асырылады. Жүзеге асырудың бірінші деңгейі – стартапқа атау беру. Стартапқа оның идеясына сәйкес келетін, оның негізін құрайтын дұрыс 1-схема Стартаптың негізгі белгілері Стартапты жасау жолын қарастырайық (2-схема): Жоба жақында ғана пайда болған Көпшілігі жоба туралы тіпті естімеген немесе тек аздап хабардар. Жоба тақырыптық әрі кәсіби форумдарда, конференцияларда таныстырылады; БАҚ арқылы көтермеленеді және инвесторларға ұсынылады. Экономикалық және ұйымдастырушылық жағынан жоба қалыптасу сатысында Жоба мақсатты аудитория мен тиісті нарықтық сегментті белсенді игереді. Стартап құрудың негізі – ақпараттық, ғылыми, әлеуметтік, коммерциялық немесе талап етілген пәндік салада сұранысқа ие кез келген басқа өзекті мәселе. Стартаптың негізін жаңа инновациялық идея немесе жаңа пайда болған технологиялар құрайды. Стартаптың негізгі белгілері Алматыкiтап баспасы


5-бөлім. 180 IT Startup атау берген өте маңызды. Егер cтартап атауы оның негізінде жатқан идеяға сәйкес келмесе, онда келесі кезеңдер қиынға түседі, тіпті оны іске асыру мүмкін болмайды. Стартап атауға ие болғаннан кейін оның тұжырымдамасын нақты құрып алу керек. Стартап тұжырымдамасы – идеяны іске асырудың екінші деңгейі. Оның негізінде жатқан идеяға сәйкес келетін нақты әрі толыққанды тұжырымдама болған кезде, идеяны жүзеге асырудың үшінші деңгейіне көшуге болады. Идеяның үшінші деңгейі – стартап жобасын әзірлеу. Стартап жобасы – стартаптың идеясы барынша ашып жазылған, егжей-тегжейлі жоспар. Жобада идеяның қалай жүзеге асырылатынын, ол үшін не қажет екенін, қандай мамандар, қандай технологиялар қажет екенін, т.б. көрсету қажет. Нақты жоба – стартаптың өзіндік «жолы», кейін соған негізделе отырып, стартаптың өзін құруға болады. Стартаптың жобасы, сондай-ақ оның атауы мен тұжырымдамасы да идеяға сәйкес келуі керек. Егер идеяға сәйкестік болмаса, стартаптың соңғы кезеңін құру мүмкін емес. Стартап жобасын әзірлеуге өте жауапты қарау керек, әйтпесе ештеңе шықпауы мүмкін. Сапалы жоба жасалып болған соң, идеяны жүзеге асырудың соңғы деңгейіне, яғни стартаптың өзін құруға кірісуге болады. Егер әңгіме қандай да бір тауар туралы болса, ол тауардың моделі жасалады. Егер бұл қызмет болса, осындай алғашқы қызмет көрсетіледі. Сайттың үлгісі жасалады. Модель жасалғаннан кейін клиенттердің әсерін бұзатын барлық кемшіліктерді жою үшін, сынақтан өткізу қажет. Кемшіліктер жойылған кезде стартап құру аяқталды деп санауға болады. Ұсынылған схеманы ұстансаң, бәрі ойдағыдай болады. Енді жаңа идеялардың негізінде стартапты қалай құру керектігін білесің. Олай болса, келесі кезеңдерге өтуге болады. Дегенмен, іс стартап құрумен аяқталмайтынын естен шығарма. Алматыкiтап баспасы


181 Стартаптың кезеңдерін қарастырайық. Кесте Кезеңдер Орындалуы Ерекшеліктері Pre-seed Әзірлеушілердің болашақ тұтынушыларға не қажет екені туралы нақты идеясы мен түсінігінің болуы. Бұл кезеңде, әдетте, идеяны іске асыру жоспары болмайды. Seed«егін егу» Нарықты зерттеу, кезең-кезеңмен жоспар құру, іске қосуға дайындық. Бұл кезеңде инвесторларды іздей бастау керек. Прототип Стартаптың жұмыс моделін құру. Прототип тек негізгі функциялары бар әрі мінсіз жағдайларда жұмыс істеуге арналған. Альфанұсқа Өнім дайын, бірақ сынақтан өткізу және кемшіліктерді анықтау үшін оны шағын топ қана қолданады. Осы кезеңде түзетулер енгізіліп, жобаның жұмыс үлгісінің ақаулары жойылады. Жабық бетанұсқа Өнімнің функционалды мәртебесі бар, тартылған бөгде қолданушылардың саны шектеулі. Инвесторлар мен коммерциялық серіктестер де табылады. Ашық бетанұсқа Қолданушылар белсенді түрде тартылады, жоба кең ауқымда таралады. Клиенттермен шарт жасалады, қызмет көрсетіліп, өнім сатыла бастайды. Стартаптарды бірнеше белгісі бойынша, мысалы, өнімнің ерекшеліктері мен өткізу нарықтары бойынша жіктеуге болады. Стартаптардың келесі түрлері бар: • Сәтті көшірмелер. Бұл топқа белгілі бір деңгейде шетелдік компаниялардың көшірмелері болатын қазақстандық жобалар кіреді. • Жаулап алушылар. Бұл топ нарықтың қандай да бір сегментін басып алуға, одан бәсекелес компанияларды ығыстыруға бағытталған стартаптарды біріктіреді. • Күмәнділер. Жаңашыл болғандықтан, болашағы айқын емес стартаптарды осылай атауға болады. Табысты стартаптың соңғы мақсаты – ірі корпорацияның өнімін сату немесе дербес компания ретінде табысты бизнесті жалғастыру. Бірақ стартапты іске қосу үшін, қомақты қаржы қажет. Инвесторларды стартапқа қалай тартуға болатынын келесі параграфта қарастырамыз. 5.1. Startup-ты қалай іске қосу керек 1. «Стартап» деген не? 2. Стартапқа тән негізгі белгілерді ата. 3. Стартаптың қандай түрлерін білесің? Білу мен түсіну Алматыкiтап баспасы


5-бөлім. 182 IT Startup 1. «Неге 10 стартаптың біреуі ғана іске асады?» деген тақырыпқа шағын зерттеу жүргіз. 2. «Әр бес жылдағы керемет стартап» деген хронологиялық желі жаса. 3. «Қазақстандағы IT-стартаптардың қиындықтары мен болашағы» деген тақырыпта таныстырылым жаса. Стартапты әзірлеу кезінде қажет нұсқаларды түсіндір. Стартапты жаңадан бастаушылардың жолында қандай кедергілер болуы мүмкін? Топта осы сұрақты талқылап, ойларыңды ортаға салыңдар. 1. Стартаптың қандай қиындықтары мен мүмкіндіктері бар? 2. Деңгейлік тапсырмаларды орында. А деңгейі. Кестені толтыр. Анықтама Қызмет Ерекше назар аударатын жайт Идея Атауы Тұжырым Жоба Стартап В деңгейі. Ең сәтті стартаптарды анықтайтын негізгі талаптарды көрсет. С деңгейі. Стартаптар Қазақстанда қандай бағытта құрылып жатыр? Оған қатысушыларға қандай талаптар қойылады? 4. Стартаптың төмендегі кезеңдерінің ерекшеліктерін белгіле: • Pre-seed; • Seed-«егін егу»; • Прототип; • Альфа-нұсқа; • Жабық бета-нұсқа; • Ашық бета-нұсқа. Үй тапсырмасы Топтық жұмыс Қолдану Жоғарғы деңгейдегі тапсырмалар Алматыкiтап баспасы


183 краудфандинг платформасын; краудфандинг платформасымен жұмыс істеу қағидаларын білесің. Краудфандинг – краудфандинг – сrowdfunding Стартапты жүзеге асыруға кіріскендердің алдында кездесетін маңызды мәселелердің бірі – қаржыландыру мәселесі. Кез келген жобаны іске асыру үшін, ақшалай салым қажет. Стартапты іске қосуға бел буған кез келген адам ерте ме, кеш пе, «Жобаны жүзеге асыруға ақшаны қайдан аламын?» деген мәселеге тап болады. Краудфандинг осы мәселені шешуге көмектеседі. Краудфандинг – кез келген ниет білдірушіден белгілі бір жобаны қаржыландыру үшін, қаражат алудың бір түрі. Ақша жинайтындар реципиенттер немесе авторлар деп аталады, ал қайырымдылық ретінде ақша беретіндер донор, демеуші немесе инвесторлар деп аталады. Бұл ұғым тілімізде жақында ғана қолданыла бастаса да, жобаға қаражат тартуға арналған «халықтық қаржыландыру» (ағылш. сrowd – тобыр және funding – қаржыландыру) деп аталатын технологияның өзі ұзақ уақыттан бері қолданылып келеді. Көптеген тілде «көп түкірсе – көл» деген мағынаны білдіретін мақалдың болуы бекер емес. Интернетте краудфандинг өте белгілі, адам интернет арқылы өз идеясын қызығушылық танытқан адамдарға таныстыра алады. Ол үшін әлеуметтік желілер мен арнайы сайттар, яғни краудфандинг алаңдары қолданылады. Краудфандинг көмегімен мынадай жобаларға ақша жинауға болады: • ем немесе шұғыл ота жасау ақысы; • әртүрлі мақсаттағы қайырымдылық; • еріктілер айналысатын жобаларға демеушілік; • саяси науқандарды қаржыландыру; CROWDFUNDING (КРАУДФАНДИНГ) ПЛАТФОРМАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ 5.2 Бүгінгі сабақта: Негізгі ұғымдар: 5.2. Crowdfunding (краудфандинг) платформаларының жұмыс істеу қағидалары Алматыкiтап баспасы


5-бөлім. 184 IT Startup • әлеуметтік инвестициялар; • бизнеске арналған бастапқы капитал; • стартаптарды қаржыландыру. Краудфандинг алаңдарындағы қаражат айналымы бүгінде жылына миллиардтаған долларға жетеді. Қатысқан кез келген адам өз дегеніне жетеді, реципиент өз фирмасына ақша жинай алады, ал демеуші өзі қолдайтын жобаға рұқсат етілген соманы қайырымдылық аясында бере алады. Ақша жинау мен инвестиция салу қалай іске асады? (Схема) Түрлі краудфандингтік алаңдардың жобаға, автор мен демеушіге қоятын талаптары бар, олар жалпы ұқсас келеді. Платформалардың ережелері бойынша, қатысушылардың барлығы кәмелеттік жасқа толуы керек. Мемлекет заңдарына қайшы келмейтін өз жобасын ғана ұсынуы, сондай-ақ жиналған ақшаны мақсатқа сай ғана қолдануы қажет. Егер әлеуметтік стартап болса, реципиент өз жобасының идеясын, оның ерекшеліктері мен қоғамға тигізетін пайдасын сипаттайды. Ең бастысы – қаражат жиналатын мақсатты нақты көрсету. Бұл тауарларды немесе қызметтерді ұсыну, сондай-ақ көптеген басқа да мақсаттар болуы мүмкін. Автор міндетті түрде мақсатқа жету үшін, қандай сома керектігін көрсетеді. Қаражатын қайырымдылық аясында ұсынған әрбір донор сыйақы алады. Көбінесе бұл компания шығаратын тауар түрінде болады. Жобаның авторы белгілі бір сыйақыларды ұсынатын ең аз соманы өзі белгілейді. Ең танымал краудфандинг платформасын қарастырайық. Схема Краудфандинг жүргізу қағидасы Қаржы қажеттілігі Қоғам немесе нақты адамдар үшін пайдалы идея бар. Алайда оны іске асыруға ақша жоқ. Компанияның жабылуы Белгіленген мерзім өткеннен кейін науқан жабылады. Краудфандинг үшін алаң таңдау Содан кейін жоба краудфандинг алаңына қойылады, онда жүзеге асырылғаннан кейін одан түсетін пайда мен оның артықшылықтары түсіндіріледі. Оны жинауға бөлінген қажетті сома мен уақыт көрсетіледі. Жоба жоспары Қажетті соманы жинау үшін ұйымдастырушылар идеяны жобаға айналдырып, оның құнын белгілеп қояды. Алматыкiтап баспасы


185 5.2. Crowdfunding (краудфандинг) платформаларының жұмыс істеу қағидалары Kickstarter Kickstarter – ең ірі әрі ең танымал әлемдік краудфандинг алаңдарының бірі. Қазіргі уақытта барлық жобаның ішінде қазақстандық жобалардың үлесі тым аз. Бұл қаражатты шығарудың күрделілігіне, сондай-ақ тілдік кедергілерге байланысты. Қосымша, ойын, технология мен дизайн тақырыбындағы стартаптарды жұртшылық барынша табысты қаржыландырып, қолдайды. Жоба авторлары қаражат жинау кезеңінде алдын ала тапсырыс алады. Бұл авторларға да, салымшыларға да тиімді. Технологиялық идеяға қаражат салып, затты бірінші болып нарықтық құнынан әлдеқайда арзанырақ алуға болады. Indiegogo Indiegogo – екінші танымал сайт. Платформаның ерекшелігі – мұнда реципиенттің географиялық жағдайына аса назар аудармайды. Мұнда қаражатты шығару үшін, банкте шот қана болуы керек. Сонымен қатар жобаны орналастыру санатын таңдау бойынша шектеу жоқ. Кез келген адам өз идеясын тіркеп (ол жобасы заңға қайшы болмаса), оған қаражат жинай алады. StartTime StartTime краудфандинг платформасы қоғамның игілігіне бағытталған коммерциялық, әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету мақсатымен құрылды. Ресурсты құрушылар жаңа жобаны жүзеге асырғысы келетіндердің барлығынан өтінім қабылдайды. Автор идеяны тіркегеннен кейін, идея модераторлық бөлмеге түседі, әрі қарай оны маркетологтер, қаржыгерлер мен заңгерлер бағалайды. Егер идея іріктеуден өтсе, шарт жасасу үшін, платформаның талабы бойынша құжаттар топтамасын ұсыну қажет. Міндетті түрде тіркелген ЖШС немесе ЖК статусы болуы тиіс. Осыдан кейін идеяны сайттан көруге болады. Бұдан әрі ақша жинау кезеңі басталады. Егер автор өтінім берілген соманың 50%-ынан аз жинаса, салымшыларға ақша қайтарылып, жоба сәтсіз болып саналады. Науқан сәтті аяқталған кезде, соманың 50%-дан астамы жиналғанда ақша компанияның есепшотына аударылады. Науқан мерзімін жоба авторының өзі анықтайды, ол 30-90 күн аралығын қамтиды. Алматыкiтап баспасы


5-бөлім. 186 IT Startup АҚШ-та жоғары бәсекелестік салдарынан комиссия 5-10% аралығында екен. Әлеуметтік жобаларға арналған StartTime комиссиясы – 5%, ал коммерциялық стартаптарда – 15%. Қайырымдылық жобалардан платформа ештеңе ұстамайды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, краудфандинг жалпы ел экономикасының дамуына оң әсер етуі мүмкін. Егер осындай жолмен көмектескен компания коммерциялық табысты болса, ол салық төлейді. Техникалық жаңалықтар қазіргі таңда ең табысты стартаптар болып отыр. Қазақстандағы краудфандингтік жобаға салынатын орташа жарна 500 немесе 1000 теңгені құрайды. Бұл жақсы жобаның іске қосылуына көмектесуге жеткілікті. Тіпті кішкентай қаржымен көмектесіп, қызықты әрі жаңа іске араласатынын түсіну үшін, адамдарға уақыт керек. Кез келген адам стартаптарға қолдау көрсете алады. Бұл отандық краудфандингтің болашақта әлі де дами түсетінін білдіреді. Деңгейлік тапсырмаларды орында. А деңгейі. Интернет ресурстарын пайдаланып, краудфандинг платформа арқылы іске асқан сәтті стартапқа 4-5 мысал келтір. В деңгейі. Кестені толтыр. Краудфандингтің ерекшеліктері Қайырымдылықпен тартылған сыйлар Кредит Грант Инвестициялар Қайырымдылықпен сыйға тарту кезінде айтылмайтын, жобаға қосқан үлесі үшін берілген нақты сыйлық. С деңгейі. Краудфандинг платформалар арқылы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға арналған ұсыныстар жаса. Краудфандингтің жұмыс істеу қағидаларын атап көрсет. Қолдану Жоғарғы деңгейдегі дағдылар 1. «Краудфандинг платформасы» деген не? 2. Краудфандингтің кәдімгі қаражат жинаудан өзгешелігі неде? Білу мен түсіну Алматыкiтап баспасы


187 5.2. Crowdfunding (краудфандинг) платформаларының жұмыс істеу қағидалары 1. «Стартап пен краудфандинг» тақырыбына глоссарий жаса. 2. «Краудфандингті қолданудың қазіргі қиындықтары, қауіптері мен болашағы» тақырыбына таныстырылым жаса. 3. Краудфандинг платформасында стартапты іске қосудың SWOT-талдауын жүргіз. Ішкі Мықты тұстары Strengths Әлсіз тұстары Weakness Қарастырылатын жобаға тікелей қатысты ішкі элементтер Сыртқы Мүмкіндіктері Opportunities Қауіптер Threats Заңнама, саясат, қоғам, экономика, технология сияқты ортаның әртүрлі салаларына қатысты сыртқы элементтер Ахуалдық талдау нәтижелері бойынша стартаптың сыртқы қатерлерге қарсы тұру үшін, ішкі күш пен ресурстарға қаншалықты ие екендігін бағалауға болады. Тиісінше, ішкі және сыртқы жағдайды талдау қажет. Топта сұрақтарға жауап беріп, оларды талқылаңдар. 1. Краудфандингтің басқа тәсілдермен салыстырғанда артықшылықтары қандай? 2. Краудфандингтің басқа тәсілдермен салыстырғанда кемшіліктері қандай? Үй тапсырмасы Топтық жұмыс Алматыкiтап баспасы


5-бөлім. 188 IT Startup Стартапты алға жылжытудың жолдарын білесің. Нарық – рынок – market Лендинг – лендинг – landing Email-маркетинг – email-маркетинг – email marketing Жарияланымдар – публикации – publications Блог – блог – Blog Әлеуметтік желі – cоциальная сеть – social network Алға жылжытуға бағытталған жұмыс табысты жобалар мен компаниялар құруда үлкен рөл атқарады. Стартаптардың нәтижелілігі көп жағдайда коммуникациялық қызметтің тиімділігіне, белсенділігіне және сауатты стратегияға байланысты. Стартаптарды алға жылжыту бірінші кезекте қаржы талап етеді. Бизнес жүргізудің бастапқы сатысында немесе бизнес-идеяларды жобалау кезеңінде тұрған жаңа компания, әдетте, коммуникативтік құралдарды қолдануға үлкен қаражат бөле алмайды. Сондықтан алға жылжытудағы стартаптардың негізгі ерекшеліктерінің бірі – айналымға енгізудің арзан әдістерін белсенді қолдану. Стартаптарды алға жылжыту саласындағы қызмет құрамдас бөлікке негізделеді, оның кез келген басқа компанияны жылжытудан айырмашылығы жоқ (1-схема). Стартаптың идеясы болса, нарықтың да идеясы бар. Стартап – оның негізінде жатқан идеяның іске асуы. Нарық идеясы дегеніміз клиенттер іске асырғысы келетін идея. Стартап идеясы – нарық идеясын іске асырудың Стартаппен жұмыс істеу кезеңдерін есіңе түсір. 5.3 ЖОБАНЫ АЛҒА ЖЫЛЖЫТУ Бүгінгі сабақта: Негізгі ұғымдар: 1-схема Стартаптарды алға жылжыту схемасы Тұтынушының портретін құру Компанияның мақсатты қызығушылығын (ықыласын) анықтау Қызметінің мәнін тұжырымдау Сауатты әрі түсінікті хабарлама жазу Релевантты (лайықты) арналар таңдау (аудитория мен бюджетке байланысты) Алматыкiтап баспасы


189 5.3. Жобаны алға жылжыту тәсілі. Стартап – нарыққа бағытталған идеяны іске асырудың бір жолы ғана. Стартаптың алға жылжуы үшін, екі идеяны да сапалы пысықтау керек. Егер стартап идеясы ғана пысықталып, нарық идеясына көңіл бөлінбесе, онда сәтсіздікке душар болуы мүмкін. Стартаптың алға жылжуы нарықты зерттегеннен кейін басталады. Ең алдымен нарық бар ма, жоқ па, соны анықтау керек. Әдетте стартаптар инновация ұсынатындықтан, нарық көбінесе болмайды, сондықтан оны жаңадан құру керек. Нарық – бұл идеяны іске асырғысы келетін адамдардың жиынтығы. Кейде стартап арқылы жүзеге асыруға болатын идея да болмайды. Сәйкесінше, стартап табысты болуы үшін, идеяны ойлап тауып, оны көпшілікке ұсыну қажет. Нарықты сынақтан өткізу Кейде идея бар болып, бірақ оны түсінетін адам аз болса, бұл нарық жоқ дегенді білдіреді. Егер нарық бар болса, онда жылжытудың 1-схема Дайын нарықта стартапты жылжыту Нарық идеяларын талдау Нарық идеяларын «алу» Нарық идеялары түсінігін қалыптастыру Нарық идеяларының жүзеге асырылмаған элементтерін анықтау Нарық идеяларын жүзеге асыру профилін құру Стартаптың нарық идеяларын ең үздік жүзеге асырушы ретіндегі орны Орнын бекіту Өнімді нарыққа шығару 2-схема Нарық болмаған жағдайда стартапты алға жылжыту Нарық идеяларын өндіру Нарық идеяларын «алу» Нарық идеяларын трансляциялау Нарық идеяларын дамыту Өнімді нарыққа шығару Нарықты құру Алматыкiтап баспасы


5-бөлім. 190 IT Startup белгілі бір технологиясы қолданылады, егер нарық болмаса, басқасы қолданылады (1, 2-схема). Мұндай жағдайда нарықты сынақтан өткізу қажет. Егер нарық бар болса, стартапты жылжыту оның негізінде жатқан идеядан басталады. Содан кейін бұл идеяны жетілдіру мен дамыту қажет. Нарықтың логикасын біліп, қауіп-қатерден алдын ала хабардар болу үшін нарық идеясын білу керек. Стартапқа арналған нарық құру Егер нарық болмаса, оны қашанда құруға болады. Негізінде, нарықты кез келген стартапқа сәйкес құру мүмкіндігі бар. Идеяны бірінші болып түсініп, жігерленген адамдар нарықтың өзегіне айналады. Лендинг – жарнаманың тиімділігін арттыратын тауар не қызмет түрі туралы ақпарат жазылған бір беттік сайт. Ең алдымен, қажетті идея ойлап табу керек. Бұдан әрі идеяны трансляциялау арқылы нарық дамиды. Идея трансляциясы неғұрлым күшті болса, нарық соғұрлым көлемді болмақ. Идеяларды тарату процесіндегі болашақ тұтынушыларға, егер жаңа идея қабылданса, олар бұрын-соңды болмаған нәрседен көп пайда табатындығы түсіндіріледі. Нарық құрылғаннан кейін оған стартап өнімі шығарылады да, сатылым басталады. Стартапты алға жылжыту тәсілдері Email-маркетинг Сервиске тіркелгеннен кейін, жаңа қолданушы мен болашақ клиенттерді тарту мақсатында тұтынушы үшін пайдалы ақпаратты тарату тәсілі қолданылады. Интернетте тарату арқылы тұтынушымен өте тиімді қарым-қатынас жасайтын көптеген компаниялар бар. Жарияланымдар Мақсатты аудитория оқитын жерлерге жарияланым жасау өте маңызды. Жарияланымдар өздеріне назар аудартады, танымал етеді, нарықпен және тұтынушымен қарым-қатынас орнатады. SEO (Search Engine Optimization – іздеу қозғалтқышын оңтайландыру) – маңызды элемент, брендке сараптамалық деңгей береді. Жарияланымдардың артықшылығы көп, алайда жалпы жұмыс сапасы өте жоғары болуы керек. Мәселе грамматика, орфография мен тіпті стиль тұрғыАлматыкiтап баспасы


191 5.3. Жобаны алға жылжыту сынан жақсы құрастырылған мәтінде емес. Контент-маркетинг шеңберіндегі жақсы жарияланым дегеніміз – мәтінді жарнамасыз жаза алу, жалпы міндетті түсіну мен өнімнің ерекшелігін жақсы білу. Блог пен әлеуметтік желілер Компания блогын жүргізу нәтижесінде аудиторияға қызықты мәлімет ұсынылып, жаңа тұтынушылар тартылады. Сонымен қатар блог ремаркетинг тізімі, таратуға жазылуды ынталандыру, іздеу жүйелері үшін контентті жетілдіру сияқты маркетингтік мүмкіндіктер береді. Блог пен әлеуметтік желілер тізбегінің жұмысын қарастырайық. Өнімге байланысты тақырыпта тұтынушыңа қызықты мәліметті пост ретінде жариялайсың. Постқа берілген сілтеме Facebook мәтіні, Pinterest инфографикасы, Instagram фотосуреті ретінде жарияланды делік. Ол сілтеме апталық таратылымға жіберіледі. Ремаркетинг коды блогтан қолданушылар туралы деректерді үзбей жинайды, ал сен әлеуметтік желілерде таргеттелген жарнама арқылы жаңа тұтынушы тартасың. Нәтижесінде әлеуметтік желілер мен іздеулерден алынған трафигің өседі, оқырмандарың тұтынушыңа айналады, брендтің сарапшы ретіндегі беделі өседі. Стартаптарды жылжытудың нарықта бұрыннан жүрген компанияларды жылжытудан айырмашылығы бар. Стартап бюджеттің төмендігімен, коммуникативтік қызмет тәжірибесінің болмауымен, қысқа мерзімді науқандарды әзірлеуімен ерекшеленеді. 1. Стартаптың негізгі кезеңдерін ата. 2. Стартапты алға жылжытудың негізгі тәсілдерін ата. 3. SEO дегеннің не екенін есіңе түсір. SEO-ның қандай түрлері бар? Білу мен түсіну 1. Стартаппен жұмыс істеудің алдында нарық жағдайын неліктен талдау керек? Түсіндір. 2. Стартап идеясына дұрыс баға беру үшін, Google-да болашақ тұтынушылар нарығын зерттеуге арналған талдау формасын құр. Қолдану Алматыкiтап баспасы


5-бөлім. 192 IT Startup 1. «Мен жасаған стартап» блогын құр. Блогыңа қызықты мақалалар тап. 2. Сұрақ-жауап сайттарын үлгі ретінде алып, болашақ тұтынушылардан келіп түсетін сұрақтар мен оларға беретін жауаптарыңды құрастыр. Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, топта талқылаңдар: 1. Стартап бастағандар жобасын алға жылжыту кезінде қандай кедергілерге тап болады? 2. Қиыншылықтарды жеңіп шығу үшін, қандай ұсыныс айтар едіңдер? 1. Қалыптасқан нарыққа шыққан стартапты жылжыту мен әлі қалыптаспаған нарыққа шыққан стартапты алға жылжыту арасында айырмашылық қандай? 2. Деңгейлік тапсырмаларды орында. А деңгейі. Стартапты алға жылжытудың мүмкіндіктерін бағалап, кестені толтыр. Стартапты алға жылжыту тәсілі Артықшылықтары Кемшіліктері В деңгейі. Стартап бастағандарға арнап «Стартапты алға жылжыту – табыс кепілі» атты жаднама жаса. C деңгейі. Стартапты алға жылжытуға арналған тегін платформаны тауып, олардың күшті және әлсіз тұстарын бағала. Іске асырылған стартаптарды талда. Үй тапсырмасы Топтық жұмыс Жоғарғы деңгейдегі тапсырмалар Алматыкiтап баспасы


193 инфографиканы; маркетинг жарнамасын (инфографика, бейне) қалай жасау керектігін білесің; Маркетинг жарнамасы – маркетинговая реклама – marketing advertising Контент-маркетинг – контент-маркетинг – Content marketing Инфографика – инфографика – Infographics «Өз стартабымды аз шығынмен әрі нәтиже беретіндей етіп қалай жарнамалауға болады?» деген сұрақ стартапты жаңадан бастағандарды үнемі толғандырады. Маркетингтік стратегия алдағы уақытта редакциялауға болатын, мақсаттары айқын көрсетілген құжат түрінде болуы тиіс. Бұл – компанияның әртүрлі даму кезеңдеріндегі жолын көрсететін карта. Бұл құжатта міндетті түрде: • өнімнің толық сипаттамасы; • компанияның алға қойған мақсаттары; • орны; • аудитория мен оның сегменттері болуы тиіс. Осыдан кейін ғана қандай мүмкіндіктерді қолдануға болатындығы, қанша бюджет бөліну керектігі шешіледі. Контент-маркетинг қажет болады. 5.4 IT STARTUP ПЕН ЖАРНАМА Бүгінгі сабақта: Негізгі ұғымдар: Контент-маркетинг – талап етілетін аудитория үшін өзіндік құндылығы бар контентті құру мен тарату. Тұтынушы тұрғысынан алғанда, кез келген стартап – жаңа әрі түсініксіз нәрсе. Оны пайдалана бастау үшін: • сол нәрсеге қызығушылық білдіру; • оны қалай қолдану керектігін білу керек. Бірінші тармақ маркетингке қатысты, яғни өнім туралы білімді арттыру керек. 5.4. IT Startup пен жарнама Алматыкiтап баспасы


5-бөлім. 194 IT Startup Екінші тармақ – аудитория үшін өте қызықты әрі қарапайым етіп дайындалған оқыту материалдары. Екі сұраныс та контент-маркетинг көмегімен қанағаттандырылады. Бұл – жаңа немесе күрделі өнімдерді жылжытатын тиімді тәсіл. Инфографика – күрделі схемаларды, процестерді, идеяларды бейнелеудің ең қарапайым нұсқасы, мәтін мен суреттен тұрады. Мұндай ақпарат беру форматына деген қызығушылық соңғы жылдары күрт өсті. Инфографика – дәйекті тарих форматында күрделі деректерді ұсыну үшін, мәтін, суреттер мен дизайн элементтерін бір бүтінге біріктірудің тиімді тәсілі. Инфографика үш заттан тұрады (схема): Инфографика – түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету тәсілі. Ол түпкі қолданушы үшін ақпаратты қабылдауды жеңілдету мақсатында түрлі деректерді бір бүтінге біріктіру үшін өте қолайлы. Төртінші тармақ та бар, бірақ оны жинақтау қиын. Бұл – құрал, программа мен дағдылар, олар әр жағдайда жеке қарастырылуы керек әрі инфографиканың негізгі мақсатына байланысты. Инфографиканың жіктелуін қарастырамыз. 1. Салыстыратын инфографика Бастапқы деректер қарапайым (өз құрылымы тұрғысынан), бір типке тиесілі болған кезде біздің міндетіміз – олардың арақатынасын көрнекі бейнелеп, өзара салыстыру (1-сурет). Салыстыру мен таңдау – деректер массивімен жиі жүргізілетін екі әрекет, сондықтан инфографиканың осы түрі – ең көп таралған. Схема Инфографиканың құрамдас бөліктері Құрылымдалуы қажет деректер Формасы мен ұсынуы инфографика мақсаттары мен санаттарына тәуелді Деректерді визуалдау Алматыкiтап баспасы


195 5.4. IT Startup пен жарнама 1 2 3 4 8 7 6 5 PSD ЖАҚСЫ ИНФОГРАФИКАНЫ ҚАЛАЙ ҚҰРУҒА БОЛАДЫ? ОА (ОРТАЛЫҚ АУДИТОРИЯ) КІМ? Оны қандай мәселелер қызықтырады? Сен контенттің көмегімен мәселені қалай шешесің? ТАҚЫРЫБЫ Тақырыбы анық, қолданушыға тартымды болуы керек. АҚПАРАТ Жеткілікті ақпарат жина (фактілер, цифрлар). ТЕКСЕРУ Инфографиканың қателерін тексер. ИДЕЯ МЕН МАҚСАТТАРДЫ ІЗДЕУ Мақсатыңды анықтап ал. Инфографиканың негізгі идеясын тап. БЕЗЕНДІРІЛУІ Көркемдеп безендір. ҰСЫНУ ФОРМАТЫ Инфографиканың түрін таңда. АЛҒА ЖЫЛЖЫТУ СТРАТЕГИЯСЫ Әлеуметтік желілерде жарияланымдарды қалай алға жылжытасың? Ойлан. 1-сурет. Салыстыратын инфографика үлгісі Мұндай материалды өте әсерлі инфографикаға айналдыруға болады. Бастапқы деректер қарапайым әрі біртектес болғандықтан, өзіндік стильді таңдау көрнекілікті төмендетеді деп қорықпай, еркін визуалдау керек. 2. Инфографика-сценарий Бұл белгілі бір уақыт ішінде болатын қандай да бір процесті, әрекетті сипаттайтын инфографика (2-сурет). 2-сурет. Инфографика-сценарий үлгісі Алматыкiтап баспасы


5-бөлім. 196 IT Startup Инфографиканың бұл түрінде ақпаратты мәтінмен емес, оған балама түрде баяндау тәсілі қолданылады. Инфографиканы қарапайым иллюстрацияланған лонгридке (longread – ұзақ оқу) айналдырмайтын әдістер мен тәсілдерді іздеу қажет. Мысалы, үлкен мәтіндерді бөліп, ыдыратып, жекелеген бөліктерді кескіндермен сипаттауға болады. Тұжырымдаманы өзгертіп, сөздерді символдарға ауыстыра аласың. Ең бастысы, визуалдаудың оңтайлы шешімін таппай тұрып, кез келген мазмұнды өңдеу, бейімдеу әрі өзгерту қажет екенін есте сақтау керек. 3. Инфографика-схема Бұл – қандай да бір нәрсенің ішкі құрылымы, сипаттамалары мен ерекшелігі туралы баяндалған инфографика (3-сурет). Бірдеңені құрамдас бөліктерге бөлгенде оның бөліктері көрсетіледі, бөлшектер жете зерттеледі. 3-сурет. Инфографика-схема үлгісі Тұтынушыға электр энергиясын беру сызбасы Жеке үйлерге электр энергиясын беру Көпқабатты үйлерге электр энергиясын беру Электр жеткізу желісі (ЭЖЖ) Электрстансы Электр беретін жоғарывольтті желі (ЭБЖЖ) Трансформатор подстансысынан үйлерге электр беру желілері тартылады. Таратқыш энергия желілері (ТЭЖ) Қалалық, аудандық ТЭЖ арқылы трансформатор подстансысына электр энергиясы таратылады. Трансформатор подстансысы Трансформатор подстансысында 6 кВ не 10 кВ-тан 380В/220В-қа дейін кернеудің төмендеуі өтеді. Жерасты кабелі Трансформатор подстансысынан жерасты арқылы үйге 2 кабель жүргізіледі: негізгі жəне резервтік (апат болған жағдайға). Таратқыш тұстама (щит) Кабельдер үйде негізгі таратқыш тұстамаға не енгізуші-тарату құрылғысына қосылған. Электр энергиясын тұтынушы Электр энергиясы тұтынушының пəтеріне келеді. Қабаттық таратқыш тұстама Кабель əр қабаттағы таратқыш тұстамаларға тартылады. Тұстамада электр энергиясын есептейтін құралдар, автоматты ажыратқыштар орналасады. Электрстансысында электр энергиясы өндіріледі. Тұтынушыға қосу Желіден əрбір үйге кабельдер тартылады. Олар есептегіш құрылғымен қосылған арнайы таратқыш құрылғымен қосылады. Электр беретін жоғарывольтті желі бойынша электр энергиясы беріледі. Жерасты ЭЖЖ-ны ЭЖЖ тірегін тығыз құрылыс нəтижесінен көбінесе қала шегінде жүргізеді. 1 5 5 6 7 8 6 2 3 4 Бұл күрделі тетіктің схемасы немесе бір ұйымның ішкі құрылымы болуы мүмкін. Инфографика-схемада, мысалы, өнімнің немесе қызметтің бағасы неден құралатыны көрсетіледі. Алматыкiтап баспасы


197 5.4. IT Startup пен жарнама 4. Инфографика-коллаж Кейде инфографиканы көбіне бір тақырыпта болғанмен, деректерінің құрылымы мен типтері әртүрлі ақпарат бөлшектерінен жинауымыз керек болады. Мұндай инфографиканы жасаған кезде оқуға қызықсыз графикалық-мәтіндік үйінді пайда болу қаупі бар, өйткені кесте, фактілер жиынтығы мен диаграммалардағы ақпаратты бір құжатқа жинау оңай емес. Инфографиканың мұндай түрін жасаудың алдында әртүрлі нысандарды ретке келтіру тәсілін табу керек. 1. Мағыналық акцент табу. Бір мәнді деректер түсінікті етіп баяндай алмайды. Ең дұрысы, оқырманның назарын үнемі бағыттап, мағыналық акценттер қоюға тырысу керек. Деректерден ең маңыздысын, негізгісін іздеу керек, басқалары – екінші дәрежелі, кейбіреуі аса маңызды емес, ал кейбіреулерін мүлдем алып тастауға болады. 2. Бір-біріне жақын, ішінара қайталанатын блоктарды орналастырғаннан гөрі, деректерді бірнеше қабат етіп орналастыруға болады. 3. Графикалық акцентті қолдану. 4-суреттегі мәтіндік ақпаратта ешқандай басымдық жоқ, барлық дерек бірдей, бірақ барлық композицияны бір жерге жинайтын көп мағыналы бір графикалық орталық бар. 4-сурет. Графикалық акценттер Полуфабрикаттар, фасфуд Қызыл ет Ет тағамдары Апельсин Жидектер Авокадо Салат Анар Қызанақ Брокколи Алматыкiтап баспасы


5-бөлім. 198 IT Startup 4. Деректердің бәрін бір ортақ көрініске біріктіруге болады (5-сурет). 5. Бұл нұсқада деректер үшін талғампаз графикалық метафора ұсынылған (6-сурет). 6. Топтау, түс арқылы кодтау, блоктар мен желілер (7-сурет). Қандай әдісті таңдасаң да, ең бастысы, деректер қажетті дәрежеде қандай да бір ортақ нәрсемен біріктіріліп, оңай оқылуы керек. Біз инфографиканы жіктеумен және оған қойылатын талаптармен таныстық. Инфографиканың артықшылықтарына назар аударайық: • адамның қабылдауына жеңіл. Адамдар ақпаратты көзбен қабылдауға бейім, оларға цифрлар, фактілер мен статистикалық мәлімет ұнайды. Ал мәтіннің, суреттер мен басқа да көрнекі элементтердің жақсылап ойластырылған үйлесімі оқырманның назарын ақпараттағы ең маңызды жерге аударуға мүмкіндік береді. 5-сурет. Жалпы көрініс 6-сурет. Графикалық метафора 7-сурет. Классикалық әдістер ПОЛУФАБРИКАТТАР, ФАСТФУД Алматыкiтап баспасы


199 5.4. IT Startup пен жарнама • ақпараттың қолайлы түрде берілуі. Қазіргі интернет қолданушыға бір беттегі ақпаратты басынан аяғына дейін оқып шығу қиын. Интернеттегі парақшамен танысушылар қысқа уақыт ішінде мейлінше көп ақпарат алуға тырысады. Инфографика форматындағы деректерді құрылымдау дегеніміз – оқырманның мейлінше пайдалы мәліметті жылдам оқып шығуын қамтамасыз ету тәсілі. • «вирустық» әлеует. Белгілі бір контент үлгісі әлеуметтік же лілерде бөлісуге ыңғайлы. Инфографика ма териалдардың осындай түріне жатады, оны Facebook, В Контакте, Twitter сияқты әлеуметтік желілерде тарату оңай деп есептеледі. • бренд танымалдығы. Компанияның фирмалық стилінің элементтері болатын логотип, сайт мекенжайы мен бренд атауынан тұратын инфографика брендтің танымалдылығын арттыруға мүмкіндік береді. • сараптауды көрсету. Инфографика жасау оңай сияқты болып көрінгенмен, іс жүзінде қыруар жұмыс атқарылады. Алдын ала көптеген ақпаратты өңдейсің. Артығын алып тастаған соң, ақпаратты жақсылап құрылымдап, ресімдеу керек. Инфографикаң пайдалы әрі қызықты болса, адамдар мұндай контентті достары мен таныстарына қуана-қуана таратады. Инфографика жасауға арналған құралдар Графикалық дизайн негіздері мен графикалық редакторларда жұмыс істеу дағдысы жоқ адамдар үшін инфографика жасау мәселелерін шешетін сервис түрлері көп. Инфографика жасауға арналған тегін онлайн сервистерді қарастырайық. Piktochart.com Инфографика мен таныстырылымдық құралдарды жасауға арналған сервис (8-сурет). Бұл тіпті адамды зеріктіретін деректерді визуалды тартымды етіп түрлендіруге мүмкіндік береді. Piktochart.com сервисінде: • графиктер, картиналар мен фотосуреттер; • ондаған шаблон; • түрлі стильдегі жүздеген символ; 8-сурет. Piktochart.com сайты Алматыкiтап баспасы


5-бөлім. 200 IT Startup • drag-and-drop технологиясы; • қаріптер қолжетімді. Бапталатын редактордың көмегімен түстер сызбасы мен қаріптерді өзгертуге, нысандар кітапханасын қолданып, қосымша суреттерді жүктеуге болады. Сондай-ақ кез келген тақырыптағы жаңа жұмысты ойластыруға мүмкіндігің бар. Әрбір элементте қосымша өңдеу опциялары бар. Суретті .png кеңейтімі бар файл түрінде немесе raw пішімінде сақтауға болады. Canva.com (9-сурет) Аустралияда пайда болған бұл стартап web-дизайн әлеміне үлкен жаңалық әкелді. Оның көмегімен кез келген адам кәсіби деңгейде контент жасай алатын болды. Инфографика жасау – Canvaдағы жұмыстың бір бағыты ғана, одан басқа әлеуметтік желілер мен түрлі сайттарға арналған әдемі графика жасауға болады. Тіркелгеннен кейін қысқаша бейненұсқаулықты қарап шығу керек, содан кейін сервисті қолдануға көшесің. Жұмыс барысында дайын үлгілерді өзіңе лайықтап, өңдеуіңе болады. Суреттер мен қаріп тердің үлкен жиынтығы бар, өзіңнің графикаңды да жүктей аласың. Сервис көптеген тегін құралдар береді. Олар: • үлгілер мен фондар; • графикалар мен диаграммалар; • түрлі қаріптер; • әсерлі картиналар; • фотосуреттер мен графикалық символдар; • суретті .png форматында сақтау мүмкіндігі. Инфографика сенің стартаптарың туралы ақпарат таратып, инвесторлардың назарын аудару үшін қолданылатын тамаша құрал болуы мүмкін. Сондықтан бұл – маркетингтік жарнаманың ең тиімді құралдарының бірі. 9-сурет. Canva.com сайты Алматыкiтап баспасы


Click to View FlipBook Version