201 5.4. IT Startup пен жарнама 1. «Контент-маркетинг» деген не? Стартапты алға жылжытуда ол қандай рөл атқарады? 2. Неге инфографика стартапты жарнамалауға арналған жақсы құрал деп есептеледі? 3. Инфографиканың қандай түрлерін білесің? 1. Өз стартабыңа арналған инфографика жаса. 2. Стартап жарнамасына арналған тағы басқа нұсқалар ұсын, өз таңдауыңды негізде. «Стартапты алға жылжыту» деген инфографика-сценарий жаса. Топта дайын инфографика нұсқасын талдаңдар әрі осы инфографиканы жақсартуға бағытталған ұсыныстарыңды айтыңдар. 1. Инфографикаға қандай талаптар қоя аласың? Сол талаптарды негізде. 2. Деңгейлік тапсырмаларды орында. А деңгейі. Интернет желісінен инфографиканың әр түріне мысал тап. В деңгейі. Инфографика жасауға мүмкіндік беретін ресурстарды тауып, оларды қызметі, мүмкіндіктері, ақылы не тегін деген тұрғыдан сипатта. С деңгейі. Инфографиканың бірнеше мысалын тап. Инфографика түрін анықтап, оны дизайнға қойылатын талаптар тұрғысынан бағала. Үй тапсырмасы Топтық жұмыс Білу мен түсіну Қолдану Жоғарғы деңгейдегі тапсырмалар Алматыкiтап баспасы
5-бөлім. 202 IT Startup Егер сапалы инфографика құрғың келсе, онда сен ескеретін нәрсе көп. Инфографика құру жолдарымен таныс, сонан соң бейнелегің келген өнімің нің дискідегі нобайын құр. Canva.com ресурсын қолданып, инфографика құру 1. Кез келген браузерді қосып, Canva.com сайтына өт. 2. Ресурста тіркелу үшін, Google-да міндетті түрде аккаунт болуы керек. Facebook аккаунты арқылы да кіруге болады немесе жаңадан сайтқа тіркелу керек (1-сурет). 3. Тіркелгеннен кейін өзіңнің тіркеулік жазбаң құрылады әрі порталдың басты беті ашылады. Бұл беттен өзіңе керекті үлгіні таңдап, жаңа дизайн құруыңа болады (2-сурет). Инфографика құру кезінде неге назар аудару керектігін білесің. Үлгі – шаблон – template Вы узнаете: 5.5 «ИНФОГРАФИКАНЫ ҚҰРУ» ПРАКТИКУМЫ Бүгінгі сабақта: Негізгі ұғымдар: Инфографиканы құру барысында неге назар аудару керек? 1-сурет. Canva.com сайтына тіркелу Алматыкiтап баспасы
203 5.5. «Инфографиканы құру» практикумы 2-сурет. Үлгіні таңдау 3-сурет. Инфографиканың үлгісін таңдау 4. Үлгі (Шаблон) инфографиканы таңда. 5. Осы санатқа жататын үлгілер «Білім беру», «Процесс», «Бизнес», «Уақытша шәкіл», «Қайырымдылық жасау» тарауларынан тұрады. Қажетті үлгіні таңда (3-сурет). 6. Осыдан соң таңдалған үлгі негізінде құжат ашылады, оған өзгерістер енгізе аласың. Мысалы, мәтін немесе графикалық нысандарды қосу. 7. Қажетті параметрлерді пішімдеу. Суреттер үшін сүзгі қою, ашықтығын, қанықтығын және тұнықтығын баптау. Орналасуына тапсырыс беру (4-сурет). Алматыкiтап баспасы
5-бөлім. 204 IT Startup 4-сурет. Графикалық нысанның параметрлерін баптау 5-сурет. Инфографиканың нысандарымен жұмыс істеу 8. Сол жақтағы бетті таңдай отырып (Үлгілер, Фото, Элементтер, Мәтін, Фон, т.б.) (5-сурет), таңдаған үлгіңді өзгерте аласың. Топтамадан фотосурет немесе мәтін қосасың, фонды баптайсың. 9. Сенің файлың автоматты түрде сақталады. 10. Инфографикаң дайын болғаннан кейін, өзіңнің стартабың туралы ақпаратты тарату мен инвесторларды тарту мақсатында тиісті форматты таңдап, файлды сақтай аласың (6-сурет). Бұл – маркетингтік жарнаманың тиімді құралдарының бірі. 6-сурет. Дайын файл үшін формат таңдау Алматыкiтап баспасы
205 «IT STARTUP» БӨЛІМІНЕ ҚЫСҚАША ШОЛУ Стартап – табыс табу үшін құрылған жаңа қаржылық жоба. Кез келген стартаптың негізінде инновациялық идея немесе технология жатыр. Стартаптарды қаржыландырудың бір тәсілі – краудфандинг платформаларын қолдану. Мұндай платформаларда әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдар өздеріне ұнайтын жобаны қаржыландыру мақсатында қаражат сала алады. Қазақстандағы Crowdfang платформасы – StartTime (StartTime.kz.) Стартапты жылжыту үшін, мақсатты аудиторияны анықтау, электронды пошта маркетингі, арнайы сайттардағы жарияланымдар, білім беру бейнелері, блогтар және әлеуметтік желілер пайдаланылады. Стартапты ұсынудың бір тәсілі – инфографика. Инфографика – әртүрлі ақпаратты визуалды түрде ұсыну тәсілі. Инфографиканың бөліктері: • құрылымдау қажет деректер; • деректерді визуалдау; • форма/ұсыну инфографика мен мақсаттарға байланысты. Инфографиканың салыстыру, диаграмма, сценарий, коллаж сияқты түрлері бар. Инфографика жасау үшін Piktochart.com, Canva.com сияқты ақысыз онлайн қызметтерді пайдалана аласың. Алматыкiтап баспасы
Цифрлық сауаттылық 6-бөлім. 206 Қазіргі өмірді цифрлық технологиясыз елестету қиын. Бұл технологиялар қолданыс таппаған сала қазір өте аз. Ел экономикасын дамытудағы цифрлық технологиялардың рөлі күн санап өсіп келеді. Цифрлық технологияларды енгізу өмірді мейлінше қолайлы етуде, мысалы, қарапайым азаматтар мен заңды тұлғалар мемлекеттік қызметтерге оңай қол жеткізуде, ақпарат алмасу жеделдетілді, бизнесті жүргізуге арналған жаңа платформалар қызмет көрсетуде. «Цифрландыру» терминінің кең мағынасы – ақпаратты цифрлық форматқа өзгертіп, экономиканың тиімділігін арттыруға, өмір сүру сапасын жақсартуға әкелетін экономика мен қоғамды дамытудың дүниежүзілік көрінісі. Егер цифрландыру процесі өндірісті, бизнесті, ғылымды, әлеуметтік саланы және азаматтардың кәдімгі өмірін қамтыса; оның нәтижелері тиімді пайдаланылса; цифрландыру нәтижелерін мамандар ғана емес, қарапайым азаматтар да пайдаланса; цифрлық ақпаратты қолданушылар онымен жұмыс істеуге дағдыланған болса, онда цифрландыруды расында да әлемдік дамудың тренді ретінде қарастыруға болады. Компьютерлер мен ақпараттық технологиялар пайдаланылған ақпараттандыру мен компьютерлендіру кезеңінің орнына цифрландыру кезеңі келді. Бір уақытта жасалып, шамамен бір уақытта енгізілген бірнеше технологияның дамуы арқасында бүгінгі цифрландыру үдерісі жүзеге асып отыр. цифрландырудың не екенін; Қазақстандағы цифрландыру процесінің заманауи үрдістерін білесің. Цифрландыру – цифровизация – digitalization Цифрлық технологиялар – цифровые технологии – digital technologies Цифрлық Қазақстан – цифровой Казахстан – digital Kazakhstan 6.1 6.2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЦИФРЛАНДЫРУ Бүгінгі сабақта: Негізгі ұғымдар: Алматыкiтап баспасы
207 6.1-6.2. Қазақстандағы цифрландыру Қазіргі таңда цифрландыру – заманауи әлемнің талабы, онсыз одан әрі даму мүмкін емес. Мемлекеттік, салалық деңгейлерде, сондай-ақ жекелеген үй шаруашылықтары мен жеке азаматтарда цифрландырудың алғышарттары болуы қажет. Цифрлық экономиканың алғышарттарын жасауға ықпал ету мақсатында мемлекет тарапынан мүмкіндіктер жасалуда. 2017 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстанда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу, экономика мен ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін, цифрлық экожүйені үдемелі дамыту. digitalkz.kz интернет-ресурсын қолдана отырып, осы бағдарламамен толығырақ таныса аласың. Мобильді құрылғылар Желіде жұмыс істеуге арналған смартфон, планшет пен ноут буктердің дамуына байланысты web-беттерді көру, IPтелефония, бейнеконференциялар және мультимедиалық ағындарды тасымалдау сияқты әрекеттерді мобильді құрылғыларда орындауға болады. Бұлттық есептеулер Қазіргі таңда IТ-инфрақұрылымының едәуір бөлігін бұлтты ортаға көшіруге немесе ішкі бұлтты инфрақұрылым құруға мүмкіндік беретін озық әдістер бар. Үлкен деректерді талдау платформасы Цифрлық ұйымдар бизнеске маңызды аналитикалық ақпарат алу үшін жинауға, өңдеуге және талдауға болатын деректер терабайттарын тудырады. Заттар интернеті Процесті автоматтандыру арқылы нарыққа шығудың жаңа жолдарын ашуға әрі шығындарды айтарлықтай азайтуға көмектеседі. 1-сурет. Цифрландыруға әсер ететін технологиялар Алматыкiтап баспасы
Цифрлық сауаттылық 6-бөлім. 208 Өмірдің барлық қырын жоғары қарқынмен цифрландырудың оң әсері қоғамда қазірдің өзінде-ақ байқалып отыр (1-кесте). 1-кесте Қоғамның деңгейінде Жеке компаниялар мен өнеркәсіптердің деңгейінде Технологиялық тұрғыдағы артықшылықтары • бизнес пен қоғам үшін цифрлық технологиялардан экономикалық және әлеуметтік әсердің пайда болуы; • өмір сапасын арттыру, бірінші кезекте адамдардың белгілі және жаңа қажеттіліктерін қанағаттандыру есебінен; • жекелеген өндірістер мен компаниялар деңгейінде өнімділікті арттыру есебінен барлық қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуі; • қызметтің табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін бизнестің жаңа нысандарының пайда болуы; • экономикалық операциялардың ашықтығын арттыру мен оларды мониторингтеу мүмкіндігін қамтамасыз ету; • делдалдарды жою, цифрландыру өндірушілердің өздері өндіретін тауарларды немесе қызметтерді өз сайттарында сатуға және болашақ клиенттерге шығуға мүмкіндік береді. Тұтынушылар әуе компанияларының, қонақүйлер мен электрондық дүкендердің серверлерінде ұсынылатын тауарлар мен қызметтерді өз бетінше таңдау мүмкіндігін алады; • ең алдымен, ақпаратты іздеу, транзакциялық шығындарды сәйкестендіру және өлшеу шығындарын азайтуды; тауарлар мен қызметтерді жылжыту бойынша шығындарды; келіссөздер жүргізу бойынша шығындарды оңтайландыру; • барлық бизнес-процестерді жеделдету, оның ішінде коммуникация уақытын төмендету есебінен; • тұтынушылардың сұранысын есепке ала отырып, өнімдер мен қызметтерді әзірлеу мерзімдерін азайту мен оларды нарыққа шығару; • білім мен ақпаратты бірлесіп тұтыну қолайсыздық туғызбайды, өйткені деректер базасын немесе білім базасын көптеген тұтынушының бір мезгілде қолдануына мүмкіндік жасалады; • деректердің үлкен көлемі жиналады, оларды қайта өңдеу мен талдау автоматты түрде жүзеге асырылады; • жеткізушілер мен тұтынушылар арасындағы тізбектерді қадағалау, талдау жүргізу мүмкіндігі болады; • заманауи технологияларды меңгеру ғана емес, жаңа инновациялардың әлеуетін ұғынуға, технологиялық интеллектіні әзірлеуге бағытталған жаңа инновациялық өнімдерді жасауға көшу (мысалы, деректерді басқару технологиялары бойынша); Алматыкiтап баспасы
209 6.1-6.2. Қазақстандағы цифрландыру • мемлекеттік, сондайақ коммерциялық, тіпті әлемдік ауқымға дейін тауарлар мен қызметтердің қолжетімділігі мен алға жылжуын қамтамасыз ету; • адамды алмастырушы басқару жүйелерінің пайда болуы, мысалы, белгілі бір санаттағы кәсіпорындар үшін. • өз тұтынушыларын жақсы түсіну, өнімдер мен қызметтердің сапасын арттыру; • жаңа өнімдер мен қызметтерді құру, ұсынылатын өнімдердің икемділігін арттыру және тұтынушының талабына олардың барынша бейімделуі. • қағаз құжаттар электрондық форматқа көшіріледі (еңбекке жарамсыздық парақтары, еңбек кітапшалары, т.б.). Цифрландырудың жағымсыз салдары Қазақстан экономикасы үшін цифрландыруды енгізу күрделі сынаққа айналуда. Цифрлық экономиканы қалыптастыру мәселелері Қазақстан үшін оның ұлттық қауіпсіздігі мен әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілік (сыртқы сын-қатерлер) мәселелеріне, сондай-ақ Қазақстан халқының өмір сүру деңгейі мен сапасы (ішкі сын-қатерлер) мәселелеріне ықпал етеді. Қазақстанның цифрландыру қарқыны мен ауқымы бойынша дамыған елдерден артта қалуы (Қазақстан үшін сыртқы цифрландыру көріністері) оның ғылыми-техникалық прогрестен тыс қалуына әкеп соғуы мүмкін. Қауіп-қатердің алдын алу мен мәселені шешу жолдарын қарастырайық (2-кесте): 2-кесте Қауіп-қатерлер Мәселені шешу Еліміздің әлемдік экономикадағы рөлі дамыған елдерді қуып жетуге бағытталады. Дәстүрлі экономика салаларын цифрландыру қажет. Қазақстандағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі күрделенуі мүмкін. Мемлекеттік органдарды цифрландыру; цифрлық инфрақұрылымды дамыту қажет. Ел инновациялық даму перспективасынан айырылады, бұл жекелеген отандық компаниялардың да, әлемдік нарықтағы қазақстандық экономиканың да бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетеді. Цифрлық технологиялар саласындағы кәсіпкерліктің жүйесін дамыту арқылы өндірістің моделін өзгерту. Бұл процесс жалпы экономиканың ахуалына оң әсерін тигізеді. 1-кестенің жалғасы Алматыкiтап баспасы
Цифрлық сауаттылық 6-бөлім. 210 «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында цифрландырудың нәтижесінде Қазақстан шешуге тиіс көкейтесті мәселелер ретінде төмендегілер көрсетіледі (схема): 1. «Цифрландыру» деген не? 2. Цифрландыру мүмкіндіктерінің негізгі алғышарттарын ата. 3. Қазақстанда цифрландырудың қандай негізгі қауіптері бар? 4. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының қолданылуына мысалдар келтір. 5. Қазақстанда қандай чат-боттар қолданылады? Білу мен түсіну Азаматтардың цифрлық ортаға сенімін қамтамасыз ету Қолданушының цифрлық деректерін сақтау Отандық әзірлемелерді енгізу деңгейінің төмендігі Компьютерлік қылмыстардың, оның ішінде халықаралық дәрежедегі қылмыстардың өсуі Ақпараттық инфрақұрылымға сыртқы ақпараттықтехникалық ықпал ету мүмкіндіктерінің күшеюі Әлеуметтікэкономикалық дамудың шет мемлекеттердің экспорттық саясатына тәуелділігі Цифрлық әлемде адам құқықтарын қамтамасыз ету Болашағы бар ақпараттық технологиялар жасауға бағытталған ғылыми зерттеулердің аздығы Бәсекеге қабілетті ақпараттық технологияларды дамытуда озық шет мемлекеттерден артта қалу Ақпараттық қауіпсіздік саласында кадр тапшылығы сезіледі Мәселенің мәнін түсіну оның шешімін табуға мүмкіндік береді. Қазақстан үшін цифрландыру дамудың стратегиялық маңызды бағыттарының біріне айналды. Көптеген жетістіктер кейбіреулерге ғана қолжетімді болудан қалды. Ірі қалалардың тұрғындары қалалық көлікті, интернет-банкингті, электрондық сауда қызметтерін, түрлі боттарды қадағалайтын қосымшаны белсенді қолданады. Бұл технологиялар біздің өмірімізге кеңінен еніп, көптеген операцияларды жеңілдетеді. Схема Цифрландырудың нәтижесінде Қазақстан шешуге тиіс көкейтесті мәселелер Алматыкiтап баспасы
211 6.1-6.2. Қазақстандағы цифрландыру Digitalkz.kz интернет-ресурсын ашып, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын тап. Әр бағытта қандай мәселелер қаралатынын түсіндір. Қолдану 1. Деңгейлік тапсырмаларды орында. А деңгейі. «Цифрландыру» деген тақырыпта шағын зерттеу жүргізіп, кестені толтыр. Цифрландырудың жағымды жағы Цифрландырудың жағымсыз жағы B деңгейі. Интернетті қолдана отырып, қазіргі таңда ұлттық цифрландыру программалары іске асырылып жатқан елдер туралы ақпарат жина. Ұлттық экономикасын цифрландырған озық елдерді анықта, кестені толтыр. Ел Цифрландырудың негізгі жетістіктері C деңгейі. Қазақстандағы цифрландырудың SWOT-талдауын жаса. Жоғарғы деңгейдегі тапсырмалар 1. «Қазақстандағы цифрландырудың болашағы мен мүмкіндіктері» тақырыбына эссе жаз. 2. «Цифрлық Қазақстан» порталын қолдана отырып, бағыттардың біреуін таңдап, сол бағытты цифрландырудың хронологиялық тізімін жаса. Топта талқылап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер: 1. Қазақстандағы цифрландырудың қандай негізгі қауіптері бар? 2. Қазақстандағы цифрландырудың негізгі аспектілерін сипаттаңдар. Үй тапсырмасы Топтық жұмыс Алматыкiтап баспасы
Цифрлық сауаттылық 6-бөлім. 212 Блокчейн биткоин сияқты цифрлық монета негізіндегі технология ретінде белгілі. IBM, Microsoft және Intel сияқты ірі компаниялар бизнеске арналған бір құрал ретінде блокчейн негізіндегі шешімдерді ұсынады. Технологиямен жұмыс істеуге тартылған басқа корпорациялардың арасында американың Goldman Sachs банкі, Nasdaq қор биржасы, әлемдегі ең ірі офлайн-ритейлер Walmart пен Visa төлем жүйесі бар. «Блокчейн» деген не? Blockсhain қазақ тіліне аударғанда блоктардың тізбегін білдіреді. Бұл технологияға арналған негізгі компоненттерді қарастырайық. Олар: жеке блокчейн, бір деңгейлі (пиринг) желілер және консенсус тетігі. «Блокчейн» (Blockchain) дегеннің не екенін; Блокчейн технологияларының мақсаты мен жұмыс істеу қағидаларын; Блокчейн технологиялары қолданылатын негізгі салаларды; Блокчейн технологияларының даму болашағын білесің. Блокчейн – блокчейн – blockchain Криптовалюта – криптовалюта – cryptocurrency Биткоин – биткоин – Bitcoin Криптография – криптография – cryptography Бөлінген жүйелер – распределенные системы – distributed systems Бірдеңгейлі желілер – одноранговые сети – peer-to-Peer Networks Транзакциялар – транзакции – Transactions Хэш – хэш – hash Майнинг – майнинг – Mining 6.3 6.4 BLOCKCHAIN ТЕХНОЛОГИЯСЫ Бүгінгі сабақта: Негізгі ұғымдар: Блокчейн – бірегей жұмыс ұстанымы бар, деректерді және осы деректерді өңдеу туралы ақпаратты сақтау технологиясы. Алматыкiтап баспасы
213 6.3-6.4. Blockchain технологиясы Блокчейн – деректерді құрылымдау тәсілі. Блокчейн – бөлінген деректер қоры1 , яғни бөлінген жүйе. Басқаша айтқанда, деректер қоймасы ортақ процессормен байланысты емес. Блокчейн – блоктар деп аталатын реттелген жазбалардың тізімі. Цифрлық медициналық картотеканы көз алдыңа елестет. Мұнда әрбір жазба бірегей құру уақыты бар блокқа ұқсас. Жүйе дата ауыстырылмайтындай етіп, бұл күнді өткен датамен ауыстыру мүмкін емес етіп әзірленген; яғни диагностика мен емге қатысты барлық жазба хронологиялық тәртіппен жүргізілуі қажет. Ақпаратты тек дәрігер мен емделуші ғана көре алады, әрқайсысының жеке кілті бар. Үшінші тұлға, мысалы, әкімші немесе шақырылған маман емдеуші дәрігер немесе науқастың рұқсатымен ғана жазбадан ақпарат ала алады. Осылайша, медициналық деректер базасы – блокчейннің оңайлатылған аналогі. Блокчейн қалай жұмыс істейді? Блокчейн блоктары ақпаратпен толықтырылады. Әр келесі блоктың уақытша белгісі мен әуелгісіне сілтеме болады. Жаңа блок ең соңғы уақытпен белгіленген блоктан соң қосылады. Осылайша тізбек қалыптасады. Қолданушылар өздеріне тиесілі тізбектің бөліктерін ғана өзгерте алады. Кіру құқықтары кітапта кез келген бетте қандай да бір ақпарат өзгергенін тексеру үшін, шифрлеу немесе криптография жүйесінің көмегімен бақыланады. Бұл сипат маңызды жазбаның сақталуын бақылау үшін, блокчейнді жақсы деректер құрылымы ретінде қалыптастырады. Криптография – ақпаратты құпияда ұстауға әрі жеке тұлғаны растауға мүмкіндік беретін математикалық әдістер. Блокчейн онлайн-дүкен сайтында банктік картаның нөмірін енгізген кезде ұрлаудан қорғайтын криптографиялық кілттердің технологиясын қолданады. Бір цифрлық кілт блокчейнге тек сенің активтерің бойынша транзакция туралы деректерді енгізе алатыныңды растайды. Басқа цифрлық кілт (жария, барлығына қолжетімді) басқаларға бұл транзакция деректерін енгізгенін растауға мүмкіндік береді. 1 Бөлінген деректер қоры – компьютерлік желіде бөлінген, логикалық өзара байланысты деректер қорының жиынтығы. Алматыкiтап баспасы
Цифрлық сауаттылық 6-бөлім. 214 Бұл түрлену процесін хэштеу деп атайды. Хэш-функцияның қасиеттері: • бекітілген хэш көлемі – кіру деректері қандай болатындығы маңызды емес, кез келген деректер үшін хэш ұзындығы әрқашанда бірдей болады; • болжауға болмайды – хэш бойынша ақпарат алуға болатын ешқандай алгоритм жоқ, тек хэш-функцияны қолданып, хэшті санау мүмкіндігі ғана бар; • қайталамайтын – егер хабарлама болса, кез келген хэш біржақты болады. Хэш-функция бойынша хэшті табуға болады, бірақ хэш бар болса да бастапқы хабарламаны анықтауға болмайды; • коллизияның жоқтығы – екі әртүрлі хабарламаға бірдей хэш берілгенде, нәтиже болмайды. Бұл хэш көлемі нақты бекітілгендіктен әрі барлық хэш-функцияларға сәйкес пайда болады; • көшкінді нәтиже – кірген ақпараттағы кез келген өзгерістен (әріп регистрін өзгерту, тіпті бір символды қосу, алу не өзгерту) мүлдем жаңа хэш пайда болады. Сонымен қатар программалық қамтамасыз етілім барлық бөлінген деректер қорының көшірмелерін синхрондауды қадағалайды. Транзакция оны блокқа қосып, тізбекке блок қосқаннан кейін ғана жүргізіледі. Демек, блок тізбекке қосылған кезде, блокчейннің күйі жаңартылады. Біреу сенің адресіңе транзакция жасаған немесе жасамағанын тексергің келгенде, блокчейннің күйін тексеруің керек. Мұны істеу үшін кітап жалпыға қолжетімді болуы керек. Мұнда бірдеңгейлі желілер көмекке келеді. Егер блокчейн тек бір компьютерде сақталса әрі кенеттен ол ажыратылған болса, онда тізбек үзілуі мүмкін. Шын мәнінде, блокчейннің ағымдағы күйі бүкіл әлемдегі көптеген компьютердің көмегімен жүктеледі, синхрондалып ұсынылады. Бұл компьютерлер «тораптар» немесе «нодтар» (nodes) деп аталады. Олар блокчейннің қауіпсіз әрі маңызды екеніне кепілдік беру Хэш-функция – ерекше математикалық функция. Ол кез келген ұзындықтағы еркін деректерді кіруге қабылдайды, қатаң түрде белгілі бір ұзындықтағы әріптер мен цифрлар тұрған жолды қайтарады. Кез келген кіру жолының бір ғана шығатын жолы болады. Алматыкiтап баспасы
215 6.3-6.4. Blockchain технологиясы үшін, бір деңгейлі желіде (peer-to-peer) бірлесіп жұмыс істейді. Осы тораптардың әрқайсысы блокчейннің толық, жаңартылған (өзекті) нұсқасын сақтайды. Жаңа блок қосылған сайын барлық торап өз блокчейндерін жаңартады. Бір деңгейлі желіні қолданудың белгілі бір артықшылықтары бар (схема). Мысалы, блокчейндегі барлық транзакциялардың дұрыс екенін қалай білуге болады? Блоктарда жарамсыз транзакциялардың жоқ екенін қалай білуге болады? Егер блокчейннің түрлі нұсқалары бар болса, олардың шынайы екенін қайдан білеміз? Бұл қауіптердің барлығы консенсустық тетікпен шешіледі. Оны қолдану бірінші кезекте, бір деңгейлі желінің арқасында мүмкін болды. Бір деңгейлі желі тетігін 1999 жылы Napster (файлалмасу пирингтік желісі) қолданды. Биткоиннің негізін қалаған Сатоши Накамото криптографияға негізделген консенсустық тетігі бар блокчейнді біріктірді. Консенсустық механизм тетіктердің бір-біріне сенбей және білмей, бірге жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Консенсус тетігі – желінің программасын қосып, желідегі тораптармен келісілетін ережелер жиынтығы. Бұл ережелер желінің мақсаты бойынша жұмыс істеуін әрі синхронды болып қалуын қамтамасыз етеді. Консенсус хаттамасы арқылы келесі ережелерді: • Блоктар блокчейнге қалай қосылуы керектігін; • Блоктар қай кезде жарамды болып саналатындығын; • Қақтығыстар қалай шешілетіндігін реттейді. Өткізгіш программаны (blockchain explorer) қолданып, әрқашан блокчейннің күйін тексеруге болады (blockchain explorer). Блокчейннің қорғалғанын білу үшін бір ғана сервердің қауіпсіздігіне сенбеу керек. Қаскүнемнің бір серверді емес, мыңдаған компьютерді бір уақытта бұзуына тура келеді. Блокчейн ешқашан жоғалмайды деген сенім бар, себебі ол үшін барлық тораптарды жою керек болады. Блокчейннің шынайы күйін білу үшін тек бір жаққа сенбеу керек. Схема Бір деңгейлі желіні қолданудың артықшылықтары Алматыкiтап баспасы
Цифрлық сауаттылық 6-бөлім. 216 Блокчейн қалай жұмыс істейді? Жалпы блокчейн технологиясы 1-суретте берілген. Блокчейн түрлері Бұл технологияда сервистер мен қосымшалардың бірнеше түрі құрылуы мүмкін болғандықтан, жеке және жария блокчейн болып бөлінеді. Майнинг – блокчейннің екі түрі үшін де маңызды ұғым. Блокты блокчейнге өзгерту мүмкін болмайтындай етіп бекіту процесі майнинг деп аталады. Майнинг қалай жұмыс істейді? Қатысушылар блокчейн-желідегі транзакция туралы жариялағанда, компьютерлер транзакция параметрлерінің негізіндегі күрделі математикалық жұмбақты шешу үшін, жарысқа түседі. Жеңімпаз компьютер транзакцияны блокчейнге бекіту туралы хабарлайды. Егер басқа компьютерлер транзакция шеңберіндегі тауарлар бұрын қолданылмағанын растаса, ол қабылданады. Мұндай процесс, мысалы, блокчейнді қолданатын алаңда бір концерт билетін екі рет сатуға мүмкіндік бермейді. Мұндай алаңдарды құруды Citizen Ticket пен Active Ticketing стартаптары қолға алған. Жеке блокчейн ерекше деп саналады және жеке бизнесті дамыту үшін құрылады. Бұл технологиялар жабық әрі орталықтандырылған, 1-сурет. Блокчейн технологиясы мен енгізілмейді. Алматыкiтап баспасы
217 6.3-6.4. Blockchain технологиясы жасаушылары оған қолдау көрсетеді және бақылайды, корпоративтік мақсаттарға бағынады. Жеке блокчейннің қатысушысы болу үшін, белгілі бір шарттарды орындау керек. Блокчейннің көпшілік жүйелеріне кез келген адам қосылып, майнер атана алады, өйткені оларға қоғамдастықтың өзі әкімшілік етеді. Блокчейн не үшін керек? Қазіргі уақытта біз ақпарат беру үшін, интернетті қолданамыз. Бірақ ақша аудару туралы сөз болғанда, біз банк сияқты қаржы мекемелерінің қызметіне жүгінуге мәжбүрміз. Тіпті онлайн-төлемнің заманауи тәсілдері, әдетте, қолданушыдан банктік шотпен немесе кредиттік картамен жұмыс істеуді талап етеді. Блокчейн технологиясы осы делдалдарды жоюды ұсынады. Ол транзакциялардың есебін жүргізеді, тараптардың жеке тұлғасын белгілейді және келісімшарттар жасайды. Дәстүрлі түрде бұл операцияларға қаржы мекемелері мен банктер жауап береді. Оның мәні зор, өйткені бүкіл әлемде қаржылық қызмет көрсету секторы – нарықтық капиталдандыру бойынша экономиканың ең ірі саласы. Оның шағын бөлігін блокчейн жүйесімен ауыстыру қаржы қызметтері саласындағы ауқымды өзгерістерге әкеліп, олардың тиімділігін арттырады. Келісімшарт жасасу қаржы саласы шегінен тыс блокчейннің пайдалылығын көрсетеді. Деректер қоры тек қана құн бірліктерін (биткоин сияқты) ғана емес, сонымен қатар цифрлық ақпараттың кез келген түрін, оның ішінде программалық кодты қамтуы мүмкін. Тараптар өз кілттерін енгізгенде, сол арқылы шартқа қол қоя отырып орындалады. Программа акциялардың баға белгілеулері, күн райы болжамы, жаңалықтардың тақырыптары және компьютер өңдеуге қабілетті кез келген басқа ақпарат сияқты сыртқы деректерді қолдана алады. Бұл технология «ақылды келісімшарт» деп аталады, ал оны қолдану мүмкіндігі шексіз. Мысалы, «ақылды термостат» ара-тұра «ақылды электр желісімен» байланысып, энергияны қолдану туралы деректерді жіберуі мүмкін. Тұтынылған киловатт-сағаттардың белгілі шегіне жеткен кезде блокчейн олардың құнын тұтынушының шотынан электр компаниясының шотына автоматты түрде аударады, сөйтіп, шоттарды есептеу мен тұтынушыларға жіберу процесін автоматтандырады. Мысалдардың бірі – жылжымайтын мүлік тізілімін жасау үшін, осы технологияны қолдану. Мұндай тізілімдерді әзірлеушілер жүйе толық жұмысқа кіріскенде, нотариусқа деген қажеттілік жоАлматыкiтап баспасы
Цифрлық сауаттылық 6-бөлім. 218 йылатынын мәлімдейді. Себебі жүйенің өзі – мәміленің кепілі әрі меншік құқығын растайды. Қазіргі уақытта осындай жүйелерді құру мен жолға қою жұмыстары жүргізілуде. Блокчейн интеллектуалды меншікті қорғау үшін де өте қолайлы. Технология қолданушының деректерді қанша рет көргенін, бөліскенін немесе көшіргенін бақылай алады. Соның негізінде алаяқтыққа жол бермейтін дауыс беру жүйесін әзірлеу, ақпаратты таратуды қамтамасыз ету сияқты жүйелер пайда болуы мүмкін. Блокчейннің артықшылықтары: • орталықсыздандыру: деректерді сақтаудың басты сервері жоқ. Барлық жазба жүйенің әрбір қатысушысында сақталады; • толық ашықтық: кез келген қатысушы жүйедегі транзакцияларды бақылай алады; • құпиялылық: барлық дерек шифрланған қалпында сақталады. Қолданушы транзакцияларды бақылай алады, бірақ ол әмиянның нөмірін білмесе, ақпарат алушыны немесе жіберушіні анықтай алмайды. Операцияларды жүргізу үшін, бірегей кіру кілті қажет; • сенімділік: рұқсат етілмеген өзгерістерді енгізудің кез келген әрекеті алдыңғы көшірмелерге сәйкес келмегендіктен, қабылданбайды. Деректерді заңды өзгерту үшін, жүйе берген әрі растаған арнайы бірегей код қажет; • ымыраласу: жүйеге қосылатын деректерді басқа қатысушылар тексереді, олар хэшті қайта есептейді. Қазір блокчейн қысқа уақыт ішінде транзакциялардың көп санын қамтамасыз ете алмайды. Мысалы, MasterCard немесе Visa төлем жүйелері секундына 45 мыңға жуық транзакцияны өңдейді, ал биткоин небәрі жетеуін ғана орындай алады. Сондай-ақ желі компьютерлерінде сақталатын базаның салмағы күн сайын артып келеді. POW алгоритмі негізінде жұмыс істейтін желілер туралы әңгіме болған кезде электр желілеріне өте үлкен салмақ түседі. Осы күрделі есептеулер компьютерлерді көп энергия тұтынуға мәжбүрлейді. Блокчейннің әлсіздігі туралы сөз болғанда сарапшылар шабуыл ықтималдығын 51% деп көрсетеді. Басқаша айтқанда, егер желіге қатысушылар тобы есептеуіш қуаттардың 51%-ын қолына шоғырландырса, ол өзі үшін пайдалы транзакцияларды ғана растай отырып, өз мүддесінде әрекет ете алады. Алайда бұл идеяны жүзеге асыру өте қиын, себебі өте қуатты ресурстар қажет. Алматыкiтап баспасы
219 6.3-6.4. Blockchain технологиясы Блокчейн технологиясы танымал болып келеді, оны қолдану аясы тек кеңейе түседі. Қарапайым хэш-функцияны қарастырайық. Қарапайым хэш-функциясы «2-модуль бойынша қосу» операциясын қолданып, былай құрылады: кіру жолын аламыз, 2-модуль бойынша барлық байттарды жинаймыз және хэш-функцияның мәні ретінде байт-нәтижені қайтарамыз. Хэш-функцияның мән ұзындығы бұл жағдайда кіру хабарламасының көлеміне қарамастан, 8 битті құрайды. Мысалы, цифрлық түрге ауыстырылған бастапқы хабарлама мынадай болды (оналтылық форматта): 3E 54 A0 1F B4 Хабарламаны екілік түрде көшіреміз, байттарды бірінің астына бірін жазамыз және биттерді әр бағанға 2-модуль бойынша жинаймыз. Болғызбау немесе ХОR – екіден артық айнымалы болған жағдайда, дәлел саны 1-ге тең, құрылатын ағымдағы жиынтық тақ болғанда, операция нәтижесі ақиқат болады. 0011 1110 0101 0100 1010 0000 0001 1111 1011 0100 ------------------------------ 0110 0101 Нәтиже (0110 00012 немесе 6116) хэш-функцияның мәні болады. Бірақ мұндай хэш-функцияны криптографиялық мақсаттарда қолдануға болмайды. Электронды қолды қалыптастыру үшін, бақылау қорытындысын өзгертпей-ақ қол қойылған хабарламаны өзгертсе жеткілікті. Алматыкiтап баспасы
Цифрлық сауаттылық 6-бөлім. 220 1. «Блокчейн» деген не? 2. Блокчейннің негізгі ұғымдарын сипатта. 3. Биткоиннің негізін қалаған кім? 4. Блокчейннің көмегімен деректерді беру процесін сипатта. Деңгейлік тапсырмаларды орында. A деңгейі. Келесі хабарлама үшін оналтылық формада берілген «2-модуль бойынша қосу» хэш-функциясының нәтижесін есепте: 2B 14 A9 5F E4. В деңгейі. Келесі хабарлама үшін оналтылық формада берілген «2-модуль бойынша қосу» хэш-функциясының нәтижесін есепте: • 0A3 69 2C; • 82 0F B5; • 0DA 14 90; • 32 01 BF; • 9E A6 23; • 10 ВE 57. С деңгейі. Келесі Bloc хабарламасы үшін «2-модуль бойынша қосу» хэш-функциясының нәтижесін есепте. Білу мен түсіну Қолдану 1. Деректерді беру үшін неліктен бір деңгейлі желілер қолданылады? 2. Қалай ойлайсың, блокчейнді барлық жерге енгізуге не кедергі болып отыр? 3. Деңгейлік тапсырмаларды орында. А деңгейі. «Биткоин – алғашқы криптовалюта» атты шағын зерттеу жүргіз. Нәтижесін таныстырылым, бүктеме-альбом, web-беттер ретінде ресімде. В деңгейі. «Криптографиялық хэш-функциялар» деген шағын зерттеу жүргіз. Зерттеу схемасы: • алгоритм; • сипаттау; • биттегі хэштің ұзындығы; • өңделетін блоктардың ұзындығы; • алгоритм қадамдарының саны; • хэштелетін деректердің барынша ұзындығы. Жоғарғы деңгейдегі тапсырмалар Алматыкiтап баспасы
221 6.3-6.4. Blockchain технологиясы С деңгейі. Болашағы бар блокчейн-жобалар туралы шағын зерттеу жүргіз, нәтижесін кесте түрінде жаз: Жобаның атауы Негізгі идеялар Артықшылықтары Кемшіліктері 1. Блокчейн технологияларын қолдану салалары туралы шағын зерттеу жүргіз, нәтижесін кесте түрінде жаз: Қолдану саласы Негізгі идеялар Артықшылықтары Кемшіліктері 2. «Блокчейн» тақырыбы бойынша ұғымдар мен анықтамаларға сәйкес тапсырма ойластыр. «Блокчейнді жаппай ендіруге не кедергі болуда?» деген сұраққа жауап беріңдер. Топтық жұмыс Үй тапсырмасы Алматыкiтап баспасы
Цифрлық сауаттылық 6-бөлім. 222 Қоғамды жаппай цифрландыруға көшірудің артықшылықтары бар, алайда оның қиыншылықтары да қатар жүреді. Осы орайда ақпараттық қауіпсіздік тақырыбы ерекше назарда. Ақпараттық қауіпсіздік ақпараттың және барлық ұйымның оның иелеріне немесе қолданушыларына бағытталған әдейі немесе кездейсоқ зиянды әрекеттерден қорғалғандығын білдіреді. Бұл ретте ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ең алдымен олардың салдарын жоюға емес, қауіп-қатердің алдын алуға бағытталуы тиіс. Мемлекет ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттемелерін өз мойнына алады. Жеке ақпараттық кеңістікті қорғау дамыған ақпараттық технологиялар заманында маңызды мәселеге айналды. Мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздік саласындағы негізгі міндеттеріне ықтимал қатерлерді зерттеу, бағалау және алдын алу шараларын әзірлеу жатады. Қоғамдық қатынастарға, елдегі саяси-әлеуметтік ахуалға ақпарат қатты әсер етеді, ақпарат азаматтардың санасына еніп, оның ой-өрісі мен іс-әрекетіне өз ықпалын тигізеді. Бүгінде ақпараттық қауіпсіздік «халықаралық қауіпсіздік» пен «ұлттық қауіпсіздік» сияқты кешенді ұғымдардан тұратын стратегиялық санатқа айналды. Ол – техникалық пен тілдік ақпаратты сақтау және қорғау, бұқаралық және жеке санаға ақпараттардың әсері, компьютерлік пен желілік қауіп-қатерлердің мониторингі мен жіктелуі ақпарат пен интеллектуалдық меншікті не үшін қорғау керектігін; ақпарат пен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қатынастарды қандай заңдар реттейтінін білесің. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – Закон Республики Казахстан «Об авторском праве и смежных правах» «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – Закон Республики Казахстан «О доступе к информации» «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – Закон Республики Казахстан «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» 6.5 6.6 АҚПАРАТТЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ Бүгінгі сабақта: Негізгі ұғымдар: Алматыкiтап баспасы
223 6.5-6.6. Ақпаратты құқықтық қорғау және ақпараттық соғыстардың алдын алу мақсатында жүргізілетін саясат. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша заңнамалық шаралар елде осы саладағы тәртіпті реттейтін, регламенттейтін, сондай-ақ белгіленген нормаларды бұзғаны үшін, жауапкершілікті айқындайтын заңнамалық база құруға бағытталған. Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамалық әрі нормативтік-құқықтық база төмендегідей: ҚР заңдары: «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы», «Байланыс туралы», ҚР Қылмыстық Кодексі, ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексі, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.12.2016 ж. №832 қаулысы), Киберқауіпсіздік тұжырымдамасын («Қазақстанның киберқалқаны») бекіту туралы. Бұдан басқа интеллектуалдық меншікті де қорғау қажет. Интеллектуалдық меншікті қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін негізгі заң – «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Авторлық құқық – интеллектуалдық меншікке қатысты құқықтық қатынастарды реттейтін азаматтық құқық саласы. Авторлық құқық – осы Заңға сәйкес интеллектуалдық меншікті қорғау саласындағы негізгі ұғым. Авторлық құқық ғылым, әдебиет, өнер туындыларын жасау мен қолдануға байланысты заңнамалық актілердің жеткілікті тұтас жиынтығын білдіреді. Меншік құқығы үш маңызды компоненттен тұрады. Олар: • билік ету құқығы – тек ақпарат иесі, яғни субъектінің ғана ақпараттың кімге берілуі мүмкін екендігін айқындауға құқығы бар; • иелену құқығы субъект-ақпарат иесіне ақпараттың өзгеріссіз түрде сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Одан басқа ешкім оны өзгерте алмайды; • қолдану құқығы субъект-ақпарат иесіне оны тек өз мүддесіне қолдану құқығын береді. Алматыкiтап баспасы
Цифрлық сауаттылық 6-бөлім. 224 Кез келген субъект-қолданушы өзіне қажетті ақпараттық өнімді қолданбас бұрын сатып алуға міндетті. Меншік құқығы саласындағы кез келген заң субъект-иесі мен субъект-қолданушы арасындағы қатынастарды реттейді. Заңдар меншік иесінің құқықтарын, сондай-ақ ақпараттық өнімді заңды жолмен сатып алған иелерінің құқықтарын қорғауы тиіс. Қауіпсіз АТ (ақпараттық технология) инфрақұрылымының негізін құпиялылық, тұтастық пен қолжетімділік сияқты үш сервис құрайды. Әрбір ұғымды толығырақ қарастырайық. • тұтастық – ақпараттың өзгеріссіз, дұрыс әрі дәлме-дәл болатындығына кепілдік беру. Мысалы, пошта хабарламасының өзгертілмей жіберілуі; • қолжетімділік – авторланған қолданушылардың оларға қажетті ақпараттық активтермен, ресурстармен және жүйелермен жұмыс істей алатынына әрі оларды қолдана алатынына кепілдік беру. Бұл ретте қажетті өнімділік қамтамасыз етіледі. Оған қолжетімділікті қорғау мен пошта сервисінің өткізгіштік қабілетін қамтамасыз ету мысал болуы мүмкін; • құпиялылық – ақпаратпен танысып, онымен жұмыс істеуге осы ақпаратқа қатысы бар адамдар ғана мүмкіндік алатынына берілген кепілдік. АЖ-да ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кедергі, қолжетімділікті басқару, криптография әдістері, зиянды программалардың шабуылдарына қарсы іс-қимыл, регламенттеу, мәжбүрлеу мен ынталандыру сияқты әдістер қолданылады. Осылайша, ақпараттық қауіпсіздік – ақпараттық кеңістіктің қорғалуы, ақпараттық саладағы жеке азаматтың, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін шынайы және әлеуетті қауіптерден қорғау. Ақпараттық қауіпсіздікті іске асыру үшін, ақпараттық саладағы нысандарды құқықтық тұрғыдан қорғаудың үш негізгі бағытын бөліп көрсетуге болады: 1. Бірінші бағыт • азаматтар мен ұйымдардың ар-намысын, қадір-қасиеті мен іскерлік беделін; • жеке адамның рухани және интеллектуалдық даму деңгейін; адамгершілік пен эстетикалық идеалдарды; • қоғам дамуының тұрақтылығы мен орнықтылығын; • мемлекеттің ақпараттық егемендігі мен тұтастығын зиянды, Алматыкiтап баспасы
225 6.5-6.6. Ақпаратты құқықтық қорғау қауіпті әрі сапасыз ақпараттың әсер етуінен, тексерілмеген, жалған ақпаратты, қате ақпаратты, жеке адамның өміріне, қоғам мен мемлекеттің дамуына қауіп төнгені туралы ақпаратты жасырудан, ақпаратты тарату тәртібін бұзудан қорғау. 2. Екінші бағыт. Құпия деп бекітілген мәліметтер мен жеке басқа қатысты мәліметтерді, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды, байланыс және телекоммуникация құралдарын бөгде адамдардың заңсыз әрекетінен қорғау. 3. Үшінші бағыт. Ақпараттық салада ақпаратты тарату, іздеу, алу, беру мен қолдану құқығы; интеллектуалды меншік құқығы; ақпараттық ресурстарға және құжатталған ақпаратқа, ақпараттық жүйелер мен технологияларға меншік құқығы. 1. «Ақпараттық қауіпсіздік» деген не? 2. Ақпараттық қауіпсіздікке қатысты ең басты қауіптерді ата. 3. Ақпаратты мемлекеттік қорғау жүйесінің негізгі міндеттерін ата. 4. Ақпараттарды қорғау үшін, қандай нормативті-құқықтық құжаттар қабылданған? 5. Қызмет көрсету салаларын цифрландыруға байланысты ақпараттық қауіпсіздік үшін негізгі тәуекелдерді ата. 6. Ақпараттық қауіпсіздіктің қандай негізгі ұғымдарын білесің? Білу мен түсіну 1. Нақты жағдаяттарды оқып, талда. Қандай жағдайда азаматтардың ақпараттық құқықтары бұзылды? • Сынып жетекшісі ұсынған сауалнамада ата-аналарға қатысты төмендегідей сұрақтар бар: «Тегі, аты, әкесінің аты, үйдің мекенжайы, телефон нөмірі, сотталғаны туралы анықтама, күнкөріс қаражатының көзі, саяси партияларға мүшелігі». • Дүкеннің зергерлік бөліміне жұмысқа қабылдау барысында жұмыс беруші жұмысқа орналасуға келген үміткерден тиісті мемлекеттік органдардан сотталмағаны туралы анықтама, кредиттерімен басқа кіріс көзі туралы деректер, салық декларациясын талап етті. • Тергеу барысында экономикалық қылмыс жасаған «К» деген азамат жұбайының кірісі туралы ақпаратты хабарлаудан бас тартты. Қолдану Алматыкiтап баспасы
Цифрлық сауаттылық 6-бөлім. 226 Жоғарғы деңгейдегі дағдылар 1. Ақпаратты құқықтық тұрғыдан қорғау не үшін керек? 2. «Дербес деректерді өңдеу кезінде пайда болған құқықтық қарымқатынастар» тақырыбына шағын зерттеу жүргіз. Зерттеу нәтижесін таныстырылым, буклет, web-бет түрінде ресімде. 3. Деңгейлік тапсырмаларды орында. А деңгейі. Төменде берілген жағдаяттың ақпарат саласындағы қарымқатынастарды құқықтық реттеу қағидасына, ақпараттық технология мен ақпараттарды қорғау қағидаларына сәйкестігін анықта. Жазушы Ғ.Е. Құсайыновтың романының алғы сөзінде автордың өмірбаяны шындыққа сәйкес әрі қысқа берілген. Бірақ басылымға шықпас бұрын автордың өзінен келісім алынбаған. Қандай құқық бұзылған? Егер бұзылған жағдайда мұндай жағдаятты қандай заң тәртіпке келтіреді? В деңгейі. Төменде берілген жағдаяттың ақпараттар саласындағы қарым-қатынастарды құқықтық реттеу қағидасына, ақпараттық технология мен ақпараттарды қорғау қағидаларына сәйкестігін анықта. Мемлекеттік мекемені аудиттік тексеруден өткізгеннен кейін, бюджеттік қаржы мақсатқа сай қолданылмағаны анықталды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары бюджеттік қаржының жұмсалуы туралы мақала дайындады, бірақ мекеме басшысы оны жариялауға тыйым салды. 2. Деңгейлік тапсырмаларды орында. А деңгейі. Интернеттен «Ақпаратты құқықтық тұрғыдан қорғау» тақырыбында ақпарат іздеп тауып, кестені толтыр. ҚР заңы Қашан қабылданды? Ақпаратты қорғау саласында қандай негізгі ережелер бар? В деңгейі. Параграфта ақпаратты қорғаудың үш негізгі бағыты сипатталды. Осы бағыттардың әрқайсысы үшін қатынастарды қандай заңдар реттейтінін анықта. С деңгейі. Қандай жағдайда азаматтардың ақпарат алу құқықтарының бұзылатынын талдап, анықта. Парламент Мәжілісі депутатынан өткен жыл ішіндегі өзінің және отбасы мүшелерінің ресми кірістері, кіріс көлемінен асып кеткен бір жылғы шығыны мен табыс көздері туралы мәлімет талап етілді. Алматыкiтап баспасы
227 6.5-6.6. Ақпаратты құқықтық қорғау 1. «Ақпаратты құқықтық тұрғыдан қорғау неліктен қазіргі қоғамның міндетті атрибуты деп есептеледі?» тақырыбында эссе жаз. 2. «Ақпаратты құқықтық тұрғыдан қорғау» тақырыбында терминдер мен анықтамалардың сәйкестігіне тапсырма жаса. «Ақпараттық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің маңызды компоненті» деген тұжырымдаманы топта талқылаңдар. Топтық жұмыс Үй тапсырмасы Қандай құқық бұзылған? Мұндай жағдаятты қандай заң реттейді? С деңгейі. Төменде берілген жағдаяттың ақпарат саласындағы қарым-қатынастарды құқықтық тұрғыдан реттеу қағидасына, ақпараттық технология мен ақпараттарды қорғау қағидаларына сәйкестігін анықта. Радиоактивті металл шығаратын зауытта апат орын алды. Зауыттан 10 км жерде орналасқан кент халқына радиоактивті қауіп төнді. Жергілікті әкімшілік басшысы тұрғындар арасында үрей тудырмас үшін, жағдай анықталғанша бұқаралық ақпарат құралдарына апат туралы хабарлама жазуға тыйым салды. Қандай құқық бұзылған? Егер құқық бұзылған жағдайда мұндай жағдаятты қандай заң тәртіпке келтіреді? Алматыкiтап баспасы
Цифрлық сауаттылық 6-бөлім. 228 электрондық цифрлық қолтаңбаны; цифрлық сертификатты; ЭЦҚ мен сертификаттардың арналымын; электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану алгоритмін білесің. Электрондық цифрлық қолтаңба – электронная цифровая подпись – еlectronic digital signature Цифрлық сертификат – цифровой сертификат – diqital certificate Ашық кілт – открытый ключ – public key Жабық кілт – закрытый ключ – private key Цифрлық технологияларды қолдану аясын кеңейту қазіргі әлемде жаңа құралдардың пайда болуына жол ашты. еGov порталында қандай да бір қызметті алғың келсе, сен ол қызметті алуға құқылы екеніңді дәлелдеуің керек. Жаңа инфрақұрылымдағы негізгі ұғымдардың бірі – «электрондық цифрлық қолтаңба» (ЭЦҚ) термині. ЭЦҚ-ны сәйкестендіру және құжаттардың заңдық маңыздылығын растау құралы ретінде қолдану өмірімізде қалыпты жағдайға айналды. Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) – электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін әрі мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы. Электрондық цифрлық қолтаңба – осы электрондық құжатты қолдан жасаудан қорғауға арналған электрондық құжаттың деректемесі. ЭЦҚ ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (АКҚҚ) қолдана отырып, ақпаратты қайта түрлендіру нәтижесінде қалыптастырылады. Одан бөлек: ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТ 6.7 6.8 Бүгінгі сабақта: Негізгі ұғымдар: Алматыкiтап баспасы
229 6.7-6.8. Электрондық цифрлық қолтаңба және сертификат • құжаттардың бүтіндігін тексеруді; • құжаттардың құпиялылығын; • құжатты жіберген тұлғаны анықтауды қамтамасыз етеді. Жеке тұлғалар1 мен заңды тұлғаларға арналған ЭЦҚ бар, олардың әрқайсысы нақты рөл атқарады. Жеке тұлғалар ЭЦҚ-ны төмендегідей мақсаттарда қолданады: • Интернет арқылы мемлекеттік қызметтерді алу. ЭЦҚ egov.kz мемлекеттік қызмет көрсету порталының сервистерін толық көлемде қолдануға мүмкіндік береді; • Электронды түрде салық органына өтініш беріп, заңды тұлғаны немесе ЖК ашу үшін, құжаттарды өткізуге болады; • ЭЦҚ қолдану үйде жұмыс істейтін және интернет желісі арқылы тапсырыс алатын жеке тұлғалар үшін құжаттарды (мысалы, жұмысты орындау туралы шарт) ресімдеуге мүмкіндік береді. • Электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану кезінде электрондық сауда-саттыққа қатысуға болады; • Қазақстан Республикасының онлайн-қабылдау бөлмесіне хабарласуға болады; • төлемдерді онлайн төлеу; • тұрғын үй, балабақша кезегін қадағалау; • медициналық сақтандыру, т.б. қызметтер туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ дәстүрлі қолтаңба мен мөрді алмастырады, сол арқылы көптеген операцияларды орындау мүмкіндігін арттырады. ЭЦҚ алу тәсілдері: 1. Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) өтінімді ресімдеп, ЭЦҚ-ны сол жерден аласың. 2. Үйде отырып www.pki.gov.kz (1-сурет); www.egov.kz (2-сурет) сайттары арқылы тіркелуге болады. 1 Жеке тұлға – қарапайым азаматтар мен жеке кәсіпкерлер. Алматыкiтап баспасы
Цифрлық сауаттылық 6-бөлім. 230 pki.gov.kz – Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының (ҰКО) сайты. ҰКО құрудың негізгі мақсаты – электрондық үкімет сервистерін, түрлі бизнес-құрылымдардың ақпараттық жүйелерін қолдану кезінде, сондай-ақ электрондық пошта хабарламаларын қорғау үшін, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына арналған сенімді аутентификация мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын ұсыну. 2-сурет. eGov.kz порталы 1-сурет. pki.gov.kz порталы Алматыкiтап баспасы
231 6.7-6.8. Электрондық цифрлық қолтаңба және сертификат ЭЦҚ-ны қолдану кезінде төмендегі негізгі ұғымдарды білу қажет. Электрондық цифрлық қолтаңба сертификаты – сертификат иесіне ЭЦҚ ашық кілтінің (тексеру кілтінің) тиесілі екенін растайтын құжат. ЭЦҚ сертификатын ҰКО шығарады, ол электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарын берумен және қызмет көрсетумен айналысады. «Тексеру кілті сертификаты» немесе «ашық кілт» термині бұл құжатта электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтінің иесі туралы деректер, сондай-ақ қол қойған куәландырушы орталық жөніндегі деректер бар екендігін білдіреді. Сертификат берген куәландырушы орталық ондағы деректердің дұрыстығы үшін жауап береді. ЭЦҚ сертификатының иесі – куәландырушы орталықта өз атына ЭЦҚ сертификаты берілген жеке тұлға. Әрбір сертификат иесінің қолында жабық және ашық екі ЭЦҚ кілті бар. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті (ЭЦҚ кілті – RSA файлы...) электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға әрі электрондық құжатқа қол қоюға мүмкіндік береді. Сертификат иесі жабық кілтті құпия сақтауға міндетті. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті (ЭЦҚ тексеру кілті – AUTH файлы) ЭЦҚ-ның жабық кілтімен байланысты әрі ЭЦҚның түпнұсқалығын тексеруге арналған. Егер ЭЦҚ-ны қолданғың келсе, алдымен ашық кілтті қолдана отырып, өзіңді аутентификациялауың керек, ал қолтаңба жабық кілттің көмегімен қойылады. ЭЦҚ-ны алу үшін: 1) NCАLayer программалық қамтамасыз етілімін орнату; 2) онлайн өтінім беру; 3) «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ-да онлайн өтінімді растау (ХҚКО); 4) ҚР ҰКО-да (Ұлттық куәландырушы орталық) тіркеу куәліктерін орнатып, өзіңе ыңғайлы форматта ЭЦҚ алу керек. Жеке тұлғалар үшін түрлі ыңғайлы форматтарда ЭЦҚ алу мүмкіндігі қарастырылған (кесте). Алматыкiтап баспасы
Цифрлық сауаттылық 6-бөлім. 232 Кесте Ыңғайлы форматтарда ЭЦҚ алу мүмкіндігі Сақтау тәсілі Сипаттамасы Компьютер жүйесіне арналған цифрлық файл компьютерде электрондық құжаттармен бірге жұмыс істеуге арналған файлдық жүйенің арнайы бөлімінде сақталады. Kaztoken сыртқы тасығыш (кәдімгі флеш-жад) ЭЦҚ кез келген компьютерге немесе басқа да қолдаушы цифрлық құрылғыға қосылу мүмкіндігі бар және пинкодты теру кезінде растау арқылы ЭЦҚ енгізу мүмкіндігі бар сыртқы тасығышқа жазылады. Телефонның sim картасы карта бөлек беріледі, оған барлық файлдар орнатылады және құжатты телефонда орнатылған программалық қамтамасыз етудің көмегімен қол қою арқылы куәландыруға болады. Жеке куәлік ЭЦҚ кіріктіріліп орнатылған жинақтаушысы бар жеке куәлікке жазылатын ең ыңғайлы форматтардың бірі. Онымен арнайы карт-ридердің көмегімен ғана жұмыс істеуге болады. Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланудың артықшылықтары. Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану: • мәмілені ресімдеуге және құжат алмасуға кететін уақытты едәуір қысқартуға; • құжаттарды дайындау, жеткізу, есепке алу мен сақтау рәсімін (процедураны) жетілдіруге және арзандатуға; • құжаттаманың шынайылығына кепілдік беруге; • ақпарат алмасудың құпиялылығын арттыру есебінен қаржылық шығындар тәуекелін азайтуға мүмкіндік береді. ЭЦҚ қолдану жөніндегі ұсыныстар негізінен қауіпсіздік мәселелеріне қатысты. Электрондық цифрлық қолтаңбаның программалық коды бұзудан сенімді қорғалған. ЭЦҚ-мен жасалған алаяқтық фактілері программалық кодты бұзу арқылы емес, компьютер, флеш-жад пен мобильді телефонның біреудің қолына түсуіне байланысты. Осылайша, алаяқтардың ЭЦҚ пайдалануына көп жағдайда қолданушылар өзі кінәлі болады. Алматыкiтап баспасы
233 6.7-6.8. Электрондық цифрлық қолтаңба және сертификат Қауіпсіздік ережелері мен тиісті нұсқауларды сақтай отырып, келеңсіз оқиғалардың алдын алуға болады. Мысалы: • ЭЦҚ-мен операциялар жасау үшін пайдаланылатын компьютерге бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу. • ЭЦҚ-ның жаңа кілттерін жасаған кезде құпия сөздерді өзгерту керек. Екі немесе одан да көп ЭЦҚ үшін бірдей құпия сөзді қолдануға болмайды, бұл бұзуды жеңілдетуі мүмкін. • Егер электрондық поштаға банктен ЭЦҚ құпия сөзін сұраған немесе қосымша программа орнату туралы хат келсе, оған жауап берудің қажеті жоқ. Банк мұндай хаттарды электрондық поштаға жібермейді. Мәселенің анық-қанығына жету үшін, банкпен өзің хабарласуың керек. Ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтауға арналған сертификаттың қолданылу мерзімі шектеулі. Сертификат бір жылға беріледі, бір жылдан соң оны ұзарту қажет. Қолданыстағы сертификатты ұзарту үшін, egov.kz порталына кіріп, ЭЦҚ кілттерін қайта шығаруды таңдау керек, сол кезде сертификаттар қайта шығарылады. Өтінімді растау үшін, арнайы барудың қажеті жоқ. Бұдан басқа, жабық кілттің құпиялығына күмән туса, мысалы, иесі кілтті тасымалдаушыны жоғалтып алса немесе қараусыз қалдырса, құпиясөз ұмытылса немесе деректемелер ауысса, онда сертификат кері қайтарылып, орнына жаңасы беріледі. ЭЦҚ көптеген мүмкіндіктер береді, алайда ақпараттық қауіпсіздік мәселесінде өзің өте мұқият болуың керек. 1. ЭЦҚ деген не? 2. ЭЦҚ не үшін керек? 3. ЭЦҚ мен сертификаттың қандай айырмашылығы бар? 4. Неге ЭЦҚ-ны жабық кілтпен қорғау керек? 5. ЭЦҚ сертификатының мерзімі қандай? 6. ЭЦҚ-ны берумен қандай мемлекеттік орган шұғылданады? 7. ЭЦҚ-ны қандай жағдайда қайтадан шығарады? 8. «Аутентификация», «идентификация», «авторизация» деген не? Есіңе түсір. Білу мен түсіну Алматыкiтап баспасы
Цифрлық сауаттылық 6-бөлім. 234 1. Қолданушы ЭЦҚ-ны жоғалтса, ол несімен қауіпті? 2. ЭЦҚ-ны қай жастан бастап алуға болады? Деңгейлік тапсырмаларды орында. А деңгейі. pki.gov.kz сайтынан «Пайдаланушыға нұсқаулық» деген файлды жүктеп ал. Интернеттен өзіңнің ЭЦҚ-ның кілтіне қандай талаптар қойылатыны туралы ақпарат ізде. Егер құпиясөзді ұмытып қалсаң, не істеу керек? В деңгейі. Сертификаттар қоймасын салыстырып, кестені толтыр. Сертификаттар қоймасы Артықшылықтары Кемшіліктері С деңгейі. Кестені толтыр. Жеке тұлғалардың ЭЦҚ-ны қолдану мүмкіндіктері Заңды тұлғалардың ЭЦҚ-ны қолдану мүмкіндіктері 1. «Әр елдегі ЭЦҚ» деген тақырыпта шағын зерттеу жүргізіп, нәтижесін кесте түрінде жаз. Мемлекет ЭЦҚ-ны тегін немесе ақылы негізде алу ЭЦҚ-ны қолдану мүмкіндіктері 2. «ЭЦҚ мен цифрлық сертификат» тақырыбы бойынша терминдер мен анықтамалардың сәйкестігін жаса. Топта ЭЦҚ-ны қолданудың тағы бір нұсқаларын ұсынып, оларды талдаңдар. Осы нұсқаларды жеке және заңды тұлғаларға ұсыныңдар. Үй тапсырмасы Топтық жұмыс Қолдану Жоғарғы деңгейдегі тапсырмалар Алматыкiтап баспасы
235 6.7-6.8. Электрондық цифрлық қолтаңба және сертификат «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі – «Цифрлық мемлекет», яғни электрондық және мобильді үкімет жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметтер көрсету саласын оңтайландыру. Бұл бағытты іске асыру нәтижесінде «Электрондық үкімет» пайда болды. Электрондық үкімет мемлекеттік органдардың халыққа да, бизнеске де әлеуметтік маңызды қызмет көрсетуін жеңілдетті. egov.kz – электрондық үкімет порталы. Бұл портал мемлекеттік органдардағы кезекті қысқартып, анықтама, куәлік сияқты құжаттарды алуды жеңілдетті. Үйде, жұмыста, интернет бар кез келген жерде автоматтандырылған мемлекеттік қызметтің 400-ден астам түрін онлайн-режімде алуға мүмкіндік бар. Көптеген қызметке енді ЭЦҚ көмегімен порталда авторизациялану арқылы қол жеткізуге болады. Электрондық үкімет құру идеясын ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев 2004 жылы айтқан болатын. Сол жылы елде оның негізгі кезеңдерін анықтайтын «Электрондық үкіметті қалыптастыру» программасы бекітілді. 2006 жылы алғаш рет Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы іске қосылды. «электрондық үкімет» дегеннің не екенін; электрондық үкімет порталының қызметтерін білесің. Электрондық үкімет – Электронное правительство - E-government Портал – портал – рortal Ашық үкімет – открытое правительство – оpen government Ашық деректер – открытые данные – оpen data Ашық нормативтік-құқықтық актілер – открытые нормативно-правовые акты – оpen legalacts Ашық бюджеттер – открытые бюджеты – оpen budgets Ашық диалог – открытый диалог – оpen dialogue 6.9 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ 6.10 Бүгінгі сабақта: Негізгі ұғымдар: Алматыкiтап баспасы
Цифрлық сауаттылық 6-бөлім. 236 Электрондық үкіметтің іске қосылу кезеңдері 1-кестеде берілген. 1-кесте Электрондық үкіметтің іске қосылу кезеңдері Кезеңдер Сипаттамасы Ақпараттық Электрондық үкімет порталы іске қосылып, ақпаратпен толықтырылды. Мемлекеттік органдар, олардың жұмысы мен халыққа көрсететін қызметтері туралы ақпа рат пайда болды. Интербелсенді Порталда электрондық қызмет тер ұсынылды. Портал қолданушылары на түрлі мекемелерден анықтама алу, үйден шықпай-ақ кез келген мемлекеттік органға сұраныс жіберу мен оның мәртебесін бақылау мүмкіндігі ашылды. Транзакциялық Бұл кезеңде азаматтар мемлекеттік баж салығы мен алымдарды, айыппұлдарды, коммуналдық қызметтерді төлеуге мүмкіндік алды. Трансформациялық Басты мақсат - азаматтарға қызмет көрсетудің барынша жеделдігі. «Ақылды» немесе «озық белсенді» үкімет Үкімет өмірлік жағдайларды өзі қадағалайды әрі азаматтың орнына қажетті процестерді орындайтын болады. Ал аза матқа бұл әрекеттерді растау керек. Порталды толығырақ қарастырайық (1-сурет). 1-сурет. eGov.kz порталы Алматыкiтап баспасы
237 6.9-6.10. Электрондық үкімет Портал қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Қажетті тілді тиісті батырмалар арқылы таңдай аласың. Өз қызметін орындайтын жанама терезелер бар. Олар: Қызметтер – қызметтерді онлайн алуға мүмкіндік береді, яғни әртүрлі анықтамалар мен құжаттар ала аласың. Төлемдер – бюджетке онлайн төлемдерді, коммуналдық қызметтерді, т.б. төлемдерді төлеуге мүмкіндік береді. Ашық үкімет 5 компоненттен тұрады. Олардың негізгі міндеті – мемлекеттік сектордың ашықтығын қамтамасыз ету, маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдау мен іске асыру процесіне ел азаматтарын тарту. Жеке кабинет әртүрлі мәліметтерді қарау мен қызмет нәтижесін алу үшін жеке кабинетке кіруге мүмкіндік береді. Портал туралы – портал туралы жалпы мәліметтер. Көмек – порталмен жұмыс істеу бойынша түрлі нұсқаулықтар. Ашық үкімет порталымен толығырақ танысайық. «Ашық деректер» «Ашық деректер» – мемлекеттік органдардың және өзге де ақпарат иелерінің жалпы қолжетімді деректері орналастырылатын алаң (2-сурет). 2-сурет. Ашық деректер Порталда жарияланатын ақпарат мүлдем тегін, оны кез келген адам ешқандай шектеусіз қолдана алады. Категорияны таңдау кезінде: қажетті деректер иесін таңдау немесе Алматыкiтап баспасы
Цифрлық сауаттылық 6-бөлім. 238 3-сурет. Ашық мәліметтерді таңдау деректерді қажетті тәртіппен сұрыптау (3-сурет) деген сияқты сүзгі қоюға болады. Мемлекеттік органдар немесе басқа ұйымдар орналастырған ақпаратты таңдауға болады. 4-сурет. «Ашық НҚА» «Ашық НҚА» (нормативтік-құқықтық актілер) «Ашық НҚА» – әзірленіп жатқан заң жобаларын, мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын және рұқсат беру құжаттарын талқылауға арналған бірыңғай алаң (4-сурет). Алматыкiтап баспасы
239 6.9-6.10. Электрондық үкімет НҚА жобасын талқылау процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Олар: 1. НҚА жобасын жариялау; 2. Ескертулер мен ұсыныстарды қарастыру; 3. Алдын ала есепті қалыптастыру; 4. Онлайн талқылауды бастау; 5. Ескертулер мен ұсыныстарды қарастыру; 6. Соңғы есепті қалыптастыру. «Ашық бюджеттер» «Ашық бюджеттер» бірінші кезекте, азаматтардың мемлекеттегі «бюджет» ұғымы туралы түсінігін жеңілдетіп, бюджет қаражатының жұмсалуын қоғамдық бақылау арқылы белсенді азаматтық ұстанымды дамыту мақсатында құрылды (5-сурет). 5-сурет. «Ашық бюджеттер» «Ашық диалог» «Ашық диалог» – мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы тиімді кері байланысты орнату алаңы (6-сурет). Алматыкiтап баспасы
Цифрлық сауаттылық 6-бөлім. 240 «Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау» Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың интернет-порталында ақпаратты орналастыру ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. Электрондық үкімет порталы оның инфрақұрылымы сияқты тұрақты дамуда, жаңа мүмкіндіктер пайда болып, жаңа технологиялар енгізілуде. 2012 жылы смартфондар мен планшеттердің iOS және Android платформаларына арналған электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы іске қосылды. Олардың көмегімен 80-нен астам электрондық қызмет алуға болады. Сарапшылардың бағалауы бойынша жыл сайын электрондық үкімет порталын қолданушылар саны артып, қызмет көрсету саласы кеңейіп келеді. 1. «Электрондық үкімет» деген не? 2. Электрондық үкімет порталы Қазақстанда қашан іске қосылды? 3. Электрондық үкіметтің негізгі қызметтерін ата. 4. Ашық үкімет порталының негізгі бөлімдерін сипатта. Білу мен түсіну 6-сурет. «Ашық диалог» Алматыкiтап баспасы
241 6.9-6.10. Электрондық үкімет 1. «Ашық үкімет» тарауы бойынша бір тарауды таңдап, оның мүмкіндіктерін сипатта. 2. еgov.kz порталынан виртуалды көмекшіні іске қосып, электрондық үкімет порталына қалай тіркелу керектігін анықта. Қолдану 1. Электрондық үкіметті ендірудің артықшылықтарын ата. 2. egov.kz порталының авторизацияланған және авторизацияланбаған пайдаланушылары арасында қандай айырмашылықтар бар? 3. Деңгейлік тапсырмаларды орында. А деңгейі. «Электрондық үкіметті пайдаланатын елдер» деген тақырыпта шағын зерттеу жүргіз. Нәтижесін таныстырылым түрінде жаз. В деңгейі. Ашық үкіметтің бір бөлімін таңда. Авторизацияланған және авторизацияланбаған қолданушылардың мүмкіндіктерін сипатта. С деңгейі. «Ашық үкімет» порталының қолданушысына жаднама құр. Жоғарғы деңгейдегі тапсырмалар 1. «Электрондық үкіметтің болашағы мен тәуекелдері» деген тақырыпта эссе жаз. 2. Электрондық үкімет порталына тағы қандай қызмет түрін ұсынар едің? Электрондық үкіметтің «белсенді үкімет» кезеңінің жұмысына өз нұсқаларыңды ұсынып, оны талқылаңдар. Осы кезеңде қандай қауіптер бар? Бұл қауіптерді қалай азайтуға болады? Үй тапсырмасы Топтық жұмыс Алматыкiтап баспасы
Цифрлық сауаттылық 6-бөлім. 242 egov порталын қолданып, онлайн қызметіне тапсырыс беруді; түрлі ақпаратты алу үшін порталды пайдалануды үйренесің. 6.11 6.13 «EGOV ПОРТАЛЫМЕН ЖҰМЫС» ПРАКТИКУМЫ Бүгінгі сабақта: 1-тапсырма. NCАLayer-орнату 1. pki.gov.kz порталын аш. 2. «ЭЦҚ кілтін алу» батырмасын шерт. 3. «Жеке тұлғаларға арналған ЭЦҚ кілттері» батырмасын шерт. 4. «Windows-ке арналған NCALayer-ді жүктеу» батырмасын шерт. 5. Программаны жүктегеннен кейін «Жүктеулер» (Downloads) бумасын ашып, архивті программамен бірге аш. 6. Компьютеріңе программаны орнат. 2-тапсырма. ЭЦҚ-ны алу үшін өтініш беру 1. pki.gov.kz порталын аш. 2. «ЭЦҚ кілтін алу» батырмасын шерт. 3. «Жеке тұлғаларға арналған ЭЦҚ кілттері» батырмасын шерт. 4. «Өтініш беру» батырмасын шерт. 5. «Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығы» ақпараттық жүйесімен таныс. 6. «Жеке тұлға» үлгісі бойынша онлайн өтініш беру үшін сервис нұсқаулығын басшылыққа ал. 7. ЭЦҚ-ны алуға арналған өтінішті ресімде. 3-тапсырма. egov порталына кіру тәсілі egov порталын ашып, порталға кіруге болатын тәсілдерді қарастыр. Кестені толтыр: Порталға кіру тәсілі Не қажет? Осы кіру тәсілінің артықшылығы Осы кіру тәсілінің кемшілігі 4-тапсырма. M-gov мобильді қосымшаның қызметтері M-gov қосымшасын қалай тіркеп, мобильді қосымша арқылы қандай қызметтерді алуға болатындығын анықта. Қосымшаға тіркелу тәсілі Смартфонға қойылатын талаптар M-gov мобильді қосымшаның қызметтері Алматыкiтап баспасы
243 6.11-6.13. «eGov порталымен жұмыс» практикумы 5-тапсырма. egov порталының қызметтері egov порталын ашып, қандай санатта қандай қызметтер ұсынылғанын анықта. Кестені толтыр. Санат Танымал қызмет түрлері «Ашық үкімет» порталымен жұмыс 6-тапсырма. «Ашық деректер» 1. «Ашық деректер» бетіне өт. 2. Деректердің қандай санат бойынша бөлінгеніне қара. 3. Өз мектебің бойынша деректерді тап, ол үшін: а) Кеңейтілген іздеу (Расширенный поиск) мәзірін таңда. ә) Фильтр параметрлеріндегі Иесі (Владелец) тізімінен қажетті жергілікті атқарушы органды таңда. Мысалы, Алматы қаласының әкімдігі. Санат (Категория) тізімінен Білім беруді таңда. б) Қажетті құжатты ашып, өз мектебіңді тап. Осы құжатта берілген ақпаратпен таныс. 7-тапсырма. «Ашық НҚА» 1. egov порталын ашып, «Ашық НҚА» бетіне өт. 2. Өз аймағыңда қандай нормативті-құқықтық актілер жарияланып, талқылауда жүргенін анықта. 3. Кеңейтілген іздеуден (Расширенный поиск) сәйкес мемлекеттік органды таңдап, өзіңе қажетті кезеңді көрсет. 4. Осы сәтте қандай заң жобалары талқылауда жүргені туралы ақпарат тап. 5. Көрсету (Показать) тізімінен барлық НҚА-ны таңдап, сәйкес НҚА-мен таныс. 8-тапсырма. «Ашық диалог» 1. egov порталын ашып, «Ашық диалог» бетіне өт. 2. Өз аймағыңдағы әкімнің блогын тап. Оның блогында қандай өзекті жолдаулар бар екенін анықта. 3. Порталға жолдауды салу үшін, қандай талаптар бар екенін қарастыр. Алматыкiтап баспасы
Цифрлық сауаттылық 6-бөлім. 244 Жоба тақырыбы Жобаның тақырыбы келесі тәсілдермен анықталады: дербес; мұғалімнің ұсынысымен; оқулықта көрсетілген тақырыпты таңдауға болады. Жобаның құрылымы жоба бойынша жүргізілген жұмыс күнделігі; негізгі бет (мақсат, міндеттер, жоба аңдатпасы); негізгі мазмұны; Жобаны қорғау, таныстырылым. Жоба бойынша жұмыс кезеңдері 1. Жобаның тақырыбы мен мақсатын анықтау. 2. Дереккөздер тізімін жасау, ақпарат іздеу мен жинау әдістері, міндеттерді бөлу. 3. Міндеттерді бөліп қарап, олардың шешімін табу үшін іздену. 4. Тұжырымдарды ұсыну. 5. Таныстырылым нәтижесі. 6. Рефлексия (Жоба тақырыбы ұнады ма? Себебін түсіндір. Жаңа білім алдың ба? Егер алсаң, ол қандай сипатта? Іздену барысында қандай сұрақтар бойынша қиыншылықтарға тап болдың? Тағы қандай сұрақтар бойынша ізденгің келеді?) Жоба тақырыптары: • Цифрландыру – дүниежүзілік экономиканың тренді. • Блокчейн технологиясы – жаңа технологиялық революция. • Хэш-функция – блокчейнді құрастыратын негізгі бөліктің бірі. • Криптовалюталар: пайда болу тарихы, келешегі мен қауіптер. • Ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы мемлекеттік саясат. • Дербес деректерді өңдеу барысында пайда болған құқықтық қарым-қатынастар. • Ақпараттық-құқықтық нормалар мен ақпараттық-құқықтық 6.14 6.15 ЖОБАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ Алматыкiтап баспасы
245 Жобалық іс-әрекет қарым-қатынастар. • ЭЦҚ қолданатын алгоритмдер. • eGov порталы. Құрылу тарихы, мүмкіндіктері мен келешегі. Жобаға қатысты болжалды сұрақтар Цифрландыру адамзат алдында қандай мүмкіндіктер ашады? Блокчейн технологиясы қолданыстағы қаржы саласын қалай өзгерте алады? Криптовалюталар есептеудің басты құралы бола ала ма? Ақша жойылып кетуі мүмкін бе? Мемлекет ақпараттық саланы қалай басқарады? Дербес деректерді неліктен қорғау керек, олар қазір қаншалықты қорғалуда? Неліктен ЭЦҚ заманауи адамның қажетті атрибуты болып отыр? Таяу болашақта электрондық үкіметке толық көшу мүмкін бе? Халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылып қалмай ма? Жобалық жұмыстарды бағалау талаптары (Олар сыныпта талқылау барысында өзгертілуі мүмкін әрі жобаны қорғау алдында түпкілікті бекітілуі тиіс). 1. Материалдардың тақырыпқа сәйкестігі, құрылымы мен тақырыпты толық ашуы. 2. Жобаны таныстыру (жұмыс кезеңдерін сипаттау, таңдауды ынталандыру, техникалық құралдарды сипаттау, өз жұмысын талдау). 3. Шешендік шеберлігі, топта сөз сөйлегенде өзін-өзі ұстауы, қосымша безендірудің болуы. 4. Программалық өнім интерфейсі. 5. Жобаны орындаудың дербестік деңгейі. 6. Таңдалған жоба тақырыбының өзектілігі мен құндылығы. 7. Тақырыпты толық ашу деңгейі. 8. Жоба проблемасын шешу үшін қандай да бір қосымшаларды қолданудың орындылығы. 9. Жобаның мазмұнын ашудағы нақтылық пен ықшамдылық деңгейі. Алматыкiтап баспасы
Цифрлық сауаттылық 6-бөлім. 246 «ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ» БӨЛІМІНЕ ҚЫСҚАША ШОЛУ Қазіргі уақытта «цифрландыру» термині тар және кең мағынада қолданылады. Тар мағынада цифрландыру ақпараттың сандық түрге ауысуын білдіреді. Цифрландыру кең мағынада экономика мен қоғам дамуындағы қазіргі заманғы әлемдік тенденцияны білдіреді, ол ақпаратты цифрлық түрге айналдыруға негізделген, экономиканың тиімділігі мен өмір сүру сапасын жақсартуға әкеледі. Қазақстанда цифрландыруды жүзеге асыру үшін 2017 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Блокчейн (blockchain) – белгілі бір ережелерге сәйкес құрылған ақпараттардан тұратын блоктардың үздіксіз тізбегі. Блок тізбектерінің көшірмелері бір-біріне тәуелсіз әртүрлі компьютерде сақталады. Алғаш рет бұл термин Bitcoin жүйесінде енгізілген толық репликацияланған үлестірілген мәліметтер базасының атауы ретінде пайда болды. Сондықтан блокчейндер көбінесе әртүрлі криптовалюталардағы транзакциялар деп аталады. Блокчейн технологиясын кез келген өзара байланысты ақпараттық блоктарға таратуға болады. Блокчейнде тең құқылы желілер, таратылған мәліметтер базасы, деректерді хэштеу қолданылады. Хэш функциясы – кез келген ұзындықтың кездейсоқ мәліметтерін кіріс ретінде қабылдайтын және қатаң анықталған ұзындықтағы әріптер мен сандардан тұратын жолды қайтаратын арнайы математикалық функция. Кез келген кіріс жолы үшін тек бір шығу жолы болады. Цифрландырудың міндеттерінің бірі – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамалық және нормативтік-құқықтық база қалыптасқан. Қазақстан Республикасының заңдары: Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527- IV Заңы. Алматыкiтап баспасы
247 Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V Заңы. Мемлекеттік құпиялар туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-I Заңы. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-ІІ Заңы. Байланыс туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 Заңы. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 Қаулысы Киберқауіпсіздік тұжырымдамасын («Қазақстанның киберқалқаны») бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 407 қаулысы. Цифрлық инфрақұрылымдарды сәйкестендіру үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қолданылады. Электрондық цифрлық қолтаңба – жалған құжат жасаудан қорғауға арналған деректеме. ЭЦҚ қолтаңбаның иесін анықтауға, сонымен қатар электрондық құжаттағы ақпараттың бұрмаланбағандығына кепілдік береді. ЭЦҚ-ны www.pki.gov.kz пен www.eGov.kz сайттары арқылы алуға болады. eGov.kz – «Электрондық үкімет» порталы – ақпараттық технологиялар көмегімен мемлекет пен азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бір-бірімен өзара әрекеттесуінің біртұтас бөлігі. Қысқаша шолу Алматыкiтап баспасы
248 ГЛОССАРИЙ Авторлық құқық – интеллектуалдық меншікке қатысты құқықтық қатынастарды реттейтін азаматтық құқық саласы. Қарапайым байес алгоритмі (ҚБА) – белгілердің тәуелсіздігі туралы жорамалы бар Байес теоремасына негізделген жіктеу алгоритмі. «Ақылды үй» – әртүрлі жоғары технологиялық құрылғылардың көмегімен адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалған тұрғын үй. Апостериорлық (кері) ықтималдық – тәжірибеден кейін алынған, яғни деректер белгілі болған жағдайдағы кездейсоқ оқиғаның шартты ықтималдығы. Априорлық ықтималдық – жазылған деректерге сәйкес белгісіз шаманың шартты бөлінуі. Басқару құрылғылары – «ақылды үй» жүйесін қолдануға арналған аспаптар. Олар – қашықтан басқару пульттері немесе, мысалы, батарея негізіндегі жарық ажыратқыштар. Оларды өзіңе ыңғайлы жерге орналастыруға болады. Блокчейн – бірегей жұмыс ұстанымы бар, деректерді және осы деректерді өңдеу туралы ақпаратты сақтау технологиясы. Бекітілген виртуалды қатқыл диск – виртуалды мәшине үшін толық резервтелген, белгіленген көлемдегі диск. Бөлінген деректер қоры – компьютерлік желіде бөлінген, логикалық өзара байланысты деректер қорының жиынтығы. Бірқабатты нейрондық желі немесе персептрон желі – барлық кіру элементтері тікелей шығу элементтерімен біріккен желі. Виртуалды мәшине – негізгі операциялық жүйенің ішінде виртуалды компьютерлерді жасайтын (эмуляциялайтын) программалық қамтамасыз етілім. Виртуалды тур – үшөлшемді кеңістікті экранда беру мүмкіндігі. Бір панорамадан екіншісіне өте алатын, панорамалық фотосуреттердің (сфералық немесе цилиндрлік) комбинациясы. Алматыкiтап баспасы
249 Виртуалды шынайылық (virtual reality, VR) – заманауи компьютерлік технологиялардың көмегімен құрылған цифрлық әлем. Виртуалды шынайылық техникалық құралдар арқылы пайдаланушыға көру, есту, иіс сезу мен дәм сезу сезімдері арқылы берілетін әлемді (объектілер мен субъектілер) жаңғыртады. Виртуалды операциялық жүйе – виртуалды мәшинеге орнатылған операциялық жүйе. 3D панорама – сфераға немесе кубқа проекцияланған панорамалы фотосурет, оны шолу нүктесін қозғалту арқылы көруге болады. Динамикалық виртуалды диск – өлшемі толу шамасы бойынша артатын диск, өнімділігі төмендеу. eGov.kz – электрондық үкімет порталы. Бұл портал мемлекеттік органдардағы кезекті қысқартып, анықтама мен куәлік сияқты құжаттарды алуды жеңілдетті. Үйде, жұмыста, интернет бар кез келген жерде автоматтандырылған мемлекеттік қызметтің 400-ден астам түрін онлайн-режімде алуға мүмкіндік бар. Көптеген қызметке енді ЭЦҚ көмегімен порталда авторизациялану арқылы қол жеткізуге болады. Жасанды интеллект (Artificial intelligence (AI)) – компьютердің немесе роботтың ойлау, түсіну, қорыту немесе өткен тәжірибе негізінде үйрену қабілеті сияқты, адамдарға тән ойлау процестерімен байланысты тапсырмаларды орындау қабілеті. Жасанды интеллект (ЖИ) – адамның ойлау процесін компьютерлік жүйелермен модельдеу. Жасанды нейрондық желі (ЖНЖ) – өзара әрекеттесетін жасанды нейрондар жиынтығы. Жеке тұлға – қарапайым азаматтар мен жеке кәсіпкерлер. Заттар интернеті – аналогтік және цифрлық әлемдердегі нәрселердің бәрі біріктірілетін кеңістік түсінігі. Иммерсивтілік – адамның психологиялық жай-күйін қамтамасыз ететін ортаның технологиялық бөлігіне тән қасиеті. Oндағы адамның ішкі «Мені» өзін қандай да бір ортамен қоршалған белгілі бір ортаға еніп, онымен өзара әрекетке түскендей қабылдайды. Инфографика – әртүрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету тәсілі. Ол түпкі қолданушы үшін, қабылдауды жеңілдету мақсатында әртүрлі деректерді бір бүтінге біріктіру үшін өте қолайлы. Алматыкiтап баспасы
250 IDE – программалық қамтамасыз ету жобалары үшін программалаушылар қолданған программалық құралдар кешені. IT Startup – IT саласындағы стартап. Кеңейтілген шынайылық (augmented reality, AR) – шынайы әлемге компьютермен модельденген жақсарту қабаттарын салатын технология. Краудфандинг – кез келген ниет білдірушіден белгілі бір жобаны қаржыландыру үшін, қаражат алудың бір түрі. Ақша жинайтындар реципиенттер немесе авторлар деп аталады (егер жоба краудфандинг алаңында орналасса), ал қайырымдылық ретінде қаржы беретіндер донор, демеуші немесе инвесторлар деп аталады. Кластерлеу – нысандар жиынтығы, оларды топтастырып, ұқсас нысандар тобын табу керек. Контент-маркетинг – талап етілетін аудитория үшін өзіндік құндылығы бар контентті құру мен тарату. Консенсус тетігі – желінің программалық қамтамасыз етілімін қосып, желідегі тораптармен келісілетін ережелер жиынтығы. Көпқабатты нейрондық желі – кіріс және шығыстан тұратын, олардың арасындағы бір (бірнеше) жасырын нейрон қабаттарынан құралған нейрондық желі. Қате – күтілетін және алынған жауаптың арасындағы айырмашылықты көрсететін шама. Мәшинелік оқыту – процесс. Процесс барысында жүйе көптеген мысалдарды өңдейді, заңдылықтарды анықтайды әрі жаңа деректердің сипаттамасын болжау үшін, оларды қолданады. Нейрондық желілер – адамның жүйке жүйесін қайталауға негізделген жасанды интеллект саласындағы бағыттардың бірі. Нейрондық желіні оқыту – кіріс белгісі өткеннен кейін бізге қажетті шығысқа желі бойынша өзгеруі, салмақты коэффициенттерді теріп іздеуі. Ремаркетинг – қолданушыларға бұрын сайтта болған жарнамаларды көрсету. Технология кеткен, яғни тауарды көрген немесе себетке салып, бірақ сатып алмаған қолданушыны қайтаруға мүмкіндік береді. Ол үшін сайтқа кірушіге оның сұранысы бойынша желінің басқа сайттарындағы жарнама көрсетіледі. Алматыкiтап баспасы