ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ, ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫ БАР САЙЫН МҰРАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ №9 ОРТА МЕКТЕП» КММ Туткабаева Сауле Сатыбалдыевна «Python бағдарламалау тіліне арналған есептер жинағы» /информатика пәнінен/ авторлық бағдарламасы 2023-2024 оқу жылы 1
Түсінік хат «Информатика пәнінен Python программасында практикалық есептердің жиынтығы. Бағдарлама аптасына 1 сағат жылына 34 сағат өткізуге жоспарланған. ҚМЖ, КТП, оқушыға арналған практикалық тапсырмалардан тұрады. Бағдарламаның мақсаты: Оқушыларға практикалық білім, білік, дағдыларын игерту; Шығармашылық қабілеттерін арттыру; Зейінін, есте сақтау, өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу. Бағдарламаның міндеті: - Python тілінің негіздерімен таныстыру; - Python бағдарламалау тілінде код жазуға үйрету; - Бағдарламалаушылық білімін қалыптастыру; - Шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету, өз бағдарламаларын құрастырып, ІТ саласына деген қызығушылықтарын ояту. Бұл жинақта тапсырмалар жинақталған олардың мақсаты бағдарламалау және компьютерде әр түрлі әрекеттердің алгоритімін жүзеге асыру дағдыларын, соның ішінде Python сияқты жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілімен тәжірибелік жұмыс дағдыларын меңгеру болып табылады. Әр тапсырмалар бойынша құжатта мақсаты, жұмыс тапсырмасы, жұмысты орындау үшін әдістемелік нұсқаулықтар және өзіндік дайындалу үшін бақылау сұрақтарынан тұрады. Python бағдарламасының мүмкіндіктері: 1)Меңгеруге жеңіл тіл. Бағдарламалаумен таныс емес адамдар үшін өте жақсы таңдау болады. Себебі басқа тілдермен салыстырғанда, Python синтаксисі қарапайым болып табылады. 2)Көптеген бағыттарда қолданылады. Бүгінгі таңда Python әртүрлі сфераларда жиі қолданылады. Мысалы, веб-әзірлеуде, машинамен оқытуда, деректерді талдауда, қолданбаларды құруда, ғылыми есептеулерде, ойын жасауда және т.б 3)Нарықта көп талап етілетін тіл Қазіргі кезде, Python мамандары бойынша 2
көптеген вакансиялар бар және де Python бағдарламашыларына үлкен жалақы төленеді 4)Үлкен қоғамдастық Ғаламторда Python тілі бойынша көптеген форумдар, веб-сайттар бар. Сіз бұл тілді оқу барысында басқа адамдарға сұрақтар қоя аласыз, немесе белгілі бір тақырып бойынша кодтарды көре аласыз Жаңадан бастаушыларға арналған Python әмбебап. Python көмегімен жұмыс процестерін автоматтандыруға, веб -сайттар құруға, жұмыс үстелі қосымшалары мен ойындарын жасауға болады. Жалпы мақсаттағы жоғары деңгейлі тіл Python-жоғары деңгейлі бағдарламалау тілі. Оның көмегімен сіз кез -келген бағдарламалық жасақтаманы жасай аласыз. Python көмегімен сіз өз тұжырымдамаңызды кодтың аз жолдарымен білдіре аласыз. Бұл тіл сонымен қатар бағдарламаның логикасы мен алгоритмі туралы ойлануға мәжбүр етеді. Осыған байланысты ол жиі сценарий немесе біріктіру тілі ретінде қолданылады (желім тілі) бар компоненттерді байланыстырып, қысқа мерзімде оқуға оңай және жұмыс істейтін кодтың үлкен көлемін жазу. Python -да Pygame кітапханасын құру, өнеркәсіптік қосымшаларды әзірлеу мүмкіндігі (желімен, GUI, деректер базасымен және т. б.), ойын жасау, қысқа мульти-бағдарлама, программа құру, веб -қосымшаларды әзірлеу, түрлі есеп шығару. Ал мұның бәрін Python -да бағдарламалау қызықты! Көңілді және жиі табысқа жету Python тілін одан әрі үйренуге жақсы дайындалған оқушылардың сенімі мен қызығушылығын арттырады. Python-ды жақсы меңгерген адам әр түрлі ІТсаласында үлкен сұранысқа ие. Осыған байланысты мектеп оқушыларын да ІТ саласына қызығушылығын арттырып, бағдарламалау тілімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру қажеттігі туындайды. Қазіргі қоғамның көптеген саласында қолданылатын бағдарламалау тілін меңгертіп, туындаған мәселелерді өз бетімен шеше білу құзыреттілігін қалыптастыруымыз керек. 3
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Оқушылар бағдарламадағы практикалық жұмыстарды орындау арқылы бағдарламалау кезінде кездескен проблемаларды өз беттерімен шешіп, өздерінің білімдерін көрсетеді және алгоритмдерді өз сөздерімен түсіндіріп, сыныптастарға қателіктерді түзетуге көмектесетін болады. Бағдарламалау балаға логиканы, кеңістік ойлауды, зейін және қиялды дамытуға септігін тигізеді. Және де, ағылшын тілі жағымды бонус ретінде қосылады, себебі барлық код ағылшынша жазылады. Мұғалімдер мен оқушылар практикалық есептерді шығару барысында әдістемелік көмекші құрал ретінде қолдана алады. 4
Бағдарламаның күнтізбелік жоспары Информатика пәнінен «Python бағдарламалау тіліне арналған есептер жинағы» № Тақырыбы Сабақтың мақсаты: Бөлінген сағаттар 1 IDE-мен танысу IDE интерфейсінің мүмкіндіктерін білу; 2 2 Тіл әліппесі. Синтаксис Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді түсіну; 3 3 Деректердің типтері Деректер түрлерін білу, жіктеу; 3 4 Арифметикалық амалдардың жазылу ережелері Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу; 3 5 Санды енгізу және шығару. Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу; 2 6 Сызықтық алгоритмдерді программалау Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу; 2 7 Тармақталған алгоритмдерді программалау Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу; 5 8 Кірістірілген шарттарды программалау Python программалау тіліндегі кірістірілген шарттарды қолдану; 1 9 Құрамды шарттарды программалау Python программалау тіліндегі құрамды шарттарды қолдану; 2 10 Таңдауды ұйымдастыру Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу; 1 11 For - While - циклдік алгоритмді программалау Python программалау тіліндегі циклдің түрлерін қолдану; 3 12 Цикл басқару нұсқаулығын қолдану (continue,break,else) Python программалау тіліндегі циклдің түрлерін қолдану; 1 13 Қосымша олимпиадалық практикалық есептер Python программалау тіліндегі практикалық есептерді шығарып үйрену. 6 Барлығы 34 5
1.тақырып. IDE мен танысу Python бағдарламалау тілінің тaрихы Python - кез келген қазіргі заманғы компьютерлік операциялық жүйеде қолдануға болатын жалпы мақсаттағы бағдарламалау тілі. Ол мәтінді, сандарды, суреттерді, ғылыми деректерді және компьютерде үнемдеуге болатын кез келген нәрсені ғана өңдеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол күнделікті Google іздеу жүйесінің жұмысында, YouTube бейне, NASA және Нью-Йорк қор биржасында жұмыс істейді. Бұл Python бизнестің, үкіметтің және коммерциялық емес ұйымдардың жетістіктерінде маңызды роль атқаратын орындардың бірқатары ғана; басқа да көптеген бар. Python - түсіндірілген тіл. Бұл бағдарлама іске қосылмай тұрып, орындалу уақытында компьютерге оқуға болатын кодты түрлендірмейді. Бұрын тілдің бұл түрі сценарийлік тіл деп аталды, оны қолдану маңызды емес тапсырмалар үшін болды. Алайда Python сияқты программалау тілдері осы номенклатурадағы өзгерісті мәжбүрледі. Үлкен қосымшалар тек қана Python-да ғана жазылады. Python бағдарламалау тілінің мүмкіндіктері Соғaн орай python бaғдaрлaмaсы көптеген міндеттерді шешеді: резервті көшіру болсын, электронды поштaны оқу болсын немес қандай да ойынды құру болсын. Python бaғдарлaмалaу тілі ештеңемен шектелмегендіктен оны үлкен жобаларды пайдалануға болады. Мысалы ретінде, python тілі IT-дің алыптары болып табылатын, Google және Yandex жобaларында кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, оның қарапайымдылығы мен әмбебаптығы бұл тілді ең үздік бағдaрламалау тілдері қатарына қосады Бағдарламалау тілінің толық синтаксисін түсіну үшін көптеген мысалдарды қарастыру керек. Бірнеше есептердің шығарылуын қарастырып барып түсінуге болады. 6
1. Python тіліндегі жолдар Жолдар. Жолдағы бос орындарды немесе бірнеше бос орындарды «*» таңбасымен алмастыруды қарастырайық. Бұндай есепті шығару үшін бірінші алгоритмін құрып алу керек. Егер жолда бірнеше бос орын кездессе оны бір «*» таңбасымен алмастырып, ал жолдың басы мен соңындағы бос орындарды қою керек. Python тіліндегі сандар. 1. Python тіліндегі сандар. Python тілінде сандар келесі түрлері бар: бүтін, нақты, комплексті. Бүтін сандар (int). Python тіліндегі сандардың қарапайым сандардан еш айырмашылығы жоқ. Олар қарапайым математикалық операцияларды қолдайды және 1-кестеде көрсетілген. Кесте 1. Математикалық операциялар 7
x / y Бөлу x // y Бөлгендегі бүтін бөлік x % y Бөлгендегі қалдық -x Санның белгісін ауыстыру abs(x) Сан модулі divmod(x, y) (x // y, x % y) жұп x ** y Дәрежеге шығару pow(x, y[, z]) x y модулі бойынша (егер модулі берілсе) Тізім дегеніміз не? Python-дағы тізім – ерікті түрдегі нысандардың (объектілердің) реттелген өзгертілетін топтамасы (массив сияқты, бірақ типтері әр басқа болуы мүмкін). Тізімдерді қолдану үшін оларды құрып алу керек. Тізімді бірнеше жолмен құруға болады. Мысалы, кез келген қайталанатын нысанды өңдеуге болады (мысалы, жолды list ендірілген функциясымен): Мысалда көрсетілгендей, тізім кез-келген нысанның (кірістірілген тізімдерді қоса алғанда) кез келген санын қамтуы немесе ештеңені қамтымауы да мүмкін. Тізімді құрудың тағы бір жолы - тізімдер генераторы. тізімдер генераторы – тізбектегі элементтің әрқайсысына өрнекті қолдана отырып жаңа тізімді құру тәсілі. Тізімдер генераторы for цикліне өте ұқсайды. >>> c = [c * 3 for c in 'list'] >>> c ['lll', 'iii', 'sss', 'ttt'] Бірақ күрделі жағдайларда тізімдерді жасау үшін әдеттегі for циклы қолданған жөн. Тізімдердің функциялары мен әдістері. Тізімді құрып алған соң олармен жұмыс істеуге болады. Тізімдер үшін негізгі ендірілген функциялар мен әдістер бар. 1. Функциялар және файлдармен жұмыс. 8
Бұнда атаулы мен анонимді функциялар және def, return және lambda интрукциялары қарастырылады. Сонымен қатар, функцияның міндетті және міндетті емес аргументтері, еркін санды аргументтері бар функциялар қарастырылады. Атаулы функциялар, def инструкциясы. Python тіліндегі функция аргументтер қабылдайтын және мәнді қайтаратын нысан болып табылады. Әдетте функция def инструкциясы көмегімен анықталады. Программалау тілі-деректерді белгіленген ережелер бойынша өңдейтін адам мен компьютерді байланыстыратын формальді тіл. Python програмасын пайдаланып алғашқы программамызды құрайық. 1-есеп >>> print (‘Calem,Almas’) Calem ,Almas >>> Программаның нәтижесін көру үшін “Run” және “F5” пернесін басу керек. 2-есеп. Төменде берілген сөздерден біріккен сөздерді алу Ast, alty, ana, baqan, Jan, Aq,Saule,su программасын құр. print ('Ast'+ 'ana') print ('alty'+'baqan') print ('Jan'+ 'Saule') 9
print ('Aq'+ 'su') Жауабы: 3-есеп. Өзің тұрған және тұратын қала атауын 5 реттен баспаға бер. Taldikyrgan,Zharkent print (“Taldikyrgan” *5) print (”Zharkent” *5) Жауабы: 4 .есеп“As” және “tana”сөздері берілген осы сөздерді құрастырып 4 рет экранға шығар. a='As' b='tana' print(a+'-'+b); print (a+'-'+b); print(a+'-'+b); print(a+'-'+b); Жауабы 10
5-есеп. Korap есебі print(‘Korap’) print('*'*10); print('*'+' '+'*'+' '+'*'); print('*'*10); print('*'+' '+'*'+' '+'*'); print('*'*10); 2.тақырып. Тіл алфавиті. Синтаксис Python тілінің алфавиті: Латын әрпінің үлкен және кіші әріптері: А,В,С, X,Y,Z,a,b,c, …x,y,z Араб цифрлары: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 Арнайы символдар: Арифметикалық амалдардың таңбалары (+,-,+,/), тыныс белгілер, жақша, және т.б. Қызметтік сөздер: for,if,class,def,print.input және т.б. Айнымалы – мәні мен типі бар шама. Программамен жұмыс барысында айнымалылардың мәнін өзгертіп отыруға болады. Амалдар мен өрнектер Input () функциясы программаға жолдық деректерді енгізеді. Ал сандық дерек енгізу үшін бұл функция int(input()) түрінде жазылады. 11
Сызықтық программаларды құруға арналған тапсырмалар. 2-есеп. а=10 ; b=120 c=a+b print(c) 3-есеп. a=int(input()) b=int(input()) k=6*(a+b) print(k); print(t) Жауабы: 4-есеп. а,в,с бүтін сандары берілген. Осы сандардың қосындысы мен көбейтіндісінің соңғы цифрларының қосындысын экранға шығар. a=int(input()) мысал 6,8,7 b=int(input()) c=int(input()) k=a*b*c t=a+b+c print(k%10+t%10) 12 1 есеп 12 // 7 21 % 8 156 % 10 238 % 100 876 // 10 907 // 100 439 % 1000 191 // 1000
5-есеп. Алмас, Касым және Аслан үшеуі балық аулауға барды. Балалар сәйкесінше саны k,l және m болатын балықтар аулады. Достар аулаған балықтарын тең бөліп алса, оларға неше балықтан тиеді. Неше балық қалады? Программа құр. k=int(input()) l=int(input()) m=int(input()) s=k+l+m print(s//3) print(s%3) 6-есеп. «Орта мән» КВН жарысында команда әр түрлі төрешілерден бес баға алады. Команданың орташа балын шығаратын бағдарлама жазыңыз. Енгізілетін деректер: Бес бүтін сан. Экранға шығарылатын нәтиже: Команданың орта балы. a=int(input()) b=int(input()) c=int(input()) d=int(input()) k=int(input()) s=(a+b+c+d+k)/5 print(s) 3-тақырып. Деректердің типтері Тұрақты, айнымалы және өрнектер қабылдай алатын мәндерді, олармен орындауға болатын амалдардың жиынтығын деректер типі деп атайды. 13
1. Сандардың үш түрі бар: бүтін, нақты (бөлшек) және күрделі. Бірақ қарапайым программаларды құрастыру кезінде әдетте бүтін және нақты сандарды қолданады. 2. Жолдар– бір немесе екі тырнақша ішіне жазылған таңбалар жиынтығы. 12 Мысалы, a='Salem, World!' және a = ' 'Salem, World!' ' – бірдей жазбалар. Ұзын мәтіндерді жазу кезінде үштік апострофтарды немесе тырнақшаларды қолдануға болады. 3. Логикалық тип (bool). Логикалық типтегі айнымалылардың екі мәні бар. Олар: Ақиқат (True), Жалған (False). Есіңде сақта! «True», «False» бас әріппен жазылуы керек, әйтпесе программа қате деп қабылдайды. 1-есеп “sep=” командасы арқылы біз әр сөзді немесе санды әртүрлі символдармен бөле аламыз. Жоғарыда келтірілген мысалда біз айнымалылар мәндерін бірбірінен дефис арқылы бөлектедік. Бұл командаға қатысты тағы мысал қарастырайық: x='Asil' y='zasy' z=16 print (x,y,z,sep='-') Нәтижесі Asil-zasy-16 2-есеп. «n» командасы әр мәнді жаңа жолға шығарады. print("Asil",end='\nZaksi\nDurys\nOte zaksy\n5') Нәтижесі Amir Zaksi Durys Ote zaksy 5 3-есеп. «Дөңгелектеу» Дөңгелектеу нәтижелерін анықтаңыз: print(round(4.2)) 14
print(round(4.6)) print(round(1.234, 1)) print(round(5.728, 2)) print(round(5 / 7, 2) ) 4-есеп.Берілген айнымалыларға type() функциясын қолдансаң, қандай деректер типін аласың? a=273.75 type(a) <class ‘float’> b= “alma” type(b) <class ‘str’> d=”False” type(d) <class ‘bool’> 5-есеп. Ұзындық L милиметрде берілген. Берілген ұзындықты километр, метр, сантиметр және милиметрде өрнектейтін программа жаз. L=int(input()) Мысалы нәтижесі kilometr=L//1_000_000 1210625 1 km 210 m 62 cm 5 mm metr=(L//1000)%1000 cantimetr=(L//10)%100 millimeter=L%10 print(kilometr, ‘km’,metr, ‘m’, cantimetr, ‘cm’, millimeter, ‘mm’ ) print (str(kilometr)+ ‘km’+str(metr)+ ‘m’+str(cantimetr)+ ‘cm’+str(millimetr)+ ‘m’) print(f’{kilometr}km{metr}metr{cantimetr}cm {millimeter}mm’) print(f’kilometr={kilometr}’) Жауабы 6-есеп. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы мен бөліндісін табатын программа құрастыр. n=int(input()) a=n//10 b=n%10 print(a+b) print(a/b) мысал 99 саны нәтиже 18 және 1,0 15
7-есеп. Үш таңбалы санның цифрларының қосындысы мен бөліндісі табатын программа құрастыр. s=input() a=int(s[0]) b=int(s[1]) c=int(s[2]) print(a+b+c) print(a/b/c) мысал 999 саны нәтиже 27 және 0,1 4-тақырып. Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері Python бағдарламалау тіліне кіріспе. Арифметикалық өрнектер Мысалы: 16
Төмендегі математикалық өрнекті программалау тілінде жаз. a 2+b2+d2 -2ab 1-есеп a=int(input('a=')) b=int(input('b=')) c=int(input('c=')) x=a*a+c**2+pow(d,2)-2*a*b print(x) 2-есеп x*y+(a+8)/(b-8) Жауабы: x=float(input('x=')) b=float(input('b=')) y=float(input('y=')) a=float(input('a=')) z=x*y+(a+8)/(b-8) print(z) 3-есеп (x*x-5)/(6*y*(4*x+(8*a+b*t)-z)) x=float(input('x=')) y=float(input('y=')) z=float(input('z=')) a=float(input('a=')) b=float(input('b=')) t=float(input('t=')) natije=abs(x*x-5)/ (6*y*(4*x+(8*a+b*t)-z)) Жауабы: print(natije) 17
4-есеп (x+8+y/(t*(3*x-c))) x=int(input('x=')) y=int(input('y=')) t=int(input('t=')) c=int(input('c=')) print(x+8+y/(t*(3*x-c))) 5-есеп. а және b сандары берілген. Осысандардың мәндерін бір-біріне ауыстыр. Мысалы: а=60, b=70 болса,онда ауысқан соң нәтижеде а=70, b=60 болады. a=70 b=60 a,b=b,a print(b,a) Жауабы: а=70, b=60 6-есеп. x,y және z айнымалылары бар өрнек берілген.Айнымалылардың кез келген мәндерінде осы өрнектің мәнін есептейтін программа құрастыр. Мысалы a=(3*x**2-y*z)/abs(x-10*z)+(6*x-z)/(9*x*z-3*y) Программасы x=int(input('x=')) y=int(input('y=')) z=int(input('z=')) 18
a=(3*x**2-y*z)/abs(x-10*z)+(6*x-z)/(9*x*z-3*y) print(a) Жауабы. Берілген мәндер 1,2,3 немесе 2,3,6 5-тақырып. Санды енгізу және шығару Input функциясын қолданып енгізгендерек жолдық типке жатады. Жолды тізімге түрлендіру үшін split() әдісін қолданамыз. Тізімдегілердің арасында символ болса, оны split() әдісіндегі жақшаның ішінде көрсету керек. Мысалы, кестеде бірінші жағдайда тізімдегілер бос орынмен ажыратылса, екінші жағдайда сызықшамен ажыратылған. 1-есеп. х сандар осінде t1 және t2 бүтін санды нүктелері берілген. Осы нүктелер арасындағы арақашықтықты табатын программа құрастыр. Программасы t1,t2=map(int,input().split()) s=abs(t2-t1) print(s) Жауабы: 2-есеп. Алты таңбалы санның алғашқы екі цифрынан құралған сан мен соңғы үш цифрынан құралған санның қосындысын табатын программа құрастыр. Мысалы 123456 нәтижесі 579 түсініктеме 123+456=579 n=int(input('n=')) Жауабы: n/1000 19
n//1000 n%1000 print(n,n//1000+n%1000, sep= “------“) 3-есеп. Еңбек ақыны есептеу программасын құру. Жауабы d=int(input("d=")) z=int(input("z=")) r=d*z print(end=’менин енбек акым’,r) 4-есеп. Жаркентте бұршақты экспортаудан (сыртқа сатудан) әлемдегі үздік ондыққа кіреді. а) Бұршаққа кезекте тұрған мемлекетке m килограмм бұршақ экспортқа дайындалды. Осы бұршақ тонна, центнер, килограммен өрнектейтін программа құрастыр. Программасы m=int(input()) t=m//1000 s=(m%1000)//100 k=m%100 print(t,'tonna',s,'centner',k,'kilogram',end=” ornek”) Жауабы мысалы берілген сан 500 20
5-есеп. Төрт таңбалы санның екінші(жүздігі)және төртінші орында (бірлігі) тұрған цифрларының қосындысын табатын программа құрастыр. Мысалы 8611 n=int(input('n=')) j=(n//100)%10 b=n%10 print(n,j+b, sep= “------‘) 6-тақырып. Сызықтық алгоритмдерді программалау Сызықтық алгоритм (программа) дегеніміз – тармақталу, қайталау әрекеттері жоқ, әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм. 1-тапсырма**. Картаның ортасына салынған ағаштың түбінен солтүстікке қарай 50, шығысқа қарай 30, оңтүстікке қарай 20, батысқа қарай 40, оңтүстікке қарай 20, шығысқа қарай 60 қадам жүр. Картадағы қозғалыс алгоритмін құрастыр. Тек қана цифрлардан құралған a,b және с жолдары берілген. 1.Жолдарды қосып, экранға шығар. 2.Жолдарды бүтін санға айналдырып, олардың қосындысын тап. 1-есеп. Мысалы 214,555,555 Жауабы Программасы a=input() b=input() c=input() print(a+b+c) print(int(a)+int(b)+int(c)) 2-есеп. Өрнектердің мәнін тап 1)a=round(16.161-6.46) print(a) Жауабы: 10 21
а) print(round(35714+1574898)) Жауабы: 1610612 3-есеп.Қол добы ойыны 4 кезеңнен тұрады. Әр кезеңдегі екі команданың жинаған ұпайлары жеке-жеке қатарларда берілген. Ойынның қорытынды нәтижесін төмендегі форматта экранға шығаратын программа құрастыр. Программасы a1,b1=map(int,input().split()) a2,b2=map(int,input().split()) a3,b3=map(int,input().split()) a4,b4=map(int,input().split()) s1=a1+a2+a3+a4 s2=b1+b2+b3+b4 print(s1,':',s2) 4-есеп. Бағасы K,P және N теңгелік монеталар көмегімен S теңгені ең аз санмен қалай төлеуге болады? Тапсырманың блок- сызбасын сызып, программасын құрастыр. S, K,P және N – бүтін сандар. S, K,P,N=map(int,input().split()) a=S//K b=(S%K)//P c=(S%K)%P//N print(a,b,c) print(a+b+c) 5-есеп. Жәшіктің а,b,с өлшемдері берілген. Осы жәшіктің көлемінің ½ бөлігінің көлемін 1/4 бөлігіне қосатын программа құрастыр. a=int(input('a=')) b=int(input('b=')) c=int(input('c=')) v1=(a*b*c)/2 v2=(a*b*c)/4 v=v1+v2 print(v) Жауабы: 22
6-есеп. Кітаптың а,b,с өлшемдері берілген. Кітаптың көлемін толық бетінің ауданына қатынасын тап.Толық беттің ауданы кітаптың барлық бетінің аудандарының қосындысы. a=int(input('a=')) Жауабы b=int(input('b=')) c=int(input('c=')) v=a*b*c s=2*a*b+2*a*c+2*b*c print(v,s) print(v/s) print(s/v) 7-тақырып. Тармақталған алгоритмдерді программалау Тармақталған алгоритм-орындалуы керек қадам белгілі бір шарттың орындалу немесе орындалмауына байланыстыжүзеге асырылатын алгоритм. Шарт дегеніміз- тексеру нәтижесінде «ия» (ақиқат)немесе «жоқ» (жалған) логикалық мәндерін қабылдайтын логикалық өрнек немесе пікір. 1-есеп. Логикалық есеп x=6 y=7 print("x==y:",x==y) print("x==y:",x!=y) print("x<y:",x<y) print("x>y:",x>y) print("x<=y:",x<=y) Жауабы: x==y: False x==y: True x<y: True x>y: False x<=y: True x>=y: False print("x>=y:",x>=y) 23
2-есеп. a және b бүтін сандар берілген. Егер a саны жұп болса, онда оны квадраттап, b санына қос. Ал сан тақ болса, онда санның өзін b санына қосып, нәтижені экранға шығар. a=int(input()) b=int(input()) if a%2==0: print(a*a+b)#a**2+b else: print(a+b) 3-есеп. Нақты А саны берілген. А саны оң сан болса, квадратын, теріс сан болса, кубын есептеп, нәтижені экранға шығар. a=int(input()) if a>0: print(a**2) 24 Мысалы Нәтиже 8 7 71
else: print(a**3) 4-Есеп. Пайдаланушы енгізген жүйеге қосылу құпиясөзін тексеретін бағдарлама жазыңыз. Егер пайдаланушы «qwerty» паролін енгізсе, онда «Сіз жүйеге кіре аласыз» мәтінін шығарыңыз, қалған жағдайларда «Құпиясөз дұрыс емес» хабарламасын баспаға беріңіз. Енгізілетін деректер: Бір жол – құпиясөз. Экранға шығарылатын нәтиже: «Сіз жүйеге кіре аласыз» немесе «Құпиясөз дұрыс емес» мәтіні. a = str(input()) if a == 'qwerty': print('siz juiede kire alasyz') else: print('kupiyasoz durys emes') Жауабы: qwerty siz juiede kire alasyz Saule kupiyasoz durys emes 5-есеп. Python тілін үйрену курстарына 12-18 жас аралығындағы осы кусты таңдаған жастар қабылданады. Енгізілген жас (Age) мәнін қабылдап, ол шартқа сәйкес келсе, "ҚАБЫЛДАНДЫ" деген сөзді көрсететін бағдарлама жазыңыз. Қалған барлық жағдайларда "ҚАБЫЛДАНБАДЫ" хабарламасын шығарыңыз. Ескерту: бір күрделі шартты қолданыңыз. Енгізілетін деректер: Бүтін сан - жас. Шығарылатын деректер: 25
Экранда екі хабарламаның біреуі көрсетіледі: "ҚАБЫЛДАНДЫ" "ҚАБЫЛДАНБАДЫ". age = int(input()) if 12 <= age < 18: print('kabildandi') else: print('kabildanbadi') Жауабы: 12 kabildandi 20 Kabildanbadi 6-есеп. «Пойыздар кестесі» "Орал - Нұрсұлтан" пойызы кестеге сәйкес тұрақты жүреді. Ол Оралдан барлық айдың 6-ға бөлінетін күндерінен басқа жұп күндері шығады. day айнымалысына енгізілген сан бойынша осы күні Оралдан Нұрсұлтан қаласына пойыздың бар-жоғын анықтайтын бағдарлама жазыңыз. Егер бұл мүмкін болса, "Сапар мүмкін", ал болмаса "Сапар мүмкін емес" хабарламасын шығарып көрсету керек. Енгізілетін деректер: Күннің нөмірі (1<=day<=31). Шығарылатын деректер: Сапардың мүмкін/мүмкін еместігі туралы хабарлама. day = int(input()) if 1<=day<=31 and day%6 == 0: print('Сапар мүмкін') elif day % 2 == 0: print("Сапар мүмкін") else: print('Сапар мүмкін емес') 26
7-есеп. «Ерке қыздың демалысы» Аружан өте ерке қыз. Өткен жазғы демалыста ол Таразда және Алматыда болды, бұл оған өте ұнады. Сондықтан келесі жазғы демалыста ол тағы екі қалаға барғысы келеді. Бұл жолы Аружан Таразға немесе Алматыға қайта барғысы келеді, бірақ екі қалаға да барып былтырғы сапарын қайталағысы келмейді. Ұсынылған маршрут Аружан талаптарына сәйкес келетінін анықтаңыз. Енгізілетін деректер: Қалалардың атаулары. Шығарылатын деректер: Егер екі қала Аружанның шартына сәйкес болса, «ИӘ», ал сәйкес келмесе, «ЖОҚ» шығады. a=’Almaty’ b=’Taraz’ c=str(input()) if c==a or c==b: print(‘ia’) elif c==a and c==b: print(‘jok’) else: print(‘jok’) 8-есеп. С саны берілген. Осы санның жұп немесе тақ екенін анықтайтын программа құр. Егер сан тақ болса,экранға 1, әйтпесе жұп болса 0 шықсын. с=int(input()) if с%2==0: print(0) else: print(1) 9-есеп. 27
Машина Бурабай трассасында V м/с жылдамдықпен қозғалса, S м жолды t секундта жүріп өте ала ма? Анықта. Егер жүріп өтсе “ia” әйтпесе “joq” жауаптарының бірі экранға шықсын. Деректердің енгізілу реті: V-жылдамдық, S-жол, t-уақыт. v,s,t=map(int,input().split()) if s/v<=t: print('ia') else: print('joq') 10-есеп. Берілген 2 тауардың ақшасы 10000 тг аз. Егер 10000 тг аз болса экранға «Ақша жетпейді» ал 10000 тг көп болса «Ақша төленді» деп экранға шығару керек. print('Сәлем!') tauar1=5000 tauar2=4225 if tauar1+tauar2>10000: print('Ақша жетпейді') else: print ('Ақша төленді') print('Көріскенше күн жақсы...') Жауабы: Сәлем! Ақша төленді Көріскенше күн жақсы... 28 Мысалы Нәтиже 8895 756666 Жол ия
11-есеп. Егер жүк тасымалдайтын 1 темір жол вагонына 60 тонна бұршақ сиятыны белгілі болса, бұршақты экспорты үшін вагон қажет екенін табатын программа құрастыр. Программасы m=int(input()) v=m/60_000 if v==int(v): v=int(v) else: v=int(v)+1 print(v, ‘vagon’) Жауабы Мысал 5689,7895642 8-тақырып. Кірістірілген шарттарды программалау Шарт тексеру операторының құрамында екінші шарт тексеру операторы қолданылса, онда мұндай шарт тексеру-кірістірілген шарт тексеру деп аталады. 1-есеп. Функцияның мәнін есептейтін программа құрастыр. құрастырған программа кірістірілген шарттарды қолданудың қай нұсқасына жатады? x=int(input()) if x>0: y=x+100 else: if x<0: y=x*x 29
else: y=20 print(y) 2-есеп. b саны берілген. b санының оң немесе теріс сан екенін анықта. Егер b саны оң сан болса- « 0 den ylken», теріс сан болса ("0 den kiji") , ал сан «0 » ге тең болса «0 ge ten » деген жауап шығуы керек b=int(input()) if b==0: print("0 ge ten") else: if b>0: print("0 den ylken") else: print("0 den kiji") 3-есеп. Енгізілген жасқа қарай фильмдерге ұсыныс жасау программасы. Егер жасы 3 пен 6 аралығы болса, «Қошқар мен теке» егер жасы 6 мен 12 аралығында болса «Өрмекші адам», егер жасы 12 мен 16 аралығында болса «Құпия арал», егер жасы 16 дан үлкен болса «Сана ағыны» фильмін ұсыну керек. old= int(input('Сіздің жасыңыз:')) print ('Ұсынылады:', end="") if 3 <= old < 6: print ('«Қошқар мен теке»') elif 6<=old<12: print (' «Өрмекші адам»') elif 12<=old<16: print (' «Құпия арал»') elif 16<=old: print (' «Cана ағыны»') 9-тақырып.Құрамды шарттарды программалау Құрамды шарттар дегеніміз – логикалық амалдар көмегімен тұтас бір шартқа біріктірілген бірнеше қарапайым шарт. 30
1-есеп. Кіру файлында төрттаңбалы N бүтін саны берілген. Құрамды шартты пайдаланып, осы санның палиндром екенін анықта. Егер сан палиндром болса -1, әйтпесе нәтиже ретінде экранға 0 саны шықсын. Палиндром сан оң жағынан да, теріс жағынан да оқығанда бірдей сан болады. Мысалы, 222 палиндром, ал 789 палиндром емес. s=int(input()) a=s//1000 b=s//100%10 c=s//10%10 d=s%10 if a==d and b==c: print(1) else: print(0) 2-есеп. x,y айнымалылары берілген. Осы сандардың ең кішісін табатын программа құрастыр. x=int(input()) y=int(input()) if x<y and x!=y: print(x) elif x==y: print("ekeyi ten") else: 31 Мысалы Нәтиже 222 789 0 емес
print(y) 3-есеп. с,d айнымалылары берілген. Осы сандардың ең үлкенін табатын программа құрастыр. c=int(input()) d=int(input()) if c>d and c!=d: print(c) elif d>c and d!=c: print(d) else: print("ekeyi ten") 4-есеп. Пернетақтадан енгізілген санның 10-нан артық немесе тең және 100- ден кіші тең шарттарын тексеретін программа құрыңдар. n=int(input()) if n>=10 and n<=100: print('ia') else: print('jok') 5-есеп. a,b,c бүтін сандарының ішіндегі өзара кері сандарды анықта. Егер өзара кері сандар бар болса- «ia», жоқ болса –«jog» жауабы экранға шығуы керек. a,b,c=map(int,input().split()) if(a+b==0)or(a+c==0)or(b+c==0): print('ia') else: print('jog') 10-тақырып. Таңдауды ұйымдастыру Программалау кезінде бірнеше балама нұсқадан бірін таңдау үшін if-elifelse құрылымын қолдануға болады. 32
1-есеп. N санының қабылдайтын мән қай мезгілге тең болады? n=int(input()) if n>0 and n<13: print("Bul -") else: print("Duris emes ay engizilgen") if n<6 and n>2: print("koktem") elif n<12 and n>8: print("quz") elif n<9 and n>5: print("kuz") 2-есеп. Қай матаның қымбат екенін анықтайтын бағдарламадағы қателерді жөндеп, түзетілген нұсқаны жазыңыз.. 11-12 тақырып. FOR, While циклдік алгоритмдерді программалау 33
Бірнеше рет қайталанып орындалатын белгілі бір іс-әрекеттерді сипаттайтын алгоритмдер тобы циклдік алгоритмдер деп аталады. Программалаудағы цикл түрлері: Арифметикалық цикл (Орындалу саны белгілі – ол For циклі ). Қадамдық , итерация цикл (Орындалу саны белгісіз, ол – While шартты цикл). 1-есеп. «Құпиясөзді айтыңыз» Пайдаланушы 123-ті енгізгенге дейін құпиясөзді сұрайтын бағдарлама жазыңыз. Егер құпиясөз дұрыс енгізілмесе, «Құпиясөз дұрыс емес» мәтіні шығады, ал дұрыс енгізілсе, «Құпиясөз дұрыс» хабарламасы шығады. Енгізілетін деректер: Жеке жолдардағы құпичсөз нұсқалары. Шығарылатын деректер/нәтиже: «Құпиясөз дұрыс емес» немесе «Құпиясөз дұрыс» хабарламасы. while True: password=int(input()) if password != 123: print ("Құпия сөз дұрыс емес") else: print ("Құпиясөз дұрыс") 2-есеп. 2. for x in range(1,4): print(x, end=';') Ж: 1;2;3; 3. for x in range(1,10,3): print(x, end=';') Ж: 1;4;7; 4. for x in range(8, 4) Ж: Кері ретпен шықпайды. 5. for x in range(8,4,-2): print(x, end=';') Ж: 8;6 34
3-есеп.«Квадраттар» n-ге дейінгі (n-ді қоса алғанда) сандардың квадраттарын бір қатарға шығаратын бағдарлама жазыңыз. Енгізілетін деректер: n натурал саны (мысалы, 5) Шығарылатын деректер/нәтиже: Бос орын арқылы ажыратылған сандардың квадраттары (мысалы, 1 4 9, 16, 25) n = int(input()) #i = int(0) for i in range(n): i = i**2 print(i) Жауабы: 5 санын берсек 0 1 4 9 16 4-есеп. «Кері санау» Бір қызығы, зымыран ұшырылғанға дейін кері санау алғаш рет «Айдағы әйел» ғылыми-фантастикалық фильмінде қолданылған екен. Драмалық амалдың сәтті болғаны соншалық, ол космонавтика тәжірибесіне терең еніп кетті. Кері санақ жүргізетін бағдарлама жазыңыз. Енгізілетін деректер: Бүтін сан – іске қосылуға дейінгі секундтар саны. Шығарылатын деректер/нәтиже: n-нен нөлге дейінгі әр секунд үшін «[қалған секундтар саны] “Секунд қалды!” хабарламасы. Осыдан кейін: «START» хабарламасы шығады. Егер n<0 болса, кері санаққа уақыт жұмсамай, бірден «START» хабарламасын шығару керек. n = int(input()) for i in range(n, -1, -1): if i <= 0: print("start") break print("секунд қалды") 35
Жауабы: [анализируем 22.py] 0 Start 5-есеп. «Бактериялар» Бактерия 1 минутта екіге бөлінеді. Бастапқы сәтте n бактерия бар. t минуттан кейінгі бактериялардың санын есептеу бағдарламасын жасаңыз. Енгізілетін деректер: Екі бүтін сан: n және t. Шығарылатын деректер/нәтиже: t минуттан кейінгі бактериялар саны. n = int(input()) t = int(input()) for i in range(t): n *= 2 print(n) 2 3 4 8 16 6-есеп. Деректерді басып шығарудың нәтижесін анықтаңыз for i in range(1, 11): print(i, end=“ “) # 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 шығарады for i in range(1, 11, 2): print(i, end=“ “) # 1 3 5 7 9 шығарады for i in range(10, 0, -1): print(i, end=“ “) # 10, 9, ..., 1 шығарады 7-есеп. «Цикл қанша рет орындалады» for x in range(5)? 5 for x in range(1, 4)? 3 36
for x in range(1, 10, 3)? 3 for x in range(8, 4)? 0 for x in range(8, 4, -2)? 2 13-тақырып.Цикл басқару нұсқаулығын қолдану (continue,break,else) 1-есеп. 1-ден 10 ға дейінгі сандар берілген. Тізбекте өсу ретімен 5 саны кездескенде, программаның орындалуы аяқталуы керек. n=0 for i in range(10): n=n+1 if n==5: break print ('qatar'+str(n)) print ('циклден шыгу') 2-есеп. Экранға сандар тізбегін шығаратын программа жазайық. Егер 2 саны кездессе, циклдан шығуды орындау қажет. for k in range (4): print(k) if k==2: break else: print('соны') Қосымша олимпиадаға дайындық үшін, практикалық тапсырмалар: 1-есеп. Келесі бағдарламамыз тағы да қызықты сандармен байланысты. Сіздердің Палиндром сандар туралы білгілеріңіз келе ме? Мүмкін кейбіреулеріңіз білетін де шығарсыздар. Полиндром сандарды естімегендеріңіз бәрібір өмірде кездестіріп жүрсіздер. Палиндром сан тура оқығанда да және кері оқығанда да мәні бірдей сандарды айтады. Мысалы 121, 34543, 101 және т.б 37
Енгізілген үш орынды санның Палиндром сан екенін анықтайтын программа құрастырайық. N=int(input('3 танбалы санды енгiз')) if (N % 100)%10 == N // 100: print( N, ' Polindrom ') else: print( N, ' Polindrom емес ') 2-есеп. Енгізілген 4 орынды санның бақытты сан екендігін анықтайтын программа құр. /Бақытты сан деп алдыңғы екі цифрының қосындысы кейінгі екі цифрының қосындысына тең болатын сандарды айтамыз. Мыс: 1230, 1342 берілсін... Яғни, 1+2=3+0 бақытты сан 1+3=4+2 бақытты сан емес N=int(input()) A1=N//1000 #mindik A2=N%1000 A3=A2//100 #juzdik A4=A2%100 A5=A4//10 #ondik A6=A4%10 #birlik if (A1+A3)==(A5+A6): print (N, '-бақытты сан') else: print (N, '-бақытты сан eмес') 38
3-есеп. Сан құрамында бірдей таңбалы цифрдың бар немесе жоқ екенін анықтау. N=int(input()) A=N//1000 B=N%1000 C=B//100 D=B%100 E=D//10 F=D%10 if A==C or A==D or A==E or A==F or C==D or C==E or C==F or E==F: print(' бірдей цифр бар') else: print(' бірдей цифр жоқ') 4-есеп. N саны берілген.3-ке бөлінгіштік белгісі бойынша 3-ке бөлінетінін не бөлінбейтінін анықта. (Егер цифрларының қосындысы 3-ке бөлінсе, онда сол сан 3-ке бөлінеді) N=int(input()) A=N//1000 B=N%1000 C=B//100 D=B%100 E=D//10 F=D%10 if (A+C+E+F)%3==0: print(' 3-ke bolinedi') 39
else: print('3-ke bolinbeidi') 5-есеп. Төрт таңбалы N саны берілген. Санның цифрларын кері ауыстыру. Мысалы: N=1234 берілсе, онда жауабы 4321 шығуы керек. N=int(input()) A=N//1000 B=N%1000 C=B//100 D=B%100 E=D//10 F=D%10 print(F*1000+E*100+C*10+A) # кері санды алу формуласы жауабы: 4321 7-есеп. Санның цифрларының көбейтіндісін анықтау дәл жоғарыдағы тәсілмен анықталады. Төрт таңбалы N саны берілген және цифрларының көбейтіндісін есептеу керек. Мысалы: N=1234 болсын... N=int(input()) A=N//1000 B=N%1000 C=B//100 D=B%100 E=D//10 F=D%10 print(A*C*Е*F) 40
8-есеп. Ай атауының нөміріне қарап, оның атауын табатын программа мен блок-схема құр. Жауабы n=int(input()) n=n%12 ai={1: ‘Kazan’,2: ‘Aqpan’,3: ‘Nauryz’,11: ‘Qarasha’,0: ‘Jaltoksan’} print(ai[n]) 9-есеп. 0 –ден 11-ға дейінгі цифрларды енгізіп, олардың атын көрсететін жоба дайында. n=int(input()) n=n%12 san={0: ‘Nol’,1: ‘Bir’, 2: ‘Eki’, 3: ‘Ush’, 4: ‘Tort’, 5: ‘Bes’} print(san[n]) 41 Мысалы Нәтиже 5 Bes
10-есеп. Басып шығару командасының sep и end аргументтері print("text1", "text2", "text3") # басып шығарудың екі аргументі бар. Нәтижесі: text1 text2 text3 sep (separator – ажырату) аргументін қолдану print("text1", "text2", "text3", sep="---") Нәтижесі: text1---text2---text3 end аргументін қолдану print("text1", end=" ") print("text2", end=" ") print("text3") Нәтижесі: text1 text2 text3 11-есеп. Динамикалық типтеу - бағдарламалау тілдерінде қолданылатын тәсіл, онда айнымалының типі оны жариялау кезінде емес, оған мәнді меншіктеу кезінде анықталады. d = 5 print(type(d)) # <class 'int'> d = "Алматы" print(type(d)) # <class 'str'> 12-есеп. 1. Айнымалылардың типін анықтаңыз lang = "Python" print( type(lang) ) amount = 15 print( type(amount) ) height = 1.78 print( type(height) ) 2.Айнымалылардың типін анықтаңыз lang = "Python" print(type(lang)) # <class 'str'> amount = 15 42
print(type(amount)) # <class 'int'> height = 1.78 print(type(height)) #<class 'float'> 13-есеп. Экранға не шығады? print(str(10) + str(20)) print(int('10') + int('20')) print(len('10') + len('20')) жауабы print(str(10) + str(20)) # '1020’ шығады print(int('10') + int('20’)) # 30 шығады print(len('10') + len('20’)) # 4 шығады 14-есеп. a, b = int(input()), int(input()) # 5 пен 7 -ні бір қатарда енгізу қате болады Мысалы, егер бағдарламада екі санды енгізу қажет болса, келесі фрагмент дұрыс болады: line = input() num1, num2 = line.split() (түсіндіру) num1 = int(num1) num2 = int(num2) Бұл үш қатарды бір қатарға жазуға да болады: num1, num2 = map(int, input().split()) Енгізілген символдық деректі бөліктерге бөлгеннен кейін алынған әр бөлікке басқа функцияны (біздің жағдайда – int) қолданатын map функциясы сандардың "картасын" жасайды. 15-есеп. «Велосипедшінің жылдамдығы» • Велосипедші t сағатта S км қашықтықты жүріп өтті. Велосипедшінің v жылдамдығын есептейтін бағдарлама жазыңыз. S = float(input()) t = float(input()) v = S / t print(round(v, 2)) 1. әр жолдың мақсатын түсіндіріп беріңіз; 2. t-ның мәні 0-ге тең болғанда не болады? 43
Қысқа мерзімді жоспары. Сабақ № 1 Бөлім Python тілінде программалау Педагогтың аты-жөні Күні Сынып Қатысушылар саны Қатыспағандар саны Сабақтың тақырыбы: IDE мен танысу Сабақтың мақсаты: «Программалау тілі» ұғымын біледі. Қарапайым программаларды жазады Сөздерден біріккен сөздерді алу программасын құрады. Сабақтың барысы: Сабақтың кезені/ уақыт Педагогтың әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар 44
Сабақтың басы 1.Оқушылармен амандасу. «БББ» кестесі бойынша программа дегеніміз не? Программалау тілі дегенді оқушылар қалай түсінеді осы тұрғыда сұрақтар қойып, не білетіндіктерін сұрап алу. 1.Мұғаліммен амандасады. Жетелеу, қолдау көрсету Слайд, компьютер Сабақтың ортасы Жаңа тақырыпты түсіндіру. Бейнекөрсетілім көрсету арқылы жаңа сабақты түсіндіру. https://www.youtube.com/watch? v=AypIWvQbUdU Бейнекөрсетілім көргеннен кейін де слайд арқылы түсіндіріп өту керек. мұғалімді тыңдайды «программалау тілі» анықтамасын дәптерге жазады Жетелеу, қолдау көрсету, бағытбағдар беру Интербелсенді тақта / компьютер https:// www.youtube. com/watch? v=AypIWvQb UdU Практикалық есептерді шығару. 1-есеп >>> print (‘Calem,Almas’) Calem ,Almas >>> нәтижесі Программаның нәтижесін көру үшін “Run” және “F5” пернесін басу керек. 2-есеп. Төменде берілген сөздерден біріккен сөздерді алу Ast, alty, ana, baqan, Jan, Aq,Saule,su программасын құр. print ('Ast'+ 'ana') print ('alty'+'baqan') print ('Jan'+ 'Saule') print ('Aq'+ 'su') Жауабы: Практикалық есептерді шығарады 45
Кері байланыс: ҚҚҚ әдісі. Қысқа мерзімді жоспары. Сабақ № 2 Бөлім Python тілінде программалау Педагогтың аты-жөні Күні Сынып Қатысушылар саны Қатыспағандар саны 46
Сабақтың тақырыбы: IDE мен танысу Сабақтың мақсаты: Python программалау тілінің мүмкіндіктерін қолданады Сабақтың барысы: Сабақтың кезені/ уақыт Педагогтың әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар Сабақтың басы 1.Оқушылармен амандасу. https://learningapps.org/ 20345512 Үй тапсырмасын қорыту мақсатында платформаны қолданып, тапсырма орындау керек. 1.Мұғаліммен амандасады. Платформаны қолданып, тапсырманы орындайды. Слайд, компьютер Сабақтың ортасы Практикалық есептерді шығару. 3-есеп. Өзің тұрған және тұратын қала атауын 5 реттен баспаға бер. Taldikyrgan,Zharkent print (“Taldikyrgan” *5) print (”Zharkent” *5) 4 .есеп“As” және “tana”сөздері берілген осы сөздерді құрастырып 4 рет экранға шығар. a='As' b='tana' print(a+'-'+b); print (a+'-'+b); print(a+'-'+b); print(a+'-'+b); 5-есеп. Korap есебі print(‘Korap’) print('*'*10); print('*'+' '+'*'+' '+'*'); print('*'*10); print('*'+' '+'*'+' '+'*'); print('*'*10); Практикалық есепті компьютерде орындайды. Оқушылар жеке жұмыс ретінде орындайды Жетелеу, қолдау көрсету 47
quizizz.com/ платформасы арқылы тест тапсырмасын беру. Кері байланыс: «Жұлдызды баспалдақ» әдісі арқылы бүгінгі сабаққа оқушылар кері байланыс береді. 48
Қысқа мерзімді жоспары. Сабақ № 3 Бөлім Python тілінде программалау Педагогтың аты-жөні Күні Сынып Қатысушылар саны Қатыспағандар саны Сабақтың тақырыбы: Тіл алфавиті. Синтаксис. Сабақтың мақсаты: Python тілінің алфавитін біледі. Python тілінің синтаксисін пайдаланып, программа жазады. Жазған программаның нәтижесін табады. Сабақтың барысы: Сабақты ң кезені/ Педагогтың әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар Сабақтың басы 1.Оқушылармен амандасу. 1.Мұғаліммен https://learningapps.org/display? v=phtz8kb2321 үй тапсырмасын қорыту. амандасады. Тапсырманы орындайды Learninga pps платформасы Сабақтың ортасы Жаңа тақырыпты түсіндіру. Бейнекөрсетілім арқылы жаңа сабақты түсіндіру. https://www.youtube.com/watch? v=EhLLW0wcsqw Input () функциясы программаға жолдық деректерді енгізеді. Ал сандық дерек енгізу үшін бұл функция int(input()) түрінде жазылады. Сызықтық программаларды құруға арналған тапсырмалар. 1- тапсырманы орындайды 2- тапсырманы орындайды Жетелеу, қолдау көрсету Презен тация, видео 49
2-есеп. а=10 ; b=120 c=a+b print(c) Сабақтың соңы Кері байланыс ҚҚҚ әдісі арқылы өз ойын айтады 50 1 есеп 12 // 7 21 % 8 156 % 10 238 % 100 876 // 10 907 // 100 439 % 1000 191 // 1000