148 тырысты. Аталынып кеткен «Правданың» «Буржуазиялық ұлтшылдардың жетегінде» атты мақаласында тікелей ҚазОАК төрағасы Ұ.Д.Құлымбетов, Д.Садуақасов-ҚК(б)П Алматы ОК мен ҚК хатшысы, сонымен бірге ҚазКСР ХКК төрағасының орынбасары С.Есқараев буржуазиялық ұлтшылдар ретінде күстаналанған болатын. Осы орайдағы Л.Мирзоянның кінәсі «…Қазақстанның партия жетекшісі ретінде көзге көрінерлік бірде-бір буржуазиялық ұлтшылды әшкерелемегені»… [307]. Бұл жерде мақаланың нені меңзеп тұрғаны анық болып тұр - Л.Мирзоян мен ҚК(б)П ОК екінші хатшысы С.Н.Нүрпейісов «буржуазиялық ұлтшылдардың жетегінде кеткен», себебі Қазақстанның белгілі партия және мемлекет қайраткерлеріне қатысты негізсіз іс-шаралар қолданбайды. Орталықтың баспасөз арқылы қысымы, оның одақтық ұлттық республикадағы өздері қойған адамдарының, болмаған күнде «буржуазиялық ұлтшыл» деген сылтаумен ішкі қарама-қайшылық тудырмауына ызаланғандығын көрсеткендей еді. Құжаттарда әлденеше рет айтылып жүрген «большевиктік қырағылық» көрсету ұрандары саяси мазмұнда болатын, яғни саяси билік мәселелерін шешу құралына айналған еді, ал түптей келгенде осының бәрі этикалық категориялар болып табылатын. Сонымен, «большевиктік» немесе революциялық қырағылық «дер кезінде, реакция мен капиталистік құрылысқа шын мәнінде қызмет ететін (арнайы мақсатта немесе онынсыз) барлық іс-қимылдарды көре білу және қиып түсу» ретінде қарастырылды. Қырағылықтың маңыздылығы «социализм жағдайында да капитализмнің өніп кетуіне мүмкіндік сақталып отырғандығымен» түсіндірілді. Басқаларымен қатар бұл категория «…социализмнің таптық жауларын әшкерелеуге үйренуді» «…саяси перспективаны жоғалтып алмауды» да қамтыды. Бұл түсініктер өз кезегінде кең және керекті мағынада таратылып негізсіз саяси айыптаулар тағылуын мүмкін етті. «Сын және өзара сын» категориясы да осы тақылеттес болды; Оның мазмұны мынадай еді «…қоғамдық пікір білдірудің бір түрі және қоғамдық өмірдегі, ұйымдар мен ұжымдар қызметіндегі, мекемелердегі және жеке адамдардағы кемшіліктерді ашу тәсілі. Сын мен өзара сын мынаны белгіледі: «мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың, жеке басшылардың кемшіліктері тұрғысында еңбекші халықтың өз ойларын ашық айта алуы және осы кемшіліктерді жою жөніндегі ұжымдық талқылауға белсенді қатысу. Тиісінше қарсы бағыттағы – «жоғарыдағылардың төмендегілерді» сынауы « жоғарғы ұйымдар мен басшылардың төмен тұрған ұйымдарды, ұжымдарды
149 және жеке адамдарды бағалауын … олардың қызметін түзеу немесе жақсарту мақсатын қарастырды. Өзіне сыни көзбен қарау мәселесі «…қоғамның алдында жіберілген қателіктерін ашық мойындау» [308] арқылы шешілді. Адамгершілік – этикалық талап ретінде қабылдауға қолайлы категориялар мазмұны саяси қарым –қатынастар сферасына ауыстырылғаннан кейін, оның үстіне құқықтық тұрғыдағы кемшін тұстары тағы бар, осының бәрі қосыла келе жаппай репрессиялық іс-шаралар қолдануға ұйтқы болған еді. Л.И.Мирзоян тұрғысында «жоғарыдан сынау» «Правдадағы» атышулы мақалаға байланысты болды, онда «ол ОК Бюросы мәжілісінде, Садуақасовты негізсіз ғайбаттағаны үшін, республикалық «Казахстанская правда» газеті редакторының орынбасарын, ашықтан-ашық сөгіп салғандығы және бұрын партиядан шығарылып, кейінннен қайтадан қабылданған Ұ.Д.Құлымбетовке партия билетін қайтарып беруді талап еткені үшін айыпталады. «Төменнеу сынау» да осы мақаланы талқылауға байланысты туындайды. Алматы қаласының Фрунзе аудандық партия ұйымындағы аталған мақаланы талқылаушылар «…Мирзоянның «Правданың редакциясын ғайбаттағаны анық болып тұр, БК(б)П ОК органы сын мақала жазады ал Қазақстанның ОК өзінің шешімдерінде оған пысқырмайды да»…. Мирзоян мен Нүрпейісов неге жазаланбай қалды? Ары қарай «ОК Мирзоян мен Нүрпейісов істері жөнінде не айтты, шешімдердегі өзара сын өте мардымсыз» [309]. Берілген архивтік мәліметтерде Л.Мирзоянның позициясы сырт қарағанда қарама-қайшылықтағыдай көрінеді. Өзінің Батыс Қазақстанға шыққан өкілі, ҚК(б)П ОК басшы партия органдары бөлімі бастығының орынбасары П.Н.Гуляевқа ол: «…Теңіз, Казталов, Шынғырлау, Жәнібек және басқа да аукомдардағы хатшыларды партиядан шығару жөніндегі мәселені қайта қарап… облыстағы осы хатшыларға байланысты материалдарды толық тексеріп шығуды» тапсырды [310]. Мұндағы мақсаты аталған партия қызметкерлерін репрессиялық іс-шаралардан аман алып қалу болса керек. Бұл 1937 жылдың 2 қарашасы болатын. Осыған дейін аталған жылдың 26 қазанында Мирзоян ОК пленумындағы баяндамасында: Бюроның ҚК(б) П ОК құрамынан Д.Садуақасовты (Алматы ОК мен ҚК-нің бірінші хатшысы, ату жазасына кесілген) К.Тәштитовты (БКЛЖО Қазөлкекомының бірінші хатшысы, ату жазасына кесілген) І.Құрамысовты (ҚазКСР Мемжоспары төрағасының орынбасары, ату жазасына келген) халық жаулары ретінде шығарып, олардың ісін ІІХК
150 органдарына беру туралы ұсынысын мақұлдайтындығын білдіреді. Ары қарай ОК-тің он бір мүшесінің аты аталады,олардың қатарында обком мен аукомның бірінші хатшылары, облаткомның төрағалары ,ОК бөлім меңгерушілері және обкомның жауапты қызметкерлері болды. Олардың бәрі репрессияға ұшырап кетті,ондай зұлматтан Л.Мирзоян қорғауға тырысқан Батыс Қазақстан облысының аталған хатшылары да аман қалмады [311]. Көрсетілген фактілер, тіпті республиканың жоғарғы партия басшылығының өзі де «жоғарыдан және төменнен сынауға» қарсы тұра алмағандығын көрсетеді. «Қолынан келіп қонышынан басу» өз қалауы бойынша жұмыс істеп, ешкімге бағынбаған ІІХК органдарының ғана қолынан келе алды. Соның өзінде де аталған билік секторындағы іс-қимыл оңа қоймаған еді. Қазақ КСР–і ішкі істер Халкомы болып 1935-1938 жылдары жұмыс істеген Л.Б.Залин 1938 жылы репрессияға ұшырап, 1940 жылы атылды. Оны 1938 жылдың ақпанында ауыстырған С.Ф.Реденс республиканың жоғарғы партия және кеңес басшылығы мен обком, қалком мен ауком хатшыларын және облатком мен ауатком төрағаларын жоюды аятағанымен, сол жылдың соңына қарай өзі де репрессияға ұшырап тынды. Қазақстанның көптеген облыстары ІІХК басшыларының тағдыры да осындай болған еді. Соңында Л.Мирзоян Москваға шақырылып, артынан тұтқынға алынады және кейіннен ату жазасна кесіледі. Мирзоян 16 мамырда шақырылған болатын, артынша 1936 жылдың 23 мамырында «Казахстанская правдада» «Мирзояндық артельді» күстаналайтын кезекті мақалада - оны шпиондар, диверсанттар мен баскесерлер бандасы ретінде көрсетіп, мұның өзі мирзояндық артельге қатысты бұрынғы ҚК(б)П ОК басшы қызметкерлері мен обком хатшыларын халық жаулары ретінде әшкерлегеннен кейін белгілі болып отыр» [312], - делінген. Қорытынды сәт ретінде ОК Бюросының шешімімен БК(б)П ОК-нен «Мирзоян қаласын Жамбыл атына ауыстыру және ОҚО-ның Мирзоян ауданын Жамбыл ауданы етіп» қайта атау ұсынылады. (сұранылады). Бюроның бұл шешіміне ОК жаңа хатшысы Н.А.Скворцов қол қояды [313]. Республиканың жоғарғы эшелонындағы биліктің басқа да өкілдері– С.Н. Нүрпейісов, ҚК(б)П ОК – Қазөлкекомның екінші хатшысы ҚазОАК-нің төрағасы Ұ.Д. Құлымбетов, 1929жылдың ҚазКСР ХКК-нің төрағасы О.Ж.Исаевтар да ату жазасына кесілді.
151 Оңтүстік Қазақстандағы облыс және аудан деңгейіндегі жетекші кадрларға қарсы репрессиялар да дәл осылай жүрді. 1938 жылдың 5 қаңтарында Қызылорда облысы құрылып, тиісінше облыстық партия ұйымы да құрылған еді. Ондағы жағдай да осыған ұқсас болды. Айырмашылығы осы дүрбелеңге тартылған адамдар тобының облыстық және аудандық деңгейге сәйкестілігінде болса керек. Осылай Қызылорда облысының бірінші партия конференциясындағы сын тезіне қысқа уақытта облыстық партия ұйымын құрып үлгерген, енді бұрынғы болып қалған, обкомның бірінші хатшысы Қ.Ә.Әміров ілінді. Оның партиялық карьерасы айтарлықтай болып, алғашында 1935 жылдан ҚК(б)П Алматы обкомының ұйымдастыру – партия бөлімінің меңгерушілігінен бастаса, 1937 жылдың қыркүйегінен 1938 жылдың ақпанына дейін ол Қостанай обкомының хатшысы қызметінде болды, кейіннен аталған Қызылорда облысына бірінші хатшылыққа жіберілді, дегенмен мұнда да көп жұмыс істей қойған жоқ. Байқап қарасақ Қазақстанның түрлі түпкірлеріне қызмет бабымен қайта-қайта орын ауыстыруы белгілі мақсатта жүзеге асырылған сияқты. 34 жасында обком хатшысы болғанымен, оның ірі-ірі партия ұйымын басқаратындай шыңдалып бітпегені түсінікті. Сондықтан, республиканың партия басшылығы үнемі орнын ауыстыра отырып, оны ІІХК тарапынан болуы мүмкін соққылардан сақтауға тырысты ма деп те ойлайсың. Мәселенің мәнісі, оның Алматы ОК облыстық конференциясының есепті баяндамасында «саяси жағынан күдіктілердің, халық жауларымен байланыстағы адамдардың қатарына» жатқызылғандығы: Әміров, … ары қарай: «1937 жылғы аудандық конференцияларда обком хатшылары Садуақасов пен Юсуповтың бұйрықтары бойынша Әміров, Дәулетқалиев және басқа да осылардың өз адамдары конференция делегаттарының белсенді қарсылықтарына қарамай,обкомның беделін пайдаланып, ауком хатшылығына халық жаулары ретінде анықталған (белгілі) Қарамановты, Құрамысовты, Сұлтанғалиевті және басқаларын өткізеді» [314]. Олай болса Қ.Әміров Қызылордаға келмей тұрып-ақ «халық жауының қойған адамы» жағдайында болып, өзі де басқа «халық жауларының» қызметінің өсуіне жағдай жасаған болып шықты. Бұл айыптауларға қосымша партконференцияда мынадай да сөздер болды, онда облыста «…Әміров большевиктік жұмыс жүргізбей, оның орнына дұшпандық әрекеттер жасаумен болды». Баяндамашы Әбдрахманов «өзара сын» тұрғысында былай деп мәлімдейді: Мен большевик ретінде осының
152 бәріне біз жауаптымыз деп есептеймін. Біріншіден, біз осының бәрін болдырмай, кадр таңдау мәселесінде большевиктік қырағылық көрсетуіміз керек еді… Біз Әміровпен келіскеніміз жоқ, бірақ бізді мынадай жағдайға қойды: біз жоқта Әміров кадрлар таңдап, біз келгенде осы қызметкерлердің қайсібір ұйымдарға қызметке бекітілгенін растайтын Мирзоянның телеграммасын көрсетіп отырды. Әміров Қызылордада бірталай лаң жасап үлгерді, өзінің дұшпандық әрекеттерін жасаудан таймады. Оның «қаскүнемдіктерінің» нақты фактілері ретінде мыналар келтіріледі: «Жаңа - Қорған ауданы» … Әміров егін егу науқанының қызып тұрған кезінде келіп партияның АК мен оның бұрынғы хатшысы Ізбасаровқа каналды ашып колхозшыларға су беруін ұсынады, түсініксізі – колхоз егісіне ме әлде колхозшылардың үй маңыныдағы телімдеріне ме, қандай болғанда да колхозшылар бұл суды қабылдауға дайын болмай шықты… нәтижесінде «дамба (бөгет) бұзылып кетіп 10-12 күндей су бейберекет ағып даланы суғарды, егістіктер сусыз қалды…барлығы 120га дәнді дақыл күйіп кетті» [315]. Келесі мысал ретінде жергілікті МТС басшылығының тракторларды орынсыз пайдаланғандығы айтылады. Қазір әшкереленіп отырған механиктің тапсырмасы бойынша, Әміровтың рұқсатымен 54 трактор, олар тіпті де керексіз жерге жіберіледі . Бұл тракторлар онда бірнеше тәулік бойы босқа қаңтарылып тұрды, есесіне осы уақытта басқа жерлердегі егін егу уақыты өтіп кеткен еді». Барынша ыждаһаттылықпен берілген архив құжаттарындағы бұл цитаталар бірқатар сәттерді көрсетіп тұрғандай. Бірінші хатшының қандай бір болмасын қызметкерді тағайындауында тұрған ешқандай «дұшпандық» жоқ және болуы да мүмкін емес, бұл оның тікелей құзырындағы тірлік, оған өзі жауапты. Ал, «бөгеттің бұзылып» және «тракторлардың тоқтап қалуына» келсек, бұл ауыл шаруашылығы өндіріс циклының жауапты сәттерінде – бұл жерде егін егу науқанында, болмай қоймайтын күнделікті (дағдылы) шаруашылықтағы келеңсіздіктерге көбірек келетін сияқты. Мәселе басқада болып тұрғандай, яғни мұнда «басынан бақайшығына дейін» («принцип снежного кома») принципі нақты көрініс тауып «халық жаулары» бір арқанға көгенделген – Мирзоян, одан кейін Әміров, ары қарай Ізбасаров және ары қарай бұл жердегі бізге мәлімсіз МТС- тің механигі және мүмкін сол сәтте тракторы бұзылған қатардағы трактористердің біреуі. Осылай репрессияның «доңғалағына» Әміров тағайындаған барлық ауком хатшылары, МТС директорлары және тағы да басқа адамдар ілігіп, олардың саны біртіндеп көбейе берді. Жекелей алғанда Қ.Әміровтың тағдыры басқаларына қарағанда «дұрысырақ» болды. Репрессияланып, яғни 1938 жылдың мамырында тұтқындалып
153 одан 1946 жылы арнайы қонысқа (спецпоселение) көшіріледі, онда 1954 жылға дейін болып, сол жылдың қарашасында ақталып шығады (реабилитацияланды). Осы тұрғыда, жоғарыда аттары аталып өткен, репрессияға ұшыраған оңтүстік өңірдің бірінші партиялық басшылары Ә.І.Досов, Б.Манкин (ОҚО обкомының бірінші хатшылары) және Қ.Ә.Әміровтердің (Қызылорда обкомының бірінші хатшысы) тағдырларының ұқсас болғандығына мән беруге болады. Әбілқайыр Досов (1899-1938) Ақмола облысында туып өскен, кеңестік қызметке араласқаннан кейін, 1936 жылдың қазанында ОҚ ОК-не хатшылыққа жіберіледі. Көп ұзамай-ақ, 1937 жылдың мамырында ол партияның ОК мен Шымкент ҚК-ның бірінші хатшысы қызметіне жоғарылайды. 1937 жылдың 28 қарашасында тұтқындалып, келесі жылдың наурызында ату жазасына кесіледі. Қарап тұрсақ оның өңірдегі басшылық қызметі бір ғана жылдың аумағы.Оның саяси карьерасының үзілуіне, бұған дейін ол Семей және Ақтөбе обкомдарының хатшысы болып жұмыс істеген еді, партиялық баспасөз «үлесін» аямай – ақ қосты [96, 69-б.]. Осылай «Правданың» меншікті тілшісі К.Пухов деген бас редактор Мехлиске хат жазып, онда « Досовтың барып тұрған буржуазиялық ұлтшыл екендігі анық… Досов өзінің маңына Саибов сияқты(Сайрам Аупарткомыныің бірінші хатшысы. Еск.авт.) ұлтшылдарды жинап алған, сөйтіп оларды қорғап, қызметтерін өсіреді, ал партияға шын берілген адал қызметкерледі қудалап, күн көрсетпейді. Досовтың дұшпандық іс-әрекетін тек соқыр ғана көрмеуі мүмкін, – делінген. Орталықтан жіберілген тілшінің саяси сөз тасуға көбірек ұқсайтын бұл хаты Ә.Досовты тұтқындаудан екі апта бұрын жіберілген еді. Досов пен Қ.Әміровтың биографиялары көп жағынан ұқсас болды. Екеуі жас шағынан шамалас, республиканың билік тұтқаларына қолдары тез жетіп, түрлі қызметтер атқарды. Әміров бірінші хатшылық қызметте жылға жетпейтін уақыт қана болды. Оған да халық жауларын басшылық қызметке тартқандығына байланысты кінә тағылды. Б.Манкиннің тағдыры да осы іспеттес болды. Облыстың бірінші басшыларына қарсы репрессиялар, ойластырылғандай, төменгі деңгейдегі кадрларға да қолданылуға ұласты. Осылай басқарушы партия органдары бөлімінің меңгерушісі П.Т.Бидуля мен осы қызметте оны ауыстырған А.Т.Жолдыбаевтың да қызметтегі өмір жолы тым қысқа болды. Алғашқысы аталған жұмыста небары 1,5 жылдай қызмет атқарып, Оңтүстік Қазақстан сотының
154 арнайы коллегиясының шешімен 25 жылға сотталып, мерзімі аяқталмай дүние салса, соңғысы осы жұмысқа 1937 жыдың мамырында кірісіп, сол жылдың 15 қыркүйегінде тұтқындалады және кейіннен ең жоғарғы жазаға кесіледі [316, 282]. Олай болса басқарушы партия органдары бөлімін де «репрессиялық қауіпті» болды деп есептеуге негіз бар. Дәл осындай қауіпті қызметтердің бірі ретінде облыстық жер басқармасы бастығының орнын айтуға болады – ол жоғарыда аталған Ғ.Х.Бөкейхановтың 1937 жылдың тамызына дейінгі соңғы жұмыс орны болса, оны ауыстырған А.Ералин бұл қызметте бір ай ғана болып 30.10. 1937 жылы репрессияға ұшырап кетті [317]. Облыстық маштабтағы қызметкерлердің қайғылы тізімінде облыстық жер басқармасының бастығы А. Ералин, (30.10.37 тұтқындалған.) обкомның ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі А.Р.Грушицын, ОҚО облыстық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі Е.Әбділахатов, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакторы Р.Жаманқұлов және т.б. бар еді [86, 274]. Жоғарыда аталған және басқа да обком және қалком хатшыларының қызметтерінде ұзақ уақыт болмауы, олардың ұйымдастырушылық қабілетінің ашылуына және өз облыстары мен қалаларындағы партия белсенділерімен жақын танысуына мүмкіндік бермеді. Бұдан шығатыны оларға өзінің қызметінің өскені үшін борышты аудандық деңгейдегі белсенділер мен басқа да қолдаушылардың болмайтындығы еді. Сондықтан да обкомның пленумы мен бюросында бірінші хатшыны орнынан алу оңай шаруа болатын. 1937-1938 жылдар жалпы алғанда экономикалық дамудың маңызды мәселелерін шешу кезеңі болатын - қорғанысты күшейту, елдің әлеуметтік инфрақұрылымын құру, осының бәрі аяқталып келе жатқан екінші бесжылдық пен басталып келе жатқан үшінші бесжылдықтың еншісінде еді. Ауыл шаруашылығында күрделі мәселелер шешіліп жатты. Мұндай жағдайда әртүрлі деңгейдегі партия кадрларын дамылсыз ауыстыру бір ғана нәрсені білдірді- оларға өзіндік «саяси локомотив» ролі беріліп, келуінен кетуінің тез болуы, аймақтардағы партия және шаруашылық активтерін үнемі үріктіріп қойды, сондықтан да соңғылары өз қызмет салаларында жоғарғы көрсеткіштерге жету үшін барын салатын. Осылай, Оңтүстік Қазақстан облысындағы жауапқа тартылған 560 коммунистің ішінде 58-і облыстық мекемелердің басшылары мен жауапты қызметкерлері болды. Оның 36 – сы ату жазасына кесілді [88, 117-б.]. Олардың ішінде
155 жоғарыда аттары аталынған А.Ы.Досов, В.Е.Случак, Б.С.Ержанов, А.Ф.Грушицын, П.И.Грехнев, Р.Жаманқұлов және т.б бар еді. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды мұқият шолу, мынадай жағдайлардың бетін ашатындай. Біріншіден, облыстық деңгейдегі партия және кеңес кадрларының репрессияға ұшырауы аудандық деңгейдегі осындай кадрлардың келісімінсіз жүзеге аспаған еді, бұл әртүрлі әдістермен, мәселен «сын және қатал түрде талап етілген өзара сын» арқылы жүзеге асырылды, мұның өзі барынша бейбастақ, заңдылыққа пысқырмаған іс-шараларды легитимдендірудің (заңдастырудың) бір түрі болатын. Екіншіден, бұған қарсы тұру да мүмкін емес еді, себебі билік тұтқасындағылар өз дегендерін болдыру үшін ештеңеден аянған жоқ, ар алдында жауап беру, адамгершіліктен аттамау, имандылық мәселелері, қаскүнемдік жолына түскендердің ойына да кіріп шықпады. Үшіншіден, қолданылған әдістер қанқұйлылығымен ерекшеленіп, жазалаушы органдардың қолына түскен бейбақтар бір кеткеннен мол кетіп - не атылды, немесе ұзақ уақытқа қамалып, көбінесе түрмелерде жан тапсырды. Сондықтан да олардан еш сыбыс болмай, былайғы жұрт онда не болып, не қойғанынан бейхабар болды. Төртіншіден, айыптауларға көбінесе мал шаруашылығын-дағылардың, мақташылардың, егін шаруашылығындағылардың және аздап жандана бастаған дін адамдарының ұрынатынына мән беруге болады. Мұның себебін, соңғыларын есепке алмағанда, аталған салалардың ауыл шаруашылығындағы маңыздылығына байланысты түсіндіруге болады - сондықтан да ондағы көптеген объективтік факторларға байланысты болмай тұрмайтын келеңсіздіктердің орын алуы әбден мүмкін еді, міне осы қателіктер тырп еткізбей айыптау үшін жетіп жатты. Әрине, репрессия қылбұрауының аталған топтан басқаларды да жайпағаны белгілі. Тағы бір айта кетерлік жәйт, тек қана «қылмыс» істегендер ғана сотталған жоқ. Олардың от басы мүшелері де айыпты деп есептеліп, лагерлерден орын алды. «Отанын сатқандардың» от басы мүшелері отағаларымен бірге қасірет тартты. 3.2. Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында қалалар мен аудандар деңгейіндегі жүзеге асырылған саяси репрессиялар
156 Осыншама қатал түрде жүргізіліп жатқан іс –шаралар БК(б)П ОК –гі сталиндік топқа бәрібір мардымсыз болып көрінді, сондықтан өңірлердегі партия және кеңес басшыларын саяси дискредитациялау, өз кезегінде ортаңғы және төменгі деңгейдегі билік басындағыларды жаппай жазалауға ұласқан еді. Саяси репрессияларды жүргізу механизмін теңселмелі маятник түрінде болды десек, оның бір шетінде республикалық орталық, траекториялық қозғалыстың орта бөлігінде- облыс орталығы, ал келесі шеткі нүктесінде қалалар мен аудандар болғандығы анық. Республика территориясында жаңа облыстар құрылып, жаңа аудандардың саны өскен кезде, Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында 19, ал Қызылорда облысының құрамында 8 аудан болған еді [3, 22-23бб.]. Соғыс алдындағы бесжылдықтарда жаңа өнеркәсіп орындары, колхоздар, МТС-тер мен совхоздар құрылып жатты. Осыған сәйкес әлеуметтік және өнеркәсіптік инфрақұрылымның да жетіле түсуі облыс экономикасындағы қалалар мен аудандардың маңызын арттыра түсті. Қалалық және аудандық деңгейдегі партия және кеңес кадрлары, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы мекемелерінің басшылары, өздерінің республиканың саяси өміріндегі маңызын біртіндеп арттыра түскен еді, оларды қалыптасқан тәртіпке байланысты Қазақстан К(б)П ОК ғана қызметке қоятын немесе бекітетін. Оның үстіне, теңселмелі маятник ұғымына сәйкес, саяси қудалаулар орталықтың бастамашылығымен аудандар мен мекемелерде жүргізілсе, оның орталыққа байланысты да қайтарылымы болып, кейбір репрессиялық акциялар аудандарда туындап, одан облыс орталығына жетіп, тіпті соңында орталықтағы саяси күштердің орналасуына да өз әсерін тигізе алатын. Партия иерархиясы баспалдақтарымен көтерілу дәстүріне сәйкес, партия басшылары өз карьераларында партиялық биліктің аудандық деңгейін аттап кете алған жоқ, сондықтан да осы аудандарда өз жақтастарын, өздері қызметке қойған адамдарын, сонымен қатар қарсыластарын да қалдырып кеткен еді. Аукомдар мен ауаткомдардың партия және кеңес билігі органдарындағы ерекше маңыздылығы - олардың халықпен қоян-қолтық араласып, қажетті жағдайда оларға нақты әсер ете алатындағында болатын. Олар орталықта қалыптасқан саясатты жүзеге асыруда соңғы буынның ролін атқарды. Репрессиялық саясатты жүргізу барысындағы партия және кеңес номенклатурасын жаппай тазалау науқанында, барлық дерліктей ауком хатшылары мен ауатком төрағаларының көпшілігі ІІХК органдарының құрығына түсті. Осылай, 1938 жылдың 31 наурызындағы, яғни жаппай
157 репрессиялар әлі жалғасып жатқан кездегі «ҚК(б)П аукомдары мен қалкомдарының коммунистерге берген партия құжаттарына халық жаулары болып кеткен адамдардың қолдары қойылғандығы» туралы архив материалында 70-тен астам ауком хатшыларының фамилиялары бар. Олардың ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қызылорда облысынан 14 фамилия кездеседі [318]. Жалпы аудандар санына қатысты алсақ (19 аудан) репрессияланғандардың пайыздық үлесі 73,2% -ды құрайды. Аудандық деңгейдегі кадрлерге қарсы репрессиялар «стандартты» – «буржуазиялық ұлтшыл», «қаскүнемдікпен шұғылданды», «сын мен өзара сынды тұқыртты» деген айыптауларға қосымша «бүгінде әшкереленген халық жауымен байланыста болды» немесе «халық жауының қойған адамы» деу негізінде қылмыстық іс қозғауға ұласты. Соңғы айыптаулар сол уақыттағы кейбір құжаттарда жетекші партия органдарына «өз» адамдарын тартудың дұшпандық әрекеттері» ретінде көрсетілді [319]. Тиісінше, егер обком хатшыларына олардың жаңа ауком хатшыларына ұсынуына байланысты айыптаулар табылып жатса, соңғылары дәл осындай кепті ауатком төрағалары мен өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы басшыларын тағайындағаны үшін кешті. Сондықтан да аудандық деңгейдегілерге «халық жауы ретінде» әшкерелену қаупі «жоғарыдан» да, сол сияқты « төменнен» де төніп тұрған еді. Жоғарыда келтірілген Алматы обкомы облыстық конференциясындағы есепті баяндамадан келтірілген цитатада, осы мәселедегі республика бойынша жағдай былай сипатталады: «Обкомға әбден кірігіп алған халық жаулары, ауком хатшылығы мен аудандағы басшылық жұмыстарға халық жаулары мен кез-келген күдікті, тексерілмеген адамдарды қоюмен келді. Әсіресе қатты былғанғаны аукомның бірінші хатшысының орны болды [320]. Л.И.Мирзоян ОҚО Қ(б)П-ның Қарсақбай АК-не жеделхатында «ұлтшылдығы үшін» айыптаулар фактілерімен мұқият танысып, тексеріп шығуды тапсырды [321]. Осындай аудандық деңгейдегі кадрлерді мұқият «тексерудің» нәтижесі 1937 жылдың 3-10 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қабылданған «ҚК(б)П ОК бюросының партия және кеңес органдарының басшы қызметкерлерін жұмыстан шығару жөніндегі шешімінде» анық көрінген еді. «… 12п. Қожахметовты Ұлттар Кеңесіне сайлау жөніндегі Түркістан аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен және А. Избановты аймақтың сайлау комиссиясының орынбасарлығы қызметінен босату.
158 22п. Байшораевты Қазалы МТС-інің директорлығы жұмысынан босату. 23п. Бекмұратовты Оңтүстік Қазақстан облысының Шарнақ МТС-і директорының саяси бөлімі жөніндегі орынбасарлығынан алу. 31п.Әбдіразақовты Оңтүстік Қазақстан облысы №49 ат зауыты директорлығынан босату. 36п. Оңтүстік Қазақстан обкомы К(б)П –ның А.Избановты Түркістан К(б)П-ның хатшылығы қызметінен алу туралы ұсынысын қабылдау. 37п. Оңтүстік Қазақстан обкомы К(б)П-ның Н.Данияровты Сарысу аукомының хатшылығы қызметінен алу туралы ұсынысын қабылдау … 38п. Оңтүстік Қазақстан обкомының… С.Баймахановты Мирзоян аукомы ҚК(б)П хатшылығынан алу туралы ұсынысы қабылдансын [322]. Осылай, аудандық комитет хатшылары мен аудандық шаруашылық қызметкерлеріне қарсы қолданылған репрессиялардың, ОК Бюросының қаулысы негізінде жүзеге асырылуы кездесіп тұратын. Әйтсе де бастамашылардың басқа да түрдегілері бар болатын. КазТАГ-тың облыстық бөлімшесі, күні қойылмаған, бірақ аталған ОК Бюросы шешімінен бұрын болса керек, «Комсомолдар халық жауларын әшкереледі» деген хабарламасында «Сарысу ауданының комсомол ұйымы өз қатарларын халық жаулары – ұлтшыл – фашистер мен троцкистік – бухариндік сатқындардан» тазарту үшін күресуде, - [323] дей келе ары қарай ауаткомның бұрынғы хатшысы Дүйсенбековтың және аудандық «Астық дайындау» («Заготзерно») мекемесінің (кеңсесінің) меңгерушісі Оралбековтың «әшкереленгендігі» туралы айтады. Аталған адамдар – комсомолдар, ал оларды ауаткомның бастауыш комсомол ұйымының жиналысында әшкерелеп отыр. Оларды осы уақытқа дейін «әшкереленіп қойған» Сәдуақасовпен байланыста болғансыңдар деп кінәлайды. Бұл арада «…ҚК(б)П Сарысу аукомының хатшысы Данияровтың осы халық жауларының Сәдуақасовпен байланысты екендігін біле тұра үндемегендігі» айтылады. Алматыға барған кезінде Данияров Садуақасовпен кездесіп, оған Дүйсенбековтың жазған хатын көрсетеді. Комсомолдар өз сөздерінде ауком хатшысы Данияровтың таптық қырағылық танытпай ұлтшыл-фашистік элементтерді әшкерелеуге күш салмағандығын атап өткен. Әлі күнге дейін Сарысу ауаткомы төрағасының орынбасары болып халық жауы Сапарбековтың баласы (ҚК(б)П БҚО обкомының 1937 жылдың қазанына дейінгі бірінші хатшысы - еск.авт.) жұмыс істеп келеді. Данияровтың өзі … Дүйсенбековтың көмегіне сүйенген. Дүйсенбековтың Сәдуақасовтан сұрануы бойынша Данияров Шаян ауданына жұмысқа жіберіліп тұрған жерінен, Сарысу аукомының хатшысы қызметінде қалдырылды».
159 Осылай АК хатшысы Данияровқа «қырағылықты жойғаны», «халық жауларымен байланыста болғаны» және, «халық жаулары қойған адаммен» байланыстылығы үшін айыптар тағылады. Бұл саяси айыптаулардың кез-келгені оңай қауіп емес еді, ал басы біріге келе көздегенін құрдымға жіберетіндігі анық болатын. Қорытындысында, Нұрыш Данияров (1899-1938ж.ж.) Солтүстік Қазақстан облысының қазағы, 1934-1937ж.ж. ОҚО ҚК(б)П Сарысу АК хатшысы болған, 19.02.1938 жылы КСРО Жоғарғы сотының әскери коллегиясының шешімімен ату жазасына кесіледі [86, б. 275]. ОК Бюросының Қаулысында Красноводскіде (Түркменстан) туып өскен, 1936 жылдан Түркістан АК хатшысы болған Избанов Аққозы (1905-1938ж.ж.) туралы екі мәрте айтылады. Түркістан АК 1937ж. 2 қарашасындағы бюро мәжілісінде оны ІІХК органдарының тұқындағаны туралы хабарланады. Қабылданған қаулыда А.Избановты бюро құрамынан шығарып, «халық жауы және ұлтшыл-фашист» ретінде партиядан да қуады. Бұған дейін-ақ ОҚО облыстық партия комитеті бюросы 1936 ж. 29 қазанында ҚК(б)П Түркістан аукомының «бірінші хатшысы Избановты ҚК(б)П қатарынан партия және халық жауы ретінде шығару және жұмысынан босату» [324] туралы қаулысын шығарып қойған болатын. Осылай, 29 қазан мен 3 қарашаның аралығында, нәйеті 6 күннің ішінде партияның барлық инстанциясы 32 жасар партия функционерінің жұмысын жапа-тармағай қорытындылайды. Ол 30 қазан күні тұтқындалып, 1938 жылдың 19 ақпанында ату жазасына кесіледі. Кейіннен, республика Компартиясының 2-съезіндегі есепті баяндама материалдарында Избанов тағы да жамандалады: Түркістан партия ұйымында бұрынғы ауком хатшысы, халық жауы Избанов өзіне коммунистерді шақырып алып, оларға адал коммунистерді партиядан шығару мақсатында, олардың үстінен жала жабуды тапсырады. Осылай халықтық тергеуші Қорысбаевқа ол Балтабаевтың үстінен материалдар жинап, оны соттатып жіберуді ұсынады. Қорысбаев мұндай дұшпандық тапсырманы орындаудан бас тартқаннан кейін, Избанов Қорысбаевтың өзіне жала жабады, сөйтіп оны партиядан шығарып, сотқа жауапкершілікке тарттырады. Тек БК(б)П ОК қаңтар пленумынан кейін ғана облсот Қорысбаевты ақтап шығады, ал Түркістан аукомы оны партияға қайта қабылдайды» [325]. Осылай, имансыздықтың бел алғаны соншалық, сол уақыттың талабына сәйкес, қайтыс болған адамды да қаралау болып жатты. Сонымен қатар орталық көздеген кез-келген бағытты қос қолдап қолдаған жергілікті жандайшаптардың да қатары көбеймесе, азая қойған жоқ.
160 Басқа аудандардағы осындай жағдайлардың өзіндік ерекшеліктері болғанымен, жалпы алғанда бәрі де ортақ сценарий бойынша жүріп жатты. Жоғарыда аталып өткен Келес ауданының ауатком төрағасы Б.Ержановтың тағдырына байланысты мәліметтер осы аудандағы біраз мәселенің бетін ашып бергендей. Ержановтың жауаптары негізінде ОҚО туып-өскен, 1935жылдан ҚК(б)П Келес АК бірінші хатшысы болған Оспанов Садуақас (1898-1938ж.ж) та репрессияға ұшырап кетеді [326]. Оның, партияның бағытын қатаң ұстанғаны, айта кетер болсақ, контрреволюционер, ұлтшыл-алашордалық Жылқайдаровпен үнемі тығыз байланыста болып, саяси сөзбұйдалар өрбіткені үшін, Келес ауданының прокуроры С.Ысмайловты БК(б)П қатарынан шығартқандығы, обкомнан аудандық прокурорды орнынан алу туралы өтініші [327] және осы сияқты басқа да еңбектері, әрине әдірем қалды. Оспанов 1937 жылы тамызда тұтқынға алынып, 1938 жылы ақпанда атылып кетті [328]. Ержановты күштеу арқылы алынған жауапқа байланысты Келес ауданы бойынша репрессияға ұшыраған тағы бір мұңдар Келес МТС-інің директоры А.Қарлыбаев (1900-1938ж.)болды. Ол КСРО Жоғарғы Соты Әскери коллегиясының шешімімен 1938 жылы ақпанында ату жазасына кесілді. Аталған МТС, ауданда алдыңғы қатардан көріне қоймаса керек, себебі Қарлыбаевтың алдында 1935 жылдан директор болып жұмыс істеген Д.М.Бесединге де бұл соңғы жұмыс орны болған еді; ол да 1938 ж. ақпанында ең жоғарғы жазаға тартылған болатын [86, б. 269,284]. Ержановтың ісі бойынша жүрген Келес МТС-і саяси бөлімі бастығының орынбасары И.Палманов (1900-1938ж.ж.) та 1937 жылдың қазанында тұтқындалып, 20.02.1938ж.КСРО Жоғарғы Сотының жылжымалы сессиясының шешімімен ату жазасына кесілді [86, б.297]. Репрессиялық шараларды жүзеге асыру барысында қойқаптағы істер де қозғалынып, мұның өзі қатал үкімдер шығаруға негіз болды. 1937ж. 3-4 қарашасында ҚК(б)П Бостандық АК бюро мәжілісінде аудан ауаткомының төрағасы Қаюповтың мәселесі қаралды. Бюрода қабылданған қаулыда былай делінген: «Ауком бюросы Е.Қаюповтың үстінен келіп түскен материалдарды қарастыра отырып, оның 1930ж. 28 наурызында Қандайлық ауылындағы көтерілістің ұйымдастыру-шысы болғандығын толық дәлелді деп есептейді…. Ауком бюросы Ешболат Қаюповтың Қандайлықта өкіл болып жүрген кезінде колхозшылардың сұрағына антикеңестік жауаптар беріп сөз сөйлегенін, жекелей алғанда, колхозшылардың қолдағы бар дәнді астық себуге тұқым ретінде алып қойса нан мәселесі не болады деген сұрақтарына, Қаюпов: « Мемлекетте ештеңе жоқ, жоңышқа мен
161 шөп жейсіңдер, не десеңдер де сендердегі барды аламыз» деп жауап берген. Ары қарай «Мұндай контрреволюциялық сөзден кейін, дұшпандар-кулактар мен ұлтшыл бай элементтер Қаюповпен байланысып және ұйымдаса отырып көтеріліске шығады және ауылкеңес төрағасы Насыров Тұрдыбайды, ауылкеңес хатшысы Төлебаев Мұратты және ауыл белсендісі Ташовтарды өлтіреді. Көтеріліске дейін Қаюпов бірнеше күндей ауыл белсенділерін қырып салған топтың басшысы Мырхадиев Миршадидің үйінде тұрған. Көтеріліс кезінде және одан кейін Қаюпов Қандайлықтағы кулактардың үйінде жасырынған». Әрине, ұжымдастырудың алғашқы кезеңі жағдайында осыған ұқсас мазмұндағы көтерілістер мен ауыл белсенділерін жазалау фактілері болуы түсінікті. Әйтсе де мұндай мәселелер аукомның бюросында шешілмеу керек болатын - дәлелдеу, куәлар тарту және басқа да осыған ұқсас тірліктер партия органы айналысатын іс емес еді. Қаулының қорытынды бөлімі 1937 жылдың ызғарына сәйкес реттеліп онда: Ауком бюросы Қаюпов Ешболатты Қандайлықтағы көтерілістің ұйымдастырушысы ретінде, Абдыразақовтың (Қожановшылдық) ұйымындағы бұрынғы контрреволюциялық ұлтшыл топтың белсенді мүшесі ретінде партиядан шығарып, АК пленумының құрамынан алып тастауды және жұмысынан кетіруді қажет деп есептейді,- [329] делінген. ОҚО обкомы бюросының 25.12.1937 жылғы осыған байланысты қаулысы Бостандық аукомының Е.Қаюповты Бостандық ауаткомы төрағасы қызметініен босату және ҚК(б)П қатарынан шығару туралы шешімін бекітеді. Мұның өзі Е.Қаюповтың талқаны таусылар күннің жақын екендігінің белгісі болатын. Аталған оқиғалармен қатар аудандарда «ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптегі салалық тәнтілігіне» байланысты сот процестері жүріп жатты. Осылай Қазақстан Компартиясының ОК Бюросы екі рет- 1937 жылдың 10 қыркүйегі мен сол жылдың 3 қазанында мал шаруашылығы саласында көрсетілімді процестер өткізілуін ұсынды. ІІХК органдары мен республика прокуратурасына және партияның облыстық комитеттеріне «... мал шаруашылығы саласында, әсіресе ветеринария мен зоотехника жағынан қаскүнемдердің үстінен көрсетілімді процес үшін кем дегенде әр облыстан бір іс дайындау» тапсырылды. Партияның облыстық комитеттері мен облаткомдарға сот құрамы мен мемлекеттік айыптауларды тыңғылықты дайындап, көрсетілімді процестердің тез ұйымдастырылуын қамтамасыз ету ұсынылсын. Процеске колхозшылар көптеп қатыстырылсын.
162 Облыстық және аудандық газеттерге осы көрсетілімді процестерді кең түрде жариялап … осы процестер бойынша шығарылған үкімдерді және ол үкімдердің кейіннен қалай орындалғаны туралы толық көрсету тапсырылсын [330]. Бұл қаулылардың репрессиялық бағыт- бағдарлары анық-ақ көрініп тұр. Сонымен қатар республикадағы негізгі сала ретінде ауыл шаруашылығының таңдап алынуы осы саладағы істің оңбай тұрғандығын көрсеткендей. Бұрындары болып, әлі де жалғасып келе жатқан малдардың жаппай қырылуы, олардың әр түрлі аурулардан дер кезінде емделмеуі, міне осының бәрі ветеринарлық және зоотехникалық қызметтерді жаңа деңгейге көтеруді міндеттеді. Тек осындай игі мақсатқа жетудің жолының қанқұйлы болғандығы, әрине, жан түршіктіреді. Облыстық жер басқармасының ветеринарлық бөліміндегі мал шаруашылығына зиянкестік жасап келген контрреволюциялық троцкистік ұлтшыл-фашистік ұйымының ісі облыстық қазақ театрындағы ашық көрсетілімді процесте қаралған еді. Сотталғандар 9 адам болды – Есенгелдин, аға ветеринар Чабанов, ветқойма бастығының орынбасары Данилов, облтұқымдайындау кеңсесінің бастығы Сағындықов, Шымкент ветбаклабараториясының меңгерушісі - Сверидов, Арыс аудандық жер басқармасының ветдәрігері - Данильченко, Қостанай облмал өнімдерін дайындау кеңсесінің ветдәрігері Зверев және Арыс аудандық жер басқармасының ветфельшері Косяков. Барлығы 9 адам, әрине бәрі де жұмысынан кетірілгендер. Берілген құжатта « КСРО Жоғарғы сотының арнайы коллегиясының» жылжымалы сессиясының құрамы, айыптаушылар мен қорғаушылардың аттары көрсетілген. Ары қарай ОблКазТАГ – тың хабарламасында барлық айыпталушылардың өз кінәларын мойындағандығы айтылады, яғни: «Конттреволюциялық қаскүнемдік іс - әрекеттер жасап, осы арқылы жаппай жұқпалы ауруларды - сібір жарасы, бруцеллез, оба,топалаң және басқаларын ауыздықтай алмағандығын, сонымен қатар ветсанитарлық тазалауды қаскүнемдікпен дұрыс жолға қоймағандарын, малдары жұқпалы аурумен ауырған аудандарды биопрепараттар мен дезоқұралдармен нашар қамтамасыз еткендіктерін, эпизоотия (мал ауруы) ошақтарының пайда болғандығы туралы дабылды жасырғандығын және т.б.» [331]. Барлық келтірілген айыптаулардың, тек «контрреволюциялық қаскүнемдік» пен әдейі ауру тарату дегені болмаса, күнделікті тіршілікте орын алуы мүмкін, ондай мал ауруларының ошақтары бүгінгі күндері де орын алып жатады емес пе?
163 Процестің қорытынды бөлігі туралы ОблҚазТАГ-тың хабарламасында: «Енді, алты күндік процестен кейін, айыптаулардың үдей түскені», - айтылады «… КСРО-да қалыптасқан құрылысты құлату, помещиктердің,капиталистердің және байлардың билігін қалпына келтіру, Қазақстанды КСРО-дан бөліп әкетіп оны империалистік мемлекеттердің отары ету» [332]. Бұған қосымша «колхоздардың, совхоздардың және колхозшылардың сау малын құртқандығы» туралы дәлелдер келтіріліп, аталған халық жауларының 17 мыңнан аса малдың басын құртқандығы айтылады. Айыптауларда сонымен қатар Бөкейхановтың да аты аталып, ол облыстағы контрреволюциялық троцкистік ұлтшыл-фашистік орталықтың басшысы ретінде, айыптаушыларға жетекшілік етті- міс, - делінген. Соңында 8 айыпталушы - Есенгелдин, Чебаков, Данилов, Сағындықов, Свиридов, Рогозин және Данильченко ең жоғарғы жазаға кесіледі. Косяковты 10 жылға бас бостандығынан айырып, қалған 5 жылын қадағалауда өткізу ұйғарылады. Осындай «әшкерелеу процестері» Шымкент қаласының басқа да мекемелерінде жүргізілген еді. Атап айтар болсақ: Шымкент қорғасын зауытындағы 1937 ж. 25-26 маусымында өткізілген ашық партия жиналысында «ІІХК органдары 22 маусымда тұтқындаған зауыттың бұрынғы директоры Шахмұратовтың қаскүнемдік істері «бітіспес дұшпандық» ретінде қаралып, оның «энергетикалық базаны, техника қауіпсіздігін сақтамағандығы, жұмысшыларға еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру мен мәдени - тұрмыстық қызмет көрсетудегі бүлдіргі әрекеттері қарастырылады. Айыптылардың қатарында зауыттың партком хатшысы Насибуллин мен директордың орынбасары Леснов, бұрынғы зауыт металлургы Казнин, бұрынғы цех бастығы Рыжовтар аталынып, сонымен қатар осылардың халық жаулары Шахмұратовпен (бұрынғы зауыт директоры), Таганскиймен (бұрынғы ҚК(б)П обком хатшысы) Пинхасикпен (ҚК(б)П Қазөлкекомының бұрынғы өнеркәсіп бөлімінің меңгерушісі) тығыз байланыста болғандығы күстаналады. Берілген фрагмент бір жағынан зауыт жұмысшыларына қарсы қолданылған репрессиялық іс-шаралардың ауқымдылығын көрсетсе, екінші жағынан аталған адамдарды контрреволюциялық ұйым ретінде көрсетуге жол ашып беретін еді. Шымкент қорғасын зауыты партия ұйымының шешімі негізінде қабылданған, ҚК (б) П Шымкент қалкомының шешіміне сәйкес жоғарыда аты аталған халық жауларының ісі ІІХК органдарына тапсырылады.
164 ОблҚазТАГ-тың «Облөнеркәсіподағын бөтендер мен бұзықтар басқаруда» деген атпен берілген тағы бір материалында халық жаулары ретінде Шымкент қаласының «Трудхимик», «Пищевик» және басқа да артель басшылары мен қызметкерлері әшкереленеді. Дозоров басқарған «Облөнеркәсіподағы» «қаскүнемдік басшылықтың» арқасында ештеңеден қаймықпай, өздеріне тапсырылған шаруашылықтарды талан-таражға салған. Соңғысы және оған жеті адам қосылып РКФСР ҚҚ 58-7статьясы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл статья бойынша мемлекеттік мүлікті талан-таражға түсіріп, сауда және кредиттік системадағы алаяқтығы үшін ату жазасына дейінгі қылмыстық іс қаралатын. ОблҚазТАГ-тың тағы бір материалы «облхалықтық есеп мекемесін халық жаулары мекен етіпті»деген тақырыпта беріліп, онда бұл мекемеде «…ұзақ уақыт халық жауы Лаумуллиннің жетекшілік еткені, оның ұлтшылдар тобында белсенді мүше болып, ұлтшыл-фашист Т.Рысқұловпен тығыз байланыста болғандығы» айтылады. Тағы басқа айыптауларда оның «…халық жауларының тапсырмасы бойынша өтірік статистикалық мәліметтер беріп», «…аппаратты бөтендермен былғағаны айыпталған. Оның ұйғарымы бойынша ұлтшыл Қожаевтың қайнағасы Сейдаллиннің, бұрынғы ақ офицер Кудрявцевтің жұмысқа алынғандығы анықталған. Соңында Лаумулиннің партиядан шығарылғандығы хабарланады [333]. Мирзоян қаласында Қазақстандық алғашқы журналисткоммунист Сабыр Айтқожиннің де қызметі доғарылды. 1936 жылы ол Мирзоян аудандық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі қызметіне келіп, 1937 жылдың 2 қазанында тұтқындалады, оған контрреволюциялық буржуазиялық- ұлтшыл ұйымға қатысқансың және мектеп құрылыстарын салу мен сауатсыздықты жоюға бағытталған іс-шараларды қаскөйлікпен бұздың, - деген айыптар тағылды. КСРО Жоғарғы Соты Әскери Коллегиясы С.Айтқожинді ату жазасына кесті. Репрессияға ұшырағандардың бірі 1919ж. партия мүшесі Шымкент қалаткомының төрағасы С.Кембаев (1897-1938) болды. Оған« Қожанов пен Рысқұловтың антипартиялық тобында» болдың, контрреволюциялық іс-қимылдар жасадың деген айыптар тағылды. Аудандық деңгейдегі басшыларға қарсы репрессиялар Мирзоян ауданында да орын алды. ҚК(б) П АК бірінші хатшысы С.Баймаханов (1903-1938) ол кезде репрессияға ұшырап кеткен бұрынғы ҚазКСР-інің білім халкомы Т.Жүргеновтың «қойған адамы» ретінде тұтқындалады,
165 ол шындығында 1933-37 ж.ж. білім халкомының орынбасары болып Жүргеновпен бірге жұмыс істеген еді. Жоғарғы соттың әскери коллегиясы 1938 жылдың ақпан-наурызында оны ату жазасына кесті. ОблҚазТАГ-тың хабарламасында «халық жауларын жасырушы Янсонның ҚК(б)П қатарынан шығарылғандығы» айтылып,ары қарай «… Янсонның партияның облыстық комитетінде Баймахановтың халық жауы Жүргеновпен байланысы туралы сөздерді ести тұра,оған тиісті дәрежеде мән бермеуі, ол туралы аукомның бюросына есеп бермегені… Янсонның Баймахановтың ірі байдың баласы екендігін, оның туысқандары банданың белсенді мүшелері болғандығын біле тұра, оған бұл туралы насихатшы Сейітов Баймахановтың мәселесі қаралған бюроға дейін айтса да, Янсон тіс жарып ештеңе демеген. Соңғы уақытқа дейін Янсон халық жаулары Айтқожин, Коломейцев, Савлук және басқаларын әшкерелемей, жасырып келген. ҚК(б)П ОК Бюросының қаулысында аты аталып өткен Мирзоян ауданы №49 ат зауытының директоры Ә.Абдыразақов та репрессияға ұшырап, оны ЖСӘК (жоғ. сот әске.колл.) 1938ж. 25 наурызында ату жазасына кеседі [86, 262]. Оңтүстік Қазақстан облаткомы президиуымының 1937ж. 4 қазанындағы қаулысына сәйкес, Мирзоян ауаткомының бұрынғы төрағасы Досымбаев халық жауы ретінде облатком пленумының құрамынан шығарылады [334]. Осылай 1937жылдың күзіне дейін Мирзоян ауданының бірінші басшылары түгел репрессия құрығына ілініп біткен болатын. Қысқа уақыттың ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының түлегі (1902-1938). 1919жылдан партия мүшесі, Шәуілдір ауданы ауаткомының төрағасы Б.Елеукеновтың да тағдыры шешілген еді. Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының қаулысы бойынша ол 1937 жылдың 3 тамызында тұтқынға алынады. Оған «қаскөйлік жасады, мемлекет мүліктерін ұрлады, сонымен қатар Кеңес үкіметін құлатып Жапонияның басқаруындағы қазақтың буржуазиялық мемлекетін құру мақсатында контрреволюциялық, буржуазиялық - ұлтшыл, оңшыл-троцкистік, террористік ұйымға мүше болды, яғни 58-7, 8, 11ст. көрсетілген қылмыстар» [335] жасады деген айыптар тағылды. 1938ж. 28 ақпанында Әскери коллегия оны «ату жазасына кесіп жоғарыда аталған статьялар бойынша оған тиісті дүние – мүлікті толық кәмпескеледі. Үкім дәл шығарылған күні орындалды. Арыс ауданы бойынша репрессияға ұшырағандар ішінде аудан және мекеме басшыларынан бөлек басқа да кіші-гірім жұмыс атқарғандар да аз болмаған еді. Солардың бірі Дауылов Қауыл,
166 1883жылғы, ұлты өзбек, шала сауатты, 1918жылдың наурызынан БК(б)П мүшесі, 1924-29ж.ж. қатардағы дихан, 1929-1932 жылдары колхоз төрағасы , кейіннен басқа бір колхозда басқарма мүшесі болған. Тұтқындалған кезде Ерназаров атындағы колхозда қатардағы колхозшы болатын. 1937 ж. 25 желтоқсанында ол Шымкент қалалық партия комитетінің шешімімен, партияның облыстық комитетінің ол шешімді мақұлдауымен колхоздағы қаскүнемдік жұмысы үшін партиядан шығарылған болатын. ОҚО бойын ІІХК басқармасы «үштігінің» шешімімен ол он жылға еңбекпен түзеу лагеріне айдалады. Оның бұрындары партиядағы мінсіз қызметі – РК(б)П Х съезінің делегаты (1921жылы - Кронштадта әскери коммунизм саясатына қарсы матростардың бас көтерген, «Коммунистерсіз Кеңестер үшін» қозғалысының кезі еді) Дауылов Қ съезд делегаты ретінде бүлікті басуға қатысуы әбден мүмкін, себебі съезд делегаттары толық құрамда Кронштадқа аттанған болатын. Бұған қосымша оның В.И.Ленинмен кездесіп, әңгімелескені белгілі. Сонымен қатар Сырдария облыстық партия ұйымының атынан Түркістан Компартиясының ІУ және УІІІ съездерінің делегаты да болған еді. Дауылов Қ «Қазақстанда Кеңестік үкіметті құлатып, КСРО-дан Қазақстанды қарулы күрес арқылы бөліп алып, Жапония протекторатымен, қазақтың буржуазиялық мемлекетін құруды мақсат еткен террористік көтерілісшіл және шпиондық–диверсиялық ұйымның филиалы болып табылатын контрреволюциялық ұйымның» мүшесі ретінде тұтқындалған 15 адамның бірі болды. Бірінші және соңғы рет болған сұрауда (допрос), өзінің кінәсін мойындамаса да, басқа айыпталушылардың берген жауабы негізінде сотталып кете барды. Бұл іс бойынша өткен 15 адамның ішінде - үшеуі ату жазасына кесілді (Мырзаев МақамбайЕрназаров ат. колхоздың төрағасы, Жорабеков Жақып-Киров ат. колхоздың төрағасы, Ходжаев Юлдаш-бұрынғы бай және молда ) қалғандары 10 жылдан еңбекпен түзеу лагерлеріне айдалды [336]. Арыс ауданындағы тағы бір мысал- Арыс су системалары басқармасының бастығы Иногомовтың ісі. Оған «…ұлтшылдармен байланысқандығы, таптық жау алашордалық Кенесаринді қорғағаны, партияда жоқтардың жиналысында партияға қарсы сөйлегені … ұлтшыл қаскөйлер Тасымбековпен, Мұқашевпен, Кенбаевпен байланыста болғаны» үшін айыптар тағылды. Қалкомның қабылдаған қаулысында «Иногомовты Арыс су басқармасы бастығы қызметінен алу және ҚК(б)П құрамынан партия және халық жауы ретінде шығару», ол туралы материалдарды ІІХК органдарына беру» туралы айтылған. Тиісінше қалкомның шешімі обкомда да қайталанады- тек
167 осы орган ғана халық жауы деген атты беріп, айыпталушыны ІІХК органдарына тапсыра алды. Берілген фактідегі мән берерлік тағы бір жәйт, ондағы тек «ұлтшыл қаскөй» сөзі болмаса, басқа «қорқынышты сөз тіркестерінің» жоқтығы. Екі қаулының аралығындағы уақыт бір жарым айдан астам. Мұның бәрі, тағылған айыптардың тайғақтығынан, қатаң үкім шығару мақсатында, басқа да қорқынышты фактілер іздеу үшін керек болды ма деп те ойлайсың. Екінші жағынан ұлты өзбек Иногамовтың не себепті «қазақ ұлшылдарына» бүйрегі бұрғандығы да түсініксіз. Сайрам ауданы бойынша қаскүнемдікке байланысты тағы бір іс «Дәндайындау» («Заготзерно») ұйымында болып, ол бойынша бірнеше қызметкерлердің мәселелері қаралған болатын. Олардың ішінде аса зардап шеккені 1910 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Талас ауданында туған, Сайрам ауданының Манкенттегі «Дәндайындау» пунктінің («Заготзерно») меңгерушісі болған Байдуанов Заманбек еді. Оны Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының коллегиясы 5.11.1937ж. 15жылға еркінен айырды, яғни еңбекпен түзеу лагерлеріне жіберді. С.Байдуановтың тағдырының соншалықты тәлкекке ұшырауына «Ұнтарту өнеркәсібіндегі қаскүнемдікті жою жөніндегі іс-шаралардың» бел ортасынан табылғандығы әсер етсе керек, ол туралы ҚК(б)П ОК хатшысына ҚазКСР прокурорының орынбасары Покровский баяндаған болатын. Онда: «Сайрам ауданының Манкент пунктіндегі «Дәндайындау» мекемесінен Қ.К.58-7ст. бойынша меңгеруші Байдуанов, техножетекші Әбдрайымов, қойма меңгерушісі Марценко және ХКК-нің аудандарда жем дайындау ісі бойынша өкілі Челышевтер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оларға 1155 тонна дәнге кенеден ауру жұқтырып, 418тонна бидайды тазаланбаған бидаймен араластырып жібергендігі айып болып тағылды. Барлық айыпталушылар тұқындалған, тергеуді облпрокуратураның аға тергеушісі жүргізуде, ол бір-екі күнде бітіп, іс сотқа өткізіледі», [337] - делінген. Төрт айыпталушылардан, Байдуановтан басқа, ҚазКСР ХХК жем-шөп дайындау комитетінің өкілі, 1898ж. Калинин облысында туған В.Г. Челышев туралы ғана дерек бар. Ол да Оңтүстік Қазақстан облсотының арнайы коллегиясының үкімімен 1937жылдың 5 қарашасында 8 жылға бас бостандығынан айырылады. Сәл кейінірек сол жылдың 28 желтоқсанында ҚазақКСР Жоғарғы Сотының арнайы коллегиясы ол мерзімді екі жылға дейін азайтады. Осы фактілер туралы сөз қозғасақ, айыптаулардың мазмұнына мән бере келіп айтарымыз, көп астықты сақтаудың қашан да оңай емес екендігі, технологиялық білім мен тәжірибенің аздығына байланысты кенеден
168 ауру жұқтырылып, ал оны болдырмау үшін алдын-ала қажетті дезинфекциялық тазалау да дұрыс жүргізілмеген шығар. Әйтсе де 1937-1938ж.ж. жағдайындағы кез-келген білместік мемлекеттік меншікке қарсы бағытталған қаскүнемдік болып шыға келуші еді. Облыс орталығынан жырақ жатқан аудандардың бірі Қазалы ауданы болатын, онда да жан түршігерлік оқиғалар болып жатты. Құдайбергенов Патса (1902-1938ж.ж.), ОҚО Арыс ауданының түлегі, қазақ, 1936ж. наурызынан ҚК(б) П Қазалы АК бірінші хатшысы болған, 1937ж. қазанында тұтқындалып, келесі жылдың ақпанында ату жазасына кесіледі. Бұл кісі жаңадан құрылған Қызылорда облысының аудандағы ең алғашқы бірінші хатшысы болған [86, с.312]. Басқа да репрессияға ұшыраған басшылардың қатарында Шляпников болды, ол туралы Оңтүстік Қазақстан облаткомының 1937ж. 4 қазанындағы №429 қаулысында: облатком пленумы құрамынан … бұрынғы ауатком төрағасы Шляпниковты… халық жауы ретінде шығарылсын» [338], - деп айтыпты. ҚК (б) П-ның «проскрипциялық» («өлім жазасына кесілгендердің») тізіміндегі тағы бір тұлға, Қазалы қаласының түлегі, қазақ, Қазалы МТС–інің директоры Қазы Байшораев (1909-1938ж.ж.) болды. Ол 20.02 .1938 жылы ату жазасына кесілген еді. Жоғарыда жазылғандарды қарай отырып, МТС басшыларының ауыл шаруашылығы басшыларының төменгі деңгейіндегі ең бір «репрессиялыққауіпті» категорияға жатқандығын байқаймыз. Мәселенің мәнісі мынада болса керек, МТС жауапты ауыл шаруашылығы науқандарында (егін себу, жекелеу, жинау т.с.с.) көптеген колхоздарды машиналар және тракторлармен дер кезінде қамтамасыз етуі тиіс болды, бұлай етілмеген жағдайда, ол саяси.қылмыс ретінде қарастырылып, кеңес үкіметінің саясатымен келіспеушілік деп есептелінді. Тағы бір алыс аудан Қызылқұмда аталған ауданның бірінші хатшысы Сатыбалдиев Ысмайылдың (1904-1938ж.ж.) да өмір жолы оңай болмады. Ол 1919 ж. БКЛЖО мүшесі, 1925ж. партия мүшесі болып қоғамдық-саяси жұмыстың бірнеше сатыларынан өткен болатын. Оған берілген қызметтік мінездемеде, оны «партиялық жұмыста аукомның екінші хатшысы немесе нұсқаушысы ретінде пайдалануға болатындығы» [339] айтылады. Одан кейін ол партияның Шымкент ҚК екінші хатшысы, ал кейіннен Қызылқұм АК бірінші хатшысы болады. 1937 жылы 24 тамызында оны ІІХК органдары тұтқынға алады [340].
169 Репрессияға ұшыраған басқа да бірінші хатшылардың қатарында Петропавл округі Бостандық ауданының түлегі, ұлты қазақ, С.Айсарин де бар. Оның да өмір сүрген жылдары, басқа да репрессияға ұшыраған партия белсенділері сияқты ғасырдың басынан 1938 жылға дейін ғана болды. (1907-1938ж.ж.). 1934-1937жылдар аралығында ҚК(б)П Оңтүстік Қазақстан ОК өнеркәсіп бөлімінде нұсқаушы, кейінннен Созақ аукомының бірінші хатшысы болып жұмыс істеді. 1937ж. 9 желтоқсанында Созақ АК оны партиядан шығарады. КСРО ЖС Әскери коллегиясының шешімімен РКФСР ҚК 58-7,8,11, статьялары бойынша айыпталып, 1937 ж. 7 желтоқсанында тұтқындалады, 5.03.38ж. ату жазасына кесіледі [341]. Биографиялық берілулері көрсетіп тұрғандай, ол ауком хатшыларының ішіндегі ең жасы болатын- партиядан шығарылған кезде, партөтілі де аз еді(8 жыл), ол небәрі 30 жаста болатын. Осылардың ішінде, Петербург губерниясының түлегі, Түркістан АК екінші хатшысы болған М.О.Храбровтың (1902-?) партиялық карьерасы өзгеше. Ол бірінші хатшы А.Избанов тұтқындалғаннан кейін, басқалар сияқты оның кебін кимей, 1937ж. маусымында Түлкібас аукомының бірінші хатшысының орнына жайғасады. Ал, 1938 ж. қаңтарынан Оңтүстік Қазақстан облыстық жер басқармасының бастығы болады. Бұл «репрессиялыққауіпті» пост әлі де сондай болғандықтан - 1938ж. 4 маусымында оны ІІХК басқармасы тұтқынға алады. Әйтсе де, таң қаралық жағдай, 15 қыркүйекте-ақ оның ісі қылмыстық құрамның болмауы себепті тоқтатылады. Бәлкім, бұлай болуына сол кезде ІІХК басқармасының бастығы болып Кальнингтің келуі себеп болған шығар, ол екеуі 1937ж. 29 қарашасында партияның облыстық комитетінің ІУ Пленумында Ә.Досовты «партия мен халық сатқыны» ретінде бірге әшкерелеген болатын [88, 16-б.]. Дегенмен сол пленумда сөз сөйлегендердің көпшілігі кейіннен тұтқындалып, әртүрлі деңгейдегі жазаға ұшырап кеткен еді. Репрессияға ұшыраған аудандық деңгейдегі белсенділердің қатарына 1938ж. 14 ақпанында 58-6,10,11 статьялары бойынша ату жазасына кесілген Түркістан аукеңесінің төрағасы Ә.Абдрахманов пен сол жылдың 19 ақпанында дәл осындай жазалауға ұшыраған қалалық жер бөлімінің меңгерушісі Бағызбаев Мәмбеталыны жатқызамыз. 21 ақпанда мұндай қасірет Созақ аукомының насихатшысы Ә.Әлімбаевтың да басына түсті. 1938жылдың 21 ақпанында КСРО ЖС ӘК қаулысы бойынша Шаян аудандық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі М.Әскенов он жылға бас бостандығынан айырылады.
170 ОҚО облыстық соты 58-7, 11 статьялары бойынша дәл осындай мерзімге облыстық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі С.Әмірхановты (құжатта С.Амиханов еск. автордікі) да соттайды, 1939ж. 9 маусымында, бәлкім 1938жылдың екінші жартысынан бастап жаппай репрессиялау қарқының төмендеуінен болар ісі қайта қаралып, 1941ж. 4 қаңтарында доғарылады [342]. Жалпы алғанда аудандық деңгейдегі кеңестік билік ауыр зардап шекті- 1938 ж. 1 сәуіріне дейінгі облатком пленумының 22 мүшесінің 16-сы халық жауы ретінде оның құрамынан шығарылды [343]. Енді аудандық деңгейдегі кадрлардың биографиялық берілімдеріне мән берсек, олардың Кеңес үкіметі қалыптасып және көп жағдайда нығая бастаған кезеңінде ғана белсенді қоғамдық және саяси өмірге атсалыса бастаған аумақтық элитаға жататындығын байқаймыз. Олардың тікелей саясатқа араласуы да ХХ ғасырдағы 20-жылдардың соңы мен 30-шы жылдардың ортасына сәйкес келеді. Осы кезеңде әртүрлі деңгейдегі кадрлерге қарсы жаппай репрессиялық іс-шаралардың толықтай жүзеге асырыла бастауының нәтижесінде, олардың ерекше көзге түсуі түсінікті де болатын. Оның да өзіндік себептері бар еді. Айтар болсақ, олар ленинненкейінгі кезеңдегі жалпыпартиялық пікірталастарды және ондағы есімдері құрметпен аталынған, бірақ кейіннен БК(б)П ОК мен Саяси бюродағы сталиндік топқа бітіспес жауға айналған, адамдарды әлі де есінде сақтаған болатын. Олар сонымен қатар аумақтық, республикалық және жалпыодақтық саяси элитаның үлкен бір бөлігін құрап, жергілікті жерлерде нақты билікке ие бола отырып, аудандар, қалалар және ірі еңбек ұжымдары деңгейінде саяси мәселелерді шешуге құқы болған еді. Олардың, Орталықтағы Сталинге және оның маңындағыларға қарсы кезекті «блоктар» жойылғаннан кейінгі позициялары қандай екендігінің немесе болашақта қандай болатындығының ішкі саясаттағы ахуалға әсері айтарлықтай болатын. Осыған орай, саяси және билік қатынастарында болмай тұрмайтын күдіктенушілік нәтижесінде, аудандық деңгейдегі кадрлердің көпшілігі репрессияларға ұшыраған еді. Соның өзінде кеңестік репрессиялық аппарат өздерінің бар тактикалық мүмкіндіктерін пайдаланылып, көпшіліктің пікірін партиялық баспасөз арқылы сұрыптап, қалыптастыра алды. Сол кезеңде қалыптасқан саяси сөздік қоры- жалпы халыққа барынша түсінікті түрде жеткізіліп, мұның өзі Кеңестердің саяси беделден жұрдай болмауына мүмкіндік берді.
171 Ал, ІІХК органдарының АК хатшыларына бағынбауы, олардың ойына келген ойранды жүзеге асыруына жағдай жасады. Осылардың бәрі біріге келе аудандық деңгейдегі кадрлердің тағдырын қасіретке ұшыратқан еді. 3.3. 1938-1939 жылдар белесіндегі жаппай саяси репрессиялар ауқымының азаюы Бұл процестің оңтүстік қазақстан аумағына әсері Саяси репрессиялар, ХХ ғасырдың 30-шы жылдарының екінші жартысындағы кеңес қоғамының саяси өмірінде, саясат пен биліктің құралы ретінде барынша күрделі және жан-жақты құбылысқа айналып, БК(б)П ОК мен Саяси бюроның сталиндік тобына, партияның өз ішінде және жалпы елде шын мәнінде немесе солай болуы мүмкін деп есептелінген қарсыластарына қарсы, саяси күрес арсеналының маңызды бөлігі болып есептелінді. Кеңестік репрессиялық аппарат, бәрінен бұрын қарсыластары ретіндегі топтың адамдарын анықтады, аталған топтың ойы бойынша олар басқа идеологиялық түсініктерді тасушы және осы саяси тұғырнамалардың жақтаушысы бола отырып, партия мен мемлекеттің мүддесіне қарама-қайшы келетін еді. Бұл адамдар туралы мәліметтер, оларға қарсы айыптаулар өзіндік саяси тілде жеткізіліп, оларға қарсы нақты іс-қимылдар жаңа саяси идеялар негізінде өрбіді (мыс: «таптық күрестің шиеленісуі», «үдей түскен сыртқы қауіп»). Бұл орайда күнделікті болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат елдің санасына жаңадан қалыптасқан қажетті сөз тіркестері арқылы, қайсібір сәттерде үрей туғыза отырып та жеткізілді . Келесі кезеңде сот және соттан тыс органдар, негізінен НКВД органдарының күшіне, яғни олардың қызметкерлері мен осы халкоматтың қарамағындағы арнайы әскери құрамаларға сүйене отырып өз шешімдерін шығарып жатты. Аталған органдар репрессиялық іс-шараларды жүзеге асырудың құралына айналып – адамдарды атты, асты немесе бас бостандығынан айырды. Партия мен қоғамның орта және төменгі деңгейлеріне тез арада дұшпандық пиғылдағы адамдарды іздеп тауып, анықтау және жазалауға беру тікелей айтылды немесе жанамалап жеткізілді. Бұл орайда олардың бар - жоғы есепке алынбай, нұсқау тек бір бағытта ғана берілді - ондайлар болуы керек. Қатардағы партия мүшелері мен кеңес азаматтарына арналған саяси ақпарат көзі арнайы сөздіктерден тұрды, ол оқиғаларды біржақты бағалау мазмұнында болып, терең дағдарыс түсінігін
172 (иллюзиясын) тудырды, тіпті әскери жағдайдың болу мүмкіндігін де жоққа шығармады. Осы арқылы партиялық және қоғамдық өмірдің аталған деңгейлерінде репрессиялық бағытты қолдаушы күштер біртіндеп қалыптасып жатты. Дегенмен, саяси репрессиялар да барлық басқа құбылыстар сияқты белгілі бір жағдайда пайда болып, белгілі бір тәсілмен дамыды және белгілі бір уақытта өзінің жойылу кезеңіне өтуі тиіс болатын. Бұл құбылысқа барынша көп адамдардың тартылуы оның ары қарай дамуында бір тоқтамға келуін меңзеген еді - не қойылған мақсатқа жетіп, бұрынғы бағытты өзгерту, не бұл процесті бақылаудан шығарып алу. Сонымен қатар, ІІХК органдары ролінің соншалықты асқақтатылуы билік басындағылардың күштерінің арасалмағын барынша бұзды, мұны бұлай бетімен жіберуге, әрине, болмайтын. 1938ж. 11-нен 20-сы аралығында өткен БК(б)П ОК қаңтар пленумында «Партия ұйымдарының коммунистерді партиядан шығару кезіндегі қателіктері мен БК(б)П қатарынан шыққандардың аппеляцияларына формальды – бюрократтық көзқарасы және осы кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар туралы» мәселе қаралды. Пленумда қабылданған қаулыда, партияның өткен кезеңінде жағдайдың бақылаудан шыға бастағанын көрсететін фактілер көп келтіріледі. Партиядан шығару жаппай етек ала бастаған кезеңдегі Әзірбайжан К(б)П ОК бір отырысында (мәжілісінде) 279 адамның партиядан шығарылуы немкеттілікпен расталына салған. Жаппай партиядан шығару көп жағдайда негізсіз болған – осылай Куйбышев облысының бір аудандық ұйымындағы коммунистердің саны 210 болса, соның 50-і партиядан шығарылған, олардың 43-іне ІІХК органдары тұтқындау үшін ешқандай негіз таба алмаған» [344]. Жағдайды түзеу үшін партия органдары мен ұйымдарына бірнеше талап-тілектер қойылды. «Жаппай, бас-көз жоқ партиядан шығаруды тоқтатып, іс жүзінде партиядан шығару мәселесін жеке қарастыру» тапсырылды. («УК(б)П Киев обкомының бұрынғы хатшысы, халық жауы Кудрявцев партия жиналыстарында сөз сөйлеген коммунистерге үнемі «сіз, болмағанда бір адамның сыртынан арыз жаздыңыз ба?, - деп сұрақ қоятын. Мұндай арандатудың нәтижесінде Киевте қалалық партия ұйымының жартысына дерлік мүшелерін қаралайтын арыздар түскен еді, олардың көпшілігі дұрыс болмай, негізсіз жазылғандығы кейіннен анықталды»). Келесі бір мән берерлік сәт, партиядан шығарылғандардың аппеляциясының қарастырылмауы еді. Осылай, бірнеше обкомдарда,
173 бірнеше мың қарастырылмаған аппеляциялардың жинақталып қалғандығына мысалдар келтіріледі. Осы тұрғысында обкомдар, өлкекомдар мен ұлттық компартия ОК-і «шығарылғандардың аппеляциясын қараудан бас тарта отырып, аукомдар мен қалкомдардың осы мәселедегі шешімдерін… аппеляцияға жатпайтын және түпкілікті шешімге айналдырды», - деп айыпталды. Сонымен қатар олардың «коммунистерге қарсы ойына келгенін істеген партия басшыларын да жазалаусыз қалдыратыны» атап өтілді. Осыған байланысты нақты шаралар ретінде, үш ай ішінде партиядан шыққандардың аппеляциясын қарап бітіру және партиядан шығарылғандарды бірден жұмыстан қууға тиым салынғаны туралы айтылады. Партия мүшелеріне жала жапқаны анықталған адамдарды партиялық жауапкершілікке тарту ұсынылды [345]. Осылай, пленум шешімдері бойынша репрессиядан ең көп зардап шеккен негізгі категория- партия мүшелері негізсіз қудалаудан біртіндеп құтыла бастады. Сәл кейін шегініп 1937 жылдың екінші жартысын «тұтқынға алу жартыжылдығы» ретінде, ал 1938ж. бірінші жартысын «үкім шығару жартыжылдығы» немесе атып – асу жартыжылдығы ретінде қарастырсақ, онда соңғы ірі процесс ретінде 1938ж. 2-13 наурызы аралығындағы «антикеңестік оңшылтроцкистік блок» дейтіндердің ісін айта аламыз. Онда Н.Бухарин мен А.Рыковпен бірге сотталушылар қатарында әртүрлі саяси позициядағы 21 адам болды-бұрынғы троцкистер және ешқашан және ешқандай оппозициялық топтар мен ағымдарға қатыспаған, бұрынғы одақтас республика компартиялары басшылары [346]. Процесте лениндік және ленинен кейінгі кезеңдердегі ірі партия лидерлерінің сотталуы билік үшін күрестің тәмәмдалғанын білдірді- сталиндік топ өзінің партиядағы шексіз билігін орнатты. Ал топтың өз ішінде И.Сталиннің жеке билігіне ешқандай шек қойылған жоқ. Елде ары қарай репрессиялық іс-шаралар жүргізе берудің, енді бұрынғыдай қажеттілігі болмады. Жаппай репрессияларды доғару ісі ІІХК басшылығын ауыстырып, оның барлық бөлімшілерін партия аппараты бақылауына беруден басталды. Н.Ежов су транспорты халкомы орнына жылжытылды. 1938 жылдың тамызынан бастап ішкі істер халкомы болып Л.Берия жұмыс істей бастады. Тиісінше ішкі істер органдарында «тазалау» жүргізіліп, осы саланың ірі басшылары орнынан алынып, істері сотқа берілді. Шығарылған үкімдердің көпшілігі ең жоғарғы жаза болып, мұның өзі «уақыт талабына сай» іс-шара ретінде түсінілді. Осы орайда көп жағдайда Н.Ежовтың орнынан кетірілуі, сотталып ату жазасына
174 кесілуі, сонымен бірге ІІХК–ның облыстық және аудандық деңгейден бастап, басқа да ірі басшыларының осындай тағдырға ұшырауы жаппай қылмыстың ізін жасыру ретінде қарастырылып келді. Әйтсе де гәп басқада еді – тез арада ІІХК органдарындағы төтенше өкілеттіліктердің күшін жоймаған жағдайда, олар өз қарамағандағы құрылымдарға сүйене отырып жеке саяси күшке айналуы және бақылаудан толықтай шығып кетуі әбден мүмкін болатын. ІІХК органдарына қатысты іс оларды орнынан ауыстырумен шектелген жоқ. И.Сталин қол қойған телеграмманың (мәтіні бойынша хат деуге келетін, нақты жіберілген күні белгіленбеген,) бірінші пунктінде БК(б)П ОК қабылдаған қаулы туралы айтыла келіп, ол бойынша тез арада барлық деңгейдегі ішкі істер органдары қызметкерлерінің жеке істері жүргізіліп, бекітіліп оны тексеру тиісті деңгейдегі партия органдарына – ұлттық компартиялар ОК-не, өлкекомдар мен обкомдарға тапсырылып, аталған жеке істер осы партия органдарында сақталынатын болды. Хатта, мұндай тексерудің нәтижесінде «ІІХК органдарын, саяси сенімге лайықсыз, алдау арқылы кірген, барлық дұшпан адамдардан тазарту керектігі» [347] атап көрсетіледі. Беріліп отырған кешенді іс-шаралар, ендігі жерде ІІХК қызметкерлерінің тиісті деңгейдегі партия органдары номенклатурасында болып, олардың алдында саяси тұрғыда тікелей жауапты екендігін білдірді. Хаттағы барлық пунктер 1.01.1939 жылға дейін орындалу керек болды. 1938 жылы басталған ішкі партиялық және қоғамдық өмірдегі сауығу процесі екіжақты мазмұнда болды- бір жағынан репрессиялық іс-шаралар ауқымы қысқартылып, ІІХК органдарына бақылау қойылса, екінші бір жағынан әлі де өз тағдырының не боларын білмей түрме түнегінде жатқандар жеткілікті болатын. Олардың қылмыстық істерін қысқартып, қамаудан босатуға әлі де ешкім асыға қойған жоқ. БК(б)П ОК Саяси бюросының 1938 жылғы 15 қыркүйегіндегі шешімімен ерекше үштіктер бұрынғы құрамында қайта құрылды. Бұл жолы олардың қарауына «…тек 1938 жылдың 1 тамызына дейінгі істер беріліп, оны екі айда аяқтау тапсырылды». Аталған уақыттан кейін тұтқындалған барлық адамдардың ісі сотталғандығына байланысты тиісті сот органдарына беріліп…, сонымен қатар егер істерінде сотталатындай жеткілікті материалдар болмаса, ол істерді қайта тергеу арқылы айыпталушыны қамаудан босату керектігі ескертілді [348]. Олай болса 1937-1938 жылдардағы сот істеріндегі жиылып қалған «үйіндіні» («завал») ақтару, шешім шығаруы шапшаң үштіктерге берілді, олар болса өз жұмыстарына, әлі де желдің қайдан тұрып тұрғанын білмей кірісіп кеткен болатын.
175 Байқап қарасақ, жоғарыда келтірілген орталықтың қаулысы жаппай саяси репрессиялардың барлық эволюциялық процесін, яғни оның қалай пайда болып, қалай шырқау шегіне жеткеніне дейін және одан кейінгі бәсеңдеу жағдайын, қамтып тұрғандай. Ендігі мәселе осы саясаттың, осы жаңа бағыттың жергілікті жерлерде қалай қабылданатындығында және кең байтақ елде оның қалай жүзеге асырылатындығында болды. Бұрынғы барлық тапсырмалар қысқа уақыт ішінде орындалатын, әрине ол үшін қатты бас қатырудың керегі болған жоқ, ал мұндағы мәселе тіптен басқа, қиынырақ былайша бәрін өз қалпында қалдыру керек сияқты, бірақ солай болғанда да бәрін басқаша жасап, бұрын ескерілмеген факторларды есептеу керек болды. Республика партия ұйымында қаңтар пленумы қойған міндеттер бірден түсінілмеді және бірден өмірге де еніп кете алған жоқ. Осылай, құжаттардың бірінде – 1938ж. 5 наурызында өткен совхоз жұмысшылары митингісінде оңшылтроцкистік блоктың үстінен жүргізілген процеске байланысты резолюциясы беріліп, онда: «ІІХК органдары мен сталиндік халком Ежовтың бандиттер мен баскесерлердің, шпиондар мен сатқындардың қылмысын ашқан жанқиярлық жұмысын қолдаймыз…Жоғарғы Соттың Әскери коллегиясынан олардың бәрін итше атып тастауды талап етеміз», - делінген [349]. Кейініректегі құжаттарда жағдайдың түзеле бастағаны білінеді. Оны Алматы облысы Қастек қой совхозына байланысты мына бір құжат көрсетіп тұр, онда партиядан шығарудың, және жұмыстан негізсіз босатудың заңсыздығы мойындалған фактілер көрсетілген [86, 188 - 189]. Біртіндеп сәуір-мамыр айларында осы тақілеттес құжаттар партияның облыстық комитеті деңгейінде және ең соңында Қазақстан К(б)П деңгейінде де пайда бола бастайды. БК(б) П ОК қаңтар пленумының негізгі мәселелерінің бірі коммунистердің партиядан шығарылғандығына байланысты аппеляциясын қарау болып табылды. Пленумның алғашқы талаптарының бірі партиядан шығарылғандардың кінәсін ашық және нақты дәлелдеп беру болды. БК(б)П ОК жанындағы Қазақстан бойынша ПБКӨ (УКПК) – ның партколлегиясының мәліметтерінде былай көрсетілген: Коммунистерді партиядан шығару үшін 29 қылмыс түрі көрсетілген, ал оларды қайта қабылдау үшін 4 дәлел келтіріледіайыптаулардың дәлелденбеуі, жала арқылы шығарылуы, негізсіз айыптаулар арқылы шығару және коммунисті тәрбиелеп оған жіберілген қатесін жоюға мүмкіндік берілмеуі. 1938 жылдың 20 қаңтарынан 20 сәуірі аралығында ПБКӨ жанындағы партколлегия 239
176 істі қарады. Олар тиісінше: 1- қайтадан қабылдау; 71 айыптаулар дәлелденген жоқ.2-жала жабу материалдарына байланысты; 16-сы дәлелденбеді. 3- негіз болмауы себепті; 60-ы негізсіз, 4-тәрбиелеу және қателіктерін түзеуге мүмкіндік беру; 92коммунист осы орайда ақталып шықты [86, 194 - 195]. Яғни барлық қарастырылған істер бойынша шығарылғандар партия қатарына қосылды. Әрине, бәрі бірдей түзеліп кетті деуге әлі ерте еді. Жалпы Қазақстан бойынша 1938 жылдың 20 қаңтары мен 15 сәуірі аралығында республикалық және облыстың партколлегияларға 1264 партиядан шығарылғандар аппеляция жасады. Олардың ішінен 703 коммунист партияға қайта қабылданып, 58 адам партияға кандидаттыққа ауыстырылды [350]. Республика Компартиясы ОК деңгейіндегі саясат соншалықты өзгере қоймады. ҚК(б)П ОК республикалық ұйымның 2-ші съезіндегі есепті баяндамасындағы бөлімдердің бірі «Капиталистік агентураның талқандалуы және Кеңес мемлекетінің нығая түсуі» деп аталды. Бұл бөлімде бұрынғы саяси ұстанымдар сақталынып, бұрын әшкерленіп қойған, енді еске алудың да қажеті шамалы «халық жауларына» қарсы шабуыл жалғаса түскен. Осылай Н.Бухарин мен А.Рыков процестерінің жаңғырығындай әртүрлі сөздер айтылды–троцкистік – бухариндік агентурамен бірге әртүрлі республикаларда буржуазиялық ұлтшылдар да жұмыс істеді, одан Қазақ республикасы да тыс қалған жоқ. Мирзоян, Исаев, Құлымбетов, Есқараев, Садуақасов және басқалар бастаған контрреволюциялық оңшыл троцкистік және буржуазиялық ұлтшыл ұйымдар герман-жапон фашизмнің агентурасы бола отырып Қазақстанды КСРО –дан бөліп әкетуге және оны жапон империализмінің отарына айналдыруға тырысты». Ары қарай –троцкистік – бухариндік – рыковтық және ұлтшыл-фашистік бандалар қанқұйлы фашизмнің қатарында болып, жапон – герман империалистері өзінің КСРО-ға шабуылының жоспарында қарастырған «бесінші колонна» құрғысы келген еді, - дей келе сонымен қатар олардың «Кеңес одағының әскери және экономикалық қуатын әлсірету мақсатында өнеркәсіпте, транспортта және ауыл шаруашылығында қаскүнемдік әдістерді кеңінен қолданып, диверсиялық әрекеттер жасағандығы» [351] айтылады. ОК есепті баяндамасында келтірілген басқа да осы сарындағы фрагменттер біраз мәселені аңғартатындай. Мұнда сол уақыттың саяси лексиконы (сөз қоры) сол қалпында қалған десе де болады. Саяси тактикадағы өзгерістер нәтижесінде репрессиялық іс-шаралар қолдану ауқымы азайғанымен, жеңіп алынған позициядан ауытқушылық болған жоқ, мұны жалғасын тауып жатқан қылмыстық істерді қозғау да көрсетіп берді, тіпті ҚК 58 статьясының
177 «жеңілдеу» статьяға ауыстырылуы да жағдайды жақсартып әкете алған жоқ. Партия қатарындағы және мемлекеттегі, репрессияларды барынша қатал қолдану кезіндегі қорқынышқа негізделіп қалыптасқан тәртіп, әлі де мызғымастай болатын. 10-21 науырыз аралығында өткен БК(б)П –ның ХУІІІсъезінде партияның жаңа Жарғысы қабылданды. Оның ХІІ-ші бөліміндегі «партиялық тәртіпті бұзғаны үшін қолданылатын шаралар», бірнеше міндеттер жүктеді. Осылай – «партияның бірлігін сақтай отырып, екіжүзділікке, фракциялық күреске және бөлінуге ұмтылған титтей болсын әрекеттерге қарсы ымырасыз күрес… барлық партия мүшелері мен партия ұйымдарының бірінші кезектегі міндеті болуға тиіс» [16, 107], – деп атап көрсетіледі. Жарғының 73 пунктінде – «партиялық және кеңестік орталықтардың қаулысы тез және дәлме - дәл орындалуы» керектігі атап көрсетілді. Кері жағдайда ашық талқылаудан бастап, жауапты партия және кеңес жұмыстарынан уақытша шығарып тастау, одан кейін партиядан шығару, ең соңында партиядан шығарып қылмысына байланысты әкімшілік және сот талқысына тапсыру қарастырылды» [16,108]. Келесі пунктте шамамен осындай шаралардың ОК мүшелеріне қолдану жолы реттелді. Партия жарғысынан келтірілген фрагмент И.Сталиннің партияны пікірталас клубы ретінде емес «семсершілдер ордені» ретінде көргісі келетін арманының жүзеге асқандығын білдіретіндей. Оңтүстік Қазақстан аймағында қаңтар пленумының тактикалық және идеологиялық нұсқауларын жүзеге асыру, бәрінен бұрын партиядан шығарылғандардың аппеляциясын қараудан басталған еді. Облпартколлегияның 1938 жылдың 1 қазанындағы есебінде жағдайдың іс жүзінде қандай екендігі көрсетіледі. «1938 жылдың 20 қаңтары мен 1қазаны аралығында 559 аппеляция реттелген. Оларды шығарылған кезеңдеріне сәйкес бөліп, мынадай деректер алынды: 1. 1932–34ж.ж. шығарылғандар-110 адам… 24 партияға қайта қабылданды, немесе 22%… шығарылған-дардың 61-кі дәлелденді немесе 55%. 2. 1935-1936ж.ж. шығарылғандар-287 адам, қайта қабылданғаны–140, немесе 48 %, 91-нің шығарылғандығы дәлелденді немесе 32%…1937 жылы шығарылғандар, қаралғаны 104 аппеляция, қайта қабылданғаны - 57 немесе 55% … 36-ның шығарылғандығы дәлелденді немесе 34,6 %. 4. 1938 ж. 9 айында, яғни БК(б)П ОК қаңтар пленумы қаулысынан кейінгі уақытта, 3-4 категория бойынша аукомдар шығарылғандардың 58 аппеляциясын қараған, олардың ішінде ҚК(б)П мүшелері 43, кандидаттар 15. Партия
178 мүшелерінің қайта қабылданғаны 8 немесе 14%, кандидаттыққа ауыстырылғаны және шығарылғаны дәлелденгендері-37. Кандидаттардың қайта қабылданғаны-3 және шығарылғаны дәлелденгені 12» [352]. ҚКСР бойынша ПБКӨ жанындағы Оңтүстік Қазақстан облпартияколлегиясының мүшесі, есеп беруді құрастырушы Шихалиев жоғарыдағы цифрларға мынадай баға береді көрнекілікпен көрініп тұрғандай, 1938 жылдың басына дейінгі, облыс пен бірнеше аудандардың басындағы партия жетекшілері - троцкистік – бухариндік, ұлтшыл-фашист бандиттер, репрессия арқылы біздің большевик кадрларды құртып, партияның қатарына өздеріне ұқсаған адамгершіліктен ада бөтен элементтерді жинағысы келді. Осы 1938 жылы партия қатарынан шығарылған ҚК(б)П-ның 49 мүшесі мен кандидаттарының ішінде халық жауларымен байланыста болып, оларды қорғағаны үшін шығарылғандары-40 адам, қалған 9-ы әлеуметтік бөтен элементтер. Бұл Оңтүстік коммунистерінің арасында большевиктік қырағылықтың едәуір көтерілгенін және БК(б)П ОК қаңтар пленумының қаулысы партия ұйымдарын дұшпандық, таптық – бөтен элеметтерден тазартудағы ымырасыз күресте өткір қару болып табылатындығын көрсетеді, пленум партия мүшелері мен кандидаттарын партия мүшелерінің тағдырына қылмыстық – жеңілтектікпен қарағандарды үзілді-кесілді жойып жіберу үшін осылай қаруландырып отыр» [353]. Облпартколлегиялар мен партияның облыстық комитетінен бөлек, шығарылғандардың аппеляциясы туралы істі қалкомдар мен аукомдар да қарады. Шымкент қалкомы хабарламасында: «БК(б)П ОК қаңтар пленумы шешімі шыққан күннен 1938 жылдың10 қыркүйегі аралығында партияның Шымкент қалкомы бастауыш партия ұйымдарында шығарылған 94 істі қарап, оның 23-і қайта қабылданды, сонымен бірге партколлегия мен обком қала партия ұйымынан 8 адамды қайта қабылдады, бұл бастауыш партия ұйымдары шешімдерінің 33%-ға өзгертілгені [354]. Сонымен қатар тағылған айыптардың дәлелденбегені туралы мысалдар да бар. Осылай ҚК(б)П аукомы пленумында Мәуленов партиядан шығарылған болатын, «колхозшылар арасында антикеңестік әңгіме жүргізгені, дұшпандармен байланысы және әлеуметтік- бөтендігі үшін». Аппеляцияны талқылау кезінде айыптаулар дәлелденген жоқ. Партколлегия осыған аукомның назарын аударып, бірінші хатшы Ж.Беласаровқа ескерту жасалынып, оған коммунистерді партиядан
179 шығаруда жеңілтектікке жол бермеу тапсырылып, ондай іс қайталанған жағдайда жауап беретіндігі ескертілді» [355]. Қаңтар пленумы қаулыларының пункттерінің бірі жала жапқандығы үшін партиялық жауапкершілік тарту тұрғысында болды. Осы жөнінде берілген құжатта былай делінген-Партколлегияның жалақорлар мен көлеңкесінен қорқатындарды жауапқа тарту ісінің әлсіз екендігін мойындау керек, қазірге дейін бір де бір ауком хатшысына коммунистердің партиядан негізсіз қуылғандығы үшін партиялық жаза қолданылмаған, мұның өзі аппеляцияны талқылау кезінде бірнеше ерекше қаулылар қабылданып, бірқатар аукомдарға жалақор коммунистерді жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізілгеннің өзінде жүзеге аспай отыр». Мәтіннің осы үзіндісінде мынадай факті де келтіріледі: 23.05.1938 жылы партияның Меркі АК-і ҚК(б) П мүшесі Қожабеков Рахманқұлды 15 коммуниске жала жапқаны үшін партиядан шығарады, 1.07.1938ж. Партколлегияның қаулысымен шығарылу мақұлданған [356]. Келесі бір маңызды сәт ретінде партияға қайта қабылданғандардың партиялық құжаттарын беру мәселесін айтуға болады: «… бұл пункттің орындалуы нашар, бұған аукомның бірқатар хатшыларының салақтығынан немесе олақтығынан партияға қайта қабылданғандардың жылдап партқұжаттарын ала алмаған бірнеше фактілерін келтіруге болады…. Партколлегия мен партияның облыстық комитеті қабылдаған бірқатар іс-шараларға қарамай осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін партқұжаттарын ала алмаған ҚК(б)П-ның 96 мүшесі мен кандидаты әлі де сандалуда жүр» [357]. Осылай Сайрам ауданында партияға қайта қабылданған 7 коммуниске, Келес ауданы бойынша 5 коммуниске партқұжаттары берілмеген [358]. Партбилеттерін бермей, есеп кәртішкелерін жүргізбеу іс жүзінде партия қатарына қайта қабылдамау болып табылар еді. Мұндай келеңсіздік, оның себебіне қарамай шығарылғандарға әжептеуір қауіп келтірер еді. Келесі маңызды сәт ретінде «партияға қайта қабылданғандарды большевиктік тәрбиелеу» деген болды. Осыған байланысты: «Бастауыш партия ұйымдары мен ауком хатшылары партияға қайта қабылданған коммунистерді большевиктік тәрбиелеуге жауапкер-шіліктерін сезінбейді. Аукомдар көп жағдайда, қайта партияға қабылданғандарды есепке алып, оларды қайсібір партия ұйымына тіркеп, жұмыс берумен шектеледі, бірақ олардың жұмысы қалай жүріп, өмірі қалай өтіп жатқанында шаруасы болмайды [359].
180 Партколлегия өз есебінде шығарылғандардың тағы бір мәселесінжұмыстан бірден кетіруді сөз етеді, бұл да қаңтар пленумы қаулысында сынға ұшыраған болатын. Мұндай фактілер, яғни тек бастауыш партия ұйымынан шығарылғандарды, бұған ешқандай қажеттілік болмаса да, жұмысынан кетіру кездесіп отырған. Түрксіб бөлімшесінің Жамбыл совхозының бастауыш ұйымы 1938 жылдың маусымында жалпы партия жиналысында 2 коммунисті қатарынан шығарады, олардың бірі 1918жылдан ҚК(б)П мүшесі – Семенова, шаруашылық меңгерушісі (завхоз) және екінші қоймашы болып жұмыс істеген … осы жолдастар жұмыстарынан алынды… шығарылғанына 3 ай толмай жатып… жиналыстың шешімі партияның аукомына бекітілуге де берілмеген… жолдастар 3 ай бойы жұмыссыз жүр, олардың партияда қалу мәселесі де шешілмеген» [360]. Бұл жерде «жоғарыдағылардың» мүмкіндік бергеніне қарамастан «төмендегілердің» немкеттілік көзқарасы анық көрініп тұр. Аймақ бойынша қорытынды статистикалық мәліметтер мынадай. 1.09.38 жылға дейінгі қарастырылмаған аппеляциялардың саны- 724, олардың ішінде партияның аудандық комитетері шешімдерінің қайта қаралғаны –631, партияға қайта қабылданған коммунистер саны –292, кандидаттыққа ауыстырылғаны - 10, тілектестер (сочуствующих) қатарына – 14, шығарылғандығы мақұлданғаны- 310, қарастырылмай қалғаны - 93… …. БК(б) П қаңтар пленумының қаулысы баспасөзде жарияланған кезден бастап партия ұйымы облыстық комитетінің тіркеу бөліміне 26.01.38 ж. дейін 179 аппеляция 5.0938ж. дейін 623 аппеляция, барлығы 802 аппеляция түссе, өткен 7 ай ішінде оның тек 88 аппеляциясы немесе 11 %-ы қарастырылған, қайтадан партия қатарына және кандидаттыққа 68 адам қабылданып, облыстық партколлегияға 438 және партияның аудандық комитеттеріне 200 аппеляция тапсырылған [361]. Осы және осыған дейінгі цифрларды және бұдан кейінгілерін де, саяси тарих тіліне аудару тіпті де оңай емес. Алдымен «марксизмнің бөтен туының» астында, кейіннен одан да бөтен большевиктердің туы астында, одан кейін тіпті де бөлек сталинизм туының астында болған аймақтық саяси элита өзінің барынша дәрменсіз екендігін көрсетіп «ағыс аққан жаққа қарай» жүзуге дайын болып, болып жатқан оқиғалардың мән-мағынасын түсінуге тырыспай, Орталықтан келер нақты бұйрықтарды бұлжытпай орындауға дағдыланды. Тіпті ол бұйрықтарды қабылдай отырып, онда аздаған қауіптің барлығын сезсе, онда оны аяғына дейін орындауға да дәрмені жетпеді.
181 Осындай және осыған ұқсас іс-әрекеттердің нәтижесінде Қазақстан Коммунистік (б) партиясы мүшелері санының 1933-1940 жылдарғы динамикасы (өсу деңгейі) мынадай болды. 1933 жылы, жаппай партиялық тазалау басталмай тұрып оның қатарында 101 мың 486 большевик болды. Олардың 48594 партия мүшелері 52892 мүшелікке кандидаттар еді. Жаппай партиялық тазалау мен алғашқы саяси процестерден кейінгі 1936 жылы 47988 адам қалды, тиісінше 29474 партия мүшелері және 18514 кандидаттар. Көбірек кеткені партия мүшелігіне кандидаттар болды. 1937 жылы саны көбейіп 51881 адамға жетті- 32629 мүшелері мен 19252 кандидаттар. 1938 жылы ол қайтадан 48322-ге төмендейді-30120 және 18202. 1937 жыл мен 1938 жылдар арасындағы цифрлар айырмасын репрессияға ұшыраған-дардың саны ретінде қарастыруға болады- барлығы 3559 адам, олардың коммунистері 2509, кандидаттары–1050. Партия қатарының ұлғаюы 1939 жылы басталады-жалпы саны 65465 және 1933 жылғы деңгейге 1940 жылы жетеді- 108705 партия мүшелері мен кандидаттары, яғни 1933 жылғы деңгейден сәл асып тұр [17, 42-б.]. Партиядан шығару фактісінің өзі, ол тіпті салыстырмалы түрде тыныш жылдары-1934ж 31885-ке, 1935ж тағы да 8765-ке, 1936ж 12224-ке жетіп, яғни 1938 жылға дейін жалпы алғанда 53164 коммунист, репрессияға ұшырау қаупінде болды. Сондықтан да жиналып қалған аппеляцияларды тезірек қарау туралы ұсыныс жағдайдың түзеле бастағанын көрсеткенімен, аукомнан обкомға дейінгі аймақтық деңгейдегі партия органдарының аппеляция істерін қарап, партқұжаттарды берудегі сылбырлығы қорқыныштың, күдік пен сенімсіздіктің сейіле қоймауына әсер еткен еді. Ал, бұл жағдайдың тек республика партия ұйымында ғана емес, оның барлық аймақтық бөлімшелерінде, соның ішінде Оңтүстік Қазақстанда да түзелуіне кедергі жасады. Бірнеше аппеляциялық істерді жекелеп қарастыру шығарылғандар туралы біршама түсінік беретіндей. Осылай ҚК(б)П ОҚО обкомы бюросының 1938 жылдың қарашасындағы мәжілісінде 1906жылы туған, 1928 жылдан партия мүшесі Жамбыл аудандық мемлекеттік типографиясының директоры Е.Шығанбаевты (құжатта И.Чигимбаев еск. автордікі) партиядан шығару мәселесі қаралды. Ол ҚК(б)П Жамбыл АК шешімімен халық жауларымен байланыста болғаны, мемлекеттік қаржыны талан-таражға салғаны, сынды тұқыртқаны және саяси сенімділік тудырмайтындығы үшін партиядан шығарылған. Шығанбаев Жантаевқа парторг ретінде 350 сом ақшалай көмек бергізген, онымен жақын қарым-қатынаста
182 болған. Обком бюросының шешімі мынадай болды: Мемлекеттік қаржыны талан-таражға салу, сынды тұқырту және халық жауы Жантаевпен идеялық байланысы анықталмады». ЕШығамбаев партияға қайта қабылдансын, сонымен бірге оған «қырағылықты жоғалтқаны» үшін есеп кәртішкесіне жазылып, қатаң сөгіс берілсін» [362]. Мұндай айыптаулар 1937 жылдың екінші жартысында қаралса, міндетті түрде партиядан шығарылып, ісі ерекше үштіктерге берілетіні әбден мүмкін еді. Қызылорда обкомының бюро мәжілісі 1938 жылдың 28 тамызында, 1900жылы туылған, 1921 жылдан партия мүшесі, облыс прокурорының көмекшісі А.Таласовты партиядан шығару туралы мәселені қарады. А.Таласов бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры, бүгінде әшкереленген халық жауы Мұхамеджановтың контрреволюциялық әрекеттерін жасырғандығы үшін айыпталады, Мұхамеджанов өз кабинетінде В.И.Лениннің бюстін, телефон аппаратын, терезелерді және тағы басқа дүниелерді қиратқан болатын. Таласов облпрокуратурада парторгтың орынбасары ретінде, бұл кезде парторгтың орнында қалған болатын және халық жауының осы контрреволюциялық әрекеттерін көре тұра, партия ұйымынан бұл фактіні жасырған… Таласов 1931 жылы Қарақалпақ АКСР-інде жұмыста болғанда аванстық есептер бойынша өтірік құжат жасағаны, сынды тұқыртқаны, арақкештігі және қызмет бабын пайдаланғандығы үшін партиядан шығарылып, кейіннен қайта қабылданған болатын. Таласов 1935 жылы партбилетін жоғалтуына байланысты екінші рет партиядан шығарылған болатын. Партияның Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті оны қайта қабылдаған еді. Қорытындысында обкомның бюросы «Қызылорда қалкомының шешімін мақұлдап… А.Таласовты халық жауының контрреволюциялық әрекеттерін жасырғандығы үшін партия қатарынан шығарады [363]. Бұл жерде бұрынғы сарынның әлі де қалып отырғанын байқау қиын емес. Сонымен қатар екеуінің де қылмыстарының айтарлықтай емес екендігіне қарамай,партия жағынан қатаң жаза қолданылуы, тіпті істің кейіннен жазалаушы органдарға берілу мүмкіндігі, ішкі аймақтық элитаның бұрынғы ерекше үштіктің мүшесі Мұхамеджановпен есеп айырысуы деп те түсінуге болады. «Қазақстан бойынша» партиялық бақылау комиссиясы партколлегиясының жылжымалы партүштігінің (құжатта осылай – еск. авт.) 1938ж. 8-10 қазанында өткен мәжілісінің хаттамасында Қызылорда қаласы бойынша бірқатар аппеляциялар мен олардың нәтижелері мазмұндалады.
183 Осылай 1905ж. туған, 1932 жылдан 1937 жылға дейін партияға кандидат Ш.Талпақовтың ісі бойынша, оны «…1937 жылы партияның Қызылқұм аукомы, өзінің жерлесі – қылмыскер, Ахметовты кооперативке жұмысқа кіргізгендігі және тағы бір жерлесі НКВД органдары тұтқындаған Жанысбаевты кепілдікке босатып алуға тырысқандығы және онымен байланыста болғандығы үшін партиядан шығарған болатын. Ары қарай «…. Қойылған айыптар дәлелденді. Дегенмен Талпақов өз кінәсін мойындай отырып, оның өңін айналдырмақшы, сөйтіп Қызылқұм аукомының бұрынғы хатшысы, бүгіндері әшкереленген халық жауы Сатыбалдиевтің, бұл оны әшкерелегені үшін, болмаған істі болды деп, өзін партиядан шығарғандығын айтады. Өзінің партиядан шығарылуының шын себебін жасыра отырып Талпақов ҚК(б)П Тереңөзек АК арқылы, ҚК(б)П –ға кандидаттыққа, кейіннен мүшелікке өтіп алған. Обком оны әлі бекітпеген… Істің қорытындысы мынадай: Оңтүстік Қазақстан облысы ПБК ПК–ның 1937 ж. 25 мамырындағы Талпақов Шәмшіні партия қатарынан шығару туралы шешімі мақұлдансын» [364]. Бұл тарихи факт, өз заманының ерекшеліктерін көрсете отырып, сонымен қатар сол кезде көбінесе нақтылы саяси жағдаймен астаспай жататын, өзара ырың-жырыңның да аз болмағандығынан хабар береді. Мынадай да аппеляция қаралған; 1903ж. туылған, 1930жылдан партия мүшесі Қ.Әлменов «…Парақорлығы, маскүнемдікке салынғандығы, адамдарды заңсыз тұтқынға алғандығы және мемлекеттік құпияны ашқандығы үшін партия қатарынан шығарылған» [365]. Келтірілген айыптаулар «бумасы» ойдан шығарылды дегенге келіңкіремейді, партүштіктің шығарылуды тездетіп мақұлдауы да сондықтан болса керек. 1902 жылы туылған, 1930 жылдан партия мүшесі 1938 ж. 2 маусымында шығарылған Есіркеп Төлебаевтың ісі бойынша, оның «…партия қатарынан қазақтарды кәрістерге қарсы ұйымдастырып топ құруға әрекет жасағаны және колхоздың сүт-тауарлы фермасында қаскүнемдік әрекет жасауға тырысқандығы үшін партиядан шығарылғандығы» айтылады. Құжатта: «Дәлелденді: Төлебаевтың кәрістерге қарсы топ ұйымдастырғаны анықталған жоқ.» Ары қарай: «Қаулы қабылданады; Сырдария аукомының шешімін өзгерту», «…оны партияға қайтадан қабылдау, СТФ – да нашар жұмыс істегендігі үшін есеп кәртішкесіне жазылған қатаң сөгіс берілсін». Ал, кәрістермен шекісу шындығында орын алған болуы керек, ол туралы қаулыға қосымшада айтылады: «Ерекше: «Әуелбаевқа (бәлкім колхоз төрағасы - еск.авт.) қазақ колхозшыларына, егер олар оқымаса онда
184 кәрістердің оларды ауыр жұмысқа сала беретінін, және оларға оқу туралы өдерінен басқа ешкім түсіндірмейтіндігін ұғындыру тапсырылды» [366]. Зерттеліп отырған кезеңдегі саяси өмір мен күнделікті тіршіліктің араласып кетуі, оларды қарастыруда жан-жақты және объективті жол табу қажеттілігін нұсқайды. Жалпы, Қазақстанға салыстырмалы түрде әжептеуір этникалық кәрістердің қоныс аударуы Оңтүстік Қазақстан аймағына өз әсерін тигізбей қойған жоқ. 1937 ж. 27 тамызындағы БК(б)П ОК мен ХКК-ның қаулысында: 1. БК(б)П ОК Қиыр Шығыс өлкекомына, өлкеаткомына және Қиыр Шығыс өлкесі ІІХК басқармасына Қиыр Шығыс өлкесінің шекара аймақтарынан барлық кәріс тұрғындарын көшіру ұсынылсын. 2.Көшіру бірден қолға алынып, 1938 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқталсын. Көшуге тиісті кәрістерге көшу барысында өзімен бірге мал-мүліктері мен шаруашылық құрал-жабдықтарын бірге алуына рұқсат етілсін. Көшетіндерге қалдырып бара жатқан жылжымалы және жылжымайтын мүліктері мен егістері үшін төлемақы қарастырылсын. Көшетін кәрістердің шетелге кету ниеті болса кедергі жасамай шекарадан жеңілдетілген тәртіппен өткізілсін. Қазақ және Өзбек КСР –і ХКК –не көшіп келетіндер орналасатын аудандар мен пункттерді тез анықтап және көшіп келушілердің жаңа орындарын игеріп кететіндей іс- шаралар ұйымдастырып, қажетті жағдайлар жасау міндеттелсін. …11.Кәрістер көшетін аудандардағы шекараны нығайту үшін шекара әскерлерінің саны 3000 адамға көбейтілсін» [367] Берілген құжаттың ақпараттыық жағы, оның құқықтық негізділігін қарастырмағанның өзінде, ешбір талап-тілек немесе айыптауларсыз толық бір этникалық топты депортациялауды, мемлекеттік қажеттілік деп қарастырады. Дегенмен, Қазақстанға 1944-1945 жылдары көшірілген басқа этникалық топтарға қарағанда, кәрістерді көшіру біршама құқықтық тұрғыда жүргізілгені көрініп тұр. Негізгі себеп, айтылып өткен жапондардың жаппай шпиондық системасы мен Оңтүстік- Шығыс Азия тұрғындарын сырт халық, оның ішінде еуропалықтар, ажырата алмайтындай антропологиялық ұқсастығында болса керек. Орыс-жапон соғысында барлаудың үлкен роль атқарғаны, оған қосымша жапон армиясының 1931 жылдан бастаған Оңтүстік Азиядан Австралияға дейінгі жеңісті қадамдары, КСРО-ның Қиыр Шығыс аймағына айтарлықтай қауіп төндірген
185 болатын. Оның алғашқы белгісі жапон әскерлерінің 1931 жылдың қыркүйегінде басталған Маньчжурияны оккупациялауы болды, бұл КСРО үшін жапон армиясының тікелей кеңес шекарасына шығуын білдірер еді, онда Қытайдың Цин династиясының соңғы императоры Пу-И-дің марионеттік Маньчжоу-Го мемлекетінің құрылуы жағдайды өзгертпеген еді. Келесі конфликт 1938 жылдың 29 шілдесі мен 11 тамызы аралығында, яғни жоғарыда берілген қаулыдан бір жыл кейін болып өтті. Хасан өзені маңында жапон әскерлерінің тез және есте қаларлықтай болып талқандалуы, Приморское өлкесінің Посьет ауданында жүзеге асырылған болатын, көрсетілген қаулыдағы көшіру де дәл осы жерден басталу керек болатын. Бұл жердегі тыңғылықты дайындықты жапон командованиесі білмеген болып шықты. Әрине, түптеп келгенде мемлекеттік тұрғыда қажет болып табылған мұндай шаралар, үйренген өлкесін тастап шыққандарды жұбата алмасы анық. КСРО ХКК 1937 ж 5 кыркүйегіндегі қаулысы көшіп - қонған кәріс тұрғындарымен есеп айырысудың жолын реттеді. Мұнда барлығы болмаса да, барлықтай дерлік колхоздың және жекешенің мүліктері ескерілді, атап айтар болсақ «көшетіндердің барлық малын «мал дайындау» кеңселері қабылдап оны көшіп барған жерінде сол қалпында қайтару керектігі» [367, с. 142 - 143] нақтыланды. 21.08.1937ж. қаулыда көшіп-қону «Оңтүстік Қазақстан облысында, Арал таңізі ауданы мен Балқаш маңында» [58, б.28] жүргізілсін деп тіктеп айтылады. Республиканың және өңірдің партия және кеңес органдары, тиісінше, көшіп келгендерге көмек көрсетіп, жұмысқа орналасуын және бірінші кезекте тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін, өз бақылауларына алады. Партияның Қызылорда облыстық комитеті мен Қызылорда облысы бойынша ҚКСР Жоғарғы Кеңесі ұйымдастыру комитетінің 1938ж. 1 қыркүйегіндегі «облыстағы көшіп келушілер колхоздары мен көшіп келушілерге тұрғын үй салу және қосымша қоныстандыратын колхоздардағы құрылыс барысы туралы» қаулысының преамбуласында көшіпкелушілер поселкілері мен қосымша қоныстандырылатын колхоздардағы құрылыс қарқынының төмендігі атап көрсетіледі. Облыстағы нақты аты аталған аудандар бойынша құрылыс жүргізудегі сылбырлық, жұмыс күшінің жетіспеуі айтылады. Құрылыс жұмысын жүргізушілердің жеткілікті дәрежеде техникамен және жанар-жағар маймен қамтамасыз етілмегендігіне мән беріледі. Ауком хатшылары мен ауатком төрағаларына аталған кемшіліктерді түзеу үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырып, көшіп келушілерге арналған тұрғын үйлер құрылысын осы жылдың 1
186 қазанына дейін аяқтау тапсырылады [368]. Осылай, республикадағы және өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай онсыз да оңып тұрмаған кезде, орталықтың нұсқауымен, келімсектердің көңілін табуға барынша жағдай жасалынған еді. Айтар болсақ, тек Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарында қайтып келген қазақтар үшін 1400 үй және 600 мал қорасы салынуы керек еді [369]. 1937 жылдың 15 қарашасындағы мәлімет бойынша аталған 1400 үйдің тек 551 –і ғана тұрғызылып, 620 – сының құрылысы аяқталмаған, ал 229-ының тасы да қаланбаған болса керек [370]. Сөйтіп, қысқа мерзім ішінде көшіп келген кәрістер Оңтүстік өңірдің әлеуметтік-экономикалық өміріне кірісіп те кетті. Көшіп келген кәрістер, Оңтүстік Қазақстандағы басқа да этникалық топтар сияқты саяси репрессиялардың қатал құрсауына іліккен болатын. Келгендеріне бір жыл да толып үлгермей, олар да үздіксіз әшкереленіп, өздеріне қатысты қатал да негізсіз үкімдерді естіп-біліп жатты. Олардың басым көпшілігі Жапония пайдасына шпиондық жасау деген айыптаулар болды. Қызылорда облысы бойынша репрессияланғандардың тізімінен, әу дегеннен партиядан шығарылғандардың ішінен таңдалынып алынға корей фамилиялары мынадай көріністі береді. Цой-Бон-Гак, 1907ж. туған, «кулак отбасынан шыққандығы, күдікті өткені болғаны үшін» партиядан шығарылды [371]. Ары қарай қатарынан үш фамилия кездеседі, 23. Бон-Ен-Ден, 1892ж. туған; [372] 24.Ша-Пей-Юн,1893ж. туған; 25. Ли-Су-Хек, 1895ж. туған – үшеуінің де үкімдері барынша қысқа берілген- «шпион ретінде шығарылсын» [373]. Хван-Син –Мон – «Партия қатарынан шпиондық жасағаны үшін шығарылсын [374]. Көрініп тұрғандай, «шпиондардың» қай елдің пайдасына жұмыс істегені айтылмайды. Тереңөзек ауданы бойынша шығарылғандар тұрғысындағы тұжырымдар кеңірек берілген. 265. Теге-Бон, партия мүшесі Партия қатарынан халық жауы, фашистік ұлттың мүшесі , (мәтінде солай – еск.авт.) Жапония шпионы ретінде шығарылсын. Тен. Александр, партиядан халық жауы, троцкист, фашист ұлтының мүшесі, Жапонияның шпиондық жасаушы агенті ретінде шығарылсын. №21 хаттама. Партия аукомының бюро мәжілісі 2шілде 1938жыл»- [82]. Келтірілген тұжырымдар олардың авторларына әсерлі болып та көрінуі мүмкін, дегенмен аталған адамдардың кінәсін дөп басып көрсете алмай тұрғаны анық. Кез-келген адамның Жапонияның барлау қызметіне қатыстылығы болуы мүмкін, оның ішінде кәрістердің де, әсіресе олардың әскери - стратегиялық маңызы бар негізгі транспорт
187 магистралі бойында тұрғанын есепке алсақ. Дегенмен, кәрістерді Оңтүстік өңірге көшіп келгеннен кейінгі аз уақытта, бұрынғы тұрған жерлерінен жырақта жүріп, жергілікті халықтың көз алдында шпиондыққа бара қойды деу де нанымсыз сияқты болып көрінеді. Жаппай репрессиялық іс-шараларды жүзеге асыру жағдайындағы жеке адамдардың тағдырын тыңғылықты қарастыру арқылы олардың бәріне ортақ, маңызды белгілерді анықтауға болатын сияқты. Саяси процестерге көбірек қамтылуы жөнінен өңірлік және аудандық саяси элита алдыңғы қатарда болса, одан кейінгі орында ОҚО өңіріндегі маңызды салалардың облыстық және аудандық деңгейдегі басшылары, басқа да саяси билік тұтқасын ұстағандар тұр. Бұлардың қатарына маңызды деген халық шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары да кіреді. Демографиялық ахуалға байланысты мыналарды атап көрсетуге болады. Бар мәліметтерге қарағанда, іс-жүзінде репрессияға ұшырағандардың басым көпшілігі 30-бен 40 жас арасындағылар, яғни барлық жағынан белсенділік көрсете білген демографиялық топ болып табылады. Туған жерлері және этникалық қатыстылығы бойынша мынадай ерекшеліктер білінеді. Қасіретке ұшыраған қазақтар қатарында тек Оңтүстік өңірдің өз ішінен шыққандар ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның барлық өңірлерінің түлектері де көптеп кездеседі. Соңғыларының аталған өңірде байланыстарының, таныстықтарының, әртүрлі дәрежедегі достық қарым-қатынастарының, тіпті рулық жақындықтарының да болмауы себепті, осындай «бөтендерге» қарсы ашық түрдегі ( партиядан шығару, әртүрлі деңгейдегі жиналыстарда айыптау) репрессиялық іс-шараларды қолдану оңайға соқты. Орталық жіберген әртүрлі ұлт өкілдерінің де жергілікті жердегі жағдайы осыған ұқсас болды. Олар бір жағынан көмек күтіп ешкімге арқа сүйей алмаса, екінші жағынан қызмет бабында өз әріптестерімен күнделікті бақталаста болған еді. Сондықтан да оларды жойып жіберу де қиынға түспеді. Репрессияға ұшырағандарды атқарған қызметіне қарай бөлу, олардың негізінен шаруашылықты басқарудың маңызды салаларында, соның ішінде тікелей қауіп-қатермен байланысты бөлімдерінде жұмыс атқарғанына байланысты болды, мұның өзі оларды әрқашан қиын жағдайда қалдырып және сонымен қатар ауыр саяси айыптар тағуға негіз болған еді. Бұл топқа алғашқылардың бірі ретінде МТС-терді жатқызуға болады, онда кез-келген уақытта техниканың сынып, жарамсыз болып қалуы әбден мүмкін еді, немесе темір жол транспорты
188 мекемелерінде болмай қалмайтын авариялық (апаттық) жағдайлар, сондай-ақ дәнді сақтау және қайта өңдеу мекемелеріндегі, колхоздар мен совхоздардағы қажетті технологиялардың сақталмауынан егіндердің немесе түскен өнімдердің біразының құрып кетуі және т.с.с. Келесі бір мән берерлік жәйт, репрессияға ұшырағандардың бұрынғы қызмет бабында, ендігі жерде «халық жауы» болғандармен байланыста болғандығының айыпталуы, мұндай айыптаулар бұрынғы жұмыс орнына байланысты немесе бұрынғы яки қазіргі қызметтестерінің куәға жүруі арқылы тағыла берді. Қатардағы партия мүшелері немесе қатардағы жай жұмысшылар да өтірік сөз тасып және өтірік куәға жүргендердің бәлеқорлығынан өз басшыларының «сыбайласы» болып шыға келді. Мұндай жағдайлар кей кезде олардың абайламай істеген тірліктеріне де байланысты болды- мәселен, сайлауға байланысты плакатты жұлып тастау, ашық түрде кеңестік саяси режимге қатысты сыни сөздер айту және т.с.с. Мұның бәрі, Орталықтың қанқұйлы саясатының не істеп, не қоярын білмеген қарапайым халықты баудай түсіруінің әртүрлі қырлары болса керек.
189 ҚОРЫТЫНДЫ Жалпы алғанда Қазақ АКСР-і мен жекелей алғанда Түркістан өлкесіндегі Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі қоғамдық саяси ахуал бітіспейтін таптық қарама-қайшылық түрінде болған еді. Мұндай жағдайда қарама-қарсы жақтар - бір жағынан жеңіске жеткен большевиктер, екінші жағынан құлатылған таптар, ұлттық интеллигенция, қаладағы және ауылдағы ұлттық буржуазия шамамен тең жағдайда болып, билікке жету жолындағы бақталастық күресте блоктарға бірігуге, одақтастар табуға тіпті шет елден көмек сұрау жолын таңдауына мүмкіндіктері болды. Дегенмен қарама-қарсы лагерлердің екеулерінің де бітісіп кетуге және келісімге келуге құлықтары болған жоқ, олар оның орнына азамат соғысы алаңдарындағы қантөгісті қалады. Түркістан өлкесіндегі қарама-қарсы лагерлердің алғашқы қақтығысы азамат соғысына дейін-ақ болған еді. Қоқан автономиясының құрылуы мен 1918жылы Қызыл Армия отрядтарының оны талқандауы және бұған жауап ретінде 1919 жылдың қаңтарындағы Ташкенттегі антикеңестік бүлік барысында 14 Түркістан комиссарының атылуы қарама-қарсы жақтардың арасын барынша ушықтырып жіберген болатын. Азамат соғысы жылдарындағы кескілескен қантөгіс большевиктердің жеңісімен аяқталғаны белгілі. Ал, соғыс біткеннен кейін де кез-келген мәселе күш қолдану арқылы шешіліп, шын мәніндегі және жорамал дұшпандар қатігездікпен басылып тасталынып отырды. Кеңес үкіметінің нығаюы кезеңіндегі қарама-қайшылық Кеңес үкіметінің жазалаушы органдары арқылы реттеліп, большевиктік орталықтың көзқарасын қандай бір деңгейде болмасын қолдамағандарға қарсы қолданылатын қатаң жазалардың заңды екендігі жалпы халықтың саяси санасына қалыптастырыла бастады. Қоғамдық-саяси сананы қалыптастырудың тағы бір маңызды жағы әлеуметтік-экономикалық және саяси қайта құрылуларды өте қысқа тарихи уақытта жүзеге асыру қажеттілігін қабылдату, болып табылды. Большевиктер идеологиясында декларацияланған әділетті социалистік қоғам құру мәселесі кешіге бермейтін еді, оны, керісінше тездетіп жүзеге асыру керек болатын. Мұндай асығыстықта, әсіресе, орталықтандырылған жоспарлы шаруашылық жағдайында болмай қоймайтын қателіктер Кеңес үкіметі қарсыластарының әдейі істеген «қаскүнемдік әрекеттері» ретінде қарастырылды. Алға қойылған мақсаттардың кең ауқымдылығы мен саясат пен билік ресурстарының барлық түрінің жартымсыздығынан кеңес
190 қоғамы өмірінің барлық салаларында шиеленіскен жағдай қалыптасқан еді. 20 жылға жетпейтін қысқа тарихи кезең ішінде яғни «социализм негіздерін құруды аяқтаймыз» деген 1936 жылға дейін көптеген саяси бағыттар бірін-бірі алмастырған болатын- «әскери коммунизмнен» бастап, «жаңа экономикалық саясатқа» дейін, ары қарай «халық шаруашылығын қалпына келтіру», одан кейін «өнеркәсіптегі социалистік қайта жаңартулар», «индустриализация», «ауыл шаруашылығын ұжымдастыру», «мәдени революция». Мұның бәрі И.В.Сталиннің таптық күрестің шиеленісуі туралы және «екі жүзділермен», сонымен қатар әртекті ауытқушылармен күрестің қажеттілігі туралы тезисімен аяқталған болатын. Анығында, бұл үрандар қатардағы партия мүшелерінен бастап, партия және кеңес белсенділерінің басым бөлігіне, жалпы елдегі басым көпшілікке түсініксіз болды. Егер жалпы статегиялық мақсаттарды анықтау салыстырмалы түрде оңай болды десек, нақты саяси тактиканы жүзеге асыруға келгенде шала сауатты белсенділер мен қатардағы партия мүшелері, оларды айтқандарындай етіп орындауға тырысып, қиын істің қиюын қашырды. Бұл орайда ішкісаяси күрестің қамымен болып, қайсымыздың шыққан төбеміз биік болар екен деген ойда жүрген Орталықтың өзі де нақты және мақсатты тактикалық қимылдарды дұрыс түйсіне алмады, немесе тапсырмаларды әдейі түсінікті етіп бермей, мұның өзі кейіннен жауапкершілікті «табыстан басы айналғандығы», «тым қатты кеткені» және «қателіктері» үшін өңірлік және жергілікті билік органдары мен басқармаларына аудара салу үшін де қажет еді. Бұл, әсіресе, ауыл шаруашылығын ұжымдастыруды жүргізу бағытына көбірек қатысты болды, ондағы тактикалық іс-қимылдардың дұрыс ойластырылмауы кері нәтижелер берген еді- ірітауарлы ауыл шаруашылық өндірістік бірлестіктерін құрудың орнына кішігірім, ештеңеге дәрмені жоқ колхоздардың пайда болуы себепті, тамақ және жеңіл өнеркәсібіне қажетті ауылшаруашылығы өнімдерін өндірудің құлдырап кетуі, трагедиялық жағдайларға жеткізгені белгілі. И.Сталиннің – «Бәрін кадрлар шешеді» деген белгілі максимасы, түкке тұрмай қалды. Осындай қиын жағдайда,Орталықтағы ішкісаяси және әртекті «халық жауларымен» күрес, әдейі өңірлер мен жергілікті жерлерге, тіпті бастауыш еңбек ұжымдарына дейін көшіріліп отырды, ондағылардың Л.Троцкий, Н.Бухарин және басқалар туралы түсініктері терең болмағанымен, қабылдаған шешімдері қатігездігі жөнінен орталықтан асып кетіп жатты.
191 Ел ішінде осылай қалыптасқан қауырт жағдай әлемдегі сыртқы-саяси жағдайлардың шиеленісуімен одан әрі қиындай түсті. Қайта-қайта болып жатқан Батыс және Шығыс елдеріндегі қақтығыстар елдегі ішкі саяси жағдайға әсер етпей қоймады, оның өзі елде біртіндеп қоғамдық сананың милитаризациялануын қалыптастыра бастады. Субъективтік жағдайлар санатына қатал да қатыгез саяси соққы беруге қабілетті жазалау органдарының біртіндеп партия және кеңес органдары бақылауынан шығып кетуін айтуға болады. Алғашында, кез-келген мемлекетте болуы керек органдар ретінде пайда болған сот, милиция, ТК – МСБ –БМСБ біртіндеп атқарушы және сот тармақтары билігінің бақылаусыз бөлігіне айнала бастады, мұндай жағдайдың әдейі істелінгендігі немесе бақылаусыз даму барысында осылай болғандығы әлі де беймәлім. БК(б)П ОК –гі сталиндік топтың оларды бетімен жіберуге келісуі, ойластырылған кадрлық орын ауыстырулар мен олардың қызметінің заңды екендігін идеологиялық жағынан қамтамасыз ету - осының бәрі аталған органдарды жаппай саяси репрессиялар жүргізудегі алдыңғы қатарлы күшке айналдырды. Келесі бір субъективті фактор ретінде Орталық пен баспасөз ақпарат құралдары ұйымдастырған қорқыныш пен күдіктенушілік нәтижесінде, халықтың оған үндемей келісіп ғана қоймай, ашық жиналыстардағы белсенді атсалысуын айтуға болады. Қазақ КСР-і саяси тарихын, зерттеу тақырыбының көзқарасы бойынша қарастыру арқылы, өңірлік және саяси элитаның Ақпан және Қазан төңкерістері аралығында большевиктік Орталықтың мүдделеріне сәйкес келетіндей қалыптаспағандығын аңғаруға болады. Бұрынғы Қоқан автономиясы мен «Алаш» қозғалысындағы қайраткерлерден тұратын ұлттық элита, кезінде большевиктерге қарсы шығуы себепті олардың билік құрылымдарындағы жұмыстардан дәметкен жоқ. Сондықтан да жетекшілік және басқару жұмыстарына, төңкеріске дейін және азамат соғысы жылдары большевиктер партиясы қатарында болған саяси белсенділердің азғантай тобы ғана кірген еді. Бастапқы кезде кең байтақ Қазақстанның геосаяси маңыздылығы ескеріле отырып - республикалық, округтік және уездік масштабтардағы басшылыққа, негізінен, Орталықтан жіберілген адамдар тартылды. Дегенмен, мұндай жағдайдың ұзақ сақталуы мүмкін емес еді, сондықтан да әртүрлі деңгейдегі элитаның құрамы, партиялық және мемлекеттік аппаратқа қазақтарды көбірек тарту арқылы теңестірілуі керек болатын. Бұл жағдайда, алғашқысында, бұрындары басқа саяси бірлестіктерде болып БК(б)П қатарына тек
192 азамат соғысынан кейін ғана кіргендерге онша көңіл бөлінген жоқ. Сонымен қатар аталған жағдай, қызметтік көтерілуге, саяси карьера жасауға кедергі келтірмеді.Әйтсе де, кейіннен дәл осы аталған әлеуметтік топтың жаппай саяси репрессиялар қуғынына бірінші болып ілігіп, ең көп зардап шеккендігі белгілі. 20-жылдары сезімтал қазақ зиялыларын қатты ойландырып,іштей наразылығын тудырған мәселенің бірі – Орталықтың Қазақстанның жергілікті ерекшеліктерімен және ұлттық мүддесімен көп жағдайда санаса бермеу саясаты еді. Батылы жетіп, өз қара басының қамын ойламаған Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов сияқты қайраткерлер бұған барынша қарсы тұруға тырысты . Бірақ, сол үшін де кейіннен күйіп кетті Қазақстанның КСРО экономикасындағы ұлғайып келе жатқан үлес салмағына байланысты Орталықтың да оған деген көзқарасы тиісінше өзгеріп отырды. Республикалық барлық деңгейдегі элитаға қатысты Орталық ерекше саяси ойын жүргізген еді, сырттай мінсіз көрінетін саяси қатынастар іс-жүзінде неше түрлі қулық-сұмдыққа , шырғалаңдарға және түпкі ойларын жүзеге асыру үшін керек айла -әрекеттерге негізделген болатын. Мұндай ойынның негізгі мақсаты республикалық элитаның ауызбірлігін болдырмау еді. Ол үшін ішкі бақталастық өршітіліп, республикаға сырттан келгендерге жергілікті ұлт өкілдері қарсы қойылды, республиканың өз кадрлары егер ол Солтүстіктен болса, онда Оңтүстікке, ал Оңтүстіктің өкілі республиканың Солтүстігіне жіберілді және т.б. Осы арқылы бірқатар негізгі мәселелер шешілген еді. Біріншіден, Орталық республиканың өз ішіндегі саяси топтардың (клан) пайда болуын тежей алды, өйтпеген жағдайда бұлар басқарушы саяси топтың ішінде бола тұрып, өздерінше берік бірлестік құрушылар ретінде әрекет жасауға тырысар еді. Сонымен қатар – туысқандық, жерлестік, рулық, тіпті пікірлестер мен бір діндегілердің де саяси топтарға бірігуіне мүмкіндік берілмеді. Бұл, саяси бірлестіктер тіпті де болмады деген сөз емес еді, тек ендігі жерде саяси лидердің маңына ондаған немесе жүздеген жеке индивидтер ғана топтаса алды. Мұндай бірлестіктер мәселен, С.Қожановтың, Т.Рысқұловтың, С.Сәдуақасовтың айналасына біріккен болатын. «Мирзояндық артель» де осындай топқа жатқызылды. Тиісінше, алғашқы репрессиялық іс-әрекеттер де осы топтарға қарсы бағытталды. Орталық бұлталаққа салған келесі жағдай, олардың өз директиваларын түсіндірудегі түлкібұлаңы еді. Осылай партиялық
193 және мемлекеттік аппаратты жергіліктендіру мен қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту қажеттілігіне байланыста біреулер қатысында ол Орталықтың позициясын дұрыс түсінді деп есептелінсе, екіншілері қатысында дәл осының өзі «буржуазиялық ұлтшылдықтың» немесе «ұлтшыл-фашистіктің» көрінісі болып шыға келді. Орталықтың республикалық ІІХК органдарына қатынасы да қызығушылық тудыратыны даусыз. Бұлар сырт көзге дербес және ешкімге есеп бермейтіндей көрінгенімен, Мәскеу тағайындаған екі ішкі істер халкомы өздерінің негізгі міндеттерін орындағаннан кейін - олар іс жүзінде республикалық және облыстық деңгейдегі барлық басшыларды кетіріп тынған еді, бірінен кейін бірі кетіп, ақырында өздері де репрессиялауға ұшыраған еді. Облыс деңгейіндегі ІІХК басшыларының да тағдыры дәл осындай болды. Орталықтың осындай саяси ойындарының тәсілдерін республика басшылығы облыстық және аудандық деңгейдегі партиялық-кеңес аппараттарына қатысты толық көлемде қайталап (көшіріп) қолданғанын атап көрсету қажет. Оңтүстік Қазақстан өңірі зерттеліп отырған, сонымен қатар оған дейінгі тарихи кезеңде – артта қалған феодалдық Қоқан хандығы құрамында болған кезінен бастап, жарты ғасырдан сәл асар уақытта « мүлгіген феодализмнен» социалистік қоғам негіздерін құру жағдайына дейінгі тарихи жолды жүріп өтті. Әркезде Қоқан хандығының, Түркістан генерал-губернаторлығының, Түркістан АКСР-інің құрамында болып,кейіннен Сырдария облысы әкімшілік бірлігі есебінде Қазақ АКСР-інің құрамына кірген, одан кейін осы аттас округ болып, одан әрі Оңтүстік Қазақстан облысы аталынған өлкедегі қоғамдық - саяси даму процестерінің жеделдетілуі өңірдің ролінің маңыздылығының арта түскенін көрсетеді. Мұндағы негізгі қоғамдық-саяси қайта құрулар, ұзақ уақытқа созылмаған ауқымы қысқа басмашылар қозғалысын есепке алмағанда, басым жағдайда бейбіт жолмен жүргізілді. Арыс станциясынан Пішпек қаласына дейін созылған темір жол магистралі құрылысының бітуі, сонымен қатар Түркістан - Сібір темір жолының Луговая станциясынан бастап ары қарай Оңтүстік- Шығыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан аудандары арқылы Танссібір магистраліне шығуы, өңір экономикасының республикалық және жалпыодақтық экономикалық қатыныстарға енуіне мүмкіндік берді. Сонымен қатар, республикалық және жалпыодақтық деңгейлердегі билік орталықтарымен қатынас жолға қойылып, өлкенің
194 шаруашылық потенциалын игеруге мүмкіндіктер қарастырылды, мәдениет дамыды. Құрамы жөнінен күрделі және салдары жөнінен қиындыққа ұшыратқан социалистік қайта құрулар кезеңі жалпы алғанда республикамен бірге өтілді. Халықты баудай түсірген нәубет 1936-1938 жылдары болған еді. Орталықтың бастауымен және БК(б)П Қазөлкекомының (кейіннен ҚК(б)П) қолдауымен жүзеге асырылған «халық жауларымен» күрестегі негізгі соққы облыстық және аудандық деңгейлердегі партия және кеңес басшыларына тиген болатын. Қазақстанның басқа өңірлерінен келіп, қызметтерінде аз уақыт ғана болуы олардың «репрессиялық шеңберді» тез өтуіне, яғни баспасөздегі ашық және негізсіз айыптаулардан бастап, партия - шаруашылық белсенділері мән бастауыш партия ұйымдары жиналыстарындағы талқы, одан кейінгі сотқа беру мен ондағы негізделмеген қатаң үкімдердің шығарылуы, ең соңында осы үкімдердің орындалуы ұзаққа созылмайтын. Жалпы, елде қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайға наразылылық көрсеткендердің бәрі де жау және контрреволюцияшыл элементтер ретінде айыпталуы себепті, еңбек ұжымдары мен қоғамдық ұйымдарда мемлекет саясатын «қолдаған»іс-шаралар үнемі болып тұратын. Өте қысқа уақыт аралығында –1937 жылдың екінші жартысында Оңтүстік Қазақстан облысындағы қалалар мән аудандардың барлықтай дерлік партия және кеңес басшылығына саяси және басқа да айыптар тағылып, оларды партиядан шығару жүргізілді, қамауға алынып, істері сотқа берілді. Халық шаруашылығы, өнеркәсіп және транспорт мекемелерінің, ауыл шаруашылығының және басқа да әртүрлі органдар мен барлық деңгейдегі басқарма басшылары да осылай репрессияға ұшырады. Репрессиядан қатардағы партия мүшелері мен партияда жоқ еңбекшілер де тыс қалған жоқ, оларға да облыс «үштігі» қаталдығы жөнінен кем түспейтін үкімдер шығарып жатты. Реабилитация процестері, яғни әділдіктің орнауы, барынша кешіктіріліп, тек 20 жылдан кейін ғана басталған еді.
195 ӘДЕБИЕТТЕР 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Қазақстан, 1995.-48б. 2. Егемен Қазақстан 12 қаңтар 2006жыл. 3. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы анықтамалық (1924жыл қазан-2001 жыл қаңтар) - Шымкент. 2001ж. 4. Қазақ» газеті, 1917, №238. Деректемені «Бөкейханов Ә. Шығармалар. Құраст. Кіріспесін және өмірбаяндық ғылыми мақаласын жазған ҚойгелдиевМ.» (-Алматы «Қазақстан», 1994ж. 77-б) атты жинақ бойынша беріп отырмыз. 5. Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты (бұдан әрі ҚРОММ) 698 - қор,14-тізбе, 299а-іс, 159 – п. 6. История Коммунистической партии Советского Союза. - Москва., 1971. Т.4 Книга вторая (1929-1937г.г) с.с. 180-192. 7. Қазақстан Коммунистік партиясы тарихының очерктері. – Алматы: Қазақстан, 1984.- 735б. 8. Қазақ ССР тарихы. Социализм дәуірі. - Алматы :ҚазССР Ғылым акад.басп., 1964.-976б. 9. Қазақ ССР тарихы. (Көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4т. – Алматы: Ғылым, 1981.-676б. 10. Зверяков И. От кочевья к социализму. - Алма- Ата , 1931г. 11. Жаманкулов А. Опыт перехода казахских шаруа к оседлости. 1917-1937г.г. - Алма-Ата, 1969. 12. Шаумян М. От кочевья к социализму. - Алма-Ата: Казахстан, 1965.-200с. 13. Жумабеков Ж. Ленинской дорогой. - Алма-Ата: Казахстан, 1973. – с.287. 14. Акишев З.А. Экономические и политические предпосылки и результаты конфискации собственников- крупных баевполуфеодалов в Казахстане. - Алма-Ата: Казахстан,1949. – 259 с. 15. Тұрсынбаев А. Победа колхозного строя в Казахстане. - Алма-Ата: Казгосиздат, 1957. – с.326 16. КПСС в резолюциях и решениях съездов, конференции и пленумов ЦК, Т. 4-7. - М., 1985. – с.576 17. Қазақстан Коммунистік партиясы дамыған социализм жағдайында. - Алматы, 1983. 18. Голинков.Д.Л. Крушение антисоветского подполья в СССР /1917-1925г.г./ - М.: Политиздат, 1975.- 703 с.
196 19. Победа Великой Октябрьской социалистической революции в Туркестане. Сборник документов. – Ташкент: Госиздат УЗССР, 1947. -230 с. 20. Софинов П.Г. Очерки истории ВЧК.- /1917-1922г.г./ - М.: Госполитиздат,- 1960. -248с. 21. Арипов Р., Мильштейн Н.. Из истории органов госбезопасности Узбекистана / Документальные очерки истории 1917-1930 г.г. / - Ташкент: Узбекистан, 1967.-184с. 22. Тимошков С.П. Борьба с английской интервенцией в Туркестане. - Москва, 1941г., 23. Коканбаев А. Борьба с басмачеством и установленияе Советской власти в Фергане. – Ташкент: Госиздат УЗССР, 1958.-116с. 24. Зевелев.А. И. Из истории гражданской войны в Узбекистане. - Ташкент, 1959г. 25. Алексеенков П. Крестьянское восстание в Фергане. - Ташкент. 1927г. 26. Кулиев К. Борьба Коммунистической партии за упрочение Советской власти и осуществление национальной политики в Средней Азии. - Ашхабад, 1956г. 27.Кощанов Б.А. Большевики в Туркестане, 1917-1922г.г.- Москва, 1994; 28.Абылхожин Ж.Б. Социально-экономические аспекты функционирования и трансформации традиционной структуры Казахстана, 1920-1930-е гг. Алма-Ата: Ғылым, 1993. – 238 с. 27. Медведев Р.А.. Они окружали Сталина.- М.: Политиздат, 1990.-351с. 28. Историки спорят. Тринадцать бесед. - М.: Политиздат, 1988.- 508с. 29. Мажитов С.Ф. Қазақстандағы халық-азаттық қозғалыстарды зерттеудегі ақиқаттың бұрмалану себептері. // Отан тарихы, 2006, № 2.- 19 б. 30. Төлепбаев Б., Осипов В. Асырмай да жасырмай айтылар шындық. «Нәубет» публицистикалық ой-толғаулар жинағында. - Алматы, «Жалын» 1990ж Абылхожин Ж.Б., Козыбаев Н.К., Татимов Н.Б. Новое о коллективизаций в Казахстане. В кн.: История Казахстана: Белые пятна: Сб. ст./ Сост. Ж.Б.Абылхожин.- Алма-Ата: Казахстан, 1991.-348 с. 31. Саяси қуғын-сүргіндер және олардың зардаптары. Естеліктер мен мақалалар жинағы- редакторы Мажитов С.Ф. – Алматы: Архив Президента Республики казахстан, 2009.-158 с.
197 32. Бөкейханов Ә. Шығармалар. Құраст. Кіріспесін және өмірбаяндық ғылыми мақаласын жазған Қойгелдиев М. – Алматы: Қазақстан, 1994. -384 б. 33. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995.- 368 б. 34. Қойгелдиев М. Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры (ХУІІІ-ХХғ.ғ.) Зерттеулер .- Алматы : Жалын, 2004. – 400 б. 35. Рыскулов Т.Р. Собрание сочинений в трех томах. Т.1. – Алматы: Қазақстан, 1997.-336с. 36. Рыскулов Т.Р. Собрание сочинений в трех томах. Т.2. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 384с. 37. Рыскулов Т.Р. Собрание сочинений в трех томах. Т.3. – Алматы: Қазақстан, 1998.-444с. 38. Джандосов У. Документы и публицистика. (1918-1937г.г) в двух томах. Т1. – Алматы: Қазақстан, 1999.-400с. 39. Джандосов У. Документы и публицистика. (1918-1937г.г) в двух томах. Т2. – Алматы:Қазақстан, 1999.-304с. 40. Левон Мирзоян в Казахстане. Сборник документов и материалов (1933-1938г.г.) – Алматы: Қазақстан 2001.-368с. 41. Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? Алматы: Ана тілі, 1993.-208с. 42. Омарбеков Т. Зобалаң.(Күштеп ұжымдастыруға қарсылық): Оқу құралы. – Алматы: Санат, 1994.-272 б. 43. Нүрпейсов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы:Ататек, 1995.-256 б. 44. Қозыбаев М. Ақтандықтар ақиқаты. – Алматы: Қаз.ун-ті. 1992.-272 б. 45. Абылғожин Ж.Б. Қозыбаев М.К. Татимов М.Б. Коллективизация в Казахстане: Трагедия крестьянства. - Алма-Ата 1992.-358 с. 46. Алдажұманов К.С. Тоталитарный социализм: реальность и последствия. – Алматы, 1997г. 47. Баймаханов М.Г. Государственные - правовые проблемы общенационального согласие и реабилитация жертв политических репрессий. - Алматы 1997.-20 с. 48. Байжан-Ата С. Өткеннен – мұрағат, өркенге - ұлағат. – Алматы: Қазақстан. 1998. – 480с 49. Рүстемов М. Созақ қасіреті. (тарихи деректі ақиқат) Шымкент.-Шымкент, 1993ж-88б. 50. Құдайбергенова А.И., Өнербаева Ш. Халық жадында сақталған Сыр өңіріндегі шаруалар көтерілістері жайында. (1928-1930ж.ж) 147-158 бб. Ұжымдық жинақ. «Мәдени мұра: Халықтың тарих