98 мұсылман бюросының немесе Өлкелік мұсылман бюросының (өлкемусбюро) келісімін алу керек болатын. Сонымен қатар мұсылман еңбекшілері мен кедейлерді Кеңестік құрылысты өркендетуге тарту қажеттілігі атап айтылады. Қалаларда мұсылман пролетариаттары ұйымдарын құру жөніндегі іс - шаралар жүргізіліп, кишлактар мен ауылдардағы еңбекші халық пен диханшыларды таптық тәнтілігіне байланысты ұйымдарға біріктіру көзделінді. Анығында тепе-теңділік жағдайы бұрын да болған еді, онда Әулиеата Кеңестік құрамына «орыстардан» 10 адам, «Кеңес мүшесі болып түземдіктерден» - 14 адам кірген болатын. Әйтсе де Кеңестің атқару комитетінде оның 14 мүшесінің тек үшеуі ғана жергілікті халықтың өкілдері болды – большевиктерден Рысқұлов пен Қошмамбетов, солшыл эсерлерден Жұмағұлов [208]. РК(б) П- ТКП жалпы қоғамдағы, соның ішінде Түркістан өлкесіндегі әйел-мұсылмандар мәселесін барынша белсенді түрде қолға алды. Бірінші партияда жоқ мұсылман әйелдерінің конференциясы 1921 жылдың 9 науырызында Әулие-Ата қаласында өтті. Қаланың ірі саяси белсенділері Абланов, Ахметжанов, Рахманберды және Палийлер делегаттарды конференцияның ашылуын құттықтады. «Москвадағы жалпы Ресейлік мұсылман әйелдері съезі» туралы мәселені қарап конференция съезге өзінің қызығушылығын танытты және Кеңес үкіметін қолдайтындығын білдіртті. Облыстық конференцияға делегаттар сайланып, оларды конференцияның президиумы төрайымы Серікбаева таныстырды. Конференцияға жиналған делегаттар мұсылман әйелдер ұйымын құру мәселесін уақыт оздырмайтын қажеттілік деп қарауды өз қаулыларында атап көрсетті [209]. Кейіннен ТКП Сырдария облыстық комитеті (Сыробком) жанынан әйелдердің аудандар мен қалалардағы белсенді жұмысын ырғақтандырып отыратын әйелдер бөлімі (женотдел) құрылып, ол әйелдер ұйымдарының Кеңестік мекемелермен байланысын нығайтуға негізделді, себебі бұл іс «… мекемелердегі әйелдер арасында нашар жүргізілген, бірақ іс-шаралар қолданылуда… Бұл байланыстардың жақсаруы күтілуде». Жергілікті халық арасындағы жұмысқа ерекше мән берілді. Облыстық партия мектебі жанында әйелдер секциясы жұмыс істеп, сонымен қатар «Шығыс арасындағы университеттің бөлімшесі жанынан әйел жұмысшылар үшін 3 айлық мектеп ашылып, онда 32 курсант есепте болды» [210]. Нәтижесінде, кейіннен Қызылордада 50 әйелдің кілем тоқитын артелі ашылды [211, 30-б.].
99 Аталған саяси- демографиялық топ ішіндегі жүргізілген жұмыстың бір парасы БК(б)П Сырдария аймақтық комитетінің өңірдің орта деңгейдегі ұйымдарына жіберген хатында көрінеді, онда кеңесшіл әйелдердің « аймақтық, аудандық кеңестерін, қоғамшыл әйелдердің ауылдық мәжілістерін өткізіп олардың назарын Кеңестердің сайлау науқанына аудару туралы және бұл іске ауылдың, кишлак пен деревнялардың әйелдерін кеңінен тарту туралы айтылады. Сонымен қатар Қазақстанды мекендеп отырған барлық ұлттардың еңбекші әйелдерін де аталған істерде кеңінен қамту мәселесі қарастырылған. Әйтсе де 20 - жылдардың басында партиялық ықпал барынша әлсіз еді. 1921 жылдың сәуірінде өткен ІY Әулиеата уездік - қалалық конференциясында «…Уездік партия ұйымының тым әлсіздігі, партия жұмысының уезде де, қалада да әлсіз екендігі, Уқалкомның жетекшілік ролінің жоққа тән екендігі, онсыз коммунистік ұйымдар мен басқа да партия ұйымдары күнін көре алмай кететіндігі… Уқалкомға мынадай ұсыныстар: «…қала мен уезде коммунистік бастауыш ұйымдарын құруға барлық күш-жігерді жұмсауды, ал коммунистік фракциялардың кәсіподақтары жанынан жастарды, мұсылмандар мен орыстар одағын және әйелдерді қоса отырып сенбіліктер ұйымдастыру қажеттілігі айтылды [212]. Дәл осындай жағдай Перовск және Черняев уездерінде де болды. Бұдан кейінгі кезеңдерде бастауыш партия ұйымдары мен партия ұяшықтары орта деңгейдегі аппараттың қырағы көзқарасымен жұмыс істеді, дегенмен мұндай бақылау орталық партия органдарының бағытынан айнымауға кепілдік бере алмайтын еді. БК(б) П қызметінің келесі маңызды бағыты Түркістан республикасы территориясында едәуір мөлшерде қалып қойған австро-венгрия армиясының әскери тұтқындарымен істелінген жұмыс болды. Олардың біразы Кеңес үкіметі орнауы және азамат соғысында жеңу кезеңдерінде большевиктер позициясының нығаюына едәуір үлес қосты, сонымен қатар 20 - жылдардың басында да келелі қызметтер атқарды. Әулиеата қалалық партия ұйымында 60- тан аса РК (б) П-ның шетелдік мүшесі болғандығын, олардың қала коммунистерінің жалпы санының 10% -ін құрағанын айтуымызға болады [213]. Осы кезеңді зерттеуге арналған еңбектерде әскери тұтқындардан ірі әскери құрылымдар (1500 адамға дйін) құрылып олардың Кеңестік Түркістан армиясындағы жетекшілік ролі айтылады [195, б.107]. Большевизмге қарсы күштер әрқилы саяси параметрлерде еді. Жоғары дәрежеде ұйымдасқан «Алаш» ұлт - азаттық қозғалысы, «Алашорда» (Қазақстанның солтүстік - батысы мен солтүстік - шығысында) үкіметімен, Түркістанның мұсылмандар партиясы, Қоқан
100 автономиясы үкіметімен, большевиктер партиясымен тікелей қарама-қайшы бағыт-бағдарда болды. Большевиктер партиясы өзінің дамуында саяси партияларды құрудың дәстүрлі жолымен жүрді - кішігірім социал - демократиялық үйірмелерден өңірлік деңгейдегі саяси клуб түріндегі ірі құрылымдарға дейін жетіп, мұның өзі оған Ресей империясының кең шеңберінде ұлттық социал - демократиялық құрылымдарды (Литва мен Польшаның социал демократтарының, еврейлердің жұмысшы одағы - Бунтты және басқаларын) қосып алып өзінің саяси қалыптасуын 1903 жылы Лондонға өткен ІІ съезінде аяқтауға мүмкіндік берді. Барлық процесс, 1883 жылы Женевадағы иммиграцияда құрылған алғашқы социал демократиялық «Еңбекті азат ету» тобының құрылуынан есептелсе 20 жылға созылыпты. Алаш қозғалысына қатысты айтар болсақ, соңғы жылдарға дейін «Қазақ» газетінде жарияланған Алаш бағдарламасы жобасының қолға түспеуіне байланысты негізінен Н.Мартыненканың аудармасы пайдаланылып, сол бойынша тұжырымдар жасалынып келді. Бағдарламаның саяси және әлеуметтік мазмұнын мейлінше реакциялық тұрғыдан тұқыртып көрсетуді көздеген бұл аударма оқырманға Алаш партиясын жікшілдік «Қазақстан қазақтар үшін!» деген тар ұлтшылдық, ескі феодалдық тәртіптерді бұзылмаған күйінде қалдыруды көздеген саяси ұйым етіп көрсетуді мақсат етті. Әрине, еуропалық түсінік өлшем тұрғысынан алғанда Алаш саяси партия деңгейіне көтеріле алмағандай болып көрінуі әбден мүмкін. Бірақ қазақ қоғамының сол тұстағы қоғамдық даму ерекшелігін ескерсек, ол саяси партия есебінде өз міндетін белгілі дәрежеде атқара алды және бұл ретте ұлт тарихында өшпес терең із қалдырып кетті деп айтуға негіз бар. Ол күрделі 1917 жылдың күзінде мынадай үш ірі мәселенің дұрыс шешілуіне үлкен үлес қосты. Біріншіден, партия мүшелері халық арасында, қазақ зиялылары ішінде ең алдымен шешілуге тиіс жалпы ұлттық зәру мәселелерді талқылауға мұрындық болып, сол мәселелер бойынша ортақ тұжырымдар жасауда басты роль атқарды. Бұл тұжырымдар партия бағдарламасының жобасына енді. Екіншіден, партияның ұйтқысы болған қайраткерлер қазақ елінің Алаш автономиясы атанған ұлттық мемлекетінің өмірге келгенін жария еткен екінші жалпықазақ съезін ( 1917, желтоқсан) дайындап, өткізді. Осы съезде өмірге Алашорда – ұлттық Кеңес өкіметі – келгені мәлім. Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін Алаш партиясынығң мүшесі санағандығы күмән тудырмаса керек. Үшіншіден, осы жылғы қарашада болып өткен Бүкілресейлік құрылтайға депуттаттар
101 сайлауында барлық қазақ қайраткерлері Алаш партиясының атынан тіркелді және осы ұйымның атынан делегат болып сайланды. Әрине, объективті жағдай, күрделі де қатал өмір ағымы Алаш партиясының саяси күреске білек түріп араласып кеткен саяси күшке айналуына мүмкіндіктер бере қоймады. Қым-қиғаш Азамат соғысы тұсында мұндай міндеттерді тек Алашорда атанған үкімет ғана атқара алатын еді [36, 160-б.]. Бірақ 1918 жылы көктемде басталып кеткен азамат соғысы ұлттық тұтастық мәселесін біржола келмеске жіберді. Енді ғана ұлт-азаттық күрес арнасына түскен қазақ қоғамы бүкіл Россия империясын қамтыған тап аралық соғыс орбитасына тартылды. Қазақ қоғамы болашақ мемлекеттік құрылыстың түрлі нұсқаларын жақтап (алаштық және кеңестік) екіге бөлініп кетті. Сөйтіп, кеше ғана отарлық езгіге қарсы күресте саяси тұтастық туын көтерген қоғам мүлдем басқа сипат алып, таптық жіктелу жолына түсуге тиіс болды. Бұл іс жүзінде жаңа ғана бой көтерген ұлт – азаттық қозғалыстың өзінің қисынды шешімін таппай жатып-ақ таптық күреске ұласуы еді [36, 180-б.]. Солшыл эсерлер партиясы өзіндік құрылым құрып, орталық органдар мен бастауыш ұйымдарды біріктіруге әрекет жасады. Әйтсе де орта деңгейдегі билік буынының болмауынан, сонымен қатар 1918 жылдың шілдесіндегі көтеріліске шығу әрекеттерінің сәтсіздікке ұшырауы солшыл эсерлердің саясаттағы саудасын бітіріп, большевиктер үстем болған еді. Осы орайда РК(б)П Әулиеата уездік комитетінің мына шешімі қызығушылық тудыратындай, онда Мерке ауылындағы Кеңестердің жергілікті атқару комитетінің құрамы туралы хабар берілген. «… солшыл эсерлерден түземдік халықтың байлары пролетариат идеясын жүзеге асыруға кедергі келтіріп отыр». Уком Кеңес құрамына кірген манаптар мен байларды қамап, Кеңестің өзін қайта сайлауға шешім қабылдады [214]. Бұл факт тіпті азамат соғысы жағдайында, хаттама 1919 жылдың қазанында жазылған, большевиктердің шектен тыс саяси іс-шаралар қолдануға дейін барып, олардың саяси шабуылды одан әріге өрістетуге мықтап бет бұрғанын көрсетсе керек. Перовск және Черняев уездерінің большевиктері де осындай позицияда болды. Келесі осындай бір құрылымға біріккен оппозициялық күш басмашылар қозғалысы болды. Ұйымдастырылуы жағынан ол Түркістан АКСР-ның кейбір аудандарында белгілі дәрежедегі саяси және кей жағдайда әскери- саяси күш ретінде белгілі болды. Сырдария облысы өңірінде бұл қозғалыс Ферғана алқабы мен Каспий маңы облысындағыдай дәрежеде болған жоқ. Шет елдерде өздерін қолдаушы орталықтарға сүйене отырып басмашылар
102 қозғалысы өңірдің ішіндегі әлеуметтік топтардан да қолдау іздеді, дегенмен эсерлерге ұқсас бұларды да қолдайтын орта буын болмаған еді. Басмашылар қозғалысының мазмұны мен олар көтерген идеялардың көпшілік халыққа ұнамдылығын әртүрлі анықтауға болады. Басмашыларға берілген бағалар диапазоны оларды кейбір жағдайда қарақшылар мен бандиттер ретінде қабылдаса, кейбір жағдайда оларды халықтың өшін алушы кекшілдер ретінде қарастырады. Кеңес үкіметінің басмашылар қозғалысына қарсы қарулы қарсылық ұйымдастыруымен шектелді, бұл үшін барлықтай дерлік коммунистер мен комсомолдар ирегулярлық өзін-өзі қорғау отрядтарына біріктіріліп, қаруландырылды. Жекелей алсақ Әулиеата атқару комитеті қалалық және уездік милицияның нығаюына ерекше назар аударып, арнайы атты бақылау тобын жарақтап отырды, олар дер кезінде қарулы басмасшылардың келгендігінен хабар беріп тұрған еді. Әулиеата уезін басмасшылар жорықтары ерекше мазалай қойған жоқ – мұндай күндерде оларға қарсы саны жағынан басым милиционерлер отрядтары мен қарулы коммунистер жіберіліп, бұл не басмашылардың талқандалуымен, не олардың қашып кетуімен аяқталады [215]. 1919 жылдың 11 қыркүйегінде Қарымбай Қошмамбетов бастаған Әулиеата социалистік ротасымен гарнизон бөлімшелері бірігіп Байғазы басмашыларын талқандайды [55, 192-б.]. Осылай 1921 жылдың 1 тамызындағы «ТКП-ның Әулиеата қалалық ұйымының шұғыл жабық жиналысының «протоколында» Қарабурада басмасшылардың пайда болуына байланысты Әулиеата уезінде қалыптасқан жағдайға қарай партия өкілдерін мобилизациялау» туралы шешім қабылданып, онда: «Партия мүшелері мобилизацияланған деп есептелініп, олар ерекше қолданыстағы отрядты ұйымдастыру үшін 6-шы роталық территориялық бөлімше бастығының қарауына өтіп, гарнизон бастығына бағынылатын болады. Отрядқа қару қолдана алатын жолдастарды кіргізіп, оларға қамбаны күзету міндетін жүктеу керек. Бұған дағдыланбағандарды үйретуді тез арада бастау қажет [216], – делінген. Сонымен қатар уездің алыстағы селоларында да әскери құрамалар құрылды. Осы орайда уездік Кеңес атқару комитетінің Таудағы бөлімшедегі поселкесіне аттандырылған экспедициясына берілген тапсырмада «…шаруалар мен мұсылман депутаттары Кеңестері халықты қорғау мақсатында ұйымшыл шаруа пролетариаттары арасынан қызыл рота отрядтарын құрып оларға қару беру керектігі» туралы айтылады. Бұған қосымша Дмитриевка селосы
103 мен басқа да поселкелердегі мүлікті топ өкілдеріне атылатын және суық қаруларын өткізуге және жеке адамдарға қару алып жүруге тек Әулиеата депутаттары Кеңесінің рұқсаты ғана мүмкіндік беретіндігі ескертілді [217]. ТКП Сырдария облыстық комитетінің 1922 жылдың сәуіріндегі Әулиеата уқалкомы бойынша ақпараттық бюллетенінде «1921 жылдың мамыр айында уезде басмашылар қозғалысының күшеюі білінді, ол тек уезде ғана емес, сонымен қатар қаланың ішінде де күшейе түсті. Басмашылармен күрес үшін бірнеше шаралар қабылданып, мысалы: милицияның еркін Үштігін ұйымдастыру немесе милиция штатын көбейту және т.с.с, сонымен қатар халық арасында басмашылықтың зияндылығы туралы үгіт науқаны өрістетіледі [218]. Осы бюллетенде Ашық-дала уезіндегі жағдайға баға беріледі: «…жұмысты көп жағдайда басмашылардың шабуылдары жүргізбей тастап отырды, сондықтан да оларға қарсы күрес Уком мен Уаткомның басты назарында, басмашылармен күрес үшін құрылған ерікті Үштік милиция құру әрең дегенде басталды, … Ұрытөбе ауданында басмашылардың шабуылы болды. Хавт болысындағы қышлақтар тонауға ұшырады. Ходжент жағынан ұйымдасқан милиция басмашыларға қарсы ұрыс салып, оларды талқандады, 12 адамды тұтқынға алды. Халық басмашыларды жақсы көрмейді, мұның өзі бандитизмді жақын арада жоюға сенімділік тудырып отыр, бірақ халық әуел баста ерікті милиция ұйымдарын құрудың мақсатын және оның атқаратын ролін толық түсінбегендіктен оған сенбеген еді, сөйтіп жағдай біраз ушыққан болатын, қазір жұмыс едәуір жақсы жүруде [219]. ТКП-ның Ташкенттік Уқалкомының жұмысына баға беріле келіп онда: «Барынша күшейіп келе жатқан басмашылар қозғалысы уезде Укомның жұмысына ерекше әсер етіп, олардың басты назарын басмашылармен күреске аударуға мәжбүрлеп отыр. Басмашылармен күрес үшін төтенше Үштіктер құрылып, олар өз жұмысын ферғаналық тәсілдермен жүргізуде. Ерікті милиция ұйымдастырып оларды қаруландыруға жедел шара қолданылуда. Бұған ІІХК-ның назары аударылуда, себебі милицияны мундирлеп киіндіріп, оны қарумен, ақшамен және азық-түлікпен қамтамасыз етпеген жағдайда оның әлі ешкімге келмейтіндігі анық» [220] делінген. Келтірілген фактілер, Сырдария облысындағы басмашылар қозғалысын жоюға едәуір күш жұмсалғандығын көрсетеді. Сонымен қатар аталған қозғалыстың, халықтың қайсібір бөлігінде, мүмкін өте аз бөлігінде қолдауға да ие болғандығын айтуға болады. Жоғарыда
104 берілген Ашық - Дала уезі жөніндегі құжатта былай делінген: «Азық-түлік салығы кампаниясына дайындық табысты аяқталып отыр, бұл тек басмашылар басып алынған жерлерді ғана қамтымаған [221]. Дегенмен нақты бағдармаларының жоқтығы мен тым аз әлеуметтік базаға сүйенуі, шет елден келіп жатқан көмектердің біртіндеп азайып, кейіннен тіптен доғарылуы, Қызыл армия отрядтарының күшті тегеуріні, азамат соғысы аяқталысымен қозғалыстың жеңіліс табуына алып келген еді. Құрылымы жағынан әлсіз, бірақ зерттеліп отырған кезеңдегі Сырдария облысындағы пәрменді күш ретінде - переселендік деревнядағы кулактар мен қазактардың отырықшы және көшпелі ауылдардағы феодал – бай элементтері болды. Оларды, 20 - жылдардың соңына дейін ауылдық жерлерде алдыңғы қатарлы позицияда болды деуге негіз бар, бұған бірқатар объективті факторлар әсер еткен еді. Бірінші кезекте, олардың экономикалық жағдайының бақуаттылығына байланысты, ауыл халқының әлсіз әлеуметтік топтары оларға тәуелділікте болатын. Егер қоғамдағы экономикалық жағынан күшті топтар саяси тұрғысында да әлсіз болмайды десек, онда аталған топтың биліктің микро деңгейіндегі саяси күрес тәжірибесінің барлығын, олардың экономикалық тұрғыдан алғанда өздерінен әлсіз тұрған топтарға әсер ете алғандығын айта аламыз. Оларға кеңістіктік саяси фактор да жұмыс істеді. Егер ауылдың партия ұяшықтары сан жағынан аз болып, саяси тәжірибесі жетіспей жатса, бұл кемшіліктерді түзету үшін оларға өңір орталықтарынан әртүрлі өкілдер жіберілетін. Олардың келгенінен кеткенінің тездігі және экономикалық бақуатты топтар белсенділерінің үнемі өз орнында болуы жағдайды тез-ақ қалпына келтіретін. Сырдария облысының территориялық жағынан кең көлемділігі, осыған байланысты жекелеген уездермен қатынастың, транспорт пен басқа да коммуникацияның жоқтығынан, әлсіздігі кулактар мен феодал - бай элементтердің ықпалының сақталынып, тіпті кейбір жағдайда нығаюына да мүмкіндік берді. Олардың микро деңгейлік биліктегі саяси тактикасы кедей шаруалардың өздеріне тәуелділігін нығайтып, осы үшін жергілікті билік органдарына өз адамдарын өткізіп, саяси тұрғыда да өз ойларын жүзеге асыру болды. Осылай БК(б) П-ның 1927 жылы Әулиеата қаласында өткен ХІІ уездік партия конференциясының баяндамасында «Кеңестердің сайлауын өткізу кезінде байлар сайлау кампаниясы басталмай тұрып-ақ қамданып, кедейлерді өздері жағына шығару үшін жұмыс жүргізген болатын, ол үшін байлар кедейлерге уақытша
105 материалдық көмек көрсеткенсіді, сайлау жүріп жатқан кезде оларға сауынға малдар берді, қарызға, негізінен қойлар және т.с.с. беріп отырды. Осындай әрекеттерімен байлар кедейлердің ішінен өздерінің айтқанынан шықпайтын, өздеріне тәуелді адамдарды Кеңестер құрамына өткізе алды. Бұл ауылдық Кеңестің аты, затына сай еместігі еді». Ары қарай пайдаланып отырған құжатта: «…байдың кедейге материалдық көмек беруі арқасында Кеңесте өз адамдарын ұстап отыруы кереғар жағдай тудырып, кедей бай берген малды, неге Кеңес үкіметі бермейді деген екіұдай пікірде болды. Сонымен қатар құжаттар «Сайлауда жеңіліс тапқан жағдайда байлар кеңестерді өз жағына қаратудың басқа түрін де пайдаланды, яғни ауылдың әкімшілік құрамының басшыларын өз жағына қаратқысы келді. Мұндай оқиға Меркі болысының №2-ші ауылында болып, онда ауылдық Кеңестің төрағасы сол ауылдың байынан сауын сиыр алып, осы арқылы өзін байға тәуелді етіп қояды» [222]. Бұл құжаттың 1927 жылмен белгіленгенін ескерсек, онда Кеңес үкіметінің жағдайы Қазан төңкерісінен 10 жыл кейін де қалыптасып болмағандығын айтуымызға болады. Қолда бар мұрағат құжаттары айтылып отырған сайлауға байланысты, Әулиеата сайлау комиссиясына түскен осы мазмұндағы көптеген фактілердің болғандығын көрсетеді [223]. Осылай Аса болысының 73 адамы өз еріктерімен жиналған жиылыстарында «үкім шығарып, онда болыстық делегаттар өздерінің төрағасы П.Ақытаевтың мәселесін қарап, оның «…буржуйлар мен манаптардың жағында екендігі айтылады. Үнемі солардың мүделерін қорғап, керісінше кедейдің жалғыз атын тартып алып отырады және оны … (бәлкім астық салғырты бойынша дайындау мекемелеріне өткізеді -автор.), байлардың жылқыларына тиіспейді де және осы үшін олардан қой алып отырады, тоқ етерін айтқанда байлармен ауыз жаласып, кедейлерді кемсітеді және оларды үнемі байларға жығып береді, осы үшін: болыс төрағасы Ақытаевты буржуазия жақтасы ретінде орнынан алып (қызметінен босатып) оның орнына бір ауыздан болыс төрағасы етіп пролетариаттың қорғаушысы Қалабай Басеновты сайлауға» қаулы қабылданды [224]. Мұндай ауыл кедейлерінің қайсібір сәттердегі бас көтерулері жалпы алғанда жағдайды өзгерте алған жоқ- ауылды Кеңестендіру өте жай жүрді және кулактар мен феодал-бай элементтер өз ықпалдарынан айырылыған жоқ. Феодал-бай элементтері мен кулактар ықпалының нығаюының келесі бір маңызды аспектісі діннің ықпалдылығында, оның осы мезетте идеологиялық функция атқаруында еді.Мұсылмандар мен православ христиандары, олардың дінбасылары Кеңес үкіметіне
106 бейтарап немесе теріс көзқараста (қатынаста) болды. Осылай үкіметтің 1921 жылы, шіркеудегі мүліктерді тартып алып, оларды ашаршылыққа ұшырағандарға жараттық-мыс деп алдауы, үкімет пен шіркеу арасындағы қарым-қатынасты жақсарта алған жоқ, керісінше бұл болашақтағы мұнан да ауыр қақтығыстар мен репрессиялардың басталуына берілген белгі іспеттес еді. Негізгі діни бағыттардан бөлек облыс территориясында діни секталар да болды және олар да Кеңес үкіметі әрекеттеріне теріс пиғылда еді, қайсібір жағдайда олар өздерінің экономикалық құрылымдарын да құрып жатты. Мәселен, баптистер, негізгі орталығы Шымкентте болып, 181 адамды біріктірді және уездердегі өз бөлімшілерімен проповедниктер (уағыздаушылар) арқылы байланысты. Олар ауыл шаруашылық артель құрып, ұста - арба (кузнечно-бричечная) шеберханасын ашты. Адвентистердің аз бөліктері Ташқазақ және Әулиеата уездерінде болды. Еговистер жеке жанұя болып 6 адамдар бірігіп өмір сүрді, бірлестіктері болмады. Қызметтері діни әдебиет таратумен шектелді. Қызыл Армияда қызмет етуден бас тартқан екі жәйт тіркелінді, ары қарай құжатта эвангелистер мен православ шіркеуінің старообрятшыларына сипаттама берілген. Сол кездегі коммунистік басшы – сымақтардың исламға берген «сипаттамасы» мынадай: «Мұсылман діні жергілікті халықтың мәдениетсіздігіне және білімсіздігіне қарай өте күшті ықпалға ие. Ауыл коммунистері көпшілік жағдайда діншіл» [225]. Жоғарыдағы құжаттар коммунистік идеологияның қай дінге қандай көзқараста екендігін көрсеткендей. Келімсектердің артель құрғанын байқамағансыған олар, мұсылман дінінен шошуы қатты. Ауыл кедейлері мен феодал - байлар арасындағы қарым-қатынаста соңғыларының тапқан басқа да құйтырқылары жеткілікті. Көшеней болысында ашаршылыққа ұшыраған қырғыздардың (қазақтардың) өтінішінде «кіші Бурылдағы тамақтандыру пунктіндегі 311 адамның бай…» Байлар түземдік әкімшіліктің өздерін қолдайтындығын пайдалана отырып, кедейлерге мынадай іс жасады: оларға тұрып қалған (сасық) ит те жемейтін ет беріп, кейін бұл үшін тірі мал қайтаруын талап етті. Кедейлер өлмес үшін, аштықтан, лажының жоқтығынан мұндай етті алып, оны жеді, ал жазында түземдік әкімшілік байлардың мүддесі үшін кедейлерден олардың пайдасына малдарын өндіріп берді. Осылай бай түземдіктерден шыққан қызметтегілер барлық кедейлерді дуана қылып жіберді [226]. Келтірілген фактіге 1918 жылдың ашаршылығында үлкен мән берілмегенімен, кейіннен ірі бай шаруашылықтарын
107 кәмпескелеп (тәркілеп), кулактар мен байларды тап ретінде жою саясаты жағдайында бұл мәселе ушығып қайта көтерілді. Уездің басқа елді мекендерінде де феодал-бай элементтер осындай тұрғыда әрекет етті, кейбір жағдайда сәттік пайда табу мақсатында таң қаларлықтай қырқарылық көрсетіп жатты. Мәселен, «Ошақты болысының қырғызы Бейсенбек Тоқтыбаевтың өтінішінде пролетариат қорғаушысы қырғыз Қ. Қанқожаевты болыс төрағасы етіп сайлау оқиғасы айтылады. Жергілікті феодал-бай элементтерінің өкілдері өз адамдарын төрағалық қызметке өткізе алмағаннан кейін, Қанқожаевтан» …. Қайтарым құн ретінде (отступной) 2 мың рубль ақшалай және бір жылқы беруін талап етті, бірақ Қанқожаев олардың сұранысын қанағаттандырмағандықтан, олар өсек-аян тарату арқылы, халықты екі партияға бөліп, оларды ары-сары етті де қойды…» [227]. Мұның өзі ауылдардағы таптық қарама-қайшылықтардың өршіп, кедейлердің саяси белсенділігі артқанын, олардың жағдайды өздерінің бақылауына алуға дайын екендігін көрсеткендей. Дегенмен, зерттеліп отырған әлеуметтік топтардың әлсіз жағы ретінде, олардың саяси позициясының дискреттілігін (бұйығылығын) айтуға болады. (Ауыл) Село буржуазиясы саяси қозғалысы үнемі ауыл шеңберінен аспай, көбіне орта деңгейдегі билік құрылымдарына кіріге алған жоқ. Шаруа қозғалыстарының ғасырлық дәстүрі мұнда да қайталанды - өз деревнясында немесе ауылындағы мәселені шешуге қатыстылық оның сыртындағы кез-келген акцияларға қатысуға енжарлығымен алмасты. Келесі оппозициялық сипаттағы саяси күш ретінде ұлттық ауыл интеллигенциясы болуы мүмкін еді, бірақ Кеңес үкіметі жылдарында қалыптасқан жаңа интеллигенцияның үнемі көбеюі жағдайында, бұл жүзеге аса қоймады. Аталған 12-ші уездік партконференциясының материалдарында: «жаңа селолық интеллигенцияның, олар түгелдей дерлік селолық учительдер мен мұғалімдерден тұратындығынан, Кеңес үкіметіне төзбеушілік жағдайы туралы айтуға негіз жоқ»; «халыққа молдалар мен ескі тілмаштардан тұратын ескі интеллигенцияның кейбір ықпалы сезілуде, бірақ ауыл мектептерінің жаңа учительдермен және мұғалімдермен толықтырылуына байланысты бұл жағдай шұғыл жақсы жағына өзгеруде». Ары қарай: «Орыс учительдері арасында жаңа және ескі болып екіге бөліну білінеді. Жаңалары, Кеңестік дейтін учительдер Кеңес үкіметіне төзімділігімен ғана емес, өздерінің оның пайдасына қоғамдық… белсенділігімен де ерекшеленеді» [228]. Конференцияда «Әулиеата уезіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәселесі ойдағыдай емес» деген факті келтіріліп, онда «Қазақ және
108 орыс тұрғындары арасында су мен жайылым үшін жанжалдардың болып жататындығы және оның саяси сарынының бәлкім жоқ та екендігі, сондықтан да мұның қайсібір саяси қарама-қайшылықтар тууына апармайтындығы» айтылған [229]. Олай болса БК(б) П позициясы сол кезеңдегі саяси күштердің арасында біртіндеп нығая берді деп айтуымызға болады. Орта және төменгі деңгейдегі күштердің толықсып, позицияларының нығаюымен қатар, айтарлықтай кемшіліктердің де орын алуы болашақтағы бүлдіргі тірліктерге алып келуі мүмкін еді. ТКП Перовскілік уқалкомы бойынша жіберілген кемшіліктерді анықтай отырып, онда: «Уездегі экономикалық саясаттың негізгі бағытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлер арасында майда буржуазиялық ағым тез таралуда… Уездің кейбір болыстарында партия мүшелерінің арасында рулық теке-тірес барынша ушығып отыр, мұны уездік комитет тамыр-таныстық, туысқаншылдық және әртүрлі топтардың бірін-бірі түсінбуі негізінде пайда болған құбылыс деп түсіндіреді» делінген [230]. ТКП-ның Шымкент уқалкомының жұмысына берілген бағасында да «… жауапты қызметкерлер арасында әртүрлі топтардың болуы және уқалком мен уаткомның жұмыстарының әлсіздігі» айтылады [231]. Осындай жағдай Әулиеата уезінен де байқалады. «Партия және кеңес жұмыстарының жағдайына бір-біріне қас топтардың әрекеті үлкен әсер етіп отыр, тіпті уездегі белсенді қызметкерлер арасындағы айтыс-тартыстың ұлғайғаны соншалықты, ол атқарылатын жұмыстарға айтарлықтай қауіпті болып отыр» [232]. 1922 жылмен белгіленген көрсетілген құжаттан кейінгі, 1926 жылғы құжаттарда да осы фактілер кездеседі. «Топтар бар, бірақ идеологиялық мазмұнда емес, рулық мазмұнда (патриархалды құрылыс қалдығы) және билікке таласу жолында құрылған . Кеңестердің сайлауына байланысты топтар арасындағы күрес өрши түскен, олар тек «өздерінің» адамдарын өткізу мақсатында топталуда. 2-ші Сырдариялық партконференцияның қаулылары негізінде губком аталған топтармен ымырасыз күрес жүргізуде» [233]. Осында ішкі партиялық демократияның дамуындағы екі уклон (ауытқушылық) көрсетіледі – бір жағынан норманы сақтамау (орындамау), яғни өткізілген сайлауды ауыстырып орнына жаңа сайлау белгілеу, осы арқылы аудандық деңгейдегі басшылықты одан жоғары тұрған органдардың ыңғайына сәйкестендіру. Келесі жағдайда демократияның тым кең мағынада түсініліп, партиялық мәселелерді шешуде дауыс беру құқын партияда жоқтарға да беру болып табылады [234].
109 Ресей социал - демократиясының тарихында тек РСДРП-ның 1-ші съезі ғана қарама–қарсы топтарға бөлінуінсіз өтті. Бұдан ары барлық съездерде дерлік теориялық және саяси тактика мәселелері бойынша тоқтаусыз топтық күрес жүріп отырды, егер билікке келгенге дейінгі кезеңде бұл болмай қоймайтын қиыншылық ретінде қарастырылса, билікке келгеннен кейін жекелеген топтар олардың теориялық көзқарастары мен тактикалық қалауларына қарамастан іс жүзінде партия мен мемлекеттегі нақты билік үшін күресті. 20 - жылдардың соңы мен 30 - жылдардың алғашқы жартысында ішкі партиялық демократия ауқымындағы ішкі партиялық күрес И.В.Сталин мен Кеңес үкіметі жылдарында қатарға қосылған саяси бюроның жаңа мүшелерін қанағаттандырмады. Соңғылары партияны билеуші пікірталас клубы кейпінде қарастырмай, «семсершілер ордені» ретінде қарастырып оны темірдей берік партиялық тәртіпті сақтап, орталыққа сөзсіз бағынған жағдайда көрді. Сондықтан да кез-келген басқа пиғылдағы топ, оның себебіне және өмір сүру жағдайына қарамастан сөзсіз билеуші партияның қаһарына ұшырап отырды. Мұны жергілікті жердегілер айқын түсінді. ТКП-ның Әулиеата уездік 4-ші конференциясында: « Ерекше назар партиялық тәртіпке бөлінуі керек, ол үшін… уқалком ең қатаң шаралар қолданудан бас тартпауы керек, ұяшықтар мен фракциялар ішіндегі …, әрбір партия мүшесі тәртіптілікті түсініп, өз ұйымына бағынуға міндетті, ал әрбір ұйым уқалкомның нұсқауларын қалтқысыз орындауы қажет, кері жағдайда олар барынша қатаң жауапкершілікке тартылады, тек осындай тәртіп қана толық және өміршең, кең де жоспарлы жұмыс атқара алатын партия ұйымын бере алады» [235]. Осылай ойлау және әрекет етудегі өзімділік пен жалпы партиялық шешімдерге сөзсіз бағыну дилеммасында приоритет жоғарғы партиялық органдарының шешімдеріне сөзсіз бағынуға берілді, іс жүзінде партияның ішіндегі мұндай жағдай тек 30 - жылдардың екінші жартысында ғана мүмкін болады, әзірге әртүрлі ырың-жырың тиылмаған еді. Осылай «1925 жылдың ақпанындағы БК(б)П-ның Әулиеата укомы хатшысының саяси хатында партиядағы жағдай қанағаттанарлық деп анықталып бұған тиісті фактілер келтіріледі және осыған қосымша кері жағдай туралы да айтылып өтеді». «Уездегі Кеңес жұмысы соншалықты әлсіз, бұған себеп көп, осылардың бірі және ең негізгісі-бұл УАК Президиумы мен УАК төрағасы жол. Қошмамбетовтың жұмыс істей алмауы, ол нақты жұмыс істеудің орнына әртүрлі қитұрқылық әрекеттермен шұғылданып, керексіз қағаздар жазуда. Оған ескерту жасап, оның топтық ағымдық мінездерін тастауына ықпал ету керек
110 [236]. Келтірілген факт уком мен уаткомның арасындағы, сол кездегі қарама – қарсы топтарға қатыстылығы негізіндегі нақты қарамақайшылықты көрсетіп тұр, олардың қайсысының дұрыс екендігін дәлелдеу мүмкін де шығар, бірақ шын мәнінде екі жақ та, уездегі өңірлік саяси күш ретіндегі, партияның позициясын, әлсіреткені анық. Уездегі партия ұйымының беделіне оның саяси - адамгершілік жағдайының әсер еткендігі түсінікті, егер жалпы халықтың негізгі бөлігі тиісті билік құрылымдарының саяси бағдарламасын толық түсінбегенімен , олардың күнделікті жүріс- тұрысын, бірінші кезекте билік басындағылардың мінез- құлқын аңғаруы қиын емес еді. Осы орайда «Түрік баспасөз» қоғамы басқармасының орынбасары Е. Максаковтың Әулиеата қаласы мен партиялық басшыларына берген мінездемесі қызығушылық тудырады. Бар кемшіліктерді ол былай түсіндіреді: «… айдаладағы қаланың мисыз (топас) мещандарының түсініксіз тірлігін есепке алмағанда…» осындай «халқының саны аз, кеңестік аристократиясының саны тіпті де болмашы қалада, үш сыра және бір сыра қайнату зауыты жұмыс істейді, осының бәрін Әулиеата қаласындағылар жұтып жатыр. Күн сайын топталған жауапты қызметкерлерді және жауапты да еместерін… Көлденең табыс тауып жүргендердің арасынан көруге болады… Осының бәрі күнделікті өмірге еніп, сыналып та жатқан жоқ, тек төмендегілердің ғана күбір-күбірі партиялық және кәсіптік тізгін ұстағандардың бет-бейнесінің қандай екендігін анықтап бергендей.» Автор ары қарай «…Мещандық тұрмыс жағдайы мен оның салдары, оған бүкіл болмысымен кірген басшылықтағы жауапты қызметкерлерге де әсер ететіндігін» [237] айтады. Осы тұрғыдағы, тек бүркемеленген формадағы басқа партия құжатында да: «Ұйымда арақ құмарлық, бөлінушілік және басқа да кемшіліктер жаппай орын алып отырған жоқ, тек жеке- жарым ғана осындай оқиғалар бар» [238]. Бұл оқиғалардың соншалықты аз болмағандығын, партияға қабылдау мен партиялық тазалау материалдары көрсетеді, онда аталған кемшілік партияға қабылдау, кандидаттыққа ауыстыру, ал кандидаттықтан тілектесшілге немесе партиядан шығаруға негіз болуға жарап жатты. Жалпы алғанда большевиктердің партия ұйымдары 1918-20 –шы жылдардың соңына дейінгі кезеңде өз ықпалын барынша арттырып отырды. Әрине, олар өздеріне қарсылас саяси күштерді елеусіз қалдырған жоқ. Мұны солардың шотын шапқан сол кездегі баспасөз байбаламынан да көруге болады.Осылай, «Еңбекші қазақта» жарияланған Тоғжанұлы Ғаббастың «Қазақ коммунистерінің көпшілігі
111 партия жолында» деген мақаласында: «Смағұл, Сұлтанбектер не ұлтшыл, не коммунист бола алмай жүр», - деп оларды сынап өткен [239]. Бір жағы бақталастыққа келіңкірейтін Ізмұқан Құрамысұлының «Ұлттар және байшыл ұлтшылдар туралы» атты көлемді мақаласында тағы да Смағұл Садуақасұлы сыналған [240]. Бұл жерде ұлттық интеллигенция арасындағы өзара алауыздықтың Қазақстандағы саяси ахуалға Орталықтың білек сыбана араласуына жол ашып беріп тұрғаны көрініп–ақ тұр. Өз позицияларын түпкілікті нығайтып алғаннан кейінгі негізгі мәселе, өз қарсыластарына қатысты байлам жасау керектігі болатын. Бір жағынан өткен түсініспеушіліктерді ұмытуға болар еді, ал екінші жағынан макиавеллизм дәстүрлеріне сәйкес, қолданбалы саясатта, орын алған реніштер кешірілмейді. Сондықтан да саяси оппонентті бас көтермейтіндей етіп сұлатып, оның ерте ме кеш пе кек (реванш) алуына мүмкіндік бермеу қарастырылды. Екінші жолды таңдаған большевиктерге бұрынғы оппонентерімен есеп айырысуда реттілікті дұрыс таңдау қажет болды- алдымен өте қауіптілерін, кейіннен аз қауіптенетіндерін. Биліктің қолдарында болып, жазалау аппаратының нығайтылуы, социалистік қайта құруларды жүргізудегі асығыстық, большевиктерді әлеуметтік топтар мен әртүрлі халықтар арасында және ең соңында партияның өз ішінде репрессиялар жүргізуге итермеледі. 2.2. Индустриализация және ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру саясаты кезіндегі саяси қуғын - сүргін Кеңес үкіметінің барлық өмір сүру кезеңіндегі өзіне тән ерекшеліктерінің бірі ретінде мемлекеттің үнемі (Ресей империясы өмір сүруінің соңғы жылдарынан - КСРО-ның саяси және экономикалық негіздерінің іс жүзінде жойылуына дейін) қауырт (экстремалды) жағдайда болғандығын айтуға болады. Кеңес үкіметі бірінші дүние жүзілік соғыс өтіп жатқан кезеңде орнады, бұл кезде Ресей әскери уақыттағы өз экономикасының шатқаяқтануы себепті майданда іс жүзінде жеңіліп тынған еді. Брест келісімін жасау жағдайды жеңілдеткен жоқ, керісінше оны одан әрі ушықтырды, бұдан кейінгі азамат соғысы мен оның салдарлары, ауыр және қорғаныс өндірісіне иек артып тездетілген индустриализация, соңғысына жаратылған қаржының табыс ретіндегі қайтарымын кемінде жиырма не болмаса одан да көп жылдар күту қажеттілігі. Сыртқы саяси
112 қатынастарда барлық жағдай келесі соғыстың болатындығын көрсетуі себепті, ішкі саяси жағдай қыруар адамнан тұратын армия ұстау қажеттілігін, ол үшін әскери қару-жарақты жетілдіріп және қайта жарақтандырып, осыған сәйкес халық арасында үгіт- насихат жүргізу керек болатын. Осындай жағдайларға байланысты социалистік қоғам құру бағыты үнемі жүзеге аса бермеді, мұның өзі қалыптасқан жағдайды ескере келе, әлеуметтік таптар мен топтарға залал келтірмей жүзеге асуы мүмкін емес те еді. Тиісінше, негізделген құқықтық база да құрылып үлгермеді, қалыптасқан жағдайда көрнекті жұмыс атқара алатын кадрларды дайындауға да уақыт жетіспеді. И.В Сталиннің белгілі-«революцияны ақ қолғапта жасамайды» деген анықтамасы бойынша және Н. Макиавелли айтты делінген – «мақсат кез-келген қолданысты ақтайды» анықтамасын Кеңес үкіметі мен Б.К.(б) П өз саяси арсеналына енгізіп, қазіргі кезеңдегі «жалпы халықтық құндылық», «құқықтық мемлекет» туралы түсініктермен қиыспайтын, гуманизм принциптеріне кереғар әдістерге жүгінді, жағдай сонымен бірге бүгінгі күннің көзқарасымен түсінуге қиын, саясаттың жалғыз күшті құралы ретінде күш қолдануды, бастамшылықты, соғысты таңдаумен ушықтырылды. Б.К(б) П мен Кеңес үкіметінің жаппай саяси репрессиялар жүргізуді бастауын қазіргі тарихнама көп жағдайда В.И. Лениннің есімімен және азамат соғысы жылдары басталған «қызыл террор» дейтінмен байланыстырады. Мұндай түсінік саяси публицистика тұрғысынан түсінікті болғанымен, ғылыми-тарихи мағынада дөрекілеу болып көрінеді. Лениннің өзінің 1918 жылдың тамызындағы қастандық нәтижесінде «ақ террордың» алғашқы құрбаны болып, және дәл осы кездегі Петроград ТК сының төрағасы Урицкийге жасалынған қастандық та анықталған фактілер болатын. Алдыңғы қатарлы саяси қызметкерлерге қастандық жасауға көшу фактілері, бұл болмаған жағдайда қарсы лагерь өкілдерін кепілдікке алу азамат соғысын жүргізудегі әдістерінің бірі болып, теңгермелі мағынада сол кездегі бүліктер азамат соғысы даласындағы ашық айқастармен бірдей мағынада дұрыс деп есептелінді. Мұндай логикалық кереғарлықтың негізінде, саяси репрессиялардың тұрпатын, тек мемлекет тарапынан жүргізілген заңсыз қылмыстық қудалаушылық деп түсіну жатыр. Дегенмен репрессия да, террор да кез-келген саяси күштердің тиісті мүмкіндіктері болған жағдайда қолданыла береді. Мәселен азамат соғысының басталуын білдірген ақ чехтардың бүлігі Волгадан Тынық мұхитқа дейінгі кеңес белсенділерін жаппай қырып-жоюға ұласқан еді.
113 Осыған қарамай саяси репрессияларды қолдану Кеңес үкіметін сақтау мен нығайтудың құралы ретінде болды деп бекітудің дұрыстығы анық-ақ. Ерекшелігі, репрессиялардың әртүрлі жағдайда әртүрлі құбылып, экономикалық зардап келтіруден және саяси құқықтарынан айырудан, нақты тарихи кезеңнің мазмұнына орай, жойып жіберуге дейін баруында болды. Тиісінше әрбір кезеңнің өзіндік себептері болып оған қазіргі күн тұрғысынан түсінілуі қиын негіздемелер беріліп отырды. Оңтүстік Қазақстан өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы да, зерттеліп отырған кезеңде, оның бірінші дүниежүзілік және азамат соғысы майдандарынан қашықтығына қарамастан, өте ауыр болды. Сол кезеңнің құжаттарының бірінде: «Капиталистік үкіметтердің орасан зор соғыс өртін тудырып, осыған байланысты елді зар жылатқан мобилизация, одан кейінгі кәмпескелеу, рубльдің құнының түсіп кетуі, бақытсыз 1916-1917 жылдар, сол жылдардағы құрғақшылық және малдардың жаппай қырылуы, осының бәрі өлкедегі онсыз да әлсіреген мал шаруашылығын одан бетер құртып кетті, ал көшпенділердің мал бағудан басқа өмір сүру тәсіліне бейім еместігінен, соңғы жылдары жергілікті халықтың 30-50%-ға дейін жойылып кетуіне апарды. Әулиеата уезі (көшпелі) халқының саны 332461 адамнан 131783 адамға қысқарды, яғни 200678 адам өлді немесе көшіп кетті. Ары қарай құжатта рубльдің ең төменгі шегіне дейін құнсыздануы, осыған байланысты барлық қажетті тауарларға бағаның барынша көтерілуі, жәлдептіктің күшті етек алуы, малшылар шаруашылығын әбден титықтатып, өте маңызды шаруашылық өндірісі болып саналатын мал шаруашылығын, сонымен бірге олардың иелері, яғни көшпенділердің де іс жүзінде құрып кетуіне әкелуі әбден мүмкін екендігі айтылады [241]. Жағдайдың өте қиын болғандығы көрініп тұр, осыған байланысты шұғыл іс-шаралар қабылдау керек екендігі де айқындалып тұрғандай. «Әскери коммунизм» деген атпен белгілі экономикалық саясат Түркістан өлкесінде елдің орталық аудандарынан бөлек жағдайда жүзеге асырылды. 1918 жылдың 15 тамызындағы азық-түлік комиссариатының бұйрығына сәйкес «Республика ОАК және ХХК бекіткен, шұғыл өткізілген азық-түлік мәселесіне байланысты съезінің қаулыларына қосымша, Өлкенің сауда жасау еркіндігіне тағы да айтарлықтай тиым салынды. Нанмен сауда жасауға тек міндетті түрде, кедейлердің пайдасына әрбір десятина жерден 4-10 пұт астық өткізген квитанциясы бар, өндірушілер ғана жіберілді. Нан өнімдері тек жергілікті азық-түлік ұйымдарының рұқсатымен ғана сатылатын
114 болды, оны сататындардың тізімі де осы ұйымдарда бекітілді. Оның орындалуын бақылау «ақсақалдар мен милицияға» тапсырылды. Әр «нан жеушінің» бір жылдағы 10 пұт нормасы есепке алынып,осыдан бір айлық қажеттілігі өткерілді. Сонымен қатар, «жаппай нан сатып алу мен тауар айналым мәселесі тек қана Өлкелік Азық-түлік директориясы агенттерінің құзырында болып, солар ғана өндірушілерге жергілікті жерлердегі жағдайға байланысты, бағаны белгілеп берді [242]. Бұл қаулылардың әлеуметтік әділеттілігін ескере отырып, дегенмен, оның құқықтық мазмұнда болмағандығын айтуымыз қажет, әйтсе де мұның өзі бағаның өсуін ,жәлдептікті уақытша жойып ,халықтың біраз бөлігін аштықтан құтқарып қалды. Қаулыда: «Республиканың бірде-бір ұйымына нан өнімдерін оны өндірушілерден күштеп сатып алуына (реквизициялауға) ,оны пайда көру немесе жәлдептік мақсатта сатып алуға тиым салынды, бұйрық орындалмаған жағдайда революциялық трибуналдың сотына тарту қарастырылды. Әулиеата уезі қалалық Кеңесі атқару комитеті президиумның 1919 жылдың ақпанындағы қаулысына сәйкес аштарға көмек ретінде бірнеше іс-шаралар белгіледі. Әулиеата уезі капиталистерінің тізімі бекітіліп, оларға « 227000 рубль, 650 тиын ақшалай, 2350 қой, 340 ірі қара мал» мөлшерінде контрибуция салынып, осыны Уезашкомға өткізу тапсырылды. Салынған контрибуцияны 3 күннің ішінде төлемеген жағдайда капиталистің мүлкі түгелдей есепке алынып, мемлекет қарамағына өткізілуге жатты [243]. 1918 жылдың 31 қазанында Әулиеата уезінің атқару комитеті ашаршылыққа ұшырағандар туралы мәселені қарастырып, Таулы бөлімшедегі алыпсатарлардан қабылданған қойлардың 10 % -н кәмпескелеп, оны аштарға көмектесу қорына өткізу, Мерке бөлімшесіндегі 900 қойды және Черняев уезімен шекарада реквизицияланған қойлардың 10%-н де осы қорға өткізу жөнінде қаулы қабылдады. Қаулының екінші параграфы «300 ірі қара малды қырғыздардың (қазақтардың) бақуат бөлігінен» кәмпескелеуді де көздеген еді. Атқару комитетінен комиссия тағайындалды « Қожабергенов және Яцук жолдастар және уездің болыстарының мән-жайын анық білетін, қырғыз қазақ конференциясының өкілі Жанұзақов…» Сонымен қатар «Таулы бөлімшедегі қойларды дұрыс реквизицияламағаны» туралы да мәселе қаралды. Малдарды-саудаға түсетін және малда қалдырып өсімін алатындар деп екіге бөліп, атқару комитеті «сатылатын қойларды белгіленген бағамен өткізіп», кедейлер үшін қалада ет сататын лавка ашу» туралы қаулы қабылдады. «Өсім үшін» қалдырылған қойларды
115 егелеріне қайтару көзделінді, бірақ олардан аштар қорына көмек ретінде 10 %-қ төлем алынып тұру қарастырылды [244]. Азық-түлік салғыртының барлық қимылдары, әскери коммунизм саясаты ауқымындағы маңызды міндет ретінде қарастырылды «9-шы Кеңес және 5-ші Түрк Республикасының партия съездері қаулыларына кереғар, жергілікті атқару комитеттері мен партия ұйымдары азық-түлік органдарында лайықсыз жағдайлар жасап жатқандағы туралы мәліметтер тусуде… Салғырттың кулактардың күшті ықпалымен өтіп жатқандығы туралы мәліметтер бар... Азық-түлік мәселесі қазіргі кезде Түркреспубликасының өмірлік маңызы бар мәселесі және осыған ерекше назар аудару қажет [245]. Көрсетілген құжат ТКП ұйымдарына, армия мен темір жолдың саяси бөлімшелеріне арналып, оған Түркістан КП ОК хатшысы Н.Рахымбаевтың қолы қойылған, ол кейіннен Түркістан ОАК-ның 1920 жылдың 9-шы қарашасындағы қаулысымен толықтырылып, онда Сырдария обкомына партиялық және кеңестік белсенділерді азық-түлік органдары қызметіне мобилизациялау ұйғарылады [246]. Бұл арада жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне аз қалғандығына қарамай, азық- түлік салғыртын жүргізудегі күштеу шараларының екпінінің қаттылығына мән беруге болады. Кеңес үкіметінің белсенділері мен функционерлеріне жергілікті жерлерде күшті іс-шаралар жүргізу ұсынылды. Осылай Ақмешіт уқалаткомының президиуымына аштықтың салдарымен күресу жөніндегі уездік комитеттің ( укомпосследголод) төрағасынан түскен талап - тапсырыста (требование) «Аштардың салығын» жинаушы өкілге жағдай жасаудан бас тартқаны және басқа болыстық атқару комитеттеріне сабақ болу үшін» Жүлек болыстық атқару комитетінің төрағасы Сүлейменовты әкімшілік негізде жазалап «5-7 күнге күзетпен қамауға алып және сөгіс жариялау» туралы айтылған [247]. Осындай шаралар қатардағы жұмысшыларға да қолданылды, мәселен 16 үймек жоңышқа жетіспегендігі үшін оны тасушы С.Өтемов мемлекет мүлкін ұрлады делініп «Перовск қаласындағы қамау үйге күзетпен қамалынды» [248]. Соттан тыс экономикалық репрессияларды жүргізудегі ең бір ірі акциялар өңірдегі ірі байлар шаруашылығы мен жартылайфеодалдарды кәмпескелеу мен жер аудару туралы қаулыны жүзеге асыруы болды. Осы мәселе бойынша декреттің жобасы 6-шы шақырылған Қазақ орталық атқару комитеті мен Қазақ халық комисарлар Кеңесінің 1928 жылдың 27 тамызындағы біріккен мәжілісінде Нұрмақовтың баяндамасы бойынша қарастырылған еді.
116 Өңірге байланысты аталған Декреттің «бұрынғы Сырдария губерниясының мақта егетін аудандарына» таратылмайтындығы ескертілді. Мұндай ерекше көзқарас, бәлкім мақтаның тоқыма және тамақ өнеркәсібіне шикізат ретіндегі экономикалық және ерекше әскери-стратегиялық маңыздылығына байланысты болса керек. Осы аудандардағы жағдайды ушықтырмау мақсатында байлар мен жартылай-феодалдардың малдарының санын ірі қараға салып есептегендегі қойылған нормалары сақталына отырып, басқа факторлар – жалдамалы еңбекті қолдану, жақсы жер үлестері, мал жайылымдары, шөп оратын жерлері және т.с.с. анықталмады. Декрет ауыл шаруашылығына байланысты барлық мүліктерді кәмпескелеуді қарастырды « … неге байланысты болмасын және қай жерде болмасын … еңбек етуге қажетті ғана аздаған мал мен ауыл-шаруашылығы құрал-жабдықтарынан басқасы түгел кәмпескеленді» [249]. 1928 жылдың 5 қыркүйегінде Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық комиссарлары кеңесінің «Ірі байлардың мал-мүлкін кәмпескелеу туралы қаулысы және Қазақстандағы барлық батырақ, кедей, орташаларға ақсүйек байлардың мал-мүлкін алып, өздерін жер аударуға белсене кірісуге шақырған хаты жарияланды [250]. Кәмпескеленген мүліктерді « батрактар мен кедейлерге төленетін төлем ақы ретінде, жергілікті халықтың кедейлеріне беру, осы негізде экономикалық жағдай көтерсе колхоздар құру, немесе қазірге дейін құрылған колхоздар мен совхоздарды нығайту» қарастырылды. Кәмпескелеуді жүргізу жөніндегі директиваларда оның өзіндік маңызы атап көрсетілді - «бір уақыттағы іс-шара ретінде жүргізіліп, қысқа мерзімде ауылдың жартылай-феодал байларының ықпалын болдырмай тастау… Кулактар мен байларға шабуыл ұзақ уақытты іс-шара болып табылады ол ЖЭС-ке негізделіп, батрак-кедейлер мен орташалардың кулактар мен байларға қарсы аянбас күресуі арқылы жүргізілуі тиіс. Декреттегі көрсетілген цифр- 700 ірі шаруашылықты кәмпескелеу әрине « ықпалын болдырмай тастау» мәселесін шеше алмайтын едітіпті Қазақ АКСР халқының аздығын есепке алғанның өзінде осы шаруашылықтардың кәмпескеленуі ауыл мен селодағы үлкен ауқымдағы жаппай экспроприациялаудың алғы шарты болды десек қателеспейміз. Директиваға сәйкес «кәмпескелеу жалпы байларға қарсы емес, ауылда өзінің ықпалы арқылы патриархалды жартылай феодализм қалдықтары мен рулық қатынастарды қолдайтын байларға қарсы қолданылады», – делініп кәмпескелеу тәртібін біршама тежеу
117 қарастырылды. Мәселен, кәмпескелеуге ауыл-шаруашылығына қатысы жоқ үй бұйымдары, сонымен қатар күнделікті ішіп-жем тағамдары кірмеді. Акцияны, «дәстүрдегідей», қысқа мерзімде – бірінші қыркүйекте, Декрет жарияланған күні бастап, 1-ші қарашада барлық процесті жер аудару мәселесін қоса отырып бітіру көзделінді. Сырдария округіне өлкелік өкіл ретінде сол кездегі Қазақ АКСР ХКК төрағасы Ораз Исаев жіберілді. Округ бойынша кәмпескеленетін шаруашылықтардың жалпы саны 1-ші категория бойынша 80-ге жетті, бұлар «ірі бай-жартылай феодалдар еді», және 2-ші категория бойынша 9 шаруашылық – бұрындары ерекше лауазымды топтарға жататын, антикеңестік қызметтерге байланысы барлар болатын. Сол кезде Сырдария губерниясы құрамынан бөлініп шыққан Қызылорда округы бойынша кәмпескелеу тиісінше 35 және 5 шаруашылықтарда қарастырылды. Мән берерлік жәйт, Сырдария округіндегі кәмпескеленетін 80 шаруашылық республиканың басқа округтерімен салыстырғанда өте ірі топты құрады, ал Қызылорда округін қосқанда тиісінше 115 және 14 шаруашылық болып, республиканың 12 округіне бөлінген шаруашылықтардың жалпы санының 18,4% құрады. Кәмпескелеуді барынша қысқа мерзімде өткізу және шаруа қожалықтары тарапынан болатын қарсы әрекеттерді болғызбау мақсатында, тізімдерді құруды тікелей жергілікті жерлерде өткізу міндеттелді. Қорытынды тізім БК(б)П Өлкелік комитетінде бекітіліп, оған дейін округтік және аудандық комиссиялардың, кедейлер мен батрактардың жалпы жиналысында сайланатын көмектесу комиссиясында (комиссия содействия) талқыланатын. Кәмпескеленген малдарды бөлу «… аты жоқты атпен қамтамасыз етіп, сиыры жоққа сиыр беріп (түйесі жоққа да солай), ал ұсақ малға келсек жеке шаруашылыққа 10 қойдан үлестіру дұрыс ( ірі қара мал алмағандарға) деп есептелінді [251]. Кәмпескеленген мүліктердің байдың туысқандары мен достарына берілмеуі атап айтылды, сонымен қатар «Кеңес немесе партия аппаратында жұмыс істейтіндердің мал алуына» жол берілмеді, «партия мүшелеріне», батрактар мен кедейлерге бұл тек жалпы негізде ғана мүмкін болды. Округтік комитеттер партиядағыларға қатысты ешқандай артықшылықтың болмауын қадағалауға тиіс» [252] болды. Қызылорда округі аудандарындағы кәмпескелеуді жүргізу іс жүзінде әу бастан – ақ БК(б)П-ның Қазақстан өлкелік комитеті директиваларымен қарама-қайшылықта болды. «Ауылда жартылайфеодалдық, патриархалдық рулық қатынастарды сақтап отырған ірі байлардың мүлкін кәмпескелеу және жер аудару» комиссиясының
118 отырысында округтің Арал ауданында кәмпескеленетін шаруашылықтардың тізімі дер кезінде құрылмағандығы атап өтілді. Комиссия «аудандағы кәмпескелеу жұмысы барысындағы қиын жағдайларға – мекендердің бір-бірінен алыстығын, байлар тұратын жерлердің жақын емес екендігін байдың мүлкін бөлуді заң тұрғысында рәсімдеудің жоқтығын, бұл мәселенің шиеленісіп кеткендігін» айта келе, ары қарай: бай шаруашылықтарын бөлу мәселесінде нақты шешімнің жоқтығы байдың туысқандарының малдарын дұрыс кәмпескемелеуге апарып отыр» делінген [253]. Сонымен қатар «…өкілдер беріп отырған мәліметтер мен байлардың қолдарында бар малдарының арасында үлкен айырмашылықтың бар екендігі де анықталды. Мұның өзі малдардың санын есептеу кезеңінде байдың көптеген туысқандарының бір шаруашылыққа бірігуінің нәтижесінде болған еді… Тіпті кәмпескелеу жүрген аудандарда тұрмайтын адамдардың да аталған тізімге еніп кету жағдайлары болды, байдың туысқандарының кейбірі кәмпескеленбей олардың малдары өздеріне қайтарылып берілді. Қазалы ауданында комиссия мәжілісі ауылдарда кедейлердің арасына жанашырлар комиссиясын (комиссия содействия) құрып, оларға « байлардың,атқамінерлердің және әлеуметтік жағынан зиянкес элементтердің, … жасырылған малдарын және байдың басқа да мүліктерін анықтау … жер мен шабындық жерлерді айқындау міндеттелінді» [254]. Шиелі ауданында ауыл кедейлерінің белсенділік танытуымен «кедейлер мен ауылды кеңестендіруге зиянды» байлар мен атқамінерлер кәмпескелеуге ұшырады, бұл арада кәмпескелеу жөніндегі ереженің өзімбілерлікпен бұзылғандығын айта кетуге болады. Барлығы ауданда кәмпескелеуге 3 адам ұшырады, оның ішінде біреуі «атқамінер және ауылды топқа бөлуші ретінде», 2-топпен жазаланды. Айта кетерлік жәйт, байлардың малдарының саны үнемі қажетті цифрларды бергенімен, мұның нақтылықтан ауылы әжептәуір алыс болатын. Келтіріліп отырған кәмпескеленген мүліктер тізімінде киіз үй, кілем, текеметтер бар, осы орайда аталған мүліктердің декрет және директивалар арқылы рәсімделмегенін (рұқсат етілмегенін) айту керек [255]. Ары қарай құжатта «Байлардың кәмпескеленген малдары мынадай жолмен бөлініп берілді: байлардың өзіне ірі қара малға шаққанда 16 бастан, 4 артелдерге, ірі қара малға шаққанда 181 бас, оның ішінде 450 қой мен 150 ешкі, ал қалғандары ірі малдар, яғни түйелер, жылқылар және сиыр малдары … осының бәрі артелдерге
119 теңдей үлестіріліп берілді. Кәмпескеленген малдың қалған бөлігі 105 батрак пен кедейлерге … әрқайсысына ірі қара малға шаққанда 5 немесе 6 бастан бөліп берілді. Бұл жерде кәмпескеленген малдардың ауылдан 100-деген және тіпті 1000-даған шаршы қашықтықта болуына қарамай тездетіп есепке алынуы осы мәселедегі шалағайлықты көрсетіп тұрғандай. БК(б)П-ның Қызылорда округтік комитеті секретариятының құпия мәжілісінде кәмпескелеу кампаниясын жүргізу барысында жіберілген жетімсіздіктер мен қателіктер тұрғысында « …ірі байларды дер кезінде жер аудармау, кәмпескеленген малдарды бөлу кезіндегі жайбасарлық, сонымен қатар қарастырылып отырған Қармақшы ауданында «кәмпескеленген ірі байлардың белсенділік танытуына ешқандай кедергінің болмауы, олардың приговорларға кедей шаруаларды қосып жіберуін (яғни оларды кәмпескеленетін шаруашылықтар тізіміне кіргізу) осы нәтижесінде тек бір ауылдан басқасы өтірік болып шықты ( приговорларда 6 жасар бала, ауылдан тыс жерлердегі ауру-сырқаулар қатыстырылған, сонымен қатар халықтың психологиясына кері әсерін тигізетін үгіт-насихат жүргізіліп отырған» Осыған орай жазалау шаралары мынадай болды: «Аудандық атқару комитетінің ОАК төрағасы жолдас Қарақожаевқа және басқа да партия мүшелеріне байланысты барлық материалдар және осы және басқа да шалағайлықтарды жіберіп көзге түскендердің ісін партиялық жауапкершілікке тарту үшін Округтік Бақылау Комитетіне өткізу – Облыстық прокуратураға тез арада өтірік құжаттар құрап, елден қол жинауға түрткі болғандар мен бастамашыларға қатысты қылмыстық істі бастау керек. Бұл арада осы мәселелерге қатысты, кәмпескелеу барысындағы прокуратура өкілдеріне аудандық комиссия мен әсер ету комиссияларының арасында тек қосымша дауыс құқы ғана берілгендігін айтуымыз керек. Партиялық жауапкершілікке тартудың оперативтілігі таңқалдырады- осылай аумақтық тексеру комиссиясы байлардың мүлкін кәмпескелеу барысындағы немқұрайлық пен партия бағытын дұрыс жүргізбегендігі үшін «ОАК төрағасы Қарақожаев туралы барлық материалдарды Секретариат мәжілісінен кейін 10 күннің ішінде талап еткен» [256]. Байлардың шаруашылығын кәмкескелеу науқаны барысын барынша бақылауда ұстап отырған Қызылорда аймақтық партия комитеті жергілікті жерлерге өзінің 24 өкілін жіберді. Өңірде түсіндіру жұмысының нашарлығы атап өтіліп, мұның өзі ауылдардың астаң-кестеңін шығарды» - «…базарларға мал толып кетті, еңбекші халық негізінен орташа шаруалар (заңға) кәмпескелеуге ілініп кетеміз бе деп қорықты» Осы орайда мынадай факт қызығушылық туғызады,
120 онда «… арбакештер артелі Жусалы станциясынан Қарсақбайға жүктерін жеткізбей, кәмпескелеуге ұрынып қалудан қорқып ауыл-ауылдарына қашып кеткен [257]. Келтірілген мысалдар, орта шаруалардың азық-түлік салғырты мен ауыр салық кезеңінен аузы күйіп қалғандығын көрсеткендей, сондықтан да олар бұл Декреттің тек белгіленген және тізімі берілген шаруашылықтарды ғана қамтып, барлықтарына жаппай қатысты емес екендігіне сенбеді. Аймақтық комитет Арал аудандық комитетінің жұмысын ескере келе Декретті жүзеге асыру барысында, оны басқа да мәселелерді шешумен байланыстырылуын нұсқады. «Батрактар мен кедейлерді кәмпескеленген малмен қамти отырып олардың көңіл-күйін … колхоздар мен совхоздар ұйымдастыруға бұрған жөн.Кедейлер мен батрактарды малдарын жасырып жүргендерді анықтауға пайдалану керек» [258]. Сонымен қатар Қызыл Армия қатарына әскерге шақырылу мәселесі, сұраныстар және арыздармен жұмыс істеуді ұйымдастыру, индустриализациялаудың екінші Займының облигацияларын сатып алудың маңыздылығын түсіндіру қарастырылды.Сондай-ақ баспасөз бетінде берілген кәмпеске науқанына байланысты «Ошақбай кедейлерді дүрліктіріп жүр» (Сырдария окр.), «Ауылнайдың көмбесі», Сарсенбай Малайдың өлеңі (Тереңөзек), «Байлар баратын жеріне жіберілді» (Қызылорда), «Дүйсенбі ауылында үн жоқ» (Арал ауд.), «Байлардан құтылдық» (Жаңақорған) деген топтамаларда «түсіндіру» жұмыстары әрине, өте ыждаһаттылықпен жүргізілді [259]. Үгітшілік жұмысының белсенді атқарылуының мысалы Тереңөзек ауданынан көруге болады. «…Халық толқулы, олардың қазіргі назары толығымен кәмпескелеу туралы заң мен осыған байланысты атқарылып жатқан істер төңірегінде. Кедейлер қауымы үкімет тарапынан жүргізілген іс-шараларға барынша ықыласты. Барлық дерлік кедейлер жиналыстарында байлар мен атқамінерлер туралы мәселелер қарастырылып, оларды кәмпескелеуге және жер аударуға жататындардың тізіміне қосу туралы бірауыздан шешімдер қабылдануда. Басқа аудандар мен жалпы аймақ бойынша да осындай талаптар қойылуда: «Кәмпескелеуге тек ірі байларды ғана емес, сонымен қатар барлық атқамінерлер мен бұрынғы басқарушылардың писарьларын да іліктіру». Батрактар мен кедейлердің белсенділігі басқа да қырынан көрінген жайлар болды. № 3 ауылдың кедейлері өздеріне қажетінен едәуір көп шөп жинап кәмпескелеуден түскен малдан дәметіп, берілмеген малға қысқа дайындық жасады. (Қармақшы ауданында) [260]. Қазақ ауылы мен переселендік деревнядағы
121 кедейлердің мұндай белсенділігі тек «түсіндіру жұмыстарының қайтарымы деп ұғылмаса керек. Оның түбірі тіпті де тереңде жатқан сияқты- бірнеше ғасырлар бойы өмір сүріп келген шаруалар қауымдастығында, анығында, барлығы тани білген жеке меншік институты құралған жоқ болатын. Керісінше озбыр кулактың шаруашылығын жағып жіберу немесе шылқыған байдың малын айдап әкету тез қабылданатын. Орташалар болса жоғарыда айтылған кәмпескелеуге түсіп қалуға қорқынышынан бөлек - «барынша күтушілік» позициясында болып үнсіз қалды, дегенмен де кедейлердің жиналысында қатысуда, белгілі бір жағдайда оларды қолдаған (жаны ашыған) сыңай білдіреді [261]. Қайсібір жағдайда орташалар кедейлердің жиналыстарында сөз сөйлеп онда: «байлар орташылардың шаруашылығына аз нұқсан келтіріп жатқан жоқ, олар барлық күшті жайылымдар мен егіс алқаптарын тартып алуда және өздерінің аталастары арасындағы ықпалдарын пайдалана отырып, орташаларды жеке мақсаттары жүзеге асуы үшін пайдалануда. Осылай №2 және №4 ауылдардың екі орташасы өз еріктерімен ықпал ету комиссиясына кіріп, кедейлермен бірге түйелерге мініп Қостанай аймағындағы кәмпескелеуге жататын шаруашылықтарға жеткізуге ат салысты [262]. Орташалардың «күтушілігі» мен «үнсіздігі» олардың меншікке деген салмақты саналы көзқарасымен, оны құрау мен жинақтау үшін толықтай бір ұрпақтардың еңбегі қажет екендігін ұғынуымен түсіндірілсе керек.Ал кедейлер мен батрактар болса, өз қарсыластарының әлсіздігін пайдаланып оларды тіптен құртып жіберу үшін осы науқанға білек сыбана кірісті. Басқа да себептер ретінде «орташалардың науқанға (кампанияға) нашар ат салысуына олардың көпшілігінің әлі де жайлаудан көшіп келе алмағандығы, сонымен қатар кампанияның егін жинау мен шөп, пішен дайындау жұмыстарының қызған шағымен дәлме-дәл келуі айтылады [263]. Әрине, өз шаруашылығымен әлек, жұмыс басты орта шаруаның әр түрлі жиналыстарға қатысуға мүмкіндігі болмайтын еді. Тиісінше «бос уақыты мол», - яғни өз шаруашылығы жоқ кедейлер мен батрактар кәмпескелеу жұмыстарына қызу ат салысты. Ықпал ету комиссиясына мүше 10 батрак уәкілдермен бірге Қызыл Құмнан екі байдың малын айдап келу үшін қиян даламен 1 мың 600км.(верст) жер жүріп өткен. Тереңәзек ауданындағы №. Ауылдың ықпал ету комиссиясының мүшелері байлардың малын алып келу үшін 200-300км қашықтықтағы жайлауға барып-келген. №20 ауылдың да комиссия мүшелері байлардың малын алып келу үшін 300-400км
122 қашықтықтағы жайлауға осы мақсатта барған [264]. Көрсетілген жәйттер кәмпескелеу кезеңінде нақтылы мал санын анықтаудың мүмкін болмағандығын көрсетеді. Себебі, осыншама үлкен қашықтықтан, дұрыс бағыт-бағдарды, құдықтардың қайда екендігін нақты білмей, сонымен қатар экспедицияның ішіп-жемінің жетіспеуі салдарынан, малдарды аудан орталықтарына айдап келудің оңай болмағандығын көрсетеді. Өз кезегінде, шаруашылығы кәмпескелеуге жататын байлар малдарын толық немесе жартылай болса да сақтап қалуды көздеп, бар малдарын жасырудың бір айласы ретінде өз шаруашылықтарын бірнеше бөлікке бөліп, оны туыстарына таратып берді. (Қарсақбай, Тереңөзек, Қармақшы аудандарында). «Бай Қонтаев Рахметтің 1700 ірі қара және 1190 ұсақ малы бар. Оның баласы малдарының біразын жасырып, Қарақұмға 14 жылқы, 38 түйе және 165 қой айдап бара жатқан жерінен ұсталды» [265]. Қызылорда округі бойынша тәркілеу жұмыстарының қорытындысы БК(б) П-ның округтік ұйымы тарапынан әртүрлі тұрғыда талқыланды. «Жергілікті жерлердегі партия ұйымдары батрактар мен кедейлерді саяси жағынан жұмылдыруды жүзеге асыра алды және оларды өздерінің соңынан ертті…, «мұның өзі олардың жаппай партияға өтуіне… өз еріктерімен көмектесу комиссияларына қатысуына, байларға барынша күшті шабуыл жасауына ұласып отыр, осы арқылы рулық қарым-қатынас әлсірей түсуде» [266]. Тәркіленген малды бөліп берудің «…едәуір экономикалық қайтарымы болды, партияның ауылды орташаландыру ұраны жүзеге асты», мұның өзі кедейлер мен орташаларды жартылай -феодал байларға экономикалық және саяси кіріптарлықтан құтқарды және ауылда өндіргіш күштердің дамуына ықпал етті, осының бәрі өз кезегінде ауылда социалистік қайта құру процесін жүргізуді жеңілдеткен еді» [267]. Әрине, бұл жерде берілген баға мен қорытулардың біржақтылығы және тым көтеріңкілігі көзге ұрып-ақ тұр. Байыбына барып анықтасақ, байлардың малын тәркілеудің шу дегеннен-ақ заңсыздыққа негізделіп, ұрда – жық әдістерге сүйенгені, сонымен қатар жекеменшікті жоюда – оның түп негізіне тереңдемегені білінеді. Соңғысының тамырына балта шабу оны үш негізінен айырған еді: иелік етуден, пайдалану құқынан және жеке билігінен. Сонымен, жекеменшіктің алғашқы функциясы – иелік етуден айыру тіпті де оңай шешілді, байлардың мыңғырған малдары батрактар мен кедейлерге және ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастыру тәжірибесі жоқ колхоздарға – ауыл шаруашылығы артельдеріне бөлініп берілді. Екінші функциясы пайдалану десек оның көзі табылмай, тартып алынған малдың едәуір бөлігі бірден сойысқа
123 кетті, олардың санын көбейтуді ешкім ойламады да.Осы үшін қажетті қора- қопсы салу, жем-шөп, құрал - сайман дайындау, сөйтіп жекеше немесе ұжымдық шаруашылық жүргізуге машықтануға талпыныстар жасалынбады. Пайдаланудағы тағы бір келеңсіздік- кедейлер мен артельдердің малдарды жергілікті партия және кеңес органдарының шешімдері негізінде алуына байланысты болды. Сол арқылы соңғылары шаруашылықты жүргізуде заңды белінен басып, өз білгендерін істеді. Осылай малды бөліп бере салысымен, мейлі байлардың болсын, мейлі басқа да әлеуметтік таптардың болсын, ауылшаруашылығы салығы қарыздарын өткеруі үшін, қойларды қырқу туралы өкімдер берілді. Күздің соңғы күндерінде атқарылған мұндай іс-шара кедейлердің болсын, артельдердің болсын отарларын, қыстың көзі қырауда қырып салары анық еді» [268]. Жеке билік функциясының тіпті де болмауы - малды сатуға, келісім-шарт арқылы жалға беруге және т.б. әрекеттер жасауға тосқауыл болды. Сондықтан да «ауылды орташаландыру» 1928 жылдың қыркүйегі – қарашасы аралығындағы малды байлардан басқаларға айдап апарумен бітпеді. Мұндай қысқа уақытта әлеуметтік-экономикалық өзгерістер бірден жүзеге аса қоймайтын. Ол үшін жаңа тұрпаттағы меншік иелерінің әлеуметтік-психологиялық тұрғыдағы дайындығы қажет еді, бұл әрине ұзаққа созылатын процесс болатын. Құжатта әрі қарай: Окружком, кампания жүргізудегі кемшіліктер ретінде «…байлардың шаруашылықтарын бөлу кезіндегі көзбояушылықтың көп болғандығын, тәркіленуге жататындардың рәсімделінбей, округтен алыс жаққа көшіп кетуін, сонымен қатар байлардың батрактар мен кедейлерді өз жағына тарту үшін жасаған қаскүнемдіктерін», атап көрсетеді. Байлардың бұл әрекеттері қайсібір жағдайда жүзеге асып, батрактар мен кедейлер тәркіленген малдарды алудан бас тартып, бай жағына шықты, осы арқылы оның малын жасыруға септігін тигізді». Ары қарай орташалардың заманның аңдысын аңдуы (күтушілігі) күстаналанады, Арал, Қазалы, Шиелі аудандарындағы жұмыстың нашарлығы, тіпті «бей- берекеттілігі» атап өтіледі, жұмыстың бар ауыртпалығы … негізінен Окружком мен аудандық партактивке, жеке ұяшықтар мен жекелеген партия және комсомол мүшелеріне түсіп отырғандығы айтылады. Кампания жүргізудегі кешенді кемшіліктер ретінде … «мал бөлу барысында оны тым мардымсыз немесе бәріне тең бөліп берілуі (Қарсақпайда), мұның өзі тәркілеу арқылы экономикалық пәрменділікке жетуге кері әсерін тигізген еді; сонымен қатар мал бөлу кезіндегі жемқорлық» [269]. Көрсетілген кемшіліктердің кәмпескелеу барысында болмай қалуы мүмкін емес еді,
124 тіпті олар одан да қомақты болар еді, дегенмен сол кездегі билік тұтқасындағылардың темірдей қатал тәртібі аталған мәселеде шешуші роль атқарған болатын. Зерттеліп отырған мәселеге байланысты қабылданған резолюцияда, кампания жүргізілу ауқымынан асып түсетіндей қорытындылар жасалды. Осыған сәйкес бірінші пунктінде: «ауылдық, партиялық және комсомолдық бастауыш ұйымдарын, байлардан және байлармен бірігіп өзі азғындаған, өзінің және партияның абыройын түсірген элементтерден тазарту. Партия ұйымын жұмысшылар мен батрактар және кәмпескелеу кезінде көзге түскен кедейлер белсенділерімен күшейту»,- туралы айтылады. Бұл арада саяси тактиканың маңызды элементінің қолданысқа енгендігі көрініп тұр - яғни «сәйкес келмейтіндерді» құрту, уақытша атып-асусыз, тек жағдайы төмен әлеуметтік топтарға сүйеніп орташаларға «қарсы» аңдысын аңду позициясында болу, оларды жағдайға байланысты не көтермелеу, не қуғын-сүргінге ұшырату. Резолюцияның келесі пункті жаңа колхоздар ұйымдастырудағы жұмысты күшейтуді көздеді»…. Колхоздардың ұйымдастыру және экономикалық нығаю жағдайына мән бере отырып, ауылдағы ұйымдаспаған бөлек - салақ шаруашылықтарды ірі колхоздарға біріктіру арқылы колхоздардың тез арада көтеріліп кетуіне мүмкіндік жасау. Сонымен қатар «Кәмпескелеу кезінде мал бөлініп берілген жеке және ұжымдық шаруашылықтарды ерекше есепке алып, олардың малды қалай пайдаланып жүргендіктерін назарда ұстау, оларға барынша көмектесіп... кредиттер беру … басқа да жеңілдіктер жасау». Ары қарай «…ұжымдастыруды барынша нығайту, ауылдағы ауыл шаруашылығының тауарлылығын арттыру және оны біртіндеп қоғамдастыру бағытына бұру» мәселелері көтерілді. Беріліп отырған Резолюцияның соңында әдеттегідей «Окружком мен ОКК-ге кәмпескелеу кезінде партияның бағытын бұрмалаған коммунистерге тиісті жазасын беру» тапсырылады [270]. Ұсынылып отырған іс-шаралар тізбесі мен кемшіліктерді жою әдістері, жүргізіліп отырған кампанияның бұдан да кең ауқымды қайта құруларға ұласатынын көрсеткендей. Окружкомның резолюциясында кәмпескелеу кампаниясы жүргізіліп жатқан іс-шаралардың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылды: «…бұрындары жүргізілген революциялық іс-шаралармен бірге, шабындық жерлерді бөлу, жергілікті мұқтаждықтарға жұмсау үшін халықтың өз еркімен қаражат жинауы…». Әсіресе мына бір пунктке мән беруге болады: Кампанияны
125 қиыншылықтарды жеңе отырып өткізу фактісі… оның дәл мезетінде жүргізіліп және саяси мақсатқа сәйкес екендігін дәлелдеді, мұның өзі кәмпескелеуге сенімсіздікпен қараған кейбір коммунистердің мұндай іс-шара ауылдың шаруашылық жағдайын төмендетіп жібереді деген ойын жоққа шығарды. Кәмпескелеуге мұндай көзқарас, партияның ауылдағы саясатымен келіспейтін кәмпескелеуге ашық қарсы шығып отырған ұлтшыл элементтердің позициясына жақын. Өлкекомның 3-ші Пленумы атап көрсеткеніндей «кейбір коммунистердің кәмпескелеуге енжарлық көзқарасы, байлармен ашық күрестен қорқуы партияға идеологиялық тұрғыда жат, олардың мұнысы ауылдағы социалистік құрылыс жолын түсінбеушілік, бұл ауылдағы таптық күресті жоюға алып барады және оңшыл ауытқушылық болып табылады, олармен үздіксіз және үзілді- кесілді күрес жүргізу қажет. Резолюцияның бұл фрагментінде ішкіпартиялық өмір ағымы анық көрініп тұр-тіпті партия органдарының шешімдерімен әлсіз түрде қарсылық жасап келіспеу «бөтен ойдағы» партия мүшесіне таяқ болып тиіп, оның ұлтшыл немесе оңшыл ауытқушы ретінде кінәлануына апарып, мұның өзі соңғыларының тағдырын тәлкекке ұшыратып отырды. Осыған өз «үлесін» едәуір қосып отырған баспасөз де қарап қалмай сыни мақалалардың санын көбейткен еді. Соның бірі Ә.Мұсаұлының «Төңкеріс дұшпаны ұлтшылдықтың сыры жеріне жеткізіле ашылсын» деген мақаласында смағұлшылдықпен және «Алаш», «Жас азамат» партияларымен күресуді одан әрі күшейту керектігі туралы әңгіме қозғалған [271]. Резолюцияның мына бір пункті де ерекше қызығушылық туғызса керек: «Кеңестердің алдағы сайлауында (қайта сайлауында) ауылдық кеңестердің, ревкоммисиялардың ААК-ның құрамын толықтай жаңартуға қол жеткізіп, жағыну арқылы арамызға еніп алған элементтерді (байлармен байланысқандарды, пара алушыларды, ысырапшыларды, бюрократтар мен сол сияқты басқаларын) қуып шығу керек» [272]. Бұл жерде Кеңес үкіметінің өз төменгі органдары мен олардың жергілікті жердегі белсенділеріне деген көзқарасы анық көрініп тұр, жіберілген кемшіліктер мен қателіктер кешірілмеді, ол үшін белсенділер бірден қызметтерінен кетіріліп, олар жаңа өкілдермен алмастырылды. 20-жылдың екінші жартысы мен 30- жылдардың ортасындағы қатардағы партия мүшелеріне деген көзқарас осындай болды. Партия қатарын тазалау үздіксіз жүріп жатты, дегенмен олар салыстырмалы түрде жеңілдеу болып, соттық және репрессивтік іс-шараларға ұласа қоймады.
126 Тарихи тұрғыдан алғанда большевиктер партиясына мүшелік әркез-ақ негізгі мәселенің бірі болатын. Сонау РСДЖП-нің ІІ- съезінде лениндік ядро партия жарғысына резолюция енгізіп, онда «демократиялық централизм» дейтін принциптің жүзеге асуы қарастырылған еді, яғни - мүшелерінің санаулылығы, мүшелік жарна төлеу, партиялық тәртіпті сақтау ж. т.б. Аталған съезде бұл резолюция қабылданбай, партияның негізгі құжаттарына кейіннен енген болатын. Астыртын жағдайда қызмет жасап, үнемі тұтқынға түсу және жер айдалу қаупінде болған партия үшін мұндай принциптер мен талап қажет те болған еді. РСДЖП(б) мүшелерінің саны артып, дворяндардан, зиялылардан және басқа да сословиелерден құралған марксистердің аз ғана тобы партия қатарына енген жаңа мүшелерінің қалың шоғырына сіңісе бастағанда, Ленин өзінің «Бөгде ту астында» деген мақаласында бірінші болып толыққанды марксистік тұғырнамалар мен ұстанымдардың «жаңадан келгендер мен жаны ашитындар» дейтіндердің арасында жойылып кету қаупінің барлығын айтты. Мақала өзінің атымен – ақ, марксизм мен большевизм туының астына оның идеологиясынан түсінігі аз немесе оны тіптен түсінбейтіндердің келгендігін білдіріп тұр. Әрине, партияның билік басына келуіне байланысты «бөгде ту астына тұрушылардың» саны үздіксіз өсті. Бұған партия қатарына үнемі тартылып отырған жұмысшылар мен шаруалар арасынан шыққан жаңа мүшелерінің де әсері болды. Тіпті партияға бірнеше сатылы қабылдау системасын есепке алғанның өзінде де оның қатарына шала сауатты және тіпті сауатсыз мүшелерінің қаптап кіруін тоқтату мүмкін емес еді, олардың артықшылығы тек «былғанбаған таптық тегі» мен өздері толық түсінбейтін партияның жолымен жүруге дайын екендігіне сендіруі болатын. Осылай архив құжаттары материалдары Сырдария окружкомының Шымкент ұйымы бойынша комиссиясының БК(б)П қатарына кандидаттар мен толық мүшелерін қабылдау барысында он сегіз қаралған істен партия қатарына 15 адам «жұмысшы ретінде», «батрак ретінде» қабылданады. Олардың 5-і шала сауатты ретінде айтылса, 3-нің сауатсыз екендігі анықталған. Дәл осындай жағдай Қарсақбай ұйымында да болған. Әулиеата ұйымы бойынша 15 адамның 6-ы партияға қабылданбай оларға – «колхозға кіргенге дейін кідірте тұру», «әлеуметтік жағдайын анықтағанға дейін тоқтата тұру» [273] тұжырымдары берілген. Дегенмен, партия ұйымдары жұмысының ауқымды істердегі пәрменділігі мардымсыз болды.
127 Әулиеата уқалкомының №6 бастауыш ұйымын (ұяшығын) зерттеу актісінде: «…Партиялық тәртіп бетімен кеткен…, партияда жоқ көпшіліктің арасында ешқандай жұмыс жүргізілмейді…, жаппай саяси сауатсыздық» [274]. Әрине, мұндай ұйымдар бірден тазалануға тиіс болатын, әйтсе де бұған дайындық жасап оны жүргізудің көзі табылмады. Осылай Қазалы ауданы бойынша «БК(б) П мүшелерін дайындау және олардың қатарын тазалау» туралы Баяндама хатта аудандық ұйымда есепте тұратын 132 коммунистің 90 %-ның «партиялық өтілінің аздығы және саяси деңгейінің төмен екендігі» айтылады. Ауыл коммунистерінің, әсіресе ауылкеңестері мен колхоз төрағаларының саяси сауаттылығын жою мақсатында қысқамерзімдік саяси сауаттылық курстары ашылды… Жарғыны, партияның тарихы мен бағдарламасын оқып – үйрену үшін де саясисауаттылық үйірмелері ұйымдастырылды [275]. Құжаттың 1935 жылмен белгіленгеніне мән бере отырып, курстар мен үйірмелердің құрылуының кешігіңкірегенін байқаймыз, сондықтан да оны алдағы болатын тазалауға дайындық әрекеті ретінде қабылдаған жөн. Дәл осындай көріністі Келес ауданынан да көруге болады, онда да тазалаудың алдында ғана партиялық кабинет құрылып, «коммунистердің сауатсыздығын жою жөніндегі ликбездер құрыла бастаған, осындайлардың саны 28 адам болып, бірақ олардың бір бөлігі сауатсыздығын жоюдан бас тартқан» [276]. Тазалауды жүргізудің барысында, мәселе көбіне жеке адам тұрғысында өрбіді, елдің жалпы даму жағдайы мен оны түсініп-түйсіну деңгейі көп жағдайда қаперге алына бермеді. Партия қатары, негізінен шала сауатты және теориялық дайындығы таяз немесе тіптен жоқ, басқалардан ерекшеленіп көзге түсе қоймайтын, осыдан да орта және жоғары деңгейдегі билік тарапынан келген кез-келген тапсырмаларды бас шұлғып орындай беретін мүшелері есебінен өсіп отырды. Аздаған оқымыстылар шоғыры нақты болып жатқан саяси сүреңді сынауға жағдайы бола қойған жоқ, оны жергілікті жағдайға жақындастыру да қолдарынан келмеді. 1934 жылдың 2-жартысындағы «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жүргізілген партколлегияның өкілетті партиялық бақылау комитетінің жұмысы туралы» көпбетті архив құжатында 148 коммунистің ісі қарастырылған. Жергілікті жерге жіберілген «партиялық тергеушілер» тазалауды әдеттегідей сауатсыздық фактілерін анықтаудан бастады - әліпбиді біледі немесе тіпті қараңғы
128 дегендей,сонымен қатар кейбір түсініксіз жәйттерді- арызын жоғалтып қойғанын, кейбір коммунистерге өтірік жала жапқанын, партиялық құжаттарының – партбилеттерінің және жеке есеп кәртішкелерінің жоқтығын және т.с.с. «Қазіргі уақытта біздің тексеруіміз арқылы жергілікті жерлерде біраз келеңсіз жайлардың беті ашылып отыр… осылай Әулиеата ұйымы бойынша комиссия ұйғарымымен тазалауға жататын жолдастардың жартысы ауданнан кетіп қалған, АК қалғандарымен де мандыртып жұмыс істемей отыр» [277]. Пайдаланып отырған құжаттың келесі бөлімі «Партколлегияның партия қатарындағы бірлік пен партиялық қырағылықты күшейту үшін және ұйымдағы келеңсіз құбылыстарды жою жолындағы жұмысына арналып, БК(б)П ОК-ның….ж. Кировты зұлымдықпен өлтіргендігі… туралы жабық хатына байланысты болып, онда …. облыс партия ұйымдарында қырағылықтың әлсірегендігі туралы фактілердің анықталғандығы айтылады. Мұндай фактілер қатарына «….ж. Кировтың өлімі жөнінде контрреволюциялық пікірлер айту (партколлегия арқылы партиядан қуылған)… БК(б)П мүшесі Покровский парткабинетке айдаудағы троцкистерді кіргізген … (партколлегия ескерту арқылы қатаң сөгіс беріп, жұмыстан қуған)… «Трактор» колхозының парторгі Ысмайловтың аудандық партия комитетіндегілердің көзінше колхозшыларға тиісуі … (партиядан шығарылды) [278].Ащысай комбинатының директоры А.К.Кельмансон өз жұмысында троцкистермен байланыста болып, оларға материалдық көмек көрсеткені үшін және т.с.с. … партиядан шығарылды. Осындай кінәләулармен партиядан шығарылу, немесе қатаң сөгіс алу біртіндеп қалыпты жағдайға айнала бастады. 2.3 И.В.Сталиннің «социализмге өту жағдайындағы таптық күрестің шиеленісуі» тезисі негізінде жаппай саяси репрессиялардың күшеюі КСРО-да жаппай саяси қуғын-сүргінге көшу бағыты оның ішкі және сыртқы саяси жағдайларының ерекшеліктерін айқындайтын бірнеше факторлардың салдары негізінде жүзеге асқан еді. Осы орайда, барлық болған фактілерді тыңғылықты қарастыру, жаппай саяси қуғын-сүргін себептерін түсінуге жақындатады, осы бағыттағы жүргізілген процестер мүмкіндігінше айқындалып, тиісінше КСРО азаматтарының едәуір бөлігін қоғамдық өмірден аластатудың мемлекеттік-саяси механизмінің тіршілігі түйсініледі, сонымен қатар репрессияға ұшырағандардың сандық және сапалық құрамы
129 анықталып, ел ішіндегі қарсылықтың қаншалықты дәрежеде болғандығы тұжырымдалады. Хронологиялық тұрғыда жаппай қуғын-сүргінге көшу ішкі саяси жағдайлардың мынадай реттілігімен берілуге болатындай. 1934 жылы Ленинградта С.М.Кировқа жасалған қастандық, оның кім ұйымдастырып, кім арқылы жүзеге асқанына қарамай, қоғам назарын естен шығып кеткендей болған ішкі саяси күрестегі террор қолдану фактісіне аударды. Партия мен мемлекеттің көрнекті қайраткерлерінің бірінің қаза болуы митинг, жиналыс және т.д.б. түрдегі ұйымдасқан қоғамдық резонансқа ұласты. Қоғамдық санада, күрес жалғасып күшейе түсетіні, онда ең жоғарғы жаза қолданудан жалтару жоқ екендігі қашып құтыла алмайтын факт ретінде қалыптастырылды. Бірінші дүниежүзілік соғыстағы оқиғаларды, 1917 жылдың екі революциясы мен азамат соғысындағы дүрбелеңді және одан кейінгі 20- жылдардағы таптар мен саяси күштердің қарама-қайшылықтарын көріп өскен кеңес азаматтарына қатал репрессивтік шаралар қолдану ісі таныс та болатын. Осылай, Кировтың өлімін кейін ОАК Қылмыстық кодекске өзгертулер енгізу туралы қаулы қабылдайды. Кейіннен 1.12.1934 жылдың Заңы аталынып кеткен осы заң бойынша: 1. Істі тексеру 10 күннің ішінде аяқталуы тиіс болды., 2. Айыпталушыға айыпталу қорытындысы сотқа 1 тәулік қалғанда берілді, 3. Істі тексеру кезінде қорғаушылар қатыстырылмайтын болды., 4. Айыпталушыдан рақымшылдық туралы және басқа да өтініштер қабылданбады., 5. Ату туралы үкім бірден жүзеге асырыланатын болды [279, 68]. 1936 жылдың 29 шілдесіндегі БК (б) П-ның барлық партия ұйымдарына жіберілген жабық хатында «қырағылық мәселесі мен дұшпанды тани білуде» жіберілген кемшіліктерді жою өте қатқыл түрде талап етілді. 1936 жылдың 5 тамызындағы осы мәселені талқылауға арналған Қазақ өлкелік комитетінің бюросы, өз партия ұйымдарын және әсіресе жетекші кадрларды ерекше қырағылық танытуға және дұшпанды тануда «мейлі ол жақсы қызметкермін деп мәймөңкелесе де, мейлі өзін партияның белсенді және шын берілген мүшесі ретінде көсетуге әрекеттенсе де, - қателеспеуге міндеттеді [280]. Орталық лақтырған «тастың» алғашқы «дүрсілі» ретінде «қырағылықты күшейтудің арқасында әшкереленіп және соңынан партиядан қуылған 43 контрреволюционер троцкист-зиновьевшілдер мен олардың сыбайластары» туралы оқиғаны айтуға болады [281]. Республикалық партия ұйымының 100 мыңнан аса мүшелерінің ішінде аталған ағымның бұдан да көп жанашырлары (жақтаушылары) болуы әбден мүмкін еді. Дегенмен жазаланғандардың шын мәнінде аталған
130 топтарға қатыстылығы анық айқындалған жоқ. Осылай Оңтүстік Қазақстан өңірі бойынша: Шымкентте ұлтшылдар Әлмұхамедов пен Дәуірбаев өз пәтерлерінде жиналыс өткізіп, оған басқа да коммунистерді тартып, контрреволюциялық, ұлтшылдық және троцкистік үгіттер жүргізді. Мирзоян қызылша совхозында троцкист В.Нестеров троцкистік – алашордалық топ құрып, оған ұлтшылдар, Қазыбаев пен Төленов кірді; Мақтаарал ауданында партия қатарынан шығарылған ұлтшыл Әшіров … троцкист–зиновьевшілердің атылғандығы туралы ренішті екендігін айтып, партия көсемдеріне қарсы террористік пиғылдар білдірді», –делінген [282]. Бұл арқылы белгіленілген немесе жасырын дұшпандар нақты таңбаланған – «ұлтшыл», «алашордашыл», «троцкист-зиновьевшіл», - деген саяси атқа ие болды. Кейіннен «дұшпандар» тобына «фашистер», шпиондар», «барлаушылар мен диверсанттар», сонымен қатар «бүлікшілдер» де қосылды. Осымен бірге «жайбарақат элементтердің», «ашық ауыздардың» және шіріген либералистердің өмірін өксіту әдістері де анықталды [283]. Бұдан кейінгі «дұшпандар» шеңберінің кеңеюі ішкі және сыртқы саяси факторлардың әсеріне байланыстырылып, 1937 жылдың өн бойында «троцкистер мен басқа да екіжүзділер», «троцкистік-зиновьевтік фашист бандиттер», «ақгвардияшылар» болып кете берді.Сол жылдың тамызында «Социалды Қазақстан» газетінде басылған «ұлтшыл-фашистерге өмір сұрқия дейміз деген бас мақалада: «ұлтшыл-фашистердің басшылары – Рысқұлов, Қожанов, Нұрмақов, Құлымбетов және олардың артынан ерген сұрқия жүліктер партия билетін тек өздерінің екі жүзділік бетін бүркемелеу үшін ғана пайдаланып жүрді. Бұл ұлтшыл-фашистер Германия мен Жапонияның разведка орындарының тапсырмаларын орындау үшін Қазақстанда кулак байлардың көтерілісін ұйымдастырды. 1929-1932 жылдар арасындағы перегибтерді, көшпенділерді осылар ұйымдастырғаны қазір айқындалып отыр. 1928-1929 жылдардағы Қызылқұмда, Созақта, Қарқаралыда болған бай-кулактардың ұйымдастырушысы Құлымбетов пен Жүргеновтер. Бұл ұлтшыл-фашистер өндіріс орындарында зиянкестік жүргізіп, шахталарды құлатып, жұмысшыларды уландырып, талай жанның қанын төкті» деген жантүршігерлік ғайбаттаулар бар [284]. Осы сарындағы яғни «Сұмырай ұлтшылдарға қарсы және соған қарай ауа жайылған уклондарға қарсы күресті барынша күшейту керек» [285] деген тұрғыдағы байбалам сөздер аталған жылы көп жазылатын. Оңтүстік Қазақстан өңірі бойынша БК(б)П Өлкелік комитетінің УІІ Пленумы «бірқатар ұйымдарда
131 (Қызылорда облысы, ОҚО – ның Шаян және Қазалы аудандары ) қазақ ұлтшылдығы мен соған бейім тұрғандарға қарсы күресті ешқандай әлсіретпеуді» атап көрсетті [286]. Сонымен қатар үнемі қайталанып отырған кінәлаулардың қатарына « жапон империализмінің агенті» деген атау да енді. Жоғарыда аталынған және кейін де жалғастырылған дұшпан образдары қоғамдық санада ерекше қарсылыққа душар болмады, мұның өзі репрессиялық іс-шараларды қолдануды негіздеп, заңдастыруға жағдай жасағандай еді. Репрессиялық қимылдардың үдей түсуі - ауыл шаруашылығындағы, ұн тарту өнеркәсібіндегі, темір жол транспортындағы «контрреволюциялық топтардың» үстінен «көрнекілік процестер» жүргізу арқылы көрінді. Ашығында, «көрнекілік», аталған салалардағы жағдайды алдын-ала тексеру арқылы анықталған нақты адамдардың кінәсін мойнына сөзсіз қою арқылы,олардың халық алдында сағын сындыру үшін керек болды. Сонымен қатар процестердің жүргізілуі баспасөзде барынша кең баяндалып, бұл арқылы халықтың санасында дұшпан образы стереотипі қалыптасуы керек болды, мұның өзі «соттар құрамы мен мемлекеттік айыптаушыларды тыңғылықты дайындаған» жағдайда, бұдан кейінгі репрессиялық шаралардың жүзеге асуын жеңілдетті. Осылай Қазақ АКСР-і ХКК – мен К (б)П ОК бюросының «Қазақстандағы ұн тарту өнеркәсібіндегі зиянкестік әрекеттердің зардаптарын жою жөніндегі» құпия қаулысында ұн тарту өнеркәсібі саласындағы жағдайдың барынша қанағаттанарлықсыз екендігі айтылып, ондағы «троцкист – оңшыл және ұлтшыл халық жауларының дұшпандық әрекеттеріне» қарсы көзге көрінерлік күрес жүргізілмей отырғандығы атап көрсетілді [287]. Зерттеліп отырған өңірге қатысты айтсақ, Мирзояндағы ұн тарту зауыты мен Шымкенттегі ұн тарту комбинаты «едәуір мөлшердегі құрал – жабдықтарды қасақана іске қоспағандығы» үшін жабылып қалған [288]. Бұл арада аталған фактілердің орын алғандығында күмән болмаса керек. Гәп басқада сыңайлы. Себебі, орталықтандырылған, жоспарлы экономика жағдайындағы халық шаруашылығын басқару, кемшіліктерсіз болмағандығы белгілі, тек жіберілген қателіктерге саяси реңк берілуі жоғарыда аталған саланың қатардағы қызметкерлерінің қатаң репрессиялық жазалауға ұшырауына ұласқан еді. Сонымен қатар Түрксібтің аймақтық бөлімшесіндегі «дұшпандық әрекеттер» фактілерін ашу туралы бірнеше архивтік құжаттарды сөйлетсек, онда «оңшыл-троцкистік контрреволюциялық ұйым
132 филиалын» «әшкерелеу»- «…5. Мирзоян паравоз депосы. Мұндағы ұйымды басқарған паравоз бөлімшесінің бұрынғы бастығы Шитов. Барлығы Мирзоян депосы бойынша 11 адам тұтқындалған. Шымкент депосы бойынша 4 адам. Ары қарай қарастырылып отырған құжатта тағы да 13 адамның қамалғандығы айтылады. «Шу, Мирзоян, Шымкент, Луговая станцияларындағы шпиондық - диверсиялық топтарды әшкерлегеннен» кейін тағы да 19 адамды қамауға «негіз» табылған еді. Жалпы Түрксиб бойынша 1937 жылдың өзінде оңшыл - троцкист ұйымдарының 182 мүшесі мен 142 жапон және поляк шпиондары тұтқынға алынды [289]. Соңғысын, сол кездегілерге Польшаның КСРО-ға қатысты ашық дұшпандық саясаты мен аталған елдің Кіші Антанта елдерінен құралған «санитарлық кордон» құрамында болғандығымен түсіндіруге болатын. Жапонияның Қытайдағы агрессиясынан кейін КСРО-ның Қиыр Шығыстағы шекараларына өз әскерлерін жақындатуы «Жапония пайдасына шпиондық жасады» деген мәселені де көтерген еді. «Салалар» бойынша репрессиялар жүргізудің тосын өзгешелігіне орта мектеп басшылары мен қатардағы педагогикалық құрамына қатысты мына бір мысалды жатқызуға болады. Орталықтан жауды іздеуді қысқарту туралы бұйрық келгеннен кейін қарама-қарсы мағынадағы құжаттар пайда бола бастайды. Осылай 1939ж. 1 наурызымен белгіленген ҚазКСР Білім Халкомының «Мұғалімдерді, меңгерушілерді және мектеп директорларын жұмыстан кетірудегі жіберген қателіктерді түзеу барысы туралы» баяндама хатында былай делінген «…мұғалімдерді жұмыстан шығару мәселесіндегі қылмысты немқұрайлық…. мұғалімдерді жаппай жұмыстан қууға жол берілген. Сондағы негізгі себептері олардың әшкереленген халық жауларымен байланыста болғандығы және туыс екендігі», сонымен қатар жат әлеуметтік топтан шыққандармен жақындасқандығы» [290]. Тікелей Оңтүстік Қазақстан бойынша білім саласының 182 қызметкерінің жұмыстан кетірілген фактісі айтылады. Мынадайда фактілер келтіріледі: Пахтарал совхозының халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі … 52 мұғалімнің халық алдында 20- ын халық жауы деп атап, 5-ін жұмыстан қуған. Жекелеген районо (аудандық халыққа білім беру бөлімі) басшылары, халық жаулары бола тұрып, өздерінің қаскөйлік жұмыстарын бүркемелеу үшін, мұғалімдерді оңды- солды қуған. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы халыққа білім беру бөлімінің (районо) бұрынғы меңгерушісі бір бұйрығымен 8 мұғалімді бірден босатып, оларға кеңес үкіметіне қарсы дұшпандық әрекеттер таңған».
133 Ары қарай құжатта «…Оңтүстік Қазақстан облысы Жаңақорған ауданық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі Мақұлбеков (құжатта Мильгильбеков еск. автордікі) жұмыстан бірнеше мұғалімдерді шығару талабына келісім бермегені үшін…. комсомолдан шығарылды». Жаңақорған орта мектебінің директоры…. Темірбаев бұрынғы заврайоно - әшкереленген халық жауы Жайлыбаевпен байланысы үшін жұмыстан қуылды. 937 жылдың қыркүйегі мен қазан аралығында ұлтшылдық туралы мәселе қайта көтеріледі: Элитаның жергілікті ұлт өкілдерінен құрылуы Қазақстан К(б) П –да ұлтшыл ауытқушылықтың болуын жоққа шығармайтын еді.Себебі, әрбір елдің өзін-өзі басқаруы ұлттық қызмет ететін мемлекеттік құрылыс арқылы іске аспақ. Мемлекеттік басқару алдымен сол халықтың ғасырлар қойнауынан тамыр алатын тарихи ерекшелігіне, өзіндік табиғи болмысына, сондай-ақ басқа да халықтардың, адамзаттың прогресшіл өмір тәжірибесіне негізделуі керек. Сонда ғана үдемелі дамуға жол ашылмақ. Басқа жол- тұйыққа тірейтін жол. Ал осы биік мақсаттарды өмірлік шындыққа айналдыратын – нақты қайраткер адамдар, солардың мыңдаған кедергілерді жеңген жігері, көзге бірде көрінсе, бірде көрінбейтін мыңдаған түрлі қиындықтарға мұқалмаған қайсар рухы [36, 278-б.]. Бұл туралы жергілікті ұлтшыл қайраткерлер ешқашан ұмытпағанымен, орталықтың бұл жөніндегі есебі басқалай болатын. Орталық баспасөз органы «Правда» газетінің дәстүрлі маңыздылығы барлық төменгі партия комитеттерін жарияланған мақалаларға жауап қайтарып, тіпті ұйымдастыру және кадр мәселесіндегі өзгерістерге дейін айтып отыруға міндеттеді. Осылай 1937 жылдың 29 қыркүйегіндегі ҚК(б)П ОК Бюросы «Правда» газетіндегі 1937 жылдың 22 қыркүйегіндегі «Буржуазиялық ұлтшылдардың жетегінде кеткендер» деген мақаласы бойынша шешім қабылдады. Шешімде, контрреволюциялық буржуазиялық ұлтшылдардың бірқатар ұяларының мәлім болғандығы, соның ішінде Шымкентте де, ашылғандығы, атап көрсетіледі. Сонымен қатар: «Халық жауларын әшкерелей және қуа отырып, партия ұйымдарының тексеруден өткен, партияға, кеңес құрылысына және сталиндік БК(б)П ОК сенетін жаңа жас қазақ кадрларын ұсыну жұмыстарын дұрыс жолға қоюы керектігі» [291] де айтылады. Бұл жерде түрлі себептерге байланысты орталыққа жақпаған әртүрлі деңгейдегі партия органдарындағы басшылықты, төменнен жоғарыға дейін ерте ме, кеш пе, әйтеуір ауыстыру мәселесі төтесінен қойылып отыр.
134 Тиісінше, орталық партиялық баспасөздің шағымдары республикалық деңгейде қайталанып отырды, ондағы мақсат кезекті репрессиялық іс-шаралар толқынын лықсыту болатын. Осылай 1937 жылдың 24 қазанында ҚК(б)П Оңтүстік Қазақстан обкомының бюросы 1937 жылдың 18 қазанындағы «Казахстанская правда» газетіндегі мақала туралы шешім қабылдайды. Онда: «Тағы да Казахстан К(б)П Оңтүстік Қазақстан обкомының шіріген позициясы» туралы айтылып, «Казправданың» сыны дұрыс деп мойындалады, обком бюросының және обком хатшысы жол. Досовтың троцкистікбухариндік бандиттер мен буржуазиялық ұлтшылдарды әшкерелеп, түбіне жетудегі жіберген қателіктерінің кешірімсіз екендігіне тоқталады. Ары қарай «…Случак пен Бөкейханов бастаған троцкистерді және ұлтшыл фашистерді әшкерелеудегі жайбасарлық та» мойындалады. Қаулыларда нақты фамилиялардың аталуы олардың тағдырын шешіп жатты – бұл үшін көптеп шығып жатқан газет мақаларының біріне ілігу жеткілікті болатын, оның соңын ала партиялық органның қаулысы дайын тұратын еді. Мұндай сынға ілігіп, аты аталмағандарға өз басын аман алып қалу үшін өздерінің бұрынғы партиялық үзеңгілес жолдасын сатып кетуден басқа жол қалмайтын. Біраз уақыт өткеннен кейін, сол жылдың 29 қазанында обкомның бюросы бұл мәселеге қайта оралып, жоғарыда аталған қаулыларды «Казправдада» жариялауды ұсынады. Оңтүстік Қазақстан облысының партия белсенділері мен функционерлері фамилияларының республикалық газетке шығуы олардың онсыз да оңып тұрмаған жағдайын қиындатып, оларға қарсы ең жоғарғы репрессиялық шаралар қолдануға апарған еді. Бюро мүшелерінің күші бірінші хатшы Досовты шама – шарқынша қорғауға ғана жетті. Жолдас Досовтың жіберілген бірнеше саяси қателіктеріне қарамастан, Оңтүстік Қазақстан обкомы мен оның хатшысы туралы «Казправда» газеті өзінің мінберінен обком хатшысын орнынан алу туралы мәселені бүйірінен қойып, дұрыс істеп отырған жоқ. ОК Бюросы жол. Досовтың қазіргі жұмысына тікелей қатысы жоқ, бұрындары болған кейбір фактілерді жариялаудың қисыны жоқ» [292]. ҚК(б) П ОК Бюросының Л.Мирзоян қол қойған аталған қаулысы Ә.Ы.Досовты іс жүзінде біраз уақытқа тікелей соққыдан аман алып қалғанымен ОҚО обкомының бюросының қаулысында аты аталған 10 адамды кінәлілер қатарында қалдырған еді. 1937 жылдың 21 қыркүйегіндегі «Правдадағы» мақаланың маңыздылығы мен атқарған ролі туралы осы газеттің Қазақстандағы
135 тілшісі К.Пухов, өзінің бас редакторы Л.Мехлиске жазған хатында былай дейді «…Қазақстанның партия ұйымын өте қатты сілкілеп алды». Ары қарай: «соңғы жарты айда Қазақстан коммунистері өз қатарынан әртүрлі қызметтегі жүздеген халық жауларын тауып әшкереледі. Мақала жарияланғаннан кейін ІІХК органдары партияның барынша қолдауымен Қазақстанның бірнеше халкомдарын тұтқынға алды. (Жер шаруашылығы, қаржы, ауыл шаруашылығы және басқаларын) Комсомолдың өлкелік комитетінің бұрынғы бірінші хатшысын, обкомның бірінші және екінші хатшыларын (Ақтөбе, Шығыс Қазақстан) бірнеше облаткомдардың төрағаларын, партияның аудандық комитетінің хатшыларын, аудандық атқару комитетінің төрағаларын» [293]. Бұл жерде мақаланың «буржуазиялық ұлтшылдар жетегінде» деп аталғанымен «буржуазиялық ұлтшылдық» туралы ерекше әңгіме жоқтығын айта кету керек, ал хатта негізінен атқарылған жұмыстар айтылып, онда көрнекті партия және кеңес қызметкерлерінің қаншасының тұтқындалғаны баяндалады. Бұл арадағы негізгі міндет - халық жауларын көбірек жариялап, өзінің осы іске қатыстылығын көрсету болып табылатын сыңайлы. Мақаланың бүлдіргілік бағыты анық көрініп тұр, оның жаппай саяси репрессиялардың көрігін барынша қыздыру әрекеті де ап-айқын. Мақалада Қазақстан К(б)П басшылығына шабуылдаумен қатар Оңтүстік Қазақстан өңіріне де ерекше мән беріледі. К.Пухов өңірдің партия басшылары мен ҚК (б)П ОК басшылығын дәйектілікпен дискредитациялауға (күстаналауға) тырысады. «Қазақ халқының жауларын әшкерелеу әркез республика басшылығының басынан асып кетіп жатады. Бұған мысал ретінде, білім халкомы Жүргенов буржуазиялық ұлтшыл ретінде әшкереленгеннен кейін де, Мирзоян ауданында (Оңтүстік Қазақстан) бірнеше апта бойы оның сенімді серігі аудандық партия комитетінің хатшысы болып қызметін жалғастыра бергендігін айтуға болады. Бұл хатшыны коммунистердің өзі, оларда республика басшылығында бар барлық материалдар болмағанның өзінде, ауданның партия белсенділерінің жиналысында әшкереледі. Көрініп тұрғандай «бірнеше апта» авторға ұзақ мерзім сияқты, және істі қарастыруда дәлелдеулер жинаудың да қажеті жоқ- халық жауымен таныстығы жөнінде факті болса болғаны. Анық логикалық қарама-қайшылық та терістеліп тұр, әйтпесе ҚК(б)П ОК номенклатурасындағы аудандық партия комитетінің хатшысы қалай кеңестік қызметкердің өз адамы болмақ. Сонымен қатар, тиісінше партия конференциясында сайланған хатшы мәселесін неге қажетті
136 партиялық өкілеттіліктері жоқ партия белсенділерінің жиналысы қарайды. ҚК(б)П ОК бірінші хатшысы Мирзоянға тікелей шабуыл жасай отырып мақала авторы: Мирзоянның өз ауданын талан-таражға түсірген Сайрам аудандық партия комитетінің хатшысы – буржуазиялық ұлтшыл Саибовты қамқорлығына алуы айқын бола түсті. Саибовтың дұшпандық жұмысы жөніндегі сигналдар (дабылдар) өте көп, бірақ ҚК(б)П ОК және, Мирзоянның тікелей өзі, ұзақ уақыт Саибовқа «әкесіндей» қамқорлық жасап келеді. Саибовтың партбилеті Мирзоянның қарсы болуына қарамай басылған «Казахстанская правда» газетіндегі қатқыл мақаладан кейін ғана алынды [294]. Бұл жердегі фрагментте де автордың тек қараниеттілігі ғана емес, сонымен қатар білімсіздігі немесе істі толық түсінбеушілігі көрініп тұр. Ал түптеп келгенде Саибов Ташмухаммед Өзбекстаннан келген өзбек. Олай болса ол ешқандай «қазақ буржуазиялық ұлтшылы» бола алмайды, ал «өзбек буржуазиялық ұлтшылы болуы тіпті де мүмкін емес». Хаттағы қудалаудың келесі бір объектісі Арыс аукомының хатшысы А.Ералин болды, бұл арқылы Л.Мирзоянды да күстаналау (дискредитациялау) көзделген еді. Қазанның соңында өткен «ҚК(б)П ОК Бюросының мәжілісінде Мирзоян, Оңтүстік Қазақстан жер басқармасының меңгерушісі қызметіне жаңадан ұсынылған Ералинді реабилитациялап (ақтап) шыққан болатын. Бұл республикалық баспасөзде Ералинді буржуазиялық ұлтшыл ретінде айна - қатесіз әшкерелегеннен кейін, жауап ретінде істелініп отыр. Ал, осы шешім шыққан бірнеше күннен кейін… ол Оңтүстік Қазақстандағы мал шаруашылығындағы зиянкестер процесінде, Арыстағы зиянкестер бөлімшесін ұйымдастырушы ретінде әшкереленді. Қазір Ералин тұтқында отыр, әйтсе де Мирзоян, шындықтан ауытқи отырып, «Казахстанская правданы» Ералинге байланысты түзетулер жасауға күштеген еді ғой». Бұл жерде орталық баспасөз арқылы арандатушылықтың бірнеше мақсаты болғаны анықяғни республика басшылығының, орта буын басшылардың және тиісінше солармен байланысты басқа да адамдардың іс-қимылдарына күмәнмен қарау, немесе оларды тікелей айыптау. «Правда» газетінде жарияланып республикада қоғамдық, ал дұрысында репрессивтік резонанс тудырған: «Принципсіз бас тарту» («Беспринципный отвод»), «Алматыда өзара сын «схема бойынша» қарастырылмаған»…, («В Алма-Ата самокритика «схемой» не предусмотрена») «Алилуйщиналық большевиктік сын орнына».
137 («Алилуйщина вместо большевитской критики») мақалаларын атап өтуге болады. ҚК(б)П ОК Бюросының тиісті қаулысында орталық орган «Правдадағы» мақалаларды қалалық, аудандық конференцияларда, бастауыш партия ұйымдары жиналыстарында, кеңінен талқылау арқылы, бет- жүзге қарамай барынша батыл сынаудың арқасында, кейбір жерлерде бұғып және партия билетімен бүркемеленген екі жүзділер анықталып әшкереленуде» деп атап көрсетілді. Сонымен қатар халық жауларымен байланысу арқылы, аудандық, қалалық, облыстық және республикалық ұйымдардағы басшылық қызметке жол тапқан жеке элементтер де әшкереленуде. ҚК(б)П ОК обкомдарды, қалкомдарды, аукомдарды және бастауыш партия ұйымдарын «Правда» ОО-дағы мақалаларды кеңінен талқылауға үндеп… «Сын және өзара сынды күшейтуге, контрреволюциялық оңшылтроцкист және ұлтшыл – фашист бандиттердің құйыршықтарын түбірімен әшкерелеуге» [295] міндеттейді… 1938 жылдың 27 мамырында Л.Мирзоянды ауыстырған бірінші хатшы Н.А.Скворцов қол қойған бұл қаулы да репрессиялар жүргізу бағытының жалғасқандығын көрсетеді. Ерекшелігі, қаулыны талқылау барысында бөлектеу, тіпті қарсы дерліктей пікірлердің де қылаң беруі болды: «Жекелеген ұйымдардың партия жиналыстарында коммунистер мен басшы қызметкерлердің саяси беріктілігі туралы жеке коммунистердің сөздері мен мәлімдемелері негізінде ұйғарым жасалып, айыптаулардың дұрыстығы нақты тексерілмей, оларды сырттай партиядан шығарып жатыр» [296]. Салыстырмалы түрде бұл қатаң репрессиялық іс-шаралардың аздап бәсеңдегенін білдіргендей. 1937 жылдары репрессияны күшейтуге сылтау ретінде КСРО Жоғарғы Кеңесіне сайлау да пайдаланылды. Осылай республика прокуратурасының ерекше бөлімінің ақпаратында: «Кейбір жерлерде тап жауларының қалдықтары сталиндік конституцияға қарсы контрреволюциялық үгіт жүргізуге тырысуда, олар сонымен қатар сайлау комиссиясының мүшелеріне қарсы террорлық әрекеттер ұйымдастыруда. «Кейбір жерлерде сайлау комиссияларының құрамына репрессияланған байлар, молдалар және басқа да қашқан-пысқандардан тұратын қылмыскер элементтерді кіргізуге талпынулар болып, аты-жөндерін өзгерту арқылы сайлаушылардың тізімін шатастыру және бұл тізімге жүздеген сайлаушыларды қоспау жағдайлары орын алды» [297]. Соңғы айтылған, сайлаушылардың
138 тізіміндегі сәйкессіздік орын алуы да мүмкін, тек оның қаскөйлікпен істелмей, техникалық қателікке байланысты екендігі, әрине қаперге алынбады. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «контрреволюциялық үгіт» пен «террорлық әрекеттер» бойынша ақпаратта мынадай мысалдар келтірілген. «Шымкент ауданының Көкбұлақ колхозында сайлау заңын үйрену туралы сабақты жүргізіп отырған екі мұғалімнің үстіне кіріп келген Еркебеков Мақан оларға айқайлап, боқтап «керексіз жұмыспен» шұғылданып жүргендерін айтып, қатындарды жиналысқа жинайтындығын сөгіп… төбелесе кетеді және кетпенмен мұғалімнің біреуін ұрып жығып, оның қолынан «КСРО Жоғарғы Кеңесіне сайлау туралы Ережені» жұлып алып пәршек – першегін шығарады және партия .мен үкімет басшыларының сыбағасын сылап береді. Әрине, Еркебеков тұтқындалады. Істі Шымкент қалалық прокуроры тексеріп, ол Қ.Қ. 58-10ст. (контрреволюциялық үгіт) бойынша сотқа беріледі. Мұндай оқиғаның болуы әбден мүмкін. Тек жан қинайтын жағдай басқада - көрсетілген статья бойынша 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Сөйтіп қатардағы деп айтуға болатын кіші-гірім бұзақылығы үшін (М.Еркебековтың осы оқиғадан кейінгі тағдыры бізге мәлімсіз) оған зәдінде үш ұйықтаса түсіне кірмеген қатал жаза қолданылғаны анық. Тағы бір мысал: Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында үш бай біріге отырып, аталған ауданның колхоздарында сайлау заңына қарсы үгіт жүргізіп, колхозшыларды бюллетендерден қоғамдық ұйымдар ұсынған кандидаттарды сызып, орнына байлардың фамилияларын жазуға үндеген. Айыптылар тұтқындалды, іс Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында тексеріліп, арнайы коллегияға өткізілді. Онда ҚК 58-10 ст. (контреволюциялық үгіт) бойынша жазаланып кете барады [298]. Бұл жерде байлардың құжатта көрсетілгендей үгіт жүргізгені анық та болса керек, дегенмен үш адамның үгіті сайлау кампаниясының тыныс-тіршілігіне айтарлықтай әсер ете алды деу де әбестік болар еді. Мұндай оқиғалардың ілмектеліп тізбеленуі репрессиялық іс-шаралардың әуел бастан өз құрбандарына қарсы бағытталғандығында болса керек. Оңтүстік Қазақстан облпартколлегиясының хатшысы міндетін атқарушы Г.Кузнецовтың пікірінше бастауыш партия ұйымдарында өткен есеп беру –сайлау жиналыстары «кемшіліктерсіз» болмаған. Ол осылай, облыстық соттың бастауыш партия ұйымында өткен жиналысты «отбасылық-келісімділік» (посемейному – делячески) жағдайында болды, онда «жеке коммунистер мен жалпы облсот
139 жұмысындағы адам төзгісіз берекесіздіктер» айтылмай… олардың жұмысында орын алған көргенсіздіктер (жүгенсіздіктер) туралы ауызға да алынған жоқ, - деп баға береді. Дәл осындай баға облпрокуратурадғы жиналысқа да беріледі. «…Коммунистер облыстың прокуратуралық – тергеу аппаратындағы дұшпандардың контрреволюциялық әрекеттерін түбірімен тексеріп, қопара алмаған, өзінің күнделікті жұмысында революциялық заңдылықты жүгенсіздікпен бұзған адамдардың аттары аталмайды». Облыстық сауда мекемесінде өткен бастауыш ұйым жиналысына байланысты Кузнецов «қаскөйлікпен тікелей астасып жатқан облыстық сауда мекемесінің бастығы Казновскийдің берекесіздіктері (безобразия) туралы» бір ауыз сөз айтылмағандығына қынжылады. Кузнецовтың күштеп айтуы бойынша баяндаманы талқылау келесі күнге қалдырылып, тек сонда ғана, осы жүргізілген ұр-тоқпақтың әсерінен болса керек «…коммунистер кемшіліктер туралы ашық айтып, өз сөздерінде нақты адамдардың аттарын атай бастады.» Шымкент қалалық партия комитетінің атына сын айтылмауы да кемшілік ретінде қарастырылды» [299]. Көрсетілген фактілер репрессияның жүргізілуі мен оның ауқымының кеңеюінің жоғарғы және орта деңгейдегі биліктің бастамашылығына байланысты болғандығын көрсетеді, ал бастауыш ұйымдардың мұны қолдамағаны, тіпті кейбір төтенше тірліктер бола қалғанның өзінде, оның жоғарыдағы партия органдарының қысымымен жүзеге асқандығын айтуымызға болады. Осылай 1- ші Қызылордалық партия конференциясының жұмысы туралы стенографиялық есеп сол уақыттың идеологиялық және саяси айыптауларына барынша тоғытылған. Онда сын да, өзара сын да жетерлік. Обком хатшысының алғысөзінде: «Біздің міндетіміз, облыстық партия конференциясының міндеті бұдан әрі де большевиктік сын мен -өзара сынды барынша өрістетіп… шынайы халық жауларын түбірінен талқандап әшкерелеу, қаскүнемдіктің салдарын жою… Бұл орайда делегаттар БК(б)П ОК ақпан-наурыз және қаңтардағы пленумдарының шешімдерін басшылыққа алуы тиіс. Көрініп тұрғандай 1938ж. шілдесінің басында өткен облыстық партконференция партия мүшелерін бұрынғы курсты ұстануға бағыттады. Есепті баяндамада қатардан шығарылған республиканың бұрынғы партия және мемлекет басшылары – Л.Мирзоянның, О.Исавтың, С.Нүрпейісовтың және тағы да бірқатарларының атына анайылықпен сын айтылады, баяндамашының пікірінше олар «сынды барынша тұқыртып, …
140 қаскөйлік жұмыстар жүргізген. Олар біздің барлық облыстарымыздың партия және шаруашылық ұйымдарына – халық жауларын отырғызған.Сталин жолдас ОК ақпан-наурыз пленумында мирзояндық «артельді шұқып көрсеткен еді». Бұл тек артель ғана болмай, баскесерлердің, халық жауларының, диверсанттар мен шпиондардың армиясы болып шықты» [300]. Тиісінше баяндамада облыстық масштабтағы «дұшпандар әшкереленді». Олардың қатарына бірінші кезекте Қызылорда обкомының репрессияланған бұрынғы бірінші хатшысы Қ.Әміров кірді. Сонымен қатар облыстық білім беру басқармасының меңгерушісі Әбеновтың, Әміровтың көмекшісі Құрымбаевтың, ұйымдастыру комитеті төрағасының бірінші орынбасары Қайырбековтың да аттары аталынды. Тікелей Қ.Әміровтың қызметіндегі «дұшпандылық» баяндамада «… дұшпандық бағыт ұстанды… кадрларды іріктеу ісінде …обкомның инструкторларын өзіне жұмыс істетуді мақсат етті.» фактілері ретінде көрсетіледі. Әміровтың өзі туралы, оның мұнда «контрреволюциялық ұйымның мүшесі екендігін әшкерелейтін материалдар жеткілікті болып тұрған кезде» жіберілгендігі айтылады. Соңғы дәйек туралы айтсақ, шындығында Қ. Әміровтың Л. Мирзоян қойған соңғы адамдарының бірі екендігі тура, ол бірінші хатшы қызметінде 1938 жылдың ақпаны мен мамыры аралығында ғана болды. 1938 жылдың мамырында репрессияға ұшырады, бұл Л.Мирзоян тұтқындалғаннан сәл кейін болған еді. ҚК(б)П ОК жіберген Қ.Нұрмахаммедов туралы жағдай да дәл осындай: «… Нұрмахаммедов Мирзоянның ұсынуымен кеңестік сауда бөліміне жұмысқа жіберіледі. Ескі басшылық орнынан алынғаннан кейін, жаңа басшылық Нұрмахаммедовқа қатысты материалдар жіберіп, ол бойынша оны партиядан шығарып, түрмеге (абақтыға) жабу керек болды. Ол алашордашылардың контрреволюциялық ұйымының белсенді мүшесі болып шықты. Біз оны партиядан шығардық» [301]. Есепті баяндамада: Партия ұйымдарының бүгінгі күнгі міндеті большевиктік қырағылықты нығайтып, большевикті қаскүнемдер мен дұшпандарды тани білуге үйретуде және олар салған лаңды тезірек жоюда болып отыр делінген. Сонымен қатар обком мен облыстық партия ұйымдарының алдында партия ұйымдарындағы большевиктік сын мен өзара сынды барынша өрістетіп, осы арқылы қаскүнемдіктің салдарларын тез арада жою, сонымен бірге қалың көпшілікті жұмылдыра отырып барлық жіберілген қателіктердің бетін ашу және
141 осы арқылы нағыз халық жауларын анықтап, оларды түбірімен қопару міндеті тұр [302]. Жоғарыда цитата ретінде келтірілген фрагментке тән ерекшелік ондағы «халық жауы» «қаскүнем» сөздерінің баяндамада жиі қайталанатындығында. Бұдан, тек аталған облыстың партия ұйымын мысалға келтіріп-ақ сол кездегі үгіт-насихат жұмысының негізгі бағыт-бағдарының жаппай саяси қуғын-сүргін жүргізуді ақтауға негізделгенін, көруге болады. Халықтың санасында зерттеліп отырған кезеңде қолданылып жатқан репрессиялық іс-шаралардың заңдылық тұрғысында (легитимтілігін) екендігін қалыптастырудың тағы бір жолы әртүрлі аудиторияларда митингтер өткізілуі болды, онда жан түршігерліктей резолюциялар қабылданып жатты. Осылай, 1938 жылдың 3 наурызында «барлық студенттер, оқытушылар және техникалық қызметкерлердің қатысуымен Мирзоян педагогикалық училищесіндегі митингіге 325 адам қатысты. Қатысушыларға «оңшылтроцкистік блок» деген атпен белгілі бүлікшіл топ, бізге жау мемлекеттерден тапсырма алып, шпиондық, қаскөйлік, диверсиялық және террорлық әрекеттер арқылы КСРО-ның әскери күшін әлсіретіп оны бөлектеуге тырысқан еді, КСРО прокуратурасының дер кезінде әшкерелеуімен, ол пиғылдары жүзеге аспай қалды, - деп түсіндірілді. «Оңшылтроцкистік блокқа» сонымен қатар «В.Куйбышевті, Менжинскийді және А.М.Горькийді зұлымдықпен өлтірді» біздің партия мен үкімет көсемдерін өлтіруге қатысты, КСРО-да капитализмді қайта жаңғыртқысы келді, - деген айыптар тағылды. Мұндай алдап – арбаудың әсерімен митингке қатысушылар «заман талабына» сай резолюция қабылдады. Митингке қатысушылар КСРО Жоғарғы сотынан барлық сатқын-жауыздар – Бухаринді, Рыковты, Ягоданы, Крестинскийді және солардың итаршы сатқындарын ең жоғарғы жаза - атуға кесуді сұрайды. Митингке қатысушылар сталиндік халком Николай Иванович Ежовқа халық жауларының көзін жойғаны үшін алғыс айтады және ІІХК органдарына дұшпан қандай да бір қуысқа тығылса да, халық жауларын әшкерелеуге күнделікті көмектесуге уәде береді» [303]. Мұндай қоғамдық сананы алдап-арбаудың мысалдары жеткілікті еді. Оларды қолдану технологиясы бүге-шігесіне дейін мұқият әзірленген болатын. Қарапайым халықтың жай-жапсарына қанық сол кездің идеологиялық бюрократиясы әрқайсысына түсінікті саяси лексиконды пайдалана отырып, өзіне қажет нәтижелерге оп-оңай жете
142 алды. Жалпылама халықтың санасында болып жатқан оқиғалардың нақты мазмұнына сыни көзқарас қалыптаса алмады. Тіпті « кірпікшешен қолғабына» (ежевые руковицы) алғыс айту сияқты ашық заңсыз стереотиптің өзі де адамдардың ішкі қарсылығын тудыра алған жоқ.
143 3. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ЖАППАЙ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІНДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫНДАҒЫ ЖЕКЕ ТАҒДЫРЛАР ҚАСІРЕТІ 3.1. Республиканың және Оңтүстік Қазақстан облысының партия және кеңес басшылығын дискредитациялау кампаниясының ұйымдастырылуы Жаппай саяси ререссиялар кезеңінің объективтілік мазмұны жеке адамдардың тағдырларын жіті қарастырмай толық бола алмайды. Қоғамдық өмірде болып өткен ірі ауқымдағы өзгерістер жеке адамдардың өміріне, олардың сол дәуірдегі саяси оқиғаларға әйтеуір бір қатыстылығына байланысты, әсер етпей қалған жоқ. Қарастырылып отырған құбылыс түптеп келгенде БК(б)П-дағы жоғарғы билік үшін жүргізілген ішкісаяси күрестен бастау алған еді. Билеуші партиядағы әу бастан қалыптасқан жағдайдың өзіндік ерекшелігі, ондағы кез-келген шешімнің, ешкімнің беделіне қарамай, қызу пікірталас негізінде қабылданатындығында болатын. Тіпті В.И.Лениннің өзіне саяси тактикасындағы барлық өзгерістері үшін күресуіне тура келді, осылай Қазан қарулы көтерілісінің күнін белгілеуде (Зиновьев пен Каменев қарсы болды), Брест бітім шартын бекітуде («солшыл коммунистердің» қарсылығы) және жаңа экономикалық саясатқа көшуде де ( орта деңгейдегі, елдегі жағдайды түсінбеген партия функционерлерінің қарсылығы) кедергілер аз болған жоқ. 20-шы жылдардың ортасы мен соңында да ішкіпартиялық пікірталас еш толастамады. Дегенмен, пікірталасшыларды көтерілген мәселелер көп толғандырмайтын – олар үшін қайсібір ірі партия лидерінің жағына шығып, өз позицияларын нығайту немесе партиялық иерархияда тағы да бір сатыға көтерілу маңыздырақ болатын. Ішкіпартиялық күрес, билік басына келушілердің тез арада қабылдаған шешімдеріне және ол шешімдердің сөзсіз өмірге енуіне байланысты біртіндеп ушыға бастады. Билік басында болудың тарихи мезгілі әрқашанда шектеулі және сондықтан да оның сылбырлықты (жайбасарлықты) көтермейтіндігі белгілі. Алғашында барлықтай дерлік пікірталастар бейбіт аяқталып отырды. Кейіннен, Л.Д.Троцкийден бастап ол үрдіс бұзылды. Теоретик ретінде үлкен беделі бар, Ленинге жақын болып , революция және азамат соғысы жылдары өзінің маңызды (ерекше) ролін көрсете білген Л.Д.Троцкий өз жағына біраз адамдарды тарта алды. Оған қарсы
144 тұрған И.Сталин негізінен өзі басқарған партиялық аппаратқа, кадрлер мәселесін шеше алатындығына және ОК пен Саясибюроның, революциядан кейін қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларындағы нақты басқару жұмыстарында болған мүшелеріне сүйенді. Троцкийді Қазақстанға жер аударып, кейіннен шетелге қуу мәселені шешпеді. Жер аударылғандар да және олардың жақтастары да жеңіліске мойынұсынбай, ерте ме кеш пе қарымтаның (реванштың) болатынына сенді. Мұнан кейінгі ірі саяси тұлғаларды жою әдісі сондықтан да «басынан бақайшығына» дейін («снежного кома») заңдылығымен жүріп - ірі тұлғаның соңынан кішірек оншақтысы, олардың соңынан одан да кішілері, осылай ең төменгі буынға дейін жетіп, қатардағы партия мүшелерін де майқандап кетті. Олай болса басқарушы элитаның ішіндегі бақталастықтың (тақталастықтың) ауқымы кеңейіп, ол өз құрдымына бұл күреске ешқандай қатысы жоқ көптеген адамдарды тарта берді. Репрессияға ұшырағандардың хаттары мен хабарларында бірінші кезекте олардың өздеріне тағылған айыптарды шын мәнінде түсінбейтіндігі, олардың айыптылығына нақты дәлелдердің жоқ екендігі айтылады. Әрине, дәлел жоқ болатын, болуы да мүмкін емес еді. Сондықтан қолдануға өте оңай, сонымен қатар өзінің жүгенсіздігі жөнінен өте қанқұйлы айыптылық презумпциясы таңдалынды. Онда әркім әрқашан айыпты, тек мойындауы керек, мойындаушының жазасы әрине заңды. Міне, осылай. 20-30 жылдар кезеңіндегі репрессиялық шараларға өңірдің өз ішінде және республикадан тысқары аудандарға жер аудару, саяси құқықтарын шектеу, мүліктерін кәмпескелеу және әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айыру мен ең жоғарғы жазаға тарту жатты. Жаппай және кең ауқымды жазалау шараларының басталуына белгі ретінде БК(б)П ОК-нің 1937 жылдың 2 шілдесіндегі шешімі мен осыдан кейінгі, шұғыл түрдегі Ішкі істер Халкомы Н.Ежовтың қолы қойылған №00447 бұйрықты айтуға болады, бұл арқылы 268950 адамды репрессияға ұшыратып, оның 75950-ін ату жазасына кесу көзделінді [304]. Аталған цифрлар тиісінше КСРО аймақтары бойынша «бөлініп», күтілгеніндей, жергілікті жердегілердің «жоспарды қолдауына» («қарсы жоспарларына») ұласты. Осылай Қазақстан К(б)П ОК бюросы 1937 жылдың 19 қарашасында репрессияланатын антикеңестік элементтердің санын ұлғайту жөніндегі шешімін қабылдады.
145 Репрессияланатындар екі категорияға бөлінді. Біріншісіне, билік басындағылардың пікірі бойынша, «барынша дұшпандық» көзқарастағы антикеңестік элементтер жатқызылып, оларға ату жазасы қолданылса, екінші категориядағы осындай элементтер бәлкім қауіпсіздеу деп есептелінгендіктен болар, лагерьлер мен түрмелерде 8-ден 10 жылға дейін, кей жағдайда 25 жылға бас бостандығынан айырылды. ОК бюросының шешімімен республика бойынша бірінші категориядағы «бекітілген жоспар» 2000 адам болып белгіленді, мұның өзі Орталық бұдан бұрын белгілеген 1925 адамдық «нормадан» асып түсті. Тиісінше 275 және 350 адамнан «қосымша резерв» те қарастырылып қойды. ОҚО бойынша бірінші категориядағы 150 адамның саны өзгертілмей, екінші категориядағылардың саны «жоспардағыдан» жүзге кемітіліп – 300 адам болып белгіленді [305]. Соңынан, Республика бойынша репрессияға ұшырағандардың саны бірінші категориядағылар 600 адамға, екіншісіндегілер 1000 адамға асып кетті [86, с.253]. Осы және басқа да берілген барлық мұрағаттық материалдарды қарастыруды социологияда қолданылатын контент - анализ және латентті – құрылымдық анализ әдістерін негізге ала отырып қарастыру маңызды [306]. Саяси айыптаулардың қайталану жиілігінің есебіне негізделген бірінші әдіс, елдегі жалпы саяси – психологиялық жағдайдың іс жүзінде қалыптасқан белгілері мен халықаралық қатынастардың жанама әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Латентті – құрылымдық анализ әдісі бойынша анықталған эмпирикалық белгілер негізінде жасырын латентті себептерді (белгілерді), заңдылықтарды, репрессиялық іс-шаралар қолдану тәжірибесі барысындағы себептік-салдарлық байланыстарды анықтауға болады. Репрессиялық іс - шараларды тікелей қолдану құқы бірқатар сот және соттан тыс органдарына берілді. Осылай КСРО Жоғарғы Сотының Жылжымалы коллегиясы Оңтүстік Қазақстан аймағының ірі-ірі партия және кеңес қызметкерлерінің ісін қарады. Жылжымалы коллегия шешімдеріндегі үкімдердің басым көпшілігінің ең жоғарғы жаза болғандығы, бір жағынан аймақтағы партиялық – кеңестік элитаның бір бөлігін жоюды көздегендігі болса, екінші жағынан қалғандарын қорқытып, Орталыққа қандай бір түрде болмасын оппозицияда болу мүмкіндігін болдырмауға ескерту ретінде болды, яғни биліктің барлық тетіктерін өз қолдарында ұстап отырған БК(б)П
146 ОК-нің сталиндік тобына қарсы шығу әрекеттеріне үзілді-кесілді тиым салынды. Облыстық соттың шешімдерінің мазмұны да осыған ұқсас болып, РКФСР ҚҚ 58 ст. негізінде әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырудан, ату жазасына дейінгі жазалар қолданылды. Облыстық соттың шешімімен сотталғандардың құрамы әлеуметтік статусы бойынша әр тақылеттес болып, түрлі деңгейдегі партиялық-шаруашылық қызметкерлерін, қатардағы партия мүшелерін және жәй азаматтарды да қамтыды. Соттан тыс орган ретіндегі «үштіктер» құрамына партияның облыстық комитетінің бірінші хатшысы, облыс прокуроры және НКВД облыстық басқармасының бастығы кірді. «Үштіктердің» сот тыс үкім шығарудағы және халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарының істерін қараудағы шексіз өкілеттіліктері, өз кезегінде оралдың мүшелерінің жеке қауіпсіздігіне кепіл бола алған жоқ. Осылай КСРО Жоғарғы Сотының Жылжымалы коллегиясының үкімімен ОҚ Қ(б)П О К бірінші хатшылары Ә.Ы.Досов пен Б.Манкин, Қызылорда Қ(б)П ОК бірінші хатшысы Қ.А.Әміровтар репрессияға ұшырап кетті [96, 70-б.]. Зерттеліп отырған кезеңдегі ІІХК-ның облыстық басқармасыныңы бастығы С.Д.Пинталь, бәлкім «үштіктің» төрағасы да шығар репрессияға ұшырап, басқа бір соттан тыс орган КСРО ІІХК – ның ерекше кеңесінің 1937 жылғы желтолқсандағы үкімімен ату жазасына кесілді [59, б.4]. Жалпы алғанда республика бойынша «үштіктің» 24 мүшесінің 15-і репрессияға ұшырады. Соның өзінде аз уақыт ғана жұмыс істей отырып «үштіктер» репрессиялық үкімдердің басым көпшілігін шығарып үлгерген еді. Республика партия басшылығының орталық органдардың шешімдерін орындауға, тіпті «асыра орындауға» дайын болуы, бір қарағанда, ҚК(б)П ОК бюро мүшелерінің және тиісінше облыстық деңгейдегі басшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет те сияқты. Бірақ қуғын-сүргін технологиясы «екі жағы да өткір» «обоюдоострый») болып келген еді. Қайсібір адамды соттаудың нақты бір фактілері анықтаулардың негізділігіне немесе негізсіз екендігіне қарамай орындаушының өзін заңсыз әрекеттері үшін қарсы анықтауға алып келді, мәселен, «партиядан коммунистерді басы- көзіне қарамай жаппай қуғандығы үшін». Жағдайдың парадокстылығы соншалық, кез-келген айыптаушы заңсыз әрекет жасаушы ретінде, дәл осындай заңсыз түрдегі айыптауға ұшырап отырды. Қоғамдағы қалыптасқан жаппай күдіктенушілік
147 атмосферасында (жағдайында) орталықтағы аз ғана басшылар тобын есептемегенде, ешкім де өзін қауіпсіздіктемін деп есептей алған жоқ. Ол үшін кез-келген жеке адамның қызметін тексеру туралы ұсыныс түсіру жеткілікті болатын, содан кейін-ақ не дәлелденілмейтін, немесе дәлелдеуді керек те етпейтін айыптау сумаң ете қалатын – мәселен, «халық жауымен байланысты», - деген. Заңдық нормалардың барынша босаңсып, саяси негізде, жеке адамға қарсы жасалынған қылмысқа, адамгершілік – этикалық тұрғыдағы тосқауылдың алынып тасталуы,республиканың партия және кеңес басшыларын қиын-қыстау жағдайда қалдырды. Едәуір жеткілікті дәрежедегі билікке ие бола тұра, олар Орталықтың партиялық баспасөз арқылы жасаған тегеуіріні мен КСРО ІІХК-сының орталық аппаратының қысымына төтеп бере алмады. Республикадағы «бастаушылық және жол көрсетушілік» ролін формальді түрде (ілдебайлап) сақтай алғанымен, Қазөлкеком және кейіннен ҚК(б)П ОК халыққа идеологиялық жұмыс жүргізу құралы ғана болып қалды, олардың республика территориясында ІІХК органдарының қызметін тексеруге шамасы келген жоқ, сондықтан тек БК(б)П ОК келген директиваларды орындаумен ғана шұғылданды. Республикадағы жазалаушы органдардың іс-жүзіндегі еркіндігі оларға Н.Ежовтың бағытын республика басшылығына еш алаңдамай-ақ жүргізуге мүмкіндік берді. Мұндай жағдайда Қазақстандағы жоғарғы партия және кеңес басшыларының саяси және жеке тағдырының тәлкекке ұшырайтындығы анық еді. Соның бір мысалын, 1933 жылдың қаңтарынан 1938 жылдың мамырына дейін БК(б)П-ҚК(б)П ОК Қазақөлекомының бірінші хатшысы болған Л.И.Мирзоянның өмірбаянынан (қызметінен) көруге болады. 36 жасында ірі партия ұйымының (1933 жылы өлкелік партия ұйымының есебінде 1001486 коммунист болды) [17, 42-б.] жетекшісі болған Л.Мирзоян БК(б)П ОК бағытын жүргізуші, орталықтың адамы болғандығына қарамай, республиканың саяси элитасымен де қоян - қолтық араласып,өз жақтастарын таба білді және көпшілігімен тіл табыса алды. Ұлттық кадрларды жүйелі түрде ылғи да саяси қудалауға алып тазалап отыру, әсіресе, 1937-1938- жылдардағы оның ең белсенді және кемел бөлігін репрессиялау саясаты саяси элитаның азып – тозуына алып келген еді [36, 24-б.]. Міне, осындай құйындатып келген саяси репрессиялардың күйіп тұрған жылдары ол шама-шарқынша бұл зұлматты бәсеңдетуге