Павлодар облысының білім беру басқармасы,
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің
«Павлодар қаласының №8 сәбилер бақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Мектеп жасына дейінгі балалардың ерекше білім
алуын психологиялық әдістер арқылы
қамтамасыз ету
Павлодар,2020
1
Автор:
Психолог
Павлодар қ. № 8 сәбилербақшасы___________ аты-жөні: Муканова
Шолпан
Токтаровна
Қолы
Рецензенттер:
Павлодар педагогикалық университеті,
п. ғ.к профессор Б. А Нұрмағамбетова
Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің мектепке дейінгі
жеке пәндер әдістемесінің оқытушысы Е. Т Болатбаева
2
3
4
5
А.Т.Ә.:Муканова Шолпан Токтаровна
Туған жылы:15.05.1978ж
Білімі:Жоғары
Оқу орнының атауы:Павлодар мемлекеттік педагогикалық
институты (2004-2007 жж)
Санаты:Бірінші
Жұмыс орны:№8 сәбилер бақшасы
Лауазымы:Педагог - психолог
Жалпы өтілі:10 жыл
Педагогикалық еңбек өтілі:10 жыл
Лауазымы бойынша еңбек өтілі:7 жыл
Марапаттары:Білім беру бөлімінің алғыс хаты 2017ж, 2020ж
6
АҢДАТПА
Қазіргі кезде психология ғылымы ілгері дамып отырған өрісі кең
ғылыми пән, әр жас кезеңіне қарай жантану жағдайындағы бірден бір
жетекші ғылым болғандықтан, оның қарастыратын мәселелері де қашанда
маңызды.Бұл бағдарламаға«Арнайы және инклюзивті білім беру
мекемелерінде педагог-психологтың жұмыстарының психологиялық әдіс-
тәсілдерін жүзеге асыру жолдары» тақырыбындағы өз іс тәжірибемнен
қолданылған материалдар енгізілген. Инклюзивті білім берудің
ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылған,түзете-дамытуға арналған
жұмыстар мен ұйымдастырылған оқу қызметінің перспективті
жоспарымен конспектісі, жаттығу-ойындар мен әдістемелер, педагог-
психологтың іс-тәжірибесі жинақталған жинақ, өзара тәжірибе алмасу
мақсатында дайындалды. Бағдарлама мектепке дейінгі мекеме
педагогтарына және педагог-психологтарға арналған.
7
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.............................................................................................................1
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.................................................................................................3
1.ӘДІСТЕМЕЛЕР..............................................................................................19
2. ПЕРСПЕКТИВТІК ЖОСПАР......................................................................29
3. САБАҚ КОНСПЕКТІЛЕРІ ………………………………………….........31
4. ОЙЫНДАР ………………………………………………...........................50
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................74
ДИАГРАММА...................................................................................................75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................76
ҚОСЫМША......................................................................................................77
8
КІРІСПЕ
Инклюзивті білім беру Білім беру ұйымында «ерекше» балаларды
біріктіру – арнайы білім беру жүйесін дамытудың заңды кезеңі. Ол қоғам
мен мемлекеттің экономикалық, мәдени, құқықтық дамудың белгілі
деңгейіне қол жеткізген әлеуметтік тапсырыс ретінде белгілеуге болатын
әртүрлі сипаттағы себептерге байланысты туындады. Бұл кезең ерекше
балаларға деген көзқарасты қайта қарастырудан, олардың тек тең
құқықтығын ғана емес, сонымен қатар осындай адамдарды өмірдің әртүрлі
салаларында, соның ішінде білім беру саласында тең мүмкіндіктермен
қамтамасыз ету міндеттерін түсінуіне байланысты. Мүмкіндігі шектеулі
балалардың мәселелерін шешу – инклюзивті оқытуға арналған бағдарлама.
Инклюзивті білім беру – әртүрлі мұқтаждықтарға бейімделу тұрғысынан
барлығы үшін қолжетімділікті болжайтын жалпы білім беру саласын
дамыту үдерісі, бұл сұраныстары ерекше балалардың оқуға
қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Ол барлық балалардың балабақшаның, мектептің, институттың, мектепке
дейінгі және мектеп өміріне толық араласуына мүмкіндік береді.
Қолжетімді топ құру мен бірлесе оқу («енгізілген» немесе «инклюзивті»
білім беру) мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуіне,
9
олардың дербестігі мен тәуелсіздігіне ықпал етеді және қоғамдық пікірді
өзгертеді, қоғамның толыққанды азаматы ретінде оларға деген қарым-
қатынасты қалыптастырады. Білім берудің осындай тәсілінде баланы білім
беру ортасына емес, керісінше білім беру ортасын балаға бейімдеуге баса
назар аударылады. Оқу үдерісі барынша ыңғайлы болуы үшін барлық
жағдай жасалады.Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың
жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-
қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық
жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық
дамыту мүмкіндігіне ие болу.Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу
құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы»,
«Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және
медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан
Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы
әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында,
Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті
білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға
мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене
қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының
Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13
желтоқсанында енгізілді.
Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу білім беру
жүйесінің бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Бұл орайда Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасы іске
асырылуда. Мұнда білім саласы мамандарына арналған міндеттер
барысында ақыл-ойы қалыпты дамитын балалармен қатар дамуында
ауытқуы бар балалардың да білім алуына барлық жағдайды жасау керектігі
айтылған. Қазақстан Республикасында әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін
Мемлекет тарапынан көптеген шаралар енгізіліп жатыр. Бүгінгі күні білім
саласында өз шешімін таппай отырған мәселелер баршылық. Инклюзивті
білім беруді дамыту бағыттары 2011-2020, 2016-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік дамыту бағдарламасында шешімін тапты. Қоғамдағы
дамуында ауытқуы бар тұлғалардың жағдайы, олар бастан өткеруге
мәжбүр қиындықтар туралы пікірталастар жиі кездеседі. Алайда дамуында
ауытқуы бар ересек тұлғалардың өз құқықтарын іске асыруына
байланысты мүгедектік проблемалары жиі іске алынып жатады, ал
дамуында ауытқуы бар балалардың жағдайына тиісті көңіл бөлінбейді. Бұл
дамуында ауытқуы бар балаларды психологиялық бейімдеу және қоғамға
кіріктіру мәселелерінен бастап, олардың тұлға ретінде қажетсіздігіне
дейінгі саладағы проблемалар санының көптігіне қарамастан орын алуда.
Бұл баланың адамзаттық ар-ожданын кемсітетін, оның дамуға және тіпті
өмір сүруге құқығын іске асыруына кедергі келтіретін әр түрлі кемсітуші
10
көріністер болып табылады. Инклюзивті оқыту–барлық балалардың
мұқтаждықтарын ескеретін, аса қажеттіліктері бар балалардың білім алуын
қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы.Сонымен қатар,
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2002 жылдың 11–шілдеде «Мүмкіндігі
шектеулі балалардың құқықтары мен оларды әлеуметтік
қамтамасыздандыру туралы» заңы қабылданды. Бұл заңда:«Барлық
мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың ерекше түрін
ескере отырып,оларды арнайы мекемелерге орналастыру»,оларға
жағдайжасау.Психологиялық–медициналық–педагогикалық
консультациялар арқылы балаларды үйде оқыту мен тәрбиелеуді қолға алу.
«Әрбірмүмкіндігі шектеулі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңы
бойынша білім алуға құқы бар»делінген.
Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді:
инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде
мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және
әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына
қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын
белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік
мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы
сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті
оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін оқу
орындарында оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті
оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа
шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету,
сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай
қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке
жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.
11
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында,
мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік
береді.Инклюзивті оқыту - балалардың тең құқығын анықтайды және
ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.Инклюзивті оқыту -
адамдармен қарым - қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға
мүмкіндікбереді.
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
1.Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен
жетістіктеріменанықталады.
2.Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3.Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы.
4.Барлық адам бір - біріне қажет.
5.Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6.Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет
етеді.
7.Әрбір бала үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай
алатын әрекетінжүзеге асыру.
8.Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін,
ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін
жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу
үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің
жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен
сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше
қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті
оқытуды ашқан мекемелерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім
12
алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір - бірімен қарым - қатынас
жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.
Енгізілетін білім беру келесі ұстанымдарға сүйенеді: Адамның құндылығы
оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты емес. Әркім сезінуге және
ойлауға қабілетті. Кез келген адам араласуға және өзін тыңдатуға құқылы.
Барлық адамдар бір-біріне мұқтаж. Тек шынайы қарым-қатынастар
мәнмәтінінде нағыз білім беруге болады. Балалар құрдастарының қолдауы
мен достығына мұқтаж. Барлық балалар үшін ілгерілеушілік олардың нені
істей алмайтындығына емес, керісінше нені істей алатындығына
байланысты. Жан-жақтылық адам өмірінің барлық жақтарын күшейтеді.
Инклюзивті білім беру тәжірибесі қиындықтар мен бірқатар мәселелерді
айқындады, олар баланың, оның жанұясы мен оның айналасындағылардың
мәселелеріне қатысты, оларды шешу үшін әртүрлі аспектілерді ескеру
керек.Бала дамуының жеке траекториясы (мектепке дейінгі балалық шақ
кезеңі) Баланың даму тарихының ерекшеліктері: тұқым қуалайтын
аурулар; алғашқы кемістіктің ауырлық деңгейі; қосымша
ауытқушылықтардың болуы; қосалқы диагноздар; ауырлатушы факторлар
(күйзелісті жағдайлар). Мүгедек баланы тәрбиелеуші отбасының
ерекшеліктері: әлеуметтік мәртебесі; қарым-қатынас стилі; туғандарының
баланың қиындықтарына көзқарасы және дамуындағы ауытқушылықтар
фактісін қабылдауы; дамуындағы ауытқушылықтарды ерте анықтау және
отбасыны психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу. Мұндай балалар
тұлғаға, оның тұлғалық ерекшеліктеріне бағытталған ерекше тіл табысуды
талап етеді. Олардың денсаулығына қатысты қиындықтарға қарамастан
оларға жақсы білім беріп, заманауи қоғамда дені сау адамдармен тең
дәрежеде өмір сүру мен жұмыс істеуге баулу қажет. Оқу бағдарламасын
құру ұстанымдары: барлығына жарамды; бала мүмкіндіктерінің ауқымды
ортасына бейімделген; оқытудың жеке ерекшеліктерін қабылдағаны мен
құрметтейтіндігін жеткізу тәсілі; бағдарламаның барлық құрамдас
бөліктері мен топтағы қалыпты жағдайға жарамдылығы; оқу үдерісіне
тартылған қызметкерлердің ерекше назары мен қамқорлығы; баланың
жетістігін арттыру. Жалпы білім беретін мекемелерде мүмкіндігі шектеулі
балаларға жайлы жағдай жасау үшін ұжымдағы психологиялық жағдай
мен құрдастар мен ересектердің игілікті қарым-қатынасы маңызды болып
табылады. Тең құқықтық ұстанымы мен білім алу мүмкіндіктері енгізудің
әдіснамалық базасы болып табылады. Бұл ретте біріктіру екі формада
жүзеге асырылады: әлеуметтік мүмкіндігі шектеулі баланың әлеуметтік
қарым-қатынастар мен әрекеттестіктің ортақ жүйесіне бейімделуін
болжайды, ең алдымен ол ықпалдастырылатын білім беру ортасының
аясында. педагогикалық (оқыту) – балалардың жалпы білім беретін
бағдарламамен анықталатын оқу материалын меңгеру қабілеттіліктерін
13
қалыптастыру.Барлығы күні бойы білім алуға тең мүмкіндіктер жасалған.
Барлық балалар үшін маңызды әлеуметтік байланыс орнату және оларды
дамыту үшін тең мүмкіндіктер берілуі тиіс. Тиімді оқытуды жоспарлау
және өткізу. Педагогтер мен мамандар енгізу үдерісін, яғни құрдастар
арасындағы әлеуметтік ықпалдастықты жеңілдететін стратегиялар мен
рәсімдерге машықтанды. Бағдарлама әр баланың сұранысын ескереді.
Инклюзивке кедергі келтіруші факторлар заңнамалық базадағы, сонымен
қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қолдау жүйесіндегі
кемшіліктер; мемлекеттік білім беру бағдарламаларының жоқтығы; әлсіз
қаржыландыру; білім беру ұйымын қажетті материалдық-техникалық
қамтудың жеткіліксіздігі (балалардың церебральді сал ауруына шалдыққан
балаларға бейімделген оқу үстелдері, нашар көретін балаларға арналған ірі
қаріппен жазылған оқулықтар және т. с. с.); білікті мамандардың
жетіспеушілігі: түзету педагогтерінің (педагог-дефектологтардың), арнайы
психологтардың, тәрбиешілер мен әлеуметтік педагогтердің. Нәтижесі
жалпы білім беру үдерісінің барлық шараларына мәнді, белсене және
тұрақты қатысу мүмкіндігі. Бейімделу мәжбүрлі емес және
таптаурындардың қалыптасуына ықпал етпейді. Іс-шаралар баланы
енгізуге бағытталған, бірақ ол үшін барынша күрделі. Жеке көмек баланы
алыстатпайды және оқшауламайды. Орта және арнайы оқыту педагогтері
сабақты жоспарлау мен өткізуде міндеттері бөледі. Тиімділікті бағалау
рәсімдері бар. Инклюзивті білім беру кемсітушілікті жоюға септігін
тигізеді және сұраныстары ерекше балаларға жалпы қоғамдастықтар мен
қоғамның тең құқылы мүшесі болу құқығын қолдайды.
Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi,
яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып
келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ)
балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға
үлгермеушiлiгi ерте жастан анық байқалады. Ата-аналары көмекші не
арнайы мектептер мен мектеп-интернаттарға, психологиялық-
педагогикалық түзеу кабинеттері мен коррекциялық-түзету топтарына
кемтар балаларын бергісі келмеген жағдайда жалпы білім алатын
мекемелерде ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен
оқытуына толық құқылары бар. Жалпы білім беретін оқыту мекемелер мен
бала бақшалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни,
баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды
тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн. Инклюзивті
оқытуға жалпы оқыту мекемелерде арнайы психологы, әлеуметтік
педагог,логопед мамандары жұмыс жасайды.
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім
беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті
оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа
14
шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету,
сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай
қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткеніндей, қатаң білім
беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан
жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды.
Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп,
жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту –
барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және
мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді; балалардың тең
құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді;
адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға
мүмкіндікбереді.
Тақырыптың өзектілігі.Қазіргі кезеңде арнайы беру саласындағы әлемдік
білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар
жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.Сондықтан
балалардың дербестігін және танымдық қабілеттерін дамытып,өмірдің
жаңа жағдайларында пайдалана білуге үйретудің қажеттілігі туындайды.
Соңғы жылдары психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық
қабілеттерін дамыту–түзету(коррекциялық)жұмыстарының,сондай–ақ
арнайы мамандарды дайындаудың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар тобын, соңғы көрсеткіш
бойынша 35%жуығын нервтік–психикалық сферасы зақымданған мектепке
дейінгі балалар құрайды. Психикалық дамуы тежелген балалар
категориясын 50-шы жылдардың аяғынан бастап, зерттеу кеңінен қолға
алына бастады. Проблеманы зерттеумен айналысқан
ғалымдар:М.С.Певзнер, Т.А.Власова, К.С.Лебединская, В.В.Ковалев,
П.Е.Сухарева, В.И.Лубовский т.б.бала дамуы ерекшеліктеріне қарай өз
пікірлерін ұсынды. Қазақстан Республикасының «Білім беру заңының» 20–
шы бабында мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім беру мәселелері
қарастырылған, яғниарнаулы білім беру бағдарламаларын арнаулы білім
беру ұйымдары жүзеге асырады.Дамуында әртүрлі ауытқулары бар
балаларды емдеуге және психологиялықпедагогикалық тұрғыда түзетуге,
оған диагноз қоюда арнайыұйымдар,балабақшалар,психологиялық–
медициналық–педагогикалық консультациялық ұйымдар құрылады.Ұзақ
емдеуді қажет ететін балалар үшін, сондай–ақ білім беру ұйымдарында
оқытуда кедергісі бар мүмкіншіліктері шектеулі балаларды арнаулы түзету
мекемелері ұйымдастырады.Балалар мен жасөспірімдердер бұл ұйымдарға
ата–аналарының, психологиялық–медициналық–педагогикалық
консультациялар негізінде жіберіледі. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға
білім беруді ұйымдастыру мақсатында, типтік арнайы білім бағдарламасы
жасалды. Онда балалардың мұқтаждықтары ескеріліп, білім алуларын
қамтамасыз ететін жалпы білім үрдістері қарастырылған. Инклюзивті
15
оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту
мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Қазіргі таңда барлық
әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке
сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім
беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.
Зерттеу мақсаты психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық
қабілеттерін анықтауда оқу тапсырмаларын әр түрлі тәсілдермен
диагностикалау арқылы зерттеу жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеп,
оны тәжірибеге енгізудің тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну. Зерттеу нысаны
психикалық дамуы тежелген балалар тұлғасы. Зерттеу пәні психикалық
дамуы тежелген балалардың танымдық қабілеттерін анықтаудың жолдары.
Зерттеу болжамы егер, психикалық дамуы тежелген балаларды алдын ала
диагностикалық тексеру шаралары ұйымдастырылса, психикалық дамуы
тежелген балалардың танымдық қабілеттерін анықтаудың мүмкіндіктері
артады.
Зерттеу міндеттері:
1.Психикалық дамуы тежелген балаларды қоршаған ортамен
байланыстыру;
2.Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшеліктерін ескеріп, білім
беру;
3.Қажетті материалдарды іріктеп алу;
Әдіснамалық және теориялық негіздерін педагогика,психология және
арнайы педагогика ғылымдарының негізін салушыларМ.С.Певзнер,
Т.А.Власова,А.Н.Леонтьев,К.С.Лебединская,Ю.Г.Демьянова,
Э.Геккель,Л.С.Выготский мен В.Г.Ананьевтің зерттеулері құрайды.
Зерттеу жұмысының әдістері:
-Психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қабілеттеріндегі
кемшіліктерді теориялық тұрғыдан зерттеу;
-Психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қабілеттерін
диагностикалау, түзету жұмыстары кезіндегі әдістемелерді жүйелеу ;
Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін
мекемелерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген
абзал. Атап айтқанда: жалпы оқыту мекемелерге арналған типтік оқу
бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне
сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі
шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып
әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.
Инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:
· Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
· Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және
оқуға деген мұқтаждықтары болады.
16
· Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды
қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.
Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі 8 принципі туындайды.
Яғни ол мына принциптер:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен
жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет
етеді.
7.Әрбір бала үшін жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне қарай орындай
алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Психикалық дамудың тежелген кешенді зерттеумен оқыту дефектология
ғылымына 60–жылдардың ХХ ғасырдан бастап өз бастауын алды. Осыдан
бері өз қызметін атқарып келеді. Балалардың ақыл–ой дамуындағы жеңіл
ауытқулары «Психикалық дамудың кешеуілдеуі» деп аталатын терминмен
сипатталады. Бұл кемшіліктің негізгі себебі:бала миының әлсіз түрдегі,
яғни органикалық зақымдауымен, сондай–ақ іштен туа пайда болған,
туылу кезіндегі зақымданулар жатады. Сонымен бірге дамудың
кешеуілдеуі жоғарғы жүйке жүйесінің ауруларымен, созылмалы және
соматикалық жағдайлармен, бас миының жарақаттануымен, эндрокриндік
жүйенің бұзылуымен байланысады. Психикалық дамудың кешеуілдеуінің
негізгі ерекшелігі–баланың психикалық әрекетінің қалыптасуының
бірқалыпты болмауы. Инфантильді балалар өзінің құрдастарынан жас,
олардың ойлары да тұрақсыз болады. Оларды ми қабілеті де тәулік бойына
өзгереді.Бұл балаларға тән ерекшелік зейіні мен жұмыс қабілетінің ең
төменгі деңгейде болуға тиіс. Кейбір балаларда іс—әрекеттің басында
зейіндері жоғары болады да, ал кейін төмендей бастайды. Ұзақ мерзімді
есте сақтауы мен қысқа мерзімді еске сақтауының төмендеуі, есте
сақтауының беріктілігінің жетіспеуі, сондай – ақ интеллектуальдық
белсенділігінің төмендеуі–осы категориялардағы балаларға тән
ерекшеліктер. Ойлау әрекетіне келсек, көрнекі амалды ойлаудың кемістігі
аз мөлшерде көрініс береді. Көбінесе нақтылы–бейнелі ойлауы бұзылады,
яғни бейнелі образдық ойлауы жеткіліксіз болады. Қарапайым есептер
көрнекі материалдарға бағытталса, бірақ баланың өмірлік тәжірибесіне
қатыссыз болса, оларға қиындық туғызады. Балалардың танымдық
белсенділіктері жеткіліксіз. Ол баланың тез шаршауымен, тежелуімен
сипатталады. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың белсенді
жағдайдан баяулыққа, жұмыскерлік көңіл–күйден, жұмыссыздыққа жиі
17
өту процестері жүйкелік–психикалық жағдайлармен байланысты. Балалар
қандай да бір тапсырманы орындауда үлкендердің көмегін қажет етеді.
Ересектердің көмегін қажетсіну, іс—әрекеттің нәтижесін меңгеру, оны
ұқсас әрекеттерге тасымалдау және психикалық дамуы тежелуі бар
балаларды ақыл–есі кем балалардан ажыратуға болады.Балаларда іс—
әрекеттің тұрақсыздығы қимыл–координациясының жеткіліксіздігі мен
режимге бағына алмаушылығы болса да, мұндай балалардың басым
көпшілігі дене шынықтыру пәні мен спорт ойындарын жақсы көреді.
Олардың психикалық дамуындағы жоғарғымүмкіншіліктердіңбар
екендігін түзету жұмыстарын ұйымдастыру барысында ескерген жөн.
Психикалық дамуыдың тежелуіне байланысты өз пікірлерін ұсынушы
М.С.Певзнер, Т.А.Власова баланың эмоционалдық ерік сфераларының
қалыптасуына көп көңіл берумен бірге, нейродинамикалық бұзылулардың
жеке сипаттамасына да ерекше назар аударды. Соған сәйкес психикалық
дамуы кешеуілдеген балалардың сипаттамаларының негізін анықтап, яғни
ол психикалық және психофизикалық инфантилизм түріндегі анықталатын
және ерте балалық шақтағы орталық нерв жүйесінің зақымдануынан, оның
организмінің астениялық, церебрастениялық жағдайларға ұшырайтынын
анықтаған.
Қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі–ол оқу процесіндегі балалардың
дамуындағы ауытқушылықтарды дефференциалды зерттеудің маңызы
болып отыр. Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен
тәрбиелеуде, олардың потенциалдық мүмкіндіктерін тиімді ескере отырып,
бала бойындағы кемшіліктерді толықтай компенсациялауға және түзетуге
болады. Психикалық дамуында ауытқушылығы бар балалардың танымдық
қабілеттерін тексеруге, ең алдымен олардың эмоциясына назар аударған
жөн. Бұл балалардың эмоциясы көбінесе өзгеріске ұшырап отырады. Бұл
балалардың қалыпты балалардан ерекшелігін айтар болсақ, яғни олардың
әлеуметтік ортаға бейімделуімен, мінез–құлықтарымен және іс—
әрекеттерімен ерекшеленеді. Педагогтар мен дефектологтардың пікірінше,
біздің елімізде мұндай балалармен жұмыс жүргізетін жаңа, нәтижелі
бағдарламалар мен әдістемелер жоқтың қасы. Демек, мүмкіндігі шектеулі
балалар отбасының әлеуметтік-педагогикалық проблемаларын зерттеп білу
және оларды шешуге әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық төл
мамандарды тарту–бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе. Балалар
бірінші кезекте қамқорлық пен көмекке ие болуы тиіс. Жас ерекшеліктерін
ескере отырып, шешім қабылдай алуға, өзін—өзі қамтамасыз етуге,
еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге
бейімдеу қажет. Бұндай балалардың тәрбиесі өзара жақсы, түсіністікті
қажет етеді және оларды оптимистік рухта, өз—өзіне сенімді тәрбиелеудің
мәні зор. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар тұлғасын зерттеу
мәселесі қазіргі әлеуметтік жағдайда маңызды орын алады. Бала үнемі
18
жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет. Сонда бала
жағымды «мен» бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі туады.
Балалардағы әр түрлі жағымсыз мінез–құлықтарға орталық жүйке
жүйесінің ықпалы зор екен.А.Д.Савченко өзінің еңбектерінде,жағымсыз
қылықтар өзінен-өзі туындамайды,олар арам ниеттің нәтижесі,ал оның
тамыры дұрыс құрылмаған тәрбиеде екенін атап көрсетті.Жағымсыз
қылықтар,соған сәйкес мінез-құлықтарының
еркелік,қиқарлық,эмоционалды тұрақсыздық түріндегі қылықтары басым
балаларды түбегейлі оқып тануға Е.Д.Белова өз еңбегінде көрсетті. Оның
зерттеу жұмысының мақсаты–балалардың аффективті мінез–құлқына
толыққанды талдау жасай отырып, жағымсыз мінез–құлықтарды жою
жолдарын көрсету. Зерттеу барысында жинаған материалдары авторы
мынадай қорытындыға әкелді. Мысалы:талап қоюдың жүйелілігі мен
дәйектілігінің қалыс қалуы, ата-ана тарапынан бақылаудың болмауы,
шамадан тыс еркелету. Л.Ф.Островская өз зерттеулерінде балалардың жас
ерекшелік және психофизикалық ерекшеліктеріне, оларды дұрыс
тәрбиелеуге байланысты деп тұжырымдайды.Психикалық даму
кешеуілдеген балалар мінез–құлқы мен тұлғасын зерттей отыра, олардың
құрылымындағы сақталған компаненттерді ашуға мүмкіндік туады.
Осыған сүйене отырып, әлеуметтік маңызы бар қасиеттерінің
қалыптасуымен оның даму деңгейі және мінез–құлқының тұрақтылығы
үшін керекті жұмыстарды, сонымен қатар, тәрбиесі қиын балалар мен
ақыл–ойы кем оқушылардың ақаулы мінез–құлқын түзету–тәрбиелеу
шараларын ұйымдастыруға болады. Көптеген ғалым–дефектологтардың,
яғни Л.С.Выготский (1931-35), И.М.Соловьев (1935), Л.В.Занков (1939),
В.И.Лубовский (1956), Л.В.Викулова (1965), Н.Г.Морозова (1965),
В.И.Пинский (1962,1981). Н.Л.Коломинский (1970), Ж.И.Намазбаеваның
(1986) және тағы басқалардың эксперименттік зерттеулерінде психикалық
дамуы тежелген балалардың тұлғасын даму ерекшеліктерінің кейбір
жақтары қамтылған. Бұл берілген мәселенің күрделілігі және жан–
жақтылығы оның толық жетілмегендігінің және қазіргі таңда оның
маңыздылығын ескеріп өтеді. Эмоциялық-ерік жағы мен мінез-құлық
бұзылыстары ерік-жігердің әлсіздігінен, эмоциялық тұрақсыздықтан,
шамшылдықтан, импульсивтіліктен немесе керісінше, сылбырлықтан,
селқостықтан көрінеді. Психикалық дамуы тежелген балалар әркелкі топты
құрайды, өйткені олардың даму қалықтығының себептері мен дәрежесі
әртүрлі болады. Осыған байланысты психикалық дамуы кешеуілдеген
балалармен психологиялық-педагогикалық сынаптама құру қиындық
туғызады. Осы санаттағы балаларға ортақ кемшілік зейіннің төмендігі,
гипербелсенділік, жадтың төмендеуі, ойлау қызметінің баяу
қарқынымінез-құлықты реттеудің қиындығы болып табылады.Алайда осы
балалардың қызметінынталандыру, оларға уақытында көмек көрсету,
19
олардың таяудағы даму аймағын айқындауға мүмкіндік береді, оның өзі
сол жастағы ақыл-ойы қалық балалардың әлеуеттік мүмкіндіктерін
бірнеше есе арттырады. Зерттеулердің нәтижесі бойынша: бұл топқа
жататын балаларда ерік эмоцияларында тұрақсыздық, қабылдау, ойлау
қабілеттерінің төмен екендігі анықталды. Көп жағдайда, бұл типке
жататын балаларымен жылы шырай таныту арқылы қарым–қатынасты
орната алады. Бұл топтағы балалар физикалық жағынан қалыс қалған,
психомоторлық қабілеттері, қимылдық іс—әрекеттерінің бұзылуы,
сондай–ақ кеңістікті бағдарлауының бұзылулары байқалады.Түзету–
педагогикалық жұмыстарды бұл типтегі балаларға міндетті түрде,
психологиялық көмек ретінде көрсетілуі тиіс. Балалармен қарым–қатынас
жасау кезінде, олармен тренингтер, өз-өзін бағалау, бақылау мақсатында
әдістемелер өткізіледі. Түзету жұмыстарын жүргізуде, балалардың даму
деңгейлерін және олардың ерекшеліктерін жан–жақты бақылап, ескеріп
отыру қажет. Танымдық қабілеттерінің бұзылысы барысында–қабылдау
мен ойлау процестеріне ерекше мән беріледі. Мектепке дейінгі жастағы
балаларда сөйлеу тілінің артта қалушылығы басым келеді.Жалпы
сөйлеудің бұзылысы кезіндегі психикалық дамудың кешеуілдеуі.
Сөйлеудің бұзылуы көбінесе ойлау әрекеттеріне кері әсер береді.
Ойлаудың бұзылуы–ауыр жағдай кезінде де, мектепке дейінгі жағдайына
да кері әсер етеді. Есту қабілетінің бұзылуының ауыр жағдайындағы
психикалық дамудың кешеуілдеуі. Есту қабілетінің бұзылысы–көбінесе
сөйлеу тілі қабілетінің бұзылысымен тығыз байланысты.Баланың
танымдық қабілеттері және эмоционалдық–ерік сфералары, көп жағдайда
қиындықпен, дағдыларымен байланыса алады. Осының нәтижесінде
Ю.Г.Демьянованың негізгі топтастыруы бойынша, психикалық дамуы
кешеуілдеген балалардың дизонтогенездік түрлерін анықтауға мүмкіндік
береді. Психикалық дамудың тежелуінің алуан түрлі симптомдары
кездеседі, сондай–ақ психикалық функциялардың темпераменнтерінің тез
пайда болуына мүмкіндік бере отырып, үшінші кемшіліктің пайда болуына
негіз болады. Психикалық кемшіліктердің алдын алу үшін ерте жастан
клиникалық, психологиялық–педагогикалық диагностикалау жұмыстарын
жүргізудің маңызы артып отыр. Психикалық дамудың тежелуінің негізгі
заңдары деп–адамның бір жастан екінші жасқа өтуіндегі психологиясымен
қылығындағы болатын өзгерістерді, яғни осы өзгерістердің себептерін,
белгілерін сипаттайтын өзгерістердің жиынтығын айтамыз. Психика
дегеніміз–адамның рухани күй және ішкі сезіміне, миға тән қасиет.
Адамның психикасы, оның қимыл әрекетін реттейтін, қоғамдық қатынасқа
бейімдейтін, жаңаша бір құрылымның негізін құрады. Осыдан адам
психикасының дамуының жеке бір тұлғалық, әлеуметтілік заңдылықтары
қалыптасады. Психикалық дамуы тежелген балаларда, сөйлеу тілі
қызметінің бұзылуы жиі кездеседі. Психикалық дамуы кешеуілдеген
20
балалардың танымдық қабілеттерін анықтаудағы жұмыстардың бағыттары.
Оқу–тәрбие процесінде педагог баланың көңіл-күйіне, денсаулығына үнемі
зейін қойып отыру керек. Себебі, бала зейінінің, ой—өрісінің өсуі
тәрбиешілер үшін тіпті ата–аналар үшін де аса қажетті объект болып
табылады. Психикалық дамуы кешеуілдеген балаларды ойын-
жаттығулар,шығармашылықта толықтай төмен болуына байланысты,
клиникалық, педагогикалық–психологиялық зерттеу жұмыстарын
жүргізудің маңызы өте зор.Психикалық дамудың кешеуілдеуі айқын
аңғарылған балалар осы санаттағы балаларға арналған арнайы топтарда
немесе балабақшада, сондай-ақ интеллекті жетіспейтін балаларға арналған
балабақшада арнайы оқи алады.Аталған ұйымдастыру нысандарының
әрқайысында балаларды оқыту жекелеген функциялардың(сөйлеу,
моторика, кеңістікте көріп-түсіну және басқалар)және тұтас тұлғаның даму
кемістіктерін жою мақсатында оларға жеке тұрғыдан қарау жүзеге
асырылады. Мұның сыртында жергілікті жағдайларға сәйкес
таңдалынатын әртүрлі бейіндер бойынша еңбекке даярлау, әлеуметтік-
тұрмыстық бағдарлау, оқуды меңгерудегі қиындықтарды жою және даму
кемістіктерін жою жөніндегі жекеше дара жұмыс қамтылады. Арнайы
түзету сабақтарын жоғары дефектологиялық білімі бар педагогтар логопед,
педагог-психолог жүргізуге тиіс. Психикалық дамудың кешеуілдеуі
мектепке дейінгі мекемеде басым бөлігі үшін ұсақ моториканы дамыту
жөніндегі дара жұмыстар қажет. Бұл мақсатта илеу, сурет салу,
құрастыру,мозайкамен жұмыс сияқты қызмет түрлерінтәрбиешілер
ұйымдастыруы мүмкін. Жеке дара жұмыстар тіл дамуында, кеңістікте
бағдарлануында кемістіктері бар балалар, оқуды меңгеруде қиындық
көретін балалар үшін де ұйымдастырылады. Психологтар, сондай–ақ
арнайы мамандар психологиялық мәселелердіңнегізін анықтау үшін
психикалық дамуы тежелген балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты,
алуан түрлі әдістемелердің топтамаларын, өздерінің жұмыстары
барысында пайдаланады. Арнайы жүргізілетін әдістемелердің барысында
психикалық дамуы кешеуілдеген балаларың қабылдауының бұзылыстары
анықталды. Психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық
қабілеттерінің ішінде–қабылдауының бұзылуы, зейіннің бұзылуымен
байланысты. Сондықтан қабылдауды толықтай зерттеу үшін арнайы маман
психикалық дамуы тежелген балалармен ұзақ уақыт жұмыс жасау қажет.
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың алғашқы сөздері кейде 2-3
немесе 5 жастарында қалыптасуы мүмкін. Бұл зат есімдер–жақын ортадағы
заттардың атаулары немесе жиі орын алатын әрекеттер болуы мүмкін.
Балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым–қатынасқа түсуі
орташа деңгейде. Олар айналасындағылардың өздеріне не айтып тұрғанын
түсінеді. Бұл балалардың арасында шектелген сөздік қорлары баланың өзін
қызықтыратын зат туралы сұрай алмайды, қойылған сұраққа да түсінікті
21
етіп жауап бере алмайды. Психикалық дамуы тежелген балалардың
қарым–қатынастары стандартты сөздер мен сөйлемдердің көмегімен, көп
қайталанатын күнделікті жағдайларда өтеді.Баланың сөйлеу тілінің
барысында көптеген кемшіліктер көп мөлшерде көрінсе, оның танымдық
іс—әрекетінің әрбір түріндегі ақаулықтары соншалықты көрінеді. Әрине
психикалық дамуы кешеуілдеген балалар естиді және көреді. Алайда
дыбысты шығарудағы жетіспеушіліктен, олардың сөйлеу тілдері кейде
түсініксіз болады, сондықтан олармен қарым–қатынасқа түсу қиынға
соғады. Бұл баланың эмоционалдық және тұлғалық сферасының дамуына
кері әсер береді. Олар тұйық болады, айналасындағылармен көбінесе
ренжісіп отырады. Сондықтан балалардың қарым-қатынас шеңбері
тарылып, сөйлеу тілі шектеледі.Мектепке дейінгі жастағы балаларда
қоршаған ортамен байланысы жеңіл түрде қарастырылады. Балалар қарым-
қатынас кезінде көпшіл, сезімшіл, қамқоршыл келеді. Балаларда
психикалық және физикалық дамулары қалыптасады.
Менің жұмысымның бір бөлігі – қолдың ұсақ моторикасын
дамыту.Ұсақ саусақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан
бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен
байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек.
Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды
жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану
ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру:
тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар
үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға
арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің
маңыздысы болып саналады.Жаттығуларды орындау барысында
балалардың ойлауы, есте сақтаулары,зейіндері,сөйлеу қабілеттері дамиды.
Жұмыс барысында осы әдістерді көп пайдаланамын:
Қолдың ұсақ бұлшықеттерін жетілдіруге арналған жаттығулар.
( Саусақтарға арналған жаттығулар- «Алақан», «Алақанды қыздыру»,
«Саусақтар амандасады» т.б.).
2.Ермексазды жұмсарту;
3.Әр саусақпен тасты,шарикті айналдыру;
4.Ауада әртүрлі сурет салу, жазу;
5.Қол соғу: ақырын, қатты, әртүрлі әрекетте;
6.Жуан жіпке моншақ, түйме өткізу;
7.Қалың арқан, жіп ұштарын байлау;
8.Түймелерді, ілгіш, замок, қақпақтарды жабу;
9.Құммен, сумен ойнау;
10.Сурет салу, бояу т.б
Сонымен қатар, әр түрлі дидактикалық арнайы ойындарды қолданған
жөн.Мысалы: «Кім пирамиданы тез жинайды?», «Сиқырлы дорба», «Кім
22
жылдам?», (шашылған ұсақ заттарды жинау), «Кесілген суреттерді
құрастыру». Бұл ойын барысында балалар саусақтарын жаттықтырумен
қатар, ойлау, сөйлеу қабілетін де дамытады.Тілі толық дамымаған
балалардың көру түйсігі мен кеңістікті бағдарлау қабілетін дамыту қажет.
Өйткені, көру түйсігі негізінде балалар ұсақ әріп белгілерін ажырата
білуге,сөйлеуге,сурет салуға,бояуға, жазуға үйренеді.
Аталған жұмыс түрі мынандай бағытта жүргізіледі:
Заттың ұқсастықтарын, ерекшеліктерін табуға дағдыландыру;
Бірден көріп, дұрыс қабылдауға үйрету;
Бүтінді бөлшектерге бөліп, бөлшектерден бүтін зат құрастыруға үйрету;
Солдан оңға қарай жылжи отырып, бір жолдан екінші жолға көшуге
дағдыландыру;Көру қабілетін күшейту.
Бүгінгі таңда экономика, саясат және т.б өмір салаларындағы болып
жатқан әртүрлі өзгерістер білім беру саласына да өзіндік ықпалын тигізіп
отыр.Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамыту
тұжырымдамасында: «Әрбір баланың жеке тұлғаның қасиетін ашу, оның
мүмкіндігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы оның тереңірек ұмтылуына,
сондай-ақ ізденісінде бейімділігіне көмек беру, мүмкіндік туғызу және
осылайша оған түпкіліктіөмір сүру үшін жаңа рухани күш беру – білім
берудің түпкілікті мақсаты» - деп атап көрсетілген.
Қазіргі таңда барлық жұртшылықтың назарын аударып отырған мәселе
баланың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының
қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті
білім беру.Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы –
барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және
мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.Инклюзивті білім беру
жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі
бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге
арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың
ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу
бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық
ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке
бағдарламасы.Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту, тәрбиелеу және
оларды мәдени өмірге белсенді және тең қатыстыруға көркем
шығармашылық, спорт саласында дарынды мүгедек балаларды анықтауға
қатысты проблемаларды шешу үшін арнайы білім беру бағдарламаларын
қолдау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу қажет.Қазіргі таңда
еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балалар өзінің қадыр-қасиетін қамтамасыз
ететін, өзіне деген сенімділігін арттырып жәнеқоғамдық өмірге белсене
араласуына жәрдемдесуін толыққанды жағдайларда лайықты өмір сүруге,
яғни мүмкіндігі шектеулі балаларға жан-жақты педагогикалық қолдау
көрсетіліп, әрбір бала шама-шарқына қарай білім көлемін меңгеруде.
23
Мүмкіндігі шектеулі балалардың жіктелуі:
- Естімейтіндер, нашар еститіндер, кейіннен естімей қалғандар;
- Көрмейтіндер, нашар көретіндер, кейіннен көрмей қалғандар;
- Күрделі кемістігі бар балалар( есту мен көру аппараты қатар
бұзылған балалар);
- Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар (бала кездегі церебральды
сал ауруы);
- Эмоция, ерік-жігер сферасы бұзылған балалар( ерте бала кездегі
аутизм);
- Сөйлеу тілінде кемістігі бар балалар;
- Зиятында ауытқуы бар балалар ( ақыл - ойында кемістігі бар
балалар);
- Психикалық дамуы тежелген.
Психикалық дамуы тежелген бала біздің балабақшада болды,ол баланы
жан - жақты бақылап,консилиум құрып,баламен жұмыс жасау
анықтауышы эксперимент барысында психикалық дамуы тежелген
балалардың танымдық қабілеттерін диагностикалау мақсатында мынадай
зерттеу психологиялық әдістерін қолдандым:
- Қабылдауын зерттеу;
- Есте сақтауын зерттеу;
- Ойлау қабілетін зерттеу;
- Зейінін зерттеу - осы зерттеулерге қол моторикасын енгізіп,баланың
даму деңгейін анықтадым .
ӘДІСТЕМЕЛЕР
«Қисынсыздықтар»әдістемесі.
Мақсаты:Баланың есте сақтау қабілетін зерттеу, логикалық ойлауының
көрініс беруін,өзінің ойын грамматикалық жағынан дұрыс жеткізуін және
өмірде кездесетін объектілерінің бір-бірімен ара қатынасын түсінуін
зерттеу. Бұл әдістеменің көмегімен баланың қоршаған дүние туралы
қарапайым бейнелі елестерін және дүниедегі кейбір обьектілер
арасында,жануарларда,олардың өмір сүру жағдайында,табиғатта болатын
байланыстар мен қатынастарды бағалау болады. Бала суретті қарауға
отырған кезде психолог 30-60 секунд уақыт береді.Шартты мерзім
өткеннен соң психолог суретті алады да, баланың сурет бойынша айтқан
әңгімесін тыңдайды.Бала суреттегі барлық қисынсыздықтарды атап
шығып,сонан соң олардың дұрыс орналасу ретін көрсетуі керек.Бала
24
үндемей отырса,психолог оған келесі сұрақтарды ретімен қойып,баланы
әңгімеге тарту керек:
-Саған сурет ұнады ма? Бала тек басын изеп жауап берсе оған келесі
сұрақтар қойылады:
-Бұл суретте саған не ұнады?Егер бала сурет фрагменттерін ғана атаса
келесі сұрақ беріледі:
-Суретте не салынған?
Бала жауабының мазмұнына байланысты қосымша келесі сұрақтар
қойылуы мүмкін:
-Тағы не бар еді?
-Сурет қызық па?
-Күлкілі нәрсе салынған жерлері бар ма?
-Өмірде осындай жағдайлар кездеседі ме?
-Орындары ауысып кеткен суреттер бар ма?Егер бала бірден жағдайды
дұрыс түсініп,орындары аусып кеткен жануарларды атап шықса,онда
қосымша сұрақ қоюдың ешқандай қажеті жоқ.Орындау уақыты 3-4 минут.
«Қисынсыздықтар»әдістемесі.
Бағалау шкаласы:
9-10 балл-бала суреттегі 7 қисынсыздықты толық атап, қай жерде не нәрсе
ақиқатқа сай келмейтіндігін қанағаттанарлықтай түсіндіргенде қойылады
және зерттеніліп жатқан қасиеттер өте жақсы дамыған деп бағаланады.
25
7-8 балл–бала суреттегі қисынсыздықтардың барлығын атап беріп,
олардың ақиқатқа сай келмейтіндігін түсіндірсе, бірақ оларды айтып
беруге қиналса қойылады.Бұл баға баланың еске сақтау қабілеті жақсы
дамығанын, логикасы барлығын, дегенмен оның тіл байлығы немесе
сөйлеу техникасы онша қалыптаспағанын көрсетеді.Баланың жалпы дамуы
жақсы деп бағаланады.
5-6 балл–бала қисынсыздықтарды түгел байқаған, бірақ айтып беру
барысында 4-5 қисынсыздықты толық көрсетіп, қалғандарын еске түсіруге
және ақиқатта қандай болатынын түсіндіруге қиналса қойылады.Баланың
жалпы дамуы орта деп бағаланады.
3-4 балл–бала қисынсыздықтардың 3-4 атап беріп,олардың дұрыс орны
қандай екенін әңгімелеп беруге қиналып, қоршаған ортадағы жан-
жануарлардың өмір сүру ерекшеліктерін толықтүсінбейтіндігін
көрсеткені.Бұл жағдайда баланың даму деңгейі төмен екені анық байқалып
тұр, сондықтан оның оқу мазмұнын алып кетуі қиын деп бағаланады.
1-2 балл–бала тек сұрақтар қойып,жетелеу барысында қисынсыздықтарды
еске түсіріп, олар туралы өте қысқа мағлұмат берсе. Немесе басын изеп
отырса, оның даму деңгейі өте төмен деп бағаланады.
0-1 балл–бала берілген уақыт ішінде даму деңгейі өте төмен деп
бағаланады.
Қалыпты балалар бұл әдістемені еш қиындықсыз орындап береді, ал енді
мүмкіндігі шектеулі балаға ,бұл әдістеме тиімді болу үшін жеңіл түрінде
алдым,өйткені бұл әдістеме қиындау болды.Әр баламен жұмыс жасағанда
баланың қол моторикасын арттырып отыру керек,сондықтан ермексазбен
жұмысты алдық:
26
Мына анимациялық сюжеттер бойынша мүсіндеп береді, ермексазды
жұмсарту барысында бала қол моторикасын және қабылдауын зерттедім.
« Есіңе сақта » әдістемесі
Мақсаты:Баланың сөздерді ырықты есте сақтауын анықтау. Бұл әдістеме
көмегімен баланың өз зейінін ұзақ уақыт бір әрекетпен шұғылдануға
жинақтай алуы, оған қосымша стимулдық материалдар(ойын,
көрнекіліктер)қолданбай тынымдық қызметін ұйымдастыруға
болатындығы анықталады.Зерттеуді жүргізу үшін 10 сөз немесе сөз
тіркестерді дайындалады. Олар бірнеше вариантта болған дұрыс.Әр
вариантты орындауға арнайы уақыт беріледі.
27
Бірінші жаттығуды қолданып, зерттеу жүргізуді педагог-психолог келесі
кіріспе сөзбен бастайды:
“Балалар, мен қазір сендерге бірнеше сөздерді айтамын. Оларды мұқият
тыңдап, есте сақтап қалуға тырысыңдар. Мен оқып болғаннан соң сендер
олардың ішінен естеріңде қалғандарынқайталап айтасындар” .
Жаттығуды екінші реторындатуүшіннұсқауқайталанады. “Менің жаңағы
сөздерді қайталап оқимын.Сендер ол сөздерді тағыда қайталап айтасыңдар.
Бірінші қайталағансөздеріңмен бірге қазір жаңадан еске сақтағансөздерді
қосып айтыңдар”.
Үшінші және төртінші рет қайталап орындағанда ереже қысқаша
түсіндіріледі:“Мен тағыда қайталаймын, ал сендер жақсылап тыңдаңдар”.
28
Бесінші рет қайталағанда. Мен бұл сөздерді соңғы рет оқимын, сендер
олардың барлығын түгел қайталауға тырысыңдар–деп ескерту
қажет.Қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың есте сақтауы
әрбір қайталаған сайын арта береді. Баланың денсаулығы болмай жүрсе
немесе психологияық проблемасы болса есте сақтауы, керісінше, кеми
береді.Сөздер тізімін қайталап оқу барысында ешқандай қосымша
түсініктеме берудің қажеті жоқ.Тек қана сөздерді өте жай
қайталағанда,балаларға:«тағы қандай сөздер есіңе түсті»деген сұрақ
арқылы кішкене дем беріп отыруға болады.
Бағалау шкаласы:
Бір рет оқығанда–5-6, бес рет қайталағанда–8-10 сөзді қайталау–сөздерді
еске сақтауы жоғары деп бағаланады;
Бірінші оқығанда–3-4, бесіншіден–5-7–орта;
Бірінші оқығанда–1-2, бесіншіден кейін–3-4–төмен;
Бірінші оқығанда–0, бесіншіден кейін–1-2-өте төмен.
Сөздер:уақыт, нан, аспан, өсімдіқ, қар, май, ағаш, көрпе, киім, дала.
Бұл әдістемені де қалыпты балалар еш қиынсыздықтан қайталап айтып
береді, бірақ ерекше білімді қажет ететін балаға бұл әдістеме қиындау
болды,сондықтан сурет арқылы жұмыс жасап, өз еркілеріңіз қандай сурет
алсаңыздар да болады, алайда жеңіл нұсқалардан бастауға өте тиімді
болып келеді, ол бейнелерді құмға бейнелеп, 6-7 рет қайталап айттық,үш
сөзді жаттау арқылы баланың қол моторикасын және есте сақтауын
зерттеп, деңгейін анықтадым.
29
«Пішіндерді орналастыр » әдістемесі
Балаға суретті көрсетіп,қарандаштың немесе қаламсаптың
көмегімен,мүмкін болғанша тезірек және дәлірек сол жақта ұсынылған
контурды осы суреттің оң жағына көшіру қажет деп түсіндіру.Барлық
сызықтарды түзу және пішіндердің бұрыштарын дәл қосуға тырысу
қажет.Сонымен қатар пішіндердің сұлбасы суретте бейнеленген
жерлерде,яғни сол жақтағы үлгілердегідей көшірілуі керек.Тапсырманың
орындалу нәтижесінде жұмыстың тазалығы,дәлдігі және жылдамдығы
бағаланады.
Нәтижелерді бағалау
10 балл-90 секундтан аз
8-9 балл-90-нан 105 секунд
6-7 балл- 105-тен 120 секунд
4-5 балл- 120-дан 135 секунд
2-3 балл- 135-тен 150 секунд
Даму деңгейі туралы қорытынды
10 балл-өте жоғары
8-9 балл-жоғары
4-7 балл-орташа
2-3 балл-төмен
0-1 балл-өте төмен
30
Бұл әдістеме де әрине мүмкіндігі шектеулі балаларға қиындау
болып келеді, сондықтан ең бірінші баламен ауада пішіндердің
бейнесін бейнеледік, сосын барып әдістемені орындап, баланың
зейінін анықтауға әдістемені жүргіздім.
«Заттарды ата» әдістемесі
Бұл әдістеме баланыңбелсенді түрде есінде сақталған сөздік қорын
анықтауға арналған.Психолог тиісті топтағы кез келген сөзді балаға
атап,осы топқа қатысты басқа да сөздерді өз бойынша атап шығаруды
сұрайды.
Әрбір төменде аталған топтардағы сөздерді атап шығу үшін 20 секунд
беріледі,ал тапсырманы толықтай орындау үшін 160 секунд уақыт беріледі.
1.Жануарлар.
2.Өсімдіктер.
3.Заттардың түстері.
31
4.Заттардың пішіндері.
5.Түстермен пішіндерден бөлек,заттардың басқа қасиеттері.
6.Адамның әрекеттері.
7.Адамның әрекеттерді орындау тәсілдері.
8.Адамның әрекеттерді орындау сапасы.
Егерде бала керекті сөздерді атауға қиналатын болса,онда ересек адам
осы топтағы бірінші сөзді өзі атап,балаға көмектеседі және беленың әрі
қарай жалғастыруын сұрайды.
Нәтижелерді бағалау
10 балл- бала 40 және одан да көп,барлық топтарға қатысты әр түрлі
сөздерді атаса.
8-9 балл-бала 35-тен 39-ға дейін, әр түрлітоптарға қатысты сөздерді атап
шықса.
6-7 балл- бала 30-дан 34-ке дейінгіәр түрлітоптармен байланысты сөздерді
атап шықса.
4-5 балл-бала 25-тен 29-ға дейінәр түрлітоптарғақатысты сөздерді атаса.
2-3 балл- бала 20-дан 24-ке дейін,әр түрлітоптармен байланысты сөздерді
атап шықса.
0-1 балл- бала берілген уақыт ішінде небәрі 19 сөз ғана атаса.
Бұл әдістемеде қалыпты балалар үшін оңай болып келеді,ал ерекше білімді
қажет ететін балаға а нұсқасы әрине қиындау болды, бірақ та в мен г
нұсқасы жеңілдеу болды, бірақ бір дегеннен айта алмады, сондықтан ең
бірінші алдын ала жұмыстар жүргізілді, баламен суреттер боядық, сосын
бірақ әдістеме жүргіздім, баланың ойлау қабілетін анықтауға осы
әдістемені , алдын ала жұмыстар жүргізу арқылы тиімді деп санаймын.
32
«Кімге не жетпейді?» әдістемесі
Бұл әдістеме баланың 5-6 жас аралығындағы ойлау деңгейінің
психодиагностикасын жасауға арналған.
Бұл әдістемеге кірген тапсырманы бастамас бұрын, балаға сурет
көрсетіледі және бұл суретте әр балаға бір нәрсе жетіспейтіні айтылады.
Ал жетіспеген зат астыңғы жақтағы суреттерде көрсетілген. Баланың
басты тапсырмасы тез арада кімге не жетіспейтінін табу.
Қорытынды баға:
10 ұпай-тапсырма 30 секунд аралығында орындалған
8-9 ұпай–тапсырманың орындалу уақыты 31-49 секунд аралығында
6-7 ұпай–орындалған тапсырма 50-68 секунд аралығын қамтиды
4-5 ұпай-70-80 секунд уақыт ішінде
3-4 ұпай-орындаған тапсырма 90-100 секунд аралығында
33
0-1 ұпай тапсырма 110 секундтан және одан жоғары уақыт аралығында
орындалды.
Ойлау қабілеті деңгейінің бағасы:
10 ұпай-өте жоғары
8-9 ұпай-жоғары
6-7 ұпай-орташа
4-5 ұпай-орташа
3-4 ұпай-төмен
0-1-ұпай–өте төмен
Бұл әдістеме де әрине мүмкіндігі шектеулі балаларға қиындау болып
келеді, сондықтан ең бірінші баламен алдын ала сурет арқылы жұмыстар
жүргізу арқылы және төрт сурет емес алғашқыда екі суретті ғана алып,
нәтижелер алуға болады, боямақтар, мүсіндеу арқылы баланың ойлау
деңгейін анықтауға әдістемені жүргіздім.
34
Психикалық дамуы тежелген балаларыменжеке дара
түзете-дамыту ұйымдастыруоқу қызметінің
перспективалық жоспары
Біздің балабақшада ересек тобынан ерекше білім беруді қажет ететін
психикалық дамуы тежелген диагнозбен психологиялық-медициналық-
педагогикалық консультация қызметінің қорытындысы бойынша бір бала
бар,ол тәрбиеленушіні бір ай бақылап, диагностика жүргізілді. Сол арқылы
тәрбиеленушіге жекедара түзете-дамыту ұйымдастыру оқу қызметінің
перспективалық жоспарын және сабақ конспектісін құрастырдым.Жеке
жоспар қазан айынан бастап мамыр айына дейін қамтылған, барлығы 28
сағат,аптасына бір рет,ұзақтылығы 10-12 минут.
Мақсаты: Баланың зейінін,қабылдауын, ойлауын, есте сақтау
қабілеттерін анықтау және қол моторикасын дамыту;
Міндеттері:
1.Баланың қабылдау қабілетін анықтау;
35
2.Балабақша жағдайына тез бейімделуге қажет әлеуметтік адамгершілік
жағымды мінез-құлық қалыптастыру,ойын жаттығуларға қызуғышылығын
дамыту;
3.Баланың есте сақтау қабілетін анықтау;
4.Аса қажеттілігі бар балалардың психикалық дамуындағы негізгі
заңдылықтарды ашу;
5.Баланың даму деңгейін анықтау.
Бағы Мақсаты Түзете –дамыту жұмысының мазмұны Сағат
ты саны
Зейінге -«Көкөністің атауын естісен бір рет 1
ауысудың шапалақта»;
қабілеттілігін,кө - «Жеміс атауын естісен, орныңнан тұра 1
Зейінді дамыту лемін, еркін ғой» т. б.);
зейінді дамыту - «Көкөністің атауын естісен бір рет 1
шапалақта;жемістін атауын естісең,
орныңнан тұра ғой».
- «Жемістерді боя» (ұқыпсыздық байқалған 1
кезде, жұмыс тоқтатылады), 1
- «Сыңарын тап»(Дәл сондайды тап) 1
- «Ненің көлеңкесі?» ойын
- «Таяқшаларды саламыз», 1
Қабылдауды дамыту Геометриялық - «Пішіндерді ата», 1
пішіндерді - «Пішіндерді жап», 1
қабылдау мен - «Суреттегі пішіндерді аяқта», 1
бақылаушылықт - «Түрлі–түсті кубик», 1
ы дамыту - «Суреттерді орынды–орнына қой», 1
- «Дөңгелек пішінді заттарды қарап, тауып 1
ал»,
- «Тығылған заттардың бәрін ата» 1
36
Ойлауды дамыту Ой процесстерін - «Ретімен қой (үлкенінен кішісіне н/е 1
дамыту:жалпыла керісінше)»,
у, елеулі - «Төртінші артық», 1
белгілерді айыру - «Айырмашылығын тап». 1
және - «Керісінше айт», 1
тапқырлықты - «Болады-болмайды», 1
дамыту -«Сандарды ретімен қой» 1
Есте сақтауды дамыту Есту, көру, сезу - «Не жоғын ата» (қандай зат?), 1
Қол моторикасын дамыту арқылы есте - «Сөздерді қайтала» 1
сақтауды
дамыту
Қол - «Эмоциялар» (жестпен, мимика немесе 1
моторикасын т.с.с),
және ой - өрісін - «Суретті аяқта», 1
дамыту - «Нүкте бойынша сурет салу», 1
-Саусақ жаттығулар 1
-Моншақты тізбектеу 1
-Көкініс пен жемістерді тап 1
Барлығы 28 са
ғат
37
38
1-ші жеке дара түзете -дамыту ұйымдастыру оқу қызметі
1.Сұрақ-жауап
-Сенің атың кім?
-Сен нешедесің?
-Қандай ойыншықтар ұнайды?
2.Ойын"Бірінші бол!"(Зейін)
Мақсаты: Баланың зейінге ауысудың қабілеттілігін дамыту.
Шарты: Әр түрлі карточканың арасында көкөніс бейнесін немесе атауын
естісен шапалақта.
Барысы:Баламен бірнеше рет көкөністерді қайталап айтып,көрсету.
3.Рефлексия.
-Бүгін не үйрендін?
-Не қиын болды?
39
-Нені тез үйрендің?
2-ші жеке дара түзете -дамыту ұйымдастыру оқу қызметі
1.Сұрақ-жауап
-Сенің атың кім?
-Сен нешедесің?
-Қандай көкөністерді білесін?
2. Ойын"Кім жылдам?"(Зейін)
Мақсаты: Баланың зейінге ауысудың қабілеттілігін дамыту.
Шарты: Әр түрлі карточканың арасында жемістердің бейнесін немесе
атауын естісен орнынан тұр.
Барысы:Баламен бірнеше рет жемістерді қайталап айтып,көрсету.
3.Рефлексия.
-Бүгін не үйрендін?
-Не қиын болды?
40
3-ші жеке дара түзете -дамыту ұйымдастыру оқу қызметі
1.Сұрақ-жауап
-Сенің атың кім?
-Сен нешедесің?
-Қандай көкөніс пен жемістерді білесін?
2. Ойын"Зейінді бол!"(Зейін)
Мақсаты: Баланың зейінге еркін ауысу қабілетін дамыту.
Шарты: Әр түрлі карточканың арасында жемістер бейнесін немесе атауын
естісен орнынан тұр,ал көкөністің бейнесін немесе атауын естісен
шапалақта.
Барысы:Баламен бірнеше рет қайталап айтып,көрсету.
3.Рефлексия.
-Бүгін не үйрендін?
-Не қиын болды?
-Нені тез үйрендің?
41
4-ші жеке дара түзете -дамыту ұйымдастыру оқу қызметі
1.Сұрақ-жауап
-Сенің атың кім?
-Сен неше жастасын?
-Қандай көкөніс пен жемістерді білесін?
2. Ойын:"Жемістерді боя". (Зейін)
Мақсаты: Баланың көлем зейінін еркін ауысуына қабілетін дамыту.
Шарты: Балаға жемістері бар боямақтар беріп,әр жемістерді әртүрлі түске
бояуын сұрау.
Барысы:Егерде бала ұқыпсыз бояп жатса жұмысын тоқтатып,балаға бояу
әдістерін көрсетіп,түсіндіру.
3.Рефлексия.-Бүгін не үйрендін?
-Не қиын болды?
42
5-ші жеке дара түзете -дамыту ұйымдастыру оқу қызметі
1.Сұрақ-жауап
-Сенің атың кім?
-Сен неше жастасын?
-Қандай түстер білесін?
2. Ойын:" Сыңарын тап ". (Зейін)
Мақсаты: Баланың зейінге еркін ауысу қабілетін дамыту.
Шарты: Балаға суреті бар карточка беріледі,сыңарын айту немесе
көрсету,сызу.
Барысы:Егерде бала ештене айтпаса,көрсетпесе,сызбаса,онда көрсетіп
түсіндіру және қайталап жұмыс жасау.
3.Рефлексия.
-Бүгін не үйрендін?
-Не қиын болды?
-Нені тез үйрендің?
43
6-шы жеке дара түзете- дамыту ұйымдастыру оқу қызметі
1.Сұрақ-жауап
-Сенің атың кім?
-Сен неше жастасын?
-Қандай жануарларды білесін?
2. Ойын:" Ненің көлеңкесі? ". (Зейін)
Мақсаты: Баланың зейінге еркін ауысу қабілетін дамыту.
Шарты: Балаға суреті бар карточкалар беріледі,жануарларды тауып
орналастыру немесе көрсету, айту.
Барысы:Егерде бала ештене айтпаса,онда көрсетіп түсіндіру және қайталап
жұмыс жасау.
3.Рефлексия.
-Бүгін не үйрендін?
-Не қиын болды?
44
7-ші жеке дара түзете -дамыту ұйымдастыру оқу қызметі
1.Сұрақ-жауап
-Сенің атың кім?
-Сен неше жастасын?
-Қандай түстерді білесін?
2. Ойын:"Таяқшаларды саламыз". (Зейін)
Мақсаты: Баланың көлем зейінін еркін ауысуына қабілетін дамыту.
Шарты: Балаға әртүрлі түсті таяқшалар беріп,тек бір түстерді бір қалташа
салуын сұрау.
Барысы:Баламен түстерді қайталап айту,түсіндіру.
3.Рефлексия.
-Бүгін не үйрендін?
-Не қиын болды?
8-ші жеке дара түзете -дамыту ұйымдастыру оқу қызметі
45
1.Сұрақ-жауап.
-Сенің аты-жөнің кім?
-Сен неше жастасын?
-Қазір қандай жыл мезгілі?
2. Ойын:"Пішіндерді ата"(Қабылдау)
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді қабылдау мен бақылаушылықты
дамыту.
Шарты: Балаға әртүрлі пішіндерді көрсетіп,оларды атауын сұрау.
Барысы:Егерде бала пішіндерді атап бере алмаса немесе көрсете алмаса,т
пішіндерді қайталап айту,түсіндіру.
3.Рефлексия.
-Бүгін не үйрендін?
-Не қиын болды?
-Нені тез үйрендің?
9-шы жеке дара түзете -дамыту ұйымдастыру оқу қызметі
46
1. Сұрақ-жауап.
-Сенің аты-жөнің кім?
-Сен неше жастасын?
-Қазір қандай жыл мезгілі?
2. Ойын:"Пішіндерді жап"(Қабылдау)
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді қабылдау мен бақылаушылықты
дамыту.
Шарты: Балаға әртүрлі пішіндерді көрсетіп,атаған пішінді жабуын сұрау.
Барысы:Егерде бала пішіндерді атағанда жауып бере алмаса немесе
көрсете алмаса,пішіндерді қайталап айту,түсіндіру.
3.Рефлексия.
-Бүгін не үйрендін?
-Не қиын болды?
10-шы жеке дара түзете -дамыту ұйымдастыру оқу қызметі
47
1. Сұрақ-жауап.
-Сенің аты-жөнің кім?
-Сен неше жастасын?
-Қазір қандай жыл мезгілі?
2. Ойын"Суреттегі пішіндерді аяқта"(Қабылдау)
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді қабылдау мен бақылаушылықты
дамыту.
Шарты: Балаға әртүрлі пішіндерді көрсетіп,атаған пішінді жабуын сұрау.
Барысы:Бала аяқталмаған пішіндерді аяқтап,қарындашпен салуы қажет
егерде істей алмаса,баламен бірге пішіндерді қайталау.
3.Рефлексия.
-Бүгін не үйрендін?
-Не қиын болды?
-Нені тез үйрендің?
48
11-ші жеке дара түзете -дамыту ұйымдастыру оқу қызметі
1. Сұрақ-жауап.
-Сенің аты-жөнің кім?
-Сен неше жастасын?
-Қазір қандай жыл мезгілі?
2. Ойын:" Түрлі түсті кубиктар". (Қабылдау)
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді қабылдау мен бақылаушылықты
дамыту.
Шарты: Балаға әртүрлі түсті кубиктардың бөліктерін көрсетіп,түстермен
кубиктарды жинауды ұсыну.
Барысы:Егерде бала дұрыс жинай алмаса,түстерді қайталап айту,түсіндіру
3.Рефлексия.
-Бүгін не үйрендін?
-Не қиын болды?
12-ші жеке дара түзете -дамыту ұйымдастыру оқу қызметі
49
1. Сұрақ-жауап.
-Сенің аты-жөнің кім?
-Сен неше жастасын?
-Қазір қандай жыл мезгілі?
2. Ойын:" Кім жылдам?"(Қабылдау)
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді қабылдау мен бақылаушылықты
дамыту.
Шарты: Суреттер арқылы жұмыс.Рет-ретімен қою.Балаға әртүрлі
суреттерді көрсетіп,оларды рет-ретімен қоюды ұсыну.
Барысы:Егерде бала дұрыс жинамаса,заттарды қайталап айту,түсіндіру
3.Рефлексия.
-Бүгін не үйрендін?
-Не қиын болды?
-Нені тез үйрендің?
50