8. «Ойна да, ойла» ойыны
Қатысушыларға жасырын рөлдар жазылған қағаздар таратылады. Екі
қатысушыда бір рөл жазылған. Қатысушылар рөлге еніп, өз актерлік
қабілеттерін көрсету арқылы өз жұптарын табуы керек. (Ата, сәби, құс,
әнші, спортсмен, түлкі, т.б.)
101
9.Мақал–сөз атасы(аяқталмаған мақал-мәтелдерді жалғастыру)
1.Балапан ұядан не көрсе-...........(ұшқанда соны іледі)
2.Бала ананың-.......(бауыр еті)
3.Ата-балаға(сыншы)
4.Бала, ақылыңа көнер.......(байқамай сөйлесең көп ішінде өлер)
5.Балалы үй базар,........(баласыз үй мазар)
6.Інісі бардың тынысы бар,......(ағасы бардың жағасы бар)
7.Әкесіне қарап ұлын,.......(шешесіне қарап қызын таны)
10. Қорытындылау."Жүректен жүрекке"
102
Сәрсенбі
1.Ойын «Мен білгішпін»
Ересек топ балаларына
Мақсаты:Балаларды ұжыммен өзара қарым-қатынас жасауға үйрете
отырып, эмоционалдық көңіл-күйін көтеруге, ұжым ішіндегі
ұйымшылдықты қалыптастыру.
Таңертең топқа 15сұрақтан тұратын бланк таратылады. Сұрақтардың
мазмұны балабақша, бала және педагогтармен байланысты. Белгіленген
уақытта педагог-психолог келіп сұрақтың жауабын сұрайды.
1.Сіздердің тәрбиешілеріңнің көзінің түсі қандай?
2.Бір аптада неше күн балабақшаға барасыңдар ?
3.Топта кімнің шашы ең ұзын?
4.Топта кімнің бойы ұзын?
5.Бүгін топта қанша ұл бала бар?
6.Сіздің тәрбиешінің көмекшісінің туған күні қашан?
7.Сіздің тәрбиешіңіздің жақсы көретін гүлін атаңдар?
8.Қай қыздың көзі қоңыр түсті?
9.Төбеде қанша лампа бар?
10.Полиция және жедел жәрдемнің номер телефонын атаңдар?
11.Біздің әдіскердің аты-жөні кім?
12.Қанша бала өз үйінің мекен жайын біледі?
13.Сіздің балабақшаның, топтың аты қалай?
14.Барлығы топта қанша баласыңдар?
15.Бас аспазшының толық аты- жөні қалай?
16.Менің аты-жөнімқалай?
103
17.№1 және №5 шкафта ненің суреті салынған? (қабылдау бөлмесінде)
18.Топта барлығы қанша есік бар?
19.Дене шынықтыру жетекшісінің аты-жөні кім?
20.Қазақстанның бас қаласы қалай аталады?
104
2.Сұхбаттасу"Менің сүйікті анам"
Даярлық топ балаларына
Мақсаты:Балалардың ұжыммен өз аналары жайлы әңгімелей отырып,
эмоционалдық көңіл-күйін көтеруге, ұжым ішіндегі ұйымшылдықты
қалыптастыру.
105
Бейсенбі
Көрме"Менің жанұям"
Мазмұны:
Баланың фотографиясы және оның отбасы, сондай-ақ отбасына
байланысты суреттер.
Қабырға газетінде міндетті түрде көрсетілсін:
Баланың аты–жөні және ол есім нені білдіреді, сонымен қатар отбасына
жайында мағлұмат беру.
Қосымша:«Мен жақсы көремін...», «Менің жақсы көретін ойыншығым...»,
«Немен айналысқанды ұнатамын...»...т.б.
Топтық коллаж«Біздің ұйымшыл тобымыз» (қабырға газеті)
Мақсаты: топ арасындағы өзара қарым–қатынасын нығайту.
Тәрбиеші мен бала қорғау қабырға газетін.
Мәнерлеп тақпақ айту сайысы.
106
107
108
Жұма
Даярлық топтар
Сайыс тақырыбы:«Біз және эмоция»
Мақсаты:Балаларға эмоция мен сезім–адамның айналадағы өмір
шындығына тигізер әсері туралы түсінік беру және балалардың өз
эмоциясы мен сезімдерін басқаруға үйрету.
1.Сәлемдесу. Таныстыру.
2."Көкөніс пен жемістер"тапсырмасы.
3."Не артық?"әдістемесі.
4."Кім жылдам?"тапсырмасы
5.Психологиялық көңіл-күй қалыптастыру:«Эмоция»жаттығуы;
6.Капитандар сайысы«Мақал-мәтелдер» айту
7."Нелер жасырынып тұр?"тапсырмасы
8. "Эмоция жұбын тап"ойын-тапсырма
9. «Ойла да, ойна!»ойын-тапсырма
10.Қорытынды.
1.Балалармен шеңберге тұрып бір-бірімен амандасу.
Мақсаты:Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шарты: мен қазір
сіздерге геометриялық пішіндер көрсетіп,айтамын қай пішінді көрсеткенде
қалай амандасу,үшбұрышты көрсеткенде-қолмен амандасу,тік төртбұрыш-
арқамен,дөңгелек-аяқпен,төртбұрыш- иықпен.
2."Көкөніс пен жемістер" тапсырмасы
Мақсаты:Балалардың есте сақтау,ойлау,зейіндерін арттыру
3."Не артық?"тапсырмасы
Мақсаты:Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
4."Кім жылдам?"тапсырмасы
109
Мақсаты:Зейіндерін,ойлау қабілеттерін арттыру.
5. Психологиялық көңіл-күй қалыптастыру:«Эмоция»жаттығуы;
Шаршадым«Уһ»дедім,
Ренжідім«Туһ»дедім,
Қорықтым«Ой»дедім,
Өкіндім «Аһ» дедім,
Шарасыз«Еһ»дедім,
Таңырқап«О»дедім,
Біліп ап«Е» дедім,
Қуанып«Ха-ха-ха»дедім.
6.Капитандар сайысы:"Мақал-мәтелдер"
Шарты:Екі бала ортаға шығып,мақал-мәтелдер айту, бір қадам алға
аттайды бірінші болып кім мәреге жетеді,сол жеңімпаз болады.
7."Нелер жасырынып тұр?"тапсырмасы
Мақсаты:Балалардың қабылдау қабілеттерін арттыру.
8. "Эмоция жұбын тап"ойын-тапсырма
Мақсаты:Эмоциялардың екінші жұбын тауып атау, ол қандай эмоцияда
екенін көрсету.
9. «Ойла да,ойна!»ойын-тапсырма.
Мақсаты:Балалардың зейіндерін,ойлау қабілеттерін дамыту.
Шарты:Қалташадағы санға сәйкес таяқшалар санап салу.
10.Қорытындылау.Әділқазылардың марапаттаулары.
Барлық өткізілген іс-шаралар топтарды, ұжымды біріктіруге, позитивтік
көңілге, бір-бірін құрметтеуге бағытталды. Психология апталығының
қорытындысы шығарылып, белсенді топтар, ата–аналар мен балалар
мадақтама және сыйлықтармен марапатталды.
110
111
Мектепалды даярлық топ балаларымен«Ұр, тоқпақ!» ертегісі сахналанды.
(Дарынды балалармен жұмыс)
«Ұр, тоқпақ!»ертегісі
Ерте,ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде бір ата мен апа болыпты.Ата мен апа
кедей болып,тұзақ құрып күнін көреді екен.Бір күні ата тұзағын келіп
қараса,бір қаз түсіп қалыпты.Қазды тұзақтан босатып,асып тамақ
қылдырып жейін десе,қаз шалға айтыпты:–Сен мені босат! Менен не
сұрасаң, соны бір жылдан кейін ал,–дейді. Ата мақұл көріп, қазды босатып
қоя береді. Үйіне келіп, жанағыны айтса, апа атаға ұрсады.
Ата:–Қой, сен түк білмейсің!–деп, сөзін тыңдамай, жүре береді. Бір жыл
өтеді. Ата қазға бармақшы болады. Жүре-жүре, бір жерге келсе, өңкей түйе
жайылып жүр екен. Келіп, түйешіден:
–Бұл кімнің түйесі?–десе
–Бұл Қазбайдың түйесі,–дейді.«Бүл Қазбай–баяғы қаз екен»,–деп ата
ойланып тұрып, жүріп кетеді.
112
Бір жерге келіп:–Бұл кімнің қойы?–деп, қойшыдан сұрайды.
Қойшы:–Бұл Қазбайдың қойы,–дейді. Шал жаңағы қойшы баладан:–
Шырағым, Қазбайдың бұдан басқа несі бар?–дейді. Бала шалға:–
Қазбайдың үш жақсы нәрсесі бар. Біреуі:«Піс, қазаным, піс!»–десе, әр
түрлі тамақ пісіп шығады, енді біреуі: «Құс, есегім, құс!»–десе, есегі алтын
құсады, тағы біреуі:«Ұр тоқпағым, ұр!»–десе, адамдарды ұра береді,–дейді.
–Мақұл,–деп шал жүріп кетеді. Ата Қазбайдың аулына келеді. Қазбай
шалды күтіп алады. Ата Қазбайдан «Піс қазанын» сұрайды. Қазбай
сұрағанын береді. Ата алып үйіне келе жатса, бір жерде асық ойнап жатқан
балалар шалға:
–Ата, асқа түсіңіз!–дейді. Ата асқа түседі. Үйге кіріп бара жатып, ата
балаларға:–Шырақтарым!«Піс, қазаным, піс!»демеңдер,–дейді. Ата үйге
кіріп кеткен соң, балалар тыңдасын ба:«Піс, қазаным, піс!»–деп, шулап қоя
береді. Сүйдегенде, әртүрлі тамақ пісіп, даяр болады. Балалар қазанды
айырбастап, алып қалады. Шал қазанды үйіне алып барып:«Піс, қазаным,
піс!»– десе, еш нәрсе піспейді. Шал қазанды алып, Қазбайдың үйіне қайта
келеді. Қазбайға:
–Бұдан еш нәрсе шықпады,–дейді. Қазбай қазанды алып:«Піс, қазаным,
піс!»–десе, еш нәрсе шықпайды. Қазбай қазанның орнына атаға есекті
беріп жібереді. Шал есекті алып үйіне қайтады. Жолда келе жатса, балалар
шалға:–Ата, асқа түсіңіз!–дейді. Ата асты тастағысы келмей, есектен
түседі. Үйге кіріп бара жатып, балаларға:–Шырақтарым! «Құс, есегім,
құс!» демеңдер,–дейді. Балалар:
– Мақұл!– дейді. Ата үйге кіріп кеткен соң-ақ, балалар:«Құс, есегім, құс»–
десе, есек алтын құсады. Балалар есекті айырбастап, орнына басқа есек
қояды. Шал есекті алып үйіне кетеді. Апа: –
Қаздан барып алып келгенің осы ма?–дейді. Ата есекке: «Құс, есегім,
құс!»– десе, есек еш нәрсе құспайды. Ата есекті алып, Қазбайға тағы қайта
келеді.
–Есек еш нәрсе құспайды,–дейді. Қазбай есекті алып:«Құс, есегім,
құс!»десе, еш нәрсе құспайды. Атаға Қазбай «Ұр тоқпағын»береді. Шал
«Ұр тоқпақты»алып келе жатса, баяғы жерде тағы да балалар жүр екен.
Балалар атаға:
113
–Ата, асқа түс!–дейді. Ата үйге кіріп бара жатып:
–Шырақтарым!«Ұр, тоқпағым, ұр!»демеңдер,–дейді. Ата үйге кіріп кеткен
соң, дәндеген балалар:«Ұр, тоқпағым, ұр!»–дейді. Тоқпақ балалардың
әрқайсысын ал кеп ұр! Ұрып жүр, ұрып жүр… Балалар тоқпаққа
жалынады:«Ойбай, «Піс қазаныңды», «Құс есегіңді, берейік!»–дейді. Ата
келе жатып, естіп қояды. Ата келіп:
–«Піс қазанды», «Құс есекті» бересіңдер ме?»–дейді. Балалар:
–Мақұл! Әкеліп береміз!–дейді. Ата«Ұр тоқпақты қойғызады. Балалар
«Піс қазанды», «Құс есекті» әкеліп береді. Ата «Піс қазанды», «Құс
есекті», «Ұр тоқпақты» алып, үйіне келеді. Сөйтіп, мұратына жетеді.
114
Ашық көрсетілім:
Тақырыбы:«Театр еліне саяхат»
Мақсаты:Балалардың зейінін,логикалық ойлауын,қиялдау,есте сақтау
танымдық қабілеттерін, белсенділіктерін арттыру,ересектермен және
құрдастарымен тұлғааралық өзара іс-қимыл шығармашылық дағдыларын
қалыптастыру.
Міндеттері:Балаларды танымдық белсенділікке арттыру, өз ойын айта
білуге, әңгіме құрастыруға үйрету, дене және эмоционалды қысымдарын
шешу, қоршаған әлем жөнінде білімдерін кеңейту.
Керекті құралдар:хат,карта,кедергілер,сиқырлы таяқша, әуендер,т.б.
көрнекі құралдар
Әрекет Педагог-психологтың іс-әрекеті Балаларды
кезеңдері ң
Мотива Балалармен әңгімелесу: іс-әрекеті
ция -Сәлеметсіңдер ме балалар?! -Сәлемет
лық Қыздар мен ұлдар?! сіз бе!
қозғаушы -Енді қонақтармен амандасамыз.
-Сәлемет
115
-Бүгін мен сендерді көргеніме өте сіздер ме!
қуаныштымын,өйткені көңіл-күйім тамаша,осы -Балалар
дың іс-
жақсы көңіл-күйімді сендермен де бөліскім қимыл-
дары
келеді,бір-біріміздің қолымыздан қысып
-Балалар
жымияйық.Егерде күлкім өзіме қайтіп келетін дың
жауаптары
болса мен сендерге риза боламын.
Балалар
-Мінекей жарайсыңдар балалар күлкім өзіме дың іс-
әрекеттері
қайтіп келді.Бүгінгі біздің оқу қызметіміз
өзгеше болады,өйткені ол өте ерекше өтеді,ал
енді айтыңдаршы маған, сендер саяхатқа
барғыларын келе ме?
-Балалар бұл әлемде қуыршақтар тіріліп және
жанды сөйлейді,онда әртүрлі ғажайып заттар
болады.Бұл қандай ел екенін түсіндіңдер ме?
Іздену -Бұл сиқырлы да жұмбақ, театр әлеміне
ұйымдаст
ырушы барғыларың келе ма?Қалай ойлайсыңдар театр
әлемінде кімдер өмір сүреді екен?
-Дұрыс айтасыңдар балалар, ендеше бұл театр
әлеміне тек актерлар ғана бара алады екен.
Сендер актер болғыларын келе ма?
-Актер болу үшін не істеу керек
депойлайсыңдар?
-Ендеше актерлік шеберлікке
үйренейік.Сендерге қазір ойлануға тура
келеді.Сендер әртүрлі эмоция немесе
сезімдеріңді бейнелеу
керексіңдер(қорқу,ренжу,қуану,таңқалу
т.б.кубикта бейнелері бейнеленген)
-Жарайсыңдар балалар сендер актер болуға
лайық екенсіңдер,ендеше сиқырлы театр әлеміне
аттануға дайындалайық.Бірақ ол алыста ғой
балалар,қаншама алдымызда қиындықтар бар
солардан өту керекпіз,қорықпайсыңдар ма?Бірақ
мен театрға баратын жолды білмейді
екенмін?!Енді не істиміз?
-Қараңдаршы балалар бізге хат келіпті,кәнекей
оқып жіберейік,не деп жазған екенін?
-Балалар бұл хатта былай жазылған
екен:"Егерде балалар барлық жұмбақтың
жауабын шешсе ,театрға көрсететін жол картасы
сонда ғана ашылады"деген екен,ал ендеше
жұмбақтарды шешіп көрелік:
116
Жұмбақтар шешу: Балалар
1. Қыста ғана болады. дың
Ұстасаң қолың тоңады(Қар) жауаптары
2. Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ жетеді.
Ауызы жоқ ұлиды (Боран)
3. Отқа жанбайды,
Суға батпайды.(мұз)
4. Тек өзі көрінбейді,
Адамды тоңдырады.
Ызғары ,дірілдетіп,
Есіңнен таңдырады. (Аяз)
5. Аяз қысып,өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,бет домбығып,
Сырғанап балалар ойнайды.(Қыс)
-Жарайсыңдар балалар мінекей барлық
жұмбақтардың жауабын шештік,ендеше карта
қазір бізге театрға баратын жолды көрсетеді.
-Балалар маған айтыңдаршы қазір қандай жыл Балалар
мезгілі? дың
-Ал қыс мезгілінде неше ай бар? жауаптары
-Қандай айлар бар екен, атап өтейік?
-Қыс мезгілінде қандай табиғи
ерешеліктер,құбылыстар болады? Балалар
-Дұрыс айтасыңдар балалар,онда жылы дың
киініп.театр әлеміне аттанайық!Біз карта жауаптары
көрсетіп отыратын бағыттар арқылы жүру
керекпіз,сонда біз театр әлеміне адаспай жетеді
екенбіз.Менімен бірге жүріңдер мен сендерге
жол көрсетемін.
-Балалар қараңдаршы біз мұз айдынының
үстінен өту керекпіз екен,қорықпайсыңдар
ма?Мұздың үсті кейбір жерлері дұрыс қатпаған
ол жерлер жарылып, біздің суға түсіп кетуіміз
мүмкін, сол үшін біз асықпай,абайлап,бір
бірімізге көмектесіп өтейік,келістік па?Ал
ендеше кеттік! (Әуен сынып жатқан мұздың
дауысы) Балалар
-Жақсы балалар бәріміз өттік па?(шеңберге дың
тұрып) жауаптары
Енді балалар кәнекей айтыңдаршы маған
117
мұздың үстінен өткенде,сендер қандай сезімде
болдыңдар?
-Жақсы балалар бірақта мұз айдынына біз
жалғыз бармау керекпіз!
-Жақсы балалар енді ары қарай аттанайық,карта
бізге осы жолы не көрсетеді екен? Балаларды
-Балалар қараңдаршы омбы қарлар екен ң қимыл-
алдымызда,енді оның үстінен қалай қозғалыста
өтеміз?Қараңдар балалар астында үңгір бар ры
екен, онда осы үңгір ішімен өтейік,әрине егерде
қорықпасаңдар? Балалар
-Ал балалар барлығымыз өттік па? дың
-Қорықтыңдар ма? жауаптары
-Қандай сезімде болдыңдар?
-Жақсы балалар!(Әуен ойнайды)
-Ненің дауыстарын естіп тұрсыңдар балалар?
-Дұрыс балалар!
-Балалар айтыңдаршы қандай құстарды
білесіңдер?
-Жақсы дұрыс балалар,онда кәне орындарына
отыра қойыңдаршы(әуен құстардың дауыстары) Балалар
-Балалар қазір әуен ойналады,сендер соны қай дың
құстың дауысы екенін тауып алу керексіңдер іс
және алдарында жатқан суреттегі құсты алып әрекеттері,
көтеріп көрсету керексіңдер.Құстарды сипаттап жауаптары
айту.
Бұл қандай құс?Оның түсі қандай болады?Ол
қандай дыбыс шығарады?
-Жақсы балалар енді ары қарай аттанайық,карта
арқылы қарайық енді қай жаққа жол жүреді Балалар
екенбіз?Балалар естіп тұрсыңдар ма? Боран дың
соққалы тұр,сол үшін біз жылдамдату қимыл-
керекпіз,картада осы ағаштардың арасымен қозғалыста
өтсек,адаспай театр әлеміне жетеді екенбіз,онда ры
менің артымнан жүрелік.(боранның әуені)
-Жақсы балалар қалайсыңдар?Қорыққан
жоқсыңдар ма?Және біз неше ағаштың арасынан -Балалар
өттік?Ал орманда ағаштар көп болады ғой дың
иә?Ендеше қазір маған 7,8,9 сандарында неше жауаптары
бірлік болады екен соны істеп көрелік,ал 9
санынан кейін қандай сан тұрады?Дұрыс 10
саны екен,кәне балалар енді керісінше санайық!
118
Жарайсыңдар балалар!Міне біз театрға келдік: -Балалар
-Қалай ойлайсыңдар балалар театрда қалай дың
өзімізді ұстау керекпіз екен? жауаптары
Жақсы балалар дұрыс!
Қазір бізге театрда істейтін актерлар ертегі
сахналайды,өйткені біз қаншама кедергілерден
өтіп,тапсырмалар орындадық қой, ал ендеше
«Ұр, тоқпақ!»ертегісін тамашалайық!
-Міне балалар, енді бізге артқа балабақшаға -Балалар
қайтып оралу керек.Балабақшаға жету үшін дың
мына сиқырлы таяқшаны қимыл-
қолданайық.Қолымызды ұстап шеңберге біз қозғалыс
тұрайық, көзімізді жұмайық! (Релаксация) тары
–Кәне,сиқырлы таяқша бізді балабақшаға тез
жеткіз!
-Көзімізді ашамыз,қараңдар балалар біз
балабақшадамыз .
-Балалар
өз жауап
Рефлек -Жарайсыңдар балалар!Міне біз бүгін әртүрлі тары ай
сивті
коррекци тапсырмалар орындадық.Сендер тамаша жұмыс тып береді
ялаушы
жасадыңдар! Эмоция
-Сендерге саяхатқа барған ұнады ма?Ал не үйшігіне
сендерге көбірек ұнады?Қай өз таңда
тапсырма?Өздеріңді қалай сезіңдіңдер?Ал не ған смай
қиын болды? ликтарын
қояды.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу Зейінді болуға,есте сақтауға,қиялдай білуге
керек
Нені Тапсырма арқылы өз ойларынан әңгіме
игерді құрастыруға, сезімдерін айта білуге
Нені Балалар ересектермен,бір-бірімен қарым-
біледі қатынас жасайды
119
120
121
122
123
124
Педагогикалық кеңесте өз іс-тәжірибемнен
педагогтармен бөлісуде:
125
126
Ата - аналармен тренинг
127
ЖЫЛДЫҚ НӘТИЖЕНІҢ ДИАГРАММАСЫ
80
70
60
50
40 зейін
ойлау
30 есте сақтау
қабылдау
сөйлеуді дамыту
20
10
0
ересек тобы ересектобы мектепалды мектепалды
жылдың басы жылдың соңы даярлық тобы даярлық
жылдың басы жылдың соңы
128
Қорыта келгенде балалармен өз жұмысымда
қолданатын,психокоррекциялық жұмыс түрлері төмендегідей
принциптерге негізделеді,даму және коррекцияның бірлік
принципі.Коррекциялық жұмыстың мақсаты және мазмұны баланы
кешенді, жүйелі, тұтас, динамикалық зерттеу жүргізгеннен кейін ғана
анықталады, яғни оған дифференциялды–диагностикалық зерттеу жүргізу
қажет. Коррекциялық жұмысты жүргізе отырып бала күйіндегі өзгерістерді
белгілеп отыру қажет және бұл жағдайда коррекция процесінің өзі толық
диагностика жасауға материал жинақтайды.Балаға деген жеке дара
қатынасты анықтайды және психикалық дамудың негізгі заңдылықтарын
ескере отырып, коррекциялық жұмыстар құрылады.Баланың дамуы өзіне
жақын болатын ересек адамдармен балалармен бірге қарым–қатынаста
дамиды.Дарынды балалармен жеке тұлғалық қарым–қатынастар
ерекшелігі,шығаршылық қабілеттерін дамудың бірегей қызметі және оны
іске асыру дамудың маңызды құрам бөлігін құрайды.Шағын топ
балаларымен коррекциялық жұмыстың табыстылығы оны құрайтын басқа
да құрам бөліктермен бірге ата–аналармен қарым–қатынас жасауда басты
рөль атқарады.Нәтиже бойынша балалар белсенді бола бастады,балалар өз
ойларын келеді,ұрақтарға жауап береді,сұрақтарды дұрыс қоя
біледі,әртістік қабілеттерін көрсете біледі, ең бастысы-осы
материалдармен жұмыс істеу қызықты. Әңгіме құрастыруды,сурет
бойынша әңгіме құруды тек жеке балалар ғана емес,оқу жылдың басынан
үндемей келген балалар да орындай алады. Негізгі принциптерге,
психолог, педагогтың баламен ата–анамен бірге жүргізген жұмысына,
баланың өзінің белсенді қызметіне сүйене отырып, жүргізілген
психокоррекциялық жұмыстың ғана жағымды динамикасы болады.
129
Педагог-психолог кабинетінің көрінісі
130
131