The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by sanvia, 2018-11-11 09:40:29

4Seidimbek A. _ kazak alemi

4Seidimbek A. _ kazak alemi

Сондықтан елдің тұрмысын түзеп, биологиялық сау-
лығын сақтау үшін мал шаруашылығын көшпелі өмір
ырғағына қайта бейімдеу керек. Отар-отар қойға, үйір-
үйір жылқыға, табын-табын сиырға, келе-келе түйеге
қысы-жазы бір қыстаудың төңірегін шыйырлату ұлт
тағдыры мен ұлт экономикасы үшін қастандықпен тең. Бұл
әсте ескі өмір салтты көксеу емес. Бұл экосистеманың
қажеттілігі және аз шығын жұмсау арқылы мол өнім алу-
дың бірден-бір кепілі... Байтақ даланың мүмкіндігін ұрым-
тал пайдаланып, жыл құсымен бірге өз аяғымен мәңгілік
көктемді қуалаған төрт түлік малдың соңына ілесіп жүріп
қана өнімін жинап алу тегін игілік. Бұған қазіргі техника-
лық-коммуникациялық мүмкіндік демеу болғанда, көшпелі
өмірдің қаншалықты жеңілдікке түсетіні айтпаса да
түсінікті. Содан да болар дүние жүзінде малдан ең жоғары
өнім алатын Австралия, Монғолия, Швеция малшылары
күні бүгінге дейін көшпелі өмір салтты қолайлы көреді.

Демек, Қытай мен Моңғолиядан келген малшы
ағайындарға мүмкіндік беріп, жағдай жасаса, мал шаруа-
шылығы саласындағы көшпелі өмір салтты қалпына
келтіруде үлкен біліктілік таныта алар еді.

Көшпелі мал шаруашылығы тек қана экономикалық-
биологиялық жаңғыра түлеуге кепіл болып қоймайды, ең
бастысы ұлттық болмыстың, дәстүрлі мәдениеттің берік
негізі де болар еді.

Қазір еліміздің дәулеті республикамызды торлаған бан-
ктер мен корпорациялардың иелігіне көшуде. Бұл орын-
дардың тізгінін жергілікті ұлт өкілдерінен гөрі басқа ұлт
өкілдерінің көбірек ұстауы қазақ халқын қатты
алаңдатып отыр. Мұның өзі қазіргідей өтпелі кезеңде
коррупцияланған мафияға ұласуы оп-оңай. Бетін аулақ
етсін, ондай жағдайға тап болса, қазақ халқының ендігі
ғұмыры құлдықта шіріп, рухани азғындап, бірер ұрпақ ал-
масқанда құрып бітпей ме? Бұл, бал ашып білген
сәуегейлік емес, ақ бас тарихтың ауыз күйдірген ащы
тәжірибесінен белгілі гәп. Өзге ұлт өкілдерінің финанс
олигархиясын орнатуы Қазақстан сияқты ұлттық респуб-
ликаға қазылған көрмен тең.

Міне, осындай жағдайда шет елдердегі банк ұстаушы,
шаруашылық жүргізуші ағайындардың күш біріктіріп,
Қазақстан үкіметімен тікелей байланысқа шығуы ауадай
қажет. Тағы да тарихқа жүгінуге тура келеді, екінші дүние
жүзілік соғыстан кейінгі кезеңде Түркияны теспей сорған
жөйттердің финанс олигархиясын ығыстыруда түріктердің

450

шағын кәсіпкерлерінің жұмыла қимылдауы негізгі күш
болған.

Ең соңында, қазақ халқы ел болып ес жинап, жұрт бо-
лып бас біріктіру үшін, айтылған проблемалардың барша-
сын реттеп отыратын Орталық болуы керек. Оны комитет
деп атай ма, қоғам деп атай ма, мәселе онда емес...
Қалайда Қазақстан үкіметінің елді көгертіп-көктету жо-
лындағы арқа сүйер мекемелерінің бірі болғаны жөн.

Қазақ халқының болашағына қатысты бірінші кезекте
мән беретін міндет ұлттың басын біріктіру. Бұл мәселе
ойдағыдай шешімін таппаса, қазақ халқының бақытты бо-
лашағына қатысты еткен еңбек пен төккен тердің бәрі зая.
Себебі, ұлттың эпицентрі болып табылатын Қазақстандағы
этно-әлеуметтік, этно-демографиялық және этно-саяси
жағдайдың күрделенгені сонша, қазақ халқы қазіргі
қалпында өз жерінде еш уақытта этно-доминант бола ал-
майды. Қазір Қазақстандағы қазақтар ғана емес, Ресей-
дегі, Өзбекстандағы, Қытайдағы, Монғолиядағы және
Түркиядағы қазақтар да дербес ұлт болуға қажет
алғышарттардың бәрінде де (тілі, дәстүрі, саяси-әлеуметтік
еркі, жері, өнері, о қ у ы т. б.) рецессивті қасиетімен таны-
лып отыр. Яғни, төлтума қасиеті бар дербес ұлт болып
қалатын мүмкіндік ж о қ деген сөз. Демек, жеке-жеке
жұтылудан аман қалудың жалғыз жолы — бас біріктіру.
Мұның инициаторы алдымен Қазақстан және оның
үкіметі болуы керек.

Қазақ халқының халық ретінде жұмыла кірісетін,
қажет болса, жанған отқа түсіп, жанын құрбан етер ең
ұлы ісі ұлттың тұтастығын сақтау болуға тиіс. Ұлттың басы
бірікпесе, болашақ ұрпақтың ұзаққа созылған азапты
өмірі ақыр аяғында жұтылып, құрумен тынады.

Қазақ халқының бас біріктіруі — ұлт тағдырының
стратегиялық мүддесі. Мұндай тарихи істі бүгінгі ұрпақ
қана жүзеге асыра алады. Ал, игілігін болашақ ұрпақ
көреді. Бүгінгі күннің түйінді проблемаларын мың жерден
сәтті шешкенмен, ұлттың басы қосылмаса қайырлы
нәтиже болмайды. Дәл қазір ұлттық консолидацияға тари-
хи қолайлы кезең. Егер дәл қазір қазақтар бас қосып, өз
жерінде бел алып, ұлттық дербестігін халықаралық аяда
орнықтырып үлгермесе, күні ертең-ақ сыртқы өктем
күштің күрзісі тек қана Қазақстанның үстіне үйірілетін бо-
лады.

Ұлттың тұтастануы сөз болғанда территориялық талап-

451

тілектер қоюдың қажеті жоқ. Қазіргі қолда бар ата ме-
кенге бас біріктіру негізгі мұрат болу керек.

112. ЕЛДІҢ МӘЙЕГІ— АУЫЛ. Тарихи тағдырдың жа-
зуымен халқымыз қоғамдық жүйелер алмасу кезеңін бас-
тан кешуде. Бұл — сыны көп, жауапкершілігі жойдасыз
өлара шақ. Қазіргі қадамымыз қандай болса, халқымыз-
дың болашақ тағдыры да сондай болмақ. Мұндайда біздің
қай-қайсымызды да бүгінгі күннің өтпелі проблемалары-
нан да бұрын алдағы алыс болашақты көздеген әрекет-
тірлігіміздің дұрыс-бұрыстығы көбірек алаңдатуы әбден
түсінікті болса керек.

Қазіргі бастан кешіп отырған әлеуметтік сілкіністердің
өзіндік заңдылығы бар. Алайда, біз осынау системалық
өзгерісті халқымыздың төлтума болмысымен үйлестіре
алып отырмыз ба? Дәлірек айтсақ, жер бетіндегі әр бір эт-
нос сияқты, қазақ халқын да халық ретінде қалыптас-
тырған экосистемамен бүгінгі таңдағы әлеуметтік-эконо-
микалық бағдарымыз жан-жақты жарасым таба ала ма?
Одан да нақтылай түссек, нарықтық экономикаға ұлттық
мүддені жығып беріп отырған жоқпыз ба? Ұлттық мүддені
көздей отырып, нарықтық экономиканы төл топы-
рағымыздың талабына орай жерсіндіруіміз мүмкін бе?
Ұлттық қадір-қасиетіміздің ұйытқысы ауыл екені — ойлай
білетіндердің бәріне аян, олай болса, бүгінгі нарықтық
экономикаға бет бұрған әрекетіміз ауыл шаруашылығының
табиғи ортамен кіндіктес тағдырын ескере алып отыр ма?
Ж о қ әлде, тарихи-табиғи қалпымызды қаперге ілместен,
нарықтық экономикаға сырттай еліктеу үстіндеміз бе?

Сөз жоқ, мұндай сұрақтар төңірегіндегі ойдың жо-
сығы өзінен-өзі адам және табиғат, қоғам және табиғат,
ұлт және табиғат деп келетін іргелі проблемалармен бет-
тестіреді.

Дүние жаралғалы табиғат-ана тіршілік атаулыға
бейімделіп көрген емес. Керісінше, тіршілік атаулы та-
биғатқа бейімделу арқылы ғана ғұмырын ұзартып келеді.
Бұл — аксиома. Яғни, кез келген мемлекет гүлденіп-
көркею үшін өзінің маңдайына біткен экосистемасымен
мықтап санасуы керек. ХIX ғасырда Америкада туындай
бастаған табиғаттың бермесін тартып алып, „пайдасызын"
жойып жіберіп отыру керек дейтін таным-түсінікті бола-
шақтан үміті бар мемлекеттердің бәрі де тәрк етуде. Яғни,
шын мәніндегі базистік болмысқа тұғыр болатын на-
рықтық экономика ең алдымен этнос және экосистема
деген мәселені қаперде ұстауы қажет. Өкініштісі сол,

452

мәселенің бұл қыры біздің әлеуметтік-экономикалық
ұмтылыстарымызда қанағаттанарлық деңгейде басшы-
лыққа алынбай отыр. Бізде, әсіресе, ауыл шаруашылығына
қатысты, соның ішінде мал шаруашылығына қатысты на-
рықтық экономкаға бет бұрған саясатымыз табиғи
қоршаған ортаның болмыс бітімімен санаса алмай, халық
тағдырын қатал табиғаттың тәлкегіне тастаған сияқты.

Қазақ даласы, негізінен, аридті аймаққа жататыны
белгілі. Жазы ыстық, қысы суық, жері қуаң. Осынау да-
лада соңғы үш мың жылда, XX ғасырға тұяқ іліктіргенге
дейін бір ғана шаруашылық-мәдени сүлесі (типі) үстемдік
құрды. Ол — көшпелі мал шаруашылығы. Қатал табиғат
аясында малдың тісіне еріп күн көрген ата-бабамыз тек
қана қауымдасу арқылы берекелі тірлік құрып келді. Бұл
артықшылығы да немесе кемшілігі де емес, экосистема-
мен санасқан қажеттілік болатын. „Ауыл болсаң, қауым
бол", „Көппен көрген ұлы той", „Алтау ала болса, ауыз-
дағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді" деп ке-
летін ой-тұжырымдар өмір сүрудің формуласы сияқты.
Түптеп келгенде, бұл даладағы рулық жүйенің өзінде де
этникалық сипаттан гөрі, әлеуметтік қажеттілік басым еді.
Өйткені, қатал табиғат аясында қолдаса қауымдасып күн
көрмесе, берекелі тірлік құру мүмкін болмайтын. Мұны
жақсы түсінген ата-бабамыз, Л. Н. Гумилевтің сөзімен
айтқанда, мал шаруашылығын әрі қарай шыңдауға болмай-
тын биікке көтеріп еді. Тек қана шаруашылығын шыңдап
қоймай, сол экосистемамен үндес салт-дәстүрін
қалыптастырып, ұлттық менталитетін орнықтырып,
мәдени рухани әлемін де шыңдай білген. Егер, қазір біздің
бойымызда іліп алар қазақтық қадір-қасиет бар болса,
оның негізі сөз жоқ, сол қауымдасқан өмір салт аясында
қалыптасқан құндылықтар...

Қазір де сол дала... Қазір де сол табиғат... Бірақ, сол
дала мен табиғаттың аясында қауымдасып қана береке та-
буға болатын айнымас заңдылықтың шырқы бұзыла бас-
тағанын шырқырап тұрып айтпасқа болмайтын сияқты.
Қазіргі ауыл тұрғындары „балапан басына, тұрымтай тұсы-
на" дегендей, әлеуметтік ауыртпалықпен жеке-жеке бет-
тесуде. Нарықтық экономиканы экосистемаға бейімдеп,
халықты ұжымдасқан еңбекке жұмылдыра алмай отыр-
мыз. Бірлі-жарым атқа мінген қолы ұзындар жекеше-
лендіру науқаны басталғанда тегін дәулетті қамтып қалды
да, өздерінше шаруашылығын жүргізіп кеткен сияқты бо-
лып көрінуде, Ал халықтың басым бөлігі оншақты тұяқ
малының сүмесін талғажау етіп күн көруде.

453

Қазақ халқын ұжымдасып күн көру мүмкіңдігінен
кеңестік жүйе де айырған ж о қ еді. Түптеп келгенде,
ұжымдық шаруашылық дегеніміз экосистеманың талабы-
на сай болатын. Халықтың рулық құрылымы аздап
бұзылғанымен, колхоздастыру барысында ұжымдық-
қауымдық қалыбы сақталып қалды...Нәтижесінде, халық
дәулетін жаппай тәркілеген (конфискациялаған) солақай
саясаттың салдарынан болған ашаршылық қырғынынан
кейін де ел еңсесін тез түзеп ала қойып еді.

Алпысыншы жылдардан бастап кеңестік шаруашылық
жүйесі бел ала бастады. Сол кезден бастап халық төрт
түлік малдың өнімін өздері ұқсатуды саябырсытып,,
еңбекақыға (ақшаға) иек сүйеп алды. Сөйтіп, тоқсаныншы
жылдардың бас кезіне қарай сиырда неше емшек болаты-
нын білмейтін ұрпақ қалыптасып үлгерді.

Енді бүгін, нарықтық экономикаға бет бұрудың жөні
осы екен деп, ауыл шаруашылығының ұжымдық негізін
бұзған кезде, төрт түлік малды сатуды ғана білетін тобыр
қаптап шыға келді. „Ауруын жасырған өледі" дейді халық
даналығы. Ауыл шаруашылығында нарықтық экономиканы
экосистемамен шендестіріп жүргізе алмағандығымыздан
небір ұядай қыстаулар қаңырап бос қалды. Елді мекен-
дердегі өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың
бәрі жаппай күйреді. Бұрынғы мал шаруашылығымен айна-
лысатындар жұмысы бар жерлерден де бұрын, мектебі
мен емханасы бар орталықтарға қарай лықсып көшуде.
Сөйтіп, қазақ ұлтының мәйегі болып келген ауылдардың
шырқы бұзылуда.

Сөз жоқ, бұл сияқты экономикалық ахуалдың салда-
ры таяу болашақта-ақ қазақ халқының ұлттық болмысы-
на кері әсерін тигізеді.

Нарықтық жағдайда дүниеге келген ұрпақтың алды
қазір алтыға толды. Қазақтың басым көпшілігі ауылдық
жерде тұрады. Демек, ауыл тұрғындарын ұлттық қадір-
қасиетінен айырмай, жаңа заман көшіне ілестіре білу мем-
лекеттік жауапкершілікке қоса, мемлекеттік іскерлікті де
талап етеді. Өкініштісі, ауыл тұрғындары қазір тұлдыр
жетімнің күнін көруде. Құдайға дауысы жетпейді,
үкіметке сөзі өтпейді.

Мұндайда „не істеу керек?" дейтін сұрақ туады.
Қалай болғанда да, нарықтық әрекетке икемі жоқ,
дәстүрді шаруашылықты жүргізіп кетуге мумкіндігі ж о қ
халыққа „қайтер екен" дегендей сыңаймен қарап отыруға
болмайды. Әр ауданнан ресми топ құрып, халықты 15—
20 шаңырақтан болса да топтастырып, әрекет-тірліктерін

454

белгілеп, міндетті түрде бастауыш мектептерін ашып, мем-
лекет тарапынан босатылып жатқан қаржының дұрыс
бөлінуін қадағалап т. б. шұғыл түрде қамқорлық көрсетілуі
керек.

Осындайда еске түседі, П. А. Столыпиннің аграрлық
реформасы ғасыр басында тұралған Ресей империясын дүр
сілкіндіріп, орыс деревнясының әлеуметтік өмірін
жаңғыртуға мұрындық болып еді. Шаруаларға жер
еншілетіп, хуторларды қалыптастырғаны белгілі. Сол ху-
торлар күні бүгінге дейін орыс болмысының өзегі болып
келеді.

113. БОЛАШАҚ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ. Бола-
шақтағы қазақтың қандай болуы бүгінгі жер басып
жүрген қазақтарға байланысты!

Әрине, болашақ туралы қиялға ерік беруге де, қиялды
әр түрлі қисындармен әдіптеуге де болады. Бірақ оның
бірде-бірі болашақ өмірдің қандай болатынына кепіл бола
алмайды. Алдағы өмірдің қандай болуы бүгінгі жер басып
жүрген адамдардың әрекет-талабына тікелей байланысты
десе, бұл — біршама шындыққа табан тірегендік болып
шығады. Бұл орайда, жеке адамдардың талпыныстарынан
бастап, мемлекеттік деңгейдегі қимыл-әрекеттің баршасы,
түптеп келгенде, болашақтың алғышарттары болмақ.. Ал,
үш ғасырға созылған репресияшыл-отаршыл системадан
кейін қол жеткен азаттық кезең қазақ халқының бүгінгі
ғана емес, болашақ тағдыр-талайы үшін де тарихи сын ке-
зеңі. Қазақ халқы ұлт болып тарих сахнасына шыққалы
қандай бір қан-қасап қиындықты бастан кешсе де, ұлттың
болашақ тағдырына қатысты дәл қазіргідей тарихи жауап-
кершілігі мол заманмен беттесіп көрген емес. Мұндай сын
сағатта этникалық сергектік, этностың белсенділігі ше-
шуші рөл атқаратыны аян. Өкінішке орай, үш ғасырға со-
зылған репрессияшыл-отарлық система қазақ халқының
этникалық болмысын мейлінше „жансыздандырып" кетті.
Бұл — көз көріп, көңіл тіксініп отырғаң ащы шындық.
Мұндайда, қоғамдық психологиялық қалыптасқан
үрдістің (тенденция) уақыт. пен кеңістік аясындағы екпіні
басылғанша халықтың тағдыр-тізгіні басшы қызметтегі-
лердің қолында қала береді. Ұзақ уақытқа созылған ре-
прессияшыл-отарлық система барысында басшы қызмет-
керлердің тек қана жоғарыдан берілер бұйрықты мүл-
тіксіз орындайтын психологиясы қалыптасқан. Нәтиже-
сінде ел тағдырының тізгінін ұстағандардың болмысында

455

жаңғыртушылық қасиеттен гөрі орындаушылық қасиет
басым, жасампаздықтан гөрі жалтақтық қасиет мол бо-
луы заңды. Қоғам өміріндегі саяси сауатсыздықтың, эко-
номикалық орашолақтықтың, ситуациялық пысықайлық-
тың, протекцияшыл алаяқтықтың, трайболистік надан-
дықтың, ең соңында әрбір пенде бойында қара басын ғана
күйттеген хаюандық түйсіктің бел алуы, түптеп келгенде,
жаңағы айтқан жаңғыртқыш-жасампаз психологияның
жалпы этникалық сапаға айнала алмауынан болады.

Қазақ халқы осынау тарихи „дерттен" қаншалықты
арылып, жасампаздық жолына түсе алса, соншалықты
деңгейде ғана болашағы қалыптасады.

Бүгінгі таңда кез келген ұлттың, кез келген мемле-
кеттің тағдыры жалпы адамзаттық даму үрдістерімен
тікелей байланысты. Ал, жалпы адамзаттық даму үрдісіне
қатысты бір ақиқаттың басы ашық. Ол — XXI ғасырда ха-
лықаралық өзекті істер негізінен ұлттық мемлекеттер
мүддесінен туындайтын болады. Ұлттық мемлекеттер
шыңдалуының орта ғасырдан басталған үрдісі XX
ғасырдың соңында өзінің апогейіне жетті. Яғни, жалпы
адамзаттық дамудың технократтық, экономикалық және
мәдени-рухани ілкімді кірігулері (интеграция) ұлттық
төлтумалыққа қауып төндіріп, ұлттық мемлекеттердің
қорғаныс сезім-әрекетін оята бастады. Бұл орайда, Фран-
цияның тілге қатысты, Жапонияның оқу жүйесіне
қатысты, Германияның этникалық тұтастануға қатысты,
Англияның салт-дәстүр тазалығына қатысты, Қытайдың
экономиканы экоэтникалық ерекшелікке бейімдеуіне
қатысты мемлекеттік деңгейде жүргізген шараларына ден
қоюға болады. Демек, алдағы даму үрдісінде елдердің, ха-
лықтардың, мемлекеттердің ерекшелігін саяси немесе
экономикалық система белгілемейді, ең алдымен сол
елдің мәдени-өркениетті төлтумалығы белгілейді. Өмір
ағымында кедейдің бай болуы, байдың кедей болуы, ком-
мунистің демократ болуы, шовинистің интернационалист
болуы бек мүмкін..Бірақ еш уақытта қазақ орыс болмай-
ды, ағылшын қытай болмайды, сол сияқты армянның
әзірбайжан болуы да мүмкін емес. Әрбір басы жұмыр пен-
де ата-анасының ғана перзенті емес, сонымен бірге этно-
стың да бір мүшесі. Осы орайда, француздардың солтүстік
африкалықтарды ұнатпауында, немістердің түріктерді ұна-
тпауында, американдықтардың қытайларды ұнатпауында,
сондай-ақ Еуразия халықтарының орыстарды ұнатпауында

456

ең алдымен этникалық қорғаныс түйсігі себепші екенін
атап өткен жөн.

Адамзаттық дамудағы мұндай үрдіс этномәдени тек-
тестік принциптері бойынша өзінен өзі магаэтникалық
тұтастануды дүниеге әкеледі. Оның нышаны қазірдің
өзінде айқын. Мәселен, Батыс Еуропа, Латын Америкасы,
Араб елдері, Малайзия елдері, Түркі әлемі сияқты магаэт-
никалық тұтастану нышаны өмір шындығына айналып
отыр.

Осы орайда, қазақ сияқты жаңадан азаттық алған
елдің саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани, діни-сенімдік
бағдарын саралап алудың стратегиялық мәні бар. Әзірше,
қазақ халқының бұл өрістегі бағыт-бағдары батыстық
(еуропалық) өркениетке көбірек бет бұруда. Рас, баты-
стық өркениеттің әсерін әлемнің барлық елдерінен көруге
болады. Соған қарап батыстық өркениетті әмбебап (уни-
версальный) деп ойлайтын ұшқары талғам бар. Алайда ба-
тыстық өркениеттің әлемге жайылған әсерін асылдың
үстіне тұрған тозаңмен теңеуге болар еді. Шын мәнінде,
батыстық өркениет ту еткен либералшылдық, конституци-
яшылдық, адам хұқы, демократия, нарық бостандығы, дін
мен мемлекеттің дербестенуі, жеке адамның өз басын
ғана күйттеуі дегендерді, түптеп келгенде, тәңірілік, ис-
ламдық, конфунциялық, синтосистік, буддалық тәрбие
алған орта түсіне бермейді. Себебі, батыстық өркениет
өмір салтқа айналған сайын адамдар азаттықтан гөрі
кіріптарлықты, еркіндіктен гөрі бағыныштылықты көбірек
бастан кешеді. Солай болып та отыр. Батыстың өмір салты
заңмен (мәжбүрлеумен) реттелсе, Шығыстың өмір салты
салт-дәстүрімен реттеледі, Мұның өзі экономикалық
гүлденіп-көркею мен технократтық өктемдіктің мәдени-
рухани айғақ бола алмайтынын аңғартады. Содан да болар,
көз жетер жердегі тарих тағылымында Батыс кеуде кер-
ген сайын Шығыс тіксіне түседі. Социологиялық зерттеу
барысында әлем халықтарының 100 қасиеті салғасты-
рылған. Солардың ішінде Батыс елдері үшін ең қымбат де-
ген қасиеттер әлемнің өзге бөлігіндегі елдер талғамында
ең төменгі статусқа ие болыпты. Мысалдың айтарынан
аңғартары мол.

Осынау шулы дүние (шулықан дүние дей жаздадық)
ағымында қазақ халқы жел соққан құрақтай жапырыла
бермей, алдағы ғұмырда өзіндік даралығын сақтап
қаларлық бағдарды бүгін белгілеуі тарихи қажеттілік. Бұл
орайда өзінің болашағына жауапкершілікпен қарай алатын

457

кез келген этнос ең алдымен саяси идеологиялық және
мәдени-рухани тетіктерге айырықша мән берулері керек.
Отаршылдық кезінде әлеуметтік жағынан туралаған елді
шет елдің саяси-идеологиялық, мәдени-рухани экспансия-
сы бар-жоғы төрт-бес жыл есеңгірете „бомбыласа" болды,
ондай нәубетке тап болған халық өзінің этникалық дара-
лығын мүлде жоғалтып, тексіз тобырға айналады. Ұлттық
сапасын жоғалтып, этникалық даралығынан айырылған
елдің бақытты болашағы үшін күресу дегеніміз, өзінен өзі
көлеңкемен күрескендей, елекке су құйғандай тірлік бо-
лып шығады. Демек, мемлекеттік деңгейдегі әрекет-талпы-
ныстардың кез келгені ең алдымен елдіктің,
халықтықтың, ұлттықтың сойылын соғып отыруы керек.
Қандай саяси-әлеуметтік сатыда болса да әрбір халық
өзінің төлтума даралығын сақтай білсе, этникалық субьект
ретінде жалпы адамзаттық санатта бола алады. Ал,
әлеуметтік жағдайын мың жерден көркейткенімен өзінің
төлтума даралығын сақтай алмаса, ондай халық ұлт сана-
тында ж о қ тобырлардың геосаяси бірлестігі болып есепте-
леді. Бұл ақиқат жалпы этникалық сананың күмәнсіз
сеніміне айналуы қажет.

Осы жолда тұтас этностың да және оның әрбір
мүшесінің де көрегендігі, іскерлігі, табандылығы ұлт
мүддесіне қызмет ететін тетіктерді тап баса білу қабілеті
қандай болса, болашақтағы қасиет-болмысы да сондай бо-
лады.

МАЗМҰНЫ

Сонарлау 3

ҰЗАҚ СОНАР

I. тарау. Өткеннің бәрі — өмірбаян

1. Тарихқа көзқарас 6
14
2. Шолу ұлысы 26
3. Сақ дәулеті 26
4. Ғұн 27
5. Түркі кағанаты
28
6. Ұйғыр қағанаты 28
7. Хазар қағанаты 29
8. Ауар қағанаты 30
30
9. Бұлғар қағанаты 31
31
10. Қарахан қағанаты 32
33
11. Ғазнауи сұлтандығы 39
12. Салжұқ сұлтандығы
13. Хорезмшахтар мемлекеті 41
14. Керей-найман одағы 42
15. Моғол әулеті 44

16. Алтын Орда ұлысы
17. Ұлы Темір
18. Қазақхандығы ......

II. тарау. Көшпелілер әлемі

19. Терминдерді саралау 63
20. Этнос 63

21. Мәдениет 64
22. Фольклор 70

23. Этнография 73
24. Ең биік баспалдақ 77
81
25. Мысал үшін 84
26. Үш жүздік құрылым 94

27. Далалық ауызша тарихнама

ҚАН СОНАР

III. тарау. Ұлы дала 110
116
28. Далалық өңір 120
29. Жердің тілі
30. Сарыарқа 459

31. Ұлытау 123
32. Жауыртау... жоқ, Теміртау 132
135
33. Қызылкеніш сарайы: ақиқат пен аңыз 146
147
34. Тізе бүккен 148
35. Шажағай 156
160
36. Нұрлы Нұра 164
170
37. Бетбақдала 172
172
38. Спелеология — үңгіртану 174
39. Қыдыра қарағанда 175

40. Тесіктас 178
181
41. Шатыр 182
42. Алып үңгірлер 185
186
43. Жасанды үңгірлер 188
44. Шежіре табиғат 189
189
IV. тарау. Халықнама 191
191
45. Сабақтастық 192
192
46. Бөлінбеген енші 192
193
47. Сыбаға 193
193
48. Құрғақ сүт 194
49. Қызыл ірімшік 195
202
50. Тасқорық . . . 206
209
51. Уызқағанақ 214
216
52. Шашу 218
225
53. Ерулік 237
54. Шашыратқы 241
250
55. Асар 251
264
56. Сірге жияр 265
266
57. Серне
58. Ұйқыашар

59. Тоқымқағар

60. Бастаңғы
61. Табиғатпен тілдес

62. Уақыт пен кеңістік

63. Он екі айдың отаны
64. Уақыт межесі

65. Мақал-мәтелдер

66. Дәстүрлі астрономиялық атаулар

67. Геродот естіген жұмбақ

68. Қарға — тәңірдің елшісі
69. Ұлыстың, ұлы күні

70. Ауа райы туралы халық болжамдары

71. Тыйым-табу

72. Ел аузынан
73. Қазақтың дәстүрлі тиымдары

74. Ырым

75. Мал қайтсе көбейеді

76. Диқан ата болжамы

460

77. Ел қайда көшеді 266
267
78. Ұлы сөзде ұяттық жоқ 271
275
79. Қазақтың дәстүрлі ырымдары 276
278
80. Кәсіп 281
283
81. Шеберлік 285
286
82. Итсигектің уы . . . 287
287
83. Ер-тұрман 288
289
84. Келі мен келсап 289
290
85. Бұлқыншақ 291
293
86. Малма 293
294
87. Тарамыс 302

88. Талқы 315
330
89. Тулақ 342
345
90. Тұяқтақа 358
373
91. Шарық 375
403
92. Көзілдірік 414
423
93. Қой жүні 428

94. Ен-таңба 438
442
95. Жылқы күзеу 446
452
96. Сәйгүлік 455

97. Саят

КЕЛТЕ СОНАР

V. тарау. Сұлулық туралы сыр

98. Даналық өрнегі
99. Кіші әлем
100. Ахмет Иасауи кешені
101. Алаша хан мазары
102. Жошы хан мазары
103. Домбауыл дыңы
104. Әншілік дәстүр
105. Кенен әндері
106. Абай әндері
107. Мұхит әндері
108. Қазақ ренессансы

VI. тарау. Болашақ бүгіннен басталады.

109. Отаршылдық этнографиясы
110. Отаршылдықты жер жатсынады
111. Бақытты болашақ үшін
112. Елдің мәйегі ауыл
113. Болашақ бүгіннен басталады

УЧЕБНОЕ ПОСОБИЕ

СЕИДИМБЕК АКСЕЛЕУ

МИР КАЗАХОВ

На казахском языке

Редакторлары М. Әкімханов, М. Кенжебай
Суретшісі Б. Машрапов

Көркемдеуші редакторы А. Тәменов
Техникалык редакторлары Ф. Овчинникова, Ф. Илизова

ИБ № 333

Теруге 29.01.97 жіберілді. Басуға 17.11.97 қол қойылды. Пішім
84х108'/32. Кәріп түрі „Балтика". Жоғары басылыс. Баспаханалық
№ 1 қағаз. Шартты баспа табағы 24,36. Есептік баспа табағы 26,08.
Таралымы 3000 дана. Тапсырыс № 250. Бағасы келісімді.
«Санат» Мемлекеттік баспасы, 480012, Алматы қаласы, А. Бай-
тұрсынұлы көшесі 65 „а".
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім ми-
нистрлігінің республикалық «Кітап» өндірістік бірлестігі, 480009,
Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 93-үй.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!

1997 жылы мемлекеттік „Санат" баспасынан мынадай
кітаптар жарық көрді:

1. М. Әуезов. АБАЙТАНУ ДӘРІСТЕРІНІҢ ДЕРЕК
КӨЗДЕРІ. Кітапта абайтанудың негізін салу жолындағы
Әуезовтің мол мұрасы оқырман қауымға жүйеленіп
берілген.

Кітап студенттерге, әдебиетшілерге көпшілік оқырман
қауымға арналған. Қазақ тілінде. Көлемі 24 б. т.

2. М. Әуезов. ӘДЕБИЕТ ТУРАЛЫ. О ЛИТЕРАТУРЕ.
Қазақ және орыс тілдерінде.

Бұл оқу құралында заманымыздың заңғар қаламгері
М. Әуезовтің әдебиет мәселелері туралы әр жылдары қа-
зақ тілінде жазған әдеби сын және ғылыми еңбектері
орыс, қазақ тілдерінде жинақталып берілген. Көлемі 20 б. т.

3. М. Әуезов. АБАЙДЫ БІЛМЕК ПАРЫЗ ОЙЛЫ
ЖАСҚА. Жазушыны абайтану саласындағы ғұмыр бойғы
ізденістерінен туған Абай өмірбаянының төрт түрлі
нұсқасы осы еңбекте жүйеленіп ұсынылған.

Кітап студенттер мен оқытушыларға, мұғалімдерге,
көпшілік оқырман қауымға арналған. Көлемі 25 б. т.

4. „Санат" баспасынан биыл жоғарыда аталған
кітаптармен бірге көрнекті ғалым, филология ғылымының
докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ҒА коррес-
пондент-мүшесі Р. Нұрғалидың „Әуезов ж ә н е алаш" ата-
латын кітабы де жарық көрді. Бұл кітапта Ә. Бөкейхан,
А. Байтұрсынұлы, М. Әуезов, М. Дулатов, М. Жұмабаев,
Ж. Аймауытов, Ж. Шанин сынды қазақ зиялыларының
қоғамдық қызметі мен қаламгерлігі, сондай-ақ қазақ
әдебиетін азаттық, егемендік биігінен танып білудің соны
бағыттары баяндалған.

Оқу құралы студенттерге, ұстаздарға, жалпы оқырман
қауымға арналған. Көлемі 24 б. т.

463

5. М. Жолдасбеков. „ЕЛ ТАҒДЫРЫ — ЕР ТАҒДЫРЫ".
Мемлекет және қоғам қайраткері, филология
ғылымдарының докторы Мырзатай Жолдасбековтың бұл
кітабына Иран Ислам Республикасында алғаш Төтенше
және Өкілетті елші болып қызмет атқарған жылдарда
еліміздің сыртқы саясатынан мол мағлұмат беретін, парсы
халқының тарихы, мәдениеті, дәстүрінен танымдық дерек-
терге қанықтыратын ой-толғаныстары әртүрлі жоғары
деңгейдегі жиындар мен мәжілістерде сөйлеген сөздері
топтастырылған.
Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Көлемі 40 б. т.

***
„Санат" мемлекеттік баспасы
Республикадағы жоғары және орта арнаулы оқу орын-
дары үшін қазақша, орысша, сондай-ақ әлем ха-
лықтарының тілдерінде оқулықтар, оқу құралдарын,
әдістемелік, анықтамалық және танымдық әдебиеттер
шығарады.
Баспа құрылған жылдан бері 300-ден астам кітап ба-
сып шығарды. „Санат" баспасы жанынан „Оқулық" кітап
дүкені жұмыс істейді.
Мекен-жайымыз, Алматы қаласы, 480012, А. Бай-
тұрсынұлы көшесі, 65 „А". (Қабанбай батыр көшесімен
қиылысы).
Телефондарымыз: 67-64-96, 67-20-27.


Click to View FlipBook Version