17.05.2021 жыл. 11-сынып. Қазақстан тарихы. 4-тоқсан.
Сабаққа шолу
Сенің білетінің:
Сабаққа шолу
Сенің білетінің:
Қазақстан Республикасының білім мен ғылым дамуының ерекшеліктері.
Сенің меңгеретінің:
Қазақстан Республикасының білім мен ғылым даму ерекшеліктерін талдау.
Сабақтың мазмұны
Қазақстан Республикасы білімі мен ғылымы дамуының мәселелері мен болашағы. 1-
сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы білімі мен ғылымы дамуының
мәселелері мен болашағы. 1-сабақ.
Сабақтың мақсаты: 11.4.3.1 Қазақстан Республикасының стратегиялары мен
бағдарламаларын зерттеу негізінде білім және ғылым жүйесін жаңартудың алғышарттары
мен маңызын талдау; 11.4.3.2 әлемдік білім және ғылым кеңістігіне ену үшін инновациялық
ғылыми және білім беру ұйымдарын құрудың маңыздылығын бағалау;
Қазақстанда білім беру саласын, соның ішінде мектепке дейінгі білім беруді жан-жақты
дамыту және қолдау міндеті алға қойылған. Зияткер, білімді, көзі ашық және жоғары
мәдениетті халықтың ғана болашағы табысты болмақ. Балабақшадағы тәрбие – еліміздің
жарқын болашағының кепілі. Мектепке дайындық, үздіксіз оқу дағдылары және білім беру
жүйесінің алғашқы деңгейі балалардың үш жастан алты жасқа дейінгі дамуына байланысты
және осы уақытта негізгі қасиеттер қалыптасады: шығармашылық, білімге ынта.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны
азайды, қаржыландыру қысқарды. Бала туу көрсеткіші төмендеді. Мектепке дейінгі
ұйымдар жекешелендірілді. 1999 жылы мектепке дейінгі ұйымдар саны 80%-ға
қысқарды. 1991 жылы 8,74 мың мекеме болса, 1999 жылы 1,15 мыңға дейін
азайды. 2010 жылы барлық мектеп жасына дейінгі бүлдіршінді балабақшамен қамтамасыз
ету үшін «Балапан» арнайы мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама аясында
алғашқы жылы 4 мыңға жуық балабақша және шағын орталық өз жұмысын бастады,
ал 2018 жылы балабақша саны 10 мыңға дейін жеткен. Мемлекет қолдауымен жекеменшік
балабақшалар желісі белсенді дами бастады. Мемлекет басшылығы 2025 жылға қарай 3-
6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100% қамтамасыз етуді тапсырды.
Қазақстан орта білім беру бойынша әлемде жетекші орынға шықты. Жалпы білім беретін
мектептерде оқулықпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. 1997 жылы мектептерді
компьютерлік сыныптармен қамтамасыз ету мақсатында орта білім беру жүйесін
ақпараттандыру бағдарламасы қабылданды. 1998 жылы «Дарын» республикалық ғылыми-
тәжірибелік орталығы құрылды. Қазақстандық оқушылар халықаралық пәндік
олимпиадаларда (IMO, IPHO, IBO т.б.) шетелдік құрдастарының байыпты бәсекелестеріне
айналды.
Қазақстан бойынша жекеменшік мектептер де ашыла бастады. Білім және ғылым
министрлігі елімізде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді қолға алды. Көптілді білім
беру бағдарламалары іске қосылуда. Білімнің жаңартылған мазмұнының стандарттары
енгізілді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» (НЗМ) жобасы жүзеге асырыла бастады. НЗМ-
де білім беру халықаралық бағдарлама бойынша жүргізіледі. Олармен бәсекеге түсе алатын
қазақ-түрік лицейлері (ҚТЛ) де жұмыс істеді. 2016 жылдан бастап атауы «Білім инновация
лицейі» деп өзгертілді. 2003 – 2004 оқу жылы мектеп бітірушілер үшін Ұлттық бірыңғай
тест тапсыру енгізілді. Бұл еліміздің жастары үшін жоғары білімнің қолжетімділігіндегі
ашықтықты қамтамасыз етудің бастамасы болды. 2018 жылға дейін мектеп түлектеріне
ҰБТ мектеп аттестатын алуға және жоғары оқу орнына түсуге жарайтын. Бүгінгі күні ҰБТ
тапсыру ережесіне біршама өзгеріс енгізіліп, жаңа форматта өтетін болды. 1980 жылдары
қазақ тілінде оқытатын мектептер саны азайса, тәуелсіздік жылдары оқушылардың 75%
мемлекеттік тілде білім алады. 2025 жылға қарай үш ауысымда оқытатын мектептер
жойылып, ауылдық жерлерді интернаттармен толық қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
ХХІ ғасырдың басында Қазақстанның жедел әлеуметтік-экономикалық дамуын
қамтамасыз ету жоғары техникалық, көшбасшылық және басқару құзыреттілігі бар кәсіби
мамандар дайындау қажеттілігін туғызды. Республикада балалардың қабілетін анықтау мен
дамытуға мүмкіндік жасау үшін мамандандырылған білім беру ұйымдарының желісін
кеңейту жүзеге асырылады. 2008 жылы дарынды балаларға арналған «Зияткерлік
мектептер» жобасы іске қосылды. 2011 жылы қаңтарда «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
туралы ҚР заңы қабылданды. НЗМ негізгі міндеті – орта білім берудің қазақстандық озық
дәстүрлері мен халықаралық үздік тәжірибелерді есепке ала отырып, көптілдік жүйені
енгізу арқылы ұлттың зияткерлік әлеуетін дамытуға ықпал ету. Білім беруде ағылшын
тіліне баса назар аударылады. 10 және 12-сынып оқушылары Кембридж стандарттарына
негізделген халықаралық емтихан тапсырады. Қорытынды аттестациядан табысты өткен
оқушылар 12-сыныпты бітіргеннен кейін жалпы орта білім туралы аттестат, ҰБТ, IELTS,
TOEFL, SAT I, SAT II сертификаттарын алады. Қазақстанның барлық облыс орталығы мен
республикалық маңызға ие қаласында зияткерлік мектептер желісі жұмыс істейді.
Тапсырма-1.
Қазақстанда білім беру саласын, соның ішінде ... қолдау міндеті алға қойылған.
мектепке дейінгі білім беруді
Білгенің жөн!
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың әлеуметтік-саяси және
басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі – білім беру саласы.
Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең маңызды,
жауапты, іс болып қала береді. Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы
жаңалықтары мен түрлі өзгерісі еліміздің білім беру саласына да өз әсерін тигізуде.
Түсіндіру
Қазақстанда білім беру саласын, соның ішінде мектепке дейінгі білім беруді жан-жақты
дамыту және қолдау міндеті алға қойылған. Зияткер, білімді, көзі ашық және жоғары
мәдениетті халықтың ғана болашағы табысты болмақ. Балабақшадағы тәрбие – еліміздің
жарқын болашағының кепілі.
Тапсырма-2.
Сөйлемді толықтыр.
Мемлекет қолдауымен жекеменшік балабақшалар желісі белсенді дами бастады.
Білгенің жөн!
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны азайды.
Бала туу көрсеткіші төмендеді. Мектепке дейінгі ұйымдар жекешелендірілді. 1999 жылы
мектепке дейінгі ұйымдар саны 80%-ға қысқарды. 1991 жылы 8,74 мың мекеме
болса, 1999 жылы 1,15 мыңға дейін азайды.
Түсіндіру
Кейінгі жылдары мектепке дейінгі тәрбиелеу желісі қалпына келе бастады. 2010 жылы
барлық мектеп жасына дейінгі бүлдіршінді балабақшамен қамтамасыз ету үшін «Балапан»
арнайы мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама аясында алғашқы
жылы 4 мыңға жуық балабақша және шағын орталық өз жұмысын бастады. Мемлекет
қолдауымен жекеменшік балабақшалар желісі белсенді дами бастады.
Тапсырма-3.
Мектеп бітірушілер үшін Ұлттық бірыңғай тест тапсыру қай оқу жылынан бастап
енгізілді?
A. 2003 – 2004 оқу жылы
B. 2001 – 2002 оқу жылы
C. 2006 – 2007 оқу жылы
D. 2000 – 2001 оқу жылы
E. 2004 – 2005 оқу жылы
Білгенің жөн!
2000 жылдары орта білім беру жүйесінде үлкен өзгерістер орын алды. Оқушылар Ұлттық
бірыңғай тестілеуден өте бастады. Бұл мектепте қорытынды емтихан да, жоғары оқу
орнына түсу емтиханы да болып есептелінетін.
Түсіндіру
2003 – 2004 оқу жылы мектеп бітірушілер үшін Ұлттық бірыңғай тест тапсыру енгізілді.
Бұл еліміздің жастары үшін жоғары білімнің қолжетімділігіндегі ашықтықты қамтамасыз
етудің бастамасы болды. 2018 жылға дейін мектеп түлектеріне ҰБТ мектеп аттестатын
алуға және жоғары оқу орнына түсуге жарайтын. Бүгінгі күні ҰБТ тапсыру ережесіне
біршама өзгеріс енгізіліп, жаңа форматта өтетін болды.
Тапсырма-4.
Оқиғаларды болған жылымен сәйкестендір.
Сәйкестендіру саны: 3
1991 жылы балабақша саны 10 мыңға дейін жеткен.
2010 жылы 8,74 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеген.
2018 жылы балабақшамен қамтамасыз ету үшін «Балапан»
арнайы мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Білгенің жөн!
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны азайды.
Бала туу көрсеткіші төмендеді. Мектепке дейінгі ұйымдар жекешелендірілді. 1999 жылы
мектепке дейінгі ұйымдар саны 80%-ға қысқарды.
Түсіндіру
Мектепке дейінгі ұйымдар 1991 жылы 8,74 мың болса, 1999 жылы 1,15 мыңға дейін
азайды. Кейінгі жылдары мектепке дейінгі тәрбиелеу желісі қалпына келе
бастады. 2010 жылы барлық мектеп жасына дейінгі бүлдіршінді балабақшамен қамтамасыз
ету үшін «Балапан» арнайы мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама аясында
алғашқы жылы 4 мыңға жуық балабақша және шағын орталық өз жұмысын бастады,
ал 2018 жылы балабақша саны 10 мыңға дейін жеткен.
Тапсырма-5.
Білім беру ерекшеліктерін деңгейлеріне сәйкес жікте.
мектепке дейінгі білім беру орта білім беру
негізгі қасиеттер қалыптасады: халықаралық пәндік олимпиадаларға
шығармашылық, білімге ынта қатысу
мектепте оқу тиімділігі дамиды техникалық, басқарушылық және
көшбасшылық қасиеттер дамиды
Білгенің жөн!
Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына»
бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру – оның
философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін
тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде
оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Түсіндіру
Мектепке дайындық, үздіксіз оқу дағдылары және білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі
балалардың үш жастан алты жасқа дейінгі дамуына байланысты және бұл уақытта негізгі
қасиеттер қалыптасады: шығармашылық, білімге ынта. ХХІ ғасырдың басында
Қазақстанның жедел әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жоғары
техникалық және басқару құзыреттілігі бар кәсіби мамандар дайындау қажеттілігін
туғызды.
Тапсырма-6.
Тұжырымның ақиқат немесе жалған екенін анықта.
1. Мемлекет басшылығы 2025 жылға қарай 3 – 6 жастағы балаларды мектепке дейінгі
біліммен 100% қамтамасыз етуді тапсырды. Ақиқат
2. Білім және ғылым министрлігі елімізде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді қолға
алды. Ақиқат
3. ҰБТ тапсыру ережелері толық жетілдірілген. Жалған
Білгенің жөн!
2000 жылдары орта білім беру жүйесінде үлкен өзгерістер өтті. 2003 – 2004 оқу жылы
мектеп бітірушілер үшін Ұлттық бірыңғай тест тапсыру енгізілді. Бұл еліміздің жастары
үшін жоғары білімнің қолжетімділігіндегі ашықтықты қамтамасыз етудің бастамасы болды.
Түсіндіру
Мемлекет басшылығы 2025 жылға қарай 3 – 6 жастағы балаларды мектепке дейінгі
біліммен 100% қамтамасыз етуді тапсырды. Білім және ғылым министрлігі
елімізде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді қолға алды. Бүгінгі күні ҰБТ тапсыру
ережесіне біршама өзгеріс енгізіліп, жаңа форматта өтетін болды.
Тапсырма-7.
Оқиғаларды хронологиялық ретпен орналастыр.
1. Қазақстан Республикасында 8 мыңнан астам балалар мекемесі жұмыс істеді.
2. ҚР-да бір мыңнан астам бала күтімі мекемесі жұмыс істеді.
3. «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
4. Қазақстан Республикасында 10 мыңға жуық мектепке дейінгі мекеме болды.
Білгенің жөн!
Қазақстанда білім беру саласын, соның ішінде мектепке дейінгі білім беруді жан-жақты
дамыту және қолдау міндеті алға қойылған. Зияткер, білімді, көзі ашық және жоғары
мәдениетті халықтың ғана болашағы табысты болмақ Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары
мектепке дейінгі білім беру мекемелері саны азайды. Бала туу көрсеткіші төмендеді.
Мектепке дейінгі ұйымдар жекешелендірілді.
Түсіндіру
1999 жылы мектепке дейінгі ұйымдар саны 80%-ға қысқарды. 1991 жылы 8,74 мың мекеме
болса, 1999 жылы 1,15 мыңға дейін азайды. 2010 жылы барлық мектеп жасына дейінгі
бүлдіршінді балабақшамен қамтамасыз ету үшін «Балапан» арнайы мемлекеттік
бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама аясында алғашқы жылы 4 мыңға жуық балабақша
және шағын орталық өз жұмысын бастады, ал 2018 жылы балабақша саны 10 мыңға дейін
жеткен.
Тапсырма-8.
Білім беру саласындағы төрт басым оқу дағдысын анықта.
Дұрыс жауап саны: 4
A. спорттық
B. техникалық
C. көркемдік
D. көшбасшылық
E. басқару
F. музыкалық
G. ораторлық
H. лингвистикалық
Білгенің жөн!
Қазіргі заманда әлем алдында көптеген сын-қатер тұр. Олардың көпшілігі құбылмалы және
болжанбайды. Сондықтан оларға жауап беру жоғары деңгейдегі білім мен құзыреттілікті
талап етеді. 2015 жылы Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭЫҰ) білім беру
саясаты комитеті «Білім мен дағдылардың болашағы: Білім 2030» жобасын іске қосты.
Түсіндіру
ХХІ ғасырдың басында Қазақстанның жедел әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз
ету жоғары техникалық, көшбасшылық және басқару құзыреттілігі бар кәсіби мамандар
дайындау қажеттілігін туғызды. Республикада балалардың қабілеттерін анықтау мен
дамытуға мүмкіндіктер жасау үшін мамандандырылған білім беру ұйымдарының желісін
кеңейту жүзеге асырылады. 2008 жылы дарынды балаларға арналған «Зияткерлік
мектептер» жобасы іске қосылды. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің негізгі міндеті – орта
білім берудің қазақстандық озық дәстүрлері мен халықаралық үздік тәжірибелерді есепке
ала отырып, көптілдік жүйені енгізу арқылы ұлттың зияткерлік әлеуетін дамытуға ықпал
ету.
Тапсырма-9.
Сөйлемдерді толықтыр.
1998 жылы «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы құрылды.
Қазақстандық оқушылар халықаралық пәндік олимпиадаларда (IMO, IPHO, IBO т.б.)
шетелдік құрдастарының байыпты бәсекелестеріне айналды.
Білгенің жөн!
Қазіргі заманда әлем алдында көптеген сын-қатер тұр. Олардың көпшілігі құбылмалы және
болжанбайды. Сондықтан оларға жауап беру жоғары деңгейдегі білім мен құзыреттілікті
талап етеді. 2015 жылы Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭЫҰ) білім беру
саясаты комитеті «Білім мен дағдылардың болашағы: Білім 2030» жобасын іске қосты.
Түсіндіру
1998 жылы «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы құрылды.
Қазақстандық оқушылар халықаралық пәндік олимпиадаларда (IMO, IPHO, IBO т.б.)
шетелдік құрдастарының байыпты бәсекелестеріне айналды. Қазақстан бойынша
жекеменшік мектептерде ашыла бастады. Білім және ғылым министрлігі
елімізде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді қолға алды. Көптілді білім беру
бағдарламалары іске қосылуда.