Инклюзивті білім беру
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
(Барлық мамандықтарға арналған)
Дәріс кешені
Инклюзивті білім беру пәні бойынша дәрістер кешені
1-дәріс. Инклюзивті білім беру пәні және міндеттері. Инклюзивті білім
берудің ерекшелігі.
Әр бала үшін ең алғаш мектепке бару ең жауапты да қиын кезең. Ал
мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін бұл кезең әлдеқайда эмоциялық
жағынан да, психологиялық жағынан да ауыр болады. Қазіргі кезде
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі инклюзивті білім беру
қағидаларына бет бұрды. Бұл арнайы қажеттілігі бар балалар үшін
мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру
жүйесіне қосу. Әрбір бала, мүмкіндігінше қажетті деңгейде білім алуы
тиісті.Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы
білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.
Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын
жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету,
сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай
қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірбие көрсеткеніндей қатаң білім беру
жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе
мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды.
Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп,
жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған
мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның,
отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын
инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай
анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды,
соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық
енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне,
жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын
белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік
мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған
тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше
мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту
үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде
балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық
адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың
ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы
жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір
сүру жағдайын қалыптастырады.
Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық
балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне
белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар
Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006
жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін
мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал.
Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары;
мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім
беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың
психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың
жеке бағдарламасы.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау
алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына
осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру
жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім
беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім
беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді
шешу көзделген:
-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік
бағдарламалары жасалады;
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада
біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;
- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
-мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру
қағидалары әзірленеді. Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай
мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар,
санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы
парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық
құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған.
3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге
тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде педагог-
дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің,
арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға
қойылған. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен
қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету
сияқты істері жүзеге асырылмақшы. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі
шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына,
оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру,
білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай
жасамақшы.
Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының
міндеттері мынадай:
Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары,
қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.
Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды
қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.
Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі 8 принципі туындайды.
Яғни ол мына принциптер:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен
жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет
етеді.
7.Әрбір оқушы үшін жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне қарай
орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең
құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-
қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті
оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше
қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім
үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде
дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды,
қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі
балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру
мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу
арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей
аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа
тәрбиелеудің бастауы болмақ .
Дәріс №1. Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Инклюзивті білім беруді қалай түсінесің?
2. Инклюзивті білім берудің негізгі міндеттері қандай?
2-дәріс. Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі
балаларға мінездеме беріп, инклюзивті білім беруге енгізу.
Мүгедек балалар мен кемтар балаларды оқыту, тәрбиелеу және түзеу, оларды
оқыту мәселелері ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарауында
орналасқан.
Қазақстанда кемтар 120665 бала бар. Олардың ішінде 19047 кемтар бала 102
арнаулы (түзеу) білім беру ұйымдарында арнаулы біліммен қамтылған, оның
ішінде: 9 ұйымда – соқыр және нашар көретіндер үшін (1392 адам); 20 –
саңыраулар мен нашар еститіндер үшін (2944 адам); 5 – 868 сөйлеу қабілеті
нашар балалар үшін; 4 – 460 жүріп-тұру мүшелерінің функциялары бұзылған
балалар үшін; 56 – 11673 ақыл-есі кем балалар үшін; 8 – 1710 психикалық
дамуы кем балалар үшін.
Дегенмен, арнаулы білім беру мекемелері әр түрлі мүгедектік топтарындағы
балалардың білім алудағы қажеттілігін қамтамасыз етпей отыр. Осылайша,
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар тіркеген
10788 саңырау және нашар еститін балалардың 2944-і (27 %-ы) ғана арнаулы
білім беру ұйымдарында білім алады. Жалпы білім беретін мектептердің 425
арнаулы сыныптарында 5167 оқушы оқиды; 36 арнаулы мақсаттағы балалар
бақшасында және 236 көпшілікке арналған балалар бақшаларының арнаулы
топтарында 9906 мектеп жасына дейінгі бала бар.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына қабылдаудың
типтік ережесінде І және ІІ топ мүгедектерінің көрсеткіштері бірдей болған
жағдайда, жастайынан мүгедектерді Сонымен бірге мүгедектердің осы
санатында бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына түсу
кезінде орталық атқарушы органның халықты әлеуметтік қорғау
саласындағы аумақтық бөлімшесінің таңдалған мамандық бойынша білім
беру ұйымдарында оқуға болатыны туралы қорытындысы болу керек.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында туа біткен
жүрек кемістігі, көру қабілетінің нашарлауы, туа біткен соқырлық,
ревматизм, есту қабілетінің нашарлауы, олигофрения және басқадай
аурулармен ауыратын 540 мүгедек оқиды.
Әрбір мүгедек оқушымен мамандық таңдау және оқу орнын бітіргеннен
кейін одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігі жөнінде жеке жұмыс жүргізіледі.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына мүгедек балалар
медбикелердің тұрақты қадағалауында болады, қажеттілігіне қарай алдын ала
емдеуден өтеді. Білім беру мекемелерінде салауатты өмір салты бойынша
ұйымдастыру жұмысы (спорттық секциялар, арнаулы үйірмелер, диспуттар),
жылына 2 рет тұрақты түрде оңалту курстары, мүгедек балаларды кәсіптік
мектептердің (лицейлердің) және колледждердің қоғамдық қызметіне
араластыру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
Соңғы жылдары арнаулы білім жүйесінде кемтар балалардың білім алуға қол
жетімділігін кеңейтуге бағытталған оң өзгерістер "Кемтар балаларды
әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы"
Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында психологиялық-
педагогикалық және медициналық-әлеуметтік көмекке мұқтаж балалар үшін
жаңа типті мекемелер желісінің дамуына жол ашылды: 16 облыстық және
республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларының
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларына (бұдан әрі
– ПМПК) қосымша 18 жасқа дейінгі 60 мың балаға арнап 17 қалалық және
аудандық ПМПК, 7 оңалту орталықтары, 20 психологиялық-педагогикалық
түзеу кабинеттері ашылды.
Кемтар адамдарды оқытудың әр түрлі кіріктірілген нысандарының саны
елеулі түрде артуда. Арнаулы білім саласындағы инновациялық процестер
кемтар балаларды дені сау балалар білім алатын ортаға кіріктіруге
бағытталған.
Алайда кемтар балаларға білім беру мәселелері әлі де толыққанды
шешілуден көш алыс.
Кіріктіріп білім беру ішінара формальды сипатқа ие, мұны жалпы білім
беретін мекемелердің бағдарламалары растап отыр, олар кемтар балалардың
даму ерекшеліктерін жете ескермейді.
Инклюзивті білім беру мектептерді білікті кадрлармен қамтамасыз етуді,
педагогтардың түзеу педагогикасы және арнаулы психология саласында
қосымша білімдерінің болуын көздейді. Шындығында мұндай педагогтар
әзірше жетіспейді.
Дене кемістігімен ауру адамның әлеуметтік өміріңдегі мінез-құлқының
ауытқуына әкеп соқтырады. Әулеттегі кеміс балаға көбірек қамқорлық
көрсетіп, оған басқа балаларға қарағанда ерекше көңіл бөлінеді. Бала
басындағы бақытсыздық бәрінен бұрын оның маңындағы жақын адамдардың
жанашырлық сезімін оятып, оған деген көзқарасты өзгертеді. Кез келген
семьяда кеміс балаға деген көзқарас оны басқа түскен масыл, не тағдыр
жазасы деп санамай, қамқорлық пен мейірімділік құшағында болады. Балаға
деген мұңдай қамқорлық оған күішгі әсер етіп, ол өзін басқа балалардан
бөлексіткендей сезінеді. В.Г.Короленко өзінің «Соқыр музыкант» деген
шығармасында соқыр баланың семьяда ерекше саналып, оның айтқандарын
екі етпей бұлжытпай орындал отыратындықтары туралы жазады.
Кемтар адамдардың әсіресе сипау сезімдері мен иісті түйсінулері әлдеқайда
жетілген дейді. Алайда арнайы жүргізген зерттеу нәтижелері соқырдың
сипау сезімі мен саңыраудың көру сезімінің бірқалыпты дамыған дені сау
адамдардың сезімімен салыстырғанда, олардың арасында айтарлықтай
айырмашылығы жоқ екендігін көрсетеді.
Осы мәселеге мылқау мен саңыраулардың көру қабілеті сау адамдардікінен
кем емес, кейде ондай адамдар біздердің көрмеген нәрселерімізді көре алады,
ол көру арқылы қабылдауы сау адамдардан әлдеқайда төмен немесе олардан
артық деуге болмайды. Саңырау көзінің көрегендігі нашар болса да, ол бара-
бара жетілуі мүмкін, бірақ дені сау адамдардікінен артық емес дейді
Н.М.Поговский. Соқыр адамның сипау түсігінің жақсы жетілуі және
саңыраудың көру қабілеттілігі сол сезім мүшесінің құрылысы нерв
жүйелерінің айрықша жетілуінде емес, ондай адамдардың тиісті нәрселерді
сезіп білуде үнемі қолданып, тұрақты түрде жаттығуына байланысты.
Соқыр адамның саусақтарының сипап оқуы және қаптаған Л.Браиль әрпімен
жазылған шығыңқы ңүктелерді мұқият тануы арқылы әрбір ңүктенің
орналасу тәртібіне орай бөлек әріпті білдіріп, сол дыбыстардан сөз құралады.
Сөздер сөйлемге айналады. Бұл процесс сау адамдрдың Браиль Луи (1809-
1852) -әлемге әйгілі француздың соқырларды оқыту жөніндегі педагогі.
Соқырлар үшін өз атымен белгілі жазу, оку әдістерін ойлап тапқан. Үш
жасынан соқыр. Л.С.Выготский оның әріптері бойынша оқып үйренудің
кәдімгі әріптерден айырмашылығы жоқ дейді. Көзбен көріп оқығанына ұқсас
және психологиялық жағынан олардың бірінен-бірінің ешқан дай
айырмашылығы жок. Керең мен мылқау балалар тәрбиесіндегі күрделі
мәселе педагогиканың қиын да, әрі қызықты тармашның бірі. Соқырға
қарағанда керең-мылқау өмірге араласуға және оны тез танып білуге
бейімдірек. Бірақ онын сезім мүшесіндегі кемшілігі өз денесін еркін билеп,
әрқилы әрекеттер жасауына кедергі етпейді, олардьщ іс-әрекеті денісау
адамдардікіадей болуы. Керен-мылқау өз қимыл-қозғалысын бақылай алады.
Керең-мылқау өз қимыл-қозғалысын бақылай алады. Керең-мылқаудың дене
бітімі дені сау адамдардікімен бірдей екендігін Н.А.Попов айрықша атап
көрсетеді. Сондықтан олардың еңбек ету қабілеті мен үйренуі айтарлықтай
қиындых. тудырмайды. Соқырдын айырмашылығы еңбектін, қандай түрі
болса да (музыкадан басқасы), оған үйренуге оңай. Сурдопедагогика осы
уақытка дейін ешқан-дай қажеті жоқ қол еңбегімен шұ ғылданып келді, бұған
кінәлі болжамсыздык және керең-мылқаудың тәрбиесіне кемтар деп санап,
оған аяугершілік көзқарастын ірге тебуі. Өмірдің келешегін ойламай, ұсак-
түйек нәрселерді жасау және оларды сатумен шұғылдану ғылыми тұрғыдан
дәлелденбеген өткендегі өнімсіз тіршіліктің қалдығы. Құлақтың естімеуі
көзге қарағанда жеңілдеу. Мұндай жағдайда адам сана-сезімімен тіршілік
еткен ортаны аңғарып, соған орай бейімделе алу ерекшелігі. Адам
табиғатында дыбыстық алатын орны өзгешелеу. Керең-мылқау соқырға
қарағанда жағдайы біршама жеңілдеу.
Естімейтін балалардың алғашқы мектебі Алматыдағы арнайы мектеп
интернат болып табылады. Ол 1931 жылы Қазақ СССР Министрлігінің
бұйрығымен ашылды. Естімейтін балалардың алғашқы жылдары, дамуында
күрделі және қиын жолдарды басынан өткізді. Ал қазіргі кезде естімейтін
балалардың мектеп- интернаты мықты материалдық базасы бар, өздерінің
оқу корпустары, жатақханалары, жаңа заманға сай құралдары, есту
аппаратары және басқа да құралдармен қамтамасыздандырылған. Арнайы
мектепте жүргізетін тәрбие жұмыстары балалардың жеке ерекшеліктерін
танып білуден басталады. Естімейтін және нашар еститін балалардың
конденсаторлық мүмкіндіктеріне байланысты.
Қорытынды: Кеміс баланың әлеуметтік жағдайын жәбірлеп, оны өз
құрдастарынан бөлектеп тастау бала психикасының дамуына теріс әсер
етуіне жол бермеу,әлеуметтік сарыны кемтар балалардың қалайда
кемістіктерін жою, оларды әр тарапты дамыған қоғамның толық мүшесі етіп
даярлау.Кемістікті туғызатын жағдайларды жою және оны бір қалыпқа
келтіру.
Естімейтін және нашар еститін балаларға тәрбие жұмысында әдістерді
таңдап алу оқушылардың жас және психологиялық, дене, дербес
ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, кемістіктің күрделілігіне, құрамына
тәуелді. Сондықтан естімейтін және нашар еститін балаларға тәрбие
жұмысында әр баланың жеке даму ерекшелігін еске алған жөн.
Дәріс №2. Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Мүгедек балалар мен кемтар балалардың қоғамдағы көрсеткіші?
2.Кеміс балалардың психологиясы мен педагогикасы?
3.Естімейтін және нашар еститін балаларды оқыту жүйесі?
5.Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептің
мұғалімдері мен тәрбиелеушілердің негізгі міндеттері?
3-дәріс. Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі
балаларға білім беру үрдісінде теориялық жағынан ықпал ету.
Теориялық негіздемесі «Бәріне бірдей мүмкіндік» принципін ұстанатын
инклюзивтік білім берудің енгізіле бастағанына көп бола қойған жоқ. Бұл
термин көбіне «Сапалы білім -барлығы үшін» түсінігімен бірге қолданылады.
Яғни жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі бала мен басқа да
әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей
білім беру, соған жағдай жасау. Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі
шектеулі балалар көбіне-көп арнайы мектеп-интернаттарда білім алады.
Шындығында олар оқшауланған, қоғамдық өмірге аса бейім емес. Мәселенің
бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені біз мүмкіндігі
шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім
беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді-енді
қолға алына бастады. Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық
балаға олардың ерекшеліктерінен тыс сапалы білім беру болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу
2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш
рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық
тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан
балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру,
әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Ең
бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері
айқындалды. 2004 жылы зерттеу жүргізілген кезде, орта мектеп
педагогтарының 80 пайызы бұл жүйеге қарсы бол¬са, 2007 жылы 49 пайызы
ғана қолдамаған. Яғни педагогтардың басым көпшілігі мұндай балаларды
мектепке қабылдау-ға дайын болды. Ал ата-аналардың 79 пайызы түсінбей,
«неге менің баламның қасында мүгедек бала отыруы керек?» деп наразылық
білдірсе, қазір олардың көпшілігі бұл идеяны қолдайды. Бұл инклюзивтік
білім берудің дамып жатқанын көрсетеді. Бірақ шешімін таппаған мәселелер
көп. Орта білім беретін мектептерде педа¬гогтарды дайындау, мектептердің
ондай балаларды қабылдауға дайын болуы секілді мәселелер шешілу керек.
Республиканың мектепке дейінгі және бастауыш білім беру жүйесінде
ерекше қажеттілікті балаларды оқыту мен тәрбиелеу қазіргі заманғы
қазақстандық әлеуметтік экономикалық жағдайларды, ұлттық білім беру
жүйесінің ерекшеліктерін ескеруі тиіс. Оның үстіне, интеграция мектепке
дейінгі білім беру мекемелерінде сезімтал бағдарлама мен кадрлық базамен
қамтамасыз етілген жағдайда жүзеге асуы қажет, ал әдістемелер баланың
ерекше мүмкіндіктері мен қабілетіне, сонымен қатар оның дамуындағы
ерекше қиындықтар сипатына сәйкес болғаны жөн. Қазақстан 2008 жылы
БҰҰ-ның «Мүгедектердiң құқықтары туралы» конвенциясына қол қойып,
барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға міндеттенген. Осы
мәселені талқылаған халықаралық конференциялар, түрлі семинарлар
ұйымдастырылуда. Бас сарапшы «Қазақстан инклюзивті білім беруді
дамытуға дайын» деп есептейді. Бірақ қажетті құқықтық құжаттарға
өзгерістер енгізу қажет. «Біз алғашқы қадамын жасадық. Сондықтан
мемлекеттік «Білім беруді дамытудың 2011-2020» жылдарға арналаған
бағдарламасына бірінші рет инклюзивті білім беруді дамыту қосылды. Бірақ
бізде жұмыс істеп тұрған арнайы мектептердің жүйесі сақталады. Өйткені
бәрін бір партаға әкеп отырғыза алмаймыз. Қанша айтсақ та, жарымжан
балалар жалпыға білім беретін мектеп жағдайында қажетті білім ала
алмайды. Сондықтан бұл жүйе кеңейе береді. Жақында ғана республикалық
зағип балаларға арналған жаңа мектеп салу жөніндегі Үкіметтің шешімі
шықты. Арнайы мектептер жалпыға білім беретін оқу орындарына ресурс
секілді болады, өйткені мұнда арнайы ұжым қалыптасқан. Біздің елімізде
1996 жылдан бері қолданылып келе жатқан Халықаралық білімділік «Step by
step» бағдарламасы ерекше қажеттілікті балаларды қолдауды, қатардан
қалдырмауды қамтамасыз етеді.Оның негізіне төмендегідей қатаң
тұжырымдар салынған: 1. Балалар отбасы мен қоғамдастықтың мүшесі
болып табылады. 2. Әр бала білім алуға құқылы. 3. Әр баланың
қайталанбайтын бірегей ерекшелігі, қызығушылығы, қабілеті мен
қажеттіліктері бар. 4. Балалардың қажеттіліктері назардан тыс қалмай және
дербес түрде қанағаттандырылған жағдайда олар жақсы оқиды. Балаға
бағдарланған балабақшалар мен мектептер әр баланың әлеуетін ашуға
ұмтылады, бала бойына адамдардың айырмашылығына шыдамдылық таныту
дарытылады, отбасымен өзара қарым-қатынасты нығайтады. Дамуында
ауытқулары бар балалар үшін арнайы жағдайлар жасалуы керек. Ол үшін
білікті тәрбиешілер мен мұғалімдер қажет болады.Оның үстіне педагогтер
осы балалардың ата-анасымен ынтымақтаса білуі, оларға білікті көмек бере
білуі тиіс. Инклюзивті білім беру жүйесі кездесіп отырған күрделі проблема -
оған қоғам тарапынан туып отырған теріс көзқарас проблемасын жою.
Ақпараттың аздығы, қорқыныш, бала құқын аяқасты ету-осының бәрі даму
мүмкіндігі шектеулі балаларға теріс көзқарасты дамытады. Бір жағынан,
арнайы оқыту әдістемесінің жоқтығы инклюзивті білім беру үшін елеулі
қиындықтар туғызады. Тәрбиешілер мен мұғалімдер дамуында ауытқулары
бар балалармен жұмыста өздерінің кәсіби дайындығы деңгейіне көңілі
толмайтындығын атап көрсетеді.мысалы, педагогтар (тәрбиешілер) , оның
ішінде дефектологтар баланың оқуы мен даму үдерісіне теріс ықпал ететін
барлық жағдайлар мен факторларды білмеуі мүмкін. Алайда, мұғалімдер
бала бойындағы ауытқуларды дер кезінде анықтап, нақты іс-қимылға дайын
болуы тиіс.
Инклюзивті білім беруді дамытуды мүмкіндіктері шектеулі балалардың
білім алу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі ретінде қарастырған
жөн. Бала және оның ата – анасының тұрғылықты жеріне сәйкес жалпы
типтегі мекемелерде мұндай балаларға білім беруді ұйымдастыру оларды
ұзақ мерзімге мектеп – интернатқа жіберуден сақтап, отбасында тәрбиеленіп
тұруы үшін жағдай жасайды, қалыпты деңгейдегі дамыған құрдастарымен
күнделікті қарым – қатынас жасауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік
бейімделуі және қоғамға кіріктіруге қатысты мәселелерді тиімді шешуге
мүмкіндік береді.
Дәріс №3. Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Төменгі жастағы балаларды инклюзивті оқыту идеясының қандай
артықшылықтары бар?
2. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға толыққанды жағдай
қаншалықты қарастырылуда?
3. Инклюзивті білім беру жүйесі кездесіп отырған күрделі проблема?
4-дәріс. Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін
мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекшеліктерін
қамту.
Бала жас болған сайын оның шаршаған белгілеріде ерте пайда болады.
Сонымен, 5-6 жастағы балалар үшін уақыт 10-15 минут құрайды. Бұл
жастағы балалардың қызмет ету мүмкіншілігі өте аз. 7-12 жастағы балалар
үшін компьютерлік сабақтардың үздіксіз ұзақтылығы – 20 минут, ал олардан
үлкен балаларға – жарты сағаттан аспау керек. Сабақтың ұзақтылығында
балалар мен жасөспірімдердің көру және жалпы шаршау белгілері пайда
болады. Егер балада неврологиялық бұзылуы, тырысқақ реакциясы, көру
қабілеті бұзылу бар балаға компьютерлік сабақтар туралы сұрақты
сақтықпен шешу керек, өйкені компьютер денсаулығына байланысты осы
барлық ауытқуларды күшейтуі мүмкін. Екінші ереже — жұмыс орнын
оңтайлы ұйымдастыру. Ең алдымен, компьютер экранына сол жақтан жарық
түсетіндей етіп орналастыру керек. Экранның жарықтығына қарамастан
сабақ қараңғы емес, жақсы жарық комната өту қажет. Компьютермен
жұмыс істеу орнына сол жақтан, табиғи жарық бір бүйірден түсетіндей етіп
орналасуы керек. Компьютерді қолданушының алыс арақашықтыққа
көзқарасты ауыстыру мүмкіншілігі бар кезде жұмыс орны сәтті орналасқаны
болып табылатыны — жұмыс уақытында көру жүйесінің жеңілдету ең бір
тиімді әдісі. Сөйлеу дефектісі мен қозғалыс, интелектуалдық түзетуде
компьютерлік бағдарламаны оқыту ролі мен дамыту туралы айтсақ, бала
ағзасына компьютердің өзімен өзара іс-қимылына байланысты кейбір
мәселелерді айта кеткен жөн. Денсаулыққа зиян келтіретін балалардың
білімдерін компьютерлеудің кейбір жағымсыз кезеңдері бар. Компьютерде
сабақ немесе ойын, жұмыс біртұтас кешенді факторларының балаға әсер
етуіне байланысты. Олардың негізгісіне тоқталамыз. Бірінші, медиктер
өзінің көңілін неге бөлу керек еді, бұл диспеемде жұмыс істейтін жастық
көру жүктемесі. ЖК жұмыс кезінде жүріп тұрған экран, жарқыраған фонына
және жақын арақашықтықта затты қарау керек болады. Бұл көру жұмыстың
үйренбеген жағдайы. Сонымен қатар заттарды жақын жерден қарау кезінде
баланың иліктіру жүйесі үнемі күшейтуде болады. Компьютер алдында
балалардың көру жұмысының ерекшелігіне, сонымен қатар оларға экраннан
перне тақтаға және қайтадан жиі көңіл аудару жатады. Сондықтан балалар
көзінің шаршауына, әсіресе компьютер алдында баланы дұрыс отырғызу
ережесін бұзуында тез дамиды. Арнайы көп жылдық зерттеулер әртүрлі
жастағы жасөспірімдер мен балалардың оңтайлы ұзақты үздіксіз сабақтарын
анықтауға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі мектептегі
инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру болып табылады. Инклюзивті білім
беру Қазақстанда қажетті деңгейде дамымаған. Бұл проблеманы шешу
дамуында ауытқулары бар балалар санының өсуімен байланысты кезек
күттірмейтін шараларды талап етеді. Мүмкіндіктері шектеулі балалар саны
өсуде. Егер 2005 жылы олардың саны 124 мыңды құраса, 2010 жылы 149
мыңнан асты. Олардың 41,4 %-ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен
қамтылған. Қазіргі кезеңде мүмкіндіктері шектеулі 149246 баланың 29212-сі
немесе 19, 5%-ы мектеп жасына дейінгі балалар. 37 арнайы балабақшада
және 240 арнайы топта 10 мыңдай бала мектепке дейінгі тәрбиемен және
оқытумен қамтылған, бұл 32,8% -ды ғана құрайды. 2. Жобаның мақсаты:
дамуында ауытқулары бар балаларды қалыпты ортаға қосу технологиясын
зерделеу
Дәріс №4. Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Бала дамуындағы ауытқулардың диагнозына сай оқыту әдісін дұрыс
таңдай алу?
2. Балалардың түрлі даму деңгейіне сай, сыныптар мен топтардағы
табысты жұмысты қамтамасыз етудің ұсынымдары?
3. Ауытқулар түріне қалай нақты стратегиялар мен әдістемелік
ұсынымдарды қолдану тәжірибесі дамуда?
5-дәріс. Инклюзивті білім берудің шет мемлекеттердегі
даму деңгейі.
XX ғасырдың аяғында көптеген дамыған әлем елдерінде (АҚШ,
Ұлыбритания, Швеция, Германия, Скандинавия елдерінде) мүмкіндігі
шектеулі балаларды оқытуды дамытуда алдыңғы орында тұрған инклюзивті
білім беру болды. Жалпы білім беру үрдісіне енгізілген балаларға оқуды
жеңілдететін қосымша арнайы жағдай, көмек, қолдау қарастырылады. Әрбір
елде интеграциялаудың өзіндік үлгісі іске асырылуда, бұл білім беруде
интеграциялаудың жан-жақты үлгісін құрудың мүмкін еместігін көрсетуде.
Инклюзивті білім беруді іске асырып жатқан елдерде айқындалған басым
бағыт жалпы мектептік білім беру саласында қарастырып отырған
категориядағы балаларды жалпы білім беру үрдісіне міндетті түрде енгізуді
көздейді.
Ресейдегі инклюзивті білім беру.1991 жылдың күзінен бастап Ресейде
«Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау» жобасын іске асыру
басталды. Нәтижесінде 11 аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларды
интеграциялап оқытудың экспериментальды алаңдары құрылды.Мүмкіндігі
шектеулі балалармен педагогтардың жұмыс істеу мақсатында Ресей
Федерациясының білім министрлігі педагогикалық жоғарғы оқу
орындарының оқу жоспарына 1996ж 1 қыркүйегінен бастап
«Арнайы(коррекциялық) педагогиканың негіздері», «Мүмкіндігі шектеулі
балалардың психологиясының негіздері» деген курстарды енгізді. Ресей
Федерациясының білім және ғылым министрлінің айтуы бойынша 2008-2009
жылдары инклюзивті білім беру үлгісі экспериментальды түрде көптеген
білім беру мекемелеріне енгізілген. Ресейде мүгедек балаларды оқытудың
инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары бар: арнайы мектептер мен
интернаттар; коррекциялық мектептер;«Интернат-үйлер»; үйден оқыту;
қашықтықтан оқыту.
Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту. АҚШ-
тың мүмкіндігі балаларды оқытудағы қазіргі саясаты жалпы және арнайы
оқытуды біріктіру ұсыныстарынан тұрады. Бұл біріктірулерде 3 негізгі
жолдар бар: «негізгі бағыт», «жалпы білім инициативасы», «енгізу». Бұл
арнайы білім беру алаңында үлкен дау-дамай тудыруда.
«Негізгі бағыт» мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту негізгі мектептерде
оқытуды көздейді. Бұл балалар қоғамға араласуы керек болғандықтан ,
оларды әлеуметтік және білім беру қызметтеріне қосу керек деп есептейді.
«Жалпы білім беру инициативасы»-бұл АҚШ-тың білім департаментінің
арнайы білім беру бөлімінің ұсынысы. Жалпы білім беру инициативасы -
дамуында ауытқуы бар оқушыларға білім беру шарттарына фундаментальды
өзгеріс енгізуді ұсына отырып, «негізгі бағыттан» ары қарай дами түскен.
Кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің басшылары жалпы білім беру
инициативасын мақұлдаса, кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің
мұғалімдері ауытқуы бар балаларға жалпы білім беру инициативасының
әсер ету мүмкіндіктерін түсіну үшін қосымша сынақтар мен зерттеулер
қажет дейді.
«Енгізу» моделі балаларды ауытқу түріне және көріну деңгейіне тәуелсіз
тұрған жері бойынша жалпы білім беру үрдісіне енгізуді көздейді. Осындай
балаларға мамандар тобы жеке оқыту бағдарламасын құрады, сол бойынша
оқушының жетістігі бағаланады.
Қазіргі кезде АҚШ-та 1990жылы қабылданған, «ауытқулары бар тұлғалар
үшін білім беру акты» деп аталатын заң жұмыс істеуде. Бұл халықтық білім
беру жүйесінде бала оқуына қажет тегін білім береді. Ата-анасы баласының
оқу мүмкіндігі туралы қорытынды талап ете алады, ол бала дамуындағы
ауытқуының бар немесе жоқтығына негіздемеден тұрады. Заң тек арайы
білім алуға ғана емес қосымша қызмет түріне де құқық береді.
Арнайы білім беруді Швецияда ұйымдастыру. Бұл елде ерекше қажеттілікке
мұқтаж балалар қарапайым сыныптарға орналастырылған және олар онда
қажетті қолдау алуда (сыныпта арнайы педагогтың немесе ассистенттің
көмегі және көмекші арнаулы құралдарды қолдану). Есту, көру қабілеттері
бұзылған, ойлауында қалушылық бар балалар ауытқулары бойынша
бөлінгенарнайы мектептерде білім алады, олар мұнда 21-23 жасқа дейін оқи
алады. Арнайы мектептер қазір жалпы білім беретін мектептегі сыныптарға
кірістірілген балаларды қолдау ресурстарының орталығы болып табылады.
Ойлауы артта қалған балаларға арналған арнайы мектептер жалпы білім
беретін мектептердің ғимараттарына сыныптардыбіріктіру жолымен
орналасқан.
Арнайы білім беруді Францияда ұйымдастыру. Франциядағы арнайы білім
беру жалпы білім беретін мектептерге дамуында жетпіспеушілігтері бар
балалардың санын неғұрлым көбейтуге бағытталған. Дамуында ауытқулары
бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу 4 нұсқада орындалуда:
1.Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, бірақ мектепте
немесе одан тыс уақытта оған қосымша қызмет көрсетіледі: емдеу шаралары,
тәрбиелеу жұмыстары т.б. Мысалы, тірек-қимыл қызметі бұзылған бала
қарапайым сыныпта оқи отырып, сол мектепте немесе жақында орналасқан
адаптациялық орталыққа барады.
2. Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, қосымша күтім
алады және қосымша арнайы бағдарлама бойынша қиды. Мысалы, көруі
бұзылған бала қарапайым сыныпта оқи отырып, сабақ дайындауға көмек,
мұғалімнен қосымша сабақ алады, кеңістікте бағдарлау бойынша сабақтарға
қатысады.
3. Бала мектептегі негізгі уақытта арнайы сыныпта, арнайы бағдарлама
бойынша оқиды (әдетте психикалық дамында кешігушілік бар балалар).
Уақытының басқа бөлігінде қарапайым бағдарлама бойынша өз жасындағы
оқушылармен дайындалады.
4. Бала тек арнайы бағдарлама бойынша арнайы сыныпқа барады (әдетте
ойлау қабілеті бұзылған балалар). Соған қарамастан ол мектеп өміріне
қатысады: біріккен таңғы ас, тәрбие шараларына біріккен қатысу, спорттық
және басқа да іс-шараларға қатысу.
Арнайы білім беруді Италияда ұйымдастыру. Өткен ғасырдың 70
жылдарынан бастап арнайы мектептердің арнайы сыныптары
оқушыларының үлкен бөлігі жалпы білім беру жүйесіне енгізіле бастады.
Бүгінгі күні арнайы қажеттілігі бар балалардың 99 пайызы жалпы білім
беретін мектептерде оқиды. Қарапайым сыныпта қолдаушы мұғалімнен
арнайы көмек алу үшін дамуында ауытқуы бар бала ретінде тіркелуі керек.
Тіркеу тек ата- анасының келісімімен және тек 1 жылға жасалады, мерзім
біткеннен кейін арнайы көмекті ұзарту немесе бас тарту туралы шешім
шығарылады. Бірақ, Италиядағы арнайы қажеттілігі бар оқушыларды жалпы
білім беру ортасына енгізуді дамыту бірнеше мәселелерді шешуді қажет
етеді. Көптеген мұғалімдер интеграцияны жоққа шығармайды, тек сынып
өміріне енгізуде бірнеше қиындықтар кездесуде. Олар дамуында ауытқуы
бар балаларды оқытуда жауапкершілікті қолдаушы мұғалімге артуды
ұсынады.
Италиядағы білім берудегі интеграциялау қиындықтары бірнеше себептерге
байланысты. Интеграциялау үрдісі аймақтың қажеттіліктеріне зерттеу
жұмыстарынсыз, қажетті мамандар бар-жоқтығы анықталмастан басталды.
Жалпы білім беретін мұғалімдерді оқыту шектеулі ғана болды. 1 ай ішінде
арнайы сабақтар ұтымды нәтижелер бермеді, көптеген мұғалімдер тіптен
оқытылмады. Қолдаушы мұғалімдер мен сынып мұғалімдерінің бірлесуі
қиындықтар туғызды.
Үлкен қиындықтарды ойлау қабілетінің дамуында ауытқуы бар балалардың
жалпы білім беру үрдісіне енгізілуінен туындады. Көптеген мамандар мұндай
балаларға арнаулы сыныптар ашу керек деп санайды. Алайда, бұл ұсыныс
Италияда қаралмай отыр, ол тағы да өзін «төмендету» ретінде көрсеткен
арнайы білім беру жүйесін құруға әкеледі деп қауіптенеді.
Италиядағы интеграциялауды кең тұрғыда қарағанда бұл мәселеде мақсатқа
жетті деп есептеуге болады. Бірақ, бұл сұрақ бойынша жүйелі орталықтанған
өңделген көрсеткіштердің жеткіліксіздігінен білім берудегі интеграциялау
үрдісінің нәтижелері жөнінде өте аз белгілі.
Бұл тәжірибелерден көретініміз шет елдерде инклюзивті білім беру мәселесі
біздің елге қарағанда едәуір жолға қойылған. Бұл елдерде инклюзивті білім
беру XX ғасырдың 70 жылдарынан басталған, ал біздің елде екінші
мыңжылдықтың басында ғана қолға алына бастады. Европа елерін алатын
болсақ, инклюзивті білім беру көптеген мәселелерді шешкен. Бұл елдерде
мүгедек балаларға жалпы білім беретін мектептерде қосымша көмек
жолдары ұсынылған.
Біздің елдемүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беруортасына қарай
бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің
арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және
медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң
аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән
берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз
ету қарастырылған. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің
негізгі принциптері айқындалды.Қазақстан 2008 жылы БҰҰ-ның
«Мүгедектердiң құқықтары туралы» конвенциясына қол қойып, барлық
мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға міндеттенген. Осы мәселені
талқылаған халықаралық конференциялар, түрлі семинарлар
ұйымдастырылуда. Сондықтан мемлекеттік «Білім беруді дамытудың 2011-
2020» жылдарға арналаған бағдарламасына бірінші рет инклюзивті білім
беруді дамыту қосылды. Бұл бағдарламада Инклюзивті білім жүйесін
дамытудың мына мәселері көрсетілген:
2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін:
•мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік
бағдарламалары;
•мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп
оқыту ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары
анықталады;
•мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары
әзірленеді;
•2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар,
пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен,
арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық
құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады;
•3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге
тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалады (мектептерде педагог-
дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің,
арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы);
•Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері
ескеріле отырып, компьютерлік техникамен және компьютерлік қамтамасыз
ету жинақтарымен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған бағдарламасында, орта білім жүйесінің ағымдағы жай-күйіне
жасалған талдау бойынша «соңғы жылдары мүмкіндіктері шектеулі балалар
санының өскен, 2005 жылы олардың саны 124 мыңды құраса, 2010 жылы 149
мыңнан асты. Олардың 41,4 %-ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен
қамтылғандығын көрсетті. Аталған категория балаларын оқыту 35 арнайы
балабақшада, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 228 арнайы
топтарында, республика бойынша 101 корркециялық мектепте және жалпы
білім беретін мектептердің 1096 арнайы сыныптарында жүзеге асады». Бұл
дегеніміз өз білім беру жүйемізде мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысты
ұйымдастырудың өз жолын құруымыз керек деген сөз.
Бірақ бізде жұмыс істеп тұрған арнайы мектептердің жүйесі сақталады.
Өйткені бәрін бір партаға әкеп отырғыза алмаймыз. Қанша айтсақ та,
жарымжан балалар жалпыға білім беретін мектеп жағдайында қажетті білім
ала алмайды. Сондықтан бұл жүйе кеңейе береді. Жақында ғана
республикалық зағип балаларға арналған жаңа мектеп салу жөніндегі
Үкіметтің шешімі шықты. Арнайы мектептер жалпыға білім беретін оқу
орындарына ресурс секілді болады, өйткені мұнда арнайы ұжым
қалыптасқан.
Қазақстанда мүмкіншілігі шектелген балалардың туғанынан бастап
әлеуметтік және медициналық-педагогикалық корекциялық амалдары
амалдары, психологиялық-медициналық-педагогикалық тексерілуді және
білім алуды ақысыз пайдалану құқығы еліміздің бас Конституциясында
«Білім туралы», «Мүмкіншілігі шектелген балаларды әлеуметтік және
медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау туралы», «Қазақстан
Республикасында мүгедектерді қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет
туралы» заңдарда бекітілген.
Жоғарыда айтылған міндеттерден басқа өзге де бірқатар мәселелерді шешу
қажет. Осы аталған міндеттер шешімін табу үшін, сөз жоқ білікті маман
қажет,сол себепті осы бағытта болашақ мамандарға тиісті білім, іскерлік,
дағды қалыптастыру керек.
Дәріс №5. Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Шетелдегі мүгедектердің құқықтарын, бостандықтары мен
мүдделерін қорғау саласындағы шетелдік заңнама.
2. Шетелдегі инклюзивті білім берудің деңгейі?
3.Ресейдегі инклюзивті білім беру?
4. Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды
оқыту?
5. Арнайы білім беруді Швецияда ұйымдастыру?
6. Арнайы білім беруді Францияда ұйымдастыру?
7. Арнайы білім беруді Италияда ұйымдастыру?
6-дәріс. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде
мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедек балалардың құқықтарын
қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012
жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан
дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына
түбегейлі өзгерістер жасауды міндеттеумен қатар, нәтижесі – Қазақстандағы
адами капитал деңгейінің сапалы өсуін атап көрсетті.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының (2012.09.01. берілген
өзгерістер мен толықтыруларымен) 8-бабы «Білім беру саласындағы
мемлекеттік кепілдіктер» бөлімінде: «Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж
Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың білім алуы кезеңінде
қаржылау шығыстарын толық немесе ішінара өтейді» делінген. Ал,
әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының
санатында – даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала
кезінен мүгедектер, мүгедек балалар да бар.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтiк
және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы
11 шілдедегі № 343-ІІ Заңында, Түпнұсқада макемтар балаларды әлеуметтiк,
медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен
әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң
тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби
даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң
алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру қарастырылған.
Үйден оқытылатын және мектеп партасында оқып отырған мүмкіндігі
шектеулі сөйлеуі бұзылған оқушылар үшін қалыпты сөйлеу қабілетін дамыту
үшін дыбысты қайталату арқылы оның қаншалықты дұрыс айтылғанын
анықтайтын, арнайы дыбыс құрылғыларымен жабдықталған тренажерлер
қажет. Мұндай тренажерлар дербес компьютерге қосылады да, оқушылар
қызығушылығын арттыратын ойын-жаттығулар ретінде жұмыс жасайды.
Демек, мүмкіндігі шектеулі оқушыларды үйден оқытуды жаңа технологиялар
көмегімен ұйымдастыру талабының артуы мен бүгінгі білім беру жүйесінде
бұл мәселеге өз деңгейінде толыққанды назар аударылмауы арасында; білім
беру қызметін жетілдіруде электрондық ақпараттық ресрустарды тиімді
пайдалану қажет. Мүмкіндігі шектеулі балаларға мектептерде ақпараттық-
қатынастық технологиялар көмегімен білім беру жүйесі келесі
педагогикалық шарттар бойынша құрылуы қажет:
• білім беру үдерісіне қатысушыларды әлемдік білім беру ресурстарына
қолжетімділігі;
• оқушылардың білімге деген қызығушылығын ІТ-технологиялар
арқылы арттыру;
• оқытудың барлық сатысында өз бетімен қосымша жұмыс жүргізуді
ұйымдастыру;
• мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы үшін қалыпты жағдайдағы
дені сау балалармен тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету;
• қашықтықтан оқыту кезінде олардың білім деңгейінің даму
траекториясын бақылау;
• мүмкіндігі шектеулі оқушылардың білім алуына кедергісіз аймақтар
қалыптастыру;
• білім сапасының жоғарылауына әсер етіп, қоғамның белсенді мүшесі
ретінде қалыптасуына жағдай жасау. Мүгедек балаларды оқытуды
ұйымдастырудың негізгі принциптері:
• Дәстүрлі оқыту үдерісі мен қашықтықтан білім беру технологияларын
кіріктіру жолымен сапалы білім алу қолжетімділігіне азаматтардың
конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;
• Мүгедек балалардың даму бұзылыстарын түзету, әлеуметтік бейімдеу
және оларға жалпы білім беру үшін арнаулы педагогикалық әдіс-тәсілдер
негізінде қашықтықтан оқыту технологияларының элементтерін қолдану
арқылы қолайлы жағдайлар жасау;
• Қашықтықтан білім беру моделінің мүгедек-балалардың даму
ерекшеліктері мен деңгейлеріне бейімділігі;
• Жобаға қатысушы мүгедек-балалардың денсаулығының сақталуын
қамтамасыз ететін қолайлы жағдай жасау.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012
жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан
дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына
түбегейлі өзгерістер жасауды міндеттеумен қатар, нәтижесі – Қазақстандағы
адами капитал деңгейінің сапалы өсуін атап көрсетті. Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
бағдарламасы барлық балаларға тең дәрежедегі білім беру мен оларды
сапалы тәрбиелеу кепілі ретінде айқындалып, мүмкіндігі шектеулі
оқушылардың да білім алуына қажетті негізгі мақсаттарды айқындап
көрсеткен.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балалардың сапалы білім алуға тең
құқылы болуы Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген.
Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудегі
нормативтік-құқықтық базасы:
ҚР «Білім туралы» Заңы, 2007 ж.;
ҚР «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу
арқылы қолдау туралы» Заңы, 2002 ж.;
ҚР «ҚР Балалардың құқықтары туралы» Заңы, 2002 ж.;
2011-2020 жылдарға арналған ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы;
2011-2015 жылдарға арналған ҚР Білім және ғылым министрлігінің
Стратегиялық жоспары;
2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 8 қарашадағы «Қазақстан
Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік
оқу жоспарларын бекіту туралы» № 500 бұйрығы;
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 26 қарашадағы
«Стационарлық емдік-профилактикалық, оңалту және басқа да денсаулық
сақтау ұйымдарында емдеу курсынан өтетін мүгедек балаларға арналған
оқыту, мүгедек балаларды үйде оқытуда оқыту-тәрбелеуді ұйымдастыруға
ата-аналарға жәрдемдесу тәртібін реттеу туралы қағидаларды бекіту туралы»
ҚР Білім және ғылым министрлігінің № 974 бұйрығы.
Республикада даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға арналған арнайы
білім берудің ыңғайластырылған желілері бар.
39 арнайы балабақша және 315 арнайы топта мектепке дейінгі жастағы
шамамен 10 мың бала тәрбие мен білім алуда.
106 арнайы (түзеу) мектепте және жалпы білім беретін мектептер жанындағы
1219 арнайы сыныпта негізгі 8 түр және типтері бойынша шамамен мектеп
жасындағы 25 мың бала оқиды.
Республикалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес (ПМПК)
мәліметі бойынша республикамызда 2013 жылдың басында 53258 мүгедек
бала тіркелген, оның ішінде 8796 үйде оқитын оқушы (2010 ж. - 7898 бала,
2011 ж.- 8527 бала).
Көру, есту, тірек-қимыл аппараттары, күрделі сөйлеу бұзылыстары және
психикалық дамуы кенжелеп қалған балаларды оқыту жалпы білім беретін
мектептеріне арналған оқулықтар бойынша жүзеге асырылады. Көзі нашар
көретін оқушылар Брайль шрифт көмегімен жазылған, ұлғайтылған шрифті
оқулықтар бойынша оқытылады.
2013 жылдың басында 127 арнайы оқу бағдарламалары әзірленді және
бекітілді. Олардың ішінде арнайы мектер үшін – 116, арнайы балабақшалар
үшін – 11 бағдарлама қолданыста.
ҚР Білім және ғылым министрлігі оқу процесінде арнайы мектептерге
арналған 161 оқулықтардың атауы және 136 оқу-әдістемелік құралын әзірлеп,
қолдануға рұқсат етті. Олардың ішінде 105 атау қазақ тілінде, 192-і орыс
тілінде.
2011-2020 жылдарға арналған ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы шеңберінде
2015 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда тең
мүмкіндік беру үшін жергілікті атқарушы органдар 2235 жалпы білім беру
мектептеріне жағдай тудыратын болады: 2011 жылы — 768 мектеп, 2012
жылы — 1068 мектеп, 2013 жылы — 1462 мектеп, 2014 жылы — 1846 мектеп
және 2015 жылы - 2235 мектеп.
2020 жылға қарай инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектептердің
үлесі 70 пайызға дейін ұлғаятын болады. 2016 жылы — 2726 мектепте, 2017
жылы — 3217 мектепте, 2018 жылы — 3708 мектепте, 2019 жылы — 4199
мектепте, 2020 жылы — 4690 мектептерде өседі.
Жалпы балабақша санынан 2020 жылға қарай балабақшаларда кедергісіз орта
тудыру үлесі 30 пайызға дейін артады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды білім берумен қамтамасыз етудің ең
маңызды мүмкіндіктерінің бірі қашықтықтан оқыту, электронды оқыту
жүйесі болып табылады.
Үйде оқитын мүгедек балаларды жұмыс орнымен қамтамасыз етудің негізгі
шарттары: мүгедек-балалардың жеке ерекшеліктеріне қарай, компьютерлік-
техникалық кешенмен, бағдарламалар-мен, сонымен қатар Интернет желісіне
қосу қарастырылған. (2011-2020 жылдары Білім беруді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2011-2015 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспары).
2011 жылдың басында Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде үйде оқитын
мүгедек-балалар, жеке білім алу марштрутынан табысты өту үшін,
бағдарламалық- техникалық құралдармен жабдықтауға 4 млрд. 170 млн.
теңге қаражат жұмсалды.
Тірек-қимыл аппараттары бұзылған балаларға арналған қозғалысын
қамтамасыз етумен қоса, бүгінгі күні арнайы пернетақталар және
манипуляторлар, есту бұзылыстары бар балаларға арналған жеке есту
аппараттары, дыбысты қатайтатын микрофоны бар тифлотехникалық
құралдар сатып алынуда. Білім алуға мүкіндіктердің бірі ақпараттық
қамтамасыз ету, сонымен қатар принтерлер, Браиль дисплейі, оқитын
машиналар және ұлғайту құрылғысы, электронды лупа, сөйлейтін, экранды
ұлғайтатын мобильді құрылғылармен қамтамасыз ету маңызды.
Бүгінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға ынталандыру үшін 43%
арнайы білім беруді ұйымдары, оның ішінде мультимедиялық оқыту
(Eduplay, Multikid, Sound beam) жүйелерімен жабдықталған. Арнайы
мектептердің 20 пайызында интерактивті тақта орнатылған.
Көру қабілеті бұзылған балаларға 46 тифлокешенді компьютер алынды.
Арнайы мектептердің шамамен 95 пайызы интернет желісіне қосылған.
Арнайы білім беру ұйымдарының 41 пайызы логопедтік тренажерлармен,
327 пайызы есту сөйлеу тренажерлерімен жабдықталған.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім алушы мүгедек
балалардың саны 1650 адамды құрайды.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына оқуға түсу барысында
мүгедектерге 0,5 пайыз қабылдау квотасы белгіленген.
Қазіргі уақытта Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында
мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған кадрлық даярлау жеңіл мамандықтар
бойынша жүргізіледі: «әрлеу құрылыс жұмыстарының шебері»; «сылақшы–
майлаушы», «ағаш ұстасы», «ауылшаруашылық техникасының темір ұстасы–
жөндеушісі», «автомеханик», «аспазшы», «тігін өндірісі және киімді
модельдеу», «аяқ-киім жөндеу шебері», «есептеу техникасы мен
бағдарламалық қамсыздандыру», «тамақтануды ұйымдастыру», «емдеу ісі»,
«аударма ісі», «іс қағаздары және мұрағаттану», «қаржы», «құқықтану»,
«ақпараттық жүйе» және т.б. І, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен
мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтарды қолдау
мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы
№ 296 қаулысына сәйкес жоғары оқу орындарына қабылдау кезінде
бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан 1 пайыз көлемінде
қабылдау квотасы қарастырылған. Бұрын бұл квота 0,5 пайызды құрайтын.
2012-2013 оқу жылында 273 мүгедекке, оның ішінде белгіленген квота
шегінде 204 адамға білім беру гранты тағайындалды.
Соңғы үш жылда 713 мүгедекке гранттар тағайындалды. Осыған қоса, 2008
жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына сәйкес көзі нашар көретін мүгедектер
мен құлағы кеміс мүгедектер, жетім балалар мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қорғаншылығындағы
(қамқорлығында-ғы) балалар ұлғайтылған (+75 пайыз) мемлекеттік
стипендия алады.
Сондай-ақ, мүгедектер білім алып жатқан жоғары оқу орындарында олардың
еркін кіруі үшін (пандус) жағдай жасалады, арнайы оқу құралдары
пайдаланылады.
Дәріс №6. Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балалардың сапалы білім
алуға тең құқылы болуы қарастырылған заңдар жиыны?
2. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі
балалар, мүгедек балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір
сүру сапасын жақсарту туралы анықтама?
7-дәріс. Кемтар балаларды қамқорлаудың жаңа жолдары
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін әлеуметтік, медициналық
және педагогикалық көмектің жаңа жолдары.
Ақтөбеде облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық
консультация мемлекеттік мекемесі(ПМПК ММ) қашан құрылды, облыста
неше ПМПК ММ-сі бар, аудандардан ПМПК ММ-сі ашылама ?
Облыстық ПМПК ММ-і Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылы
шыққан «Кемтар балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық
түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 Заңының 8 бабының, 3 тармағын
орындау мақсатында, Ақтөбе облыстық әкімінің 04.02.2003 жылы бекітілген
№ 23 Қаулысы негізінде құрылды.
Аталған Заң бойынша 60 мың балаға бір ПМПК құрылуы қажет. Ақтөбе
облысында бүгінгі күні екі ПМПК жұмыс жасауда: облыстық ПМПК ММ
облыстың 12 ауданының, Алға облыстық балалар үйінің, Тамды көмекші
мектеп-интернатының және Жайсаң арнаулы мектеп-интернатының
мүмкіндігі шектелген балаларын тексереді. Қалалық ПМПК ММ Ақтөбе
қаласына қарасты мүмкіндігі шектелген балаларды тексереді. Облыс
бойынша 240 мыңдай бала бар, сондықтан тағы екі ПМПК ашу керек:
1. № 3-ші ПМПК ММ-ін Қандыағаш қаласынан құру - темір жол бойындағы(
Мұғалжар, Шалқар,Темір, Байғанин аудандарының) 60 мың балаларды
тексеруге қолайлы жағын ойлау мақсатында;
2. № 4-ші ПМПК ММ-ін ескі қаладан ашу – Алға және Хромтау
аудандарының балалары мен қазіргі қалалық ПМПК-ның артық балаларын
қамту үшін.
ПМПК ММ-нің негізгі міндеттері ?
1. 0-ден 18 жасқа дейінгі балалармен жасөспірімдердің психикалық
денсаулығын тексеру, психикалық және дене бітіміндегі ауытқуды анықтау;
2. балалармен жасөспірімдердің дамуындағы ерекшеліктерді анықтау
мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру жүргізу,
диагнозын қою, оларды оқытудың, тәрбиелеудің және жұмысқа
орналастырудың оған сәйкес жағдайын анықтау;
3. баланың көңіл-күйінің өзгеруіне байланысты білім мекемесінің бір түрінен
екіншісіне ауыстыра отырып, қажет болған жағдайда оған бастапқы
қойылған диагнозын растау, анықтау және өзгерту енгізу;
4. баланың деңгейіне қарай психологиялық-медициналық-педагогикалық
көмек көрсету, оларды арнайы білім беру саласында тәрбиелеуді және
оқытуды, әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
5. дамуында, мінезінде жеңіл ауытқу, кемістіктері бар балаларды, соның
ішінде арнаулы түзеу білім мекемелеріне жіберуге жатпайтын балаларды
емдеу, тәрбиелеу, және оқыту жөнінде ата-аналарға(заңды
қамқоршыларына), мұғалімдерге және дәрігерлерге кеңес беріп көмек
көрсету.
Қандай мамандар жұмыс жасайды ?
Мұғалімдерден – дефектолог(олигофрено мұғалім, сурдолог мұғалім, тифло
мұғалім), психолог, логопед, әлеуметтік мұғалім;
Бала дәрігерлерден – психиатр, невролог, сурдолог, окулист, медстатистик,
педиатр.
Қандай мекемелермен бірігіп жұмыс атқарады ?
Облыстық ПМПК-сы Ақтөбе облысының білім басқармасына қарайды,
сондықтан аталған Заң бойынша аудандық білім бөлімі арқылы –денсаулық
сақтау және әлеуметтік қорғау мекемелермен, бірігіп жұмыс жасаймыз.
Аудандық білім бөлімі(балалардың құқығын қорғайтын және қамқоршы
маман), 0-18 жастағы мүмкіндігі шектелген балалармен, жасөспірімдермен
атқарылған жұмыстарға аудан бойынша жауапты, облыстық ПМПК ММ-не
есеп береді.
Тексеріске кімдер жолдама береді ?
Облыстық ПМПК-нан тексерістен өтуге жолдаманы:
1. мектептердің психологиялық-медициналық-педагогикалық
консилиумі(ПМПк) шешімімен мектептер мен бала-бақшалар;
2. ерте жастан 0-3 жастағыларды скринингі тексерістен өткізіп,
диагнозын анықтап, бала дәрігерлері;
3. 0-18 жасқа дейінгі мүгедектерді әлеуметтік қызыметкерлер мен
дәрігерлер.
Бірақ, барлығыда аудандық білім бөлімімен байланысып, тіркеліп барып
жіберулері қажет. Аудандық білім бөліміндегі балаларды қорғау және
қамқорлау маманы бұл жұмыстардың барлығына жауапты, аудан бойынша 0-
ден 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектелген балалар мен жасөспірімдерді
есепке алады, қамқорлайды, қадағалайды, құқығын қорғайды. Егер облыстық
ПМПК-на өздігінен келе алмайтындар болса, оларды дайындап, тізімін
аудандық білім бөлімі облыстық ПМПК-на жібереді. Жоспар бойынша және
аудандық білім бөлімінің кезектен тыс шақыруымен облыстық ПМПК-сы
аудандарға барып тексерістер жүргізіп, Қортынды шығарып, Ұсыныстар
беріп, кеңес өткізеді.
Облыстық ПМПК ММ-не тексеріске баланы неге ата-анасы әкелу керек,
мұғалімі не дәрігері әкелсе болмайма? Тексерілгендерді қайда жібереді ?
Мүмкіндігі шектелген балаларды тексеру міндетті түрде ата-анасының
немесе заңды қамқоршысының қатысыуымен бірге өткізіледі және мұғалімі
мен емдеуші дәрігері бірге келіп кеңес алуына болады.
Толық тексерістен кейін Тамды, Жайсаң және басқа арнайы мектеп-
интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен
кластарына жібереді, бірақ ата-анасының немесе заңды қамқоршысының
келісімі қажет. Егер ата-анасы баласын арнайы балабақша, мектептерге
жібергісі келмесе, тұрғылықты жеріндегі мектептерде арнайы(Жайсаң
арнаулы мектеп интернатының) не көмекші(Тамды көмекші мектеп
интернатының) бағдарламамен оқытуына толық құқығы бар.
Кейде ата-анасы түсініп, келісіп арнайы мектеп-интернатқа баласын оқытуға
береді, артынан бір себептермен баланы өздері өтінішпен шығарып, үйіне
алып кетеді. Ауылына барғасын мектеп қабылдамайды. Бұл дұрыс емес,
баланы мектепке қабылдап, көрсетілген бағдарламамен оқыта беру қажет.
Неге ата-анасының және мектеп директорының түсінбегенінен бала зардап
шегуі керек?
Мектептер бұған дайын болғаны жөн, көмекші және арнайы бағдарламаға
сай түзеу педагогикасының тәртібі бойынша облыстық ПМПК-ның
ұсыныстары толық орындалуы қажет. Мектептерде бұл жұмысқа жауапты
ПМП консилиум төрағасы, яғни, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі
орынбасары. Аудандық білім бөліміндегі бала құқығын қорғайтын маман
және мектеп директоры бұл жұмыстарды қадағалап тұруға міндетті.
Түзеу диагностикалық топтар (ТДТ) қашан ашылды, олар немен айналысады
?
Облыстық ПМПК-ның жанынан 01.01.2007 жылы 2 ТДТ-р ашылды: 1.Ауыр
ауытқушылықғы бар балалар мен жасөспірімдерге және
2.Ерік-жігеріндегі және тәртібіндегі ауытқушылығы, соның ішінде ерте
жастағы бала аутизімі барлар үшін.
ТДТ-ң негізгі мақсаттары: түзеу психологиялық-педагогикалық шараларды
анықтау үшін танымдық даму (тіл, ес, зейін, қабілеттілігі т.б психикалық
функциялары) ерекшеліктері мен дәрежесін анықтау, эмоциялық ерік
жігерін, жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуын танып білу, диагнозын
белгілеу, педагогикалық-медициналық қортынды шығару, баланы оқыту мен
дамыту үшін тиімді бағдарламаны іріктеу мақсатында психологиялық-
медициналық-педагогикалық тексеру.
ТДТ-қа 3 жастан 16 жасқа дейінгілерді 1 айдан 1 жылға ПМПК-ның
жолдамасымен, ата-анасының(заңды қамқоршысының) келісімімен
қабылданады, психолог, дефектолог(олигофренопедагог), логопед, психиатр,
невролог, тәрбиешілер және педиатр мен медбибі - массажист күніне 4
сағатқа дейін тегін қызымет көрсетеді.
Түзеу сабақтары жеке баламен және топпен бірге жүргізіледі. Сабақтардың
ұзақтығы баланың жеке ерекшелігі мен мүмкіндігіне байланысты.
Аудандардағы психологиялық-педагогикалық түзеу ( ППТ ) кабинеттері
қашан ашылды, неге барлық аудандарда жоқ? ППТ кабинеттерімен ППТ
кластарының айырмашылығы неде ?
Аталған Заң бойынша Ақтөбе облысының Шалқар ауданынан 2004 жылы,
Қарғалы ауданынан 2005 жылы, Мұғалжар мен Хромтау аудандарынан 2007
жылы және Темір мен Қобда аудандарынан 2008 жылы ППТ кабинеттері
ашылып жұмыс жасауда. Қалған 6(Алға, Әйтеке би, Байғанин, Ойыл,
Мәртөк, Ырғыз) аудандардан ППТК ММ-ін облыстық әкімнің Қаулысы
негізінде құрылады. ППТ кабинеттері облыстық бюджеттен
қаржыландырылады, аудан орталықтарынан ашылады.
Ал ППТ кластарының штаты мектептерден бөлінеді, яғни, ППТ кластарын
мектеп директорлары аша алады.
ППТ кабинеттері мен кластарына мүмкіндігі шектелген балалар мен
жасөспірімдерді облыстық ПМПК-ның жолдамасымен қабылдайды. Заң
бойынша арнайы мамандар(психолог, дефектолог, логопед, әлеуметтік
мұғалім) болмаса, бастауыш кластың мұғалімдерін, тәрбиешілерді және қазақ
тілі мұғалімдерін арнайы курстардан оқытып алады. ПМПК-ның
қортындысымен арнайы кабинетке не класқа қабылданған бала, деңгейіне
қарай, қатарымен, өз класында оқып жүріп, қосымша түзеу көмегін алады,
біріңғай бөліп тастауға болмайды.
Мысалға: шет тілі, физика, химия т.б. сабақтарға кемтар балалар
қатыспауына байланысты, психологтің, олигофрено мұғалімнің(дефектолог),
логопедтің, әлеуметтік мұғалімнің көрсетілген сағатына сай, бағдарламасына
қарай қосымша түзеу көмектерін алады. Балалар аз болған жағдайда түзеу
сабағын өткізген сағатына ғана айлық төленеді.
ППТ кабинеттерін құруға аудан әкімі мен аудандық білім беру мекемесінің
бастығымен бірігіп ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Аудан
орталықтарынан бөлек ғимарат пен арнайы мамандар дайындауда.
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум(ПМПк) немен
айналысады, қайда орналасқан?
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум(ПМПк) барлық
мектептерде, балабақшаларда мектеп директорының бұйрығымен құрылады.
ПМПк құрамында төрағасы(оқу ісі жөніндегі мектеп директорының
орынбасары), психологтар, әлеуметтік мұғалімдер, болса логопед,
дефектолог(олигофрено мұғалім, сурдо мұғалім, тифло мұғалім), елге сөзі
өтетін 1-2 сыйлы мұғалімдер, хатшы(медбибі) болады.
1-ші кластың оқушысы 1-ші тоқсанда әріптерді, сандарды үйренген жоқ, оқу
үлгерімі өте нашар, ол балаға 2 деген баға қойып мұғалімі қажетті
құжаттарды жинақтап ПМП консилиумге ұсынады. ПМП консилиум
баланың құқығын қорғау мақсатында тексеру жүргізеді. Егер мұғалімнің
дұрыс сабақ бермегені анықталған болса мұғалімді тәртіпке шақыру қажет.
Ал әлеуметтік мәселелердің кесірінен болса, көмек беру жөнінде әкімшілікке
ұсыныс береді. Балада ауру белгілері болса ауруханаға жібереді. Оқушының
оқу үлгерімі өте нашар екені белгілі болса, көмекші(ақыл есі дамуы кем
балаларға арналған) не арнайы(ақыл есі дамуы тежелген балаларға арналған)
бағдарламаларды және басқада Қортынды мен Ұсыныстарды анықтау үшін
облыстық ПМПК-ға тексеріске жіберу керектігі жөнінде шешім шығарады.
Сабақ үлгерімі өте нашар балаларды 1 кластан, әрі кетті 2-3-4 кластарда
анықтап алғандары, мүмкіндіктеріне қарай оқытқандары дұрыс, егер 5
кластан кейін облыстық ПМПК тексеріске жіберген болса, мектепте ПМП
консилиум құрылмаған деген мағынаны береді емес пе?
Облыстық ПМПК-сы берген қортындының түп нүсқасы ата-анасында,
баланың туу туралы Куәлігімен бірге болады. Қортындының көшірмесін
тиісті көрсетілген мекемелерге(емдеуші дәрігеріне, мектеп директорына
және әлеуметтік қызыметкерге) апарып береді.
Қортындыдағы ұсыныста көрсетілген көмекші бағдарлама бойынша, кемтар
бала 9 класты бітіргенше қатарымен бірге оқыйды. Егер кемтар бала көмекші
бағдарламаны игерген болса, онда 9 класты бітіргесін арнайы Куәлік
беріледі. Егер кемтар бала көмекші бағдарламаны игермесе, сандарды,
әріптерді білмесе, онда 9 класты бітірді деген Анықтама беріледі. Арнайы
Куәлік пен Анықтамаға мектептің ПМП консилиум шешімі негізінде мектеп
директоры аудандық білім бөліміне өтініш береді.
Көмекші бағдарламамен оқыған шаруаға икемі бар балаларды және арнайы
бағдарламамен оқығандарды 9 кластан кейін профтехучилищелерге жібереді.
Кемтар баларға(ақыл есі дамуы кем немесе ақыл есі дамуы тежелген)
берілген ПМПК ұсыныстарын орындалуын қадағалау, құқығын қорғау, жан-
жақты қамқорлау, қатарға қосу, мүмкіндігіне қарай көмекші не арнайы
бағдарламалармен оқыту т.б. жұмыстарға жауапты мектеп пен балабақша
ПМП консилиум төрағасы мен мектеп директорлары. Кемтар, бірақ, ақыл есі
дамуы сау балаларды айыра білу қажеттігін қатаң ескеру.
Ақыл есі дамуы кем(Умственная отсталость), яғни, ауру балалар.
Ақыл есі дамуы тежелген(ЗПР), яғни, ауру емес, әр түрлі себептерге
байланысты мектеп бағдарламасын жай қабылдайтын балалар.
Әлеуметтік қызыметкерлер және әлеуметтік мұғалімдер немен айналысады,
қандай мекемелерге қарайды?
Әлеуметтік мұғалім мектептерде жұмыс жасайды, мектептегі ПМПк бірлесіп
баланың жеке және әлеуметтік мәселелерін шешу тәсілдерін, есебін,
әлеуметтік педагогикалық жұмыс үлгілерін анықтайды. Қоғамда, ортада,
үйде, мектепте жеке қатынасының орнығыуына бейімдейді. Білім беру
бөлімдерінде әлеуметтік қорғау, дамыту, тәрбиелеу шараларын жүзеге
асырады. Үйімен, жәрдемақы алуымен, балалардың құқықтарын қорғау
жұмысымен айналысады. Баланы оқытатын мұғалімдермен, ата-анамен,
әлеуметтік қызыметкерлермен, жеке тұлғалармен тығыз қарым-қатынаста
болады.
Мүгедек балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсетуді, облыстық ПМПК
қортындысы бойынша әлеуметтік қызыметкерлер атқарады. Әлеуметтік
қызыметкерлер жергілікті әкімшілікке және әлеуметтік қорғау мекемесіне
қарайды, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру бөлімдері
мекемелерімен бірлесіп, өзіне бөлінген мүгедек балалардың үйіне барып,
қажеттілігін анықтап, өмірге биімдеу, үйрету, тәрбиелеу мақсатында ата-
аналарына Заңдарды түсіндіріп, көрсетіп, көмектеседі, қадағалайды, ортамен
қарым-қатынас орнатады. Облыстық ПМПК-ның ұсыныстары толық
орындалуы керектігін ата-аналарға, мұғалімдерге, дәрігерлерге, әлеуметтік
мұғалімге және әкімшілікке ұғындырып, бірлесіп жұмыс жасайды.
Мүгедек балаларды әлеуметтік қолдаудың бағдарламасын орындайды.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ұсынысы
бойынша тегін әлеуметтік көмек көрсетеді.
Өз міндеттерін дұрыс білмейтін, түсінбейтін, арнайы курстардан өтпеген,
маман емес «әлеуметтік қызыметкерлер» мүгедек балаға үйден әлеуметтік
көмектерді дұрыс көрсетпейді, соның салдарынан ата-аналар арызданып,
көмекті басқа жақтан іздейді. Сондықтан әкімшілік тікелей бұл жұмыстарды
қатаң қадағалап отырғаны жөн.
Осы Заңға байланысты денсаулық сақтау мекемесі немен айналысады?
Аталған заңға байланысты, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау
министірінің «Ерте жастағы балалардағы психологиялық-физиологиялық
ауытқушылықтарын скринингін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы»
29.01.2003 жылы шыққан № 83 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу
туралы 24 шілде 2009 жылғы «Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-
дене бұзылыстары скринингін ережесін бекіту туралы» № 379 бойынша, 0 –
ден 3 жасқа дейін скринингтік тексеру өткізіп, диагнозын анықтап, есепке
алынған балаларды облыстық ПМПК-на мүгедектіктің алдын алу
мақсатында, оқыту, тәрбиелеу, өмірге биімдеу, демеу мәселелерді шешу үшін
тексеріске жібереді. Ай сайын скрининг кезінде анықталған балалар
арасында психикалық-дене бұзылыстары бар балалар туралы облыстық
ПМПК-на 1-ші қосымшаға сай ақпарат береді. Тоқсан сайын ПМПК-на
жолданған балалар туралы 2-ші қосымшаға сәйкес мәліметтерді салыстыру
жүргізледі. Аудандық бас педиатр бөлек екі журнал арнайды.
Дәрігерлер туғаннан бастап балалардың диагноздарын анықтап болады,
бірақ, кейде жұмыс тоқтап қалады, яғни, анықталған кемтар балаларды
ПМПК-ан уақытында тексерістен өткізбейді. Ата-аналар балаларын ПМПК-
на қаратқысы келмейді, уақыт өткізіп алады, бірақ аудандық білім
бөліміндегі бала құқығын қорғайтын маман ата-аналарға, дәрігерлерге
түсіндіріп, кемтар баланы уақытында ПМПК-нан тексерістен өткізіп алу
қажет.
Аталған заңға байланысты, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау
министірінің «Ерте жастағы балалардағы психологиялық-физиологиялық
ауытқушылықтарын скринингін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы»
29.01.2003 жылы шыққан № 83 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу
туралы 24 шілде 2009 жылғы «Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-
дене бұзылыстары скринингін ережесін бекіту туралы» № 379 бойынша, 0 –
ден 3 жасқа дейін скринингтік тексеру өткізіп, диагнозын анықтап, есепке
алынған балаларды облыстық ПМПК-на мүгедектіктің алдын алу
мақсатында, оқыту, тәрбиелеу, өмірге биімдеу, демеу мәселелерді шешу үшін
тексеріске жібереді. Ай сайын скрининг кезінде анықталған балалар
арасында психикалық-дене бұзылыстары бар балалар туралы облыстық
ПМПК-на 1-ші қосымшаға сай ақпарат береді. Тоқсан сайын ПМПК-на
жолданған балалар туралы 2-ші қосымшаға сәйкес мәліметтерді салыстыру
жүргізледі. Аудандық бас педиатр бөлек екі журнал арнайды.
Дәрігерлер туғаннан бастап балалардың диагноздарын анықтап болады,
бірақ, кейде жұмыс тоқтап қалады, яғни, анықталған кемтар балаларды
ПМПК-ан уақытында тексерістен өткізбейді. Ата-аналар балаларын ПМПК-
на қаратқысы келмейді, уақыт өткізіп алады, бірақ аудандық білім
бөліміндегі бала құқығын қорғайтын маман ата-аналарға, дәрігерлерге
түсіндіріп, кемтар баланы уақытында ПМПК-нан тексерістен өткізіп алу
қажет.
Үйден оқуға анықтаманы емдеуші дәрігер, ал мүгедек балаға үйден
әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынысты облыстық ПМПК береді. Көбіне осы
екі сұрақты шатастырады. Кемтар баланы емдеуші дәрігері үйінен барып
қарап, тексеріп мектепке баруға денсаулығының жарамайтынын анықтаса,
үйден оқуға бекітілген тәртіппен анықтама береді. Ата-анасы анықтаманы
мектеп директорына не ПМПк төрағасына тапсырады, ДКК анықтамасы
негізінде мектеп директорының бұйрығы бойынша мұғалімдер балаға үйіне
барып сабақ береді (яғни қосымша қаржы бөлінеді). Бұл жұмыстарға
жауапты емдеуші дәрігері мен ДКК төрағасы, үйден оқуға анықтаманы
денсаулық сақтау министірінің бекіткен «үйден оқуға жататын аурулар
тізімі» бойынша береді. Қажет болса облыстық ПМПК-сы оқу
бағдарламасына кеңес береді.
Кейбір мектептер және ДКК үйден оқуға анықтаманы облыстық ПМПК-нан
сұратып, кемтар баланы мектепке қабылдамай қояды. Ақтөбе қаласына
шалғай ауылдан келіп, ата-аналар шығынданады, екі ортада кемтар бала
зардап шегеді. Негізсіз кемтар баланы жолдамамен жібергендер Заң алдында
жауап береді. Аудандық білім бөлімдері облыстық ПМПК-ың қортындысына
сәйкес үйден оқыту туралы бұйрық шығарады, ол да дұрыс емес, үйден оқуға
бұйрықты аудандық емхана дәрігерлер кеңес комиссиясының анықтамасына
сәйкес шығару керек. Ондай олқылықтар болмау үшін, аталған заң бойынша
әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру мекемелері
әкімшілікпен ақылдасып, ата-ананың келісімімен бірігіп жұмыс жасау қажет.
Ата-аналарда өздерінің құқығын біліп, Заңдармен танысып, кеңес алып,
балаларын қорғай білгені жөн.
Үйден оқыйтын мүгедек балалармен жасөспірімдердің ата-аналары немесе
заңды өкілінің шығыстарын өтеу үшін қосымша қаржылай қандай көмектер
беріледі ?
Үйден оқытылатын мүгедек балалардың ата-аналары немесе заңды өкілінің
шығыстарын өтеу үшін бір мүгедек балаға 1 айлық есеп көрсеткіші
мөлшерінде Қазақстан Республикасы Заңдарының негізінде аудандық
маслихаттың шешіміне байланысты аудан әкімінің Қаулысы бойынша,
аудандық бюджеттің есебінен қаржы бөлінеді.
Растайтын құжаттарын ұсынған жағдайда өтініш берген айынан бастап
тоқсан сайын төленеді.
1 Дефектолог мұғалім, психолог мұғалім, логопед мұғалім, сурдолог мұғалім,
тифломұғалім, әлеуметтік мұғалім және психиатр дәрігер, невролог дәрігер
мамандарын қандай оқу орындары дайындайды ?
Бала дәрігерлерді(психиатр, невролог, ЛОР, окулист,педиатр): М.Оспанов
атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті және
педиатрия факультеті бар барлық медицина институттар дайындайды.
ПМПК-на жылда қаралу, тексерілу қажет пе?
ПМПК-на кемтар бала өмірінде 1 рет ғана қаралады, берілген қортынды,
ұсыныстар бойынша жұмыс жасау қажет. Егер қортындыда қайта қаралу
керек деп жылы жазылса ғана, көрсетілген уақытында қайта тексерістен
өтеді. Облыстық ПМПК-сы берген қортындының түп нүсқасы ата-анасында,
бала куәлігімен бірге болады. Қортындының көшірмесін тиісті көрсетілген
мекемелерге апарып береді. Қортындыдағы нұсқау-ұсыныста көрсетілген
бағдарлама бойынша, кемтар бала 9 класты бітіргенше қатарымен бірге
оқыйды. Егер мүмкіндігі шектелген бала көмекші бағдарламаны игерген
болса, онда 9 класты бітіргесін «Тамды көмекші мектеп-интернатының»
Куәлігі, ал арнайы бағдарламаны игерсе «Жайсаң арнайы мектеп-
интернатының» Куәлігі беріледі. Мүмкіндігі шектелген бала көмекші
бағдарламаны игермесе, сандарды, әріптерді білмесе, онда 9 класты бітірді
деген анықтама беріледі.
Дәріс №7. Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Үйден оқыйтын мүгедек балалармен жасөспірімдердің ата-аналары
немесе заңды өкілінің шығыстарын өтеу үшін қосымша қаржылай
қандай көмектер беріледі ?
2. Кемтар балаларды қамқорлаудың қандай жолдары бар?
8-дәріс. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді
дамыту қажеттілігін негіздеу.
Елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек
«ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында» сипатталып, оның жоспарлы дамуына әсер ететін қауіп –
қатер ретінде елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балалардың
көбеюі атап көрсетілді және 2 кезеңге белгіленген инклюзивті білімді жүзеге
асыруға мақсаттар мен міндеттер айқындалды. Бағдарламаны іске асыру
нәтижесінде ҚР – да 2015 жылға қарай инклюзивті білім берумен мүмкіндігі
шектеулі балалардың 25%-н қамту көзделсе, инклюзивті білім беруге жағдай
жасаған 70%-ға ұлғаяды, инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі
даму мүмкіндігі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан 50%
құрайтын болады. Дегенмен бұл саланың да проблемалары жетерлік. Қазіргі
уақытта инклюзивті білім беруді дамытудағы нақты прогреске бірнеше
факторлар: объективті және субъективті қиындықтар кедергі келтіруде. /1/.
«Мүгедектер құқықтары туралы» инклюзивті білім беру ережесі
Біріккен Ұлттар Ұйымының бас Ассамблеясымен, мақұлданып, БҰҰ-ның
Конвенциясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген. Көршілес Ресей
мемлекетінде 1990 жылдан бастап, инклюзивті білім беру жүйесі құрыла
бастады /2/.
Қазақстан Республикасының Елбасы өз жолдауында әлеуметтік
мәселелерге көп көңіл бөлді. 2011-2012 жылдары Қазақстан
Республикасының білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының басты
мақсаты – білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын жақсы білім беру
қорлары мен технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып
отыр.
Мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі – мүмкіндіктері
шектеулі балалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім
алу құқықтарын жүзеге асыруын қамтамасыз ету болып табылады.
Білім беру саласындағы халықаралық құжаттар негізінде құрылған
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі
баланың білім алудағы тең құқықтар қағидалары қарастырылады.
Мүмкіндігі шектеулі баланың білім алу құқығына кепілдіктер
Қазақстан Республикасының Ата Заңы – Конституцияда, «Қазақстан
Республикасында бала құқықтары», «Білім», «Қазақстан Республикасында
мүгедектерді әлеуметтік қорғау», «Арнай әлеуметтік қызметтер»,
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік – медициналық –
педагогикалық және психологиялық түзете қолдау туралы» Қазақстан
Республикасының заңдарында бекітілген.
Мүмкіндіктері шектеулі баланың білім алуға құқықтарын жүзеге
асырудың басты мақсаты ретінде оның дене және психологиялық
ерекшеліктерін ескере отыра балалардың білім алуы үшін қажетті
жағдайларды жасау қарастырылған.
Қазіргі уақытта ортамызда болып жатқан әлеуметтік жанұя
мәселелері, экологиялық-эканомикалық дағдарыстар жүйке жүйелері
бұзылған, психикалық аурулары бар, кемтар болып туылатын нәрестелердің
саны жыл сайын өсіп отыр. Жалпы білім беретін мектептерде ондай балалар
аз емес. Мектепте және үйде де ондай балалар жеке ықпал жасауды қажет
етеді. Ол үшін баланың психологиялық қажеттіліктерін, оқу үлгерімін
зерттеп, психологиялық түзеу жұмыстарын ұйымдастыру керек. Баланың
психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері түрлі болуы мүмкін.
Олар басынан өткен аурулар, негізгі әлеуметтік жағдайы, нашар көруі, құлақ
ауруы тағы да басқа себептерден болуы мүмкін. Психикалық дамуының
тежелуінің негізгі бұзылыстары интелектуалды деңгейі көбіне таным
процестері: зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы
төмен болып келеді /3/.
Республикамызда жалпы білім беру ортасында мүмкіндіктері шектеулі
балаларды қалыпты деңгейде дамыған балалармен бірге кіріктіріп оқыту
үдерісі дамып келе жатқанын атап өту қажет.
Қазіргі таңда кіріктірудің төмендегідей үлгілері бар:
1. Жалпы білім беру мектептерінің арнайы (түзету) сыныптарында
мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы.
Қазіргі таңда жалпы білім беру мектептерінің 1318 арнайы
сыныптарында 9144 мүмкіндігі шектеулі бала, 102 түзету мектебінде 15639
бала білім алады, оның ішіндегі 2 мыңға жуығы психикалық дамуы тежелген
балалар, 8049 астам ақыл – ойы кем балалар, қалғандары дене дамуында
түрлі ауытқушылықтары бар балалар.
2. Инклюзивті білім беру дегеніміз – қалыпты деңгейде дамыған
балалармен бірге бір сыныпта мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуы.
Инклюзивті білім беру жүйесіне кіріктірілген балалар үлесі жалпы
балалар санының 19, 1 % (2010 жылы 12, 0 %) құрайды.
Астана қаласы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан,
Қарағанды және Қостанай облыстарында мүмкіндігі шектеулі балаларды
білім беру ортасына енгізуге жағдай жасау мәселелері өз шешімін табуда.
Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында
оқу – тәрбие үдерісіне мүмкіндігі шектеулі балаларды кіріктіру мәселелері
төмен деңгейде.
Инклюзивті білім беруді дамытуды мүмкіндіктері шектеулі
балалардың білім алу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі ретінде
қарастырған жөн. Бала және оның ата – анасының тұрғылықты жеріне сәйкес
жалпы типтегі мекемелерде мұндай балаларға білім беруді ұйымдастыру
оларды ұзақ мерзімге мектеп – интернатқа жіберуден сақтап, отбасында
тәрбиеленіп тұруы үшін жағдай жасайды, қалыпты деңгейдегі дамыған
құрдастарымен күнделікті қарым – қатынас жасауды қамтамасыз етеді,
әлеуметтік бейімделуі және қоғамға кіріктіруге қатысты мәселелерді тиімді
шешуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды
әлеуметтік – медициналық – педагогикалық және психологиялық түзете
қолдау туралы» заңына сәйкес жалпы білім беру мекемелерінде білім алатын
және кезінде «оқыту мүмкін емес» оқушылар қатарына жататын балаларға
түзете – педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін жаңа түрдегі
арнайы білім беру мекемелерінің желісі кеңейтілуде.
Мұндай мекемелерді құру қажеттілігі елімізде бар арнайы (түзету)
мекемелердің барлығында түрлі ауытқушылығы бар балаларға дұрыс түзете
– педагогикалық қолдау көрсетуге толықтай мүмкіндік жоқ болғандықтан
туындаған.
Бүгінгі күні республикамыздағы арнайы ұйымдар жүйесінде 63 түзету
және инклюзивті білім беру кабинеті, 129 психологиялық – педагогикалық
түзету кабинеті, 20 оңалту орталығы және 479 логопедиялық пункт
қызметтерін жүзеге асыруда.
Қазіргі таңда түзете білім беру ұйымдарының желісін сақтап,
жетілдіру және инклюзивті білім беру жүйесін қатар дамыту ең тиімді қадам
болып табылады. Мұндай жағдайда түзету ұйымдары жалпы білім беру
мекемелерінде қызмет жасайтын мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетуді
қамтамасыз ететін оқу - әдістемелік орталық, білім алып отырған тұлғалар
және олардың ата – аналарына кеңес беру және психологиялық –
педагогикалық түзете көмек көрсету қызметін атқарады.
Арнайы білім беру бағдарламалары бойынша мүмкіндігі шектеулі
балаларды оқыту сегіз типтегі арнайы (түзету) ұйымдар жүйесінің қызмет
жасауы арқылы жүзеге асады:
39 арнайы балабақша және 274 балабақша топтарында 10 мыңға жуық
мектеп жасындағы балалар қамтылған;
9169 мүгедек бала үй жағдайында білім алады;
25 мыңнан астам бала 20354 оқушыға арналған 1564 мектепте және
4970 мектеп жасына дейінгі балаларға арналған 274 топта арнайы
жағдайлармен қамтамасыз етілген жалпы білім беру мекемелеріне
біріктірілген.
Бұл қызметтің басты бағыты ретінде баланың дамуындағы
ауытқушылықты анықтап, дамуында бұзылыстары бар балалармен түзету
жұмыстарын ерте жастан ұйымдастыру болып табылады. Бұл мақсатта 57
психологиялық – медициналық – педагогикалық (ПМПК) кеңес жұмыс
жасайды.
ПМПК – тің 2012 жылдың қаңтр айының 1-не берген мәліметтері
бойынша республикамызда 149043 мүмкіндіктері шектеулі бала мен
жасөспірім тіркелген.
Кейбір аудандарда ПМПК жүйесінің жеткіліксіздігі анықталды.
Мысалы, ОҚО-да болуы керек 17 ПМПК-ның екеуі ғана қызмет жасауда,
Алматы қаласында 5 ПМПК-ның орнына 2 ғана қызмет жасауда (Қазақстан
Республикасының «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік –
медициналық – педагогикалық және психологиялық түзете қолдау туралы»
заңына сәйкес аудан әкімінің шешімі бойынша 60 мың балаға бір ПМПК
құрылуы тиіс).
Мектеп жасына дейінгі балаларға қажетті психологиялық –
медициналық – педагогикалық көмек уақытылы көрсетілген жағдайда
баланың дамуындағы негізгі кемшіліктерді оқытудың бастапқы кезеңіне
түзету, жалпы білім беру мектептерінде оқытуға дайындауды қамтамасыз
етеді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды ұйымдастыру мақсатында
баланың психофизиологиялық және танымдық мүмкіндіктерінің деңгейін
ескеретін, оқытудың нұсқауларын қарастыратын білім берудің арнайы типтік
оқу бағдарламалары құрастырылып, бекітілген. Сонымен қатар мүмкіндігі
шектеулі балаларды кіріктіре (инклюзивті) оқытуды ұйымдастыру бойынша
ұсыныстар мен нұсқаулар дайындалды.
Жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды
оқыту мен тәрбиелеуді табысты ұйымдастырудың жағдайы ретінде баланы
білім беру мекемелеріне толыққанды кіріктіруді қамтамасыз ететін бейімделу
ортасын құру болып табылады.
2020 жылға дейін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
аясында қоғамдық орындарға кедергісіз енуді қамтамасыз ететін
материалдық – техникалық жағдайлар жасалып, дене және психикалық
жағдайлар жасалып, дене және психикалық дамуында ауытқушылығы бар
балаларға жалпы білім беру мекемелерде «кедергісіз аумақтар» (пандус,
арнайы лифт, арнайы жабдықталған оқитын орындар, арнайы оқу, оңалту,
медициналық құрал – жабдықтар және т.б. қосқанда) жасалады. 2011 жылы
инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектеп үлесі 18, 9 % (2010 жылы –
17, 7 %) болды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында
мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңының 15-бабына сәйкес осы
санаттағы балаларға арналған жаңа білім беру ұйымдарын салу, жөндеуден
өткізу және қайта салу жұмыстарын жүргізу барысында білім беру
мекемелерінің «кедергісіз» әрі тосқауылсыз болуын міндетті түрде
қамтамасыз ету қажет.
Жалпы білім беретін мектептердің сыныптарында оқитын дамуында
мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту және олармен жүргізілетін түзету
жұмыстары мұндай оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктері мен
мүмкіндіктерін ескере отырып дайындалған жалпы білім беру
бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Республикамызда 2002 жылдан бастап дамуында мүмкіндіктері
шектеулі балаларға арналған оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер
жасалып, қазақстандық басылымдарды шығару жұмысы жүргізілуде.
Бірнеше нұсқада оқыту көзқарасы мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың
танымдық даму деңгейіне бағытталған арнайы оқу бағдарламалары мен
оқулықтарды қолдануды көздейді.
Республика бойынша мектептердің арнайы оқу әдебиеттерімен,
соның ішінде көмекші мектеп оқушылары және көру, есту, сөйлеу
қабілеттері бұзылған балаларға арналған пәндер бойынша қамтамасыз етілуі
57% құрайды. 2005 жылға дейінгі басылымдар жалпы аталымдардың
санының 40% құрайды.
Есту, көру қабілеттері, тірек – қозғалыс аппарат, сөйлеу тілі, зердесі
сақталған психикалық дамуы тежелген балалар жалпы білім беретін
мектептердің оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерімен оқиды, яғни
қамтамасыз етілуі 100% құрайды.
296 оқулық пен оқу-әдістемелік кешен басылымнан шығарылды,
оның ішінде аталымдардың 39% қазақ тілінде, ал орыс тілінде 61% құрайды.
Қазақ тілінде білім алатын дамуында мүмкіндіктері шектеулі
балаларға арналған оқулықтар, оқу құралдары және дидактикалық
материалдар бұған дейін жеткіліксіз мөлшерде дайындалып, шығарылған.
Қазіргі кезде қазақ тілінде жеке түзете – дамыту жұмыстарын ұйымдастыру
жұмыстары бойынша педагог – дефектологтарға арналған оқыту –
әдістемелік құралдар саны көбеюде.
Білім беру жүйесін 12 жылдық оқытудың жаңа мерзімдеріне көшуіне
байланысты негізгі жалпы білім беретін мектептерде білім алатын
мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға қажетті мерзімді бекіту керек.
Мысалы, естімейтін балалар мектептің негізгі бағдарламаларын 12 жыл бойы
меңгеруі (0 – мектеп алды даярлық және бастауыш және орта буын) керек.
Білім беру жүйесінде оқытудың жаңа мерзімдері енгізілгеніне байланысты
барлық типтегі түзету мектептеріне арналған жаңа оқу бағдарламалары мен
оқулықтарын өңдеуді талап етеді.
Білім берудің арнайы (түзету) ұйымдарын арнайы құралдармен
қамтамасыз ету 2011 жылы 40% бастап 60%-ға жетті (2010 жылы 25% бастап
40,0% болды).
Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуына жағдай
жасау мақсатында қызметті кадрлармен тиімді қамтамасыз ету үшін осы
санаттағы балаларды оңалту және оларға білім беру мәселелерін шешумен
айналысатын органдар мен ұйымдар, психологиялық – медициналық –
педагогикалық кеңестер, білім беру басқармасындағы қызметкерлердің
біліктіліктерін көтеру және қайта дайындау өте маңызды.
2011жылы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды
біріктіріп оқыту (инклюзивті білім беру) мәселелері бойынша мамандардың
біліктілігін көтеру мақсатында төмендегі тақырыптар бойынша 2 курс
өткізілді: «Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беру
үдерісіне қосу», «Ақпараттық және білім беру ресурстарына кедергісіз қол
жету шарты ретінде үй жағдайында оқитын мүгедек балалардың жұмыс
орындарын бағдарламалық – техникалық құралдармен қамтамасыз ету».
2008 жылы наурыз айының 28-ндегі Қазақстан Республикасы
Үкіметінің №296 қаулысына сәйкес кәсіби оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарына техникалық және кәсіптік, орта білім
беруден кейінгі және жоғары білім беру бойынша оқуға түсу барысында I, II
топтағы мүгедек азаматтарға, жастайынан мүгедек, мүгедек балаларға
мемлекеттік білім беру тапсырысынан жалпы санынан 0,5 пайызда квота
қарастырылады.
Сайыстың нәтижесінде 2011\2012 оқу жылына жоғары оқу
орындарында 1, 2 топтағы мүгедектерге 236 орын. Жастайынан мүгедек және
мүгедек балаларға бекітілген квотамен 158 орын бөлінді. Техникалық және
кәсіптік білім беретін мекемелерге қабылданған саны – 292. Студенттер
шәкіртақы алып, жатақханамен қамтамасыз етіледі. Бұған дейін аталған
Қаулының талаптарына сәйкес кедергісіз ортаны құру әрі қамтамасыз ету.
Дәріс №8. Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Жалпы инклюзивті білім беру?
2. Еліміздегі инклюзивті білім беру деңгейі?
3. Дені сау балалармен мүмкіндігі шектеулі балаларды бірігіп оқыту
мәселесі?
9-дәріс. Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру ұйымдарында
мемлекеттік жалпы міндетті жүзеге асыру шарттары
Елбасының дәстүрлі әрбір жылғы Жолдауында маңызды мәселелердің
бірі ретінде — қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің, соның ішінде
даму мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірін лайықты қамтамасыз ету,
оларға сапалы білім беруді қалыптастыру екені айқын көрсетіледі.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер: отбасылық, экологиялық,
экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, әртүрлі психикалық-
физикалық аурулары бар, жас ерекшелігі әртүрлі балалардың көбеюіне
әкеліп, соқтырып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы
№1118 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша
мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне ерекше
мән берілген. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен
қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен және
компьютерлік қамтамасыз ету жинақтарымен қамтамасыз етіліп,
қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру жолға қойылатындығы атап
көрсетілген.
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды үйден оқытуды жаңа технологиялар
көмегімен ұйымдастыру – оқу материалдарын түрлендіре отырып (әртүрлі
бағдарламалар көмегімен) оқушының назарын бір бағытқа шоғырландыруға,
сабақтың түсіндірілуін жеңілдетіп, оқушының сабаққа деген белсенділігін
арттыруға мүмкіндік береді. Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ішінде,
әсіресе тірек-қимыл жүйесінің сырқаты бойынша үйден оқытылатын балалар
үшін жаңа технологиялар көмегімен білім беру арқылы, білім беру
ұйымындағы жүргізілетін білім беру жағдайына қолжетімділікті қамтамасыз
етуге болады.
Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы –
еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының
сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау міндетіміз
болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі бір оқушының болса да білім
сапасының жоғарылауы, ұлтымыздың саналы келешегіне қазіргі уақыттан
бастап жинақталынып жатқан қор деп түсінуіміз қажет.
Үйден оқытылатын және мектеп партасында оқып отырған мүмкіндігі
шектеулі сөйлеуі бұзылған оқушылар үшін қалыпты сөйлеу қабілетін дамыту
үшін дыбысты қайталату арқылы оның қаншалықты дұрыс айтылғанын
анықтайтын, арнайы дыбыс құрылғыларымен жабдықталған тренажерлер
қажет. Мұндай тренажерлар дербес компьютерге қосылады да, оқушылар
қызығушылығын арттыратын ойын-жаттығулар ретінде жұмыс жасайды.
Демек, мүмкіндігі шектеулі оқушыларды үйден оқытуды жаңа
технологиялар көмегімен ұйымдастыру талабының артуы мен бүгінгі білім
беру жүйесінде бұл мәселеге өз деңгейінде толыққанды назар аударылмауы
арасында; білім беру қызметін жетілдіруде электрондық ақпараттық
ресрустарды тиімді пайдалану қажет. Мүмкіндігі шектеулі балаларға
мектептерде ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен білім беру
жүйесі келесі педагогикалық шарттар бойынша құрылуы қажет:
білім беру үдерісіне қатысушыларды әлемдік білім беру ресурстарына
қолжетімділігі;
оқушылардың білімге деген қызығушылығын ІТ-технологиялар
арқылы арттыру;
оқытудың барлық сатысында өз бетімен қосымша жұмыс жүргізуді
ұйымдастыру;
мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы үшін қалыпты жағдайдағы
дені сау балалармен тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету;
қашықтықтан оқыту кезінде олардың білім деңгейінің даму
траекториясын бақылау;
мүмкіндігі шектеулі оқушылардың білім алуына кедергісіз аймақтар
қалыптастыру;
білім сапасының жоғарылауына әсер етіп, қоғамның белсенді мүшесі
ретінде қалыптасуына жағдай жасау. Мүгедек балаларды оқытуды
ұйымдастырудың негізгі принциптері:
Дәстүрлі оқыту үдерісі мен қашықтықтан білім беру технологияларын
кіріктіру жолымен сапалы білім алу қолжетімділігіне азаматтардың
конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;
Мүгедек балалардың даму бұзылыстарын түзету, әлеуметтік бейімдеу
және оларға жалпы білім беру үшін арнаулы педагогикалық әдіс-тәсілдер
негізінде қашықтықтан оқыту технологияларының элементтерін қолдану
арқылы қолайлы жағдайлар жасау;
Қашықтықтан білім беру моделінің мүгедек-балалардың даму
ерекшеліктері мен деңгейлеріне бейімділігі;
Жобаға қатысушы мүгедек-балалардың денсаулығының сақталуын
қамтамасыз ететін қолайлы жағдай жасау.
Жанұяда мүмкіндігі шектеулі баланың өмірге келуі бірінші кезекте ата-
ананың және жанұя мүшелерінің өмірге көзқарасын, өзгелерге және өзіне
деген қарым-қатынасын өзгертпей қоймайды. Отбасында бала үшін де, ата-
ана мен жанұя мүшелері үшін де ауыр психологиялық атмосфера
қалыптасатыны белгілі. Әйгілі ғалым Л. С. Выготский баланың өсіп-дамуы
бірінші кезекте әлеуметтік даму жағдайына негізделгенін дәлелдеген.
Дамуында ауытқуы бар баланың кейінгі тағдыры өзі туып, тәрбиеленіп
жатқан отбасының жағдайына байланысты. Яғни, баланың дамуы көбінесе
медицина және педагогикалық қызметкерлердің назарынан тыс қалып, басты
ықпал етуші күш ата-ана болып табылады. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі
бала тәрбиелеуші отбасы қандай да болмасын медициналық, педагогикалық,
психологиялық, құқықтық ақпарттық қолдауды қажет етеді. Дер кезінде
алынған қандай да қолдау түрі баланың немесе отбасының кез-келген
әлеуметтік-психологиялық мәселесінің шешілуіне әсерін тигізеді.
Шындығында да, ауру баланың әр-түрлі проблемаларына байланысты
күтімнің қажеттілігінен ата-ананың (ең болмағанда біреуінің) жұмыс істеу
мүмкіндігі шектеледі. Бұл жанұяның әлеуметтік және экономикалық
статусына кері әсерін тигізбей қоймайды. Осыған байланысты туындайтын
ішкі жанұялық қарым-қатынастың бұзылуы баланың онсыз да бұзылған
психофизикалық жағдайына жағымсыз әсер етіп, оның психикасының
ауытқуына әкеп соғады.
Баланың кішкентай кезінен өзін қоршаған жандармен қарым-
қатынасынан үйренген тәжірибесі оның психикалық дамуының ірге тасы
болатынын және кейінгі тағдыры осыған байланысты анықталатынын терең
түсіне бермейміз. Яғни, жанұя баланың (оның органикалық бұзылуларынан
тыс) психикалық дамуының негізгі ошағы болып табылады. Осыған
байланысты мүмкіндігі шектеулі баланы оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде ата-
ана бауырларының рөлі мен жауапкершілігі бірнеше есе өсіп отырады. Ол
тек баланы өмірлік қажеттіліктермен қаитамасыз етуден ғана тұрмайды, оны
үнемі сүйіспеншілікпен қамқорлық аясына алу, сезімталдықпен қолдау
қажет. Бірақ ол баланың өзінің өмірлік тәжірибесін меңгеруіне жағдай
жасауы үшін өзіндік белсенділігін қолдау және қалыптастыруға бағытталған
болуы керек. Түсініктірек айтқанда баланың әлеуметтік дағдылары жас және
жалпы дмау деңгейіне қарай мүмкіндігінше ересек адамдар мен балалар
арасындағы өзара іс-әрекет арқылы қалыптасады.
Ата-аналар тарапынан болатын жоғары дәрежедегі қамқорлық та
баланың өздігінен жуыну, киіну, тамақтану, қажетін өтеу дағдыларын игере
алмауына себеп болады. Төгіп-шашады, бүлдіреді деген сылтаулармен көп
жағдайда ата-аналар баласы үшін өздері істегенді тиімді көреді. Осындай
себептермен балада өз-өзіне қызмет ету дағдысының қалыптасуы
қиындайды. Түзету, әлеуметтік бейімдеу орталықтарына осындай бағытта
жүргізілетін нәтижелі жұмыстар ата-ана тарапынан қолдауды бекітілуді
қажет етеді.
Мүгедек бала тәрбиелеу, отбасының шаруасы әртүрлі жанұялық
проблемалар кей жағдайда баланың болашағын, оның кейінгі тағдыры
туралы ойлануға мойын бұрғызбайды. Дегенмен де, ата-ана түзете-амыту
үрдісінен тыс қалмай белсенді қатысушы болып, мамандармен,
медициналық, психологиялық кеңес алып отырса, баласының өмірлік
қажеттілік дағдыларды меңгеруіне сауатты түрде ықпал етер еді.
Мүмкіндігі шектеулі бааларға білім беру үшін көп еңбек, ұстаздық жылы
сезім мен кішіпейілділік керек. Оларға қарапайым түсініктерді жеткізу оңай
шаруа емес. Оларға әсер ету жолдары түрліше. Ұстаз ізденісі әр баланың
жан-дүниесіне үңілуден басталады. Бұл балаларды зерттеу ол нені жақсы
көреді, нені ұнатпайды, кімді құрмет тұтады (кумир), немен айалысқанды
ұнатады. (хобби). т.б. сияқты сұрақтарға жауап алудан басталады. Оның
маңыздылығы бұларды білу сол оқушымен әрі қарай әңгімені өрбітуге
көмегін тигізеді, яғни күнделікті ең қарапайым әңгімелесудің өзі қарым-
қатынасыңызды нығайтып оның бір сәтке болса да сергіп, көңілі көтеріліп
қалуына әсер етеді.
Мүмкіншілігі шектеулі болған себепті баланың және қамқор ата-ананың
көп жағдайда агрессивті күйде жүретінін естен шығармаған жөн. Олар
педагогтарға және әлеуметтік қызметкерлерге сеніммен, үмітпен қарайды.
Содықтан бұл балаларды қатаң талап қою арқылы үйрету тиімсіз, тіпті
қауіпті болуы да мүмкін. Ал олардың басы әр түрлі ойдан бос
болмағандықтан тек жүрек арқылы жол табуға болады.
Ағылшын зерттеушісі Л. Ярроу бойынша депривация түрлері
айқындалған. Соың ішінде үйден оқитын оқушыда даму жағдайының 3 түрі
кездеседі.
Әлеуметтік депривация- баланың басқа адамдармен қарым қатынастың
азаюы.
Эмоциялық депривация- қоршаған ортаме қарым-қатынаста эмоцияның
әлсіз көрінуі, айналаны енжар сезінуі.
Сенсорлық депривация- балада әсерлердің әр түрлілігі және қабылдау
айқындығының төмендеуі.
Олардың ішінде интеллект дамуында физиологиялық қалыс болмаса да
өз құрдастарынан 2-4 жылға артта қалған балалар болады.
«Қазақ педагогикалық энсеклопедия сөздігінде» ойлауға мынадай
анықтама береді. Ойлау – сырттан әсер ететін заттар мен құбылыстардың
мида жалпы жәе жанама түрде ұғым арқылы бейнелену. Ал П. Г.
Гальперин: «Ойлау -сезім, қабылдау елестің таным істерін жалғастырушы
дамытушы» ретінде қарастырады. Басқа психикалық функцияларға
қарағанда адамның ойы ерекше, белсенді процесс. Ой адамың
айналысындағы дүниемен айналыспайынша өздігінен пайда болмайды,
ойдағы негізгі мақсат — сұраққа жауап беру, мәселені шешу.
Оқушының ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретіде
жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Сондықтан, оқушылардың
тапсырмаларды орындау барысында ойлау операцияларын жүзеге асыру
тәсілдерін үйретіу қажет.
Баланың жеке дара қасиеттерін ,ескере білу.
Іс-әрекетке қызықтыра білу:
Сабақтан тыс жұмыс түрлдерін жоспарлау және оның ж.үзеге асуына
бақылау жасау.
Тәсілдер:
Көрнекі- әрекеттік ойлау- заттық құралдық іс-әрекет, ол құрастыру іс
әрекетінен көрініс табады (түрлі конструкторлар қолдану).
— Көрнекі бейнелік ойлауға жоғарыда айтылған конструкторлармен
жұмиыс бейнелік үлгіде емес, сөздік нұсқада болуы тиіс. (Әр түрлі
сюжеттік-ролдік және режиссерлық ойындар)
— Сөздік логикалық ойлауды алдымен Р. С. Немовтың әдістемесі
бойынша анықтап алып, оны ары қарай дамытуға «Төртінші артық»,
«Әңгіменің жетіспейтін бөлігі», «Керісінше айту», «Жақсы мен жаман»,
т.б. көптеге жаттығуларды қолдануға болады.
Баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері әр түрлі
болады. Олар: басынан өткен аурулар, әлеуметтік-тұрмыстық жағдай,
нашар көруі, құлақ ауруы, т.б. себептер болады. Психикалық дамуының
негізгі бүзылыстары-интеллект деңгейі, көбіне таным процестері: зейіні,
логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы, қоршаған ортаны
тануы нашар болып келеді.
Осындай тұлғалардың психологиялық, сөйлеу тілі және қимыл-
қозғалыс дамуларының қарқынының баяулығы байқалады. Олар өзіне өзі
қызмет көрсету дағдыларын кеш қабылдайды, қарапайым мектептік
білімді де нашар меңгереді. Ақыл-ойын орташа деңгейде бұзылған
балаларда қоршаған орта туралы түсінік өте кедей, сондықтан
«Айналамен таныстыру» өте маңызды. Ондағы басты мідет балалардың
табиғат туралы қароапайым түсінікті меңгеруі, олардың жақынқоршаған
ортаны заттар мен құбылыстар туралы түсініктерін молайту және
жүйелеу, сонымен бірге тәртіптің дұрыс нормаларын қалыптастыру
жатады.
Дүниетанымын кеңейтудің мақсаты ақыл-ойы орташа даиыған
оқушылардың оқудың бастапқы сатысында алған қоршаған әлем туралы
түсінігін кеңейту және бекіту қоршаған әлемде бағдарлаудың
практикалық тәсілдерін, өмірлік қажетті икемділіктер мен дағдыларды
дамытуды жалғастыру.
Табиғат құбылыстары, жыл мезгілінің ауысуы және табиғат пен
қоғамдағы адам өмірінің өзі де кезеңдік түрде болады. Оқушылар бұл
қайталанатын, сонымен қатар өмір кезеңдерінің уақыттың ағымдығын мен
қайталанбастығын сезінуге және түсінуге тиісті. Бұл үшін балаларды
оларды қоршаған табиғат пен қоғаммен өзара қарым-қатынасқа қатыстыру
керек.
Сондықтан оқушыларға қоршаған орта және әлеуметтік ортада
бағдарлау үшін қажетті қызмет, икемділік тәсілдері қалыптасады. Іс-
әрекеттік тәсілде ресек адамның басшылығымен меңгеріледі.
Оқушылардың даму деңгейіне қарай, мүмкіндігінше біртіндеп оқу
үрдісінде муляждар , суреттер, фотосуреттер, сызба бейнелер, шартты
белгілер, пиктограммалар ендіріледі.
Мұғалім мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыста оның жеке
ерекшелігі ескере отырып барлық материалды сабақта іс-жүзіне асыруға
міндетті емес екенін ұмыытпағаны абзал. Оқыту үшін балалардың өмір
жағдайына сәйкес және олардың әлеуметтік бейімделулеріне пайдалы
болатын мазмұнды таңдау керек.
Мүмкіншілігі шектеулі болған себепті баланың және қамқор ата-
ананың көп жағдайда агрессивті күйде жүретінін естен шығармаған жөн.
Олар педагогтарға және әлеуметтік қызметкерлерге сеніммен, үмітпен
қарайды. Содықтан бұл балаларды қатаң талап қою арқылы үйрету
тиімсіз, тіпті қауіпті болуы да мүмкін. Ал олардың басы әр түрлі ойдан
бос болмағандықтан тек жүрек арқылы жол табуға болады.
Дәріс №9. Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Мемлекеттік жалпы міндетті жүзеге асыру шарттары?
2. Түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары?
3. Баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері?
10-дәріс Мүгедектердің құқықтарын, бостандықтары мен
мүдделерін қорғау саласындағы заңнама
Заң жобасы мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру, барлық
мүгедектердің өз құқықтары мен бостандықтарын толық және тең дәрежеде
жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасау мақсатында әзірленген.
Құжат мүгедектердің және қимыл-әрекет етуі ауыр басқа да топтарының
еркін жүріп-тұруы үшін, яғни әлеуметтік объектілерге, инфрақұрылымдарға,
байланыс және ақпарат саласындағы көрсетілетін қызметтерге кедергісіз қол
жеткізуі үшін жағдайлар жасауға бағытталған.
Заң жобасы медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесін жетілдіруді
көздейді. Көру және есту қабілеті төмен мүгедектерге қолжетімді тұрғыда
ақпарат беріледі. Жүріп-тұруы қиын мүгедектер некеге тіркелу қызметтерін
үйде, медициналық немесе өзге де ұйымдарда ала алады.
Олардың тұрғын үй қатынастары саласындағы құқықтарын қорғау
мақсатында үшінші топтағы мүгедектерге басқа жарамды тұрғын үй
берілмейінше қызметтік тұрғын үйден шығаруға жатпайтыны заң жобасында
қарастырылған. Сондай-ақ тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге
берілетін тұрғын үй екінші қабаттан жоғары болмауы жөніндегі талап
қойылған.
Есту қабілеті нашар мүгедектер үшін ымдау тілі маманының көрсететін
қызметі нормасын жылына 60 сағатқа дейін ұлғайту ұсынылады.
Республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда және астанада
психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін құру көзделеді.
Білім беру саласында көру қабілеті бұзылған мүгедектерді тифлотехникалық
құралдарды және арнайы құрылғыларды пайдалана отырып оқыту мен
тәрбиелеу құқығына кепілдік беріледі, инклюзивті білім беруді есепке ала
отырып, білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын әзірлеу
жөнінде талаптар белгіленеді.
Бұдан басқа, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын
адамдар үшін мемлекеттік білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарына
бірінші кезекте жұмысқа бөлу құқығы регламенттеледі.
Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңы Осы Заң
Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы
қоғамдық қатынастарды реттейдi және мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды
қамтамасыз етудiң, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене араласуы
үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық, экономикалық және
ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды.
ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ҧғымдар Осы
Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы жүрiп-тұру құралдары - мүгедектердiң белсендi және баяу жүрiп-
тұруына арналған техникалық көмек түрi;
2) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 433-V Заңымен (01.01.2016 бастап
қолданысқа енгізіледі);
3) кәсiптiк бағдарлау - мүгедектiң еңбек қызметi түрлерiн таңдауына көмек
көрсетуге бағытталған шаралар жүйесi;
4) қайта жасау хирургиясы - организмнiң бұзылған функцияларын қалпына
келтiруге немесе олардың орнын толтыруға бағытталған хирургиялық емдеу
әдiсi;
5) медициналық-әлеуметтiк сараптама - организм функциясының тұрақты
бұзылуынан туындаған шектеулі тіршілік-тынысын бағалау негiзiнде
куәландырылатын адамның әлеуметтiк қорғау шараларына деген
қажеттiлiктерiн белгiленген тәртiппен анықтау;
5-1) медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым) – көмек пен күтімге,
медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж қарттардың, мүгедектердің, оның
ішінде психоневрологиялық науқастар қатарындағы мүгедектердің, мүгедек
балалардың стационар, жартылай стационар немесе күндіз болу жағдайында
тұрақты немесе уақытша тұруына арналған ұйым;
6) медициналық оңалту - организмнiң бұзылған және (немесе) жоғалтқан
функцияларын сақтауға, iшiнара немесе толық қалпына келтiруге
бағытталған медициналық қызметтер кешенi
7) мүгедек – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау
қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға,
жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге
байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы
нашарлаған адам;
8) мүгедек бала – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк
қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға,
жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге
байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы
нашарлаған он сегiз жасқа дейінгі адам;
9) мүгедектердi әлеуметтiк оңалту - мүгедектердiң тiршiлiк-тынысының
шектелуiн жеңiп шығуы үшiн жағдай туғызуға, олардың әлеуметтiк
мәртебесiн қалпына келтiруге, әлеуметтiктұрмыстық және ортаға
бейiмделуiне бағытталған шаралар кешенi;
10) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау - мүгедектерге әлеуметтiк көмек көрсету,
оңалту, сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуы жөнiндегi шаралар
кешенi;
11) мүгедектердi жұмысқа орналастыруға арналған арнаулы жұмыс
орындары - мүгедектiң жеке мүмкiндiктерi ескерiле отырып жабдықталған
жұмыс орындары;
12) мүгедектердi кәсiптiк оңалту - мүгедектердiң бұзылған не жоғалтқан
кәсiптiк дағдыларын, бiлiмi мен машықтарын алуына немесе қалпына
келтiруiне және оларды бейiмдеу мен жұмысқа орналастыруға бағытталған
шаралар кешенi;
13) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
14) мүгедектердiң әлеуметтiк-тұрмыстық және ортаға бейiмделуi -
мүгедектердiң өзiн-өзi қарап-күту, өз бетiмен өмiр сүру мүмкiндiгiне қол
жеткiзу немесе олардың отбасылық және қоғамдық өмiрдiң үйреншiктi
жағдайларына қайта оралу процесi;
14-1) мүгедектердің мамандандырылған ұйымдары – мүгедектердің
қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ ондағы қатысу үлестерінің жүз пайызы
мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне тиесілі ұйымдар мына талаптарға
сай келсе: мүгедектердің орташа жылдық саны қызметкерлердің жалпы
санының кемінде 51 пайызын құраса; бір жылда мүгедектердің еңбегіне
ақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекке ақы төлеу жөніндегі жалпы
шығыстардың кемінде 35 пайызын құраса, осындай бірлестіктер мен
ұйымдар;
15) мүгедектiк - организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың
бұзылуы салдарынан адамның тiршiлiк-тынысының шектелу дәрежесi;
16) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасы - мүгедектi оңалтудан өткiзудiң
нақты көлемiн, түрлерi мен мерзiмдерiн белгiлейтiн құжат;
17) мiндеттi гигиеналық құралдар - табиғи физиологиялық мұқтаждықтарды
және қажеттiлiктердi қанағаттандыруға арналған құралдар;
18) протездiк-ортопедиялық көмек - мүгедектердi протездiк-ортопедиялық
құралдармен қамтамасыз ету жөнiндегi медициналық-техникалық көмектiң
мамандандырылған түрi және оларды пайдалануды үйрету;
19) протездiк-ортопедиялық құралдар - кем аяқ-қолды немесе дененiң басқа
да мүшелерiн алмастыратын, аурудың немесе денсаулыққа зақым келудiң
салдарынан организмнiң бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының
орнын толтыратын құралдар;
19-1) сурдоаударма – қандай да бір тілден дактильді әліпби және (немесе)
ымдау тілі көмегімен аудару;
20) сурдотехникалық құралдар - есiту кемiстiктерiн түзеуге және олардың
орнын толтыруға арналған, соның iшiнде байланыс құралдары мен ақпарат
берудi күшейтетiн техникалық құралдар;
21) техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар - протездiк-
ортопедиялық және сурдо-тифлотехникалық құралдар мен мiндеттi
гигиеналық құралдар;
22) тифлотехникалық құралдар - мүгедектердiң көру кемiстiгi салдарынан
жоғалтқан мүмкiндiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға
бағытталған құралдар;
23) тiршiлiк-тынысының шектелуi - адамның өзiн-өзi қарап-күту, өздiгiнен
жүрiп-тұру, бағдарлай алу, қарым-қатынас жасау, өзiнiң мiнез-құлқын
бақылау, оқу және еңбекпен айналысу қабiлетiнен немесе мүмкiндiгінен
толық немесе ішінapa айрылуы;
24) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсету стандарттары – мүгедектерге және мүгедек балаларға арнаулы
әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын, көлемін және шарттарын белгілейтін
нормативтік құқықтық актілер;
Дәріс №10. Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1 Білім беру саласында көру қабілеті бұзылған мүгедектерді
тифлотехникалық құралдары қандай?
2 Мiндеттi гигиеналық құралдар?
3 Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсету стандарттары?
11-дәріс. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде
мүмкіндігі шектеулі балалар және мүгедек балалардың
құқықтары
Балалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау саласындағы ұлттық
саясаттың негізгі бағыттарының бірі мүгедек балаларды әлеуметтік оңалту
болып табылады, ол мүгедек балалардың тіршілік әрекетінің шектелуін
еңсеруі, әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруі, әлеуметтік-тұрмыстық және
еңбекке бейімделуі және материалдық тәуелсіздікке қол жеткізуі үшін
жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта елімізде
47 мыңнан астам мүгедек бала тұрады.Осыған байланысты мүгедектерді
оңалту жөніндегі әлеуметтік қызметтерді көрсететін медициналық-
әлеуметтік мекемелер санын арттыру өріс алып келеді. Мүгедек балаларды
медициналық-әлеуметтік мекемелерде ұстауға бюджеттен бөлінетін
шығыстар жыл сайын артып келеді (қорғаудағы бір балаға жылына: 2002 ж.
188,7 мың теңге, 2003 ж. - 231,0 мың теңге,
2004 ж. - 286,7 мың. теңге). Медициналық-әлеуметтік мекемелер желісі
18 балалардың интернат үйлерін қамтиды, оның ішінде 17 – ақыл-ойы кем
балаларға, 1 – дене мүшесі кемтар балаларға арналған. Осы мекемелерде
мемлекеттің толық қамтамасыз етуімен 3 мыңға жуық бала тұрып жатыр,
олардың 1273-і жетім немесе ата-анасының қарауынсыз қалған балалар
болып табылады.
Ақыл-ойы кем балаларға арналған интернат үйлеріне ақыл-ой кемдігі және
дене мүшесі кемтарлығы белгілері бар, сондай-ақ жүйке ауруларымен
ауыратын, денсаулығының жай-күйі бойынша бөгде адамның күтіміне,
тұрмыстық қызмет көрсетуге және медициналық көмекке мұқтаж 4-18 жас
аралығындағы балалар қабылданады. Ақыл-ойы кем балаларға арналған
интернат үйлерінде тәрбиелеу мен оқыту арнайы оқу жоспарлары, арнайы
бағдарламалар мен әдістемелер бойынша жүзеге асырылады. Балалар қажетті
медициналық көмекті алып, нормативтер бойынша тамақпен және киіммен
қамтамасыз етіледі, сондай-ақ олар үшін мүгедектігіне байланысты
әлеуметтік жәрдемақылар көзделген.2003 жылдан бастап «Кемтар балаларды
әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»
Заңға сәйкес ауыр науқас балаларды медициналық-әлеуметтік оңалту
басымдығына және барынша ықтимал дамытуға бағдарланған, кемтар
балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері құрылуда. Осы
мақсаттарда республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке 2003 жылы
510,5 млн. теңге, 2004 жылы - 487,8 млн. теңге, 2005 жылы - 512,2 млн. теңге
сомасында трансферттер берілді.
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу
арқылы қолдау туралы» Заң іске асырылған екі жыл ішінде облыстарда 90
үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшелері құрылды. Осы бөлімшелердің 1,8
мыңнан астам қызметкері 10736 балаға (орташа есеппен бір әлеуметтік
қызметкерге 6 қызмет көрсетілушіден) қызмет көрсетеді. Бөлімшелердің
негізгі міндеттері бөгде адамның күтіміне мұқтаж мүгедек балаларды
анықтау, оларға әлеуметтік, өзіне-өзі қызмет көрсету, бос уақытын
(көркемөнерпаздық, фестивальдар, шығармашылық конкурстарын, спорттық
іс-шараларды, оның ішінде «Спешиал Олимпикс Казахстан») ұйымдастыру
машықтарын дарыту; ата-аналары мен отбасы мүшелеріне мүгедек балаларға
күтім жасау және олармен қарым-қатынас жасау әдістерін үйрету;
консультативтік медициналық, құқықтық көмек және басқа да қызмет
түрлерін көрсетуді (емханаға ілесіп бару, болу, қорғаншылық пен
қамқоршылық органдарына бару, жәрдемақылар белгілеу, оңалту
жолдарымен қамтамасыз ету мәселелерін шешу, дәрігердің ұсынымдарын
орындау және т.б.) ұйымдастыру болып табылады.
Денсаулық кемістіктері ауыр балаларды медициналық-әлеуметтік оңалту
басымдығына және барынша ықтимал дамытуға бағдарланған, арнайы түзеу
арқылы білім беру мекемелерінің – психологиялық-медициналық-
педагогикалық консультациялардың (ПМПК), оңалту орталықтарының, түзеу
кабинеттерінің желісі дамып келеді. Жергілікті атқарушы органдар 18,5
мыңнан астам кемтар балаларды қамти отырып, арнаулы түзеу мекемелерін
ашты. Жалпы білім беретін мектептердің 547 арнаулы сыныптарында 7
мыңға жуық бала, 45 арнайы мақсаттағы балабақшада және 229 көпшілікке
арналған балабақшаның 229 арнаулы топтарында 11 мыңнан астам мектеп
жасына дейінгі бала тәрбиеленуде. Кемтар балаларға психологиялық-
педагогикалық және түзеу көмегін көрсету үшін 44 ПМПК, 65
психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері және жалпы білім беретін
мектептер жанынан 91 логопедиялық кабинет құрылып, жұмыс жасауда.
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада Атырау, Ақтөбе,
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан
облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында кемтар балалар үшін 10
оңалту орталығы құрылды. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де
заңды өкілдеріне мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде тәрбиелеуі
мен оқытуына жұмсайтын шығындары өтеледі. Соңғы жылдары кемтар
балалардың білім алуға қол жеткізуін кеңейту мақсатында арнаулы білім
беру жүйесінде бірқатар өзгерістер жүргізілді. Қазақстанда білім беруді
дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының
және сөйлеу қабілеті нашар, жүйке дамуы қалыс қалған, ойлау қабілеті кем
балаларға арналған өңірлік бағдарламалардың шеңберінде 2005-2006 оқу
жылынан бастап балабақшалардағы арнаулы топтар мен жалпы білім беретін
мектептердегі арнаулы сыныптар желісі кеңейтілетін болады. 2008 жылдан
бастап мектеп жасына дейінгі балаларға инклюзивті білім беруді дамыту
үшін түзеу кабинеттерін ашу жоспарлануда және арнаулы білім беретін түзеу
ұйымдарының желісі ұлғаятын болады; кемтар балалардың кәсіпке дейінгі
және кәсіптік даярлыққа қол жеткізуіне жол ашылатын болады; кемтар
адамдарды кіріктіре оқытуды мемлекеттік қолдау, бұрын оқи алмайды деп
есептелген балаларды оқыту, арнаулы білім беруді кадрлық қамтамасыз етуді
жетілдіру жөнінде шаралар әзірленетін болады. Кемтар балаларды
жастайынан түзеу арқылы дамыта оқыту бағдарламаларын іске асыру осы
санаттағы балалардың едәуір бөлігін кәдімгі жалпы білім беретн мектептерде
оқыту үшін жағдайлар жасайтын болады.
Халықтың арнаулы білім беру мекемелеріне мұқтаждығын
қанағаттандыру мақсатында республикалық бюджет қаражаты есебінен
Алматы қаласында және Қарағанды қаласында әрқайсысы 250 жатын орынды
(оңтүстік және батыс өңірлерінің балалары үшін) соқыр балаларға арналған
екі мектеп-интернат салу көзделді. Облыстардың, Астана және Алматы
қалаларының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға
арналған орташа мерзімді жоспарының жобасында жергілікті бюджет
қаражатының есебінен көру, есту және тірек-қозғалыс аппараты кем балалар
үшін 7 түзеу ұйымын салып, ашу жоспарланған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1758 қаулысымен бекітілген Мүгедектерді оңалтудың бағдарламасын іске
асыру жөніндегі іс-шаралардың 2002-2005 жылдарға арналған жоспарының
шеңберінде халықаралық ұйымдармен (БДҰ, БҰҰ Балалар қоры
(ЮНИСЕФ)) бірлесе отырып, бастапқы медициналық-санитарлық көмек
мамандарының жас балаларға қамқорлық жасауы жөніндегі модулін әзірлеу
бойынша жұмыс аяқталды. «Ана мен баланы қорғау» республикалық
бюджеттік бағдарламасын іске асыруға көзделген қаражат шеңберінде 2004
жылы мүгедек балалар оңалту емін алатын «Балбұлақ» Республикалық
балаларды оңалту орталығы мүгедек балаларды емдеу және оңалту
мәселелері бойынша консультативтік-әдістемелік көмек көрсету үшін
Қазақстанның қалаларына баруды жүзеге асырды. Жыл сайын
республикалық бюджет есебінен «Алатау» Республикалық балалар
клиникалық санаторийінде қант диабетімен ауыратын 90-нан астам мүгедек
бала өз денсаулықтарын түзетеді. Мүгедектерді оңалтуға арналған
бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2002-2005 жылдарға
арналған жоспарына сай жыл сайын мемлекеттік бюджет есебінен протездік-
ортопедиялық көмекке мұқтаж мүгедек балалар техникалық көмекші
(компенсаторлық) құралдармен (протездік-ортопедиялық бұйымдармен,
сурдотифлотехникамен, кресло-коляскалармен) қамтамасыз етілді. 2004
жылы арнаулы білім беру ұйымдарында оқитын көру және есту кемістігі бар
мүгедек балалар 112 165 мың теңге сомасындағы 51 сурдо- және 35
тифлоқұралдармен қамтамасыз етілді. Мүгедек балаларды әлеуметтік оңалту
саласындағы жұмыс қоғамдық бірлестіктермен тығыз ынтымақтастықта
жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі «САТР», «Кеңес» орталықтарының және басқа да үкіметтік емес
ұйымдардың осы бағытта жұмыс тәжірибесі бар мамандарын тарта отырып,
әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандарды біліктілікті арттыру курстарында
оқытуда. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» ҚР Заңының
қабылдануымен бірге кемтар балаларды кәсіби даярлаудың балама
мекемелерін, орталықтарын құру жобаларына немесе кемтар балаларды
қоғамға кіріктіруге ықпал ететін басқа да жобаларға ҮЕҰ-ларды тарту
мүмкіндігі туды.
«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»
Заңды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға
арналған бағдарламасының жобасын әзірледі, онда оңалту жүйесін
жетілдіруге, мүгедек балаларды әлеуметтік қолдауды күшейтуге және өмір
сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар іс-шараларды көздейді. 2006
жылдан бастап тұңғыш рет жекелей оңалту бағдарламаларына сай мүгедек
балаларға санаторийлік-курорттық ем көзделген.
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік реформаларды одан әрі
тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы әлеуметтік көмекті
ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында балалы отбасыларына бала туғандағы
біржолғы жәрдемақылармен қатар бала бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі
жөніндегі жәрдемақыларды және тұрмыс деңгейі төмен отбасыларына
18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақыларын төлеуді, ұсынылатын әлеуметтік
қызметтердің тізбесін кеңейтуді жорамалдап отыр. Мектепте білім беру
жүйесінде мүгедектерді кәдімгі және арнаулы мектептерде, үйде (жеке
бағдарламалар бойынша) оқыту жорамалданып отыр. Мүгедектерді
мемлекеттік тапсырыс негізінде жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында
оқытуға квоталар белгіленген.
Дәріс №11. Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1 Балалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау саласындағы ұлттық
саясаттың негізгі бағыттары?
2 Мiндеттi гигиеналық құралдар?
3 Мүгедектерді оңалту жөніндегі әлеуметтік қызметтерді көрсететін
медициналық-әлеуметтік мекемелер қандай?
12-дәріс. Білім беру жүйесінде инклюзивті білім беруді жүзеге асыру.
Бүгінгі таңда еліміздегі мемлекеттік саясаттың маңызды
басымдықтарының бірі білім беру жүйесінің дамуы болып табылады. Білім
беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптеріне сапалы білім
алуға барлығының құқықтарының теңдігі, әр адамның интеллектуалды
дамуын, психофизиологиялық және жеке-дара ерекшеліктерін ескере
отырып, халықтың барлық деңгейі үшін білімге қолжетімділігі жатады.
Сапалы білімнің барлығы үшін қолжетімді болу шартын қалыптастыруға
көздейді:
- жалпы білім беру процесіне ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар
қосу аясында оларды әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-
педагогикалық қолдауды ұйымдастыру, мүмкіндіктері шектеулі балаларды
кіріктіре оқыту және инклюзивті білім беру негіздерін әдіснамалық және оқу-
әдістемелік әзірлеу;
-ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың (оқу процесін ұйымдастыру
жағдайларына қойылатын талаптар, базалық пәндер және оқыту пәнінің
нәтижелері бойынша дағдылар, білім алушылардың дайындық деңгейіне
қойылатын талаптар) оқу бағдарламалар бағытталған білім беру жүйесін
түрлендіру процестерінің бірі инклюзивті білім беру болып табылады.
Инклюзивті білім беру дене бітіміне, психикалық, интеллектуалдық,
мәдени, этникалық, тілдік және өзге ерекшеліктеріне қарамастан ерекше
білім беруге қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру кеңістігіне
енгізуді, олардың сапалы білім беруде кедергілерді жоюды және әлеуметтік
ортада бейімделуін және ықпалдасуын көздейді. Ерекше білім беруге
қажеттілігі бар балалар; мигранттар мен оралмандар отбасыларының, аз
ұлттар балалары; қоғамға әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар
жатады.
Кеңейтілген мағынада инклюзивті білім беру дегеніміз – кедергілерді
жоюмен ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдарды оқыту процесінде
енгізуге бағытталған білім беру процесі және олардың сапалы білімге
тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасында 2000 жылдардан бастап білім беру
саясатында ерекше қажеттілігі бар балаларға қатысты жаңа бағыттар
қалыптасуда, балаларды әлеуметтендіру, тәрбиелеу, білім беру, әлеуметтік
қолдау және бейімдеудің тиімді жолдарын белсенді іздеу жүргізілуде.
Жалпы білім беру жүйесіне ерекше қажеттілігі бар балаларды дені сау
құрдастарымен білім беру ортасына кіріктіру бойынша процестер енгізіле
бастады.
2002 жылы алғаш рет посткеңестік кеңістікте Қазақстан
Республикасының «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және
медициналық-педагогикалық түзетулік қолдау туралы» Заңы күшіне енді,
онда тек арнайы білімге ғана емес, олардың қоғамдағы орнына да басқа
көзқарасты көрсететін, осы санаттағы балалардың құқығын қорғауға қағида
түрінде жаңа инклюзивті тәсіл бекітілген. Заң әлеуметтік және
медициналық-педагогикалық түзетулік қолдаудың формалары мен әдістерін
анықтайды, мүмкіндігі шектеулі балаларға тиімді көмек жүйесін құруға,
олардың тәрбиесіне, оқуына, еңбектік және кәсіптік дайындығына, бала
мүгедектігінің алдын-алуға байланысты мәселелерді шешуге бағытталған.
Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаты – барлық категориядағы
тұлғалардың сапалы білім алуға тең құқығын жүзеге асыру.
Инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі міндеттері:
-инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік-құқықтық және
ұйымдастырушылық-экономикалық негіздері мен тетіктерін жетілдіру;
-инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік негіздерін
жетілдіру (оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу-
әдістемелік кешендерді бейімдеу және модификациялау, оқу жетістіктерін
бағалаудың критериалдық жүйесін ендіру);
-«кедергісіз қолжетімді орта» құру және білім алушыларды
компенсаторлық құралдарымен қамтамасыз ету;
- инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарды кадрлық қамтамасыз
етуді жақсарту;
-ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың техникалық және кәсіптік,
жоғары білім деңгейлерінде білім алуын жалғастыруына және болашақта
кәсіпті игеруіне жағдай туғызу;
- инклюзивті білім беру саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
Инклюзивті білім беруді дамыту қағидаттарының негіздері:
- инклюзивті білім берудің жүйелілігі мен үздіксіздігі;
- ерекше оқытуды қажет ететін балаларды уақытылы (ерте жастан)
анықтауды қамтамасыз ету және алдын алу, педагогикалық-түзету
шараларын деркезінде қолдану;
- білім беру модельдерінің бейімділігі және әр оқушының ерекшеліктеріне,
қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оны жеке оқыту мен дамыту;
- еріктілік және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың жеке
бейімділіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымдарын
таңдау құқығы;
- білім беру ортасының ерекше оқытуды қажет ететін барлық тұлғалар және
олардың ата-аналары үшін қолжетімділігі, ашықтығы;
- кешенді медициналық, әлеуметтік және білім беру қызметтерінің
үйлесімділігі мен түрлі ведомстволар, әлеуметтік институттар, қоғамдық
және ата-аналар ұйымдарының өзара іс-қимылы арқылы кешенді ықпал және
әлеуметтік серіктестік, тәртіпаралық өзара әрекет;
- мүгедектік немесе басқа да даму ерекшеліктері «проблема тасымалдаушы»
болып қарастырылмайтын адамның шектеулі мүмкіндіктеріне әлеуметтік
ықпал;
- денсаулығы мен әлеуетті мүмкіндігіне сүйене отырып, тұлғалардың даму
проблемаларынан арылуды қарастыратын инклюзивті білім берудің түзету-
дамытушылық және әлеуметтік-бейімдеушілік бағыттылығы болып
табылады.
Бағалау қызметінде психологиялық және педагогикалық қолдау
көрсетудің екі бағытын көрсетуге болады: өзекті – балада осыған дейін пайда
болған қиындықтарды шешуге бағытталған; перспективалы – оқуда болуы
мүмкін ауытқуларды ескеру және алдын алуға бағытталған. Екі бағыт та
педагогикалық үдеріске қолдау қызметінің барлық мамандарының бірлескен
күш-жігерінің арқасында іске асырылуы мүмкін. Олардың қызметінде өзара
байланысты және оларды ескеру қажет міндетті үш компонент бар:
• бала дамуының диагностикасы (психикалық, тұлғалық, әлеуметтік);
• түзету-дамыту бағыттылығының жеке және топтық сабақтарының
бағдарламаларын іске асыру;
• білім беру ортасын баланы оқыту мен дамыту және бағалау жүйесі арқылы
оның даму деңгейін бағалауға қоятын талаптары көзқарасы тұрғысынан
талдау.
Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі бағыттары:
• арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік-құқықтық
және ұйымдастырушылық-экономикалық негізі мен механизмдерін
жетілдіру;
• инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік негізін
жетілдіру;
• білім алушыларды жекелеген түзету-педагогикалық және әлеуметтік-
психологиялық қолдауды іске асыру, білім алушыларға мектептік
қауымдастықтың маңызды және белсенді қатысушысы болуына мүмкіндік
беретін жайлы білім беру ортасын құру, өзі-өзі бағалауға, оқуға және
әлеуметтенуге уәждемені арттыру;
• қолжетімді «кедергісіз орта» құру және білім алушыларды теңгерушілік
құралдармен қамтамасыз ету, инклюзивті білім беруді іске асыратын білім
беру ұйымдарын кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту;
• ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың келешекте мамандықты
меңгеруде техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру деңгейіндегі оқуын
жалғастыру үшін жағдай жасау;
• ерте диагностикалау және балаларды ерте жастан түзету-педагогикалық
қолдаудың тәсілдері мен әдістерін әзірлеу;
• инклюзивті және арнайы білім беру саласында қолданбалы ғылыми зерттеу
жүргізу;
• арнайы қажеттілігі бар мектепке дейінгі жастағы балалардың инклюзивті
білім беруге тең қол жетімділігін қамтамасыз ету механизмін әзірлеу;
• арнайы педагогика бойынша білікті кадрлар даярлау;
• оқыту сапасына мониторинг жүргізу, кіріктірілген балаларға
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету;
• инклюзивті білім беруде кәсіптендіруге бағыттаумен білім беру деңгейлері
арасындағы сабақтастыққа қол жеткізу.
Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы –
еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір ерекше білім беру қажеттілігі бар
оқушылар сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау
міндетіміз болып табылады.
Дәріс №12. Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1 Инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі міндеттері
2 Инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі бағыттары?
3 Бала дамуының диагностикасы қандай болу қажет?
13-дәріс. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді
дамыту жолдары.
• Білім беру және оқу-әдітемелік қамтамасыз ету жағдайлары
жасалынбаған, бұл жағдайлардың жасалынбауы жалған интеграцияға, одан
кейін оқушылардың мектептерден іріктелуіне және дезадаптацияға әкеледі.
• Дамуында психикалық және дене кемістіктері бар балаларды ерте
жастан анықтау және оларды түзете-дамыта оқыту жүйесі нашар қызмет
атқаруда.
• Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жалпы білім беру
мекемелеріне шынайы қол жеткізу қамтамасыз етілмеген.
• Жалпы білім беретін мектепке дейін және мектеп мекемелерінде
әлеуметтік, медициналық және психологиялық-педагогикалық көмек көрсету
(қолдау) жоқ.
• Бұл топтағы балаларға педагогтар білікті көмек көрсетуге
қабілеттері жоқ,ce6e6i,ЖОО-ның дайындығы арнайы педагогика және
арнайы психология саласындағы білімді толық қамтамасыз етпейді.
• Мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы білім беретін мекемелерде
көмекші және компенсаторлық техникалық құралдармен қамтамасыз
етілмейді.
• Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу
баяу және бақылаусыз етуде.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізуге
арналған ic-шаралар:
• Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте жастан анықтауды
ұйымдастыру және оларға түзете- педагогикалық көмек көрсету.
• Жалпы мектепке дейін және мектепте оқыту жағдайында
мүмкіндігі шектеулі балалар нормативті-құқықтық және оқу-әдітемелік
құралдармен қамтамасыз ету.
• Жалпы білім беру мекемелерінде, ОО-нда, ППТК, логопедиялық
пункттерде оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және
психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізуге
арналған ic-шаралар:
• Жалпы білім беру мекемелерінде оқитын балаларды көмекші
және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету.
• Білім беру жүйесінің барлық керекті қызығушылықтары бар
құрылымдармен (денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, әділет, қаржы
мекемелері және т.с.с.), қоғамдық мекемелермен, НПО және ата-аналармен
өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету.
• Инклюзивті оқытудың ғылыми-теориялық негіздерін құрастыру,
ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу.
• Арнайы қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне
енгізуді қамтамасыз ететін МБСО жүзеге асыру.
Қазіргі уакытта Республикада мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды ерте
жастан медициналық, білім беру және әлеуметтік қолдау жүйесін қамтамасыз
ететін инфрақұрылым құру,баскару және қаржыландыру, кадрмен және
материалдық-техникалық кұралдармен қамтамасыз ету керек. Осындай
көпқұрылымды жүйесінің құрылуы және қызмет атқаруы инклюзивті
оқытудың үрдістерін дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқытудың болжамдары мен стратегиялық мақсаттары
отандастық білім беру жүйесімен осы мәселе өте жоғарғы деңгейде шешілген
мемлекет өкілдерімен үнемі кең өзара әрекеттесу үрдісінде шешіліп,
жетістіктерге жету керек.
Стратегияның құрылуына тек осы жолы ғана — аймақтың тәжірибе
мен жергілікті білім беру жағдайларының ескерілуімен инклюзивті
оқытудың ұлттық білім беру моделін құрастыруға мүмкіндік береді.
Арнайы жағдайда оқыту мен тәрбиелеу — физикалық және психикалық
бұзылысына қарамастан, бала мектепке дейін және мектепте білім ала алатын
білім беру жағдайы туралы Ресейде (Н.Н.Малофеев, В.Г.Петрова.
Г.Ф.Кумарина, С.Г.Шевченко және т.б.) ғалымдар айтып кеткен.
Дамуында ауытқуы бар балаларға арналған біздің елімізде мектептер
мен мектепке дейінмекемелер бар. Онда осы балалардың ақыл — ойы және
физикалық дамуын қамтамасыз ететін білім беру жағдайы құрылған. Бұл
жағдайға әр баланың жеке ерекшелігін ескеріп жеке ықпал ету болып
табылады. Оған мыналар жатады:
• Арнайы білім беру бағдарламаларын, әдістерді және оқытуға
қажетті техникалық құралдарды қолдану;
• Арнайы дайындаған педагогтар, психологтар, дефектологтар
және басқа мамандардың жұмыстары;
• Оқытуды кажетті медициналық және профилактикалық, емдеу
шараларымен қатар жүргізу;
• Белгілі әлеуметтік жағдайдың болуы;
• Арнайы білім беру мекемелерінің материалды — техникалық
базасын құру және оларды ғылыми —әдістемелік қамтамасыз ету.
Қазіргі уакытта арнайы білім беру мекемелері әр түрлі қызмет
атқаруда. Балалар мұкият тексеруден кейін ҚР білім және ғылым министрлігі
бекіткен арнайы оқыту бағдарламасымен білім алатын мектепке дейін
мекемелер мен арнайы мектептерден басқа, мемлекеттік емес мекемелер,
оналту орталықтары, дамыту орталықтары, аралас топтар және т.б. ашылып
жасалуда. Мұндай мекемелерде кемістіктің түрлері мен жас ерекшеліктері
әртурлі балалар болады. Оларды бірдей бағдарламамен оқыту мүмкін емес,
сондыктан, әр баланы жеке психологиялық — педагогикалық оқыту
мүмкіндігі артады.
Арнайы психология мен педагогика ғылымдарының ұғымдарына
«анықтау», «түзету», «компенсация», «бейімдеу» жатады. Психологиялық,
педагогикалық және дефектологиялық эдебиеттерде арнайы педагогиканың
ұғымына тереңірек Ресейде (Т.А.Власова, В.А.Лапшин, М.С.Певзнер,
Б.П.Пузанов, Н.М.Назарова, С.Г.Шевченко және т.б.), өз елімізде
(Ж.И.Намазбаева, А.Сулейменова,Қ.Қ.Өмірбекова, К.Б.Бектаева және т.б.)
анықтамалар берген.
Түзету (коррекция)(лат.correctio-түзету) — балалар мен
жасөспірімдердің психофизикалықдамуының ауытқуын алдын-алу немесе
бағытталған арнайы және жалпы психологиялық, педагогикалықшаралар
жүйесін ұйымдастыру.
Түзету мынадай болуы мүмкін:
• өз бетімен педагогикалық құбылыс;
• кемістіктерді біртіндеп түзетуге немесе бұзылыстың алдын алуға
(сөйлеуді түзету; жеке дыбыстардың айтылуын түзету; көру, есту қабілетін
түзету) бағытталған арнайы әрекет.
Сондай — ақ, түзету оқу-тәрбиелік процестің бөлігін құрауы да мүмкін
және баланың жеке тұлғасының қалыптасуын өзгертуге бағытталған
психологиялық, педагогикалық құбылыс та болуы мүмкін.
Түзету дамуында ауытқуы бар балалардың барлық категориясын
қамтиды және әртүрлі саланыңмамандары: дәрігер, мұғалім, психолог,
педагог-дефектолог, логопедтің бірлесе отырып жұмыс icтeyi арқылы жүзеге
асады.
Компенсация (орнын толтыру) (лат.compensatio-орнын толтыру,
теңестіру) — ағзаныңбұзылғаны немесе дамып жетілмеген
психофизиологиялык функцияның қайта құрылуы, немесе орнын
алмастырудың көп аспектілі, күрделі npoцeci болып табылады.
Компенсация процессі кезінде баланың ағзасында жаңа динамикалық
жүйенің қалыптасуы, оныңжаңа шартты байланыстардың бұзылған немесе
әлсіреген функциясының қайта құрылуы (көру анализаторы зақымдалғанда
есту және сезім мүшелерінің мүмкіндігі күшейеді; сөйлеу
мүмкіндігініңжеткіліксіз дамуында кинестикалық анализаторлардың ролі
өседі) журеді.
Мүлде жойылған функцияны компенсациялауда арнайы техникалық
құралдар маңызды орын алады. Мысалы, дыбыстық сигналдарды жарыққа
айналдыратын арнайы құрылғылардың көмегімен естімейтін балалардың
сөйлеу тілін қабылдауын жеңілдетуге болады, ал керісінше айналдыратын
құрылғы көрмейтіндерге жарықты қабылдап, кәдімгі кітаптарды қолдануына
болады.
Дәріс №13. Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1 Мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қажет
пе?
2 Түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары?
3 Мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру ?
14-дәріс. Инклюзивті білім беру - мәселелері және шешу жолдары
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған
мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның,
отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын
инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай
анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды,
соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық
енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне,
жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын
белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік
мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған
тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті білім беру (француз тілінен «inclusif»-өзіне енетін; латын
тілінен «include» - ену, енгізу) - білім берудің барлық оқушыларға, соның
ішінде арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларға қол жетімді болуына
мүмкіндік беретін жалпы білім беруді дамыту үрдісі. Инклюзивті оқыту
негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару,
барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге