The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by albinaapaskhan, 2022-05-27 01:30:33

inkluzivti bilim beru daris

inkluzivti bilim beru daris

оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру

идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал
етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.

Қазіргі білім беру жүйесі оның белгілі бір талаптарына жауап
беретін,стандартты мүмкіндіктерге ие, бәріне бір ортақ бағдарламамен оқуға
қабілетті және қалыпты үлгерім нәтижелерін көрсете алатын балаларды
қабылдайды. Нәтижесінде арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалар
жалпы білім беру үрдісіне қатыса алмайтын жағдайлар орын алады, себебі
олармен жұмыс жасау үшін жалпы білім беру мекемесінің педагогикалық
ұжымы коррекциялық және арнайы педагогика салалары бойынша қажетті
білімге ие емес. Осы және басқа да мәселелерді инклюзивті білім беру жүйесі
шеше алады.

Қазіргі таңда біздің елімізде мүмкіндігі шектелген балалар үшін білім
беру қызметтерінің аясы тар, шағын қалалар мен ауылдарда мүмкіндігі

шектеулі балалар экономикалық себептер бойынша білім беру жүйесіне
енбей қалады. Мүмкіндігі шектеулі балалар көп жағдайда арнайы
(коррекциялық) білім беру мекемелерінде оқиды. Мүмкіндігі шектеулі
балаларды оқыту мен тәрбиелеуде қиындықтардың көпшілігі білікті
мамандардың жетіспеушілігімен байланысты. Атап айтсақ, педагог-
дефектологтар, психологтар, тәрбиешілер мен әлеуметтік педагогтардың
жеткілікті деңгейде болмауы. Инклюзия мектеп өмірінің терең әлеуметтік
аспектілерін қамтиды: кез келген баланың білім беру қажеттіліктеріне
бейімделген моральдық, материалдық, педагогикалық орта құрылады, оны
тек ата-аналармен тығыз ынтымақтастықта, білім беру үрдісіне барлық
қатысушылардың жұмылдырылған топтық өзара әрекетінде ғана қамтамасыз
етуге болады. Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті

білім беру принципі мұмкіндігі шектеулі оқушылардың алуан түрлі
қажеттіліктеріне сәйкес келетін білім беру ортасы болуы керек. Бұл
принциптің жүзеге асырылуы мыналарды қамтиды:
1. Барлық балалалар тұрғылықты мекен-жайы бойынша мектептің білім
беружәне әлеуметтік өміріне енгізілуі тиіс;
2. Инклюзивті мектептің міндеті-әрбір баланың қажеттіліктеріне жауап
беретін жүйе құру.
3. Инклюзивті мектептерде тек мүгедек балаларға ғана емес, барлық
балаларға жетістікке жетуге, қауіпсіздікті сезінуге мүмкіндік беретін қолдау
көрсетілу керек.

Инклюзивті білім беруді өздігінен ұйымдастыру мүмкін емес, ол
құндылықты, адамгершілік деңгейдегі өзгерістермен байланысты. Қазіргі
мектепте оны ұйымдастыру мәселелері, бірінші кезекте, мектептің әлеуметтік

институт ретінде стандарттық бағдарламада қарастырылған қарқынға ілесе
алатын балаларға бағдарлануына байланысты.
Білім беру жүйесін инклюзия үрдісін жүзеге асыруға дайындаудың бастапқы
және маңызды сатысы мамандардың психологиялық және құндылықтық
өзгерістерінің және олардың кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейінің өзгеру
сатысы болып табылады. Инклюзивті білім беруді дамытудың бастапқы
сатыларында мұғалімдердің ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен

жұмыс жүргізуге мектеп мұғалімдерінің дайын болмауы (кәсіби,

психологиялық және әдістемелік) мәселесі тұр, инклюзивті саладағы
жұмысқа мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерінің жетіспеушілігі,
педагогтарда психологиялық кедергілер мен кәсіби стереотиптердің бар
екендігі байқалады. Негізгі психологиялық «кедергі» болып беймәлім
жағдайдың алдындағы қорқыныш, инклюзияның оқу үрдісінің басқа
қатысушыларына зиян келтіруі мүмкін деген қорқыныш, мұғалімнің кәсіби
сенімсіздігі, өзгеруге ұмтылысының болмауы, «ерекше» балалармен
жұмысқа психологиялық дайындығының болмауы. Жалпы білім беретін
мектеп мұғалімдері коррекциялық педагогика, арнайы және педагогикалық
психология саласының мамандары тарапынан арнайы кешенді көмекті қажет
етеді. Ол арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуда жеке
тұрғыны түсіну мен жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Инклюзивті білім беру принциптері бойынша жұмыс тәжірибесі бар

мұғалімдер келесідей тәсілдерді ұсынады:
1.Мүгедектігі бар балаларды «сыныптағы кез келген басқа балалар сияқты»
қабылдау;
2. Оларды да өзге оқушылармен бірге белсенді әрекетке араластыру, бірақ
түрлі міндеттер қою;
3. Оқушыларды жұмыстың топтық формаларына тарту;
4.Манипуляциялар, ойындар, жобалар, лабораториялар, далалық зерттеулер
сияқтыоқытудың белсенді формаларын пайдалану.
Инклюзивті білім беру жүйесінде мұғалім пәнаралық ортада арнайы
педагогтармен ынтымақтаса отырып,оқушылардың әлеуетін белсендендіруге
жағдай жасайды. Олар оқушылармен қарым-қатынастың алуан түріне түсе
отырып, нәтижесінде әрқайсысын жекелей тануға мүмкіндік алады.

Мұғалімнің мұндай кәсіби позициясы оған өз қорқыныштары мен үрейін
жоюға, кәсіби шеберліктің жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті білім беруде ғана емес, тұтастай білім беру үрдісіндекелесідей
негізге алынуы тиіс принциптерді бөліп көрсеткен жөн: Адамның
құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне тәуелді емес;
· Әрбір адам сезінуге және ойлауға қабілетті;
· Әрбір адамның қарым-қатынас жасауға құқығы бар;
· Алуан түрлілік адам өмірінің барлық жақтарын күшейтеді;
· Білім беру шынайы өзара қарым-қатынастарға негізделе отырып жүзеге
асуы тиіс;
· Барлық адамдар қолдауды және құрдастарының достығын қажетсінеді;
· Барлық адамдар бір-бірін қажетсінеді.
Сонымен бірге барлық балалар өздерінің денелік, әлеуметтік, зияткерлік

және басқа да ерекшеліктерін қарамастан міндетті түрде білім беру жүйесіне
енгізілуі тиіс және өз құрдастарымен тәрбиеленуі керек. Алайда шетелдік
тәжірибе көрсеткендей, қойылған мақсаттарды жүзеге асыру көп уақытты
керек етеді, ал ең бастысы – арнайы білім беру қажеттілігіне ие балалармен
жұмыс жасайтын ересек адамдардың қатысуы мен өзара әрекетін талап етеді,
сол жағдайда ғана инклюзивті білім беру мәселелерін шешу мүмкін болады.

Инклюзивті білім беру – қазіргі қоғамда үлкен мүмкіндіктерге ие оқытудың
жаңашыл тәсілі. Және ол мүмкіндігі шектеулі әрбір балаға өз мүмкіндіктері
мен қажеттіліктеріне бейімделген сапалы білім алуға, өмірде өз орнын табуға
және өз әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Дәріс №14. Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1 Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде кездесетін

қиындықтар қандай?
2 Түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары?
3 Мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру ?

Дәріс 15 Инклюзивті білім беру жүйесінің педагогикалық- психологиялық
ерекшеліктері

Бүгінгі уақытта елімізде болып жатқан күрделі әлеуметтік-

экономикалық жағдайлар, адамдардың психологиялық саулығының

төмендеуі алаңдатарлық жағдай. Соның ішінде мүмкіншілігі шектеулі

балалар психологиясы. Тақырыптың өзектілігін Елбасының дәстүрлі әрбір

жылғы Жолдауында маңызды мәселелердің бірі ретінде – қоғамның ең бір

әлсіз қорғалған мүшелерінің, соның ішінде даму мүмкіндігі шектеулі

балалардың өмірін лайықты қамтамасыз ету, оларға сапалы білім беруді

қалыптастыру екені айқын көрсетілгендігінен байқауға болады.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуын дамытудағы кепілдіктері

Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан

Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы»,

«Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік,

медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы», «Қазақстан

Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы

әлеуметтік қызметтер туралы» заңдарында бекітілген.

Адамның өмір сүру сапасына алған білімі, өзара әрекеттестігі жинақтаған

тәжірибесі, әлеуметтік біліктілігі болуы ғана ықпал етпейді.

Мүмкіндігі шектеулі кемтар баланың негізгі өзекті мәселесі, ол әлеуметтік

шеттетілу, әлеуметтік оқшаулану, дені сау балалармен қарым қатынас

арқылы әлеуметтік дағдыларды меңгеру мүмкіншіліктерінің болмауы, яғни

оның өмірін қоғаммен байланыстыратын әрекеттің болмауы. Мүмкіндігі

шектеулі бала көптеген қиыншылықтармен кездеседі, сыртқы ортамен

байланыста көшеде, транспортта, кез келген мекеме немесе қоғамдық

орындарда физикалық қозғалысқа түсетін мүмкіншіліктердің қиындығы

немес мүлде болмауы және қарым қатынас пен әлеуметтік бейімделудегі

түрлі кедергілер.

XX ғасырдың бірінші жартысында Л.С. Выготский жалпы және арнайы

оқытуды біріктіру арқылы инклюзивті оқытуды педагогикалық жүйе ретінде

ұсынған болатын. Ол дамуы кешеуілдеген балалар үшін әлеуметтік білім

беру интеграция әдістеме базасын құрастырып, адамның жеке дамуы мен

оның әлеуметтік белсенділігі және әлеуметтік қоршаған ортасының арасында

байланыс бар екендігін жеткізді. Бұл мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы

білім беретін мектепке дені сау балалармен қатар білім алуына жол ашты.
Сонымен бірге білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында
«Балалардың мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқыту мен толық
қамтылуын, олардың мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламаларына
теңдей қол жеткізуін және «инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін»
қамтамасыз ету көзделіп, соңғы екі үш жылда инклюзивтік білім берумен
мүмкіндігі шектеулі балалардың 25 пайызын қамту көзделсе, инклюзивті
білім беруге жағдай жасаған мектеп үлесі 30%-ға жету барысындажұмыстар
қарқынды атқарылды. Білім берудің бұл түрі мүмкіндігі шектеулі баланың
әлеуметтік- психологиялық тұрғыда қалыптасуында зор ықпалы бар. Оның
коммуникативтілік қабілеттерімен қоса өзін-өзі бағалау деңгейі көтеріліп,
өмір сүру салтының мәні жағымды жаққа өзгереді.

Мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне сенімі артады, ол

маңайындағылардың тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді, бұл
баланың өзін-өзіне бағалай білуіне,қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен
қарауына, өзін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінуіне жол ашады.
Оқытудың бұл түрі арқылы мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай ата-
анасынан алшақтамай, яғни арнайы мектеп-интернаттарда тұрып оқуға
мәжбүр болмай, тұрғылықты жерде білім алады. Қоғаммен біте қайнасып,
әлеуметтік жағынан бейімделеді. Ата-анасы да баласының дамуы мен
тәрбиесіне белсене қатысып, жеткіншек алдында жауапкершіліктері артады.
Инклюзивті білім беру жүйесіндегі мектепте оқыған балалар адам құқығы
туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір-бірімен қарым-
қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.

Мүмкіндігі шектеулі бала дені сау құрбыларына қарағанда бейімделу

мүмкіншіліктері күрделі болады. Жақын ортасының өзіне деген қарым
қатынас деңгейіне тәуелді болады. Мұндай балаларда көп жағдайда
эмоциялық күй, өкпе, ұялшақтық, қорқыныш сияқты көріністер жиі
байқалып, өзін-өзі бағалауларына да кері әсерін тигізеді.
Сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі балалардың бейімделуіне төмендегі
факторларда әсер етеді:
1. Кемтарлық сипаттамасы (қимыл-қозғалыс аппараты, көз, құлақ
қызметтерінің бұзылуы, психикалық аурулар).
2. Психофизиологиялық ерекшеліктер (ішкі жүйке жүйесі типі, темперамент,
биоритмдік қасиеті, мінез, ес және т.б .).
3. Жалпы соматикалық әлсіздік.
4. Қарым-қатынас үшін психологиялық қорлардың жетіспеуі (жабық
мекемедегі тәрбие немесе отбасы шеңберіндегі, үйде оқыту, құрбылармен

қарым қатынастың жетіспеушілігі, гиперопека, психологиялық және
әлеуметтік инфантилизм, коммуникативтік қабілеттердің төмен болуы).
5. Мүмкіндігі шектеулі баланың қажеттілігін өтеудегі материалдық құрал
жабдықтың жетіспеушілігі (қозғалыс құралы, есту аппараты, арнайы
құрылғылар және т.б.).
6.Өзінің жас ерекшелігіне сай іс-әрекеттерге қатыса алмау нәтижесіндегі
(ойындық, оқу, еңбек, коммуникативтілік) әлеуметтік бейімделудің болмауы.

Біздің елімізде мүмкіншілігі шектелген балалар ерекше қамқорлыққа

алынған. Алдағы уақытта да оларға жете көңіл бөлінуі керек. Ол үшін
инклюзивті білім берудің ұйымдастырушылық – әдістемелік аспектілерін
тереңірек, практикалық ұсыныстармен қамтамасыз ету қажетпіз.
Инклюзивті білім беру оқыту процессінде балаға жеке көмек көрсету мен
психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етеді, жалпы білім
беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ құру ғана
емес, баланың психофизикалық мүмкіндігін ескере отырып құрылатын оқу-
тәрбие процесінің ерекшілігінде ескерген жөн. Жалпы инклюзивті білім беру
– мүміндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Нағыз
инклюзия білім берудің екі жүйесін: жалпы және арнаулы жүйелерді бір-
біріне қарама-қайшы қоймай, қайта жақындатады. Қазіргі таңда,
психологтарды оқытудың күндізгі және сырттай оқу бөлімдерімен қатар
соңғы кезде қашықтықтан білім алу кең таралған. Бірақ өзіңіз түсінгендей

психологтың білікті маман ретінде қалыптасу үшін, күндізгі оқу бөлімі ең
нәтижелі болып табылады. Бұл, ең біріншіден, студенттің университетті
бітірген соң әлі де білімін ұштау керек екендігін және тәжірибе жүзінде
білікті профессионалдардан өте көп нәрсені үйрену қажеттілігін түсіну үшін
қажет . Жалпы тұлға ретінде қалыптасу оның білімі мен біліктілігі, оның
профессионалдық тұрғыда шыңға жетуіне қол септігін тигізеді. Психология-
педагогикалық әдебиеттерде тұлғаның «профессионал ретінде қалыптасу»
терминін өте жиі қолданылады. Қазіргі зерттеушілер оны әр позицияда
қарастырады. Мысалы: Т.В. Кудрявцев тұлғаның профессионал ретінде
қалыптасуын өте ұзақ процесс деп есептейді. Әртүрлі оқу орындарының
студенттері іс-тәжірибеден өту барысында волонтер болып қызмет атқарады.
Студенттерде ерікті әлеуметтік жұмыстарды жасау үшін ерекше мотивтері

болады. Алдымен оларды кәсіби проблемалар қызықтырады. Олар сынақ
алған немесе іс-тәжірибеден өткендігі формальді болуы секілді, болашақ
мамандығы бойынша клиенттермен қатынасты дамыту, кәсіби білімді
игергені секілді шынайы болуы мүмкін. Студенттер – әртүрлі аймақтардағы
сансыз топтардың бірі және салмақты волонтерлық топ болып табылады.
Жастар бос уақыттарын көмекке мұқтаж жандарға арнайды, ал өздері үшін
саяхаттау, жаңа адамдармен қарам-қатынас т.с.с. мүмкіндігін алады. Алайда
көп жағдайларда еріктілік қызметпен педагогикалық мамандықтың
студенттері, дәрігерлер, психологтар шұғылданады, себебі, олардың болашақ
мамандықтары адамдармен қарам-қатынасқа негізделеді. Қазіргі кезде
студент-еріктілер әлеуметтік сала аясында жұмыс атқарады, ал оған мотив
ретінде: басқаларға көмектесуге деген құлшыныс, волонтерлік жұмыстарға
қызығушылықпен қарау, басқалардың мойындауы, қоршаған адамдардың

құрметін иелену, өзін-өзі дамыту мүмкіндігін алу. Сонымен қатар, атап
өтетін жәйт студент-психологтардың үздіксіз әлеуметтік жобаларға қатысуы,
бір жағынан тұлғалық және кәсіби өзіндік қалыптасуына мүмкіндік береді;
болашақ кәсібінде жұмыс істеп көру, болашақ кәсібінде жұмыс істеп көру,
өзінің кәсіби компетенттілігін өсіру, жаңа білімдерді меңгеру, барынша
жауапкершілікті, өзбетінше, инициативті болу, сонымен өзінде
көшбасшылық қасиеттерді дамыту. Ал бір жағынан ЖОО-да оқу-тәрбиелік

процесінің дамуына негіз болады . Инклюзивті білім берудегі еріктілік іс-
әрекетке студент-психологтарды іріктеудің шарттарын анықтап, оны
қолданудың нәтижелілігі мен тиімділігі дәлелденді. Студенттерді еріктілік іс-
әрекетке іріктеу шарттарының бірі коммуникативті толеранттылық болып
табылады. Сондықтан біз В.В. Бойконың коммуникативті толлеранттылықты
зерттейтін әдістемесін қолдана отырып, психолог-студенттердің
коммуникативті толеранттылық қабілетінің денгейлерін анықтаймыз.
Сонымен, инклюзивті білім берудегі еріктілікке қажетті студент
психологтардың маңызды тұлғалық сапалары әрекеттің басты шарттарының
бірі коммуникативті толеранттылық қабілетінің денгейі болып табылады.

Дәріс №15. Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1 Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде кездесетін

қиындықтар қандай?
2 Мүмкіндігі шектеулі кемтар баланың негізгі өзекті мәселесі?
3 Мүмкіндігі шектеулі бала дені сау құрбыларына қарағанда

бейімделу мүмкіншіліктері қандай?


Click to View FlipBook Version