Қызылорда облысы Қазалы ауданы
Жанқожа батыр ауылы
«№ 94 орта мектебі» КММ
Кәрібай Гүлбану Орынбасарқызы,
Нурымова Анаркуль Айтургановна,
Токтабаева Мерует Кылышбековна
Оқушылардың
шығармашылық ойлауын
қалыптастыруға
кіріспе
1
УДК 373.7
ББК 74.268.8
Пікір жазғандар: «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ Курстан кейінгі
қолдау және инновацияны ендіру зертханасының меңгерушісі –
А.Т.Мадиева ,
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің
Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының
меңгерушісі, ф.ғ. к., қауымд. профессор А.Т. Ақжолова.
Құрастырған: Кәрібай Гүлбану Орынбасарқызы,
Нурымова Анаркуль Айтургановна,
Токтабаева Мерует Кылышбековна
Мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсынымда бастауыш сынып
оқушыларының тілдік пәндерде шығармашылық қабілетін аша отырып,
шығармашылық ойлауын қалыптастыруға бағытталған мұғалімдердің
жеке іс – тәжірибелері жинақталған. Бүгінгі таңда оқушылардың оқу
сауаттылығын қалыптастыруда мұғалімге қойылатын талап жоғары.
Баланың қырағылығы мен зеректігін қалыптастыруда, сөз өнеріне деген
бейімін ашуда мұғалім іскерлікпен жұмыс істеуі қажет. Әдістемелік
құрал жас буынды сөз өнеріне бейімдеуге байланысты жас мамандар
мен пән мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады.
ISBN 978-601-7091-62- 1
УДК373.7
ББК 74.268.8
К - 68
Алматы -2019ж
Баспаға Қызылорда облысы Қазалы ауданы Жанқожа батыр
ауылындағы «№ 94 орта мектебі» КММ әдістемелік кеңесінің
шешімімен ұсынылды.
2
Мазмұны
Кіріспе......................................................................................4
І – бөлім.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың
негіздері................................................................................ ..6
ІІ -бөлім.
Танымдық, шығармашылық қабілетті дамытудың жолдары
................................................................................................24
Пайдаланған
әдебиеттер.............................................................................49
3
Кіріспе
Рухани жаңғыруға бет бұрған еліміздің ең басты мұраты
өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке
жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын
орны ерекше. Рухани жетілген, бүгінгі күнде бәсекеге
қабілетті оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін
дамыту — мұғалімдердің алдында тұрған жауапты
міндеттердің бірі.
Қазіргі білім берудің басты мақсаты — шығармашыл
тұлға қалыптастыру. Шығармашылық дегеніміз — оқушының
белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі. Бұл
мәселені шешуде шығармашылық тапсырмалардың орны
ерекше. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының
білім деңгейінің оқушылық деңгейден шығармашылық
деңгейге көтеруге жол ашады. Баланы бастауыш
сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс
шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын
болуға әкелудің өзі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Әр
сабақта оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері
қарастырылады. Бұл істі нәтижелі етуде дамыта оқыту
жүйесінің қағидалары тірек етіледі.
Қабілеттер жайлы жазылған ойларды,
тұжырымдамаларды, еңбектерді талдай келе, адам
бойында табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі бір
әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр
адам басқа адамнан өзінің табиғи психологиялық
4
өзгешеліктерімен ерекшеленеді деген қорытындыға
келеміз. Қабілеттер - білім алуға қажетті адамның
психологиялық ерекшеліктері. Оқушының шығармашылық
қабілетін дамыту жолдарын үш кезең арқылы жүзеге
асыруға болады.
Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға
қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін
айқындап алу қажет.
Мақсат — оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын
қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой-
өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру.
Міндет- оқушылардың шығармашылылық қабілетін
дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми- зерттеу
дағдыларын қалыптастыру.
Бірінші кезең – жаңаны, тың нәрсені дамыту, түпкі идеяны
табуға ұмтылу. Бұл кезеңде әдеби шығармашылық
тапсырмалар беріліп, төмендегідей талаптар бойынша
жұмыс жүргізіледі: шығарманы бөлімдерге бөліп,
тақырыбын жазып келу; кейіпкер тобын ажыратып, олардың
арасындағы шиеленісті түсіндіру; шығарма мазмұнына сай
қанатты сөздерді ойлап жазу; әңгіменің белгілі бір бөлімінің
көркемдік ерекшелігіне талдау жүргізу.
Екінші кезең — қиял, ұшқыр ой қалыптастыру. Бұл кезең -
оқиға құрудың, образ жасаудың мүмкіндігі бар кезең. Мұнда
оқушыға ертегі, әңгіме, мақалдарды жалғастырып жазу және
аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік беріп, оқиғаны
дамыта отырып, шығармашылық жұмыс істейді. Өз бетінше
іздену — шығармашылық қабілетті ашудың көзі. Бұл бағытта
төмендегідей жұмыстар арқылы оқушының таным
көкжиегін арттыра түсеміз.
5
1. Логикалық ойын дамытатын тапсырмалар (сөзжұмбақ,
ребус шешу, жұмбақ, мақал-мәтел, қанатты сөздер
құрастыру).
2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс
түрлері (мәтінді өңдеу, берілген мәтіннен диалог құрастыру).
3. Өз ойынан еркін тақырып құрастыруға берілген жұмыс
түрлері (өлең, ертегі, әңгіме, шығарма жазу).
І – бөлім.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
дамытудың негіздері
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін басым
міндетті оқушының өз қолына беріп отырған дұрыс. Бұл
орайда сыныпты топқа бөліп тақырыпқа сәйкес өлең
құрастыру, қанатты сөз ойлап табу, шағын мөлтек сыр жазу
тапсырылады.
Үшінші кезең – тапқырылық пен шеберлікке шыңдалу кезеңі.
Бұл кезеңде оқушы белгілі бір шығармаға өзіндік көзқарас
білдіріп, пікір жазады, мәтінге әдеби-теориялық толық
талдау жүргізеді, кіші ғылыми жұмыстарды қорғайды, әңгіме
жазады. Осы үш кезеңнен өткен оқушы нағыз шығармашыл
тұлға болып дараланады.
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын
тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін
дамытудын мәні зор. Психологтар қабілеттердің екі түрлі
деңгейінің болатындығын дәлелдейді:
1) репродуктивті - іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша
қабылдай алу деңгейі;
2) шығармашылық - жаңалық ойлап табуға бағытталған
қабілеттер деңгейі.
6
Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-
әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.
Шығармашылық - төмендегідей ерекшеліктермен
сипатталатын адам әрекеті:
- шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың болуы;
- әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы;
- шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың
болуы;
- шығармашыл тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;
- нәтиженің жаңалығы, соңылығы.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін дамытудың
негізгі факторы болып олардың білімі мен дағдыларының
дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды
психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін
қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою
керекті саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де
оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана
дамиды.
Шығармашылықтың алғашқы сатысын бастауыш буында
іс – әрекет және ойын арқылы бастаған дұрыс. Себебі: ойын
баланың дамуындағы ең күшті әсер ететін фактор. Бала ойын
ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін
7
қиялдаумен шығармашылық ойлауы тәрбиеленіп,
қалыптасып дамиды.
Әдебиеттік оқу сабақтарында мәтінмен жұмыс жасаған
кезде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
барысында келесі міндеттерді анықтадым.
Мазмұнға байланысты міндеттер:
1.Әңгімені оқып танысады.
2.Мазмұнын ашады.
3. Кейіпкерлерді салыстыра отырып айырмашылықтары мен
ұқсастықтарын сипаттай алады.
Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті:
1. Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды
шығарады.
2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.
3. Топтастарының сұрақтарына жауап береді.
4. Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.
Тәрбиелік мәні: Өзара құрмет сезімін тудыру. Басқаның
пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу.
Бастауыш сынып балаларының қиялы әдеттегіден тыс,
ерекше. Олар шындық өмірді қиялдағымен біріктіре
отырып, өзі ойлап тапқан дүниеде өмір сүруі мүмкін. Олар
ағаштардың немесе хайуанаттардың сөйлесетініне сенеді.
Бұл жастағы балалар естіген ертегі – әңгімелер желісімен өзі
де оларды құрастыра алады.
Сондықтан оқушылардың шығармашылығының дамуына
ықпал ету мақсатында мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше
аяқтау жұмыстарын тапсырамын. Балалар оны аяқтаудың
түрлі жолдарын қарастырады. Мысалы: «Ертеде бір түйе
8
болыпты. Ол кіп – кішкентай екен. Оны өзінен үлкен
жануарлар мазақтай беріпті. Әсіресе шыбын көп күліпті.
Бірде шыбын түйе көлеңкелеп жатқан ағаштың бұтағына
отырып алып, оны мазақтай бастайды...»
• Түйе не істеді?
Балалардың жауабы әр түрлі болады: ... Сонда шыбын
түйенің бетіне түкіріп жіберді, шыбын тұншығып қалды.
Немесе: Түйе шыбынды қуды. Ұстап аламын деп, қолын соза
– соза бойы өсіп кетті. т.б
Ал «Ақымақ бота» әңгімесіндегі оқиғаны оқушылар былай
жалғастырған болатын: « Шынар басқа ботамен дос болды.
Ұлпан ақымақ ботаны қуып жіберді: «Сен керек емессің», -
деді Ұлпан. Ақымақ бота Шынарға қайтып келді. Шынар
есікті ашпады. Ақымақ бота өзі жалғыз қалды.» Бұл сынды
тапсырмалар оқушылардың сөздік қорларын молайтып,
бала қиялын дамытады.
Еркін жазу не эссе жазу. Оқушы жеке жұмыс істеуге
жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді.
Сабақтың соңында мәтіннің тақырыбына байланысты өз
ойларын білдіріп, көкейлеріне не түйді соны қағаз бетіне
түсіреді. Мысалы, әдебиеттік оқу сабағында «Сараң бай»
мәтінін өткен кезде: «Бай қайыр сұраған адамға еш нәрсе
бермеп еді, басына іс түсіп, өзі де қайыр сұрап қалды. Ал
кедей оған жамандық тілеген жоқ, керісінше байды аяды», -
деген сияқты оқиғаға өз пікірлерін білдіріп, эссе жазады.
Хат жазу. Хат жазу да – шығармашылық ізденістің бір түрі.
Хат жазу – өз бетінше дербес орындалатын және сапалы
мәтін құрай білуге, өз ойын дәл және логикалық байланыста
9
бере білуге жаттығудың бірден-бір әр адамға қажетті мәні
бар жазба жұмыстарының бірі. Сондықтан да өз бетінші хат
жаздыру балалардың сауатты әрі логикалық байланысы бар
мәтін құрай білуіне жетелейді. Ол үшін алдымен хаттың
құрылысын түсіндіру қажет:
1. Амандасу
2. Айтылмақ ой
3. Қоштасу
4. Хат жазушының аты-жөні
5. Хаттың жазылған мерзімі.
Ертегі құрау. Ертегіні құрауға қойылатын талапта әңгіме
құрауға қойылатын талап секілді. Тек ерекше назарда
болатын нәрсе ертегі болу үшін өмірде болмайтын,
орындалмайтын ғажайып нәрселер, оқиғалар жүзеге асып
жатуы керек. Алдымен «Терек пен алма ағашы» ертегі тұтас
беріледі.
Қарт бағбан ерте көктемде бақтың ортасынан ыңғайлы
жер сайлап, терек пен алма ағашының талдырмаш
шыбықтарын отырғызыпты. Құнарлы жерге түскен әрі
күтімі жақсы жас ағаштар демде – ақ көгеріп, бүршік
атып, жапырақ жая бастапты. Бірнеше жылдан соң, олар
жайқалған үлкен ағаштар болып шығады. Терек ағашы
болса, бұтақтарын кең жайып, ақ гүл жарады.
Есейе келе бұлардың арасындағы бұрынғы достық суыса
түседі.Терек өзінің биіктігіне мақтанып, алма ағашына
менсінбей қарайды. Тіпті бірге өскен досына өктем
сөйлейтін болды.
10
Ал алма ағашы өте әдепті еді. Ақылсыз досын кешіріп,
терекке күнде күн шапағымен бірге амандасады екен.
Алма ағашы күні бойы жас гүлдерін мәпелеп, уақыттың
қалай өткенін білмей қалады.Ал терек мойынын көкке
созып, мақтанумен болады.
Ертегімен оқып танысаннан кейін ертегі желісін оқушылар өз
ойларымен жалғастырады. Тірек сөздер: бағбан, қызы, алма
ағашы, терек, балта.
Кейіпкерге мінездеме беру де шығармашылықты шыңдауға
септігін тигізетін тапсырмалардың бірі. Оқушылар мәтінмен
танысқаннан кейін ондағы кейіпкерлерге мінездеме беріп,
оған деген өз көзқарасын білдіру арқылы тілі дамып, пікірін
дәлелдей білуге жаттығады. Венн диаграммасы арқылы да
кейіпкерлерді салыстырып, сипаттама беруге болады.
Жағымды немесе жағымсыз кейіпкерлердің образына еніп
сомдау да балалардың сабаққа қызығушылығын арттырып,
шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Елестету. Берілген мәтіндегі бір көріністі көз алдарына
елестету. Оқушылар тыныш отырады, көздерін жұмып, әрбір
мен айтқан нәрсені елестетуге тырысады.
Мысалы: Жазғы дала. Тау етегі. Айнала жап – жасыл. Бір топ
бала өзенге қарай жүгіріп барады... Оқушылар осындай кез
келген көріністі көз алдарына елестете алады, өздері сол
елестен үлкен қуанышқа бөленеді. Олардың алғашқы
әсерлері мынадай сөздерден байқалады «кино көргендей
болдым», «суретке түсіріп алғандай болып елестеттім» т.б.
Шығарма, мәтін құрастыру.
- тақырып бойынша
11
- жоспар бойынша
- тірек сөздер бойынша.
Өлең құрастыру
- дайын өлең жолдарының бір, екі жолдарын беру
- дайын ұйқастарды ұсыну
Сабақ барысында тірек сөздер беру арқылы жұмбақ
құрастыру тапсырмасын да беруге болады. Мысалы, «Сын
есім» тақырыбын өткен кезде мынадай дайын ұйқас
беріледі де, балаларға жұмбақ құрау тапсырылады.
1. _ _ _ _ _ _жұмсақ,
_ _ _ _ _ _қорқақ.
Балалар мынадай жұмбақ құрауы мүмкін:
Тоны сондай жұмсақ,
Өзі бірақ қорқақ. (Қоян)
2. _ _ _ _ _ _домалақ,
_ _ _ _ _ _домалап.
Резеңке домалақ,
Тоқтамайды домалап. (Доп)
«Сөз және оның мағынасы» тақырыбында мынадай
тапсырма беруге болады: берілген сөздерді солдан оңға
қарай оқы,жаңа сөз жаса:
қыран – нарық, есек – кесе, сүт – түс.
Оқушылардың шығармашылық іс - әрекеті мен іздемпаздық
дағдыларын қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу,
дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, жалпылай алу,
логикалық икемділіктер – салыстыру, талдау, жинақтау,
12
жүйеге келтіру математика пәнін оқытудың өн бойында
жүзеге асыруға болатындай мүмкіндіктер өте көп.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын
шыңдайтын тағы бір жұмыс түрі – ұйқас құрау. Бұл жұмысты
бірінші сыныптан бастауға болады. Ол үшін алдымен
оқушыларға ұйқас сөзінің мәнін түсіндіріп, өлеңдердегі
ұйқастарды табуға тапсырма беріледі. Содан кейін ғана
алдымен жеке дыбыстар, сосын буындар, одан кейін
берілген жол арқылы ұйқас жасау үйретіледі. Мысалы:
1) баламыз - Барамыз, ағамыз, жағамыз;
2) Тұңғиық- нұр құйып, сыр түйіп
3) балапан - алақан, балақан.....
Осылай әр сөздің мағынасын түсіндіре отырып, ұйқас
тапқызған соң жұмыс күрделене түседі. Мұғалім болашақ
өлеңнің бірінші жолын тақтаға жазып қояды. Мысалы:
«Даалада қар жауады...» Өлеңнің қалған екінші, үшінші,
төртінші жолдарын оқушылар өздері өйлана отырып,
ұйқастырады.Оқушылардың қраған өлең жолдарының
ішінен ең жақсы, мағынасы жақынын таңдау арқылы жаңа
өлең шумағы дүниеге келеді.
Бұл жұмыс нәтижесін беру үшін мұндай әдісті тұрақты
түрде және жиі қолданып отыруы керек. Оқушылар өз
өлеңдерін белгілі бір кішкене кітапшаға жинақтап отырса да
болады.
13
Оқушылармен осындай қызықты тапсырмаларды
орындау оқушыны жалықтырмайды әрі оны
шығармашылыққа баулиды. Әрине, бұл арада оқушының
шабытын оятып, мадақтау айтып, марапаттап отырудың да
маңызы зор.
Сыныпта әдебиеттік оқу сабақтарында қызықты
эпизодтарды тауып оны өз бетінше жалғастыру да оқушыны
қиял әлеміне жетелейтін шығармашылық жұмыстың бірі.
Бастауыш сынып оқушылары мұндай тапсырмаларды аса
бір қызығушылықпен орындайды.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытуда
жұмбақтар және мақал- мәтелдер құрастыру жұмысты
жаңаша ұйымдастырудың көп көмегі тиеді. Жұмбақтар -
көркем миниатюра. Оларды салыстыру арқылы пайда
болатын образдар беріледі. Сондықтан оларды шешу
кезінде баланың логикалық ойы дамиды. Балалар бір-бірінің
шығарған жұмбақтарын шешуін тауып , ойлау, дәлелдеу
арқылы табылған шешім бала есінде ұзақ сақталып,
салыстыруға, қорытуға үйретеді.
«Әдебиеттік оқу» оқулықтарында берілген мақал-
мәтелдерді бала шығармашылығын дамытатындай етіп
пайдаланудың мәні зор. Ауыз әдебиетінің бұл жанрымен
жұмыс төмендегідей етіп ұйымдастырылады:
1) оқиғаға байланысты мақал-мәтелдер айтқызу;
14
2) керісінше, мақал-мәтелдің мағынасына қарай оқиға
ойлау;
3) суретке қарап тұрып, бірнеше мақал айту;
4) мақалдың мәнін ашатын суреттер жинау;
Бастауыш сыныптарында оқушылардың тілін дамытуға,
шығармашылығын арттыруға ықпал ететін жұмыстың бірі -
ойтолғау жазғызу.
Шығармаға мынандай шарттар қойылады:
1) жазу алдында арнайы дайындықтың жүргізілмеуі;
2) жоғары теориялық деңгейде мазмұнның бай болуы;
3) сыныпта жақсы тілектестік атмосфераның болуы.
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық
қабілеттері жайлы теорияларды талдай, жаңа жағдайларда
пайдалану нәтижесінде төмендегідей қорытындыға келдік:
1) орта мектеп жасына келгенде, баланың үлгі-қалыпқа
үйреніп, тоқырауын болдырмас үшін, шығармашылық
қабілеттерді дамыту ісін неғұрлым ерте қолға алып, әр
оқушының қол жеткен нәтижелері мен даму
дәрежесіне үнемі қарап отырып, оған талапты өсіре беру
қажет;
2) бастауыш сынып оқушыларының оқыту барысында
шығармашылық қабілеттерін дамыту арнайы әдістеменің
15
болуы талап етеді. Әр сабақтың дамытушылық мақсаттарын
арттырып, мазмұнды шығармашылық тапсырмалармен
байытып, оларды тұрақты пайдаланып отыру арқылы бұл
мәселеде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге болады;
3) сабақтардағы баланың позициясын өзгертіп, оны әртүрлі
бірлескен әрекеттің субъектісі жағдайына қоя білу, баланың
дербестігі мен еркіндігінің болуы- табыстың бірден-бір
кепілі.
Сабақ барысында баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін
ұйымдастыруды басты назарда ұстау керек. Бала өзінің бұған
дейінгі білетін білігінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз
екенін сезінетідей жадайға тірелуі керек. Сонда ғана ол
білуге ықыластанады, әрекеттенеді. Сабақ барысында
мұғалім ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ретінде болуы
тиіс. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі,
жауаптар тыңдалады. Оқушы өз тұжырымын дәлелдеуге
талпыныс жасайды. Әдіскер-ғалым Қ.Тасболатов
«Проблемалық ситуация тудыру — оқушыларға сұрақ қойып,
оны шешу ғана емес, мұндағы сұрақ оқушыға бейтаныс,
өздігінен ізденіп, өзінше қорытынды жасай білетіндей сұрақ
болуға тиіс» дейді. Бұл орайда оқушыларға танымдық
сұрақтар қоюдың маңызы зор.
Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі
ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі
қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс — әрекет тәсілдері
мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және
ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай,
16
оқушы барлық іс — әрекетте шығармашылық бағыт
ұстанады, қабілет, білігін ұштай түседі.
Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін мынадай
маңызды жақтары бар:
*оқушының танымдық іздемпаздығы қалыптасады;
*сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;
*шығармашылық ой — өрісі артады;
*кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа
материалдарымен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;
*ұжымдық ой — пікірлері жетіледі, топ мүшелерінің
пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;
*мұғаліммен оқушылардың қарым — қатынасы
ынтымақтастықта болып, сенімділіктері артады;
*оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;
* білімін жүйелі түрде толықтыруға үйренеді;
*өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға үйренеді;
*тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді;
*оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін таниды;
*дүниетанымы кеңейіп, рухани дамиды;
*дарынды тұлға ретінде “мен” деген пікірі қалыптасады;
* бәсекелестік қабілеттері дамиды;
*мұғалімге тәуелділіктен арылып, шығармашылық
жұмыстарға белсене араласуға үйренеді.
Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық
жұмысқа баулу, ізденушілік әрекеттерін жетілдіруде
сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы зор.
Бастауыш сыныпта оқушыны шығармашылыққа баулу
үйрету әдістері арқылы оқушылар бойында мынадай дағды-
әрекеттер қалыптасады: өз бетінше шығармашылық ізденіс
жұмыстарын жүргізуге бейімділік, зерттеу тәсілі арқылы
көркем шығармаға идеялық-көркемдік баға беретін
дәрежеге жетеді; түрлі сайыстарға қатысу белсенділігі
артады; пәндік теориялық білігі молаяды; ойын әдеби тілде
17
көркемдеп жеткізе алады; сөйлем талдаудың кешенді
жолдарын игереді; барлық іс-әрекетте шығармашылық
бағыт ұстанады; ақпараттармен өз бетінше жұмыс атқара
алады.
Қазіргі таңда ұстаз алдындағы ең басты міндет — оқу-
тәрбие үрдісінде ұлттық игіліктер мен адамзаттың мәдени
мұраларының сабақтастығын сақтай отырып оқушылардың
дүниетанымы мен шығармашылық қабілетінің
қалыптасуына жағдай жасау.
Жас ұрпақты уақыт талабына сай етіп тәрбиелеудің бір ұшы
шығармашылықпен тығыз байланысты. Әдеби шығарманы
көп оқыған оқушы осы пәннің талабын орындау мақсатында
түрлі жанрдағы көркем шығармаларды оқиды, ізденеді.
Ұстаз жас жеткіншектің жан-жақты дамуына, оның бойында
жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу және
белсенді әрекетке келтіру жолында тынымсыз ізденісте болу
керек. Тілдік пәндер оқушыға өмірге араласқанда оның
қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, күнделікті өмірінде
қажетіне жарайтындай білім бере алатын аса қажетті
пәндердің бірі.
Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, оларды білуге
ынталандыру, шығармашылыққа ұмтылдыру, ойлана, іздене
білім алуға, өз ойын дәлелдеп, тиянақты айтып беруге
дағдылану сияқты сапаларды оқушы бойына дарыту — білім
саласының өзекті мәселесі.
«Оқыту үрдісінің үш түрлі құрамды бөлігі бар, ол — ғылым,
шеберлік, өнер» дейді белгілі педагог В. А. Сухомлинский.
Осы қасиеттер мұғалім бойынан табылса, сонда ғана ол
сабақ үстінде білімділік пен тәрбиелік мақсаттарды жүзеге
асыра алады.
Тілдік пәндер сабақтарында оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін арттыруда мынаны есте ұстанған жөн:
18
1. Сабақты үнемі халық педагогикасымен ұштастыра
отырып оқыту.
Оқыту мен тәрбиенің қайнар көзі — халықтық педагогика.
Балаларды халықтық салт — дәстүрді, әдет — ғұрыпты
қастерлеп құрметтеуге үйреткен, тәрбиелеген абзал. Халық
педагогикасының түрлерін сабақта пайдалану —
оқушылардың сабаққа қызығушылығын, белсенділігін,
шығармашылық қабілетін дамытуда өте тиімді екені мәлім.
2. Өнермен байланыстыра оқыту
"Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып
өседі"
(Мұхтар Әуезов).
Көркемөнердің бір саласы болып келетін әдебиет пәнінің
басты құралы — сөз өнері. Ендеше "Әдебиет пен өнерді"
байланыстыра оқытуды жүйелі түрде сабақ барысында
қолдану нәтижесі жоғары жетістіктерге жетелейді;
3. Пікірталас түрлерін пайдалана отырып оқыту (пікір алмасу,
ойталқы, ойкөкпар, пікірсайыс, т.б)
Пікірсайыс сабақтарын өткізу үшін алдымен жақсы жағдаят
бола алатын тақырып таңдалғаны жөн. Тақырып сәтті
таңдалған уақытта оқушылардың этикалық — эстетикалық
талғамын оятып, сезіміне әсер етіп, білім іскерліктерін,
шығармашылық мүмкіндіктерін дамыта аламыз.
4. Сыныптан тыс шығармашылық жұмыстарды жиі өткізу.
(Мысалы: "Әдебиет көшбасшысы" зияткерлік сайысы, жыр
мүшәйраларын өткізу, Абай, Шәкәрім, Сәкен, Ілияс,
Мұқағали оқулары, ақындар айтысы, т.б.)
Осы орайда оқыту үдерісін ұйымдастыру, дәстүрлі, дәстүрлі
емес түрлерін қолдану, сыныптан тыс жұмыстардың
әсерлігін арттыру — оқушы қабілетін анықтауға негізделген
маңызды әрекеттер екені сөзсіз.
5. Ғылыми — зерттеу жұмысына баулу, бағыттау
19
Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулудың басы оларды өз
беттерімен орындалатын зерттеу, іздендіру бағытындағы
тапсырмаларға төселдіруден басталады.
Шеберлік — сөздің орнын таба білу. Әрбір сабақ басталар
алдында оқушыны қызықтырып әкететіндей кіріспе ойлап
табу керек. Бейнелі сөздер, қызықты мәлімет, тартымды
үзінді оқу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Біздің мақсатымыз — мұғалімді тыңдап қана отыратын,
сұрасаң ойын емес, бойын көрсететін оқушы емес,
керісінше, өз пікірін ашық айтып, тыңдаушысын нандыра
алатын, ана тілінің асыл маржандарын өз
шығармашылығында қолдана алатын жеке тұлға, азамат
даярлау.
Шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі қай кезде де
ойшылдар мен ғалымдардың назарындағы нысан болып
келеді. Психологтар шығармашылық қабілетті дамытуды
тұлғаны дамытудың ең басты тетіктерінің бірі ретінде
қарастырады, өйткені шығармашылық іс — әрекеттің
нәтижесі оның қайталанбайтындығымен, бірегейлігімен
ерекшеленеді.
Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға жетелеуде жазба
жұмыстарының маңызы зор. Жазба жұмыстары —
оқушының іс-әрекетіне негізделген ой еңбегі,
шығармашылық ізденісінің жемісі, білімінің көрінісі.
Қазақ тілінде жазба жұмыстары арқылы шығармашылық
жұмыстарға қол жеткізу — мұғалімнің де шеберлігін талап
ететін өнімді ізденіс.
Қазақ тілінде жүргізілетін жазба жұмыстарының мақсатын А.
Жапбаров төмендегіше көрсетеді: «Жазу жұмыстарын
жүргізудегі басты міндет — шәкірттерді кітаппен жұмыс істей
алуға, өздігінен іздене білуге, өмірден көрген, тұшынған
мәселелерге байланысты пікірін дұрыс жеткізіп, ой —
20
түсінігін, сезімдік әсерлерін нақты тұжырымдап жаза алуға
үйрету болуға тиіс».
Тілді оқытуда жүргізілетін жазба жұмыстары оқушылардың
жазылым әрекетін қалыптастырады. Осы әрекетті орындау
үшін жазба жұмыстарының бірнеше түрлері қолданылады.
Жазба жұмыстарының түрлеріне жаттығулар, түрлі мәтіндер,
диктант, мазмұндама, шығарма, т.б. жатады. Жазба
жұмыстарының бұл түрлері өтілген әр тақырыптың ыңғайы
мен мазмұнына сәйкес белгіленіп, оқушылардың теориялық
білімдерін нығайту мақсатында жүргізіледі, яғни, жазба
жұмыстары бұрын өтілген грамматикалық материалдарды
оқушылардың санасына тұрақтандырып, ақыл — ой
әрекеттері арқылы тиянақты меңгеруге бағытталады.
Оқушылардың шығармашылық әрекеті мен танымдық
қабілеттерін арттыруда мәтіннің алатын орыны ерекше.
Әдеби шығарманы оқып — үйренуде оқушы өзінің
шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сол оқыған
туындысы негізінде ой — тұжырымдар, дұрыс пайымдаулар,
тың қорытындылар жасауға ұмтылады. Мәтіндерді оқу,
талдау барысында оқушылардың оқиғаға қатысты өз
ойларын жеткізулеріне, әңгіме кейіпкерінің қылықтарын
бағалай білуіне, автордың оқиғаға қатысы, көзқарасы
қандай екендігін анықтай алуына назар аударылуы тиіс.
Жаттығулар мақсатына қарай тіл дамыту, тіл ұстарту, сөз
мәдениеті құралдарын қолдану жаттығулары деп, ал
тапсырмалар сипатына қарай ізденімдік, проблемалық және
шығармашылық болып бөлінеді.
Проблемалық және шығармашылық тапсырмалар
оқушылардың ойлау, танымдық, қатысымдық қабілеттерін
дамытуға бағытталады. Бұл жұмыстарда мәтіндерді
редакциялау, мәтін бойынша өзгеше нұсқа құру, эссе, шағын
шығарма жаздыру секілді жұмыстармен қатар жоба жасау,
21
проблемалық жағдаяттарды шешу, сөзжұмбақтар және т.б.
әрекеттер қамтылады.
Жазба жұмыстарының ішінде оқушылардың өзіндік ойын,
тілін қалыптастырудағы жұмыс түрі шығарма болып
табылады. Ол — оқушылардың шығармашылық еңбегі.
Оқушыға шығарма жазғызудағы мақсат — оның ойын, пікірін
әдеби тілмен жатық, сауатты жаза білуге және
шығармашылық ізденіске баулу, логикалық ой өрісін
кеңейтуге машықтандыру.
Көркем мәтінді меңгертуде жиі қолданылатын жазу
жұмыстарының бірі — мазмұндама. Мазмұндама жаздыру
арқылы оқушылар оқыған мәтінді қабылдап, сол
қабылдағандарын қайта жаңғыртуға тиіс және естерінде
қалған мәліметтерді өз сөздерімен жазып беруге
дағдыланады, сөз тіркесін құру, сөйлем құрау шеберлігіне
жаттығады. Мазмұндама жазу арқылы бірқатар сөз тіркесі
мен сөйлемдер, бейнелі сөздер оқушының есінде қалады,
оқылған мәтінді қайта жаңғырту үшін сөздер мен
сөйлемдерді бір — бірімен байланыстыруға жаттығады.
Мазмұндама жаздыру- оқушылардың тілдік материалдарды
орынды қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігі мен
мәтіннің синтаксистік құрылысын меңгертуге, ең бастысы —
қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді. Осындай білім
дағдыларын қалыптастыруда мазмұндаманың мынадай
түрлерін жүргізуге болады: дайын мәтін бойынша
мазмұндама, сурет бойынша мазмұндама, аяқталмаған
мәтін бойынша мазмұндама.
Жазба жұмыстары оқушылардың танымдық
белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі.
Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасы,
эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі,
талдау, қорытындылау, салыстыра білу және одан
қорытынды жасау қасиеттері байқалып тұруы қажет.
22
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше
шарт орындалуы тиіс.
Олар:
1.Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға
алу;
2.Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болу;
3.Шығармашылық іс- іс-әрекетке жағдай туғызу.
Шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін
ұйымдастырудың төмендегідей түрлері бар:
*Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау
*Арнайы бір тақырыпқа пікірталас тудыру
*Шығарма, шағын әңгіме құру
*Сөзжұмбақ құру, шешу
*Қиялдау арқылы сурет салу.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа
баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып тілін байыту
қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.
Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әлемдік білім
кеңістігіне ұмтылу — мектеп оқушыларының дербестігін,
ізденімпаздығын, белсенділігі мен шығармашылық
мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді.
Сондықтан үнемі оқушылардың ойлау белсенділігін
дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында
пайдалана білуге үйрету қажеттілігі туындайды. Бұл
міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың шығармашылық іс-
әрекеттерін оңтайлы ұйымдастыруға тікелей байланысты.
Шығармашылық — танымдық іс-әрекет нәтижесі болып
табылады. Осы жерде шығармашылық ұғымына тағы бір
тоқтала кетейік. Шығармашылық дегеніміз— өзінің
жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға
мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы
қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің, түрткінің (мотивтік)
болуы.
23
Көптеген зерттеулерді талдау нәтижесінде шығармашылық
іс-әрекет нәтижелері оқушының жеке тұлғасына,
біліктерінің жетілуіне, психологиялық тетіктер аркылы оң
әсерлері бар рефлексия нәтижесінде өз әрекетіне және сол
әрекеттің бірлескен іс-әрекет мазмұны мен түріне сәйкес
көзқарастары қалыптасатыны анықталып отыр.
ІІ -бөлім.
Танымдық, шығармашылық қабілетті дамытудың
жолдары
Оқу үрдісінде танымдық тапсырмаларды орындау
шығармашылықты, ізденімпаздықты талап етеді, сондықтан
мұндай тапсырмаларды орындау: өзекті мәселені табу,
мақсаты мен міндеттерін айқындау, зерттеу әдіс-тәсілдерін
белгілеу, болжам құру, болжамды тексеру, нәтиже, іс-әрекет
рефлекциясыкезеңдерімен жүзеге асады.Оқу жұмысына
шығармашылық мақсат қою, оныжоспарлау оқушыдан
зеректік, ізденімпаздық, енбеққорлық, шабыт, мақсаткерлік,
белсенділік,қызығушылық, өмірлік белсенді ұстаным
сияқтыкөптеген касиеттерді талап етеді. Мұғалім
оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру
біліктерін дамытуы кажет.
Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін жетілдіру
бағыты танымдық біліктерінің қалыптасу белгілеріне,
танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай
оларды шартты түрде мынадай 3 топқа бөлуге болады.
Бірінші топ— танымдық іс-әрекетте табанды, міндеттері мен
мақсатын біледі; ізденімпаз, пән бойынша дербес
шығармашьлық жұмыстарға белсене қатысуымен
ерекшеленеді.
Екінші топ- ізденіске ұмтылады, бірақ шығармашылық
тапсырмаларды орындауға барлық уақытта бірдей
бейімділік көрсете бермейді.
24
танымдық тапсырмаларды орындау әдіс-тәсілдерін табуға
құлшыныс білдіреді; тапсырмаларды орындауда мұғалім
көмегін кажет етеді.
Үшінші топ— шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды
орындауға құлықсыз; белсенділігі төмен; репродуктивті
сипаттағы тапсырмаларды ұнатады; жұмысты орындауда
үлгіні кажет етеді, оны орындауда көмекті қажетсінеді.
Сонымен, шығармашылық іс-әрекет талаптарын, сондай-ақ
оларды мектепте ұйымдастыру жолдарын зерттеу —
мәселені дамытып, жетілдіру тетігін анықтауға және
мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:
*оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы
оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады;
*танымдық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай,
кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі
нәтижесінде шығармашылығы дамиды;
*танымдық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен
ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды
шығармашылыққа баулиды;
Оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау
мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыстүрлерін
таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор.
Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын
қалыптастыруға бағытталған шақтар түрлері төртке
бөлінеді: «танымдық, коммуникативтік, шығармашылық,
әдіснамалық».
Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын арттыруда
шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін өткізудің
маңызы зор.Мұндай түрдегі сабақтардағы түрлі оқу
жұмыстары оқушының шындық белсенділігін арттырып, оқу
мен ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін, яғни
материалының негізгі ұғымдары мен тұжырымдарын айыру,
жаңа материалды өткен материалмен салыстыру оларды
25
белгілі жүйеге топтастырады және қорытындылау жасау
сияқты амалдарды дайындауға үйренеді.
Шығармашылық сабақтардың жоспарын жасауда оқушының
шығармашылық әрекетінің бағдарына сәйкестендіріп,
олардың қабілеттері ескерілуі тиіс. Оқушылардың
шығармашылық әрекетін тудыратын сабақтарды өткізу
жоспары мен кезеңдерін қарастырамыз.
Шығармашылық сипаттағы сабақтардың жоспарын жасау
үшін тақырыбы, мақсаты, әрекет түрі және нәтижелері бір-
біріне жуық байланысты сабақтарды топтастырып, таңдап
алуға болады. Жалпы бағдарламада көрсетілген пәндік
сабақтардың әр тарауында жететін жетістіктері негізінде
оқушылар білім алуда нәтижеге жетеді.
Оқушылардың шығармашылық әлеуетін көтеруді мұғалім
алдына мақсат етіп қояды. Мұғалім оқушы күйіне кіріп,
олардың тақырыпқа қатынас әрекетін ойлайды, өтілетін
сабақтың проблемасына қажет жағдайда жоспарланған
сабақ мазмұны мен оқыту әдістеріне түзетулер
енгізеді.Сабақ тақырыбы бойынша мұғалім оқулықтар,
кітаптар, әдістемелік кітаптар, басқа да материалдармен
танысады. Мұғалім өзіне, оқушыларға қызықты болатын
мәселелерді іздестіреді. Осы мәселелер жөнінде көптеген
материалдарды қарастырып, мамандардың пікірлерін
ескере отырып, табу қажет. Әр оқушының пән бойынша
ізденімпаздық деңгейлері анықталады. Сонымен қатар
пәнге қабілеттілігі, қызығушылығы анықталады.
Шығармашылық — әр оқушының жеке қабілеттері мен
мүмкіндіктерінің, танымдық іс-әрекеттері мен
дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді.
Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан
туады.Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен
шығармашылық қасиет іздете білу. Шығармашылыққа
баулу, қалыптастыру процесі нақ мектепте басталады. Кез-
26
келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған
шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі
мүмкіндіктерін дамытады.
Ұстаздық тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған
мақсатым:
*рухани бай, жан-жақты, түсінігі мол, өзін-өзі басқаруға, бір-
бірінің пікірін тыңдап, бағалай білуге қалыптастыру;
*әдебиет сабағында оқушылардың қабілетін арттыру және
дамытудың тиімді әдісін қалыптастыра білу;
*ойын ажарлап ашуда тіл шеберлігіне мән беру;
*қосымша әдебиеттер оқып, білімді күнделікті толықтыру;
*«сенің қолыңнан келеді», «сенен үміт күтеміз» деген
сөздермен үнемі шабыттандырып отыру;
*үй тапсырмасын беруде оқушы бейімділігін, қабілетін
ескеру.
Сабақ барысында оқушыларға бес деңгейдегі
шығармашылық тапсырмалар беру маңызды.
Оның бірінші деңгейінде мәтінді түсініп оқып, мазмұнын
айта білу;
Екінші деңгейінде образдарға мінездеме беру;
Үшінші деңгейінде шығармадағы метафора, эпитет т.б. да
көркем сөздерді тауып оқу, дәптерге тіркеу;
Төртінші деңгейінде мәтінге деген өз көзқарасы, оны өз
ойымен аяқтау, баға беру;
Бесінші деңгейінде мәтінге байланысты өз
шығармашылығы бойынша жұмыстар жүргізу.
Міне, осы әдістерден кейін тапсырмаларды орындау-
шығармашылық жұмыстың бастамасы болмақ.
«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген
С.Л.Рубинштейн «Оқушы шығармашылығының ерекшелігі
оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен
анықталады» — дей келе, «шығармашылық, шешімінің
нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті»
27
екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді
еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.
Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны
ерекше. Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі
бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк
шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен
бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп,
алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып
өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға
тиісті». «…Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың
баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». Педагог
ғалымның айтқанының сөз өнері — әдебиетке тікелей
қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда,
«қазақ баласының жаратылысы соны тілейді».
Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-
әрекетін ұйымдастырудың түрлері өте көп.
1.Тәрбие сағатында оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту
Тәрбие сағатының өзінде де оқушы шығармашылығына
үлкен жол ашуға болады. Ол үшін мен мынадай жолдарды
атап өтер едім:
*Өтілетін тақырып бойынша оқушыға тірек сөздер беріледі
де, шығарма немесе ойтолғау жаздыруға болады;
*Тақырып мазмұнына орай сурет салдыру;
*Өтіп отырған тақырыбымызға байланысты қосымша
мақал-мәтел, нақыл сөздер жинастырып келу;
*Өлең шығарту.
2. Әдебиет сабағында оқушының шығармашылық қабілетін
дамыту:
*Қазақ поэзиясына және прозасына композициялық талдау;
*Ақынның өмір жолына байланысты хронологиялық кесте
толтыру;
*Ақын-жазушылардың дүниеге келген жерлерін облыс,
28
аудан, аймақ бойынша топтастыру;
*Кейбір тақырыптарға шығарма, пікір, ойтолғау жаздыру.
3. Үйірме жұмыстарында оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту:
*Ертегі құрастырту;
*Ақындардың стилі бойынша өлең шығарту;
*Диалог құрастырту;
*Әңгіме, ойтолғау жаздыру;
*Ақындарды өлеңдерін жазып, жаттау;
*Реферат жазу
4. Әдебиет туралы пікірлер жинату
Оқушының жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасы мен
қабілетін дамыту бүгінгі күннің негізгі мәселелердің бірі.
Себебі: оқушылар өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз
бетінше білімді тәжірибеде, өмірде пайдалануға
дағдыланбаған. Осы мәселені шешу жолында оқу
материалын түсіндіру кезінде оқушылардың сезіміне,
эмоцияға ықпал ету арқылы ынта-ықыласын,
қызығушылығын күшейту қажет.Ұстаз еңбегі оқушы
білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі — әрбір
оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың
бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді
танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін
сезіндіре білуінде жатыр.
Адам жанына жалын шашатын да, сәби жүрегіне
адамгершілік нұрын шашатын да — әдебиет. Әр оқушы — бір
Жұлдыз. Жарқырауына жәрдем беретін — мұғалімдер.
Сондықтан әр ұстаз сол жұлдызды сөндіріп алмай, мәңгілік
жағатын құдірет иесі болуы керек. Ол үшін оқытудың түрлі
тиімді тәсілдерін меңгеріп, оны күнделікті сабақта қолдана
білуі тиіс.
Педагог К.Д. Ушинский былай деген: “Біз жан-жақты жеке
тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан-жақты зерттеп
29
білуіміз керек”. Осы ой бүгінгі таңда мұғалім әрекетінің
тұжырымдамасы іспеттес. Соған байланысты оқушының
тұлғалық құрылымы мен басты белгілерін және сапаларын
анықтаудың мәні зор.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
дамытуда олардың ойлау белсенділігін дамытып, білім мен
біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге
үйрету қажеттілігі туындайды. Білім берудің мақсаты, оның
ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан
жабдықталуы, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік
сұранысынан туындайды. Бұған дейін білім беру үрдісінің
негізгі бөліктері мақсат, мазмұн, форма, әдіс оқыту
көрнекілігі болса, бүгінде жаңа технология бойынша оқып
үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту болып өзгерген.
«Нені оқыту керек?» деген сауалға мемлекеттік білім беру
стандарты жауап берсе, «қалай оқыту керек?» деген
сауалына жауапты тек мұғалімнің кәсіптік даярлығынан,
жаңа технологияны пайдалана білуінен, өзінің нақты
мақсатын дәріс үстінде қалыптастыра білу шеберлігінен
іздеу керек. Оқу жұмысына шығармашылық мақсат қою, оны
жоспарлау оқушыдан көптеген қасиеттерді талап етеді.
Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі жаңа технологиялар
екені мәлім. Жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам
бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан
жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі,
қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт
жүрегінен орын алады. «Өмір бір орында тұрмайды, уақыт
өткен сайын жаңа талаптар пайда болады» деген Елбасының
сөзі мұғалімдердің жаңа міндеттерді шешуге әзір болуын
талап
етеді.
30
Шығармашылық сабақтардың өткізу оқушының
танымдық іс – әрекетін арттырудың құралы, сапалы білім
берудің шарты, оқу үрдісін ұйымдастыру факторы, оқытудың
жекелік бағдары болып табылады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда
сыныптан тыс жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастырудағы:
шығармашылық ай, пәндік апталықтар мен ғылыми апталық,
жобалар, пәндік үйірмелермен факультатив сабақтарының
маңызы ұстаз үшін де оқушы үшін де зор.
Барлық жұмыстар оқушылардың қалауы бойынша
жүргізіледі, оған әртүрлі сынып оқушылары қатыстырылуы
мүмкін.
Осындай жүргізген жұмыстар арқылы оқушылар өздерінің
әртүрлі танымдық және шығармашылық сұраныстарын
қанағаттандырады. Сонымен қатар, мектеп ішіндегі
оқушылардың арасынан дарынды балалардың шығуына
ықпал етеді.
Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай
дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет.
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
• өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт
деңгейінен жоғары деңгейде білу;
• оқушы дарындылығының моделін білу;
• қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
• дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге
ғана көңіл бөлмей
оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл
бөлу;
• дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып,
оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар
дайындай білуі.
Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:
31
• дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай
алуы;
• дарынды оқушыларды (жекелей және топпен) оқытуға
арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс
істей білуі;
• оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу
жұмыстарын жүргізе алуы;
• дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай
білуі;
• дарынды оқушының ғылыми – ізденіс жұмыстарымен
айналысуына жетекшілік етуі;
• дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға
дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс
жасауы.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың
белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін
шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс
уақытта дамытуда мен мынадай әртүрлі әдіс – тәсілдерді
қолданамын.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып,
ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен
өткізуге болады:
1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2. Сабақты түрлендіріп өткізу;
3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды
пайдалану;
4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың
белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін
шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс
32
уақытта дамытуда мен мынадай әртүрлі әдіс – тәсілдерді
қолдану баланың танымын тереңдетіп, шығармашылығын
шыңдайды:
1.
Мәтін, ертегіні, әңгімені өз ойларымен аяқтау.
Сабақ барысында оқушыға өтілген тақырыпқа қатысты
шығармашылық тапсырма беруге болады. Мысалы, ертегіні
не әңгімені өз ойларымен аяқтап жазу.Бұндай тапсырма
түрлері оқушының қызығушылығын тудырады. Олар бұндай
тапсырманы орындау барысына көп ізденеді. Өмірмен
байланыстыруға тырысады. Тапсырманы орындап келген
оқушылардың жұмысын сыныпта оқытып, оларға пікір айту
оқушының шыңдалуына әкеледі.
2. Ақын, жазушылардың мәтіндерін басқаша аяқтау.
Сабақ барысында адамның аяушылық сезімін тудыратын
шығармаларды қайта жазуға тапсырма беруге болады. Бұл
тапсырма да оқушылардың өмір жайлы білімдерін,
түсініктерін толықтыруға көмектеседі. Оқушылар
шығармада көбіне өздеріне ұнамаған кейіпкер болса, одан
құтылу жолдарын іздейді. Ойдан кейіпкер қосуы да ғажап
емес.Бұл тапсырма да оқушылардың шығармашылығының
дамуына оң ықпал етеді.
3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
Оқушыларға белгілі тақырыпта мақал ұсынуға болады. Сол
мақалдың мағынасын ашатындай әңгіме құрастыруға
тапсырма беріледі. Бұл адамның ойлау , қиялдау жүйесін
33
дамытатын тапсырма. Бала қиялы мен мәселені дұрыс шеше
білуіне көп жәрдемі бар.
Бала шығармашылығын дамыту үшін тағы да басқа тапсырма
түрлрін ұсыну мұғалім шеберлігіне байланысты.Әр тапсырма
барысында оқушыны мадақтап, ынталандырудың да
маңызы зор. Мектеп бағдарламасында өтілген көркем
шығармалар негізінде мазмұны әр түрлі тапсырмалар беру
оқушыны жалықтырмайды.
Тағы да осындай оқушының шығармашылығын шыңдауға
бағытталған төмендегідей жұмыс түрлерін ұсынуға болады:
4.Табиғат құбылыстарына, заттарға жұмбақтар құрастыру.
5. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
6. Шығарма, мәтін құрастыру.
7. Өлең құрастыру.
8. Шығармадағы әңгімеге ұқсас оқиғалар айтқызу.
9. Көлемі ұзақ шығармаларды жоспар құру арқылы
қысқартып әңгімелету.
10. Кейіпкерлерге мінездеме бергізу.
11. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу,
қиялдау арқылы суреттеу.
12. Рөлге бөліп оқыту.
13. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген
тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус,
құрастырмалы ойындар т. б.)
14. Қайталау сабақтарында, оқыған мәтіндері бойынша өз
беттерінше тест тапсырмаларын құрастыру.
15. Белгілі ақын, жазушы шығармасына еліктеп өлең,
әңгіме, ертегілер жазғызу.
Нәтижесінде :
оқушының танымдық ізденімпаздығы қалыптасады;
34
сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;
шығармашылық ой – өрісі артады;
кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа
материалдармен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;
ұжымдық ой – пікірлері жетіледі, топ мүшелерін
пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;
мұғаліммен оқушылардың қарым – қатынасы
ынтымақтастыққа болып, сенімділіктері артады;
оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;
білімін жүйелі түрде толықтыруға;
өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға;
тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді;
оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін
тудырады.
Шығармашылық дарындылықтың белгілері әртүрлі
болатындығы қиындық туғызады және де олар әлеуметтің
ортамен тығыз байланысты. Баланың қандай болса да кез
келген шығармашылық талпынысын құптауымыз керек.
Себебі оның астарында баланың таза, ашылмаған
шығармашылық бастауы жатыр. О. Бальзактың “Ұдайы
еңбек ету – өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей,
оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін
арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді
міндеттейді.
Оқу әрекетінің мазмұны арқылы шығармашылық қабілетті
ашу,жетілдіру. Оқ
ушының білім мазмұнындағы ғылыми ұғымдардың үлесін
арттыру арқылы оқушыны шығармашылық әрекет
жағдайларына әкелетін ішкі байланыстарды ашуға
мүмкіндік туғызып, жағдай жасау керек. Оқушы ойлауының
35
барлық түрлерін диагностикалық бірлік арқылы дамыту
керек.
Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан – жақты
парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен
шығармағанымыз жөн деп ойлаймын.
Егер мектепте оқушының шығармашылық қабілетін
дамытудың тиімді жолдарын анықтап, оқу –тәрбие үрдісінде
шығармашылық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілсе,
шығармашылық әрекетке қызығушылығы қалыптасып,
белсенділігі артып, шешімді құра білуге талпынады. Баланың
шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін
ең бастысы жағдайлар жасау қажет. Оқушының өз бетімен
жұмыс жүргізуі - шығармашылық қабілетті дамытудың басты
жолы. Бұл ізденіс, ойлау әрекетімен тікелей байланысты. Ол
үшін балаға берілетін білім сабақтастықты қажет етеді.
Мысалы, еліктеуіш сөздер тақырыбына орай айналадағы
естілген дыбысты, адамдардың, жануарлардың сыртқы
пішінін әр түрлі еліктеу сөздер арқылы жаттықтыру,
еліктеуіш сөз қатысқан мәтінді оқу, табиғат құбылысына
бақылау жасату, еліктеуіш сөз қатысқан сипаттама мәтін
құрату, көркем мәтіннен еліктеуіш сөздерді табу, оқушының
тілін дамыту ғана емес, шығармашылықпен жұмыс жүргізуге
де әсер етеді, яғни оқушы ізденеді, талаптанады, ойланады.
36
Сонымен қатар қайталау сабағында ән-музыка, бейнелеу
түрлерін көбірек пайдалану, оқушыға ұсынылған жаттығуда
мәтін құрауға жиі көңіл бөлу де шығармашылық қабілетті
арттырады. Жаттығулардың бір қатары оқушының
танымдық белсенділігін дамытып, шығармашылық әрекетін
қалыптастыруға негізделеді. Оқушы тақырыпты
меңгергеннен кейін жаттығу арқылы ойын жүйелеп, жұмыс
жүргізуде, тапсырманы орындауда ойлау қабілетін жетілдіре
түседі. Ойлау мен сөйлеу қабілеті бір-бірімен тығыз
байланысты. Оқушының ойын жүйелеуде әр түрлі әдіс-
амалдар қолданылады:
- жаңа материалды меңгерту;
- оқушыға бағыт беру, яғни түрткі сұрақ, реплика беру;
- оқушының өзін көбірек сөйлету;
- тақырыпты бекіту;
- игерілген білімді тиянақтау;
- көрнекіліктердің әсерлігін тиімді пайдалану.
37
Оқушының өз бетімен ізденісінде қай жаттығу ойды бекітіп,
қай жаттығу шығармашылық бағытты көздейтінін мұғалім
топтық жұмыс арқылы да жүзеге асыра алады. Мұғалім әрбір
тақырыпты өткен сайын сөз өнерінің құдіретін оқушыға
жеткізе білуі тиіс. Оқушының шығармашылық қабілетін
дамыту үшін бірнеше шарт орындалу тиіс:
- шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
- жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;
- ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету;
- оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу;
Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеті мен
әлеуетін танытатын жұмыстардың біразын әдебиет
сабағында мәтінмен жұмыс кезінде жүргізуге болады әрі бұл
пәнаралық байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Мәтінмен
жұмыс үстінде ең қажетті деген қарым-қатынастық
машықтар жүзеге асырылып, олар оқушының
шығармашылық қабілетін жетілдіре түседі, яғни мәтін
тақырыбын түсіну, ашу; ондағы негізгі ойды бөліп алу;
38
шығармадағы кейіпкер, оқиға, құбылыс туралы өз пікірін
тұжырымдау; өз ойын дұрыс жазу, айту оқушының
байланыстырып сөйлеуін қалыптастырып, жетілдіруге, сөз
қорын молайтуға, өзіндік көзқарасын орнықтыруға септігін
тигізеді. Бұл - әрбір тақырып бойынша оқушының ойын
жүйелеудегі басты құрал. Әдебиет сабағы оқушының ойлау
қабілеті ғана емес, шығармашылық ой-өрісін де кеңейтеді.
Оқушының шығармашылық дербестігін дамыта оқыту
арқылы қалыптастыруға болады, оқытудың бұл түрінде
мұғалім дәстүрлі оқытудағыдай барлық іс - әрекетті өз
мойнына алмайды. Мақсатқа тек өзінің белсенділігімен
жетпейді. Белсенділік оқушыға жүктеледі. Дамыта оқыту
жаттанды іс - әрекеттерге сүйенбейді, оқушының жеке басын
дамыту, білімді өз ізденістері арқылы алуды қамтамасыз
етеді. Шығармашылық еңбекке кең жол ашады. Ол
оқушының шығармашылық ойлауына, ізденісіне, іс -
әрекетіне түрткі жасайды, оны дәстүрлі оқудағы өнімсіз
еңбектен босатады.Оны зерттеуші, ізденуші биігіне көтереді.
Оқытудың бұл түрінде сұрақтар, тапсырмалар жүйесі де
басқа сипатта болады, яғни өз беттерімен орындалатын
шығармашылық тапсырмаларға ерекше назар аударылады.
Сабақта дамыта оқыту технологиясын пайдаланудың тиімді
39
жағы оқушы іс - әрекетін ұйымдастыру, яғни ақыл – ойы мен
өзіндік тұжырымы арқылы жаңа тақырыпты саналы түрде
меңгеру дағдыларын қалыптастырады. Оқушы-ларды
шығармашылық жұмыстарға баулып, олардың белсенділігі
мен дербестігін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр
түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға болады.
Шығарма – жазба жұмыстарының ішіндегі ең күрделі түрі,
өйткені тіл үйренуші тақырыптың мазмұнын ашуды өз
бетімен ойланып іске асырады. Дамыта оқыту дербес жұмыс
істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді. Шығарма
жазуды меңгеру оқушылардың білім, білік, дағдыларына
негізделеді. Бұл білім, білік, дағдылар негізінде оқушы
тақырыпқа байланысты негізгі ойды айқындайды,
материалды жинап, жүйелей отырып, шығарманы арнайы
композициялық тұлғада құрастырады. Оқушы шығарма жазу
үстінде өзінің ойын бейнелі, көркем сөзбен жеткізуге
талпынады.
Жазбаша орындалатын тапсырмалардың бір түрі –
аннотация. Аннотация жазуда оқушы оқыған не тыңдаған
материалдың негізгі жағын аңғарып, мазмұнын жазуға
жаттығады. Мәтіннің негізгі ойын қысқа түрде мазмұндау
40
арнаулы сөздер мен сөйлемдерді қолдануды талап етеді.
Мысал келтірейік.
1) Мәтінде... туралы айтылады.
2) Басты ойды, мәтіннің идеясын ашатын сөйлемдер:
3) Автор мынадай қорытындыға келеді: ...
Бұл тапсырмалардың мақсаты – мәтіннің мазмұнын қысқаша
баяндауға үйрету, ойды байланыстырып жазуда тілдік
тұлғаларды дұрыс қолдануға, олардың сөйлемдегі орын
тәртібін сақтауға, сауатты жазуға дағдыландыру.
Шығармашылық жұмыстарды орындау арқылы оқушының
шеберлігі мен дағдысы қалыптасып дамиды.
Шығармашылық жұмысты орындауда ескеретін мәселе –
оқушылардың еңбегін бағалау. Шығармашылық жұмыстар
арқылы дамыта оқыту оқушылардыңң дүниетанымын,
ізденімдік қабілетінің дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына
ықпал етеді.
Ғылыми зерттеулерге сүйенетін болсақ, оқушы
«шығармашылық
шығармашылығын дамытуда
41
тапсырмалар» үлкен рөл атқарады. Шығармашылық
тапсырма ретінде біз оқушыдан ұдайы тек ақпарат өндіру
емес, шығармашылықты талап ететін тапсырмаларды
қарастырамыз. Себебі тапсырмалар белгісіздіктің кіші және
үлкен элементтерінен және бірнеше дұрыс жауаптардан
тұруы мүмкін. Шығармашылық тапсырма кез - келген
интерактивті әдістің мазмұны мен негізін құрайды. Оның
айналасында жариялылық пен ізденімпаздықтың негізі
пайда болады. Шығармашылық тапсырмалар оқу барысына
үлкен мағына беріп, оқушыларды ынталандырады.
Шығармашылық тапсырма жеке дара күйінде мұғалімдер
үшін де шығармашылық тапсырма болып қалады.
Шығармашылық тапсырмалар мына төмендегі талапқа сай
болуы керек:
1) Бір мағыналы және тым қарапайым жауабы немесе
шешімі болмайды;
2) Оқушыларға тәжірибелік тұрғыдан пайдалы болып
табылады;
3) Оқушылардың өмірімен байланыста болады;
42
4) Оқушылардың қызығушылығын тудырады;
5) Оқытудың мақсатына барынша сай келеді.
Сонымен, тілдік пәндердің сабақтарында оқушылардың
шығармашылық қабілеттін арттыру мақсатында
тапсырмалар әзірленді.
1- тапсырма. Шығарма, эссе жаздырту
Ойтолғау жазу, эссе жазу тапсырмасына «Төрт сөйлем
әдісін» қолданудың пайдасы өте зор. Бұл әдістің шарттарын
толық түсінген әр оқушы шығармашылық тапсырмаларды
орындауға қабілетті болады. Шығармашылық жұмыс
барысында тақырып оқушының жасына қарай, берілетін
тақырып сөздік қорында қажетті сөздердің болуын есепке
ала отырып, таңдалынады.
Оқушыға заттың суреті беріледі, сол заттың қасиетін,
қызметін сипаттап жұмбақ жазады.
Берілетін заттың суреттері: кітап, телефон, қалам, сабын, күн,
қар, машина, шана, қолғап, балық, дүкен, дәрігер, айна т.с.с
2-тапсырма. Лимерик құру.
43
Бұл тапсырма оқушы үшін қызықты әрі оларға ұнайды.
Көбінесе өлең жазуға бейім оқушылар бұл тапсырманы
қызыға орындайды. Оқушыға өлең құрау тәртібі
түсіндіріледі, өлеңде айтылатын оқиға қызықты, бірақ
өмірде кездеспейтін оқиға болуы шарт (өтірік өлең тәрізді)
1 жол – кейіпкер таңдау
2 жол – кейіпкердің мінезі.
3 жол – кейіпкердің іс – әрекетіөмірі мен шығармашылығына
байланысты
4 жол – оқиғаның аяқталуы
3 – тапсырма. Берілген оқиғаны әңгімеге айналдырып
жаз.
Оқушылар өздері бір – біріне өмірде көрген- білген
оқиғаларын әңгімелеп береді. Әңгімедегі оқиғаны сюжет
ретінде ала отырып, оқушылар көркем шығарма түріне
келтіреді
44
Оқушыларға берілген осындай шығармашылық әрі
жағдаяттық тапсырмалар олардың әрі сөздік қорын әрі
сөйлеу, жазу дағдысын қалыптастырып, ой - өрісін
дамытады. Тапсырмаларға лайық өз бетімен сөйлемдер
құрастырып, ізденуіне мүмкіндік тудырады. Бұл тұста тілге
ғана тән ерекшелік көрініп қоймайды, сол тілде сөйлеушінің
тілдік мәдениеті де байқалады. Шығармашылық дербестікті
қалыптастыру, дамытуда әдебиет сабағының орын ерекше.
Оқушы бай ауыз әдебиетінің түрлі жанрларының көркемдік
қуаты мол үлгілерін оқып білу арқылы қазақ халқының
ұлттық рухын, дүниетанымын, мәдениетін танып, әлеуметтік
тұлға ретінде қалыптасады.
4- тапсырма. Жоба жазу әдісі.
Оқушыларды ғылыммен жақындастыруға бағытталған
тапсырма. Бұл тапсырманы көбіне ақын – жазушылардың
өмірі мен шығармашылығын танып білу үшін қолдануға
болады. Оқушы берілген тақырып бойынша ақпарат
жинайды, оны іріктейді. Материалды ресімдейді,
презентация дайындайды.
Қорытынды:
Аталған әдіс – тәсілдер, сабақ түрлері мен стратегиялар
45
- оқушының ойлауын дамытуға;
- сөйлеу тілін, артикуляциясын дамытуға;
- өзгелерді тыңдауға, олардың пікірін құрметтеуге;
- өз ойын жеткізе білуге;
- сыни тұрғыда ойлауға;
- қиялын, шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік
береді.
Жалпы, шығармашылық қабілет бірнеше құрамдас бөліктен
тұратын ұғым:
жаңаны тануға деген құлшыныс;
жаңаша ойлау;
алған білімін тәжірибеде қолдану біліктілігі;
қиял еркіндігі.
Оқытудың дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерін қолдану оқушының
қызығушылығын оятады, тілді үйренуде табысқа жетуге
мүмкіндік береді. Сабақты жоспарлағанда, мұғалім
оқушылардың тек жаңа сөздерді жадында сақтауын ғана
емес, әр оқушының дербес тұлға ретінде дамуы үшін жағдай
жасауды есінен шығармауы керек. Сондай-ақ, мұғалім білім
сапасын көтеру, оқытудың тиімділігін арттырудың
жолдарын, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
қандай әдіс-тәсілдер, технологиялар арқылы қолдау керек
екенін білуі қажет. Әрбір оқушы дербес тұлға болып
қалыптасады. Ал шығармашылық дербестік дегеніміз – әр
46
оқушының өз ой-пікірі болуы, өмірлік тәжірибеде алған
білімін қолдана алуы.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін
ұсынылатын
жұмыс түрлері:
Зерттеу, шығармашылық аспектілері бар жеке тапсырмалар;
Ғылыми жоба, шолу, баяндамаларды дайындау және
қорғау;
Пәндік олимпиадалар;
Жағдаяттарды қолдану;
Интеллектуалды сайыстар;
Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын
қалыптастырудағы басты мақсат – қазіргі білім берудің жаңа
парадигмасы жағдайындағы оқушылардың жеке тұлғалық
сапалық қасиеттерін дамыту, шығармашылық ойлауын
дамыта отырып, заман талабына сай құзырлылығын
қалыптастыру және рухани жан дүниесінің дамуына жағдай
жасау. Сондықтан егемен еліміздің келешегі жас ұрпақты
тәрбиелейтін орта мектеп өзіне жүктелген әлеуметтік
міндетті атқару үшін ондағы игерілетін білім мазмұны, білім
берудің түрлі жолдарын бүгінгі талапқа сай жаңартуға
ұмтылуы заңдылық.
Қорытынды
Өзіміздің іс - тәжірибемізді қорыта келіп, мынадай түйін түюге
болады.
47
Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп
қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.
Оқушылардың білім сапасы көтерілді.
Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс — әрекетке
қабілеті артты.
Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата…
аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді.
Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке
тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып
ұғымын қалыптастыруға, ата… аналармен ынтымақтасуға,
оқытуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмегі тиері сөзсіз.
Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз
жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды
мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын
дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің
танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті
жоғары деңгейге көтеріледі.
48
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.М.И.Махмудов. мектептегі проблемалық оқытуды
ұйымдастыру.
А., «Мектеп», 1981, 247-б.
2. Л.С.Выготский. Педагогическая психология. М.,1967.
3. А.Жапбаров. Қазақ тілі стилистикасын оқыту
методикасының негіздері.
А., «Қаз.унив.», 1991, 128-б.
4. С.Абубәкірова. Текстпен жұмыс істеудің әдістемесі. А.,
«Қаз.унив.»,
1993, 105-б.
5. Ж.Аймауытов. Психология. А., «Ғылым» баспасы, 2004
6.К.Д.Ушинский. Педагогика. М., «Просвещение», 1980
7. Бабаева Ю. Д. Динамическая теория одаренности.
Основные современные концепции творчества и
одаренности. М. 1997г.
8.Ұстаздық шығармашылық Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 2007 ж.
9.Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту Б.А.
Тұрғынбаева Алматы, 1999 ж.
10.Бастауыш білім журналы № , 2004 ж.
11.Бастауыш сыныпта оқыту журналы № 1, 2, 2008 ж.
Мен және бәрі, бәрі, бәрі Алматы, «Аруна», 2006 ж.
12.Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері, Алматы, 2004 ж.
13.Бастауыш мектеп журналы, № 1, 2006 ж.
14.Что такое развивающее обучение Н.В. Репкина «Пеленг», 1993
49
Педогогическая риторика Пермь, 1995
15. Оқушыларға тіліді меңгерту жолдары.
Алматы «Ана тілі», 1997 ж.
16. Шешендік сөздер С. Негимов Алматы, «Ана тілі» 1997 ж
50