1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ИНФОРМАТИКАДАН ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАРДЫ ЖАСАУ ӘДІСІ Оқу құралы Шымкент – 2024
2 УДК 373 (072) ББК 74.263.2 С 48 Амангелді Иманов атындағы жалпы білім беретін мектептің оқу - әдістемелік кеңесінде талқыланып, басылымға ұсынылды. Хаттама №6 «19» қаңтар 2024 ж. Пікір жазғандар: Көбеева З. – Шымкент Университетінің математика және инфроматика кафедрасының меңгерушісі. Танкыбаев М. – информатика пәнінің оқытушысы. Құрастырғандар: Сламбек Гүлнара Оңалбекқызы, Анарбаева Гульжазира Кенжебаевна, Алхабекова Айымкуль Асанхановна Сламбек Г.О., Анарбаева Г.К., Алхабекова А.А. ИНФОРМАТИКАДАН ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАРДЫ ЖАСАУ ӘДІСІ : Оқу құралы. -Шымкент: «Нұрлы Бейне» баспасы, 2024. -108 бет. ISBN 978-601-81096-3-8 Оқу құралы орта және кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушылары үшін арналған, оқу жұмыс жоспарының талаптарына сәйкес құрастырылған. Бұл оқу құралында информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер, дидактикалық материалдардың тиімділігі, информатика пәнінде зерттеулік оқыту арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға арналған жұмыстар кеңінен ашылып, болашақ ұрпақтың денсаулығы мен біліміне көп көңіл бөлінген. Бұл оқу құралы білім алушылар үшін тиімді, қосымша оқулық ретінде ұсынылып отыр. УДК 373 (072) ББК 74.263.2 ISBN 978-601-81096-3-8 © Сламбек Г.О., Анарбаева Г.К., Алхабекова А.А., 2024
3 МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ.....................................................................................4 1. ДИДАКТИКАНЫҢ ЖАЛПЫ ПРИНЦИПТЕРІ Информатика және дидактика .................................................... 5 Информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер............ 8 Информатикадан өтілетін сабақтың дидактикалық ерекшеліктері ............................................................................15 Информатика сабағында дидактикалық материалдардың тиімділігі ................................................................................... 17 Информатикадан деңгейлік тапсырмалар ................................22 Информатика пәнінде зерттеулік оқыту арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру............................................................................ 25 2. ИНФОРМАТИКАДАН ОҚЫТУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРІ ЭЕМ-дегі жұмыс және ойлау әрекеттері............................ 30 Информатика курсы бойынша жүргізілетін үйірме жұмыстары.................................................................... 32 Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру кезеңі...... 38 3. ИНФОРМАТИКАДАН ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ 3.1 Информатикадан дидактикалық материалдар түрлері .......56 3.2. Информатикадан деңгейлік тапсырмалар..........................78 3. ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................106 4. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................107
4 КІРІСПЕ Информатика және есептегіш техника негіздері жалпы білім беретін орта мектептер мен колледждерде міндетті пән ретінде енгізілгелі бері оқытудың белгілі тәжірибелері жинақталған. Сонымен қатар, сабақты оқытудың дидактикалық жүйесі де қалыптасып келеді. Қазіргі әлемнің ғылыми бейнесінің негізгі сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы ақпаратлық процестер мен факторлардың фундаментельды ролін мойындау болып табылады. Мектептерде және колледждерде білім беру саласында ақпарат-тық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелері бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялықпедагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады. - оқу үрдісінде дидактикалық материалдарды дайындауды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау. - оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде материалдарды дайындаудың үлгілерін пайдалану әдістемесін жасау. - мұғалімдердің дидактиканы меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктілігін жетілдіру. - оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін сабақта пайдалануға үйрету. - мектептің материалдық-базасын нығайту. Бірінші кезең – информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптерді білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды. Екінші кезең – информатикадан өтілетін сабақтың дидактикалық ерекшеліктерін оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады. Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, дидактикалық материал-дарды кеңінен қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі: Жаңа технологиялар – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек.
5 1. ДИДАКТИКАНЫҢ ЖАЛПЫ ПРИНЦИПТЕРІ 1.1.Информатика және дидактика Мектептегі және колледждердегі барлық пәндер бойынша оқутәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып табылады. Мектептегі сабақ клас- сабақ жүйесінің негізін қалайды. Оның мынадай негізігі сипаттары бар: 1) оқу топтарының құрамы; 2)әр кластағы оқу мазмұнын қатаң анықтау; 3) оқу сабақтарының нақты белгіленген кестесі, 4) оқушылар жұмыстарының жеке және бірлескен түрлерін ұштастыру; 5) мұғалімнің жетекші ролі; 6) оқушылар білімін жүйелі тексеру және бағалау. Чех халқының аса үздік педагогы Я.А.Каменскийден бастау алған класс-сабақ жүйесі бүгінге дейін мектепті құрылымдық ұйымдастырудың негізі болып келеді.Информатика негіздерін оқыту да дидактиканың қалыптасқан бай тәжірибелерін пайдаланады, әрі мазмұнын өзінің ерекшеліктерімен толықтыра түседі. Дидактикада сабақ типтерін жүйелеуде әртүрлі айырым белгілері пайдаланылады. Сабақтың ең басты белгісі – оның дидактикалық мақсаты. Ал, дидактикалық мақсат – оқытушының алға қойған жоспарын көрсетеді. Соған сәйкес дидактикада сабақтың мынадай түрлері бар: 1) жаңа сабақ (тың хабарлар айту, түсіндіру сабағы); 2) оқушылардың шеберліктерін және дағдыларын дамыту, бекіту сабағы (жаттығу сабағы) 3) оқушылардың білімін, шеберлігін және дағдыларын тексеру сабағы. Көптеген жағдайда мұғалім осы аталған дидактикалық мақсаттардың біреуін ғана басшылыққа алып қоймайды, олардың бірнешеуіне немесе барлығына сүйенеді. Сол себепті тәжірибе жүзінде аралас сабақ түрі кеңінен қолданылады.аралас сабақтың құрамы әртүрлі болып келеді және оның бірқатар артықшылықтары бар. Сабақтың түрлерін араластыра қолдану жаңа білімді сапалы, әрі жылдам қабылдауды, кері байланысты және педагогикалық процесті басқаруды, бағаларды көбейтуді, оқытуды жекеше ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Информатикадан өтілетін сабақтардың өз ерекшеліктері де бар. Академик М.П.Лапчик информатика курсы бойынша өтілетін
6 сабақтарды ЭЕМ-ді қолдану мөлшеріне қарай үш түрге бөледі: демонстрация, фронтальды зертханалық жұмыс және практикум. Дидактик мұғалімнің қандай жалпы дидактикалық әдісті қолданғанын, қандай жалпы принциптерді жүзеге асырғандығын ойлайды; әдіскер оқыту әдістері мен сабақ материалының осы пәнді мектепте оқытудың міндеттеріне сәйкес болуына назар аударады. Психологты ерекше қызықтыратыны оқушылардың сабақты ұғынуы, ұғынудың жалпы заңдылықтарының көрінуі, ал кибернетикке оқыту тура және кері байланысы бар басқару жүйесі болып көрінеді. Қазіргі уақытта информатиканы оқыту практикасы төмендегі факторларымен сипатталады: 1) Қазіргі уақытқа дейін Информатиканы оқытуда жеке мәселелерді оқыту тереңдігі мен материалдың баяндалу бағыты және мазмұны бойынша бір-бірімен айырмашылығы бар, әртүрлі оқу құралдары мен оқу бағдарламалары пайдаланып келді. Оның үстіне информатиканы оқытатын мұғалімдердің мамандық деңгейі мен базалық білімі әртүрлі. Сондықтан әр мектептегі информатиканы оқөытудың нақты мазмұны мен бұл пән бойынша оқушылардың дайындығына жеке оқытушылар тарапынан қойылатын талаптардың деңгейі түрліше. 2) Қазіргі уақытта информатиканы оқытуды тек жоғары сыныптарда емес, оны төменгі буынға көшіру қолға алынды. Жалпы біілм беретін орта мектепте информатикадан берілетін міндетті білім көлемін қамтитын базалық курс орта мектептің 7-9 сыныптарынан бастап оқытылады. Мұның өзі инфооматиканың мазмұнының және оқыту нәтижесіне қойылатын талаптардың осы жастағы оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне сай болуын талап етеді. 3) Информатика курсы алғаш оқу жоспарына кіргенде, компьютерлік сауаттылықты қамтамасыз ету құралы ретінде, оқушыларды ақпараттық қоғамда еңбек етуге дайындау үшін енгізілген болатын. Бұдан бұл курстың жалпы білім беретін маңызды міндеті ескерілмей қалған. Қазіргі уақытта информатика курсын мектепке жаппай енгізілуі жағдайында барлық пәнді оқытуда компьютерді қолдану, ЖАТ –ны (жаңа ақпараттық технология), АКТны (ақпараттық-коммуникациялық технология) пайдалану компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру мәселесі шеңберінен тыс жалпы білім беретін пән ретінде оқу-тәрбие мәселесінің комплексі тұр. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту програм-масының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің
7 сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады. Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттыканыктамалык жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады. Мақсаты: - дидактиканың тиімділігін оқу процесіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін жасақтау және оны жүйелеу; - мазмұндық, процессуальдық және бағалау компоненттері негізінде мазмұны мен оған сәйкес таңдалынатын педагог мамандардың категорияларын таңдауды болжау; - білім беруді тапсырмалар жағдайына педагог мамандардың біліктілігін көтеру; Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді қарастырамыз: - білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мазмұнын анықтау; - педагог мамандардың сабақта дидактикалық функцияларды пайдалана алу дайындығын анықтайтын белгілер мен көрсеткіштерді жасақтау және олардың ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін зерттеу; - педагог мамандарды дидактиканың үлгілерін өз қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасақтау. Қазіргі мектептің даму болашағы Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оқушының өзіне сенімін арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы әр түрлі, жан –жақты болуы қажет. Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдында баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр.
8 Сабақ мазмұнының теориялық – практикалық құндылығы жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Мұғалімнің әрбір сабағы оқушы сезіміне, ынта – ықыласына әсер етуі тиіс. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен, мұғалімнің дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы керек. Оқушыларға білім негізін меңгерудің әдіс – тәсілдері сан алуан. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру – мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру, оқушыларға сұрақ қою, эксперименттік тапсырмаларды шештіру, ой таласын жасау, танымдық ойындар сияқты шаралар арқылы информатика пәнінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыра алады. Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог - психолог және оқу процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Қазіргі заманғы оқыту интелектуалдық ерекшеліктеріне сүйене отырып білім беруді кажет етеді. Мұғалімнің аса маңызды іс әрекетінің бірі - әртүрлі ісәрекеттің саналы түріне оқушыларды ұйымдастыру: мұғалімді және жолдастарын тыңдау, ғылыми танымал сабақта және үйде әртүрлі оқу материалымен өз бетімен жұмыс істеу. Информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер Информатика пәнінің орта мектепке енгізілгеніне үшінші онжылдыққа аяқ басып барады. Осы уақыт аралығында курсты оқытудың әртүрлі бағыттары пайда болды.Орта мектептегі басқа пәндермен салыстырғанда информатика әлдеқайда жас ғылым.Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуына қарай, курстың мазмұныны да өзгеріп отырғаны белгілі. Курс мазмұнының өзгеруі мен программалық және техникалық құралдардың әртүрлігі, сондай-ақ, информати канны оқыту әдістемесінің жеткіліксіздігі курстың мазмұны мен оқыту әдісі, оқыту құралдарын таңдауда информатика
9 пәнінің мұғалімдеріне айтарлықтай қиындық туғызуда.Мұндай аса күрделі мәселені шешуді дидактиканың жалпы принциптерінен іздеген жөн. Дидактиканың жалпы принциптері информатика курсын оқытуда нақтылана түседі. Ғылымилық принципі – бұл принцип білім беру мазмұнынан оқушының танымдық мүмкіндіктеріне бейімделген сәйкес ғылым саласының жаңа жетістіктері орын алуын талап етеді. Аталған мәселе тұтасымен алғанда жеңілдей түседі, өйткені информатика курсында «жоғарғы», «төменгі» деп бөлінетін нақты бөліну жоқ, пәнішілік байланыс өте жоғары. Олай дейтініміз – информатика ғылымындағы көптеген түсініктер мектептегі пәннен өзінің ұқсастығын тауып жатады. Курста қарастырылатын «ақпарат», «алгоритм» және «атқарушы» ұғымдарының іргелі ұғым екені белгілі. Алғашқы екі ұғымның мағынасының айқын екені түсінікті, ал атқарушы ұғымы көп мағыналы, ол информатика курсында бірнеше қызметтер атқарады: 1. алгоритмді атқару процесіне көрнекілік беретін дидактикалық құрал (тасбақа, робот және т.б. атқарушылар); 2. бұл көптеген мәселелерді бірыңғай бағытта сипаттауға мүмкіндік беретін ұғым: тасбақа – графикалық атқарушы, редактор – текстік атқарушы, операциялық жүйе – файлдар атқарушысы, принтер – тексті қағазға шығаратын атқарушы және т.б. 3. кез келген атқарушыдағы компьютерлік модель құрылымы компьютерлік білімділікті қалыптастыру мақсатын ашады. Сондай-ақ, кез келген атқарушыдағы компьютерлік модельді обьектілі бағдарланған программалау терминдеріндегі модуль немесе обьект ретінде түсінуге болады. Оқытудың ғылымилық принципі оқытудың жаңа әдістеріне сүйенеді. Ол информатикаға қатысты модельдеу, алдымен, кең мағынада оқушының зерттеу іс-әрекетін қамтитынын көрсетеді. Бірізділік және қайталау. Бірізділікті тура мағынасында алып қарайтын болсақ, оқу материалы логикалық тізбектелген күйінде немесе логикалық тұйықталмаған тармақ түрінде берілген, ал қайталау тек берілген материалды бекіту үшін деп түсіну мүмкін. Бірақ, бұл түсінік информатика курсында аса күшті пәнішілік байланыстың әсерінен басқаша сипат алады.мысалы, қайталану командасы бір орында ғана қарастырылмайды, оның мағынасы мен қабылдау күрделілігі мәліметтердің типіне тәуелді.
10 Бұл тұжырымды, яғни бірізділік принципін қайталану түрінде жүзеге асыруды А.П.Ершов ұсынған болатын. Ол ұғымның жаңа тұжырымдарда, контекстерде кеңейтіліп, қайталана беретінін көрсетеді. Мысалы, А.Г.Куширенко бастаған топтың оқулығында алғашында көмекші алгоритмдер Роботқа арналған алгоритмдердің жазылуын қысқарту үшін пайдаланылса, кейіннен Сызушыға арналған алгоритмдерде аргументке ие болып, толығымен сандық есептерге айналады. Бұл оқулықтың баяндалуында бірізділік қайталау айқын көрініп, осыдан пәнішілік байланыс ашыла түседі. Іс - әрекетті меңгерудің ұғынықтылығы. Дәстүрлі оқыту әдісінде ұғынықтылық оқушылардың өз іс-әрекетіндегі білім мазмұны мен құралдарын толық түсінуі болып табылады, сондай-ақ, бұл қағида барлық пән үшін орындалады деп есептелінеді. Бірақ, компьютер бұл ұғынықтылықты оқыту мақсаттарымен шектеуге мәжбүр етеді. Мұндай жағдайларда оқушыда бірін-бірі толықтырып отыратын әртүрлі көзқарастар қалыптасуы және олар жинақтала келе сол ұғым жөніндегі жалпы сипаттаманы беруі тиіс. Ең бастысы оқушыда жанжақты терең білім қалыптасуы қажет. Мұндай жағдайда мұғалімнің білім деңгейі мен материалды жинақтап, іріктей білуі шешуші роль атқарады. Мазмұнының тиімділігі. Тиімділік принцип оқыту деңгейлерін бөлу мен компьютердегі жұмыс мөлшерін анықтау арқылы жүзеге асырылады. Қарапайым дайын программалық құралдармен жұмыс компьютерді пайдаланудың ең төменгі деңгейі болып табылады. Барлық оқушылар үшін бұл деңгей компьютерді тиімді пайдаланудың белгісі іспетті. Мысвлы, аса маңызды да, күрделі тақырып – алгоритмдердің күрделілігі. Бұл тақырыпты оқушылардың мынадай есептен бастағаны дұрыс: есептің көлемінің уақытқа тәуелоділігін практикалық зерттеу.сондай-ақ, тиімділік ақпаратның графикалық түрде берілуімен де жүзеге асады. Іс - әрекеттегі мазмұнның көрнекілігі. Көрнекілікті информатиканы оқытудың ажырамайтын бөлігі деп те айтуға болады. Ол информатика курсының мазмұнындағы ақпарат ұғымының әртүрлі сипатта берілуімен түсіндіріледі: бір ақпаратның өзін графикалық бейнелер жиынтығы түрінде беруге болады. Мысалы, блок-схеманы алатын болсақ, шағын алгоритмнің құрылымы мен атқарылу процесін өте көрнекі сипаттауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, программалау тілдерін сипаттаудағы көрнекі диаграммалар да көрнекілік болып
11 табылады. Е – практикум жүйесіндегі алгоритмнің кесте түріндегі атқарылуы да көрнекілікке жатады. Алгоритм тексінің құрылымдық сипатта жазылуының өзі – көрнекілік. Қозғалмалы бейнелер мен түстің, дыбыстың қосылуы дв көрнекілікті кеңейтеді. Мысалы, Бейсик тіліндегі қарапайым ВЕЕР командасы өте сирек қолданылады. Ал, аталған команданың көмегімен программадағы кездескен қатені, программаның бақылау нүктесінен өтуін және т.с.с. көрсетуге болады. Сонымен қатар, редактормен жұмыс кезіндегі компьютердегі оқушының іс-әрекетін мұғалімнің демонстрациялауы да көрнекілік болып табылады. Белсенділік және өз бетінділік принципі. Оқушының белсенділігі оның іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Басқа пәндерді оқыту барысында педагог оқушылармен тікелей байланыста жұмыс істейді, олардың реакциясын көріп, өзі басқарады. Ал информатика курсында оқушының жұмысы мұғаліммен жекпе-жек болуы мүмкін. Сөйтіп, информатика сабағында оқушының белсенділігі тек мақсат қана емес, табысты оқытудың қажетті шарты болып табылады. Е.И.Машбиц, «білімнің оқушыға бере салатын зат емес, оның жеке тұлғалық қасиетіндегі өзгерісі екенін» өте орынды атап көрсетті. Ол белгілі бір мақсатты көздейтін, белсенділіктің нәтижесінде жүретін процесс. Бұл, әсіресе, жүйелі де, жан-жақты бвйланыспен білім беретін информатика пәніне тән. Белсенділіктің байқалу тәсілдері әртүрлі, мысалы, өзінің іс-әрекетіндегі жүретін рефлекция арқылы өзіндік бақылау, өздерінің алгоритм құруы және дайын алгоритмді түрлендіру. Белсенділіктің оқуға деген қызығушылықтан шығатыны түсінікті, бірақ оқыту барысында бақыланатын нәтиженің қандай болатынын мұғалімнің нвқты тұжырымдамауы қажет, дәлірек айтсақ, нені «тапсыруы» қажет. Оқытудың басында бір компьютерге екі оқушыдан «отырғызу» жұмыс белсенділігін арттырады, өйткені сенімсіздік азайып, диалог пайда болып, өзара оқыту жүреді. Оқушының өзбетінділігі де информатиканы табысты оқытудың мақсаты және қажетті шарты болып табылады. Ол белсенділіктен кейін жүреді: оқушы проблемалық типтегі лекцияны белсенді түрде тыңдауы мүмкін, бірақ ол өзбетінділікке жатпайды. өзбетінділіктің мүмкін болатын даму кезеңдері төмендегідей: мұғалімнің оқушының іс-әрекетін толық басқаруынан белгілі бір мөлшерде компьютердің көмегімен танымдық іс-әрекетті өзіндік басқаруға көшуі болып табылады. Шығармашылық іс-әрекетке көшу барысында өзбетінділік
12 толық жүзеге асырылады. Оқушылардың көмек сұрауы - белсенділіктің белгісі, бірақ ол өзбетінділікке жатпайды. Өзбетінділік оқушыны өнімді (продуктиаті) оқуға, қиын жағдайлардан өзі жол таба білу іскерлігін қалыптастыруға әкеледі (әдебиеттерді пайдалану, компьютерлік құралдардың көмегімен іздеу, оқу және т.б.). Жоғары деңгейдегі өз бетінділіктің белгісі – оқушының өзі есеп құруы мен компьютердегі ізденушілік іс-әрекеті болып табылады. Өз бетінділік оқытудың мақсаты ретінде ЭЕМ – ны қолдана отырып, программистен тәуелсіз оқушыны болашақ кәсіптік іс - әрекетке дайындауды көздейді. Білімнің беріктілігі мен жүйелілігі. Білімнің беріктілігі пәнаралық және пәнішілік байланыстарды құру мен ізденіске негізделген білімнің жүйелілігімен тығыз байланысты. Көптеген заңдылықтардың жиынтығына байланысты ұғым әлсіз байланысқан ұғыммен салыстырғанда адамның есінде ұзақ сақталады. Мысалы, математика немесе зоология үшін оқылатын курстың құрылымы тармақты түрде бірін – бірі толықтырып, ұғымдардың салаларымен өзара кеңейтіліп отыруы тиіс. Мұнда қолданбалы, әрі көп салалы есептер маңызды роль атқарады. Информатиканың мазмұнын әрі ғылым, әрі оқу пәні ретінде бір ғана тармақ ретінде қарастыру қиын. Оны «ақпарат», «алгоритм», «ЭЕМ» және т.б. тәрізді ұғымдармен дамып, таралатын ірі сала ретінде қарастыруға болады. Оқытуды дербестендіру мен ұжымдандыру. Оқытуды дербестендіру мен ұжымдандыру, әсіресе, информатика сабағында бірін – бірі толықтырып отырады. Орнықты коллективті жұмысты ұйымдастырғаннан кейін ғана өте мықты және әлсіз оқушылармен жұмыс істейтін уақытты табуға болады. Осы тұрғыдан алғанда компьютер дидактикалық екі жақты құрал болып табылады. Дайын оқыту программаларын көбейте отырып, бірыңғайлы, фронтальды топтық іс-әрекетті ұйымдастыруға қамтамасыз етуге болады, бірақ оқушылардың программамен жұмыс істеу тәсілі - әр оқушының дербес қарқынымен, қиындықты жеңу жолымен ерекшеленеді. Оқушылардың дербестік қасиеттерінің пайда болуын «Автор – ЭЕМ – Атқарушы», «Супер ЭЕМ» тәрізді рольмен атқарылатын ойындар қамтамасыз етеді. Бір компьютерге екіден отырып жұмыс істеген оқушыларда «орындаушы», «нұсқаушы» тәрізді орнықты қатынас қалыптасады. Сондықтан оқушылардың орны мен ролін ауыстырып отырған дұрыс.
13 Оқу іс-әрекетінің тиімділігі. Оқу іс-әрекетінің тиімділігі ең үлкен пайдалы әсер коэффицентін (ПӘК) қамтамасыз ететіні оқушы мен педагогтың жұмсайтын күшін үйлесімді етуді қамтиды. Мұндағы ПӘК дегеніміз – бірлескен іс-әрекет нәтижесінде алынған білімнің жұмсалған күшке қатынасы. Мысалы, блок – схемалар тек шағын есептерге ғана әрі ыңғайлы, әрі көрнекі, ал күрделі алгоритмдерді бейнелеуде ол информатиканы сызуға айналдырып жіберуі мүмкін. Паскаль мен МАТ - алгоритмдеу мен программалауды жүйелі оқытуға тиімді. Ал, 357 / 165 тәрізді өрнекті есептеуге онша қолайлы емес. Мұндай өрнекті есептеуге қарапайым калькулятор немесе Бейсиктың диалогты режимі ыңғайлы. Машиналық уақытты үнемдеуде компьютермен жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін оқушылардың командаларды оқып, алдын – ала дайындығы қамтамасыз етілуі тиіс. Сондай-ақ, программадағы ана тіліндегі түсінікті хабарламалар (контекстік көмек) өте тиімді. «Корвет» тәрізді дербес ЭЕМ – да Бейсик тілінде редакциялаудың өте тиімсіз екенін практика көрсетті. Тиімділік оқыту мақсаттарына бағынуы тиіс. Теория мен практиканың байланысы. Білімді алудан оны қолдануға дейінгі жолды қысқарту жағынан информатика пәні тіпті еңбек пәнінен де озып кетеді. Ешқандай қаржы шығармай – ақ, оқушының мұғалімге, класқа немесе мектепке қажетті мәселелерді шешуге мүмкіндігі бар. Мысалы, оқушының мұғалімге қажетті дидактикалық материал дайындау, кітапханаға, оқу үлгеріміне, мектептің жабдықталуына қатысты мәліметтер қорын құрып, толтыруына болады. Мұнда теориядан практикаға дейінгі жол өте қысқа болуы мүмкін. Мұның екінші жағы бар, ол – информатиканың өзін оқудағы теория мен практиканың байланысы. Мұнда теория мен практиканың ғылыми категориялары мен «оқушы» және «мұғалімнің» іс әрекетінің түрлерінде таңқаларлық ұқсастық байқалады. Шын мәнінде, теория тәжірибенің нәтижесін болжайды немесе түсіндіреді (компьютердегі алгоритмнің орындалуы), ал практика (компьютердегі жұмыс) теорияны және гипотезаны тексеру құралы қызметін атқарады, мысалы, программаның немесе компьютерлік ортаның қызметі жайлы. Іс - әрекеттің бұл екі түрі оқушының ойлау деңгейінде тығыз байланыста болады. Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында былай делінген:
14 «Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың нақты жолына түсуі, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген бірыңғай ақпараттық – білім беру кеңістігін жасау қажет. Бұл орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың басты мақсаты болып табылады». Қазақстан Республикасындағы білім ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процесін оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға арналған программалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың ақпараттық қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары электрондық оқулықтар және мультимедиалық программалар. Білім жүйесі ел өміріндегі стратегиялық маңызды сала болып табылатындығы белгілі. Ал, оқу процесіндегі ескі әдістердің озық заман талабына жауап бере алмайтындығы өз - өзінен түсінікті. Бүгінгі уақыт талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу тәрбие процесіне озық тәжірибені, ғылыми жетістіктерді енгізуді талап етеді. Белгілі педагог Ш.А.Амонашвили: «Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызықтыру үшін оқытуда, жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң содан бастау керек», - дейді. Менің ойым да сол. Информатика пәнін оқыту барысында оқулықтағы материалды құрғақ баяндаудан гөрі қызықты, бейнелі түрде түсіндіруге оқушылардың ойлауына бағытталғаны дұрыс деп ойлаймын. Компьютерді қосымша оқыту жабдығы ретінде пайдалану білім беру саласында жаңа бір әдістемелік жүйе қалыптасып келеді. Бұл бағыттағы алғашқы қадам Президентіміздің орта білім жүйесін ақпараттандыру бағдарламасын жүзеге асырып, барлық мектептерді кемдегенде бір компьютерлік сыныппен қамтамасыз етуімен 2002жылы іске асырылған болатын. Кейіннен қабылданған Қазақстан Республикасы ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту мемлекеттік бағдарламасында компьютерлік технологияларды білім саласында кең қолдану ісін дамытуға көп көңіл бөліп отыр. Ендігі бағыт – сол компьютерлік техниканы тұрақты жұмыс істейтін күйде ұстап, білім саласындағы жаңа технологияларды пайдаланып, кез келген пән мұғалімдерін электрондық оқу құралдарын даярлау, қолдану ісіне жұмылдыру жалғасуы тиіс. Президентіміз бастаған білім жүйесін ақпараттандыру ісін ары қарай
15 дамыту барлық пәндер бойынша компьютерлік оқулықтарды кеңінен оқу процесіне енгізу арқылы оқу жүйесін жаңа сатыға көтеру болып табылады. Сонда ғана білімді ақпараттандыру ісінің нақты экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретіні анық. 1980 – жылдардан бастап мектептерде «Информатика мен есептеуіш техника» пәні жүргізіліп келеді. 1990жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясы орта білім және кәсіптік білім институты ұсынған мемлекеттік стандарт бағдарламасы шықты. Жоғары оқу орнын жаңа бітірген жас мпамандар осы бағдарламаны түпкілікті басшылыққа алып жұмыс істегенді оңай көреді. Онда программалау тілдеріне аз көңіл бөлінген. Программалау тілдерін орта буында тереңдетіп оқытпасақ, оқушылардың жоғары техникалық оқу орындарында оқуы қиын болады. Және олимпиадаларда да жоғары нәтиже ала алмаймыз. Информатикадан өтілетін сабақтың дидактикалық ерекшеліктері Дидактикада сабақ типтерін жүйелеуде әртүрлі айырым белгілері пайдаланылады. Сабақтың ең басты белгісі – оның дидактикалық мақсаты. Ал, дидактикалық мақсат – оқушының алға қойған жоспарын көрсетеді. Соған сәйкес дидактикада сабақтың мынадай түрлері бар: 1. Жаңа сабақ ( тың хабарлар айту, тұсіндіру сабағы); 2. Оқушылардың шеберліктерін және дағдыларын дамыту, бекіту сабағы (жаттығу сабағы); 3. Оқушылардың білімін, шеберлігін және дағдыларын тексеру сабағы. Көптеген жағдайларда мұғалім осы аталған дидактикалық мақсаттардың біреуін ғана басшылыққа алып қоймайды, олардың бірнешуіне немесе барлығына тұтастай сүйенеді. Сол себепті тәжірибе жүзінде аралас сабақ түрі кеңінен қолданылады. Аралас сабақтың құрамы әртүрлі болып келеді және оның бірқатар артықшылықтары бар. Сабақтың түрлерін араластыра қолдану жаңа білімді сапалы, әрі жылдам қабылдауды, кері байланысты және педагогикалық процесті басқаруды, бағаларды көбейтуді, оқытуды жекеше ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Компьютердегі оқу процесі төмендегідей үш аспектіні қамтиды:
16 -Оқушының оқу танымдық іс-әректін басқару; -Оқушының ақпаратлық процестерді басқаруы; -Оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту. Аталған аспектілерге сәйкес: Оқу танымдық процесті ұйымдастырудың түрлері: класс – сабақ жүйесі және т.б. Оқытуды ұйымдастыру түрі: дербес, фронтальды, коллектиатік, топтық. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру түрі, - болып бөлінеді. Педагогикалық оқу іс-әрекетінде сабақты ұйымдастыру мен өткізудің қандай түрі пайдаланылса да, ол оқушылардың дайындық деңгейіне өтілетін материалдың күрделілігі мен жаңалығына, сондайақ, оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты. Ал, оқыту түрін таңдау аса маңызды мәселе болып табылады, дегенмен сабақтың мақсаты оқушының таңдаған әдісіне байланысты өз деңгейіне жетеді. Осындай әдістің бес түрін атап көрсетуге болады. •Түсіндірмелі – иллюстрациялы; •Программаланған; •Модельдік; •Эвристикалық; •Проблемалық. Түсіндірмелі-иллюстрациялы әдіс дегеніміз – оқушыларға талқыланатын тақырып белгілі болған жағдайда, сабақты өтілген материалды бекіту сабағы ретінде жоспарлағанда пайдалануға болады. «Графикалық операторлар» тақырыбын бекітуге төмендегідей сабақ түрін ұсынуға болады: сабақтың алғашқы үштен бір бөлігінде тақырып бойынша барлық операторларды қайталау; қалған уақытта графикалық операторларды пайдаланып, компьютерде қарапайым программа жазу. Оқушыларға аралық нәтиже белгісіз болған жағдайда программалап оқыту әдісін пайдалану ұсынылады. Мысалы, оқушылар графикалық операторлармен таныс, программаның орындалу нәтижесінде қандай сурет алынатынын біледі, бірақ суретті салу – әр оқушыға жеке тапсырма. Егер аралық нәтиже белгілі болса, бірақ оны алу жолы белгісіз болса, ол оқытудың эвристикалық әдісі болып табылады.
17 Бастапқы шарттан бастап, соңғы нәтижеге дейін белгісіз болса, ол дидактиканың проблемалық әдісі болып табылады. Мысалы, үйретуші программа құру проблемалық оқыту болып табылады. Модельдік оқыту бойынша алғашқы шарттар белгісіз, бірақ қалғандары белгілі. Бұл жағдайда оқытушы сабақты оқушылармен бірге отырып, шартты таңдап, модель құүруға болатынындай етіп ұйымдастырады. Одан кейін соңғы нәтижеге дейін қажетті шартпен салыстырылып отырады. Егер алынған нәтижедегі айырмашылық үлкен болатын болса, онда алғашқы шартқа өзгеріс енгізіліп, модель нақтыланып, алгоритм қайталанады. Аталған оқыту әдістері әртүрлі формада қолданылуы мүмкін. Сабақты ұйымдастыру және өткізу түрін төмендегідей құрылымда беруге болады: -Ұйымдастыру; -Қайталау; -Жаңа материалды өту; -Бекіту; -Бақылау; -Оқушылардың алған біліміндегі олқылықтарын толтыру. Информатика пәні – басқа пәндерден алған білімдерді пайдаланушы және оны дамытушы пән. Демек, оқушылардың ғылыми дүние танымының, көзқарастарының негізі олардың басқа пәндерден алған білімдерін жинақтау нәтижесінде қалыптасуы керек. Бұл пәнаралық байланыс арқылы жүзеге асады. Пәнаралық байланыс – күрделі педагогикалық проблемалардың бірі. Ол педагогика, психология, әдістеме тұрғысынан жан – жақты зерттелген, зерттелуде. Информатика сабағына интерактивтік әдісті қолданудан оқушылардың білімі тиянақталады, білімі тереңдейді, өздігінен кітап оқуға дағдыланады, өмірмен байланыстылығын, информатика пәнінің түрлі пәндермен байланысты екендігіне көздері жетеді. Информатика сабағында дидактикалық материалдардың тиімділігі Информатика мұғалімдерінің педагогикалық жұмысына қойылатын талаптарының басқа пәндер мұғалімінің жұмысына қойылатын талаптардан гөрі елеулі ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Сол талаптарды іске асыру – мұғалімнің жұмыстарының мақсаттылығын
18 күшейтіп, сабақта және сабақтан тыс уақытында нәтижелі әрі құнды материалдарды ұйымдастыруына мүмкіндіктер туғыздырады Дидактикалық материалдар информатика оқулығының негізінде алынған өзіндік, бақылау және тесттік тапсырмалардың, пысықтау сабақтарының, қызықты есептердің жиынтығы болып табылады. Дидактикалық материалдарға енетін өзіндік жеке жұмыстар тек оқыту сипатына, жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруғакөмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталған. Бақылау және тесттік жұмыстарды жүргізуде өзіндік жұмысқа қарағанда уақыт көлемі қатаң ескеріледі. Дидактикалық материалда ұсынылатын тест тапсырмаларының сұрақтары өте анық, түсінікті, ой тұжырымын жасауға өте ыңғайлы болуы тиіс. Тест тапсырмаларды пайдаланып, нәтижесіне талдау жасай келе мынадай қорытынды жасауға болады. Тест тапсырмалар оқушылардың қандай материалды игеріп, қай материалды қандай түсіндіру қажет екенін де анықтауға мүмкіндік береді. Дидактикалық ойындар – сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болса да, оқушыларды өзіне тартып әкететіні белгілі. Оқушылардың пәнге қызығуын шығармашылықпен ойлауын және білім сапасын арттыруда сабақта қолданылатын ойын элементтерінің рөлі зор. Ойын элементтерін пайдаланудың оқушылар білімін тиянақты етудегі зор мүмкіндігін ескере отырып, мен өз іс-тәжірибемде бірнеше ойын түрлерін қолданамын. Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың жоғары көңіл күйін туғызады. Ал мұның өзі оқушының белсенділігін, дербес ойлануын, қызығуын арттырып, сабақты қабылдауға, барынша қолайлы ықпалын тигізеді. Ойынның қандай түрі болса да жалқау, енжар балалардың ынтасын арттырып, білімге қызықтырады. Әдістемелік әдебиеттерде берілген және мұғалімдердің тәжірибесінде пайдаланып жүрген дидактикалық ойындар өте көп. Егер информатика курсы орта мектепке міндетті пән ретінде енгізілгеннен бері қалыптасқан тәжірибелерге тоқталатын болсақ, М.П.Лапчик информатика курсы бойынша өтілетін сабақтарды ЭЕМ – ді қолдану мөлшеріне қарай үш түрге бөледі: демонстрация, фронтальды лабораториялық жұмыс және практикум. Осы уақытқа дейінгі қалыптасқан тәжірибелер информатикадан оқу сабақтарын дидактикалық функциясы бойынша топтаймыз:
19 Оқу сабағының түрі Сабаққа тән дидактикалық функциялары Сабақ Оқу бағдарламасында білім көлемін беру; негізгі іскерліктерді қалыптастыру: оқулықпен, анықтамалық әдебиеттермен және т.б. жұмыс істеу, бақылау жүргізу, қорытынды жасау. Есептер шығару. Лекция (теориялық оқыту) Қандайда бір проблема бойынша ұғымды беру; тақырып немесе тарау бойынша білімді қорытындылап, жүйелеу, лекция жазу, жоғарғы оқу орнындағы оқу түріне дайындау іскерлігін қалыптастыру. Семинар (теориялық оқыту) Өтілген тақырып, бөлім бойынша білімді жалпылап, жүйелеу; қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу іскерлігін жетілдіру, әртүрлі әдебиеттермен мақалалардағы баяндалған материалды салыстыра білу, өзінің көзқарасын айта білу және негіздей білу іскерлігі. Реферат, тезис, баяндамалар жоспарын және хабарламалар жазу; оқылғанды конспектілеу, көшірме жасау және оны өзінің білімін дәлелдеу үшін пайдалану. Конференция (теориялық оқыту) Өтілген материалдар бойынша білімді тереңдетіп, кеңейту; қосымша ақпарат көздерімен жұмыс істей білу іскерлігін дамыту. Оқыған материалы жөнінде баяндама немесе хабарлама жасау; қосымша әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Әңгімелесу (теориялық оқыту) Негізгі оқу материалынан нені меңгергенін анықтау; біліміндегі олқылықтарды ашу және түзетулер енгізу, пән бойынша өз бетімен жүйелі жұмыс істеуге жетелеу. Консультация (теориялық оқыту Білімі мен іскерліктеріндегі олқылықтарды жою, меңгерілген білімін нақтылау; оқу процесінде пайда болған сұрақтарға жауап беру; оқу іс-әрекетінің әр түрін меңгеруге көмек көрсету. Фронтальдық лабораториялық жұмыс Оқушылардың программалық қамтамасыз етумен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру (жаңа материалды меңгеру, бекіту, меңгерілген материалды тексеру), жеңіл есептерді орындау өз бетімен эксперимент нәтижелерін тіркеп, оның қорытындысын тұжырымдау. Практикум Күрделі программалармен және ПҚ – дің қосымшаларымен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру, өз бетімен зерттеу жүргізе білу іскерлігін қалыптастыру.
20 Дидактикалық ойындарды шығармашылықпен түрлендіре отырып, оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдырамын. Бірақ ойын процесі мен оқыту процесін бір – біріне етене ұластырып ұйымдастырған жөн. Оқушы ойын іс-әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін көтеріледі. Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңдегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын процесіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты. Сабақ материалына лайықталған ойынды алып, тек қана оқушының орындай алатын іс-әрекеттерімен шектелу жеткіліксіз. Мұнда ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары да жан-жақты ұйымдастырылуы керек. Дидактикалық ойындардың түрлері өте көп. Соның ішінде қолданып жүрген ойындарды атап өтейін. 1. «Көкпар» ойыны. Ойынның шарты: оқушылар үш топқа бөлінеді. Мұғалім сұрақтар қояды. Қайсы топтағы қол көтерген оқушылар саны көп болса, сол топ оқушылар «лақты» алды делінеді, яғни жауап береді. Жауап толық болмаса, қайтадан қол көтеріліп толықтырылады. Жауапқа толық жауап берген оқушы лақты мәреге жеткізген болады, ол оқушыға жоғары ұпай қосылады. «Көкпар» ойыны үшін қойылатын сұрақтар: 1. Бейсик тілінің стандартты санды функцияларын атаңдар. 2. Шартты оператордың жалпы түрін жазыңдар. 3. Параметрлі цикл операторының жалпы түрін жазыңдар. 4. Графиктік операторларды атаңдар. «Көкпар» ойынының тиімділігі: үй тапсырмасына тиянақты дайындалуға, операторларды дұрыс жаза білуге, функциялар мен
21 операторларды дұрыс айта білуге, жылдамдыққа дағдыландырып, есте сақтау қабілетін дамытады, пәнге қызығушылығын арттырады. 2. Арқан тартысу ойыны. Ойынның шарты: Бейсик бұйрықтарының, операторларының және функцияларының аттары көрсетіледі. әрбір топтың оқушылары кезек тәртібімен олардың атын айтып түсініктеме береді. Кезектегі оқушы түсініктеме бере алмай қалса, сол жерде ол қатар үшін ойын тоқтатылады және ол оқушы жазаланады. Мысалы: «өнер-білімге», «тәлім-тәрбиеге» байланысты мақал-мәтел айтқызуға болады. Жауап беру келесі топқа өтеді. Қайсы топтың оқушылары көп жауап берсе, сол топ жеңді деп есептелінеді. Арқан тартысу ойынының тиімділігі: алдында өтілген материалдарды қайталап отыруға қолайлы, оқушылардың есте сақтау, тез ойлану қабілеттерін дамытып, оларды ұжымдық жұмысқа дағдыландырады. Сабақ үстінде кроссвордтарды шешуге арналған қысқаша бақылау жұмыстарын да орындауға болады. Кроссворд жасау – үй жұмысы. Балалар арнайы әдебиетпен танысып, терминдерді қайталайды, жаңа ұғымдарды біледі. Мұғалім олардың тереңдігін, жаңа сөздер санын крассвордтың құрылу күрделілігін, қателерді тексереді. Кроссвордтармен жұмыс істеу балаларға ұнайды, сабақты қызықты етіп өткізуге көмектеседі. Бұлар оқушылардың шығармашылық жұмыспен айналысуына түрткі болады, олардың тек компьютерде жұмыс істеуге ғана қызығушылығын емес, пәннің теориялық негіздерін білуге ынталандырады. Анаграммалар, ребустар және кроссвордтардан да басқа ойын технологияларын пайдалануға болады. Мысалы, «Литерлік шамаларды өңдеу операциялары» тақырыбын өткенде, қиып алып желімдеу операцияларын да қарастырамыз, олардың жаңа сөздер табуға көмектесетінін де айтып кетеміз. Сонан кейін оқушыларға өздерін бір сәт теледидардағы «Жұлдызды сағат» хабарының ойыншысы ретінде елестетуге мүмкіндік беріледі. Бір сөз жазылады да, олар 10 минут көлемінде сол сөздегі әріптерден тұратын неғұрлым көп сөз тіркестерін компьютерге енгізу керек. Компьютерді экология, табиғатты қорғауға, экономиканы жобалауға, мәдениетті дамытуға қолдануға, информатиканы георафия, физика, химия, еңбек, құқық, математика пәндерімен, медицина ғылымдарымен байланыстыруға болады. Пәндер арасындағы байланысты жүзеге асыруда оқушының пәнаралық білімді игеруі екі түрлі жолмен өткізіледі.
22 Біріншіден, оқушы пәнаралық білімді мұғалімнің түсіндіруінен немесе басқа оқулықтан дайын түрде қабылдайды. Екіншіден, оқушы пәнаралық байланыс мазмұнын шығармашылық ізденіс үстінде игере алады. Онда ол бір жаңалық ашқандай болады. Алған білімі есінде ұзақ сақталып, пән бойынша білім сапасы артады, дүние танымы жан-жақты болады. Сондықтан оқыту барысында мен осы екінші жолдың үлесін көбейтуге тырысамын. Ол үшін сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді, ұйымдастыру түрлерін қолдануды талап етеді. Информатика сабағына қойылатын негізгі талап ғылыми негізде оқыту, термин сөздермен, сандармен, алгоритмдер құру, программалар жазумен, компьютерде жұмыс жүргізу, пән аралық байланыс жасау, өмірмен байланыстыру, халық педагогикасын қолдану болатын болса, мен осы жоғарыдағы талаптарды өз сабағымда басшылыққа аламын. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру үшін плакаттар, дидактикалық материалдар, көрнекі құралдар, кітаптар және журналдарды көптеп пайдаланамын. Журналдағы ақпараттық технологиялар жайындағы жаңалықтармен таныстырып отыру оқушыларды сабақтан тыс уақыттарда информатика кітапханасында өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады. Информатикадан деңгейлік тапсырмалар Қазіргі кезеңде халыққа білім беру жүйесі қайта құру бағытында, яғни жүйенің барлық аспектілерін демократияландыру мен ізгілендіру бағытында дамуда. Білім берудегі «демократияландыру» халыққа әртүрлі білім беру қызметін ұсыну болса, ал «ізгілендіру» жеке оқушының тұлға ретінде дамуына бағытталған. Ізгілендіру мен демократияландыру педагогикалық ғылымның әдістері мен парадигмасына өзгерістер енгізуді қажет етіп, мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді. Осыған орай, соңғы жылдары еліміздің білім беру жүйесінде оқытудың модульдік технологиясы мен педагогика ғылымының докторы, Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі кең өріс алуда. Қазіргі экономикалық жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап етуде. Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика саласындағы
23 оқытудың деңгейлік жүйесі оқушыларға ғылым негізін меңгертудің негізгі тиімді жолы болып табылады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз, бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушының жаңаша оқытылуын, жаңа оқу әдістерін, жаңа мазмұнды қажет етеді. Оқытудың жаңа технологиясының бірі - жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады.Деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік -* теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін әлеуметтік – психологиялық танымал, сұранымын ескеру талап етіледі. Сондықтан да тиімді дәрежеге жету үшін оқушының білім мен деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру қажет. Мектеп оқушыларының білім деңгейінің көрсеткішін төмендегідей бағалауға болады: І деңгей (төмен)- эпизодтық. Білімді жаңа жағдайға көшіру мұғалім көмегімен жүзеге асырылады; ІІ деңгей (орташа) - түсініктерді жүйелеу деңгейі. 70% ғылыми ұғымдарды саналы түрде анықтайды; ІІІ деңгей (жоғары ) – бастапқы ғылыми ұғымға өту деңгейі деп белгілейді. Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар олардың ойлауына әсер етеді, тапсырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді, оны шешуде ақыл – ойы дамиды, ойлауына жан – жақты әсер етеді деп түйіндейді. Бірінші деңгей тапсырмалары жаттап алуға лайықты, алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілетін білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік береді. Екінші деңгей тапсырмалары материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар, ал үшінші деңгей танымдық - іздену түрдегі заңдылықтар шығару, қорытындылау жұмыстары. Деңгейлік тапсырмалардың ауқымы өте кең. Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады.Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыстар жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі
24 байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді. Деңгейлеп оқыту – оқытылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету. Деңгейлік дифференциялау технологиясы кәдімгі қатардағы мектептің әрбір оқушының артықшылықтарын есепке алатын «жеке тұлғаны жетілдіру» мектебіне айналуына себебін тигізеді, мұндай мектепте балалар оқуға талпынатын, пән негіздерін жақсы бере алатын алдыңғы қатарлы оқу орнына айналады. Бірінші деңгейдегі тапсырмалар – базалық стандарт болып табылады. Оларды орындауда оқушы бұл пәннен өткен нақты материалдарды қайталап айтып беру деңгейінде болады. Бұларды әрбір оқушы орындай алуы тиіс. Екінші деңгей тапсырмалары оқушылардың оқу және ойлау қабілетін жетілдіретін жалпы және арнайы тәсілдерді игеруді қамтамасыз етеді. Үшінші деңгей тапсырмалары оқушылардан алған білімдерін ойлап, талдап пайдалануды талап етеді. Бір деңгейден екіншісіне өту жүйесінің шекарасы сезілмейтіндей өте икемді болуы тиіс. Міне осындай тәсілдермен өзгермелі ортада тиімді шешімді жылдам қабылдай алатын, өзіндік ойлау қабілеті бар, өзін өзі жетілдіре алатын, жаңа типтегі адамды қалыптастыруға, тәрбиелеп шығаруға болады. Осындай қасиеттері бар адам әлеуметтік жағынан да өзі жақсы қорғай алады. Оқушылармен жеке жұмыс істеумен қатар кейде оларды екі – екіден топтастырып, бір тапсырма беремін. Мұндайда бір оқушы (жақсы оқитыны) жетекші болып тағайындалады да, олар есепті талқылап, шығару жолын қарастырып, компьютерде шығарып, шығарған есептерін бірлесіп қорғайды. Егер әлсіз оқушы шығарылу жолдарын айтып бере алмаса, яғни дұрыс жауап бермесе, екіншісінің де бағасы төмендетіледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың жеке қасиеттерін есепке алуды талап етеді, оларды ұжымдық түрде жұмыс істеуге үйретеді.
25 Информатика пәнінде зерттеулік оқыту арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру Информатика өткен ХХ ғасырдың ортасында алғашқы цифрлық ЭЕМ-ры Н.Виннер мен К.Шеннонның, Фон Нейманның фундаментальды еңбектері жарық көрген ғылым ретінде қалыптасты.Осы себепті информатика пәні де білім беру жүйесінде кешеуілдетіп енгізілген пәндердің бірі. Информатиканың орта мектеп бағдарламасыны енгізілгеніне небәрі 20 жылдың көлемінде ғана. Сондықтан да информатика пәнінің әдістемелік жүйесі қазіргі таңда әлі де зерттеу деңгейінде, енді-енді қалыптасып келеді. Информатиканың басқа мектеп пәндерінен ерекшелігі, оның зерттеу объектісі де, оқыту объектісі де компьютер болып табылады. Адам қызметінің барлық саласының жаһандық ақпараттануы жағдайы мен информатиканың басқа ғылымның барлығына енуіне байланысты информатиканы оқыту әдістемесін ғылымның кез-келген саласымен байланыстыруға болады. Әдіс (гректің methodos-зерттеу сөзінен алынған) алға қойған нақты мақсаты міндетті шешуге бағытталған әрекет, тәсіл немесе іс әрекет образы.Мақсатқа жетудегі орындалатын бір практикалық және теориялық білімді игеру әркеттері мен тәсілдерінің жиынтығы. Әдістемелік әдебиеттерде оқыту әдісінің әртүрлі тәсілдері бар: 1) мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің тәсілі; 2) жұмыс тәсілдернің жиынтығы 3) мұғалімнің оқушыны білмейтінін білгізу жолы; 4) мұғалім мен оқушының іс-әрекет жүйесі. Ресей ғалымы И.Я. Лернердің: оқыту әдісі оқыту мақсатына жету үшін мұғалімнің нақты құрал арқылы оқушының практикалық және танымдық қызметін ұйымдастыру арқылы тәжірбие жинақтау үшін жасалынған тізбектелген және реттелген әрекеттің жүйесі тұжырымдалды. Демократиялық мемлекет құру халыққа білім беру жүйесінің деңгейін көтеру мен сапасын арттыру болса, соңғысы оқытылатын әрбір ғылым саласын ізгілендіруді адамиландыруды қажет етеді. Білім берудегі ізгілендіру жеке тұлға ретінде дамуына бағытталган. Қазіргі таңда информатика мен жаратылыстану пәндерінің теориясы мен әдістер негіздеріне ізгілендіру тереңдей еніп, жақсы нәтижиелер көрсетуде. Осыған байланысты зерттеу барысында
26 информатика ғылымындағы жаңалықтарды оларды адамның қажетіне дұрыс пайдалануды мектеп оқулығына енгізіп, оны оқушыларға жеткізу және оны оқыту әдістерін жүйеге келтірудің қажеттілігі туысқан, бұл пәннің жаңашылдық ролі өсіп отырғанын байқауға болады. Информатиканы оқыту барысында жеке тұлғаны дамыту және қалыптастырудың негізгі үш кезеңін қарастыруға болады. • Информатиканың ақпараттық қоғамдағы ролін ұғындыру; • Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қолдана білуінің қажеттілігі; • Информатика ғылымының оқушының рухани дамуына, ғылыми көзқарастарының қалыптасуына, этикалық, адамгершілік және ізгілік бағдар алуына, логикалық қабілетінің дамуына көмектеседі. Информатиканың гуманитарлық, әлеуметтік шамасын көтеру арқылы оқуышылардың ойлау қабілетін дамытып, өмірге көзқарасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамның осы пәнмен байланысы қоғамдық сананың дамуын, информатиканың экологиямен, қоршаған ортамен байланысын толық түсіндіретіндегідей болуы керек. Ғылыми техниканың дамып, алға басып, өркендеуіне байланысты информатиканың қоғам өмірінің дамуына жалпы тұлғаның ақпараттық мәдениетінің жоғарылауына, эстетикалық білім мен тәрбие беруге елеулі әсерін тигізуде. Информатика пәнінің мазмұнын ізгілендіру арқылы ақыл-ойдың дамуына өмірге ғылыми көзқарастың қалыптасуына, информатиканың қоғамдық сананың дамуына әсерін жетілдіру, жеткіншектердің қоршаған ортаға дұрыс көзқарасын тәрбиелеуге көңіл бөлінуде. Адам мәдениетінің компоненті қазіргі дүниетанудағы бастысы екені түсінікті. Әрбір мәдениетті және тәрбиелі адамның өмір сүріп отырғын өзін қоршаған ортаның қалай құрылғаны туралы ең болмаса жалпылама түсінігі болуы керек. Қазіргі информатика ғылымы жаңаша әлемдік ойлаудың қалыптасуына көмегін тигізуде. Жер бетіндегі халықтар мен дүние жүзілік халықтарының негізгі проблемасына көңіл аудару арқылы ізгілік бағытын көтеруді өз жауапкершілігіне алуда. Информатика сабағында білім алуды зерттеуде үш міндет қойылады • Сезімді ынталандыру; • Білім білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;
27 • Жауапкершілігі мен міндеттерін қалыптастыру Информатика сабағында сезімді ынталандыру әдіс ретінде қарастырылуы керек. Оқушының оқуға, білім алуға деген дұрыс сезімін, білім мазмұнына, оның түрлері мен әдістерін меңгеруге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру мұғалімнің басты міндеті. Сезімді ояту арқылы белсенді түрде тыңдау, есте сақтау, қайта ойлау арқылы сабақты жақсы түсінуге, нәтижесінде білім сапасын арттыруға, алға алға қойған мақсатына жетуге көмектеседі. Информатика сабағында сезімді ынталандыру деген, негізінен: информатика пәнінен дұрыс білім беруге жағдай жасау, сабақ кезінде мақтау және көтермелеп отыру, оқытуда ойын түрлерін тиімді пайдалану, алға қойған мақсатты жүйелеу болып табылады. Оқушылардың білім алуда жақсы жетістіктерге жетуіне өз күштеріне сенімін туғызып және оқу үрдісін жеңілдету арқылы жағдай жасау ойластырылды. Бұл әдіс – оқуға, білім алуға деген сезімін ынталандыратын бірден- бір дұрыс әдіс. Қуаныш, уайымдауларсыз алдағы уақытта жетістікке жету жолдарын анықтап, қиындықтарды жене білу мүмкін емес. Математика мен физика сабағында оқушыларға бір тапсырма берумен шектелмей біртіндеп күрделендіріп отырып, бірнеше тапсырмалар беру арқылы оларды орындағанда мақтап, марапаттай отырып, оқушыларға оңай тапсырмаларды орындатып өздерінің күшіне сенімін арттырып, оқуға деген қызығушылығын ынтасын арттыруға болады. Одан әрі біртіндеп күрделі есептерді, жаттығуларды орындатуға болады. Бірінші жеңіл, оңай есптер, жаттығулар орындатып, екінші қиын, күрделі есептер, жаттығулар орындату. Сабақ кезінде оқушыларға жекелеп көмектесіп, қиындығы бірдей тапсырмаларды орындатып, марапаттап, ынталандыруға болады. Бұдан нашар оқитын оқушылар, компьютерде машықтану жаттығуларын орындай отырып, өз білімдерін жетілдіреді. Көптеген тәжірибелі мұғалімдер оқушылардың еңбегін дұрыс бағалап, мақтап, марапаттау әдісі арқылы білім беруде жақсы нәтижелерге жетіп жүр. Оқушылардың сезімін басқара білу, оқушылардың еңбегін дұрыс бағалап, мақтап, жақсы сөз тауып дәл уақытында марапаттап отырудың өзі мұғалімдердің үлкен өнері. Марапатттау әр түрлі жағдайда болады. Оқу үрдісінде оқушыларды мақтау оның еңбегін дұрыс бағалау, олардың алған бағыттарының дұрыстығын қолдау, мадақтау немесе есеп шығару әдістерін мақтау және еңбегіне қарай көтермелеп бағалау және т.б. Оқушыларды
28 мақтау және жазалау әдісін өте қажет болған жағдайда ғана қолдануға болады. Информатика сабақтарын ойын түрлерін ұйымдастыру арқылы өткізуге болады. Ойынның әр түрлі түрлерін сабақта қолдану арқылы білім алуға, сабақ оқуға деген белсенділігін арттыруға болады. Онда столда ойнайтын дайын ойындарды ойнатып, білім біліктерін дамытуға, оқу матриалына байланысты ойын ретінде құрастырылған дайын материалды пайдалануға болады. Информатика сабағында алдағы істейтін жұмыстарын жүйелеу: - күнделікті сабақта, сол сабақ болатын күні істелетін жұмыстарды жоспарлауда ізгілік мәселесін ескеру; - апталық, тоқсандық, жылдық істелетін жұмыстарды дайындауда оқушыларды ізгілікке баулитын материалдарды жүйелеу. - бірнеше жылғы мектеп бітіру және одан әрі оқуға түсу, жұмысқа орналасу, өз өмірін құру жұмыстарына жүйелеу. Осылай жүйелеу арқылы оқушылар мектепте математика және физикадан өтетін жарыстарға , кештерге қатынасуға дайындалады, емтихан тапсыруға, мектеп бітіруге, жұмыс істеуге дайындалып, өз бетінше жұмыс істеп, жеке тұлға болып қалыптасады. Білім, білік, таным дағдыларын дамытудың төмендегідей әдістері бар: - Информатика сабақтарында оқу материалдарын қабылдай білуге дайындау; - оқу материалдары бойынша ойын, қызықты оқиғалар желісін құру; - информатика сабағында оқушыларды еліктіре алатын білім мазмұны, сондай-ақ іздене алатындай кезеңдер тұрғызу керек. Оқу материалын қабылдай білуге дайындау үшін мұғалімдер алдымен оқушыларға сол материалға дайындық ретінде бірнеше тапсырмалар, жаттығулар, есептер берді. Сол тапсырмаларды сұрай және оларға қорытынды жасай отырып, әрі қарай мұғалім жаңа материалды айтып, түсіндіріп, жалғастырады. Сонда оқушы өздерінің ұмытқандарын естеріне түсіріп білімдерін ары қарай дамытады. Информатика сабағын өткенде сол өтетін материалға байланысты қызықты информатикадан қызықты логикалық есептер шығарудың информатика ғылымындағы атақты ғалымдардың жаңалықтарын, қазіргі информатика саласындағы жетістіктер мен жаңалықтар туралы айта отырып, әртүрлі ақпараттық үрдістер мен ақпараттық технологиялар жайлы баяндап, сабақ мазмұнын байыта
29 отырып оқушылардың информатика сабағына деген қызығушылықтарын арттыруға болады. Шығармашылық іздену әдісін пайдалануда жүргізілген эксперимент оқушыларды шығармашылықпен іздену, білуге үйрету білім, білік дағдыларды дамытуға үлкен себебін тигізетінін көрсетті. Бұның өзіндік қиындықтары бар. Мұғалімдер үшін әр оқушының шығармашылықпен ізденуіне жағдай жасау қажет. Олардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, әр түрлі сабақтарға жауап іздеп,еркін ізденуге мүмкіндік туады. Тәжірибелі мұғалімдердің ізденгіштігі арқасында жекеленген мектептерде информатика сабағында ізгілендіруді мақсатты жүйелі пайдалану жақсы нәтиже береді деп ойлаймын. Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі педагогика ғылымындағы негізгі мәселелердің бірі. Оқушының өзіне сенімен арттыру, ынтасын жігерлендіру, шығармашылығын дамыту арқылы оны болашақта алған білімін өмірде еш қиындықсыз пайдалана алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыруға болады. Ол үшін мұғалімнің әрбір сабағы оқушы сезіміне ой салатындай, ынта ықыласына әсер етуі тиіс.Сондықтан сабақ құрылымы әртүрлі әдістермен, жаңа технологиялық құралдармен, программалық жабдықтармен қамтамысыз етілуі керек. Бұл ретте мұғалімнің дайындығы мен шеберлігі, ізденімпаздығы да басты роль атқарады. Сабақ беру үрдісінде мынадай факторларға сүйенуге болады: • оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету; • оқушылармен жекелей, пармен, топпен жұмыстар жүргізу; • оқушылардың компьютерлік сауаттылығын неғұрлым жетілдіру; • оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Әр оқушының зеректігіне, ынтасына байланысты өз бетімен жұмыстың тапсырмалары да түрлі деңгейде құрастырылады. Сондай-ақ, оқушыларды пармен, топқа бөліп оқыту арқылы нашар оқитын оқушылардың да талпынысын көруге, олардың пәнге деген қызығушылығының артқанын байқауға болады. Бұл әдістің тиімділігі сол, сабақта оқушылар түгел бағаланады.
30 2. ИНФОРМАТИКАДАН ОҚЫТУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ ЭЕМ-дегі жұмыс және ойлау әрекеттері Оқушылардың ойлау процесін, қателіктері мен қиындықтарының мәнін түсіну үшін ЭЕМ-ге байланысты логикалық ақыл-ой әрекеттері қалай жүзеге асырылатынын қарастырайық. Педагог оқушыны түсініп, оларды өзімен салыстыруы тиіс. Егер мұғалім алдын-ала оларды болжап, әрекеттерін ескеріп, үйлесімді жоспарлай білсе, онда оқытуды ұйымдастыру әлде қайда жеңіл болары сөзсіз. Анализ және синтез. Информатика курсындағы анализ бен синтез әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың айқын көрінетін тұстары: есептің қойылысын талдау (анализ), қолдағы бар программалық немесе синтаксистік құралдар арқылы олардың шешімін синтездеу. Кейде анализдің мақсаты қатенің себебін анықтау болуы мүмкін. Бұдан программаның орындау процесі қадамдарға бөлінеді, ал мәліметтердің өзгеру процесі қадамдардың тізбегін өзгертеді. Егер қатені іздеу программаны тасымалдау (трассировка) жолымен ЭЕМ-дегі диалог түрінде орындалса, онда бұл талдаудың түрі- «өрескел талдау»- жіктеу болады. Егер қате ЭЕМ –де орындалғанға дейін талданса, онда бұл оймен бөліктерге бөлу. Қатені іздеудің мәні алгоритмнің фактіден алшақтаған мезетін іздеу болып табылады. Күрделі синтезге мысал ретінде оқушылардың компьютерлік ортаның идеялық моделін ойша құруы болып есептеледі. Оған мысал ретінде электрондық кестені (ЭК) алуға болады. Салыстыру мен топтау. Бір біріне жақын командаларды түсіндіруде салыстырудың үлкен мәні бар: ЭК-де көшіру мен көбейту, МАТ-дегі «үшін» және «әзір» командалары. Бұл ұғымның мағынасын меңгерудің міндетті кезеңі. Мысалы, егер, оқушы «цсб үшін І бастап 1 дейін N» командасынан кейін «цс» сөзінің алдында «І:=I+1» командасын жазатын болса, онда мұғалімге «оқушының бұл командалардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ашу кезеңінен өтпегендігін және талдап түсінбегендігі » туралы ақпарат береді. Тағы бір өрескел қате «цб егер» -салыстыру амалының тармақталумен қайталану командаларын ажыратудан бұрын ормандалмағанын көрсетеді.
31 Салыстыру өте тиімді дидактикалық тәсіл. Салыстырудың көмегімен жаңа ұғымдарды енгізіп, бекітуге болады. Алдымен, ұқсастығын, одан кейін айырмашылығын көрсету қажет. Мысалы, алдымен әртүрлі құрама командалар туралы әңгіме етпей тұрып, алгоритмнің үш типін салыстыруға болады: сызықтық, тармақталған және қайталанатын алгоритмдер. Сызықтық алгоритм деп әрбір команда тек бір рет орындалатын, қайталанатын алгоритм деп бір команданың бірнеше рет орындалатынын, тармақталған алгоритм деп бернеше командананың тек біреуі ғана орындалатын алгоритмді айтамыз. Бұл жерде алгоритмнің түрлері толық қамтылған. Тек қайталану шартының ұғымы мен таңдау кейінге қалдырылған. Ол бір команда неше рет қайталанады немесе бірнеше команданың қайсысы орындалуы деген сұрақтарға жауап беру барысында түсіндіріледі. Топтау (классификациясы) ойлау әрекеті ретінде үлкен көлемді материалды оқушының меңгеруі барысында білімді бекітуге байланысты кездеседі. Мысалы, ЭК-нің барлық командаларын алфавиттік ретпен есте сақтау өте қиын, ал оларды ұқсастық және айырмашылық қасиеттеріне қарай топтау түсіндіруді едәуір жеңілдетеді. Дұрыс топтай білу іскерлігі дамыған ойлау әрекетінің белгісі. Жалпылау, индукция және дедукция. Жалпылаудың айқын мысалы- ұқсас әрекеттердің жеке қайталанулары ұғымынан қайталану командасына көшу бола алады. Жалпы айқынырақ ашылған мысалы дедукция болып табылады. Мұны математикалық индукция деп түсінбеу қажет, ол толық емес индукция. Бұл практикалық информатиканың өн бойына және кездесетін аса маңызды әрекет. Енді мысалмен түсіндірейік. Инжинер практикке 60 санының бөлінгіштігін табу тапсырылады. Оның ойлау барысы төмендегідей болды: 60 саны 2-ге бөлінеді. 3-ке де бөлінеді. 4-ке, 5-ке және 6-ға да бөлінеді. Бұдан 60 саны барлық сандарға бөлінеді деп қорытынды жасайды. Ал, 60 саны 7-ге бөлінбейді. Бұл компьютердің ақауы дейді. Бұл әдетті толық емес индукция. Енді компьютерге оралатын болсақ, оқушы алғаш рет компьютерге отырып, тектік редактормен жұмысты бастады. Оқушы оңға бағыттаушы клавишын басты. Курсор оңға бір орын ауыстырады. Ал, енді оқушылардан оңға бағыттаушы клавишын басқанда не болады деп сұрасаңыз, оқушылардың 99%-і ойланбастан
32 бір мәнді жауап береді. «Курсор оңға жылжиды». Оқушы курсордың экранның оң жақ шетінде болған жағдайын ескермей жауап береді. Информатика курсы бойынша жүргізілетін үйірме жұмыстары Информатикадан ұйымдастырылатын үйірме-мектеп оқушыларымен жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың ең көп таралған түрлерінің бірі. Есептегіш техника кабинетінің бар болуы – үйірме жұмысын ұйымдастырудың алғы шарты, өйткені үйірме жұмысын ұйымдастыру үшін ЭЕМ –ның болуы қажет. Информатикадан жүргізілетін үйірмені мектепдерде, оқушылар сарайында, оқу-өндірістік комбинаттарындағы мектеп аралық есептегіш техника кабинеттерінде, жоғарғы оқу орындарының кафедраларында ұйымдастыруға болады. Үйірмені компьютермен жұмыс істейтіндей қызықты ойын сипатында беруге болады. Сондықтан информатикадан жүргізілетін үйірме жұмыстары оқушыларды, оның ішінде орта және төменгі сынып оқушыларын өте қызықтырады. Бірақ үйірме жұмыстарын балалардың компьютерлік ойындарға деген қызығушылығы негізінде ұйымдастырмау керектігін есте ұстаған дұрыс. Орта мектепте информатиканы оқытудың жалпы жүйесіне сай үйірме жұмыстарының программаларын дайындау, мектеп оқушыларының дайындық деңгейіне қарай оқу тапсырмаларының жиынтығын, сонымен бірге осы сабақтардың тиімді программалық қамтамасыз етілуін дайындау – маңызды әдіснамалық міндет болып табылады. Мектептің оқу жоспарына «Информатика және есептегіш техника негіздерінің» жаңа пән болып енуіне байланысты информатиканың факультативтік сабақтарын өткізу әдісі мен мазмұнын жасау үлкен маңызды мәселе болған. Алғашқы кездері ЭЕМ-ң құрылымымен, алгоритмдеу және программалау негіздерімен таныстыратын факультативтік курстардың программалары құрылады. Қазіргі уақыт талбына сай, мектептердің есептегіш техника кабинеттерінің негізінде пәнаралық факультативтік курстардың жасалып, іске асырылуы, информатика, автоматика, электроника саласында балалардың «техникалық шығармашылығын» дамытады деген үлкен мәнге ие болып отыр. Факуьтативтік сабақтың мақсаты:
33 - Информатика саласы немесе ЭЕМ-ны пайдаланатын басқа пәндер бойынша алынған теориялық білім, іскерлік пен дағдыларды тереңдетіп кеңейту; - Оқытудың кәсіптік бағдарын күшейтетін практикалық дайындықты қамтуы тиіс. Факультативтік сабаққа: - ЭЕТ-ны кеңінен қолданатын, барлық уақыттың 75%-ін компьютермен практикалық жұмыс істеуге бөлуді қарастыру; - Барынша өзбетінше, оқушының танымдық іс-әрекетін өзінің басқаруы және оқушы санының аз болуы тән. Жалпы білім беретін орта мектепте информатикадан мемлекеттік білім беру стандартының жасалып, оқу процесіне енгізілуі факультативтік курстардың дамуына елеулі үлесін тигізеді. Қазіргі кездегі жүргізіліп жатқан білім беру жүйесін қайта құру әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге бейімделе алатын, психологиялық, педагогикалық негіздері тұрақты, байыптауға қолайлы жаңа сипаттағы үлгілерді қалыптастыруға сипатталған. Яғни, оқушыларға тек белгілі бір білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқытудың әдістері мен құралдарын пайдалана отырып, жастарды жанжақты тәрбиелеу, олардың жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін басты орынға қою қажет. Информатиканы оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселелердің бірі – сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Олай дейтін себебіміз оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе сыныптан тыс жұмыстар барысында жүзеге асады. Оқыту барысындағы оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздық шығармашылығы, оны арнайы басқарудың маңыздылығын кезінде Сократ та атап көрсеткен. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан мектепте, арнаулы оқу орындарында оқытылатын информатика пәнінің орны ерекше және оны сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Дәстүрлі оқыту пәндерінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс түрлерін информатика пәнінен де ұйымдастырылады. Бүгінгі ақпараттандыру заманында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі білім берудің ең жоғарғы мақсаттарының бірі болып отыр. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс түрінде ұйымдастырылады. Компьютерді қолданып басқа пәндерден сыныптан тыс шаралар
34 өткізу оқушылардың дүниетанымы мен қызығушылықтарын арттыра түседі. Себебі, оқушылар ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерімен жұмыс жасауда өздеріне қажет мағлұматтарды өз бойларына игеріп, шығармашылық қабілетін дамытады. Ақпараттық технологиялар мектеп пен ақпараттық қоғамды өзара байланыстырады. Оқушылар ақпараттық технологиялар туралы нақты білімге негізделе отырып, олардың ғажайып сырларын ашады, ал аталған технологиялар оқушылардың білімге, еңбекке деген құштарлығын арттырады, ақпараттық қоғамға, өз еліне аз да болса пайда келтіруге ынталандырып, ақпараттық технологиялар жайлы түсінігін кеңейтеді. Ақпараттық технологиялар оқушылардың сабақтан немесе оқулықтан дайын білімді алуын ғана емес, сонымен қатар мұғалімнің басшылығымен оқушылардың өзіндік жұмыстарын, ізденіс-зерттеу әдістерін қамтиды. Бүгінгі таңда жас ұрпақты шығармашылық қабілеті дамыған тұлға етіп тәрбиелеуде және оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруда сабақтан тыс жұмыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстар оқушының жеке тұлға болып қалыптасып, жан-жақты білім алуының, шығармашылық қабілетінің дамуының негізгі жолдарының бірі Әр адам бала кезден өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды. Көпшілігі ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, билейді, өлең айтады, белгілі бір музакалық құралда ойнайды, мүсін салады). Бірақ, бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды. Қазіргі әлеуметтік – экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады. Сабақтан тыс жұмыстарында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін ақпараттық технологияларды пайдалану оқушылардың ерік-жігерін тәрбиелеп, пәнге деген қызығушылығын арттыра түсіреді, берілген тапсырманы дұрыс орындап, жауапкершілікпен қарауға, алдына қойған мақсатқа жетудегі табандылық, тапқырлық, шыдамдылық, байқағыштық секілді мінездің сапаларына дағдыландырады. Информатика курсы бойынша жүргізілетін дәстүрлі сыныптан тыс жұмыс түрлеріне: үйірме, факультативтік курстар, экскурсия, олимпиада, әртүрлі қызықты кештер мен сайыстар, ғылыми жұмыстарды жатқызуға болады. Оқушылардың информатика пәніне
35 қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс өтілетін сайыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Мысалы, үйірмелер отырысы, қосымша сабақтар, мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы сыныптан тыс жұмыстарға жатады. Бірақ кей жағдайларда оқушы белсенділігі мен басқаруында болады. Сыныптан тыс жұмыс - бұл оқытушылар мен оқушылардың сыныптан тыс уақыттағы әртүрлі «іс-әрекеттері мен ісшараларын» ұйымдастыру болып табылады. Сыныптан тыс жұмыссыныптан тыс уақыттағы өткізілетін және оқу жоспарына кіретін әртүрлі оқу- тәрбиелік іс-шаралар. Тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын сыныптан тыс жұмыстар-баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады. Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар оқушының күнделікті сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Сыныптан тыс жұмыстың әр түрлі болуы оқушының өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бақылауын қалыптастырады, сонымен қатар әртүрлі жұмыстар оқушының іс-тәжірибесі мен дағдысын, Адам қызметінің әртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігін арттырады. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады. Әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді. Әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіре отырып жүргізілген сыныптан тыс сабақтар бүкіл мектеп ұжымының топтаса түсіуіне себепші болады. Әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіретін үйірмелерде ересектеу балаларын өзінен кішілерге қамқорлық жасауларына, жолдастық өзара көмекті өрістетуге жақсы жағдай туғызылады. Информатикадан факультатив сабақтарының негізгі мақсаты оқушылардың білімдерін тереңдету кеңіту, пәнге деген оқушының қызығушылығын дамыту, қабілетін дамыту, информатикамен өз бетінше жұмыстар атқаруға талғамдары мен қызығушылықтарын ояту, шығармашылықтары мен белсенділіктерін тәрбиелеу мен дамыту болып табылады.
36 Информатикадан сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесіне жүргізілген талдаулар факультативтік сабақтар мен олимпиадалар өткізу мәселесімен ғана шектеледі. Бүгінгі ақпараттық қоғамда өмір сүруге лайық, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мектепте оқытылатын пәндер бойынша оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын әртүрлі сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру қажет екені белгілі. Осындай жұмыс түрі информатика курсы бойынша жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстардың бірі - оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Информатика пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстарды зерттеуге арналған еңбектер өте аз, тіпті жоқтың қасы деуге болады. Бұл мәселе оқушылардың түрліше ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын информатика пәнінен ғылыми - зерттеу жұмысын ұйымдастыру әдістемесін жасау информатиканы оқыту әдістемесі теориясындағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін информатиканы оқыту процесінен тыс оқу жұмыстары ұйымдастырылуы тиіс. Информатика пәнінен өткізілетін оқушылардың ғылыми - зерттеу жұмысының мазмұны мен өткізілу формасын оқытушылар қадағалауы тиіс. Егер информатикадан ұйымдастырылған ғылыми – зерттеу жұмыстарын өткізу әдістемесі оқу процесіне енгізілсе, қоғамдағы және табиғаттағы процестерді зерттеу элементтері мен ғылыми көзқарасы қалыптасып, информатика пәніне деген қызығушылығы артады; оқушының оқу мүмкіндігі мен қажеттілігі, оқуға мүдделілігі толық іске асырылуы негізінде тұлғалық даму мүмкіндігі пайда болады; өзіндік шығармашылық ойлау жүйесі қалыптасып, білім деңгейі жоғарылайды. өзіндік шығармашылықты жүзеге асыру төмендегідей міндеттердің шешілуін талап етеді. Біріншіден, информатика пәнінен өткізілетін ғылыми - зерттеу жұмысының мазмұны мен құрылымын анықтау алдыңғы кезекте қарастырылатын негізгі мәселе болып табылады. Екіншіден, информатика пәні бойынша өткізілетін сабақтан тыс жұмыстардың құрылымына дамытушы компоненттерді енгізу тәсілін анықтау қажет екені көрінеді. Сабақтан тыс кездегі информатикадан шығармашылық қабілеттіліктің даму тәсілдері осы салада жинақталған педагогикалық тәжірибеге, нақты педагогикалық материалдарды ұйымдастыруға, оқыту тұжырымдамасына, дидактикалық принципке байланысты
37 екені көрініп тұр. Осы саладағы жүргізілген зерттеулерден, біріншіден, оқушының шығармашылық қабілетінің тайыздығы немесе мүлдем жоқтығы, екіншіден шығармашылық қабілеттіліктің даму қорытындысы мен оған педагогикалық тұрғыдан әсер етудің арасындағы қиыншылық байқалады. Информатика пәнінен оқушыларды ғылыми – зерттеу жұмыстарына бейімдеу ақыл-ойды сатылап қалыптастыру теориясына сай жүргізілген жағдайда оқушылардың стандарт талаптарын қанағаттандыратын оқу жұмысына қол жеткізуге болады. Ақпараттық технологияларды енгізу және ақпараттық ортаны қалыптастыру еліміздегі білім беру жүйесінің түбірлі өзгерістеріне негіз болды. Ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесінде кеңінен қолданылуы – дәстүрлі сабақтың аясында тұрып қалмай, оқушылардың өзіндік қызметінің түрлі формаларын жан-жақты қарастыратын сыныптан тыс жұмыстар, зерттеу, жобалау және мәселелік әдістерді тәжірибе жүзінде кеңінен қолдануға міндеттейді. Ал, бұл міндетті шешуде қазіргі ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлғалылығын қарастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар, оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына қажет ақпараттарды технологияларды таңдап алу және оларды қолдану қабілеттілігін қалыптастыруда информатика пәнінің маңызы зор. Информатика пәнін оқыту барысындағы сыныптан тыс жұмысы компьютерлік технология негізінде ұйымдастырылған әдістемеге сай жүзеге асырылса, онда қоғамдағы және табиғаттағы процестерді зерттеу мен ғылыми көзқарасы қалыптасып, информатика пәніне деген қызығушылығы артады, өзіндік шығармашылық ойлау жүйесі қалыптасып, білім деңгейі жоғарылайды және шығармашылық қабілеттері дамиды. Информатика пәнінің көп жақтылығын ескере отырып, оқушыларға тек қана дәрістік тәрбие беріп қана қоймай, сонымен бірге сыныптан тыс уақытта әр түрлі ғылыми жаңалықтарды пайдалану арқылы білім деңгейін көтеруге болады. Сыныптан тыс жұмысты жоспарлауды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудан бастау қажет. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын информатика пәнінен ғылыми - зерттеу жұмысын ұйымдастыру әдістемесін жасау информатиканы оқыту әдістемесі теориясындағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін информатиканы оқыту процесінен тыс оқу жұмыстары ұйымдас-
38 тырылуы тиіс. Информатика пәнінен өткізілетін оқушылардың ғылыми - зерттеу жұмысының мазмұны мен өткізілу формасын қытушылар қадағалауы тиіс. Қазіргі қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлғалығын қарастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар, оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оларды қолдану қабілеттілігін қалыптастыруда информатика пәнінің маңызы зор. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік демократиялық өзгерістерге сәйкес компьютерлік техника мен ақпараттық технологиялардың қарқынды даму салдарынан информатика курсын оқытуға қойылатын талаптар күн сайын ұлғаюда. Информатика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруды зерттеуге арналған еңбектер өте аз, тіпті жоқтың қасы деуге болады. Информатика және оның қолданулары бойынша жүргізілетін факультативтік курстар және программалау тілдерінен факультативтік курстар ұйымдастырудың орны ерекше және информатика пәнінен оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмысын ұйымдастыру қажет. Оқушылардың информатикадан алған теориялық білімдері мен біліктерін тексеру мақсатында - сыныптан тыс жұмыстарды, сайыс сабақтарын көп дайындау керек. Сонда ғана біздің оқушыларымыз ғылыми сайыстар мен олимпиадаларда жоғары жетістіктерге жететіндігіне сенуге болады. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру кезеңі Мұғалімнің басты мақсаты оқушылардың білім сапасын арттыру. Сабақта қолданылатын оқытудың жаңа технологиялары оқушылардың білім сапасын арттыруға және пәнге қызығуын, ізденімпаздығын, байқау қабілеттерін жетілдіруге өзіндік дамуына мүмкіндік береді. Оқушылардың өздігінен оқуға үйрену, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуына талдау жасау, алған білімін практикада қолдана білуі олардың оқу бағдарламасын қаншалықты меңгергенін көрсетеді. Мұғалім сабақ уақытын толық, ұтымды пайдаланып тараудағы толық білімге қойылған талаптарды меңгертуде танымдық интеллектуалдық тестерді, кроссворд, сканворд, ребустарды пайдаланғаны дұрыс. Сабақты түрлендіріп өтудің маңызы өте зор.
39 Сабақта әр түрлі ойын элементтерін пайдалану - оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп, олардың өзіне деген сенімі қалыптасады. Төменде информатика сабақтарын түрлендірудегі жаңа технологияларын ұсынып отырмын. №1 Сабақ Ескерту: Геймдердің өтілу барысында оқушылар бірден жауап берсе, онда осы үнемдеген уақытын команда басқа тапсырмаларды орындағанда пайдаланады. Әрбір дұрыс орындалған тапсырмалары үшін фишка немесе 1 балл алады. Мақсаттары: 1.Білімділік. Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау. 2. Дамытушылық. Ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік. Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: «Бақытты сәт» ойынына байланысты көрнекіліктер./оқулықтан/ Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. «бақытты сәт» оқытуда үйрету ойынына 2 сағат бөлінеді. Сыныпты 2 топқа бөлеміз, әр топта басшысы және аты болады. ІІ. «Бақытты сәт » ойыны. І –гейм. «Бой сергіту» Мұғалім топтардағы оқушылардың санына байланысты тапсырмалар береді. Тапсырманы орындап болған соң жұмыстарын қорғалулары керек. 3 мин сурет салады, әр оқушы қорғап шығуына жалпы 7-8 мин уақыт кетеді. ІІ –гейм. «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар». Команда мүшелері бөшкеден (қапшықтан) нөмірлері бар шарлар алып шығады. Өз іштерінде талқыланған соң топ басшылары жауап береді. Мұғалім оқушылардың құрып әкелген жұмбақтарын топтар арасында алмастырып жіберуі керек. Әр жұмбаққа ойлануға 1 мин уақыт жұмсайды. «Балдырғанның бал тілі» ойыны Көбінесе оқушылар кейбір компьютерлік ұғымдарды дұрыс атамайды. Жабу батырмасын – «икс», мониторды – «теледидар», принтерді – «печать» деген сияқты сөздермен бұрып атайды. Сол
40 себепті компьютердің бөліктерін өз аттарымен атап үйрету және олардың қызметтерін айқын білдірту мақсатында «балдырғанның бал тілі» атты ойынды сабақтарда жиі пайдаланамын. Ойынның әр біреуінде компьютер бөліктерінің немесе компьютерге байланысты ұғымдардың негізгі қасиеттері жұмбақтап айтылады. Егер оқушы бірінші жұмбақталған сұрақ бойынша жауап бере алмаса, екінші көмекші – сұрақ оқылады. Жасырылған қасиеттерінің негізінде оқушы өзінше қорытынды жасап, ұғым туралы сөз болып тұрғанын тауып алады. Тереземен басқару батырмаларына байланысты «Балдырғанның бал тілі» ойыны. 1. Үш отау ауылдың шетінде орналасқан, олар сол ауылды басқарады. 2. Бірінші отаудың есігін қақсаң, ауыл түгел оранып жатып алады. 3. Екінші отаудың есігін қақсаң, жайылып қалпына келеді. 4. Үшінші отаудың есігін қақсаң, тіпті тас қылып жауып алады. Принтерге байланысты «Балдырғанның бал тілі» ойыны. 1. Оның үш түрі бар. 2. Оның кейбіреулері инемен жұмыс істегенді ұнатады. 3. Оның істеген жұмысының нәтижесін тек қағаздан ғана көруге болады. Қатайтқышқа байланысты «Балдырғанның бал тілі» ойыны. 1. Оларды компьютердің қосымша бөліктері деп атайды. 2. Олар ағалы – інілі. 3. Олар сыбырлап та, айқайлап та, сөйлейді. Егер осындай сұрақтарды оқушылардың өздері құрастыруына тапсырма берсек, оларды қиялдау мүмкіндіктерінің шексіздігіне көзіңіз әбден жетеді. ІІІ–гейм. «Көрме». Мұнда топ басшылары компьютерге байланысты қарсы топқа тақырып береді. Қарсы топтың әр мүшесі сол тақырыпта сурет салу керек. Артынан топ ішінде көрме ұйымдастырып, сынып ішіндегі көрмеге ең жақсы салынған суретті ұсынулары керек. «Көрме» жұмыстарын қолданушы курстың барлық тақырыптарында ұйымдастыруға болады. Бұл жерде оқушы бір бірлерінің жұмыстарын көріп, өзінің істеген жұмысымен салыстырады. Басқаның жұмысымен білімін жетілдіреді.
41 ІV –гейм. «Сен –маған, мен -саған». Топ басшылары тобындағы оқушылардың үйде құрып әкелген кроссвордтарының ішінен ең тәуірін қарсылас командаларына шешуге береді. /7-8 мин/ Кроссворд, ребус, сканворд құрастыру арқылы оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуін ұйымдастыру. Ол дегеніміз – тақырып бойынша кроссворд, сканворд, ребустар дайындатып, басқа да ой өрісін дамытатын тапсырмалар беріп, арасынан ең сауатты, ең ұтымды орындағанын іріктеп, сабақта пайдаланы. Қазіргі кезде адамның ойлау қабілетін дамытудың тиімді жолы кроссвордтарды шешу болып табылады. Сондықтан информатика сабақтарында үй тапсырмасын түрлендіру мақсатымен арнайы тақырып бойынша оқушыларға кроссворд құрғызу тиімді. Ол үшін әр сабақта сұрақ - жауап немесе информатикалық диктанттар жиі өткізіп отыру қажет. Бұл – оқушылардың сөздік қорымен қоса, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады, әрі сұрақтарды дұрыс қарастыруға үйретеді. V–гейм. «Ақпараттық диктант». Топ оқушылары бірігіп «Ақпараттық диктант құрастырады», диктант дайын болғаннан кейін, топ басшылары ауысып қарсы топтардан диктант алады, нәтижелерін хабарлайды. Жоғарыда айтылғандай оқушылардың білімдерін тексерудің өте тиімді жолдарының бірі - «Ақпараттық диктанттар» жаздырту. Диктантты бірнеше рет жаздырғанда, оқушыларға оның өтілу жолын түсіндіріп алу керек. Мұғалім сұрақты оқиды, оқушы жауабын жазады. Ақпараттық диктанттарда 5 сұрақ болады. Диктант жазып болған соң көрші отырған оқушылар дәптерлерін айырбастайды. Мұғалім тақтаға дұрыс жауаптарын іледі, оқушылар тақтадағы жауаптармен салыстырып, дұрыс жауап берілген сұрақтың қасына «+» белгісін, ал қате жауаптың қасына «-» беогісін қояды. Неше «+» белгісі бар, соншама бағаға бағаланғаны болып есептеледі. Ақпараттық диктант мысалы: 1. Компьютерлік өшіргіш (ластик) 2. Экранды бірден тазарту іс-әрекеті. 3. Экранды жоқ саймандар тақтасын орнату іс-әрекеті.(Видпанель инструментов) 4. Түстер гаммасы (палитра) 5. Windows операциясын ойлап тапқан фирманың аты. (Microsoft) Ақпараттық диктанттардың ұтымдылығы:
42 -Оқушы мұғалімнің қойған сұрақтарының құрылысын есте сақтауға тырысуында, себебі шығармашылық жұмыс кезінде сұрақтың сауатты құрылуы өте маңызды роль атқарады; -Бір – бірін бағалауға мүмкіндік беруінде; -Сөздік қорларын молайтып, дұрыс сөйлеуге жаттықтырады; - Мұғалімнің үлкен сенім артып отырғанын біле отырып, оқушылардың әділ болуларында. ІІІ. Қорытынды жасау. І-V геймдер нәтижесі бойынша қорытынды жасалады. Сабақтың тақырыбы: «Алгоритмнің жазылу жолдары. Алгоритмнің график түрінде кескінделуі» Сабақтың мақсаты: Пәнге деген оқушылардың қызығушылығын артттыру, білімдерін тиімді пайдалануға баулу. Алгоритм тілімен жұмыс істеуді үйрету. Сонымен қатар, алгоритмде графиктік кескіндеулермен есеп шығаруды көрсету. Осы тақырыптар бойынша алған теориялық білімдерін тапсырмаларды орындау кезінде тиімді пайдалану, алдына қойған мақсаттарына жету Сабақтың көрнекілігі: Сурет, плакаттар, схемалар, диаграмма. Сабақтың барысы: 1. Үй тапсырмасын қайталау(7мин). 2.Жаңа сабақты түсіндіру(7). 3.Жаңа сабаққа байланысты тапсырма беру(10мин). 4. Ойын ойнау (сөзжұмбақ, диаграмма мазаика 8 мин) 5. Қорытынды.Бағалау.(5 мин) Оқушылардың өткен тараулар бойынша білімдерін тиянақтау және қорытындылау мақсатында сабақты тренинг сабақ түрінде өткіздім. Тренинг сабақ оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, өз ойын еркін айта білуге дағдыландырады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ өз редакторлары туралы және оның мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін айтып, өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді. Жалпы алгоритм дегеніміз не? Алгоритм сөзінің шығуы?
43 Алгоритм қасиеттері? Алгоритмді қандай мәселелерді шешуге пайдаланылады? Алгоритмдік тіл – алгоритмді жазуға және оны пайдаланып программа құруға арналған тіл. Кез келген тіл сияқты ол символдар жиынынан (алфавит), алгоритмді жазу ережелерінен (синтаксис) және жазуларды түсіндіру мәндерінен (семантика) тұрады. Табиғи тілде жазылуы. Белгілі бір түйінді сөздер–терминдер (псевдокодтар- жалған кодар) арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу, мұны қарапайым алгоритмдік тіл деп атайды. Графиктік жолмен (блок-схема) арқылы жазу. Программалау тілдеріндегі жазылуы. Алгоритмнің график түрінде кескінделуі - алгоритм басы мен соңы -берілгендерді енгізу және нәтижені талдау -шарттың сақталуына байланысты алгоритмнің орындалу бағытын таңдау -ақпаратны өңдеу -байланыс бағыттары Алгоритмннің графиктік түрде кескінделуі - кең тараған әдіс. Бұл жазудың түсінікті, анық көрнекі түрі болып табылады. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазудың мемлекеттік стандарты айқындалған. Онда кез-келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі. Олар фигуралар немесе блоктар, амалдар немесе операциялар символы деп те аталады. Блоктар бағытталған сызықтармен байланысып, бірінен соң бірі БАСЫ СОҢЫ
44 ретімен орналасады. Ақпарат өңдеудің әрбір буыны немесе орындалатын операциялар реті алгоритм схемасымен айқындалады. Алгоритм схемасын оның блок схемасы деп атайды. Алгоритм блоктарының ішінде орындалатын іс -әрекеттің мазмұны жазылады. Әр блоктың енгізу және шығару сызықтары болуы тиіс. Алгоритмді дұрыс құруды үйренушілер үшін есептің алгоритімін график түрінде көрнекі өрнектеу өте қолайлы. Әдетте, кейбір қысқа жазылатын кішігірім амалдардың алгоритмге енбей қалу жағдайы кездесіп қалып жатады. Алгоритмді график түрінде ретімен жазу осындай кемшілікті болдырмау ісін жүзеге асырады. Сонымен алгоритмнің блок - схемасын сызу үшін мағынасы алдын ала анықталған әр түрлі геометриялық фигуралар пайдаланылады. Блок –схемады пайдаланылатын фигуралар оның блоктары, ал оларды бір –бірімен қосатын сызықтар байланыс сызықтары деп аталады. Байланыс сызықтары тармақталған жағдайда оның бағытын көрсету үшін бағыттауыш белгісі қойылады. Блок-схема құрудың төмендегідей ережесі бар: 1) Блок - схеманың басын және оның міндетті түрде көрсетіп тұратын блок болуы керке. 2) Блок – схемада бірімен – бірі қосылмай қалған блоктар болмауы керек. 3) Блок – схемада бірімен - бірі қосылмай қалған блоктар болмауы керек. 4) Арифметикалық амалдарды орындайтын блоктардың бір ғана ену, бір ғана шығу сызығы, ал шарттың орындалуын тексеретін ромб түріндегі логикалық блоктың бір ену, екі шығу сызығы болуы қажет. Орындайтын міндетіне қарай блоктар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі блоктарға өңдеу (процесс, арифметикалық амал), шартты тексеру (логикалық), енгізу және шығару блоктары жатады. Көмекші блоктарға алгоритмге түсініктеме беру, алгоритм басы, соңы және байланыс сызықтары жатады. Орындалатын амалдар мүмкіндігінше блоктардың ішіне жазылады. Алгоритмдер құрылымы блоктардың өзара байланысуы бойынша үш түрге: сызықтық, тармақтық және циклдік болып бөлінеді. Олар осы есепте көрсетілген блоктармен қатар, шартты тексеру арқылы таңдау, цикл басы блоктарымен кескінделеді.
45 2 Эстафета ойыны Оқушыларды екі топқа бөліп, ойын шартын түсіндіреді. 1. мұғалім есепті беріп, шартын түсіндіреді. 2. 1-ші оқушы есептің шартын алып, блок-схемасын құрады (есептің шартын өзінде қалдырады). 3. 2-ші оқушы блок - схемасын алып программасын құрады (блоксхемасын өзінде қалдырады). 4. 3-ші оқушы программасын алып, берілген шартын жазып мұғалімге өткізеді. Топтық ойын Ойын шарты: әр топқа бір-бір есептен беріп, топ ішінде әр оқушы алгоритм қатарын толтырады. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға тапсырмалар беру Берілген тапсырмаларды алгоритм тілінде жазып, блок схемасын сыз 1. = x+2'x>0; 2 2x 'х>=0; 2. y =(ax3+2)/(at2 -d) формуласы бойынша х-тің кез келген мәні үшін у мәндерін есептеу алгоритмнің блок – схемасын құру қажет. 3. x у = x + 5 х<2; 2<=x<3; 3<=x; 4. y = (at2+2) / (at2 -1), мұндағы t= a*x+x3 формуласы бойынша х-тің кез келген мәні үшін у-тің мәндерін есептеу кезеңдерін алгоритмдік тілде жазыңдар және блок – схема түрінде құрыңдар. 5. Шай қайнату кезінде орындалатын іс- әрекеттерді алгоритмдік тілде жазыңдар.
46 x 2 + 1 + x Y= егер x<0 7. Z= ax2+b+ cos(ax2+b) - tg(ax2+b) 8. Квадрат теңдеудің түбірлерін табу керек. 9. у = x + 50 2 x + 20 егер x>=0 Шығармашылық сабақ Ұстаздың қайталау сабақтарын мейлінше әртүрлі өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын артырумен қатар олардың танымдық белсенділігін арттырады. EXCEL - 97 программасында диаграмма салу сабағын шығармашылық сабақ ретінде өткізудегі басты мақсат оқушыларды шығармашылық, ғылыми жұмыстарға баулу және деңгейлік білімін тексеру. Сабақтың тақырыбы: EXCEL-97 программасында диаграмма салу. Сабақтың типі: білім мен білікті практикада қолдана білу сабағы. Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, EXCEL-97 программасының плакаты, І,ІІ,ІІІ –нұсқада деңгейлік тапсырма қағаздары, тест тапсырмалары, күйтабақ Сабақтың барысының жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларға шығармашылық жұмыстың деңгейлерімен таныстыру, диск 3,5А тарату, тапсырма қағаздарын таратып беру. 2. І,ІІ,ІІІ –нұсқада деңгейлік талаптармен таныстыру. Үй тапсырмасымен, EXCEL-97 кестелік процессоры тақырыбы бойынша ауызша сұрақтар арқылы сұрап еске түсіру бағалау. 3. Шығармашылық жұмыс кезіндегі оқушылардың ойлауына, компьютерде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. 4. Барлық деңгейдің тапсырмалары бойынша жинақтап, тексеріп, бағалау. 5. Бой жазу кезеңі. (көзге жаттығу) x
47 6. Қорытынды кезеңі. 7. Үйге тапсырма беру. Пән аралық байланыс: орыс тілі, математика. Оқушыларға сабақтың шартын түсіндіргеннен кейін, тарауды еске түсіруге арналған төмендегідей сұрақтар қойылады: 1. EXCEL электрондық кестесінің мақсаты? 2. EXCEL программасын іске қосудың жолдары? 3. EXCEL терезесінің негізгі элементтерін ата? 4. Стандартты саймандар тақтасының командалары? 5. Форматтау саймандар тақтасының командалары? 6. Диаграмманы салудың жолдары? т.с.с. Оқушылардың үй тапсырмасын қаншалықты меңгергенін бағалау үшін сұрақ-жауап әдісі арқылы жүргізіледі. Ұзақтығы 3 - минут. Сынып оқушыларының жауабын бағалау тақтадағы аты-жөні жазылған плакатқа белгіленеді. Шығармашылық жұмысқа оқушылар 3 нұсқадан І-ІІ деңгейлік тапсырмалар алады. Тапсырмалардың бірнеше нұсқада берілуі бағдарламаны толық қамтуға, оқушының бір-біріне қарамай, толық жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. І - деңгейдегі тапсырма міндетті деңгей болғандықтан, тапсырма компьютерде орындалып, «2» немесе «3» бағасымен бағаланады. Компьютерде жұмыс істеу уақыты 10 минут. ІІ–деңгейдегі тапсырма «2» «3» «4» бағалары қойылады. Тапсырмаға 7 минут уақыт беріліп, жазбаша орындалады. ІІІ - деңгейдегі тапсырма «ғылыми жұмысты қорғау» - бөліміне көп оқушы тілек білдірсе қосымша 2- ші 45 минут уақыт беріледі. Ғылыми жұмысты қорғауға 15 минут беріліп, ІІІ – мүмкіндік, дамытушылық деңгейіне тек «5» баға қойылады. Қорғалған ғылыми жұмыстың тақырыптары: 1. EXCEL-97 программасының қызметі. 2. EXCEL-97 программасында диаграмма салудың мүмкіндіктері. 3. EXCEL-97 программасының артықшылығы. Сабақты қорытындылап, барлық деңгейдің тапсырмаға қойылған әр оқушының қағаздағы бағасын оқушының аты - жөні жазылған плакатқа енгізіп оқушыларды бағалаймыз. 2 минут. Үйге тапсырма: EXCEL –программасында диаграмма салу жолдарын қайталау және реферат жазып келу тапсырылады. 1 минут.
48 1- нұсқа. Сынып _ Аты –жөні_ 1- деңгей: тапсырма компьютерде: N _ 1926ж 1970ж 2000ж Қазақтар 57% 36% 50% Орыстар 33% 51% 37% Украиндер 13% 20% 23% Басқлары 9% 16% 11% Мына төмендегі шарттар бойынша кестенің диаграммасын сыз. N EXCEL программасында орындалады Тексеру белгісі Баға 1. Диаграмманың стандартты түрін таңда 2. Цилиндрлік диаграмма 3. Сан мәндерін қос 4. Сан мәдерін ақшалай бірлікте көрсет 5. Мәліметтерді А Я алфавиті бойынша өзгерт 2- деңгей. Мынадай сұрақтарға жауап жаз. Сұрақтар Жауап Тексеру Баға 1.EXCEL- мақсаты 2. Бір ұяшыққа қанша таңба сыяды? 3.Диграмманың қанша түрі бар? 4. Оң жағынан тегістеп жазуды EXCEL- қолданамыз ба? 5.Ақша белгісі, % белгісі сан мәнін өзгерткендегі командалар. ІІ- нұсқа. Сынып Аты –жөні_ 1- деңгей: тапсырма компьютерде: N 1- тоқсан сапа 2-тоқсан сапа 3-тоқсан сапа Сабина 100% 100% 100% Айгүл 85% 90% 95% Бақытжан 13% 20% 23% Арман 9% 16% 20%