49 2- деңгей. Мынадай сұрақтарға жауап жаз. Сұрақтар Жауап Тексеру Баға 1. EXCEL –де стандартты саймандар тақтасы қанша? 2. Ұяшық саны қанша? 3. Ж,К,Ч -әріптері нені білдіреді? 4. бағаналар, қатарлар қалай белгіленеді? 5. Диаграммалар мөлшерін қалай белгілеуге болады. Оқушыларының бағалау парағының үлгісі N Аты–жөні Қосымша деңгейге көмек І-деңгей «2» «3» баға ІІ-деңгей «2» «3» «4» баға ІІІ- деңгей «5» баға Қорытынды баға 1. Сабақты саралап, деңгейлеп оқытудың оқушыға да, мұғалімге де берер көмегі көп: 1. Оқушы еңбегі дәл, әділ бағаланады. 2. Оқушы «5» баға алу үшін бірнеше тапсырмалар алып, көп еңбектенеді, оқушының ой - өрісі кеңіп, дарынды тұлғаларды дайындауға мүмкіндік туады. 3. Оқушы өз деңгейін анықтайды. 4. Қорытынды шығармашылық сабақтарда барлық оқушылардың білімін тексеріп бағалауға болады. Информатика сабағында ойындарға ребустар, сөзжұмбақ құрастыру, анаграммалармен жұмыс жасау жатады. Ойын элементтері оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырып, сөз байлығын кеңейтіп, елестету және қалыптас тыс ойлауын, сөздерді жадында сақтауға үйретеді. Осы мақсатта 7-ші сыныптағы сабаққа тоқтала кетейік. Сабақтың тақырыбы: Word Pad мәтіндік редакторы. Мәтіндік редактор терезесі. Мәтінді енгізу және редакциялау. Сабақтың мақсаты: Word Pad мәтіндік редакторымен жұмыс істеуді үйрету. Тақырып бойынша алынған теориялық білімдерін тапсырмаларды орындау кезінде тиімді пайдалану, алдына қойған мақсаттарына жету. өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
50 Бұл сабақты блоктау арқылы, тірек схемаларын пайдаланып түсіндіру. Word Pad мәтіндік терезесінің ашылуын, оның элементтерін таныстырдым. Терезеге мәтінді теріп жазу, мәтіндік редакторының Word Pad батырмаларының түрлері мен қызметі айтылады. Мәтінді теру мен редакциялау түсіндіріледі. Материал толық түсіндіріліп болған соң, оны бекітуді компьютермен жеке жұмыс жасауға үйрету мақсатында үлестірме бетшелер тапсырылады. Бетшедегі тапсырмаға өлең шумағын аламыз. 1-тапсырма. Берілген өлең шумағын сауатты теріп жазу. 2-тапсырма. Оқушыларға тәрбиелік мәні бар мақалдарды өз ойларынан теріп жазуды тапсырдым. 3-тапсырма. Бір әріпті екі рет қолданбай «Пиктограмма» деген сөздің ең ұзын мағыналы сөз ойлауды ұсындым. 4-тапсырма. «компьютер» немесе «процессор» сөздерінің әріптерінің орнын ауыстыра отырып, осы әріптерден сөз құрастыру керек. Өтілген тақырып бойынша мынадай сөзтізбекті шешуге ұсындым. 1. Ақпараттық процестерді үйрететін ғылым. 2. Графикалық немесе мәтіндік мәліметтерді тікелей оқитын құрылғы. 3. Файлдар көлемін кішірейтіп сақтауға арналған программа. 4. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны. 5. Есеп шешудің алгоритмін компьютерге түсіру жолы. 6. Ақпараттың өлшем бірлігі. 7. Мәліметтерді сақтау үшін қажет құрал. 8. Ақпаратты шығару құрлғысы. Осы сабақты бағалап, қорытынды баға қойылады. Бұл сабақтың артықшылығы мен тиімділігі мынадай: 1. Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытады, сөз байлығын жетілдіреді. 2. Компьютерлік сауаттылығын қалыптастырады. 3. Оқушының пәнге деген қызығушылығын және өзіндік жұмысын, шығармашылығын арттырады. Мектепте компьютерлердің пайда болуы оқушылардың сабақтан тыс жұмыс істеуіне көп мүмкіндіктер берді. Информатикадан
51 жүргізілетін қосымша сабақтар оқушылардың жеке қабілетін дамытуға мүмкіндіктер береді. Ол өзінің алдында мынадай міндеттер қояды: а) информатиканы және оның қолдануларын тереңдетіп оқытуға деген қызығушылығын туғызып, дамыту; б) ғылыми зерттеу сипатындағы дағдыны қалыптастыру; в) информатика мен ЭЕМ-ны қолдану саласында мектеп оқушыларының еңбекке, мамандық алуға дайындығын қамтамасыз ету; г) оқушылардың бос уақыты мен демалысын ұйымдастыру. Мектеп оқушыларымен информатика пәні бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар кейбір жағдайларда дәстүрлі үйірме, факультативтік курстар, экскурсия, олимпиядалар түрінде болуы мүмкін. Сонымен қатар, мұндай жұмыстардың өзіне тән ерекше түрлері де болады. оларға компьютерлік клубтар, жас программалаушылардың сырттай оқитын және күндізгі мектептері мектептен тыс (ақылы курстар) жұмыстармен ұштасатын арнаулы дайындық түрлерін де жатқызуға болады. Математика мен физиканы тереңдетіп оқытатын сыныптар мен мектептер, мектеп аралық оқу - өндірістік комбинаттарында дайындалатын мамандықтар да жатады. Көптеген жылдар бойы информатика пәнінен дәріс беріп жүрген кездегі толғантқан проблемалар: -біріншіден әр сыныпта информатика пәнін енді оқи бастағандар, үйінде компьютерлері барлар бәрін біліп тұрғандай, бірақ ... -екіншіден информатика кітабын оқымайды, терминдер компьютерде орысша, ағылшынша, кітапта қазақша. Оқушы өз іс- әрекетін қазақша айту керек? Жаңа білім алуға қиындық туындады. -үшіншіден информатиканың өмірге қажеттігін біле тұра, барлығын компьютер өзі орындайтындай көрінді. Әр оқушы белгілі бір тақырыптарға ой толғап, суреттеп, еске түсіріп, болжап, жаңалық ашқандай қалыпқа жетіп, ойын айтуға ынталанады, басқалардың ойын тыңдауға үйренеді және өз білімін толықтыра білуге тәрбиеленеді. Сондықтан балаларға жеңіл, қызығатын, өз жұмысын бағалай алатын ұрпақ тәрбиелеу мақсатында оқытудың сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданып жүрмін. СТО тарихынан: • 1997жылы Қазақстанға білім жобасына қатысты • Авторлары Джинни Стилл, Крутис Мередит, Чарльз Темпл ҚазОА Қазақстан Оқу Ассоцациясы, КАЗАZ –жиналыс, конференция, семинар, тренинг
52 • СТО- Сынау деген сөз емес, одан да ауқымды терең, сыни ойлау оқушының қоршаған орта, ақпарат әлеміне, өзіне, өзінің ісәрекетіне, өзінің дербес, интеллектуалдық оқытудан айырмашылығытеориялық білімнің өте аздығы, оның есесіне өзіне тән сабақ құрылымы жасалған Оқушы моделі • Басты тұлға оқушы • Ізденіс, жауапкершілігі артты • Топпен жұмыс, сабақтағы мұғаліммен оқушының бірлескен жұмысты жандана түсті(бейімділігі, иілгіштігі) • оқушының жеке жауапкершілігі басым • өз бетімен жұмыс жасау қабілеттері артты • Дүние танымы кеңіп, рухани өсуіне әр сабақта жағдай жасалды • өз пікірін қалыптастыру • Жұмыс алаңында оқушының ынтасын , үйрену құмарлығын оятып алу • Оқыған кезде (мәтін) мән беріп оқу сын тұрғыдан талдау • Сабақ жоспарлауға шығармашылықпенқарау • Әр сабақтан нәтиже күту нәтижені жоспарлау • Ізденіс жұмыстардың жазылуы, тыңдалуы, жариялануы • өздерін бағалауда ерік беру)бағалау критерий болу керек) Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту критерийі: • Оқушыға жаңа ой мен қабілет тудыруға мүмкіндік жасау • Мұғалім мен оқушы арасындағы өзара сыйластық • Сабақты жоспарлау • Оқушыларды бағалау • Кәсіби өсуі Үнемі қолданылатын ережелер, қабырғаларда жаңартылып ілінуі тұру керек: • Өзің үшін оқыма, жаттау үшін оқыма, ойлау үшін оқы • Маған айтып берсең ұмытым қалармын, айтып берсең – есте сақтармын, өзіме жасатсаң үйреніп алармын • Аш адамға балық берме, қармақ бер! • Ойларыңызды ортаға салыңыз! • Біз үшін әрбір пікір құнды!
53 Сабақ үш кезеңнен өтеді: Қызығушылықты ояту, Мағынаны тану, Ойтолғаныс. Бұл технология бірнеше стратегиялармен жұмыс жүргізуде жүзеге асырылады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсетіп және өзі бастап интерактивті білімге Республика бойынша іске қосып жол ашып көрсетті. «Оқыту үдерісінде әртүрлі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс жүреді». Сындарлы оқытудың да ұстазға қояр басты талабы: - ақпараттандырылған жан-жақты, дүниетанымы кең, өмірге бейім, тәрбиелі әрі саналы шәкірт сомдау. Осы қойылған мақсаттарға жету үшін кіріктірілген сабақтар өткізуде кезіккен қиындықтар компьютер бағдарламаларын тиімді пайдалану жолдарын қарастыру. Жан – жақты білім беруде информатика пәні мен кіріктірілген сабақтар өткізудің тиімді жолдарын ашу: қосымша компьютерлік бағдарламалар мүмкіндіктері пайдаланылады. Информатика сабағының негізгі мақсаты – оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Білім беру мазмұнындағы өзгерістер, тұлғаға бағытталған оқытуды жүзеге асыру – мұғалімнің әдістемелік қызметінен көп жаңашылдықты күтеді, кәсіби құзыреттілігі шеңберінің кеңдігін қажет етеді. Яғни, мұғалім де сыни ойлау қажеттігі туындайды. Өздігінен дамуға, өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылатын ұстаз оқушысына оң бағдар сілтейді деген сенімдемін. Кіріктірілу – бұл бір оқу материалының әр түрлі саладағы жалпы білімдермен тоғысуы, бір-бірімен етене араласып кетуі. Сабақты өткізу үшін мұғалім ең алдымен өз пәнінің оқу жоспары бағдарламасымен танысып, әр жылға күнтізбелік жұмыс жоспарын жасайды, әр сабақтың тақырыптық жоспарын, конспектісін дайындайды. Онда ол пәнаралық байланысты, әр сабақтың мақсат-міндеттерін, өздік жұмыстардың көлемін, оқыту әдістерін, көрнекі, техникалық құралдарды анықтаймын. Алғашында Сабақтың логикалық құрылымын жасадым. Сабақты 7модульмен өткізгенде ақпараттық технология мен кіріктірілген оқыту технологиясын байланыстыра өту өте тиімді нәтиже береді. Ақпараттық технологияда біз ұстазды ақпарат беруші, бағыт-бағдар көрсетуші деп түсінеміз. Белгілі бір тақырып бойынша мәлімет,
54 әдебиеттер және т.б. беріледі. Ал кіріктірілген инновациялық технологияда тақырыпқа байланысты мәлімет, ақпараттың барлығын жан-жақты пән мұғалімдері түсіндірілуі, дәлелденуі және жеткізілуі оның басты артықшылығы болып тұр. Ұстаз әркез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды. Оқушы үшін сабақты қызықты ете алады. Бір кіріктірілген сабақта бірнеше пәннің білімі, өнер мен шығармашылықтың түрлі саласы жарасым табады. Мысалы көрсетілген пәндердің байланысуынан көруге болады. Өткізген сабақтар нәтижесінде қолданылған компьютерлік бағдарламалар өкінішке орай информатика пәні сабақтарында оқытылмайды. Ал, қазіргі ақпараттық технологияның дамуына байланысты әр салаға қолданылатын, арнаулы ақпараттарды өңдеуге қолданылатын бағдарламалар да күннен күнге өзгеріп қарқындап дамып келеді. Мұғалімдер де, оқушылар да өз уақытында тиімді пайдалана білуіміз керек. Geonext, Geogebra, Visalmint,Tarsia, Move mecer, Activstudio, mail.ru, Интернет, e-larning, Microsoft Office, Macromedia flah, Adobe тобындағы бағдарламаларын және тест бағдарламаларын пайдалануды оқыту жоспары жасалып, курс жүргізіліп келеді. Бұл таңдалып алынған компьютерлік бағдарламалар мүмкіндіктерін пайдалану мысалы: Geonext, Geogebra – математика, геометрия, алгебра пәндеріне арналған. Visalmint,Tarsia, Move meker, Activstudio, mail.ru, Интернет, – жалпы оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылығын, ой өрісін кеңейтуге, логикалық ойлауын дамытуға, жалпы ақпаратты өңдеу және қойылған мақсаттарды шешуге көмекке келетін бағдарламалар. Microsoft Office, Macromedia flah, Adobe – гуманитарлық, жаратылыстану пәндерін оқытуға қолдану мақсатында мүмкіндіктерін пайдалану. Сындарлы оқыту курсындағы оқыту мен оқу үшін АКТ–ны пайдалану модулі бойынша тиімді жол ашылады. Себебі компьютер мүмкіндігін тиімді қолдану қолданылатын бағдарламаларды сауатты пайдалану оқушы мен мұғалім білгенде ғана жүзеге асатыны сөзсіз. Өткізілген сабақтардың тиімді, өз деңгейінде өтуі оқушыларды осылай қолданылатын бағдарламаларды оқыту өз жемісін беріп келеді. Оқушыларға ыңғайлы іс-әрекет түрлерін таңдап, олардың ақыл-ойын, есін, қиялын, жеке қабілеттерін дамытатын құралдарды қолдану керек. Сонымен қатар әр түрлі шығармашылық жаттығулар, практикалық, зертеу жұмыстары беріліп, өз білімдерін алуда басқа
55 пәндермен информатика пәнін бірге оқуға, бірін- бірі толықтыратынына көзіміз жетіп келеді. Шығармашылық тапсырмалар: І бағдарлама: Tarsia 1. Жуан және жіңішке сұрақтар; тест сұрақтарын жаттау, логикалық ойларын жетілдіру ІІ бағдарлама: Visualmind 2. Ассоцация, интеллект карта, модельдеу: тарау, тақырыпша, жалпы курс бойынша, басқа бағдарламалармен байланысы ІІІ бағдарлама:Geonext 3. Координаталық жазықтық, есептерін шығару кезеңіндегі алгоритм жазудағы бағдарламасы IV бағдарлама: Move meker 4. Әр түрлі баяндау, танымдық, шығармашылық бейнефильмдер жасау V бағдарлама: Записки(стикерлер) VІ бағдарлама: Geogebra 5. Әртүрлі есептердің берілуін сызба, зерттеулер арқылы саралап, шығармашылықтарын дамытады
56 3. ИНФОРМАТИКАДАН ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ 3.1 Информатикадан дидактикалық материалдар түрлері Тестік тапсырмалар. Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу- тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып табылады. Мектептегі сабақ класс- сабақ жүйесінің негізін қалайды. Оның мынадай негізігі сипаттары бар: 1. оқу топтарының құрамы; 2. әр кластағы оқу мазмұнын қатаң анықтау; 3. оқу сабақтарының нақты белгіленген кестесі, 4. оқушылар жұмыстарының жеке және бірлескен түрлерін ұштастыру; 5. мұғалімнің жетекші ролі; 6. оқушылар білімін жүйелі тексеру және бағалау. Чех халқының аса үздік педагогы Я.А.Каменскийден бастау алған класс-сабақ жүйесі бүгінге дейін мектепті құрылымдық ұйымдастырудың негізі болып келеді.Информатика негіздерін оқыту да дидактиканың қалыптасқан бай тәжірибелерін пайдаланады, әрі мазмұнын өзінің ерекшеліктерімен толықтыра түседі. Дидактикада сабақ типтерін жүйелеуде әртүрлі айырым белгілері пайдаланылады. Сабақтың ең басты белгісі – оның дидактикалық мақсаты. Ал, дидактикалық мақсат – оқытушының алға қойған жоспарын көрсетеді. Соған сәйкес дидактикада сабақтың мынадай түрлері бар: 1. жаңа сабақ (тың хабарлар айту, түсіндіру сабағы); 2. оқушылардың шеберліктерін және дағдыларын дамыту, бекіту сабағы (жаттығу сабағы) 3. оқушылардың білімін, шеберлігін және дағдыларын тексеру сабағы. Көптеген жағдайда мұғалім осы аталған дидактикалық мақсаттардың біреуін ғана басшылыққа алып қоймайды, олардың бірнешеуіне немесе барлығына сүйенеді. Сол себепті тәжірибе жүзінде аралас сабақ түрі кеңінен қолданылады.аралас сабақтың құрамы әртүрлі болып келеді және оның бірқатар артықшылықтары бар. Сабақтың түрлерін араластыра қолдану жаңа білімді сапалы, әрі жылдам қабылдауды, кері байланысты және педагогикалық процесті
57 басқаруды, бағаларды көбейтуді, оқытуды жекеше ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Информатикадан өтілетін сабақтардың өз ерекшеліктері де бар. Академик М.П.Лапчик информатика курсы бойынша өтілетін сабақтарды ЭЕМ-ді қолдану мөлшеріне қарай үш түрге бөледі: демонстрация, фронтальды зертханалық жұмыс және практикум. Тексеріс, тақырыптық және қорытынды бақылау формаларының өзектісі тестілеу болып табылады. Педагогикада тест деп стандартталған тапсырма, игерген білім нәтижесін алу болып саналады. Педагогикалық тест тест формасының тапсырма бөліктерінен тұрады, келесі негізгілерге көңіл бөлеміз: 1. берілгендердің ішінен дұрысын табу тапсырмасы; 2. ашық жауап тапсырмасы; 3. ұқсастарға тоқтау тапсырмасы; 4. дұрыс жауапқа тоқтау тапсырмасы. ең негізгі тапсырма типі болып табылады. Тест ұйымдастыруға көбірек көңіл бөлеміз, себебі, бұл көптеген оқушылар үшін алғашқы өздерін сынау болып табылады. егер сіздің бесінші сынып оқушыларыңыз, бастауыш сыныпта тестпен жұмыс істемеген болса, онда оларды алғашқы тест кезінде, тест тапсырмаларымен жақсылап таныстырып, түсіндіру керек, бағалау жүйесімен және тест тапсырмалары бланкінмен дұрыс таныстыру керек, қалай толтыру және де уақытты қалай пайдалану керектігін айтып түсіндіру керек. Тәртіп бойынша, алғашқы тест тапсыру кезінде, екі берілгеннің біреуін таңдау тапсырмасын беру керек. Мұндай тапсырмалар минималды болуы керек. Тест тапсырмалары вариантын екі ғана емес үш-бес қылу және тапсырмада бір ғана дұрыс жауап емес екі дұрыс жауап беру керек. Тест бланкісін жасаған кезде, егер тапсырмада жауапта, дұрыс жауаптар саны біреу болса, оны дөңгелекпен, ал жауаптар саны көп болса оны төртбұрышпен белгілеу керек. Оқушыларды тестпен жұмыс істеуге дайындаған кезде оларға міндетті түрде бағалау кезіндегі тәртіпті айтып түсіндіру керек: әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл; әрбір қате жауап үшін 1 балл төмендетіледі; жауапсыз қалған сұраққа еш нәрсе қоспау керек. Тест тапсыру үшін керек құралдар мыналар:
58 1. Қаламсап. 2. Біріншіден, жеке мәліметтер графас ын толтыру керек. 3. Тест тапсыру кезінде оқулық және т.б. қолдануға болмайды. 4. Сіз дұрыс деп тапқан жауап дөңгелегі мен квадрат қасына белгі қою керек. 5. Егер таңдалған жауап дұрыс болмаса, белгіні өшіріп, дұрыс жауаптың қасына белгі қою керек. 6. Егер сұрақ жауабын білмесеңіз, оған көп уақыт кетірмей, келесісін орындай беру керек. Егер соңында уақыт қалса, қалып қойған сұраққа қайта ораласыз. 7. Білмеген сұрақтарды мұғалімнен сұрау керек. 8. Тест толтыру уақыты шектелген. Тесттік сынақ жұмыстарының тиімділігі: 1. оқу процесіне барлық оқушылар түгел тартылады; 2. тексеруге оқу материалын толық қамтуды қамтамасыз етеді; 3. аз уақыттың ішінде барлық оқушылардың білімін анықтауға мүмкіндік береді; 4. оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытады, жылдамдыққа, тапқырлыққа дағдыландырады; 5. оқушылардың күнделікті сабаққа ұқыпты дайындалуын талап етеді; 6. оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын арттырады; 7. оқушылардың жауаптарды салыстырып, дұрыс жауабын таңдай білуге, өз бетінше қорытынды жасай білуге дағдыландырады; 8. оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады; 9. барлық оқушылардың білімін бағалауға болады. Мәтіндік тест Тақырыбы: Алгоритм ұғымы «Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы IX ғ. атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763-850 жж.) есімінің латынша Algorithmi болып жазылуынан шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көпорынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Алгоритм дегеніміз – қойылған мәселені шешуге бағытталған әрекеттер тобын іске асыру үшін қолданылатын нұсқаулар
59 жиынтығы. Алгоритмнің 4 қасиеті бар: 1 анықтылығы 2 дискреттілігі 3 жалпылығы 4 нәтижелілігі 1.Алгоритм атауы кімнің есімімен байланысты шыққан? А) әл-Хорезми Б) Ибн Сина В) әл-Фараби Г) М. Қашғари 2.Әл-Хорезмидің толық есімі: А) әл-Мұса Хорезми Б) әл-Мұса ибн Хорезми В) Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми Г) әл-Мұхаммед ибн Мұса Хорезми 3.Алгоритм атауы қай ғасырда пайда болған? А) XII ғ. Б) XV ғ. В) IV-V ғғ. Г) IX ғ. 4.Алгоритм ұғымының латынша дұрыс жазылу баламасы: А) алгоритм Б) algorithmy В) algoritmy Г) algorithmi 5.Қойылған мәселені шешуге бағытталған әрекеттер тобын іске асыру үшін қолданылатын нұсқаулар жиынтығы не деп аталады? А) анықтылық Б) алгоритм В) есептің қойылуы Г) ақпарат 6.Алгоритмнің неше қасиеті бар? А) 5 Б) 2 В) 3 Г) 4 7.Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми кім? А) ақын Б) философ
60 В) математик Г) қоғам қайраткері 8.Әл-Хорезми қандай санау жүйесінде көпорынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған? А) екілік санау жүйесінде Б) сегіздік санау жүйесінде В) он алтылық санау жүйесінде Г) ондық санау жүйесінде 9.Алгоритм қасиеттеріне жатпайтын жолды көрсет: А) бірізділік Б) анықтылық В) нәтижелілік Г) дискреттілік Д) жалпылық 10. Алгоритм қасиеттерінің соңғы қасиеті: А) жалпылық Б) нәтижелілік В) дискреттілік Г) анықтылық Тақырыбы: Есептеуіш машиналардың тарихы ХХ ғ. І жартысында радиотехника қарқындап дамыды. Радиоқабылдағыштар мен радио арқылы хабар беретін құралдардың негізгі элементі – электронды–ваккумды лампалар болды. Электронды лампалардың алғашқы электроды – есептеуіш машиналардың техникалық негізгі элементі болып табылады. Бірінші электронды есептеуіш машина 1946 ж. АҚШ–тың Пенсильван университетінде жасалды, оны ENIAC деп атады. ENIAC–тың конструкторлары – Дж.Моучи мен Дж. Эккерт. ENIAC- тың салмағы 30 т. және оның 18000 электрондық лампасы бар, ол бір секундта 5000 қосу, суайту амалдарын, 300 көбейту амалын орындай алады. 1.Радиотехника қай ғасырда дамыды? а) ХІХ ғ. в) ХХ ғ. І жартысында с) ХХ ғ. ІІ жартысында д) ХХ ғ. е) ХХІ ғ. 2. Радио арқылы хабар беретін құралдардың негізгі элементі: а) электронды ваккумды лампалар
61 в) есептеуіш машиналар с) есептеуіш конструкторлар д) электронды конструкторлар 3. Бірінші электронды есептеуіш машина қай жылы жарық көрді? а) 1956 ж. в) 1966 ж. с) 1946 ж. д) 1976 ж. е) 1936 ж. 4. Бірінші электронды есептеуіш машинаның атауы: а) ENIAC в) EDSAC с) МЭСМ д) БЭСМ 5. ENIAC–тың конструкторлары: а) Дж. Моучли, Дж. Эккерт в) Джон Фон Неймен, Дж. Эккерт с) Ч. Бэббидж, Дж. Моучли д) А. Гарворд е) С.В. Лебедев 6. ENIAC–тың салмағы: а) 40 т. в) 30 т. с) 25 т. д) 35 т. е) 20 т. Тақырыбы: Компьютер архитектурасы «Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «есептеуіш», яғни есептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді. Компьютерлер есептеу операцияларының күрделі қатарларын адамның қатысуынсыз, алдын ала көрсетілген нұсқаулық–бағдарлама бойынша жүргізуге мүмкіндік береді. Есептеуіш техниканың қазіргі тарихының негізі 1943 жылы «Марк-І» машинасының дүниеге келуінен бастап қаланды. Компьютерлердің алдыңғы буындары шамдық есептеуіш машиналар болатын, олардың орнын транзисторлы электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ), содан кейін интегралды сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ және ең ақырында, қазіргі таңда аса үлкен интеграциялық деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ басты. Қазіргі кезде
62 компьютерлер көмегімен сандық есептеулер жүргізіліп қана қоймайды, баспаға кітаптар әзірленеді, музыка, суреттер, кинофильмдер жасалады, заводтар мен ғарыштық кемелерді басқару жүзеге асырылады. Қазіргі заманғы компьютер – бұл ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, өңдеуге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы. Бүгінде компьютерлердің бесінші буыны ЭЕМ-нің суперкомпьютерлер, мейнфреймдер, серверлер және дербес компьютерлер сияқты негізгі түрлерін ұсынады. Алғашқы дербес компьютер, яғни жеке пайдалануға арналған компьютерді 1981 жылы IBM фирмасы ұсынды. IBM құрастырушыларының сәтті технологиялық шешімдері мен Microsoft фирмасының бағдарламалық жабдықтары арқасында компьютер жаппай пайдалануға лайықталып, IBM PC стандарты пайда болды . 1.«Компьютер» сөзін ағылшын тілінен аударғандағы мағынасы А) есептеуіш Б) санау жүйесі В) желі С) жүйе 2.Компьютер есептерді қандай бағдарлама бойынша жүргізеді А) адамның қатысуымен Б) нұсқалық–бағдарлама В) есептеуіш жүйе С) калькулятор 3.Есептеуіш техниканың қазіргі тарихы басталады А) 1943 ж. Б) 1988 ж. В) 1962 ж. С) 1897 ж. 4.Компьютер буындары А) 2 Б) 3 В) 5 С) 4 5.Қазіргі кездегі компьютер мүкіншіліктері А) сақтауға ,өңдеуге,бейнелеуге Б) сөйлеуге В) ойлауға 6. Бүгінгі таңда компьютердің қай версиясы жұмыс істеуде А) Pentium 1
63 Б) Pentium2 B) Pentium3 C) Pentium4 7. Алғашқы дербес компьютер қай жылы, қай фирманың ұсынуымен пайдаланды А) 1981жылы IBM Б) 1988жылы Microsoft В) 1943жылы Borland 8. Microsoft фирмасының бағдарламалық жабдықтарының арқасында қандай стандарт пайдаланылды А) IBM PC Б) Pentium В) Microsoft С) Borland «Ақпарат» және «Басқару» түсініктерінің бірігуі ХХ-шы ғасырдың 40-шы жылдары Н. Винердің кибернетиканы ашуға мүмкіндік тудырды. Кибернетика тұңғыш рет техникадағы, қоғамдағы және тірі организмдердегі ақпараттық процестердің ортақтығын көрсетті. «Ақпарат» ұғымын қолдану қазіргі биологияның, әсірісе оның нейрофизиология және генетика сияқты бөлімдерінің дамуына маңызды ықпал жасады. 1.«Ақпарат» және «Басқару» түсініктері қашан бірікті? 1. Ақпарат ұғымы қай саланың дамуына маңызды ықпал жасады? 2. Кибернетиканы ашуға қандай сөздер мүмкіндік берді? 3. Н. Винер кибернетиканы қай жылы ашты? Тақырыптық тест 1.КИБЕРНЕТИКАНЫҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ 1) Винер 2) Нейман 3) Ершов 4) Буль 2. МЫНА ЖЫЛДАРЫ АЛҒАШҚЫ ЕҢБЕГІН ЖАЗДЫ 1) 1946 2) 1950 3) 1940
64 Текст Ойлау, қабылдау туралы алғашқы ілімдер Ежелгі Шығыс елдерінде пайда болды.Оның негізіне грек ойшылы Аристотель құрған ілім жатады. Неміс ғалымы Г.и.Лейбниц (1666) жылы алғаш рет ойлау, пайымдау заңдылықтарын ашты.Жүз жылдан соң, Жоуль Буль математикалық заңдылықтарға бағынатын логикалық әмбебаб тілді құру идеясын ұсынды.Ол әріптерден бастап сөйлемдерге дейін қолдануға болатын белгілеулер мен ережелер жүйесін ойлап тапты.Дж.Буль логикалық алгебраның атасы болып табылады. Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері 1. Ақпарат компьютерде қандай түрде сақталады? А)Әріптер В)Мәтіндер С)Сандар D) Нөл мен бірлер 2. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі: А)Бит В)Байт С)1 D) Әріп 3. Бір байт – ол: А)10 бит В)16 бит С)8 бит D) 4 бит 4. Бір символдық мәтін әдетте ... кодталады. А)1 битпен В)1 байтпен С) Әріппен D) Он битпен 5. 1 Кбайт – ол: А)100 бит В)1000 байт С)1024 байт D) 1500 байт 6. 1 Мбайт – ол: А)100 Кбайт В)1000 байт С)1024 Кбайт
65 D) 1500 Гбайт 7. 1 Гбайт – ол: А)1024 Мбайт В)100 Кбайт С)1000 Мбайт D) 1500 Мбайт 8. «Information» сөзінде қанша бит бар? А)14 В)88 С)72 D) 128 9. Қандай ақпарат дискіде ең аз орын алады? А)Мәтін В)Сурет С)Музыка D) Видео 10. Қандай ақпарат дискіде ең көп орын алады? А)Мәтін В)Сурет С)Музыка D) Видео Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері 1. Ақпарат компьютерде қандай түрде сақталады? А)Әріптер В)Мәтіндер С)Сандар D) Нөл мен бірлер 2. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі: А)Бит В)Байт С)1 D) Әріп 3. Бір байт – ол: А)10 бит В)16 бит С)8 бит D) 4 бит 4. Бір символдық мәтін әдетте ... кодталады. А)1 битпен
66 В)1 байтпен С)Әріппен D) Он битпен 5. 1 Кбайт – ол: А)100 бит В)1000 байт С)1024 байт D) 1500 байт 6. 1 Мбайт – ол: А)100 Кбайт В)1000 байт С)1024 Кбайт D) 1500 Гбайт 7. 1 Гбайт – ол: А)1024 Мбайт В)100 Кбайт С)1000 Мбайт D) 1500 Мбайт 8. «Information» сөзінде қанша бит бар? А)14 В)88 С)72 D) 128 9. Қандай ақпарат дискіде ең аз орын алады? А)Мәтін В)Сурет С)Музыка D) Видео 10. Қандай ақпарат дискіде ең көп орын алады? А)Мәтін В)Сурет С)Музыка D) Видео
67 Информатикадан бақылау жұмыстары Жедел жад Жүйелік жад көбінесе жедел жад немесе ................... (Random Access Memory -RAM) деп аталады. Бұл онда процессор өңдеу кезінде пайдаланатын барлық бағдарламалар мен ............... жазылатын негізгі жад. ................... деректерді сақтау үшін оны үздіксіз электрмен қоректендіріп отыру керек. ................. ажыратқанда – жедел жадтағының бәрі өшеді, ал ................. қосқанда – барлық бағдарламалар мен деректерді процессордың өңдеуі үшін жедел жадта қайта жүктейді. Бастапқы жүктеу бағдарламалары процессорға тұрақты жадтайтын құрылғы – .............. (Read Only Memory - ROM) деп аталатын, ішіндегісі компьютерді әдеттегідей ажыратқанда өшпейтін арнайы типті жадтан жүктеледі. Бұл жадта .................. және басқа бағдарламаларды дискіжетектердің бірінен жедел жадқа жүктеуге мүмкіндік беретін командалар жазылған. Кейінгі ............... операциялық жүйелер бірнеше бағдарламаларды қатар орындауға мүмкіндік береді және әрбір бағдарлама (немесе деректер файлы) жадтың өзіне бөлініп, арнайы белгіде жүктеледі. Жалпы айтқанда да, жүйе жадының көлемі неғұрлым ...........болса, соғұрлым көп бағдарламаны қатар орындауға болады. Қазіргі компьютерде жад модульдері екі: SIMM (Single Inline Mymory Module – жадтың ................. модулі ) немесе DIMM (Dual Inline Module-жадтың................ модулі) типтерінің біріне жатады. Қажетті сөздер: үлкен, жаңа, кіріктірме жеке, құрамдас қосарлы, ІЖҚ, деректер, ерікті қатынасты жад, жедел жадта, компьютерді, операциялық жүйені, компьютерді. Мәтін түрлері Мәтінді компьютерде өңдеудің негізгі құндылығы – ақпаратты өзгерту, ........... және көшірудің жеңілдігі. Үлкен мәтінге өзгеріс енгізгенде, өзгертілуге тиіс бөлігі ғана өзгереді де, мәтіннің негізгі бөлігі сол қалпында қалады. Мәтіндік құжаттардың құрамында, негізінен мәтіннің үш түрін ажыратуға болады: кәдімгі, , программалық мәтін. Бірақ мәтіндік құжаттарда ............... файлдарға жатпайтын және енгізілген ......................... деп аталатын басқа да объектілер: сурет, график, ........................фотосуреттер болуы мүмкін.
68 .................... объектілерді, әдетте басқа программалар жасайды және мәтіндік құжатарға дайын объекті күйінде кірістіріледі. Мәтіннің жоғарыда аталған түрлерінен басқа тағы бір түрі ............... ................. болады, ол, негізінде Internet-те ........................ оқулықтарда, анықтамалар мен энциклопедияларда қолданылады. ..................... – бұл басқа мәтіндермен графикалық, ................, дыбыстық ақпаратпен мағыналық байланысын қамтитын мәтін. Ауысу түрлі түсті асты сызылған мәтін немесе графика болып табылатын ....................... арқылы жүзеге асырылады. Қажетті сөздер: кестелік, көбейту, енгізілген, мәтіндік, гипермәтін, гиперсілтеме, электрондық, гипермәтін, электрондық кесте, объектілер Компьютерлік вирустар Компьютерлік вирус - «көбейтілуге» және басқа программаларға «...........................» қабілетті, әдетте өлшемі шағын арнайы компьютерлік программа. Ол компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз, «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файлмен бірге түсуі мүмкін. Ішінде вирусы бар ................................ «зақымдалған» деп аталады. «Зақымданған» программа жұмысын бастағанда, алдымен басқаруға ............................. алады. Вирус басқа программаларды тауып, оларды зақымдайды, сонымен қатар қандай да бір зиянды әрекет жасайды: компьютердің қалыпты.................... істеуіне кедергі келтіреді, дискідегі файлды бұзады, компьютерде сақталған ақпаратты .......................,..............жадты «ластайды» және т.с.с. Компьютер вируспен зақымдалғанда келесі операцияларды орындау керек. 1) Вирус өзінің бүлдіретін функцияларын орындауын жалғастырмау үшін компьютерді ....................... керек. 2) Компьютерді «.......................», «жүйелік» дискетен жүктеп, вирустарды тауып, оларды ......................... үшін антивирустық программаларды іске қосу керек. 3) Қажетті сөздер:
69 Операциялық жүйе Операциялық жүйе – бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын ............................. Операциялық жүйе пайдаланушымен ......................... жасай алады, орындалатын басқа программаларды іске қосады, компьютерлердің ресурстарын ( жедел жадты, дискідегі орынды және т.б.) бөледі. Операциялық жүйе ........................... мен компьютердің электрондық құрауыштар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және оларды алуға, .......................... жұмысын басқаруға, компьютердің және оған қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік береді. Қазіргі .......................... – жылдар бойы жүздеген, мыңдаған жасаушылар құратын .......................... программалық кешендер. Компьютермен қарым қатынас жасау дың қолайлы әдісі – операциялық жүйе қамтамасыз ететін........................... маңызды. Операциялық жүйелер 1) бір мәтінді, 2) көп мәтінді, 3)бірпайдаланушылы, 4) көппайдаланушылы. ........................... операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануына, яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді. Анығырақ айтқанда, мұндай жүйелер, әдетте, негізгі режимде бір программаны және .............................. деп аталатын режимде көмекші тағы бір программаны іске қосуға мүмкіндік береді. Көпміндетті жүйелер бірнеше программаны ................................. іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл прграммалар бір біріне кедергі елтірмей, қатар жұмыс істейді. Қажетті сөздер: жою программа жүктеп эталондық өшіру күрделі қатар вирус жедел жұғуға бүлдіреді операциялық жүйелер интерфейс арнайы программа Бірміндетті программа адам
70 Принтер ... – ақпараттарды қағазға ... шығаратын құрылғы. Ол ... не шығарылса, соның бәрін ... басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кеселік, графикалық ... шығаруға болады. Принтерге ақпараттық кескінін карауымыз бойынша ақ-қара немесе түрлі ... шығаруға болады. Принтердің бірнеше түрі бар: матрицалық, еш бүріккіш, лазерлік, т.б. принерлер бар. Олардың ішіндегі басып шығаруға сапасы және конструкциясы бойынша ең қарапайымы ... (инелі) принтер болып табылады. ... (струйный) принтердің матрицалық принтердегі айырмашылығы құрылымында ғана. Бұл принтерлерде ... және түрлі түсті сұйық сияны кішкене тесіктер (сопло) арқылы бүрку тәсілі қолданылады. ... принтердің алдыңғы екеуіне қарағанда басу сапасы мен жылдамдығы өте ... . Мұнда қағаз ионизацияланады, яғни электр өрісінің әсерімен арнайы жасалған ұнтақ қағазға тартылады да, қатты оған ... . Қажетті сөздер: дисплейге, принтер, қағазға, түсте, ақпараттарды, сия бүріккіш, лазерлік, қара, матрицалық, жоғары, жабылады. Процессор ... – компьютердің ең басты бөлігі. Ол ... «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және программалардағы барлық ... орындайды. Бұл ... берілген командаларда түсінік, оларды орнайды және өз жұмысының нәтижелерін шығарып берді немесе оны.......жадына жазады. Компьтердің кез келген жұмысы процессордың қосылуымен ... Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасы ... атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған ... (Pentium) «пентиум» деп аталады. Сондықтан мұндай процессор орнатылған компьютерді де «...» деп атайды. Процессор ... бірге жұмыс істейді. Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпаратты алады және жұмысының нәтижесі ... жадқа жібереді. Қажетті сөздер: құрылғы, процессор, компьютердің, орындалады, машинаның, микропроцессор, пентиум, процессор, қайтадан, жадпен.
71 Компьютерлік желінің негізгі түрлері *****-ресурстарды(диск,файл,принтер,коммуникациялық құрылғылар)тиімді пайдалану мақсатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.Желі жұмыс жасау үшін арнайы ***** және ***** жабдықтар болуы қажет.***** арқылы оған қосылған кезкелген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады.***** желіге желілік тақша,модем немесе жоғары жылдамдықты сандық телефондық қызмет торабы арқылы қосылады.Егер желі елдегі аймақтық масштаптағы компьютерлерді біріктірсе,оны ***** деп атайды.Егер қашықтықтағы компьютерлерді байланыстыру үшін телефон желісі қолданылса,***** қажет болады.Үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер ***** деп аталады.Әр түрлі желілерді түйістіру ***** деп аталатын арнайы компьютерлер немесе программалар арқылы қамтамасыз етіледі.*****- адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетістіктерінің бірі.Осындайда шлюздік компьютер желі әкімдігі рұқсат берген ақпаратты ғана өткізуді қамтамасыз ететін ***** рөлін атқарады. Қажетті сөздер: Аймақтық есептеуіш желісі, компьютер, модем, аппараттық және программалық,компьютерлік желі, желі, шлюз, теллекоммуникациялық есептеуіш желілері, брандмауэр,интернет. Жергілікті желілер *****- саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады.*****- (кодтау процесі),осыдан кейін сигнал қайта түрлендіріледі (декодтау процесі).Компьютерлер,жергілікті желіге желілік тақша деп аталатын интерфейстік блок - ****** арқылы қосылады.*****- компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы. Кең таралған адаптерлерге: *****,*****,және ***** типтері жатады.Екі компьютерді желіге қосудың Direct Cable Connection(DCC)-***** деп аталатын қарапайым әрі тиімді тәсілі бар. Жергілікті желінің екі түрі бар:***** және ***** (бір рангілі),яғни тең дәрежелі желі.*****- ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер.Жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланысу тәсілі ***** деп аталады.Ең қарапайым топология түрі-*****. ***** топологиясы деп аталатын желі байланысында барлық компьютерлер тұйық сақина түріндегі кабельге жалғанады.Файлдық серверлерге негізделген желіде компьютерлер бір-бірімен ***** схемасы түрінде
72 жалғанады.Ортақ деректер базасының каталогі , желілік ресурстармен біріңғай қорғаныс саясатын бөлісудің орталықтандырылған тәсілі бар компьютерлер тобының ***** атауы болады. Қажетті сөздер: Ақпарат,клиент-сервер және бір деңгейлі,тікелей кабельдік жалғау,желілік адаптер,жергілікті желі, сервер, жұлдыз, домен, шина, Ethernet-Token Ring-Arc Net, топология, сақина. Электрондық пошта *****- бұл компьютерлік желі арқылы хабарлама жөнелту және қабылдау тәсілі.Пошталық сервермен байланыстырылған әр бір абонентің электрондық адресі,пошталық жәшігі болады.Бұл жәшік абоненттің ***** қорғалған. Пошталық серверлер хабарламамен автоматтық режимде алмасады,желідегі хабарламаның қозғалыс маршруты арнайы программа - ***** арқылы есептеледі. Пайдаланушы жұмыс істейтін барлық хабарламалар бірнеше ***** сақталады.*****- бумасында аяқталмай қалған және жөнелтілмеген барлық хабарламалар сақталады.Поштаны жеткізуді ***** командасы арқылы да орындауға болады. Қажетті сөздер: Маршрутизатор,алғашқы нұсқа,құпия сөзімен, сервис-поштаны жеткізу,электрондық пошта,бумалар. Ауқымды компьютерлік желі Бір немесе бірнеше желілерді бір-бірімен өзара байланыстыру ***** немесе ***** деп аталады.Әр саладағы желілер әр түрлі ***** жұмыс істеуі мүмкін.Ал бірдей хаттамамен жұмыс істейтін екі желі біріктіретін құрылғыны ***** деп атайды.Көп жағдайда бағалы ақпараттар сақталатын мекемелердің компьютерлері ауқымды желіге қосылғанымен сыртқы тұтынушылардың өз желілеріне қосылуына рұқсат бере алмайды.Бұл жағдайда ***** қорғану қызметін атқарады. Қорғаныстық қызмет атқаратын шлюздік компьютерлер ***** деп аталады. Қажетті сөздер: Брандмауерлер,көпір,желіаралық байланысауқымды желі,хаттамамен, шлюздік компьютерлер. Компьютер деген не? «Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда ....................., яғни есептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді. Компьютерлер есептеу операцияларының күрделі қатарларын адамның қатысуынсыз,
73 алдын ала көрсетілген нұсқаулық – бағдарлама бойынша жүргізуге мүмкіндік береді. Есептеуіш техниканың қазіргі тарихының негізі 1943 жылы «Марк-І» машинасының дүниеге келуінен бастап қаланды. Компьютерлердің алдыңғы буындары.................есептеуіш машиналар болатын, олардың орнын транзисторлы электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ), содан кейін – интегралды сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ және ең ақырында, қазіргі таңда аса ............................ деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ басты. Қазіргі кезде компьютерлер көмегімен сандық есептеулер ........................ қана қоймайды, баспаға кітаптар әзірленеді, музыка, суреттер, кинофильмдер жасалады, заводтар мен ғарыштық кемелерді басқару жүзеге асырылады және т.б. Қазіргі заманғы .................. – бұл ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, өңдеуге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы. Бүгінде компьютерлердің ........................................ЭЕМ-нің суперкомпьютерлер, мейн-фреймдер, серверлер және дербес компьютерлер сияқты негізгі түрлерін ұсынады. Алғашқы дербес ............................, яғни жеке пайдалануға арналған компью-терді 1981 жылы IBM фирмасы ұсынды. IBM құрастырушыларының сәтті технологиялық шешімдері мен Microsoft фирмасының бағдарламалық жабдықтары арқасында компьютер жаппай пайдалануға лайықталып, IBM PC стандарты пайда болды1. Құрылысы .................. компьютерлер бірнеше түрлі болады: үстел үстінде тұратын (DeskTop), ұтқыр (NoteBook), қалтаға салуға келетін (Pocket PC), алақанға сыятын (Palm PC) және т.б. Қажетті сөздер: шамдық, жүргізіліп, компьютер, бойынша, есептеуіш, үлкен интеграциялық, бесінші буыны, дербес компьютер. Компьютер қалай жұмыс істейді және қайда қолданылады? Компьютер жүйелік бағдарламалар,............................бағдарламалар және бағдарламалау жүйелерінен құралатын бағдарламалық жасақтама ......................жұмыс істейді. Жүйелік бағдарламалардың негізгісі компьютердің мәліметтерді өңдеу жөніндегі барлық жұмысын ............................., , компьютердің барлық құрылғыларын басқаратын, компьютер құрылғылары және адам мен компьютер арасында ................. алмасуды жүзеге асыратын амалдық жүйе (АЖ) болып табылады.
74 Дербес компьютерлер ең кеңінен қолданылатын компьютерлер қатарына жатады, олардың қуаттылығы үнемі ................, ал қолданылу аясы кеңейіп келеді. Дербес компьютерлерді желіге біріктіруге болады, бұл ондаған, тіпті жүздеген пайдаланушыларға оңай .................. алмасып, бір мезгілде ортақ деректер қорына қол жеткізе алуға мүмкіндік береді. ...................................... құралдары көмегімен компьютерлерді пайдалану-шылар телефон тораптары арқылы басқа қалаларға мәтіндік және факсимилді хабарламалар жөнелтіп, ірі мәліметтер банктерінен ақпарат ала алады. Компьютерге қажетті бағдарламалық................................ мен қосымша құралдарды орнатып, сіз одан өзіңізге жұмыста таптырмайтын көмекші жасап ала аласыз. Қажетті сөздер: қолданбалы мәлімет, ұлғайып, электронды пошта, көмегімен, жасақтамалар, ұйымдастыратын, ақпарат. Компьютерге күтім жасау ережелері және қауіпсіздік техникасы Компьютердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге оған күтім жасау.................... көмектеседі: - .......................... орналастыратын орын таңдау кезінде оның жылыту радиаторлары жанында қызып кетуі мүмкін екенін есте ұстаңыз; - мониторды күн сәулесі бейне бетке тікелей........................... етіп орналастырыңыз; - ................. бейне бетін арнайы ерітінділермен және арнайы шүберектермен сүртіп отырыңыз; - тінтуірдің жұмыс бетін шаң-тозаңнан үнемі тазартып отырыңыз; - компьютер тұрған жайды күн сайын жинастырып отырыңыз. Аппараттармен, кабельдермен және мониторлармен жұмыс істеу кезіндегі абайсыздық электр тогынан зардап шегуге әкеп соқтырып, жабдықтарды күйдіріп жіберуі мүмкін. Сондықтан: - жалғаушы............................ажыратқыштарын қолмен ұстауға; - қоректендіру сымдарына және жерге қосу құрылғыларына қол тигізуге; - бейне бетке және монитор мен ........................ сырт жағына қол тигізуге; - монитор мен пернетақтаға диск, дәптер, кітап сияқты заттарды қоюға;
75 - дымқыл киіммен және су қолмен жұмыс істеуге қатаң ........................... . Күйген иіс шыққан жағдайда жұмысты дереу тоқтатып, құрылғыларды сөндіріп, ..................... қолдау орталығына жүгіну қажет. Жұмысты бастамас бұрын, жұмыс орнында көзге көрінетін ақаулар жоқтығына көз жеткізіп алыңыз, көру сызығы бейне беттің ортасына келетіндей, пернетақтаны еңкеймей пайдаланып, бейне бетке шығарылатын ақпаратты оңай қабылдауға ыңғайлы болатындай етіп орналасыңыз. ............................................. биіктігі бойынша дұрыс орналастырудың маңызы зор. Монитор ыңғайсыз тұрған жағдайда арқа және мойын бұлшық еттеріне салмақ түсуі салдарынан бас ауыруы мүмкін. Қарапайым бір қағида бар: монитордың жоғарғы шеті ................... бір деңгейде болуы, ал осы деңгей мен бейне беттің орталығы арасындағы бұрыш 15 градусты құрауы тиіс. Қажетті сөздер: Монитор, көзбен, пернетақтаның, ережелері, монитор мен пернетақтаны, кабельдердің, түспейтіндей , тыйым салынады, компьютерді, техникалық. Ақпарат «*******» сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан. Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа , ғылымның әр түрлі: философия, экономика, физика, математика, ***********салаларына кеңінен енді. Бірақ әрбір ******** ақпарат туралы өз ұғымы мен түсінігі бар. Ақпарат алмасу үшін, оны беруші және **********болуы керек. Хабар жеткізуде пайдаланатын құралдарды ********** арнасы деп атайды.Оған теледидар, радио, *********** басылған құжаттар, т.б жатады. Ақпаратты өңдеу деп - ақпаратты мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке келтіруді және жаңа ақпарат іздестіріп толықтыруды айтады. Сонымен адам ақпаратты *********, өңдейді және жеәне жеткізе алады. Бұл жағдайда адам қандай да бір әрекеттер жасайды, олдарды ******** процес дейді. Ақпарат жасалады, сақталады, ********* өңделеді. Ақпаратпен орындалатын әрекеттер ************* деп атайды. 1)информатика 2) ақпарат 3) сақталады 4)ғылымның 5) жеткізу арнасы 6) компьютерлік желі 7) ақпараттық 8 )жеткізіледі. 9)қабылдаушы.
76 Программалық жабдықтамалар Жүйелік программалардың ішінде операциялық жүйе негізгі болып табылады. ********** компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын программалар жүйесі.Ол компьютердің барлық құрылғыларын басқарады, компьютер құрылғыларының арасында және компьютер мен адам арасында ********** жүзеге асырады. Сонымен қатар ОЖ- ********, оны әр түрлі типтегі компьютерлерге, компьютерге қосылғпн қосымша құрылғыларға сәйкестендіріп баптауға болады, компьютерді дербес түрде баптауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде кең тараған жүйелер: ОЖ *************. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілін ********* деп атайды. Дербес компьютерлерде қатынасудың – интерфейстің - ******** және ********* екі тәсілі болады. Командалық интерфейсте адам компьютермен ОЖ-нің командалары жиынтығының көмегімен қатынас құра алады, олар өте көп және жазылу түрлері де әртүрлі Камандалық интерфейсі бар ОЖға ********* жатады, ол компьютерлерде соңғы жылдарға дейн негізгі болып келді. Терезелік интерфейсің жөні басқа, ол Windows типті ОЖ-де жүзеге асырылған. Мұнда компьютермен қатынасу көбіне тек тышқан құрылғысы арқылы жасалады. Компьютермен жұмыс істеу үшін экранда *************** түрінде көрсетілген әрекеттерді тышқанның көмегімен әрекеттерді тышқанның көмегімен таңдау жеткілікті. Экранда графикалық формаларды таңдау, жедел көмек жасау, анықтама жүйесі адамның компьютермен қатынас құруды сезу дәрежесінде түсінікті етеді. Қолданбалы программаларды ******* және ******* программалар деп екі топқа бөледі.Жүйелік программалық жабдықтамаларға ********** жатады. Бұл компьютерге қосылатын құрылғылармен бірге жабдықталатын программалар, оларда осы құрылғылар жөнінде барлық ақпарат болады. ************қосылатын құрылғылармен олардың драйвері арқылы қатынасады. Мысалы, ол винчестерге белгілі бір мәліметтерді оқып алуға команда береді.Ал винчестердің драйвері мотоды қосуға, *********** белгілі жеріне әкелуге және оқып шығуға команда береді. ОЖ-нің драйвер арқылы жұмыс істеуі қосылатын құрылғыларды ұдайы ауыстырып және жаңалап отыруға мүмкіндік береді.
77 1.әмбебеп жүйе 2.Интерфейс 3.Мәліметтер алмасуын 4.Операциялық жүйе 5.Графикалық бейнелер 6.MS DOS ОЖ 7.Бастейкті жад 8.Драйверлер 9.Операциялық жүйе 10.Арнайы және әмбебап 11. Командалық, терезелік 12. ОЖ Windows 2000,Windows xp. Үлестірме қағаздар мен перфокарталар Деңгейлік жеке тапсырмалар тиімділігі: 1. Әрбір тапсырманың моделін жасау, алгоритмін құру, программасын жазу, оны компьютерде шығару, нәтижесін талдау әрбір оқушыға ақпаратты өңдеу, беру және қолдану процестері туралы білімдерді меңгеруге қолайлылық туғызады; 2. Әрбір оқушы тапсырмамен қамтамасыз етіледі; 3. Оқушыларда бір – бірінен көшіру әдеті жоғалады, оларды адамгершілік қасиетке, жоғары саналылыққа баулиды; 4. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады, ақыл – ойын, ойлау қабілетін дамытады; 5. Оқушының шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға және ынтасын дамытудағы рөлі үлкен; 6. Жеке тапсырмалардың әр түрлі болуы жеке тұлғаның өзін өзі дамытуға, оны әдебиеттерден ізденіп оқуға және өз бетімен білім алуға дағдыландырады; 7. Компьютерлік технологияны оқыту құралы ретінде кәсіптік қызметтерге, еңбекке, басқа пәндердегі практикалық есептерді шешуге пайдалану дағдыларын қалыптастырады; 8. Тапсырмалардың деңгейлік болып берілуі оқушылардағы қызығушылықты жоғалтпай, жеңіл тапсырмалардан гөрі күрделі тапсырмаларды өз бетімен орындауға дағдыландырады; 9. Деңгейлік тапсырмалардың орындалуына қарап бағалау жеңіл болады; 10. Деңгейлік жеке тапсырмалар жеке тұлғаның өздігін қалыптастырып, дамытып, оны ақпараттық қоғамдық өмірге дайындауда үлкен рөл атқарады. Деңгейлік үлестірме қағаздардың тиімділігі: 1. Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды өздері таңдайды. Егер қиын деңгейлік тапсырманы орындай алмаса, онда ол тапсырмадан жеңілірегін алады; 2. Үлгерімі нашар және үлгерімі жақсы оқушыларға да тапсырмалар алдын ала жайындалады;
78 3. Деңгейлік үлестірме қағаздарды үлгерімі нашар және жақсы оқушыларға да беруге болады; 4. Оқушылар білім деңгейіне қарап өздері бөлінеді; 5. Оқытуды үлестірме қағаздарын таратып беріп орындалу уақытын ескертіп, қалған оқушылармен жұмыс істеуге мүмкіндік алады; 6. Деңгейлік үлестірме қағаздары оқушылар білімін бағалауда оқытушыға жеңілдік туғызады; 7. Оқушылардың өз білімдерін өздері бағалауға мүмкіндік береді; 8. Бағалауда бұрмалаушалақ болмайды, әшкерелік анық көрінеді. Ұжымдық перфокарталар тиімділігі: 1. Барлық оқушылар оқу процесіне тартылады; 2. Аз уақыт ішінде барлық оқушының білімін анықтауға мүмкіндік береді; 3. Оқушы білімін пысықтауға көмектеседі, жаңа сабақты әрбір оқушыға өте ұқыпты тыңдауға дағдыландырады; 4. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын арттырады; 5. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытып, жылдамдыққа дағдыландырады; 6. Оқушылардың операторларды бір – бірімен салыстыра отырып, түйінді (қызметші) сөздердің мағынасына қарай, параметрлеріне қарай ажырата білуге, өз бетінше қорытынды жасай білуге дағдыландырады; 7. Аз уақыттың ішінде барлық оқушылардың білімін бағалауға болады. 3.2. Информатикадан деңгейлік тапсырмалар Белсенді оқудағы мұғалімнің ролі - оқушылардың жетістікке жету шамасына қарай оған енді мұндай аса қамқорлықпен қолдау көрсету қажет болмайды, олар енді өздігінен жұмыс істей алады. Осындай оқыту әдісін әрі қарай дамыту үшін мұғалімдер бастапқыда оқушыға жақсы қолдау көрсетіп, кейін оны біртіндеп азайтып отыруы керек. Мұғалім оқушылардың ойлау үдерісін ынталандыратын тапсырмалар мен сұрақтарды қолдана отырып, информатика пәнінде қарым-қатынас жасау үдерісіне тартуы қажет. Мұғалімнің сұрақтары алшақтатушы, жақындатушы, көрсетуші, референттік, болжаушы,
79 тұжырымдамалық және әдістемелік сұрақтардың үйлесімінен тұрады. Осындай сұрақтарды тиімді қоюдың нәтижесінде оқушылар өздерінің және өзгенің ойын түсіне алатын, сонымен қатар дәл осы сәтте олардың не істей алатындықтарын білетін болады және тағы да қандай жетілдірулер қажеттігін байқай алатын ұжымдық талқылау да қолданылады. Белсенді оқыту оқушының оқу сауаттылығына қатысты ойлары мен дағдыларын дамытуды қолдайды. Мысалы: Жұппен ойлаңыз. Жұппен ойлау тапсырмасын орындау барысында олардың тақырып туралы ойлауға, ойларын жазуға және әріптестерімен талқылауға мүмкіндіктері пайда болады, қорытындысында олар талқылауға дайын болады. Мұғалім оқушылардың пікірлерінің дәлдігі мен орындылығына да назар аударуы тиіс, сонымен бірге оқушыларға өз ойларын еркін білдіру мүмкіндігін де беруі тиіс, ал берілген тапсырма бойынша ескертпелер жасауда мұғалімнің әрекеті айқын болмаса да жылдам әрі шапшаңдыққа қол жеткізуге бағытталған болуы тиіс. Оқушылардың білімге ықыласын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі – сабақта ойындарды қолдану. Ойын арқылы баланы ойлата білу. Информатика сабағында мынадай белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа ынтасын арттыра отырып, білім сапасын жетілдіріп, сауатты болуға дағдыландырады. Ойлан, жұптас, бөліс – оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған тәсіл. Тақтада сұрақ, тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3 – 4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалім 2-3 жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрануына болады. Кластерлер (жүзімнің шоқтары деген мағынада). Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып немесе тірек тақтаның ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жанжағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне қосады да, өзара байланыстыру туралы әңгімелейді. Алдын – ала берілген атаулар – мұғалім сабақ барысында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлауын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша, жазбаша орындалуы ықтимал.
80 Содан кейін мұғалімнің бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады. «Джигсо» әдісінің артықшылығы – топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ететіндігі. Мұғалім сыныпты шағын топтарға бөледі (әдетте, төрт адамнан). Мұғалім оларды сыныптың тепе-теңдігін сақтай отырып, жынысына, қабілетіне, қарым-қатынастарына қарап бөледі. Құрылған әр топқа дәстүрлі тапсырма беріледі. Тапсырма үлестірме материалдар түрінде таратылады. Күрделілігі бойынша оқуға арналған материалдің тиісті күрделілік деңгейі сақталуы керек. Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ немесе тапсырма болады. Сұрақтар немесе тапсырмалар топ ішінде оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді. Сабақты бекітуге және үй тапсырмасына қолдануға болатын әдістер: Ыстық орындық - Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. Мысалы, оқушылар белгілі бір рөлді немесе адамды сомдай алады. Оңай және қиын сұрақтар кестесі. Бұл кестені оқушылар қандай да болмасын мәселе бойынша өз пікірін келтіру үшін немесе жаңа ақпаратпен танысқанда толтыра алады. Кестенің сол жағына олар түсініктері боцынша оңай, ал оң жағына қиын сұрақтарды келтіреді. Мысалы, оңай сұрақтар дегеніміз мәтінде жауабы бар сауалдар, ал қиын сұрақтардың жауабы мәтінде жоқ, оларға тек өзіндік тұрғыдан ғана жауап беруге болады. ББҮ кестесі (Білемін /білгім келеді/ үйрендім) – сабақтың басынан аяғына дейін қолданылады, өйткені стратегия сабақтың барлық сатысын қамтиды. Сабақтың барысында оқушылар берілген тақырып бойынша не білетіндерін ойланады, содан соң сұрақтар құрастырады және осы сұрақтарға өздері жауап іздейді. Венн диаграммасы. Оқушыларды синтез /анализ/ бағалау жоғары деңгейдегі ойлау қызметіне әкелетін салыстыра білу қабілетін дамытуда қолданылады. Сабақты бекіту үшін бұл стратегия тиімді болып есептелінеді, бірақ қызығушылығын ояту кезеңінде де пайдалануға болады. Бұл стратегияларды ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Сонда сабақ тек білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұндай сабақтардың өтілуі нәтижесінде
81 оқушыларда бір-бірімен сөйлесе білу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімнің болуы, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады. Оқыту барысында оқушыларға егжей –тегжейлі мәтінді түсінуге, кейіпкерлердің рөлін сомдауға, дұрыс түсінуге және алған білімдерін тәжірибемен байланыстыра қолдана білуге, пәнаралық байланыстарды іске асырып отыруға мүмкіндік береді. Сабақтың жаңа тақырыпты түсіну бөлімінде «Постерлер» әдісін пайдалану тиімді. Бұл тапсырманы оқушыларды топтарға бөлу арқылы орындалады, оқушылар ұжымдаса бірігіп жұмыс жасайды. Берілген жаңа оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді, бірілген ақпараттар бойынша нақтыламарды анықтайды, дәлелдерін келтіреді, қорытынды жасайды. Менің ойымша, оқушылар бүгінгі күні шығармашылық тапсырмаларды орындауды табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет. Метатәжірибе өз кезегінде басқа тәжірибелер қалыптастыратын дәйектерді, әрекеттер мен байланыстарды өзгертеді. Басқаша айтқанда, тәжірибені өзгерту - бұл істеп жатқан ісімізді өзгерту, түсінікті өзгерту - бұл біз қалай ойлайтынымызды өзгерту, жағдайды өзгерту- бір-бірімізге деген қарым-қатынасымызды өзгерту дегенді білдіреді. Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайындағы белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану тиімді. Оқыту тәсілдері оқушылардың табысын арттырады. Олай болса, ХХІ ғасыр - информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан - жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Сабақтың тақырыбы: Файл. Қапшық. Жарлықтар. Қапшық құрылғылары 1-деңгей 1. «Сілтеуіш» терезесін қарап шығып, оның С: дискісінде «Информатика» қапшығын құрып, әрекеттерін жаз.
82 2. «Информатика»қапшығының ішінен «Ақпарат»атты екінші деңгейлі қапшық құрып, әрекеттерін жаз. 2. Қапшықтың құрлымында оның қалай орналасқанын қарап, сипаттама бер. «Информатика» қапшығын жауып, одан кейін С:/ дискісін жабу әрекеттерін жаз. 3. Жұмыс үстелінде уақытша «Информатика» жарлығын құр және әрекеттерін жаз. 4. Жұмыс үстелінде уақытша «Алматы» қапшығын құр. 5. «Алматы» қапшығының ішіне өзің тұратын көшенің есімімен аталатын бос құжат файлын құр және құру жолын жаз. 6. «Алматы» қапшығын жұмыс үстелінен сілтеуіш терезесінің С:/ Дискісіне тасымалдап жылжытқанда қанша әрекет орындалатынын жаз. 7. Жұмыс үстелінде «Алматы» жарлығын құр және құру жолын жаз. 2-деңгей 1. Сілтеуіш терезесінде «Мои документы» қапшығының ішінен «Ақпарат» атты қапшықты құр. Сілтеуіштің оң жақ терезесіне қалауың бойынша файлдар тізімін шығарып, оған қатар тұрған бірнеше файлды белгіле. 2. Екінші деңгейлі «Ақпарат» қапшығының ішіне тасымалдау әдісімен белгіленген файлдарды көшіріп, осы файлдар көшірлген қапшықты ашып, олардың түгел көшірілгенін анықтап, сипаттама бер. 3. «Ақпарат» қапшығына көшірілген файлдардың кез келген біреуінің атын «Компьютер» деп өзгерту әрекетін жаз. 4. Сілтеуіштің оң жақ терезесінде «Ақпарат» жарлығын құру әрекетін жаз. 5.Сілтеуіш терезесінде қапшықтар құрлымынан «Ақпарат» қапшығын ашып, «Компьютер» файлын белгілеп, орындалған әрекеттерге сипаттама бер. 6.Белгіленген «Компьютер» файлын «Алматы» бумасының ішіндегі «Райымбек» бумасына жылжыт. «Ақпарат» бумасын ашып, қарап шығып ондағы белгіленген файлдың көшірмесі алынбай, өзі жылжығанын анықтап, талдау жаса. 7.Жұмыс үстелінде «Алгоритм» атты бос файлды құрып, оны «Ақпарат» бумасының ішіне жылжыт. 8.Бос файлды тышқанның көмегімен жүктеп, экранда қандай терезе пайда болғанын анықта.
83 3- деңгей 1. Жұмыс үстелінде «Калькулятор» жарлығын қой. 2. Қойылған жарлықты пайдаланып, мына арифметикалық өрнекті есепте:(14689+45621*36587) 3. «Калькулятор» программасы туралы толық мәліметті алып, сипаттама бер. 4. «Калькулятор» бумасын құрып, оған «математика» файлын сақта және орындау әрекеттерін анықта. Тест тапсырмалары 1. Файл атауын қалай ажыратуға болады? А. Аты немесе кеңейтілуі В. Кеңейтілуі С. Атынан кейін қойылған нүкте арқылы D. Кеңейтілудің алдына қойылған нүкте арқылы Е. Нүктеден кейін кеңейтілу арқылы 2. Бос файлды қалай құруға болады? А. Жанама меню арқылы В. Создать- файлды құру құжатын таңдау арқылы С. Жанама менюден Создать командасын таңдау арқылы D. Жанама меню- Создать- белгісін таңдау арқылы Е. Жанама меню- Создать- W белгісін таңдау арқылы 3. Бума бұл... А. Белгілі бір ортақ қасиеттеріне қарай орналастырылған файлдар тізіміне берілетін атау В. Файлдар тізімі орналасқан орын С. Каталог D. Магниттік дискіге белгілі бір атаумен орналастырылған файлдар тізімі Е. Директория 4. Буманы жұмыс үстелінде құру үшін қандай әрекеттер орындалады? А. Тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы жанама менюді шақыру В. Жанама менюден Создать командасын таңдау С.Создать- Папки D. Жанама менюден Создать командасын таңдау арқылы Папки қатарына басу Е. Жанама меню- Создать- Папки
84 5. Қандай тұжырым дұрыс емес? А. Файл- бума- жарлық В. Файл- бұл белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес ақпараттар арқылы С. Жарлық- бұл бумалардың ішінен іздеу жүргізбей-ақ кез келген дискідегі объектіні пайдалануды қамтамасыз ете алатын командалық файл D. Буманың атын кез келген символмен өзгертуге болады Е. Жарлық кез келген бума үшін жасала береді 6. Жарлықты қанша тәсілмен құруға болады? А. 2 немесе 3; В. 3 немесе 5; С. 2; D. 4, не 6; Е. 1 7. Жарлық- бұл... А. Командалық файл В. Кез келген дискіде орналасқан объектіні бірден орындауға негізделген командалық файл С. Кез келген объектіні бірден орындау бұйрығы. D. Тізбектей орналасқан объектілерді біртіндеп орындау бұйрығы. Е. Кез келген дискідегі объектіні іздеу жүргізбей-ақ бірден орындауға мүмкіндік беретін командалық файл 8. Бума түрлерін ата А. Ашық, жабық В. Мәтіндік немесе графиктік құжаттар орналасқан бумалар С. Мәтіндік, кестелік, символдық, дыбыстық ақпараттар орналасқан бумалар. D. Кестелік, символдық ақпараттар орналасқан бумалар. Е. Төменгі не жоғарғы деңгейлі бумалар. 9. Файлды ашу үшін қанша әрекет орындалады? А. 2 ; В. 3; С. 2 не 3; D. 1; Е. 3 не 4 10. Жарлықты құру үшін ең алдымен не таңдап алынады? А. Орны В.объекті С. Жарлықты құратын объекті. D. Кез келген объектіден орын. Е. Жарлық орналасқан орын. Сабақтың тақырыбы: Объектілерді көшіру. Себет. Себеттегі объектілерді өшіру. өшірілген файлдар мен бумаларды қалпына келтіру.
85 1-деңгейя 1. Сілтеуіш терезесіндегі «Менің құжаттарым» бумасының ішіне «Сынып» атты бума құр. Аталған бумаға өз қалауың бойынша жоғарғы деңгейдегі бумадан бірнеше құжаттың файлдарын көшір. 2.Файл не бума жөнінде толық мәлімет алатын суретті ойлап, сипаттама бер. 3. Сілтеуіш программасындағы кез келген екі буманы таңдап, сипаттама бер. 2-деңгей 1. Төмендегі берілген сурет бойынша объектіні қалай өшіруге болатынын түсіндір. Удалить Переименовать свойства 2. Төмендегі берілген суреттерді пайдаланып, объектілерді көшірудің тиімді вариантын анықта. Отправить Копировать Вырезать Удалить Переименовать Свойства 3. Себеттегі файлдар мен бумаларды өшіру әрекеттерін жаз. 3-деңгей 1. Себетке өшірілетін файлдар мен бумаларды жіберу әрекеттерін жаз. 2. Төмендегі берілген кестенің оң жағын толтыр.
86 әрекеттер атауы мысалдар Орындау әрекеттерін сипаттам Салыстырмалы талдау жасап, тиімді варианттарды анықтау 1.Объектілерді көшіру 2. Объектілерді өшіру 3.Өшірілген файлдар мен бумаларды қалпына келтіру Тест 1. Файлды өшіру әрекеттерінің санын анықта А. 3; В. 2; С. 4; D. 6; Е. 1 2. «Мой компьютер» терезесінің меню қатырына жатады: А. Файл. Правка, Вид, Сервис; В. Файл, Правка, Вид С. Файл, Правка, Сервис; D. Правка, Вид Е. Сервис, Правка, Вид, 3. Маустың оң жағын басқанда қандай меню пайда болады? А. Қосалқы; В. Жанама; С. Көмекші; D. Неізгі; Е. Негізгі, көмекші 4. Сілтеуіш программасы терезесінің меню қатарына жатады: А. Правка, Вид; В. Файл, Правка, Вид С. Файл, Правка, Вид, Сервис; D. Правка, Вид Е.Файл, Сервис 5. Файлды не буманы жылжыту үшін қанша әрекет орындау керек? А. 5; В. 10; С. 4; D. 3; Е.2 6.Файлды не буманың атын өзгерту үшін қанша тәсілді орындау керек? А. 4; В. 6 ; С. 8; D. 10; Е.12 7. Өшірілген файлдар мен бумаларды уақытша сақтайтын объекті? А. Мой компьютер; В. корзина С. Проводник; D. мой компьютер не проводник Е. Проводник не мой кмпьютер. 8.Себеттегі файлды не буманы жою тәсілдерін ата? А. Жанама меню не Delete пернесін пайдалану арқылы. В. 2 С. Delete пернесі арқылы D. маустың оң жағын 2 рет басу арқылы
87 Е.3 9.Өшірілген файлды қалпына келтірудің қанша тәсәлі бар? А. 3, В. 12; С. 7; D. 5; Е.2 10. Сілтеуіш программасын іске қосу тәсілдерін ата? А. Жанама меню Іске қосу батырмасы арқылы В. Жанама меню арқылы С. Пуск-Программа-Проводник D. маустың оң жағын 2 рет басу арқылы Е. Тапсырмалар тақтасынан жанама менюді шақыру арқылы 11. Файлдың не буманың орындарын алмастырудың қанша әрекеті бар? А. 3; В. 15; С. 4; D. 5; Е.8 12. «Түзеу» менюіндегі «Копировать» командасының қызметін ата? А. Файлды не буманы көшіру В. Файлды 1 орыннан келесі орынға тасымалдау С. Буманы не файлды 1 дискіден келесі дискіге көшіру D. файлды 1 бумадан келесі бумаға көшіру Е. Файлды дискіден бумаға көшіру 13.Файл мен буманың атын өзгерту үшін жанама менюден қандай қатарды таңдау керек? А. Переместить; В. вырезать С. Переименовать; D. создать, не переименовать Е. Открыть, не переименовать. Сабақтың тақырыбы: Объектілерді іздеу. Сілтеуіш. Анықтама. Деңгейлік тапсырмалар. 1-деңгей 1. Сілтеуіш программасындағы бумалар құрлымына сипаттама бер және оны төмендегі кестеге толтырып, жаз. № Атауы + сипаттама 1 2 3 4 5
88 2. «Менің компьютерім» бумасынның қайда орналасқанын тауып, оған сипаттама бер. 3. Меню қатарындағы «?» белгісінің мазмұнына сипаттаманы кесте түрінде бейнелеп, жаз. 2-деңгей 1. «Тауып алу» сұхбат терезесінің «Имя и размещение» қосымшасындағы «Имя» қатарында файл атын анықтамада берілген үлгімен енгізе отырып, іздеу жұмыстарын жүргіз. 2. Аты белгісіз, бірақ орналасқын жері белгілі өзіңіз сақтап қойған кез келген бір файлды «Сілтеуі» терезесінен тауып алып, сол жерден іске қос. Сөйтіп, оның орындау әрекеттері жаз. 3. «Сілтеуіші» іске қосу әрекеттерін кескін түрінде бейнелеп, тиімді әдісін анықта. 3-деңгей 1. Іске қосу- негізгі меню –Іздеу- Файлдар мен бумалар жолымен «тауып алу» сұхбат терезесін экран бетіне шығарып, оның үш қосымшасынның керекті параметрлерін енгізе отырып, кезек-кезек пайдалану арқылы файлдарды тауып, іске қос та, орындау әрекеттерні жаз. 2. «Менің компьютерім», «Сілтеуіш» программасына салыстырмалы талдау жасап, оны кесте түрінде бейнеле. Анаграмма «Сілтеуіш» С І Л Т Е У І Ш 1. Меню қатары 2. Негізгі меню қатары 3. Тұрақты меню қатарының бірі. 4. Көмекші ақпараттарды алу. 5. Файлдар сақталатын орын. 6. Әрекеттерді орындау амалдарының бірі. 7. Бір бумадан келесі бумаға файлдарды ....
89 Тест тапсырмалары 1. Бірінің ішінде бірі қабаттаса орналасқан терезе типі А. Қосымша; В. стандартты С. Белсенді (активті); D. негізгі Е. Қосымша және негізгі 2. Сілтеуіш программасының терезелер саны А. 5; В. 4; С. 2; D. 3; Е.1 3. Файл- бұл... А. дискіде сақталатын атаулар жиыны В. Белгілі бір атпен дискіде не компьютер жадында сақталатын программа не құжат. С. Компьютер жадында не дискіде сақталатын ақпараттар диыны D. мәтін не құжаттар тізімі Е. Ақпараттар жиынтығы 4. Терезенің құрлымдық элементтеріне: А. Терезенің қатары, меню қатары, басқа дискіге немесе бумаға көшіру, терезенің негізгі жұмыс алаңы, тік және көлденең қозғалту жолақтары, саймандар тақтасы, қалып-күй қатары В. Меню, саймандар тақтасы. С. Саймандар тақтасы, меню, көлденең қозғалту жолақтары, тақырып қатары D.тік және көлденең қозғалту жолақтары, саймандар тақтасы, енгізгу жұмыс алаңы Е. Басқа дискіге не бумаға көшу, саймандар тақтасы, қалып-күй қатары. 5. Объекті іздеу үшін қанша әрекет орындалады? А. 1; В. 3; С. 4; D. 2 не 3 не 4; Е. 5 6. «Анықтама» терезесінде қанша парақ бар және оларды ата? А. 3: Содержание-предметный указатель-поиск В. 2: Содержание-поиск С. 1: Содержание D. 3: Вывести- печать-отмена Е. 4. Содержание- вывести-предметный указатель-поиск 7. «Анықтама» шақыру үшін қанша әрекет орындалады? А. 3; В. 2; С. 1; D. 4; Е.5 8. «Анықтама» алу үшін қандай перне пайдаланылады? А. Ғ5; В.Ғ4,Ғ5; С. Ғ1; D. Ғ2; Е.Ғ10. 9. Объектіні іздеу қандай терезе арқылы жүзеге асырылады?
90 А. Хабар алмасушы; В. сұхбат С. Анықтама; D. негізгі Е. қосымша 10. Қандай тұжырым дұрыс емес екенін анықта? А. Анықтама- Сұхбат В. Содержание-Предметный указатель-поиск С. Анықтамалық жүйе контестке тәуілді D. кез келген сұхбат терезеде «көмек» батырмасы орналасқан Е. Вывести-печать-отмена Сабақтың тақырыбы: Иілгіш және компакт-дискілер. Ақпаратта жазу және оқу. Ақпаратты тасымалдау. Деңгейлік тапсырмалар 1-деңгей 1. Иілгіш, қатты және компакт-дискілерге салыстырмалы талдау жасап, кестені толтыр. Атауы Қасиеттері Ерекшеліктері Иілгіш Қатты Компакт-дискі 2. 2млн. символды сақтауға қанша жады көлемі қажет екенін еспете? 3. 1,44Мб көлемді дискіге қанша ақпарат жазуға болатынын анықта. 2-деңгей 1. Иілгіш дискілердің диаметрі дюймда беріледі. Иілгіш дискілердің өлшемін см.бойынша есепте (1дюйм=2,54 см) 2. Ақпаратты тасымалдаушылар тарихына сипаттама беріп, реті бойынша орналастырып жаз. 3. 3,5 дюймды иілгіш дискі жадының көлемі 1,44Мб тең. Ал лазерлік дискіге 640Мб ақпарат енеді. Олай болса, бір лазерлік дискідегі ақпаратты қанша иілгіш дискіге жазуға болатынын анықта. 3-деңгей 1. «Параметрлер» графасыны сәйкес графаларды толтырып, сипаттама бер.
91 Параметрлер Сыртқы жад Ішкі жад Жад өлшемі (шектелген/ шектелмеген) Компьютерді өшіру (жоғалады/жоғалмайды) Мәліметтерді сақтау (уақытша/ұзақ уақытқа) Жұмыс жылдамдығы тез (ең аз) 2. Бір символды жазу үшін жадының 1байты жеткілікті. 18 бетті торкөз дәптердің әрбір торкөзіне 1 символдан жазамыз. Олай болса, 1,44Мб көлемді иілгіш дискіге қанша дәптер ақпарат жазуға болатынын анықта? 3.Қатты дискінің көлемі -2,1Гб. 1 минутта мультимедиа құрылғысы 200 әріпті ақпарат қабылдайды. Қатты дискінің 90%- ін толтыру үшін қанша уақыт сөйлеуге болатынын анықтап, сипаттама бер. Сабақтың тақырыбы: Графикалық редактор Paint Деңгейлік тапсырмалар 1-деңгей 1. Төмендегі берілген суреттер қандай құралдардың көмегімен салынғанын анықтап, орындау әрекеттерін жаз. 2. Мына әрекеттер бойынша суретті салып, атын анықта. А) көкжиектегі «сызық» құралын пайдаланып сал ә) «шашыратқыш» құралын пайдаланып, орманның бейнесін кескінде б) «өшіргіш» құралын қолданып, орманның қажет емес сызықтарын алып таста. В) көкжиектің түр-түсі мен радиусын өзгерте отырып, ормандағы бұлтты күнді көрсет.
92 3. Төмендегі берілген жұмбақтарды шешіп, шешімін экранда бейнелеу.) Тетігін бассаң алаңсыз. Жазады қағаз-қаламсыз Ә) Батырмасын басасың, Қажетті файлды ашасың Б) Мәліметті сұралған, Экранға шығарған. В) Компьютермен енеді, Қағазға басып береді. Г) Жүзден артық түймемен, Компьютерді билеген. 2-деңгей А) 4 сызықты, 4 төртбұрышты, 2 шеңберді және 2 шашыратқышпен бояу құралдарын қолданып, салынатын суретті ойлап, экранда бейнеле. Ә) Төмендегі берілген фигураларды құрастырып, салынатын суретті экранда бейнеле: Б) Төмендегі берілген суретті толықтырып, экранға бейнеле: 2. Саймандар тақтасындағы құралдарды пайдаланып, «көктем» мезгілінің бейнесін сал. 3-деңгей 1. Атаулары бойынша суреттер салып, оларды Paint редакторының қандай құралдарын пайдаланып салу тиімді екенін анықтап, кестені толтыр. А) Қыс көрінісі ә) Ағаш ұстасының құралдары б) Табиғат көрінісі В) Қазақстан Елтаңбасының бейнесін сал. Г) қалаған тақырыпта шығармашылық жұмыс жасау.
93 1-деңгей А) 2 сызық, 3 төртбұрышты және 5 қарындашты пайдаланып, салуға болатын суретті ойлап тауып, бейнесін экранға шығар. ә) 6 төртбұрышты пайдалану арқылы «үйдің» бейнесін сал. 2-деңгей 1. Төмендегі берілген суреттің бейнесін салып, орындау әрекеттерін кестеге толтырыңдар. № Тапсырма атауы Пайдаланылған құралдар атауы Орындалатын әрекеттер 1 Тұйықталған қисық сызықтардың ішіне тік төртбұрыш сал Қарындаш, тік төртбұрыш, өшіргіш 2 2 тік төртбұрышты, 6 сызықты, қарындашты пайдаланып өрнектелген үй сал Қарындаш, тік төртбұрыш, өшіргіш, сызық 3-деңгей Кестедегі көрсетілген құралдардың әрекеттерін анықтайтын бейнелерді сал. Тапсырманың реті Құралдар атауы Пайдалану реті 1 Қарындаш Төртбұрыш Сызық 5 8 3 2 Төртбұрыш 6 Сызық 7 Қарындаш 10 өшіргіш 3 1-деңгей Төмендегі берілген суреттерді салуда «Эллипс» және «Бүріккіш» құралдарын пайдалан. 2-деңгей Төмендегі берілген суретті «Эллипс» және «Бүріккіш» құралдарын пайдаланып толықтырып сал. Роботтың бейнесін сал.
94 3-деңгей Атауларына байланысты суретті сал: А) глобус; Ә) «Олимпиада қонжығы» 4-деңгей Төмендегі жұмбақтардың шешуін тауып, бейнесін салаңдар А) Асты тас, үсті тас, Ә) Шыр-шыр етеді, құлағыңнан өтеді. Ортасында піскен ас. Ұстай қалсаң, сөйлеп кетеді. 1-деңгей Жазылған тауларға сәйкес заттың бейнесін сұрақ (?) белгінің орнына сал 2-деңгей Әр түрлі боялған жеңіл машинаның екі түрлі маркасынның суретін сал 3-деңгей 6-сынып оқушылар «Қазақстан» кинотеатрына барып, «Банданы қуған Хамит» киносына 2-ші қатардан 6-дан 30-шы орынға дейінгі билеттерді сатып алды. Аталған билеттердің бейнесін сал. 4-деңгей Төмендегі суреттердің ішіне көрсетілгендей жазбаларды түсіріп, оларға сипаттама бер. ? Түрлі-түсті доп ? Түрлі-түсті ою 2007 жыл АНА ТІЛІ НАМЫС Н АЛТЫН А РАКЕТА Р
95 5-деңгей Атаулары бойынша суреттер салып, оларды Pаіnt графикалық редакторының қандай құралдарын пайдаланып салу тиімді екенін анықтап, кестені толтыр. А) «Күз»көрінісі ; Ә) компьютер құрлымы; б) тау көрінісі. № Сурет атауы Пайдаланылған құралдар Орындалатын әрекеттер Тиімді вариант нөмері Анаграмма «Қарындаш» 1. Бөліп аланғанаймақты толығымен бояу құралы 2. бояулар орналасқан тақта. 3. Өшіру құралы 4. Қисық сызықты салу құралы. 5. Меню қатарлаының бірі. 6. Графиктік... 7. Масштабты үлкейту құралы. 8. Кез келген бейнені бояулар арқылы өрнектейтін құрал. Тест тапсырмалары 1. Компьютерлік графика-бұл... А. Графикалық ақпараттар көрінісі В. Компьютерлік графикалық ақпарат С. Графикалық ақпаратты компьютерде бейнелеу D. графикалық редактор Қ А Р Ы Н Д А Ш
96 Е. Компьютерде бейнеленетін графикалық ақпарат көрінісі 2. Графикалық редактор терезесінің меню құрамы: А. Файл, Правка, Рисунок В. Файл, Вид, Правка, Рисунок. С. Рисунок, Парматры, Вид. D. Параметры, Справка, Правка, Вид Е. Файл, Правка, Вид, Рисунок, Параметры, Справка. 3. Суретті салу мен оны редакторлеу құралы қанша? А.8; В. 16; С. 9; D. 12; Е. 10. 4. «Қарындаш»құралының қызметін ата? А. әріптер мен цифрлар салу В. Сызықтар салу С. Қисық сызытарды салу. D. жуандығы 1 пиксел болатын түрлуі сызықтарды салу. Е. әр түрлі геометриялық фигураларды салу. 5. Графикалық редактор программасын іске қосу үшін қанша әрекет орындалады? А. 5; В.8; С. 12; D. 4; Е. 2, 6. «Қылқалам» құралы не үшін керек? А. Жуан сызықты салу үшін В. әр түрлі геометриялық бейнелерді салу. С. Жуан сызықты салу мен түрлі сурет салу. D. түрлі суреттер әсемдеу. Е. Қисық сызытармен түрлі бейнелерді салу. 7. Құралдар жиынтығы мен «Палитра» қандай менюде орналасқан? А. Правка В. Вид С. Правка не Вид D. Файл не Правка. Е. Вид не Файл. 8. «Бүріккіш» құралы қандай қызмет атқарады? А. Кез келген бейнені бояу В. әр түрлі геометриялық бейнелерді салу. С. Геометриялық бейнелерді салып, бояу. D. эллипс пен төртбұрышты бояу Е. Салынған барлық бейнелерді бояу. 9.Графикалық редактоp «Paint» терезесінің құрлымдық элементтрені ата? А.жұмыс алаңы, саймандар тақтасы. В. Түс палитрасы.
97 С. Жұмыс алаңы, саймандар жиыны, түс палитрасы, өлшемдерін өзгертетін маркерлер, қоғалту жолақтары. D. жұмыс алаңы, меню қатары Е. Тақырып қатары, меню қатары, саймандар тақтасы, жұмыс алаңы, түс палитрасы. Информатика мұғалімдерінің педагогикалық жұмысына қойылатын талаптарының басқа пәндер мұғалімінің жұмысына қойылатын талаптардан гөрі елеулі ерекшеліктері, айырмашы-лықтары бар. Сол талаптарды іске асыру-мұғалімнің жұмыстарының мақсаттылығын күшейтіп, сабақтан тыс уақытында нәтижелі әрі құнды материалдарды ұйымдастыруына мүмкіндіктер туғызады. Бақылау және тестік жұмыстарды жүргізуде өзіндік жұмысқа қарағанда уақыт көлемі қатаң ескеріледі. Дидақтикалық материалда ұсынылатын тест тапсырмаларының сұрақтары өте анық,түсінікті,ой тұжырымын жасауға өте ыңғайлы болуы тиіс. Тест тапсырмаларды пайдаланып, нәтижесәне талдау жасай келе мынадай қорытынды жасауға болады. Тест тапсырмалар оқушылардың қандай материалды игеріп,қай материалды қандай тәсілмен түсіндіру қажет екенін де анықтауға мүмкіндік береді. Дидактикалық ойындар – сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы.Ойынның қай түрі болса да, оқушыларды өзіне тартып әкететіні белгілі. Оқушылардың пәнге қызығуын шығармашылықпен ойлауын және білім сапасын арттыруда сабақта қолданылатын ойые элементтерінің рөлі зор. Ойын элементтерін пайдаланудың оқушылар білімін тиянақты етудегі зор мүмкіндігін ескере отырып,мен өз іс тәжірибемде бірнеше ойые түрлерін қолданамын. Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың жоғары көңіл күйін туғызады.Ал мұның өзі оқушының белсенділігін, дербес ойлануын,қызығуын арттырып,сабақты қабылдауға,барынша қолайлы ықпалын тигізеді. Ойынның қандай түрі болса да жалқау, енжар балалардың ынтасын арттырып, білімген қызықтырады. Дидактикалық ойындар арнайы мақсаты көздейді және нақты міндетті атқарады. Ойынның мақсатыбағдарламада анықталған білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру,тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылыңын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. Әдістемелік әдебиеттерде берілген және мұғалімдердің тәжірибесінде пайдаланып жүрген дидактикалық ойындар өте көп. Алайда олардың бәрі дерлік бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының
98 өзгерістеріне,сондай-ақ оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді. Сондықтан мен белгілі ойын түрлерін сұрыптап,ой елегінен өткізе отырып,ғылыми тұрғыдан негізделген дидактикалық ойындар мен қызықты жаттығулар жүйесін пайдаланамын. Дидактикалық ойындарды шығармашылықпен түрлендіре отырып, оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде,өтілген материалды қайталағанда,білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдырамын. Бірақ ойын процесі мен оқыту процесін бір-біріне етене ұластырып ұйымдастырған жөн. Оқушы ойын іс әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім,білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды.Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін көтеріледі. Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр қолданып жүрген ойындарды атап өтейік. 1. «Көкпар» ойыны. Ойынның шарты: Оқушылар үш топқа бөлінеді. Мұғалім сұрақтар қояды. Қайсы топтағы қол көтерген оқушылар саны көп болса,сол топ оқушылар «лақты» алды делінеді,яғни жауап береді. Жауап толық болмаса, қайтадан қол көтеріліп толықтырылады. Жауапқа толық жауап берген оқушы лақты мәреге жеткізген болады, ол оқушыға жоғары ұпай қосылады. «Көкпар» ойыны үшін қойылатын сұрақтар: 1.Бейсик тілінің стандартты санды функцияларын атаңдар. 2.Шартты оператордың жалпы түрін жазыңдар. 3.Параметрлері цикл операторының жалпы түрін жазыңдар. 4.Графиктік операторларды атаңдар. «Көкпар» ойынының тиімділігі: үй тапсырмасына тиянақты дайындалуға, операторларды дұрыс жаза білуге,функциялар мен операторларды дұрыс айта кезеңдегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға,оны қолданудың теориясы мен практиикасын мұғалімнің жетік игеруіне,шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын процесіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты. Сабақ материалына лайықталған ойынды алып, тек қана оқушының орындай алатын іс-әрекеттерімен шектелу жеткіліусіз. Мұнда ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары да жан-жақты ұйымдастырылуы керек. Дидактикалық ойындардың түрлері өте көп. Соның ішінде