The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by , 2021-12-09 06:35:29

АҚСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ

ЖЫЛНАМАЛЫҚ КІТАП

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ АҚСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ.

ЭЛЕКТРОНДЫ ЖЫЛНАМАЛЫҚ КІТАП

Кітап еліміз тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып дайындалды. Онда
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері және мемлекеттік
құрылымы, Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының құрылғанынан бергі
(1994 жыл) атқарған қызметі және оған сайланған депутаттар құрамы мен
аппарат қызметкерлері туралы деректер берілген.

Кітап тақырыптық бейнежазбалармен ж»не фотосуреттермен толықтырылған.
Кітап танымдылық тұрғыда қалың оқырман қауымға және Ақсу ауданы
азаматтарына ұсынылады.
Кітапты дайындаған СЕРІКБЕК СЕРПЕРБАЕВ.
Талдықорған, 2021. 95 бет.

Кітаптың мағлұматтарын жинақтаған және құрастырған, көркемді безендірген,
бейнежазбаларын дайындаған, компьютерде өңдеген және электронды түрге
айналдырған – автордың өзі.

© Серпербаев Серікбек
E-mail: [email protected]
Тел. 8 701 685 54 24

2

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

АЛҒЫСӨЗ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
1-тарау: ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ
(тақырыптық-танымдық бейнежазба) . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
2-тарау: АҚСУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ . . . . . . . . . . . . . . . 7
3-тарау: АҚСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ . . . . . 8

Мәслихат шақырылымдарының кезеңдері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
Ақсу аудандық мәслихатының регламенті . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
Ақсу аудандық мәслихатының атқарған жұмыстары . . . . . . . . . 30
4-тарау: АҚСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫЛЫҒЫНА
САЙЛАНҒАН АЗАМАТТАР (өмірдеректері) . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 42
5-тарау. АҚСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНА ДЕПУТАТ БОЛЫП
САЙЛАНҒАН АЗАМАТТАР (өмірдеректері) . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 46
6-тарау: МӘСЛИХАТТАР АППАРАТЫНДА ҚЫЗМЕТ АТҚАРҒАН
АЗАМАТТАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 86
7-тарау: АҚСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ (жылнамалық бейнежазба) . 93
ЖАРНАМАЛЫҚ ПАРАҚ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 95

3

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ, ОСЫ КІТАППЕН ТАНЫСУШЫ
ОҚЫРМАН ҚАУЫМ!

Биыл халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ ие болғанына 30
ЖЫЛ толып отыр. 1991 жылы 16 желтоқсанда Парламент "Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заңды
қабылдаған болатын. Бұл құжат Қазақстанның тәуелсіз қуатты және пәрменді
мемлекет құрылуын айғақтады. Заң Қазақстан егемендігінің оның ұлан-ғайыр
аумағында және әлемнің саяси картасында мызғымастығын мәңгілікке бекітіп
берді. Содан бергі жылдары Қазақстан экономикасы қарқынды дамыған,
табысқа жетудің бірегей тәжірибесі бар саяси тұрақты мемлекет ретінде
қалыптасты. Біздің елімізде экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларда ірі
өзгерістер жүзеге асты.

1995 жылғы 30 тамыздағы референдумда еліміздің басты құжаты -
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫ қабылданды. Конституция
егемендіктің саяси және құқықтық негіздерін бекітіп, адамның өмірін,
құқықтары мен бостандығын, тегіне, әлеуметтік жағдайына, нәсіліне, ұлтына,
тіліне, дінге қатыстылығына қарамастан, адам мен азамат құқықтарының
теңдігін мемлекеттің жоғары құндылықтары деп жариялады. Тәуелсіз
Қазақстанның Конституциясы мемлекет пен қоғамның тұрақтылығы мен
өркендеуінің мызғымас негізіне айналды. Елімізде жаһандық сын-қатерлерге
төтеп беруге және бүкіл қоғамның мүдделерінің жүзеге асуын қамтамасыз етуге
қабілетті мемлекеттік құрылымның тиімді жүйесін құруға мүмкіндік берген
тарихи маңызды саяси және экономикалық реформалар жүргізілді. Қазақстанда
тиімді демократиялық институттар - президенттік институты, Парламент, сот
жүйесі және белсенді азаматтық қоғам қалыптасты.

Қоғамды одан әрі демократияландыру барысында мемлекеттік биліктің
бірден-бір қайнар көзі, халықтың өкілді органы – 1994 жылы құрылған
МӘСЛИХАТТАР институтына маңызды орын бөлінді. 1994 жылы 7 наурыз күні
Егеменді Қазақстанның Парламенті мен жергілікті мәслихат депутаттары үшін
демократиялық қағидаттарға негізделген алғашқы сайлауы өткізілді.

Қоғамды демократияландыру үдерістерінде - мәслихаттардың маңызы зор
екендігін өмір көрсетті. 2001 жылдың қаңтар айында қабылданған «Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару»
туралы Заңы негізінде бүгіндері жергілікті билік құрылымдары мен мемлекеттік

4

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

қызметтердің орталықсыздандырылуы мен демократияландырылуы барынша
дамуда, оның депутаттарының да өкілеттік шеңбері кеңеюде.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 17 аймақтық, 36 қалалық және
163 аудандық, барлығы 216 мәслихат бар, оларда 3335 депутат жұмыс істейді.

Солардың қатарындағы біздің АҚСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДА осы жылдар
ішінде бір мақсат, бір мүддеге жұмылып, ел игілігіне қызмет етуде ауқымды
жұмыстар атқаруда. Депутаттарымыз аудан экономикасының алға басуына,
мемлекеттік бағдарламалардың нәтижелі орындалуына барынша атсалысып
келеді. Сайлаушылардың талап-тілектерін, ұсыныс-пікірлерін басшылыққа ала
отырып, аудан бюджетінің орынды жұмсалуына, оның басым бөлігінің
әлеуметтік маңызды мәселелерге - халықтың әл-ауқатының жақсаруына,
экономикалық әлеуетінің көтерілуіне бағытталуында депутаттардың қосып
отырған үлесі үлкен ...

Еліміз ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҚ мерейлік мерекесін қарсы алу
шараларының бірі ретінде мәслихат аппараты дайындаған осы заманауи
нұсқадағы электронды КІТАПТА біздің Ақсу аудандық мәслихатының
құрылғанынан бергі кезеңдегі қызметтік жолдарын баяндайтын және оған
сайланған депутаттар құрамы мен аппарат қызметкерлері туралы деректер
беріліп отыр. Кітап Сіздерге төл мерекемізге орайластырылған СЫЙ-ТАРТУ
ретінде ұсынылады!

ТАНЫСЫҢЫЗДАР, ҚАБЫЛ АЛЫҢЫЗДАР!

Сонымен бірге осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп-көркеюі
жолында аянбай етіп жүрген баршаңызды, ауданымыз тұрғындарын,
ел қалаулылары - депутат әріптестерімізді осы Ұлттық мерекемізбен
шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздігіміз баянды, тұғыры биік болғай! Еліміздің дәулеті
барынша молайып, жеріміздің сәулеті гүлдене көркейіп нығая берсін!
Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын!

Әр отбасына мол бақыт, амандық тілеймін, Денсаулықтарыңыз
мықты, еңбектеріңіз табысты, өмірлеріңізде тек жақсылықтар мен
қуаныштар болсын деп тілеймін!

Құрметпен, Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы -

СҮЛЕЙМЕНОВ Бейбіт Жаңылысұлы

5

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

1-тарау

(тақырыптық-танымдық
бейнежазба)

Бейнежазбамен танысу үшін мына сілтемені басыңыз:

https://youtu.be/RlixubjkLXM

6

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

2-тарау

Ақсу ауданының жер аумағы - 12,6 мың шаршы шақырым. Тұрғын халқы - 39
мың адам, олардың орналасу тығыздығы - 1 шаршы шақырымға 3 адамнан.

Аудан Алматы облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде 77.35 және 80.25 шығыс
бойлық пен 46.35 және 44.40 солтүстік ендікте орналасқан. Батысында Ескелді,
Қаратал аудандарымен, солтүстігінде Балқаш көлі, шығысында Сарқан ауданы,
оңтүстік- шығысында Кытаймен шектеседі.

Орталығы - Ілияс Жансүгіров атындағы ауыл. Ол облыс орталығынан 120
шақырым жерде. Аудан құрамына Жансүгіров, Матай, Ақсу, Арасан, Егінсу,
Есеболатов, Жаңалық, Қапал, Қарасу, Қаракөз, Қарашілік, Көшкентал,
Қызылағаш, Қызылту, Молалы, Ойтоған және Суықсай ауылдық округтары
(барлығы -17) және оларға қарасты 50 елді мекендер кіреді.

Ақсу ауданының картасы

7

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

3-тарау

МӘСЛИХАТ ШАҚЫРЫЛЫМДАРЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

Жоғарыда айтылғандай мәслихаттардың алғашқы сайлаулары 1994 жылдың
наурыз айының 7-ші күні өткізіліп, нәтижесінде олар нақты заң шең6ерінде
жергілікті халықтың еркіндігі мен epікті іс-әрекет етуін қамтитын мемлекеттік
органдардың өкілеті ретінде функцияларға ие болды.

Алматы облысы Ақсу аудандық Мәслихатына төмендегі құрылған сайлау
округтерінен алғашқы шақырылымының 17 депутаты сайланды.

Олар: Ақыш САБЫРБАЕВ (№1 Сиқымов), Роза РАҚЫМБЕКОВА (№2
Жансүгіров), Баймұхан ҚОЖАХМЕТОВ (№3 Орталық), Олег ЗЕМЦОВ (№4
Тасбекет), Сейтқұл ҚАЛИБЕКОВ (№5 Ақсу), Жұмабек ҚУАНЫШБАЕВ (№6
Қабырғатал), Жанаш ЖАРЫЛҒАПОВ (№7 Ойтоған), Күлбаш МҰСТАПОВА (№8
Басқан) Бауыржан БИМҰРАТОВ (№9 Қаракөз), Қуантай ӘБІЛҚАСЫМОВ (№10
Көкжайдақ), Тынышбай ШАБДАРБАЕВ (№11 Қызылту), Күлжаухар БАЙБОЛОВА
(№12 Қопа), Сайлау МЫЛТЫҚБАЕВ (№13 Қарашілік), Шеге ЕЛУБАЕВ (№14
Алтынарық), Ажар МЕЙІРМАНОВА (№15 Көкөзек), Құрмет ЖИДЕБАЕВ (№16
Есеболатов) және Әскербек ДҮЙСЕМБАЕВ (№17 Қарасу).

Мәслихаттың алғашқы ұйымдастыру сессиясында мәслихат хатшысы болып
Бауыржан БИМҰРАТОВ сайланды, ол осы қызметті 2001 жылға дейін атқарды.

1999 жылдың 10 қазанында Мәслихаттың 2-ші шақырылымының сайлауы
өткізіліп, оған қайтадан белгіленген сайлау округтерінен 13 депутат сайланды:

Ақыш САБЫРБАЕВ (№1 Сиқымов), Болат ЕРКЕНОВ (№2 Сатпаев), Жексенбі
МОЛДАҒАЛИЕВ №3 Аманкелді), Майрагүл ИСАЕВА (№4 Діңгек), Төлеубай
АХМАДИЕВ (№5 Қаракөз), Тынышбай ШАБДАРБАЕВ (№6 Қосбатыр), Бауыржан
БИМҰРАТОВ (№7 Қабырғатал), Күлжауар БАЙБОЛОВА (№8 Суықсай),

8

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

Зариф НИЯЗОВ (№9 Арасан), Ерболат АСЫЛХАНОВ (№10 Қапал), Дүйсен
МҰХАМЕТШАРҰЛЫ (№11 Қапсалам), Чаймұрат АУЕЛЬБЕКОВ (№12 Молалы),
Денис ДАВЫДОВ (№13 Матай).

Мәслихат төрағасы болып 2-ші рет Бауыржан БИМҰРАТОВ сайланды.
2001 жылдың желтоқсан айында аудандық мәслихатқа қосымша сайлау өтіп,
нәтижесінде оның депутаты және жаңа хатшысы болып Серікбек СЕРПЕРБАЕВ
сайланды.

2003 жылғы 20 қыркүйек күні Мәслихаттың үшінші шақырылымына өткен
кезекті сайлауда сайлаушылар сеніміне ие болған 13 азамат депутат болып

сайланды:
Төлеухан ҚАСЫМБЕКОВА (№1 Сиқымов), Саят АБДРАХМАНОВ (№2 Сатпаев),
Ерік НҮРПЕЙІСОВ (№3 Аманкелді), Ринат МУЛЮКОВ (№4 Діңгек), Әділхан
ҚАНАБЕКОВ (№5 Қаракөз), Тынышбай ШАБДАРБАЕВ (№6 Қосбатыр), Серікбек
СЕРПЕРБАЕВ (№7 Қабырғатал), Бауыржан БИМҰРАТОВ (№8 Суықсай), Зариф
НИЯЗОВ (№9 Арасан), Ерболат АСЫЛХАНОВ (№10 Қапал), Дүйсен
МҰХАМЕТШАРҰЛЫ (№11 Қапсалам), Әшімғали ЖҰМАГЕЛДИН (№12 Молалы),
Марат ДАКУБАЕВ (№13 Матай).
Мәслихат хатшысы болып Серікбек СЕРПЕРБАЕВ сайланды.
2005-2006 жылдары Р.МУЛЮКОВ, Е.НУРПЕЙСОВ және Б.БИМУРАТОВтың
басқа жұмыстарға ауысуларына байланысты косымша сайлаулар өткізіліп,
олардың орнына депутаттар болып Б.ЕРКЕНОВ, Ә.ЖАКЫПБЕКОВ және
Д.МҰСАНОВ сайланды.

9

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

2007 жылдын 18 тамызында өткен Ақсу аудандык мәслихатының 4-ші
шақырылымына баламалы түрде көпшілік дауыстарға ие болған 13 депутат

сайланды:
Төлеухан ҚАСЫМБЕКОВА (№1 Сиқымов), Тарғын Досымұлы БАУЛЫБАЕВ (№2
Сатпаев), Бейбіт Жаңылысұлы СУЛЕЙМЕНОВ (№3 Аманкелді), Болат
Есмұратұлы ЕРКЕНОВ (№4 Діңгек), Нұрбол Қаметқалиұлы ҮСЕНОВ (№5
Қаракөз), Жексенбі МОЛДАҒАЛИЕВ (№6 Қосбатыр), Серікбек СЕРПЕРБАЕВ (№7
Қабырғатал), Дубек МҰСАНОВ (№8 Суықсай), Зариф Қабирұлы НИЯЗОВ (№9
Арасан), Оқас Қайролдаұлы Алибаев (№10 Қапал), Дүйсен МҰХАМЕТШАРҰЛЫ
(№11 Қапсалам), Балташ ҚҰЛШАНОВ (№12 Молалы), Сайлау ЮСУПОВ (№13
Матай).
Мәслихаттын бірінші ұйымдастыру сессиясында хатшысы болып Серікбек
СЕРПЕРБАЕВ сайланды.
2008 жылы Ә.А. КӨКЕНОВАның қайтыс болуына және 2009 жылы
Б.Е.ЕРКЕНОВтың баска жұмысқа ауысуына байланысты №10 Қапал сайлау және
№4 Діңгек сайлау округтерінде бойынша қосымша сайлаулар өтіп, олардың
орнына депутаттыққа О.Қ.АЛИБАЕВ ж»не F.A. MҰCAБАЛАНОВ сайланды.

Ақсу аудандық мәслихатынын 5–ші шақырылымдағы құрамы 2012 жылдың
15 каңтарында өткен сайлау қортындысы бойынша сайлау округтерінен
баламалы түрде көпшілік дауыстарға ие болған 13 депутаттан құрылды:
10

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

Бөлек Қадиярұлы МЕЙРЕМБЕКОВ (№1 Сиқымов), Тарғын Досымұлы
БАУЛЫБАЕВ (№2 Сатпаев), Бейбіт Жаңылысұлы СУЛЕЙМЕНОВ (№3 Аманкелді),
Ғабит Ахметқожаұлы МҰСАБАЛАНОВ (№4 Діңгек), Болатхан БОРАНБАЕВ (№5
Қаракөз), Дүйсен МҰХАМЕТШАРҰЛЫ (№6 Қосбатыр), Серікбек СЕРПЕРБАЕВ (№7
Қабырғатал), Раушан Қадырханқызы СЕКСЕНБАЕВА (№8 Суықсай), Ғалымбек
СЕЙСЕБАЕВ (№9 Арасан), Оқас Қайролдаұлы АЛИБАЕВ (№10 Қапал), Әділғазы
БАЙТҰМАҚОВ (№11 Қапсалам), Балташ ҚҰЛШАНОВ (№12 Молалы) және
Сайлау ЮСУПОВ (№13 Матай).

Мәслихат хатшысы болып Серікбек СЕРПЕРБАЕВ сайланды.

2016 жылдың наурыз айында мәслихаттың 6–шы шақырылымына өткен
сайлау нәтижесінде 17 депутат сайланды:

Күләйхан Тұрсынбекқызы ДӘУЛЕТБЕКОВА (№1 Сиқымов), Тарғын Досымұлы
БАУЛЫБАЕВ (№2 Сатпаев), Бейбіт Жаңылысұлы СУЛЕЙМЕНОВ (№3 Аманкелді),
Ғабит Ахметқожаұлы МҰСАБАЛАНОВ (№4 Діңгек), Асхат Сейденұлы
ДОСМҰХАМБЕТОВ (№5 Қаракөз), Берік Тынышбайұлы ТЫНЫШБАЕВ (№6
Қосбатыр), Талғат Жұмашұлы ЖУАНЫШЕВ (№7 Қабырғатал), Раушан
Қадырханқызы СЕКСЕНБАЕВА (№8 Суықсай), Ғалымбек Құдайбергенұлы
СЕЙСЕБАЕВ (№9 Арасан), Сәбит Әбікенұлы БАРМАҚОВ (№10 Қапал), Марат
Дәулетұлы ЕСТІБАЕВ (№11 Қапсалам), Балташ ҚҰЛШАНОВ (№12 Молалы) және
Эльдар Ермолданұлы САМБЕТОВ (№13 Матай).

11

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

Мәслихаттың жаңа хатшысы болып Бейбіт Жаңылысұлы СҮЛЕЙМЕНОВ
сайланды.

Аудандық мәслихаттың қазіргі 7–ші шақырылымына сайлау 2021 жылы
өтіп, оған сайлау заңындағы жаңа өзгерістерге сай партиялық тізімдер

бойынша 12 депутат сайланды:
АБДРАХМАНОВ Қайрат Сәкенұлы, ДӘУЛЕТБЕКОВА Күләйхан
Тұрсынбекқызы, ЕСТІБАЕВ Марат Дәулетұлы, ЕРМҰХАМБЕТОВА Сағадат
Тлектесқызы, ЕЛУБАЕВА Арда Шегеқызы, ЖУАНЫШЕВ Талғат Жұмашұлы,
ИБРАИМОВА Рахат Нығметбекқызы, 021, ҚАДЕНОВ Арман Манапұлы,
ҚҰРЫМБАЙ Байқадам Болатұлы, СӘМБЕТОВ Эльдар Ермолдаұлы,
СҮЛЕЙМЕНОВ Бейбіт Жаңылысұлы.
Мәслихаттың хатшысы болып Бейбіт Жаңылысұлы СҮЛЕЙМЕНОВ сайланды.
2021 жылы 15 қарашада ауыл әкімі болып сайланған Нұрқуат Демесінұлы
КӘКІМБАЕВтың орнына депутат болып «NurOtan» партиясының қосалқы
тізімінен Балташ ҚҰЛШАНОВ сайланды.

12

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.
13

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

АҚСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ РЕГЛАМЕНТІ

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 9 бабына сәйкес
аудандық мәслихаттың 2021 жылғы қыркүйек айының 30 күні өткен

сессиясында бекітілген.

1. Жалпы ережелер
1. Ақсу аудандық мәслихатының осы регламенті (бұдан әрі – регламент)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі
басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабына, 8-
бабының 3-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің
Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» № 704 Жарлығына сәйкес
әзірленді және мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу,
оларға мәселелер енгiзу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау,
олардың қызметi туралы есептердi, халық алдында мәслихаттың атқарған
жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есептерді тыңдау,
депутаттардың сауалдарын қарау тәртiбiн, мәслихаттағы депутаттық
бiрлестiктердiң өкiлеттiктерiн, қызметiн ұйымдастыруды, сондай-ақ дауыс беру,
аппарат жұмысының тәртiбiн және басқа да рәсiмдiк және ұйымдастырушылық
мәселелерін белгілейді.

2. Ақсу аудандық мәслихаты (жергілікті өкілді орган) – ауданның халқы
сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және
олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган. Мәслихат заңды
тұлға құқығын иеленбейді.

3. Мәслихаттың қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен,
Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық
актілерімен реттеледі.

2. Мәслихат сессияларын өткізу тәртібі
2.1. Мәслихат сессиялары

4. Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда Қазақстан
Республикасының заңдары бойынша оның құзыретіне жатқызылған мәселелер
шешіледі.

Егер мәслихаттың сессиясына тиісті аумақтан мәслихат депутаттарының жалпы
санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды. Сессия жалпы отырыс нысанында
өткізіледі.

14

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

Мәслихаттың шешімі бойынша сессия жұмысында мәслихат белгілеген
мерзімге, бірақ күнтізбелік он бес күннен аспайтын үзіліс жариялануы мүмкін.
Сессияның ұзақтығын мәслихат айқындайды.

Мәслихаттың әрбір отырысының алдында қатысып отырған депутаттарды
тіркеу жүргізіледі, оның нәтижесін мәслихат хатшысы отырыс басталардан бұрын
жария етеді.

Мәслихаттың сессиясы, әдетте, ашық сипатта болады. Егер бұған қатысып
отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, жабық
сессияларды өткізуге мәслихат хатшысының немесе мәслихат сессиясына
қатысып отырған депутаттар санының үштен бір бөлігінің ұсынысы бойынша жол
беріледі.

5. Жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясын депутаттардың осы
мәслихат үшін белгіленген санының кемінде төрттен үш бөлігі болған кезде,
мәслихат депутаттары тіркелген күннен бастап отыз күндік мерзімнен
кешіктірмей тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.

6. Мәслихаттың бірінші сессиясын сайлау комиссиясының төрағасы ашады
және оны мәслихат хатшысы сайланғанға дейін жүргізеді. Одан әрі мәслихат
сессиясын мәслихат хатшысы жүргізеді.

Сайлау комиссиясының төрағасы депутаттарға мәслихат хатшысының
кандидатурасын енгізуді ұсынады, ол бойынша ашық дауыс беру жүргізіледі.
Депутаттардың жалпы санының көпшілік даусын жинаған кандидат сайланған
болып есептеледі.

7. Мәслихаттың кезекті сессиясы жылына төрт реттен сиретпей шақырылады
және оны мәслихат хатшысы жүргізеді.

8. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын осы мәслихатқа сайланған депутаттар
санының кемінде үштен бірінің, сондай-ақ әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат
хатшысы шақырады және жүргізеді.

Кезектен тыс сессия кезектен тыс сессияны оны өткізу туралы шешім
қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей шақырылады.
Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негіз болған ерекше мәселелер қаралуы
мүмкін.

15

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

9. Мәслихаттың хатшысы мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен оның
өткізілетін орны, сондай-ақ сессияның қарауына енгізілетін мәселелер туралы
депутаттарға, халыққа және әкімге сессияға кемінде он күн қалғанда, ал кезектен
тыс сессия шақырылған жағдайда, кемінде үш күн бұрын хабарлайды.

Мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті
материалдарды депутаттарға және әкімге сессияға кемінде бес күн қалғанда, ал
кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда, кемінде үш күн бұрын табыс етеді.

10. Регламентте айқындалған тәртіппен, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге
асыруға байланысты мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге
де органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге
асыру уақытында және мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыру кезеңінде
оған негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен орташа
жалақысы, бірақ көрсетілген қызметте бір жылға дейінгі жұмыс өтілі бар тиісті
әкімшілік-аумақтық бірлік әкімі аппараты басшысының жалақысынан аспайтын
мөлшерде және жол жүру уақыты ескеріліп, мәслихаттың сессиялары, тұрақты
комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстары өтетін, біліктілігін
арттырудан өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтік
міндеттерін орындаудан босатылады.

11. Сессияның күн тәртібін мәслихат жұмысының перспективалы жоспарының,
мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттар топтары
мен депутаттар, тиісті аумақтың әкімі ұсынған мәселелердің негізінде мәслихат
хатшысы қалыптастырады.

Сессияның күн тәртібіне ұсыныстарды мәслихат хатшысына жергілікті
қоғамдастықтың жиналыстары, қоғамдық ұйымдар ұсынуы мүмкін.

Сессияның күн тәртібін талқылау барысында ол толықтырылуы және өзгертілуі
мүмкін. Сессияның күн тәртібін бекіту туралы мәслихат шешім қабылдайды.

Күн тәртібі бойынша дауыс беру әрбір мәселе бойынша жеке өткізіледі. Егер
мәселеге мәслихат депутаттарының көпшілігі дауыс берсе, ол күн тәртібіне
енгізілді деп есептеледі.

12. Сессияға енгізілетін мәселелерді сапалы дайындау үшін мәслихат хатшысы
сессияны дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді уақтылы
ұйымдастырады, оны тиісті аумақтың әкімімен келісім бойынша бекітеді.

16

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

13. Мәслихаттың қарауына жататын мәселелер бойынша аудандық
мәслихаттың сессиясына аудан әкімі, ауылдық округ әкімдері, жұмысы сессияда
қаралатын ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдары
шақырылады. Сессияларға мәслихат хатшысының шақыруымен бұқаралық
ақпарат құралдары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің
қатысуына жол беріледі.

14. Мәслихаттың отырысына шақырылған адамдар үшін мәжіліс залында
арнайы орындар бөлінеді. Шақырылған адамдардың мәслихат сессиясының
жұмысына араласуына, мәслихат сессиясының шешімдерін қолдайтынын немесе
қолдамайтынын білдіруіне жол берілмейді.

Шақырылған адам тәртіпті өрескел бұзған жағдайда, мәслихат хатшысының
шешімі немесе сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшілігінің талабы
бойынша мәжіліс залынан шығарылуы мүмкін.

15. Мәслихаттың отырыстары мәслихат айқындаған уақытта өткізіледі.
Мәслихат хатшысы өз бастамасы бойынша немесе депутаттардың дәлелді
ұсыныстары бойынша үзілістер жариялай алады. Жалпы отырыстың соңында
депутаттарға қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар жасау үшін уақыт
беріледі, олар бойынша жарыссөз ашылмайды.

16. Мәслихат отырыстарында баяндамалар, қосымша баяндамалар,
жарыссөзде сөйлеу үшін және отырыстарды өткізу тәртібі бойынша,
кандидатураларды талқылау, дауыс беру, анықтамалар мен сұрақтар үшін сөз
сөйлеу регламентін мәслихат айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша
баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшін уақыт бөлінеді. Егер сөз сөйлеуші
бөлінген уақыттан асып кетсе, мәслихат хатшысы оның сөзін тоқтатады немесе
отырысқа қатысып отырған депутаттардың көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу
уақытын ұзартады.

Мәслихат депутаты бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды.
Жарыссөздердегі депутаттық сауалдар, түсіндірме және сұрақтарға жауап беру
үшін сөйлеу сөз сөйлеу деп есептелмейді. Сөйлеу құқығын басқа депутатқа беруге
жол берілмейді.

Жарыссөз сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшілігінің ашық дауыс
беруімен тоқтатылады. Жарыссөзді тоқтату туралы мәселе қойылған кезде,

17

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

мәслихат хатшысы сөз сөйлеуге жазылған және сөйлеген депутаттардың саны
туралы хабарлайды, кімнің сөз алуды талап ететіндігін анықтайды.

17. Отырысты өткізу тәртібі бойынша сөз депутатқа сөз сөйлеп тұрған адамның
сөзі аяқталған соң кезектен тыс беріледі. Мәслихат хатшысы анықтама,
депутаттық сауал, сұраққа жауап және талқыланып отырған мәселе бойынша
түсіндірме беру үшін кезектен тыс сөз бере алады.

Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде беріледі. Жазбаша
сұрақтар мәслихат хатшысына беріледі және мәслихат отырысында жария етіледі.

2.2. Мәслихат актілерін қабылдау тәртібі

18. Егер заңда өзгеше белгіленбесе, мәслихат өз құзыретінің мәселелері
бойынша мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен
шешімдер қабылдайды.

19. Шешімдердің жобалары мәслихат хатшысына беріледі.
Мәслихаттың хатшысы қарауға қабылданған шешімдердің жобаларын барлық
қажетті материалдарымен бірге тұрақты комиссияларға қарау және ұсыныстар
дайындау үшін жолдайды. Бір мезгілде тұрақты комиссиялардың біріне мәслихат
актісінің жобасы бойынша қорытынды, сессияға қосымша баяндама дайындау,
қосымша ақпарат жинау және талдау жүргізу жүктелуі мүмкін.
Шешімдердің жобаларымен жұмыс істеу және басқа да мәселелерді дайындау
үшін тұрақты комиссиялар жұмыс топтарын құра алады. Қажет болған жағдайда
жұмыс тобының құрамына басқа тұрақты комиссиялардың депутаттары тартылуы
мүмкін. Жұмыс тобының жұмысына кез келген депутат қатыса алады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, тиісті
атқарушы органның ұсынымы бойынша мәслихат онымен бірлескен шешім
қабылдайды.

20. Мәслихаттың жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқығына,
еркіндігі мен міндеттеріне қатысты шешімдері Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
жариялануға тиіс.

18

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

21. Шешімдердің баламалы жобаларын мәслихат және оның органдары негізгі
жобамен бірге қарайды. Сессияға мәселе дайындауға қатысушы тұрақты
комиссиялар арасында келіспеушіліктер болған жағдайда, комиссиялардың
төрағалары және мәслихат хатшысы оларды жою бойынша шаралар қабылдайды,
қалған келіспеушіліктер мәслихаттың назарына жеткізіледі.

22. Сессияда мәселені қараған кезде баяндама, қажет болған жағдайда,
тұрақты комиссиялардың, жұмыс топтары мен уақытша комиссиялардың
қосымша баяндамалары тыңдалады.

Комиссияның баяндамасында жобаға енгізілген және қайтарылған ұсыныстар
көрсетіледі, түзетулерді қабылдаудың немесе қайтарудың себептері дәлелденеді.

Қосымша баяндаманың ережелерімен немесе шешімнің жобасы бойынша
қорытындылармен келіспейтін тұрақты комиссиялар, комиссиялардың және
жұмыс топтарының жекелеген мүшелері өз пікірлерін қаралатын мәселе
бойынша жалпы жарыссөз басталғанға дейін баяндай алады.

23. Шешімнің жобасын талқылау тармақтар бойынша жүргізіледі. Жобаларға
түзетулер ұсынылып отырған өзгерістер немесе толықтырулар нақты
тұжырымдалып, олардың шешім жобасының мәтініндегі орны көрсетіліп,
жазбаша түрде беріледі. Осы талаптарды қанағаттандырмайтын түзетулер
қарауға қабылданбайды.

24. Мәслихат сессиясы күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешім
қабылдайды. Бір мәселе бойынша шешімдердің бірнеше нұсқасы енгізілген
жағдайда, олардың әрқайсысы сессияға қатысып отырған депутаттарға беріледі.

Мәслихаттың уақытша комиссиясы болып табылатын редакциялық комиссия
шешімдердің ұсынылған нұсқаларын қабылдау немесе кері қайтару туралы өзінің
пікірін жеткізеді және дәлелдейді.

Шешімдердің енгізілген барлық жобалары дауысқа салынады. Жобалардың
бірі негізге алынғаннан кейін депутаттар оған түзетулер қабылдау рәсіміне
кіріседі.

25. Мәслихат шешімінің жобасына түзетулер болған жағдайда, дауыс беру
мынадай ретпен жүзеге асырылады:

19

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

1) мәслихат шешімінің ұсынылған (пысықталған) жобасы негізге алынады, ол
кері қайтарылған жағдайда, түзетулер бойынша одан әрі дауыс беру
тоқтатылады;

2) негізге алынған жобаға кірмеген барлық түзетулер кезек бойынша дауысқа
салынады;

3) сессия шешімі қабылданған түзетулерді ескере отырып, тұтастай дауысқа
салынады. Шешімдердің қабылданбаған жобалары және оларға түзетулер
бойынша ағымдағы сессияда қайта дауыс беруге жол берілмейді.

26. Түзетулер жеке-жеке дауысқа салынады, оларға дауыс берудің ретін
төрағалық етуші айқындайды. Өзара қарама-қайшы келетін түзетулер бойынша
дауыс беру алдында соңғысын төрағалық етуші оқиды. Түзету авторларының
олардың мәні бойынша түсінік беріп немесе оларды талқылаудан алып тастау
туралы ұсыныспен сөз сөйлеуіне жол беріледі.

Мәслихат шешімдеріне өзгерістер оларды қабылдау үшін белгіленген тәртіппен
енгізіледі.

Сессиялардың хаттамалары сессиядан кейін бір айдан кешіктірілмей басылып,
заңнамада белгіленген тәртіппен сақталады.

27. Жоспарлардың, аумақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту
бағдарламаларының, олардың орындалуы туралы есептердің, аумақты басқару
схемаларының жобалары және мәслихат сессиясының қарауына шығарылатын
басқа да мәселелер, сондай-ақ олар бойынша шешімдердің тиістілігіне қарай
келісу бұрыштамалары қойылған, барлық қажетті материалдары қоса берілген
қазақ және орыс тілдеріндегі жобалары мәслихатқа кезекті сессияға дейін үш апта
бұрын мәслихаттың тұрақты комиссияларының қарауына енгізіледі.

28. Тиісті аумақ бюджетінің жобасы мәслихаттың тұрақты комиссияларында
қаралады. Мәслихаттың хатшысы бюджеттің жобасын қарау жөніндегі депутаттық
уақытша жұмыс тобын құрады, оның құрамына мәслихат аппаратының
қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың және ауылдық округтер
әкімдері аппараттарының өкілдері қосылуы мүмкін.

Тұрақты комиссиялар уақытша жұмыс тобының пікірін ескере отырып, тиісті
негіздемелермен және есептеулермен тиісті аумақ бюджетінің жобасы бойынша
ұсыныстар әзірлейді және оларды ұсыныстарды жинақтау мен тиісті аумақ

20

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

бюджетінің жобасы бойынша қорытынды әзірлеуді жүзеге асыратын бейінді
тұрақты комиссияға жібереді.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган сессия басталуынан
кемінде екі апта бұрын мәслихаттың хатшысына барлық қажетті материалдарды
қоса бере отырып, бюджет туралы шешім жобасының түпкілікті нұсқасын
ұсынады.

Аудандық бюджетті облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың
шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей тиісті мәслихат
бекітеді. Ауылдық округтердің бюджеттерін аудандық бюджетті бекіту туралы
аудан мәслихатының шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен
кешіктірмей ауданның мәслихаты бекітеді.

29. Мәслихаттың кезекті сессиясына тиісті жылға арналған жергілікті бюджетті
нақтылауға қатысты жоспардан тыс мәселелер енгізілген жағдайда,
материалдарды ұсыну бюджеттік заңнамада көзделген мерзімдерде жүзеге
асырылады.

30. Аудан бюджеті нақтыланған кезде, мәслихаттың кезектен тыс сессиясында
оны шақыру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі күн ішінде тұрақты
(уақытша) комиссияларда бюджет жобасын қарау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

3. Есептерді тыңдау тәртібі

31. Мәслихат тиісті аумақ әкімінің есептерін тыңдау жолымен тиісті жергілікті
бюджеттің, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік
бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

32. Мәслихат «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19

Жарлығына сәйкес сессияда тиісті аумақ әкімінің есебін тыңдайды.

Әкімнің (оның міндетін атқарушы адамның) өзіне жүктелген функциялар мен

міндеттерді орындауы туралы есебі және ол бойынша шешімнің жобасы тиісті

сессиядан үш апта бұрын мәслихаттың тұрақты комиссияларының қарауына

енгізіледі.

Мыналар:

1) аумақты дамыту жоспарларының экономикалық және әлеуметтік
бағдарламаларының орындалуы, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы әкім

21

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

ұсынған есептерді мәслихаттың екі рет бекітпеуі;
2) жергілікті қоғамдастық жиналысының аудандық маңызы бар қала, ауыл,

кент, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық

жасауы мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселені қарауы үшін негіз
болып табылады.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент ауылдық округ әкімін лауазымынан

босату туралы мәселеге бастамашылық жасау Заңның 39-3-бабына

сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен расталады.

33. Мәслихат мәслихат хатшысының, тұрақты комиссиялар төрағаларының
және мәслихаттың өзге органдарының есебін тыңдайды.

Мәслихат хатшысы жылына кемінде бір рет мәслихаттың кезекті
сессияларында мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс,
депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралу барысы,
сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар,
мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдарымен өзара іс-қимыл
жасауы, мәслихат аппаратының қызметі туралы есеп береді.

Мәслихаттың тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының
төрағалары жылына кемінде бір рет мәслихаттың кезекті сессияларында
жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есеп береді.

34. Облыстың тексеру комиссиясының аудан бюджетінің атқарылуы туралы
есебін мәслихат жыл сайын қарайды.

35. Мәслихат жылына кемінде бір рет халық алдында мәслихаттың атқарған
жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп береді.

Ауылдық округ тұрғындарын мәслихаттың есебімен жергілікті қоғамдастықтың
жиындарында мәслихаттың хатшысы, тұрақты комиссиялардың төрағалары
басқаратын депутаттар тобы таныстырады.

4. Депутаттардың сауалдарын қарау тәртібі

36. Мәслихат депутаты мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша
ресми жазбаша сауалмен әкімге, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы
мен мүшесіне, прокурорға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық
бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы
органдардың лауазымды адамдарына жүгінеді.

22

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

37. Сессия басталғанға дейін енгізілетін сауалдар мәслихат хатшысына беріледі
және оларды сессияның күн тәртібіне енгізу туралы мәселе шешілген жағдайда
оның отырысында қаралады. Сауал бағытталған органға немесе лауазымды
адамға мәслихаттың хатшысы оның көшірмесін жолдайды. Сессияны өткізу
барысында енгізілетін сауалдар төрағалық етушіге отырыста беріледі.

38. Сессияда қаралуға тиіс басқа мәселелерге байланысы жоқ сауал күн
тәртібіне жеке мәселе ретінде енгізіледі не сессия жұмысының соңында бұл үшін
арнайы бөлінген уақытта қаралады. Мәслихат сессияның күн тәртібін
сауалдармен және сұрақтармен жұмыс істеуге уақыт резерві көзделетіндей етіп
айқындайды. Сессияда шешілуге тиіс басқа мәселелермен байланысты сауалдар
күн тәртібіне енгізілмейді және төрағалық етуші оларды сессияда тиісті мәселе
бойынша жарыссөздер басталғанға дейін жария етеді.

39. Мәслихат сауалды қарауды басқа сессияға ауыстыра алады. Сауалдарды
енгізген депутаттар сессияның күн тәртібі бекітілгенге дейін оларды кері қайтарып
ала алады. Күн тәртібі бекітілгеннен кейін сауалды қараудан алып тастау
мәслихаттың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Жазбаша түрде берілген
сауалдар сессияның хаттамасына тіркеледі.

40. Депутаттық сауалға жауап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде жазбаша
нысанда берілуі тиіс.

Депутат сауалға берілген жауап бойынша өз пікірін білдіруге құқылы.
Прокурорға жолданған сауалдар қылмыстық қудалауды жүзеге асырумен
байланысты болмауы тиіс.

5. Мәслихаттың лауазымды адамдары, тұрақты комиссиялары және өзге де
органдары, мәслихаттың депутаттық бірлестіктері.

5.1. Мәслихат хатшысы
41. Бірінші сессияда мәслихат депутаттар арасынан мәслихаттың хатшысын
сайлайды, ол тұрақты негізде жұмыс істейтін және мәслихатқа есеп беретін
лауазымды адам болып табылады. Мәслихат хатшысы мәслихат өкілеттігінің
мерзіміне сайланады.
Мәслихат хатшысы өкілеттіктерін Заңға және осы регламентке сәйкес жүзеге
асырады.

23

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

42. Мәслихат хатшысының лауазымына кандидатураларды мәслихаттың
депутаттары мәслихаттың сессиясында ұсынады. Ұсынылатын
кандидатуралардың санына шек қойылмайды. Кандидаттар өздерінің алдағы
қызметінің үлгі бағдарламаларымен таныстырады. Егер ашық немесе жасырын
дауыс беру нәтижесінде мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілік
даусын алса, кандидат мәслихаттың хатшысы лауазымына сайланды деп
есептеледі.

Егер мәслихат хатшысының лауазымына екіден көп кандидат ұсынылған болса
және олардың бірде-бірі сайлану үшін талап етілетін дауыс санын ала алмаса,
неғұрлым көп дауыс алған екі кандидатура бойынша қайтадан дауыс беру
жүргізіледі.

Егер қайтадан дауыс беру кезінде осы кандидаттардың бірде-бірі
депутаттардың жалпы санының жартысынан астам даусын ала алмаса, қайтадан
сайлау өткізіледі.

43. Мәслихат хатшысы:
1) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды;
2) мәслихат сессиясын дайындауға басшылық жасауды жүзеге асырады,
сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады;
3) мәслихат сессиясының отырыстарын жүргiзедi, мәслихат регламентiнiң
сақталуын қамтамасыз етедi;
4) мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген мәслихат
шешiмдерiне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды.

44. Мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамына
кіруге құқығы жоқ. Мәслихат хатшысының өкілеттіктері мерзімінен бұрын
тоқтатылған жағдайда, жаңа хатшыны сайлау Заңда және осы регламентте
белгіленген тәртіппен өткізіледі.

5.2. Мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссиялары

45. Мәслихат өз өкілеттігінің мерзіміне бірінші сессияда депутаттар қатарынан
мәслихаттың қарауына жататын мәселелерді алдын ала қарау және дайындау,
оның шешімдерін жүзеге асыруға ықпал ету, өз құзыреті шегінде бақылау
функцияларын жүзеге асыру үшін тұрақты комиссиялар құрады. Тұрақты

24

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

комиссиялардың төрағалары мен мүшелерін депутаттар арасынан ашық дауыс
беру арқылы мәслихат сайлайды.

Әрбір тұрақты комиссияның тізбесі, саны және құрамы жеке-жеке дауысқа
салынады. Олардың сандық және дербес құрамы мәслихат хатшысының ұсынысы
бойынша айқындалады.

Тұрақты комиссиялардың саны жетіден аспауға тиіс.
Мәслихаттардың тұрақты комиссиялары төрағаларының кандидатуралары
тұрақты комиссиялардың отырыстарына шығарылады. Кандидатуралардың
санына шек қойылмайды. Мәслихат отырысында төрағалардың
кандидатураларын талқылау әр комиссия бойынша жеке-жеке өткізіледі.
Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарын құра алады.

46. Тұрақты комиссиялардың қызметін ұйымдастыру, функциялары мен
өкілеттіктері Заңмен айқындалады.

47. Мәслихаттың қарауына жатқызылған жекелеген мәселелерді сессияларда
қарауға дайындау мақсатында мәслихат не мәслихаттың хатшысы уақытша
комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, міндеттерін,
өкілеттік мерзімдері мен құқықтарын оны құрған кезде мәслихат не мәслихаттың
хатшысы айқындайды.

48. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы немесе мәслихат шешімі бойынша
көпшілік тыңдаулар өткізе алады.

Көпшілік тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, жергілікті өзін өзі
басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің,
азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтілген отырыстары
нысанында тұрақты комиссиялардың қарауына жатқызылған өте маңызды және
қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында өткізіледі.

Көпшілік тыңдаулар өткізу үшін депутаттар қатарынан жұмыс тобы құрылады.
Тыңдауларды дайындау үшін өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың
мамандары жұмылдырылуы мүмкін.

Тұрақты комиссия алда болатын көпшілік тыңдаулардың тақырыбын
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың назарына жеткізеді.

Көпшілік тыңдауларға тұрақты комиссия мүдделі мемлекеттік органдардың,
жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақырады.

25

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

Көпшілік тыңдауларда мәслихаттың басқа тұрақты комиссияларының
депутаттары қатыса алады.

49. Қаралатын мәселелер «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік немесе қызметтік құпияға
жатқызылған жағдайларды қоспағанда, тұрақты комиссиялардың отырыстары,
әдетте, ашық болады.

Тұрақты комиссиялардың отырыстары қажеттiлiгiне қарай шақырылады және
егер отырысқа олардың құрамына кiретiн депутаттардың жалпы санының
жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледi.

Тұрақты комиссияның қаулысы комиссия мүшелерiнің жалпы санының
көпшiлiк дауысымен қабылданады.

Егер комиссияның отырысында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең
бөлiнген жағдайда, тұрақты комиссияның төрағасы шешушi дауыс құқығын
пайдаланады.

Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол
қояды, ал бiрнеше тұрақты комиссияның бiрлескен отырысы өткiзiлген жағдайда,
тиiстi комиссиялардың төрағалары қол қояды.

5.3. Мәслихаттың редакциялық және есеп комиссиялары

50. Мәслихат ашық дауыс беру арқылы депутаттар қатарынан құрамы тақ
санды құрайтын есеп және редакциялық комиссияларын сайлайды. Есеп және
редакциялық комиссияларының құрамына мәслихат аппаратының және басқа
мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері енгізілуі мүмкін.

51. Редакциялық комиссияның құрамы қаралатын мәселенің ерекшелігі,
комиссия мүшелерінің мамандықтары, біліктіліктері мен жұмыс тәжірибелері
ескеріле отырып қалыптастырылады.

Редакциялық комиссия кезекті сессияға да сайлануы мүмкін.

52. Ашық дауыс беру өткізілгенде есеп комиссиясы дауыс беру және оның
қорытындысын шығару процесін ұйымдастырады.

Есеп комиссиясы өз құрамынан төраға мен комиссия хатшысын сайлайды,
оның шешімдері ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.

26

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

Ашық дауыс беру басталмас бұрын мәслихат хатшысы дауысқа түскен
ұсыныстардың санын көрсетеді, олардың мазмұнын оқиды.

Жасырын дауыс берудің уақыты мен орнын, оны өткізудің тәртібін есеп
комиссиясы мәслихат регламентінің негізінде белгілейді және есеп
комиссиясының төрағасы хабарлайды. Бюллетеньдер беру тікелей дауыс беру
алдында жүргізіледі, олар есеп комиссиясы белгілеген нысанда оның
бақылауымен, отырысқа қатысып отырған депутаттардың санына тең мөлшерде
жасалады және есеп комиссиясының төрағасы қол қояды. Белгіленген нысанға
сәйкес келмейтін бюллетеньдер санақта есепке алынбайды.

5.4. Мәслихаттардағы депутаттық бірлестіктер

53. Мәслихат депутаттары саяси партиялардың фракциялары және өзге де
қоғамдық бірлестіктер, депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құра
алады. Мәслихат хатшысы депутаттық бірлестіктерге кірмейді. Депутаттың тек бiр
ғана депутаттық фракцияда болуға құқығы бар.

54. Депутаттық фракциялар мен топтарды тіркеу мәслихат сессиясында жүзеге
асырылады, келіп тіркелу тәртібімен жүргізіледі және тек ақпараттық сипатта
болады.

55. Депутаттық бірлестіктердің мүшелері:
1) мәслихаттың күн тәртібі, талқыланатын мәселелерді қарау тәртібі және
олардың мәні бойынша ескертулер мен ұсыныстар енгізуі;
2) мәслихат сайлайтын немесе тағайындайтын лауазымды адамдардың
кандидатуралары бойынша пікірлерін айтуы;
3) мәслихат шешімдерінің жобаларына түзетулер ұсынуы;
4) депутаттық бірлестіктің қызметі үшін қажетті материалдар мен құжаттарды
сұратуы мүмкін.

56. Саяси партияның фракциясы өз қызметінде саяси партияның басшы
органдарымен өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ саяси партияның қоғамдық
қабылдау бөлмесінің жұмысына қатысады. Фракция мәслихаттың кемiнде үш
депутатын бiрiктiруге тиiс. Депутаттың тек бір ғана депутаттық фракцияда болуға
құқығы бар.

27

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

6. Депутаттық этика

57. Мәслихат депутаттары:
1) бір-біріне және мәслихат сессияларының, мәслихат комиссиялары мен оның
жұмыс органдарының жұмысына қатысатын барлық басқа да тұлғаларға
құрметпен қарауға тиіс;
2) өздері сөз сөйлегенде дәлелсіз айыптауларды, мәслихат депутаттарының
және басқа тұлғалардың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін дөрекі,
жәбірлейтін сөздерді қолданбауға тиіс;
3) заңсыз және зорлық-зомбылық әрекеттерге шақырмауға тиіс;
4) мәслихаттың, мәслихаттың тұрақты комиссияларының және өзге де
органдарының қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтірмеуге тиіс;
5) сөйлеушілердің сөзін бөлмеуге тиіс.

58. Көпшілік іс-шараларды өткізген кезде бұқаралық ақпарат құралдарында сөз
сөйлегенде, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың
қызметіне пікір білдіргенде депутат дәлелденген, тексерілген фактілерді ғана
пайдалануы тиіс.

59. Депутат мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, бұқаралық ақпарат
құралдарымен өзара қатынастарда өзінің депутаттық мәртебесінің
артықшылығын жеке мүддесі үшін пайдаланбауға тиіс.

60. Мәслихат депутаты өзіне депутаттық өкілеттігін жүзеге асыру барысында
белгілі болған мәліметтерді, егер бұл мәліметтер сессиялардың, мәслихаттың
тұрақты комиссиялары мен оның өзге де органдарының жабық отырыстарында
қаралған мәселелерге қатысты болса, жария ете алмайды.

61. Мәслихат атынан өкілдік етуге арнайы өкілеттігі жоқ мәслихат депутаты
мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тек қана өз атынан байланысқа түсе
алады.

62. Мәслихат депутатына өз міндеттерін орындамағаны және (немесе) тиісінше
орындамағаны, сондай-ақ мәслихат регламентінде белгіленген депутаттық этика
қағидаларын бұзғаны үшін Заңның 21-бабына сәйкес жазалау шаралары
қолданылуы мүмкін.

28

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

7. Мәслихат аппаратының жұмысын ұйымдастыру
63. Мәслихат пен оның органдарының қызметін ақпараттық-талдамалық,
ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға
өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсету үшін мәслихат аппараты
құрылады.
Мәслихат аппараты жергiлiктi бюджет есебiнен қамтылатын мемлекеттiк
мекеме болып табылады.
Мәслихат аппараты туралы ережені мәслихат бекітеді.
64. Мәслихат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген штат
саны мен бөлінген қаражат лимитi шегiнде мәслихат аппаратының құрылымын
бекiтедi, оны қамтуға және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған
шығыстарды айқындайды.
65. Мәслихат аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанда, мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен
бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған
жағдайларда, мәслихат аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi
тоқтатылмайды.

29

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

АҚСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ
АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ

Ақсу аудандық Мәслихаты өзі құрылған 1994 жылдан бергі барлық
кезеңдерінде Қазақстан Республикасы Конституциясын басшылыққа ала
отырып, ҚР «Қазақстан Республикасындагы жергіліктi мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» Заңында, ҚР Президентінің 2013 жылгы 3
желтоқсандағы №704 Жарлығында және еліміздің өзге де заңдылықтарында
белгіленген өкілеттіктерін, құқықтары мен функциялық міндеттерін тиісті
дәрежеде атқарып келеді.

Әр шақырылымның 1-ші сессияларында ұйымдастыру мәселелері қаралып,
онда мәслихаттың хатшысын сайлаумен қатар, заңдылықтарға сай тұрақты
комиссияларын құрып отырды.

МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫ

Мәслихаттың алғашқы 4 шақырылымы бойы заңдылыққа сай 5 адамнан
жергілікті бюджеттің атқарылуына бақылау жасаушы тексеру комиссиясы
сайланып, міндетін атқарып отырды. Ол өз жұмысын ҚР Бюджет кодексі
негізінде аудан бюджетін қалыптастыруы мен атқарылуын, бөлінген бюджеттік
қаржылардың уақтылы, толық және мақсатты пайдалануын тұрақты қадағалауда
ұстады. Тексерулер жүргізіп, оның нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою
туралы ұсыныстарын мәслихат хатшысы мен аудан әкіміне, аудандық бюджет
комиссиясына хабарламалар, әр жылдың қортындысы бойынша сессияда есебі
беріліліп отырылды.

Кейінірек еліміз бойынша аудандық, қалалық тексеру комиссияларының
жұмыстары тоқтатылды.

Сол сияқты әр шақырылым сайын құрамында 5 депутаттан бар
«Экономикалық және аймақтық даму, өндірістік салалары, аграрлық-
экологиялық, кәсіпкерлік, коммуналдық қызмет» және «Бюджет, әлеуметтік-

30

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.
мәдениет салалары, жастар саясаты, заңдылық және құқық қорғау»
мәселелері жөніндегі мәслихаттың 2 тұрақты комиссиясы сайланып, өз
жұмыстарын атқарып келеді.

МӘСЛИХАТ СЕССИЯЛАРЫ

«Мәслихаттар қызметінің негізгі нысаны - оның сессиялары болып
табылады».

Соған орай аудандық мәслихат өз сессияларының толыққанды дайындалып
өткізілуіне басты көңіл бөліп отырды. Оларда талкылауға өздерінің заңдық
құзыреттеріне жататын және де ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына,
халықтың әл-ауқатын жақсартуға, тұрғындарға тиімді әлеуметтік көмек көрсетуге
бағытталған маңызды саналатын мәселелер жоспарланып енгізіліп отырылды.
Ауданның салалық экономикалық және әлеуметтік бағдарламалары, аудандық

31

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

бюджетті қалыптастыру және олардың атқарылуы туралы; аудан және ауылдық
округтер әкімдерінің, бөлімдер басшыларының атқарған жұмыстары туралы
есептер жүйелі тыңдалып келеді. Қажетті нормативтік-құқықтық актілер
қабылданып, аудан әкімдігінің комиссиялары мен үйлестіру кеңестерінің
құрамдарын бекіту, ауданның «Құрметті азаматы» атағын беру, т.б
заңдастыратын мәселелер қаралды. "ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық
Заңына сәйкес құрылған аудан аумағындағы сайлау комиссияларының құрамын
өзгерту, толықтыру жұмыстары тиісті мерзімінде жүргізілді.

Сессияларда қаралатын мәселелерді толыққанды дайындау мақсатында
депутаттардан және аппарат қызметкерлерінен жұмысшы топтар құрылып, елді
мекендерге, тиісті мекемелерге шығып ic жағдайына талдау жасалады.
Кажеттілікке қарай, тұрғындармен жиын-кездесулер, сауалнамалар еткізу
тәжрибесі пайдаланылады. Аудандық газетте «Мәслихат сесссиясы қарсаңында»
атты айдармен депутаттар, басшы-мамандар, газет оқырмандарының
тақырыптық мақалалары, ұсыныс-nікipлepi жарияланып отырылды.

Жинақталған анықтамалық құжаттар, ұсыныс-пікірлер, шешім-қаулылар
жобалары мәслихат депутаттарына, аудан әкіміне, тиісті бөлімдер мен
мекемелер басшыларына алдын-ала ұсынылып, сессияға көрнекілік
видеослайдтар, стендтер дайындалды.

Күн тәртібіне сәйкес сессияларға қажетті саналатын аудан белсенділері және
де облыстық деңгейдегі салалар-мекемелер басшылары, жауапты
қызметкерлері шақырылып қатыстырылып отырылды.

Қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданып, оларды жүзеге асыруға
бағытталған іс-шаралар ауқымы белгіленеді. Оларлың көрсетілген мерзімдерде
орындалуы кадағаланып тексеріліп отырылады. Қажеттілігіне қарай жауапты
орындаушылардың есептері де тыңдалады.

32

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

Мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарын өткізуде де осындай
жүмыстар ауқымы атқарылып отырылды. Олар туралы жыл сайын есептері
тыңдалып келеді.

Мәслихат қызметінде заңдылықпен белгіленген «көпшілік тыңдаулар» өткізу,
депутаттардың мемлекеттік органдар мен оның лауазымды адамдарына
«депутаттық сауалдар» беру, тұрғындар арасында «сауалнамалар» өткізу
сияқты жұмыс әдістері ұтымды пайдаланылып отырылды.

33

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

2009 жылы мәслихаттар институтының қалыптасуына 15 жыл толуына
байланысты салтанатты сессия өткізіліп, барлық шақырылымдардағы
депутаттарға құрмет-сый көрсетілді, мемлекеттік мерейлік медальдар табыс
етілді. Соған орайластырылып «Аудандық мәслихаттың жылнамасы» және
оған қоса депутаттарға арналған «Методикалық көмек» кітапшалары
шығарылып таратылды. Осындай салтанатты сессиялар мәслихаттардың 20
және 25 жылдық мерейлік мерекелерінде де өткізілді.

Аудандық Мәслихат өз заңдылық міндеттерінен басқа да, аудан тұрғындары
көңілінен шығатын әрқилы көпшілік-ұйымдастыру шараларын да кеңінен
өткізіп келеді. Мәселен, “Ақсу ауданының Құрметті азаматы” атағын беру
құзыреті ел заңдылығына енгізілгеннен әлдеқайда бұрын, 2002 жылы
тәжрибеге енгізілді. Оның Ереже–тәртібі сессияда бекітіліп, төске тағатын
арнайы белгісі жасатылды. 2004 жылдың сәуір айында осындай марапаттаудың
жұмыстары ауқымын кеңейту мақсатында Ақсу ауданының «Құрмет Кітабын”
ашу жөнінде тағы бір шешім қабылданды. Марапаттау шаралары салтанатты
жиындарда атқарылып келеді.

2004 жылы мәслихат ауданымыздың таңбасын (гербісін) дайындау жөнінде
бастаманы өзіне алып, оның алғашқы жобасын көпшілік талқылауынан өткізді.
Соңғы үлгісі 2004 жылдың ақпан айында сессияда бекітілді.

Аудан тұрғындары мен сайлаушылары кездесулерде туындаған сұрақтарға
байланысты, олар аса қажет ететін ел Заңдылықтарынан, Ережелерден
түсініктемелер топтамасын дайындап, құжаттар үлгілері аудандық газетте
жарияланды, жеке кітапшалар дайындалып таратылды.

34

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

Мәслихат тарапынан 2006 жылы сессияда “Ауданымызды жасыл желекке
айналдырайық” деген Үндеу қабылданып, ауданның елді мекендерін көктемгі
көркейту жұмыстарына ұйымдастырушылық жасалып, ауқымды жұмыстар
жасалынды.

2010 жылы мәслихат ғасырлар қойнауында ұмыт қалған қазақ биі «Қара
жорғаны» аудан аумағында насихаттау, үйрету мақсатында бастама көтеріп,
тиісті аудандық бөлімдермен бірлесе ұйымдастыру шаралары атқарылды. Аудан
мектептерінде 3 ай бойы сабақтар алдында, үйірмелерде, кештерде жаттығу
сабақтары өткізілді Нәтижесінде ауданда өткізілген жастар форумында 500-ден
аса мектеп оқушылары мен ауыл жастары биді билеп шығып, ел ризашылығына
ие болды. Одан ары олар арнайы шақырылып облыс орталығында өткен
бірнеше мерекелік шараларға қатысты.

«Қазақстан» телеарасындағы белгілі теледидар жобасы негізінде, «Ақсу қос
жұлдызы» атты шоу-бағдарлама өткізуді ұйымдастырылды. Барлығы 30 жұп
қатысқан байқау 2010 жылы желтоқсан айында басталып бірнеше турдан кейін,
келесі наурыз мейрамы қарсаңында аяқталды. Жеңімпаздары анықталды Сол
сияқты «Супер әжелер» конкурсы ұйымдастырылды.

Аудандық мәслихат қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері
І.Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойын ұйымдастыруда біршама
бастамашылық жұмыстар атқарды. Аудан тұрғындары мен зиялы қауым

35

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

өкілдеріне арналған Үндеу жарияланып («Ақсу өңірі» газеті, 6 ақпан 2018 жыл),
онда ақын мұрасын қайта жандандыру мәселесі көтерілді. Осы мақсатта
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, І.Жансүгіров атындағы
әдеби мұражайы және Ақсу ауданының әкімдігі арасында үшжақты
меморандум қабылданып, ол 2017 жылдың 22 желтоқсанында өткен сессияда
бекітілді. Ауданның барлық мектептерінде 34 сағат көлемінде «Ілиястану»
танымдық сабақтарын өткізілуі қолға алынды. Оның методикалық
бағдарламасы дайындалып, мектептерге таратылды. 2018 жылдың 26
ақпанында І.Жансүгіровтың Кеңес үкіметінің солақай саясатының құрбаны
болғанына 80 жыл толуына байланысты аудан орталығында «Ақпанның азалы
күні» атты еске алу митингісі өткізілді.

«І.Жансүгіров өлеңдерінің поэзиялық эстафетасы» атты интернет-онлайн
байқауы жүргізіліп, оған 60-тан астам поэзия жанкүйерлері қатысты. Маусым
айында оның қортындысы шығарылып, жеңімпаздары мен жүлдегерлерін
марапаттау рәсімі өтті.

36

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

Аудандық мәслихат өз қызметінде бұқаралық баспасөз құралдарымен тығыз
байланыста жұмыс істеп келеді. Аудандық «Ақсу өңірі» газеті бетінде мәслихат
сессиялары, басқа да өткізілетін шаралар, қызметі туралы мақалалар,
хабарламалар «Мәслихат сессиясы қарсаңында», «Аудандық мәслихатта»,
«Депутат мінбері» сияқты тақырыпты айдарлар арқылы жарияланып
отырылады. Республикалық «Мәслихат» журналында, облыстық «Жетісу», «Огни
Алатау» газеттерінде аудандық мәслихат қызметінің оңды тәжрибелері бірнеше
рет жарияланып, облыстық теледидар арқылы арнайы хабарлар
ұйымдастырылды. Уақыт талабына сай мәслихаттың қызметі жөніндегі
материалдар соңғы жылдары аудан әкімдігінің сайтында жарияланып келсе,
қазір өз интернет-ресурсы бар, онда мәслихатта қабылданған нормативтік-
құқықтық актілер электронды түрде тіркеліп отырылады. ҚР Парламенті
Сенатының сайтында аудандық депутаттардың жеке пошталары ашылып,
деректері енгізілді.

2016 жылы еліміз бойынша жаңа тәжрибе ретінде ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР
жүйесін құру сайлаулары өткізіліп, оның аймақтық құрылымдары қалыптасты.
2019 жылы оның қайта сайлаулары өткізілді. Ауданда құрылған сондай
қоғамдық Кеңестің алғашқы Төрағасы болып Серікбек СЕРПЕРБАЕВ сайланды.
Одан кейін ол міндетті Сәбит ҚОРҒАНБАЕВ, ал қазіргі уақытта Ғабит
МҰСАБАЛАНОВ атқаруда.

Қоғамдық кеңестің әдістемелік-құжаттамалық жұмысын мәслихаттың аппарат
басшысы Н.ҮСЕНОВ жүргізеді.

37

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

Мәслихат қызметінің пәрменділігі, оның әр депутатының беделі мен
белсенділігіне, қоғамдық міндеттеріне деген жауапкершіліктеріне тікелей
байланысты болғандықтан, олардың сайлаушыларымен, өз сайлау округіндегі
ауыл әкімдіктерімен, мектептермен, қоғамдық ұйымдар және ақсақалдар
алқасымен тығыз байланыста болуы басты назарда болып келеді. Ауданның әр
елді мекенінде «Депутат бұрыштары» ашылған, онда депутаттар өз
сайлаушыларын қабылдауларын өткізеді. Ол жерде арнайы стенд
ұйымдастырылған. Әр шақырылым сайын «Аудан депутаттары - шағын елді
мекендерде» атты акция өткізіліп отырылды. Сол арқылы сайлаушылар
тарапынан көтерілген проблемалық мәселелердің, сұраныстарының оң
шешімдері табылуына ықпал етіліп отырылды.

2005 жылдан бері ауыл әкімдерінің есеп беру жиналыстарында мәслихат
депутаттарының да өздерінің және аудандық мәслихаттың атқарған қызметі
жөнінде хабарламалар беруді тәртіпке айналдырылды.

Ақсу ауландық мәслихаты республика көлеміндегі жаңа тәжрибе ретінде
депутаттардың тұрақты, одан кейін жас көмекшілері институтын құрып
қалыптастыры.

Сол сияқты депутаттарымыз аудан тұрғындары арасында өткізілетін саяси-
қоғамдық, үгіт-насихаттық жұмыстардың белсенділері. Олар аудан әкімдігі
жанындағы насихатшылар топтары құрамында көпшілік арасында ел
Президентінің дәстүрлі Жолдаулары мен Үкіметтің маңызды шешімдерін, облыс,
аудан әкімдерінің осы мәселелерге байланысты қабылдаған іс-шараларын
халыққа таныстырып отырады, басқа да саяси әлеуметтік маңызды құжаттарды
түсіндіру жұмыстарына белсене араласады.

38

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

Аудандық Мәслихат аудан аумағындағы саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар,
баспасөз органдарымен байланысы, қарым-қатынасы тығыз негізде, көптеген
қоғамдық-саяси шаралар бірлесе атқарылады. Соңғы жылдарға дейін
депутаттардың бәрі «НұрОтан» ХДП мүшелері болып келді және олар мәслихат
жанындағы партиялық фракцияны құрады. Олар «Нұр Отан» партиясы аудандық
филиалында қабылдаулар өткізіп отырады.

2021 жылдың 10 қаңтарында өткен Қазақстан Республикасының Парламент
және мәслихат депутаттарының жаңа сайлауы еліміз үшін маңызды саяси қадам
болды. Осы додаға саяси партиялар еліміздегі демократияны, қоғамдық
ықпалдастықты нығайту мен даму барысына бағытталған тың бағдарламаларын
ұсынуы, жаңа кезең алдында тұрған еліміз үшін тың серпін берді. Сондықтан
халық қалаулыларсы үшін - халық мүддесін қорғау, сенім мүддесінен шыға білу
өте жауапты да сауапты іс.

Бұл ретте Ақсу аудандық мәслихатының 7-ші шақырылымындағы депутаттар
корпусына беделді, елге сыйлы, қоғам мүддесіне жаны ашитын азаматтар
топтасқанын айта кету керек. Олардың сапалық құрамы: 8 ер және 4 әйел
азаматтар; 11 жоғары және 1 арнаулы орта білімділер; 10-ы - «Nur Otan»
партиясынан, 2 депутат – «Ауыл» және «Қазақстан халық» партияларынан
сайланғандар. 7-сі алдыңғы 6-шы шақырылымның депутаттары болғандар.
Олардың жалпы орта жасы – 46; ең жас депутат – 29 жаста.

Қазіргі кезде сайлау округтері болмағандықтан, бүгінгі мәслихат депутаттары
ауданның ауылдық округтері мен елді мекендері бойынша белгіленген 10 учаске
тұрғындары арасындағы саяси-әлеуметтік, депутаттық-бұқаралық жұмыстарды
белсене және нәтижелі жүргізуге жауаптылар болып бекітілді.

Депутаттарымыз аудан аумағында өтетін тұрғындарға әлеуметтік қорғау
және қолдау, демеушілік-қайырымдылық шараларына белсене араласып
отырады. Сонау 2000 жылдар басында «Жансүгіров атындағы аудандық
қоғамдық қор» құру туралы бастамашылық және оны алғашқы ұйымдастыру
жұмыстарының басында аудандық мәслихат болған. Депутаттар 2010 жылы
Қызылағаш ауылында орын алған су тасқыны зардаптарын жою, ауылды
қайта қалпына келтіру жұмыстарында белсенділік көрсетіп айтарлықтай
үлестерін қосты.

Соңғы жылдары аудан депутаттары 1 желтоқсан - «Тұңғыш Президент күніне»
орай «Ризашылық» акциясын ұйымдастырып, әлеуметтік әлсіз топтар
қатарындағы отбасыларға 7,0 млн теңгеден астам көлемінде қамқорлық

39

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

шаралары жасалды. Сол сияқты, короновирус індетінің таралуына байланысты
басталған "Жақсылық жасап жарысайық" атты шараларға да белсене қатысты.

МӘСЛИХАТ АППАРАТЫ
Аудандық депутаттар қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме
ретінде мәслихат аппараты 2005 жылдың қаңтарында құрылған. Аппарат өз
жұмысын тиісті заңдылықтарға және мәслихат регламентіне сай атқарады.
Аппараттың алғашқы басшысы болып Жексенбі МОЛДАҒАЛИЕВ
тағайындалған. Одан кейінгі 2007-2014 жылдары басшылықты Әділхан
ҚАНАБЕКОВ жасады. 2014 жылдан аппарат басшысы болып Нұрбол ҮСЕНОВ
қызмет атқаруда
Штаттық саны 5 адамды құрайтын аппаратта негізінен жоғары білімді,
тәжірибеден өткен білікті мамандар жұмыс жасап отырды. Осы аппаратта
ұзақ жылдар мамандар болып істеген Амандос САБЫРБАЕВ – аудан
әкімдігінің басшылығына ауысқан; Бүркітқали ЖҰМАҒАЛИЕВ, Орал ИСАНОВА
және Күлшат ДӘУЛЕТБЕКОВА - қазір зейнеткерлікте; Венера БЕРІКОВА -
биылғы 2021 жылы ауданның Ойтоған ауылдық округінің әкімі болып
сайланды.
Қазіргі таңда аппаратта бас мамандар болып Мақпал НҰРХАНОВА, Алма
Жанатбекқызы ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, Талғат Өтегенұлы ӨТЕГЕН, Әмір Равильұлы
САБИТОВ және жетекші маман болып Айым Серікболқызы АЛИ қызмет
атқаруда. Қабылдау бөлімінде - Гүлім СҰРАПОВА, автомашина жүргізушісі
болып Олжасбек Ержанұлы ЖӘРДЕМБЕКОВ еңбек етеді.
Аппаратта олдардан басқа 10-ға жуық жас мамандар тәрбие алып, қызметте
өсіп, біразы облыстық, республикалық құрылымдарға ауысып кетті.

40

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.
41

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

4-тарау.

Аудандық мәслихаттың құрылғанынан бергі барлық 7

шақырылымдарында оның хатшысыы болып Бауыржан БИМҰРАТОВ,

Серікбек СЕРПЕРБАЕВ және Бейбіт СҮЛЕЙМЕНОВ сайланып қызметтерін

абыройлы атқарды.

БИМҰРАТОВ БАУЫРЖАН ҚЫДЫРБЕКҰЛЫ

Аудандық мәслихаттың 1 және 2-ші
шақырылымдарының депутаты және мәслихат
хатшысы (1994-2001).

Комсомол және мемлекеттік қызмет
ардагері. Саяси-қоғамдық жұмыстар белсендісі.

1961 жылы Ақсу ауданы Ақсу ауылында туған.
Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1979-1981 жылдары әскер қатарында болады.
1984 жылдан Н.Есеболатов атындағы орта мектептің
мұғалімі және ҚЛКЖО Ақсу аудандық комитетінің
нұсқаушысы, оның ұйымдастыру бөлімінің
меңгерушісі, хатшысы қызметтерін атқарды.

1990-1994 жылдары халық депутаттары Ақсу
аудандық Кеңесінің аға референті, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Ақсу
аудандық әкімшілігінің ұйымдастыру бөлімінің маманы болды. 1994-2007
жылдары Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы, Ақсу ауданы әкімі
аппаратының бөлім басшысы, “Отан” РСП Ақсу аудандық өкілдігі төрағасының
бірінші орынбасары, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бастығы
қызметтерін атқарды. Одан кейін Қапшағай қаласында «Балық қорғау
жөніндегі» инспекциясында қызмет атқарды.

Мерекелік медальдармен, көптеген Мақтау Грамоталарымен, Алғыс
хаттармен марапатталған.

42

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

СЕРПЕРБАЕВ СЕРІКБЕК

Ақсу аудандық мәслихатының 2-5
шақырылымдарының депутаты және хатшысы.

Партия, мемлекеттік қызмет және
мәслихаттар жұмысының ардагері. Ел ағасы.
Саяси-қоғамдық жұмыстар белсендісі. Ақсу
ауданының Құрметті азаматы.

1949 жылы 9 наурызда Ақсу ауданының
Сағабүйен ауылындағы «Көлденең» деген жерде
туған. Арасан орта мектебін (1965), Қазақ
мемлекеттік ауылшаруашылық институтын
«инженер-механик» (1970) және Қазақ мемлекеттік
Академиясы жанындағы Нарық институтын
«экономист–қаржыгер» (1994) мамандықтары
бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1970 жылы Ақсу құрылыс техникумының мұғалімі болып
бастап, оның директорының орынбасары болады. Одан кейін Қазақтың
ауылшаруашылық институтының комсомол комитетінің хатшысы, Ақсу аудандық
мемлекеттік ауылшаруашылық техникаларын бақылау инспекциясының
бастығы болды.
1978-1991 жылдары «Жаңақоғам» кеңшарының партком хатшысы, Қазақстан
КП Ақсу аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі және
2-ші хатшысы қызметтерін атқарды. СОКП-ның тарауына байланысты және
жаңа нарықтық талаптарға сай жоғарғы оқу орнында «экономист–қаржыгер»
мамандығын алып, елімізде жаңадан құрылған ҚР Ұлттық және содан кейінгі
Бюджеттік Банкілерінің аудандық бөлімдерінің алғашқы басқарушысы болады
(1992-1997).
1998 жылы Ақсу ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалып, содан ары
1-ші орынбасары қызметін атқарды. 2002 жылы сайлаушылардың сеніміне ие
болып, аудандық мәслихаттың депутаттығына және хатшылығына сайланып, осы
құрмет пен жауапкершілікті мәслихаттың 5 шақырылымы бойы (2016 жылға
дейін) атқарды.
Оның бүткіл қызметтік жылдары партиялық жұмыстармен тығыз байланыста
болып өтті. Кеңестік мерзімде таза партия лауазымдарында болса, еліміздің
егемендік алғаннан кейінгі уақытта «Отан» партиясының басшылық
органдарының құрамында болды. 2011 жылы «НұрОтан» партиясының
аудандық ұйымның хатшысы болып сайланды, партияның 12-ші сьезіне делегат
болып қатысты.

43

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

2015 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін де, 2 жылдай елімізде жаңадан

құрылған Қоғамдық кеңестердің аудандық бөлімінің алғашқы төрағасы болып,

ауданның көпшілік шараларына қатысуды жалғастырды.

Осы аталған қызметтерін атқарған 50 жылға жуық мерзімде өзіне жүктелген

міндеттерді үлкен жауапкершілікпен, берілгендікпен, нәтижелі атқара білді.

Оның тарапынан аудан тарихында ұзақ жылдарға тұрғызылып, таңбаланып-

жазылып ескерткіштік дүниелердің және ұтымды шаралардың тікелей

бастамашысы мен ұйымдастырушысы бола білді.

Сол сияқты, өзін шығармашылық еңбектерімен де таныта білді. Аудан

тарихына арналған және ел тіршілігін баяндайтын 5 танымдық-

энциклопедиялық кітаптарды баспаханадан дайындап шығарды және ғаламтор

кеңістегінде сондай мазмұндағы жекелік 2 сайт ашып жүргізуде. 10 шақты

электронды кітаптар дайындап онлайн оқырмандарға ұсынды. Ауданның

музыка мамандарымен бірігіп шығарған «Алтын ұям-Ақсуым» (Ақсу

маршы) және «Ақсу арулары» деген 2 әннің авторы.

Марапаттары: Үкіметтің «Ерен еңбегі үшін» (2012) және 7 мерекелік

медальдары; КСРО кезіндегі Одақтық және Республикалық басшылық

органдарының біршама мадақтаулары; ҚР Президенті және «НұрОтан»

партиясының Төрағасы Н.НАЗАРБАЕВтың, Үкімет Басшысы

К.МАСИМОВтың, ҚР Сенаты төрағасы К.ТОҚАЕВтың, ҚР Мемлекеттік

хатшысы мен Сыртқы істер Министрінің, Облыс Әкімінің және басқа

деңгейдегі көптеген Мақтау Грамоталары, Алғыс Хаттары.

Ақсу ауданының Құрметті азаматы. Есімі «Ақсудың арда тұлғалары»

атты энциклопедиялық кітаптқа енгізілген.

44

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

СҮЛЕЙМЕНОВ БЕЙБІТ ЖАҢЫЛЫСҰЛЫ

Ақсу аудандық мәслихатының 4-7

шақырылымдарының депутаты және 6-7

шақырылымдарындағы хатшысы.

Ауылшаруашылық саласының үздігі және

ардагері. Саяси-қоғамдық жұмыстар белсендісі.

1962 жылы Ақсу ауданы Алтынарық ауылында

дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік

ауылшаруашылық институтын «инженер-механик»

(1985) және академик Ө.Жолдасбеков атындағы

экономика және құқық Академиясын «заңгер»

мамандықтары бойынша (2008) бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы №18 кәсіптік-

техникалық училищесінің мұғалімі болып бастайды.

1986-2009 жылдары аудандық «Агропромэнерго» шаруашылығында инженер,

№4 кәсіптік техникалық лицей директорының ауылшаруашылық саласы

бойынша орынбасары, Ақсу «МТС Агро» мекемесінің «Алтынарық» учаскесі

меңгерушіcі қызметтерін атқарды. 2009-2016 жылдары «Келешек» шаруа

қожалығының төрағасы болды.

2016 жылы наурыз айында аудандық мәслихаттың хатшысы болып

сайланып, содан бері осы қызметті атқарып келеді.

«ҚР Тәуелсіздігіне 20 және 25 жыл», «ҚР мәслихаттарына 20 және 25

жыл» мерекелік медальдарымен, Алматы облысы және Ақсу ауданы

әкімдерінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

Есімі «Ақсудың арда тұлғалары» атты энциклопедиялық кітаптқа

енгізілген.

45

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

5-тарау

1994-2021 жылдарғы Ақсу аудандық мәслихатының барлық 7
шақырылымында 65 депутат сайланды.

АБДРАХМАНОВ ҚАЙРАТ

Мәслихаттың 7-ші шақырылымының депутаты.
Заңгер, кәсіпкер, еңбек ардагері. Қоғамдық жұмыстар
белсендісі.

1964 жылы 1 қыркүйек күні Ақсу ауданы Жансүгіров
ауылында дүниеге келген. Талдықорған қаласындағы
заң институтын «заңгер» мамандығы бойынша (1980).

Еңбек жолын 1985 жылы Ақсу ауданында сот
орындаушысы болып бастайды. Содан кейін Сарқан
ауданы «Бақалы» кеңшарының халықтық бақылау
комитетінің төрағасы (1990-1997), Ақсу ауданы
прокурорының аға көмекшісі (1997-2004) және Ақсу
ауданының халыққа қызмет көрсету орталығының бастығы (2007-2019)
қызметтерін атқарды.
2019 жылдан Жансүгіров ауылында «Абдрахманов» шаруа қожалығына
жетекшілік етуде.
«Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, ҚР
Бас прокурорының және ҚР Әділет министрінің бірнеше Құрмет
грамоталарымен, ҚР Бас прокурорының арнайы алтын сағатымен
марапатталған.

46

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

ӘЛІБАЕВ ОҚАС ХАЙРОЛЛАҰЛЫ

Мәслихаттың 4-5 шақырылымдарының депутаты.
Еңбек ардагері, ел ағасы. Жоғары санаттағы
терапевт-дәрігер. КСРО-ның және ҚР денсаулық
сақтау салаларының үздігі.

Ақсу ауданының Құрметті азаматы.
1948 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай
ауданы Ахмет-бұлақ ауылында туған. Семей
мемлекеттік медицина институтының емдеу
факультетін бітірген (1973).
Талдықорған аудандық орталық ауруханасында
учаскелік терапевт және Бақтыбай ауылдық
ауруханасының бас дәрігері болады.
1987 жылдан Қапал аудандық ауруханасын бас дәрігері болып, оны 30
жылдай басқарды. Қазір зейнеткер.
Ол білікті дәрігер, тәжрибелі басшы болды және тәлімгер ретінде көптеген
дәрігерлерді тәрбиелеп шығарды.

АСЫЛХАНОВ ЕРБОЛАТ ОМАРҰЛЫ

Мәслихаттың 2-3 шақырылымдарының депутаты.
Ұстаз, еңбек ардагері. ҚР халық ағарту ісінің үздігі.
1957 жылы Ақсу ауданы Молалы стансасында туған.
Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылындағы
орта мектепті (1974), Ақмола қаласындағы Целиноград
инженерлік-құрылыс институтын (1984) бітірген.
1974-1978 жылдары Алматы қаласындағы Азаматтық
авиация зауытында слесарь болып жұмыс істейді.
Арасында әскерде азаматтық борышын өтейді. Содан
кейін Ақсу ауданы Жансүгіров атындағы ұжымшарда
құрылысшы (1978-1981); Қапал ауданы Абай атындағы
ұжымшарда құрылыс учаскесінде жұмысшы, техникалық бақылаушы,
мастер, аға прораб болып (1981-1987) жұмыс істейді.
1987-1995 жылдары Қапал аудандық партия комитетінде нұсқаушы,
аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, аудандық Кеңестің
ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, ауданның аға архитекторы қызметтерін
атқарды.
1995 жылдан Қапал кәсіптік–техникалық колледжі директоры қызметінде.

47

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

«Қазақстан Республикасына 10 жыл» медалімен, «ҚР Білім беру ісінің
Құрметті қызметкері» төсбелгісімен, ҚР Білім және ғылым Министірінің,
Алматы облысы әкімінің, Астана қаласы ӘІПК оқу орталығының Алғыс
хаттары және Құрмет грамоталарымен марапатталған. Ұлттық
бизнес–рейтингісі бойынша «2015 жыл сала көшбасшысы» сертификатын
алған.

Есімі «Ақсудың арда тұлғалары» атты энциклопедиялық кітаптқа
енгізілген.

АБИЛХАСЫМОВ ҚУАНТАЙ ЕРМҰХАНҰЛЫ

Мәслихаттың 1-ші шақырылымының депутаты.

Ауылшаруашылық саласы және мемлекеттік

қызмет ардагері.

1954 жылы 1 шілдеде Ақсу ауданы Сағабүйен

ауылында дүниеге келген. Т.Тоқтаров атындағы орта

мектепті (1971), Қазақ мемлекеттік

ауылшаруашылығының институтын «агроном»

мамандығы бойынша (1977) бітірген.

Еңбек жолын мектеп бітірген жылы ауылда тракторшы

болып бастайды. 1972 жылы шаруашылық

басшыларының жолдамасымен жоғары оқу орнына

жіберіледі. Оны бітіріп келгеннен кейін, І.Жансүгіров атындағы ұжымшарға

бригада агрономы болып жұмысқа қабылданды. 1980-1994 жылдары

ауданның «Қаракемер» және «Жаңақоғам» кеңшарларында бас агроном,

Ақсу аудандық ауылшаруашылық басқармасында бас агроном, «Қосағаш»

кеңшарында директор болып қызметтер атқарды.

1994 жылдың қазан айында І.Жансүгіров атындағы кеңшарға бас агроном

болып ауысып, 1995 жылы жаңа құрылған «Сағабүйен» өндірістік

кооперативінің төрағасы болып жұмыс жасайды. 2005-2017 жылдары

Қарашілік ауылдық округінде бас маман іс-жүргізушісі қызметін атқарып, сол

жұмыстан зейнеткерлікке шықты.

Көптеген Алғыс хаттардың, Мақтау грамоталардың иегері. Есімі

«Ақсудың арда тұлғалары» атты энциклопедиялық кітаптқа енгізілген.

48

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

БАЙБОЛОВА ГҮЛЖАУҺАР ӘБІЛМАЖІНҚЫЗЫ

(1947-2003)
Мәслихаттың 1-2 шақырылымдарының депутаты. Ұстаз, оку-ағарту ісінің
үздігі.
1947 жылы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылында дүниеге келген. Қазақтың
мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын «орыс тілі пәнінің мұғалімі»
мамандығы бойынша бітірген (1970).
Институттан кейін Қапал ауданының Қоңыр ауылындагы мектепте мұғалім,
директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болды. Содан кейін Қапал
аудандық партия комитетінде нұсқаушы (1981-1984), Ақсу ауданы Қопа
ауылындағы Ш.Уалиханов атындағы орта мектепте директордың оку ісі
жөніндегі орынбасары және директоры (1984-2003) болып қызмет атқарған.
«Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, «В.И.Лениннің 100 жылдығы» медалімен
марапатталған.

БАЙТҰМАҚОВ ӘДІЛҒАЗЫ ОМАРҒАЗЫҰЛЫ

Мәслихаттың 5-ші шақырылымының депутаты.
Ұстаз, еңбек ардагері. Оку-ағарту ісінің үздігі.
1959 жылы туған. Талдықорған педагогикалық
институтының «филология» факультетін бітірген (1981).
Институттан кейін аудан мектептерінде мұғалім
болып істеген. 1997-2001 жылдары Қарасу орта
мектебінің директоры, Ақсу аудандық әкімшілігінде
ішкі саясат бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.
2003 жылдан Қызылағаш ауылындағы Ш.Жансүгіров
атындағы орта мектеп директоры қызметін атқарып,
сол қызметтен 2015 жылы зейнеткерлікке шықты.
ҚР Президентінің, ҚР білім және ғылым министрінің, облыс, аудан
әкімдерінің Құрмет грамоталарының, Алғыс хаттарының иегері.

49

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

БАРМАҚОВ СӘБИТ ӘБІКЕНҰЛЫ

Мәслихаттың 6-7 шақырылымдарының депутаты.
Еңбек ардагері. Қоғамдық жұмыстар белсендісі. Ақсу
ауданының Құрметті азаматы.
1956 жылы 25 тамызда Ақсу ауданы Ақсу ауылында
дүниеге келген. Ы.Алтынсарин атындағы (қазіргі
Мамания) орта мектепті (1973), Талдықорған құрылыс
техникумын «инженер-техник» мамандығы бойынша
(1979) бітірген.
1974-1976 жылдары Кеңес әскері қатарында болды.
1979 жылдан Қапал колхозаралық құрылыс
мекемесінде инженер (1979-1983), Қапал аудандық
комсомол комитетінде бөлім меңгерушісі (1983-1985), Қапал ауданы
«Күреңбел» ұжымшарында бас прораб, директорының орынбасары (1985-
2000) және «Қазақтелеком» АҚ Қапал филиалының басшысы (2000-2016)
қызметтерін атқарды. 2016 жылдан зейнеткер.
«ҚР Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 және 25
жыл» мерекелік медальдарымен, Ақсу ауданының әкімінің, «Қазақтелеком»
АҚ-ның Құрмет грамоталарымен марапатталған. Есімі Ақсу ауданының
«Құрмет кітабына», халықаралық «Үздік адамдар» және «Ақсудың арда
тұлғалары» атты энциклопедиялық кітаптарға енгізілген.

БАУЛЫБАЕВ ТАРҒЫН ДОСЫМҰЛЫ

Мәслихаттың 4-6 шақырылымдарының депутаты.
Жоғарғы санаттағы дәрігер, денсаулық сақтау
саласының үздігі және ардагері. Қоғамдық жұмыстар
белсендісі.

Ақсу ауданының Құрметті азаматы.
1955 жылы 24 ақпанда Ақсу ауданы Ақсу ауылында
дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина
институтын «дәрігер–терапевт» мамандығы бойынша
бітірген (1981).
Еңбек жолын 1972 жылы «Жаңақоғам» кеңшарында
механизатор ретінде бастайды. 1974-1976 жылдары
Кеңес әскері қатарында болды. Одан ары Қаракөз және Сағабүйен ауылдық
округтеріндегі дәрігерлік амбулаторияларының бас дәрігері (1981-1996); Ақсу
аудандық міндетті медициналық сақтандыру қорының директоры (1996-2003)

50


Click to View FlipBook Version