The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by , 2021-12-09 06:35:29

АҚСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ

ЖЫЛНАМАЛЫҚ КІТАП

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

және Ақсу аудандық орталық ауруханасы емханасының меңгерушісі (2003-
2018) болды. Қазіргі уақытта зейнеткер.

«ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астанаға 20 жыл», «Қазақстан
мәслихаттарына 20 және 25 жыл» мерекелік медалдарымен; «Алтын
дәрігер» төсбелгісімен және ҚР денсаулық сақтау Министрінің, «Нұр Отан»
партиясының, Алматы облысы әкімінің және облыстық денсаулық сақтау
басқармасының Мадақтау қағаздарымен марапатталған.

Есімі «Ақсудың арда тұлғалары» атты энциклопедиялық кітаптқа
енгізілген.

БОРАНБАЕВ БОЛАТХАН

Мәслихаттың 5-ші шақырылымының депутаты.
Еңбек ардагері, ел ағасы. Ұстаз, мемлекеттік және
мәдениет саласы қызметкері.
Ақсу ауданының Құрметті азаматы.
1949 жылы Ақсу ауданы Есеболатов ауылында туған.
Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институтын
«тарих пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1966 жылы «Діңгек» кеңшарында
жұысшы болып бастаған. 1970-1984 жылдары
Есеболатов атындағы орта мектебі жанындағы
интернатта радиомонтер, тәрбиеші, мұғалім, «Діңгек»
кеңшары бастауыш комсомол ұйымының хатшысы; 1984-2005 жылдары
Есеболатов атындағы орта мектебінде мұғалім, Есеболатов ауылдық халық
депутаттары Кеңесінің төрағасы, Жаңалық, Есеболатов ауылдық округтерінің
әкімі болып қызмет атқарды.
2005 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін Ақсу аудандық мәдениет
үйінің директоры болды.
Алматы облыстық Мәдениет басқармасының «Мәдени демалыс
ұйымының үздік қызметкері» белгісінің иегері.

51

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

ДАКУБАЕВ МАРАТ КЕНЕМБАЙҰЛЫ

Мәслихаттың 3-ші шақырылымының депутаты.
Ұстаз, еңбек ардагері. «Қазақ КСР халық ағарту ісінің
үздігі»
1952 жылы 19 қарашада бұрынғы Бөрлітюбе ауданы Лепсі
стансасында дүниеге келген. Осы стансадағы Ушинский
атындағы өнер орта мектебін (1970,) Абай атындағы
ҚазПИ-дің математика факультетін (1975) бітірген
Еңбек жолын 1975 жылдың қыркүйегінде Лепсідегі
Ушинский атындағы мектепте математика пәнінің мұғалімі
болып бастайды. Одан кейінгі жылдары аудандық күндізгі
сырттай орта мектебінде бас мұғалім және директоры; аудандық халық ағарту
бөлімінде әдістемелік бөлімінің меңгерушісі және аға инспекторы жұыстарын
атқарды (1975-1981). Арасында әскери қызметте болады (1976-1977).
1981 – 2008 жылдары Матай орта мектебінің директоры, одан соң 2018 жылға
дейін осы мектепте математика пәнінің мұғалімі қызметінде болды.
Зейнеткерлікке 2015 жылы шыққан.
«Қазақстан мәслихаттарыына - 25 жыл» мерекелік медалімен және
ұстаздық қызметінде көптеген Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен
марапатталған.

ДӘУЛЕТБЕКОВА КҮЛӘЙХАН ТҰРСЫНБЕКҚЫЗЫ

Мәслихаттың 6-7 шақырылымдарының депутаты.
Ұстаз. Мемлекеттік қызмет саласының және
партия жұмыстарының ардагері. Ел ағасы. Саяси-
қоғамдық жұмыстар белсендісі.
Ақсу ауданының Құрметті азаматы.

1963 жылы 8 қазанда Ақсу ауданы Қарашілік
ауылында дүниеге келген. Ауданның Б.Сыртанов
(бұрынғы Қызылту) ауылындағы Ғ.Мұратбаев атындағы
орта мектебін (1980), Қазақтың мемлекеттік қыздар
институтының «тарих» факультетін үздік дипломмен
(1987), Талдықорған қаласындағы академик

52

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «қаржыгер»
мамандығы бойынша (2016) бітірген.

Еңбек жолын мектепті бітірген жылы Қызылту ауылында жұмысшы
болып бастайды. 1987 жылы институт бітіріп келген соң Ғ.Мұратбаев
атындағы орта мектепке мұғалім болып жұмысқа орналасады. Мектептің
және ауылдың қоғамдық-саяси жұмыстарға, мәдени-кһпшілік шараларына
белсене араласып, сол мектептің комсомол ұйымның жетекшісі болды.

1990 жылы балама сайлау арқылы Ақсу аудандық комсомол комитетінің 3-
ші хатшысы болып сайланды. Содан кейінгі жылдары Ақсу аудан әкімі
аппаратының бас маманы; аудан әкімі жанындағы жастар ісі, туризм, спорт;
ішкі саясат; мәдениет және спорт; ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту
және білім бөлімдерінің бастығы (2008-2012) қызметтерін атқарды.

2012 жылдың ақпан айынан - «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары қызметінде.

«Елбасы Жолдауы - алға басу арнасы» тақырыбындағы 2 кітапшаның
авторы. Ауданның білім саласы туралы «Кең өрісті - білім ордасы» атты
жинақ–кітапты құрастырушы. Мақалалары мен бірнеше әдістемелік
нұсқаулықтары арнайы баспасөз беттерінде жарияланып тұрды.

1989-1990 жылдары ауылдық Кеңес депутаты болған. 2012 жылдан
тұрақты түрде «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының Саяси
кеңесі Бюро мүшесі болып келді. 2015 жылдан Ақсу аудандық мәслихаты
жанындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі.
Бірнеше аудандық қоғамдық комиссияларының мүшесі.

«ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астанаға 20 жыл», «Қазақстан
Мәслихаттарына-25 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 25
жыл», «Шапағат» және «Қазақстан әйелдер қауымдастығына - 20 жыл»
мерекелік медальдарымен, «Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі»
үшін төсбелгісімен (2015); ҚР Президенттері Н.Ә.Назарбаев (2015, 2016) пен
Қ.К.Тоқаевтың (2019) Алғыс хаттарымен; «Nur Otan» партиясы Орталық
аппаратының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, облыс, аудан
әкімдерінің, облыстық, аудандық ішкі саясат, мәдениет, спорт
бөлімдерінің және т.б. Құрмет грамоталарымен марапатталған.

«Nur Otan» партиясының ХҮ-XIX съездерінің делегаты. Ел Президенті
болған Н.Ә.Назарбаев (2015 ж. 29 сәуір) пен Қ.К.Тоқаевтың (2019 ж. 11
маусым) қызметке кірісу Ұлықтау салтанаттарына, республикалық
жаңашыл педагогтар форумына қатысқан.

Есімі Ақсу ауданының Құрмет кітабына (2013), «Қазақ жерінің зиялы
азаматтары» жинағына, «Ақсудың арда тұлғалары» атты

53

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

энциклопедиялық кітаптқа енгізілген, ол туралы «Қазақстанның 20
қанатты әйелдері» (2015) республикалық альманах журналында арнаулы
бет шығарылған.

ДОСМҰХАМБЕТОВ АСХАТ СЕЙДЕНҰЛЫ

Мәслихаттың 6-шы шақырылымының депутаты.
Тәжрибелі ұстаз, үздік мәдениет қызметкері. Саяси-
қоғамдық жұмыстар белсендісі.

1964 жылы 9 мамырда Сарқан ауданы Абай
ауылында өмірге келген. Ақсу ауданы Чапаев атындағы
орта мектебін (1981), Абай атындағы қазақ
педагогикалық институтының филология факультетін
«қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығы
бойынша (1985) бітірген.

Қызметтік жолы: Ақсу ауданы Абай атындағы орта
мектепте мұғалім, директордың тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасары (1985-86); Ақсу ауданы Қарасу орталау мектебінің
директоры; Сарқан қаласы Абай атындағы орта мектеп–гимназиясы
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары (1995-2001); Ақсу аудандық
білім бөлімі басшысының орынбасары (2001-2003); Ақсу ауданы Ғ.Орманов
атындағы орта мектеп директоры (2003-2010); «Нұр Отан» партиясы Ақсу
аудандық филиалы төрағасының 1-ші орынбасары (2010-2012 ); Ақсу
аудандық білім бөлімінің басшысы (2012-2015); Ғ. Орманов атындағы орта
мектеп директоры (2015–2016).
2016 жылдан Ақсу аудандық мәдениет үйінің директоры.
ҚР Президентінің және ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс
хаттарымен, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы мен
Алматы облыстық Мәслихатының Құрмет грамоталарымен
марапатталған. «Жыл басшысы» Ұлттық сертификатының иегері (2014).
Есімі «Ақсудың арда тұлғалары» атты энциклопедиялық кітаптқа
енгізілген.

54

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

ДҮЙСЕМБАЕВ ӘСКЕРБЕК ТҰРАРБЕКҰЛЫ

(1957 – 2012)

Мәслихаттың 1-ші шақырылымының депутаты.
Қоғам қайраткері. Ауылшаруашылық саласы және
мемлекеттік қызмет ардагері. Ақсу ауданының
Құрметті азаматы.
Ақсу ауданы Молалы стансасында туған. Алматы
облысы Көксу ауданының М.Сеңгірбаев атындағы орта
мектебін, Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы
институтын «ғалым-агроном» мамандығы бойынша
бітірген.
Еңбек жолын 1979 жылы Алакөл ауданының «Сарықұм»
қой кеңшарында агроном болып бастайды. Ақсу
ауданындағы І.Жансүгіров атындағы ұжымшар мен «Қосағаш» кеңшарында
агроном, бас агроном болады (1980-1985).
1985 жылы Қазақ ВАСХНИЛ институтының аудандағы тәжірибе
шаруашылығының директоры болып тағайындалады. Содан кейін біраз
уақыт Алакөл аудандық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы
қызметінде болып, ауданға қайта оралады, Ленин атындағы кеңшарға
директор болады (1989-1994). Одан ары Талдықорған қаласындағы «Береке»
агрофирмасының директоры; «Ақсу» АҚ директорының орынбасары және
директоры; «Меруерт», «Айгерім» ЖШС-інің директоры (1994-2003); Алматы
облыстық аумақтық басқармасының экономикалық талдау бөлімінің бастығы
және Ақсу ауданы әкімінің 1-ші орынбасары қызметтерін атқарды (2003-08).
2008-2013 жылдары Ақсу ауданының әкімі болды. 2013 жылы Алматы
облыстық еңбек қорғау инспекциясяының бастығы болып тағайындалды. 2014
жылы қаңтар айында өмірден өтті.
Үкіметтің «Құрмет» орденімен, көптеген мерекелік медальдарымен,
мемлекеттік биліктің әр деңгейдегі органдарының Алғыс хаттармен,
Мақтау Грамоталарымен марапатталған.
Есімі «Ақсудың арда тұлғалары» атты энциклопедиялық кітаптқа
енгізілген.

55

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

ЕЛУБАЕВ ШЕГЕ

(1937-2021)

Мәслихаттың 1-ші шақырылымының депутаты.
Үлкен өнер иесі. Мәдениет-өнер саласының ардагері
және үздігі. Ақсу ауданының Құрметті азаматы
1937 жылы Сарқан ауданы Қарауылтөбе елді мекенінде
өмірге келген. Жамбыл қаласындағы мәдени-ағарту
училищесінің театр бөлімін үздік бітірген.
Жас кезінен өнерге бейім болып өскен оның еңбек және
шығармашылығы жолы Сарқан өңірінен басталады.
1955-56 жылдары аудандық мәдениет үйінің домбыра
оркестрін басқарды.
Оның шығармашылығы Ақсу жерінде барынша
дамиды. Өзі құрып жетекшілік еткен «Елубаевтар отбасылық ансамблі» бүткіл
елімізге танымал болды, республика бойынша тұңғыш рет «Отбасылық халық
ансамблі» деген атаққа ие болды. Облыстың көптеген аудандарында,
республика аумағында ел аралап концерттер мен халық театрларының
койылымдарын қойып, тұрғындарға рухани қызмет көрсетеді. Отбасы
ансамблінде бұрын ешкімге белгісіз, өзі ойлап тапқан аспаптарды енгізіп
көпшілікті таң қалдырған. Аспаптарды тек меңгеріп-ойнап қана қойған жоқ, өз
шығармаларын орындап әндеткен. Жеке концерттері қазақ-телерадио
компаниясының «Алтын қорында» сақталған, бүгінгі күнде ауық-ауық
көрсетіліп тұрады.
1985 жылы Қазақ теледидарының «Мирас» телебағдарламасында тұңғыш
рет қазақтың билер мен шешендер туралы танымдық-насихаттық хабарды
шығарды.
1983 жылы Талдықорған қаласында өткен тұңғыш республикалық ақындар
мен жыршылар байқауында «Ақын, әрі жыршы» деген екі атақты бірге
иеленген жалғыз өзі болды.
Драматургия саласындағы еңбектері де қомақты. Тарих тақырыбындағы
«Шұқыр мәдениеті», «Аттила», «Екінші Түрік қағанаты», «Алаш туының
астындағы айқас» атты көп актілі пьесалары бар. Өзі де Ақсу халық театрында
бірнеше спектакльдерге режиссерлік жасап, сахнаға дайындаған және біраз
рөлдерін де сомдаған.
Жыраулығы да болды. Қазақтың шежіресін зерттеумен де айналысқан, ел
аралап жинақтаған жазбалары бар. «Қозғалыс нотасы» және «Адамгершілік
теориясы» деп аталатын пәлсапалық дүниелер жазған.
Өнер жолында біршама шәкірттерді өнер сахнасына тәрбиелеп, ұстаз да
бола білді.

56

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

«ҚР мәслихаттарына 25 жыл», «Еңбек ардагері» медальдарының иегері.
Есімі «Ақсудың арда тұлғалары» атты энциклопедиялық кітаптқа
енгізілген.

ЕЛУБАЕВА АРДА ШЕГЕҚЫЗЫ

Аудандық мәслихаттың 7-ші шақырылымының
депутаты.

Өнерпаз, мәдениет-өнер саласының үздік
қызметкері.

1979 жылы 21 қазанда Талдықорған қаласында
дүниеге келген. Өнерге бейімділігі бала кезінен
байқалады, 4 жасынан қазақтың жыр-дастандарын
жатқа айта бастаған. «Елубаевтар отбасылық халықтық
ансамблінің» белді мүшесі болып қалыптасады.
Еңбек жолы Ақсу аудандық Молықбай Байсақұлы
атындағы мәдениет үйінің табалдырығынан басталып,
22 жылдан астам уақыт аудан мәдениетінің өркендеуі жолында тер төгіп келе
жатқан бірден бір жоғары білімді маман ретінде танылды. Әншілік, актерлік,
режиссерлік біліктілігімен айқындалды, ақындық, композиторлық
шығармашылықтары да бар. Оның жекелік концерттік бағдарламасы
«Қазақтелерадио» компаниясының алтын қорында сақталған, көгілдір
экраннан беріліп тұрады. М.Мақатаевқа және тіл тақырыбына арналған
өлеңдері «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты жыр жинағына енгізілген
(2010). 80 жылдық тарихы бар «Ақсу халық театрының» 2011 жылы 15 штат
бірлігімен қайта ашылып қайтадан құрылып жаңғыруына үлкен үлес қосып,
режиссері ретінде оның құрамын жаңартып «халықтық атағының» қайта
қорғалуына қол жеткізді. Қ.Мұқашевтың «Дала дастаны» драмасын қойған
оның режиссерлық туындысы 2019 жылы мамыр айында Атырау қаласында
өткен республикалық халық театрлары фестивалінде «Үздік сценография»
номинациясының жеңімпазы атанды.
Облыстық, аудандық саяси-қоғамдық, мәдени-бұқаралық жұмыстарының
белсендісі. 2016 жылдан Ақсу аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі. Ақсу
аудандық маслихатының депутаттығына Қазақстан Халық Партиясы атынан
сайланған (2021). Ақсу аудандық мәслихаттың мәдениет саласының «Жыл
үздігі-2015», Алматы облысының «ІІ-вице Миссис -2011» және Алматы
облыстық ардагерлер кеңесінің «Алматы облысының сымбатты келіні»
атақтарының иегері.

57

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік
медалімен (2011), «Еңбек даңқы» төсбелгісімен (2020)) марапатталған.
Есімі Ақсу ауданының «Құрмет кітабына» енгізілген (2019). Алматы
облысы әкімінің «Үздік мәдениет қызметкері» дипломының (2017).

ЕРКЕНОВ БОЛАТ ЕСМҰРАТҰЛЫ

Мәслихаттың 2-ші, 3-ші және 4-ші

шақырылымдарының депутаты.

Ұстаз, ҚР білім беру үздігі, ҚР білім беру ісінің

Құрметті қызметкері. Қазақ аграрлық

университетінің Құрметті профессоры. Саяси-

қоғамдық жұмыстар белсендісі.

Ақсу ауданының Құрметті азаматы.

1956 жылы 1 шілдеде Ақсу ауданы Жансүгіров

ауылында дүниеге келген. Ауданның Чапаев атындағы

орта мектебін (1973), Ақсу кәсіптік-техникалық

училищесін (1977), Талдықорған индустриялық-

педагогикалық техникумын (1980) және Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық

институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.

1973-1974 жылдары ПМК-2307 кәсіпорнында тас қалаушы болып еңбек

жолын бастайды. 1980 жылы Ақсу кәсіптік-техникалық училищесіне оқу

шебері болып қабылданып, одан ары арнайы пәндердің оқытушысы, аға

оқыту шебері, директордың орынбасары болды (1980-1993).

1993 жылдың қыркүйек айында училищенің директоры қызметіне

тағайындалды. 1999-2000 жылдары аудандағы жұмысы тоқтау жағдайында

түрған қант зауытының жұмысын жандандыру мақсатында, аудан

басшылығының ұйғаруымен оған басшылық жасау тапсырылып, ол міндетті

де аброймен атқарып шықты.

2007 жылдың 29 тамызында Алматы қаласындағы №13 кәсіптік лицейінің

директоры қызметіне ауыстырылды. Бұл жерде де аз мерзімде көптеген

оңды өзгерістер іске асып, артта саналып келген мектеп ұжымы жаңа уақыт

талабына сай қызмет атқарып жатқан республикалық деңгейдегі үздік

мектептер қатарына жетті. Мектеп ұжымы Алматы облысы әкімдігі

ұйымдастырған 2017 жылғы облыстық «Үздік кәсіптік білім беру ұйымы»

байқауында І орынды; 2018 жылы дуальді оқыту бойынша мамандарды

дайындайтын «Үздік оқу орны» атағын; осы жылғы Қазақстандағы

гуманитарлық-экономикалық колледждерінің Ұлттық рейтингісінде 1-ші

орынды иеленген. Халықаралық «Признание» премиясының дипломымен

58

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

марапатталғаны; «Лидер отрасли» ұлттық сертификатының иегері атануы
сияқты т.б. жетістіктері.

«ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) мерекелік медалімен, ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен (2006), ҚР Білім және ғылым
министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған (1995). ҚР Білім
беру қызметкерлерінің І және ІІ съездерінің делегаты болып сайланған. Ол
туралы «Қазақ жерінің зиялы азаматтары» (2002), «Золотая книга»,
«Қазақстандағы қазіргі заманғы білім беру» және «Қазақстанда
техникалық және кәсіби білім беру» кітаптары мен көптеген газет-
журналдарда мақалалар жарияланған.

Есімі «Ақсудың арда тұлғалары» атты энциклопедиялық кітаптқа
енгізілген.

ЕРМУХАНБЕТОВА САҒАДАТ ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ

Кәсіпкер.
1972 жылы 24 тамызда Ақсу ауданы Б.Сырттанов
(бұрынғы Қызылту) ауылында дүниеге келген. Осы
ауылдағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектепті (1989),
Абай атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік
университетінің «химия-биология» факультетін (1995)
бітірген.
Университетті бітіріп келгеннен кейін Ғ.Мұратбаев
атындағы орта мектепте мұғалім болып жұмыс
жасайды. Қазіргі уақытта жеке кәсіпкершілікпен
айналысады.

ЕСТІБАЕВ МАРАТ ДӘУЛЕТҰЛЫ

Мәслихаттың 6-шы және 7-ші шақырылымдарының
депутаты.
Тәжрибелі ұстаз, үздік спортшы. Саяси-қоғамдық,
жастар арасындағы жұмыстар белсендісі.
1990 жылы 13 шілдеде Ақсу ауданы Қапал ауылында
дүниеге келген. Қызылағаш ауылындағы Жансүгіров
атындағы орта мектепті (2005), Талдықорған
қаласындағы политехникалық колледжінің экономика
факультетін «экономист-бухгалтер» мамандығы
бойынша (2008) және Алматы қаласындағы Абай

59

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

атындағы мемлекеттік Университетінің «дене шынықтыру және спорт
факультетін» (2012) бітірген.

2010 жылдан Ақсу аудандық балалар және жасөспірімдер спорт
мектебінің футбол жаттықтырушысы болады. 2012 жылы Қызылағаш
ауылындағы Жансүгіров атындағы орта мектепке дене шынықтыру пәнінің
мұғалімі болып қабылданып, содан бері осы қызметті абыройлы атқарып
келеді. Ұстаз ретінде облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен
өткен байқауларда жүлделі орындарға ие болған.

Сонымен бірге, ол ауыл тұрғындары мен жастары арасында салауатты
өмір салтын орнықтыру және насихаттау мақсатындағы шаралардың белсене
қатысушысы және ұйымдастырушысы болып келеді. Ол жаттықтыратын
оқушылар мен ауыл жастарының футбол командалары бірнеше рет аудан
чемпионы, облыстық жарыстардың жүлдегері атанды. Шәкірттері Алматы
облысының футбол, баскетбол құрама командалары сабында республикалық
ойындардың жүлдегері болып келеді. Өзі де талай жарыстарда үздік спортшы
атанған. Облыстық «Үздік дене шынықтыру мұғалімі» байқауының 2-ші орын
жүлдегері (2020 ).

Ақсу ауданы әкімінің, Алматы облыстық білім Бөлімінің, дене
шынықтыру және спорт Басқармасының және жастар Ұйымының;
«НұрОтан» партиясы Жастар қанатының Құрмет Грамоталарымен, Алғыс
хаттарымен марапатталған.

ЖАҚЫПБЕКОВ ӘДІЛХАН ОРАЗҮЛЫ

Ауылшаруашылығы саласының ардагері, еңбек озаты.
1954 жылы 2 тамызда Алматы облысы Кербұлақ
ауданының Калинин ауылында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтын
«агроном» мамандығы бойынша бітірген (1980).
Еңбек жолын Ақсу ауданының өсімдік қорғау
стансасында қатардағы агрономнан бастап, оның
басшысы қызметіне дейін көтеріледі (1980 – 1990).
Одан кейінгі қызметтері: Ақсу ауданының МТС мекемесі
директоры (1990-1995); Ақсу тәжірбие шарашылығының
бас агрономы (1995-2000), «Қаракемер» кеңшарында агроном және

60

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

директоры (2005-2008 ); Ақсу ауданы Жансүгіров ауылдық округі әкімінің
орынбасары (2008-2010).

2010 жылдан Ақсу аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы
қызметінде болып, 2017 жылы зейнеткерлікке шыққан.

«ҚР мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалімен, ҚР
ауылшаруашылығы министрінің, аудан әкімінің және басқа да Құрмет
грамоталарымен марапатталған.

ЖУАНЫШЕВ ТАЛҒАТ ЖҰМАШҰЛЫ

Аудандық мәслихаттың 6-7 шақырылымдарының
депутаты.
Ауылшаруашылығы саласының ардагері және үздік
қызметкері.
1964 жылы 1 қаңтарда Ақсу ауданы Жансүгіров
ауылында дүниеге келген. Ақсу ауданының
Ж.Сыдықов атындағы атындағы орта мектебін (1981)
және Көксу ауылшаруашылық техникумын «инженер-
механик» мамандығы бойынща бітірген.
1983-1985 жылдары әскер қатарында болды. Одан
кейін «Қаракемер» кеңшарында жүргізуші (1985-1992),
Алтынарық ауылындағы «Данияр» шаруа қожалығының басшысы (1992-2011)
болып, 2011 жылдан «Агрохолдинг Ақсу» ЖШС-і директоры қызметін
атқаруда.
Аудандағы саяси-көпшілік және тұрғындарды әлеуметтік тұрғыда қолдау,
демеушілік жұмыстарына белсене араласады. Ақсу аудандық маслихатының
депутаттығына «Ауыл» партиясының атынан сайланған.
Қазақстан Республикасы Президентінің және Ақсу ауданы әкімінің Алғыс
хаттарымен марапатталған.

61

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

ЖУМАГЕЛДИН ӘШIМҒАЛИ ҚҰСАЙЫНҰЛЫ

Аудандық мәслихаттың 3-ші шақырылымының
депутаты.
Медицина саласының ардагері. ҚР денсаулық сақтау
ісінің үздігі. Саяси-қоғамдық жұмыстардың белсендісі.
Ақсу ауданының Құрметті азаматы.

1952 жылы 14 сәуір күні Сарқан ауданы, Қарауылтөбе
ауылында дуниеге келген. Қойлық аулындағы орта
мектепті (1968), Алматы мемлекеттік медицина
институтының «емдеу» факультетін бітірген (1982).

Еңбек жолын ауылда шопанның көмекшісі болып
бастайды. 1970-1973 жылдары Кеңес Армиясы
қатарында әскери борышын өтеп келгеннен кейін, Алматы қаласындағы №5
құрылыс-монтаждау мекемесінде құрылысшы болып жұмыс істейді.
Институтты бітіргеннен кейін Талдықорған облыстық денсаулық сақтау
мекемесінде 1-жылдық интерндік тәжірибеден өтеді. 1983 жылы Қапал
орталық аудандық ауруханасына хирург-дәрігер болып қабылданып, одан
ары оның хирургия бөлімінің меңгерушісі, бас дәрігерінің ұйымдастыру
жөніндегі орынбасары болады. 1996-1998 жылдары Қапал ауданы «Міндетті
медициналық сақтандыру қорының» директоры қызметін атқарды.
1998 жылы Қапал ауданының жабылып, Ақсу ауданына қосылуына
байланысты, осы аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары болды.
1999 жыллың аяғында оның бас дәрігері болып тағайындалып, оны 2017
жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін атқарды. Арасында бір жыл (2007—
2008) Сарқан аудандық ауруханасының бас дәрігері болды.
Қазіргі уақытта зейнеткерлікте болса да, шаруа қожалығын
ұйымдастырып, қант қызылшасын өндірумен айналасуда.
«НұрОтан» партиясы белсендісі ретінде оның аудандық, облыстық
конференцияларының және республикалық XIII сьезінің делегаты болып
сайланды. Бүгіндері аудандық қоғамдық Қеңесі төрағасының орынбасары.
«ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) және «ҚР Конституциясына 20
жыл» (2015) мерекелік медалдарымен, ҚР Президенті және «Нұр Отан» ХД
партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың, облыс әкімінің, Денсаулық
сақтау саласы басшылықтарының «Алғыс хаттарымен», «Құрмет
грамотасымен марапатталған. «Алтын дәрігер» және «Кәсіподақ үздігі»
төсбелгілерінің иегері. Тәжрибе алмасу сапарымен Ресей, Жапония
елдерінде болды.
Есімі «Ақсудың арда тұлғалары» атты энциклопедиялық кітаптқа
енгізілген.

62

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

ЗЕМЦОВ ОЛЕГ АЛЕКСАНДРОВИЧ

Аудандық мәслихаттың 1-ші шақырылымының
депутаты.
Өндіріс саласының ардагері және үздігі. Саяси-
қоғамдық жұмыстардың белсендісі болған.
1947 жылы Қостанай облысының Ұзынкөл ауданындағы
Ленин атындағы ауылда дүниеге келген. Семей
технологиялық институтын «инженер-механик»
мамандығы бойынша бітірген.
1970 жылы Ақсу қант зауытына аусым бастығы
қызметіне тағайындалып, оның басшылық
қызметтерінің барлық баспалдақтарынан өтеді. 1980
жылы зауыт директоры болып тағайындалды.
Сол уақыттарда зауыт ұжымының жұмысы Кеңестер Одағы аумағында
алғашқы үштік озықтар қатарында бағаланып отырылды. Зауыт тарапынан
Жансүгіров ауылының әлеуметтік-мәдени дамуында үлкен жұмыстар
атқарылып отырды. Көптеген тұрғын үйлер салынып, зауыт қалашығы
орталықтандырылған су, жылу және кәріз жүйелеріне қосылды, ауыл
барынша абаттандырылды. Зауыттың клубы жанында көптеген өнер
үйірмелері жұмыс істеп, көркемөнерпаздары ұжымы ауданның мәдени-
көпшілік шараларының тұрақты және белсендісі қатысушысы болып отырды,
оның өнері облыс, республика деңгейінде танымал болды.
Ол өткен ғасырдың аяғында ел экономикасында орын алған қиындықтары
кезінде тоқтап қалған зауыт жұмысын қайта іске қосу кезінде қажырлы еңбек
етіп, нәтижелі жұмыс атқара білді. Кейіннен ауыр сырқаттан қайтыс болды.
Көптеген мерекелік медальдардың, Құрмет грамоталарының, Алғыс
хаттардың иегері болған.
Есімі «Ақсудың арда тұлғалары» атты энциклопедиялық кітаптқа
енгізілген.

63

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

ИБРАЙМОВА РАХАТ НЫҒМЕТБЕКҚЫЗЫ

Алматы облыстық мәслихаттың 6-шы және
аудандық мәслихаттың 7-ші шақырылымдарының
депутаты.
Ұстаз. Білім саласының үздігі. Саяси-қоғамдық
жұмыстар белсендісі.

1968 жылы 1 шілде күні Ақсу ауданы Қаракөз
ауылында туған. Осы ауылдағы «Қаракөз» орта
мектебін (1985), І.Жансүгіров атындағы Талдықорған
педагогикалық институтының (1990) және М.Әуезов
атындағы Семей университетінің (2004) «филология»
факультеттерін, І.Жансүгіров атындағы Жетісу
мемлекеттік университеті «педагогика және психология» факультетінің
магистратурасын (2014) бітірген.
Еңбек жолы 1990 жылы Талдықорған қаласындағы М. Горький атындағы
орта мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып басталып, Сарқан
ауданы, Қойлық селосындағы М.Жұмабаев атындағы орта мектепте (1991-
1993), Талдықорған қаласындағы М.Жұмабаев атындағы №19 мектеп–
гимназиясында (1993-2002), Жансүгіров поселкесіндегі Ж.Сыдықов атындағы
орта мектепте (2002-2004) мұғалім болып қызмет атқарды. Алматы облыстық
мамандар кәсібін дамыту институтының аймақтық әдістемелік кабинеті
меңгерушісі (2004-2005), Е.Сиқымов атындағы орта мектепте директордың оқу
ісі жөніндегі орынбасары (2005-2007) болды.
Одан кейін Ақсу аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі
(2007-2008), Қаракемер (2008-2012) және «Мамания» орта мектептерінің
(2012-2015) директоры болды. Осы 2 мектеп те аудандық «Үздік ауыл
мектебі» байқауында 1-орынды жеңіп алып, облыстық байқауда 3-орынға ие
болды, іс-тәжірибелері облыс көлемінде насихатталды.
Өзі де аудандық «Үздік мектеп директоры» байқауында 1-ші және
облыстық «Үздік көшбасшы» байқауының 2-ші орын (2018) жүлдегері атанды.
Халықаралық КАТЕV қоғамдық қорының мақтау қағазымен марапатталды.
2012 жылы Астана қаласында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференциясына делегат болды. Облыстық директорлар кеңесінің мүшесі
болып сайланды.
Басшылық қызметті атқара жүріп өзінің білімін үздіксіз жетілдіріп отырды.
2013 жылы инновациялық жұмыстары үшін облыстық білім басқармасының ІІІ
дәрежелі дипломымен марапатталды. 2014 жылы «Мамания» - қазақ
мектебінің қара шаңырағы» атты авторлық кітапшасы жарық көрді. Ғылыми-

64

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

тәжірибелік мазмұнындағы бірнеше жұмыстары, мақалалары кәсіби
тақырыптағы журналдарда жарияланды.

2015 жылы қараша айында Е.Сиқымов атындағы орта мектептің директоры
қызметіне тағайындалды Бүгінде оның материалдық-техникалық базасын,
оқу-тәрбие үрдісін дамыту жолында өнімді еңбек етіп келеді. Бұл мектеп те
2017-2018 жылдары облыстық «Үздік ауыл мектебі», «Үздік ресурстық
орталық», «Оқу-тәрбие үрдісінің үздік жоспары» байқауларында жүлделі 2-3
орындарға, 2018-2019 жылы Республикалық байқауда «Білім және тәрбие»
номинациясы бойынша 1-ші орынға ие болды. Осы мектеп қабырғасында
«Ресурстық орталықтың жұмыстарын үйлестірудегі» іс-тәжірибесі жөнінде 2
рет облыстық семинар өткізіліп, насихатталды.

Аудан, облыс көлеміндегі саяси-қоғамдық, мәдени–көпшілік жұмыстарына
белсене араласады. «Nur Otan» партиясының XYIII сьезінің , бастауыш партия
ұйымдарының Шымкент қаласында өткен тұңғыш аймақтық және Астана
қаласында өткен Республикалық форумдарына (2018) делегат болып
қатысқан. Нұр-Сұлтан қаласында Қ.К.Тоқаевтың ҚР Президенті қызметіне
кірісу Ұлықтау салтанатына қатысты. Облыстық іскер әйелдер форумына
делегат болып, «Бюджеттік мекеменің үздік басшысы» номинациясына ие
болды (2019).

«Нұр Отан» партиясының аудандағы «Шоңай батыр» бастауыш партия
ұйымының төрағасы, оның жұмысы 2016 жылы республикалық бастауыш
партия ұйымдарының байқауының облыстық кезеңінде 1-ші орынңа
бағаланған. Бірнеше аудандық қоғамдық топтардың мүшесі

«Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» медалімен (2019), ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың (2016, 2019), «Nur Otan» партиясының (2016) және ҚР
Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен (2015), «Білім
беру саласына қосқан үлесі үшін» халықаралық кеңестің төсбелгісімен
(2016) марапатталған.

«Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін» (2019) және Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы
төсбелгілерінің (2021) иегері.

Есімі «Ақсудың арда тұлғалары» атты энциклопедиялық кітаптқа
енгізілген.

65

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

ИСАЕВА МАЙРАГҮЛ ҚҰТБАЙҚЫЗЫ

Аудандық мәслихаттың 2-ші шақырылымының
депутаты.

Жоғары білімді, 1-ші санаттағы тәжірибелі дәрігер,
еңбек ардагері. Қазақстан Республикасы денсаулық
сақтау ісінің үздігі (2012). Қоғамдық жұмыстар
белсендісі.

1957 жылы 22 маусымда Ақсу ауданы Кеңжыра
ауылында дүниеге келген.

1980 жылы басталған еңбек жылдарының басында
Алматы облысы Ескелді аудандық орталық
ауруханасында және Ақсу ауданы Жансүгір ауылдық
емханасының терапия бөлімінде терапевт-дәрігер болып жұмыс жасайды.
1983 жылы Қарасу ауылдық округіндегі Кенжыра ауылдық ауруханасының
бас дәрігерлік қызметіне тағайындалып, содан үзбей ұзақ жылдар абройлы
еңбек етеді. Зейнеткер болса да, осы амбулаторияда жалпы тәжірибе дәрігері
болып жұмыс жасап келеді..
«ҚР тәуелсіздігіне - 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына - 25 жыл»
мерекелік медальдарымен, денсаулық сақтау саласының әр деңгейдегі
басшылықтарының, Ақсу ауданы әкімінің Мақтау Грамоталарымен, Алғыс
хаттарымен марапатталған.

КӘКІМБАЕВ НҰРҚУАТ ДЕМЕСІНҰЛЫ

Аудандық мәслихаттың 7-ші шақырылымының
депутаты.
Саяси-қоғамдық жұмыстар белсендісі.

1973 жылы Сағабүйен ауылында дүниеге келген. Осы
ауылдағы Т.Тоқтаров атындағы орта мектепті, Көксу
ауылшаруашылығы техикумын «агроном» және Жетісу
мемлекеттік университетін «экономист-қаржыгер»
(2006) мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолының басында, 1993-1999 жылдары туған
ауылында агроном болып жұмыс істейді. Одан кейін
Алматы қаласында әр түрлі салада (1999-2004);
Қызылқайың орталау мектебінде есепші (2004-2005); аудандық тұрғын үй
шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жетекші маманы (2005-
2010); Ақсу көркейту коммуналды шарушалық жүргізу мекемесінің

66

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

директорының орынбасары (2010-2011); «Талдықорған» ЖШС-ігінің экономисі
(2011-2012); Көкшкентал ауылдық округінің бас маманы (2012-2013); «Нұр
Отан партиясы аудандық филиалының есеп және статистика сектор
меңгерушісі (2013); аудандық жол бөлімі мен тұрғын үй-комуналдық
шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы (2014-2017)
және Ақсу ауылдық округінің әкімі (2017-2019) қызметтерінде болды.

2019 жылдан - Жансүгіров ауылындағы «Ақсу су құбыры» мемлекеттік
мекемесінің басшысы.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Саяси Кеңесі мүшесі және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің
төрағасы.

«ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен, Алматы облыстық
Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алғыс хатымен
марапататалған.

ҚАДЕНОВ АРМАН МАНАПҰЛЫ

Аудандық мәслихаттың 7-ші шақырылымының
депутаты.
Мемлекеттік қызметкер, спортшы.

1992 жылы 24 наурызда Ақсу ауданы Көшкентал
ауылында дүниеге келген. Осы ауылдағы Көшкентал
орта мектебін (2010), Талдықорған қаласындағы
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетін
(2014) және Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан
Мемлекеттік педагогикалық университетін «құқықтану»
мамандығы (2018) бойынша бітірген.
2015 – 2016 жылдары әскер қатарында болады. 2016 жылдың қараша
айынан Көшкентал ауылдық округі әкімінің аппаратында спорт нұсқаушысы
болып қызмет атқаруда.
Өзі және шәкірттері де аудандық, аймақтық және облыстық спорттық
жарыстарда жүлделі орындардан көрініп, айтарлықтай жетістіктерге жетіп
келеді.

67

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

ҚАЛИБЕКОВ СЕЙІТҚҰЛ

(1945-2018)

Аудандық мәслихаттың 1-ші шақырылымының
депутаты.

Заңгер. Құқық саласы және мемлекеттік қызмет
ардагері. Ел ағасы. Саяси-қоғамдық жұмыстар
белсендісі. Ақсу ауданының Құрметті азаматы.
1945 жылы 2 қыркүйек күні Ақсу ауданы Еңбек
ауылында туған. Сарқан қаласындағы Абай атындағы
орта мектепті, Көксу ауылшаруашылығы техникумын,
Қазақтың С.Киров атындағы мемлекеттік университетін
«заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1962 жылы туған ауылында тракторшы
болып бастайды. Кеңес Әскері қатарында 3 жылдық борышын өтейді. 1969
жылдан Ақсу аудандық суландыру жүйесі мекемесінде маман болады. 1970-
1974 жылдары халық депутаттары Ақсу аудандық атқару комитетінің
архитектура бөлімінде инженер және ұйымдастыру бөлімінде нұсқаушы
болып жұмыс атқарды. 1974 жылы аудандық кинофикация жүйесінің
директоры болып тағайындалды.

1979 жылдан Ақсу аудандық партия комитетінде нұсқаушы, сектор
меңгерушісі және жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1988
жылы аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды.

Одан кейін мамандығы бойынша Ақсу аудандық прокуратурада тергеуші,
аудан прокурорының аға көмекшісі (1997–2004) және жаңадан ашылған
аудандық әділет басқармасының алғашқы бастығы қызметтерін атқарып,
2009 жылы зейнеткерлікке шықты.

Одан кейін де өмірінің соңғы уақытына дейін аудандық «Халыққа қызмет
көрсету орталығында» кеңесші, тәлімгер-нұсқаушылық жұмысты атқарып
келді. 2018 жылы өмірден өтті.

Бірнеше мәрте аудандық партия комитетінің мүшесі болып сайланған,
бірнеше қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болады. Алғашқы құрылғаннан
бастап аудандық сот жанындағы азаматтық істерді шешуге байланысты
медиаторлық жұмыстарды жүргізіп келді.

«ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, республикалық,
облыстық кәсіподақ органдарының, ҚР Әділет Министрінің, аудан Әкімінің
Құрмет Грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталған.
Кәсіподақтардың Бүкілодақтық сьезінің делегаты болып сайланған.

Есімі «Ақсудың арда тұлғалары» атты энциклопедиялық кітаптқа
енгізілген.

68

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

ҚАНАБЕКОВ ӘДІЛХАН

Аудандық мәслихаттың 3-ші шақырылымының
депутаты.
Еңбек және мемлекеттік қызмет ардагері. Ақсу
ауданының Құрметті азаматы.
1950 жылы Ақсу ауданы Ойтоған ауылы «Жаңалық»
елді мекенінде дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік
ауылшаруашылығы институтын «агроном» мамандығы
бойынша бітірген (1975).
1967-1970 жылдары «Қызылтаң» кеңшарында
жұмысшы болды. Одан кейінгі қызметтері: Ақсу
аудандық ауылшаруашылық басқармасында бас
гидротехник (1975-1976); Ақсу қант зауытында агроном, директордың шикізат
дайындау жөніндегі орынбасары (1976-1986); Ақсу аупарткомында нұсқаушы
(1986-1988); аудандық ауылшаруашылық саласы бойынша кәсіподақ
комитетінің хатшысы (1988-1989); аудандық табиғат қорғау комитетінің
бастығы, аудандық салық инспекциясының бастығының орынбасары (1989-
1997); аудан әкімшілігінде бас маман (1997-2003).
2003 жылдан аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы,
2007 жылдан зейнеткерлікке шыққанша аппарат басшысы болды.
Есімі Ақсу ауданының Құрмет кітабына енгізілген.

ҚАСЫМБЕКОВА ТӨЛЕУХАН ҚАСЫМБЕКҚЫЗЫ

Аудандық мәслихаттың 3-4 және Алматы облыстық
мәслихаттың 5 шақырылымдарының депутаты.
Еңбек ардагері. Ел ағасы. Республика пошта саласының
Құрметті қызметкері. Саяси-қоғамдық жұмыстар
белсендісі. Ақсу ауданының Құрметті азаматы.
1955 жылы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылында дүниеге
келген. Ақсу ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта
мектепті (1972), Қарағанды кооперативтік институтын
«бухгалтер–экономист» мамандығы бойынша (1978)
бітірген.

Еңбек жолын Ақсу аудандық тұтынушылар
қоғамында есепші–экономист қызметінен бастайды. 1982 жылы аудандық
білім бөлімінің бас есепшісі болды. 1990-шы Халық банкінің аудандық
филиалының басшысы болып тағайындалып, ол қызметті 18 жыл аброймен
атқарып, зейнеткерліке шықты.

69

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

«Нұр Отан» партиясының 12-ші съезіне, Қазақстанның Еңбеккер әйелдерінің
конгресіне, Қазақстан әйелдерінің І-ші съезіне, Қазақстан поштасы
қызметкерлерінің 15-ші съезіне делегат болды.

ҚР бірнеше мемлекеттік мерекелік медальдарымен, Қазпошта АҚ
қоғамының «Құрметті байланысшысы» төс белгісімен, ҚР Президентінің
Алғыс хатымен, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші
орынбасарының, ҚР Ақпараттандыру және Байланыс Агенттігі мен
«Қазпошта» ААҚ төрағасының, облыс, аудан әкімдері мен
мәслихаттарының Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен,
Қоғамдық марапаттар мен атақтар жөніндегі Республикалық Кеңестің
«Еңбек үздігі» медалімен марапатталған. Есімі Ақсу ауданының «Құрмет
кітабына», «Қазақ жерінің зиялы азаматтары» кітабына енгізілген.

Есімі «Ақсудың арда тұлғалары» атты энциклопедиялық кітаптқа
енгізілген.

ҚУАНЫШБАЕВ ЖҰМАБЕК

(1939-2014)

Аудандық мәслихаттың 1-ші шақырылымының
депутаты

Ұстаз. Спортшы-палуан, жаттықтырушы. ҚР білім
беру ісінің үздігі. Қазақ КСР-нің спорт шебері. Ақын, ҚР
Журналистер одағының мүшесі. Қоғамдық жүмыстар
белсендісі.

1939 жылы 20 қазанда Ақсу ауданы Қаракөз
ауылында дуниеге келген. Лепсі ауылындағы орта
мектепті, Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын
бойынша бітірген.

Ол бала кезінен күреске ынталы болып өседі. Мектеп
қабырғасында жүргенде-ақ күрестен қатарластарына дес бермей, шаң
қаптырып жүреді. Сол арман-ниетімен спорт мамандығын таңдап, Алматы
қаласына оқуға түседі. Оның күреске деген бейімділігі, батылдығы мен
қайсарлығы КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Петр Матущактің
көзіне түсіп ел құрамасына қабылданады. Бапкердің үмітін ақтап, үздік
спортшысы бола білді. Институт қабырғасында жүріп еркін күрестен, самбодан
бірнеше халықаралық жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болса,
қазақша күрестен 2 мәрте Қазақ ССР-ның чемпионы атағын иеленеді. Еркін
күрестен Қазақ КСР-нің 4-ші жазғы студенттер спартикиядасы жүлдегері (1962),
Тбилисиде және Ташкентте өткен халықаралық турнирлердің (1959, 1962)
жеңімпазы болады.

70

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

1963 жылдан Ақсу ауданы мектептерінде мұғалім, аудандық спорт
комитетінің төрағасы, содан кейін 25 жыл Ақсу аудандық спорт мектебінде
«күрестен» аға жаттықтырушы болып қызмет атқарды. 1996 жылдан
Талдықорған қаласындағы Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-
лицейінде алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ беріп, сол мектептен
2002 жылы зейнеткерлікке шықты.

Осындай қызметтері жылдарында тәжірибелі спортшы-ұстаз,
жаттықтырушы ретінде ауданда спорт саласын өркендетуде елеулі еңбек
сіңірді. Оның тәрбиелеген шәкірттері-спортшылары халықаралық,
республикалық және облыстық жарыстардың жеңімпаздары мен
жүлдегерлері болып отырған.

Ол үлкен өнер иесі, дүлділ ақын ретінде де елге жақсы танымал. Ақсу
ауданының «Бас ақыны» атанған. Оның «Ақсу жырлап ағады», «Қыран қиага
самғайды», «Тағдыр арнасы», «Аққу мүсін», «Сулулық саған гашықпын»,
«Тұғыр» атты жыр жинақтық кітаптары жарық көрген. Көптеген өлеңдері
жазба ақындарының жинақтарында, газеттік басылымдарда жарияланды.

Ауылдық және аудандық кеңестердің депутаты болып сайланған. Ақсу
ауылындағы «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болды. Зейнеткерлікке
шыққаннан кейін де Ақсу ауданында, Талдықорған қаласында жас ұрпақты
спортқа, салауатты өмір салтын насихаттауға, Отаншылдыққа тәрбиелеу
шараларына араласты.

«ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, республикалық, облыстық,
аудандық дәрежелердегі Дипломдармен, Грамоталармен, Алғыс хаттармен
марапатталған.

Есімі «Ақсудың арда тұлғалары» атты энциклопедиялық кітаптқа
енгізілген.

ҚҰЛШАНОВ БАЛТАШ

Аудандық мәслихаттың 4-7 шақырылымдарының
депутаты.
Жол саласының ардагері және үздік қызметкері.
«Құрметті жолшы». қоғамдық жұмыстар белсендісі.
1963 жылы 3 ақпанда Алматы облысы Алакөл ауданы
Үшарал ауылында дүниеге келген. Талдықорған
қаласындағы құрылыс техникумын (1985), Қазақ Ұлттық
аграрлық университетін «жол қозғалысын ұйымдастыру
жөніндегі инженер» мамандығы бойынша (2006) және
Л.Б.Гончарев атындағы Қазақ автомобиль-жол
институтын (2017) бітірген.

71

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

Еңбек жолын 1985 жылы Бөрлітөбе ауданындағы №272 жол учаскесінде
мастер ретінде бастайды, 1986 жылдан Лепсі стансасындағы жол-өндірістік
учаскесінің бастығы болады.

2003-2020 жылдары «Талдықорған жолдары» ЖШС-нің Ақсу ауданындағы
№3 өндірістік учаскесінің басшысы қызметін атқарды.

2020 жылдың қаңтар айынан «Капиталдық құрылыс басқармасы» ЖШС-нің
техникалық бақылаушы-эксперті болып қызмет атқарады.

Қазіргі уақытта «TH STROI» ЖШС-і директоры.
«ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 және 25
жыл» мерекелік медалдарымен; Б.Момышұлының 100 жылдығына арналған
«Батыр Шапағаты» медалымен, ҚР Президентінің, Алматы облысы және
Ақсу ауданы әкімдерінің, облыстық мәслихаттың Алғыс хаттарымен,
облыстық жол басқармасының Грамотасымен марапатталған.
Есімі «Ақсудың арда тұлғалары» атты энциклопедиялық кітаптқа
енгізілген.

ҚҰРЫМБАЙ БАЙҚАДАМ БОЛАТҰЛЫ

Аудандық мәслихаттың 7-ші шақырылымының
депутаты. Жоғарғы санатты хирург-дәрігер. Саяси-
қоғамдық жұмычтар белсендісі.
1982 жылы 2 маусым күні Жамбыл облысы Қордай
ауданы Алға ауылында дүниеге келген. С.Ж
Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина
Университетінің емдеу ісі бойынша факультетін
«хирург» мамандығы бойынша (2007) бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласының №7
клиникалық ауруханасында хирург - дәрігер және
қосымша қалалық №7 жедел жәрдем подстанциясында
дәрігер ретінде бастаған.
2008 жылы мемлекеттік «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша
Алматы облысы Ақсу аудандық орталық ауруханасына хирург - дәрігері болып
орналасып, 2012 жылдан осы аурухана директорының емдеу жұмысы
бойынша орынбасары болып жұмыс жасап келеді.
Израильде тәжірибе алмасу бойынша білімін жетілдірген (2017).
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және Ақсу ауданы әкімінің Құрмет
грамоталарымен марапатталған. «COVID-19 жанқиярлық күресі үшін»
төсбелгісінің иегері.

72

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

МЕЙРЕМБЕКОВ БӨЛЕК ҚАДИЯРҰЛЫ

Аудандық мәслихаттың 5-ші шақырылымының
депутаты
Ұстаз. Спортшы. Қоғамдық жұмыстар белсендісі.
Ақсу ауданының Құрметті азаматы.

1955 жылы 24 ақпанда Ақсу ауданы Жансүгіров
ауылында туған. Сатпаев атындағы орта мектепті (1972),
Қазақтын денешынықтыру институтын «дене
шынықтыру пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша
(1978) бітірген.

1972-1974 жылдары Ақсу «ПМ-2307» мекемесінде
құрылысшы болып жұмыс жасайды. Институт бітіріп
келгеннен кейін Чапаев атындағы орта мектепте мұғалім болады. 1979-1995
жылдары Ақсу қант зауыты мен аудандық жасөспірімдер спорт мектебінде
бапкер, аудандық білім бөлім бөлімінде спорт әдіскері, Ақсу 18-кәсіптік
училищесінде «шебер», Сәтбаев орта мектебінде мұғалім және директорының
тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары болды.
Содан кейін №11 Ақсу лицейінде методист, Қазақстанның көлік
жүргізушілер одағының Ақсу аудандық филиалының директоры, «Ақ ниет»
қоғамдық қорының директоры, Алматы облысы агроөнеркәсіп кешені
қызметкерлері кәсіподағы Ақсу аудандық ұйымының төрағасы (1995-2014)
болып қызметтер жасады.
2014-2018 жылдары аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің
басшысы болды. 2018 жылдың ақпан айында зейнеткерлікке шықты.
ҚР Президенті сайлауы бірнеше науқандарындағы белсенділігі үшін
Елбасының, «Нұр Отан» партиясы Орталық комитетінің «Алғыс
хаттарымен» марапатталған. «Үздік партиялық бастау бекеті үздігі»
және ҚР ауылшаруашылық кәсіподақ комитетінің «Еңбек Даңқы» бірінші
дәрежелі белгілерінің иегері.
Есімі «Ақсудың арда тұлғалары» атты энциклопедиялық кітаптқа
енгізілген.

73

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

МОЛДАҒАЛИЕВ ЖЕКСЕНБІ

Мәслихаттың 2-ші және 4-ші шақырылымдары
депутаты
Еңбек ардагері. Ел ағасы. Саяси-қоғамдық жұмыстар
белсендісі. Ақсу ауданының Құрметті азаматы.

1947 жылы Ақсу ауданы қазіргі Б.Сырттанов
ауылында дүниеге келген. Талдықорған
зоотехникалық-малдәрігерлік техникумын, Алматы
зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген.
Кеңес армиясы қатарында болады. 1967-1974 жылдары
Басқан кеңшарында малдәрігері; Ш.Уалиханов
атындағы кеңшарының комсомол комитетінің
хатшысы; Ақсу аудандық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімінің
меңгерушісі; Ақсу аудандық партия комитетінің нұсқаушысы; Қаракөз және
Чапаев атындағы мал бордақылау кеңшарларының парткомы хатшысы;
аудандық ауылшаруашылық басқармасының бас маманы (1986-1991) болды.
Содан кейінгі қызметтері: аудандық партия комитетінің ауылшаруашылық
бөлімінің меңгерушісі; Басқан қой кеңшарының директоры; аудандық
дайындау мекемесінің басшысы; Көкөзек ауылының әкімі, аудандық
әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (1986-2007); Көкөзек өндірістік
кооперативінің төрағасы; аудандық «Отан» партиясының атқарушы
директоры (1991-2003); аудандық ауылшаруашылық басқармасының
бастығы; аудан әкімшілігінде ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі; аудандық
мәслихаттың аппарат басшысы (2003-2007), ал 2007 жылдан мәслихаттың
тексеру комиссиясының төрағасы.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен, «Астанаға 10 жыл», «ҚР
тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Мәслихаттарына 20 және 25 жыл»
мерекелік медальдарымен марапатталған. Есімі «Ақсу ауданының Құрмет
кітабына» енгізілген.
Есімі «Ақсудың арда тұлғалары» атты энциклопедиялық кітаптқа
енгізілген.

74

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

МУСТАПОВА КУЛЬБАШ ҚҰРМАНҒАЛИҚЫЗЫ

Аудандық мәслихаттың 1-ші шақырылымының
депутаты.
Еңбек ардагері. Қаржы қызметінің үздігі. Қоғамдық
жұмыстар белсендісі.

Алматы облысы Алакөл ауданында өмірге келген.
Семей қаласындағы қаржы техникумын бітірген (1970).

Еңбек жолын Ақсу аудандық мемлекеттік сақтандыру
мекемесінде есепші болып бастайды. Арасында
жоғарғы білім алып, 1995 жылға дейін осы мекеменің
басшысы болып қызмет атқарды. 1995-2003 жылдары
аудан әкімі аппаратының бас есепшісі, ал 2003-2009
жылдары Е.Сиқымов атындағы орта мектеп директорының шаруа жөніндегі
орынбасары болды.
Жансүгіров посекелік кеңесінің депутаты болып сайланған. 30 жылдан
астам аудан сайлау комиссияларының мүшесі, оның ішінде 10 жыл аудандық
сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары болды.
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік
медалының, КСРО Қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» төс
белгісінің және көптеген Алғыс хаттар мен грамоталардың иегері. Есімі
Ақсу ауданының "Құрмет кітабына" және «Ақсудың арда тұлғалары»
атты энциклопедиялық кітаптқа енгізілген.

МҰСАБАЛАНОВ ҒАБИТ АХМЕТҚОЖАҰЛЫ

Аудандық мәслихаттың 5-6 шақырылымдарының
депутаты.
Ұстаз, ҚР білім беру ісінің үздігі. Саяси-қоғамдық
жұмыстар белсендісі. «Отан» қоғамдық бірлестігінің
үздігі, Ақсу ауданының құрметті азаматы.

1958 жылы 22 қарашада Ақсу ауданы Есеболатов
ауылында дүниеге келген. Н.Есеболатов атындағы орта
мектепті (1975), Талдықорған индустриалды–
педагогикалық техникумын «техник-электрик»
мамандығы бойынша (1983) бітірген.

Мектепті бітірісімен ауылда құрылысшы болып
жұмысқа орналасады. 1977 жылдың күзінде Кеңес әскері қатарына
шақырылып. әскери борышын өтейді. Әскер қатарынан оралған соң ауылдағы
жұмысын жалғастырады.

75

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

1983-2001 жылдары №135 Ақсу кәсіптік техникалық училищесінде
«өндірістік окыту шебері», оқытушысы, аға шебері, директордың оқу
өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары, Ақсу қант зауыты
директорының орынбасары болды.

2001 жылы бұрынғы ДОСААФ, қазіргі «Отан» ҚБ Ақсу аудандық кеңесінің
төрағасы қызметіне тағайындалып, содан бері осы қызметті үзбей атқарып
келеді.

«ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР мәслихаттарына 20 жыл», «Отан»
қоғамдық бірлестігінің «Еңбегі үшін» және 80-жылдық мерекелік
медальдарымен, бірнеше рет ҚР Президентінің Алғыс хатымен, ҚР Білім
және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, облыс, аудан әкімдерінің
Грамоталарымен марапатталған. 2015 жылы аудандық мәслихаттың
«үздік депутаты» номинациясының жеңімпазы атанған.

Есімі «Ақсудың арда тұлғалары» атты энциклопедиялық кітаптқа
енгізілген.

МҰСАНОВ ДУБЕК

(1937-2020)

Аудандық мәслихаттың 4-ші шақырылымының
депутаты.

Ақын, жазушы. Еңбек ардагері. Қоғамдық жұмыстар
белсендісі. Ақсу ауданының құрметті азаматы.

Ақсу ауданы Қаракөз ауылында дүниеге келген. М.
Әуезов атындағы академиялық драма театрының
жанындағы актерлік студияны және ҚазМУ-дің
филология факультетін бітірген.

Еңбек жылдарында Суықсай ауылындағы мектепте
мұғалім; аудандық партия комитетінде нұсқаушы;
аудандық мәдениет бөлімінің бастығы; Қазақ ВАСХНИЛ
институтының тәжірибе шаруашылығы кәсіподақ ұйымының төрағасы және
аудандық «Водоканал» мекемесінің бастығы қызметтерін атқарған.
Халық арасында ол іскер, беделді басшы ғана емес, ел ағасы ретінде және
ақындық-жазушылық дарынымен де жақсы танымал, сыйлы болды. Өмірінің
соңына дейін туындылары «Жұлдыз», «Жалын», «Парасат» журналдарында,
облыстық газеттер беттерінде үзбей жарық көріп тұрды. Өлеңдері
«Жайдарман», «Жетісу жырлайды», Қ.Аманжоловтың «90 жылдығына»
арналған жыр жинақтарына енген.

76

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

“Киелі тас” повесі, «Ағынды менің Ақсуым» деректі кітабы бар. «Күй туралы
аңыз», «Бөрібай батыр», «Құдайдың тізімінде қалған адам», «Қасым сондай
болмаса» атты дастандары жарық көрді.

1990 жылы - “Батырлар жылына” арналған облыстық мүшәйрада “Қарт
жауынгер жыры” балладасымен 3-орынға ие болды. Ілияс Жансүгіров өміріне
байланысты “Қызыл тамшы” драмалық поэмасы, “Арсалан – Қымбат”
романын жазды. Француздың ұлы драматургі Жан Батист Мольердің “ Лекарь
по неволе” («Елде жоқ емші») пьесасын қазақ тіліне аударған. 2006 жылы
«Мұқағали Мақатевқа», «Төлеген Айбергеновке», “Даниярдың монологы”
(Шыңғыс Айтматовтың “Жәмилә” повесінің ізімен) балладалары жарық
көрген. “Ағаңды таны, шырағым”, “Сал дәурен” атты өлеңдеріне сазгер М.
Егінбаев әндер жазған.

Бірнеше мерекелік медальдардың, көптеген Грамоталар, Алғыс хаттардың
иегері.

Есімі «Ақсудың арда тұлғалары» атты энциклопедиялық кітаптқа
енгізілген.

МҰХАМЕТШАРҰЛЫ ДҮЙСЕН

Аудандық мәслихаттың 3-5 шақырылымдарының

депутаты.

Еңбек ардагері, журналист. Қазақстан Журналистер

Одағының мүшесі. Саяси-қоғамдық жұмыстар

белсендісі. Ақсу ауданының құрметті азаматы.

1948 жылы қазан айында Ақсу ауданы Жансүгіров

ауылында дүниеге келген. Чапаев атындағы орта

мектепті (1966), С.М.Киров атындағы КазМУ-дың

«журналистика» факультетін «радиотелекино-

журналистика мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1966 жылы «Қаракемер» кеңшарында

слесарь-механизатор болып бастаған. 1967-1991 жылдары Ақсу қант

зауытында жұмысшы, аудандық баспаханада газет басушы, аудандық «Өмір

нұры» газетінің корректоры; аудандық радиохабарын тарату комитетінің

редакторы; «Ақсу өңірі» газетінің аға әдеби қызметкері, ауыл шаруашылық

бөлімінің бастығы және аудандық «Ақсу ажары» телеарнасының жүргізуші

редакторы қызметтерін атқарған.

1991-2000 жылдары аудандық Кеңестің референті, аудандық Мәслихаттың

және аудан әкімдігінің бас маманы, аудандық Мәслихаттың тексеру

комиссиясының төрағасы болды.

77

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

2000 жылдың күзінде «Ақсу өңірі» газетінің бас редакторы болып
тағайындалып, оны зейнеткерлікке шыққанша атқарды.

«ҚР Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалінің, «М.Тынышбаевтың
туғанына 130 жыл» және Қаракерей Қабанбай батырға арналған ескерткіш
белгілерінің иегері. Ұзақ Бағаев атындағы сыйлықтың лауреаты.
Қазақстан Журналистер Одағының Құрмет Грамотасымен
марапатталған. Есімі «Қазақ жерінің зиялы азаматтары», ауданның
Құрмет кітабына және «Ақсудың арда тұлғалары» атты кітаптарға
енгізілген.

НҮРПЕЙІСОВ ЕРІК ҚҰРМАНСЕЙІТҰЛЫ

Аудандық мәслихаттың 3-ші шақырылымының

депутаты.

Өндіріс саласының және мемлекеттік қызмет

ардагері.

1952 жылы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында туған.

Сәтбаев атындағы орта мектепті, Жамбыл

гидромелиоративтік институтын «инженер-

гидроьехник» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Сарқан ауданы №72 ЖПК-де мастер

қызметінен бастаяды. Ақсу аудандық комсомол

комитетінде, ауданның біраз шаруашылықтары мен

мекемелерінде, 1986 жылдың наурыз айынан бастап 20 жылдай Ақсу қант

зауыты директорының орынбасары болып қызмет атқарды.

2006 жылдан аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы, экономика және

бюджетті жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары болды. Кейінгі жылдары

зейнеткер болса да, Ақсу қант зауытында маман-кеңесші ретінде жұмыс

жасап келеді.

Көптеген Грамоталар мен Аалғыс хаттардың иегері.

78

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

САБЫРБАЕВ АҚЫШ ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ

(1924-2005)

Аудандық мәслихаттың 1-2 шақырылымдарының
депутаты.

Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері. Ел ағасы.
Тұтынушылар кооперациясының озат қызметкері.
Ақсу ауданының Құрметті азаматы.

1924 жылы 13 қарашада Ақсу ауданы Шадай елді
мекенінде туған. Мәскеудегі Орталық тұтынушылар
кооперациясы институтының Алматыдағы бөлімшесін
«экономист» мамандығы бойынша бітірген (1965).

1942 жылы Чапаев атындағы орта мектебінде оқып
жүргенде әскер қатарына шақырылады. 1943 жылдың
аяғынан Ұлы Отан соғысына қатысады. 1947 жылдың наурыз айына дейін
Ленинград соғыс аймағына қарасты әскери бөлімдерде әскерлік
қызметтерде болды.
1947 жылы елге оралып, еңбек жолын аудандағы тұтынушылар
кооперациясында бастады. Бақалы, Чапаев ауылдық тұтынушылар
қоғамының есепшісі (1947-56); Ақсу аудандық тұтынушылар одағының бас
есепшісі, төрағасы (1956-72); аудандық дайындау мекемесінің төрағасы (1972-
90) қызметтерін атқарды. Жалпы тұтынушылар қоғамында 43 жыл үздіксіз
еңбек етіп, аудан экономикасының, мәдениетінің өсуіне үлкен үлес қосады.
1988 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін аудандық еңбек және соғыс
ардагерлері Кеңесінің төрағасы болып сайланып, оны өмірінің аяғына дейін
атқарды. Жастарға тәлім-тәрбие көрсетіп, ардагерлердің әлеуметтік жағдайын
жақсарту мәселелеріне ықпал етіп отырды.
ІІ дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендерімен,
«1941-45жж Отан соғысындағы Жеңіс үшін» және басқа да жеті
медальдармен марапатталған. Тәуелсіздік мемлекеттерінің біріккен
ардагерлер қоғамының Құрметті ардагері атағының, Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатының иегері.
Есімі «Ақсудың арда тұлғалары» атты энциклопедиялық кітаптқа
енгізілген.

79

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

САМБЕТОВ ЭЛЬДАР ЕРМОЛДАҰЛЫ

Аудандық мәслихаттың 6-шы шақырылымының
депутаты. Теміржол саласының үздігі.
1983 жылы 20 қаңтарда Ақсу ауданының Матай
стансасында туған. Матай орта мектебінде оқиды.
Жансүгіров ауылындағы №4 Ақсу кәсіптік–техникалық
лицейін «бухгалтерлік есеп және ас дайындау
технологиясы шебері» (2002) мен Алматы көлік және
коммуникациялар колледжін «техник-электрик» (2007)
мамандықтары бойынша және Алматы қаласындағы
Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясын
(2013) бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы «Локомотив Матай» ЖШС-і мекемесінде күзетші
болып бастайды. Содан кейін «ЮБС-Матай» ЖШС-і мекемесінде жөндеуші,
шебер, өндіріс бөлімінің басшысы, директордың орынбасары қызметінде
болды. 2013 жылдың сәуір айынан «Матай–ТУ» мекемесінің директоры, ал
2014 жылдың шілде айынан «СКД-7 » ЖШС-і болып қайта құрылған осы
мекеменің директоры қызметінде.
«ҚР мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалімен, аудан әкімінің
Құрмет Грамоталарымен марапатталған.

СЕЙСЕБАЕВ ҒАЛЫМЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ

Аудандық мәслихаттың 5-6 шақырылымдарының
депутаты.

Ауыл шаруашылығы саласының ардагері және
үздігі.

1957 жылы Ақсу ауданының Қызылжар ауылында
дүниеге келген.

1976-1978 жылдары Кеңес әскері қатарында әскери
борышын өтейді. Еңбек жолын 1973 жылы Ақсу
ауданы Арасан ауылының №2 бөлімшесінде
жұмысшы ретінде бастаған. Содан кейін осы ауылда
спорт жөніндегі әдіскер, құрылысшы (1975-1982), мал бордақылау кешенінің
басшысы (1982-1987), Қызылжар бөлімшесінің бригадирі (1987-1995),
«Қызылжар» ұжымының басшысы (1995-2002) жұмыстарын атқарды.
2002 жылдан «Наргиз» жеке шаруа қожалығының басшысы.

80

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

Ауылдың қоғамдық өміріне, қайырымдылық пен демеушілік шараларына
белсене қатысушы.

Алматы облысы және Ақсу ауданы әкімдерінің Алғыс хаттарымен
марапатталған. Есімі «Ақсудың арда тұлғалары» атты энциклопедиялық
кітаптқа енгізілген.

СЕКСЕНБАЕВА РАУШАН

Аудандық мәслихаттың 5-6 шақырылымдарының
депутаты.

Ұстаз, еңбек ардагері. Саяси-қоғамдық жұмыстар
белсендісі.

1960 жылы Алматы облысы Ақсу (бұрынғы Қапал)
ауданы Суықсай ауылында дүниеге келген. Алматы
қаласындағы С.М.Киров атындағы Мемлекеттік
Университетін «орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі»
мамандығы бойынша бітірген (1985).

Еңбек жолын 1977 жылы «Ақсу» қой кеңшарында
«Жас Қайрат» жастар бригадасының жұмысшысы
ретінде бастаған. 1985-1994 жылдары Суықсай ауылындағы Ю.Гагарин
атындағы орта мектебінің мұғалімі, Алматы қалалық азаматтық қорғаныс
басқармасының бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 2009 жылдан
қазіргі уақытқа дейін Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің директоры.
«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының, Алматы
облыстық білім басқармасының Құрмет Грамоталарымен марапатталған.
Есімі «Ақсудың арда тұлғалары» атты энциклопедиялық кітаптқа
енгізілген.

81

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

ТЫНЫШБАЕВ БЕРІК ТЫНЫШБАЙҰЛЫ

Аудандық мәслихаттың 6-7 шақырылымдарының
депутаты.
Мемлекеттік қызметтерде болған. Ауылшаруашылық
саласының үздігі. Саяси-қоғамдық жұмыстар белсендісі.
1974 жылы 27 мамырда Ақсу ауданы Жансүгіров
ауылында дүниеге келген. Ауданның Қызылту
ауылындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебін (1982),
Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтын
«ғалым-агроном» (1996) және Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» (2000)
мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Ақсу ауданы «Бүйен» ауылшаруашылық
кооперативінің бас экономисі болып бастайды. Содан кейін Ақсу аудандық
сотының сот орындаушысы (1997); Ақсу ауданы әкімі аппаратының бас
маманы, аудан әкімінің көмекшісі (1997-2002); Ақсу аудандық
ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, басшысы (2002-
2006); Ақсу ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары
(2006- 2008) қызметтерінде болды.
2012 жылдың басынан жеке кәсіпкерлікке ауысып, Б.Сырттанов
ауылында «Жақсылық» шаруа қожалығы басшысының орынбасары, 2014
жылдың шілде айынан - «Алихан» шаруа қожалығының басшысы болды. Аз
мерзім ішінде осы шаруашылық жұмысын дұрыс ұйымдастырып, өнімдер
өндіруде қомақты табыстарға қол жеткізе алды, ол аудан озықтары
қатарында саналады.
«ҚР Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл»
мерекелік медальдарымен марапатталған.
Есімі «Ақсудың арда тұлғалары» атты энциклопедиялық кітаптқа
енгізілген.

82

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

ҮСЕНОВ НҰРБОЛ ҚАМЕТҚАЛИҰЛЫ

Аудандық мәслихаттың 4-ші шақырылымының
депутаты.
Мемлекеттік қызметкер. Саяси-қоғамдық жұмыстар
белсендісі.

1972 жылы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында
дүниеге келген. Жетісу мемлекеттік университетін
«бастауыш сынып мұғалімі» (2002) және «Тұран»
университетін «заңгер» (2004) мамандықтары бойынша
бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы аудандық тұтынушылар
қоғамында азық-түлік сатушысы болып бастайды. Одан
кейін Ақсу аудандық оқушылар үйі директорының орынбасары, әдіскері
(1993-1996); Е.Сиқымов атындағы орта мектеп директорының орынбасары
(1996-2002)); «Бұрған» шаруа қожалығының есепшісі (2003-2004); «Отан» РСП
аудандық өкілдігінің есеп және статистика секторының меңгерушісі (2004-
2005); Ақсу аудандық мәслихаты аппаратының бас маман-заңгері (2005-
2007); «№6 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті»
мекемесінің директоры (2007-2008); «НұрОтан» ХДП Ақсу аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары (2008-2010); Ақсу ауданы әкімі аппаратының
ұйымдастыру, мемлекеттік–құқықтық және кадр жұмысы бөлімінің басшысы
(2010-2013); Ақсу аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және
тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы (2013-2014) қызметтерін атқарды.
2014 жылдан - Ақсу аудандық мәслихатының аппараты басшысы.
«ҚР Конституциясына - 20 жыл», «ҚР мәслихаттарына – 25 жыл»
мерекелік медальдарымен, облыстық, Ақсу ауданы әкімдерінің Алғыс
хаттарымен марапатталған.
Есімі «Ақсудың арда тұлғалары» атты энциклопедиялық кітаптқа
енгізілген.

УСЕНОВ САМАТ ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ

Аудандық мәслихаттың 3-ші шақырылымының депутаты.
Теміржолшы, еңбек озаты.
1967 жылы 25 карашада бұрынғы Бөрлітөбе ауданы Матай стансасында туған.
Алматы теміржолына қарасты № 53 орта мектепті бiтiрген (1985).
1985-1987 жылдары Отан алдындағы әскери азаматтық борышын өтейді.
Еңбек жолын 1988 жылы Матай стансасында ТЧ-26 локомотив депосында

83

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

машинист көмекшісі болып бастады. 1990-2002 жылдары осы мекеменің
дәлдік құралдар жендеушiсi болып жұмыс iстедi.

2003 жылдан "Қанат" жеке шаруа қожалығын құрып, мал әсірумен
айналысады.

ЧАБДАРБАЕВ ТЫНЫШБАЙ ҚАБДОЛДАҰЛЫ

(1947-2011)

Аудандық мәслихаттың 1-3 шақырылымдарының

депутаты.

Ел ағасы. Ауылшаруашылық саласы үздігі және

ардагері. Ауылшаруашылық ғылымдарының

кандидаты (1984). Ақсу ауданының Құрметті

азаматы (2010).

1947 жылы 27 қаңтарда Ақсу ауданы Егінсу

стансасында дүниеге келген. Матай стансасындағы

№258 орта мектепті, Қазақтың мемлекеттік

ауылшаруашылық институтын «ғалым-агроном»

мамандығы бойынша (1971) бітірген.

Еңбек жолын І.Жансүгіров атындағы ұжымшарда агроном болып бастайды.

1975 жылы жаңа құрылған «Қызылту» кеңшарына бас агроном болып

жіберіледі. Осы қызметте оның біліктілігі, іскерлігі, ұйымдастырушылық

қабілеті барынша танылып, 1982 жылы осы шаруашылықтың директоры

қызметіне тағайындалады.

2006 жылдан ақпан айынан Қазақ егіншілік институтының Талдықорған

қаласындағы филиалының директоры болып жұмыс атқарды.

Ол барлық қызмет жылдарында қоғамдық жұмыстарға, демеушілік-

қайырымдылық шараларына белсене араласып отырды. 1978 жылы

Мәскеуде өткен Бүкілодақтың комсомол XVIII съезінің делегаты болды.

«Еңбектегі ерлігі үшін» (1982), «Тың игергенге 50 жыл», «ҚР тәуелсіздігіне

10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдарымен

марапатталған.

Есімі «Ақсудың арда тұлғалары» атты энциклопедиялық кітаптқа

енгізілген.

84

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

ЮСУПОВ САЙЛАУ ТҮСІПҰЛЫ

Аудандық мәслихаттың 3-4 шақырылымдарының
депутаты.
Теміржолшы. Теміржол саласының үздігі және
ардагері. Қоғамдық жұмыстар белсендісі.

1959 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар
теміржол бекетінде дүниеге келген туған. Алматыдағы
М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және
коммуникациялар академиясын, Д.А.Қонаев атындағы
Заң университетінің заңгерлер дайындайтын факультетін
бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы Аякөз локомотив депосында
қатардағы жөндеушіден бастайды. Содан кейін «Актоғай» локомотив
депосында нұсқаушы-машинист, «Шар» локомотив депосы бастығының
орынбасары (1992-94); Ақтоғай локомотив депосының бастығы (1995-99);
2000 жылдан «Қазақстан темір жолы» АҚ «Матай» стансасындағы
локомотивтерді пайдалану және жөндеу депосын бастығы қызметтерін
атқарды. Ол білікті маман, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары басшы
ретінде мекемені өз саласында озықтар қатарына жеткізді.

Кейінірек Матай стансасынан қызметі өсіп министрлік аппаратына ауысып
кетті.

Матай ауылында Ауғанстанда қаза тапкан жауынгерлерге ескерткіш қоюды
ұйымдастырды. Ауылдың, ауданның қоғамдық жұмыстарына, демеушілік-
қайырымдылық шараларына белсене араласып отырды.

«Шапағат», «Сауап» белгілерімен марапатталды. Есімі «Қазақ жерінің
айтулы адамдары» кітабына енгізілген.

Есімі «Ақсудың арда тұлғалары» атты энциклопедиялық кітаптқа
енгізілген.

Мәслихат мұрағатында сақталмағандықтан әр жылдары аудандық
мәслихат депутаттығына сайланған біраз азаматтардың өмірдеректерін
толығымен көрсету мүмкіндігі болмады

85

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

6-тарау

ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛАРЫ

Мәслихат тексеру комиссиясының алғашқы төрағасы болып Баймұрза
БАРМАҚОВ сайланды. Одан кейінгі жылдары комиссия төрағасы қызметін
депутаттар болып сайланған Дүйсен МҰХАМЕТШАРҰЛЫ, Жексенбі
МОЛДАҒАЛИЕВ және Әділхан ҚАНАБЕКОВ атқарды

БАЙМЫРЗА ӘБІКЕНҰЛЫ БАРМАҚОВ

Алматы облысы Қапал аудандық мәслихатының 1-ші

шақырылымының депутаты және хатшысы.

КСРО-ның үздік дәрігері. Саяси-қоғамдық жұмыстар

белсендісі.

1946 жылы Сарқан ауданы Қарабөгет ауылында туған.

Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «санитарлық

дәрігер» мамандығы бойынша бітірген. 1970-1992 жылдары

Жансүгіров кентінде аудандық санитарлық-

эпидемиологиялық стансасында эпидемиолог-дәрігер,

Қапал аудандық санэпидстанциясының бас дәрігері болды,

1992 жылдан Қапал ауданы әкімінің орынбасары және аудандық мәслихаттың

хатшысы қызметтерін атқарды. 1997 жылдан зейнеткерлікке шыққанша Ақсу

аудандық мәслихатының тексеру комиссиясының төрағасы болды.

АППАРАТ БАСШЫЛАРЫ

Аудандық мәслихат құрылғаннан бергі жылдары оның АППАРАТЫНЫҢ
БАСШЫСЫ болып қызмет атқарған Ж.МОЛДАҒАЛИЕВ, Ә.ҚАНАБЕКОВ және
Н.УСЕНОВТЫҢ өмірдеректері жоғарыдағы тарауда берілген.

86

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

АППАРАТ МАМАНДАРЫ
Мәслихаттың алғашқы үш шақырылымында маман болып Рабиға
Ахметшәқызы СЫДЫҚОВА қызмет атқарды.

ЖҰМАҒАЛИЕВ БҮРКІТҚАЛИ
Ауылшаруашылығы саласы және мемлекеттік қызмет
ардагері. Ақсу ауданының Құрметті азаматы.
1950 жылы 5 шілдеде Ақсу ауданы Қаракемер
ауылында дүниеге келген. Жансүгіров поселкесіндегі
Чапаев атындағы орта мектепті (1967), Алматы
зоотехникалық-малдәрігерлік институтын «мал дәрігері»
мамандығы бойынша (1972) бітірген.
1972-1982 жылдары Ақсу ауданы Қаракемер совхозында
бөлімше және бас мал дәрігері болды. Одан кейінгі
қызметтері: Ақсу-тәжірибе шаруашылығы партия
комитетінің хатшысы, Ақсу аудандық ауылшаруашылығы басқармасы
басшысының орынбасары (1982-1987); Қаракемер совхозының бас зоотехнигі
(1987-1988); Ш.Уалиханов атындағы совхозының бас мал дәрігері (1988-1990);
Ақсу тәжірибе шаруашылығының партия комитетінің хатшысы, осы
шаруашылық директорының орынбасары, аудандық ауылшаруашылығы
бастығының орынбасары (1990-1992); Қызылтаң қой совхозының және
өндірістік кооперативінің директоры (1992-2004); аудандық
ауылшаруашылығы бастығының орынбасары (2005-2006); Жансүгіров
поселкалық округінің әкімі.
2008-2013 жылдары Ақсу аудандық мәслихатының бас маманы болды.
Қазір зейнеткер.
Көптеген мақтау Грамоталары мен Алғыс хаттар иегері. Есімі «Ақсудың
арда тұлғалары» атты энциклопедиялық кітаптқа енгізілген.

87

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

ИСАНОВА ОРАЛ СЕРДАЛЫҚЫЗЫ

Мемлекеттік және партия қызметтері ардагері. Ел
ағасы. ҚР білім беру ісінің үздігі. Саяси-қоғамдық
жұмыстар белсендісі. Ақсу және Сарқан аудандарының
Құрметті азаматы.
1946 жылы 6-шы қарашада Ақсу ауданы Матай теміржол
стансасында дүниеге келген. Сол жердегі №256 орта
мектептің 7-ші сыныбын, Қызылорда қаласындағы
М.Мәметова атындағы қазақ қыздар педагогикалық
училищесі мен сол қаладағы Н.В. Гоголь атындағы
педагогикалық институтының филология факультетін
«орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша (1969) және Алматы Жоғарғы
партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1969 жылы Матай стансасындағы №258 орта мектепте мұғалім
болып бастайды, мектеп директорының оқу–тәрбие жөніндегі орынбасары
болады.
1972 жылы Бөрлітөбе ауданы жаңадан құрылғанда аудандық комсомол
комитетінің екінші хатшылығына, 1974 жылы бірінші хатшылығына сайланды.
1974-1981 жылдары аудандық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің
меңгерушісі қызметін атқарды. Жоғарғы партия мектебінде оқып келген соң,
1981-1983 жылдары осы аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары,
партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы, қамсыздандыру бөлімінің
меңгерушісі және аудан тарағанша, 1997 жылдың наурызына дейін аудан
әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Содан соң Талдықорған облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және
әлеуметтік бөліміне маман қызметіне шақыртылды. 3 айдан соң Талдықорған
облысы да тараған соң, 1997 жылдың шілде айында Ақсу ауданы әкімінің
орынбасары болып тағайындалды. Одан 2001 жылы ол қызмет лауазымы да
қысқартылып, аудан әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік бөлімінің
меңгерушісі болады. Сол жерден 2004 жылдың қарашасында зейнеткерлікке
шықты. Алайда мол қызметтік тәжірибесі ескеріліп, тағы 5 жыл аудандық
мәслихат аппаратында бас маман қызметін атқарды.
Зейнет демалысында болса да әлі де ауданның қоғамдық-саяси
жұмыстарының бел ортасында жүр. Ұзақ жылдар Ақсу аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы болып келді, «Нұр Отан» партиясының аудандық
филиалы мен аудандық ардагерлер кеңестерінің мүшесі.

«ҚР Тәуелсіздігіне 10 және 25 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20
жыл» мерекелік медальдарымен, «ҚР білім беру ісінің үздігі» атағымен,

88

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

қауымдастықтардың «М.Тынышпаевқа-130 жыл», «Батыр шапағаты»,
«Сауап» төс белгілерімен және ҚР Президентінің, «Нұр Отан» ХД
партиясының, ҚР Парламентінің, т.б. мемлекеттік, қоғамдық
ұйымдардың көптеген «Құрмет грамоталарымен» «Алғыс хаттарымен
марапатталған.

Есімі «Ақсудың арда тұлғалары» атты энциклопедиялық кітаптқа
енгізілген.

ДӘУЛЕТБЕКОВА КҮЛШАТ ТҰРСЫНБЕКҚЫЗЫ

Еңбек және мемлекеттік қызмет ардагері.
1960 жылы Жансүгіров поселкесінде туған.
Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектепті, Талдықорған
қаласындағы зооветтехникумды «есепші» мамандығы
бойынша бітірген.
1981-2004 жылдары аудандық тұрмыс қажеттігін өтеу
комбинаты мен Халық банкі аудандық бөлімінде есепші,
электр жүйесі мекемесінде бақылаушы болып жұмыс
істеді. 2004 жылдан - мәслихат аппаратының жетекші
маман-есепшісі.
«ҚР мәслихаттарына 20 және 25 жыл» мерекелік медальдарымен,
облыстық мәслихат хатшысының және аудан әкімінің бірнеше Құрмет
грамоталарымен марапатталған.

БЕРІКОВА ВЕНЕРА БЕРІКҚЫЗЫ

Мемлекеттік қызмет ардагері. Саяси-қоғамдық
жұмыстар белсендісі.

1984 жылы Ойтоған ауылында туған. Осы ауылдағы
І.Жансүгіров атындағы орта мектепті (2001), Қазақ Ұлттық
аграрлық университетін (2006) және Ө.Жолдасбеков
атындағы экономика және құқық академиясын (2009)
бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы осы мәслихат аппаратының
хатшы-машинисткасы болып бастаған. 2007-2008
жылдары Қызылағаш ауылдық округі әкімі аппаратының
бас маманы, Текелі қалалық ауылшаруашылық бөлімінің жетекші маманы
болып жұмыс жасады. 2008 жылдың сәуір айынан мәслихат аппаратының бас
маманы қызметін атқарды. 2021 жылдың тамыз айында баламалы сайлау
қортындысы бойынша ауданның Ойтоған ауылдық округінің әкімі болып
сайланды.

89

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

Республикалық «Жас Отан» жастар қанатының II–ші съезінің делегаты.
«ҚР Конституциясына 20 жыл» және «ҚР мәслихаттарына 20 және 25
жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

НҰРХАНОВА МАҚПАЛ ҚАЙРАТХАНҚЫЗЫ

1987 жылы Ақсу ауылында туған. Мамания орта

мектебін (2004), Абай атындағы Қазақ ұлттық

педагогикалық университетінің «филология»

факультетін (2008) бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Е.Сиқымов атындағы орта

мектебінің мектепке дейінгі шағын орталығында

тәрбиеші болып бастаған. Аудандық мәдениет және

тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы болды. 2009

жылдың желтоқсан айынан - аудандық мәслихаттың бас

маманы.

«ҚР мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

ҚҰРМАНҒАЛИЕВА АЛМА ЖАНАТБЕКҚЫЗЫ

Еңбек және мемлекеттік қызмет ардагері. Саяси-
қоғамдық, мәдени-көпшілік жұмыстарының белсендісі.

1966 жылы Н. Есеболатов ауылында туған. Н.
Есеболатов атындағы орта мектепті (1983), Талдықорған
қаласындағы заң техникумын (1985), Ө.Жолдасбеков
атындағы экономика және құқық академиясын (2012)
бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Ақсу ауданы «Басқан» қой
совхозында заң кеңесшісі болып бастайды. Одан кейінгі
қызмет жолы: Ақсу аудандық комсомол ұйымы
аппаратында іс-жүргізуші (1988-1989); «Қызылту» совхозында спорт әдіскері
(1989-1997); «Бес-бай» шаруа қожалығы жұмысшысы, «Ақсу-МТС-Агро» ЖШС-
ның заңгері, «Ақсу ирригация» су шаруашылығында кадр бөлімінің
меңгерушісі (1997-2007); Жансүгіров поселкелік округі әкімі аппаратының
жетекші маманы (2007-2008); Ақсу ауданы ішкі саясат бөлімінің жетекші
маманы, бас маманы (2008-2016). 2016 жылдың 10 қарашасынан - мәслихат
аппаратының бас маман – заңгері.

90

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

«ҚР мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалімен, бірнеше Құрмет
грамоталармен марапатталған, Республикалық әйелдер форумының
делегаты болған.

АЛИ АЙЫМ СЕРІКБОЛҚЫЗЫ

1993 жылы 18 наурызда Ақсу ауданы Капал ауылында
дүниеге келген.
Қ.И.Сатбаев атындагы орта мектеп гимназиясында оқып
(2015-2017), Академия «Көкше» мекемесі колледжін
«есеп және аудит» мамандығы бойынша (2017) бітірген.
Еңбек жолын 2016 жылдың қыркүйегінде Ақсу
аудандық мәслихаты аппаратында хатшы-машинистка
болып бастайды. 2021 жылдың қаңтар айынан жетекші-
маман - есепшісі қызметінде.

САБИТОВ АМИР РАВИЛЬҰЛЫ

1990 жылы 3 маусымда Алматы облысы Сарқан
қаласында дүниеге келген.
Островский атындағы лицей–мектебін (2008),
Талдықорған қаласындағы Ө.Жолдасбеков атындағы
«экономика және құқық» Академиясын (2012) бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы Сарқан қаласында салық
комитетінде бастап, одан кейін Ақсу аудандық
мемлекеттік кірістер басқармасында инспектор (2013-
2017), Есеболатов ауылдық округ әкімі аппаратының
жетекші маманы (2017-2018), Ақсу ауданы әкімі аппараты «мемлекеттік
қызметтер мониторингі» бөлімшесінің бас маманы және «персоналды
басқару біріңғай (кадр қызметі)» бөлімшесінің басшысы (2018-2019 )
қызметтерінде болды.
2020 жылдың ақпан айынан – Ақсу аудандық мәслихат аппаратының бас
маманы.

91

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

ӨТЕГЕН ТАЛҒАТ ӨТЕГЕНҰЛЫ
Ұстаз. Мемлекеттік қызмет ардагері.
1978 жылы 7 қарашада Ақсу ауданы Кеңжыра
ауылында дүниеге келген. Кеңжыра орта мектебінде,
Талдықорған қаласындағы қазақ-түрік техникалық
лицейінде (1993-1997) оқыған. Талдықорған
қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу
мемлекеттік университетін «шетел (ағылшын) тілі»
мамандығы бойынша бітірген (2000).
Атқарған жұмыстары: Жансүгіров ауылындағы
Е.Сиқымов атындағы (1998-2000), Б.Сырттанов ауылындағы Ғ.Мұратбаев
атындағы (2000-2003) және Кеңжыра орта мектептерінде (2003-2008)
мұғалім; Ақсу ауданы әкімінің аппараты жалпы бөлімінің бас маманы (2008-
2016) және басшысы (2016-2021).
2021 жылдың қазан айынан аудандық мәслихат аппаратының бас маманы
қызметінде.

92

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

7-тарау

(жылнамалық бейнежазба)

Бейнежазбамен танысу үшін мына сілтемені басыңыз:

https://youtu.be/AFjRlQoLRrY

93

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.
94

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.

Осы электронды кітап және оның бейнежазбалары ғаламтордағы
«АЛТЫН ҰЯМ – АҚСУЫМ» атты авторлық сайттың «SER-БEK»
ИНФОСТУДИЯСЫ арқылы дайындалды.

Жарнама ретінде осы инфостудияның бейнежазбалық
шығармашылық «қоржыны» (портфолиосы) назарларыңа ұсынылады

ТАНЫСЫҢДАР!
ТАПСЫРЫСТАР БЕРІҢДЕР!

Сілтемесі: https://youtu.be/XAH4cBBKv50

95

Ақсу аудандық мәслихаты. Жылнамалық жазбалар.
96


Click to View FlipBook Version