2.0
Салем құрбым! Бұл кітапшадан әйел энергиясы деген не және онымен қалай дұрыс жұмыс жасау қажет жайлы үйренесіз. Дайынсыз ба?
Әрбір жетістікке жеткен ер адамның артында әйелдің шексіз маxаббаты тұрады. Авторлық құқық: ИП "Эверест" Алматы қ. материалды таратуға және сатуға болмайды
Әйел энергиясы дегеніміз не? Әйел энергиясын көтеру жолдары қандай? Интеллегентті әйел құпиясы Энергия арқылы ер адамға ықпал ету Ислам дініндегі әйел образы қандай? Сізге неге себепсіз сыйлық сыйламайды? Себепсіз сыйлық алудың жолдары? Қалай критикадан арылып, сенімділікті артыруға болады? Қас өсіру жолдары Бет күтімі, самомассаж Артық салмақпен күрес Дайын имидж, стиильдер Мазмұны:
Советтік заманда "энергиясы көп" әйелдер үкіметке тиімсіз еді. Олардың әйелдік образы басқаларға жұмыс жасауға кедергі келтіретін болған. Әйел энергиясы дегеніміз не? Әйелдің энергиясы - еркекке өзгеше шабыт беретін ғажап күш. Әйелдің махаббаты – еркектің жетістігінің кілті. Егер әйел заты өзінің болмысын үйлесіммен аша білсе, онда табиғаттың төрт стихиясының да күшқуатын сіңіреді. Оған қоса текпен берілетін күшқуатқа ие болады. Әрбір әйел өзіне айналасындағы адамдардың барлығы қызығып қарағанын қалайды. Ол үшін сізден шуақ шашылып, жағымды энергия таралып тұруы керек. Ал энергияны қайдан алатынымызды, қазір айтамыз.
Өзіңізді, отбасыңызды өзім-ақ асырай аламын деп ешқашан айтпаңыз. Тіпті асырай алсаңызда. Сіз бұлай кез-келген ер адамның еңсесін түсіріп тастайсыз. Ер адамның гормоны мұндай ұнатпайды. Тіпті қазір қиын жағдайда жүрсе де. Күйеуіңізге "мешать" жасамаңыз. Эмоция Сізге шоколад сыйласа "мерседес" сыйлаған секілді қуанбаңыз. Егер сізге сыйлық ұнамаса іштей алғыс білдіріңіз, бірақ сыртқа керемет бақытты болып көрінбеңіз. Себебі күйеуіңіз сізді бақытты етуге 200 теңгелік шоколад ғана жеткілікті деп ойлап, үлкен мақсаттарға эмоциясы азаяды.
Әйелдік образ Ер адамды өзіңізге тартып тұру үшін сіз өз стильіңізге көп көңіл бөлуіңіз қажет. Жұмсақ жібектен, хлопок матадан тігілден киім әйелге сән береді. Ұялшақтық Әйелдің ең үлкен қасиеттерінің бірі - ұялшақтық. Киіміңіз дененізді жауып тұруы қажет. Әйелдік манера Әйелдік манера - сіздің дененіздің қозғалысы, іс-қимылдарыңыз, сөйлеген сөзіңіз, күлкіңіз, дауыс ырғағыңыз. Тым тез қозғалудан, бірден жалт қараудан абай болыңыз. Өте нәзік әрі баяу қозғалыңыз.
Жүрісіңіз (походка) Cіздің жүрісіңіз құс секілді болуы қажет. Аяқ түзу, бір-бірімен шатаспауы қажет. Басыңызды түзу ұстамай, бүкірейіп жүретін болсаңыз, сіз зейнеттегі апаға ұқсап қаласыз. Дауыс Дауысыңыз өте жай болмауы тиіс. Сөйлегенде асықпай, ер адамның сөзін аяқтап болған соң ғана сөйлеңіз. Бұл сізді ақылды көрсетеді.
Энергиясы көп әйелдің тағы бір құпиясы - СЕНІМДІЛІК Әдемі жұптарды байқасаңыз, әйелі өте сенімді жүреді. Сенімділікті көтерудің жолы - өзіңіздің образға көңіл бөлу. Әдемі емес әйел болмайды тек өзіңе көңіл бөлмейтін әйел болады. Қалай бақытты әрі кербез әйел болуға болады? 1 . Ішкі бақыт. Өзіңе іштей сенімсіз әйел тез ашулады. Ашуландыру оңай болады. Ұсақ-түйекке бола мазаланады. Өмірде қиындыққа шыдауы қиын болады. Ер адам оны түсініп, қамқор болуға тырысады. Бірақ бұл мәңгілік емес. Ішкі бақытты қалыпқа келтірмей, бақытты өмір сүру өте қиын. Сіз өмір бойы бірнәрсені алаңдап тұрасыз. Тіпті бақытты сәттерініңздің өзіңде. Кішкентай болмашы сәттерден шынайы бақытты болып үйреніңіз. Бұл сіздің энергияныныздың қайнар көзі. Авторлық құқық: ИП "Эверест" Алматы қ. материалды таратуға және сатуға болмайды
2 . Жақсы характер - бұл әйелдің негізгі кілті Мейірімді, жомарт, басқаларға алаңдап тұрады. Әйелге жақсы характері бар болғаны еркектердің қызығушылығын арттырады. Салыстырыңызшы, әрқашан ешнәрсеге көңілі толмай, өзің ғана ойлайтын әйел. Мұндай әйел өз сұлулығын, харизмасын блоктап тастайды. Сұлуылығы характер салдарынан көрінбей қалады. Ешқандай қымбат киім, стиль жақсы характер болмаса бос әуре. 3 . Әйелдің ең керемет қасиеттерінің бірі - ата - анасына деген махаббат 4 . Шынайылық Ер адамдар әрқашан шынайы болатын әйелдердің қасында іштей рахат алады. Өзің дәлелдегісі келмеу, бай қылып көрсеткісі келмеу, өз-өзінен "стерва" жасап шығармау, нағыз шынайы әйелдің бейнесі Өзіңіздін жақсы қабілеттеріңңзді анықтап, соны ер адамға әдемілеп, ашып беріңіз. Мақтанған секілді болмауы қажет.
Әйел энергиясын қандай заттар блоктап тастайды? Негатив. Негативті эмоциялар көбейген сайын ішкі энергия азая береді. Негативті эмоциялардың ешқандай пайда әкелмейтінін, тек энергиянызды алып өміріңізді бақытсыз ететінін сезінуіңіз қажет. Тәртіпсіздік. Әйел энергиясы үйдің шашулы жатқанын, ыдыс-аяқтың жуылмай тұрғанына шыдамайды. Қоқыс, жиналмаған аяқ-киім, шашулы киім, үтіктелмеген көйлек мұның бәрі әйел энергиясын әлсіретеді. Ерлер ісі Ерлердің ісіне араласу әйел энергиясын блоктайтын үлкен жол. Ерлердің ісіне ешқашан араласпаңыз. Өзіңізді күйеуіңіздің орнына қоюды бүгіннен тоқтатыңыз
Дұрыс емес ұйқы Әйелдің ішкі энергиясы ұйқы сапасына тікелей әсер етеді. Әйелге стресспен күресу үшін, энергиясын арттыру үшін дұрыс ұйықтауы қажет. Өз-өзіңе лайықты көңіл бөлмеу Әйелге өз-өзіңе уақыт бөлмеу өзің дұрыс сезінбеуге әсер етеді. Әйел үшін күн сайын сүйікті ісімен айналысу, өте маңызды. Жаман әдеттер Темекі, алкаголь, зиянды заттар денсаулыққа теріс әсер етіп, әйел энергясын өте қатты төмен түсіріп тастайды.
Әйелдік энергияны қалай арттырамыз? 1. Асықпаңыз Әйел энергиясы тыныштықта көбейеді. Әрқашан асығып, ақша тауып, жұмыс істеп жүретін әйелдер ер адамдарға ұнамайды. 2. Демалыңыз, босаңсыңыз Физикалық және моралдық. Біз өзімізді жеңіл сезінгенде энергиямыз артады. 3. Маған жалғыз болған "комфортно" деп айтуды доғарыңыз Бұлай айту арқылы сіз өз-өзіңіздеі жалғыздыққа бейімдеп жатсыз. Жалғыздыққа бейімдеу арқылы сізде ер адамның энергиясы да артып кетеді. Егер сізге жалғыз болған ұнаса "Маған ер адамның қажеті не? деген дұрыс емес ойлар келеді.
Әйелдік энергияны арттырудың 12 тәсілі Массаж Шаштаразға жазылу Макикюр Алғыс айту Фильм Шоппинг Билеу Ванна қабылдау Медитация Гүлдерді суғару Тамақ дайындау Аффирмация
Тапсырма: Сіздің энергиянызды әлсірететін нәрселерді анықтап, анализ жасаңыз. Төбедегі тізімнен өзіңізге ұнаған 3 нәрсемен 3 күнде айналысыңыз Авторлық құқық: ИП "Эверест" Алматы қ. материалды таратуға және сатуға болмайды
Интеллегентті әйел немесе қалай ер адамға ықпал етеміз? Еркектер бізге ұқсамайды Біздің ең бірінші түсуіміз қажет зат - еркектер бізге ұқсамайды. Еркек пен әйел екі түрлі ойлайды. Еркектер басқаша ойланады. Мысалы: Әйелдің басты қалауы - сүйіктісі атану. Еркектің қалауы - әйелден қажетті энергия алу. Біз ер мен әйел қалауын нақты білмегеннен түсінбеушілікке бой алдырамыз.
Еркектер не қалайды? Ер адамға қиналғанда қасынан табылатын, проблемасын ашық айта алатын, оны түсінетін адам қажет. Жанын түсініп, емдеп, еңсесін арттыра алатын әйел қажет. Егер әйел осындай адам бола алса, еркек ешқашан басқа адамды іздемейді. 1 . Қабылдау Ер адамға өзі қалай солай қабылдайтын әйел қажет. Жай ғана қабылдау емес, солай болуына рұқсат ету. Сіз күйеуіңіздін идеясына көз қарасына келіспеуіңіз мүмкін. Бірақ көзқарасына құрмепен қараңыз. Басқа ер адамдармен салыстырмаңыз Ер адамның мықты қасиетін тауып алыңыз
Леди - тұрақты түрде дәрігерге қаралып тұрады. Әсіресе гинекологқа. Леди - өзің қалай қорғау қажет екенін біледі. Леди - өзгелерді өз қажеті үшін ренжітпейді Леди - ешқашан болмашы проблемаға өзің жертва рөліне қоймайды. Элегантты этикет Этикет - жай ғана қоғамдық орында көрсетуі тиім мәдениет емес. Отбасында да этикет болуы міндетті. Леди өз қадамдарын басқарады
Леди - топпен бас қосып отырған кезде тек бір адамға арнап комплимент айтпайды. Жеке қалғанда айтады. Леди - қоғамдық орында да үйде де мәдениетті болады. Леди - өмірде баланс жасауды біледі Егер леди ас үстілінен тұру қажет болса жай ғана "Кешірім өтінемін" дейді. Ары қарай ситуауияны түсіндіріп әуре болмайды Леди - қалай суретке түсу қажет екенін біледі Леди - басқа адамдарға өз махаббаты жайлы айтпайды Леди - басқалаардың көзіңе қатты түсетіндей ашық киім кимейді Леди - әңгімені қалай аяқтау қажет екенін біледі. Леди - әрқашан өзімен таза платок алып жүреді Авторлық құқық: ИП "Эверест" Алматы қ. материалды таратуға және сатуға болмайды
Леди - өз жетістіктерімен мақтанғанды ұнатпайды Леди - ешқашан еркектің де әйелдің де жасын сұрамайды Леди - өзің бағалауды біледі Леди - ешқашан өтірік айтпайды Леди - өз балаларына сыйлы бола біледі Леди - көп сөйлегенді ұнатпайды Леди - мейірімді әрі жомарт бола біледі
НЕГЕ СІЗГЕ СЕБЕПСІЗ СЫЙЛЫҚ СЫЙЛАМАЙДЫ? ҚАЛАЙ ЕР АДАМНЫҢ СІЗГЕ СЫЙЛЫҚ СЫЙЛАУ НИЕТІН АРТТЫРУҒА БОЛАДЫ? 1 . Алғыс Әрқашан жұбыңыздын сізге ұнауы үшін жасағысы келген әр қадамына алғыс айтуды үйреніңіз. 2 . Қайтару Ер адамнан сыйлық күтіп бірақ өзіңіз алдымен ешнәрсе сыйламау бұл дұрыс емес позиция. Күйеуіңізге тек энергия және эмоциядан бөлек материалдық физикалық позицияларды да пайдаланыңыз. Өзі ұнатқан дәмді тамақ дайындап беру, Романтикалық кеш ұйымдастыру. Ұмытпаңыз. Ер адамдар адам ойын оқуды білмейді. Сыйлық алғыңыз келе ме? Сұраңыз. Авторлық құқық: ИП "Эверест" Алматы қ. материалды таратуға және сатуға болмайды
Өзіңізді жертва ретінде рөлінде көрсетіп сыйлық сұрау Мысалы: "Жан, өтінеміііін, алып бершііі, саған жалко ма?" Ер адамға жертваны құтқары ұнамайды. Сіз бірден қызық емес бола бастайсыз. Қызық емес болған адамға неге сыйлық сылайды? Салыстыру. Басқа құрбыларыңыздың күйеулерімен салыстыруға мүлде болмайды. Сіз бұл қадаммен отбасы құндылығының рейтингін төмен түсіріп тастайсыз. Кінәламай, алғыс білдіріңіз. Тек әйелдер ғана түсінетін өте астарлы "намектарды" қолдану Ер адамға барлығын ашық түрде айтыңыз. Нені армандайсыз? Қандай қалауларыңыз бар? Барлығын ашық түрде айтуды үйреніңіз. Сіздің күйеуіңіз көріпкел емес қой? Ер адам сізді бақытты етуге ниеттенуі қажет. Мысалы: "Ойй, күн қандай суық едіііі, мені жылытатын бірнәрсе болса ғой" Бұл өте тиімсіз намектардың болып саналды. Сіздің шуба қалайтынызды түсіну менің өзіме қиын. Мен сіз көлік қалайды деп ойладым. ЕШҚАШАН ЖАСАУҒА БОЛМАЙТЫН ҚАДАМДАР
Ислам дініндегі әйел образы? Алла Тағалаға сансыз мадақ, шексіз шүкіршілік болсын. Алла Тағаланың сүйікті елшісі, адамзаттың асылы Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын. Жаратылыс тұрғысынан ер кісі де, әйел кісі де Алла Тағаланың пендесі. Алла Тағала қалағанын ер, қалағанын әйел етіп жаратады. Дегенмен, ер мен әйел тең емес, әрқайсысы өзіне тән қасиеттерімен ерекшеленеді. Егер бір-бірінен ешбір айырмашылығы жоқ өзара тең жаратылыс болғанда, Алла Тағала еркек-әйел етіп бөліп жатпай, бәрін біркелкі етіп жаратар еді. Еркек пен әйел өздеріне тән табиғатындағы ерекшеліктерін ескергенде ғана екеуі бір-бірін толықтыра түседі. Қазақ «екі жарты бір бүтін» деген. Әйел денедегі жүрек болса, еркек сол денедегі ақыл іспетті. Жүрек ақылсыз, ақыл жүрексіз ғұмыр сүре алмайды. Жүректі ақылдан жоғары, яки ақылды жүректен артық деп айту мүмкін емес. Екеуі өз міндеттерін атқарған кезде ғана дене дұрыс қызметін жалғастыра алады. www.muftyat.kz/
Бірінші аят: يٍم ْحَسِن َتْق ِو ْقَنا ا ِإْلنَساَن ِفي َأ َقْد َخَل َل ]Шүбәсіз, Біз адам баласын ең көркем, ең керемет бейнеде жараттық»[1« Қысқаша түсіндірме: Алла Тағала адам баласын өте көркем, сұлу бейнеде жаратқан. Бойына көркем сипаттарды дарытқан. Оның көркем түрде жаратылғанының белгісі – дене-мүшелерін кемшіліксіз жаратып, ерекше үйлесімділік берген. Оны тек көркем жаратып қана қоймай, оған түсінік, ілім, ақыл, пайым, сөйлеу, әдептілік қабілеттерін берген. Мужаһид «керемет бейнеде» деген Құран аятындағы сөзді: «ең жақсы түрде, жаратылғандардың кемелі» деп, түсіндірген Екінші аят: ِرَجااًل َكِثيًرا َوِنَساًء َق ُكم ِّمن َّنْفٍس َواِحَدٍة َوَخَلَق ِمْنَها َزْوَجَها َوَبَّث ِمْنُهَما َّلِذي َخَل َها الَّناُس اَّتُقوا َرَّب ُكُم ا ُّي َأ َيا Уа, адамдар! Бәріңді бір жаннан (бір кісіден) жаратқан һәм одан жұбын жаратып, ол« екеуінен көптеген ерлер мен әйелдер өрбітіп, жер бетіне таратқан Раббыларыңа ]қарсы келуден сақтаныңдар»[3 Қысқаша түсіндірме: Сендерді бір Адам (ғ.с.) атадан жаратқан Алладан шынайы түрде қорқыңдар. Сол адамнан барша адамзаттың анасы Хауаны жаратты. Адам мен Хауадан бүткіл еркек, әйелден тұратын халықтарды өрбітті Үшінші аят: ْيِهَّن ِباْلَمْع ُروِف ِذي َعَل َّل ُهَّن ِمْثُل ا َل Әйелдердің күйеулерінің алдында міндеттері болғанындай, ер азаматтардың да әйелдерінің алдында заңды міндеттері бар Қысқаша түсіндірме: Бұл жердегі міндет – ер адамның жанұя напақасын ]табу, әйелге көркем мінезбен қарым-қатынас жасау, зиян келтірмеу[6 www.muftyat.kz/
Әбу Узайна әс-Садфи (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Әйелдеріңнің ең жақсысы – күйеуін жақсы көретін, жиі бала туатын, ерін мақұлдайтын әрі оған бойұсынатын әйелдер. Ал әйелдеріңнің ең жаманы – өзінің сұлулығын басқаға көрсететін және менменшілтәкаппар әйелдер. Олар – екіжүзді мұнафықтар тәрізді. Олардың тек, тұмсықтары немесе аяқтары қызыл түсті шәуқарғаларға ұқсаған аз бөлігі ғана жұмаққа кіреді» Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыздан (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір кісі: «Қандай әйел ең жақсы?», – деп сұрағанда, Ол: «Күйеуі оған қарағанда, оны қуантатын, ол оған бір нәрсе бұйырғанда, мойынсұнатын, өзіне және өзінің мал-мүлкіне қатысты бір нәрсе ұнамай тұрса да күйеуіне қарсы келмейтін әйел», – деп жауап берді Ибн Адий: «Базардан жеміс-жидек алып үйіне әкелген адам садақа сауабын алады. Әкелген жемісті ұл балаларынан бұрын қыз балаларына берсін! Әйелдерді, қыздарды қуантқан адам Алладан қорқып жылағандардың сауабын алады. Ал Алладан қорқып жылағандардың денесі тозаққа харам болады» деп қызды қадірлеуді өсиет еткен екен. www.muftyat.kz/
Айша (р.а.) анамыз айтады: «Бір күні маған пақыр, кедей әйел екі қызымен келіп, тамақтандыруын өтінді. Мен олардың әр біріне бір құрмадан бердім. Әйел өзіне тиесілі құрманы аузына сала бергенде балалары құрма берші деді. Құрманы өзі жеместен екіге бөліп, қыздарына берді. Бұл жәйт мені қатты әсерге бөледі, мен оны Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) айттым. Сонда Алланың Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Шын мәнінде, сол әйелдің істеген жақсы ісі үшін Алла оны жәннатқа кіргізіп, тозақ отынан аман сақтайды», – деді (имам Муслим риуаяты). Тағы бір хадисте: «Үш қызына қажеттіліктен құтылғанға дейін жақсы қараған, ішіп-жегізіп, киіндірген адам әлбетте жәннатқа қол жеткізеді» деген (Әбу Дәуід). Демек, қыз бала әке-шешесінің жәннаты, тозақ отына қалқан. Міне ислам бізге оның мәртебесін осылайша баяндайды. Сондықтан үйімізге қыз келсе, ол үшін қуанып, Аллаға мадақ айтуымыз керек. Әрине, оның өскенде тәрбиесі әке-шешесінен сұралады, солар жауапты болады. Авторлық құқық: ИП "Эверест" Алматы қ. материалды таратуға және сатуға болмайды
Самооценка деген не? Өзің - өзі бағалау неге аса маңызды? Мен өз тілектерімнің орындалуына жауаптымын. Мен өз таңдауыма және өз іс-әрекетіме жауаптымын. Мен өз біліміме жауаптымын Мен өзімнің жеке бақытыма жауаптымын. «Мен өзімнің түк білмейтінімді білемін, кейбіреулер оны да білмейді» деп философ Сократ айтқандай, мен бәрін білемін, мен ақылдымын, басқалар түк білмейді деп кеуде соғу өзіңе дұрыс баға беру емес. Өзін-өзі бағалауым төмен деген адамдар да қателесуі мүмкін. Бір жағынан ол өзін іштей мықты сезінеді де, басқалар неге соны көрмейді, мойындамайды деп қынжылады. Ал шынымен де өзін бағалауы төмен болса, ол мұны өзі білмеуі де мүмкін. Өзіңнің нақты бағаңды түсіну үшін өзіңді өмір бойы зерттеп өтуің керек. Өзін-өзі бағалаудың екі түрі бар. Бірі тұрақты, екіншісі ауыспалы. Тұрақты өзін-өзі бағалауды өзгерту қиын, ол кішкене кезден қалыптасқан ұғым. Біреу сізге киім таңдау білмейсің, талғамың онша емес десе, шынында дұрыс айтты ма, жоқ бұрыс айтты ма деп ойланып қалуыңыз мүмкін. Ал егер сен ақша санай алмайсың десе, оған еш ренжімейсіз, себебі өзіңіздің ақшаны санай алатыныңызды жақсы білесіз. Міне, осы өзін-өзі бағалаудың тұрақты түрі. Ал үнемі пісіріп жүрген тортыңыз 1-2 рет ойдағыдай піспей қалды делік, тура сол кезде біреу сізге қолыңнан түк келмейді екен деп айта салса, өзін-өзі бағалау деңгейіңіз бірер уақытқа болса да төмендеп қалуы мүмкін, бұл ауыспалы түрі. https://massaget.kz/
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Өзіңіздін 10 жақсы қасиетіңізді жазыңыз
АРТЫҚ САЛМАҚПЕН КҮРЕС Негізгі принцип: Дәмді, оңай, ұзаққа! Бастысы денсаулықты сақтай отырып Есіңізде болсын, біздің бір денсаулығымыз біреу, оны сақтауымыз керек! Қыздар көбінесе диеталармен денсаулығын бұзады. Өзгеруді бастайық! Осы 9 кеңесті бірге орындасаңыз сізге қажетті нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі.
Белоктардың, майлардың жеткілікті мөлшері, пайдалы тағамдардан алынған көмірсулар 80% қалыпты және 20% дәмді тағам Су балансы Қоректік заттардың балансы Рационды дұрыстаймыз Мен көптеген "дұрыс тамақтану" марафондарына қарсымын. Ол жерде адамдарға өте қатты нагрузка беретін тәсілдерді қолданады. Бұл сіздің денсаулығынызға өте зиян болады. Баланстың негізгі ережелері: 1 Авторлық құқық: ИП "Эверест" Алматы қ. материалды таратуға және сатуға болмайды
2 Жеткілікті калорияларды тұтынамыз Салмақты жоғалту үшін ағзаға тапшылық жасау керек. Мұны белсенділікті арттырып, тамақты азайту арқылы жасауға болады. Және өз нормаңыздан әлдеқайда аз жеуге тырыспаңыз. (өз формуланызды Mifflin-Sun формуласы арқылы есептей аласыз) Ағзаныз аз тамақтан қиын күндер келді деп ойлап, метоболизм энергиясын сақтау үшін өз жұмысын бәсеңдетеді. Нәтижесінде сіз тіпті кері әсер аласыз. Салмақ тастаудың орнына қайта салмақ қосып аласыз. Сол себепті сіз әр диетаға отырған сайын "мен неге салмақ тастамаймын" деп шағымданатын боласыз. Тым аз тамақ тым көп тамақ сияқты зиян!
3 Суды жеткілікті ішіңіз Тәулігіне су нормасы дене салмағының кг үшін 30 - 35 мл құрайды. Есінізде болсың, бұл норма қарапайым сумен есептелінеді. Чай, кофе, сусындар есептелінбейді. 4 Кем дегенде 6 сағат ұйықтаңыз Ұйқының дұрыс болмауы - гормондардың бұзылуына алып келеді. 5 Таразыға күн сайын тұруды тоқтатыңыз Сіздің салмағыңыз күн сайын 1-2 кг ойнап тұрады. Бұл "нормально" Әр 2 апта сайын ашқарынды өлшеңіз. Сонда ғана сіз нәтижені көретін боласыз. Таңертең тұрдыңыз, әжетханаға бардыңыз содан соң ғана таразыға тұрып салмағыңызды тексеріңіз
6 Физикалық әрекетті көбейтіңіз Сізге көп қозғалыс қажет. Бұл жаттығу залы болуы міндетті емес. Нені таңдайсыз сіздің қалауыңыз бойынша: йога, би, жүзу, тіпті балалармен бірге доп ойнау. 7 Жүйкемізді сақтаймыз Стресс кортизол өндірісіне ықпал етеді, ол қалыпты май жағуға кедергі келтіреді. Стресс пен стресс арасында тікелей байланыс (грелин гормоны) бар. Сонымен қатар, стресс жүрек және гормоналды ауруларды арттырады. 8 Дәрумендер қабылдаймыз Көбінесе біз жалқау және сынған сезінеміз Бұл дәрумендердің жетіспеушілігі. Әсіресе мұндай өтпелі кезеңдер көктем мен күз мезгілінде болады. Мысалы D3 дәруменінің жетіспеушілі ұйқысыздықпен апатия және бас ауруына әкеліп соғуы мүмкін. Мен сізге қандай дәрумен ішу қажет екенін нақты кеңес бере алмаймын. Сізге барып толық анализ тапсыру қажет.
1 күн 2 күн 3 күн 4 күн 5 күн 6 күн 7 күн 8 күн 9 күн 10 күн 11 күн 12 күн 13 күн 14 күн 15 күн 16 күн 17 күн 18 күн 19 күн 20 күн 21 күн 22 күн 23 күн 24 күн 25 күн 26 күн 27 күн 28 күн 29 күн 30 күн 30 күнге су ішу чек-листі Күн сайын әр ішкен стақан суды белгілеп отырыңыз
САМОМАССАЖ Самомассаж - бет күтіміндегі ең маңызды элементтердің бірі. Самомассаж кезінде лимфатикалық жүйе жұмыс жасайды. Әрқашан сұлу, жас көріну үшін күніне 5-7 минут базалық самомассажға көңіл бөліңіз. Массажды тым қатты немесе тез жасамаңыз. Массажды бастамас бұрын: Бетіңізді жақсылап тазартыңыз Массажды құрғақ жасауға болмайды, сыворотка немесе крем жағыныз Самомассаж технологиясы Массажды бет терісінің линиясымен жасаңыз Қатты давлениеде жасауға болмайды Массаж уақыты 7-10 минуттан асуына болмайды Авторлық құқық: ИП "Эверест" Алматы қ. материалды таратуға және сатуға болмайды
ДЕНЕ КҮТІМІ Біз барлығымыз дененің сыртқы профилактикасы әрбір қыз бен әйелдің қажеттілігі екенін жақсы білеміз. Сіз дене күтіміне қаншалықты көңіл бөлесіз?
Мен барлығына кеңес беретін алғашқы қадамым бұл - Дене скрабы. Скраб кем дегенде, тазартқыш ретінде қызмет етеді, дененің бетін өлі жасушалардан тазартатын қасиетке ие. Теріні сергітеді, оның рельефін тегістеуге көмектеседі. Қан айналымын жақсартады, ісінуді азайтады. Жалпы құрамына байланысты теріні нәрлендіреді және ылғалдандырады. Созылу белгілерінің пайда болуын азайтады, теріні қатайтады серпім береді. Скрабтардың көптеген түрлері бар: сабынды (олардың құрамында көбік және құрамында абразивті бөлшектер болады), классикалық скраб, кремді скраб. Бұл скрабтардың үлкен плюсі - ісінуді азайтады. Төменде мен өзім ұсынатын скрабтардың тізімін жариялаймын.
Көлемі аз, бірақ оның иісі үшін, құрамы мен әсері өте керемет. Natura Siberica фирмасының скрабы. «Сон великанов» өте қолжетімді нсұқа. Сақтау мерзімі ұзаққа жетеді. Құрамы өте жақсы, арзан бағаға жақсы сапа Скраб қолданудың қарсы көрсеткіші бар: мысалы: Жүкті әйелдерге, кожа травмасы бар адамдарға. Аптасына 2 реттен көп скраб қолдануға болмайды
Щетка табиғи қылшықтардан болуы тиім (щетина) Денеге қатты әсер етпеуі тиіс Щеткамен массаж жасау. Щеткамен массаж целлюлитпен күресуге көмектеседі, тегістейді теріні жұмсартады. Ісінуді жояды, артық заттарды кетіреді артық шаштың өсуін алдын-алады Щетканы қалай таңдаймыз? Қалай щеткамен массаж жасаймыз? Барлық қозғалыстар төменнен бағытталуы керек (аяқтан бастап) лимфа ағынының қозғалысы бойымен жасалынуы тиіс Бастапқыда массаж жағымсыз болып көрінуі мүмкін, бірақ кейін бірнеше сеанстан кейін сіз оған үйренесіз. Ең бастысы - денеге қатты баспаңыз. Үйкеліс төменнен жоғарыға, шамамен 1 зонаға 10 реттен жасалынады. Суретте ең көп таралған щеткамен массаж схемасы көрсетілген Массажға 15-20 минуттан артық уақыт жұмсалмайды. Күн сайын жасауға болмайды. Сізде варикоз және экзема және теріңіз өте сезімтал болса массаж жасауға болмайды
Қалай қасымызды үй жағдайында әдемі қалың қылып өсіреміз? Авторлық құқық: ИП "Эверест" Алматы қ. материалды таратуға және сатуға болмайды
Талшық тамырының даму жылдамдығының төмендігі; Дәрумендер мен қоректік заттардың жетіспеушілігі жағдайлары орын алса дәрігерге қаралып, дәл сіздің ағзаңызға не жетіспейтіндігін анықтаған жөн. Дұрыс жасалмаған күтім (алда күтім туралы айтамыз) Қысқышты жиі қолдану. Қасыңызды өсіргіңіз келсе, оны қысқыш көмегімен тым жиі түзетпеген жөн. Генетика. Егер сіздің ата-тегіңізде бірнеше буын өкілдерінде жұқа және сирек қас болған болса, оны өсіру сізге әлдеқайда қиынға соғады. Ішкі органдардың аурулары болса, дәрігерге қаралу керек. Тері аурулары болса, дәрігерге қаралу керек. Антибиотиктерді қабылдау да дәрігер көмегін қажет етеді. Жыл мезгілдеріне тоқталсақ: жаз-күз айларында қас жылдамырақ, ал қыс-көктем кезеңінде баяулау өседі. Жиі бояу. Қасты жиі бояу қас талшықтарының түсуіне, сынуына әкеп соқтырады Әсіресе бояу құрамында оксид мөлшері жоғары оксидтік қосылыстар болса. Гормондық ауытқу. Бұл жағдайда да шұғыл түрде дәрігер көмегіне жүгіну қажет. Қастың өсуіне не әсер етеді?
Массаж көмегімен қанайналымды жақсартып, талшық тамырына қоректік заттарды жеткізуге болатыны бұрыннан белгілі. Массаж жасау үшін сізге қажет: қолыңыздың таза болуы; қасқа арналған щетка; май (май таңдауға алда тоқталамыз); Массаж жасаудың екі техникасы бар: щеткамен және саусақтармен. Екеуі де бір біріне ұқсас келеді. Алғашқысында щеткаға майды жағып, абайлап айналма қозғалыс жасай отырып, қас терісін 5-7 минут уқалаймыз. 30 минуттан соң қас аумағындағы май қалдықтарын тазартып тастаймыз. Ал, саусақтармен жасаған кезде қолыңыз таза және жылы болса жеткілікті. Қасымызға майды жағып, дәл алдыңғы техникамен 5-7 минут уқалаймыз. 30 минутқа қалдырып, кейін май қалдығын тазартамыз. Массаж күн сайын ұйқы алдында жасалады. Бірақ, май қалдығын тазартып жатуды ұмытпау керек. Осы қарапайым әдістерді қолдана отырып, өте жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Кешкі массаж: техникасы мен қолданылатын құралдары
Майсана майы (касторовое масло) Ошаған майы (репейное масло) Кокос майы (кокосовое масло) Арган майы (аргановое масло) Шабдалы майы (масло персика) Усма майы (масло усьмы) Қасқа арналған майлар
Қысқыш туралы Қас өсіру кезеңінде қысқыш туралы біраз уақытқа ұмытқан дұрыс. Мүмкін бұл қиын боп көрінер, бірақ етпесе болмайды.
Қайшы туралы Қасты қию туралы алуан түрлі пікірлер бар. Бірақ менің айтарым: Мен түбегейлі қарсымын. Қасты қиған кезде ол түбірге айналып, бұйраланып және өз бағытынан жаңылып, басқа бағытта өсіп кетеді. Бұл өз кезегінде қас формасын эстетикалық тұрғыдан бұзып тұрады. Бірақ, ең сорақысы бұл емес. Одан әрі талшық тілініп бастайды. Тілігі тамырына дейін жеткен кезде ол біржола өліп қалуы мүмкін. Оның орнына жаңадан талшық өсіп шықпайды. Ал егер қастың барлығын қиятын болса, не болады? Енді ойланып қараңыз, кейбір салондағы шеберлер әлі күнге дейін қас қиюды жалғастырып келеді. Мен мұны дұрыс емес деп ойлаймын. Үй жағдайында қас қию туралы айтпаса да түсінікті. Ол туралы ұмытыңыз! Ең бастысы, қас талшықтарын дұрыс бағытта жатқызу керек. Сол кезде қайшы туралы ойламайсыз. Авторлық құқық: ИП "Эверест" Алматы қ. материалды таратуға және сатуға болмайды
Декоративтік косметиканы дұрыс тазарту. Авторлық құқық: ИП "Эверест" Алматы қ. материалды таратуға және сатуға болмайды
1. Мицелярлы сумен шыланған мақта дискісімен қасты асықпай, ұқыптап сүртеміз. Ысқылауға болмайды. Қасқа қоямыз, сәл ұстаймыз, қастың бағытымен жүргіземіз. Мақта таза болғанша осы әрекеттерді қайталаймыз. 2. Жылы сумен жуынамыз. (салқын емес, ыстық емес. Бұл өте маңызды) 3. Қасқа көбік немесе гельді жағамыз. Массаж қимылдарымен жәймен қасты сүртеміз. Қалдықтарын жылы сумен жуып кетіреміз. 4. Қастың ылғалын сүлгімен (қағаз сулық болғаны дұрысырақ) сорып аламыз. 5. Егер кеш уақыты болса, май жағып және массаж жасауды бастауға болады.
Dreamlash Optibrow Seslash intensive booster, sesderma Eyelash booster, pharmatheiss cosmetic Paridlash eyelash enhancing serum, rapidlash Үздік сарысулар (сыворотки) Іркіттерді үнемі қолданған жағдайда қас талшықтары нығаяды. Жаңадан талшықтар пайда болып, түсуі тоқтайды. (кірпікке де жағуға болады) Тек бір минусы – бағасы қымбатырақ болып келеді
Пилинг және скрабтау