The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by musylmankulova.wuga, 2023-11-28 22:00:19

Әйел энергисы

Әйел энергисы

Пилинг теріні қабыршақтан және ластанудан тазартуға көмектеседі. Көп адамдар пилинг пен скраб қолданған кезде қас аумағына мән бермейді. Бекерге олай жасайды. Бұл процедуралар да массаж секілді қанайналымды жақсартып және қоректік заттардың талшық тамырына жетуін қамтамасыз етеді. Дәл осы пилингтен кейін қас өсіретін құралдарды қолданған дұрыс. Сонда құралдардың әсері тиімдірек бола түспек. Маңыздысы ірі түрпілі бөлшектері бар скрабты қолданбаңыз, олар теріні зақымдайды. Жеңіл қимылдармен массаж жасаңыз. Егер тері жұқа және сезімтал болса, скраб орнына тек түрпілі бөлшектері жоқ пилинг қолданыңыз. Скрабтау процедурасы қасты бояр алдында кемінде бір тәулік бұрын жасалуы керек. Әйтпесе аллергия туғызуы мүмкін. Қасқа әдеттегі скрабты және бетке арналған пилингті қолдануға болады. Бірақ, құрамындағы түрпілі бөлшектерге мән беру қажет. Авторлық құқық: ИП "Эверест" Алматы қ. материалды таратуға және сатуға болмайды


Дарсонваль деген не? Оны қалай қолданамыз?


Дарсонваль – адам ағзасының беткі ұлпаларына және шырышты қабатына жоғары жиіліктегі импульсті токпен физиотерапиялық әсер беру әдістеріне арналған аппарат. Ол емшаралардың «Электротерапия» бөліміне жатады. Аппараттың бірнеше қондырғысы бар, бізге саңырауқұлақ формасындағысы керек. Құрғақ теріге қондырғыны қойып, қолайлы ток беру режимін таңдап, қасқа массаж жасаймыз. Қасқа күш түсіріп басуға, ысқылауға болмайды. Тек бойымен сипалап өтеміз. Бастапқыда 3 минуттан аптасына үш реттен жасап, өзгерістерді бақылаңыз. Бұл уақытта сізде ауырсыну, бөртпелер, аллергия болмауы керек. Болған жағдайда аппаратты қолдануды тоқтатыңыз. Ток әсерінен талшық тамырлары белсендірек жұмыс істейді. Қанайналым жақсарып, қоректік заттар жеткізіліп, жасушалардың жаңаруы жылдамдайды. *қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн. Авторлық құқық: ИП "Эверест" Алматы қ. материалды таратуға және сатуға болмайды


ИМИДЖ (БОНУС)


Click to View FlipBook Version