The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Aika Daurenbekova, 2023-11-08 23:46:44

зертхана_merged (1)

зертхана_merged (1)

ҚАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР Зертханалық жұмыстар жинағы Алматы 2023 ж


Рецензент: Логистика және көлік академиясының ассистент-профессоры, PhD Касымова Динара Тугелбековна Оқу әдістемелік құралын құрастырушылар: Ибраимова А.А., Дауренбекова А.Т., Бодесова А.Е., Байказиева Р.Т. Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар пәні бойынша зертханалық жұмыстар жинағы – Казақ спорт және туризм академиясы, Алматы, 2023. – 70 б. Ақпараттық-коммуникациялық технология – ол ақпараттарды түрлендіруге және өңдеуге бағытталған технология. АКТ әртүрлі механизмдерді, құрылғыларды, алгоритмдерді, мәліметтерді өңдеу тәсілдерін сипаттайтын жалпы ұғым болып табылады. Е.Ы. Бидайбеков «Ақпараттық - коммуникациялық технология дегеніміз – технологиялық тізбекке біріктірілген, ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, шығару және тарату әрекеттерін қамтамасыз ететін өндірістік және программалық - техникалық құрылғылар мен әдістер жиынтығы» деген пікір білдіреді. Бүгінгі заман талабына сай жаңа технологиялармен сабақ жүргізуде АКТ – ны пайдалану өте тиімді және өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады. АКТ-ның негізгі мақсаты – білім алушының қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу, яғни білім алушыны ақпараттық қоғамға бейімдеу. Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар пәні бойынша зертханалық жұмыстар жинағы ҚазСТА-ның барлық мамандықта білім алатын 2 курс студенттеріне арналған.


МАЗМҰНЫалар: 1 Зертханалық жұмыс №1 Санау жүйесі. Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне өту. 3 2 Зертханалық жұмыс №2 Операциялық жүйенің қасиеттерін анықтау. Файлдар және каталогтармен жұмыс. 10 3 Зертханалық жұмыс №3 Web-сайт. Web-сайтты “ыңғайлы қолдануды” әзірлеуге қойылатын талаптарды анықтау. 16 4 Зертханалық жұмыс №4 Деректер қорының құрылымын әзірлеу, кестелер мен сұраныстарды құру. 21 5 Зертханалық жұмыс №5 Дәрістік материалдардың, ғылыми баяндамалардың және т б презентацияларын жобалау және құру. 31 6 Зертханалық жұмыс №6 Сандық ақпаратты өндеу, кестелік редактрларда формулаларды өндеу және диаграммаларды құру 33 7 Зертханалық жұмыс №7 Қарапайым желілік конфигурацияны құру. IP-адрестеу. Желі мониторингі. Трафикті талдау. Желілік пакеттерді талдау үшін снифферлерді пайдалану. 39 8 Зертханалық жұмыс №8 Серверден деректер алу. Webқосымшаларда графикалық интерфейсті жобалау. Стильдерді құру. 43 9 Зертханалық жұмыс №9 Серверден деректер алу. Webқосымшаларда графикалық интерфейсті жобалау. Стильдерді құру. 49 10 Зертханалық жұмыс №10 Google Docs-тің көмегімен Google аккаунттарды құру. Ақпарата қол жеткізу үшін мобильді технологиялар пайдалану, GPS навигаторлары, GSM сигнализациясы. 52 11 Зертханалық жұмыс №11 HyperCam, Adobe Premiere Pro, Windows Movie Maker және т.б. бағдарламаларын пайдалана отырып бейне-файларды жасау. 55 12 Зертханалық жұмыс №12 Smart-қосымшалармен жұмыс: Smart TV, SmartHub және т.б. 60 13 Зертханалық жұмыс №13 Электрондық үкіметтің сайтында қызметтермен жұмыс: http://egov.kz/cms/ru/governmentservices/for_citizen: өтініштерді тіркеу, құжаттардың дубликаттарын беру және т.б. 61 14 Зертханалық жұмыс №14 Moodle, eDX және т.б. қашықтықтан оқыту ортасында сабақтың құрылымы мен мазмұнын әзірлеу. 63 15 Зертханалық жұмыс №15 Кәсіби салада қолданбалы бағдарламаларды орнату және пайдалану. 64 16 Глоссарий 69 17 Библиографикалық тізім 70


3 Зертханалық жұмыс №1 Тақырыбы: Санау жүйесі. Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне өту. Мақсаты: Санау жүйелерімен танысу. Екілік, сегіздік, ондық және оналтылық санау жуйесінде есептеулер жүргізуді меңгеру. Бір санау жүйесінде есептеулер жүргізуді меңгеру. Бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыруды меңгеру. Теориядан қысқаша мағлұматтар Санау жүйелері – сандеп аталатын, символдар көмегімен бейнеленетін атаулар тәртібінің жиынтығы. Санау жүйелері позициялық және позициялық емес болып екіге бөлінеді. Позициялық емес санау жүйесіне мысал – рим сандары: бірнеше сандар негізгі болып алынған (мысалы; I, V, X) ал қалғандары осы негізгі сандарды қосу арқылы алынады (VI, VII сияқты) немесе алу (VI, IX сияқты). Ал позициялық санау жүйелеріне екілік, ондық, оналтылық сандар жатады. Екілік санау жүйесі. Екілік жүйеде кез келген сан екі 0 және 1 цифрларының комегімен жазылады және екілік сан деп аталады. Екілік санын анықтап ЭЕМ-де ақпаратты өрнектеу үшін екілік жүйе қолданылады. Екілік жүйеде қосындыда негіздеуші ретінде 2 санын қолданады. Сегіздік санау жүйесі. Сегіздік санау жүйесі, яғни сегіздік негіздеуші санау жүйесі, сегіз цифрдың көмегімен санды көрсетеді. 0,1,2,3,4,5,6,7. Ондық санау жүйесі. Ондық санау жүйесінегі сандарды өрнектеу үшін 0-9 дейінгі араб цифрлары қолданылады: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9. Мысалы; 234=200+30+4. 2 жүздіктер разрядынан, 3 ондықтар разрядынан, 4 бірліктер разрядынан тұрады. Ондық жүйе позициялық болып табылады, өйткені ондық санды орналасқан орнына байланысты. Санның цифрына бөлінетін позиция разряд деп атайды. Егер 234 санын қосынды түрінде былай жазамыз: 2*102+3*101+4*100 . Бұл жазбадағы 10-саны санау жүйесін негіздеуші. Санның әрбір цифры үшін 10 негіздеуші цифрлық орнына байланысты дәрежеленеді және осы цифрға көбейтіледі. Егер сан ондық болса, ол теріс дірежеде жазылады. Оналтылық санау жүйесі. Оналтылық санау жүйесінде санды жазу үшін ондық с а н а у жүйесінің цифрлары 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9, және латын алфавитінің алғашқы үлкен әріптері: A, В, C, D, E, F қолданылады. Мұнда А=10, В=11, С=12, D= 13, Е=14, F=15. Сандардың қандай сандық жүйеде тұрғанын білу үшін, оның төменгі жағына индекс жазылады және индекске кандай жүйеде екені көрсетіледі. 1-тапсырма: Кестені толтырыңыз: Санау жүйелері Негізі Алфавит Екілік Сегіздік Ондық


4 Он алтылық 2-тапсырма: Кестені есептеп толтырыңыз: 2 8 10 16 2 0 = 8 0 = 100 = 160 = 2 1 = 8 1 = 101 = 161 = 2 2 = 8 2 = 102 = 162 = 2 3 = 8 3 = 103 = 163 = 2 4 = 8 4 = 104 = 164 = 2 5 = 8 5 = 105 = 165 = 2 6 = 8 6 = 106 = 166 = 2 7 = 8 7 = 107 = 167 = 2 8 = 8 8 = 108 = 168 = 2 9 = 8 9 = 109 = 169 = 2 10 = 8 10 = 1010 = 1610 = 2 11 = 8 11 = 1011 = 1611 = 2 12 = 8 12 = 1012 = 1612 = 2 13 = 8 13 = 1013 = 1613 = 2 14 = 8 14 = 1014 = 1614 = 2 15 = 8 15 = 1015 = 1615 = 1-мысал: 110100012=1*27+1*26+0*251*24+0*23+0*22+0*21+1*20=128+64+16+1= 20910 Жауабы:110100012 = 29,62510. 2-мысал: 11101,1012=1*24+1*23+1*22+0*21+1*20+1*2−1+0*2−2+1*2−3=16+8+4+0+ +1+0,5+0+0,125= 29,62510. 2-тапсырма: Екілік санау жүйесіндегі сандарды ондық санау жүйесіне ауыстырып жазыңыз: 1101110112 = 1111011,10122 = 1110100112 = 1011111,1012 = 1001110112 = 1111011,10122 = 1011110112 = 11110101,1112 = 1010101012 = 111101,10012 = 1000000012 = 100110101,102 = 1011000012 = 11101111,1112 = 1111000012 = 1101110,1112 = 1011111012 = 11111011,101012 = 1111111112 = 111110,111012 = 1-мысал: 25 санын 2-ге бөлеміз, шыққан бөліндіні тағы 2-ге бөлеміз т.с.с бөлінді 2-ден кіші болғанда бөлуді тоқтатып, нәтижеде ақырғы бөлінді


5 және барлық қалдықтарды соңғысынан бастап бірінен соң бірін жазамыз. Жауабы: 12510 = 11111012 2-мысал. 206,35 санын ондық санау жүйесін екілік санау жүйесіне ауыстырыңыз. 206 санын әдеттегі тәсілмен екілік санау жүйесіне алмастырамыз. Бүтін бөлік 20610 = 110011102 болды, үтірден кейінгі бөлшек бөлімін негіз 2-ге көбейтеміз: 0,35*2=1,4 – бүтін бөлігі 1-ге тең; 0,4*2 =0,8 – бүтін бөлігі 0-ге тең; 0,8*2=1,6 – бүтін бөлігі 1-ге тең; 0,6*2= 1,2 −бүтін бөлігі 1-ге тең; 0,2*2=0,4 – бүтін бөлігі 0-ге тең; 0,4*2=0,8 – бүтін бөлігі 0-ге тең; Соңғы көбейтінді екінші рет қайталанып тұр, яғни ауыстыру аяқталды. Жауабы: 206,3510 = 11001110,1011002 3-тапсырма: Санды ондық санау жүйесінен екілік санау жұйесіне алмастырамыз 25610 = 952,3610 = 51510 = 741,7910 = 95610 = 852,5610 = 78510 = 951,3210 = 99910 = 753,2510 =


6 98810 = 963,4510 = 75210 = 852,3810 = 84510 = 987,5610 = 95010 = 986,8710 = 89710 = 759,8110 = 1-мысал: 815 ондық санын сегіздік санау жүйесіне алмастыру қажет. Ондық жүйеде берілген 815 бүтін оң санды сегіздік жүйеде жазу үшін бұл санды 8-ге бөлеміз, келіп шыққан бөліндіні тағы 8-ге бөлеміз және т.с.с бөлуді ақырында 8-ден кіші болып қалғанға дейін жалғастырамыз. Нәтижеде ақырғы бөліндіні және барлық қалдықтарды соңғысынан бастап бірінен соң бірін жазамыз. Жауабы: 81510 = 14578 4-тапсырма: Ондық санау жүйесіндегі сандарды сегіздік санау жүйесіне алмастырыңыз 21510 = 229710 = 135610 = 159610 = 178510 = 256110 = 297410 = 123410 = 198810 = 134510 = 275210 = 156810 = 184510 = 234510 = 195010 = 452310 = 1-мысал: 1572 санын сегіздік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне ауыстыру керек. 1572 сегіздік санау жүйесіндегі санын ондық санау жүйесіне алмастыру үшін сегіздік жүйедегі санды цифрлік коэффициенттерімен 8-ң дірежелерінің қосындысы түрінде жазып, осы қосындыны есептек керек. 15728=1*83+5*82+7*81+2*80 =512+320+56+2= 89010 5-тапсырма. Сегіздік санау жүйесіндегі санды ондық санау жүйесіне


7 ауыстырыңыз: 12538 = 12678 = 24158 = 41578 = 16178 = 54128 = 17418 = 45458 = 17718 = 65568 = 21458 = 12538 = 41358 = 12538 = 14728 = 73258 = 2-мысал. 1598 ондық санын он алтылық санау жүйесіне ауыстыру қажет. Ондық жүйеде берілген бүтін оң санды он алтылық жүйеде жазу үшін бұл санды 16-ға бөлеміз, келіп шыққан бөліндіні тағы 16-ға бөлеміз және т.с.с. бөлу ақырында 16-дан кіші болып қалғанға дейін жалғастырамыз. Нәтижеде ақырғы бөліндіні және барлық қалдықтарды соңғысынан бастап бірінен соң бірін жазамыз. Мұнда Е=14 ескерсек, есептің жауабы 159810 = 63E16 2-мысал. 2АСВ он алтылық санын ондық санаужүйесіне ауыстыру қажет. Мұнда А=10, В=11, С=12, D= 13, Е=14, F=15 ескерсек: 2ACB16=2*16 3+10*162+12*161+11*160=2*4096+10+256+192+11=1095510 6-тапсырма. Он алтылық санау жүйесінен ондық санау жүйесіне алмастырыңыз: А2В616 = 3616 = 216 = 16 = 316 = 5316 = 1416 = 2716 = 2716 = 94516 = 316 = 1216 = 916 = 45 = 16 = А516 =


8 Өзіндік жұмыстар: 1 нұсқа Екілік Сегіздік Ондық Он алтылық 1000100012 7358 96410 216 2 нұсқа Екілік Сегіздік Ондық Он алтылық 11111000012 4658 97510 216 3 нұсқа Екілік Сегіздік Ондық Он алтылық 1001100012 6778 142110 816 4 нұсқа Екілік Сегіздік Ондық Он алтылық 1101010012 7728 93410 716 5 нұсқа Екілік Сегіздік Ондық Он алтылық 1101111012 6528 78410 2716 6 нұсқа Екілік Сегіздік Ондық Он алтылық 111100012 3148 124110 716 7 нұсқа Екілік Сегіздік Ондық Он алтылық 1001111002 6528 134210


9 816 8 нұсқа Екілік Сегіздік Ондық Он алтылық 1010101112 4548 134210 416 9 нұсқа Екілік Сегіздік Ондық Он алтылық 10101010011 2 4748 233210 416 10 нұсқа Екілік Сегіздік Ондық Он алтылық 1000110012 6758 132010 616 Бақылау сұрақтары 1. Санау жүйесі дегеніміз не? 2. Санау жүйелерінің түрлерін атаңыз? 3. Позициялық және позициялық емес санау жұйелерінің айырмашылығы неде? 4. Позициялық санау жүйелеріне қандай санау жүйелері жатады? 5. Санау жүйесінің негізгі сандары деп қандай сандарды айтамыз? 6. Ондық санау жүйесіндегі санды екілік санау жүйесіне ауыстыру қалай жүзеге асады? 7. Ондық санау жүйесіндегі санды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру қалай жүзеге асады? 8. Ондық санау жүйесіндегі санды он алтылық санау жүйесіне ауыстыру қалай жүзеге асады? 9. Екілік санау жүйесіндегі сандарды ондық санау жүйесіне ауыстыру қалай жүзеге асады? 10. Сегіздік санау жүйесіндегі сандарды ондық санау жүйесіне ауыстыру қалай жүзеге асады? 11. Он алтылық санау жүйесіндегі сандарды ондық санау жүйесіне ауыстыру қалай жүзеге асады?


10 Зертханалық жұмыс №2 Тақырыбы: Операциялық жүйенің қасиеттерін анықтау. Файлдар және каталогтармен жұмыс. Мақсаты: Операциялық жүйе түрлерімен танысу, операциялық жүйені орнату, баптау. Теориядан қысқаша мағлұматтар Операциялық жүйе ДЭЕМ-нің бағдарламалық құралдарының ажырымас бөлігі болып саналады. Ол әрбір адамға ЭЕМ-нің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін береді. Операциялық жүйе екі негізгі қызметті орындайды: 1. барлық қолданбалы және жүйелік бағдарламалардың жұмыстарын қолдай отырып, олардың бір-бірімен және ақпараттық жабдықтармен байланыстарын қамтамасыз ету; 2. әрбір адамға ЭЕМ-ді жалпы басқару мүмкіншілігін беру. ОЖ-тің негізгі мақсаты – бағдарламалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен байланысуын қамтамасыз ету, ЭЕМ-нің жадысын бөлу, жұмыс кезінде туындайтын әр түрлі оқиғаларды анықтау, жұмыс нәтижелерін қағазға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәліметтерді сыртқы ортадан алу және беру т.б. Операциялық жүйенің негізгі ядросы машина іске қосылған сәттен бастап ЭЕМ-нің жадында болады. Машинаны жалпы басқару үшін ОЖ-нің командалық тілі пайдаланылады, оның көмегімен адам дискіні белгілеу, мәліметтерді көшіру, кез-келген программаны іске қосу, керекті жұмыс режимін орнату сияқты әртүрлі әрекеттерді орындайды. Сонымен, операциялық жүйе – адам мен компьютердің аппараттық құралдарының арасындағы байланысты ұйымдастыратын бағдарлама немесе өзара байланысқа бағдарламалар тобы. Оның құрамына өзінің командалары және драйверлер – сыртқы құрылғыларды басқару программалары, утилиттер – жұмысты жеңілдететін бағдарламалар және тағы басқалар кіреді. ОЖ-нің атқаратын қызметін мынандай үш топқа жіктеуге болады: 1. мәліметтерді енгізу–шығарудың барлық түрлерін ұйымдастыру; 2. ЭЕМ-нің сыртқы ортамен қатынасын ұйымдастыру; 3. мәліметтерді сақтау мен өңдеу жұмыстарын атқару. Ең көп тараған ОЖ түрлеріне MS-DOS (PS-DOS), CDOS, MSX, UNIX және де соңғы кезде кеңінен қолданыла бастаған көп терезелі операциялық жүйелер – WINDOWS программалары жатады . Қазіргі кездерде стандартты операциялық жүйе ретінде WINDOWS есептеледі, бірақ MS-DOS жүйесінің негізгі қағидалары операциялық жүйелердің барлығында толық пайдаланылады. Дербес компьютерде ақпаратты сақтаудың негізгі түрлері қатты дисктер, компакт дисктер (CD) және ескірген түрі – дискеттер. Осы түрдегі ақпаратты тасушылар, оларға жазу және олардан ақпаратты оқу тәсілдері әр түрлі, сондықтан, олардағы ақпараттың сақталу түрлері әр түрлі болады.


11 Файлдардың осы тасушыларда қалай сақталатынын білу үшін файлдық жүйелердің негіздеріне тоқталып өтсек. Файлдық жүйе – тасушылардағы ақпараттың орналасуының ортақ, алдын-ала анықталған ережелер жинағы. Файл – ортақ логикалық мәні мен атауы бар қатты дискідегі аймақ. Файл аты – файл қасиеттерінің біреуі, файлға тура сілтеп тұрады. Кластер – ақпаратты сақтауда қолданылатын дискреттік дискілік аймақтардың жиыны. Сектор – дискілік аймақтың негізгі логикалық бірлігі. Байт – дискілік аймақтың негізгі физикалық бірлігі. Ақпаратты тасушылардың құрылыстары әр түрлі болған соң, оларға жазу мен оқу да әр түрлі ережелермен басқарылады, яғни, әр түрлі файлдық жүйелер қолданылады. Осы ретте Windows үшін осындай екі файлдық жүйеге тоқталамыз. FAT (File Allocation Table) – 9х–ұқсас Windows және DOS-жүйелерінде қолданылған ФЖ. Артықшылығы – аппараттық талаптары аз, сол үшін қазіргі кезде тұрмыстық техникада қолданылады. Файлдық жүйенің құрылысы жай болып келеді. Диск басында файлдардың орналасу кестесі бар, ол – арнайы аймақ, дискідегі қай файлдың физикалық жағынан қайда орналасқанын көрсетеді. Егер файл ұзындығы бірнеше сектор болса, онда әр сектордың соңында келесі секторға сілтеме орналасады. Ақпарат блоктары дискіде кез– келген тәртіппен орналасуы мүмкін. NTFS (NT File System) – файлдарды сақтаудың мүлдем басқаша жүйесі. FAT–пен бір уақытта пайда болса да, ол кезде аппараттық талаптары үлкен еді. NTFS құрылысы жағынан деректер қорына ұқсас болып келеді. Файлдың қасиеттерінің саны шексіз болуы мүмкін. Осы қасиеттерді басқаша ағымдар (streams) деп атайды. Ағымдар өзара байланыспаған да болады. Файлда пайдаланушы үшін көрінетін ақпарат жоқ болса да, ағымдарда ақпарат сақталады, сол үшін файл кез–келген өлшемге ие болуы мүмкін. Сонымен қатар, NTFS жүйесінде дисктің аймақтары емес, метафайл деген ұғым бар. Осы екі файлдық жүйені салыстыру үшін кестеге назар аударыңыз: 2.1-кесте – Файлдық жүйелерді салыстыру Қасиеті FAT32 NTFS Максималды диск өлшемі 8 Тб Теорияда шексіз Максималды файл өлшемі 4 Гб Шектелмеген Журналирование Жоқ Бар Шифрлеу Жоқ Бар Тұрақтылығы Төмен Жоғары Файл рұқсаттары Жоқ Бар


12 Жұмыстың барысы: 1. ОЖ баптау. Стандартты бағдарламаларды орнтау. Алдымен Windowsтың қандай жиынтығы сіздің компьютерде орнатылғандығын тексереміз. Ол үшін "Пуск" батырмасын басып, "Настройка" - "Панель Управления" - "Установка и удаление программ" өтіп, "Установка Windows" ашыңыз. Мұнда операциялық жүйенің қажет емес компоненттерін жоюға болады және Windows-ты орнату кезінде орындалмаса, қажет компоненттерді таңдап алуға болады. 2. Total Commander бағдарламасымен танысу және ондағы батырмалардың қызметін дәптерге жазыңыз. Total Commander бағдарламасын қолданып, нұсқаға сәйкес каталогтар «ағашын» құру керек. 1-сурет – Каталогтар ағашын құру Егер тапсырмада .txt кеңейтілу аты бар файлдар кездессе, онда оны қажетті каталогтың ішінде Shift+F4 батырмасы арқылы құру керек (my.txt файлы студент туралы келесі ақпараттардан тұру керек: 1) Аты-жөні; 2) туған күні, айы, жылы; 3) отбасы туралы қысқаша мәліметтен; 5) мекенжайы; spec.txt файлы мамандық туралы келесі мәліметтерден тұру керек: оқу түрі мен оқу мерзімі; мамандықты оқытатын кафедраның аты; алып шығатын мамандық туралы қысқаша мәліметтен). Нұсқада *.doc кеңейтілу аты бар файл бар болса, онда .doc кеңейтілу атымен 3-4 файлды көшіру керек. Көшірілген файлдардың саны мен жалпы көлемін анықтап жазып қойыңыз. .txt кеңейтілу аты бар файлдарды іздеп табу керек. Ол үшін <ALT-F7> батырмасын қолдану керек. 2-сурет – Дискіден қажетті файлды жылдам іздеп табу терезесі


13 3.Total Commander бағдарламасын қолданып: 1) F:\ дискісінде ARCHІV және OSNOVA коталогтарын құрыңыз. 2) OSNOVA каталогына *. doс түріндегі 5 файлды көшіріңіз. 3) Программа-архиватор арқылы осы файлдардың архивін құрыңыз. 4) Архивтерді ARCHІV атты архив каталогына көшіріңіз. 5) Кез келген архивтік файлда архивтен босатыңыз. 6) Қажет емес файлдарды жойыңыз. ARCHІV каталогында тек .arj, .zіp, .rar кеңейту аттары бар файлдар ғана болуы керек. Есеп беру мазмұны: 1. Total Commander бағдарламасы туралы мәліметтер. 2. Орындалған тапсырмалар. 3. Бақылау сұрақтарына жауап беру. Тапсырма нұсқалары: №1 нұсқа №2 нұсқа


14 №3 нұсқа №4 нұсқа №5 нұсқа №6 нұсқа


15 №7 нұсқа №8 нұсқа №9 нұсқа


16 №10 нұсқа Бақылау сұрақтары: 1. Операциялық жүйе дегеніміз не? Оның қызметтері. 2. Операциялық жүйе қандай бағдарламалық қамтамасыздандаруға жатады? 3. Файл, файлдың құрылысы, файлдық құрылым. 4. Файлдық жүйені көруге болатын бағдарламаларды атаңыз. 5. Total Commander -да файлды немесе файлдар тобын іздеуді қалай жүзеге асырады? 6. Total Commander-да файлдың/каталогтың атын өзгерту (ауыстыру) қалай орындалады? 7. Total Commander-да каталогтар ағашын қалай көруге болады? 8. Total Commander-да файлдар тобын белгілеу түрлерін атаңыз. Зертханалық жұмыс №3 Тақырыбы: Web-сайт. Web-сайтты “ыңғайлы қолдануды” әзірлеуге қойылатын талаптарды анықтау. Мақсаты: Қарапайым HTML тегтерін меңгеру, Webпарақтар құрастыру. HTML құжаты негізгі мәтіннен және белгілеу тегтерінен тұрады. HTML құжаты – ол кеңейтілу аты .htm болатын әдеттегі мәтіндік файл. Оны құру үшін кез келген мәтіндік редакторды қолдануға болады. Ал құрылған Web – парақтың нәтижесін көру үшін браузер қолданылады. HTML- тілінің негізгі түрі 1-жаттығу. Қарапайым HTML файлдарын құрастыру. 1. Құрастырылған Web-парақты сақтау үшін RPAKT8-бумасын ашыңыз. 2. Блокнот (Notepad) стандарт программасын жүктеңіз. 3. Қарапайым HTML-файлының мәтінін редактор терезесінде теріңіз. <HTML > <HEAD> <TITLE> өз тобыңызды жазыңыз </TITLE>


17 </HEAD> <BODY> Аты- жөніңізді жазыңыз </BODY> </HTML > 4. 1.htm атымен файлды сақтаңыз. Құрастырылған Web-парақты көру үшін браузерді жүктеңіз. <BR> - жолды тасымалдаушы тэг жолды келесі мәтіннен немесе графикадан бөліп тұрады. <P> тэгі де жолды бөледі, сонымен қатар абзацты айқындап тұратын бос жол қалдырады. Бұл 2 тэг бірэлементті болып табылады. Мәтін үзінділерін ерекшелеу Мәтін үзінділерін ерекшелеу тэгтері жеке символдар мен сөздердің бейнелеуін басқаруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта үш түрлі тэгтар қолданылады: <B>…</B> - жартылай қалың қарамен ерекшелеу (полужирный) <I>…</I> - курсивпен ерекшелеу <U>…</U>-астын сызу арқылы ерекшелеу Сақталған құжатты блакнотта ашып, осы тегтарды қолданыңыз, мысалы: <BODY> <B>Аты- жөніңізді жазыңыз</B> </BODY> Символ өлшемдерінің берілуі Тақырып стилін қолдану. Мұнда 6-тақырып тэгі қолданылады (<H1>- ден <H6>-ға дейінгі). Әрбір тэгке браузер параметрлерінің берілген нақты стильі сәйкес келеді. Ағымдағы шрифтінің өлшемін беру. <FONT> шрифтік тэгі 1-ден 7-ге дейінгі диапазонда мәтіннің кез келген жерінде ағымдағы шрифтінің өлшемін беруге мүмкіндік береді. Гарнитура мен шрифт түсі <FONT> тэгі гарнитура пішіні мен мәтін түсін өзгерту мүмкіндіктерін береді. Шрифт гарнитурасын өзгерту қарапайым <FONT> тэгіне FACE атрибутын қосу арқылы жүзеге асады. Мысалы, мәтінді Arial шрифтімен жазу үшін <FONT FACE = “ARIAL”> деп жазу керек. Шрифт түсін өзгерту үшін <FONT> тэгінде COLOR = “X” атрибутын қолдануға болады. Х-тің орнына түстің атын (тырнақшада) қоямыз немесе 16- лық мәндегі сандар жиынтығын жазамыз. Түсті 16-лық сандармен беру үшін, бұл түсті әрқайсысы О-дан ҒҒ-қа дейінгі мәнге ие болатын, жіктелген үш құрамға бөліп көрстеуге болады: қызыл (R-Red), жасыл (G-Green), көк (BBlue). Бұл жағдайда біз RGB деп аталатын форматпен жұмыс істейтін боламыз.


18 Мәтінді туралау HTML-тэгтарының көмегімен мәтіннін туралауды басқаруға болады. Егер туралау тәсілі қөрсетілмесе, құжаттағы барлық элементтер сол шеттен тураланып, оң жағы ретсіз орналасады. Қазіргі браузерлер ALIGN = : мәтінді туралау атрибутын қолданады. ALIGN = CENTER – центрі бойынша туралау ALIGN = RIGHT- оң шеті бойынша туралау ALIGN = LEFT – сол шеті бойынша туралау. Мәтін мен фон түсін беру Фон мен мәтін түсін бейнелегенде браузерлер үнсіз келісім бойынша қалыптасқан түстерді пайдаланады. Олар браузер күйінің параметрлерімен беріледі. Егер сіз басқа түс бергіңіз келсе, онда оны HTML-файлының басында <BODY> тэгінде беріп кету керек. BGCOLOR атрибуты= парақ фонының түсін анықтайды, TEXT= барлық парақтағы мәтін түсін береді, LINK = және VLINK = сәйкесінше қарастырылған және қарастырылмаған сілтемелердің түсін анықтайды (соңғы 2 параметр кейін қарастырылады). <BODY BGCOLOR =blue> <FONT FACE = “ARIAL” size=5 color=red > <P ALIGN = CENTER> <B>Аты- жөніңізді жазыңыз</B> </p></FONT> </BODY> Жүгіру жолын құру. Жүгіру жолын мына команда арқылы орындайды: <MARQUEE></MARQUEE>. 1. Команда: <MARQUEE> Бұл мәтін оңнан солға қарай жылжиды.</MARQUEE> 2. Бұл мәтін оңнан солға қарай жылжиды. 3. Команда: <MARQUEE BEHAVIOR="ALTERNATE" SCROLLAMOUNT="50" SCROLLDELAY="10"> Бұл мәтін оңнан солға қарай және кері жылжиды.</MARQUEE> 4. Бұл мәтін оңнан солға қарай және кері жылжиды. 5. Команда: <MARQUEE BEHAVIOR="SLIDE">Бұл текст жылжиды және тоқтап отырады.</MARQUEE> 6. Команда: <MARQUEE> SCROLLDELAY="0" SCROLLAMOUNT="50">Бұл текст өте тез жылжиды.</MARQUEE> 7. Команда: <marquee behavior="slide" scrollamount=8 direction=down> Бұл текст жоғарыдан төменге жылжиды. </marquee> 8. Команда: <marquee behavior="slide" scrollamount=9 direction=up> Бұл текст төменнен жоғарыға жылжиды. </marquee>


19 Бір құжат аймағындағы сілтеме Бұл сілтемелер үшін 2 бөліктің бар болуы шарт: таңба және сілтеменің өзі. Сілтеме таңба атын қолданады. Сілтемелер ерекше түспен немесе астын сызу арқылы ерекшеленеді. Бұл браузердің орналасуына байланысты болады. Сілтеме түсін өзгерту үшін <BODY> тэгінің LINK және VLINK атрибуттары қолданылады. Сілтеме сипаттамасы. <A HREF = “файл_аты.htm”> Дүйсенбі </A> Фондық графика. Фондық бейне – бұл кішкене тікбұрышты плашкасы бар графикалық файл. Браузермен қарау барысында бұл плашка бірнеше рет қайталанып, терезені толтырады және ол терезенің пішініне тәуелсіз. Фондық графика <BODY> тэгінде беріледі. <BODY BACKGROUND=”WAGON.GIF” TEXT=”#330066”> WAGON.GIF файлы фондық бейнені қояды. Тізімді құру үшін: Берілетін текст HTML форматында Строка 1 списка Строка 2 списка Строка 3 списка <UL> <LI>Строка 1 списка <LI>Строка 2 списка <LI>Строка 3 списка </UL> Тапсырма: 1. Жұмысқа титулдық парақ дайындап, tit.htm атымен сақтаңыз 2. Өз фотаңызды орналастырып, Avtor.htm файлын құрыңыз. 1-сурет –Титулдық парақ 3. Сурет орналастыру үшін: <IMG SRC=1.jpg>, суретке аниммация қолданыңыз.


20 2-сурет –Автор туралы ақпарат 3. Зертханалық жұмыстың тақырыбын орналастырып, lab.htm файлын құрыңыз. Тапсырма нұсқалары Нұсқа № Тақырыбы 1. Менің қалам 2. Жол қозғалысы ережелері 3. Теннис 4. Менің халқымның салт-дәстүрі 5. Ұлттық ойындар 6. Футбол клубтары және футболшылар 7. Спорт түрлері 8. Қазіргі замандағы музыка. 9. Әлемнің атақты боксерлары 10. Қазақстанның хайуанаттар әлемі 11. Қазақстан боксшылары 12. Қазақ киносының актерлері 13. Ауыр атлетика 14. Гимнастика 15. Күрес 16. Біздің сүйікті кинофильмдеріміз 17. Шахмат 18. Суреттелген әліппе. 19. Жеңіл атлетика 20. Казахстан таулары. 21. Казахстанның курорттық аймақтары 22. Велоспорт 23. Мәнерлеп сырғанау 24. Автомобиль маркалары 25. Жүзу


21 26. Ұлттық тағамдар 27. Қазақ эстрадасының жұлдыздары. 28. Салуалатты өмір салтын қолдаймыз. 29. Алемдегі әдемі қалалар 30. Қазақстандағы өндіріс орындары Бақылау сұрақтары: 1. Тег дегеніміз не? 2. Сілтемені қалай құрады? 3. Кесте қалай құрылады? Зертханалық жұмыс №4 Тақырыбы: Деректер қорының құрылымын әзірлеу, кестелер мен сұраныстарды құру. Мақсаты: Деректер қорының құрылымын әзірлеп, кестелер арасындағы байланысты құру. Әр тұрлі парамтрлі сұраныстарды құра білу. Деректер қоры деп кестелік құрылыммен дайындалған деректердің аса үлкен жиынтығын айтады. Деректер қорын компьютерлік өңдеу үшін деректре қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) қолданылады. ДҚБЖ – ол деректре қорындағы жазбаларды құру, өңдеу және шығару үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету құралы. ДҚБЖ жұмыс жасағанда бірнеше тізбектелген кезеңдерді бөліп көрсетеді: деректер қорын жобалау; деректер қоры құрылымын құру; деректре қорын толтыру, деректер қорын қарап шығу және редактрлеу; деректер қорын сұрыптау; қажет жазбаларды іздеу; ақпаратты іріктеу; есеп беруду дайындау. Объект деп мағлұматтары мәліметтер базасында сақталатын ақпараттық жүйенің элементтері аталады. Атрибут – объектінің қасиеттерін ақпараттық бейнелеу. Әрбір объект атрибуттардың кейбір жиынтығымен сипатталады. Мәліметтердің басты элементі деп мәліметтердің басқа элементтерінің мәндерін анықтауға мүмкіндік беретін осындай атрибут аталады. Алғашқы кілт – объектінің (жазбаның) әрбір данасы бірегей түрде ұқсастыратын атрибут (немесе атрибуттар тобы). Ең алдымен, екінші реттегі кілттер жазбаларды іздестіру операцияларында қолданылады. Деректер қоры ұғымыммен деректер қорын басқару жүйесінің ұғымы тығыз байланысты.


22 Кез келген ДҚБЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік береді: кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу; кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою; кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы міндерді жаңарту; берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу. ДҚБЖ-ның тағы бір функциясы – мәліметтердерді басқару. Деректер моделі дегеніміз – деректер құрылымының және оларды өңдейтін операциялардың жиынтығы. Деректер моделінің негізгі түрлері – иерархиялық, желілік және реляциялық. Иерархиялық модель жалпының жекеге бағыну ретімен орналасқан және кері қарай құрылған ағаш құрылымын (граф) беретін элеметтер жиынтығынан тұрады. Желілік құрылымда бірдей негізгі түсініктерде (деңгей, түйін, байланыс) әрбіп элемент басқа кез келген элементпен байланысуы мүмкін. Реляциялық модель объектілерді және олардың арасындағы байланысты кесте түрінде ұсынады, онымен қоса байланыстар объект ретінде қарастырылады. 4.1-кесте – ДҚБЖ-дағы мәліметтер типтері МББЖ атауы МБ типі МS Access Реляциялық Clipper Реляциялық DBase Реляциялық FoxBase+ Желілік FoxPro Желілік IMS/VS Иерархиялық Oracle Реляциялық Paradox Реляциялық МS Access -тің жалпы сипаттамасы қазіргі уақытта Microsoft Access мәліметтер базасын басқарудың үстемдік (дербес) бағдарламалық жүйелері арасында ең танымалдарының бірі. Access мәліметтер базасын құра алатын объектілердің типтеріне басты терезесінің негізгі бөліктері сәйкес келеді. Бұлар: кестелер, сұраныстар, пішіндер, есептер, парақтар, макростар мен модульдер. Терезе тақырыбы – мәліметтер базасының файл атауы. Мәліметтер базасының негізгі объектілерге арналған қосымшасынан басқа үш бұйрықтық кнопкалары бар: Ашу, Конструктор, Құру. Олардың көмегімен кесте жұмысының режимі таңдалады. Кестелер – мәліметтер базасының негізгі объектілері. Біріншіден кестелерде базада бар мәліметтердің барлығы сақталады, екіншіден, кестелер базаның құрылымын (өрістерін, олардың типтерін, қасиеттерін) да сақтайды.


23 Сұраныстар – кестелерден мәліметтер алу үшін және оларды пайдаланушыға қолайлы түрде ұсынуға арналған арнайы құрылымдар. Сұрау салулардың көмегімен мәліметтерді іріктеу, оларды сұрыптау мен сүзгіден өткізу сияқты операциялар атқарылады. Пішіндер (формалар) көмегімен базаға жаңа мәліметтер енгізетін немесе бары қаралатын объектілер. Формалар пайдаланушыға толтыруға болатын өрістерді ғана толтыруға арналған құралдар ұсынады. Есептер - мәліметтер ұсынудың ерекше формасы. Әдетте, есепті қалыптастыру үшін есептелетін өрістер, топтастырулары, іріктеу шарттарымен бірге әр түрлі кестелерден мәліметтер жинайтын сұрау салулар жасалады. Содан кейін MS Access-тін жалпы ережелері бойынша осындай сұрау салулар негізінде есеп жобаланады, ол мыналарға жол ашады: - оқу мен талдауға қолайлы формалармен мәліметтер ұсынуға; - қорытынды және орта мәндерді есептеп, жазбаларды топтастыру (бірнеше деңгей бойынша); - графикалық обьектілерді есепке кіргізу мен басып шығару (мысалы, диаграмма). Парақтар – бұлар Access 2000-да жүзеге асқан мәліметтердің арнайы объектілері. Оларды майдалап айтқанда мәліметтерге қол жеткізу парақтары деп атауға болады. Макростар мен модульдер. Объектілердің бұл категориялары программалау жолымен жаңа функцияларды жасау үшін де, мәліметтер базасын басқару жүйесімен жұмыс істегенде де қайталанатын операцияларды автоматтандыруға да арналған. Макростар - макробұйрықтар. Егер базамен қайсыбір операциалар ерекше көп жасалса, бірнеше бұйрықты бір макросқа топтастырып, оны пернелердің ерекшеленген амалмен белгілеудің мәні бар. Модульдер – Visual Basic тілінде жазылған программалық рәсімдер (процедуралар). Егер Access стандарттық құралдар тапсырыс берушінің небір шеберлікті талап ететін шарттарын қанағаттандыруға жетпейді, программашы бұл үшін қажетті модульдер жазады. 1-тапсырма: Негізгі кестелерді кұру. Кітапханадағы екі кестеге негізделген деректер туралы мәліметтер қорын құру. Бірінші кесте кітапханадағы кітаптарды тіркеуге арналсын. Екінші кесте оқырмандарға арналған, онда кітапханадан кітап алған оқырман жайлы мәліметтер көрсетіледі. Бағдарламаны жүктеңіз. Деректер қорын құру Файл - Сохранить базу данных как командасы арқылы «Имя файла» жолында деректер қорын сақтайтын жерді таңдап алып, файлға «Кітапхана» атын жазып, «Сохранить» батырмасын басыңыз. Сонда 4.1-суреттегі терезесі ашылады.


24 1-сурет – Microsoft Access-тің негізгі терезесі Конструктор режимінде кесте құру. Microsoft Access-тің негізгі терезесі конструктор режимінде кесте, сұраныс (запрос), пішін (форма), есеп беру, парақтар құруға мүмкіндік береді. Создание мәзірінен Конструктор таблиц таңдаңыз. Таблица1 кестесін белгілеп алып, контекстік мәзірден Сохранить командасын таңдаңыз. Кестенің атын Кітаптар деп беріңіз. 4.2-суреттегідей ұяшықтарға мәліметтерді енгізіңіз. Конструктор режимінде мәліметтер сақталатын кестенің құрылысы беріледі. 2-сурет – «Кітаптар» кестесінің конструктор режиміндегі құрылысы Имя поля – Өрістің аты жазылады; Тип данных – мәліметтер типі (Текстовые, МЕМО, дата/время логический, денежный, поле OLE, гиперссылка, мастер подстановок) беріледі; Описание - Енгізілетін мәліметтер туралы жазылады; Размер поля – мәліметтерді көрсету үшін ерекшеленген символдар саны көрсетіледі. Microsoft Access-тің кез-келген кестесінің ең болмағанда бір кілттік өрісі болуы керек. Ол үшін тышқанның оң жағымен «Кітаптың Коды» өрісінде ашылған контестік мәзірден «ключевое поле» таңдаңыз және кестені сақтаңыз. Создание - Конструктор таблиц командасын орындау арқылы конструктор режимінде «Оқырмандар» атымен тағы да бір кесте құрыңыз.


25 3-кесте - «Оқырмандар» кестесінің параметрі Создать ключевое поле сейчас? Сұранысына Нет деп жауап беріңіз. Кестелер арасындағы байланысты орнату Кестелер арасында бірден бірге, бірден көпке, көптен көпке байланыстарын орнатуға болады. Біздің құрған «Кітапхана» деректер қорында «Кітаптар» және «Оқырмандар» кестелерінің арасында кітаптың коды өрістері арасында бірден көпке байланысын орнатуға болады. Себебі, бір кітапты бірнеше оқырмандар алып оқиды. "Схема данных" терезесін ашыңыз. Ол үшін Работа с базами данных мәзірінен батырмасын басыңыз. 4-сурет - «Схема данных» терезесі "Схема данных" терезесіне «Кітаптар» және «Оқырмандар» кестелерін мәліметтер схемасына қосыңыз. Ол үшін тышқанның сол жақ батырмасын баып тұрып, Кітаптар кестесіндегі Кітаптың кодын Оқырмандар кестесіндегі Кітаптың кодына қосыңыз. 5-сурет – Кестелер арасындағы байланыс орнату


26 "Обеспечение целостности данных" бөліміне белгі қойыңыз. Байланыстардың өзгеруін тағайындаңыз. Тип отношения:один-комногим байланысын қойыңыз. ОК батырмасын басыңыз. Сонда байланыс орнаған терезе пайда болады. 6-cурет – Кестелер арасындағы байланыс Деректер қорын толық толтырып шығыңыз. «Кітаптар» кестесіне 8-10 жазба, «Оқырмандар» кестесіне 15-20 жазбаға дейін мәліметтер енгізіңіз. Кестеге қосымша өріс енгізу. 1. Кітаптар кестесін Конструктор режимінде кестені ашыңыз. 2. Кесте құрылымы басына жаңа өріс кірістіріңіз. Бұл үшін бесінші өрісті ерекшелеңіз және Insert пернесін басыңыз. 3. Өріске Жанр атауын енгізіңіз және оның Мәтіндік типін беріңіз. 4. Сақтай отырып, Конструктор терезесін жабыңыз. 5. Кітаптар кестесін ашыңыз және әрбір жанр үшін мәліметтер енгізе отырып, оны толтырыңыз. Сақтай отырып, терезені жабыңыз. 3-тапсырма: Сұраныстар құру Сұраныс құру – кестелерден мәліметтер алу үшін және оларды пайдаланушыға қолайлы түрде ұсынуға арналған арнайы құрылым. Сұраныс құру көмегімен мәліметтерді іріктеу, оларды сұрыптау мен сүзгіден өткізу сияқты амалдар атқарылады. I. Іріктеуге арналған сұранысты жасау Бұл жаттығуда кемінде 1500 теңгелік роман кітаптарды іріктеуге арналған сұранысты жасаймыз.Нәтижелеуші кестеде, сонымен қатар Оқырманның мекен-жайы мен телефон нөмірі болуы тиіс. 1. ДҚ терезесінде Создание бетіндегі «Конструктор запросов» мәзірін таңдаймыз. Добавление таблицы терезесінен «Оқырмандар» және «Кітаптар» кестесін Запрос1 аймағына қосыңыз. Терезеде байланысқан кестелер схемасы шығады. 2. Кітаптар кестесінен кітаптің аты, бағасы, жанры; Оқырмандар кестесінен оқырманның аты-жөні, оқырманның телефоны. 3. Өрістер үшін іріктеу шарттарын беріңіз. Жанры өрісіндегі Условие отбора жолына роман сөзін енгізіңіз. Сонда кестеден барлық кітаптар емес, тек романдар ғана таңдалады.


27 4. Өрістер үшін іріктеу шартын беріңіз. Бағасы өрісіндегі Условие отбора жолына <1500 деп енгізіңіз. Кестеден бағасы кемінде 1500 теңгелік кітаптар алынады. 5. Сұраныс бланкісін жабыңыз. Сұранысты жапқан кезде оның атын Кітапты таңдау деп беріңіз. 6. Деректер қорында жаңа ғана жасалған сұранысты ашыңыз және нәтижелеуші кестені қарап шығыңыз. Онда Кітаптар және Оқырман кестелері бойынша алынған мәліметтер шығады. Егер де жазылған шарттарды қанағаттандыратын мәліметтер болмаса бос кесте пайда болады. Бұл жағдайда кестелерді ашыңыз және сұраныс жұмысын тексеруге мүмкіндік беретін мәліметтермен толтырыңыз және өзгертілетін кестені сақтаныз. Іріктеуге арналған сұранысты қайта ашқанда, бағасы 1500 теңгеден аз роман кітаптарын іріктеп алатын сұраныс нәтижесін көруге болады. Қосымша тапсырмалар: A) Беттерінің саны 400 парақтан артық кітаптарды шығаратын сұранысты орындаңыз. B) Бағасы өрісіндегі Условие отбора жолына >1000 AND <2000 шартын енізіп, бакғасы 1000-нан жоғары, 2000-нан төмен тұратын кітаптарды шығарыңыз. C) Жанры өрісіндегі Условие отбора жолына “роман” OR “поэма” OR “ертегі” шартын енгізіп, осы шарттарды ғана қанағаттандыратын кітаптар тізімін шығарыңыз. II. Параметрлерлік сұранысты құру Сұранысты іске қосқанда пайдаланушы шекті бағаны өзі бере отырып, кітаптарды іріктеуге мүмкіндік беретін қарапайым сұраныс жасайық. 1. Конструктор режимінде сұраныс құру терезесін ашыңыз. 2. Оқырмандар және Кітаптар кестесін сұраныс терезесіне қосып, келесі өрістерді таңдап алыңыз: - Кітаптың аты; - Бағасы; - Жанры; - Оқырманның аты-жөні; - Оқырманның телефоны. 3. Кітап жанры өрістің іріктеу шарты жолында Роман деп енгізіңіз. 4. Өзіндік құн өрісі үшін іріктеу шартын пайдаланушы сұранысты іске қосқанда қажетті мәнді енгізуге ұсыныс алатындай етіп толтыру керек. Мысалы, енгізілген бағадан төмен тұратын романдарды шығару үшін, Бағасы өрісіне <[Кітаптың құнын енгізіңіз] жазбасын енгіземіз. 5. Сұранысты Бағасы бойынша таңдау атауымен сақтаңыз. 6. Выполнить батырмасын басыңыз. Экранда Параметр мәнін енгізіңіз терезесі пайда болады.


28 7. Кестеге толтырған мәліметті қанағаттандыратын кандай да бір санды енгізіңіз, ОК батырмасын басыңыз, сұраныс нәтижелері бойынша нәтижелеуші кесте қалыптасады. Сұраныс кестесін жабыңыз. 8.Конструктор режимінде сұраныс терезесінде Бағасы өрісіндегі шартты: >[Кітаптың құнын енгізіңіз] жазбасына өзгертіп, сұранысты қайта іске қосыңыз. Сонда енгізілген бағадан жоғары тұратын романдарды алуға болады. 9. Сұраныс терезесін жабыңыз. III. Қорытынды сұранысты жасау Сұраныстар кестелерден қажетті ақпаратты іріктеп және оларды жаңа өрістерді құру жолымен өңдеуге мүмкіндік беріп қана қоймай, қорытынды есептеулерді де орындайды. Барлық мәндердің жазбаларының қандай да бір тобындағы сумманы немесе олардың орташа мәнін шығаруға болады және басқа да қорытынды функциялар жиынтығын қолдануға болады. Іріктемеге арналған сұраныстар сияқты қорытынды сұраныстар да үлгі бойынша сұраныстың бланкілерінің көмегімен дайындалады. 1. Мәліметтер базасының Создание панелін ашыңыз. 2. Конструктор режимінде Сұраныс құру терезесін ашып, Кітаптар кестесін қосыңыз. 3. Үлгі бойынша бланкке Кітаптар кестесінің мынадай өрістерін енгізіңіз: Жанр, Бағасы. 4. Жанр өрісі үшін бойынша сұрыптау енгізіңіз. 5. Работа с запросами – Итоги командасын орындаңыз. Бұл бұйрық бланкісінің төменгі бөлігінде Топтық операциялар жолын құру үшін қажет. Соның негізінде қорытынды есептеулер жасалады. Сұраныс үшін іріктелген барлық өрістер бұл жолда Топтастыру мәнін алады. 6. Жазбаларды топтастыру жүргізілетін өрістер үшін (біздің жағдайымызда Жанр) ашылатын тізімнің өрістегі мәндерді есептеу үшін қорытынды функцияны таңдауға болады. Жанры өрісіндегі Условие отбора жолына роман сөзін енгізіңіз. 7. Бағасы өрісі үшін романдардың түрін анықтау үшін Sum қорытынды функциясын таңдаңыз. 8. Сұранысты Кітап құнын есептеу атауын беріп сақтаңыз. Сұранысты іске қосыңыз және оның дұрыс жұмыс істеп тұрғандығына көз жеткізіңіз. 9. Осы сұранысты конструктор терезесінде ашып Бағасы өрісі үшін Avg, Max, Min, Count функцияларын қолданып, нәтижелерін байқаңыз. 4-тапсырма: Формалар құру. Деректер қорында деректерді көру, жазбалар енгізу, түзету үшін форманы құру керек. Создание – Мастер форм командасын орындаңыз.


29 7-сурет – «Создание формы» терезесі «Доступные поля» терезесіндегі барлық жолды таңдап, «Выбранные поля» терезесіне жібереміз. «Далее» басып, одан кейін «Готово» батырмасын басамыз. Сонда Кітаптар кестесі бойынша құрылған форма шығады. Осы тәсілмен Оқырмандар кестесіне және құрылған сұраныстарға әр түрлі үлгідегі бірнеше формалар құрыңыз. 5-тапсырма: Есеп беру (Отчет) құру Сұраныс жұмысының нәтижелері бойынша алынған базалық немесе нәтижелеуші кестелердің ақпараты бар басылым құжаттарын жасау үшін арнайы нысандар – есептер қызмет етеді. Есептер экранға емес, басып шығаратын құрылғыға (принтерге) мәліметтер шығаруға арналған. Есеп беруді құру пішін құруға ұқсас тәсілдермен орындалады. Кестелерге және құрылған сұраныстарға әртүрлі үлгідегі бірнеше есеп берулер құрыңыз. Барлық нұсқалар үшін жалпы тапсырма: MS Access - те келесі нысандардан тұратын кез келген пәндік аймақ үшін деректер қорын құрыңыз: 1. Байланысқан 2-5 кестелер; 2. Қарапайым сұраныс, іріктеуге арналған сұраныс, параметрл3к с8раныс және қорытынды сұраныстар; 3. Кестелер бойынша формалар; 4. Қандай да бір сұранысты орындауға арналған батырмадан тұратын кестелер немесе сұраныстар бойынша форма; 5. Есеп беру. Нұсқа № MS Access –де деректер қорын құру тапсырмалараы 1. «Фирма тауарлары» туралы деректер қорын құрыңыз. 2. «Мекеме қызметкерлері» туралы деректер қорын құрыңыз. 3. «Музыкалық компакт-дискілер» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 4. «Стипендия» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 5. «Жұмысшылардың еңбек-ақысы» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 6. «ЗАГС» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз.


30 7. «Тамақтану» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 8. «Материалды-техникалық жабдықтау» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 9. «Видеотека» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 10. «Мұражай» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 11. «Емхана» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 12. «Пошта» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 13. «Ателье» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 14. Футбол командалары, футболшылар, матчтар туралы мәліметтерден тұратын «Футбол» деректер қорын құрыңыз. 15. «Адрестік стол» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 16. «МАИ» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 17. «Сақтандыру» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 18. Клиенттер, берілген кредиттер және негізгі қарыз бен процентті қайтару туралы мәліметтерден тұратын «Банк» деректер қорын құрыңыз. 19. «Оқытушылар» мен «Кафедра» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 20. «Шаштараз» туралы мәліметтен тұратын деректер қорын құрыңыз 21. Автокөлік сататын салон туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 22. Тұрмыстық техника дүкенінің туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 23. Игротека туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 24. Бала бақша туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 25. Автовокзал туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. 26. Теміржол вокзалы туралы мәліметтен тұратын деректер қорын құрыңыз.


31 27. Авиакасса туралы мәліметтен тұратын деректер қорын құрыңыз. 28. «Қонақ үй» туралы мәліметтен тұратын деректер қорын құрыңыз. 29. «Аптека» туралы мәліметтен тұратын деректер қорын құрыңыз 30. «Мектеп кітапханасы» туралы мәліметтерден тұратын деректер қорын құрыңыз. Бақылау сұрақтары 1. Деректер қоры дегеніміз не? Деректерді ұйымдастыру үшін деректер қорын қолдану ерекшелігі неде? 2. Деректер қорының қандай модельдерін білесіз? 3. Реляционды кесте қандай қасеттерге ие болады? 4. Кестенің өрістері мен жазбаларының арасында қандай айырмашылық бар? 5. «OLE объектісінің өрісі» дегеніміз не? 6. Деректер қорының қай өрісін кілт деп атайды? Зертханалық жұмыс №5 Тақырыбы: Дәрістік материалдардың, ғылыми баяндамалардың және т б презентацияларын жобалау және құру. Мақсаты: MS Power Point бағдарламасының мүмкіндіктерімен танысу. MS Power Point – көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Көрме – Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың (бейне беттегі кескіндер) көрсетілімдік жиынтығы. PowerPoint-тың негізгі міндеті – ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу. Слайдтар қызықты суреттермен, сызбалармен және пәрмендермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. Тақырып жолы – құжат атауын және терезені басқару батырмаларын қамтиды. Стандартты құралдар қатары – PowerPoint әмірлерінің басым бөлігінің батырмаларынан тұрады. Пішімдеу құралдар қатары – пішімдеу жарлықтарына арналған батырмаларды қамтиды. Слайдтардың кішірейтілген үлгілері – көрме слайдтары арасында жылдам ауысып жүруге арналған. Жұмыс аймағы – слайдтарды жасауға, онда нысандарды – мәтінді, суреттерді, диаграммаларды, клиптарды, дыбыстарды орналастыруға арналған аймақ. Тапсырмалар аймағы – ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.


32 Қалып-күй жолағы – құжат ақпаратын қамтиды. Сурет салу үстелі – сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлерді қамтиды, қарапайым әсерлі суреттер, эмблемалар жасауға, мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді. PowerPoint-та құрал-саймандар жиынтығын WordArt, Сурет және басқа да құралдармен толықтыруға болады. Бұл үшін мәзір жолағында Көрініс – Құралдар панелі әмірін таңдаңыз. Слайдтарды безендіру. Слайдтарды безендіру кезінде мәтіндер, суреттер, клиптер, дыбыстар сияқты түрлі нысандарды қолдануға болады. Сызбалық нысандарды кірістіру, сондай-ақ оларға қатысты түрлі әмірлерді орындау үшін Сурет салу құралдар үстелі қолданылады. Сурет салу құралдар панелі слайдқа мәтінді, өзкескіндерді, WordArt нысандарын, суреттерді кірістіруге мүмкіндік береді. Суретті слайдтың еркін таңдап алынған тұсына орналастыру үшін Сурет салу құралдар панелінде Мәтін жолағы батырмасын басып, содан кейін слайдтағы мәтін орналасатын тұсты шертіңіз. PowerPoint көрмесі слайдына диаграмманы Кірістіру – Диаграмма әмірлерінің көмегімен кірістіруге болады. Егер Сіздің слайдыңызда бірнеше нысан бар болса, олардың бір-біріне қатысты орналасуын өзгертуіңізге болады. Бұл үшін кескінді бөлектеп алып, Сурет салу құралдар үстелінде Әрекеттер батырмасын басып, Рет әмірін, содан кейін қажетті параметрлерді таңдау керек. PowerPoint көрмесі өзге бағдарламалар құжаттарынан мультимедиалық нысандарды – бейнеклиптерді, анимациялық суреттерді, дыбыстық үзінділерді және т.б. қолдануға мүмкіндік беретіндігімен ерекшеленеді. Көрмеге музыканы және басқа да дайын дыбыстық файлдарды үстеу үшін Кірістіру мәзірінде Фильмдер және дыбыстар тармағын таңдап, содан кейін мына әрекеттердің бірін орындаңыз: Файл дыбысы командасын таңдап, осы файл сақталып тұрған қалтаны табыңыз да, қажетті файлды екі рет шертіңіз. Суреттер жинағының дыбысы командасын таңдап, айналдыру сызығының көмегімен қажетті клипті тауып, оны слайдқа қосу үшін таңдап алыңыз. Көрмелерді көрсету. Көрмені көрсетер алдында слайдтардың ауысуы қалай жүретінін анықтап алыңыз, яғни өз бетімен, слайдты шерту арқылы, дыбыстық сүйемелдеумен және т.б. Слайдтар ауысымын дыбыспен сүйемелдеу үшін Слайдты көрсету мәзірінде Слайдтарды көрсету командасын таңдап, тапсырмалар аймағында пайда болған Слайдтар ауысуы панелінде Дыбыс әмірінің қажетті параметрлерін баптау қажет. Осы панельде слайдтардың ауысу түрлерін, жылдамдығын беруге болады. Тапсырма. MS PowerPoint – та презентация құрыңыз. - 10-нан 15-ке дейін слайдтар құру;


33 - мәтінді, графикалық объектілерді (фотография, картинка, сызба, блоксхема, т.б.) орналастыру үшін презентацияның стандартты макеттерін қолдану; - безендіру шаблондарын қолдану; - визуальды эффекттерді баптауды жүзеге асыру; - слайдтарды сұрыптауды және көруді жүзеге асыру; - өз презентацияларын сақтау; - презентацияға өзгерістер енгізу; - дыбыс және анимация қосу. Нұсқа № MS PowerPoint тапсырмалары: 1. Компьютер сататын фирманың презентациясын құрыңыз. 2. Кітап дүкенінің презентациясын құрыңыз. 3. Өз мамандығыыздың презентациясын құрыңыз. 4. Өз тобыңыздың презентациясын құрыңыз. 5. Автокөліктерге сервистік қызмет көрсететін фирманың презентациясын құрыңыз. 6. Спорттық клубтың презентациясын құрыңыз. 7. Туристік агенттіктің презентациясын құрыңыз. 8. Өз мамандығыңыздың кез келген пәніне презентация құрыңыз. 9. ҚарМТУ-дың презентациясын құрыңыз. 10. Кез келген үйірменің презентациясын құрыңыз. 11. Денсаулық клубының презентациясын құрыңыз. 12. Емхананың (поликлиника) презентациясын құрыңыз. 13. Студенттік клубтың презентациясын құрыңыз. 14. Өз кафедраңыздың презентациясын құрыңыз. 15. Жиһаз дүкенінің презентациясын құрыңыз. 16. Автокөлік сататын салонның презентациясын құрыңыз. 17. Шаштараз салонының презентациясын құрыңыз. 18. Видеотеканың презентациясын құрыңыз. 19. Кітапхананың презентациясын құрыңыз. 20. Тұрмыстық техника дүкенінің презентациясын құрыңыз. Бақылау сұрақтары: 1. Демонстрациялық файл дегеніміз не? 2. Гиперсілтеме қалай құрылады? 3. Слайдтар арасында батырмалар арқылы қалай ауысуға болады? Зертханалық жұмыс №6 Тақырыбы: Сандық ақпаратты өндеу, кестелік редактрларда формулаларды өндеу және диаграммаларды құру.


34 Мақсаты: Кестелік редактрларда функция шеберін қолдану және деректерді талдау. Электрондық кесте – бұл әдетте сандық мәліметпен жұмыс жасауға, жол мен бағанға негізделген құжат. Кестеде жазу типіндегі, сандық мағлұматтар, даталар, формулалар және т.б. болуы мүмкін. Кейбір түсініктерді енгізейік: MS Excel кестелік процессоры деректерді өңдеу үшін қолданылады. Өңдеуге жататындар: - функцияның және формуланың аппаратын қолданып, әр түрлі есептеулерді жүргізу; - әр түрлі факторлардың деректерге әсер етуін зерттеу; - оптимизация есептерін шешу; - анықталған критерийлерді қанағаттандыратын деректерді іріктеп алу; - графиктер мен диаграммалар құру; - деректерді статистикалық талдау; Электорндық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан тұрады. Жұмыс аймағы 65536 жолдан, 256 бағаннан тұрады. Электрондық кестеде жолдар сандармен нөмірленеді, ал бағандар латынның бас әріптерімен белгіленеді. Жол нөмірі электрондық кестеде қатарды анықтайды. Жол нөмірлері жұмыс тақтасының сол жағында жазылады. Баған аттары электрондық кестенің жұмыс аймағындағы бірінші жолда жазылады: А-дан Zке дейінгі әріптер, содан кейін АА-AZ, BA-BZ, CA-CZ т.с.с. IV- ға дейін белгіленеді. Ұяшық – кестенің негізгі ұңғымы, ұяшықта мәтін, формула, деректер жазылады. Ұяшықтар жол мен бағана қиылысында орналасады. Әр ұяшықтың өз адресі болады, адрес бағана әріптері мен жол нөмірінен тұрады. Мысалы: B3 адресі В бағанасы мен 3-жол қиылысындағы ұяшықты білдіреді. Ұяшық көрсеткіші - ағымдық ұяшықты көрсетеді, ұяшық көрсеткіші қарамен қоршалған тіктөртбұрыш түрінде бейнеленеді. Көрсеткішті пернелер арқылы немесе тышқанмен басқаруға болады. Ағымдық ұяшық – көрсеткішпен белгіленген ұяшық. Әдетте, мәліметтерді ұяшыққа енгізу кезінде және ұяшықтағы мәліметтерді, формуланы көру барысында белгіленеді. Көршілес тұрған ұяшықтар тобынан тұратын тіктөртбұрышпен белгіленген аймақты ұяшықтар диапазоны немесе блогы деп атайды. Ұяшықтар диапазоны бір ұяшықтан немесе бірнеше ұяшықтардан тұрады. Блоктар адресі – қарама-қарсы тұрған бұрыштағы (сол жақтағы жоғарғы және оң жақтағы төменгі) ұяшықтар адресімен қос нүкте арқылы белгіленеді. Мысалы, B13:C19, A12:D27. Мерзімді енгізген кезде бөлгіш ретінде нүктені немеес дефисті қолданыңыз, мысалы, 09.05.96 немесе Қаңтар-96. Формуланы енгізу үшін: Формуланы енгізетін ұяшықты көрсету керек және = (теңдік белгісін) басу керек. Егер Изменить формулу немесе Вставка функции fx батырмасы арқылы басса автоматты түрде теңдік белгісі қойылады. Формуланы енгізіп болғаннан кейін Enter пернесін басу керек.


35 Егер формулаларды көшіргенде нақты бір ұяшық пен ауданға сілтеме қолдану қажет болса, абсолюттік адрестеуді қолдану керек. Ол үшін жол нөмірі мен бағана аты алдында $ белгісін жазу керек. Мысалы: $В$4 немесе $С$2. Аралас адрестеуде $ белгісі қажетінше бағана әріпінің алдында немесе жол нөмірінің алдында қойылады. Мысалы: $В4 немесе $С4. Салыстырмалы адрестеуде $ белгісі қойылмайды, яғни формуланы көшіргенде бағана әріпі де, жол нөмірі де өзгеріп отырады. Функциялар есептеулерді жеңілдету үшін қолданылады. Excel функцияларын келесі категорияларға бөлуге болады: - Математикалық және тригонометриялық; - Статистикалық; - Логикалық; - Қаржылық; - Ақпараттық; - Мәтіндік; - Уақыт және мерзім функциясы; - Деректер қорына арналған функциялар; - Сілтемелік функциялар; Функцияларды формулаларға қою үшін, fx функция мастерін қолдануға болады. Excel-де сандық қатарлар мен бағаналар сандарын графиктер мен диаграммаларға айналдыруға болады. Диаграммалар – деректерді графикалық түрде бейнелейтін құрал. Диаграммалар өзінің көрнектілігімен деректерді дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Диаграмма ұяшықтарда байқалмай қалған қателерді көруге көмектеседі. 1 тапсырма: Excel электрондық кесте құралдарымен деректерді өңдеу - 2.1-кестеде берілгендей толтырыңыз; - А4:А8 ұяшықтарына сатушылардың аты-жөнін енгізіңіз. - B4:G8 ұяшықтарына автокөліктердің сатылған санын енгізіңіз. - Автосумма () пайдаланып БАРЛЫҒЫ Н3:Н8 және ҚОРЫТЫНДЫ В9:Н9 бағаналарын есептеңіз. - 11 жолда жарты жылда сатылған автокөліктердің жалпы санын пайыз (%) арқылы есептеңіз. - Диаграмма құрыңыз.


36 1-кесте – Кестені толтыру үлгісі 2. тапсырма: Математикалық функцияларды пайдаланып кестеде есептеулер жүргізу - 2.2-кестеге 1-ден 8-ге дейінгі x-тің мәндерін енгізу керек. - Келесі бағаналарда сәйкес функциялардың мәндерін есептеңіз. - Жуықтауды 0,1 дәлдікке дейін орындаңыз. 2-кесте – Математикалық функциялар МАТЕМАТИКАЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАР № X |X| ln X ТҮБІР |X| ~ X ЖОЛДАРДЫҢ ҚОСЫНДЫСЫ 1 2 … БАҒАНДАРДЫҢ ҚОСЫНДЫСЫ ТАПСЫРМА НҰСҚАЛАРЫ: 1. X = 100.25; -125.23; 248.12; 200.25; 400.45; -128.02; -512.25; -20.14 2. X = 128.25; -89.36; -425.45; -126.25; 45.36; 256.25; 48.45; -234.02 3. X = -456.23; 256.45; 236.36; -444.25; -124.12; 56.45; 123.63; 523.86 4. X = 235.56; 125.12; 421.23; -45.45; -562.65; 222.56; 321.12; 412.36 5. X = 230.45; -412.56; 421.12; 112.78; 421.25; 352.65; 254.45; 125.84 6. X = 231.02; -85.234; -452.00; 562.23; -123.02; -410.21; 230.12; -100.25 7. X = -45.25; -120.02; -400.12; 250.35; 601.23; 123.23; 243.51; -10.50 8. X = 210.32; 200.53; 125.00; -450.21; -120.52; -360.25; 123.20; 124.36 9. X = 542.12; 123.52; -452.01; -125.21; -621.05; 124.32; 321.10; 365.20 10.X = -450.21; 365.20; 120.56; 236.45; 102.56; 458.02; -652.00; 128.45 11.X = 235.56; 225.12; 421.23; -45.45; -362.65; 222.56; 371.12; -412.36 12.X = -298.23; -256.45; 236.45; -444.25; 178.12; 156.45; 123.63; 523.86 13.X = 233.56; 125.14; 421.03; -65.45; -262.65; 252.56; 324.22; 412.35 14.X = -456.23; 256.45; 236.36; -444.25; -124.12; 56.45; 123.63; 523.86 15.X = 120.25; -126.23; 548.12; 201.25; 400.85; -138.02; -712.25; -30.14 16.X = 131.02; -75.234; -452.01; 572.23; -143.02; -310.51; 260.12; -100.26 17.X = X = 235.56; 225.12; 421.23; -45.45; -362.65; 222.56; 371.12; -412.36


37 18. 2335.56; 120.12; 461.23; -45.55; -562.60; 232.56; 321.18; 462.16 19.X = 315.36; 425.02; 521.21; -35.45; -362.15; 422.36; 521.12; 411.38 20.X = -75.56; 125.12; -425.23; -95.45; -352.65; 292.36; 371.92; -415.86 21.X = 210.32; 200.53; 125.00; -450.21; -120.52; -360.25; 123.20; 124.36 22.X = 542.12; 123.52; -452.01; -125.21; -621.05; 124.32; 321.10; 365.20 23.X = -450.21; 365.20; 120.56; 236.45; 102.56; 458.02; -652.00; 128.45 24.X = 235.56; 225.12; 421.23; -45.45; -362.65; 222.56; 371.12; -412.36 25.X = -298.23; -256.45; 236.45; -444.25; 178.12; 156.45; 123.63; 523.86 26.X = 233.56; 125.14; 421.03; -65.45; -262.65; 252.56; 324.22; 412.35 27.X = -456.23; 256.45; 236.36; -444.25; -124.12; 56.45; 123.63; 523.86 28.X = 120.25; -126.23; 548.12; 201.25; 400.85; -138.02; -712.25; -30.14 29.X = 542.12; 123.52; -452.01; -125.21; -621.05; 124.32; 321.10; 365.20 30.X = -450.21; 365.20; 120.56; 236.45; 102.56; 458.02; -652.00; 128.45 3-тапсырма: Функция мәндерін табу және графигін құру - белгілі бір қадаммен берілген аралықта өзгеріп отыратын х-тің мәніне байланысты У функциясының мәндерін табу керек. - функцияның графигін құру керек; - функцияның ең кіші мәнін табу керек; - функцияның ең үлкен мәнін табу керек; 3-кесте – Тапсырма нұсқалары № Тапсырма Қадам, аралық 1 y=cos(2x) -sin(3x) ∆х=0,2; x[-2; 2]. 2 y=5cos(3x) +4sin(6x) ∆х=0,5; x[-3; 2]. 3 Y=1+x - x 2 /2 + x3 /3 –x 4 /4 ∆х=0,5; x[-2; 3]. 4 Y=1+1/x + 2/x2 + 3/x3 +4/x4 ∆х=0,1; x[-2; 2]. 5 Y= ∆х=0,2; x[-3; 3]. 6 Y= ∆х=0,5; x[-2; 2]. 7 Y= ∆х=0,25; x[-2; 2]. 8 Y= ∆х=0,25; x[-1; 1]. 9 Y= ∆х=0,5; x[-2; 3]. 10 Y= ∆х=0,1; x[-1; 1]. 11 Y= ∆х=0,5; x[-3; 3]. 12 Y= ∆х=0,2; x[-2; 2]. 13 y=2cos(2x) –sin2 (3x) ∆х=0,5; x[-2; 3]. 14 Y=2-1/x + 2/x2 + 3/x3 +4/x4 ∆х=0,3; x[-3; 3].


38 4 тапсырма: Кестеде есептеулер жүргізу - 6.4-кесте бойынша мәліметтерді толтырыңыз (10 қызметкерге дейін). - Есептелгені жұмыскердің 1 күндік жалақысы жұмыскердің бір айда қанша күн жұмыс істегеніне байланысты есептеледі. - Жинақтаушы зейнетақы қоры (ЖЗҚ) есептелген жалақының 10% тұрады. - Салық есептелген жалақының 5% тұрады. - Берілетін жалақы көлемі = Есептелгені – Барлық ұсталғаны. 4-кесте – Кестені толтыру үлгісі № Жұм ыс Есепт елгені Ұсталғаны 15 Y= ∆х=0,2; x[-2; 2]. 16 Y= +5x ∆х=0,5; x[-3; 2]. 17 Y= -3х ∆х=0,2; x[-3; 3]. 18 Y= +5x3 ∆х=0,2; x[-2; 2]. 19 Y= ∆х=0,25; x[-3; 3]. 20 Y= ∆х=0,1; x[-1; 3]. 21 Y= ∆х=0,3; x[-3; 3]. 22 Y= ∆х=0,2; x[-2,5; 2]. 23 Y= ∆х=0,5; x[-3; 2,5]. 24 Y= ∆х=0,2; x[-3; 3]. 25 Y= ∆х=0,2; x[-2,2; 2]. 26 Y= ∆х=0,25; x[-3; 3]. 27 Y= ∆х=0,1; x[-1,5; 3]. 28 Y= -3х ∆х=0,25; x[-2; 2,25]. 29 Y= ∆х=0,25; x[-1; 1]. 30 Y= ∆х=0,25; x[-1; 1,5].


39 Қызметк ерлердің аты-жөні 1 күндік жалақыс ы күні ЖЗ Қ Сал ық Барлық ұсталға ны Берілеті н жалақы көлемі 1 …. ….. 10 Бақылау сұрақтары 1. Функция шеберінің қызметі. 2. Ұяшық, адрес, тұрақты адрес, салыстырмалы адрес дегеніміз не? 3. Диапазон дегеніміз не? 4. Диаграмма деген не? Зертханалық жұмыс №7 Тақырыбы: Қарапайым желілік конфигурацияны құру. IP-адрестеу. Желі мониторингі. Трафикті талдау. Желілік пакеттерді талдау үшін снифферлерді пайдалану. Мақсаты: Желілік пакеттерді талдау үшін снифферлерді пайдалану Желідегі жұмыста қауіпсіздікті қамтамасыз ету ДК ақпаратына рұқсатсыз кіру - онымен жасырын танысуды, өңдеуді, көшіруді, әр түрлі вирустарды,оның ішінде, бүлдіруші бағдарламалық өнімдерді, сондай-ақ ақпаратқа шығудың белгіленген ережелеріне қайшы келетін ақпарат өзгертуді немесе оны жоюды айтамыз. ДК қорғау үшін сақталған ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігін кеңітетін әр түрлі бағдарламалық әдістер қолданылады. Стандартты дербес компьютерді қорғау құралдарының ішінде кең таралғандары: 1. Парольдік ұқсастыруды (идентификацияны) пайдаланып, мүмкіндік ресурстарын қорғау құралдары. 2. Әр түрлі ақпаратты шифрлау әдістерін қолдану. 3. Компьютерлік вирустардан қорғау және архив құру Ақпараттық қауіпсіздік жүйесін қарастырғанда әдетте екі мәселелер тобына бөледі: компьютер қаупсіздігі және желілік қауіпсіздік. Компьютердің қауіпсіздігіне деректерді қорғаудың барлық мәселелері жатады, яғни компьютерде сақталатын, өңделетін автономды жүйе ретінде қарастырылатын деректер мәселелері. Бұл мәселелер деректер қорымен, компьютердің енгізілген аппаратты құрылғыларымен, операциялық жүйе құралдарымен шешіледі. Желілік қауіпсіздік түсінігі желілік құрылғылар арасындағы ақпарат алмасу кезіндегі қорғау және рұқсатсыз енуден қорғау мәселелері болып табылады. Бірақ қазіргі уақытта компьютер мен желілік қауіпсіздікті


40 бір-бірінен айырмашылығын анықтау өте қиын мәселе, олар бір - бірімен өте тығыз байланыста жатады. Тек желілік қауіпсіздік өзінің мамандығын қажет етеді. Жеке дара жағдайда жұмыс істеп тұрған компьютерге ішкі қол салудан сақтау үшін әртүрлі тиімді әдістерді қолдануға болады: мысалы клавиатураны құлыпқа жабу немесе қатты дискіні шығарып алып сейфке салып тастау. Желіде жұмыс істеп тұрған компьютер қоғамнан бөлініп қала алмайды ол басқа компьютерлермен кез-келген уақытта байланыста болуы керек. Сондықтан желіде қауіпсіздік қорғау өте күрделі жағдай болып есептеледі. Басқа қолданушының желіде жұмыс істеп тұрған компьютерді қолдануы логикалық тұрғыдан болуы шарт. Осындай жағдайда қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету бір ойға әкеліп соқтырады – яғни әрбір қолданушы үшін өзінің ақпаратты қолданатын құқығы желідегі әрбір компьютер үшін желілік байланыстарын реттеп отыру қажет. Бұл мәселелерден басқа желілер өзінің табиғатында тағы да бір қауіп түріне кездеседі. Желімен берілген хабарды ұстап қалу, анализдеу, «жалған» трафиктер құру. Желі қауіпсіздігін қорғаудың негізгі бөлшегі осы қылмыстың алдын алуға жұмсалады. Желілік қауіпсіздігінің мәселелері корпоративті желілерден бөлінген каналдарға өту барысында көптеп байқалады. (Интернет, frame relay). Жалпы желіні қамтамсыз етушілер қазірше берілгендерді өзінің магистралы бойынша тасымалдау кезінде қолданушы деректерін қорғауды сирек қолданады. Бұл мәселені көбінесе құпиялылығын, бүтіндігін, ену мүмкіндігін қолданушының өзінің қамқорына қалдырады. Құпиялылықтың негізгі түсінігі деректердің бүтіндігі және ену мүмкіндігі. Қауіпсіз ақпараттық жүйе – ол біріншіден рұқсат етілмеген енуден қорғайды, екіншіден ақпаратты өзінің қолданушыларына барлық уақытта деректерге енгізе алады, үшіншіден ақпаратты сенімді сақтайды және деректердің өзгермеуін қамтамасыз ететін жүйе. Осылайша, анықтама бойынша қауіпсіз жүйе құпиялық, ену мүмкіндігімен, бүтіндік қасиетімен анықталады. Құпиялылық (confidentiality) — бұл құпия деректерге ену тек қана рұқсат берілген қолданушыларға берілетіндігінің кепілі. (Бұл қолданушылар авторластырылған деп аталады). Ену мүмкіндігі (availability) — авторластырылған қолданушылар барлық уақытта деректерге ену құқығы бар болуының кепілі. Бүтіндігі (integrity) — деректерді түрлі жолдармен өзгертуге авторластырылмағандар үшін рұқсат етілмеуді қамтамасыз ететін дұрыс мәнді деректерді сақтаудың кепілі. Нақты IP-адресі бар Интернет желісіне қосылу кезінде қорғауды қамтамасыз ету үшін әдетте маршрутизаторларға IP-сүзгілер орнатылады. Олардың қызметі ішкі желіге мәліметтерді нақты белгіленген компьютерге және нақты белгіленген протокол бойынша жеткізу. 1-тапсырма TCP/IP желі терминологиясында желі маскасы деп желінің IP-адрес түйінінің қай бөлігі желі адресіне, ал қай бөлігі – осы желідегі тұйіннің


41 адресіне жататынын көрсететін екілік санды айтады. Желінің белгіленген IPадресі мен маскасына қарай желінің адресін табыңыз. IP-адрес: 145.92.137.88 Маска: 255.255.240.0 Жауапты жазар кезде кестеде келтірілген IP-адрестің 4 элементін таңдаңыз және қажет ретпен сәйкес сандарды нүктесіз жазыңыз. A B C D E F G H 0 145 255 137 128 240 88 92 Жауабы: BHEA Шығарылуы: IP-адрес пен масканы екілік жүйеге ауыстырып, бір-біріне көбейтеміз. IP-адрес: 145.92.137.88 10010001.01011100.10001001.01011000 Маска: 255.255.240.0 11111111.11111111.11110000.00000000 10010001.01011100.10000000.00000000 Шыққан санды ондық жүйеге ауыстырамыз, 145.92.128.0 (бұл желі адресі). Кесте бойынша оларға сәйкес келетін элементтерді нүктесіз жазып шығамыз, яғни ВНЕА. 2-тапсырма Егер желі маскасы 255.255.252.0 және компьютердің желідегі IPадресі 226.185.90.162, онда желідегі компьютердің реттік номері _______тең? Жауабы: 674 Шығарылуы: 1. Желі маскасындағы екі октет (октет – 8 биттен тұратын масканың саны) 255-ке тең болғандықтан, екілік жүйеге ауыстырғанда 24 бірлік болып жазылады, демек алғашқы екі октет желі адресін анықтайды. 2. Желі маскасындағы 252 және 0 сандарын екілік жүйеге ауыстырамыз. 25210=111111002, 010= 000000002. 3. IP-адрестің соңғы екі октетін екілік жүйеге ауыстырамыз.


42 9010 =010110102 16210 =101000102 4. Желідегі компьютердің маска мен адрестің екі соңғы октеттерін жазып шығамыз: 11111100 00000000 01011010 10100010 10 10100010 Қою түспен бізге керек сан белгіленген 0 санынан басталатын бөлікті астыңғы санға қосамыз, яғни 10101000102=67410 3-тапсырма Кейбір ішкіжелілерге 255.255.248.0. маскасы қолданылады. Бұл маскаға компьютердің неше адресі қолданылады? Ескерту: Практикада компьютерді адрестеу үшін екі адрес қолданылмайды: желі адресі мен кеңарналы адрес. Жауабы: 2046 Шығарылуы: 1. Маскадағы екі октет 255-ке тең, олар желінің адресі. Екілік жүйеге аударғанда 16 бірлік болады. 2. 24810= 111110002. Соңында 3 ноль, тағы 8 ноль масканың соңғы октетінен аламыз. Сонымен, 3+8=11 ноль компьютердің адресі болады. 3. 2 11=2048, екі адрес қолданылмағандықтан, 2048-2=2046 4-тапсырма Қылмыс болған жерде 4 бөлік қағаз табылды. Тексеріс бойынша IPадрестің фрагменттері екені белгілі болды. Тексерушілер бұл бөліктерді А, Ә, Б және В деп әріптермен белгілеген. IP-адресті қалпына келтіріңіз. Жауабы: БӘВА .64 2.16 16 8.32 А Ә Б В Шығарылуы: IP-адрес 4 байттан тұрады. Әр байт 255-тен аспайды. А бөлігіy бірінші орынға қоя алмаймыз, себебі адрес нүктеден басталмайды. В бөлігінен кейін Ә бөлігін қоя алмаймыз, себебі 255-тен аспау керек. Демек Ә бөлігін Б бөлігінен кейін қоямыз. А бөлігінен кейін В бөлігін қоя алмаймыз, себебі 255-тен аспау керек. Сонымен [16] [2.16] [8.32] [.64] 162.168.32.64, яғни БӘВА. 5-тапсырма test.edu серверінде HTTP хаттама бойынша кіруге болатын demo.net файл орналасқан. Берілген файлдың адресінің фрагменттері А, Б ... Ж


43 әріптерімен кодталған (кестені қараңыз). Берілген файлдың интернеттегі адресін кодтайтын әріптердің тізбегін жазыңыз. A test Б demo В :// Г / Д http Е .edu Ж .net Жауабы: ДВАЕГБЖ Бақылау сұрақтары: 1. IP-адрестерінің қандай типтері мен кластарын білесіз? 2. Маршрутизация хаттамаларының маршруттық хаттамалардан айырмашылығы қандай? 3. Арақашықтық-векторлық маршрутизация мен каналдар жағдайының маршрутизациясы неге жауап береді? 4. Маршрутизацияның қандай әдістерін білесіз? 5. Айқын маршрутизация нені білдіреді? Зертханалық жұмыс №8 Тақырыбы: Кілттерді генерациялау үшін аппараттық-бағдарламалық құралдарды пайдалану. E-mail-мен хабарлар алмасу кезінде ЭЦҚ-ны және шифрлауды қолдану Мақсаты: Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістерінмеңгеру. Сипаты бойынша шифрлеу алгаритімінің кілтін қолдану екі түрге бөлінеді: симметриялық (бір кілтпен, басқаша-құпия кілтпен) және симметриялық емес. Шифрлеудің және дешифрлеудің симметриялық емес алгоритмдерін әдетте ассиметриялы деп атайды. Бірінші жағдайда, жіберуші шифраторы мен алушы дешифраторында тек бір кілт қана қолданылады. Шифратор ашық мәтіннің функциясы болып табылатын шифрограмманы құрады. Түрлендіру (шифрлеу) функциясының нақты түрі құпия кілтпен анықталады. Хабарды алушы дешифраторы, шифраторда орындалған түрлендіру қатынасы бойынша кері түрлендіруді орындайды. Құпия кілт құпия сақталады және хабарлама жіберуші


44 қарсыластың криптоаналитиктің немесе комерциялық бәсекелестің кілтін ұстап алумен шектелетін канал бойынша алушыға беріледі. 1 – сурет – Симметриялы шифрлеу Екінші жағдайда (ассиметриялы алгоритмді қолданғанда) хабар алушы алғашында ашық канал бойымен, ақпаратты штфрлейтін ашық кілтті хабар берушіге береді. Ақпаратты алған уақытта хабар алушы оны екінші құпия кілт көмегімен де шифрлейді. Қарсыластың криптоаналиктігінің ашық кілтті ұстап алуы жабық хабарламаны дешифрлеуге мүмкіндік бермейді, себебі ол тек екінші құпия кілтпен құпияланады. Сонымен бірге, құпия кілтті практика түрінде ашық кілт көмегімен есептеу мумкін емес. 2 – сурет – Симметриялы емес шифрлеу Криптожүйелік әдістер Цезарьдың алмастырып қою әдісі Цезарьдың алмастырп қою әдісі өте қарапйым әдіс болып табылады. Олар моно алфавиттік алмастырып қою тобына жатады. Цезаpьдың алмастырып қоюы рим императоры Гай Члий Цезарь есімімен байланысты, ол Марк Туллий Цицеpонға C3 алмастырып қоюды пайдаланып жолдау хат құруды тапсырған. Алмастырып қою сәйкесінше "бастапқы мәтін шифрленген мәтін" әріптер жұбынан тұратын орнына қою кестесі бойынша анықталады. C3 үшін алмастырып қою 1-кестеде берілген. Бағыттауыш () бастапқы мәтін әріптері (сол жақтағы) C3 көмегімен шифрленген мәтін (оң жақтағы) әріптерімен шифреленетіндігін білдіреді.


45 Анықтама. Цезарь жүйесі деп, бастапқы (x0, x1 ,..,xn-1) мәтіннің nгpаммын шифрленген (y0 ,y1 ,...,yn-1) мәтінінің n-гpаммына, yi=Ck(xi), 0i<n ережесіне сәйкес түрлендіретін моно алфавиттік алмастырып қоюды айтады. Мысалы, «ВЫШЛИТЕ_НОВЫЕ_УКАЗАНИЯ» C3 алмастырып қою көмегімен «еюыолхивpсеюивцнгкгpлб» түрленеді. Кесте 1. Аг Йм Тх Ыю Бд Кн Уц Ья Ве Ло Фч Э_ Гж Мп Хш Ча Дз Нp Цщ Яб Еи Ос xъ _в Жй Пт Шы Зк Ру Щь Ил Сф Ъэ Көп алфавиттік жүйелер. Бір рет қолданылатын жүйелер. Моно алфавиттік алмастырып қоюдың әлсіз криптотұрақтылығы көп алфавитті алмастырып қоюды қолданумен игеріледі. Көп алфавитті алмастырып қою екіден көп әр түрлі алмастырып қоюдан тұратын =(1, 2, ...) кілтпен анықталады. Бір рет қолданылатын жүйе X=(X0, x1, ..., xn-1) бастапқы мәтінін шифрленген Y=(Y0, y1, ..., yn-1) мәтініне түрлендіреді. Шексіз кілтпен шифрлеу мысалын қарастырайық. Кілт ретінде "БЕСКОНЕЧНЫЙ_КЛЮЧ...." мәтінін алайық. Оның көмегімен "ШИФР_НЕРАСКРЫВАЕМ" мәтінін шифрлейміз. Шифрлеуді кесте түрінде дайындаймыз: ШИФРУЕМЫЙ_ТЕКСТ 24 8 20 16 19 5 12 27 9 32 18 5 10 17 18 БЕСКОНЕЧНЫЙ_КЛЮЧ 1 5 17 10 14 13 5 23 13 27 9 32 10 11 30 ЩРДЪАТТССЦЪЫДФЬП 25 13 4 26 0 18 17 17 22 26 27 4 20 28 15 Вижинеp алмастырып қою әдісі Қолданушы кілті деп аталатын кілттің k = (k0 ,k1 ,...,kn) соңғы тізбегінен бастайық, және оны тізбекті қайталай отырып, шексіз тізбелікке дейін созайық. Осылайша, k = (k0 ,k1 ,...,kn), kj = k(j mod r, 0 j жұмыс кілтін аламыз. Мысалы, r = и болғанда қолданушының 15 8 2 10 11 4 18 кілтінде жұмыс кілті келесі периодтық тізбек болады: 15 8 2 10 11 4 18 15 8 2 10 11 4 18 15 8 2 10 11 4 18 ... Анықтама. Вижинеp алмастырып қою әдісі VIGk : (x0, x1, ..., xn-1) (y0, y1, ..., yn-1) = (x0+k, x1+k,. .., xn-1+k) ретінде анықталады. Ендеше:


46 1) x бастапқы мәтін r фрагменттеріне xi = (xi , xi+r , ..., xi+r(n-1)), 0 i < r бөлінеді; 2) бастапқы мәтіннің i-ші фрагменті xi Цезарь алмастырып қою көмегімен шифрленеді Ck : (xi , xi+r , ..., xi+r(n-1)) (yi , yi+r , ..., yi+r(n-1)), Мысал. Вижинеpа алмастырып қою көмегімен мәтінді түрлендіру (r=4) Бастапқы мәтін (БМ1): НЕ_СЛЕДУЕТ_ВЫБИРАТЬ_НЕСЛУЧАЙНЫЙ_КЛЮЧ Кілт: КЛЮЧ Бастапқы мәтінді 4 символдар бойынша блоктарға бөлеміз: НЕ_С ЛЕДУ ЕТ_В ЫБИР АТЬ_ НЕСЛ УЧАЙ НЫЙ_ КЛЮЧ Және оларға кілтті қолданамыз (Вижинеp кестесін қолданып): H+К=Ч, Е+Л=Р және т.б.. Шифрленген мәтінді (ШМ1) аламыз: ЧРЭЗ ХРБЙ ПЭЭЩ ДМЕЖ КЭЩЦ ЧРОБ ЭБЧ_ ЧЕЖЦ ФЦЫН Полибий квадраты. Шифрлеу үшін 1-ден 5-ке дейін нөмірленетін алты бағаннан және алты жолдан тұратын квадратты беретін кестені қолданамыз. Әр торға бір әріп жазылады. Нәтижесінде әр әріпке сандар жұбы сәйкес келу керек және шифрлеу әріпті сандар жұбымен алмастыруға алып келу керек. Полибий квадратында символдарды орналастыру реті құпия кілт болып табылады. Полибий квадратының көмегімен «КРИПТОГРАФИЯ» сөзін жасырайық. Нәтижесінде алатынымыз: 26 36 24 35 42 34 14 36 11 44 24 63 1 2 3 4 5 6 1 А Б В Г Д Е 2 Ё Ж З И Й К 3 Л М Н О П Р 4 С Т У Ф Х Ц 5 Ч Ш Щ Ъ Ы Ь 6 Э Ю Я . , _ Мысалдан криптожүйедегі бірінші сан жол нөмірін, ал екінші сан баған нөмірін беретінін көруге болады. Қайта қою әдісі. Криптографияның осы әдісін ойлап табу, ашылған мәтінді жазу және шифровканы әрі қарай санау кейбір геометриялық фигураның (мыслы, шаршының) ішінде әр түрлі жолдармен жүргізілуімен беріледі Ойды түсіндіру үшін 8*8 өлшемді шаршылық кестені (матрицаны) аламыз, мәтінді жоғарыдан төменге жол бойынша тізбектеп жазамыз, ал – санауды солдан оңға қарай бағана бойынша жүргіземіз. Келесі хабарды шифрлеу керек болсын дейік: НА ПЕРВОМ КУРСЕ ТЯЖЕЛО УЧИТЬСЯ ТОЛЬКО ПЕРВЫЕ ЧЕТЫРЕ ГОДА ДЕКАНАТ.


47 Мұны матрица түрінде жазайық: Н А _ П Е Р В О М _ К У Р С Е _ Т Я Ж Е Л О _ У Ч И Т Ь С Я _ Т О Л Ь К О _ П Е Р В Ы Е _ Ч Е Т Ы Р Е _ Г О Д А _ Д Е К А Н А Т Матрицада ”_” символымен бос орын белгіленеді. Түрлендіру нәтижесінде келесі шифрлеу алынады: НМТЧРЫ_А_ЯИЛВРД_КЖТЬЫЕЕПУЕЬКЕ_КЕРЛСО_ГАРСОЯ_ЧОНВЕ_П ЕДАО_УТЕТАТ. Берілген жағдайға матрица өлшемі, ашық мәтінді жазу тәртібі және шифрограмманы санау кілт болып табылады. Нақты алғанды кілт басқа болуы мүмкін. Мысалы: жас бойынша ашық мәтіннің жазылуы: 48127653 жолдар нөмірлері ретімен жүргізілуі мүмкін, ал криптограмманы сану 81357642 ретімен бағана бойынша жүргізілуі мүмкін. Матрицаның жолдармен жазылу ретін жазылу кілті деп, ал шифрограмманың бағана бойынша санау ретін – санау кілті деп атаймыз. n*n өлшемді матрица көмегімен алынған криптограмманы әрбір топта nсимволдар бойынша символдар тобына болу керек. Сол жақтағы шеткі топты, нөмірі санау кілтінің бірінші цифрымен сәйкес келетіндей, жоғарыдан төменге бағанамен жазу керек. Символдардың екінші тобын, нөмірі санау кілтінің цифрымен сәйкес келетіндей, бағанамен жазу керек, және т.с.с. Ашық мәтінді матрицадан жазу кілтінің цифрларымен сәйкес жол бойынша санау керек. Орын ауыстыру әдісімен алынған криптограмманы дешифрлеу мысалын қарастырайық. Шифрленгенде 6*6 өлшемді матрицасы қолданылғаны, жазу кілті-352146 және санау кілті-425316 екені белгілі, шифрограмма мәтіні келесідегідей болады: ДКАГЧЬОВА_РУААКОЕБЗЕРЕ_ДСОХТЕСЕ_Т_ЛУ Шифрограмманы 6 символ бойынша топтарға бөлеміз: ДКАЧЬ ОВА_РУ ААКОЕБ ЗЕРЕ_Д СОХТЕС Е_Т_ЛУ Символдардың бірінші тобын матрицаның 4 бағанын жазамыз, себебі санау кілтінің алғашқы цифрларын 6 символдың ішіндегі екінші топты 2-ші бағанаға, символдардың 3-ші тобын 5-ші бағанаға және т.c.c. жазамыз. Ашық мәнінде санауды жазба кілтіне сәйкес 3 жолдан бастаймыз, одан соң 5 жолды және т.c.c. санаймыз. Дешифрлеу нәтидесінде келесі ашық мәтінді аламыз: 1 2 3 4 5 6 1 С О З Д А Е


48 ХАРАКТЕР ЧЕЛОВЕКА СОЗДАЕТ ЕГО СУДЬБУ Осы сипатталған криптограмманы дешифрлеу процедурасын, алдын ала өңдеген бағдарлама көмегімен компьерде автоматты түрде орындауға болады. 2 О В Е К А _ 3 Х А Р А К Т 4 Т _ Е Г О _ 5 Е Р _ Ч Е Л 6 С У Д Ь Б У Тапсырма. Шифрлеу әдістері: 1 –Цезарь әдісі; 2 – Көпалфавитті жүйе; 3 – Вижинер әдісі; 4 – Полибий квадраты ; 5 – Алмастырып қою әдісі (1 әдіс); 6 – Алмастырып қою әдісі (2 әдіс). Тапсырма нұсқалары: № Шифрл еу әдісі Шифрленетін мәтін 1. 1 Отан оттан да ыстық 2. 2 Ел құлағы елу 3. 3 Көш жүре түзеледі 4. 4 Бейбіт елде сән болар 5. 5 Ағасыз ел жағасыз 6. 6 Адамына қарай сәлемі 7. 1 Ақ жүрек адам азбас 8. 2 Ханын сыйламаған ел азады 9. 3 Ата балаға сыншы 10. 4 Әке тірегің, ана жүрегің 11. 5 Ана тілін алмаған арсыз 12. 6 Жолдасты жол айырады 13. 1 Құс қанатымен, ер жолдасымен 14. 2 Жығылсаң нардан жығыл 15. 3 Жығылғанға жұдырық 16. 4 Батырлық айқаста танылар 17. 5 Ерлікте қорлық жоқ 18. 6 Шын батыр сын үстінде танылар 19. 1 Жақсы өтіріктен жаман шындық артық 20. 2 Кішіпейілділік кісі көркі 21. 3 Ақыл жастан, асыл тастан 22. 4 Ердің атын еңбек шығарар 23. 5 Алтынды тот баспайды 24. 6 Байлыққа жомарттық жарасады 25. 1 Жақсылық еткен алғыс алады


49 Бақылау сұрақтары 1. Ақпаратты қорғау термині қандай түсініктен тұрады? 2. Ақпараттық қауіпсіздіктің маңызды аспектілерін атап шығыңыз. 3. Ақпараттық қауіпсіздіктің проблемаларын шешу деңгейлерін атап шығыңыз. 4. Ақпаратты қорғау деңгейлерін атап шығыңыз. 5. Компьютерлік қылмыстардың себептері немен түсіндірілуі мүмкін. 6. Компьютерлік қылмыстарды қалай табуға болады? 7. Ақпараттық қауіпсіздікті қорғау шараларын атап шығыңыз. 8. Ақпаратты қорғау мақсатымен жұмыс жасау барысындағы сақтық шараларды атап шығыңыз. 9. Интернеттен орынсыз ақпараттарға жетуді қалай шектеуге болады? 10.Компьютерлік вирустар қандай болады, олардың таралу жолдары қандай? Зертханалық жұмыс №9 Тақырыбы: Серверден деректер алу. Web-қосымшаларда графикалық интерфейсті жобалау. Стильдерді құру. Мақсаты: Web-қосымшаларда графикалық бейнелерді қою дағдысына ие болу Web-парақта графиканы орналастыру <IMG> тэгі құжатқа бейне енгізуге мүмкіндік береді. Бұл бейне құжаттың тэг орналасқан жерінде пайда болады. Берілген тэг бір элементті. Web-те графика ереже бойынша 3 форматта тарайды: GIF, JPG, PNG. Келесі жаттығуды орындағанда WAGON. GIF графикалық файлы KURS жұмыс каталогында сақталып орналассын. <IMG SRC =“ WAGON.gif”> <IMG> тэгінде көптеген атрибуттар бар, оларға төменде көрсетілгендей қосымша жұмыстар жүктеуге болады. Олар IMG кодынан кейін тэгтің кезкелген жерінде орын алады. SRC – ең міндетті параметр. Суреті бар файлдың мекен-жайын (URL) көрсетеді. HEIDHT және WIDHT – сәйкесінше суреттің биіктігі мен ұзындығын анықтайды. Егер берілген өлшемдер нақты өлшемнен өзгеше болса, онда сурет масштабталады (кейде көрнекті сапасын жоғалтады). HSPACE және VSPACE – бұлар суреттің құжат объектілерінен көлденең және тігінен қанша шегіністе орналасқанын анықтайды. Мысал1. <IMG src="img/picture.gif" WIDTH="45" HEIGHT="53" > Бұл мәтін суреттің оң жағынан көрінеді және суреттен 10 пиксель қашықтықта орналасады. Мысал2.


Click to View FlipBook Version