The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Aika Daurenbekova, 2023-11-08 23:46:44

зертхана_merged (1)

зертхана_merged (1)

50 Суретті гиперссылка түрінде қолдану. <A HREF="carlson.html"> <IMG src="img/button.jpg" WIDTH="70" HEIGHT="30" ALIGN="right" BORDER="0" ALT="Досье Карлсона"></A> Фондық графика Фондық бейне – бұл кішкене тікбұрышты плашкасы бар графикалық файл. Браузермен қарау барысында бұл плашка бірнеше рет қайталанып, терезені толтырады және ол терезенің пішініне тәуелсіз. Фондық графика <BODY> тэгінде беріледі. <BODY BACKGROUND=”WAGON.GIF” TEXT=”#330066”> Кестелер дайындау Кестелер HTML құжатының маңызды бөлігі болып табылады. Ол тік бағандар мен көлденең жолдардан тұратын тікбұрышты торлар. Жолдар мен бағандардың қиылысуы ұяшық деп аталады. Ұяшықта мәтін, графика немесе басқа кесте орналасуы мүмкін. Кесте негізгі үш бөліктен тұрады: кесте атауынан бағандар тақырыбынан ұяшықтардан Кесте жолдар бойынша толтырылады (солдан оңға жол бойынша және келесі жолға көшу). Әрбір ұяшық толтырылуы тиіс. Кесте безендіру тэгтері Тэг Форматы Сипаттамасы TABLE <TABLE> мәтін </TABLE> Кестені жариялау TR <TR> мәтін </TR> Жолды көрстетін тэг TD <TD> мәтін </TD> Бағанды көрстетін тэг <TABLE> тэгінің атрибуттары <TD> және <TR> тэгтарының атрибуттары Атрибут Форматы Сипаттамасы ALIGN <TR ALIGN=RIGHT> Көлденеңінен туралауды Атрибут Форматы Сипаттамасы BORDER <TABLE BORDER =1> Кесте айналасына қоршау орнатады WIDHT <TABLE WIDHT=60%> Кесте енін парақ еніне байланысты процентпен немесе пикселмен береді BGCOLOR <TABLE BGCOLOR =”#RRGGBB”> Кесте фонының түсін береді


51 тағайындайды (RIGHT, LEFT, CENTER) VALIGN <TR VALIGN=TOP> Тігінен туралауды тағайындайды (TOP, MIDDLE, BOTTOM, BASELINE) BGCOLOR <TR BGCOLOR =”#CCCCFF”> Фон түсін береді <TABLE BORDER="I" WIDTH=100% BGCOLOR="99CCCC"> <TR BGCOLOR="CCCCFF" ALIGN=CENTER> <TD>Сабак</TD><TD>5 A</TD><TD>5 B</TD><TD>5 B</TD> </TR> <TR> <TD>1</TD><TD>Орыс тiлi</TD><TD>Адебиет</TD><TD>Тарих</TD> </TR> </TABLE> Мысалы: Баннер, сервер атауы Бастапқы параққа оралу, жиі кіретін ресурстар, іздеу... Сервер мазмұны, адресі, телефоны Парақтың негізігі бөлігі Ең маңызды ресурстар, яғни оларды ерекшелеу керек Бастапқы параққа оралу, жиі кіретін ресурстар, іздеу... Авторлық құқық, мекен жай, телефон.... Тапсырма 1 1. Алған білімге сәйкес бірінші бетін өзгертіңіз. Беттің кем дегенде 4 блоктан тұруы керек, блоктар шекарасы көрінбеу керек. Бос ұяшықтарды 3-30 пиксель мөлшері бөлінген тиіс. олар салынғанын және басқа беттерінде болатындай жоғарғы және төменгі бөлігі жеке кесте ретінде жасалуы тиіс. 2. Өзіңіздің қалауыңызша фондық түсті және ұяшық түсін өзгетіңіз. 3. 1-ші бетке сілтеме қойыңыз. 4. Бастапқы бетке комментарий түрінде әр бөліктің басын және қай блок екенін көрсетіңіз (оң,сол, жоғарыдан екінші және т.б.). Бақылау сұрақтары 1. Кесте құру тегтері 2. Графика орналастыру қалай жүзеге асады?


52 3. Ұяшықтарда сілтеме құру. Зертханалық жұмыс №10 Тақырыбы: Google Docs-тің көмегімен Google аккаунттарды құру. Ақпарата қол жеткізу үшін мобильді технологиялар пайдалану, GPS навигаторлары, GSM сигнализациясы. Мақсаты: Google Docs. қолдану арқылы бірігіп жұмыс жасауды үйрену.Ақпаратқа қол жеткізу үшін мобильдік қосымшаларды пайдалану дағдысына ие болу. «Бұлтты» технологиялардың негізгі қызметі ақпарат сервер құралдарының көмегімен өңделіп және сақталып, нәтижесі қолданушыға браузер көмегімен беріледі. «Бұлтты» технологиялардың ішіндегі кең танымалы - Google Docs. Сервис текстік құжаттарды құруға 1 –сурет – Тіркеу формасы Мәтіндік құжат құру Мәтіндік құжатты құру үшін Google іздеу жүйесінің басты бетін адресі www.google.ru ашып, парақтың жоғары жағында «Сервисы» сілтемесін таңдаңыз. Жаңа терезе ашылады, одан «Диск Google» пиктограммасын таңдаңыз. Сіздің Google Docs сервисінің жеке парақшаңыз ашылады. Функционалдық элементтерінің көбі сұр, ақ және көк түстер. Түрлі түсті түстер жоқ. Құралдар тақтасы бір қатарға орналасқан. Қажет емес құралды кез келген уақытта жасырып қоюға болады. Енді жаңа текстік құжат құруды қарастырамыз. «Создать» батырмасын басып, ашылған тізімнен «Google документы» таңдаймыз. «Новый документ» (сур. 10.2) терезесі пайда болады.


53 2 –сурет – «Google құжат» терезесі Google Docs жұмыс жасау принципі Google Docs құжатты қалай құруға болады? Жалпы алғанда, жай стандартты функцияларын тыс пайдаланушының барлық артықшылықтары мен Google бұлтты қызметінің қолайлылығын алады, кез келген сөз процессор сияқты болып табылатын құжаттармен жұмыс. Пайдаланушы интерфейсі дәстүрлі стильде мәзір жоғарыда жасалған - «Файл», «Правка», «Формат», «Вставка», және т.б. «салыңыз» Мұнда Сіз, MS Word және қосымша бірқатар нақты және өте пайдалы бұлтты чиптерді барлық әдеттегі құралдары таба аласыз,сонымен: Google қызметтерін пайдаланыңыз сіз бірден басқа тілге мәтінді аударуға болады. Сөз тіркесін Белгілеп, құжат бетінде тікелей Google іздеу іздеу, содан кейін негізгі ақпарат көзіне немесе суретке тиісті сілтемені қоя аласыз. мекен-жайы мәтінді таңдаңыз және объектінің орналасқан жерін көрсететін Google Map салыңыз, және тіпті жүргізуші бағыттар бойынша. Қалай жылдам теру білмейсіз бе? Google Дауыспен теру пайдаланыңыз. Ол содан кейін ғана үшін кіріктірілген Емле пайдаланып қателерді түзету болып қалады. «Бұлтты» қызмет көрсету айқын артықшылықтарының бірі құжаттарға ынтымақтасуға мүмкіндігі болып табылады. Сіз өзіңіздің қызметкерлері құжаттарды көруге мүмкіндік, және, қажет болса, және деректерді өңдеуге болады. Редакцияланған файлға жалпы немесе селективті кіру рұқсатын беру үшін веб-интерфейсінің жоғарғы оң жақ бұрышында «Предоставить доступ» параметрін таңдаңыз. «Настройки совместного доступа» далог терезесі, басқару элементтері, ол арқылы, сіз редакцияланған құжатқа қатынасу құқықтарын орнатуға болады. Жұмыстың мазмұны Тапсырма 1 1. Теориямен танысу. 2. google.com сайтына тіркеліңіз және Тегі.Аты@gmail.com түрдегі пошталық жәшік құрыңыз. Тапсырма 2


54 1. Google Docs құжат құрыңыз. Өзіңіз туралы және компьютерлік біліміңіз (Резюме) туралы мәліметтен тұратын мәтін енгізіңіз. Құжатқа фотосурет қойыңыз Times Мәтінді New Roman шрифтімен, шрифт өлшемі – 14 болсын. Сол жақ – 2,5 см., оң жақ – 1,5 см. Бұл құжатқа оқытушыға қол жетуді ашыңыз. 2. Резюмедегі мәтінді орнатылған транслятора Google көмегімен ағылшын тіліне аударыңыз. 3. Өз тобыңыздың сабақ кестесінен тұратын құжат құрыңыз. Бұл құжатты барлығы қолдна алатындай доступ ашыңыз. Өз тобыңның сабақ кестесі. 3 –сурет – «Сабақ кестесі» кестесінің сұлбасы Тапсырма 3 1. Google –дың барлық сервистеріне сілтемелері бар параққа ауысыңыз,. 2. Пошталық жәшікті безендіру тақырыбын өзгертіңіз. Өз досыңызға хат жазыңыз. Сол хатқа жақын арада болатын мерекесімен құттықтап сурет жіберіңіз. Тапсырма 4 1. Смартфонға Google мобильдік нұсқасын орнатыңыз.


55 2. Тапсырма 2 құрылған құжатты ашыңыз 2 (Резюме) және Googl мобильдік нұсқада өңдеңіз. 3. Оқытушыға электронды почта арқылы жасалған жұмыс туралы хабарлама жіберіңіз. Есеп беру мазмұны 1. Есептің қойылуы. 2. Google аккаунт құруды қадам бойынша жазу. 3. Фотосурет қойылған қысқаша резюме. 4. Топтың сабақ кестесімен кесте. 5. Досыңа құттықтау хат. Бақылау сұрақтары 1. Google аккаунт деген не? 2. Google Docs сервисінің қызметі? 3. Google Docs – та мәтіндік құжат қалай құрады? 4. Сурет немесе флтографияны құжатқа қалай қояды? 5. Picasa редакторы қандай мақсатта қолданылады? 6. Пошталық жәшік тақырыбын қалай өзгертуге болады? Зертханалық жұмыс №11 Тақырыбы: HyperCam, Adobe Premiere Pro, Windows Movie Maker және т.б. бағдарламаларын пайдалана отырып бейне-файларды жасау. Мақсаты: Windows Movie Maker бағдарламаласын пайдалана отырып бейне-файлдарды жасау принциптерін оқып уйрену. Windows Movie Maker – бұл мультимедиялық роликтер құруға және оларды редакциялауға арналған Microsoft Windows операциялық жүйелер жиынтығы тобына кіретін тегін бағдарлама. Осы бағдарламаның көмегімен үйдегі ДК-де тікелейфильмдерқұруға, құрастыру және оларды көрсетуге болады. Бағдарлама арнайы әсерлер (эффект), дикторлық мәтін және музыка қосуға мүмкіндік береді.Фильмдерді құрап болган соң Сіз оны компакт-дискіге жазып ала аласыз. Сондай-ақ оны электрондық пошта арқылы таныстарыңызга жібере аласыз немесе Интернетке жүктей аласыз. Бұл бағдарлама пайдалануда өте қарапайым, бірінші кезекте ол әуесқойлық фильмдер құруға арналған. Әрине, Windows Movie Maker бағдарламасы видеоредактор ретінде әлсіз, бірақ слайдшоу жасауда өте жоғары деңгейде. Кейде өзіңнің жұмыс үстеліңнен жазбалар көшіріп алған кезде, жазбалардың сапасы төмен болып жатады. Сол кезде барынша сапалы фото суреттер болу үшін қандай бағдарламаны пайдалану керек және қандай параметрлер таңдау керек деген сұрақ туындайды. Бұл тапсырманы жұмыс үстелінің іс-қимыл жазбасы құралы HyperCam 3 орындай алады. Видео


56 бейнелердің сапасы таңдалған декодер (видео компрессор), битрейт және айқындығы мен басқа да кейбір параметрлерінен байланысты. Нұсқаулықтың келесі қадамдарын орындаңыз: 1. Жұмыс үстеліндегі HyperCam 3 белгісін екі рет басу арқылы немесе Пуск -> Все программы -> HyperCam 3 -> HyperCam 3 қадамдарын орындау арқылы бағдарламаны ашамыз. Бағдарламаның басты терезесі ашылады. 2. HyperCam параметрлерін өзгерту үшін "Параметры" кнопкасын басыңыз. 1-сурет – HyperCam негізгі терезесі 3) "Видео" кірістіруін көресіз. Мұнда параметрлер үшін арнайы мәндерді таңдай аласыз 2 - сурет – Параметр терезесі 4) Жоғары сапалы бейне жазбаларды алу үшін келесі өзгертулер жасау ұсынылады:


57 Алгоритма сжатия видео ретінде WMVideo9 Encoder DMO немесе Xvid таңдаңыз Ескерту: Жазбаның кішкентай көлемде болуы үшін MSScreen 9 Encoder DMO бейне компрессорын таңдай аласыз. Бірақ мұндай жағдайда төмен сапалы жазба болады. Файл өлшемі битрейт мәнінен де байланысты. Сондықтан кішкентай көлемді жазба алу үшін битрейт мәнін өзгертіп көріңіз. Бірақ бұл кезде де төмен сапалы жазба болады. Сондай-ақ жазба ауданының көлемі алынған файл көлеміне байланысты. Энкодердің "Свойства" кнопкасын басу арқылы, сіз кодтау режимін және оның қасиеттерін таңдай аласыз. Мұнда өзгертулер енгізбей қалдырамыз (тұрақты битрейті әдепкі мәнімен) "Битрейт", "Качество (Чёткость)" және "Сложность энкодера" параметрлерінің шамаларын жоғарлату арқылы алған жазбаның сапасын жақсарта аласыз. Битрейт мәнін жоғары болған сайын сапалы жазба және үлкен өлшемді файл аласыз. Сондықтан битрейтке жоғары мән берсек үлкен файл алатыныңызды ұмытпаңыз. "Качество (Чёткость)" мәнін 100-ге дейін өзгерте аласыз. "Сложность энкодера" параметріне "5" мәнін таңдай аласыз. Бұл жағдайда сапасы жоғары болады, бірақ ол параметр компьютер өнімділігіне байланысты. Параметріне үлкен мән берген сайын, сіздің компьютеріңіздің өнімділігі жоғары болу керек. Сондықтан сіздің компьютеріңіздің қуаты орташа болса "1" парметрін қалдырыңыз, өйткені энкодер күрделілігінің жоғарғы мәні компьютердің кідіруіне (зависание) әкеп соғады. "5" мәні жоғары өнімді компьютерлер үшін. "Скорость (кадры/сек)" облысындағы "Запись" және "Просмотр" жолдары үшін секундына 23.97 және 30 аралығында кадрлар енгізу керек. Оңтайлы шама - секундына 25 кадр. Дыбыс орнату үшін келесі өзгерістерді еңгізіңіз: 5) Дыбысты қысу үшін "WMAudio Encoder DMO" энкодерін таңдаңыз. 3 – сурет – Дыбысты баптау


58 6) Дыбыстың сапалы болуы үшін "Битрейт" және "Разрядность" параметрлерінің максималды шамаларын таңдау керек. Битрейт дегеніміз уақыт бірлігіне өңделетін немесе жіберілетін биттер саны (әдетте 1 секунд). Сондықтан бұл параметр жоғарылағанда алынған жазбаның өлшемі өсуі мүмкін. Битрейт Разрядностьқа қарағанда маңызды параметр болып табылады. Сондықтан жазбаның сапасы жақсы болуы үшін битрейттің максималды мәнін қою керек. Разрядность дегеніміз дыбыстың тереңдігі, әрбір кадр үшін берілетін мәліметтер саны. Разрядтылық мәні үлкен болған сайын, сапалы жазба ала аласыз. "Битрейт" және "Разрядность" параметрлері мәндерін көтергенде файл өлшемі де жоғарылайды. Бұл параметрлер мәндерін таңдау үшін Звук қойындысындағы Свойства кнопкасын басамыз. 7) Жазба үшін қолданғыңыз келетін құрылғыны таңдаңыз. Егер жүйелік дыбыс (әдетте колонкадан баратын) қана жазғыңыз келсе, "Устройство" ашылмалы тізімінен "System audio" таңдаңыз. Егер жүйелік дыбыс пен микрафоннан түсіндірме жазғыңыз келсе - "System audio + Microphone". Егер тек мирофоннан бартын дыбыс жазғыңыз келсе - "Microphone" таңдаймыз. 7) Өзгертулерді сақтау үшін OK кнопкасын басаып, "Параметры" терезесін жабасыз. 8) Жазба үшін аймақты таңдаңыз (Регион, Окно немесе Экран режимдерін пайдаланып). 4 – сурет – Түсіру терезесі 9) Жұмыс үстелінде сіздің іс-әрекетіңізді жазуды бастау үшін "Запись" кнопкасын немесе F2 клавишасын басыңыз. 10) Жазбаны тоқтату үшін "Стоп" кнопкасын немесе F2 клавишасын басыңыз. Сіздің жазбаңыз HyperCam-нің "Последние записи" терезесінде пайда болады. Енді сіз оны "Обзор" кнопкасын басу арқылы аша аласыз


59 және HyperCam Media Editor –да "Редактировать" кнопкасы арқылы өзгертулер еңгізе аласыз. Нұсқа № Тапсырма нұсқалары: 1. Word редакторында титулдық парақ жасаудың видеосын түсіріңіз. 2. Web парақ жасауда кесте құру видеосын түсіріңіз. 3. Web парақ жасауда фонға сурет қою видеосын түсіріңіз. 4. Word редакторында кесте құрып формула қою видеосын түсіріңіз. 5. Word редакторында сызба салу видеосын түсіріңіз. 6. Word редакторында диаграмма құру видеосын түсіріңіз. 7. Excel редакторында 1-тапсырма орындалуының видеосын түсіріңіз. 8. Excel редакторында 2-тапсырма орындалуының видеосын түсіріңіз. 9. Excel редакторында 3-тапсырма орындалуының видеосын түсіріңіз. 10. Excel редакторында 4-тапсырма орындалуының видеосын түсіріңіз. 11. Access-те кесте құру видеосын түсіріңіз. 12. Access-те сұраныс құру видеосын түсіріңіз. 13. Access-те форма құру видеосын түсіріңіз. 14. Access-те есеп беру құру видеосын түсіріңіз. 15. Access-те кестелер арасында байланыс құру видеосын түсіріңіз. 16. Web парақ фондық түс пен шрифт түсін беру видеосын түсіріңіз. 17. Web парақ құруда шрифттермен, абзацпен жұмыс жасауды түсіріңіз. 18. Web парақ жасауда кесте құру (кестені % сипаттаңыз) видеосын түсіріңіз. 19. Web парақ жасауда сурет қою(оң жаққа, сол жаққа, центрге) видеосын түсіріңіз. 20. Total Commander бағдарламасында архивация жасау видеосын түсіріңіз. Бақылау сұрақтары: 1. Видео файлдар қандай форматтарға ие болады?


60 2. HyperCam бағдарламасының ерекшеліктері және қандай басқа бағдарламалар білесіз? 3. Суретті импорттау деген не? 4. Экран өлшемін қалай өзгертуге болады? 5. Windows Movie Maker бағдарламасының мүмкіндіктері. 6. Windows Movie Maker-де суретті қалай қоямыз? Есеп мазмұны 1. Жұмыстың мақсаты. 2. Тапсырманы орындау кезінде пайдаланған амалдар мен құралдарды сипаттау. 3. Қорытынды. 4. Бақылау сұрақтарына жауап беру. Зертханалық жұмыс №12 Тақырыбы: Smart-қосымшалармен жұмыс: Smart TV, SmartHub және т.б. Мақсаты: Smart-қосымшалармен жұмыс жасау дағдысына ие болу, Smart TV – бұл заманауи теледидар мен приставканы Интернетпен байланысатын жаңа орта. Бұл Интернетке қол жеткізу арқылы көретін фильмдер, сериалдар және де басқа бағдарламаларды көру мүмкіндігін береді. Smart TV кабельдік телеарналардың мүмкіндігін арттырады. Телевизиялық орта кең колданысқа ие болады. Кабельдік арналар стандартты арналармен шектелген, енді қолданушы өзіне қажетті видеофрагменттерін көре алады. Smart Hub – Samsung компаниясы шығарған фирмалық технология (сервис), ақылды теледидарларда қолданылатын әртүрлі мультимедиялық қосымшаларға қол жеткізу үшін және басқаруға арналған (сурет 1). Smart Hub сервисі орнатылған мультимедиялық қосымшалармен де сонымен қоса алыстағы серверлер арқылы да бағыттауға мүмкіндік береді. 1-сурет - Samsung Smart Hub Жұмыстың мазмұны Тапсырма 1 - SMART-TV SAMSUNG баптауын және Интернет желісіне қосуды сипаттау. - Әртүрлі мультиймедиялық қосымшаларға және Smart Hub сервисі арқылы қол жеткізуді толық сипаттау.


61 Тапсырма 2 Қазақстандық мобильдік қосымшаларға талдау жүргізу : Метрополитен Алматы, eGov, MyKazpost. Тапсырма 3 - Өз ұялы телефоныңдағы Play-Market мобильді қосымшасы арқылы Sound Meter қосымшасын жүктеп компьютерлік сыныптағы шудың деңгейін өлшеу. - Өз ұялы телефоныңдағы Play-Market мобильді қосымшасы арқылы Light Meter қосымшасын жүктеп компьютерлік сыныптағы жарықтың деңгейін өлшеу. - Өз ұялы телефоныңдағы Play-Market мобильді қосымшасы арқылы Smart Ruler қосымшасын жүктеп компьютерлік сыныптың көлемін өлше. Есепберу мазмұны 1. SMART-TV SAMSUNG баптауын сипаттаңыз. 2. Описание доступа к различным мультимедийным приложениям, и управления через Сервис Smart Hub. 3. Смартфонға арналған Қазақстандық мобильдік қосымшалардың талдауының нәтижесі. 4. Берілген үш тапсырмалардың орындалу нәтижесі. Бақылау сұрақтары 1. Smart TV деген не? 2. Smart Hub деген не? 3. Заманауи смартфондарда қандай мүмкіндіктер бар? 4. Proximity Sensor қандай қызмет атқарады? 5. Смартфондағы гироскоп қандай қызмет атқарады? Зертханалық жұмыс №13 Тақырыбы: Электрондық үкіметтің сайтында қызметтермен жұмыс: http://egov.kz/cms/ru/government-services/for_citizen: өтініштерді тіркеу, құжаттардың дубликаттарын беру және т.б. Мақсаты: Электрондық үкіметпен онлайн түрде өтініш беріп үйрену. Тапсырма 1. ҚР ҰКО электрондық цифрлық қолтаңба алу үшін онлайн өтініш беру 1. Электрондық цифрлық қолтаңба алуға өтініш беру үшін http://www.pki.gov.kz/cms?host=ru-ekey&path=/fizlic/fizegov сілтемесіне ауысу керек, ашылған терезеден «ЭЦҚ алуға өтініш беру» тетігін басыңыз Ескерту: Бұған қоса өтініш беру үшін сіз http://egov.kz/wps/portal/EDSRegistration?lang=ru сілтемесіне өте отырып, «Электрондық үкімет» порталын пайдалана аласыз.


62 2. Ары қарай Сіздің компьютеріңізде қажетті бағдарламалық қамтамасыз етудің бар жоқтығын тексеретін терезе ашылады, қандай да бір бағдарламаның жоқтығы туралы қателік орын алған жағдайда Сізге «БҚ орнату жөніндегі нұсқауға» қайта оралу қажеттігі туындайды. 3. Егер бәрі сәтті болса, «ары қарай» тетігін басамыз 4. Келесі қадамда өзіңіздің кім екеніңізді, «жеке тұлға» немесе «заңды тұлға» болып табылатындығыңызды таңдайсыз 5. Ары қарай сертификатта көрсетілетін өзіңіз туралы мәліметтеріңізді толтырасыз. ЖИН – Жеке идентификациялық номер (жеке куәлік және жаңа төлқұжатта) 6. ЖИН енгізген соң «Дерек қордан тексеру» тетігін басу қажет 7. «Аты-жөні» және «Әкесінің аты» жолдары автоматты түрде толтырылады. «Электрондық пошта» жолын толтырып, «ары қарай» тетігін басамыз 8. Келесі қадамда ҚР ҰКО-ның Тіркеу орталығын көрсету керек, Тіркеу орталығының өтініш берушінің құжаттарын ұсыну үшін қажеттігін білу маңызды, сондықтан оны өзіңіз тұратын мекен-жайыңыз бойынша көрсеткен және сосын «Ары қарай» тетігін басамыз. 9. Келесі терезеде Сіз енгізілген мәліметтерді тексеріп, құрылған өтінішті таңдалған ҚР ҰКО Тіркеу Орталығына жібереміз Сіз оларды «Мәліметтерді түзету» тетігіне баса отырып жөндей аласыз. 10. Арықарай Сіздің өтінішіңіздің номері жазылған терезе ашылады, өтінішті басып шығарыңыз және қол қойыңыз, өтініш беру аяқталды. Енді Сізге қажетті құжаттарды Тіркеу Орталығына өткізу керек. 11. Кейін өтініш беру кезінде Сіз көрсеткен электрондық мекен-жайға сертификатты орнатуға сілтеме берілген хат келеді. Сілтемеге өтіңіз.


63 Тапсырма 2 1. ЭЦҚ алған соң, адрестік анықтамаға өтініш қалдырыңыз. Келесі сабаққа сол анықтаманы шығарып ала келіңіз. Бақылау сұрақтары 1. Электронды үкімен қызметі. 2. ЭЦҚ қандай жағдайда қолданылады? 3. Қандай мүмкіндіктерін жиі қолданасыз. Зертханалық жұмыс №14 Тақырыбы: Moodle, eDX және т.б. қашықтықтан оқыту ортасында сабақтың құрылымы мен мазмұнын әзірлеу. Мақсаты: Қашықтықтан оқытудың мүмкіндіктерін үйрену. Файлдарды жүктеп, тапсырмаларды жіберуді үйрену. ҒЗИ ЭОТ (Электронды оқыту технологиялардың ғылыми зерттеу институты) Web- порталында жоспар бойынша курсты үйрету (факультеттер, кафедралар) қашықтықтан үйрету курстары бар. Дистанциялық курстердiң өңдеуiнiң идеологияларының болжамдарына сәйкес интернет-түрі көрсетiлген жұмыстар үшiн аналогi негізі интернет арқылы ыңғайлы болып табылады. Электрондық курстi жасау үшiн негiзінде электрондық үйретушi программа (ЭҮП) құралы қызмет көрсетуi керек. Интернет-болжам төмендегiдей көрiнедi: барлық семестр курсi 2 бөлікке бөлінеді, яғни олар модулдар деп аталады. Содан соңы әрбiр модулдың аяқтауының мерзiмдерi анықталады және бақылау нүктелерiмен белгiленедi. Әрбiр модул iскерлiк сараптау үшiн қажеттi келесi материал қажеттi болуы керек: а) теориялық материал: модулдың аяқтауы уақытына дейін студентпен талқылануы керек болған теориялардың бiр бөлiгi; б) форум - семинар: оқытушы қосып жасалған талқыланылған теориялық материалдардан өте маңызды және қызықты есептер және сұрақтарының талқылауы болып табылады. Форумдағы қатынастары оқытушылармен бағаланады; в) жаттығу тапсырмалары(зертханалық жұмыстар, бақылау жұмысы). Iстелiнген жұмысы (zip немесе rar) қапталған түрде, (өткiзудi интерфейс арқылы, түсiнiктi порталда) http-ның арқылы немесе e-mail арқылы студентерге жөнелтедi; г) чат: мысалы, оқытушылар және студенттер белгiлi бiр уақытқа аттестациялық немесе емтихандық тест бойынша консультация үшiн сұраққа бойынша консультация үшiн порталға қандай болмасын шығады; д) тест: талқыланылған материал бойынша шекара бақылау үшiн қолданылатын тестiлiк сұрақтары. Тестеу модулдың ағымында соңғы он күндерi жүргiзiледi; е ) курстық жұмыс немесе (тапсырма, әдiстемелiк нұсқау, орындаудың мерзiмдерi) курстық жоба;


64 ж) электрондық аттестациялық тiзiм (рейтинг-парақ, т.ғ. өйткенi студенттiң бағаларының кестесi). UNIX те, Microsoft Windows-тiң ортасында да ЭҮП HTML-ның тiлiнде жасалынады, өйткенi олар жасалады үйреншiктi қосымшалармен қатар қолданамыз жазуда қарапайым болады, және құруға мүмкiндiк бередi және тығыз мультимедиа электрондық үйретушi программа құрал жақсы рәсiмделген. Құжаттардың түпнұсқасы оқу және түзетудi кiргiзетiн және электрондық үйретушi программа құралдар үнемi жаңартуға оңай мүмкiндiк берген редакциялау үшiн ашылған. Бұдан басқа, барлық iшiндегiсi курстер көз мөлшерiмен интерфейс арқылы толық жасауға болады. Әрбiр курс бiр немесе бiрнеше оқытушылар жетекшiлiк ете алады. Курска оқытушыларын тағайындауға (курстердiң жасаушысымен бұл пән қамтамасыз ететiн кафедрада дейiн жауапты ұйымға белгiленедi) әкiмшілдік және курстердiң жасаушылары тағайындала алады. Өз курсiндегi әрбір оқытушысы порталдан қолданушыларының тiзiмiнен жаңа оқытушыларын таңдап алуға және қосуға мүмкіндік береді. Электрондық курстегi әрбiр модул үшiн студенттiң жұмысының интегралды бағасын есептелетiн бақылау нүктесi анықталады. Интегралды бағада лабораториялық жұмыстарда, форумдарға араласуға бағаларды есепке алынады - сонымен бiрге баға тестеудiң нәтижелерi бойынша семинарлар, курстық жобаның бөлiмдерiнiң өткiзуiне баға беріледі. Сайып келгенде, Moodle-ның дистанциялық үйренуiн ортасы қазiргi уақытта үнемi дами үстінде және озық болып табылады. Оны оқу-әдiстемелiк кешендердiң өңдеушiсiне барлық қажеттi қорлар және бақылаудың құралын қолдануға мүмкiндiк бередi. Айтылғандай Moodle үйренудi батыс үлгi бағдарлалған жүйе болып табылғанын қорытынды жасауға болады: тыңдаушылардың бiрнеше топтарының бiр курсiнiң зерттеуi, осы уақытта отандық ЖОО-ның оқу барысын ұйым және басқару үшiн, дистанциялық үйренуiн жүйе бағдарлалған басты қолдану оқу топтарына болуы керек. Тапсырма: 1.Moodle бағдарламасы арқылы тапсырманы жүктеп алып, орындап оны оқытушыға жіберіңіз. 2. Форумға қосылып өз ойынызда сұрақ болса сұрақ қойып, жауабын алыңыз. Бақылау сұрақтары: 1. Moodle бағдарламасының қажеттілігі. 2. Чат қызметінің мүмкіндігі. 3. Қаншалықты жиі және кең қолданыстағы бағдарлама? Зертханалық жұмыс №15 Тақырыбы: Кәсіби салада қолданбалы бағдарламаларды орнату және пайдалану.


65 Мақсаты: Кәсіби салада қолданбалы бағдарламаларды орната білу және онымен жұмыс жасай білу. Қолданбалы бағдарлама (Windows ортасындағы) (Приложения Windows; Windows application) — Windows операциялық жүйесі негізінде жұмыс атқаратын қолданбалы бағдарлама. Мұндағы графикалық интерфейстің ұйымдастыру ережелері, мәзір жүйесінің, диалогтық терезелерінің пішімдері Windows қолданбалы бағдарламаларының барлығына бірдей (мәзірдің көрінісі және орналасуы, тінтуірді және пернелерді пайдалану ережелері және т.б.) болады. Қолданбалы бағдарламалар дестесі(Пакет прикладных программ; application program package) — белгілі бір саладағы мәселелерді шешуге арналған бағдарламалар мен оларды пайдалану тәсілдерінің жинағы. Олар магниттік дискілерде немесе таспаларда жазылып, компьютермен бірге жіберілуі мүмкін. Әрбір қолданбалы бағдарламалар бумасы нақты саладағы мәселелерді шешуге икемделген (мысалы, бухгалтерлік есеп, дифференциалдық теңдеулерді шешу, дизайнерлік және графикалық жұмыстар т.с.с.). Қолданбалы бағдарламалар дестесінің түрлері: 1. Мәтіндік редактор: MicrosoftWord, WordPerfect, AmiPro, Lexicon, WordPro, Write, WorelPerfect. 2. Графикалық: AdobePhotoshop, Paint, CorelDraw, PhotoStyler, AutoCacl, Компас. 3. Электронық кестелер: MicrosoftExcel, Improv, QuattroPro. 4. Дербес қорын басқару жүйесі: LotusApproach, DataEase, Paradox, MicrosoftAccess, FoxPro, Clarion, клиент-сервер, MicrosoftServer, Informix. 5. Аударма-бағдарлама: Stylus, Сократ, Промт, Сократ-Интернет. 6. Бухгалтерлік бағдарламалар: 1С: Бухгалтерия, Инфо-Бухгалтер, Турбо-Бухгалтер, 1С: Зарплата. CorelDRAW графиктік редакторы векторлық графиктермен жұмыс жасау үшін арналған және осыған ұқсас бағдарламалар арасында алдыңғы қатарға қойылады. CorelDRAW әйгілігі құрастыру құралдарының үлкен жиынтығымен, қолайлы ортасымен және алынатын бейнелердің жоғары сапалылығымен түсіндіріледі. Әсіресе CorelDRAW көптеген суреттерден, фотографиялардан және жазулардан тұратын иллюстрацияларды құру кезінде өте қолайлы. CorelDRAW көмегімен бейне компоненттерін керек орынға қою аса оңай. CorelDRAW бағдарлама пакетіне векторлы графика редакторынан басқа Corel Photo-Paint растрлік графика редакторы кіреді. Екі бағдарламаның интерфейсі өте ұқсас, ал мүмкіндігі бойынша олар бірін-бірі толықтырып отырады. Екі осы бағдарламаларды қолдана отырып, барлық күрделі графиктік жұмыстарды орындауға болады. Кодтаудың векторлық тәсілінде сурет жеке объектілер түрінде ұсынылады (сызықтар, эллипстер, тіктөртбұрыштар және т.б.), олар компьютер жадысында математикалық формулалар және геометриялық абстракциялар түрінде сақталады. Мысалы, дөңгелекті кодтау үшін оны жеке пиксельдерге бөліп керегі


66 жоқ, ал оның радиусын, центрінің координатын және түсін еске сақтаса болды. Математикалық формулалардың көмегімен аса алуан түрлі формаларды сипаттауға болады. Аса күрделі суретті салу үшін бірнеше қарапайым фигураларды қолданады. Яғни векторлық форматтағы кез келген бейне бір-біріне тәуелсіз түрде редактрлеуге болатын құрамдас бөліктердің жиынынан тұрады. Бұл бөліктер объектілер деп аталады. Жұмыстың мазмұны: 1-тапсырма. Corel Draw графикалық редакторы. Кескіндердің көмегімен сурет салу. Контурдың тиімділігін пайдалану (7.1-сурет). Суретті салу үшін келесі қадамдарды орындаңыз. Құрама кескіндерді құру керек: 1. Эллипс. 2. Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш. 3. Эллипс (шеңбер). 4. Екі бірдей шеңбер. 5. Үш нүктелі көпбұрыш (полигон). Суретте көрсетілген кескінді (каркас) салыңыз. Орындалу реті объект номерімен сәйкес келеді: 1-объектіні қою қоңыр бояуға баяңыз. 2 және 3 объектілерді Weld командасымен біріктіріп, алдынғы көрініске қоямыз. Interactive Fill Tool құралының көмегімен ашық түсті қоңырдан қою түсті қоңырға ауысатын радиалды градиентпен бояймыз. Жиегін алып тастаймыз. 4- объектті қара түске боялады, жиегі алынады. 5-объект қара сұр түске боялады, жиегі алынады. Pick құралдың көмегімен барлық объектілерді қосып топтастырамыз (Ctrl+G). Мұртшаларды бояуға кірісеміз. Point Curve Tool 3 құралын таңдаймыз (үш нүкте бойынша қисық). Бұл құралдың атқаратын қызметі алдынғы құралдарда айтылғандай. Үш нүкте бойынша тіктөртбұрыш және үш нүкте бойынша Эллипис. Алдымен (тышқанның сол жағымен екінші нүктені ұстап тұрып) қисық нүктені белгілеңіз, сондан кейін үшінші нүктеге кішкентай имек жасаңыз. Мұртшаның ұшына кішкентай эллипсті орналастырып, қара түске бояу қажет. Жасалған сол мұртшаны топтастырамыз. Объектіні көшіріп, көлденеңінен қойыңыз. Оң жақ мұртшаны толығымен симметриялы болу үшін бұрыңыз.


67 Барлық объектілерді тағы да топтастырамыз. Қанаттарын жасауға кірісеміз. Polyline немесе Pen көмегімен сол жақ қанатын жасаймыз. Барлық сегменттер кәдімгі түзу сызық. Shape аспабымен қанатшаның жоғарғы жағын бөліп аламыз. Select All Nodes панельден кнопканы басамыз(барлық жүйелерді қосамыз). Осы жерден 70 дейін (Curve Smoothes) созу белгісін орнатыңыз. Қанатшаның жоғарғы бөлігі жасалып келеді. Осы оперцияна қанатшаның төменгі бөлігіне Curve Smoothes 80 дейін орнатыңыз. Жоғарғы жағын қызғылт сары түске боялады. Төменгі жағын ашық түске бояңыз. Қанатшаларды ашық түстерге бояу қажет. Ол үшін (интерактивті контур) Interactive Contour құрал көмегімен (анықтама: Интерактивті контур). Қанатшаның жоғарғы жағына бұл құралды қолданамыз. Төменгі суреттегідей панельдің параметрлерін белгілейміз. Оң жақ тышқанмен жоғарғы жақтағы түстер палитрасын аламыз. Аналитикалық үлгіде қанатшаның төменгі жағы алынады. Сізде мынандай сурет пайда болуы қажет. Екі бөлік қанатшаны топтастырып денесіне орнатамыз. Содан кейін «арқы жаққа» қоямыз.


68 Pick құралымен сол жақ қанатын белгілеңіз. Scale палитраны шақырамыз (басқа тізім арқылы Arrange-Transformations-Scale немесе Alt+F9 клавишасымен). Суреттегідей көлденең параметрлер орнатамыз. Apply to Duplicate кнопкасын басыңыз (дубликатқа қолдану). Pick аспабымен оң қанатын денесіне жақын орналастырамыз. Көбелектің барлық денесін бірге топтастырамыз. Біздің көбелек дайын. 1-сурет – Тапсырма нәтижесі 3-тапсырма. Corel Draw графикалық редакторы. Нұсқа бойынша тапсырманы орындаңыз. 15.1-кесте – Тапсырма нұсқалары Нұсқа № Тапсырма 1 Өз мамандығынның белгісін (эмблема) сал. 2 ЖОО белгісін сал. 3 Өз қалаңның белгісін сал. 4 Авиакомпанияның логотипін салу. 5 «Информатика» кафедрасының белгісін сал. 6 Сауықтыру кешенінің белгісін сал. 7 ЖШС «Әуежай» есімхатын (визитка) сал. 8 «Информатика» пәнінің логотипін сал. 9 ЖШС «Автокөлік сату» есімхатын сал. 10 Құрылыс фирмасының белгісін сал. 11 «СПОРТТЫҚ КЛУБ» белгісін сал. 12 Фитнес клубының есімхатын сал. 13 «КОМПЬЮТЕР КУРСЫ» есімхатын сал. 14 «Кеңсе заттары» есімхатын сал. 15 «Тұрмыстық техника дүкені» белгісін сал. 16 «Қызмет көрсету» белгісін сал. 17 «Туристік агенттік» белгісін сал. 18 «Менің қалам» белгісін сал. 19 «Оргтехника дүкені» белгісін сал. 20 «Демалыс орны» белгісін сал Есеп мазмұны 1. Жұмыстың мақсаты.


69 2. Тапсырманы орындау кезінде пайдаланған амалдар мен құралдарды сипаттау. 3. Қорытынды. 4. Бақылау сұрақтарына жауап беру. Бақылау сұрақтары 1. Графика түрлерін атаңыз. 2. Түстік модельдер. 3. Пиксель деген не? 4. Растрлі графиканың қолдану аясы. Глоссарий Информатика – ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым. Компьютер – әмбебап есептеуіш машина Монитор – ақпаратты шығару құрылғысы Пернетақта – ақпаратты енгізу құрылғысы Жүйелік блок - ақпаратты өңдеу және сақтау құрылғысы Аналық тақша – жүйелік блоктың басқа құрылғылар жалғанған негізгі бөлігі Процессор – жүйелік блоктың «миы». Көбіне оның жылдамдығына компьютердің жұмыс өнімділігі тәуелді Жедел жады – компьютерде деректерді уақытша сақау жады Қатты дискі – ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы Видеокарта – жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғы Дыбыс картасы – компьютерде дыбыспен жұмыс жасау үшін қажет Желілік карта – компьютерді басқа компьютерлермен желі арқылы біріктіру үшін немесе Интернет желісіне қосылу үшін керек Дыбыс колонкалары – дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы Принтер – ақпаратты компьютерден қағазға басып шығаруға арналған құрылғы Модем – компьютерді жай телефон желісіне қосуға арналған құрылғы Операциялық жүйе – компьютердің жұмысын басқаратын басты программа Жарлық – нысанға қолжетімділікті жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткіші Графикалық редактор – графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа Paint (ағылшынша сурет, сурет салу) – растрлық ( нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор Сканер – мәтіндік және графикалық ақпаратты оптикалық оқу тәсілі арқылы компьютерге енгізуге арналған құрылғы Файл – белгілі бір атпен аталған дискідегі біртекті мәліметтер жиыны


70 Библиографиялық тізім 1. Послание Президента РК - Лидера нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстан в новой глобальной реальности: рост, реформы, развитие» от 30 ноября 2015. 2. Молдабекова Б.К. Информатика. Оқу құралы - Қарағанды: ҚҚЭУ, 2016. 3. Макарова Н. В., Матвеев Л. А., Бройдо В. Л. и др. Информатика / Под ред. Макаровой Н. В. М., 2010. 4. Симонович С.В. и др. Информатика. Базовый курс: учебное пособие для высших технических заведений. - СПб: Питер, 2011. 5. Дейтел Х.М., Дейтел П. Дж., Чофнес Д.Р. Операционные системы. Часть 1. основы и принципы; Бином - Пресс - Москва, 2011. 6. Баранова Е.К., Бабаш А.В. Информационная безопасность и защита информации: учеб. пособие. - 2-е изд.- М.: РИОР: ИНФРА-М,2014. 7. Омарова Ш.Е. Информатика. Учебное пособие. - Караганда. КЭУК, 2016. 8. Омарова Ш.Е. Основы информационных систем. Учебное пособие. - Караганда: КЭУК, 2013. 9. Джумагалиева А.М., Нургазинова А.Ж., Смаилова Л.Қ, Күлмүратова А.Ш., Информатика: ақпараттық жүйелер, Оқулық / Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. - Алматы: ЖШСРПБК «Дәуір», 2011. 10. Мадешова А.Б., Габдуллаев Д.Г. Компьютер архитектурасы: оқулық/ Қазақстан Білім және ғылым министрлігі. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. 11. Мырзабекова Г.Е., Күлмұратова А.Ш., Смаилова Л.К., Тәжібай Л.К., Интернет технологиясы. Оқулық / Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. - 191б. Иртегов Д.В. Введение в операционные системы: учеб. пособие. - СПб. БХВ -Петербург, 2012. 12. Грибанов В.П., Дробин С.В., Медведев В.Д. Операционные системы. - М.: Финансы и статистика, 2012. 13. Шаньгин В.Ф. Информационная безопасность компьютерных систем и сетей: Учебное пособие. -М.: ИД ФОРУМ, НИЦ ИНФРА-М, 2013. 14. Буда М.К. Архитектура компьютерных систем. Учебник. -Минск:2009 15. Горнец Н.Н, Рощин А.Г., Соломенцев В.В. Организация ЭВМ и систем - М.: Академия, 2010. 16. Бабаш А.В. Информационная безопасность. Лабораторный практикум: учеб. пособие. - М.: КНОРУС, 2013.


Click to View FlipBook Version