ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫММИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ
ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ:
ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ПРАКТИКА
(эссе, мақала, сыни пікір, т.б)
(ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ)
АҚТӨБЕ
2020 жыл
1
ӘОЖ 373
КБЖ 74.26
Ж 18
Пікір жазғандар:
Қондыбай К.Ә. – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік
университеті, ф.ғ.к., доцент
Сүгірбаева А.С. – Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының
Тілдерді оқыту орталығының әдіскері, п.ғ.магистрі
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының
филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институтының 30.01.2020 жылғы сараптау кеңесінің № 39 хаттамасы
шешімінің негізінде баспаға ұсынылды.
Сугурбаева А.С. - «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты кафедрасының
аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Қоңқабаева Г.Қ. -
Ақтөбе қаласы №15 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Жазба
жұмыстарының түрлері: теория және практика (эссе, мақала, сыни пікір,
т.б) әдістемелік құрал. – Ақтөбе: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының баспа
бөлімі 2020, – 85б.
Бұл әдістемелік құралда қазақ тілі сабақтарындағы жазылым (эссе, мақала,
сыни пікір және т.б.) түрлері, олардың тәрбиелік мәні мен қысқаша
сипаттамасы жинақталған. Сонымен қатар оқушыларды аталған жазу
жұмыстарына жетелеудің ұйымдастыру-әдістемелік нұсқауы берілген.
Әдістемелік құрал жалпы орта білім беретін мектептердің қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімдеріне әдістемелік құрал ретінде пайдалануға арналған.
ISBN 978-601-7954-56-7 ©«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ, 2020
2
АЛҒЫСӨЗ
Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – білім сапасының
деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Ол үшін қазіргі заман талабына сай
мемлекеттік тілде меңгеруде жаңа технологияларды, ұтымды әдіс-тәсілдерді
пайдалану, білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару еліміздегі ең
маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі болып отыр.
Сондықтан да, қазіргі заман талабына сай білімді, жан-жақты дамыған, рухани
бай жеке тұлғаның қалыптасуында жазылым жұмыстарының маңызы ерекше.
Осы ретте, қазақ тілі мен әдебиетті оқыту барысындағы негізгі міндеттердің
бірі – оқушыларды көркем де сауатты жазуға дағдыландыру, еркін ойлауға,
қиялдай білуге, алған мол теориялық білімдерін практикада қолдана білуге
үйрету, шығармашылық шеберліктерін шыңдап, өз бетінше ізденуге баулу
болып табылады.
Жазылым өркениет талаптарына мүлткісіз жауап беретін жаңа адам үлгісін
тәрбиелейді. Жазылым – мен – автор, сен – оқырман логикалық тізбегі
бойынша суреттелетін күрделі шығармашылық іс-әрекет. Ол адам санасындағы
күрделі жаңғыру үдерісімен астаса жүріп отырады. Педагог-ғалым Серік
Мақпырұлы жазба жұмысын жүргізудегі педагогикалық мақсатты «Таптаурын
ойлаудан творчестволық ойлауға тәрбиелеу, өмір, қоғамдық даму, тарих,
адамдық асыл қасиеттер хақында өзіндік ой түюге, азамат ретінде толғануға
баулу, тіл, ой байлығын молайтудың, сезім сергектігін тәрбиелеу жолы» деп
қарастырады. Оқушы ұғымына оңай, тіліне жеңіл тиетін көркем туындылардың
тәрбиелік құндылығы жоғары болмақ, ал аталмыш шығармалар оқу үрдісінде
тиімді амал-тәсілдермен меңгертілсе, білім берудің ізгілік,адамгершілік
бағытындағы ұстанымдары жүзеге асады. [1;82].
Қазіргі таңда мектепте жазылым тәжірибесінде оқушыларды
шығармашылыққа бағыттау, ізденуге баулу мақсатында белгілі бір ақын-
жазушы туралы естелік, арнау өлеңдерін, эссе, мақала, аннотация, рецензия
жазу жиі пайдаланып келеді. Бұл, әрине оқушылардың белгілі бір қаламгер,
оның шығармашылығы туралы шағын әрі көркем, нақты жазу машығын
қалыптастырады. Қалай десек те, жазылым – оқушыны адамгершілікке,
ізгілікке баулудың құралы, ол – оқушының аналитикалық ойларын дамыту,
ойлаудың психикалық операцияларын: анализ-синтез, жүйелілік, салыстыру,
нақтыландыру мен жинақтауды жүзеге асыру, еркін де сыни көзқарасты
қалыптастыру, өзіндік позициясы мен жігері мол тұлғаны жан-жақты дамытуда
үлкен рөл атқаратын күрделі жұмыстың бірі.
Ұсынылып отырған бұл әдістемелік құрал Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігінің бекіткен «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті»
бағдарламасын басшылыққа ала отырып жасалды. Осы ретте оқушыларды
сауаттылыққа баулуда, егеменді еліміздің мәдениетті болашағын тәрбиелеуде
оң ықпал етіп, әдістемелік көмек болады деген сенімдеміз.
Авторлардан
3
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ
ЖАЗЫЛЫМ
«Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің
орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау
қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет».
«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 2017
жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса,
дағды да сондай қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл
оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және
әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді дәл осылай қолдану
оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды
құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді. ХХІ ғасыр дағдылары деген
ұғымның бірнеше анықтамасы бар. Бұл Бағдарламада Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) әзірлеген Құзыреттерді анықтау
және іріктеу жобасының шеңберінде жасалған құрылым қолданылады. Бұл
ретте құзырет «жай ғана білім мен дағдыдан анағұрлым күрделі. Ол белгілі бір
жағдайларда психологиялық ресурстарды (оның ішінде дағдылар мен өмірлік
ұстанымдарын) жұмылдыра және соған сүйене отырып, күрделі міндеттерді
шеше білу қабілетін қамтиды. Мысалы, тиімді қарым-қатынас құру қабілеті
жеке адамның тіл білуіне, ақпараттық технологиялар саласындағы тәжірибелік
дағдыларына және оның өзгелермен қарым-қатынас құра алуына сүйенетін
құзырет болып табылады». Жаңартылған оқу бағдарламаларында оқушылардың
бойында қалыптастыру көзделетін төмендегідей құндылықтар мен дағдылар
анықталған (1-кесте):
1-кесте. Құндылықтар мен дағдылар
Құндылықтар Дағдылар
*шығармашылық және сын *сын тұрғысынан ойлау;
тұрғысынан ойлау; • білімді шығармашылық тұрғыда қолдана
• қарым-қатынас жасау қабілеті; білу қабілеті;
• өзгелердің мәдениетіне және • проблемаларды шешу қабілеті;
көзқарастарына құрметпен қарау; • ғылыми-зерттеу дағдылары;
• жауапкершілік; • қарым-қатынас дағдылары (тілдік
• денсаулық, достық және айнала- дағдыларды қоса алғанда);
дағыларға қамқорлық көрсету; • жеке және топпен жұмыс істей алу
• өмір бойы оқуға дайын болу қабілеті;
• АКТ саласындағы дағдылар
Пән бойынша білім, дағдылар мен құзыреттіліктерді анықтайтын оқу
бағдарламаларын әзірлеу барысында жоғарыда келтірілген құндылықтар мен
дағдылар ескерілген. Мұны осы құндылықтар мен дағдылар қарастырылған
4
қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетінің оқу
бағдарламаларынан көруге болады.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:
- пән мазмұнын жобалаудың спиральділік ұстанымы, яғни білім мен
біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп
кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);
- таным заңдылығы мен пәндік амал-тәсілдердің неғұрлым маңызды
түрлері бойынша ойлау дағдыларының деңгейлеріне негізделген Блум
таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерерахиясы;
- білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық
мақсаттардың пәнішілік байланыстарын барынша ескеруге мүмкіндік беруі;
- бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланысты
жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болуы;
- бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сай
болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;
- оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрінде
технологияландыру болып табылады (Ұлттық білім академиясы, 2016).
Оқу бағдарламасының үйлесімділігі Жоғары көрсеткіштерге жеткен білім
беру жүйелерін талдау оқу бағдарламасының «үйлесімділігі» бүкіл елдегі білім
беру стандарттарын жетілдіру үшін аса маңызды болып табылатынын көрсетіп
отыр (Schmidt and Prawat, 2006). Оқу бағдарламасын жаңарту тұрғысынан
«үйлесімділік» оқу бағдарламасы қалай қабылданып, қалай іс жүзінде
орындалатынына қатысы бар барлық компоненттер бірлесіп әрекет етіп, бір-
бірін толықтырып, нығайтады дегенді білдіреді (Oates, 2010). Демек, оқу
бағдарламасының мазмұны, педагогикалық тәсілдер және бағалау тәсілдері бір
мақсатқа жұмылдырылуы тиіс (Roach et al., 2008).
«Қазақ тілі» пәні. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі және
Қазақстандағы мемлекеттік тіл мәртебесіндегі өзара қарым-қатынас құралы.
Қазақ тілі қазақстандық қоғам мен қазақ тілін ана тілі ретінде қолданатын әрбір
жеке тұлға өмірінде бірегей қызмет атқарады. Қазақ тілін функционалдық-
коммуникативтік және қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту тілдің
қоғамдағы маңызды қызметі мен рөлін саналы түрде түсінуге, тілдің табиғатын
ғылыми танымдық тұрғысдан түсініп меңгеруге, коммуникактивтік тілдесім
әрекетіндегі тілдік бірліктердің функционалдық қасиеттерін саналы түрде
қолдануға, әрбір тілдік бірліктің ішкі мағыналық иірімдерін түсініп қолдануға
дағдыландырады.
Жалпы білім беретін мектептерде «Қазақ тілі» пәнін оқытудың
мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға
қалыптастыру, сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана
білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі» пәні бірқатар маңызды мақсаттарды жүзеге асырады:
1) қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктерінде
коммуникативтік дағдыларды (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым)
сауатты қолдану дағдыларын қалыптастырады;
5
2) оқушылардың қазақ тілін күнделікті өзі еркін қолданып жүрген қарым-
қатынас құралынан енді оны құбылыс ретіндегі заңдылықтар негізінде танып-
білу дағдыларын қалыптастырады;
3) қазақ тілі жүйесінің құрылымын, тілдік бірліктерді және олардың
табиғатын танып- біледі;
4) тілдік бірліктердің қарым-қатынас құралы, ойды жеткізу, танымдық
құрал, ақпаратты сақтау құралы ретіндегі қасиеттерін функционалдық-
коммуникативтік бағдарда танып-біледі, соған лайықты машықтар мен
дағдыларды қалыптастырады.
«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы оқушының тілдік сауаттылығы мен сөйлеу
сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу
қабілетін дамытуды және оқушының ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын
жетілдіруді көздейді. Сонымен қатар, оқушыларға түсіну мен жауап беруді,
тілдесім мен аудиобейне материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын
білдіруді үйретеді. Көркем мәтін және жай мәтіндерге мақсатқа сай қорытынды
жасау, синтез, анализ жасау дағдыларын меңгертеді.
«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы функционалдық-коммуникативтік бағытқа
негізделіп құрастырылды. Ол оқушылардың тіл туралы түсініктерін тереңдетіп,
ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің маңыздылығы туралы түсініктерін
кеңейтеді.
«Қазақ тілі» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасы білім деңгейі жоғары,
ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше
білетін және шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу мәселесін жүзеге
асыруға маңызды үлес қосады. «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы
оқушысына қазақ тілін ана тілі ретінде тілдік қатынас және таным құралы
ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтін түзімдік қызметін танытуды,
тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құраудағы
заңдылықтарды үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің
нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін
меңгертуді көздейді.
Қазақ тілін пән ретінде оқытуда оқушылардың ұлттық дүниетанымын
кеңейтетін, шығармашылық ойлауға төселдіретін, айналадағы адамдармен
дұрыс қарым-қатынас жасауды үйрететін, оны тұлға ретінде әлеуметтендіруге
мүмкіндік беретін қазақ тілінің танымдық, қатысымдық және кумулятивтік
қызметтерін меңгерту, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу және
сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту басты нысана болып табылады .
«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған, өз
ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін және шынайы
өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу мәселесін жүзеге асыруға маңызды
үлес қосады.
«Қазақ тілі» пәнінің бағдарламасы негізгі орта мектеп оқушысына қазақ
тілін ана тілі ретінде тілдік қатынас және таным құралы ретінде оқытуды, сөз,
сөз тіркесі, сөйлемнің мәтін түзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің
табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құраудағы заңдылықтарды үйретуді,
6
тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді,
әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін меңгертуді көздейді.
«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы оқушылардың төмендегідей
дағдыларын қалыптастыруға және жетілдіруге бағытталған:
1) оқушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ретіндегі
мәртебесіне лайықты қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін танып-біледі;
2) қазақ тілінде тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым коммуникативтік
дағдыларын жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуді үйренеді;
3) өзінің ойын ауызша және жазбаша түрде сауатты құрауға, ауызша және
жазбаша түрде өз ойын жеткізуде әдеби тілдің нормаларын саналы түрде
қолдана отырып, сөйлеу барысында өзара қарым-қатынас жасау тәсілдерін
игеруге ұмтылады; қазақ тілін оқытуда тілді академиялық тұрғыдан оқытуды
көздейді: ол тәсіл қазақ тілінің грамматикалық құрылымын тереңдете түсінуіне,
жазба тілді дамытудың тұрақты дағдыларын қалыптастыруға, сол арқылы аса
жоғары сауаттылықты дамытуға бағытталды; ал коммуникативтік әдіс
қолданбалы бағытты ұстанады; бұл бағыт бойынша оқушылардың ауызекі
сөйлеу дағдыларын, ойын айшықты етіп беру шеберліктерін қалыптастыру
көзделеді; бұл оқушылардың ана тілін жан-жақты танып- білуіне ынтасын
туғызады;
4) қазақ әдеби тілінің фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық,
лексикалық, морфологиялық, грамматикалық, стильдік, пунктуациялық
нормаларын меңгереді;
5) тіл мен мәдениет арасындағы байланысты түсінеді; қазақ тілін ана тілі
ретінде меңгеру арқылы оқушылар алған білімін әлемдік мәдениетпен
ұштастыра алады; олар адамгершілік құндылықтарды таңдау, оған талдау жасау
және бағалау дағдыларын қалыптастыра отырып, кез келген жағдайдан шыға
білу дағдыларына ие болады;
6) әңгіме, поэзия, драма, сондай-ақ ғылыми және бұқаралық ақпарат
құралдары материалдарын (газет-журналдар) сын тұрғысынан оқи отырып, өз
түсініктерін дамытады; оқу арқылы танымдық дағдыларын арттыра отырып,
білім әлеміне жол ашады;
7) қазақ тілін меңгеру арқылы қоғамдық өмірге араласуға қажетті
жазылым, айтылым, тыңдалым, оқылым дағдыларын жағдаяттар жүйесі
негізінде дамытады; олар қазақ тілінде түрлі өмірлік жағдаяттарда еркін қарым-
қатынас жасайды, өзара пікір алмасады, көзқарастарын білдіреді, өз ойын
жүйелі де нақты жеткізе алады; қазақ тілінде берілген кез келген ақпараттарды
тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады; түрлі мәтіндерді
өздігінен түсініп оқиды; оқығаны бойынша өзіндік қорытынды жасап, ауызша
және жазбаша сөйлеу дағдылары арқылы тың идеяларын өзгелермен еркін
бөліседі.
«Қазақ тілі» пәні оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымы оқу
мақсаттарына негізделіп құрылған. Пәндік білімнің мазмұны коммуникативтік
әрекеттер мен коммуникативтік дағдыларға негізделген. Коммуникативтік
дағдылардағы оқу мақсаттары әр сынып деңгейіне сәйкес динамикалық даму
бағытында жасалған. Пән бойынша оқу мақсаттары мұғалім мен | 13 | Center of
7
Excellence оқушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды
жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты
көрсетеді:
1-бөлім. Тыңдалым және айтылым.
2-бөлім. Оқылым.
3-бөлім. Жазылым.
4-бөлім. Әдеби тіл нормалары.
Одан әрі негізгі бөлімдер дағды немесе тақырып, білім немесе түсінік
деңгейіне қарай бөлімшелерге бөлінеді. Сынып аясында күтілетін нәтижеге
қатысты айтқан кезде бөлімшелер оқу мақсаттарын айқындайды. Оқу
мақсаттары әрбір бөлімше бойынша ілгерілеуді білдіріп, мұғалімдердің
жоспарлауына және бағалауына, оқушылармен алдағы қадамдары туралы
ойларымен бөлісуіне мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23
тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына
сәйкес әзірленген.
«Тыңдалым және айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) болжау;
2) әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау;
3) мәтіннен ақпаратты анықтау;
4) негізгі ойды анықтау;
5)тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау;
6) сөйлеу мәдениетін дамыту.
«Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) ақпаратты түсіну;
2) мәтіннің стильдік ерекшелігін тану;
3) мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату;
4) мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу;
5) мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау;
6) оқылым стратегияларын қолдану;
7) әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.
«Жазылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) жоспар құру;
2) әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;
3) жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;
4) эссе жазу;
5) оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу;
6) мәтіндерді түзету және редакциялау.
«Әдеби тіл нормаларын сақтау бөлімі» келесі бөлімшелерден тұрады:
1) орфографиялық норма;
2) орфоэпиялық норма;
3) лексикалық норма;
4) грамматикалық норма;
5) пунктуациялық норма.
8
Жоғарыда көрсетілген бөлім мен бөлімшелердің ішінде нақтырақ
«Жазылым» бөліміне тоқталып өтейік.
5-9 сыныптарға арналған «Қазақ тілі» пәнінің «жазылым» бөлімі
бойынша базалық білім мазмұны:
5-сынып: мәтін бөлімдеріне (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) жоспар
құру, хат, хабарлама, жарнаманы жанрлық ерекшеліктеріне сәйкес жазу,
сюжетті суреттер негізінде әңгіме жазу, эссенің бөлімдерін меңгеру (кіріспе,
негізгі бөлім, қорытынды), мекен мен оқиғаны сипаттайтын не суреттейтін эссе
жазу;
6-сынып: әртүрлі жанрдағы мәтіндер жазу үшін жоспар құру, мінездеме,
өмірбаян, құттықтауды жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай жазу,
графиктік мәтін құрастыру, эссе жазу барысында абзацты жүйелі құрастыру,
«келісу, келіспеу» эссесін жазу, жинақы мәтін жазу, мәтіндегі орфографиялық
және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету,
редакциялау;
7-сынып: күрделі жоспар құру, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме
құрастырып жазу, графиктік мәтін түрінде берілген процесті сипаттап жазу,
дискуссивті эссе жазу, жинақы мәтін жазу, мәтін негізінде лексикалық
түзетулер енгізу, редакциялау;
8-сынып: тезистік жоспар құру, мақала, аннотация, тезис құрастырып
жазу, графиктік мәтіндердегі деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу,
аргументативті эссе жазу,бұқаралық ақпарат құралдары материалдары негізінде
стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап,
стильдік түзетулер жасау, редакциялау;
9-сынып: күрделі жоспар құру, әртүрлі жанрдамәтіндер құрастыру,
жағдаятты талқылау, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе), перифраз
тәсілдері арқылы жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу, тұтас емес (кесте,
диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу;
Оқыту мақсаттарының жүйесі бөлім бойынша әр сыныпқа берілген. Соның
ішінде «жазылым» бөлімі бойынша:
5-сынып 6-сынып 7-сынып 8-сынып 9-сынып
1. 5.3.1.1 6.3.1.1 7.3.1.1 8.3.1.1 9.3.1.1
Жоспар берілген әртүрлі әртүрлі
тақырып жинақталған
құру мәтінге сәйкес жанрдағы жанрдағы бойынша материалдар
кіріспе, негізгі мәтіндерді мәтіндерді материал негізінде көз-
жинақтап, делген мақ-
және жазу үшін жазу үшін тезистік сатқа сәйкес
қорытынды құрылымын құрылымын
бөлімдерді ескере ескере отырып, жоспар құру ауызша және
қамтитын отырып, күрделі жазбаша
қарапайым қарапайым жоспар құру мәтіндер
жоспар құру жоспар құру үшін күрделі
жоспар құру
2. 5.3.2.1 6.3.2.1 7.3.2.1 8.3.2.1 9.3.2.1
Әртүрлі жанрлық мақсатты
жанрлық жанрлық және жанрлық
жанрда ерекшеліктерінжәне стильдік стильдік ерек- және стильдік аудитория
9
мәтінде е сай ерекшеліктері шеліктеріне ерекшеліктері ның қызығу-
р ресімделуі мен не сай сай көркемде- не сай тілдік шылығын
құрасты құрылымын құрылымын гіш құралдар- құралдарды ынталандыру
ру сақтап, хат, сақтай ды орынды орынды үшін әртүрлі
жарнама, отырып, қолдана оты- қолданып, жанрда
хабарландыру мінездеме, рып, шағын мақала, мәтіндер
құрастырып құттықтау, мақала, нұс- аннотация, құрастыру
жазу өмірбаян қаулық, әңгіме тезис
құрастырып құрастырып құрастырып
жазу жазу жазу
3. 5.3.3.1 6.3.3.1 7.3.3.1 8.3.3.1 9.3.3.1
Жазба сюжетті ұсынылған мәтін құрылы- мәтін мәтін құры-
жұмыст суреттердің тақырып мын (кіріспе құрылымын лымын сақтай
арын (фотосуреттер) бойынша бөлім, жалпы сақтай отырып, бір-
әртүрлі желісі деректер мәлімет беру, отырып, неше график-
формад бойынша жинақтай детальді мәлі- графиктік тік мәтіндегі
а ұсыну әңгіме отырып, мет беру) сақ- мәтіндегі (диаграмма,
құрастыру графиктік тай отырып, (диаграмма, кесте) дерек-
мәтін графиктік мә- кесте) терді салыс-
(диаграмма, тін (шартты деректердің тыру, маңыз-
кесте, сызба) белгі, сурет, маңызды ды тұстары
түрінде сызба) түрінде тұстарын мен үрдістер-
құрастыру берілген про- анықтап жазу ді (тенден-
цесті сипаттап ция) анықтап
жазу жазу
4. 5. 3.4.1 6.3.4.1 7.3.4.1 8.3.4.1 9.3.4.1
Эссе эссенің кіріспе, эссе тақыры- эссе құрылы- эссе құрылы- эссе құрылы-
жазу негізгі, бынан ауыт- мы мен даму мы мен даму мы мен даму
қорытынды қымай, абзац желісін сақтап, желісін сақ- желісін сақ-
бөлімдерін түрлерін жү- тақырыпқа тап, мәселе тап, көтеріл-
сақтай йелі құрасты- байланысты бойынша ген мәселе
отырып, өзіне рып, көтеріл- берілген мәсе- ұсынылған бойынша екі-
таныс адамды, ген мәселе ленің оңтайлы шешімнің жақты пікірді
белгілі бір бойынша шешілу жол- артықшылы- немесе жағ-
мекен мен келісу- дары немесе ғы мен кем- даятты тал-
оқиғаны келіспеу себептеріне өз шілік тұста- қылау, біре-
сипаттап не себептерін көзқарасын рын салысты- уіне таңдау
суреттеп жазу айқын жазу ру, өз ойын жасап, өз
көрсетіп жазу (дискуссивті дәлелдеп ойын дәлел-
(«келісу, эссе) жазу деп жазу
келіспеу» (аргументати (аргументати
эссесі) вті эссе) вті эссе)
5. 5.3.5.1 6.3.5.1 7.3.5.1 8.3.5.1 9.3.5.1
Оқылы оқылым және оқылым және оқылым және оқылым және оқылым және
м және тыңдалым тыңдалым тыңдалым тыңдалым ма- тыңдалым
10
тыңда- материалдары материалдары материалдары териалдары материалдары
лым бойынша бойынша бойынша тірек бойынша мә- бойынша
материа негізгі негізгі ойды сөздер мен сөз тіннің баян- автордың
лдары ақпараттарды білдіретін тіркестерін дау желісін негізгі ойын
негізін- сақтай сөйлемдерді синонимдік сақтап, әр бө- сақтай оты-
қатармен
де жи- отырып, іріктей ауыстыра лігінен алын- рып, пери-
отырып,
нақы жинақы мәтін отырып, ған ақпарат- фраз тәсілдері
мәтін жазу жинақы мәтін тардан арқылы
(компре жазу жинақы мәтін жинақы мәтін жинақы мәтін
ссия) жазу (аннотация, (аннотация,
жазу тезис) жазу тезис) жазу
6. 5.3.6.1 6.3.6.1 7.3.6.1 8.3.6.1 9.3.6.1
Мәтінде мәтіндегі мәтіндегі мәтіндегі сөз- БАҚ мате- жазба жұмы-
рді орфография орфография дердің тақы- риалдары не- сын абзацтар
түзету лық қателерді лық және рыпқа сай гізінде стиль- мен бөліктер-
және сөздіктерге пунктуациял орынды қол- дік ауытқу- ге бөлу, ойын
редакци сүйене ық қателерді данылуын тек- ларды, орын- (ақпарат,
ялау отырып, түзету сөздіктерге, серу, синоним- сыз қолда- идея) дұрыс
және емле дік қатармен нылған сөз жүйелеп,
редакциялау ережелеріне ауыстыра оты- оралымдарын логикалық
сүйеніп, рып, лексика- талдап, стиль- түзетулер
түзету, лық түзетулер дік түзетулер енгізу,
редакциялау енгізу, жасау, редакция
редакциялау редакциялау лау
Тіл қарым-қатынас құралы болып табылады. Тілді оқытудың әдіс-тәсілдері
оқу ортасы мен мәнмәтінді ескере отырып, оқушыны тиімді білім алу үшін
ауадай қажет болып табылатын дербестікке ұмтылуға оң ықпал етуі тиіс.
Жазылым – бұл оқушылардан үйлесімді мәтін құру үшін көптеген күрделі
дағдыларды меңгеруді талап ететін міндет. Дегенмен, оқушылар өздері
меңгерген шеберліктерін үнемі көрсете бермейді, өйткені жазу барысында олар
өз назарларын басқа дағдыға шоғырландырғандықтан, айталық, бай сөздік
қорын көрсету мақсатында әдемі тілдік құралдарды қолданамын деп, тыныс
белгілерін назарсыз қалдыруы мүмкін.
Флауэр мен Хайс (1981) жазу үдерісін авторлар шығарма жазу кезінде
жүзеге асыратын ойлау үдерістерінің ерекше жиынтығы деп мәлімдейді;
иерархиялық тұрғыдан бұл өте көпдеңгейлі үдеріс, әрі ол үдерістер өзара орын
ауыстыра беруі мүмкін; жазушының бірнеше мақсаттарымен басқарылатын
ойлаудың нысаналы үдерісі болып табылады және жазушы өз еркіне қарай өз
мақсаттарын екі негізгі тәсілмен таңдайды: жоғары деңгейлі мақсат және
жазушының мақсатты қалай іске асыратынын көрсететін қосымша мақсат
белгілеу, екіншісі, жазу барысында үйренгендерін ескере отырып, мезгіл-мезгіл
басты мақсатты өзгерту немесе мүлде жаңа мақсат белгілеу.
Мұғалім жазу үдерісінің әр кезеңінде оқушыларға қолдау көрсетіп
отырады:
11
өз бетінше жазудың алдында – идеяны тұжырымдауға қолдау көрсетеді,
жоспарлаудың әртүрлі әдістерін модельдеп көрсетеді және бастапқы нұсқаны
(нобайын) жазу үдерісін ұйымдастырады;
жазу барысында – оқушылардың нақты іріктелген лексикалық
бірліктерді қолданғанын (тіркестерді таңдау), грамматикасы ережеге сай екенін
(мысалы, етістіктің шақтарын дұрыс қолдануы), сөздердің үйлесімдігін
(байланыстырушы сөздердің қолданылуы) қадағалайды;
жазып болғаннан кейін – жұмыстың алдын ала белгіленген
критерийлерге сәйкестігін тексереді, түзетеді, жетілдіреді, мәтін аудиторияға
сай келе ме, жоқ па, мақсатына сәйкес пе, жоқ па екенін анықтайды, жазудың
одан кейінгі кезеңдерін талқылайды, қажет болса, оқуды күрделендіреді.
Жазылым үдерісін жоспар-нобай-түзету-жетілдіру түрінде модельдей
отырып, әрі оқушыларға осы ретпен жұмыс істеуге жағдай жасай отырып,
мұғалімдер оқушыларға кідіріс жасап, жазылым жаттығуы үшін талап етілетін
барлық дағдыларға тоқталып, ойлануға мүмкіндік беретін жағымды ахуал
қалыптастырады.
Феррис (1997) оқушылардың өз жазба жұмыстарына сыныптастарынан
тікелей кері байланыс алуы олардың жазылым сапасына жағымды әсер ететінін
анықтады. Берг (1999) сондай-ақ тиімді жазылым үшін қайта қараудың оң
ықпалы зор екенін анықтады.
Мұғалім жетекшілігімен жүретін жазылымда да мұғалімдер белгілі бір
жазылым дағдыларын үйренуге жетекшілік етеді. Ол өз бетінше жазуға
төселуге көмектесетін құрылымдалған, редакциялау немесе бағамдау
мақсатындағы жазылым түрлері болуы мүмкін. Мұғалім жетекшілігімен
жүретін жазылым күнделікті қалыптастырушы бағалау барысында анықталған
оқушылардың оқуындағы «келесі қадам» тұрғысынан оқушылар тобына
бағдарланған әдіс болып табылады.
Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін жазылым барысында оқушыларға
жазылым үдерісінің түрлі сатыларында қолдау көрсетіледі.
Біліктілікті арттыру курсы кезінде тыңдаушылар мұғалім жетекшілігімен
жүретін жазылымды қалай тиімді қолдануға болатынын қарастырады:
- өз бетінше жазудың алдында идея тудыру үшін; мәтіннің бастапқы
нұсқасын жоспарлау және оны қағазға түсіру үдерісін модельдеу үшін; жаңа
сөздерді назардан тыс қалдырмау мақсатында тыныс белгілері қойылған
сөйлем құрылымдарын жасау үшін;
- жазбаша жұмыс орындау кезінде оқушылардың мейлінше нақты
жазуына қолдау көрсету үшін, айталық, тіркестерді таңдауға, құрмалас
сөйлемдерді қолдануға, сөздер мен сөйлемдерді дұрыс байланыстыруға
(сөздерді шағы, жағы және райы бойынша байланыстыру және т.б.); мәтіндегі
сөйлемдердің құрылымы мен байланысу тәсілдерін тексеруге көмектесу үшін;
- жазбаша жұмыстан кейін оқушылардың жұмыстарын бағалау
критерийлеріне сәйкестігін тексеру, редакциялау, тексеріп оқу, оқып отырған
адамға оның әсерін бейнелеу, жазылымның келесі қадамы қандай болуы
керектігін талқылау және қажет болса тапсырманың күрделілігін арттыру үшін.
12
Бірлескен жазылым әдісін қолдану арқылы мұғалім жазушы болу
дегеніміз не екенін көрсете алады: табысты жазушы болу үшін мәтінді
құрастыру, ауызша қайталау, оны жазу және қайтадан оқып шығу үдерістері
қамтылады, сонымен қатар, әртүрлі нысандарда, әдеби (әңгімелер мен өлеңдер)
және әдеби емес (ақпараттық мәтіндер) мәтін түрлерінде сөз, сөйлем және мәтін
деңгейінде жазылым жүйесі қандай рөл атқаратынын түсіндіру көзделеді.
Бірлескен жазылым әдісі қарастырылатын сабақ – оқытудың
интербелсенді түрі, онда мұғалім алдымен көрсетеді, содан кейін жазушы
рөлінде әрекет етеді; содан кейін оқушыларға қолдау ала отырып, мәтінді
құрастыруға мүмкіндік берердің алдында оқушылардың идеяларын жинақтап,
оларды толықтырып түзетеді. Мұндай тәсіл оқушыларға өздерін соншалықты
табысты сезінуге мүмкіндік береді, себебі жеке жұмыс барысында олар өздерін
бұлай сезіне алмайды. Бергер (2003) оқушыларға «жетістікке жақын екендігін
көруге мүмкіндік берілсе, бұдан кейін бұл оқушылар осыған дейін болғанындай
енді ешқашан болмайды. Олар өздерінің жаңа бейнесін, жаңа мүмкіндіктерін
көреді. Содан құлшыныс, алға ұмтылу туындайды» деп мәлімдейді.
Бірлескен жазылым арқылы мұғалім жазылымның мақсаты мен оған кім
қатысып отырғанына басым көңіл бөледі, сөйтіп нақты аудиторияға ықпал етіп,
нақты мақсатқа жету үшін қажетті көркем құралдарды, сөздік қорды және
сөйлем құрылымын анықтайды. Оқу жоспарында әрбір бөлім белгілі бір
аудиторияға арналған белгілі бір мақсатта жазылған мәтін түзуге бағытталған,
мысалы, 10.Б/С4. Әдеби шығарманы қазақ әдебиеті және әлем әдебиеті
үлгілерімен салыстыра талдап, мақала жазу (10-сынып). Біліктілікті
арттыру курсы кезінде мұғалімдер әрбір бөлім аясындағы жұмыстың мақсатын
және оның кімге бағытталғанын анықтауға, сонымен қатар, белгілі бір оқу
мақсаттары мен мәтін түрлерін ол мәтіннің мақсатымен және кімге
арналғандығымен байланыстыра отырып, осы мәліметтің барлығын бірлескен
жазылым жаттығуы орындалатын сабақты жоспарлауда қолдануға мүмкіндік
алады.
Анағұрлым тиімді мектептер арасында жүргізілген зерттеу барысында
Фратер (2002) анағұрлым табысты мұғалімдер мақсат пен аудиторияға баса
назар аударатынын анықтады:
«Мектептер бір қызық парадоксқа кезігіп отыр – бүкіл әлемде аса тиімді
тәсіл ретінде қарастырылып отырған «жазылым» үдерісі олардың назарынан
тыс қалған, ол мектеп аясында біршама жасанды көрінеді... біз оларды жазып
төселуге үйретудің орнына, шынайы мақсатқа жету үшін балалардан аз жазуды
сұраймыз. Мектептерде жүргізілген зерттеу осындай құрылымдық қиындықпен
күресуге ерекше назар аударуға ықпал етті: олар тапсырманы қызықты ете
отырып, мақсатты атап көрсету арқылы өз оқушыларының бұл жазбаның кімге
арналғаны туралы ойлануына ықпал ете алды».
13
ЖАЗЫЛЫМ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ-ТӘРБИЕЛІК
МӘНІ
Эссе - тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап,
өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар
мен түйіндеулерге құрылатын философияның, эстетиканың, әдеби сынның,
публицистиканың, көркем әдебиеттің жанры. Эссе табиғаты сыршыл сезімге,
тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады.
Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеист интеллектуалды байлығын,
аңғарымпаздылығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-
білгенін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе
сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір
жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қонымды,
таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән [2;378].
Эссе дегеніміз (фр. тіл. Essai –тәжірбие, лат.т. exagium – құрау) –
философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы
басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық
мәтін. Эссе жазылу мақсатына қарай оған қойылатын талаптар да әртүрлі
болады. Эссе жазушы мақсатқа сәйкес эссе түрінің талаптарын сақтап отырып
жазады.
Эссенің қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті емес. Эссе жеке
көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге негізделеді. Эссенің мақсаты – эссе
жазушының өзіндікік көзқарасын, сыни ойын жетілдіру, ұстанымын дәлелді
бекіту үшін жан-жақты білім алып, ақпараттық қарулану, тақырыпты
ашуда метатанымдық білігін тиімді қолдану, шығармашылық қабілетін
шыңдау, ой жүйелілігін реттеу, жазу түрлеріне қарай жазу тәсілдерін
таңдай біліп, эссе түріне қарай жазу стилін сақтау, ой жүйесінің бірізділігін
сақтаудағы сөз оралымдарын тиімді қолдану, шығармашылық жазбаларда
сөздік қорының байлығын дамыту, талдау жұмыстарында қажетті термин
сөздерді тиімді қолдану.
1. Сипаттамалық эссе. Сипаттамалық эссенің мақсаты адамның, жердің,
заттың немесе дебаттың бейнесін сипаттау болып табылады. Детальдар арқылы
оқырманға сипатталған затты елестеткізеді.
2. Анықтамалық эссе. Анықтамалық эссенің мақсаты дәлелдер, термин-
дер және (анекдоттар қолдану) арқылы берілген терминнің мағынасын ашу.
3. Шығармашылық эссе. Субъективтік көзқараспен оқиғаны сипаттау
және бірінші жақта, өткен немесе осы шақта жазылатын эссе түрі хабарламалық
эссе. Хроникалық реттілікте жазыла бермесе де, адамның тәжірибесі мен ойына
сүйенеді. Әңгімешінің ойын және субъективтіліктің жалпы белгілерін бейнелеу
– бұл эссенің басты мақсаты.
4. Салыстырмалы немесе кереғар эссе. Салыстырмалы немесе кереғар
эссенің мақсаты екі немесе одан да көп мәселелердің қарым-қатынастарын
тарқатып жазу. Жалпы, басты мақсат – жеңіл-желпі айырмашылықтар мен
ұқсастықтар табу жеткіліксіз екенін көрсету. Бірден көзге түсе бермейтін болса
14
да, олардың арасындағы маңызды айырмашылықтар мен қатынастарын терең
зерттеу нәтижесі көрсетеді.
5. Дәлелдеме эссе. Дәлелдемелік эссенің мақсаты – айтылған оймен
оқырманды көндіру. Оқырманның зейінін аудартып, қатаң дәлелдер көрсету
арқылы жазылады.
6. Аргументтік эссе. Аргументативтік эссе көбінесе қарама-қайшылық
тудыратын тақырыптарда жазылады. Аргументтер қолдайтын себептермен
бірге берілуі тиіс. Қарсы ойларды көрсету немесе оларды жоққа шығару – бұл
эссе типінің жалпы сипаттамасы. Аргумент деген не?
Аргумент дегеніміз – логикалық негіздемелер, мысалдар мен зерттеулердің
көмегі арқылы дәлелденген белгілі бір шешім
Аргументативті эссе – даулы тақырыпқа жазылған әдеби шығарма.
Басқаша айтқанда, «қосыламын» және «қарсымын» деген сияқты дау
тудырушы кейбір тезистерді қорғайды.
Аргументативті жазудың түрлері:
• Саяси
• Экономикалық
• Мәдени
• Білім беру
7. Әдеби эссе. Әдеби эссе басқа эссе түрлеріне ұқсамайды. Біріншіден, ол
әдеби шығармаларға негізделген. Екіншіден, автордың айтқысы келген
идеяларын болжап түсінуге негізделген, яғни түсіндірмені қажет ететін
пікірталас немесе жұмбақты табуды қажет етеді. Ол үшін тәжірибе керек.
Таңдаған шығармаңызға басқа көзбен қарасаңыз, ерекше қолданылған әдеби
жанрлар, күтпеген сюжеттер мен оқиғаларға, тіл ерекшеліктеріне толы болады.
Әдеби эссе – эссе түрлерінің ішіндегі ең күрделісі. Ол жазылу мақсатына қарай
әдеби-талдау эссе, әдеби-сыни эссе, әдеби-синтез эссе, әдеби-дәлелдеме эссе,
әдеби-салыстырмалы эссе, әдеби-шығармашылық эссе болып бөлінеді. Әдеби
эссенің әр түрінің жазу әдістері бар. Әдеби-талдау эссені туындыға талдау
жасай отырып жазады. Әдеби-сыни эсседе автор көзқарасына, автор бейнесіне,
автор үлесіне сыни көзқарасын, пікірін білдіріп жазады. Әдеби-синтез эсседе
бір тақырыптың бірнеше туындыдағы көрінісін талдай келе, шешім шығарады.
Шешіміне талдау жүргізе отырып, қорытындыға келеді. Әдеби-дәлелдеме
эсседе өз ұстанымын көрсете отырып, аргументтер арқылы дәлелдеп жазады.
Әдеби-салыстырмалы эсседе туындыны басқа туындымен және сол
туындыдағы кейіпкерлерді, оқиғаны салыстыра отырып, талдап жазады. Әдеби-
шығармашылық эсседе көркем туындыдағы оқиғаны өз шығармашылығымен
оқиға тудырып және кейіпкер рөліне еніп немесе оқиға уақытына, мекеніне
түсіп, сезімін, ойын, жай-күйін баяндап, сипаттап, суреттеп жазады.
8. Академиялық эссе. Академиялық эссе ұзақ және қысқа мерзімді
қамтиды. Зерттеу жұмыстарына ұзақ мерзімді академиялық эссе тән. Ұзақ
мерзімді академиялық эссеге кеңейтілген эссе түрі жатады. Оқушы
қызығушылығымен таңдап алған тақырыбына зерттеу жүргізеді. Зерттеу 1-1,5
жыл мөлшерін қамтуы мүмкін. Қысқа мерзімді академиялық эссе білім
алушының оқыған, талдаған, сараптаған білімін бағалау үшін беріледі. Қысқа
15
мерзімді академиялық эссе емтиханға бөлінген уақытта орындалады.
Академиялық эссе кез келген пәндер: жаратылыс, гуманитарлық, тіл, әдебиет
бойынша жазылады. Әр пән функционалдық міндетіне сәйкес білім алушының
білім нәтижесін бағалауға бағыттайды. Ана тілі мен әдебиеті пәндерінің
қорытынды аттестаттау емтиханында әдеби эссе жазады.
Публицистикалық жанрдағы жазылым
Мақала (орыс. статья, ағылш.article; entry, clause) - интернет желісінде
жаңалықтар тобының (newsgroup) хабарламасы, мәліметтер объектілерін
сипаттау формасы. Мақала - коғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған
публицистикалық жанрдағы шығарма. Ол 4 түрге бөлінеді. Осылардың
әрқайсысына жеке тоқталып, кеңірек сипатта беріп өтетін болсақ, алдымен, бас
мақалаға тоқталайық. Бас мақаланың стильдік құрамы да әртүрлі болып келіп,
жалпы ережелер, үндеу текстері, факті, мысал, цифрлармен, информациялармен
толықтырылады. Мұндай жағдайда аталған директивалық, публицистикалық,
информативтік факторлардың үлес-салмағы тең болуы, ара салмағы сақталуы
міндетті емес. Бас мақалаларда ұсақ проблемалар көтерілмейді, негізінен,
мемлекеттік, жоғары, аса жоғары деңгейдегі саяси, идеологиялық мәселелер
әңгіме арқауы болады. Сондықтан, бас мақалаларда қолданыс аясы тар арнайы
лексика, жергілікті тілдің сөйлеу ерекшеліктері, жаргондар, арготизмтер, бір
сөзбен айтқанда, әдеби тіл мөлшері шеңберінен шығып кететін элементтер
қолданысы шектеліп, олардың мөлшері барынша қатаң сақталуы негізгі
талаптардың бірінен саналады.
Проблемалық мақала - шешуді, тексеруді, зерттеуді қажет ететін
теориялық және практикалық мәселелерді көтереді. Проблемалық мақала –
әрбір мақалада белгілі бір дәрежеде көтерілген проблема болады да, солардың
ішіндегі кейбіреулері әдебиеттің алдында тұрған теориялық және практикалық
мәні зор, күрделі мәселерді қозғауымен де ерекшеленеді. Әдеби дамудың
барысында, кқркемдік ізденістердің нәтижесінде ескінің ескіріп, жаңаның
өмірге келуімен байланысты қанша жаңалықтар өмірдің есігін қағып жатады.
Осыладрдың ішінде қайсысы өмірдің талабына сай, орны қандай, нақты шешімі
қайсы деген сан алуан сауалдарға проблемалық мақала жауап береді. Демек,
әдеби өмірдің өзекті мәселелерін көтеріп, оны шешудің өзіндік жолдарын
ұсынып жазған мақаланы проблемалық мақала деп айтамыз. Проблемалық
мақалада әдебиеттің идеялық көркемдік-эстетикалық, адамгершілік, тілдік, т.б.
кесек мәселелері көтерілуі мүмкін. Мұндай мақалада әдетте әдебиеттің көп
мәселелері қамтылмай,нақты бір проблема төңірегінде ғана тереңінен,кеңінен
қамтыған салмақты әңгімме қозғалады.
Насихаттық мақала - ғылым, техника, өнер жаңалықтары заман
талабына сай бүгінгі өмірдің практикалық міндеттерімен байланыстырып
отырады.
Публицистикалық мақала - қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор
оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен
баяндайды.
Теориялық сыни мақала. Көбіне әдеби дамуда ғылыми жағынан қажет
болған құбылыстар,жаңалықтар болған кезде, соларды түсіндіру мақсатымен
16
жазылады. Теориялық материалдарды көбіне, «академиялық» сыншылар
жазады.
Ғұмырнамалық мақала. Мақаланың жиі кездесетін түрі болып табылады.
Бұл мақала жекелеген адамға арналған. Ол әдетте елгілі бір датаға байланысты
жазылады.
Ескертпе-мақала. Сирек кездесетін мақала түрі. Бұл мақалада немесе
әдеби жиында айтылған пікірлерге байланысты жазылады. Автор айтылған
пікірлердің кейбіреуіне келіспеуі, немесе қосымша түсіндірме, анықтама,
толықтыру беруі ықтимал. Яғни, ескертпе мақала мақаладан туындаған-
мақала, пікірден туындаған пікір. Мұндай мақалада бұрын айтылған пікір
қошталып, дамытыла түседі, қосымша мәліметтер келтіріліп, айтылған жәйт
кеңейе, тереңдей береді.
Айтыс мақала. Проблемалық мақала айтысқа (полемикаға) ұласуы
мүмкін. Өйткені, мұндай мақаланың өзегінде дискуссиялық,мәселе көтеріп
пікір айтушылық, не оны жоққа шығарушылық сарындары жатады. Айтыс
мақаланың басқалардан айырмашылығы- мұнда мәселе өткір қойылады,
нақтылы бір мәселе төңірегінде пікір барынша дәлелделінеді, немесе теріске
шығарылады. Осы мақсатына жету үшін ғылыми дәлелділік, публицистикалық
ұшқырлық, стиль саралығы барынша қолданылады. Өз ойын пірдің оғындай,
нысанаға дәл жеткізу үшін сөз мағынасының барынша анықтығын, бояуының
қанықтығын, бейнелілігін қажет етеді.
Мақала жазудағы негізгі әдістер:
1. Мақалаңыздың тақырыбын нақтылаңыз. Бір мақала тек бір
тақырыпты ашуы тиістігін ұмытпаңыз. Бірнеше нәрсені қозғап, негізгі
тақырыптан ауытқып кетуіңіз мүмкін. Ал бұл өз жолында мәтініңізді түсініксіз
етеді. Бір мақала - бір мағына, бір тақырып.
2. Тақырып қойыңыз. Тақырыбыңыз оқырман аудиториясын бір
қарағаннан-ақ қызықтыруы тиіс. Тақырып қою шеберлігі болса тіпті керемет.
Себебі, тақырып - мақаланың құрылымынан да маңызды. Тақырыпты ашатын
қысқаша үш-төрт сөйлем жазыңыз. Бұл тақырып таңдаудан кейінгі маңызды
қадам.
3. Мақалаңыздың негізгі фактілерін белгілеңіз. Факт, ой, мағына.
Осының бәрін парақшаға сөздермен түсіріп, жоспар құрыңыз. Сөйлеммен емес,
сөзбен. Енді жоспарыңызды оқып шығыңыз. Егер ол тақырыбыңызға сай
болып, мағынасын ашып тұрса, мақала жазуға кірісіңіз.
4. Әр сөздеріңізге (факт, ой, мағына) бір абзацтан арнаңыз. Барлық
абзацтың қалыңдығы (ұзақтығы) бірдей болған жөн. Себебі, оқырман мұндай
құрылымды тез әрі жеңіл қабылдайды.
Мақаланың құрылымы:
Кіріспе (негізгі ойға қысқаша тоқталу)
Негізгі бөлім
Қорытынды(негізгі ойларыңызды қорытындылаңыз)
5.Мәтіннен бос сөздерді алып тастаңыз. Сөйлемдер бастауыш пен
баяндауыштан басталғаны дұрыс. Түсінксіз сөйлемдерді ауыстырыңыз. Бір
сөйлем 6-7 сөзден тұруы керек.
17
6.Мақаланы дауыстап оқып шығыңыз. Стилистикалық қателер мен теріп
жатқан кезде кеткен қателерді жөндеңіз. Қайталанатын сөздерді алып тастап,
орнын синоним сөздермен толықтырыңыз.
Кейінгі кезде көлемі жағынан шағын әрі нақты бір ғана мәселе төңірегінде
ой қозғау, ой өрбіту мақсатында орындалатын жазылым түрлері жиі
қолданылып жүр. Оқушыларға бұл жұмыс түрін үйреткенде, мұғалім ең
алдымен ойды жеткізуге жеңіл, шағын материалдардан бастайды. Оқушы өзі
оқып танысқан шығарма, оның авторы туралы алған әсерін, сезім күйін, өзіндік
қорытындысы жөнінде нақты, әрі шағын көлемде жазып жеткізуге үйренеді.
Бұл ретте ой толғау, жыр толғау, сыр толғау, ақын немесе жазушы атынан хат
жазу, рецензия, аннотация секілді жазу жұмыстары әдебиет сабақтарының
ажырамас бөлігіне айналуда. Шығармашылық бағытта, әсіресе, оқушының
көркем де сұлу тілін дамыту мақсатында орындалатын жазбаша жұмыстардың
бұл түрлерін төмендегіше топтастыруға болады:
- Суретті үлестірме-тапсырмалар, иллюстрациялар, мінездеу өнері, сәулет
өнерінің туындылары арқылы суреттемелер, бейнелемелер, сипаттамалар
жаздыру (әрине, көркем туындыға байланысты, соны бейнелейтіндеріне).
- Музыкалық шығармалар бойынша шығарма-толғаулар жаздыру.
Мысалы, «Күй», «Күйші» поэмаларындағы жырланатын күйлерді тыңдата
отырып, оның сезім күйлеріне әсерін ақынның сөзбен жеткізе білуі. Сондай-ақ,
Қ. Аманжоловтың «Туған жер», т.б. әні бар шығармала негізінде де жаздыруға
болады.
- Ақын, жазушы атынан хат жазу, оларға сөзбен ескерткіштер қою (жазу).
- Табиғатқа, мұражайға, тарихи орындарға серуендету арқылы да жазба
жұмыстарын орындату.
- Ақын-жазушылар туралы естелік, баға, пікір негізінде аннотация,
рецензия жазғызу.
Оқушыларға бір тақырыпты ұсына отырып, мұғалім жазылым бірнеше
түрлерін орындата алады. Мәселен, 8-класта Махамбет Өтемісұлы
шығармашылығымен танысып болған соң, «Боз ағаштан биік мен едім...»
тақырыбында аннотация жазуға болады. Оқушыларды өз қалауларына қарай
бағыттай отырып, мұғалім оларды ой еркіндігіне, қаламының қарымына, тіл
шеберлігіне, шығармашылық тұрғыдан жетілуіне мүмкіндік береді. Дегенмен,
жазылымның бұл түрлерінің өзіндік айырмашылықтарының бар екендігін
оқушылардың білгені абзал.
Аннотация (латынша - ескерту) - көркем шығармаға қысқаша
тұжырымдама жасау. Басты мақсат - кітаптың не туралы жазылғанынан хабар
беру, оқырмандарды қызықтыру. Ол - кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси-
идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама, алайда бұл
жанр туралы да әртүрлі тұжырымдар бар. Мысалы, профессор Т.Кәкішев
«Аннотация белгілі бір шығарманың негізгі мән-маңызын қысқаша түйіндейді»
десе, екінші біреулер «Аннотация - шығарманың қысқаша мазмұны» деген
сипаттаманы ұсынады. Аннотация, әдетте, кітапқа жазылатын еңбектің бірінші
бетінде берілетін өте шағын жазба түріндежәне баспасөзде басылатын
шығарманың қысқаша мазмұнымен бірге қосымша пікір, үгіт-насихат жасауға
18
құштар авторлардың мақаласында кездеседі. Аннотацияға қойылатын
талаптардың өзіндік ерекшелігіне қарай, кітаптың алғашқы бетіне берілетін
аннотация мен баспасөз беттеріндегі аннотацияның өзара айырмашылығы бар.
Баспасөз беттерінде жүретін аннотациялар көп жағдайда көпшілікке арналып,
кейде рецензияға айналып кетіп жатады. Аннотацияда шығармаға баға беріп,
автор туралы мәліметтер келтіруі, кітаптың немесе жекелеген мақаланың
жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және тағы басқа деректерге сілтеме
жасауы да мүмкін. Оқырман аннотацияға сүйене отырып, өзіне қажетті
әдебиетті таңдай алады.
Аннотация үлгісі:
1. Кітаптың авторы, аты.
2. Ол туралы басқа да мәліметтер.
3. Қысқаша тұжырымдама.
4. Кітапқа баға , пікір беру.
5. Ұсыныстар.
Аннотацияны сыныптан тыс оқып жүрген шығармаларына жазғызу тиімді.
Өйткені аннотация сол көркем шығарманы еске сақтауда да пайдалы болып
келеді. Қазақ тілі мен әдебиетіне тән ортақ жазба жұмыстарының басқа да
түрлері баршылық, оларды тақырыпқа сай үйлестіре отырып жүргізсе, тіл
дамыту жұмыстары нәтижелі болмақ. Мысалы, хаттың, күнделіктің,
диалогтарға негізделген жұмыстардың, монолог-толғаулардың орны ерекше.
[3;5-7]
Рецензия - оқыған көркем шығармаларына талдау жазу (сын да, жақсы
пікір де). Рецензия жұмысына баулу, оқушының оқыған шығармаларына деген
өзіндік пікірін қалыптастыруға түрткі жасау өте дұрыс. Өздері жазған
шығармаларын бір-біріне оқытып, тексертіп, сол бойынша рецензия жазғызу
(ауызша да орындатуға болады).
Тезис – бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама-
пайымдаулар. Тезистің басты ерекшелігі ұсынылатын дәйектерге дәлелдер
келтірілуі тиіс. Негізгі тезистер - дерек көзінің мазмұнын жалпылайтын басты
тұжырымдамалар. Қарапайым тезистер – бұл басты ой-пайымдаулар, кейде
конспектінің, рефераттың құрамдас бөлігі ретінде енгізіледі. Кез келген
еңбекте, оның әрбір бөлімдерінде қарапайым тезистер көбірек кездеседі.
Күрделі тезистер – негізгі және қарапайым тезистер қатар қолданылатын,
ойды бекітудің пайдалы және жетілген түрі. Тезистердің бір бөлігі дәйексөз
ретінде келтірілуі мүмкін. Мұндай әдісті әртүрлі көзқарастарды салыстыру
үшін пікір, аннотация жазғанда қолданады.
Пікір — ойлау формасы. Пікір дегеніміз — заттар, белгілер немесе зат пен
оның белгілері арасындағы қарым-қатынаста (терістеу не костау түрінде)
бейнеленетін ойлау формасы. Пікір ұғымдармен салыстырғанда құрылымы
жағынан күрделірек келеді, өйткені ұғым пікірдің құрамына кіреді. «Астана —
Қазақстан астанасы» деген пікір екі ұғымнан құрылған: 1. «Астана», 2.
«Қазақстан». Ұғымдардан бөтен пікірде жүйелі құрауыш ретінде
байланыстырушы сөз болады. Сонымен, пікірді мынадай формуламен
өрнектейміз: S дегеніміз — Р немесе S — Р. Терістеуші пікір үшін пікір
19
формуласы: S дегеніміз — Р емес. Ал көбінесе «дегеніміз», «деп», «айтамыз»,
«болып саналады» деген сияқты байланыс сөздері пікірде айтылмай, тек ойда
болады. Пікірдің тіл формасы сөйлем болады. Бұл екеуі мазмұн мен форма
сияқты байланысшы болғанымен, екеуі тең емес. Пікір мен сөйлемнің тең
еместігі бірнеше жағдайлардан байқалады. Біріншіден, қандай да болса пікір
сөйлем бола алмайды. Пікір тек хабарлы сөйлеммен баяндалады, сұраулы және
қозғаушы сөйлемдер пікір бола алмайды. Пікір де, ұғым сияқты, тек тілдік
материал негізінде, тілдік терминдер мен сөйлемдердің негізінде ғана туып,
өмір сүре алады. Тілдік материалдан аулақ, жалан пікір болмайды. Тіпті біз
пікірді ойша, құраған күнде де, бәрі бір пікір сөздер, терминдер және сөйлемдер
арқылы құралады. Пікір мен сөйлем бір-бірімен тығыз бірлікте, өйткені пікір
мен сөйлемнің мазмұны біреу-ақ. Бірак пікір бөліктері мен сөйлем мүшелері
толық сәйкес келе бермеуі де мүмкін. Кейде сөйлем бір-ақ сөзден тұрады
(мысалы, жақсыз сөйлемдер: Жарық. Тыныш. Аяз.), бірақ мұнда да белгілі бір
пікір бейнеленген. Пікір мен грамматикалық сөйлемнің арасындағы тағы бір
айырмашылық сол, түрлі тілдерде сөйлемдердің грамматикалық құрылысы
түрліше болады. Ал пікірдің логикалық құрылысы барлық тілдерде бірдей
болып келеді. Сонымен, пікір мен сөйлем тығыз бірлікте болғанымен, бірақ
олардың арасында белгілі бір айырмашылықтар да бар. Ойлаудың формасы
болып табылатын пікір мен оның тілдік керінісі болып саналатын сөйлемді бір
нәрсе деп қарастыру пікір, ойлау үдерісінде қателіктерге соқтыруы мүмкін.
Пікірдін бір-бірінен бір қатар өзгешеліктері болуы мүмкін және болады да.
Мұның мәнісі: пікірде әр түрлі нәрселер, олардың әр түрлі қасиеттері, сондай-
ақ нәрселердің арасындағы түрлі байланыстар бейнеленеді. Пікір қарапайым
және күрделі болып, үлкен екі топқа бөлінеді. Қарапайым пікір бір субъектіден
және бір предикаттан тұрады, ал күрделі пікір бірнеше субъектіден немесе
бірнеше предикаттан тұрады.
Мысалы: «Арман құс көкті терең бойлап баққан» — жай пікір.
Ал: Ғашықпын, өмір саған Көктем үшін, Қорқыныш — үрей үшін, От дем
үшін. Ғашықпын өмір саған Азды-көпті Дәміңнен бұйырғаны Жеткені үшін, —
бұл күрделі пікір. Пікірді түрлендіру. Сөзбен пікір әр түрлі мағынада, түрліше
болады. Бір пікірдің өзін әр түрлі сөйлемдермен беруге болады. Мысалы:
«Ынтымақ түбі — бірлік», «Ынтымақ түбінде бірлік жатыр», «Бірліктің
нәтижесі ынтымақ болады». Осы үш сөйлемнің үшеуінде де бір ғана пікір
бар; олар түрлі сөздермен айтылғанымен, пікір біреу. Бір пікірдің өзін көбінесе
жақты сөйлеммен де және жақсыз сөйлемдермен де айтуға болады. Мысалы:
«Найзағай ағашты өртеп жіберді» және «Найзағайдан ағаш өртеніп кетті».
Пікірді инверсиялау деп пікірдің мағынасын өзгертпей, терістеуші пікірді
қостаушыға және қостаушы пікірді терістеушіге айналдырудың логикалық
тәсілін айтамыз. Айналдыру нәтижесінде пікірдің тек сапасы ғана өзгереді.
Мысалы: «Жұлдыздар қозғалмайды емес» —«Жұлдыздар қозғалып тұрады».
«Өткен жетінің кейбір күндері суық…болды» — «Өткен жетінің кейбір күн-
дері суықсыз болмады». Айналдыру тәсілін қолданғанда бір пікірге екі терістеу-
ші белгі енгіземіз, біріншісі — байланыстың алдынан, екіншісі баяндауыштың
артынан келеді. Инверсиялау біздің ойымызды айқындай түседі, оның маңызы
20
да осында. Дұрыс инверсияламаса, онда пікір айкын емес болып шығады неме-
се олардың мағыналары тікелей бұзылады. Ауыстыру дегеніміз — пікірдің бас-
тауышын баяндауышқа, ал баяндауышын бастауышқа айналдыратын логика-
лық тәсіл. Мысалы: даланы туман басты; туман басты даланы. Пікірді түр-
лендірудің — айналдыру мен ауыстырудың — біздің ойлау үдерісімізде елеулі
маңызы бар. Түрлендірудің әрбір түріне жасалған талдау пікірің бір түрінен
екінші түріне көшу әркімнің өз еркінше, қалай болса солай бола бермейтіндігін
көрсетеді. Бұл өзгерістердің зандары бар, олар белгілі ережелерге негізделген.
Әдебиет - кешегі «Бастыны еңкейткен, тізеліні бүктірген» Күлтегін батыр
мен Бумын қағанның, желмая мініп жер жаннаты - Жерұйықты іздеген Асан
абыздың, жалаулы найзасын қолына алып «Бұлтқа жетпей шарт сынбас»
Махамбеттің, данышпан Абайдың даналығының, тереңнен сөз маржанын
терген ақындығының, от ауызды, орақ тілді шешендігінің, халық үшін жаралған
азаматтығының куәсі. Әдебиеттің күллі адамзатқа, оның күнделікті тіршілік-
тынысы мен болашағына жасайтын орасан зор ықпалы жайлы небір ғұламалар,
ірі суреткерлер талай жылдан бері шынайы бағасын беріп келеді. Солардың
арасында сөз зергері М.Әуезовтың ойы ерек: «Кімде-кім қазіргі уақытта ана
тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам
деп санауға болмайды.»
ЖАЗЫЛЫМ МӘТІНДЕРІН ҚҰРУДЫҢ АЛҒЫШАРТЫ МЕН
ӘДІСТЕМЕСІ
Көркем әдебиеттің атқаратын осындай қоғамдық функциясы мен адамдық
мәні әдебиет сабақтарының өзіндік ерекшеліктері мен мақсатын айқындайды.
Сондықтан да әдебиет сабағы - оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа,
адамды құрметтеуге бағдарлайтын оқу пәні. Қазақ әдебиеті пәні
бағдарламасының басты бағыты – білім алушылардың ақыл-ой қабілеті мен
тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына, тілдік-эстетикалық талғамдарының
дамуына, коммуникативтік құзыреттіліктерінің жетілдірілуіне іргетас қалап,
өмірлік дағдыларын шыңдауына, өздігінен білім алуларына мүмкіндік туғызу.
Қазақ әдебиеті пәнін оқу арқылы білім алушылар:
1) қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі
маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;
2) қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ
халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, жеңістерін,
мәселелерін, қарама-қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;
3) түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау
дағдыларын қалыптастырады;
4) заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын
дамытады.
Оқушыларды жазылымға бағыттайтын әдістеменің алғышарты сабақ беру
үрдісінде кейіпкерлерге мінездеме беруден басталады. Бұл мәселе сөздегі
суретпен ғана шектелмей, әдеби образ жасайтын өмірлік тәжірибе материалдар
21
негізінде жүргізіледі. Әдеби кейіпкерлерге мінездеме берудің классикалық
үлгісі: жанама мінездеу, ішкі психологиялық қалтарысты беру, кейіпкерлердің
өзін сөйлету. Әдеби кейіпкерге мінездеме беруден басқа оқушыларды шығарма
жазуға төселдіретін жаттығулардың маңызы зор. Әдеби жаттығулардың
мазмұндық сипатына тоқтала кетейік, ол төмендегідей:
- мектеп өмірінен алынған жағдайды арқау етіп, оны шығармаға ұластыру;
- демалыс күніне байланысты суреттеме жаздыру;
- тосын жағдайға түсіру арқылы лирикалық толғаныс тудыру;
- біреудің жазған хатын пайдалана отырып, сол адам туралы ой толғау
жаздыру;
- қарама-қарсы мағынадағы тіркес, не жеке пікірлерді қолданып, ой толғау
жазуды ұйымдастыру;
-өлең мазмұнына сәйкес жоспар жасап, оны ой толғауға ұластыру; [1;21]
Жазылым алдында оқушының назарын соны әрекетке аударып, шығарма-
шылық көңіл-күйге бағыттау - жазба жұмысының сәтті жазылуына әсерін
тигізетін жағдай. Бұл ретте ғалым Т.Ақшолақов былай дейді: «Шәкірт сезіміне
түрткі салып, оны тебіреніске түсіру арқылы шығарма жұмысын өмірге әкелуге
болады, «ой мен сезім, информациялық мәлімет, образ түгел талданғанда ғана
оқушы әдебиетті терең түсінеді».
Жазылымға дайындау - баланы зерттеуге жетелеу деген сөз. Алатын
нәрсесін, жазатын тақырыбын ойша елестетіп, жазып, түзеп, өңдеу арқылы
күрделі жұмыс орындалады. Міне, бұл үдерісте мұғалім мынадай екі жақты
жұмысты басты нысана етеді.
Жазылымға дайындау:
І. Сөз үйрету
- сөздің мағынасын білдіру;
- сөздерді таңдай білу;
- әр шығарманың әр бөліміне лайықты сөз(дер) қолданысын меңгеру;
ІІ. Ой тастау
-сөзден идея тудыру;
-идеяны түсіндіру;
-идея мен тақырып байланысын білу; [4;16]
Жазылымға дайындықтың алғашқы кезеңі - оқушыны материал жинауға
үйрету. Материал жинаудың жүзеге асуы төмендегідей жұмыстарға қатысты:
- тақырыпты ашатын, негізгі ойды қамтитын материалды: сөз, сөз тіркесі,
пікірлер жиынтығы, мақал-мәтел, афоризмдер, өлең шумағын, т.б. жинақтау;
- әдеби-сыни, көркем әдебиеттен қажетті үзіндіні қамту;
- «бақылау күнделігін» жүргізу;
- оқылуға тиісті кітаптар тізімін ұсыну;
-мұғалім тарапынан берілген сұрақ - тапсырмалар жүйесін орындау;
- әдеби кеш ұйымдастырылып, соның негізінде материал дайындау;
- тақырып туралы пікірсайыс жүргізу;
-оқушылармен өзіндік жұмысты жүргізу;
- тақырып бойынша көркем мәтінмен жұмыс жасау, жоспар, эпиграф
жазып келу.
22
Жазбаша жұмыстар оқушыларды ойлау еңбегіне дағдыландырады, қосым-
ша материалдарды пайдалану машықтарын жетілдіреді. Себебі, оқушылардың
жазылымды орындау кезінде асықпай ойлауға, ойланып жазуға уақыты,
мүмкіндігі көп болады, ауызекі сөйлеуде ондай жағдайлар бола бермейді.
Ауызша сөйлегенге қарағанда оқушылар жазба жұмыстарында небір айшықты,
шебер сөздерді пайдалана алады, тіл кестесінің бедерлі түсуі үшін ізденеді, жаз-
ғандарын мұқият оқып, қайта түзетуге мүмкіндік алады. Жалпы, жазба жұмыс-
тары тіл дамытумен қатар, оқушыларды ойлай білуге, ізденіске жетелейді.
Эссе жаздыруда мұғалім эссе табиғатына тән ерекшелікті ескеруі шарт,
сондықтан да бұл жұмысты жоғары класс оқушыларына орындатқан дұрыс.
Өйткені эссе жазу үшін оқушы қаламгер, оның туындысы туралы әлдеқайда
тереңірек білуі, көбірек ізденуі, қосымша дайындалуы керек. Қалыптары
бойынша эссе келесідей болады:
пікірсараптық,
лирикалық миниатюрлық,
ескертпелер,
күнделіктен жазбалар,
хаттар және басқа.
Жазылу көлемі:
Сынып Мәтін көлемі
5-сынып 70 -80 сөз
6-сынып 80-90 сөз
7-сынып 90 - 100 сөз
8-сынып 100 – 150 сөз
9-сынып 150- 200 сөз
10-сынып 200- 300 сөз
11-сынып 300 -400 сөз
Эссе бағалаудағы рубрикалар:
Бағалау Критерийлер
«5» алу 1. Бір айтқанды қайталай бермей, мәнділігімен көзге түсуі керек.
үшін 2. Дәлелді берілген тезисті қолданылған болуы тиіс.
3. Сол тезиске қарсы берілген дәлелді есепке алынған болуы тиіс.
4. Әңгіменің кіріспесі анық, мәтіннен және қорытындыдан тұру
керек.
5. Мұхият және қатесіз жазылған болу керек.
6. Көлемі 5-6 парақтан тұру керек.
«4» алу 1. Бір айтқанды қайталап айта бермей, мәнді айтылуы керек.
үшін 2. Дәлелді берілген тезисті қолданылғын.
3. Қарсы тезис қолданылмаған немесе әлсіз қолданылған.
4. Әңгіменің кіріспесі, мәтіннен және қорытындылау толық емес.
5. Мұхият және 1-2 мәнсіз қателер кездеседі.
6. Көлемі 3-4 парақ болса
23
«3» алу 1. Тезисі анық түсінікті емес.
үшін 2. Тезисті қолдайтын себептері жоқ.
3. Қарсы тезис жоқ.
4. Әңгіме құрылымының жүйелілігі жетіспейді (кіріспе, мәтін,
қорытындылау).
5. Ұқыпты жазылмаған, грамматикалық және орфографиялық
қателері байқалады.
6. Көлемі 3 парақтан азырақ.
Рубрика дегеніміз осы, тақта –қағазға жазылған, класс бөлмеде қыстыру
үшін және оқушылармен оларды талқылауға болады. Оқушылардың мұғалімге
бермей тұрып, өз еңбектеріне өздері баға беру үшін шақыруға болады.
Мұғалім әңгімеге осы талқыланған рубрикаға қарап отырып баға береді.
Оқушылардың рұқсатымен мұғалім аудиторияға 4-5-ке бағаланған жұмыстарды
көрсетеді. Кейбір мұғалімдер тағы бір, критерий қосады, ол «аса тамаша» деп
аталынады; әңгіменің оқырманға қалдырған таңғажайып біз болжап та біле
алмайтын әсері. Бұл деңгейде әртүрлі жолдармен жетуге болады; әңгімені
жазғанда ұтымды әсерлі сөздерді қолдану, ұқсас нәрселерді айту, ықпалды
дауыс ырғағымен сөйлеу, таңғалдыратын етіп әңгімені қорытындылау. Ол
әңгіменің мазмұнын болжап болмайды, бірақ әңгімедегі уақиға баяндалып
отырған кезде, тыңдаушы ол қабылданады. Кей жағдайда осылайша жазылған
еңбек нар тәуекелдік жасап «3» немесе «4» емес, одан әлдеқайда жоғары баға
алуға ұмтылдырады.
Мінсіз эссе жазудың дайын ережесі жоқ және болмайды да, бірақ эссе жазу
дағдыларын жүзеге асыруға көмектесетін ережелер мен нұсқаулар бар. Ең
алдымен өзіңнің хабарлайтын, жазатын, ой толғайтын, талқылайтын нәрсең
туралы анық білуің керек. Сондай-ақ, эссе жазуға итермелеген не нәрсе, эссені
кім оқитынын түсіну өте маңызды. Оқырманның назарын өзіңе аудартатын,
мүмкін болса қарсы жауап реакциясын тудыратындай өз ойыңды, сезіміңді,
көңіл-күйіңді жеткізу үшін мәнерлі, мазмұнды, күшті сөздерді дұрыс таңдай
білу керек. Эссе жазатын адам үшін ең маңызды қасиет – тілді еркін
меңгеруі, басқалардың сезіміне әсер ететіндей дәл, анық бейнелі етіп
сабақтастыра жаза білу.
ПАЙЫМДЫ КӨЗҚАРАСТАН ШЕБЕР ЖАЗУҒА
Мұғалімнің тұлғалық дамуы, оның бойындағы өзін - өзі үнемі дамытып
отыру дайындығына тікелей байланысты. Өз қажеттіктерін сезіну – кәсіби
қызметтің негізі болып табылады, өйткені ол өзінің потенциалдық бар
мүмкіндігкн дамытудың жолдарынбілу деген сөз. Гуманистік философия мен
педагогиканың негізін салушылардың көпшілігі өз қажеттігін тануды жеке
тұлғаның кемеліне келуінің, кәсіби жетілуінің басты көрсеткіші ретінде
есептеп, бұл ұғымның философиялық, психологиялық, педагогикалық
аспектілерін әр кезеңде әр түрліне қарастырған. Мысалы, Сократ өз
оқушыларының санасын әңгімелесу, сұрақ қою арқылы оятып, өзін - өзі тануға
24
шақырса, Я.А.Коменский оқушының өз бойындағы рухани күшін өзі дамытуға
мұғалім көмектесе алатыны атап айтқан. Ж.Ж.Руссо «балаға мұғалім өз
көзқарасын байлап беруге емес, қайта оның өзіндік дүниетанымын дамытуғы»
ұмтылуын, И.Песталлоци және оның шәкірті Ф.Фребель бүгінгі педагогикадағы
«тұлғалық бағдарлы оқытудың» негізін салып, өзін - өзі дамыту түсінігін
енгізді. Адам бойындағы адами қасиеттерді іздеу, табу, олардың әрі қарай
дамуына барынша қолдау көрсету.оның өзін-өзі жүзеге асыру, ретке келтіру,
дамыту, өзінің тұлға ретіндегі болмысын жасаудың механизмдерін меңгеруін
қамтамасыз етеді.
Адольф Дистервергтің «Нашар мұғалім шындықты оқушыға өзі айтып
береді, ал жақсы мұғалім оған өз бетімен ізденуге жол көрсетеді» деген пікірі
және Джон Дьюдің жеке тұлғаның өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене, оны
реттей отырып білім алуына, еркін дамуына мүмкіндік жасау арқылы қоғамды
демократиялық даму жолына әкелуді көздейтін философиясы бүгінгі білім
берудегі өзекті мәселе. Демек, бүгінгі күні мұғалімдер қзіндік білімдері мен
білік, дағдыларын жетілдіріп отырса, заманауи қоғамның талабына сәйкес
бәсекеге қабілетті маман, жаңашыл бағытта оқушыларға сабақ бере алаты,
оқыту мен оқу үдерісін тиімді және нәтижелі ұйымдастыра алатын тұлға деп
ой-тұжырым жасауға болады.
Бүгінгі заманауи қоғам мұғалімі оқушыны оқытпайды, үйретеді, дағдылық
әрекетін бойына қалыптастырады, білімді өз бетінше алуға мүмкіндік жасайды,
алған білімді өмірде қолдана алуға баулиды, өзіндік іздену, зерттеушілік
қабілеттін қалыптасуына ықпал етеді, өзіндік тәжірибесі арқылы үйренуге
жетелейді, кез келген жағдаяттан сыни ойлау қабілеті арқылы оңтайлы шыға
білуді, сөйлеу әрекетін дамытуды мақсат етеді. Олай болса, еңбектің келесі
бөлімінде мазмұны жаңартылған бағдарлама бойынша тыңдалым, айтылым
тапсырмаларын оқу мақсаттарына сай тиімді құрастыруда 5-9, 10 сыныптарға
арналған қысқа мерзімді сабақ жоспарларын ұсынамын.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАР ҮЛГІСІ
Сабақ тақырыбы: Мектеп:
Индустрияландыру ұлттық
өндіріс сөз мәдениеті. /
Мыс кендері
Күні: Мұғалімніңаты-жөні:
СЫНЫП: 10 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабаққа 10.3.2.1.Мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік
негізделген оқу мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен
мақсаты үрдістерді талдап жазу;
(мақсаттары) 10.4.3.1.Белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп,
түрлендіріп талғаммен қолдана білу
Сабақ Барлық оқушылар орындай алады:
мақсаттары Мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік
25
Бағалау мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен
критерийі үрдістерді талдайды. Белгілі бір тақырыптың аясындағы
Тілдік мақсат сөздерді іріктеп түрлендіріп қолданады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Құндылықтарғ Мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі мәтіндегі
а баулу деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістеріне өз
Пәнаралық көзқарасын білдіріп, белгілі бір тақырыптың аясында
байланыс сөздерді іріктеп талдап, түрлендіріп жазады.
Алдыңғы оқу: Кейбір оқушылар орындай алады:
(3-4 мин) Белгілі бір тақырып аясында мәтін құрылымын сақтай
отырып, әртүрлі графикалық мәтіндегі деректерді
салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап, сыни
тұрғыдан талдап, түрлендіріп жазады..
1.Мәтіндегі графиктік деректерді салыстырады, м аңызды
тұстары мен үрдістерін талдап жазады.
2. тақырыпқа қатысты тірек сөздерді іріктеп, түрлендіріп,
талғаммен қолдана алады.
Оқушылар орындай алады: мәтін құрылымын сақтайды.
Әртүрлі графикалық мәтіндердегі деректерді салыстырады,
маңызды тұстары мен үрдістерін талдайды, өз көзқарасын
білдіреді. Сыни тұрғыдан түсіндіреді, сөздерді іріктеп,
талғаммен қолданады.
Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен
терминология: мыс кендері, Қазақстанның пайдалы
қазбалары, индустрияландыру, ұлттық өндіріс, рудалық
қазбалар
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы
тіркестер:
Менің ойымша ...,
Сенің пікіріңе сүйенсем...,
Демек ....,
Қорыта айтқанда... .
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Мыс өндірісі Қазақстанның қай аймақтарында бар?
- Мыс өндірісінің маңызы неде?
- Мыс кендерін өндіру арқылы Қазақстан экономикасын
дамыту мүмкін бе?
- Неліктен ?
Еліміздің табиғатын, байлығын қорғауға, ұлттық өндіріс
салаларын дамытуға тәрбиелеу.
География, жаратылыстану, химия
«Тізбектеп сұрау» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.
26
Жоспар Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Жоспарланған
уақыт Ұйымдастыру. «Болжау» әдісі.
Басы Ойшақыру.
(6-7 мин) Алдымен бейнематериал көреді.
Алдыңғы біліммен жаңа сабақты байланыс-
Ортасы тыра келесі жетекші сұрақтар қойылады:
(20-25 мин) 1. Бейнефильмнен не байқадыңдар?
2. Мыс өндірісі Қазақстанның қай
аймақтарында бар?
3. Мыс өндірісінің маңызы неде?
4. Мыс кендерін өндіру арқылы Қазақстан
экономикасын дамыту мүмкін бе, қалай
ойлайсың? Неліктен?
Топқа бөлу:
Ірі кен орындары орналасқан аймақтар
бойынша топқа бөлінеді.
1 – топ «Жезқазған»
2 – топ «Қоңырат»
3 – топ «Ақтоғай»
1-тапсырма Жұптық жұмыс
«Редакциялау» әдісі
Берілген мәтіндегі көрсеткіштерді сандық
деректерді оқып, графиктік мәтін үлгісінде
жазып, сыни тұрғыдан талдап, түрлендіріп
жаз.Тақырыпқа қатысты сөздерді іріктеп,
түрлендіріп талғаммен қолдан.
1-мәтін
1940 жылы «Покро-орталық», «Петро- http://www.zhe
орталық» қуатты пайдалану шахталарының zu.kz/index.php
және су қоймасының құрылысы басталды. /ru/teamlog/239
Соғыстан кейінгі он жыл ішінде, 1945 -2017-01-30-
жылдан бастап 1955 жыл аралығында 6 05-28-09
шахта салынып, пайдалануға берілді. Үлкен
Жезқазған адам танымастай өзгерді. Он жыл
ішінде 108 мың шаршы метр тұрғын алаң,
Мәдениет сарайы, 4 орта мектеп, 8 бала
бақша, бірнеше аурухана мен дүкен, нан
заводы, 100 километр теміржол, 150 мың
шаршы метрден аса бетонды жол, 215
километр су және кәріз құбырлары салынды,
темір бетон өнімдері заводы мен екі
асфальтбетон заводы салынды.
2-мәтін
27
Кентас минералдарына: молибденит, пирит,
вольфрамит (кварц желілерінде), галенит,
сфалерит, флюорит, рутил, сфен (грейзен-
дерде) жатады. Өңделетін металдары: мо-
либден, вольфрам, аз мөлшерінде рений,
теллур, селен, скандий алынады. Кен
орнының гидрогеологиялық жағдайлары
пайдалану жұмыстарын жүргізуге өте
қолайлы. Өндірілген кен Балқаш кен байыту
фабрикасына жөнелтіледі. Кен – гидротер-
малдық типке жатады. Кеніш молибденге
сұраныстың кемуіне орай 1996 жылы
жабылған.
3-мәтін
Ақтоғайдың Бозшакөл жобасымен үлкен
ұқсастығы бар, соның арқасында Бозшакөл
жобасының жобалау-конструкторлық және
инженерлік құжаттамаларын көшіру
тәсілімен оның тиімділігін арттыру
жоспарланып отыр. http://www.kaz
Сульфидті кеннен мыс өндірудің жыл minerals.info/k
сайынғы көлемі 2022-2027 жылдар k/roots/news/po
аралығында 170 мың тоннаға жетіп, ал sts/aktogajdagy
кейінгі жылдары 130 мың тонна деңгейінде -rekruting
болады. Таза ақшалай өзіндік құнның
жоспарлы көрсеткіші 2027 жылға дейін бір
фунт үшін 100-120 АҚШ центі көлемінде
сақталады.
Кеніштегі жұмыс кестесі вахталық: тау-кен
және байыту өндірісіндегі жұмысшыларға -
14 х 14, инженерлік-техникалық қызмет-
керлер мен әкімшілік-басқару қызметкерлері
үшін - 21 х 21. Вахтаның және ауысымның
(12 сағат) ұзақтығы ҚР заңнамасына сәйкес
бір айдағы жұмыс уақытының көлемін
ескеріп бекітілген.
Дескриптор:
1.Мәтінді оқиды, танысады.
2.Сандық көрсеткіштерді анықтайды.
3.Графиктік мәтін құрастырады.
4.Сөздерді іріктеп, талғаммен қолданады.
Кері байланыс: Қолдау сөздер арқылы https://www.go
(ауызша) ogle.com/searc
2 – тапсырма. Топтық жұмыс h?q=%D2%9B
«Салыстыру кестесі» әдісі %D0%BE%D2
28
Берілген графиктік мәтіндердегі деректерді %A3%D1%8B
өзара салыстырып, маңызды тұстары мен %D1%80%D0
үрдістерін талдап, статистикалық ақпарат %B0%D1%82
жаз. +%D0%BA%D
1-мәтін 2-мәтін 3-мәтін Статистика- 0%B5%D0%B
(маңызды (маңызды (маңызды лық ақпарат D+%D0%BE%
тұстары) тұстары) тұстары) D1%80%D0%
BD%D1%8B&
hl=ru-
1-топ 2-топ KZ&authuser=
0&source=lnms
&tbm=isch&sa
=X&sqi=2&ve
d=0ahUKEwis
3-топ hsCll_XiAhUrI
rkGHWi9BOo
Q_AUIECgB&
biw=1440&bih
=789#imgrc=D
K-
uaaLA4zDiNM
Дескриптор: :
1. Графиктік мәтін мазмұнымен танысады
2. Маңызды мәліметтер мен үрдістерді
салыстырады.
3. Статистикалық ақпарат жазады
Кері байланыс:
«Екі дұрыс, бір бұрыс» әдісі (ауызша
коментарий)
3- тапсырма
Жеке жұмыс «Ашық микрофон» әдісі
«Қазақстанда мыс кендері өндірісін қалай
дамытуға болады? Ол мүмкін бе? Қалай
ойлайсың?» Осы берілген сұрақтарға өз
пікіріңді сыни бағытта ұсын.
Дескриптор:
1. Сұрақтармен танысады
2. Сыни ойланады
3. Өзіндік пікірін ұсынады
Кері байланыс «Бір ауыз сөз» әдісі
(Ауызша коментарий)
Соңы Рефлексия. «Бұл мен» әдісі
(5-10 мин)
29
БҰЛ
МЕН
Не оңай болды? Нені үлгермедім?
қиындықтар Жетістіктер
Менің болашақтағы жоспарым
Қосымша Мыс өндірісінің қазіргі дамуы туралы
ақпарат ақпараттар жинақтау
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Сабақ тақырыбы Пәні:қазақ әдебиеті
Абай шығармашылығы.
«Отыз екінші қарасөз»
Күні Мұғалімнің аты-жөні
СЫНЫП: 9 Қатысқандар Қатыспағандар
Сабаққа негіздел- 10.3.4.1. ғылыми еңбектерге сүйене отырып, әдеби сын
ген оқу мақсаты жазу.
(мақсаттары)
Сабақ Барлық оқушылар орындай алады:
мақсаттары Ғылыми еңбектерді оқып, әдеби сын жазады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Ғылыми еңбектерде жазылған ой-пікірлерге өзіндік
көзқарасын білдіре отырып, әдеби сын жазады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Ғылыми еңбектерге салыстырмалы талдау жасай отырып,
толыққанды әдеби сын жазады.
Бағалау - ғылыми еңбектерді қолдана отырып, әдеби сын жазады.
критерийі
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:
- ғылыми еңбектерді оқып, өз көзқарасын білдіреді;
- салыстырмалы талдау жасайды;
- ғылыми еңбектерді қолдана отырып, әдеби сын жазады.
Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен
терминология:
бахас, мұлахаза, мұхафаза, жаһат, хұзур хасил, хусідшілік.
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы
тіркестер:
Сөзімді жинақтай келе, ғалымдардың пікірінше, «Оқу,
білім-жанған шырақ ойласаң...», т.б.
30
Құндылықтарға Талқылауға арналған сұрақтар:
баулу 1. Бұл қарасөздің идеясы қандай?
2. Шығарманың бас кейіпкері бар ма? Болса, ол кім?
Пәнаралық 3. Абайдың қарасөзі кімнің ойын білдіреді?Ақын бар асыл
байланыс ойын кімге арнаған?
Қарасөз арқылы ойшыл оқырманын білімге, ынталы,
Алдыңғы оқу: ұғымтал, өзіне талап қоя білуге баулу.
(3-4 мин) Философия, өзін-өзі тану, психология.
Жоспар «Есіңде ме?» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау
Жоспарланған Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Уақыт
Ой қозғау. Сұрақ-жауап
Басы
(6-7 мин) 1. Бұл қарасөздің идеясы қандай?
2. Шығарманың бас кейіпкері бар ма?
Болса, ол кім?
3. Абайдың қарасөзі кімнің ойын
білдіреді? Суреттер
4. Ақын бар асыл ойын кімге арнаған?
Топқа бөлу / оқушылар алдына суреттер
ұсынып, сол суреттер бойынша мақал-
мәтел тауып, мақал-мәтелдегі тірек
сөздермен 3 топқа бөлу/.
Білім-өмір азығы Ақыл–жастан,
асыл-тастан
Сүтпен кірген мінез сүйекпен кетеді.
Ортасы *«Әлемді шарлау»
(20-25 мин)
1-тапсырма. Топтық жұмыс. Ғалым
Шарты: қарасөз туралы жазылған еңбектері
еңбектерді оқы, негізгі ойын анықта, өз
пікіріңді білдір.
Еңбектер: 1. Р.С.Каренов «Хакім
31
Абайдың «Қара сөздер» атты керемет
философиялық мұрасы»
2. Л.Тұрғамбаева «Абайдың қара сөздері -
білім мен тәрбиенің қайнар бұлағы»
3. Ж. Ысмағұлов «Әуезов және Абайдың
қара сөздері»
1-топ. 1-еңбек
2-топ. 2-еңбек
3-топ. 3-еңбек
Дескриптор:
1. Ғылыми еңбектерді оқып, танысады.
2. Негізгі ойын анықтайды.
3. Өзіндік көзқарасын білдіреді.
Кері байланыс «Ойды аяқта» /оқушылар
топта қалай жұмыс жасағанын айтып,
пікір білдіреді/.
*«Атаның сөзі-ақылдың көзі» Кесте, маркер,
2-тапсырма. Жұптық жұмыс. /«Үш түрлі А-3.
күнделік» әдісі арқылы жүргізіледі/.
Шарты: қарасөздегі талап шарттарының музыка
бірін алып, соған қатысты өмірден мысал
келтіріп, өз пікіріңді білдір.
Қарасөздегі Өмірдегі болып Менің өз
талап шарты- жатқан жағдаят- пікірім
ның бірі тан мысал
Дескриптор :
1. Қарасөзден талап шарттарының бірін
таңдайды.
2. Өмірден мысал келтіреді.
3. Өз пікірін қосады, дәлелдейді.
Кері байланыс «Екі мадақ , бір сын» /
жұптар бір-бірінің жұмысының екі Кері байланыс
жақсы жағы мен бір кемшілігін айтады/. парағы
32
«Шығармашылық қанатында»
3-тапсырма. Жеке жұмыс
Шарты: ғылыми еңбектерге сүйене оты-
рып, ойыңды жинақтап, әдеби сын жаз.
Дескриптор:
1. Ғылыми еңбектерге сүйенеді.
2. Ойын жинақтайды, әдеби сын жазады. АКТ
/«Автор орындығы» әдісі арқылы
сұралады/.
Кері байланыс «Үш сөзбен» / оқушылар
тақтаға жазылған 12 сөз ішінен 3 сөз
таңдап алып, өзінің жай –күйін
жеткізеді/.
Соңы Рефлексия «Тілек беті» (өз эмоциясын, Тілек беті,
(5-10 мин)
тақырыптың қызықтығын, сабақтың стикер
өту барысын бағалайды).
Қосымша Қарасөз құрастырып жазу.
ақпарат
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Сабақ тақырыбы: Биотехнология және Мектеп:
гендік инженерия келешегі. Синтаксис /
Биотехнология саласындағы жаңалықтар
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
СЫНЫП: 9 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабаққа 9.3.4.1. эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мә-
негізделген селе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау,
оқу біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті
мақсаты эссе)
9.4.4.3. сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін
ажырата білу, түрлендіріп қолдану
33
Сабақ Барлық оқушылар орындай алады:
мақсаттары Көтерілген мәселе бойынша жағдаятты талқылап, өз ойын біл-
діріп, сабақтас құрмалас сөйлемдерді қатыстыра эссе жазады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Жағдаятты толыққанды талдау барысында эссе құрылымы мен
даму желісін сақтап, өз ойын дәлелдеп, аргументативті эссе
жазады. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді ажыратады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Мәтінде көтерілген жағдаятты бүгінгі өмірмен салыстыра
талдап, өз ойын сыни тұрғыдан дәлелдеп, аргументативті эссе
жазады. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді түрлендіріп қолданады.
Бағалау 1. Көтерілген мәселеге сай жағдаятты талқылай алады;
критерийі 2. Құрылымын сақтап сыни тұрғыда аргументативті эссе жаза
алады;
3. Құрмалас сөйлемдерді түрлендіріп қолдана алады
Тілдік Оқушылар орындай алады:
мақсат 1. Жағдаяттағы мәселеге өзіндік талдау жасайды;
2. Эссені жүйелеп жаза алады;
3. Сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін мақсатқа сәйкес қолдана
алады
Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология:
Ғылымның дамуы, биотехнология, гендік және жасушалық
инженерия, микробиология, синтаксис, сабақтас құрмалас
сөйлем
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы
тіркестер:
- Сіздің пайымдауыңызша...
- Ойыңыздың дәлелі ретінде...
- Демек... .
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Биотехнологияның пайдасымен қоса, зияны болуы мүмкін бе?
- Өзіңнің көшірмең (клон) болғанын қалар ма едің?
- Биотехнологияның шегі бар ма? Қалай ойлайсың?
Құндылық- Ғылымды дамыту, адамзат өмірін жақсарту, экономиканы
тарға баулу қарыштату, қолда барды бағалай білу
Пәнаралық Биология, химия
байланыс
Алдыңғы оқу: Гендік инженерияның дамуы және қолданылу деңгейі туралы
ақпарат жинақтап, өз көзқарасын білдіру (3-4 мин)
Жоспар
Жоспарлан- Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
ған уақыт
Басы С. Ой шақыру. «Қазақстанда биотехноло-гия https://www.bi
(6-7 мин) қарқынды дамып келеді» тақырыбында ocenter.kz/kz/z
34
бейнематериал корсетіледі. ha-aly-tar/gbo-
Топқа бөлу. Суреттер және тірек сөздер turaly-bak/530
топтамасы арқылы «Биология», «Медицина»,
«Адамзат» топтарына бөлінеді.
Жетекші сұрақтар:
- Биотехнологияның пайдасымен қоса, зияны
болуы мүмкін бе?
- Өзіңнің көшірмең (клон) болғанын қалар ма
едің?
- Биотехнологияның шегі бар ма? Қалай
ойлайсың?
Ортасы ТЖ. 1-тапсырма. «Баяндама» әдісі
(20-25 мин)
а) мәтінді оқы, мазмұнын түсін, мәтінде көрініс
тапқан жағдаятты талқыла, өз ойыңмен дәлелде;
ә) мәтінді құрастыруда қолданған сабақтас
құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін
тап, ажырат.
1-мәтін
Қытай ғалымдары адам мүшелерін өсіріп Т.Н.Ермекова
шығарудың жаңа технологиясын сынақтан К.А.Бертілеуо
өткізіп, ол есту мүшелері кемтар балаларға ва
көмектесті. Бұл зерттеу туралы ЕВіоМеdicine Р.А.Абишева
жорналында жарияланған. Қазақ тілі
Пациенттер микротия ауруымен туылған бес 9-класс
бала – олардың құлақ қалқаны дұрыс дамымаған АрманПВ2019
немесе құлақ қалқаны мүлдем жоқ. Әдетте
мұндай бұзылу бір ғана құлақта кездеседі.
Пациенттердің сау құлағының пішінін негізге
ала отырып, ғалымдар 3Д-принтерлі төсемеде
басып шығарып, оған пациенттің жасушаларын
сеуіп тастады. Жасушалар үш ай ішінде
өсіріліп, бұдан кейін құлақ қалқанын балаларға
отырғызды.
Операциядан кейін екі жыл өткенде бес
пациенттің төртеуінің отырғызылған құлақ-
тарында шеміршек пайда бола бастады, ал
үшеуінің құлақ қалқаны сау пішінге айналды,
екі баланың құлағы біршама қисық болып
қалды. Бірақ та мүшені қабылдамау бірде-бір
балада байқалмады.
Мүшелерді өсіріп шығарудың бұл тәсілі
айтарлықтай қымбат болғанмен, мақала
авторлары оны одан әрі дамытып және оны
қолданудың жаңа амал-тәсілдерін іздестіруді
жоспарлап отыр. «Бұл жұмыс құлақ пен басқа
35
да шеміршектен тұратын мүшелерді, ұлпалық
инженерия негізінде қайта қалпына келтіруге
қатысты амалдар өте жақын арада медициналық
практикаға енетінін айқын дәлелдеді».
Дескриптор:
1. Мәтінді оқиды,
2. Жағдаятты талқылайды;
3. Өз ойымен дәлелдейді;
4. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық
түрлерін ажыратады.
Кері байланыс: «Үш ұйғарым» әдісі (жазбаша
кері байланыс)
Шарты: 1-топ мәтіндегі жағдаяттың негізінде
үш ұйғарым жазады, оның біреуі жалған болуы
керек, 2-топ жалған мәліметті табады.
Ж. 2-тапсырма. «Еркін жазу» әдісі
Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап,
мәтінде көтерілген негізгі мәселеге байланысты
жағдаятты талқылап, өз ойыңды дәлелдеп,
аргументативті эссе жаз.
а) «Биотехнология ғылымына қатысты жасалған
тәжірибелер ақталады ма?»
ә) «Биотехнология заман талабы ма?»
Дескриптор:
1. Эссе тақырыбын таңдайды;
2. Өз ойын дәлелдейді;
3. Эссенің құрылымдық желісін сақтайды;
4. Аргументативті эссе жазады.
Кері байланыс: «Жүректен шыққан жылы
сөз» әдісі (ауызша кері байланыс)
Шарты: «Мен сені мақтан етемін», «Бүгін сен
жұлдызсың», «Осы бетіңнен тайма», «Сенен
осыны көптен күтіп жүр едім», т.б. сөздер
арқылы мұғалім оқушыларды мадақтайды.
С. 3-тапсырма. «Аквариум» әдісі
Сабақ барысында алған ақпараттарға сүйеніп
биотехнология ғылымының жетістіктері туралы
өз көзқарасыңды бүгінгі күнмен байланысты-
рып, сыни пікір айт, ой-тұжырым жаса.
Дескриптор:
1. Өз көзқарасын танытады;
2. Сыни пікір білдіреді;
3. Тұжырым жасайды.
Кері байланыс: «Көңіл күй күлшелері» әдісі
(графикалық кері байланыс)
36
Соңы Шарты: оқушылар бір-бірін қолдарындағы
(5-10 мин) көңіл-күй күлшелерінің көмегімен бағалайды.
Қосымша Рефлексия: «Кезекші дәрігер» әдісі
ақпарат Шарты: Дәрігер рөліндегі бір оқушы жекелеген
оқушыларға сұрақ қояды:
- Бүгін көңіл күйіңіз қалай?
- Бүгінгі жағдаяттардың (тапсырмалар)
денсаулығыңызға кері әсері болмады ма?
- Қай жағдаят сіздің денсаулығыңызға оң
ықпалын тигізді?
Биотехнология саласындағы жетістіктер туралы
қызықты мәліметтер оқу
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Сабақ тақырыбы: Мектеп:
Адам өмірін сақтау.Тілдік жүйе және норма.
Спорттың адам өміріне пайдасы.
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
СЫНЫП:10 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабаққа не- 10.3.4.1.-қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды
гізделген оқу қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе
мақсаты жазу (дискуссивті эссе)
(мақсаттары) 10.4.1.1.мәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық
нормаға сай жазу
Сабақ Барлық оқушылар орындай алады:
мақсаттары Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып,
өз ойын дәлелдей отырып, дискуссивті эссе жаза алады,
орфографиялық норманы сақтайды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Қажетті клишелерді тақырыпқа сай көтерілген мәселе негізінде
орынды қолданып, өз ойын бүгінгі күнмен байланыстыра
дәлелдеп, дискуссивті эссе жазады, жазылым барысында тілдік
бірліктерді орфографиялық нормаға сай сауатты қолдана алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Эссе құрылымы мен даму желісін сақтай отырып, қажетті
лексикалық құрылым, тілдік клишелерді тиімді қолданып,
көтерілген мәселе бойынша сыни көзқарастарын дәлелдей
дискуссивті эссе жазады, тілдік бірліктерді эссе жазу
барысында түрлендіріп қолдана алады.
Бағалау 1.Мәселеге байланысты өз ойын дәлелдей отырып, лексикалық,
критерийі тілдік құрылымдарды пайдаланып, дискуссивті эссе жазады.
2.Тілдік бірліктерді қолдануда орфографиялық норманы
сақтайды.
37
Тілдік Оқушылар орындай алады:лексикалық құрылымдарды
мақсат орынды қолданады, өз ойын дәлелдейді, құрылымын сақтай
отырып, орфографиялық нормаға сай дискуссивті эссе жазады
Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология:
спорт, хобби, дене сымбаты, салауатты өмір салты, эндорфин
гормоны, депрессия
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы
тіркестер:
-Менің ойымша..., -Ойымды дәлелдей келе..., -Сізді дұрыс
түсіндім бе..., -Қорыта келе... .
Талқылауға арналғансұрақтар:
- Адам өмірінде спорттың маңызы қандай?
- «Бірінші байлық-денсаулық» деген пікірмен келісесіз бе?
- Адам денсаулығын сақтау үшін үнемі спортпен айналысу
керек пе?
- Сіз бүгінгі таңда адам денсаулығы мен қоршаған орта
жағдайына қандай баға бересіз?
Құндылықта Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, спорттың адам
рға баулу өміріндегі маңызын түсінуге тәрбиелеу
Пәнаралық Өзін-өзі тану, дене шынықтыру
байланыс
Алдыңғы оқу: «Адам өмірін қорғау-басты міндет» тақырыбын «Шеңбердегі
доп» әдісімен қорытындылау. Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне
кішкене доп лақтырады.Доп қолына тиген оқушы өткен сабақ туралы бір
сөйлем айтады. (3-4 мин)
Жоспар
Жоспарланған Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
уақыт
Басы Ой шақыру. С. https://www.yo
(6-7 мин) «Қазақстан спортшылары» тақырыбында utube.com/watc
бейнематериал көрсету.Жетекші сұрақтар қою h?v=QjqTCfgc
арқылы, тақырыпты ашу. k_Q
-Адам өмірінде спорттың маңызы қандай?
-«Бірінші байлық-денсаулық» деген пікірмен
келісесіз бе?
-Адам денсаулығын сақтау үшін үнемі
спортпен айналысу керек пе?
-Сіз бүгінгі таңда адам денсаулығы мен
қоршаған орта жағдайына қандай баға
бересіз?
(оқушыларға оқу мақсатын, бағалау
критерийлері таныстырылады)
Топты деңгейіне қарай 3-ке бөлу.
(боксшылар, атлеттер, мәнерлеп
38
сырғанаушылар)
Ортасы 1-саралау тапсырмасы ТЖ
(20-25 мин) Спорттың адам өміріндегі маңызы
Салауатты өмір салтын ұстанып, түрлі ауру-
дың алдын алуға болатынын жақсы білесіздер. https://massage
Оның бәрі өзіңіздің қолыңызда. Әйгілі Гип- t.kz/layfstayl/Z
пократтың әртүрлі тақырыптағы жазбаларында dorove/24175
депрессиядан құтылу үшін жүзумен айналы- https://massage
суды, күн сайын жүгіруді әдетке айналдыруды, t.kz/layfstayl/Z
жалпы спортпен шұғылдану маңызды екені ай- dorove/29917/
тылған. Спорт - көңіл күйді көтеріп, өз-өзіңізді
көңілді сезінуге көмектеседі. Өйткені жаттығу
барысында эндорфин гормоны көптеп бөліне-
ді. Ал ол гормонды - бақыт гормоны дейді. Ол
адам жанын тыныштандырып, рахаттандыра-
ды. Бар болғаны жарты сағат жаттығу жасау
сізді осындай ауыр аурудан аман алып қалады.
Сонымен қатар жүгіру мен жүзу де өте пай-
далы екендігін ұмытпағайсыздар. Спортпен
шұғылданатын адамдар өзінің денесін жақсы
көре бастайды, денсаулығына мән береді. Со-
нымен қатар, терең дем алуды да үйренеді. Ал
терең тыныс алу кезінде сіз күйзелісті есіңізге
де алмайсыз. Алайда, мамандар спортпен айна-
лысу үшін алдымен денсаулықты тексертіп
алуға кеңес береді. Себебі денсаулығыңызда
ақау бар болса, спортпен абайлап айналысу
керек. Оның үстіне жаттығу кезінде ағзадан
белгілі бір мөлшерде токсин бөлінеді. Бұл
токсиндер тері, бүйрек, бауыр арқылы сыртқа
шығарылады. Егер күрделі жаттығулар жасап,
адам ағзасына шамадан тыс күш түсірсе, онда
зат айналу баяу жүріп, ақырында ауруға
шалдығады. Қандай спорт түрлері пайдалы?
Адам ағзасына айтарлықтай күш түсірмейтін
әрі хобби болып есептелетін би, жүзу және таза
ауада коньки, шаңғы, шана тебу, теннис, бад-
минтон, баскетбол, футбол, хоккеймен өте пай-
далы. Бұл спорт түрлері адамдарды ұжымдаса
отырып қимылдауға, ауызбіршілікке дағдылан-
дырады. Егер қоғамнан алшақ, оңаша болуды
қаласаңыз, шахмат, дойбы, домино, тоғызқұма-
39
лақ ойындарын байқап көріңіз. Жаттығудан
кейін бірден тамақтанбаңыз. Аздап демалып,
су ішіп, душ қабылдаңыз. Сұйық тамақтар
ішіп, көкөністер мен жемістер жеуге дағдыла-
ныңыз. Егер спортпен айналысуға мүмкіндігі-
ңіз болмаса, онда бір мезгіл жаяу жүруді
әдетке айналдырыңыз.
ІІІ деңгей. Мәтінді оқып, мазмұнын түсін,
орфографиялық қателерін тап.
Дескриптор:
Мәтінді оқиды
Мазмұнын түсінеді
Орфографиялық қателерді табады
ІІ деңгей. Берілген мәтіннен қажетті кли-
шелерді тауып жаз. Өмірмен байланыстыр.
Дескриптор:
Қажетті клишелерді тауып жазады
Өмірмен байланыстырады
І деңгей. Мәтінді негізге ала отырып, «Венн
диаграммасын» толықтыр. Сыни көзқара-
сыңды білдір. (спортпен шұғылданатындар,
спортпен шұғылданбайтындар)
Дескриптор:
- Тақырып бойынша ұқсастығын табады
- Айырмашылығын ажыратады.
- Сыни көзқарасын білдіреді
Кері байланыс. «Төреші» әдісі. Топтан бір
оқушы шығып, қалған топтардың жұмысы
туралы пікірін білдіреді. (ауызша)
2-тапсырма. С.
Берілген мәтіннен қажетті лексикалық
құрылымдарды қолдана отырып, өз ойыңды
дәлелдей дискуссивті эссе жаз.
Дескриптор:
- Қажетті лексикалық құрылымдарды
қолданады
- Өз ойын дәлелдейді
- Дискуссивті эссе жазады
Кері байланыс. «Бір құнды ой» әдісі.
Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын оқып, бір
сөзбен түйіндейді.
3- шығармашылық тапсырма ТЖ «Үздік
спорттық комментатор» әдісі.
Әр топқа өз саласына байланысты
проблемалық сұрақтар беріледі.
40
Соңы Эссе тақырыптары:
(5-10 мин) ІІІ топ «Г.Головкиннің титулы.»
ІІ топ «И.Ильин-экс чемпион.»
Қосымша І топ «Д.Тен – ерте сөнген жұлдыз.»
ақпарат
Дескриптор:
- өзіндік көзқарастарын білдіреді
- ойларын дәлелдей тұжырымдайды
- мәселені шешу жолын ұсынады
Кері байланыс. «Жеңіс тұғыры» әдісі.
Топтарды алтын, күміс, қола медальдармен
марапаттау.
Рефлексия. «4 раунд» әдісі.
1 раунд – түйінді 8 сөз
2 раунд – 8 сөзден түйінді 4 сөзді іріктеу
3 раунд – 4 сөзден түйінді 2 сөзді іріктеу
4 раунд - қорытынды болатын 1 сөз
Өзі ұнататын спорт түріне бейнесюжет
дайындау.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Сабақтың тақырыбы: Мектебі:
Қазақстанның демографиялық саясаты
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 9 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабаққа не- 9.3.3.1- мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік
гізделген оқу мәтіндегі / диаграмма, кесте/ деректерді салыстыру, маңызды
мақсаты(мақ тұстары мен үрдістерді / тенденция/ анықтап жазу.
саттары) 9.4.4.2- салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін
ажырата білу, түрлендіріп қолдану.
Сабақ Барлық оқушылар орындай алады:
мақсаттары: Мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік мәтіндегі
деректерді салыстырады, маңызды тұстары мен үрдістерді
/тенденция/ анықтап жазады.
Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін
ажыратып, түрлендіріп қолданады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары
мен үрдістерді анықтап жазуда өз көзқарастарын білдіре алады,
салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратып,
түрлендіре қолданады.
41
Кейбір оқушылар орындай алады:
Мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен
үрдістерді анықтап талдап, салалас құрмалас сөйлемдердің
мағыналық түрлерін түрлендіріп қолданып, өмірмен
байланыстыра отырып, шығармашылық бағытта жұмыс жасай
алады.
Бағалау 1.Графиктік мәтіндегі деректерді салыстырады, маңызды
критерийі тұстарын анықтап жазады.
2. Салалас құрмалас сөйлемдерді ажыратып, түрлендіріп
Тілдік қолданады.
мақсат:
Оқушылар орындай алады:
1. Графиктік мәтіндегі деректерді салыстыра отырып, маңызды
тұстарын анықтап жаза алады.
2. Мәтін құрастырады.
3. Салалас құрмалас сөйлемдерді тиісті қолдана біледі.
Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология:
Демография, саясат, халық саны, облыстар, қалалар, әйелдер,
еркектер саны, пайызы, салалас құрмалас сөйлем,
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы
тіркестер:
-Менің ойымша.....,
-Ойымды қорытындылай келе....,
- Салыстыра отырып ....,
-Деректерге сүйене отырып...,
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Қазіргі уақытта Қазақстан халқының саны қаншаға жетті?
- Сенің ойыңша, кейбір облыстарда халық санының көп болуы
немесе аз болу себебі неде?
- 2020-2025 жылдарда еліміздегі халық саны қаншаға жетеді
деп ойлайсың?
Құндылықта Қазақстан халқының санының өсуі туралы ақпараттармен
рға баулу: бөлісе алатын, халық, отбасы құндылығын түсінетін,
болашақты бағдарлайтын тұлға қалыптастыру. Отбасылық
Пәнаралық өмірге бейімдеу.
байланыс: Тарих, география, биология, өзін-өзі тану
Алдыңғы
оқу: «Фасоль қапшығы» әдісі.
(3-4 мин) Шарты: Алдыңғы білімді еске түсіру мақсатында мұғалім
қолындағы дән салынған қапшықты оқушыға лақтырады. Сұрақ
Жоспар қойылады. Жауап берген оқушы келесі оқушыға қапшықты
беріп, өз сұрағын қояды.
Жоспарланған Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
уақыт
42
Сабақтың Топқа бөлу.
басы
(6-7 мин) «Тұрғындар, үйшік, қалашық» тренингі
Сабақтың Шарты: Мұғалім «тұрғындар»деп айтқан кезде
ортасы
(20-25 мин) сыныптағы оқушылар қарама-қарсы араласып
жүреді. «Үйшік» деп айтқан кезде жұптасады.
«Қалашық» сөзі айтылғанда 6 оқушыдан
топтасады.
Ой шақыру сәті .
«Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі.
/Интерактивті тақтадан мына дерек мәтіні
көрсетіледі./
Тарихқа шегініс жасап, демографиялық ахуалдың
қалай өрбігеніне көз жүгіртіп көрелік. 1897 жылы
патша өкіметі жүргізген санаққа сенсек, қазақтың
саны 4,3 миллион болған екен. Арада жиырма
жылға жетпейтін уақытта қазекең бір жарым есе
көбейіп, 5,5 миллионнан асып түсіпті. Ахмет Бай-
тұрсынұлының: «Әлхамдулилла, 6 миллион
қазақпыз» деп шүкірлік еткен.
- Ал, сіз не дейсіз...?
- Қазіргі уақытта Қазақстан халқының саны
қаншаға жетті? - сұрағына оқушылар өз
ойларын білдіріп, сабақтың тақырыбын ашады,
бүгінгі сабақтың мақсатымен танысады.
ТЖ. №1 тапсырма «Саннан – сөз, сөзден-
сөйлем - сөйлемнен - мәтін» әдісі
1-топ: 2018жылғы Қазақстан Республикасының
облыс пен қалаларындағы халық саны
Шарты: Графиктік мәтіндегі деректердің
маңызды тұстарын салыстыр, берілген сұрақтар
аясында ақпараттарды анықта, салалас құрмалас
сөйлемдерді қолданып ақпарат жаз. Кестелер,ке
спе
Барлығы 18 115337 қағаздар
Ақмола 738942
Ақтөбе 857711
Алматы 2 017277
Атырау 620684
Батыс Қазақстан 547 497
Жамбыл 14 117220
Қарағанды 900415
Қостанай 876616
Қызылорда 783156
Маңғыстау 660317
Оңтүстік Қазақстан 2 929196
43
Павлодар 851278
Солтүстік Қазақстан 558 584
Шығыс Қазақстан 1 383745
Астана қаласы 998175
Алматы қаласы 1 801993
Cұрақтар:
-Облыстар арасында қай аймақта халық саны көп
шоғырланған?
-Алматы облысында халық санының көп болуы
неліктен?
-Ақтөбе облысы халық саны бойынша нешінші
орында?
-Қай облыстарда халық саны аз , оның себебі
неде деп ойлайсың?
Дескриптор:
1. Мәтіндегі деректерді салыстырады.
2. Берілген сұрақтар арқылы маңызды
ақпараттарды анықтайды.
3. Салалас құрмалас сөйлемдерді қолданады.
4. Ақпарат жазады.
Кері байланыс: «Комментарий» әдісі /ауызша/
2-топ. 2020-2025 жылдарда еліміздегі халық
санының өсуіне байланысты демографиялық
болжам.
Шарты: Графиктік мәтіндегі деректерді
салыстырып, халық санының өсуіне негіз
болатын факторларға өз көзқарасыңды білдіріп,
салалас құрмалас сөйлемдерді қолданып үндеу
хат жаз.
Жыл Халық саны
2020 18 596568
2021 18 790610
2022 18 976379
2023 19151791
2024 19327060
2025 19494551
Дескриптор:
1. Графиктік мәтіндегі деректерді салыстырады.
2. Мәліметтік болжам жасайды.
3. Өз көзқарасын білдіреді.
4. Үндеу хат жазады.
Кері байланыс: «Ризашылық білдіру» әдісі
(қолдау формасы)
3-топ. Еліміздегі әйелдер мен ерлер саны туралы
44
мәлімет
Шарты: Мәтіндегі деректерді салыстырып, осы
мәлімет негізінде «Елдің басты қазынасы-халық»
тақырыбына салалас құрмалас сөйлемдерді
түрлендіре қолданып ой-толғау жаз.
51,8% 51,62% 48,38%
10 млн 486 9 млн 827
48,2%
мың мың
2018 ж әйелдер 2018 ж ерлер 2030 ж әйелдер 2030 ж ерлер
саны саны 48,2% саны саны
Сабақтың Дескриптор:
соңы 1. Тапсырманы бірлесе орындайды
(5-10 мин) 2. Деректерді салыстырады.
3. Маңызды тұстары мен үрдістерді анықтйды.
Қосымша 4. Салалас құрмалас сөйлемдерді түрлендіре
ақпарат қолданады.
5. Ой-толғау жазады.
Кері байланыс: «3 сөйлем» әдісі. (топтар өзара)
1. Жетістік 2. Кемшілік 3. Түйінді ой
Ж. №2 тапсырма . «РАФТ » әдісі.
Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық
түрлерін түрлендіріп қолданып, өмірмен
байланыстырып мақала жаз.
Тақырыбы: «Халық санының өсуі немесе кемуі
–мемлекеттің бақылауында»
Дескриптор:
1. Деректердің маңызды тұстары мен үрдістерін
негізге алады.
2. Өмірмен байланыстырады.
3. Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық
түрлерін түрлендіріп қолданады.
4. Мақала жазады.
Кері байланыс: « Екі жұлдыз,бір тілек» /ауызша/
Кері байланыс: “Сиқырлы таяқша” әдісі
1.Мен бүгінгі сабақта білдім, ...
2.Маған келген жаңа ой, ...
3.Сенен досым .... көмектесуіңді сұраймын.
Ауылдық ауруханадан 2019 жылы ауылымызда
қанша сәби дүниеге келгені туралы ақпараттар
біліп келу.
45
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Сабақ тақырыбы: Мектебі:
Жаһандану және адамзат дамуының
жаһандық мәселелері
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
СЫНЫП: 10 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабаққа не- 10.3.1.1. Ғылыми – көпшілік стильдің жанрлық және стильдік
гізделген оқу ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып,
мақсаты интервью жазу;
(мақсаттары) 10.4.4.1.Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай
білу.
Сабақ Барлық оқушылар орындай алады:
мақсаттары Ғылыми – көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекше-
ліктерін біледі, тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью
жаза алады. Сөзжасам және синтаксистік нормаларды
сақтайды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Ғылыми – көпшілік стильдің жанрлық және стильдік
ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды түрлендіре қолданып,
сөзжасамдық және синтаксистік норманы сақтай отырып, сыни
тұрғыдан интервью жазады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай отырып,
ғылыми – көпшілік стильдің жанрлық ерекшеліктеріне сай
тілдік құралдарды түрлендіре қолданып, бүгінгі өмірмен
байланыстыра отырып, мазмұнды интервью жазады.
Бағалау * Ғылыми – көпшілік стильдің жанрлық және стильдік
критерийі ерекшеліктеріне сай интервью жазады;
* Сөзжасам және синтаксистік нормаларды сақтайды.
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:
1. Ғылыми – көпшілік стильдің ерекшеліктерін біледі
2. Тілдік құралдарды түрлендіре қолданады
3. Сөзжасам және синтаксистік нормаларды сақтайды
4. Сыни тұрғыдан интервью жазады
Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология:
ғаламдану, жаһандану үдерісі, алға ұмтылу, озық бәсеке,
мәдени жаһандану, экономикалық жаһандану, ақпараттық –
коммуникациялық жаһандану;
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы
тіркестер:
- Менің ойымша ..., - Біздің пікірімізше ..., - Ойымызды
нақтылай келе..., - Қорыта айтқанда .... .
46
Талқылауға арналғансұрақтар:
- Жаһандану дегенді қалай түсінесің?
- Жаһандану үдерісіне өз үлесіңді қалай қосар едің?
- Жаһандану талабының қатаңдығынан әлсіз ұлттар жойылуы
мүмкін бе?
Құндылықта Бәсекеге қабілеттілік, талаптылық, жаһандық өзгерістерге
рға баулу пайымды көзқарас
Пәнаралық Экономика, қазақ әдебиеті, дүниежүзі тарих, информатика
байланыс
Алдыңғы оқу: «Дүбірлі дүние» әдісі арқылы ауызша әңгімелесу жүргізіледі.
(3-4 мин)
Жоспар
Жоспарлан- Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
ған уақыт
Басы С.Ойшақыру суреттер
(6-7 мин) «Суреттер сөйлейді» әдісі.
Интербелсенді тақтадан сурет көрсетіледі,
оқушылар сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын
ашады.
- Жаһандану дегенді қалай түсінесің?
- Жаһандану үдерісіне өз үлесіңді қалай қосар
едің?
Суреттер арқылы топқа бөлінеді.
Топқа бөлу:
І «Жаһан»тобы
ІІ «Жаһандық» тобы
ІІІ «Жаһандану» тобы
Ортасы 1-тапсырма. Топтық жұмыс «Ой өрімі» әдісі
(20-25 мин)
Шарты: Ұғымдардың мағынасын аш, түсін-дір,
ұсынылған мәтіндер мазмұнынан стиль-дік
ерекшеліктерге тақырыпқа сай сөздердің
қолданысын анықта. (Үш топқа 3 түрлі мәтін
беріледі).
«Жаһан»тобы 1-мәтін Кітаптан
Жаһандық мәселелер дегеніміз – шешімі өрке- мәтін
ниеттің ары қарай өмір сүруіне әсер ететін мәсе- беріледі
лелердің жиынтығы. Олар қазіргі заман адамы-
ның өмірінің дамуының әркелкілігі мен адамдар-
дың әлеуметтік – экономикалық, идеологиялық
арақатынасында пайда болатынқарама – қайшы-
лықтардың себебінен туындайды. Бұл мәселелер
жалпы адамзаттың өміріне әсер етеді. Адамзат-
47
тың жаһандық мәселелері – ғаламшарымыздың
барлық тұрғындарының өмірлік қызығушылығын
қозғайтын және әлемнің барлық мемлекеттері
ортақтасып шешетін мәселелер. Адам-заттың
жаһандық мәселелеріне жататындар: Оңтүстік –
Солтүстік мәселесі; азық – түлік мәселесі;
кедейлік мәселесі; энергетика мәселесі; экология
мен тұрақты даму мәселесі; әлемдік мұхитты
меңгеру мәселесі; демография мәселесі.
Сонымен қатар өркениеттің дамуымен бірге жаңа
жаһандық мәселелер туып отырады (ғарыштық
кеңістікті игеру, климатты қадағалау т.б)
«Жаһандық» тобы 2 – мәтін
Оңтүстік - Солтүстік мәселесі – дамыған елдер
мен дамушы елдердің экономикалық қатынаста-
рының мәселесі. Оның мәні дамыған және даму-
шы елдер арасындағы әлеуметтіәк – экономика-
лық деңгейлердегі айырмашылықты азайту үшін
дамушы елдер дамыған елдерден олардың нары-
ғында дамушы елдердің тауарларына сұранысты
ұлғайтуды, елге капитал мен білімнің ағымын ұл-
ғайтуды (әсіресе көмек ретінде), сыртқы қарыз-
дардың есептерін шығаруды және т.б, талап
етілуінде.
«Жаһандану» тобы 3 – мәтін
Азық – түлік мәселесі дегеніміз – қазіргі кездің
өзінде адамдардың өзін – өзі өмірлік маңызы бар
азық – түлікпен толық қамтамасыз ете алмауы.
Бұл мәселенің шешімі табиғи ресурстарды тиімді
қолдану, ауыл шаруашылығындағы ғылыми –
техникалық прогреске және мемлекет тарапынан
қолдау деңгейінен тікелей тәуелді.
Кедейлік мәселесі жаһандықмәселелердің ішінде
ең негізгілердің бірі болып отыр. Кедейлік деп
отырғанымыз – мемлекеттің сол елдегі
адамдардың ең қарапайым және ең арзан өмір
жағдайымен қамтамасыз ете алмауы. Әсіресе
дамушы елдердегі кедейліктің үлкен маштаптары
тек қана ұлттық емес, сонымен қатар әлемдік
тұрақты дамытуға үлкен қауіп тудырады.
Дескриптор:
- мәтінді оқиды.
- мазмұнын түсінеді.
- стильдерді ажыратады.
Кері байланыс: «Кезбе тілші» әдісі (ауызша)
48
2-тапсырма. Жеке жұмыс «Телебағдарлама
жүргізушісі» әдісі
Шарты: «Қазіргі таңдағы жаһандану үде-рісін-
дегі адамзаттың рөлі?» деген тақырыпта ғылыми
– көпшілік стильдік ерекшеліктерін қолдана
отырып, өмірмен байланыстырып, интервью жаз.
Дескриптор:
- тақырыпты түсінеді
- стильдік ерекшеліктерді қолданады
- өмірмен байланыстырады
- интервью жазады
Кері байланыс: «Жүйрік қалам» әдісі (жазбаша)
3 - тапсырма. Жұптық жұмыс «Еркін
микрафон» әдісі
Шарты: Жаһандану талабының қатаңдығы-нан
әлсіз ұлттар жойылуы мүмкін бе? Сұраққа жауап
бер, өзіндік пікіріңді айтып, ой тұжырым жаса.
Дескриптор:
- пайымдаулар айтады
- сыни ойлайды
- өзіндік ой тұжырым білдіреді
Кері байланыс
«Менің позициям» әдісі (ауызша)
Соңы Стикерлер
(5-10 мин)
«Еркін жазба» әдісі. беріледі
Қосымша
ақпарат «Бүгін сабақта.....» тақырыбында 1 минут өз
ойларын жазады.
КБ (мұғалім тарапынан) «Алғыс білдіремін» әдісі
Энциклопедия көздерінен ақпараттар жинақтау
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Пәні: Қазақ әдебиеті Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 10 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Бөлім атауы Заман дәуір тұлғасы
Сабақтың Қабдеш Жұмаділов. «Тағдыр» романы
тақырыбы
Сабақ негіз- Б/С3. 10.3.3.1. Шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап,
делген оқу әдеби эссе жазу
мақсаты
(мақсаттары)
Сабақ Барлық оқушылар орындай алады: шығарма идеясы негізінде
49