мақсаттары әдеби эссе жазады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: шығарма идеясын
ғаламдық тұрғыдан саралап, әдеби эссе жазады.
Кейбір оқушылар орындай алады: шығарма идеясын ғаламдық
тұрғыдан талдап, өзіндік пікірін білдіріп, әдеби эссе жаза алады.
Тілдік Оқушылар орындай алады: шығарма идеясын анықтайды,
мақсат ғаламдық тұрғыдан талдайды, өзіндік пікірін білдіреді, әдеби эссе
жазады
Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология:
тарихи роман,идея, ата қоныс, шекара бөлінісі, ұлт мүддесі,
азаттық үшін күрес, дала ғұрпы
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Менің ойымша,...
Автордың көзқарасынша,...
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Романға автор неге «Тағдыр» деген атау берген, қалай
ойлайсың?
- Жазушының шекараның арғыбетінде қалған «жабық» тарихты өз
шығармасына арқау ету себебі неде?
- Романда халықтың азаттық жолындағы күресі, мұраты қалай
көрініс тапқан?
- Елбасымыздың «Бір халық - бір ел - бір тағдыр» деген сөзінің
мәнісін қалай түсінесің?
Бағалау кри- 1.Шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдайды;
терийлері 2.Әдеби эссе жазады.
Құндылық Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы құндылығы негізінде
қа баулу ата жұртын қадірлеп, құрмет тұтуға, ел тарихын білуге тәрбиелеу,
ұлтын сүйген ерлерімізді дәріптеу.
Пәнаралық Қазақстан тарихы
байланыс:
Алдыңғы «Конверт-сұрақ» әдісі арқылы алдыңғы білім қорытындыланып,
оқу:
(3 мин)
пысықталады.
Жоспар
Жоспарлан- Жоспарланған уақыт түрлері Ресурстар
ған уақыт
Сабақтың «Тағдыр»- ұлтжанды қаһарманды биік өреге
басы көтерген роман. Ұлт тағ-дырын Демежан
өмірінің шындығы-мен ұштастыра суреттеген,
(7мин) қазақ әдебиетінің өз қойнауынан шыққан туынды.
Ш.Елеукенов
С. Ойшақыру.
Үнтаспадан романның бас кейіпкері Демежанның
50
Сабақтың монологы тыңдалады.
ортасы (Мен көпшіліктің қамы үшін өз қара-қан басымды Үнтаспадан
(20 мин) ұмытқан жанмын. Би-ліктен де, байлықтан да романның
безінуге болар, бірақ өз халқыңнан, ұлттық мүдде бас кейіпкері
жолындағы күрестен шегіне алмассың. Шамаң Демежанның
келсе, еліңе зәредей болса да , жақсылық жаса... монологы
Менің де мұратым сол - халқымды жаңа бір тыңдалады.
қырқаға шығару)
- Демежанның бұл монологы сіздерге қандай ой
салды?
-Ұлтжанды қаһарманның ұлы мұраты туралы не
айтасыңдар?
-Ұлт мүддесін өз мүддесінен жоғары қойған қандай
тұлғаларды атай аласыңдар?
2.Топқа бөлу. Романның «Жол торабы», «Тағдыр
талқысы», «Уақыт керуені» бөлім атаулары
арқылы 3 топқа бөлінеді.
ТЖ.1-тапсырма. Шығарма идеясын ғаламдық
тұрғыдан талда.
«Гауһарлар иерархиясы» әдісі арқылы. (Оқушы-
ларға проблемалық сұрақ ұсынылады. Оқушылар
пікірін ұсынып, талдап, өздері басымдық беретін
идеяны гауһартастың әр қырына орналастырады)
Проблемалық сұрақ:
-Ұлтқа қызмет ету үшін...
Дескриптор:
*шығарма идеясын ғаламдық тұрғыдан талдайды.
Кері байланыс: формасы: графиктік (гауһартас
түрінде) Гауһар тас - бағалы, ең қымбат, мықты
тас. Сендердің де әрқайсысыңның пікірлерің мен
үшін құнды!
Қ/Б: топтық бағалау
Ж. 2-тапсырма. Шығарма идеясын ғаламдық
тұрғыдан салыстырып, өзіндік пікіріңді білдіріп,
әдеби эссе жаз.
Ұсынылатын тақырып:
1.Адамдық борышың - халқыңа еңбек қыл.
«Еркін жазу» әдісі арқылы.
Дескриптор:
1.Шығарма идеясын ғаламдық тұрғыдан
салыстырады;
2.өзіндік пікірін білдіреді;
3. әдеби эссе жазады.
Кері байланыс: «Үздік эссені анық-тау» әдісі.
Формасы: ауызша (комментарий)
51
Сабақтың Қ/Б: өзара бағалау
соңы
С.Бекіту. «Бір минуттық пікір» әдісі
Қосымша Романның соңғы бөлімінде бас кейіпкердің
ақпарат мынадай сөзі бар:
-Әттең, Дықа-ай, сен екеуіміз қай еңбегімізге
қарымта дәметіп едік? Ағайыннан қайтпаса,
келер ұрпағынан қайтар. Әйтеуір, бір дән болса
да, осы елге себе берейік те.
«Ұрпақ үні»
Рефлексия. «Бір сөзбен» әдісі. Оқу-шылар
берілген сөздер ішінен өздері-нің бүгінгі сабақтағы
жайын сипаттай-тын 3 сөзді жапырақшаға жазып,
«Демежан қарағашына» іледі. Жауапкершілік.
Шабыт. Алаңдау. Сезім. Сенімділік. Зерігу.Ой
құшағы. Қуаныш. Тыныштық.
Электронды орта
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның Мектеп:
әлемдік саясаты және жаһандық мәселелері
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 10 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:
Сабаққа Ж2. 10.3.2.1. Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік
негізделген ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала
оқу мақсаты жазу
(мақсаттары) ӘТН5.10.4.5.1. Сөйлем мен мәтін деңгейінде тыныс белгілерін
қолдана білу
Сабақ Барлық оқушылар орындай алады: ғылыми-көпшілік стильдің
мақсатта- жанрлық және стильдік ерекшеліктерін ажыратып, мақала
ры: жазады, тыныс белгілерін ескереді
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мақала жазуда тілдік
құралдарды орынды пайдаланады, тыныс белгілерін қойып
қолданады
Кейбір оқушылар орындай алады: ғылыми-көпшілік стиль-дің
жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құрал-дарды
орынды пайдаланып, мақала жаза алады; сөйлем мен мәтін
деңгейінде тыныс белгілерін қолданып, сауатты жаза алады
Тілдік Оқушылар орындай алады: тілдік құралдарды орынды қолдана-
мақсат ды, мақала жазады. Оқылым, жазылым дағдылары қалыптасады.
Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен термонология:
сыртқы саясат, жаһандану үрдісі, саяси байланыстар, ғаламдық
қауіптер, шешімдер, т.б.
52
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
- Елбасы айтқандай ...,
- Саясаттанушылар пікірінше ...,
- Біздің ойымызша... .
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Қазақстанның әлемдік қауымдастық пен халықаралық
қатынастағы орны мен беделі қандай?
- Неліктен әлемді Қазақстандағы экологиялық мәселелер
алаңдатады?
Бағалау 1. ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік
критерийі ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданады.
2. мақала жаза алады.
3. сөйлем және мәтінде тыныс белгілерін дұрыс қолданады .
Құндылық Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік өңірлік мәселелерді
қа баулу шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы туралы түсінік
қалыптастыру
Пәнаралық тарих, адам және қоғам
байланыс
Алдыңғы «Қазымыр оқушы» әдісі бойынша алдыңғы білімді пысықтау.
оқу (3мин)
Жоспар
Жоспарлан Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
-ған уақыт
Басы Ой шақыру: «Ортақ портрет» әдісі бойынша
7 минут бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталады Сурет,
интербелсе
нді тақта
Жетекші сұрақтар:
- Суреттер топтамасынан нені байқадыңдар?
- Оның бүгінгі сабақ тақырыбына қандай қатысы
бар?
Топқа бөлу. Тірек сөздер арқылы.
Ортасы Т/Ж №1-тапсырма. Мәтінді оқып, авторына сілтеме
20 минут
жасаңдар, оны айғақтайтын деректер көрсетіңдер. Оқулық,
«Теріп оқу» стратегиясы мәтіндер.
Ұзақ мeрзімді басымдық: ұлттық қауіпсіздік
Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибeсі мeмлe-
53
кeттің алға басуы мeн тұрақты өсуі үшін қажeтті
шарттардың нeгізгісі oның ұлтының қауіпсіздігі мeн
мeмлeкeттілігінің сақталуы eкeнінe куә. Бoстандық
пeн тәуeлсіздікті жeңіп алу жeткіліксіз, oны табан-
ды түрдe қoрғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қа-
жeт. Біздің ұрпақ eңсeрe алмай, өздeрінe қалдырған
ауыртпалықтар, қиыншылықтар мeн прoблeмалар
үшін бoлашақ ұрпақ кeшірeр. Eгeр біз өз мeмлeкeт-
тілігіміздeн айырылып, eгeмeндігіміздің стратeгия-
лық нeгіздeрін, өз жeрлeріміз бeн рeсурстарымызды
қoлымыздан шығарып алсақ, бізгe кeшірім жoқ.
Әринe, бoлашақты бағамдаудың мұндай қисыны кeз
кeлгeн ішкі жәнe сыртқы жағдайларда ұзақ мeрзімді
кeзeңгe арналған Қазақстан саясатының стратeгия-
лық бағыты үшін уақыты жағынан үздіксіз бoлуы
кeрeк. Бұл Қазақстанның 2030 жылға дeйінгі да-
муының бірінші стратeгиялық басымдығы бoлуға
тиіс. Қауіпсіздіктің басымдығы анық: eгeр eліміз қа-
уіпсіздігін сақтамаса, oнда тұрақты даму жoспарла-
ры туралы сөз қoзғауымыздың өзі қисынсыз. Баба-
ларымыздың өз мeмлeкeтінің іргeтасын қалауы мeн
дамытуын шoлып қарағанда, oлардың өз мeмлeкeт-
тілігін сақтап қалу үшін тарихи ауыр жәнe қатал кү-
рeс жүргізгeнін айқын көрсeтeді. Oсы стратeгиялық
міндeттің шeшімін үнeмі іздeстіру қажeттігі біздeн
қалыптасып oтырған жағдайды гeoстратeгия-лық
күштeрмeн жәнe oлардың өзгeру сeрпінімeн тeңдeс-
тірe байсалды әрі барабар бағалауды талап eтeді.
Қазақстанның қазіргі кeздeгі жәнe жақын бoлашақ-
тағы ұлттық қауіпсіздігінe төнуі ықтимал қауіптің
тікeлeй әскeри басып кіру жәнe мeмлeкeттің аумақ-
тық тұтастығына қатeр «ҚАЗАҚСТАН – 2030: бар-
лық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіз-
дігі және әл-ауқатының артуы» төндіру сипатында
бoлмайтынын біз түсінeміз. Рeсeйдің дe, Қытайдың
да, Батыстың да жәнe мұсылман eлдeрінің дe бізгe
шабуыл жасауға итeрмeлeйтін сылтауы жoқ eкeні
айдан анық. Бұл тыныштық пeн тұрақтылықтың
бoлжап білугe бoлатындай қашықтығы Қазақстан-
ның экoнoмикалық әлeуeтін тиімді нығайту үшін
пайдаланылуға тиіс, сoның нeгізіндe біз ұлттық
қауіпсіздіктің сeнімді жүйeсін құра аламыз.
Дескриптор:
1.мәтінді теріп оқиды.
2. авторына сілтеме жасайды
54
Соңы 3.айғақтайтын деректерді көрсетеді
10 минут Кері байланыс: ауызша (комментарий), «Соңғы
сөзді мен айтамын» әдісі
Қалыптастырушы бағалау: топтық бағалау
Т/Ж №2-тапсырма.
Деңгейлік тапсырманы орындаңдар
1-деңгей. Оқылым мәтініндегі стильдік және
жанрлық ерекшеліктерді «Борт журнал» әдісімен
анықтаңдар
Стильдік ерекшеліктер Жанрлық ерекшеліктер
2-деңгей. Оқылым мәтініндегі тілдік құралдарды
«Қос жазба күнделігі» арқылы табыңдар
Мәтіннен алынған үзінді Тілдік құралдар
3-деңгей. Мәтіндегі тыныс белгілерді «Мәтінмен
жұмыс» әдісі арқылы орнына қойып, қолданылуын
түсіндіріңдер
Дескриптор:
1.стильдік және жанрлық ерекшеліктерді анықтайды
2.тілдік құралдарды табады.
3. тыныс белгіні қояды.
Кері байланыс: графикалық (жұлдызша)
Қалыптастырушы бағалау: өзара бағалау
№3-тапсырма. Оқылым мәтініндегі негізгі ойды
басшылыққа ала отырып, «Еркін қалам» әдісі
бойынша мақала жазыңдар.
Дескриптор:
1.негізгі ойды ескереді
2.мақала жазады
Кері байланыс: «Үздік мақала» әдісі (ауызша)
Қалыптастырушы бағалау: өзара бағалау
Бекіту тапсырмасы: талқылауға арналған
сұрақтар
Рефлексия: «Өз ұмтылысыңды бағала» әдісі
Қосымша 1.Бүгінгі сабақта сен қандай үш тапсырма орындай
ақпарат алдың?
2.Нәтижеге жету үшін алдағы уақытта нені өзгертер
едің?
3.Бүгінгі сабақтан түйгенің?
Page.php.kz, zan.kz, Н.Назарбаев «Тарих
толқынында», «Ғасырлар тоғысында» кітабы
55
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Бөлім атауы: Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Мектеп:
Сабақтың тақырыбы: Өнер және мәдениет
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 10 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:
Сабаққа Ж4 10.3.4.1. - қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды
негізделген қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп, эссе
оқу мақсаты жазу (дискуссивті эссе)
(мақсаттары) ӘТН1 10.4.1.1. - мәтін бойынша тілдік бірліктерді орфография-
лық нормаға сай жазу.
Сабақ Барлық оқушылар орындай алады: мәтін бойынша лекси-
мақсаттары: калық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша
орфографиялық нормаға сай өз ойын дәлелдеп, эссе жазады
(дискуссивті эссе).
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: қажетті клишелер
мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе
бойынша орфографиялық нормаға сай өз ойын дәлелдеп эссе
жазады (дискуссивті эссе).
Кейбір оқушылар орындай алады: қажетті клишелер мен
лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе
бойынша орфографиялық нормаға сай эссе талаптарын сақтай
отырып, өз ойын дәлелдеп жазады.
Тілдік Оқушылар орындай алады: Эссе талаптарын сақтайды, негізгі
мақсат ақпараттарды қолданып, орфографиялық нормаға сай
дискуссивті эссе жазады.
Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен термонология:
өнер, мәдениет, энциклопедия,
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
- Ақпарат көздеріне сүйенсек...,
- Менің ойымша...,
– Мәдениеттанушылардың пікірінше...
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Әлемді мойындатқан қандай қазақтың өнер саңлақтарын
білесіңдер?
- Өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын
білдіретін ғажап көрініс дегенді қалай түсінесің?
Бағалау 1. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып,
критерийі көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп, эссе жазады
(дискуссивті эссе)
2. Мәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай
жазады.
Құндылық- Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы туралы түсінік
қа баулу қалыптастыру.
56
Пәнаралық Мәдениеттану, музыка, өзін-өзі тану
байланыс
Алдыңғы «Бумеранг» әдісі арқылы алдыңғы білімді пысықтау
оқу 3 мин.
Жоспар
Жоспарлан- Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
ған уақыт
Басы С. Ой шақыру: Тақырыпқа байланысты «Стоп-
7 минут кадр» әдісі арқылы өнер мен мәдениет саласынан Сурет,
үзінді бейнекөрсетілім көрсетіледі. интербелс
енді тақта
Ортасы Астанада өнер мен мәдениет жайы талқыланды.mp4
20 минут
Жетекші сұрақтар:
Соңы - Бейнекөрсетілімнен нені байқадыңдар?
10 минут - Оның бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар деп
Қосымша ойлайсыңдар? Топқа бөлу. «Өнер», «Мәдениет»,
ақпарат «Өркениет».
Т/Ж. №1-тапсырма. Әдісі: «Ойлан. Бірік. Бөліс»
1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Орфографиялық нор- Оқулық,
маға сай жазылғанын анықтап, өз мәліметтеріңмен мәтіндер.
айтылған ойды толықтырыңдар.
Дескриптор:
1. мәтінді оқиды.
2. тақырыптың маңыздылығын ашады.
3. орфографиялық нормаға сай жазылғандығын
анықтайды.
4.айтылған ойды толықтырады.
Кері байланыс: (ауызша) «Бір тамшы ой» әдісі
Қ/Б-топтық бағалау.
Ж. №2-тапсырма. «Еркін жазу» әдісі
Эссе тақырыбынан ауытқымай, орфографиялық нор-
маға сай өз ойларыңды дәлелдеп, көтерілген мәселе
бойынша «Өнерлі болу-арманым» тақырыбында эссе
жаз (дискуссивті эссе).
Дескриптор:
1.тақырып негізін ескереді.
2.өз ойын дәлелдейді.
3.орфографиялық нормаға сай эссе жазады.
Кері байланыс: (жазбаша) комментарий
Қ/Б-өзара бағалау.
Бекіту. Талқылауға арналған сұрақтар арқылы
1.Рефлексия: «Таразы» әдісі
www.madenimura.kz kazneb.kz
57
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Сабақтың тақырыбы: ЭКСПО 2017 Мектеп:
Қазақстанның мақтанышы
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 9 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:
Сабаққа Ж 5 9.3.5.1. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша
негізделген автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы
оқу мақсаты жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу.
(мақсаттары) ӘТН 4 9.4.4.1. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық
түрлерін ажырата білу, түрлерін қолдану.
Сабақ Барлық оқушылар орындай алады: Мәтіндегі автордың негізгі
мақсаттары: ойын сақтай отырып, қарапайым тезис жазады, сабақтас құрмалас
сөйлемнің мағыналық түрлерін ажырата біледі.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтін негізінде
перифраз тәсілдері арқылы күрделі тезис жазады.
Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтіндегі автордың негізгі
ойын сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы дәйексөз тезисін
жазады.
Тілдік Оқушылар орындай алады: Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты
мақсат өмірлік мәселелермен байланыстырады, мәтіннен құрмалас
сөйлемнің мағыналық түрлерін ажыратып, табады.
Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология:
Тәуелсіз ел, ЭКСПО көрмесі, «Болашақ» энергиясы, «Нұр әлем».
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
«Менің ойымша...», «Автор пікірінше...», «Демек...», «Мүмкін...»
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. «Экспо 2017 көрмесінің маңыздылығы неде болды ?
2. Экспо көрмесіне қандай үлес қосар едің ?
Бағалау Мәтіндегі автордың негізгі ойын сақтай отырып, тезис жазады;
критерийі Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін ажырата
біледі, қолданады;
Құндылық Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім
-қа баулу
Пәнаралық Тарих, физика
байланыс
Алдыңғы «Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісі арқылы алдыңғы білімді
оқу пысықтау
Жоспар
Жоспарлан- Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
ған уақыт
Басы С. Ой шақыру Кеспе
10 минут ЭКСПО туралы қызықты деректермен құлақтандыру, қағаздар
таныстыру.
58
Ортасы Жетекші сұрақтар:
20 минут 1. Көрменің халыққа қандай пайдасы бар?
2. Оның экономикалық тиімділігі неде?
3. «Болашақтың энергиясы» тақырыбының өзектілігі
неде?
Топқа бөлу
«EXPO» әріптері арқылы топқа бөлу
ЭКСПО-2017
Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет Оқулық,
ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне таратпа
айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры мәтіндер.
тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашыл-
ды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және
әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік
деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқысы бола білді.
[1] «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу Қазақстан үшін
халықаралық деңгейде алға жыл-жуында үлкен қадам
болмақ. EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге
ниетті Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ
энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Қалай деген-
де де, EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қатысу
қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге
берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Оның үстіне,
әлем алдында өзіңнің даму деңгейіңді іс жүзінде дәлел-
дей отырып, шараны жоғары жауапкершілікпен өткізу
– өте зор құрмет. Өйткені елдерді достастыру, ауызбір-
лікке шақыру, инфрақұрылымдарды лайықты деңгейде
дамыту – жоғары дәрежеде өтетін кез келген іс-шара-
ның мақтанышы. [3] Әлемнің алдыңғы қатарлы мемле-
кеттері ғылымдағы өзінің соңғы жаңалықтарын ұсына-
тын бұл халықаралық көрмені өткізу идеясы неден
туындап отыр? Жасыратыны жоқ, бүгінде елімізде ба-
ламалы көздерден қуат алу мәселесі әлі де болса ше-
шілмеген. Ал әлем дамудың жаңа, экологиялық тұрғы-
дан қауіпсіз жолдарын қажетсінеді. Міне, сондықтан да
Қазақстан «Жасыл экономикаға» бет бұрды. Егер
EXPO-ны өткізудің сәті түссе, осы бір қордаланған мә-
селелер шешімін табады. Шындығында да еліміздің
географиялық орналасу жағдайын, жел және күн энер-
гиясын пайдалану мүмкіндігін, сондай-ақ мұнай және
газ ресурстарының энергетикалық әлеуетін ескерсек,
бұл қажеттіліктің орнын толтыруға тамаша мүмкіндік
туып отыр. Қазақстанның сағатына 1 трлн кв энергия
өндіруге мүмкіндігі бар. Оның үстіне Астана көрмені
өткізу құқығын жеңіп алған жағдайда, ЭКСПО-2017
59
көрме қалашығы толықтай баламалы энергия көздері
арқылы жұмыс істеуге көшеді. [4] Мұны көріп-біліп
отырған сарапшы мамандар еліміздің мүмкіндіктері
мен артықшылықтарын толық мойындауда. Демек,
бұдан шығатын қорытынды, әлемдегі белді ұйымдар
Қазақстанның EXPO көрмесін өткізуіне бір жағынан
мүдделі болып отырса, екінші жағынан Қазақстан мен
оның «энергия» тақырыбына деген қызығушылығын
көптеген елдер қолдауда. Қазір елуден астам ел
Астанада көрмені өткізуге жазбаша келісім берсе, қы-
рықтан астам мемлекет ауызша растаған. Тағы да ма-
мандардың пікіріне тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз.
КХБ бас хатшысы Висенте Лоссерталес Астананың
EXPO-2017 өткізуге мүмкіндігі жоғары деп есептейді.
Ол біздің еліміздің үш артықшылығына бас мән бере-
тінін жеткізді. Оның пайымынша, біріншіден, Қазақ-
стан басшылығының саяси еркіндігі бар, екіншіден, бұл
істі абыроймен атқаруға қажетті қор жеткілікті, үшін-
шіден, біздің еліміз ұсынып отырған «Болашақ энергия-
сы» тақырыбы бүгінде бүкіл дүние жүзінде маңызға ие
болып отыр. [5] Тарихқа көз жүгіртсек, EXPO дәстүрлі
көрмесі бұған дейін Азияның солтүстік шығысында,
Еуропа мен Солтүстік Америкада өткізіліп келген екен.
Ал енді Шығыс пен Батыстың арасындағы алтын көпір
болып табылатын жаңа өңірде, Еуропа, Таяу Шығыс
елдерімен, бұрынғы Кеңес республикаларымен, сон-
дай-ақ Орталық Азия елдерімен өте жақсы қарым-
қатынас орнатқан жас мемлекетте өткізу Астанаға тағы
бір ұпай алып келеді. Қазақстан елордасы сайлау алды
бәсекеде жеңіске жетсе, осы саладағы үздік әлемдік үр-
дістер мен әзірлемелерді көрсетіп, оны талқылау үшін
тиімді алаңға айналары сөзсіз. Қазірдің өзінде «Бола-
шақ энергиясы» тақырыбында жұмыстар басталып
кетті. Қазақстан жаңа энергия көздерін енгізу бойынша
халықаралық пікірталастарға белсенді түрде қатысып
келеді. Айталық, 2012 жылдың маусымында Астанада
өткен «Болашақ энергиясы» халықаралық симпозиумы
ғаламшардың назарын қайта жаңартылатын энергия
көздерін күшейту мәселелеріне аударды. Мұның өзі
Қазақстан үшін EXPO-2017 көрмесін өткізуде маңызды
шаралардың бірі.
Ж №1 тапсырма
Мәтінді оқы, автордың негізгі ойын сақтай отырып,
тезис (қарапайым, күрделі, дәйексөз) жаз
Әдісі: «Еркін жазу»
60
Соңы Дескриптор:
10 минут мәтінді оқиды;
автордың негізгі ойын сақтайды;
Қосымша тезис жазады;
ақпарат Кері байланыс: «Графиктік бағалау» (смайлдар
арқылы)
ҚБ: өзіндік бағлау
ЖЖ №2 тапсырма
Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді тап, мағыналық
түрлерін ажырат
Әдісі: «Ізден, тап, ажырат»
Дескриптор:
-Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді табады
-мағыналық түрлерін ажыратады
Кері байланыс: «Сөзімді саған арнаймын» әдісі (ме-
ніңше.... жетті, дегенмен... жетілдіру керек. (ауызша)
ҚБ: өзара бағалау
№3 тапсырма
Құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін қолданып,
«ЭКСПО-2017 көрмесі – елдіктің ерен жеңісі»
тақырыбында мәтін құрастырып жаз
Әдісі «Әңгіме жазу»
Дескриптор:
құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін қолданады;
мәтін жазады;
Кері байланыс: «Бағдаршам» әдісі
ҚБ: өзара бағалау
С. Бекіту «Экспо 2017 көрмесінен алған әсерім....»
Әдісі: «Бір минуттық әңгіме» әдісі
Оқушылар бір-біріне әңгімелеу арқылы ой қорытады
Рефлексия: «Жетістік» сатысы
Мен ....... білдім
Мен ........ түсіндім
Мен ......... жасай аламын
ЭКСПО туралы 15дерек. №1 дерек. ЭКСПО-ны ІІ Елизаветаның
бабасы ойлап тапқан. №2 дерек. Наполеон да ЭКСПО-ны қалаған.
№3 дерек. Монархтар көрмені жақсы көріп қалды. №4 дерек.
ЭКСПО мен апаттар. №5 дерек. Телефон және қызанақ кетчупы.
№6 дерек. Көрмелердің Халықаралық Бюросының құрылуы. №7
дерек. Ұлы тоқырау кезіндегі ЭКСПО. №8 дерек. Ядролық заман.
№9 дерек. Алғашқы компьютерлер. №10 дерек.IMAX 60-жылдары
пайда болды. №11 дерек.Жапония суырылып алға шықты. №12
дерек. Даулы ЭКСПО. №13дерек. Көрмелер әртүрлі болады. №14
дерек. ЭКСПО: тек инновациялар емес, сонымен бірге
мәдениет.№15 дерек. ЭКСПО-2017 Қазақстан Астанада өтті.
61
ЭССЕ ЖОБАЛАРЫ
Әуезов әлемі
Эссе
Қазақтың ұлы данышпан ақыны Абайды және көзінің тірісінде Абайды
әлемге таныту арқылы өзі де танылған қазақтың ойшыл жазушысы, айтулы
тұлға Мұхтар Әуезовті «білмейтін» қазақ жоқ деуге болады. Соған қарамастан,
«мен бір жұмбақ адаммын»,- деп Абай айтқандай, қазақтың дарынды ұлының
шығармашылығы жан-жақты зерттелсе де, біз әлі танып үлгермеген тұстары да
жеткілікті. Соның бірі – ғұламаның адамзат мәдениеті мен рухани
құндылықтарының ерекшелігі мен бірлігі туралы ойлары. Өйткені егер Абай өз
ұлтының рухани шыңдалуын мұрат тұтса, Мұхтар Әуезов сол ұлттық
құндылықтарды адамзат мәдениетінің асқаралы шыңдарымен жалғастырған
алтын көпір болып, тарихта мәңгі қалды. Олай болса, бұрыңғы ұрпаққа да,
бүгінгі және болашақ ұрпақтарға да әдебиет әлемінің айтулы тұлғасы Мұхтар
Әуезовті тану – ұлтты тану деген ұлы ұғыммен ұштасады. Ал ұлтты тану, оның
бұрынғысын зерделеп, болашағын болжай білу – ұлттық дамудың негізгі
шарты.
Қазақ Кеңес әдебиетінің классигі, Лениндік және Мемлекеттік
сыйлықтардың лауреаты, академик-жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің
таланты сан қырлы. М.Әуезов – сонау жиырмасыншы жылдары-ақ еуропалық
прозаның дәрежесіндегі шебер әңгімелер жазып, кейінгі роман, повестерімен
қазақ әдебиетін дүниежүзілік аренаға көтерген суреткер, қазақ
драматургиясының іргетасын қаласып, шаңырағын биіктеткен тұңғыш та
тұлғалы драматург, қазақ жұртшылығын дүниежүзілік әдебиеттің: В.Шекспир,
Дж.Лондон, Л.Толстой, Н.Гоголь, И.Тургенев, Н.Погодин сынды өкілдерімен
сырластырған шебер аудармашы да.
Ол – қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихының,
Абай творчествосының, СССР халықтары әдебиетінің басты мәселелерін
талдап зерттелген ғұлама ғалым, әдебиет пен өнердің түрлі теориялық-
проблемалық көкейкесті мәселелеріне зер салып, әдеби процестің жеке
құбылыстарын жете бағалап, саралаушы талғамның сыншы; ауыл
мектептерінен тастап, алғашқы педтехникум, партия мектебі, Қазақтың
педагогтік институты мен университеті, Ломоносов атындағы Москва
университеті сияқты оқу орындарында дәріс беріп, оқулықтар жазған педагог.
Ол – творчестволық еңбекке алғаш араласқаннан бастап, үлкен әлеуметтік
мәселелерге арнап күнделікті баспасөз беттерінде публицистикалық мақалалар
мен очерктер жазып, қазақтың алғашқы советтік баспасөз орындарында, газет-
журналдарда редакторлық қызметтер атқарған журналист; жастайынан
қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене араласып, облыстық Атқару комитетінің
председателі; қазақтың Орталық Атқару комитеті Президиумның мүшесі, әрі
саяси хатшысы сияқты жауапты қызметтер атқарған, Қазақ ССР жоғарғы
Советінің депутаты, Бейбітшілікті қорғаудың Советтік комитетінің, Лениндік,
62
Мемлекеттік сыйлықтар беру комитетінің Азия, Африка елдері ынтымағы
комитетінің мүшесі болған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері.
Міне, мұның барлығы бір ғана творчестволық тұлғаның бойына
жинақталынып, бірін-бірі үстемелеп, толықтырып тұрғандай. Таланттың жан-
жақтылығы, көп қырлылығы творчестволық жетістіктердің негізгі бір арқауы
болып саналары сөзсіз.
Мұхтар Әуезовтің шығармашылық өмір жолын, өзіндік ерекшеліктерін
жете анықтап білу үшін жазушының сан тарау еңбектерін бір-бірімен
байланыстыра, сабақтастыра отырып, әрбір жеке салаларын да терең талдап
тану қажет. Сонда ғана таланттың табиғатына, біліміне түгел көз жіберіп,
біршама кең байыптаулар жасауға мүмкіндік туады. Әрине, мұндай талдау бір
дәуірдің, тіпті бір ғасырдың да еншісі емес, бұл ұрпақтан ұрпаққа, ғасырдан
ғасырға жалғасып байыптала беретін іс. М.Әуезов мұрасы жайлы бүгінгі қауым
біршама ой қорытып, пікір түйгенмен, келер ұрпақтың одан өзіне қажет жаңа
сыр-сипат табары сөзсіз. Өйткені шын мәніндегі өнер дүниесі, өнер иесі
ешқашан да өз қасиетін жоғалтпақ емес; уақыт озып, өмір өзгерген сайын ол да
түгел жаңарып, жаңғыра түседі.
Не үшін өмір сүремін?
Эссе
Асық ойнап, доп теуіп, әр нәрсеге бір елтіп жүрген балдай тәтті бал
кезімде ештеңеге терең үңіле қоймаушы едім. Сонда да көкейімді әйтеуір бір
шегі жоқ сауалдар кернейтін де қоятын:
Қыран күнге қарайды, неге көзі талмайды,
Қырдың гүлін суарсаң неге суға қанбайды?
Қияқ мұртты жақсы ағай тәтті берем деді де
Қатқан наннан қақ жасап, қалай ғана алдайды?- деп сан сауалға ауыз
толтырып айтарлықтай жауап таппай дал болып, анам құйған қою шайды да
ішуге мұршаң келмей қалатын. Бала көңіл болғасын, ойымда да бала сауал
жүретін. Алайда, не үшін өмір сүретіндігіме, келер күнге деген келелі мүддем
қандай екеніне ой салмаппын. Қиялында қызыққұмарлықтан, балаға тән
қызылды – жасылды қияли арманнан өзге ештене де жоқ еді. Күні бүгін де
болмысты тұрмыс билеп жатқанда тек қана жеке басынды күйттеп, өзге жайлы
ұмытқың келіп тұратын сәттер де болады. Сондай мезеттерде олардың
ұлағатын ұстанып қана өзіңді-өзің құртатын бассауға мінезден аман қалатын
сияқтымын. Досым Дархан Қуандықұлының:
Жансын десең маңдайында шамшырақ,
Жауаптарын тапсын десең сан сұрақ,
Жүрек жүрсін намысыңды қамшылап,
Жусын бетті маңдай терің тамшылап,- дегеніндей жігерінді намысыма
жанысам, ұлтыңды пірім деп танысам, «Мұртыңды балта шаппасына» кәміл
сенемін. Адам баласы анадан туған соң айналаға ана жүрегіндей адалдықпен
қарамауы екіталай.
63
Айыл-тартпасын енді жиып,еліміз енді ғана белді бекем буған шағында
бізге артқан сенімін тәрк етсек, азаматтығымыз қайда!? Мағжан айтқан
«Алашты аспанға көтерер» жастармыз ғой. «Өз елім-өзегім» деп, өткенге
сынменде, сыймен де қарап, келер күнге өнеге болар алсақ, жарар еді!
Арқаның жері қандай кең болса, азаматының пейілі де даладай болатын
сияқты. Тіпті өзім де бір жарысқа бара қалсам, өзімнің сынға қатар түскен
бірқаракөздің мерейі үстем болса, атым бәйгіден оза шапқандай қуанам. Сол
жарыстан біреулер бәйге алып, біреудің көңілі гүлше солғын тартып қалса,
төрешіге төнгім келіп кетеді.
Ақтық деген алдауыңа көнеріме,
Жүреді ол өмірің мен өнерде.
Мен өзіме риза емеспін, елімнің
Мақтанышы бола алмасам егерде!
М.Шахановтың осы өлең жолдарын оқыған сайын көңілім бір сергіп
қалады. Маған салса, Мұхтар ақынның осы шумағын алаштың барша
азаматтарына ұран ғып берер ем. Әрқайсымыз өмірге түрліше қарағанымызбен,
елге, ағайынға, етене жақын адамға деген сүйіспеншілігіміз де әр деңгейде
болғаны мен, біздегі ортақ нәрсе – ел мүддесі. Алдамы мен жалғаны көп өмір
өткелдерінен тосылмай, біріміз білікті ел данасы,екіншіміз білекті ер дарасы
болып, бәріміз сүрінбей, бәйге алып жатсақ, ата қазақ үшін таудай мәртебе.
«Сен не үшін өмір сүресің?» деп бір топ құрбымен әңгіме-дүкен құра қалсаңыз,
таңданбаңыз! Бірі: үлкен сарай болса, соның бір кірпіші болсам, ризамын,-
дейді. Енді бірі өзіңе қара басының, қазан ошағының қамымен ілік. Ал ең
жаманы біреулер не үшін өмір сүретінін білмейді, білгісі де келмейді.
Ондайлардың өзі де екі жікке бөлініп қалады. Біреулері заман қысып, істер
амал айласы қалмады десек, қалғанына аянышпен, мүсіркеумен қарау керек.
Біздерге Мағжанша, Мұхтарша өмір сүріп, олардың істегенін қайталау
міндет емес-ау, алайда солар салған соқпақты жалғастыру үлкен абырой екені
хақ. « Қанына тартпағанның қары сынсын » дейді халық. Қазақ қазақ болғалы
ұлтжандылар мен құртжандылардың майданы жалғасып келеді. Сол атадан
балаға ауысып келе жатқан лекке менде қосыламын. Елдің қамын емес, нанын
ғана житіндерге қолымнан келгенінше күрес ашамын. Алла жасаса, менде сол
майдан - өмірден лайықты өмір алып, Алаштың аспан көк туын желеңдетіп,
атамұрасын келер буынға аманат етемін.
«Жыр жазылар күйің келсе, сөз сөз болар түйінделсе» демекші,
жоғарыдағы ойларымның тобықтай түйінін өлеңмен былайша өрнектеп айтсам
деймін:
Өмірім мен өзім
Өмір деген шалқар теңіз, мол, тұнық,
Айтарлықтай көмекейді толтырып.
Сол теңізден таба алмасам орнымды,
Менен кеткен олқылық.
Сол теңіздің азаматқа сыны көп,
Азаматпын, тудым Алаш ұлы боп.
Мезет болса өз басымды күйттеген,
64
Көк тиындай құны жоқ.
Елім – маған, мен ұлына Арқаның,
Сенбес сезім, үлкен үміт артамын.
Қорғайды деп ел намысын жырымен,
Жүзімен де балтаның.
Майдай - өмір жіберсе де мезі ғып,
Жүре берем өзімді шат сезініп.
Тек тәңірім, орындалса мендегі,
Алтын арман, жез үміт.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Эссе
Тіл – ұлттың жаны, тірегі. Ол ең алдымен қарым – қатынас құралы. Әр
халықтың ұлттық тілі болады десек, онда біздің тіл – қазақ тілі. Иә,
қоғамымыздың айықпас дертіне айналған, үлкенді де, кіші де толғантқан қазақ
тілі. Қара сөздің қадірін білетін қазақ толғанысқа толы түпсіз тұңғиық
сырларын, өткенін тіл арқылы жеткізе біледі. Бір сөзбен соғыс отын тұтатар
болса, бір ғана сөздің құдіретімен қарусыз – ақ жаудың бетін қайтарып,
тәубасына келтіре білген.
Мына тылсым жағдайға толы дүбірлі дүниеде бес мыңнан астам тіл бар.
Солардың ішінде алдаспандай жарқырап, алмас қылыштай жалтылдап ерекше
көзге түсетіні біздің ана тіліміз. Қазақ тілі туралы ұлы жазушы Ғ.Мүсірепов :
«Қазақ тілі – оралымды, ырғақты тілдердің бірі» - десе, орыстың атақты
ғалымы В.В.Радлов : «Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең көрнектісі...», - деп
жоғары баға берген.
Ей, тәкаппар дүние !
Маған да бір қарашы.
Танисың ба, сен мені ?
Мен – қазақтың баласы !
Сол қызыл ту астында,
Күн келбетті қазақпын !
Отар емен телмірген,
Азаматпын, азатпын ! – деп қара өлеңнің қаймағын ішкен Қасым ақын
жиырмасыншы ғасырда мақтана, шабыттана, шалқи жырлады. Сол ақындық
өрлік қазірдің өзінде жалындап жанып тұр, тұтас бір елді арайлы нұрына
толтырып, жанына жылу сыйлап, жігер мен намысқа шақырып тұр.
Шүкір, еліміз тыныш, бейбітшілік орнаған осы бір таңда ана тілім өз
тұғырына көтеріліп келеді. Егер осы ана тілім болмаса, еліміздің тәуелсіздігі он
сегіз жасқа толмас та еді. Халқым мұндай тыныш, зайырлы, егеменді елде өмір
сүрмес те еді. Мұның бәрі ана әлдиімен, ақ сүтімен дарыған ана тілдің арқасы!
Туған тілім жайындағы өз ойымды мына бір өлең шумақтарымен аяқтағым
келеді :
Анамның тілі – айбыным менің,
Анамның тілі – ай, күнім менің.
65
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі өмірді думан!
Мемлекеттік тіл - ел тірегі
Эссе
Тіл – адам баласын қазіргі өркениетке жеткізген ұлы күш. Ол қоғам
тарихының барлық дәуірінде де оның күресі мен дамуының құралы, рухани
өмірінің, бүкіл мәдениетінің тұтқасы болып келеді.
Тіл өткірлігіне,сөйлеу шеберлігіне қазақ халқы ерекше мән берген.Ғылым-
білім дегендерден алыс жүрген заманның өзінде де тіл өнерін өнердің өнері
деп бағалаған. Жақсы сөзді жанына азық ете білген, атқан оққа тоқталмаса да,
жүйелі сөзге тоқтаған, тіл өнерін мәпелеген, өте қатты қадірлеген.
Тіршіліктің тірегі болған қазақ тілі талай ғасырларды басынан кешірді,
тарих көзіне тегеурін болып келді. Ана тілімізді аттың жалында, атанның
қомында жүргенде де жоғалтпай, шұрайлы қалпында ата-бабамыз кейінгі
ұрпаққа аманат етті.
Тіл байлығы – елдің елдігін, жұртшылығын, салт-санасын, мәдениетін
көрсететін дәлелді мөлшері. «Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді», «Ат жүйрігі
айырады, тіл жүйрігі қайырады», «Сөз жүйесін табады, мал иесін табады»
дегендейін, қазақ тілі өзінің таза түрінде, бірнеше ғасыр, біздің заманымызға
дейін өткірлігімен, бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан-жүйеңді
жандырып, құлақ құрышын қандырып, «Сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендей ер
намысын, ел намысын, адамгершілік арын қасиетті тудай жоғары көтеріп
қоятын тіл емес пе еді?! Ал, бүгінгі таңда қазақ тілі – мемлекетімізді
өркендетуге себепші болатын қуатты күшке айналды. Иә, халықты ұлттық
рухта тәрбиелеудің қаруы болған ана тілі ешқашан да маңызын жоймақ емес?
Мұқағали поэзиясы – мөлдір поэзия
Пікір
Біздің замандағы ойын ғажайып сиқырлы сөзбен айтып, тапқыр ойды
өрнекті тілмен жеткізе білген, «жүрегінің түбіне кір жасырмай қалың қазақпен
жарыла сырласқан», өлең жазуды «бақытына» балаған ақын – Мұқағали
Мақатаев.
Поэзия пырағын ауыздықтамаған айтулы ақын жырлары өзінің терең
философиялық талғамдарымен, шынайылығымен, қарапайымдылығымен
оқырман жүрегін баурап алды. Ақын қуаныш пен қайғыны, сағыныш пен
мұңды, ерлік пен өрлікті шынайы да көркем кестелейді.
Мұқағали поэзиясы шынайылық пен табиғи тазалық болмыстан тұрады.
Оның жырларындағы сезім мен сурет астасып жататындықтан, жауһар да
маржан жырлары мағыналы-мазмұндылығымен ерекшеленеді.
Ақын Мұқағали Мақатаев мұралары – ұлттық қазына. Оның қадіріне жете
алсақ, ол бүгінгі қазаққа да абырой әкелетіні анық. Ақынның қолына қалам
ұстаған толқынға берер өнегесі, айтар ғибраты ұшан-теңіз. Өлеңнің ғасырдан
66
ғасырға жалғасып көшуі тегін құбылыс емес. Мұқағали «Абай жаққан бір сәуле
сөнбес үшін қызмет етті». Ол деген не сөз? Ол – қара өлеңді қасиеттеген
бабалар рухын биікке қарай көтере берсек деген сөз. Ол – Махамбет, Мағжан,
Сәкен, Ілияс, Қасым, Жұмекен, Төлеген сынды жыр жампоздарының үнін келер
ұрпақтың құлағына ұдайы естірте берсек деген сөз. «Туады, туады әлі нағыз
ақын» деп үзілмейтін өмір сүрудің ұлы мағынасын ұғынуға тиіспіз деген сөз.
Жалпы, қорыта айтсақ, Мұқағали поэзиясы – мөлдір поэзия. Зейнолла
Серікқалиевтің сөзімен айтсақ: «Мұқағали мұрасы – сұлулық үлгісі. Ол біздің
бүгінгі үлгіміз ғана емес, Мұқағали мұрасы, маржан поэзиясы – болашақ
ұрпақтың да еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы».
«Қыз Жібек » жыры- қазақ лиро-эпосының ең көрнектісі
Пікір
Лиро-эпос жырларынан ел арасында ауызша да, баспа арқылы да ерте
тарағаны – «Қыз Жібек» жыры. Сонымен қатар бұл жыр идеялық мазмұны,
көркемдік сөз саптасы, сюжеті, композициясы, көркемдік айшықтары жағынан
лиро-эпостық дастандардың ішіндегі ең үздік туындылардың бірі.
Жырға өзек болған оқиға Төлеген мен Жібектің арасындағы шынайы
махаббат. Олардың бірімен-бірі табысқан шуақты сәттері де, қайғылы-қасіретті
күн кешкен трагедиялық кездері де барынша шынайылықпен өрнектелген.
«Қыз Жібек» - ақындық тіл жағынан да әдемі жырдың бірі. Дастандағы
бейнелі сөз кестелерін жыршы өзінің нысаналы ойына орай толғап, екшеп ала
білген. Неше түрлі әсірелеу, көріктеу, кейіптеулер, әдемі теңеулер жиі
ұшырайды. Жыршы-ақын халықтың тіл байлығын пайдалана отырып, аз сөзге
көп мағына сыйғыза біледі. Нысаналы, қазақ ауылының көшпелі сән-салтанаты,
Жібектің сұлулығы, тұлпардың шабысы, Төлегеннің өлім алдындағы әуедегі
алты қазбен қоштасқан сәті, Жібектің асыл жары Төлеген қазасына егілген жан
азасы ғажап сөз кестелерімен өрілген.
Қорыта келгенде, М.Әуезовтің сөзімен айтсақ, «Қыз Жібек» жыры -
«қазақтың романтикалық ғашықтық жырларының ішіндегі бір көркемі,
көлемдісі».
Ғ.Мүсірепов – қазақ халқының ұлы жазушысы
Тезис
Ұлттық сөз өнері тарихындағы зор тұлға – Ғабит Мүсірепов. Үлкен
жазушының өнері – көп сырлы, көп дыбысты, қызу қозғалысты дүние. Айтулы
зергер турасында жалғызынан айрылып зар еңіреген ана, жауынан кегін алуға
бел байлап, аза кернеп қалшылдаған ер, парасатты ел ағасы, жаңа өмірдің
жарқын ұландары, ескі дүниенің бірде түлкідей бұлаңдап, бірде қасқырдай азу
салатын жыртқыштары да, малды да, жарлы да, алғыр да, әумесер де, сорлы да,
оқыған да, жібек жанды жас ару да, қатыгез де, талапты да өз тілімен сөйлеп, өз
көңіл-күйін шертіп, өзіндік мінез-құлқы, арман-мүддесі оқырман көңілінен
мәңгі орын алады.
67
Зергердің зері де сан қырлы, әрі сырлы. Ол бірде оқушысын көңілдендіре
сөйлесе, бірде романтикамен жігерлендіре, желпінте, көтере сөйлейді, енді
бірде көңіл-күйін шерте, сырласа, тебіренте толқиды. Ал тағы бірде кең
жайлаудай ұзақ сапарға түсіп, оқырманын қызыққа батырады, айналаға ой көзін
жібереді.
Ойымды қорытсам, Ғабит Мүсірепов – үлкен талант иесі. Қаламгердің
шығармалары зерделі зергер қолынан шыққан, хас сұлулығымен, мөлдіреген
тіл тазалығымен айрықша әсерлі. Бұдан шығатын қорытынды, Ғабит Мүсірепов
– қазақ халқының жүз жылда өмірге бір-ақ рет келетін кемел жазушы.
«Еділдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім... »
Публицистикалық мақала
ХІХ ғасырда жалынды жырымен қазақ әдебиетінде өшпес із қалдырған
халықшыл ақын Махамбет болды. Ол бір жағынан егеулі найза қолға алып,
егескен дұшпанына атойлап қарсы шапса, екінші жағынан отты жырымен
төңірегіндегі сарбаздарына рухани күш-қуат берді. Ердің намысы, елдің елдігі
сынға түскен тұста әділдіктің ақ жолынан таймай, өзінің өмірлік мұратына дақ
түсірмей азаматтық арын адал сақтап қалды.
Махамбет ең алдымен халқын, Отанын сүйген патриот ақын. Оның
өлеңдері – елін тереңнен сүюдің айқын үлгісі. Санасы оянып, ойы өсе бастаған
күннен-ақ ақын жалпы халық көпшілігін езіп отырған хан, сұлтан, би-төрелерге
қарсы шықты. Шындығында Махамбет шығармашылығында негізгі тақырып –
Исатай бастаған көтерілістің мән-жайы, мақсаты, арман-мүддесі. Махамбет
жырларында бұл идея аңғарылып тұрады.
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға,
Қас үлектен туған қажепті,
Қаранар керек бұл іске.
Қабырғасын қаусатып,
Бір біртіндеп сөксе де,
Қабағын шытпас ер керек,
Біздің бүйткен бұл іске.
Махамбет өз заманындағы кейбір ақындар сияқты бұра тартып жалтаруды
білмейді. Профессор Е.Ысмайлов «Ақындар» атты монографиясында ХІХ
ғасырдың ақындарына сипаттама бере келіп, былай дейді: «Сыншыл ақындар
шындықты айтып, халық тілегін жырлауға қаншалықты тырысқанымен, саяси-
экономикалық үстемдік қолында отырған тап ақынды еркіне жібермейді, өзінің
таптық тілегіне қарай бұрмалап айтқызуға тырысады. Мұндай трагедиялы
жағдайда нағыз турашыл деген ақындардың өзі де амалсыз екі жақтылыққа,
жалтақтыққа салынады». Е.Ысмайловтың бұл пікірінің астарында шындық
жатқанымен Махамбет жырларынан жалтақтықтың табын аңғармаймыз.
Ақынның Жәңгір ханға, Баймағамбет сұлтанға айтқан сөздерінен оның
өршілдік, бірбеткейлік болмысын танимыз. Мұндай мінез, турашылдық рух
биік ақындарға тән қасиет.
68
Байеке, сұлтан, ақсүйек,
Қыларың болса қылып қал.
Күндердің күні болғанда,
Бас кесермін жасырман.
Байеке сұлтан сен болып,
Сендей нар қоспақтың баласы,
Маған оңаша жерде жолықсаң,
Қайраңнан алған шабақтай,
Қия бір соғып ас етсем,
Тамағыма қылқаның кетер демес ем.
Кісілік пен ерлікті тең ұстап, ұштастыра білген ақын шығармаларында
адами арман мен ерліктің биік мұраттары қабысып жатады. Намысын
қайратына жаныған ақынның отты өлең жолдары көтерілістің тарихи салмағын
келешек ұрпаққа асқақтата жеткізді. Өзіне дейінгі Ақтамбердідей жыраудардың
толғауларымен үндес Махамбеттің еркіндікті аңсаған жырларынан осы идеяны
байқаймыз.
Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге,
Мал толтырсам деп едім.
«Махамбет – жорықтың ақыны. Халықты қанаушылар халықтың
бостандығын ықтиярымен бермейтінін, халық арман еткен бостандығына
қанды күрес арқылы, жуан қан майданда жеңу арқылы ғана жететінін Махамбет
жақсы ұғады» дейтін С.Мұқановтың пікірі ақын жырларының идеясын ашуға
мұрындық болары сөзсіз.
Мен кеткенмен тек кетпен,
Сізден артық табармын.
Ашуыма көп тисең,
Өзекті жанға бір өлім,
Ордаңды талқан қылып шабармын.
Небары отыздың үстіне жаңа шыққан ақынның соншалық кектенуіне, жас
басын қылыш астына жайдан-жай, орынсыз ашуға мінуі тегін емес. Жәңгір хан
мен Баймағамбет сұлтан тарапынан жасалған қысастық өз алдына бір бөлек
әңгіме. Ең бастысы – талқыға түскен халық тағдыры. Аяққа басылған
әділеттіліктің ақ жолы негізгі себеп болса керек.
Махамбет жыры, Махамбет сөзі өз заманының тарихи шындығын ашқан
қуатты сөз болды. Көтеріліске найзамен қатар жырын бірге сайлап, оның
идеялық басшысы бола білген ақынның арман-мақсаты өз заманында
орындалмаса да, сол ақыннан рухтанып өскенін кейінгі ұрпақ бір ғасырдан
астам уақыт өткенде ақынның арман-мақсатына қол жеткізді. Демек,
Махамбеттей асыл ерлердің істеген ізгі істері қаншама уақыт өтсе де жүзеге
асатынын уақыт өзі дәлелдеп отыр.
Ақын апамыз Фариза Оңғарсынова батыр баба рухын бойтұмар етіп,
Махамбетке жүрекжарды бірнеше жырларын арнаған. Ф.Оңғарсынованың
«Алмас қылыш» немесе «Мен Махамбетпен қалай кездестім» және «Поэзия»
69
циклы ақынның дара сипатын айқындай түсетін төл туындылары бар. Бұл
жырлардан шуақты да шымыр шындықты, сардар толғаныстарды айқын
аңғарамыз. «Махамбет аудармашысымен әңгіме» атты көлемді өлеңінен
поэзияның халық мүддесіне қызмет етуін қалау, ақындық шеберліктің
қоғамдық-әлеуметтік, көркемдік-эстетикалық биік мұраттармен берік астасып,
ақындық шабытқа ұласуын көздеу қағидалары сөз етіледі. Ақынның бойындағы
ақындық пафос пен рух халықтың мақсат-мұратымен, ортаның шынайы
сенімімен, адамзат баласының көкейкесті арманымен біте қайнасып жатары
дусыз.
Махамбет, Махамбет...
Білмеймін, жел ме, сел ме,
Жырда онымен бір тұлға теңдесер ме...
Әділетсіз дүниенің қабырғасын.
Махамбетше сөгер жан кездесер ме...
Ондай жыр – ем кеселге...
«Махамбет өлеңі – қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті. Әрбір адымы мен
бунағы, тармағы мен шумағы мұнша тап-таза қорғасыннан құйылған ап-ауыр
асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі өлең жырында жоқ. Оның өзге тілге оңай
аударылмайтыны да сондықтан» деп академик З.Қабдолов айтқандай, жалынды
ақынның сөзі де мірдің оғындай өткір, уытты, ақиқатты сөз болған соң да ауыр.
Ел тыныштығы, туған жер тұтастығы, ұрпақ бақыты үшін батыр бабаның
жан пида ерлігін әрі үлгі тұтып, әрі аманаттап, әрі ұрпаққа Махамбет
жырларының рух беріп, теңдік туын жықпай, ерлік дәстүрін жалғастыруын
тілек етеміз.
«Ел ертеңі – білімді жастарда »
Мақала
Болашақ бүгіннен басталады. Еліміз егемендік алып, қыран құстай
қанатын көкке қомдағанда, оның дамуы мен өркендеуі, қарқынды жұмыс
жасауы қажет еді. Міне, осы жолда жастардың ерік – жігері, күш – қуаты өте
қажет. Жалынды ақын, қазақ халқының маңдайына біткен жарық
жұлдызымыздың бірі Мағжан Жұмабаев :
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!-демекші, жастар болашақ кепілі, еліміздің гүлденуі
- осы азамат пен азаматшаларымыздың қолында. «Жас келсе – іске» дегендей,
жастың аты жас, қандайда бір іске белсене араласса, қоғам өмірін дөңгелентіп
әкетеді.
Адам өмірінің жарқын тұстары мен естелікке толы күндері – жастық. Осы
жастағы қайнаған күшті еңбекпен ұштастыра білсе, алынбайтын асқар,
бұзылмайтын қамал жоқ. Бойдағы күш - жігерді тиімді пайдалану белгілі бір
жетістікке жетуге жол ашады. Елді басқаратын Елбасшы да, көш бастайтын
70
көшбасшы да, сөз сөйлейтін шешен де бүгінгі білім нәріне сусындап отырған
жастардан шығады.
Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Олардың жаңашыл ойлары, идеялара,
пікірлерінің өзі ел мәдениеті мен экономикасына көп әсер етеді. Бүгінгі
студенттер - ертеңгі ғалым, мұғалім, дәрігер, құрылысшы, қаржы маманы,
тәртіп сақшылары мен адвокаттар. Яғни түрлі маман иелері, өз мамандағының
қыр – сырына қанық аға буынның заңды ізбасарлары, жас толқындар.
Тарих сырына үңілер болсақ, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының
қозғаушы күші жастар емес пе еді ?! Иә, шынында да ұлтын сүйген, ар –
ожданын өмірінен артық санаған, еркіндікке талпынған жалынды жастар емес
пе еді олар?! Желтоқсан оқиғасы – қазақ жастарының қайсарлығы мен
қажырлығының оқиғасы.
Жастар – елдің тірегі,
Жастар – қоғам жүрегі!
Қазақстан көркейсін!
Бұл жастардың тілегі.
Жастар, жастар жалынды,
Жадыратар жаныңды.
Еліміздің ертеңі,
Жастар біздің дарынды!-дей, жырлай отырып, тәуелсіздіктің көк туын
биікке көтеріп, әнұранымызды асқақтатын жастарымыз аман болсын дегім
келеді.
«Д.Исабеков шығармашылығындағы көркемдік ізденістер»
Мақала
Д.Исабеков повестерінен байқалатын бір ерекшелік ол адам-табиғат қоғам
аталатын көркемөнердегі ажыратылмас ұғымдардың соңғысына көп мән
беретіндей көрінетін. Оны қызықтыратын алдымен Адам. Осы құдыретің
қазынасын игерсем, ол өмір сүрген орта, қоғам өз-өзіне танылады деп
есептейтіндей ол. Жазушы тіпті кейіпкерлерінің қоғамдағы орнын, нақты
жағдайын әдейі елеусіз қалдыратындай, яки ол әуел бастан-ақ елеусіздеу
жағдайдағы кейіпкерді таңдап алады.
Осы бір ерекшелік уақытына қарағанда ең соңғы жазылған повесть «Өкпек
жолаушыда» өзгерген. Мұнда ол бір кезде едәуір мансап иесі болған, бірақ сол
мансаптың рахатынан гөрі азабын көбірек тартқан мосқал кісі өзі мен тек
перзент қызығын, бала қуанышын өміріне талшық еткен, ананың өкінішті
сырын шертеді. Былайша қарағанда, кездейсоқ ұшырасқан, тағдыр
талайларының үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, тек қоғамы мен уақыты ғана
ортақ мүлде екі басқа адамның ұзына өміріндегі қадау-қадау, бірақ бір пенденің
запыран жұтып өтуіне жетерлік ащы сыбағалары бар біздің бүгінгі
қоғамымыздағы қатерлі ауруларды мегзейді. Бұл дүниеде сирек кездесетін
қатыгез қылмыстың себепкері мансап. Бұрынғы туындыларында қатыгездік пен
мейірімсіздікті жеке адам тағдыры арқылы көрсететін жазушы енді олардың
қоғамдық кеселге айналғанына, екі адамның бірінің тағдырына пышақ салатын
71
қанды қару болып алғанына көркемдік қуатпен көз жеткізеді. Асылы, осы
повесть Дулат шығармашылығын соны бір тыңға бастайтындай көрінеді.
Жазушы Д.Исабеков қаламынан осы кезге дейін жалғыз ғана роман туды.
Ол «Қарғын» деп аталады. Осы шығарманың жанры жөнінде кезінде қиғаш
пікірлер болды да. Роман емес, повесть дегендей. Бұл арада ондай дауға
килігудің жөні де жоқ. Көңіл аударатын жайт сол кереғар пікірлердің шығу
фактісі. Оған себеп шығарманың шағындау көлемі, яки кейіпкер санының
аздығы болмаса керек. Романның басты тұлғалары Жасын, Бағила,
Мәликелердің шығармада тағдырлық сынынан өтіп, іші мен тысы бірдей
дәрежеде толық ашылуы, олардың бейнесі, жастарына қарамай, өз ғұмырларын
сарқып кешкендей әсер қалдыруы монументтік шығармаларға да тән ғана
сипаттар. Ал шығармадағы оқиға өрісінің «Қарғынды» әр оқушының көкірегіне
құйылатын қарғын етіп тұрған үшеу-Жасын, Мәлике, Бағила төңірегіндегі ғана
шектеулі жазушының өзгеде повестеріндегі көркемдік әдіс пен машықты,
баяндау мәнерін еске салады.
Ауыл адамдарының дауына мұрындық болған апан түбіне өсіп шыққан
помидордың өзі де ерекше. «Ол өзінің басқа ағайындарына қарағанда бойшаң
сүйекті. Апан түбінде барлық ылғал мен қорек өздеріне ғана тигендіктен ол
ауқатты қазақтардай асқақ та бейғам тұр. Қалың жапырақтарының арасынан
қызара бастаған қос жұдырықтай екі-үш помидор сыртқа сығалап, сабырсыз
көздерді арбап алуы». Оны әңгіменің белсенді бір бөлшегіне айналдырады. Бір
қарағанда шығармадағы дау-дамайға өзек болған помидордың өзін айнала
шулап керіскен жұрттан ала бөтен өзгеше қалыпта тұруы оны детальға
айналдырады. Сөйтіп ол авторлық идея қызметін атқарып тұр. Авторлық
шешім, шындық логикасы, оқиға дамуының нанымдылығы детальдар дәлдігіне
тікелей байланысты.
Жазушы осылайша қарапайым ауыл адамдарының іс-әрекетін сынап-
мінемейді, оқиғаны ой таразысына салуды, одан әрі өрбітуді оқырман
талқысына қалдырады. Мұның өзі Дулат шығармаларында уақытқа байланысты
адам бойындағы әртүрлі моральдық, психологиялық өзгерістердің шынайы
бейнеленуіне әкеледі. Тағы да бір айта кететін жайт апан түбінде өскен
помидордың осынша дау туғызғанының өзі қазақ үшін бұл кәсіптің атадан
балаға мұра болып келе жатқан адамдарына таңылып, оның ұлттық
психологиясына басқаша әсер еткенінің бір айғағы.
«Бір топ бейғам помидор он шақты жалқау қазақтың басына сан-сапалақ
сұрақ қаптатып кетті.
Олардың бірі. «Күтіп-баптағанда бұлай өспейтін жарықтық, ешкім
қарамаса да қалай жайқалып тұр десеңші» десе, екіншісі «Мал жемей, адам
аяғы баспай, қалай аман-есен жетілген?» деп жағаларын ұстасты. Тіпті әңгіме
басында ауыл қазағының жүгері егу әдісі де текке берілмеген.
Жазушы кейіпкерлерінің өсіп тұрған помидорға осынша таңғалуы да
бақша өсіру қазақы менталитетке тән емес екенін аңғартып тұр. Сондықтан
әңгіме деталь-рәмізге айналған помидордың бір түн ішінде жойылып, орнының
тегістеліп кеткені тегіннен тегін емес.
72
Бұл әңгімеде қаламгердің ұстанған позициясы да кеөркемдік астарлы
шешімімен ұштасып жатыр.Автор бүкіл бір ауыл адамдарының, болмашы бір
үш түп помидордың қалай өсіп шыққанына таң қалып, соншалықты мән беріп,
шешуін таба алмай, бас қатырып әуреге түсулерін баяндайды. Қарымды
қаламгер ел ішіндегі шаруаға құлықсыздық «сен тимесең, мен тимен» деп
қарнын сипап, ішкен-жегеніне мәз болып, ел қайғысына ортақтаса білмейтін,
жаны ашымайтын, ұлттық сезімнен ада, керең де жартылай мәңгүрт
қазақтардың бейнесін бере білген.
«Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы өмір тақырыбы»
Әдеби эссе
Өмір жыры Қадыр Мырза Әли поэзиясында қайталанбас бітісімен, өзіндік
болмыс-қырымен көз тартады. Ақын байқағыштығы, бақылағыштығы сәл-пәл
бөлектеу көрінетіндей. Жалпы ақын атаулының өмір категориясын тану, түсіну,
содан соң бақылау, бағамдау арқылы жеке өзіндік көзқарас–түсінігімен жырға
қосуы әр қилы болып келетіні сықылды ақын Қадыр ой-тұжырымы, парасат-
пайымы өзгеше бір дүние:
Өмір! Өмір!
Өмір деген қайшылық!
немесе:
Данамыз ба?
Өмір бізден даналау.
Мықтымыз ба?
Өмір бізден мықтырақ.
Өлеңге айналып сала берген өмірдің барша болмысы сан тақырыпқа арқау
болған. Өмірдің мәңгілік категориясы ұдайы өз қалпын бұзбақ емес. Бірде ащы,
тұщы тәм-тұзы тағы бар:
Не жетеді түсініс!
Ұғынысқа!
Мақсатыңды дегенмен мықты ұста.
Қайғыратын өмірде нәрселер көп,
Қуанарлық аз емес құбылыс та!
Ақын сөзі, көптің даусы, халайық ұйғарымы. Бәрін бірдей қаралай беруге
болмайды. Күнгейлі түс пен шуақты күн барын бағалаған жөн болар. Содан да
ақын:
Өмір сүру, бауырым, қандай қиын!
Қандай қиын!
Әйтсе де қандай бақыт! – деп салады.
Өмір сүрудің шешуші факторын табу – қиын болуы заңдылық. Өмір
сүрудің ашық картасы, атласы жасалған жоқ. Оны қарастыру бағыты да
көрінбек емес. Ал поэзия оны бағдарлаушы, бағалаушы десек те қателеспейміз.
Өлең өмірдің таза сықпыты, шынайы бейнесі, яки өмірдің өзі.
Қадыр жырларындағы өмір категориясы ақылдың, ойдың азаттығына
құрылған. Әр жыр-өлеңнің өн бойынан тәлім мен тәрбиенің тағылым мен
73
тағзымның хош иісі жұпар шашады. Ақылман ата-ана, қамқоршыл бауыр-дос,
секемшіл қас-жауың – бәрі-бәрі кейіпкер тілінде сөз алады. Ұнамды қаһарман,
ұнамсыз тип болсын, бәрібір адамдық бастауынан қашық кете алмайды. Өмір
алдында еріксіз ес жияды. Өмір – ала баған, тежеуіш сезім алдыға шығады.
Поэзия патшалығында еркін жүрген ақынның айтары да, ашар сыры да
өмірдің, қоғамның айтпағынан алыста емес. Жақсылық пен жамандықтың
арасы қашық емес. Осы екі ұғымның тіптен егіз екенін жыр сырында қайта-
қайта еске алып отырады:
...Ырза болам десең егер,
Өмірдің
Жақсылығы жетіп жатыр, бауырым, - деп келетін ой-арнасы, тепе-теңдік
идеясын, тең түсу формасын қатар ұсынады. Пәлсапалық тұжырым көңіл
көкжиегіне қанағаттану, риза болу немесе мойынсұну дағдысын қатар іле
салғандай:
Өкпелеймін десең егер,
Өмірдің
Жамандығы одан да көп, бауырым!
Өмір – тіршілік тұтқасы. Тіршілік – пенде мекені. Қымқуат қозғалысқа
толы дүниеде адамзат (жеке ұғымда) артқан ең ауыр жүк өмір сүруге, ғұмыр
кешуге тәуелділік. Қалап алмайтын, қаласаң да болмайтын, бір ғана иеге тән,
соған ғана мәлім, бұлжымас заңдылық бар, ол - өмір сүру категориясы. Шыр
етіп дүниеге келген соң, тіршілік иесі болып жаратылған соң, маңдайға
жазылған жолмен өмір сүруді ақын туындыларының өн бойынан жиі
кездестіріп отырамыз. Өмір сүру заңдылығын, оның талап-ережелерін бұзбай
сақтауға ұмтылған, өзін соған бейімдеген ақын шығармашылығында, бәрібір
өмір сүру факторын ұнамды санадан шығарып алушылық байқалып та қалады:
«Білмеймін онша жақсы өмір заңын» деуі де ой-қиялмен ғана өмір сүру әр
пенденің тек қана армандық мақсаты болып келгендігін айғақтайды. «Өмірдің
ауыры шын, азабы шын», «Өмір шіркін бірте-бірте қиындатар», «Өмір ғой
алатын да, беретін де», «Өмір - өзен оңай өтер дейсіз бе?», «Өмір-жұмыс»,
«Өмір солай... Парызыңды өтеп кет», «Өмір үшін бәріне де көнер ем» т.с.с.
өмірге тәж ету, өмір алдында кішірею, оны мәпелеу үрдісі, аялау салмағы басты
орында тұр.
Өлеңге өмір сырын ақтару барысында ақынның ат басын тірер ағашы өмір
категориясының мәндік, мазмұндық сапасын айта алуы дер едік. Онсыз поэзия
кемеліне жетпейді, жетімсіз тұстар көп болмақ. Өмір категориясы өлең-сөздің
басты идеясы. Поэзияға тән мұң да, сыр да, азап пен тозақ та, қуаныш та, қайғы
да, қысқа қайырып айтсақ жырланбақ нысанның баршасы өмір категориясына
тәуелді. Онсыз өлең тумайды, болмайды да. Бағыну, тосу, күту, сыйыну,
табыну, сол тәрізді шошыну, жеріну мен қорқу – бәрі-бәрі өмірге кіріптар,
өмірге тәуелді. Содан да болу керек ақын:
Байлық қайда бар?
Қандай пайда бар?
Жұта солады
Өмір – айдаһар! – дейді.
74
Содан да шығар:
Қиял – қиянда
Қызық – ұямда.
Өмір! Сені мен
Оңай қиям ба? – дейді дегенмен де ақын міндеті – айту, жазу. Оқырман
мақсаты – оқу, рухани азық алу. Ақынның айтпағы – біздің өмір сүру
қалыбымыз. Ақын жыры – біздің сырымыз. Бұл өлеңдердің барлығы дерлік
ақынның философиялық лирикасы.
«Оралхан Бөкеев. «Сарыарқаның жаңбыры»
Аннотация
Оралхан Бөкеев шығармашылығының бастауы ретінде «Сарыарқаның
жаңбыры» атты ұзақ әңгімесін атап жүрміз. Бәлкім, дұрыс та шығар. Дегенмен,
мен айтар едім, «Сарыарқаның жаңбыры» болашақта дауылдатып, селдетіп
өтер автордың оқырмандарына, цензураға жіберген «барлаушы» шығармасы
ғана деп. Ол онда аспайды, таспайды. Сұлтанмахмұтпен, кеудесіне сырыл
араласа бастаған бейкүнә ақынмен бірге байсал күй кешеді. Мұңдасады,
сырласады. Алғашқы шер - шеменінің шетін шығарады. Оны Махмұттың ауы-
зымен айтқызыды. Күркіременің бойындағы ай сәулесінен жасыруға қауқары
жоқ сирек талдың жанында, бой түзеп қалған балаң бойжеткенге айтқан өзінің
асық жырын Махмұттың аузына салады. Бұл – автор мен оның кейіпкерінің
тағдырларындағы ұқсастықтан да шығар. Қаламгердің қай әңгімесін алсақ та,
оның әр жолынан ауыл адамдарының өмір керуені, өмір соқпағы, олардың
жарқын бейнесі, мінез-құлығы, сыр-сипаты көз алдыңа оралды.
«Сағи лирикасындағы махаббат тақырыбы»
Әдеби сыни эссе
Сағи сазы – бұл қазақ лирикасындағы айрықша нұрлы, сырлы саз. Ол
дауыс, ол саз уақыт озған сайын қоғам, ұрпақтар толқыны жаңарған сайын
қалың қоғамға жаңа сәнмен жаңара береді.
Көресің талай жанды да,
Кезесің талай жерлерді.
Келесің біреу алдына
Көтеріп ұстпа кеудеңді.
Жақсы ғой біздің жігіттер,
Жаяды барын алдыңа.
Таныспай жатып күліп кеп,
Тартады сені баурына. – деп қыз бойындағы ұяңдылық пен сыпайылықты
сипаттайды.
Ал қазір белгілі театр актеры Досқан Жолжақсыновтың әнімен орындалып
жүрген «Ауыл қарттары» әні өлеңі, әуені, орындаушысы мейілінше үйлесімін
тапқан терең тебреністі ән болғандықтан, жұртшылыққа кеңінен тарапбайтақ
Қазақстанды аралап кетті. Адамзат үшін, ақындар үшін мәңіг тозбайтын
75
махөабатты жырлаған өлеңдерінде де Сағидың лирикалық қаһарманы өзгеше
көрінеді. Ақ адал махаббаты тілінде емес, жүрегінің терең түпкірінде. Мысалы,
бұрынырақта жазған «Көктемнің балғын кезі еді» өлеңі – сондай өлеңнің бірі.
Көктемнің балғын кезі еді,
Әнші құс көкте ағылған.
Жемнің де жасыл өзегі
Көгілдір мұнар жамылған.
Сондай бір күннің бірінде
Жағағаға келіп жаттым да ,
Саусағым, басым дірілдеп,
Атыңды жаздым ақ құмға...
Қоштасып қырлар көп гүлмен,
Жер бетін қырау жапқанда,
Атыңды жазып кеттім мен
Алғашқы жауған ақ қарға.
Далаланың тентек желі мен құммен қарға жазған атты қоя ма?
Атыңды сенің мен енді
Кеудеме жазып сақтағам...
Сақтаулы сонда бейнең мен
Сонау бір балғын күлкің де
Енді оны менің кеудемнен
Өшіру сірә мүмкін бе?...
Жастық шақ, махаббат лирикасына ақын кейін де талай оралып, назды да
сазды, нұрлы да сырлы өлеңдер жазды. Мысалы, кейінгі жинағы «Жер
құдыретіндегі», «Бітапейді шаруа», «Бұған дейін», «Сездің ғой жаным», «Біз
адамбыз», «Ризамын» т.б. сондай өлеңдер.
Сыршыл ақынның аға- бауыр, дос туыстық жайындағы бір алуан өлеңдерің
де адал қарым – қатынасты еске салып, кінәратсыз достыққа шақырып тұрған-
дай. «Досқа наз», «Достарым» тәрізді өлеңдері Абай аңсаған «Көкірегіңде қаяу
жоқ, қиянат жоқ» достықты шынайы сезім, терең тебіреніспен өрнектеп,
адамдар арасындағы өміршең сыйластықтың үзілмес жібек желісін тартқандай.
...Көңіл елтіп бір аққудың әніне,
Кетем кейде Алатаудан әрі де...
Көз алдыма дүние балқып жатқан мен,
Достарымсыз қызық емес бәрі де.
Бірде төбе, бірде төмен ылдимен
Жүріп келем өлеңдетіп бір күймен.
Сәл бөлінсем жолыға алмай қалардай
Достарымды іздеп жүрем ылғи мен.
Бүгінгі емес, ертең келер күнде өзге,
Тұра бермес жалын артып нұр көзде.
Жұбымызды жазбайықшы, достарым,
Жалғыз- жалғыз жатамыз ғой бір кезде,- дейді ақын қазақ «Достарым »
деген өлеңінде.
76
Қазақ лирикасында дәстүрлі тақырыптың бірі- туған жерге деген махаббат,
табиғат пен сырласу. Сағи поэзиясын оқи отырып, жазира Жем бойынан
шығып, Ақ жайық пен Атырауды аралап, Сырмен сырласып, Көкше
көріністерін тамашалап, Қарақұммен қауышып, Ыстықкөл самалына кеудеңізді
тосып, Алатауға бір-ақ ораласыз. Әрине, ақын ежелден –жырлаудың
жырларына арқау болған
Жүрсе де сөйтіп желігіп,
Ойымды сол қыз бөледі,
Көбірек жақсы көрініп,
Көзіне түскім келеді - деп осы өлеңде өзінің «Гүл» деген бейнесінде
ғашықтық сезімін бейнелейді.
Ақынның өзіндік бір қырларымен көзге түсетін, көзіңе жас, көңіліңе
мейірім ұялататын бір өлеңі «Әйелдер». Қазіргі аналар, аяулы әжелер Ұлы Отан
соғысы басталғанда майданға әкесін, ағасын, бауырын, жарын шығарып салған
бойжеткендер мен келіншектер оларға қандай жыр-дастандарға да арқау болуға
лайықты адамдар. Сондықтан кімнің болса да көкейінтап басатын Сағидың:
Ырзамыз барлық ісіңе,
Қазақтың қара көздері.
От пенен судың ішінен
Бізді алып шыққан өздерің...
Тұншығып іште жалыны,
Жана алмай кеткен отсыңдар.
Таратып, моншақ тағынып,
Бойды да күткен жоқсындар.
Қырларда кетті көп күндер...
Түрлерін іздеп көйлектің,
Тандап та кимей кеттіңдер.
Деген өлең жолдарын тебіренбей оқу мүмкін емес.
«Сыртта боран ұлып тұр», «Оң аяқ», «Бөрік», «Күткен күн», «Медалб»,
«Жеңістің тұңғыш таңы бұл...» сияқты өлеңдері көзіне жас, ерніңе күлкі
шақыратын, өзегіңе от тастап, кеуденді тұңғиық мерей рақатына толтыратын
нағыз хрестоматиялық дүниелер. Әрқайсысында қазіргі жас ұрпақтың санасына
сыймайтын сұмдық ақиқат бар. Соғысқа деген лағнет жатыр. Олардан сонымен
бірге туған елге арналған нәзік махаббаттың саф лебі еседі. Қазақстанның қиыр
түкпіріндегі кішкентай ауылдан шыққан жақсы ақынның жады мен қиялы
оқушысын ұзап кеткен сұрапыл шақтық шаңдаулына шебер ұластырады. Бұл
өлеңдер замандастардың санасы мен сезіміне, ақылы мен жүрегіне шынайы
педагогикалық әсер тигізбей қоймайды. Мүмкін, Шиллер айтқан адамға
эстетикалық тәрбие беру де осы болар.
Сағи Жиенбаевтың қаламынан шыққан өлеңдерінің ішінде адам жанын
баурап алатын, жанарыңа жас боп келіп, көңіліңе сағыныш, мұң ұялатын
өлеңдері аяулы аналар мен ауыл қарттары жайындағы «Ана қолы», «Әже мен
немере», «Менің анам», «Ауыл қарттары», «Әжемніңң жайлы арқасы» т.б.
өлеңдері. Белгілі ақын Есенбай Дүйсенбаев Сағидың елу жасқа толуына
арналған лебізінде: Сағи творчествасын жарқ еткен әр өлеңі сайын жарқын
77
белеске бастап, өн бойынан үзілмес өзек желі болып келе жатқан соғыс пен
бейбітшілік, жеңіс берекесі мен мерекесі, бел шешпей өткен балалық пен аяулы
аналар, ауыл қарттары жайлы жырлары әдебиеттанушы ғалымдар тарпынан
тиянақты зерттеулерді күтеді – деген еді.
«Фариза ақынның әлемі»
Эссе
Фаризаның ақындық әлемін «Дала тағдыры» фрагменттерінен анық көруге
болады. Ол барын ішке сақтап, бұғып жатқан даланың бала көңіл мінезінен
бастау алады да, бірте-бірте ел мен жер тағдыры туралы асқақ та адуын үн
басталады. Бұл дала «Кеңестік бір халықтың» мекені. Бабалар мұрасы бір
халықтың мұрасы емес, ол жүректері, ниеттері бір Қазақстан тұрғындарының
асыл көмбесі. Міне, осылай ақын халық өткен ұлы жол көшінің керуенін
«Шофер сөзімен», «Суреттер елесімен», «Оқ жетпестің монологімен», «Бұқар
жыраудың Абылайға айтқанымен», «Абылайдың Бұқарға айтқан жауабымен»,
«Бұқараның үнімен» береді. Бұл не? Бұл – қазақ даласы. Әр сөз жылнамасының
бір реті, әр суреті, әр дәуірі, зар-заманы. Ал осы фрагменттердің апофизі
«Гимн» деп аталады. Кешегі дала зары – бүгінгі Қазақстан.
...Қазақстан – жұлдызы Октябрьдің,
өмірінің аңыздай басы – дастан.
Октябрьден басталар әр адымым,
Бүгін нұрлы жолдардың торабымен,
Қазақстан осылай қарыштайды
Гүл шоғында Советтер Одағының!
Міне, ақынның Отаншылдық сезімі осындай қуатты. Өзінің жазылу
формасы мен көтеріп тұрған салмағы, тарихи сабақтастығы тұрғысынан
алғанда мұны фрагмент деуден гөрі поэма деп атаған орынды.
Ерлікке, еңбекке құштарлық ерен шабытпен жырланғанын айттық. Сол
әршіл тұлғалар оңаша тірлігінде қандай? «Ошағым – оқшау құрлығым»
топтамасы осыған ой жібертеді. Бір қарағанда ақынның көңіл-күйі сияқты
көрінгенімен, адамның бір-бірімен татулығы, ақаусыз туыстығы мен
бауырмалдығы, ілтипаты мен сенімі жанды тебірентеді. «Шақырғандай ертеңге
арман аппақ, әз ұяның үрейсіз таңдары атпақ», - дегенге сөзсіз сенесіз. Бұған
келесі «Достар – айдын, ел – кемем...», «Қыз тағдыр» топтамасындағы терең
толғаныстар жалғасады.
Дос іздеп келем, жарқыным,
Өткіздім талай жалқы күн.
Ажырасқанымды қия алмай
Қайғысын қанша қарпыдым...
Елжірей бастаған сөздер мінезге меңзейді. Өзгеге деген ықылас өз жаныңа
сынай қарауды талап етеді. «Жұртқа жағар құлқым жоқ өзімнің де..., Топтардан
озбай, қалмай да...». Жан қалтарыстарын жайып салатын мұндай жырлар да
керек. Тазарудың тағы бір жолы – ар, адамгершілік алдында адалдық. Бақай
есеп, бас пайдасын көздеген бүгежек халде жүргенде жақынға жанашыр бола
78
алмайсың, досқа опа бермейсің. «Бағың жүріп тұрғанда бәрі жақын», дәрежең
тайған күні әрең танитын «достардан» сақта! Ақын ащы да болса шындықты
айтып, тұщымсыз тірлікке түңіле қаратады. Соның өзінде сезіміңді сергітіп,
сеніміңді ұштайтын түйін жасайды.
Келем тартып әлі алға,
Достар – айдын, ел – кемел.
Екеуінсіз ғаламда
Түк емеспін мен деген.
«Ақын ең алдымен, өз қоғамының мүшесі және мейлінше белсенді мүшесі
болуға тиіс. Олай болса, шын ақын өзінің тағдыры арқылы да, өзгелердің
тағдыры арқылы да қоғамдық шындықты суреттейді. Екінші сөзбен айтқанда,
ол әлеуметтік маңызы бар шығармалар жазады»,– дейді жазушы, әдебиетші
Т.Әлімқұлов. Шынында да әр ақын өзі өмір сүріп отырған қоғамның, кезеңнің,
тіпті тұтас бір дәуірдің шындығын жырламай отыра алмайды. Оның шығар-
маларының әлеуметтік мәні де осы тұрғыдан бағаланады. Ф.Оңғарсынова да
бұл тақырыпты өзінше өлең өрнегіне қосады. Сондай өлеңдердің бірі: «Жастық
шақ монологі». Мұны табиғатына қарап, монолог толғау деуге болғандай.
«Қызыл тулы алаңдар» және «Ұлылық туралы толғау» деген екі бөлімнен
тұратын өлеңнің көтеріп тұрған жүгі жеңіл емес. Алғашында бір өзі бүкіл
әліміздің жастары атынан сөйлеп, арындап, биік пафоспен бастауы оқырманды
баурап алады, үнінде зор кпін, мұқалмас жігер бар.
«Дарабоз» романындағы Абылай хан бейнесі»
Әдеби сыни эссе
«Дарабоздың» табысы – Абылай хан образы. Қалмақ – қазақ тарихына
барлау жасаған романдарда әз – Жәнібек, Керей, Бұрындық, Қасым, Ер Есім,
Салқам Жәңгір, Тәуекел, Тәуке, Болат, Әбілқайыр хандар, Барақ, Сәмеке,
Қайып, Әбілмәибет, Батыр, т.б. сұлтандардың саяси – әлеуметтік, қоғамдық
өмірде алатын орнына, айла – шарғы, жан сыры, жүрек діріліне көз салынатын
– ды. Көрнекті сыншы – ғалым З.Серікқалиевтің: «Жаңа заман жазушысы өткен
тарихи тағдырды, тарих сабағынан бүгінгі күннің биігінен қорытып, қандай да
құбылысты болмасын, бүгінгі өз көзқарасыменбағалап қалам тартуға тиіс.», -
деуін құптаймыз. Қ.Жұмаділов дилогиясында осы қағида, үрдісті өлшем еткен.
Онда да қазақ тарихы мен көркем романдардан өз бағасын ала алмай, шеттеліп
жүрген ұлы тұлға Абылай хан образын әр қырынан, әрқилы жаңдайда жан –
жақты көрсетуге еңбек сіңіріпті. Онысы сәтті де. Өйткені ол өзі қалам тартып
отырған дәуірді, өмірді жете зерттеп, терең біліп, пайымдағанын шығарма
негізіне алынған өмір шындығы үлкен өнерге айналғанынан сезіп – білеміз.
Абылайдың халықтық қасиеттері қаны қатқан қатыгез өмірдің жуан ортасында
танылады. Ол атақ – даңқты, бақты алтын тақтан емес, халыққа адал қызмет
етуде деп түсінеді. Абылай – сөзі мен ісінде алшақтыққа жол бермейтін дініне
берік басшы. Не істесе де әбден иін қандырып барып пісіретін, ел тағдырын
шешетін мәселені ақылдасудың, талқылаудың, кеңесу мен дәйектеудің сан
сатысынан өткізіп, деталі терең қарастырылатындық-тан мүлт кетері де аз.
79
Жұмаділов Абылай бейнесін жасағанда, әйтеуір осылай болу керек шығар
деген суреткерлік қиялға жығылмай, тарихи дерек, танымға сүйеніп, мықты
рухтың мықтылығын ашатын ақиқаттың ақ жолын өлшем еткен. Дилогияда
Абылайды қаламгер оқырманға алғаш былай деп таныстырады: «...Жұрт назары
бірден ұлы ханның оң тізесін баса жайғасқан Абылайға ауды. Отыз жеті
мүшелін биыл ғана толтырған, тұла бойында артық ет жоқ, бірақ сүйегі тұтас,
сіңірлі келген, сұңғақ бойлы Абылай үстіне өңіріне інжу төккен қызыл қамқа
шапан, басына сол түстес айыр қалпақ киіп, қос жанарын манағы бір ноқаттан
айырмай, қадала қарап отырғанды. Оның кереметі де - оқтай қадалатын осы қос
жанарда. Шаншылып тура қарағанда қаймықпай-тын, назарын бұрып
әкетпейтін пенде баласы, әй, жоқ шығар. Ат жақты ақ сұр жүзіне құп жарасқан
қылаусыз сақал - мұрты мен екі қастың арасындағы өмірі жазылмайтын қос
сызық оның бет әлпетін әрі сұлу, әрі сұсты етіп көрсетеді. Ол бірден сөйлеп
кетуге асықпай, тамағын кенеп, Ордада отырған жұртты тағы бір тер көзбен
шолып өтті... Түйе баққан он үш жасар Сабалақ деген бала елестеді. Айтпақшы,
шаш-тырнағы өскен, алба - жұлба түріне қарап, «Сабалақ» деген атты да өзі
қойған еді - ау осыған... Сондағы ешкімнен қаймықпайтын отты жанар, сондағы
шалқақ кеуде, такаббар көзқарас. Түйеші баланың тегін адам емес екенін бұл
сонда ақ қапысыз таныған – ды...». Романда Абылай қазақтың ешбір елден
ерлігі, ақыл – санасы, өнері, тәуекелі кем еместігіне көңілі тола отырып, түбіне
жететін сорын да жақсылар мен жайсаңдарға күйіне, шүйіне айтатын тұсында
ерекше айбарлана түседі: «...Міне, соның зардабын тартып келеміз... Ардақты
ақсақалдар! Қадірлі Төке! - деді сонан соң төрде отырған Төле биге бұрылып. –
Мана сіз: «ел қорғайтын ер қайда? Бостандық үшін басын бере батыр қайда?»
деп ел ұранын көтердіңіз. Өрендеріңізге өкпе айттыңыз. Орынды. Әдейі
намысқа тиіп, қайрағаныңыз шығар. Бірақ дәл осындай өкпе назды біз сіздерге
айтсақ не дер едіңіз?...». Әдебиет теориясының қаймағын ішкен З.Қабдолов
өзінің іргелі еңбегінде мынадай ой қалдырды: «Көркем бейне, яки әдеби
қаhарман дейік, я болмаса шығарма геройы не кейіпкері немесе персонажы
дейік, бәрібір, осылардың бәрі – бір – ақ ұғым – образ. Бейнелеу – образдылық
болса, бейне – образ. Әдебиеттегі адам, сөздегі сурет, шығармада өмір
шындығын жинақтау, адам мінезін даралау, сайып келгенде, осылардың бәрінің
сарқып құяр сағасы біреу, ол – образ...Көркем әдебиеттегі жинақтау – типке
әкелсе, даралау – мінезге әкеледі дедік. Образ осылай туады. Мұның өзі, шын
мәніндегі өнер адамы үшін әрі әдемі, қызық әрекет те, әрі «инемен құдық
қазғандай» қиын әрекет. Суреткерлік шеберлік те осы әрекет үстінде көрінбек.
Ал, «Суреткер - өз заманы-ның ұлы, өз дәуірінің үні. Ол өзі өмір сүріп отырған
мезгіл мен мекен-дегі қандай құбылысқа болса да енжар, бейтарап қарай
алмайды. Оны бәрі тебірентеді, ол бәріне араласады. Ендеше оның қаламынан
туған шығармалар да бір емес, бірнеше проблемаға құрылады. Оның көркем
туындыларының мазмұны мен пішіні де, жанры мен жанрлық түрлері де
осыдан келіп шығады.» деген академик З.Қабдоловтың пікірін еске алсақ,
әлемдегі аса ауқымды осынау толғаныстардан қазақ әдебиеті өкілдерінің тыс
қалуы мүмкін емес еді. Адамзат баласының тарихында қандай қоғам болса да,
сол қоғамның дүниеге келу, даму, кемелдену жайттарымен бірге тоқырау,
80
дағдарысқа ұшырайтыны, тарих бетінен жойылатыны, өшетіні тарихи
қажеттіліктен туындағаны жасырын емес.
«Ертай Ашықбаев өлеңдеріндегі ерлік тақырыбы»
Эссе
Қаһармандық тақырыбы, тақырыпты ашуға қызмет ететiн ерлiк күрестер
мен ел игiлiгi жолындағы жанқияр әрекеттердi бейнелеген көркемдiк мазмұн,
ел қорғауға даяр ұрпақ тәрбиелеу мiндетi уақыты жеткен мезгiлде ұлт әдебиетi
аясында жеке арна түзген балалар поэзиясында заңды жалғастық тауып, шағын
тақпақтан ауқымды поэмаға дейiнгi үлкендi-кiшiлi жанрлардағы шығармаларда
балалардың таным-түсiнiгiне, жас ерекшелiгiне лайықтала жырланды.
Аталған жанрлардағы шығармалардан тұратын балаларға арналған
қаһармандық поэзияның басты ерекшелiгi тақырып пен көркемдiк мазмұнның
бала болмысына, жасына сәйкес ашылуымен және әр жанрдың талабына
лайықты жауап беруiмен байланысты.
Балалар поэзиясы туралы сөз қозғағанда өзіміздің жергілікті ақынымыз
Ертай Ашықбаев туралы айтпай кете алмаймыз. Ертайдың тақырып аясы кең.
Оның өлеңдері әр түрлі тақырыпқа жазылған. Бабалар ерлігін дәріптейтін
тақырыптары да жеткілікті. Мысалы, «Жақсы баға» кітабындағы «Сурет
туралы сыр» өлеңінде, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлер туралы
былай жырлайды:
Келмесін деп зұлымдар,
Біздің жайлы қонысқа.
Осындай сан мың ұлдар,
Қаза тапқан соғыста.
Жүріп жеңіс жолында,
Қорғап қалды халықты.
Естелік боп соңында,
Суреттері қалыпты.
Немесе жеңіс тақырыбына жазылған «Салют» өлеңінде:
Отаным айбынды,
Жүрегімнің дүрсілі.
Тоғызыншы май күнгі,
Зеңбіріктер дүрсілі. – деген шумақтардан ақын Ертай Ашықбаевтың да
басқа балалар ақындары сияқты өлеңдерін бала қиялына сай, түсінікті, тез ұға
алатын етіп жазады. Оның өлеңдері тез жатталады.
«Орхон жазбаларындағы фольклорлық үлгілер»
Пікір
Орхон жазба мәтіндерін Күлтегін батыр образы үлгілермен салыстырып,
олардың Күлтегін батыр образы байланысы жөнінде бұрын-соңды айтылған ой-
пікірлерді еске ала отырып, ойды жүйелей келе, мынандай бірнеше түйінді
байламдар жасадық:
81
Біріншіден, Орхон жазбалары – дәуір шындығын танытатын,
жазбагерлердің өзіндік қолтаңбалары бейнеленген, сонымен қатар өз дәуірінің
әдеби дәстүріне негізделіп жазылған мұралар.
Екіншіден, Орхон жазба ескерткіштерінің жанрлық ерекшелігі туралы
көптеген ғалымдардың ертелі-кеш айтқан ой-пікірлері әр түрлі сипатта
болғанын байқадық. Бұл мәселе әлі де жан-жақты қарастыруларды қажет етеді.
Үшіншіден, қай кез, дәуірде болса да сөз шеберлері – көркем әдебиет
өкілдері Күлтегін батыр образы дәстүрге арқа сүйеп отырған. Бұл құбылыс
Орхон ескерткіштерінде де кеңінен көрініс тапқан. Орхон ескерткіштері
стилінде де эпостық жырлармен жақындастыра түсетін белгілер бар. Фольклор
жанрларының стилі Орхон жазбалары авторларының стиліне негіз болғандығы
олардың халық поэзиясының дәстүрлерін игеруінен, көркемдік ойлау
жүйесінен де байқалады.
Төртіншіден, Орхон жазбаларындағы фольклорға тән ерекшеліктің бірі –
оларда да синкреттілік бар екендігі. Идеологиялық синкретизм мен жанрлық
синкретизм көріністері бар.
Бесіншіден, қазақтың қаһармандық жырларымен ортақ ұқсастық белгілері
аз емес. Орхон ескерткіштерінің ішіндегі “Білге қаған”, “Күлтегін”, “Тоныкөк”
жырлары – қаһармандық жырларға жақын, эпикалық жыр дәстүрінде жазылған
туындылар. Оларды қаһармандық эпостарға жанрлық жағынан идея бірлігі,
тақырып ортақтығы, сюжетіндегі ұқсастықтар, кейіпкердің идеализациялануы,
дәріптелуі, образдардың жасалу ерекшелігі, батыр мен тұлпар образдарының
қатар келуі, қайталаулардың жиі ұшырасуы, композициясы мен стиліндегі
дәстүрлі ортақ қолданыстар, Күлтегін батыр образы шағын жанрлардың
эпикалық туынды бойында кездесуі, ежелгі таным-түсініктердің аралас жүруі,
көркемдік бейнелеу әдіс-тәсілдерінің, құралдарының ортақтығы, т.б. белгілері
жақындастырады.
Алтыншыдан, Орхон жазба ескерткіштерінде Күлтегін батыр образы
эпикалық дәстүрге сәйкес эпосқа тән көпқабаттылық та белгілі дәрежеде
көрініс тапқан.
Жетіншіден, Орхон ескерткіштерінің Күлтегін батыр образы дәстүрмен
сабақтастығы фольклорға тән айшықтарды, яғни тіл байлығын пайдалануынан
да көрінеді.Көркемдеу құралдарында дәстүрліліктің басым болуы Күлтегін
батыр образы туындыларға тән ерекшеліктің бірі. Фольклор мен көркем
әдебиет туындыларындағы дәстүрлілік олардың дәстүрлі шумақтар, сөз
тіркестері, оралымдар мен жекелеген сөздерді қолданысынан да көрінетін
болса, Орхон жырлары эпикалық, ерлік тақырыбындағы туындылар болғандық-
тан олардың көркемдік тәсілдерінде батырлық жырларға тән болып келетін
көркемдік әдіс-тәсілдер бас қаһарманды дәріптеуге, мадақтауға бағытталады,
көркемдік бейнелеу құралдары кейіпкерлер образын ашуға қызмет етеді.
Қорытындылай айтқанда, Орхон жазба мұралары – ежелгі дәуірлердегі
халықтың көркем танымындағы ізденістерінің негізінде туып қалыптасқан
Күлтегін батыр образы жанрлар дәстүрлерін бойына сіңіре отырып жазылған,
тарихи, шежірелік те сипаты бар көркем туындылар.
82
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұхтарова Ә. Жоғарғы оқу орындарында қазақ әдебиетін оқытудың тиімді
тәсілдері.//Қазақ тілі мен әдебиеті.№11,2008
2. Әдебиеттану. Алматы,1998.
3. Жанәбілова А. Шығарма жұмысының түрлері арқылы тіл дамыту
технологиясы.//Қазақ тілі мен әдебиеті. №4, 2005.
4. Әбдікәрімова Т.М. Мәтін және «Ана тілі» оқулығы мәтіндемесін құраудың
теориясы. - Павлодар, 2007. 27б.
5. Әлісжан С. Ғылыми мақала жазуға баулудың жолдары // Егемен Қазақстан.
2018, 15 наурыз.
6. Жапбаров А. Оқушылардың жазбаша тілін дамыта оқытудың ғылыми-
әдістемелік негіздері. -Алматы, 2007. - 120-122 бб.
7. Мәтінмен жұмыстың тиімді тәсілдері: әдістемелік нұсқаулық.
Т.М.Көпжасарова, К.Г.Утешова. – Астана, «Назарбаев зияткерлік
мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы. 2016.-60б.
8. Нурушева А.Н. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған қосымша
оқу құралы. – Көкшетау, 2013. – 39бет.
9. Үлестірме материал. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы. – Астана, 2015.-200б.
10. Тренерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы. – Астана, 2015.-103б.
83
МАЗМҰНЫ
Алғысөз......................................................................................................................... 3
Жаңартылған білім бағдарламасы жағдайындағы жазылым.................................. 4
Жазылым түрлері және олардың танымдық-тәрбиелік мәні ................................ 14
Жазылым мәтіндерін құрудың алғышарты мен әдістемесі .................................. 21
Пайымды көзқарастан шебер жазуға ...................................................................... 24
Қысқа мерзімді жоспарлар үлгісі............................................................................. 25
Эссе жобалары ........................................................................................................... 62
Пайдаланылған әдебиеттер: ..................................................................................... 83
84
Сугурбаева А.С., Қоңқабаева Г.Қ.
ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ: ТЕОРИЯ ЖӘНЕ
ПРАКТИКА
(ЭССЕ, МАҚАЛА, СЫНИ ПІКІР, Т.Б)
әдістемелік құрал
Теруге. 30.01.20. жіберілді.
Баспаға 26.05.20. қол қойылды
Пішімі 60x84/8. Қағазы офсеттік.
₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪
Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институтының баспа қызметі және қоғамдық ортамен байланыс бөлімі
- Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 86 үй. Тел: 56-05-37
85