The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Баспасөз жанрлары ОҚУЛЫҚ 2022-2023 оқу жылы нөмерленген

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Жанар Тулешбай, 2023-05-08 13:34:14

Баспасөз жанрлары ОҚУЛЫҚ 2022-2023 оқу жылы нөмерленген

Баспасөз жанрлары ОҚУЛЫҚ 2022-2023 оқу жылы нөмерленген

1 Оқулық 11-сынып оқушыларына арналған бейіндік оқытудың таңдау курсы Баспасөз жанрлары Құрастырған: Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққұм ауылы Алдаберген Бисенов атындағы №38 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шілдебаева Жанар Төлешбайқызы 2022-2023 оқу жылы


2 Алдаберген Бисенов атындағы №38 орта мектептің әдістемелік кеңестің отырысында қаралып, 26 тамыз 2022 жылғы № 1 хаттамада бекітілді. Құрастырған Ж.Шілдебаева. Авторлық бағдарлама. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін 11-сынып оқушыларына арналған бейіндік оқытудың таңдау курсы «Баспасөз жанрларының» бағдарламасы және күнтізбелік жоспары, 36 сағатқа құрылған қысқа мерзімді сабақ жоспарлары, әдістемелік оқулық пен дидактикалық материалдар, оқушылардың жұмыс дәптерлері қамтылған. Авторлық бағдарлама пән мұғалімдеріне оқушылардың танымдық қабілетін, құзіреттігін арттыру және теориялық материалдарды меңгерту жұмыстарына көмегі тиетіндей деңгейде құрастырылған.


3 Шартты белгілер: Ойтүрткі Топтық жұмыс Тыңдалым Жұптық жұмыс Айтылым Жеке жұмыс Оқылым шығармашылық тапсырма Жазылым Ойтаразы Сұрақтар Шілдебаева Ж.Т Баспасөз жанрлары Авторлық бағдарлама 11-сыныбына арналған таңдау курсы 2022-2023 оқу жылы 76 бет.


4 АЛҒЫ СӨЗ Құрметті оқушы! Бұл «Баспасөз жанрлары» авторлық бағдарламасы баспасөз жанрларының түрлері мен жіктелуін, құрылымдық, стильдік ерекшеліктерін оқытуға және жанрлық әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар ұсына білуге арналған. Осы арқылы сендерді өмірлік қажеттіліктерінде коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану дағдыларын дамытады. Сені тілдік шеберлікке үйретудің басты негіздері – шығармашылық жұмыстар арқылы жазу мәнеріне дағдыландырады. Мақала, хабар, сұхбат, очерк, репортаж сияқты жанрларға тән тілдік, стильдік ерекшеліктерді сақтай отырып, материалдар жазуды үйрету, бір-бірінің материалдарын редакциялауға машықтандырады. Танымдық мәтіндер сенің жас ерекшелігіңе сай құрастырылды. Орындауға ұсынылған тапсырмалар мен сұрақтар шығармашылық қабілетіңді шыңдауға, сыни тұрғыдан ойлау білуге, көрсетілген мәселе бойынша өз көзқарасыңды жеткізе білуге, тез шешім қабылдай алуға жетелейтін жұмыс түрлерінен тұрады. Сабақта қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдер сенің оқулықтағы біліктілік дағдыларыңды дамытуға көмектеседі деп сенеміз. Қадамыңа сәттілік тілеймін! (Автордан)


5 1-сабақ Баспасөз жанрлары туралы түсінік. Баспасөз жанрларының шығу тарихы 1-тапсырма. «ББҮ» әдісі бойынша сызба кестені толтырыңыз. Баспасөз жанрлары туралы бұрыннан не білесіз? «Жанр» сөзі қандай мағынаны береді? Бүгінгі сабақта қандай ақпараттар алғыңыз келеді? Білемін Білгім келеді Үйрендім 2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Жанр дегеніміз – белгілі бір газет, журнал материалдарының, радио, телевизия хабарының көріну, өмір сүру формасы. Нақты болмыс-құбылысты жазып, суреттеп, айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт таныған кескін-пішіні болады. Өзіндік сипаты, өзіндік белгілері бар сол түрлердің әрқайсысы жанр деп аталады. Белгілі бір шығарманың, материалдың өзіне ғана тән, өзін ғана ерекшелендіріп тұрған құрылымдық - композициялық, тілдік, стильдік, тағы басқа белгілер жиынтығы оның жанрын айқындайды. Сөз жоқ, өнердің әр түрінде белгілі бір туындыны нақты бір жанрға жатқызудың себептері мен шарттары ұқсас та, өзгеше де бола береді. Көп реттеолардың жанры бейнеленетін объектісіне, мазмұндық ауқымына, өмірлік мақсат-міндетіне, қолданған әдіс -тәсіліне қарай ажыратылады. Ал баспасөз жанрлары бір-бірінен несімен дараланады? Ең алдымен, олар да сынайтын объектісімен дараланады... Баспасөз жанрлары енді бірде алға қойған нақты міндет, мақсатымен, ниетімен ажыратылады. Мәселен, материалдың сөз етер объектісі әр түрлі жиналыс, мәжіліс болып, солардың мазмұнын ашуға арналса, жазғанымыз есеп (отчет) жанрына жатады. Егер объекті жеке бір еңбек адамы болып, соның көрсеткіштабысының сырын ашсақ, нақты бір шаруашылықтағы, өндіріс орнындағы, құрылыс ұйымындағы жетістіктерге, олқылықтарға талдау жасасақ, бұл корреспонденция болмақ. Т.Қожекеев Сұрақтар: 1.Жанр дегеніміз не? 2. Баспасөз жанрлары бір-бірінен несімен ерекшеленеді? 3. Корреспонденция дегенді қалай түсінесің? І бөлім Баспасөз жанрының тарихы


6 Тілдік бағдар Жанр (французша «genre») – ерекше қасиеттерге ие пішін мен мазмұннан біріккен шығарма түрі. Жүйе «система» грек тілінде «systëma» – бөлшектерден құралған бүтін, яғни «біріккен» деген мағына береді. Жалпы бір бүтіндікті құрайтын, өзара байланыстағы көп элементтердің жиынтығы. Автордың мақсат қоюы, құжаттарды толтыруы, публицистикалық сөз саптаушының мазмұны мен сипаты оның пішінін, яғни жанрын анықтайды. Жанрды дұрыс таңдау материалдармен жұмыс, деректерді жинау, құбылыстарды түсіндіру кезінде көмек береді. Публицистика жанрлары аудиторияға әсер ету мақсатында, шынайылықты беруде, көркемдік құралдарды қолдануда және сараптама жасау тереңдігі мен топтастырылуы арқылы өзара жіктеледі. Баспасөз жанрлары –мерзімді баспасөзде жарияланатын публицистикалық шығармалардың сан алуан түрі. Жанрлық ерекшеліктері мәтіннің мазмұнына, жазылу пішіміне, деректерді іріктеп, сұрыптау немесе жинақтап, талдау ыңғайына, тілдік-стильдік әдісіне қарай айқындалады. Баспасөз жанрлары белгілі бір оқиғаларды, құбылыстарды, нақты деректер мен мәліметтерге сүйене отырып баяндайды. Әр жанрдың өзіне тән ерекшеліктері мен сипаты әрі бәріне ортақ белгілері бар. 3-тапсырма Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды көрсетіңіз. Негізгі ақпараттарды іріктеп, жинақы мәтін құрап жазыңыз. Маңызы мен рөлі күшейе ХХ ғасырда күшейе түскен қазақ баспасөзінің тарихы ХІХ ғасырдан басталады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында патшалы Ресей тұсында пайда болып, патша ағзамның билік-жарлығын қазақ даласынан таратуға қызмет еткен алғашқы басылымдар «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» беттерінде қазақ халқының әдеби мұралары, жазба ақындар мен импровизаторлық өнер туралы, соның ішінде Шортанбай, Шоқан шығармалары аракідік сөз болды. Жоғарыда атап өткеніміздей, ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Ресей үкіметінің жарлығымен қызмет ете бастаған «Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті» басылымдарының беттеріндегі деректер қазақ халқы тарихы мен өмірінің шежіресі болып табылады. Бұл газеттерге қойылған негізгі мақсат отарлаушы мемлекеттің саяси - идеологиялық құралына айналу болғанымен, олар бұл шеңберде қалып қоймай, халық санасын оятуда саяси және ағартушылық бағытта кейбір дүниелерді жариялап, қызмет етті. Мысалы, ел ішінде саяси- әлеуметтік, әдеби, мәдени ойпікірлердің оянуына, өзіндік көзқарастарының қалыптасуна септігін тигізген көне бастаушы басылым деп «Түркістан уалаятының» газеті аталады. Жалпы, Түркістан уалаятының» газеті Орта Азия халықтарының тұңғыш газеті болып саналады.


7 Ұлттық баспасөздің алғашқы қарлығаштарының бірі – «Дала уалаяты» газетінің дүниеге келуі қазақ халқының өткен ғасырдағы мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. «Дала уалаяты» газетінде басылған шығармаларда қазақ халқының әр кезеңдегі өмірі, тұрмыс-тіршілігі, күрделі жағдайлар мен оқиғалар толық, тұтас қамтылмағанмен, тарихымызда болған ұлы өзгерістер, халық өмірінің жеке-жеке суреттері алғаш осы баспасөз бетінде жарияланып, ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетіміздің негізін қалауға көмектесті. https://stud.kz/referat/show/65349 Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат Жинақы мәтін 1 2 3 4 4-тапсырма Мәтінде көтерілген мәселеге өз ойыңызды білдіріңіз. Абайдың қарасөздері арқылы тұңғыш публицистиканың элементерін қазақ жазба әдебиетіне енгізгеніне дәлел келтіріңіз. Публицистика элементтерін қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының прозалық еңбектерінен де байқауға болады. Абайдың қарасөздері әрқайсысы оқшау жазылған қырық алты бөлек шығарма. Бәрі де қысқа-қысқа, мұнда өз заманының зор шындықтарын сөз еткен Абай моральдық, тәрбиелік ойларын көпшілікке ұсынған. Осы барлық қарасөз дейтін мұралары -көркем прозаның бөлек түрі. Мұнда сюжет, оқиға атымен жоқ, ертегі, мемуар да емес. Ақынның өзі ойлап тапқан көркем сөздің түрі. Мұнда сыншылдық, ойшылдық, адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған толғау. 5-тапсырма


8 «Дербес пікір жазу» тәсілі Тақырыпқа қатысты өз көзқарасыңды білдіріңіз. 7–8 минут уақыт ішінде тақырып бойынша өз ойыңызды жазыңыз. 1. Өзіндік пікір –1 сөйлем. 2. Дәлел – 2 сөйлем. 3. Өз пікірін дәлелдейтін мысал – 2 сөйлем. 4. Өз пікіріне қарсы дәлел – 1 сөйлем. 5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал – 1 сөйлем. 6. Қорытынды– 2 сөйлем. 6-тапсырма «ББҮ» әдісі бойынша сызба кестені толтырыңыз. Баспасөз жанрлары туралы бүгінгі сабақта не үйрендіңіз? Білемін Білгім келеді Үйрендім 2-сабақ Тәуелсіз Қазақтан баспасөзі: міндеттері мен принциптері 1-тапсырма Берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 1.Тәуелсіз Қазақстанның қандай бұқаралық ақпарат құралдарын білесіз? 2.Қазіргі таңда баспасөз беттерінде қандай мәселелер айтылып жүр деп санайсыз? 3. Баспасөздің негізгі міндеттері мен принциптері қандай деп ойлайсыз? 2-тапсырма. Мәтіннен қандай ой түйдіңіз? Баспасөзге қойылатын талаптар мен принциптерге не қосар едіңіз? Шыншылдық пен объективтілік –баспасөзге қойылатын жаңа талаптар кезіндегі негізгі принциптер. Журналистикадағы жаңа принциптер: халықтығы, интернационализм, гуманизм. Журналистика – шығармашылық қызметтің саласы. Журналистика маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі болып табылады. Онсыз қоғам өмірін елестету мүмкін емес. Өз тарихында журналистика бұқаралық ақпарат құралдары жүйесінде ұзақ жолдан өткені белгілі...


9 https://stud.kz/umkd/id/12000 3-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. 4 топқа бөлініңдер. «Түсіндірмелі тор» әдісі бойынша 1-топ интерпретация: оқылған мәтіндегі негізгі тірек сөздерді анықтап, олардың өзара байланысын көрсетіңіздер, салыстырыңыздар. 2-топ трансформация: 1-топтың айтқан ойларын белгілі бір формаға түсіріңіздер (сурет, сызба, кесте, кластер, т.б.), қарамен жазылған сөйлемдер туралы өз ойларыңды білдіріңіздер. 3-топ : нақты дерекпен жұмыс істеп, айтылған мәселе бойынша мәтіннен мысал не дәлел келтіріңіздер. 4-топ : түйіндеме жасаңыздар. Айтылған жауаптардың негізінде қорытынды жасап, тақырыпқа қатысты айтылған ойларды жинақтаңыздар. Қазақ баспасөзінің қарыштап өсіп, қауырт дамыған кезеңі деп өткен ғасырдың 60-80 жылдарын атауға болады. Осынау кезеңде «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан әйелдері», «Жұлдыз», «Жалын», «Мәдениет және тұрмыс», «Білім және еңбек», «Ара», «Балдырған» сияқты басылымдар баршаның рухани азығына айналды. Кейбірінің тиражы 200 мыңнан асса, аз дегені 5-10 мың данамен таралды. Ал, тәуелсіздік келгелі еліміздің ақпараттық кеңістігінде үлкен дүмпу болғаны аян. Газет-журнал қатары әлденеше есеге көбейіп, отандық БАҚ нарығында бәсеке қыза бастады. Жауыннан соңғы саңырауқұлақтай қаптаған «сары» басылымдарды айтпағанның өзінде «Айқын», «Қазақстан-Заман», «Түркістан», «Алтын Орда», «Жас қазақ», «Жас қазақ үні», «Кентавр», «Алаш айнасы», «Дала мен қала», «Нұр Астана», кейінірек «Халық сөзі», «Ұлт Times» сияқты жаңа газеттер ақпарат айдынына жол тартты. Осы басылымдардың қай-қайсының да егемендіктің нығаюына қосқан үлесін айрықша атап өтуге болады. Ұлттың мүддесі сыналған кезде қазақы баспасөз қашанда аянбай күрес жүргізді. Сонымен қатар экономикамыздағы оң өзгерістер, рухани құндылықтар сияқты алтын арқаулы мәселелердің бірде-бірі ұлттық баспасөз назарынан тыс қалған емес. Кейінгі жылдары нарықтың заңдылығына сай әлемде газет-журналдар қатары біршама оңтайланғаны белгілі. Бұл үрдіс бізді де айналып өткен жоқ, соның салдарынан жоғарыда аталған газеттердің бірқатары жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды, біразы интернет-ресурсқа айналды. Сонымен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қанат жаюы массмедианың алдына жаңа талаптар қоя бастады. Қолында смартфоны бар, әлеуметтік желіге тіркелген кез келген адам қазір ақпарат құралдарының салмақты бәсекелесіне айналды. Алайда, интернет журналистика дамыған сайын оның да проблемалары андыздап алдан шықты. Мәселен, әлеуметтік медиа атқа мінгеннен бері ақпараттың ақ-қарасын тексермей жариялау деген дерт белең ала бастады. Осыған сай, сенімді дерек көзі бола алатын кәсіби


10 мамандардың бағасы күн өткен сайын арта түсуде. Осының өзі дәстүрлі БАҚ-тың қоғамдағы орны жоғалмайтынын көрсетіп отыр. Қамбар АХМЕТ «Егемен Қазақстан» газеті 4-тапсырма «Еркін жазу» әдісі арқылы сабақ барысында қарастырылған жаңа ақпарат жайында, одан алған әсері, не үйренгені, нені әлі де біле түсу керек екені т.б. туралы өз пікіріңді қағаз бетіне түсіріңіз. Орындаған жұмысыңызбен сыныпқа таныстырыңыз. 3-сабақ Баспасөз белгілері және түрлері, жіктеу негіздері 1-тапсырма Сұраққа жауап бере отырып, «Борт журналының» бірінші графасын толтырыңыз. Бүгінгі тақырып бойынша бұрыннан не білемін? Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін? Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім? Тілдік бағдар Баспасөз жанрлары — мерзімді баспасөзде жарияланатын публицистикалық шығармалардың сан алуан түрі. Жанрлық ерекшеліктер мәтіннің мазмұнына, жазылу пішіміне, деректерді іріктеп, сұрыптау немесе жинақтап, талдау ыңғайына, тілдік-стильдік әдісіне қарай айқындалады. Баспасөз жанрларын, негізінен, 3 топқа: ақпаратты (хабар, есеп, сұхбат, репортаж), талдамалы (мақала, рецензия, шолу, хат) және көркем - публицистикалық (суреттеме, очерк, публицистика, эссе, баллада) жанрларға бөлуге болады. Сондай-ақ, көркем-публицистикалық жанрлардың сатиралық түрлері (фельетон, памфлет, мысал, эпиграмма, пародия, шарж, т.б.) бар. Баспасөз Жанрлары белгілі бір оқиғаларды, құбылыстарды нақты деректер мен мәліметтерге сүйене отырып баяндайды. Әр жанрдың өзіне тән ерекшеліктері мен сипаты әрі бәріне ортақ белгілері бар. Ақпаратты жанрлар күнделікті оқиғаларды жедел де шынайы түрде хабарлап, жаңалықтар мен өзгерістерді оқырман қауымға қаз-қалпында жеткізуге тырысады. Талдамалы жанрларға оқиғаларды салыстыра зерттеу, деректер мен мәліметтерді тарата талдап, солардың төңірегінде ой қорыту, бағалау тәсілі тән. Ал, көркем-публицистикалық жанрлар типтік деректерді талдау, суреттеу әдісімен жазылады; әр қилы әдеби тәсілдер (даралау, образ жасау, мінез-құлық қақтығысы, оқиға шиеленісі, т.б.)


11 арқылы әлдебір деректі құбылыстың ішкі мән-мазмұны мен идеялық сипатын көркем-публицистикалық деңгейде ашып көрсетеді. Сатиралық жанрлар әлеум. тұрмыстағы келеңсіз құбылыстар мен кертартпа қылықтарды юморлық не сатиралық пішіммен әшкерелейді, кемшіліктерді жоюға шақырады. Баспасөз жанрларының негізгі, басты міндеті — өмірдегі нақты оқиғалар мен құбылыстардың күнделікті тізбегін жазу арқылы белгілі бір кезеңнің тарихи шежіресін жасау. https://kk.wikipedia.org/wiki/ 2-тапсырма Сұрақтарға жауап бер. 1.Баспасөз жанрлары неше топқа бөлінеді? 2.Ақпаратты жанрдың түрлерін атаңыз. 3. Талдамалы жанрға не жатады? 4. Көркем-публицистикалық жанрдың қандай түрлерін білесіз? 5. Баспасөз жанрларының негізгі міндеті қандай? 3-тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. ВЕЕР» әдісі арқылы тапсырманы жұп болып орындаңыз. Қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады. 4-тапсырма Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, баспасөз жанрына қатысты мәтін құраңыз. Мәтінге қажетті сөздер және сөз тіркестері:сұхбат, талдамалы, шолушы , көркем-публицистикалық, белгілі бір оқиғалар, нақты деректер мен мәліметтер, жанр. 5-тапсырма Сұраққа жауап бере отырып, «Борт журналының» екінші графасын толтырыңыз. Бүгінгі тақырып бойынша не үйрендіңіз? Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін? Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім?


12 4-сабақ Ақпаратты жанр түрлері, оның ерекшеліктері 1-тапсырма Репортаж Есеп Сұхбат «Атаулар (терминдер) кестесі» Тақырып бойынша 3 негізгі атаулар (терминдер) жазылған: сұхбат, есеп, репортаж. Оларды төмендегі кестеге түрлендіріп ұсыныңыз. №1атау №2атау №3атау Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері Тілдік бағдар Ақпараттық жанр (журналистика) – газет бетіндегі матермалдар мен радио-, телеэфирінің 50 пайызынан астамын құрайтын журналистикадағы басты жанрлардың бірі. Оған хроника, шағын және кеңейтілген ақпараттар, сұхбат, есеп, суреттеме, репортаж жатады. Бұлардың бәріне қойылатын талаптар ортақ. Ақпараттық жанр дәлелдер мен дәйектерден тұрады және оның құрамында әдеби көркемдеуіш құралдар қолданылмайды. Күнделікті фактілер туралы баяндайды. Егер аталған жанрды орынды, дұрыс қолдана білсе, онда олардың мүмкіндігі шексіз. Ақпараттағы жанрдағы материалдар субъективті көзқарастан, жеке тұлғаның өзіндік қорытындысынан ада болғандықтан, әлем журналистикаысн зерттеушілер оны жарияланымның жоғары формасы деп атайды. Бұл жанрдың негізіне дерек, оқиға алынып, жедел түрде оқырманға жеткізіледі. Бұл кең таралған жанрлар журналға қарағанда газет беттеріне, телерадио материалдарына лайық саналады. 2-тапсырма Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, мұқият оқып шығыңыз. ІІ бөлім Ақпаратты жанр түрлері


13 «V» - «Білемін» «-» «мен үшін түсініксіз» «+» - «мен үшін жаңа ақпарат» «?» - «мені таңғалдырады» Қазанның соңы мен қарашаның басында Семейде қар аралас жаңбыр жауған. Тротуары тозып, кей тұсында бордюрімен бірге жерге сіңіп кеткен, көп көшесіне мүлде салынбаған қалада аяқты балшыққа батырмау да арман екен. Қазір біз тротуар іздеп паңданып жүрміз. Осыдан бір ғасыр бұрын қазақ қауымы аяқ жолы тұрмақ асфальты жоқ көшенің лайсаңына қарамай. үлкен оқиғаның куәгері болуға ағылған еді. Бұл туралы кезінде керемет репортаж жазылып, бір газеттің екі нөміріне жарияланды. Бірақ, оны жетпіс жыл бойы ешкім оқи алмады. Журналистика факультеті студенттері үшін үлгі болуға тиісті шеберлікті танытқан шығарма кейіпкерінің атымен бірге қамауда ұсталды. Авторы Сұлтанмахмұт Торайғыров "Алаш" партиясына қатысы бардың бәріне қырғидай тиетін саяси қуғын-сүргінге дейін қайтыс болғандықтан сталиндік "қара тізімге" ілінбеген. Бірақ, Алашқа қатысты туындыларына коммунистік цензураның "оқуға болмайды" деген таңбасы басылды. Соның бірі – "Сарыарқа" газетінің 1917 жылғы қазан айының 30-ы мен қараша айының 13-і күнгі нөмірлеріне жарияланған "Әлиханның Семейге келуі" атты репортажы. Ғалымдар оны "мақала" деп үкілейді, біздің пайымдауымызша, бұл – репортаж. Бірінші сөйлемінен бастап жанры танылып тұрады: "Кешке жақын Семейде 21- октябрьде, бұрынғы жандарал мекемесі, "Бостандық үйіне" қарай топ-тобымен ағылған қазақ еді. Семинаристер бір рет, гимназистер бір рет, курсистер, мұғалімдер бір рет, саудагерлер, қырдан келгендер де бар. "Сегіздегі бала да, сексендегі шал да қалмай" дегендей, тойға бара жатқандай бәрінің де мерейі үстем, еңселері көтеріңкі, жүздері жарық, көздерінен, қозғалыстарынан қуанғандары көрініп тұрушы еді." Репортаж бірден қазақтың басынан бұрын-соңды өтпеген көрініске жетелей жөнеледі. Халық не үшін қуанған? Неге жүздері жарық, еңселері көтеріңкі? Оқырманды осы сұрақ ынтықтырып, әрі қарай асыға көз жүгіртері сөзсіз. Сұхтанмахмұдтың шеберлігі сонда. Жалпы Торайғыров туралы роман жазылып, шығармалары жайында зерттеулер жасалғанмен, оны тарихи биік тұғырына қондыра алмай келеміз. https://informburo.kz/pikir/kainar-oljay/e-erekshe-reportazh.html 3-тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтінде айтылған ойға көзқарастарыңызды білдіре отырып, дебат өткізіңіздер. Жеребе тастау арқылы үкімет (3), оппозиция (3), әділқазы мүшелері (3), жүргізуші (1), timekeeper/уақытты есептеуші (1), көрермендер (сыныптағы қалған оқушылар) болып бөлініңіздер.


14 Әлеуметтік желілер БАҚ-тың бағы ма, соры ма? Соңғы кезде әлеуметтік желілер БАҚ-тың орнын басады деген сөздер жиі айтылады. Тағы бірде белгілі әнші Сәкен Майғазиев «Твиттерде менің 5 мың оқырманым бар, ал елімізде 5 мың оқырманы бар газеттер көп, сондықтан да мен бір газеттің бас редакторы секілді жүк арқалаймын» дегені бар еді. Тіпті бұл тақырыпқа орай таусылмас дисскуссиялар жүргізе беруге болатындай. Мәселен, БАҚ зерттеушісі Джоанна Блэкли әлеуметтік желілер соңғы уақыттарда дәстүрлі БАҚ құралын басып озды дейді. Әлеуметтік желілердің феномені ХХІ ғасырдың бірінші он жылдығында-ақ танылып үлгерді және көптеген БАҚ электронды нұсқаға өтіп, әлеуметтік желілердегі маркетинг қарқын алды. Бүгінде газет-журналдар мен электронды басылымдар Facebook, Twitter және Вконтакте секілді желілерді ақпарат алу мен таратуда пайдаланып отырғаны анық. Мәселен, әлеуметтік желілерде ашылған медиа-басылымдар (басылымның жеке парақшасы) БАҚ-тың дамуына мынадай пайда әкелуде: - Оқырманмен тікелей байланысу үшін қолданушылардың тізімі мен координаттарын білу; - Кері байланыстың болуы, белгілі бір оқиғаға қатысты пікірлесу, аудитория жинау, осы орайда аудиторияның белгілі бір ақпаратқа байланысты орнын білу; - Қолданушының БАҚ-тың ресми сайтына материал жариялай алуы; - Онлайн-басылымдар мен блогтарды дамыту; - Жарнамалық іскерлікпен айналысу, оны дамыту; - Журналистердің белгілі бір оқиғаға, тақырыпқа сұхбат, пікір, сауалнама жинау мүмкіндігі, сурет алмасу; - Тікелей эфирдегі оқиғаға (спорт, мемлекеттік сот отырысы мен билік өкілдерінің жиыны, төтенше жағдайлар орындары, сайлау және т.б.) трансляция ұйымдастыру мүмкіндігі. Ал бірқатар маман әлеуметтік желілердің БАҚ құралына бәсеке келтіре алмайтын себептерді алға қояды: - Жарияланатын немесе жеткізілетін ақпараттың рас-өтірігі анық емес. Естеріңізде болса, «утка-ақпараттар» соңғы кезде халықты абыржытқаны бар. Оның бірі «Голливуд жұлдызы Леонардо ди Каприоның қазақтың ақыны Абай Құнанбаевтың рөлін сомдайды» деген ақпарат лезде таралып, бұқараның есін шығарғаны бар. - Екінші бір себебі ақпарат өз кезінде жылдам берілетін болғандықтан журналистің ақпаратты дұрыс жеткізбеуі: қате пікірлер, түсініксіз сөйлемдер, грамматикалық, лексикалық қателіктер. - Негативті ақпараттың лезде таралуы. Қалыптасып келе жатқан жасөспірімнің психологиялық ауытқушылықтар туғызатын ақпарат, видео, суреттер көруі. Мұндай ақпараттар тасқыны БАҚ абыройы мен әлеуметтік желінің брендіне жасалатын «қара жарнама».


15 4-тапсырма «ПОПС» формуласы бойынша бүгінгі сабаққа ойыңды қорытындылаңыз. Бірінші сөйлем. «Менің ойымша, ... » Екінші сөйлем. «Себебі, мен оны … былай түсіндіремін». Үшінші сөйлем. «Оны мен ... деген деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын». Соңғы сөйлем. «Осыған байланысты мен ... деген шешімге келдім». 5-сабақ Хабар 1-тапсырма 1. Ақпарат агенттігінде хабар тарататын қандай журналистерді білесіз? 2. Қазақ басылымдары ақпаратты қандай дерек көздерден алады деп ойлайсыз? Тілдік бағдар Баспасөздегі, жалпы бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар жанрындағы жарияланымдар оқиға, дерек, құбылыс жайында хабарлайды. Журналистиканың осы хабар жанрының өзі іштей бірнеше түрге бөлінеді. Олар: хроника, интервью, репортаж және есеп. Ақпаратты хабардың қызықты болуы оның көтеріп отырған тақырыбына байланысты. Бүгінгі күні шектеу қойылған немесе жариялауға болмайды деген хабарлардың жоқтың қасы. Бұқаралық ақпарат құралдарының таратып отырған хабарларының тақырыбы да әр алуан. Хабар жинастыру ісін әр тілші жоспарлауы қажет. Осы тұрғыда хабарды үш түрге бөліп қарастыруға болады: 1) Алдын ала болжауға келетін. 2) Күтіліп келетін 3) Алдын ала болжау мүмкін емес. Алдын ала болжау мүмкін болмайтын оқиғаны тауып жазу журналистен табиғи талант пен мол тәжірибе игеруді қажет етеді. 2-тапсырма Мектепте «Күзгі бал» іс-шарасы болып өтті. Осы тақырыпқа қатысты қысқаша хабар дайындаңыз. 3-тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз. «Данышпан үкілер» әдісі бойынша мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазыңыз. Мәтіннен күтпеген, сіздің бұрынғы ұғымдарыңызға қарсы тұрған ақпаратты және саған


16 жаңалық болған ақпаратты жазыңыз. Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдір. Мәтіннен саған алдында таныс болған және мүлдем таныс емес ақпаратты табыңыз. Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура т.б. арқылы бейнелеп көріңіз.Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын қандай маңызды қорытынды шығаруға болатынын тұжырымдаңыз. БАҚ – ықпалды әрі қозғаушы күш Ақпараттық қарым-қатынастың дамуы әлеуметтік өмірге үнемі жаңаша сапалық өзгерістерді әкеліп, қоғамдағы ақпарат ағынының аясын кеңейтті. ХХ ғасырдағы ақпараттық қарым-қатынастың алғашқы қадамы жоғары дамыған елдерде ХІХ ғасырдың соңында мерзімді баспасөз өмірінде жасалған шұғыл бетбұрыс арқылы көрініс тапты. Ат төбеліндей аз ғана оқырманға ғана қызмет еткен, таралу аумағы тым тар болған мерзімді баспасөз өзінің 300 жылдық тарихында тұңғыш рет бұқараны жаулап алды да, ғасырлар тоғысында ақпараттың маңызды құралына айналды. Ақпараттық қарым-қатынастың екінші қадамы ретінде радионың өмірге келуін атап айтуға болады. ХХ ғасырдың басында дауыс, дыбыспен ауызша ақпарат жеткізетін «сымсыз хабаршы» радионың байланыс саласындағы жаңа құралға айналуы журналистика тарихындағы жаңа құбылыс болды. Ақпараттық қарым-қатынастың үшінші қадамына келсек, бейнелі ақпарат жеткізуге арналған тәжірибелік істің алыс қашықтықтағы кеңістікке тұрақты түрде телехабар тарата алатын жағдайға ауысуы еді. Нәтижесінде телевизия атты техника бұқаралық ақпарат құралына айналып шыға келді. Ақпараттық қарым-қатынастың төртінші қадамы ХХ ғасырдың соңғы 25 жылында басталды. Ғарыштық және кабелдік телевизия күшті дамып, аса көп мөлшерде ақпарат жинауға, сақтауға және бүкіл дүниежүзіне жедел таратуға толық мүмкіндігі бар компьютерлік жүйенің пайда болуы журналистиканың дамуын жаңа сатыға көтерді. Бұқаралық ақпарат қарым-қатынасының тарихи дамуы қайшылыққа толы, күрделі болса да қазіргі өркениет үшін оның алар орны, маңыздылығы ерекше екендігі дау тудырмаса керек. Журналистика адамзат тағдырына маңызды ықпал жасаумен қатар, оның ақпаратының жаһандық кеңістігі қалыптасып келеді. 4-тапсырма Мәтінді оқып, хабар-ошар жөніндегі ақпарат қосымша жайында деректер іздеңіз. Жұп болып, ауызша хабар-ошар дайындаңыз. Хабар-ошар – ақпараттық жанрдың ішінде кең тараған жаңалық бюллетенінің негізгі элементі. Хабар-ошар ауызша бейнеқатарсыз беріледі. Оқиға айтарлықтай маңызды болып, ал бейнематериалдар түсірілмесе немесе пайда болмаса, ауызша жеткізу өте қолайлы. Жаңалық бір ғана сөйлеммен кім, не, қайда және қашан болғанын жеткізеді. Оқиғаның себеп-салдарлық байланысы «кадрдан тыс» жерде қалады. Бұл журналистиканың жанры қалай және неге сұрақтарына жауап


17 бермейді. Егер жаңалық оған лайық болса, ол тиісті бағасын алып,оған комментарий айтылып, сарапталады. Бірақ бұл үшін басқа бағдарламаларда қолданылатын басқа жанрлар бар. Эфирдегі ауызша хабардың дайындалып, таралуы үшін іріктеліп, редакцияланады. Іріктеудің критерийлері – қоғамдық танымдық мәні болуы шарт. Сонымен қатар, хабарланатын деректің қоғамдық маңызы болса аудиторияның едәуір бөлігін қызықтырады. Меңдігүл Шындалиева «Публцистика жанрлары мен пішіндері» Астана, 2012 5-тапсырма «Бес саусақ» тәсілі Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды? Балаң үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс істедім? Кімге көмек бердім? Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым? Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім? 6-сабақ Есеп 1-тапсырма 1.Ақпаратты жанрдың бір түрі - есеп дегенді қалай түсінесіз? 2.Бұқаралық ақпарат құралдарында есеп не үшін керек деп ойлайсыз? Тілдік бағдар Ақпарат жанрындағы есеп – оқиға туралы ақпараттық хабарлама, онда белгілі бір аудитория қатысады (конференция және жиналыс, спорт жарыстары және көрмелер, т.о.). Материалдың берілу түрлеріне қарай есеп жалпы немесе тақырыптық; баяндалу ерекшелігі мен мақсатына қарай ақпараттық (сөйлеу, оқиға, деректің бірізділікпен берілуі) немесе аналитикалық (негізгі күшжігер белгілі бір іске бағытталады, баға беріледі, оқиғаға түсінік жасалады). Газет есебі –съездер, конференциялар, мәжілістер мен кеңестер туралы мерзімді баспасөзде жиі жазылатын хабар жанрларының бір түрі. Есептің түрлері: 1.Заметка түрінде 2.Қысқа есеп 3.Тіке есеп 4.Кеңейтілген есеп Есептің заметка түрі . Телеграфтық стильмен бірнеше жол ғана жазылады. Есептің бұл түрінде жиналыс қайда, қашан өткені, қандай баяндама жасағаны, жиналыс қандай шешім қабылдағаны қысқа хабарланады.


18 Тіке есеп. Мерзімді баспасөздегі мұндай есептер еліміздің өмірінде болған елеулі оқиғаларға арналады. Кеңейтілген есеп. Есептің бұл түрінде жиналыста, мәжілісте қаралған мәселелер түгел көрсетіледі. Мұнда баяндамашы да, сөйлеушілер де түгел қамтылады. Кеңейтілген есеп екі түрлі болып жазылады. Ол тақырыптық және сын формасында кездесіп отырады. Кеңейтілген сын есеп. Жиналыстардың өткізілуі, онда мәселенің қойылу дәрежесі бірдей бола бермейді. Кейде жиналыс әзірліксіз нашар өтеді, ешбір мәселе көтермейді. Тілші мұндай нашар өткен жиналыстарға объективті баға беріп, сынап жазуға тиісті. 2-тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннен ақпаратты жанрдың есеп түріне жататын белгілерін жіктеп көрсетіңіз. Адуова « Жас қаламгер » үйірмесі. Үйірме бүгінгі таң, жас тілші үйірмесінің есебі Абай әлеміне саяхат. Ағылшын тілін үйренейік. Жыр – жаухар. Сұңқар патриоттық үйірмесі. Спорттық секция атауы. Мектепте балаларды халықтық өнерге баулуда, көркемдік шеберліктің тәсілдеріне үйретуде қолданбалы өнер, ісмерлік үйірмесі үлкен еңбек етуде. Үйірмелерде оқушылар өз шеберліктерін іс жүзінде қолдана алады. Асқан шеберлер көркем қолөнеріне басқаша шығармашылық көзбен қарап әдемі және де пайдалы заттарды жасай алады. Осы үйірмелер арқылы оқушыларды өнерге баулып, эстетикалық талғамын дамытып, қабілеттерін арттырып, іскерлік дағдыларын қалыптастыру жолында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі ретінде оқушылардың білімі мен шеберлігін қалыптастырамын. Шығармашылық жұмыстардың білік деңгейіне көтерілуіне үйірме жұмыстарының қосар үлесі мол. Үйірмеде оқушылар өздері құрастырып жасалған еңбектері бағаланады. Бұдан әр тұлғаның өз жетістіктері көрінеді. Жұмыстар ай сайын өтетін сайыстарға ұсынылып, көрмелерге қойылады. Бұл жас таланттың әрі қарай қанат жаюына үлкен жол ашады. Баскетбол, Волейбол, Тоғызқұмалақ спорттық шаралары өтті. «Адал Ұрпақ - ерікті мектеп» клубының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Адал Ұрпақ ерікті мектеп» клубының оқушыларды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметті, адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, еңбексүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Парасатты азамат» бұрышы жасалынып, мектеп қабырғасына ілінді. «Алтын оймақ» үйірмесінің «Шебердің инесі де, күймесі де алтын» атты оқушылар шығармашылығынан қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.


19 3-тапсырма Д.Исабековтің «Әпке» шығармасы бойынша болып өткен кітап оқушылар конференциясына «РАФТ» стратегиясымен жазба жұмысын (есеп) жазыңыз. Рөл Аудитория Форма Тақырып «Ұлан» газеті оқушылар Есеп «Әпке» драмасы бойынша болып өткен кітап оқырмандар конференциясы 4-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, есеп жанрына жататын ерекшеліктерін атап көрсетіңіз. Шетел тілінде өткен конференция Алматы медицина институтында шетел тілдерінде өткен ғылыми конференцияға студенттер мұқият дайындалды. Бұл конференцияға шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымыныңкандидаты С. Әбдіғапаров жетекшілік етті. Конференцияда 13 баяндама ағылшын тілінде, 7 баяндама неміс, біреуі француз тілдерінде жасалды. Сұрақтар көптеп қойылып, оларға баяндамашы студенттердің өздері жауап берді. Баяндаманың тілдері әр түрлі болғанмен, көтерген талқылаған мәселелері негізінен әлемдік медицинаға ортақ жайттар еді. Сол себепті де пікір алысу, сұрақ-жауаптар көп болды. Үш сағатқа созылған бұл конференцияда дәрігерлер үшін шет тілін үйренуден бастап, фармацевтиканың жаңалықтары, СПИД-тің алдын алу немесе емдеу шаралары, адам организміне дәрі-дәрмектің, түрлі әсері мен анестезияның жаңа әдістері де сөз етілді. Конференцияда жасаған баяндамалары жоғары бағаланған емдеу факультетінің студенттері А. Нұрмақова (4-курс), С. Полищук (3-курс) бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, стоматология факультеті деканының орынбасары Ш. Камаловтың неміс тілінде асқан шеберлікпен сөйлеп, конференцияға қатысушыларға игі тілек тілегенін айтпай кетуге болмас. Ендігі бір айтпағымыз, біздің институтта басталған осы бір игі бастама дәстүрге айналса, сөйтіп, мұндай конференциялар жылма-жыл өткізіліп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді. («Өркен» газеті, 20.5.1989ж.)


20 5-тапсырма Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім? Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме? Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды? Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма? Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім? 7-сабақ Сұхбат 1-тапсырма https://youtu.be/5vtgNvCcPHQ «Мен репортермін» сұхбат жанры бойынша Өмірзақова Эльмираның жұмысын ( бейнекөрсетілім) көріп, сұхбат жанрының ерекшелігін атап шығыңыздар. 2-тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Тілші мен Қазақстанның еңбек сіңірген әншісі Нағима Есқалиеваның сұхбатынан қандай ерекшеліктерді байқадыңыз? Тілдік бағдар Сұхбат –әңгімелесу, пікір.Публицистиканың ақпарат жанрлар тобына кіреді.Өзіне қажетті мәліметтерді, маңызды деген оқиғаға қатысып, ондағы деректермен және өзге де мәліметтермен танысып, әрі адамдармен сөйлесе келе жинақтайды. Сұхбат жанры негізінен көркемдік бейнелеуші құралдарды сөзбен, диалогпен бірлікте көркемдеп отырады. Газетте сұхбаттың сәтті шығуы тікелей қалам тербеуші журналистке байланысты. Оның жазу шеберлігі, шешендігі мен қызықтар білу нұсқалығы басты назарда болса, радио сұхбаттың жарық етуі көбіне-көп сұхбат берушіге байланысты. Өйткені радиода сөйлеп тұрған адамның жанды сөзі, дауыс ырғағы, сөйлеу мәнері, үн әуезділігі айрықша рөл атқарады. Сұхбат – ағылшын сөзі, аударғанда баспасөзе жариялау немесе радиода беру үшін жазылған әңгіме дегенді білдіреді. Әрбір жанр сияқты сұхбат та бірнеше түрге бөлінеді: 1.Сұхбат-монолог 2.Сұхбат-диалог 3.Суреттеме-сұхбат 4.Анкета


21 Сұхбат беруші журналистке қарағанда айтатыны мол болса, не сұхбат беруші сөз сөйлеуімен белгілі бір қоғамдық ұйымды қолдаса, сұхбат жанры қолданылады. Сұхбат берушілерді шартты түрде үшке бөлуге болады: 1) Саяси және мемлекет қайраткерлері, белгілі бір нақты салады арнайы білімі бар мамандар, олардан бір мәселенің мән-жайын білу мақсатында сұхбат алады; 2) Өмірі көпшілікке таныс танымалы тұлғалар; 3) Үйде, көшеде, қызметте кездесетін қарапайым адамдар, олардан бір оқиға, жағдай туралы қоғамдық ой-пікірді білу мақсатында сұхбат алынады. https://stud.kz/referat/show/88246 3-тапсырма Топтық жұмыс «Кезбе тілші» әдісімен тәулікте болған оқиғалар туралы сұхбат жасаңыздар. 1-топ (мектепте болып өткен «Күзгі балл» байқауы) 2-топ ( су тасқынының деңгейі) 3-топ («Қыз сыны» байқауы жеңімпазымен сұхбат) «Кезбе тілші» 1-оқушы телефон соғылып жатқанға ұқсатып, тәулік бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды. 2-оқушы Телестудиядағы диктор; жиынтық ақпарат береді. 3-оқушы Тілші; оқиға орнынан ақпарат ұсынады. 4-оқушы Тілші сұхбат алатын куәгер. 4-тапсырма Мәтінге мазмұн, тақырып, тілдік құралдар жағынан талдау жасаңыз. Ұлтының қамын ойлаған әрбір азаматтың елі үшін жасаған өзіндік бір үлесі болады. Олардың ішінде әйелдердің де қосар үлесі мол. Соның бір айғағына айналған «Aіqul Lіne» компаниясы ежелгі қазақы салтымызды сақтап, ұлттық құндылықтарымызды қайта көркейтіп келеді. Біз компания басшысы Айгүл Жексенбайқызына жолығып, сұхбаттасқан едік. – Айгүл Жексенбайқызы, жалпы, киізден бұйымдар жасау қайдан ойыңызға келді? – Бұл кәсіп, менің бойыма ата-бабаларымнан дарыса керек. Ары бармай-ақ, берідегі әкемнің әкесі – атам ауыл-аймақта беделді адам болған деседі. Аңшылық өнермен қатар, ағаштан ойып-қашап, қазақы дүниелер жасаған екен. Ал әжеміздің аң-құстың терісінен ішік жасап, киіз басып отырып, әнге салатын сәттері әлі күнге дейін көз алдымда. – Бала күнгі арманыңыз қандай керемет еді… Әр бастау жолдың өзіндік ауыртпалығы болады емес пе? Бизнес жолыңызда қандай қиындықтардан өттіңіз? «Aіqul Lіne» тарихына тоқталсаңыз. – Әрине. Қиындықсыз ешбір адам бүгінгі күнге дейін жеткен жетістігінің қадірін түсінбейді. Бірде табысты болсаң, бірде күрмеліп қаласың, келесі бір мәселе шешілмей жатады. Әйел заты болғандықтан, осы кәсіпке табандылықпен


22 кірісуіме себепкер болған анам еді. Қыз баласы үшін ананың ақылы, дұрыс жол нұсқап, қолдауы ауадай қажет. 5-тапсырма Сабақтан алған әсеріңді, ойыңызды жазыңыз. 1. Не ұнады? 2. Не ұнамады? 3. Нені өзгерткің келеді? 4. Саған не қиын болды? 5. Саған ең пайдалысы не болды? 8-сабақ Репортаж 1-тапсырма Мына ақпаратты басшылыққа алыңыз. Мектепте ғылыми жоба байқауы өтіп жатыр. Сіз тілші ретінде байқау туралы репортаж алуыңыз керек. Репортаж –оқиға орнынан жедел әрі көркем етіп берілетін хабарлау, баяндау сипатындағы жанр. Мұнда тілші мәліметті тікелей оқиға орнына алады. Сұрақтар: 1.Сізге кімнің зерттеу жұмысы ұнады? 2.Қалай ойлайсыз? Ғылыми жұмыста нені жақсарту керек? 3. Айтар сөзіңді тыңдарманға жеткізе алдыңыз ба? 4.Уақытты дұрыс пайдалана білдіңіз бе? Тілдік бағдар Репортаж – репортаж деген атау латынның «репортере» жаңалық, хабарлаушы, жеткізуші, келуші деген сөзінен алынған. Репортер жазатын ақпараттық материалдың бір тобын репортаж деп атаймыз. Репортажда жұртты күнделікті болып жатқан оқиға айғақтардан хабардар етеді. Екіншіден, репортаж басқа ақпараттық жанрлар тәрізді жаңалықты, құбылысты жай хабарлап қоймайды суретін көз алдыңа елестеді. Үшіншіден репортаждағы әрекет өз кезегімен орын алу даму шешілу кезеңімен баяндалады. Яғни репортаж мәтінінің құрылысына хронологиялық сипат тән. Репортаж - негізгі фактіге құрылатын, оқиғаны шындықпен суреттейтін әрі белгілі бір объектіге арналатын жанр. Екіншіден, репортаж эмоциямен жазылады. Оқиғаны әсерлі етіп, әдемі сөздермен өрнектейді. Үшіншіден, репортажды жазу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Репортажды жазу үшін оның жанрлық ерекшелігін жете меңгерген жөн. Оны


23 жазған журналист өзі қатысқан немесе өзі бақылап тұрған оқиғаны әлі жеткенше көркем тілмен жазуы керек. Төртіншіден, репортаж - нақты бір уақыт аралығындағы болып өткен жаңалықты, оқиғаны қамтиды. Репортаж басқа хабар жанрлары сияқты жаңалықты, оқиға, құбылысты жай хабарлай салмайды, көз алдымызға елестетеді, суреттеп көрсетеді. Оқиғаның болған жері, ондағы кейіпкердің көңіл-күйі репортаж арқылы көрсетілуге тиіс. Бесіншіден, репортажда автор көрген-білгенін тізе беру емес, оқиғаның ең маңызды, керек тұстарын ғана баяндайды. Репортажда проблема көтеріліп, ұсыныс-пікір айтылуы тиіс. Репортажда ойдан қосуға болмайды, ол оқиға сәттерін дәл беруге, ондағы әрбір сәтті шын, болған қалпында суреттеп, иә болмаса хабарлауы керек. Ең негізгісі - факті дәл әрі нақты берілуі тиіс. Басты міндет - шындықты көрсету. Жалпы алғанда, репортаж ауызекі сөйлеу және кітаби стилмен жазылады. Ал, ауызекі сөйлеу стилі болса, автордың «менімен» тығыз байланысты. Бәрімізге белгілі бұл екі стилдің жазылуы өте жеңіл әрі баршаға түсінікті болып келеді. Бұған себеп, репортаж қысқа болған соң, оған түсінікті, қарапайым тілмен жазылу тән. Тегі, репортажды жақсы жазамын деп әрсіз метафора, эпитет, қиын да күрделі метонимия, әлсіз әсерлі ету құралдарын қолдану дұрыс емес. Себебі, дұрыс қолданыс таппаған тіркестер, материалдың шынайы реңін, әрін жояды. 2-тапсырма «ТВ шоу» әдісімен теледидарға арналған бағдарлама дайындаңыз дар. Шарты: топ бірлесе отырып сұраққа айғақтар мен дәлелдер табу. Жиналған мәліметтерді білетін бір оқушы ортаға шығып, журналист сұрақтарына жауап беру. 1. Репортаж дегеніміз не? 2. Репортаж жанрының басқа түрлерінен ерекшелігі неде? 3. Репортаждағы басты мақсаты қандай? 4.Газетте берілген репортажды неліктен қиын деп есептейді? Теледидар мен радиодағы репортаждан қандай айырмашылығы бар? 5. Репортажды әсерлі етіп жазудың жолдары қандай? 3-тапсырма «А,В,С» әдісі бойынша өздерің қалаған тақырыпта репортаж жасаңыздар. Шарты : «А,В,С» А - сұрақ қояды. В - жауап береді. С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.


24 Оқушылар топта үшеуден отырады. А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді. Оқушылар осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді. Ұсыныс, тілектерін айтады. 4-тапсырма «5-5-1» Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі 9-сабақ Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма «Мен - репортермін» аты топаралық байқауын өткізу Байқаудың мақсаты мен міндеттері: - білім алушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, шығармашылықпен айналысатын, журналистиканы ұнататын және бағалайтын өзін-өзі басқарудың ізденімпаз мүшелерін анықтау; - БАҚ-та, ғаламтор желісінде шығармашылық қызметке бейім жас таланттарды ашу; - білім алушыларды көшбасшылық тәжірибе алуға, әлеуметтік өзара ісқимыл дағдыларын дамытуға бағытталған арнайы ұйымдастырылған қызметке тарту; - білім алушылардың журналист мамандығына және публицистикаға деген қызығушылығын дамытуға ықпал ету. Байқау талаптары: «Менің елім» тақырыбына газет, теле, радио, фоторепортаждар, танымдықтақырыптық, портреттік очерктер, сұхбаттар және т.б. Байқауға қатысушы әр топ бейне презентация жасайды Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар: репортажда логикалық байланыс болуы керек. Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері: байқау тақырыбына сәйкестік, ақпаратты берудегі сенімділік, дәлдік; логикалық реттілік; репортердің сөйлеу мәдениеті; тақырыпты ашудың толықтығы; шығармашылықпен ойлау қабілеті; айқындық, тартымдылық, қызықты сюжет және материалдың түпнұсқада берілуі; бейнені цифрлық өңдеудің сапасы (бар болса).


25 2-тапсырма «Жетістік баспалдағы» 10-сабақ Талдамалы жанр түрлері, ерекшеліктері 1-тапсырма Мұғалімнің оқуымен мәтінді мұқият тыңда. Бұл мәтіннің ерекшелігі неде? Талдамалы жанр дегенді қалай түсінесіз? Тілдік бағдар Талдамалы жанрдың басқа жанрлардан негізгі ерекшелігі - журналистсараптамашы деректерді тізіп айтумен ғана шектелмейді. Ол оқиғаны бағалап, сараптама жасап, өзге жәйттермен салыстырып, мәселені шешудегі өзінінің ұсынысын айтады. Сондықтан талдамалы жанрдағы ақпараттар ақпараттық жанрға қарағанда жан-жақты қамтылады. Белгілі бір уақыт аралығында журналист бір тақырып айналасындағы деректерді жинап, өзара топтастырып, ондағы маңызды аспектілерді айқындауға тырысады. Талдамалы жанрдағы ең маңыздысы - мақала. Ол журналистке мәселені тұрақты, терең зерттеуге және шынайы құбылыстарды ұғындырып, теориялық жағынан топтастыруға мүмкіндік береді. Мақала негізінен ғылыми-көпшілік (ғылым мен техника жаңалықтарын жеткізеді) және проблемалық (сұрақты жанжақты, терең талдауды қажет етеді) болып бөлінеді. Корреспонденция да - маңызды жанрдың бірі. Нақты материал негізінде атаулы бір мәселе шешімін табатын, шағын көлемдегі өзекті тақырып дайындалады. Корреспонденция ақпараттық (мысалы, шетел тілшілерінің хабарламалары), сараптамалық (болған оқиғаның себептерін ашады), бекіткіштік (журналист деректерді талдап қана қоймай, жаңа мәселелерді шығарып, талдауға қажетті жаңа сұрақтарды ұсынады) болып бөлінеді. IІІ бөлім Талдамалы жанр түрлері


26 Рецензия – журналистің белгілі бір туындыға, театр қойылымына, кинофильмдерге, телебағдарламаларға, концерт, көрмелерге және т.б. баға беріп, сын айтатын талдамалы жанры. Талдамалы жанрларға сонымен қатар сұхбаттың проблемалық, портреттік түрлері де жатады. 2-тапсырма 1. Талдамалы жанрдың ерекшелігі неде? 2.Талдамалы жанрдың қандай түрлерін білесің? 3. Талдамалы жанрдағы ең маңыздысы не? 3-тапсырма Мәтінді мұқият оқы. Мәтіннің талдамалы жанр түріне қатысты ерекшелігіне талдау жаса. «Менің атым Қожа»: авторлар мен кейіпкерлер тағдыры Қазақ режиссері Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильмінде басты рөлде ойнаған, жуырда ғана 70 жасқа толғанын тойлаған Нұрлан Санжарды ұзақ уақыттан бері мазалап келе жатқан, бірақ жауабын таба алмаған сауал осы екен. «Бұл кино авторларына да, кейіпкерлеріне де жақсылық алып келмеді» деген пікірді құлағы шалған кезде жылдар бойы мазалап келген сауалға жауап тапқандай болды. Фильм экранға шыға салысымен, сынның астында қалғанын кейін ес білген кезде сезіп жүрді. «Қазақфильмге» Нұрлан Санжарға, өзге кейіпкерлердің атына жазылған хаттарды пошташылар қаппен тасыпты. Сұлтан – М.Көкенов, Жанар – Г.Құрабаева, Жантас – Е.Құрмашев қазақ киносы көгінде жарқ етті де жоқ болды. Кино арқылы КСРО емес, Еуропа мен Батыс елдеріне танымал болған балалар түсірілім біткен соң, бір-бірімен кездеспеген. Бір-бірін іздемепті де. Себебі белгісіз. Белгілісі – Сұлтан – Марат медицина институтында оқып жүргенде белгісіз жағдайда қаза болса, Жантас – Ерлан айдың-күннің аманында жоғалып кетті. Жантас пен Қожаның жүрегін жаулап алған Жанар сұлу – Гүлнар Құрабаева мүлдем басқа салаға кетті. Көрермендерінің санасында Голливудтың жұлдыздарына тән тісі және күлкісімен таңбаланып қалған кішкентай жұлдыз мектепте, кейін жоғары оқуы орындарында оқып жүрген кезінде де жан-жақтан келген шақыртуға да келісімін бермеген. Тек Еркін Рақышевтің «Менің де атым Қожа» түсірілімі кезінде бас кейіпкерлер – Нұрлан Санжар мен Гүлнар Құрабаеваның бірер минуттық кездесуіне ғана мүмкіндік берген. Бірақ кездесу аяқтала салысымен Нұрлан-Қожаға бұдан былай өзін іздемеуді өтініпті. Кейін Гүлнармен кездесіп, себебін сұрағанымызда «Мен бұл киноға балалық қызығушылықпен ғана түсіп қалдым. Казір киноға кім түспей жатыр? Менің бір кездері сол кинода ойнағанымды жалғыз ұлым да білмей келді. Білгенде таңғалғанын жасырмады» дейді. 1960-1970 жылдары «Менің атым Қожа» төңірегіндегі мылтықсыз майданның БАҚ бетіндегі дүмпуі Канн фестивалінде жүлделі орын алып келген соң ғана бәсеңсіпті...


27 Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ «Egemen Qazaqstan» 4-тапсырма Венн диаграммасы арқылы ақпаратты жанр мен талдамалы жанрдың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыр. Ақпаратты жанр ұқсастығы Талдамалы жанр 5-тапсырма «Телеграмма» әдісі арқылы сабақ барысында жаңа тақырыптан не түсінгеніңізді жазып, көршіңізге беріңіз, соңынан оған арнап тілек не өлең шумақтарын жазыңыз . Көршіңіз де дәл сондай жауап қайтарады. 11-сабақ Мақала 1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңдаңыз . Мәтін қандай жанрға жатады? Автор қандай мәселе көтерген? Осы арқылы оқырманға қалай ой салады? Тілдік бағдар Мақала (орыс. Статья, ағылш. article; entry, clause) - Интернет желісінде — жаңалықтар тобының (newsgroup) хабарламасы; Мәліметтер объектілерін сипаттау формасы. Мақала – коғамдық әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма. Мақала 4 түрге бөлінеді: Бас Мақала заманымыздың негізгі бағытын, үкіметтің алға қойған саяси, шаруашылық, мәдени міндеттерді түсіндіріп, іске бағыт береді; Проблемалық Мақала шешуді, тексеруді, зерттеуді қажет ететін теориялық және практикалық мәселелерді көтереді; Насихаттық Мақала ғылым, техника, өнер жаңалықтары заман талабына сай бүгін гі өмірдің практикалық міндеттерімен байланыстырып отырады; Публицистикалық Мақала қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.


28 2-тапсырма Мақала жазып үйренейік Мақаланың не туралы жазылатынын, не мақсатта жазылатынын анықтап алыңыз. Аудиторияны анықтап алу керек. Жазудан бұрын кім үшін, қанша жастағы оқырман үшін жазатыныңызды анықтап алыңыз. Мәселен, ғылыми мақала мен балаларға арналған мақаланы шатастырмау керек. Аудиторияға сәйкес, дайындығыңыз да өзгеріп отыруы керек. Оқырманға не керектігін іздеңіз. Оқырмандар не туралы білгісі келеді? Олар іздеген мәліметті беруге сіздің білім қорыңыз жеткілікті ме? Бұл арқылы мақала жазуға сюжет табу оңай болады. Бірақ өз білім қорыңызбен ғана шектелмей, жаңа деректер іздеп, оларды меңгеру арқылы пайдалы мақала жаза аласыз. Жазатын мақалаңыз еш жерде талқыланбаған, жаңа, өзекті болсын. Ал егер сіз жазғыңыз келген тақырып жауыр болса, оның берілу форматын өзгертіңіз, яғни өзге бір қырынан беруге тырысыңыз. Бар дүниені қайталап жазып шығу емес, ең болмағанда сол ақпаратты толықтыру сіздің мақалаңыздың өзектілігін арттырады. Бұл арқылы оқырманның назарын аударасыз әрі олар әр жазған мақалаңызға қайта оралып оқитындай болады. Жазатын тақырыбыңызды өзге ешкім, ешқашан жазбаған болсын. Мақалаға өзгеше реңк, жаңа тұрпат беріңіз. Тақырыпқа жаңа ойлар қосыңыз. Өз ұсыныстарыңызды немесе өзге авторлардың мақаласында жоқ деректерді қосыңыз. Бұл – оқырманның бүгінгі ақпарат тасқынында дәл сіздің мақалаңызды таңдап оқуға себеп болады. Қызықтыра жазыңыз. Оқырман ғана емес, жазып жатқан тақырыпқа өзіңіз де аса үлкен мән беретініңізді көрсетіңіз. Сіздің қызығушылығыңызды көрген оқырман да мән бере бастайды. Тіпті оқырманның ой қорытуына, сараптауына мүмкіндік беретіндей етіп жазыңыз. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/18474/ 3-тапсырма Мақала жазу І қатар: Мектепте өткен спорттық сайыс туралы. ІІ қатар: Мектепте өткен бір мәдени шара туралы. 4-тапсырма Тест тапсырмасы 1.Газет журналдар тілі қай стильге жатады? А) публицистикалық стиль В) Ғылыми стиль С) ресми стиль 2. Мақала қандай стильде жазылады?


29 А) ресми стиль В)публицистикалық стиль С)ғылыми стиль 3. Мақала әдеби тілдің қай түріне жатады? А) жазба тіл В)ауызша тіл С) екеуіне де 4. Шығармашылық жазу жұмыстарының түрлерін тап. А) өтініш, сенімхат, арыз В) хат, мақала, пікір С) анықтама, хаттама 5. Мақала қайда жарияланады? А) радиода В) теледидарда С) газет-журнал бетінде 6. Мақаланың түрлері нешеу? А) 2 В) 3 С) 4 7.Репортаж қай елдің сөзі? А) латын В) грек С) ағылшын 8. Қайсысы ақпаратты жанрға атады? А) хабар В) мақала С) очерк 9. Көркем-публицистикалық жанр түрін ата. А) хабар В) хат С) очерк 10. Қайсысы талдамалы жанрға жатады? А) рецензия В) есеп С) эссе 5-тапсырма «Шығу парағын» толтырыңыз. 1.Бүгін сабақтан не білдіңіз? Бұрын не білетін едіңіз? 2. Тест сұрақтарына дұрыс жауап бере алдыңыз ба? 3. Мақала жазуды не үшін білуіміз керек? 12-сабақ Мақаланың түрлері 1-тапсырма 1.Мақала дегеніміз не? 2.Мақаланың түрлерін ата. 3.Мақала жазудың қандай шарттары бар? Тілдік бағдар Бас Мақала заманымыздың негізгі бағытын, үкіметтің алға қойған саяси, шаруашылық, мәдени міндеттерді түсіндіреді. Бас мақаланың стильдік құрамы да әртүрлі болып келіп, жалпы ережелер, үндеу текстері, факті, мысал, цифрлармен, информациялармен толықтырылады. Бас мақалаларда ұсақ проблемалар көтерілмейді, негізінен, мемлекеттік, жоғары, аса жоғары деңгейдегі саяси, идеологиялық мәселелер әңгіме арқауы болады. Сондықтан бас мақалаларда қолданыс аясы тар арнайы лексика, жергілікті тілдің сөйлеу ерекшеліктері, жаргондар, арготизмтер шектеліп, олардың мөлшері барынша қатаң сақталуы негізгі талаптардың бірінен саналады. Проблемалық Мақала шешуді, тексеруді, зерттеуді қажет ететін теориялық және практикалық мәселелерді шешеді. Әрбір мақалада белгілі бір дәрежеде


30 көтерілген проблема болады да, солардың ішіндегі кейбіреулері әдебиеттің алдында тұрған теориялық және практикалық мәні зор, күрделі мәселелерді қозғауымен де ерекшеленеді. Осылардың ішінде қайсысы өмірдің талабына сай, орны қандай, нақты шешімі қайсы деген сан алуан сауалдарға проблемалық мақала жауап береді. Проблемалық мақалада әдебиеттің идеялық көркемдікэстетикалық, адамгершілік, тілдік, т.б. кесек мәселелері көтерілуі мүмкін. Мұндай мақалада әдетте әдебиеттің көп мәселелері қамтылмай,нақты бір проблема төңірегінде ғана тереңінен,кеңінен қамтыған салмақты әңгіме қозғалады. Насихаттық Мақала ғылым, техника, өнер жаңалықтары заман талабына сай бүгінгі өмірдің практикалық міндеттерімен байланыстырып отырады; Публицистикалық Мақала қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды. Теориялық сыни мақалалар көбіне әдеби дамуда ғылыми жағынан қажет болған құбылыстар,жаңалықтар болған кезде,соларды түсіндіру мақсатымен жазылады. Теориялық материалдарды көбіне,”академиялық” сыншылар жазады. Ғұмырнамалық мақала-мақаланың жиі кездесетін түрі болып табылады.Бұл мақала жекелеген адамға арналған. Ол әдетте елгілі бір датаға байланысты жазылады. Ескертпе-мақала-сирек кездесетін мақала түрі. Бұл мақалада немесе әдеби жиында айтылған пікірлерге байланысты жазылады. Автор айтылған пікірлердің кейбіреуіне келіспеуі, немесе қосымша түсіндірме, анықтама,толықтыру беруі ықтимал. Яғни, ескертпе мақала мақаладан туындаған- мақала, пікірден туындаған пікір. Мұндай мақалада бұрын айтылған пікір қошталып, дамытыла түседі, қосымша мәліметтер келтіріліп, айтылған жәйт кеңейе, тереңдей береді. Айтыс мақала-Проблемалық мақала айтысқа (полемикаға) ұласуы мүмкін. Өйткені, мұндай мақаланың өзегінде дискуссиялық,мәселе көтеріп пікір айтушылық, не оны жоққа шығарушылық сарындары жатады. Айтыс мақаланың басқалардан айырмашылығы- мұнда мәселе өткір қойылады; нақтылы бір мәселе төңірегінде пікір барынша дәлелделінеді немесе теріске шығарылады. Осы мақсатына жету үшін ғылыми дәлелділік, публицистикалық ұшқырлық, стиль саралығы барынша қолданылады. Өз ойын пірдің оғындай, нысанаға дәл жеткізу үшін сөз мағынасының барынша анықтығын, бояуының қанықтығын, бейнелілігін қажет етеді. 2-тапсырма М.Әуезовтің «Адамдық негізі - әйел» тақырыбындағы мақаласын мұқият тыңдаңыз. Мақаланың жанрлық ерекшеліктерін атап көрсетіңіз. Мақаланың қай түріне жатады? Не себепті? 3-тапсырма


31 «Қазақ жылқысы» тақырыбында мақала жазыңыз. Мақалада қазақ жылқысының тарихы, қазақ ат баптау өнері туралы деректерді пайдаланыңыз. Мақаланың құрылымдық ерекшеліктерін сақтаңыз. 4-тапсырма «Қазақстандағы «БАҚ-тың рөлі қандай?» деген тақырып бойынша берілген жағдаяттың бірін таңдап, «РАФТ» стратегиясымен жазба жұмысын жазыңыз. Рөл Аудитория Форма Тақырып «Егемен Қазақстан» газеті журналистер репортаж Қазақстандағы «Ұлан» газеті жасөспірімдер мақала «БАҚ-тың рөлі «Қазақстан ұстаздары» журналы мұғалімдер сұхбат қандай? 5-тапсырма «Не қиын, не оңай?» әдісі. Жаңа тақырып бойынша не түсіндіңіздер? Тапсырмаларды орындау барысында не қиын болды? Не оңай болды?. 13-сабақ 1-тапсырма 1.Мақала жазудың қандай шарттары бар? 2.Мақаланың қандай түрлерін білесіз? 3.Бас мақала дегеніміз не? 4. Проблемалық мақаланың ерекшелігі қандай? 5.Проблемалық мақалада қандай мәселелер көтерілуі мүмкін? 6. Айтыс мақаланың басқа түрлерінен айырмашылығы неде? Тілдік бағдар Сыни мақала Сыни мақала – әдеби сынның негізгі жанрларының бірі. Сыни мақалада көркем шығарманың тақырыбына, идеялық мазмұнына, тілі мен стиліне талдау жасалып, баға беріледі. Сыни мақала көркем бейнеленген әлеуметтік, адамгершілік, эстетикалық проблемаларды, шығарманың идеялық-көркемдік жағын қарастырады. Сыни мақалада көтеріліп отырған мәселеге қатысты дәлел, бір немесе бірнеше кітаптан дәйектер келтірілуі тиіс. Сыни мақалада қарастырылатын аспектілер: шығарма атауы;


32 оның жанры мен мазмұны; композициялық ерекшеліктері; кейіпкерлер бейнесін сомдаудағы автор шеберлігі; жазушының жеке стилі; көркем туындының жазылған кезеңі, дәуірі. көркем шығармадағы оқиғаның орын алған уақыты (кезеңі); сыни мақалада жазушы көтерген қоғамдық мәселелер; осы тақырыпта жазылған басқа да шығармалар; өз көзқарасын қалай дәлелдейді, қандай қорытынды жасайды? шығарма авторының бұл тақырыптағы көзқарасы қандай? шығармадан дәлел ретінде мысалдар келтіру. Сыни мақала жазуға дайындық келесі қадамдарды қамтиды: 1-қадам. Қажетті ақпараттарды іріктеу. 1. Шығарманы мұқият оқып, маңызды деген үзінділерді белгілеу, іріктеп алу. Өзекті, маңызды, пайдалы деген, тіпті келіспейтін көзқарастар мен мәліметтерді жинақтау. 2. Тезисті анықтау. Автордың тұжырымдары мен пайымдауларын анықтау. Автор нені дәлелдегісі келеді, нені жоққа шығарғысы келеді? Шығармадағы басты тақырыпты көрсету. 3. Автор идеясын анықтау. Басты тақырыпты ашатын сөйлемдер мен дәлелдерді жинақтау арқылы автор идеясын анықтауға болады. Тезисті қолдайтын көріністер мен образдарды табу. 4. Қорытындылау. Жинақталған мәліметтер негізінде бір абзац көлемінде өз сөзімен қорытынды шығару. Автор ұсынған басты аргументті қамти отырып, идеяны қорытындылау. 2-қадам. Мәтінді талдау 1. Шығарманың оқырманға әсері. Шығарма қалай әсер етті? Ерекше әсер еткен тұстары қандай? Неліктен? Не сезіңдің? Қандай ой келді? Автор осы шығарма арқылы не айтқысы келеді? Шығарма оқырманды неге тәрбиелейді? Бұл шығарма қандай фильмді, туындыны еске түсіреді? 2. Автор үні. Автордың өмір сүрген кезеңі, ортасы, әлеуметтік жағдайы шығармада қалай көрінеді? 3. Автордың сөз қолданысы. Қандай символдар, көркемдегіш құралдар көрініс табады? 4. Автордың ұстанымы. Автор өз ұстанымын негіздеу үшін қандай дәлел келтіреді? 3-қадам. Құрылымын сақтап, сыни мақала жазу Сөз басы Шығарма авторы, шығарма атауы, шыққан жылы, т.б. ақпараттарды қамтитын, талданатын шығарма туралы қысқаша ақпарат беру. Шығарма тезисін 1-2 сөйлеммен сипаттау.


33 Автор ұсынған аргументтерді сипаттап болған соң, өз тұжырымын жасау. Шығарманың маңыздылығы неде? Неліктен құнды? Негізгі сөз Шығарманың мазмұнына қысқаша сипаттама беру. Қоғамдық мәселені талқылау (құрылым, стиль, көзделген аудиториясы, автор көзқарасы). Шығармадан дәлел келтіру. Автор ұстанымын, өз ұстанымын дәлелдеу, т.б. үзінділерді қолдану. Сөз соңы Автор көздеген мақсатына жетті ме? Шығармадан қандай ой түюге болады? Қандай қорытынды шығаруға болады? Сатылова Айғаным Елубаевна Назарбаев Зияткерлік мектептері, Білім беру бағдарламалары орталығы https://bilimdinews.kz/?p=130265 2-тапсырма Әбіш Кекілбаевтың «Сын неге сынала береді?» мақаласынан берілген үзіндіні оқи отырып, жұбыңызбен бірге талдаңыз. Мақаланы әрі қарай өз ойыңызбен жалғастырыңыз. Ауыл арасының ашу-аразын былай ысырып қойып, байсалды ойланатын бір пара жайттар бұл төңіректе де баршылық. Әрине, сынның да кез-келген сөзі кемеңгердің аузынан түскендей дұп-дұрыс бола бермейтіні сияқты, сын естіп жүрген сөздердің бәр-бәрі де шетінен орынды, шетінен мақұл бола бермейді. Әдеби қауымның да ала-құласы көп. Шын талант пен шындыққа деген шын махаббатпен емес, күнкөрістің есебімен келген, өз күші мен өз мүмкіндігін жете зерттемей, асыра бағалап, адасып келген адамдар да әдебиет сарайына бір кіріп алған соң опоңай қайта шығып кете салмайды. Сынның құдіреті – шын өнерді шыңдай түсу, өскелең әдебиетті өсіре түсу. Ол ылғи қияға сілтеп, қиынды меңзейді. Сынның бұл мінезі әлгіндей адамдарға жаға қоймайды. Оларға әдебиет керуеніне қиналмай ілесіп жүре беретін оңай соқпақ керек. Бұл – бір. Адамның кез-келген еңбегі – оның көкейін билеген мұрат-мүдделер үшін жанқиярлықпен жүргізіп келе жатқан күресі. https://adebiportal.kz/upload/iblock/ 3-тапсырма Сыни мақала жазудың қадамдарын ескере отырып, М.Әуезовтің «Көксерек» шығармасына сыни мақала жазыңыз. 4-тапсырма «Егер мен сыншы болсам...» «Егер сіз сыншы болсаңыз...» - қандай проблемаларды талдауға назар аудару керек ? осы жөнінде жұп болып ой бөлісіңіздер.


34 5-тапсырма «Бір сөзбен» әдісі бойынша сабақ барысында берілген тапсырманы қалай орындағаныңды бірауыз сөзбен айтып жеткізіңіз. 14-сабақ Рецензия 1-тапсырма Рецензия, очерк, фельетон «Атаулар туралы үш сұрақ» 1. Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз? 2. Қалай? Өз тәжірибеңізбен осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба? 3. Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз? Тілдік бағдар Рецензия «Рецензия» сөзі латын тілінен шыққан, қазақша «хабарлама», «баға», «пікір» деген мағынаны білдіреді. Рецензияға қатаң бекітілген зерттеу тақырыбы (ғылым, публицистика, көркемөнер шығармалары) және оны талдаудың (туындының идеясы, өзектілігі және жеткізу тәсілдері) бағыты тән. Рецензияның мазмұны тұтастай авторға байланысты. Осыдан келіп рецензияның жанрлық пішіндерінің әртүрлілігі шығады. Рецензияның мынадай түрлерін атауға болады: рецензия - мақала (дәстүрлік пішін) рецензия - сұхбат (диалог, дөңгелек үстел) рецензия - фельетон (өткір сыни) рецензия - очерк (очерк элементтерін бойына топтастырған көлемді рецензия) рецензия - хабар-ошар (аннотацияға жақын шағын рецензия) Рецензияны жазу автордың міндетіне оқырман қауымды жаңа туындымен таныстырып, оған баға беру жатады. Рецензия - көркем немесе ғылыми шығарма, қоғамдық-саяси немесе техникалық әдебиет, театр қойылымы, кинофильм, теледидар бағдарламалары, өнер көрмесі, музыкалық концерт және тұрмыстық жағдай сыналатын, баға берілетін жанр. Рецензия сондай-ақ «бейнеленген шындықтың» сынын анықтайды. Рецензент әдетте қайталама деректерді қолданады. Сондай-ақ, рецензияда деректі материал мен тезистер бар болады. Рецензент жүгінетін адресат реципиент, яғни оқырман, тыңдаушы және көрермен, сондай-ақ бағаланатын


35 немесе сыналатын шығарманың авторы болып табылады. Бұл жерден рецензияның тікелей мақсаты шығады - бұл тәрбиелік және эстетикалық тапсырмалар. Рецензияның негізгі қасиеті - рецензенттің көзқарасындағы жаңашылдық. Рецензияның негізгі түрлеріне мыналар жатады: 1. Әдеби рецензия. 2. Ғылыми рецензия. 3. Театр рецензиясы. 4. Кино рецензиясы және т.б. Рецензияның негізін дерек құрайды, бұл деректер өзге жанрлардағыдай өмірден емес, әдеби туындыларынан алынады, яғни, рецензияда дерек екінші рет өңдеуге ұшырайды. 2-тапсырма Рецензия тақырыбына қатысты білетін ақпараттарыңызды «Ой күмбезі» әдісі арқылы жүйелеңіз. 3-тапсырма Өзіңе ұнаған бір фильмге рецензия жазыңыз. Фильмге арналған рецензияның шарттары: 1. Фильм туралы керекті ақпараттарды жиып алыңыз. Әрине, бәріне таныс мәліметтің керегі жоқ. Оны оқырман өзі-ақ тауып алады. Рецензияға қажеті: Фильмнің атауы, шыққан мерзімі Режиссердің есімі Басты рөл иегерлерінің есімі Жанры 2. Фильмді көріп отырып деталдарға мән беріңіз. Кейіпкерлердің киімдері, грим, әуеннің қойылу мерзімі, жарықтың түсуі, т.б. Мұндай деталдардың фильмнің сапасына әсері қандай екеніне назар аудар. 3. Фильмді кей жерлерден тоқтатып, керектерін жазып ал. Тоқтату, ең алдымен, кейбір маңызды нәрселерді өткізіп алмау үшін қажет және көргендеріңді сәл жинақтап алуға көмектеседі. Осындай уақытта көзіңе түскен кез-келген ерекшелікті, әдемі бөліктерді немесе сол минутты қағазға түртіп ал. 4. Режиссер мен оператордың жұмысын бағала. Фильмдегі әрбір қозғалыстың әсемдігі, нақтылығы режиссердің біліктілігін айғақтайды. Эпизоттардың көңілге қонымдылығын немесе артықтығын тексер. Егер фильмнен қателікті байқасаң, жазып қой. Аталған режиссердің өзге туындыларымен және осы жанрдағы басқа да фильмдермен салыстыра жазсаң, нұр үстіне нұр болатын еді! Жарықтың түсуі мен артқы фонға, түрлі дәнекерлеуге назар сала отырып, операторға баға бере аласың.


36 5. Сценарист жақсы ма? Әрине, әр фильм сюжеттен тұрады.Белгілі бір кітаптан бастау алған немесе сценаристтің туындысы. Кітап үлгісімен жазғанның өзінде өзгертулер керек болады ғой! Сонымен, бұл жағдайда әрбір сөзге назар аудару маңызды. Барлық фильмде есте қаларлықтай, ерекше сөздер кездесетіні хақ. Біздің мақсатымыз сондай сөздерді немесе керемет диалогты тауып, рецензияға кірістіру. Мұндайда оқырманның қызығушылығы арта түседі. 6. Сен басты кейіпкерлерге сендің бе? Әдетте, бұл рөлді сомдаушылардың талантына және режиссердің білгірлігіне байланысты. Бұл туралы рецензияңызда тарқата жаз. 8.Саундтрек құлаққа жағымды ма? Фильмге саундтректің сәйкес келуі өте маңызды. Сонымен бірге, әуеннің тым көп немесе аз екеніне назар сал. Кей фильмдерің өздерінен әуендері көбірек танылатындары көп. 9. Фильмді екі-үш қайтара көр. Бұл жолы еш тоқтатусыз, шын беріле тамашалаңыз. Жаңа нәрсе байқайтыныңыз анық! 10. Өз қиялыңыз бен ойыңызды бұғауламаңыз. Өзгенің пікірін пайдаланудан аулақ болыңыз, мүмкін сіздің әсеріңіз басқалардыкінен жоғары деңгейде шығар. 11. Оқырман үшін ғана емес, өзіңіз үшін жазыңыз. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/22251/ 4-тапсырма Рефлексия «ҚҚҚ» кестесі 15-сабақ Баспасөз рецензиясы 1-тапсырма 1. Рецензия дегеніміз не? 2. Рецензияның мазмұны кімге байланысты? 3.Рецензияның қандай түрлерін білесіз? 4. Рецензияны не үшін қажет деп ойлайсыз? Қызық болған 1 нәрсе Қиын болған 1 нәрсе Құнды болған 1 нәрсе


37 Тілдік бағдар Баспасөз беттерінде көбінесе әдеби сынның рецензия жанры жиі кездеседі. Рецензия әдебиет сынының жанры болғандықтан, әдебиеттанудың терминологиялық сөздігінде: «Рецензия - (лат. тілінен аударылған, «гесепвіо» - қарастыру, тексеру деген мағынаны береді) көркем өнер немесе әдебиет сынының жанры, көркем шығарманы талдап, баға беру, пікір қорыту»,- деген анықтама берілген. Рецензия мақалаға өте ұқсас келеді, бірақ өзіндік айырмашылықтары бар. Рецензияда қоғам өмірінен алынған құбылыстар мен әдеби шығармалардың мәні, мазмұны, бейнелеу өзгешелігі жайлы сөз қозғалады. Талданып отырған шығармаға айқын баға беріліп, сол шығармада баяндалған өмір құбылысына сыншыл көзқарас білдіріледі. Рецензия авторға немесе редакторға олардың өзінің жетістіктері мен қателіктерін айтып, оқырманға керек кітаптарды табуға жол ашуға үлес қосады. Сонымен қатар, рецензия - кітаптың, киноның, театр қойылымының насихатталуы мен таралуы үшін маңызды құрал. Мақала-рецензияда көркем шығарма жан-жақты терең талданады және шығарманың әдебиеттен алатын орнына баға беріледі. Шығармадағы басты кейіпкерлерге талдау жасалады. Шығарманың жалпы идеясы, тақырыбы, тілі жөніңде толық пікірлер білдіріледі. Жалпы әдеби сынға қатысты сипаттардың, принциптердің бәрі де рецензияның бойынан табылады. Осы тұрғыдан келгенде, рецензия сын жанрларының ішінде ең жедел және «сегіз қырлы, бір сырлы» жанр болып есептеледі. Ол көркемдік дамумен бірге пішіндік, құрылымдық, мазмұндық жағынан жетік болуы керек. Бұл жанр әрбір шығарманың идеясын айқын ашып, оның тәлім-тәрбиелік мәні мен көркемдік жақтарын халыққа жеткізуі, құнды шығармаларды дер кезінде көпшілік окырманға таныта білуі қажет болып табылады. Яғни, рецензия- мерзімді баспасөз үшін аса ыңғайлы жанр. Рецензент көркем туындылардағы образдарды, деректерді, оқиғалар мен құбылыстарды өмірдегі тәжірибелермен салыстырып отырады. 2-тапсырма Режиссер С. Қожықовтың «Қыз Жібек» фильміне жазылған рецензияны мұқият тыңдаңыз. Мәтіннен «Қыз Жібек» фильміне байланысты қандай жаңа деректерді білдіңіз? Фильмге автор қандай баға береді? 3-тапсырма Қырғыз режиссері Толомуш Өкеевтің «Көксерек» фильміне рецензия жазыңыз. Рецензияның жазу шарттарын толық сақтауға тырысыңыз: - Фильм туралы керекті ақпараттарды жинақтау. - Фильмді көріп отырып деталдарға мән беру. - Фильмді кей жерлерден тоқтатып, керектерін жазып алу. - Режиссер мен оператордың жұмысын бағалау. - Сценарист жайында пікірін айту.


38 - Кейіпкерлерге баға беру. 4-тапсырма Алшы - Сабақтан өзіңе пайдалы не алдыңыз? Тәйке – Сабақта не қиын болды? Бүк – Сабақта нені басқаша өзгертуге болады деп ойлайсыз? Шік – Бүгінгі сабақтан үйренгенің бойынша алда не істеймін деп ойлайсыз? 16-сабақ Шолу 1-тапсырма 1. Шолу деген сөздің бастапқы мағынасы қандай? 2. Баспасөз жанрында шолудың қандай маңызы бар деп ойлайсыз? Тілдік бағдар Шолу — (журналистік жанр) – апталық немесе айлық журналдарға тән жанр. Шолу сараптамалық қорытынды есеп ретінде жүзеге асырылады. Апталық немесе айлық оқиғаларға, я белгілі бір аптаның шулы оқиғасына шолу жасалынады. Шолу түрлі мақсатта жазылуы мүмкін. Журналист өзінің талантын оқырмандарға аңғарту үшін белгілі бір тақырыпты таңдап алып, оған барлық қабілет-қарымын сала отырып, оны «жұтындырып» шығаруға күш салуы қажет. Бұл арада журналист екі нәрсеге мән беру керек: 1. Тақырыптың оқырманды тарта білуі, 2. Сол сәттегі өзекті мәселені тақырыптың қамти алуы. Егер осы екі жайт мұқият ескерілмесе журналистің еңбегі зая кетеді. Сондықтан тақырыпты таңдау мәселесінде «жеті рет өлшеп, бір рет пішу керек». Табиғатына сәйкес тақырыптар шартты түрде төмендегідей үшке бөлінеді: 1. Оқырманды еліктіретін қызықты тақырып 2. Күнделікті елең еткізетін оқиғалық тақырып 3. Сараптамалық сипаттағы танымдық тақырып Егер осы айтылған үш жайттың біреуін журналист мұқият таңдап жан-жақты зерттеп жазса, мақаланың сәтті шығатыны анық. Сонымен қатар, белгілі бір журналистер тек бір тақырып төңірегінде маманданады. Бұның ұтымды тұстары жеткілікті. Себебі ол жылдар бойы өз тақырыбының нағыз шебері болып қалыптасады. Мәселен, қазақ журналистикасының һас шебері Жанболат Аупбаев сирек тұлғалар, сирек фактілер туралы танымдық материалдарымен оқырмандардың ризашылығына бөленген. Автор бұл материалдарын уақыт өте келе топтап алып, жеке жинақ етіп шығарып отырған. Яғни автор «өлмейтін» тақырыпты таңдап алған. Қазақ журналистикасында мұндай мысалдар көптеп саналады. Тақырыпты таңдау дегенде екі мәселеге назар аударған жөн. Біріншісі, журналистің белгілі бір тақырыпты игеруі. Екіншісі, белгілі бір материалға тақырып қою.


39 Қазақ журналистикасында өз тақырыбын тапқан талантты публицистер баршылық. Олардың қатарында Жанболат Аупбаев, Несіп Жүнісбаев, Қайнар Олжай, Бауыржан Омарұлы, Талғат Батырхан және басқаларды атауға болады. Олар белгілі бір тақырыптарға маманданып сол тұрғыда тамаша дүниелер жазды. Екіншісіне байланысты айтпағымыз, ол – тақырып қою. Тақырып – материал идеясының жалпы көрінісі болса, ал материал дегеніміз – ойға алған тақырыпты тұлғаландырып шығаруға қажетті шикізат. Автордың сол материалды ой қазанында балқытқаннан кейін, енді қандай қалыпқа келтіріп, оған қандай рух беруі талантының дәрежесіне, қазіргі заманға көзқарасының ауқымы мен тереңдігіне байланысты. Тақырыпқа назар аудару, беттегі материалдың тақырыбына қарай талғам жасау – әр оқырманның міндеті. Ендеше тақырыпты қоя білу де тапқырлықты, білімділікті талап етеді. Тақырып – әр материалдың аты, атауы. Тақырып деген сөздің екі мәні бар: 1. кең көлемдегі тақырып (ауыл шаруашылығы, экономика, саясат т.с.с.); 2. бір хабардың, мақаланың аты. Тақырып қоюдың негізгі міндеттері: 1. Нақтылық, өткірлік. 2. Тартымдылық. 3. Қысқалық. 4. Сауаттылық. А) Бас тақырып – біртекті бірнеше материалдың басы құралғанда берілетін тақырып (Бір бетке беріледі). В) Жанама тақырып. Тақырыптан кейін соның мазмұнын айқындай, толықтыра түсу үшін. Публицистика компоненттерінің ішінде тақырып мәселесі өзінше рөл атқарады. Ол журналистің суреттеу объектісі ретінде өмір құбылыстарының қандайына айрықша назар аударатынын, нені маңызды деп білетінін танытады. Былайша айтқанда тақырып – автордың дүние танымын, идеялық тұрғысын анықтайтын айғақтың бірі. Бірақ оны өз орнында алып, өзге көрсеткіштердің қатарында дұрыс түсіну керек. Мұнда да екі шекке шығушылық мәселенің өңін айналдырады. Бірі – тақырыпқа шамадан тыс артық мән беріп, тақырып маңыздылығымен көркемдік кемшілікті білмеушілік, екіншісі тақырыпқа еш мән бермей, оған немқұрайды қараумен оқушы назарын өмірдің негізгі салаларынан аударып, болмашы нәрсеге бой ұрушылық. 2-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, не туралы айтылғанын, қандай мәселе қозғалғанын түсіндіріңіз. Өткен ғасырдағы шолудың қандай ерекшеліктері болған? Шолудың жанр ретінде қалыптасып, дамуы XIX ғасырдың екінші жартысында басталды. Тарихшы және журналист НМ.Карамзиннің «Вестник Европы» (1802-1803ж.ж) еңбегіндегі саяси шолу жанры сол кездегі орыс қоғамына сілкініс әкелген құбылыс болды. Декабрист жазушы А.А.Бестужевтің


40 шолулары сол заманда көп оқылған екен. Көптеген шолудың түрлерін В.Г.Белинский, Н.А.Добралюбовтің еңбектерінен кездестіруге болады. Өткен мыңжылдықтың ұлы сыншылары Н.А.Добролюбов, В.Г.Белинский шолу жазып қана қоймай, өздері осы жанрдың теориялық негізін жасады. «Отечественные записки» журналындағы жылдық шолулар сол кезендегі ерекше құбылыс деп бағаланды. XIX ғасырдың шолу еңбектері талантты және даралық сипатта болған. Алайда, өткен ғасырдағы шолудың бір ерекшелігі болды, олар өздерінің белгілері бойынша журналдық шолу болып есептелді. Журналистік мамандықтар қатарында репортерден, комментатордан кейінгі орынды шолушы алады. Бұл қызметтің болуына телевизия тәжірбиесіндегі жанрдың спецификалық берік қабылдануына тікелей қатысты. Газеттік шолу XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында дами бастады. Шолу дегеніміз - маңызды элеуметтік оқиға, құбылыстардың байланысқан мазмұны десе де болады. Шолудың басты мақсаты - оқиғаның көрінісін қалыптастыру, онда автор деректер мен оқиғалар, қоғамдық өмірден жан-жақты хабардар ету көздейді. Дерек, оқиға, шолудағы құбылыс жекедара қарастырылмайды, ол бүтіннің бөлшегі ретінде пайдаланылады. Меңдігүл Шындалиева «Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана, 2012. 3-тапсырма Мектеп өміріндегі жаңалықтарға шағын шолу жасаңыз. Шолудан нақтылық, өткірлік, тартымдылық, қысқалық, сауаттылық көрініс табу керек. 4-тапсырма «3, 2, 1» әдісі арқылы 3- қызықты ақпарат 2-есте сақтайтын ақпарат 1-сұрақ 17-сабақ Хат 1-тапсырма 1.Хаттың қандай қызметі бар? 2.Хатты не үшін жазады? 3.Хаттың қандай т үрлерін білесіз? 4.Белгілі тұлғалардың жазған қандай хаттарын білесіз? Тілдік бағдар Хат жанры ықылым заманнан бері бүгінгі күнге дейін әлеуметтік маңызы зор жанрлардың бірі. Хат мәтіні - мәдени және тарихи мәні зор жанрлардың бірі, жазба тілдің ежелгі формаларының бірі. Көптеген ғалымдар хатты


41 «Эпистолярлық стиль», «Эпистолярлық әдебиет», «Эпистолярлық жанр» деп атап жүр. Эпистолярия грекше (epistole) «хат» деген мағынадан шыққан. Қазақ энциклопедиясында: «Эпистолярлық әдебиет, эпистолография( грекше жолдау, үндеу) –сан алуан хат түрінде жазылған шығарма.Эпистолярлық әдебиетке жеке адамдардың бір-біріне жазған, мәдени маңызы бар, әдеби мұраға айналған хаттары да жатады…»,- деп түсінік береді. Хат деп белгілі субъектінің екінші біреуге, бірлестікке, қоғамға, мекемеге арнап жазған жеке туындысын айтамыз. Хaт жазу барысында нақты тұрақталған үлгісі болмаса да, белгілі бір жазу мәнері бар. Хат бірінші жақтан баяндалады. Нақтылы адресант( хатты жазушы) пен адресаттың ( хат жолдаушы) болуы керек. Хат жазудың үлгісі: 1.Адресант сәлемдесу түрін анықтауы қажет.(хат жолдаушының жасын, әлеуметтік жағдайы мен қарым-қатынасын есепке алуы керек.) 2.Жазу барысында: а) хат жолдаушының өзіне, қызметіне қызығушылық тудыратын тәсілді анықтау. б) Мазмұнды баяндауды анықтау. в) Қорытынды жасау. г) Авторға тілек айту. д) керек болған жағдайда «P.S» белгілеу (посткритум-хатта үлгермеген хабарлаулар) е) хаттың безендірілу мәдениетіне көңіл аудару (күні, қолы, сауаттылығы, тазалығы, қағаздың сапасы).Бұл деңгей хат авторын, оның адресатқа деген көзқарасын анықтайды. Е.М. Виноградова хаттарды коммуникативтік қызметіне қарай былай топтастырады: 1.Жеке хаттар( негізгі эпистолярлық жанрлар) а) Қалыптасқан үлгісі жоқ хаттар( әлеуметтік –тұрмыстық хаттар) б) этикет түрдегі хаттар в) кепілдемелік хаттар г) Белгілі бір үлгіде жазылған хаттар 2. Жеке іскерлік хаттар а) Басқа интонацияға бағытталған хаттың көшірмесі. б) Адресанты жасырын хаттар 3. Ресми-іскерлік хаттар а) Нұсқаулық б) Дипломатиялық в) Хабарлама, рапорт 4.Әдебиеттегі хаттар ( Қосымша эпистолярлық жанрлар) — Әдеби достық хаттар (стилистикалық стиль) — Жариялану үшін авторлық өндеуге түскен хаттар — Баспалық құлақтандыру хаттар — Өлеңмен жазылған хаттар (арнау) -Әдеби мазмұндағы (тұрмыстық емес) жеке хаттар


42 — Әдeби қосымшасы бар жеке хаттар — Әдеби шығарма құрылымындағы хаттар — Ашық хат ( Редакцияға жазылған хаттар) Хат тұрмыстық шеңберінен шығып, қазіргі кезде публицистикада, әр түрлі мекемелерде (іскерлік хаттар) көрініс таба бастады. Мәселен, хат басқару байланысының негізгі құралы болып табылады. Хабар-ошар алысу мекеме құжаттары жалпы көлемінің 80 пайызын құрайды. Өтініш хатта адресат белгілі бір істің атқарылуын немесе оның тоқтатылуын талап етеді, алайда ол жөнінде жауап қайтаруға міндеттемейді. Сұрау салу хатына белгілі бір мәселені түсіндіріп немесе фактілердің болғанболмағанын растап жауап берілуі тиіс. Шағым хатта автор шартты міндеттемелердің орындалмауы салдарынан орын алған шығындарды өтеуді талап етеді. Ескерту хаттар-адресат өзі атқаруға тиісті міндетін уақытылы орындалмаған кезде жазылады. Циркуляр хаттар-ведомстволық жағынан бағынышты барлық мекемелерге 1 мезгілде жөнелтілетін хат, олар, негізінен, тапсырма беру сипатында болады. Ақпарат түсінік хаттары дегеніміз-бұрынғы тапсырылған міндетті түсіндіруге, оның кейбір мәселелері мен фактілерін нақтылай түсу мақсатында жазылатын хаттар. Тыйым салу хатында салынған сұрауға мәселелердің шешілмеген туралы жазылатын болса, шешім хатында-мәселеніің дұрыс шешілгені жөніндегі мағлұмат береді. Ілеспе хат - адресатқа құжатпен бірге оны орындау жөніндегі қосымша түсінік беруді талап ететін жағдайда жазылады. Онда негізгі құжат не үшін жіберілді, онымен не істеу керек және оны қанша мерзімде орындау қажеттігі көрсетіледі. Ілеспе хаттың мынандай түрлері болады : -мағлұмат үшін; -уағдаластық бойынша; -келісу үшін; — қарау үшін; -жауап беру үшін; -сіздің хатыңызға орай; -шара қолдану үшін; -қайтаруды сұраймыз. Қызметтік хаттардың еркін түрде жазылатын кездері де жиі кездеседі.Ол әр лауазым иесінің жеке басының шеберлігіне, сауатына, мәдениетіне мен біліміне байланысты болады. Хат жазудың соңғы жетістіктерінің бірі-бүкіләлемдік интернет жүйесі арқылы хат алысу. Мұнда әрбір адамда жеке электрондық мекен-жай, мекен-жайын табу үшін өзінің құпия сөзі (код), хат қоржыны болады.Бұл интернет жүйесі арқылы кез-келген электрондық мекен-жайы бар досыңа немесе басқа адамдарға хатжіберсіңіз ол бес секундтың ішінде өз иесін табады, яғни дүниенің төрт бұрышына ортақ байланыс.Соныммен қатар бұл жүйе арқылы көптеген суреттер, документтер, іс-қағаз құжаттарын, т.б. хат арқылы жіберіп, өзіңіз де ала аласыз.


43 2-тапсырма Берілген хат үзіндісі хаттың қай түріне жатады? Ерекшелігі неде? Мәлік Ғабдулиннің Қадыр Мырза Әлиге жазған хатынан үзінді: Құрметті Қадыр!(1) Бауырым, мен сенімен сырттай таныс болғанымен сырласың емеспін. Сондықтан, саған арнап жазып отырған бұл хатымды егде ағаның ежіктемесі деп қарайсың ба, әлде қамқор көңілдің қанағаттанғандық белгісі екен деп қарайсың ба-ол арасын өзің білесің. Негізгі бөлімнен: « Тағы бір шындығымды айтайын.Сен бір өлеңіңнен екіншісіне дейін, бір құйындата самғаудасың, биіктен биікке, асқардан асқарға көтеріліп барасың.Осыныңа қуанам, риза болам. Сенің әрбір өлеңінде ( басқа құрдастарында аз кездесетін ) үлкен ой, тұжырымды түйін жатады.»(2а,б) Мен сенің бұдан былайда творчестволық жаңа табыстарға жете беруіңе белестен белеске көтеріле беруіңе шынкөңілден тілектеспін…(в, г) P.S. Саған осы хатты жазып болған бойда мына бір жеңіл әңгіме есіме түсе қалғаны.Соны да қоса салайыншы…(д) 3-тапсырма Өзіңе ұнайтын көркем шығарманың авторына хат жазыңыз. Хаттың құрылымын сақтаңыз. Жазушыға шығарманың не үшін ұнағанын шынайы жеткізе біліңіз. 4-тапсырма «Жағымды сөздер» тәсілі. – Балалар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер, тың ойлар мен жақсы жауаптар естідіңіздер? Сабақ барысында мұғалім, сыныптастарыңның тарапынан айтылған жағымды сөздерді, түйінді ойларды еске түсіріп, айтып беріңіздер. 18-сабақ Тест сынағы 1.Хат дегеніміз не? а) белгілі субъектінің екінші біреуге, бірлестікке, қоғамға, мекемеге арнап жазған жеке туындысы ә) көркем өнер немесе әдебиет сынының жанры, көркем шығарманы талдап, баға беру, пікір қорыту б) көркем немесе ғылыми шығарма, қоғамдық-саяси немесе техникалық әдебиет, театр қойылымы, кинофильм, теледидар бағдарламалары, өнер көрмесі, музыкалық концерт және тұрмыстық жағдай сыналатын, баға берілетін жанр 2.Рецензияның негізгі түріне жатады: а) мәдени рецензия ә) әдеби рецензия.


44 б)спорттық рецензия 3.Сыни мақала жазуға дайындықтың қадамдарына қайсысы жатады? а) ақпараттарды жіктеу ә) мәтінді ықшамдау б) мәтінді талдау 4. Көп нүктенің орнына қойылатын тиісті сөзді көрсетіңіз. Материалдың сөз етер объектісі әртүрлі жиналыс, мәжіліс болып, солардың мазмұнын ашуға арналса, жазғанымыз ... жанрына жатады. а) есеп ә) рецензия б) шолу 5.Мақала нешеге бөлінеді? а) 3 ә) 4 б) 5 6. Тіке есеп ... а) есептің бұл түрінде жиналыста, мәжілісте қаралған мәселелер түгел көрсетіледі. ә) мерзімді баспасөздегі мұндай есептер еліміздің өмірінде болған елеулі оқиғаларға арналады. б) есептің бұл түрінде жиналыстың қайда, қашан өткені, қандай баяндама жасағаны, жиналыс қандай шешім қабылдағаны қысқа хабарланады. 7.Талдамалы жанрға қайсысы жатады? а) рецензия ә) очерк б) сұхбат 8.Кепілдемелік хаттар коммуникативті қызметіне қарай қай түріне жатады? а) жеке хаттар ә) ресми-іскерлік хаттар б) әдебиеттегі хаттар 9.Шолудың қалыптасып дамуы қай ғасырға басталды? а) XVIII ә) XIX б) XX 10. Ескерту хаттар..... а) автор шартты міндеттемелердің орындалмауы салдарынан орын алған шығындарды өтеуді талап етеді. ә) адресат өзі атқаруға тиісті міндетін уақытылы орындалмаған кезде жазылады. б) адресат белгілі бір істің атқарылуын немесе оның тоқтатылуын талап етеді, алайда ол жөнінде жауап қайтаруға міндеттемейді. 11. Шолудың басты мақсаты - .... а) оқиғаның көрінісін қалыптастыру, онда автор деректер мен оқиғалар, қоғамдық өмірден жан-жақты хабардар ету; ә) өмірдегі нақты оқиғалар мен құбылыстардың күнделікті тізбегін жазу арқылы белгілі бір кезеңнің тарихи шежіресін жасау; б) бұрынғы тапсырылған міндетті түсіндіруге, оның кейбір мәселелері мен фактілерін нақтылай түсу. 12. Эпистолярия грекше (epistole) қандай мағынаны білдіреді? а) «шолу» деген мағынаны білдіреді. ә) «хат» деген мағынаны білдіреді. б) «есеп» деген мағынаны білдіреді. 13. Шолуда тақырып қоюдың негізгі міндеттері: а) нақтылық, өткірлік ә) субъективтілік, объективтілік б) юморлық, сатиралық


45 14.Мақаланың жиі кездесетін түрі а) ғұмырнамалық мақала ә) ескертпе мақала б) айтыс мақала 15. Репортаж сөзінің мағынасы а) хабарлаушы, жеткізуші ә) кейіпкерді насихаттаушы б) пікір беруші 19-сабақ Көркем-публицистикалық жанр түрлері, ерекшеліктері 1-тапсырма «Атаулар (терминдер) кестесі» Тақырып бойынша 3 негізгі атаулар (терминдер) жазылған: Фельетон, памфлет, корреспонденция. Оларды төмендегі кестеге түрлендіріп ұсыныңыз. №1атау №2атау №3атау Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері Тілдік бағдар Көркем публицистикалық жанрлар (журналистика) – журналистикадағы ең әдемі жанрлардың бірі. Публистика латынның «publicuss» деген сөзінен шыққан. Ол қоғамдық, көпшілік, жұртшылық үшін жария айтылатын пікір деген ұғымды білдіреді. Қазір бұл термин әр түрлі мағынада қолданыла береді. Бірде ол белгілі бір қоғамгерлер қауымының айналысатын кәсіп- қызметін аңғартады. Мысалы, «ол публицистикамен айналысады, өзін публицистикаға арнады» дейміз. Публицистикада тақырыпты талдау үстінде көркем әдебиеттік, сатира, юморлық, публицистика элементтерін тоғыстыра қолданады. Публицистикада бүкіл қоғам мүшелерінің назарын аударатын оқиғалар, мысалдар, типтік фактілерді талдау, сипаттау әдісімен түсіндіріледі. Сондықтан ірі оқиғалар мен құбылыстар публицистің тудырған бейнесі арқылы айқындала түседі. Ал бейне арқылы оқырманға оқиға жайлы толықтай мәлімет алуға мүмкіндік береді. Бұл көркем-публицистикалық жанрларға тән сипат. Әсіресе, очерк пен фельетонда әдеби көркемдеуіш тәсілдер молынан қолданылады. IV бөлім Көркемпублицистикалық жанр түрлері


46 2-тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз. Қажетті ақпараттарды іріктеп, дәптерге жазып алыңыз. 3-тапсырма Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз. Термин сөздер мен негізгі деректерді теріп жазып, жинақы мәтін құраңыз. Ғаламтор мен ақпараттық технологиялар дамыған дәуірде материал ұсынудың жылдамдығы мен сенсациялығы, сонымен қатар, баспагер мен құрылтайшылардың газеттерді батысқа, әсіресе, америкалық басылымдарға ұқсату талпынысы қазақ газеттерінің жанрлық палитрасының тапшы болуына әкелді. Одан әрі, жанрларды, олардың ішкі заңдылықтарын білмеу журналистік әдістердің, атап айтқанда, дерек жинау әдісі, журналистің материалды ұсынуы жанрға айналуына алып келді. Бұл баспасөздегі жанрлардың сапалы өзгеруіне қызмет етпейді, керісінше, жарияланымдардың жаңа «суррогаттық» пішіндері пайда болуына әкеледі. Бұл жанрлардың ең басты айырмашылығы деректерді ұсынуында. Көркем-публицистикалық жанрда деректің құжаттылығы мен нақтылығы екінші орынға шығады. Бірінші орында автордың деректен алған әсері, оған берген бағасы мен авторлық пікірі болады. Оның негізгі жанрлары - қоғамның жақсы жақтарын жеткізетін очерк, суреттеме, сатиралық жанрлар: фельетон мен памфлет т.б. жатады. Суреттемеде ақпараттық пен көркемпублицистикалық жанрлар, жедел газет жанрлары мен очерктің бір түрі - этюд белгілері ішінара байланысады. Суреттеме болған оқиға туралы маңызды ақпаратты хабарламайды, бірақ, оны көрнекті, анық, қызықты етіп бейнелейді. Очеркте болса бір құбылыс, оқиға суреттеледі. Суреттеме сюжетті немесе сюжетсіз, даулы немесе даусыз бола береді. Очерк журналистке белгілі бір оқиға төңірегінде оқырманға түсінікті, жылдам және қызықты етіп үн қатуға мүмкіндік береді. Журналист танымал адам бейнесін, ұйым портретін, тұрмыс, түрлі көзқарастар жайлы осы очерк жанры арқылы жеткізеді. Тақырыбы бойынша очерктің бірнеше түрі бар: портреттік очерк - тұлғаның өмірі, көзқарасы жайлы әңгіме; проблемалық очерк - автор ең алдымен маңызды мәселені талдап, оның адамдар әрекетіндегі көрінісіне тоқталады. Ғылыми-көпшілікке арналган очерк - ғылыми мэселелер туралы терең және дәйекті, бірақ баршаға түсінікті тілде айтады. Сонымен қатар очеркте түрлі жанрлардың ерекшеліктері байланысады, мысалы, репортаж, есеп, суреттеме, корреспонденция. Бұл очерктің жанрлық еркіндігі мен жан-жақтылығының белгісі Авторға материалдың сюжеттік және стилистикалық, композициялық бірлігінде хабарлау үндестігін, мазмұндау ырғағын ауыстыруға мүмкіндік береді.Көркем-публицистикалық жанрларға фельетон мен памфлет жатады. Фельетон өз ішінде публицистикалық (айтылатын дерек тек қана қажет емес, өзекті және жылдам), сатиралық (деректі бағалау сатиралық сараптаумен елшенеді) және көркемдік (сатиралық бейне жасалады) сияқты үш бастаманың синтезінен құралады. Фельетон мерзімді баспасөз жанры ретінде деректерге жоғары қанықтылығымен, ал әдеби пішін ретінде суретші


47 қиялын қажет етеді. Осы жанрлардың талаптары тоғысқанда сатиралық бейне туады. Мысқыл сипатындағы фельетонға қарағанда, памфлет - масқаралаушы, сынаушы туынды. Бұл жанрдың негізгі ерекшеліктері: сарказм мен жоғары дәлдік, сонымен қатар қажеттілік, шапшаң деректілік және нысанды дәлме-дәл әшкерелеу. Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева «Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2013 4-тапсырма Бүгінгі ауа райына мән беріп, табиғат құбылысы жайлы сипаттап жазыңыз. Табиғат көрінісін дәл бейнелеп бере алдыңыз ба? 5-тапсырма «Телеграмма» әдісі арқылы сабақ барысында жаңа тақырыптан не түсінгеніңді жазып көршісіңе бер, соңынан оған арнап тілек не өлең шумақтарын жаз. Көршің де сенің сөзіңе дәл сондай жауап қайтару керек. 20-сабақ Суреттеме 1-тапсырма Мектебіңнен түлеп ұшқан танымал тұлғалардың біреуін алып, сыртқы бейнесін, портретін, мінез - құлқын сипаттап, суреттеме жазыңыз. Кейіпкер өзіңе несімен ұнады? Суреттеме деген ұғымды қалай түсінесіз? Тілдік бағдар XІХ-XX ғасырдағы қазақтың мерзімді баспасөзінде суреттеме деген атқа ие болған жанр қалыптасты. Бұл сөздің терминологиялық мағынасы «сурет», «сурет салу» дегенді білдіреді. Суреттеме – бұл адам портретінің, оқиғаның, өмірдегі құбылыстардың әдеби-көркем құралдармен суреттелуі. Суреттеме жанры қазақ журналистикасында кездеседі. Суреттеме жанрдың ізашары болып табылған. Суреттеме жанрлардың кіші пішіні ретінде танылған. Ол нақты және өз мағынасы жағынан салыстырмалы түрде жергілікті оқиғаға арналады: өндірістік, не мәдени нысанның іске қосылуы, жұмысшылардың еңбек күні, оқу жылының басталуы, оқушылар мен студенттердің еңбек жазының жұмыс күндері, спорттық сайыстар, туристердің слеті және т.б. тақырыптарды қамтуы мүмкін. Қазақ баспасөзінде суреттеме ең ұнамды жанр болған. Суреттеме – бұл көркем-публицистикалық және репортаждық тәсілдер үйлесетін аралық жанр. Публицистикашылдық, бейнелілік, әдеби-стильді тәсілдердің байлығы суреттемені очеркке ұқсатып, суреттемені очерктің кіші формасы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Суреттеме жанрын зерттеушісі,


48 профессор В.П.Владимирцев газет жолдарында кездесетін суреттеменің алуан түрлерін былай бөледі: Портреттік суреттеме. Оқиғалық немесе репортаждық суреттеме. Табиғат суреттемесі Одан бөлек суреттеме түрлерінің бірнешеуін атап көрсетуге болады. Соның ішінде: Табиғат туралы этюдтер. Портреттік суреттемелер. Публицистикалық суреттемелер. Табиғат туралы этюдтар дегеніміз - ландшафттарды, табиғи объектілерді, табиғаттағы кез келген құбылыстарды сипаттау. Табиғат туралы этюдтар әдетте пейзаждық сипаттаудың ықшамды түрін және суреттеліп отырған құбылыс, не оқиғаға автордың қатынасын көрсетеді. Қазақ әдебиетінде де суреттемелер ХХ ғасырда үлкен мәнге ие болып дамыды. Ұлы Отан соғысы кезінде газеттер мен журналдарға суреттемелерді жиілетіп бере бастаған. Дәл осы кезеңде суреттеме әдебиеттің маңызды бір бөлшегіне айналған деуге болады. Суреттеме ұғымының өзінде көркемдеу мағынасы жатыр, яғни, суретпен ойлау, сөзбен көркемдеу, өмірдің әр түрлі құбылыстарын оқырманға ұсыну. Портреттік суреттеме – бұл адамды ғана сипаттайтын материал емес, сонымен қатар, адамның ішкі жан-дүниесін, оның ерекшеліктерін зерттейді. Портреттік суреттеменің асқан шеберлеріне М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин шығармаларында көп кездеседі. Публицистикалық суреттеме – бұл журналист арқылы ұғынған болмыстың, деректің, оқиғаның, құбылыстың адамгершілдік, эмоционалды түрде түсіну. Суреттеменің бұл түрінде жоғарыда аты аталған жазушылардың публицистикалық суреттемелерін айтуға болады. Бүгінгі күні публицистикалық суреттемелер кең таралуда, өйткені, суреттеме - қоғамдық-саяси өмірдегі құбылысқа, не оқиғаға шағын түрде жедел үн қатуға, бүгінгі замандастарымыз, олардың қызығушылығы, істері, ойлары туралы айтуға мүмкіндік беретін берекелі жанр. Суреттеме өз бойына ақпараттық, сараптамалық, көркем-публицистикалық жанрлардың белгілері мен ерекшеліктерін топтастырды. Бұл ретте жанрлық және стильдік белгілер түрленіп, материал дайындайтын автордың ой-пікірі тақырып пен міндеттеріне байланысты өзгереді. Суреттеме – бұл адамдар, істер, табиғат құбылыстары туралы жылы, шын жүректен шыққан сенімді әңгіме. Ол кез келген оқырманға түсінікті, кез келген талғамға бағытталған. 2-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, кестені толтырыңыз. Мәтіндегі көтерілген мәселе мен негізгі ойды жұп болып анықтаңыз.


49 Мәтінде қандай мәселелер көтерілді? Мәтіннің негізгі ойы қандай? Суреттеменің жанрлық жүйедегі бұқаралық ақпарат құралдарындағы орны қарапайым болып көрінеді. Негізінен, суреттемелік миниатюралар (материалдар) БАҚ-тың жанрлар иерархиясында маңызды мағынаға ие: публицистикалық (ақпараттық) шығарманың байланысын көркем мәтін заңдары арқылы өңделген сөз эстетикасымен қоса өзінің көркем сөйлеу әдеби негіз болатын ұстаныммен белгілейді (таңбалайды). Суреттеме журналистика мен әдебиет музалары арасындағы тарихи қалыптасқан табиғи дәнекершінің рөлін атқарады. Бұл қос стандарт пен қос бағынудың «шағын» газеттік жанры. Бір жағынан, фактографиялық құжаттылық, мекен-жайлылық, айқын ақпараттық себеп белгілері бойынша, суреттеме қалыпты ақпаратттық журналистикаға қатысты болып, хабар-ошар, корреспонденция, репортажбен туыстас болады…. В.П Владимирцев 3-тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз, мәтінде не туралы баяндалған? Бұл мақаланы неліктен суреттеме жанрына жатқызамыз? Ерекшеліктері неде? Баяғыда-баяғыда, Нұх пайғамбар заманында, Алла-тағала о басында күнәсіз жаратылған адамдардың келе-келе әбден бұзылғанын, иманнан жұрдай болғанын көріп, жер дүниені ластан, былапыттан тазартпақ болып, Нұх пайғамбарға пәрмен берген ғой. — Бір кеме жаса деген. Сол кемеге адамзат, жан-жануар, ұшқан құс, жүгірген аң, күллі өсімдік атаулыдан бір-бір жұптан ең тазасын алып, кемеңе сал деген. Мен жер бетіне топан суын қаптатамын. Сөйтіп жер-дүниені жуып-шайып, былапыттан тазартамын. Сонда осы Нұх пайғамбар, кемемен топан судан аман қалып, топан тартылған жерде кемеңдегі жан-жануарды, адамдарды, ұшқан құс, жүгірген аңды босатып қоя бересің. Солардан таза ұрпақ өсіп-өнеді деген ғой. Біреулер сол кеме Синат тауының қырқасына тоқтаған дейді. Біреулер Нұх пайғамбардың кемесі Арарат тауында қалған дейді. Ал, енді біздің атабабаларымыз Нұх кемесі Қазығұрт тауының басында қалған дейді. Осы соңғы әфсананы растайтын куә ретінде халық ежелден бері қарай: Басында Қазығұрттың кеме қалған, Болмаса кереметі неге қалған?! — деп жырға қосып, той-томалақ, жиындарда осы әнді әлі күнге дейін айтып келе жатыр. Шерхан Мұртаза «Сталинмен қоштасу»


50 4-тапсырма «Бес саусақ» тәсілі Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды? Балаң үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс істедім? Кімге көмек бердім? Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым? Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім? 21-сабақ Очерк 1-тапсырма Кіру билетін толтырыңыз. Кіру билеті 1.Очерк дегенді қалай түсінесіз? 2.Очерктің басқа жанр түрлерінен ерекшелігі неде? Тілдік бағдар Очерк. Публицистикалық жанрлардың ішіндегі ең қиын да күрделісі. Оны тілдік қызметіне қарап екі жанрға жақындастыруға болады. Бірі — публицистикалық, екіншісі — көркем әдебиет, очерктің портреттік, жолсапар, проблемалық деген түрлерінің барлығы белгілі. Жалпы алғанда , очерк публицистикалық жанр ретінде үлгілі оқиғаны, құбылысты, оның кейіпкерлерін насихаттайды. Басқа жанрлардан ерекшелігі очерктің бойында көркем әдебиеттің элементтері көптеп кездеседі. Ал, көркем-әдебиет жанрларының ерекшелігінақтылық, фактіні қолдану және публицистикалық элементтердің болуы. Очерктің тақырыбына шек қойылмайды. Адам өміріндегі еңбек, ауыл шаруашылығы, ғылым, білім, мәдениет және т.б. — бәрі оның қамтитын тақырып аясына сыйып кетеді. Тілдік құрылымы жағынан әдеби тілдің жазбаша түріне жатады, бірақ тақырыптық шектеудің жоқтығынан ол өзіне сөйлеу тілінің әр түрлі жағдайын бейімдей алады. Өйткені, очерк жанр ретінде публицистикада да, көркем әдебиетте де кездеседі. Очерк еңбек адамы мен озат ұжымның жақсы тәжірибесін, биік көрсеткішін насихаттайтын, көптің ортақ игілігіне айналған жанр. Ол көбіне сол адамдардың қол жеткен табыстары, адамгершілік әрекеттері туралы жылы лебіз білдіріп, тебірене баяндайды. Оның басты объектісі — адам. Очерк публицистикалық жанр ретінде танымал оқиғаны, болған құбылысты осы оқиғаның басты кейіпкерін образды түрде суреттейді. Ең алдымен дәуір талабына, сол кезеңнің күн тәртібінде тұрған көкейтесті мәселелеріне үн қосады. Очерк


Click to View FlipBook Version