51 көркем суреттеулермен қатар публицистикалық баяндауларға барып, әлеуметтікстатистикалық дәлел-деректерді пайдаланады. 2-тапсырма Тұтқабай Иманбековтің «Құтты мекен қуанышы» атты очеркінде қандай ерекшелік байқадыңыз? Очерктегі қандай бейнелі суреттеулер бар? «Шіркін, ауылдың ақ таңдары-ай! Қылаусыз аспан ұйып жатқан көк теңіздей сезіледі. Ал, Қазығұрттың белес-белес жондары айдынға шыққан кеме керуені іспетті. Көкжиектен көк аспанға тарай бастаған қызыл арай сол керуенге орамалын бұлғап тұрған әлдебір ару қызды елестетеді». – Та-ма-ша! – дедім балаша қуанып. – Әрине, тамаша, – деп езу тартқан Бекең еліге сөйлейді. – Осынау тұнып тұрған тамаша қырда жүріп, қызықпау жараса ма! – А-а, не дедіңіз. Туһ, жақсы айттыңыз-ау, – деп жалт қарадым. Бекеңнің аксары өңі алауланып, жайдары қалпында жайнап тұр екен». 3-тапсырма Тұтқабай Иманбековтің «Құтты мекен қуанышы» атты очеркіндегі үзіндіні жалғастырып жазыңыз. 4-тапсырма Шығу билетіндегі сұрақтарға жауап беріңіз. Шығу билеті 1.Очерк дегеніміз не? 2.Очерктің басқа жанрлардан қандай айырмашылығы неде? 3. Тілдік құрылысы жағынан қандай ерекшелігі бар? 22-сабақ Очерктің түрлері 1-тапсырма Бұған дейінгі очерк туралы білетін ақпараттарыңызды жинақтап, «ББҮ» кестесін толтырыңыз.
52 Білемін Білгім келеді Үйрендім Тілдік бағдар Очерктің жанрлық түрлері де көп образды болып келеді. Енді олардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, онда: 1. Портреттік очерк. Мұнда озат азаматтардың асқақ бейнесі жасалады, олардың үлгілі ісі, рух-байлығы, адамдардың мінез-құлқы, әлеуметтік белсенділігі, басқа да жағымды қасиеттері, соларды қалыптастырудағы қоғамның, ортаның ықпаләсері ашылады. Портреттік очерк кейде бір жеке шаруашылықтың, өнеркәсіп ұжымының еңбегін керсетуге, солардың ұжымдық портретін жасауға арналады. 2. Проблематикалық-аналитикалық очерк те әлеуметтік, экономикалық, саяси өміріміздегі моральдық тұрмысымыздың өмір-салтындағы жаңалықтардың күн тәртібіне қойылып, шешілуін талап ететін проблемалық мәселелерді көрсетеді. Ол көбінесе аудан, ауыл, өнеркәсіп орындарының өмірінен алынып жазылады. Мұнда аналитикалық пікір-толғанысқа бару, сын айту басым жатады. 3. Жол сапар очеркі. Бұл очерк жанрының ең көне түрі. Ол автор жол-жөнекей көрген-білгенін, кездесулер мен куәсі болған оқиғалардың негізінде жазылады. Автор өзін толғандыратын әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени, салттықсаналық мәселелерді ғана іріктеп әңгімелейді. 4. Суреттеме очерк. Мұнда кейіпкер мен ұжым бейнесін ашатын өмірбаяндық бірер ғана емес, нақты факті алынады. Оны көрсетуге очерк табиғаты суреттеудің очерктік жүйесі қолданылады. Ол боллған оқиға, орын алған фактімен оперативті түрде жазылады. Газет очеркінің шағын көлеміне орай тілі орамды әрі ықшам болғаны, артық сөздің кездеспегені жақсы. Ал, жалпы очеркті газет очеркі, көркем очерк деп бөлу жайына келетін болсақ, ондағы айырмашылық мынада: біріншіден, газет очеркінің көлемі шағын, екіншіден, газет очеркі өте оперативті, жедел жазылады. Аса маңызды оқиғаларды, құбылыстарды өмірмен ілесе, қатарласа шапшаң суреттей алады, үшіншіден, өмір шындығын жан-жақты кең қамтиды. Газет очеркінің мақсаты — өмірдің нақты фактілерімен үгіттеу, озаттардың тәжірибесі мен үлгісін көпшілік игілігіне айналдыру. Бірақ, бұл ерекшеліктер очерктің көркемдік қасиетіне еш нұсқан келтірмейді. Газет очеркі де — көркем-публицистикалық туынды. Сондықтан, жалпы очерк жанрларына қойылатын талап, шарт оған да ортақ. 2-тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі көтерілген мәселені айтып беріңіз. Мәтіннен негізгі ақпарат пен қосымша ақпаратты анықтаңыз. Очерк жанрына тән белгілерін ажыратыңыз. Біз, жазушылар мен журналистер, күні кешеге дейін өз жалынымызды өзіміз көрсете алмай келдік. Өзімізді жұртқа жылу беріп, жарық шашар от деп
53 есептесек, оны лаулатпай, үстіне себезгілеп су құюмен болдық. Өзімізді қағазға түскен өрнекті жазу деп бағаласақ, сол жазуды күн сайын резеңкемен өшіріп отырдық. Мұның мәнісі – бар өмірімізді көсемдердің сөздерін насихаттап, бар өнерімізді, бойымыздағы дүниеде сирек кездесетін асыл металдар іспеттес талант қуатын партия қаулыларын бұлжытпай жүзеге асыруға жұмсадық. Ол сөздер мен қаулылардың мәніне, дұрыс я бұрыс екеніне баға бермедік. Оны ойлап, сараптауға деген өз тілегімізді қолма-қол өшіріп отырдық. Бұл ойымызды біреу біліп қойған жоқ па екен деп, жалтақтап, жан-жағымызға қараумен болдық. Осының салдарынан халықтың жүрегіндегі қайғы-қасіретті көрмедік, көрсек те, көңіл бөлмедік. Өйткені партия өмірдің көлеңкелі жағын емес, күнгей жағын көрсетуді қатты қадағалап отырды. Өйтпесек, еңбегіміз еш болады, өзіміз сүйкімсіз көрінеміз, қаламақыдан қағыламыз деп ұқтық. Бір сөзбен айтқанда, күнкөріс қамын ойладық. Ал күнкөрісіміз қайыршының аз алдында ғана бола тұрса да, өзімізді партияның қолғанаты деп есептедік. Көсемдер солай деп айтады деп, соған семірдік, соған күпіндік. Көкіректегі талантымызды осылай тоздырдық. Енді таланттың алау боп лаулайтын, айналаға шексіз жарық шашатын шағы туды. Адамның өмірде көрген зорлық, қорлық, қиындығын жасқанбай жариялау - парыз. Олай етуге біз қартайып қалдық. Көкіректегі өзіміз су сеуіп, сызып, шимайлап өшірген талант қоламтасын қайта үрлеп жылтыратар күй, қауқар жоқ. Сондықтан біз табиғат берген ой талантын халық өмірінің шамы тәрізді жарқыратып өтуді жас жазушы қауымына, қаламгерлердің келешек буынына аманат етеміз. Өз таланттарыңды өздерің өшірмеңдер. Одан асқан қасірет, қайғы жоқ дейміз. Ә.Нұршайықов «Журналистер – көреген халық» 3-тапсырма Бүгінгі жас буын кітап оқымайды деген көзқарас бар . Осы мәселе жайында проблематикалық-аналитикалық очерк жазыңыз. 4-тапсырма Очерк туралы не білдіңіз? «ББҮ» кестесін толтырыңыз. Білемін Білгім келеді Үйрендім 23-сабақ Көркем публицистика 1-тапсырма
54 Жүзеге асыру қадамдары: 1-қадам: сабақ тақырыбын жариялау . 2-қадам: тақырып бойынша болжамды жүк журналының сол жағына жазу: Жүк журналы Болжам Жаңа ақпарат Тақырып бойынша бұрыннан не білемін? Бұл туралы не білуім керек? Бұл туралы енді не білдім? Қандай маңызды сәттерді мен енді анықтадым? Тілдік бағдар Көркем публицистикалық жанрлар (журналистика) – журналистикадағы ең әдемі жанрлардың бірі. Тақырыпты талдау үстінде көркем әдебиеттік, сатира, юморлық, публицистика элементтерін тоғыстыра қолданады. Публицистикада бүкіл қоғам мүшелерінің назарын аударатын оқиғалар, мысалдар, типтік фактілерді талдау, сипаттау әдісімен түсіндіріледі. Сондықтан ірі оқиғалар мен құбылыстар публицистің тудырған бейнесі арқылы айқындала түседі. Ал бейне арқылы оқырманға оқиға жайлы толықтай мәлімет алуға мүмкіндік береді. Бұл көркем-публицистикалық жанрларға тән сипат. Әсіресе, очерк пен фельетонда әдеби көркемдеуіш тәсілдер молынан қолданылады. 2-тапсырма Мәтінді мұқият оқы. Мәтіннің көтерген мәселесін айтып беріңіз. Ғаламтор мен ақпараттық технологиялар дамыған дәуірде материал ұсынудың жылдамдығы мен сенсациялығы, сонымен қатар, баспагер мен құрылтайшылардың газеттерді батысқа, әсіресе, америкалық басылымдарға ұқсату талпынысы қазақ газеттерінің жанрлық палитрасының тапшы болуына әкелді. Одан әрі, жанрларды, олардың ішкі заңдылықтарын білмеу журналистік әдістердің, атап айтқанда, дерек жинау әдісі, журналистің материалды ұсынуы жанрға айналуына алып келді. Бұл баспасөздегі жанрлардың сапалы өзгеруіне қызмет етпейді, керісінше, жарияланымдардың жаңа «суррогаттық» пішіндері пайда болуына әкеледі. Бұл жанрлардың ең басты айырмашылығы деректерді ұсынуында. Көркем-публицистикалық жанрда деректің құжаттылығы мен нақтылығы екінші орынға шығады. Бірінші орында автордың деректен алған әсері, оған берген бағасы мен авторлық пікірі болады. Оның негізгі жанрлары - қоғамның жақсы жақтарын жеткізетін очерк, суреттеме, сатиралық жанрлар: фельетон мен памфлет т.б. жатады. Суреттемеде ақпараттық пен көркемпублицистикалық жанрлар, жедел газет жанрлары мен очерктің бір түрі - этюд белгілері ішінара байланысады. Суреттеме болған оқиға туралы маңызды ақпаратты хабарламайды, бірақ, оны көрнекті, анық, қызықты етіп бейнелейді. Очеркте болса бір құбылыс, оқиға суреттеледі. Суреттеме сюжетті немесе сюжетсіз, даулы немесе даусыз бола береді. Очерк журналистке белгілі бір оқиға төңірегінде оқырманға түсінікті, жылдам және қызықты етіп үн қатуға мүмкіндік
55 береді. Журналист танымал адам бейнесін, ұйым портретін, тұрмыс, түрлі көзқарастар жайлы осы очерк жанры арқылы жеткізеді. Тақырыбы бойынша очерктің бірнеше түрі бар: портреттік очерк - тұлғаның өмірі, көзқарасы жайлы әңгіме; проблемалық очерк - автор ең алдымен маңызды мәселені талдап, оның адамдар әрекетіндегі көрінісіне тоқталады. Ғылыми-көпшілікке арналган очерк - ғылыми мәселелер туралы терең және дәйекті, бірақ баршаға түсінікті тілде айтады. Сонымен қатар очеркте түрлі жанрлардың ерекшеліктері байланысады, мысалы, репортаж, есеп, суреттеме, корреспонденция. Бұл очерктің жанрлық еркіндігі мен жан-жақтылығының белгісі Авторға материалдың сюжеттік және стилистикалық, композициялық бірлігінде хабарлау үндестігін, мазмұндау ырғағын ауыстыруға мүмкіндік береді.Көркем-публицистикалық жанрларға фельетон мен памфлет жатады. Фельетон өз ішінде публицистикалық (айтылатын дерек тек қана қажет емес, өзекті және жылдам), сатиралық (деректі бағалау сатиралық сараптаумен елшенеді) және көркемдік (сатиралық бейне жасалады) сияқты үш бастаманың синтезінен құралады. Фельетон мерзімді баспасөз жанры ретінде деректерге жоғары қанықтылығымен, ал әдеби пішін ретінде суретші қиялын қажет етеді. Осы жанрлардың талаптары тоғысқанда сатиралық бейне туады. Мысқыл сипатындағы фельетонға қарағанда, памфлет - масқаралаушы, сынаушы туынды. Бұл жанрдың негізгі ерекшеліктері: сарказм мен жоғары дәлдік, сонымен қатар қажеттілік, шапшаң деректілік және нысанды дәлме-дәл әшкерелеу. Меңдігүл Шындалиева «Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012. 3-тапсырма «Балық қаңқасы» әдісі бойынша оқылым мәтініндегі көтерілген мәселені анықтап, себептері мен дәлелдерін көрсетіңіз. Ойыңызды қорытындылаңыз. 4-тапсырма Болжамды жүк журналының екінші бөлігін толтырыңыз. Жүк журналы Болжам Жаңа ақпарат
56 Тақырып бойынша бұрыннан не білемін? Бұл туралы не білуім керек? Бұл туралы енді не білдім? Қандай маңызды сәттерді мен енді анықтадым? 24-сабақ Эссе Тілдік бағдар Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау. Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлапсезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән. Эссеге негізгі қойылатын талап-белгілі бір тақырыпты, мәселені талдау, сипаттау жэне бағалау болса, негізгі мақсаты-тақырыпқа байланысты өз білімін көрсету және сұраққа берілген жауаптың дұрыстығына окытушыны (окырманын) сендіре білу болып табылады. Бұл эссенің өзге жазба жұмыстарынан ажырата білудегі басты талаптардың бірі ретінде көрініс табады. Сондай-ақ, эссені жазуда негізінен формалды стильді басшылыққа ала отырып, өз ойын нақты дәлелдер мен мысалдар арқылы жүйелі түрде беріп, ондағы әрбір бөлімнің талапқа сай жазылуын ескеру керек. Эссенің құрылымы Бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян ету, дәлелді зиятты ізденіс. Эссе бір мәселе немесе сұрақ бойынша жеке көзқарасты білдіріп, алдын ала немесе мәселені қанағаттанарлықтай баяндалуына үміттенбейді. Әдетте, эссе бір нәрсе туралы жаңа, субъективті рең беретін сөзді және философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, әдеби-сын, ғылымикөпшілік, баллетристикалық сипатта болуы мүмкін. Эссенің құрылымдық бөліктері Эссе тақырыбы эссенің мақсатын, эссенің өн бойында не сұралып отырғандығын, қандай мәселені қозғайтындығын көрсетеді. 1. Кіріспе - берілген тақырыптың мәнін ашатын бөлім. Бұл бөлімде қандай сұрақтарға жауап іздейтіндігіміз анықталады. 2. Негізгі бөлім - негізгі ой мен мәселеге байланысты аргументтер жинақталған бөлім. Негізгі бөлімде дәлелдер, дәйектемелерді, түрлі
57 статистикалық мәліметтер мен схемаларды қолданып тақырыпты ашады, көтерілген мәселені айқындап, оның туу себептерін көрсетеді. 3. Қорытынды - тақырып бойынша түйін. Қорытындыда жаңа ой енгізілмей, дәлелдемелер бойынша түйін шығарады, шешу жолдарын көрсетеді. 1-тапсырма «Мамандықтың маңызы» тақырыбына эссе жазыңыз. Эссе жазу барысында төмендегідей клишелерді қолданыңыз: Бұл мәселе бойынша мен өз ойымды білдірсем деп едім, менің ойымша, біріншіден, ең әуелі, екіншіден, сонымен бірге, қорытындылай келе т.б . Сөз саны – 150 сөз. 2-тапсырма «Бір сөзбен» әдісі. Бүгінгі тапсырманы қалай орындадыңыз? Эссе жазу тапсырмасы сіздерге қиындық тудырған жоқ па? 25-сабақ Эссенің түрлері Тілдік бағдар Эссеге мынадай талаптар қойылады: еркін композиция автор ұстанымы баяндау еркіндігі тосын жаңа пікірге бейімділік Эссенің түрлері: 1. Аргументті эссе. Пікірді, көзқарасты растайтын, қолдайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдер келтіріліп, аргументтермен түйінделіп отырады. 2. Салыстырмалы эссе. Бірнеше мәселе талқыланып, олардың арақатынасын ажыратып жазу көзделеді. 3. Сипаттамалық эссе. Детальдар арқылы жер, зат, адам бейнесіне сипаттама беріледі. 4. Хабарламалық эссе. Адам өз тәжірибесіне сүйене отырып, өз тұрғысынан, өзіндік көзқараспен оқиғаны сипаттап жазады. Бұл эссе өткен шақта немесе осы шақта жазылады. 5. Дискуссивті эссе. Екі жақты пікірді салыстырмалы түрде талдай отырып, қорытынды шығарып жазады. 6. Анықтамалық эссе. Нақты дәлелдер арқылы терминнің мағынасын ашу көзделеді. Дереккөз: Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. / Т.Н.Ермекова, Г.М.Найманбаева, Б.М.Найманбаева
58 1-тапсырма «Келесi ғасырда эколог галымдар кандай мәселелерді шешетін болады? тақырыбына эссе жазыңыз. Сөз саны – 150 сөз. Эссе жазғанда нені ескеру керек? Эссеннің негізгі тақырыбы мен мақсаты, сонымен қатар оның жеке тақырыпшалардың мақсаты анықталу керек. Оқырман назарын аудару үшін жарқын нақыл сөздер, парадокс, аллегорияны, қызықты фактіні және т.б. қолданыңыз. Кіріспе және қорытынды бөлімдерде басты мәселеге назар аудару керек. Эссе тақырыпша, абзац, параграфтарға бөлінеді. Әр абзац арасында логикалық байланыс болу керек. Осылайша эссе бүтін болады. Ол экспрессивті, эмоционалды және көркем болуы керек. Оны қарапайым қысқа сөйлемдерден жеткізуге болады. 2-тапсырма «Білім қоржыны» әдісі. Сабақтан алған әсерлеріңізді желімқағаздарға жазып, қоржындарға жабыстырыңыздар. 26-сабақ Эссе жазу шарттары Тілдік бағдар 1-кеңес. Эссе жазуды бастамас бұрын, идеяны тұжырымдап, мақсатты анықтап, және жұмыс үшін ақпарат көздерін тауып алу керек. 2-кеңес. Еркін жазу әдісін қолданыңыз. Оның мәні – болып жатқан нәрселерді миға редакциялаусыз және грамматика, пунктуация, стиль секілді т.б. ережелерге бағынбай-ақ жазуда. Бұл шығармашылық дағдарыспен күресуге және керемет идеяларды табуға көмектесетін тамаша тәсіл. 3-кеңес. Кіріспе бөлімге тоқтап қалмау керек. Алғысөзді негізгі бөлім жазылғаннан кейін де жазса болады. Бұл жағдайда эссенің не туралы жазылғаны түсінікті болғандықтан, кіріспені де жазу оңайырақ болады. 4-кеңес. Эссе жазудың барынша кеңінен тараған танымал нұсқаларының бірі – бірінші сұрақтан бастап, оған жауап жазу. Эссеге қалай жоспар құруға болады Бірден мінсіз жоспар құруға ұмтылуға болмайды. Өйткені, ол жұмыс барысында редакциялануы мүмкін. Оның үстіне эссе жазу кезінде жоспар құру мүлдем қажет емес, сонымен қатар құрастырылып қойған жоспарға да сүйенудің қажеті жоқ. Шектеулер мен қатаң шеңберлердің болмауы осы жанрдың артықшылығы болып табылады. Егер авторға қатаң жоспарға сүйену оңай болса, онда оны құрастыру үшін де уақыт қажет. Сондай-ақ, барлық негізгі ойлар жоспардың тармағы түрінде көрсетілуі керек. Одан кейін, әр тармақты тармақшаларға бөліп, ойды толығымен егжей-тегжейін ашып, жеткізуге болады. Содан кейін жоспарды қайтадан оқып шығып, әр тармақ өз орнында тұр ма және жеткілікті түрде ашылды ма, соны тексеріп шығыңыз.
59 Эссенің құрылымы неден тұрады Эссе жазу тәртібі әдетте үш қадамнан тұрады. Кіріспе бөлім Кез келген жазбаша жұмыс секілді, эсседе де кіріспе бөлім немесе кіріспе болады. Жақсы жазылған кіріспе оқырманның қызығушылығын оятып, эссені аяғына дейін оқуға қызықтырады. Кіріспе бөлімде мәселенің тұжырымдамасы және оның маңызы, риторикалық сұрақ, дәйексөз және т.б. болуы мүмкін. Сондықтан, ерекше эмоционалды түрде ойлана отырып, оқырманды қаралатын мәселеге алып келу маңызды. Негізгі бөлім Басты бөлімде қарастырылып отырған мәселе бойынша әртүрлі көзқарастар келтіріп, мәселенің тарихын қозғауға болады. Әдетте негізгі бөлім әрқайсысында үш бөлім болатын бірнеше тармақшалардан тұрады: тезис (дәлелді пікір), дәлелдеу (тезисті дәлелдеу үшін пайдаланылатын дәлелдер) және тұжырым (негізгі мәселеге ішінара жауап). Дәлелдер оқырманды қандай да бір көзқарастың шынайылығына сендіру үшін айтылған пікірлер болып табылады. Бұл өмірден алынған түрлі жағдайлар, ғалымдардың пікірі, дәлелдемелер және т.б. болуы мүмкін. Дәлелдеме келесі ретпен жасалуы мүмкін: 1. Пайымдау 2. Түсіндіру 3. Мысал 4. Қорытынды пікір 5. Тұжырым Қорытындыда негізгі бөлімде ұсынылған және әр тезис бойынша тоқталған барлық тұжырымдар біріктіріледі. Ал оқырман берілген дәлелдер негізінде қисынды қорытындыға келуі керек. Соңында, мәселе қайта қайталанады және қорытынды шешім жасалады. Егер кіріспе бөлімнің мақсаты оқырман қызығушылығын тудыру болса, онда соңғы сөйлемдердің мақсаты жалпы суретке (ой) тұтастық қосып, жұмысты оқырманның есінде қалдыру және ойлануға итермелеу болады. 1-тапсырма Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттің үстемдігі жойылғанмен, ақпарат тарату, тасымалдау, байланыс, транспорт, баспаханалық жүйе секiлдi ақпарат қызметiнiң құрамдас салалары бойынша ресми билiктiң ықпал ету мүмкiндiгi сақталып отыр. Қалай ойлайсың? Себебі неде? Эссе жазу барысында төмендегі клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолдан. 1 абзац Кіріспе сөз тіркестері / фразалар/. -Бұл халық арасында саналады... -Адамдар жиі бекітеді, ..
60 -Көп адамдар ойлайды, .. -Кейбір адамдар қарсы... 2 абзац Өз көзқарасыңды білдіретін фразалар • Бұл жағдайда мен өз көзқарасымды түсіндірсем деп едім • Бұл мәселе бойынша мен өз ойымды білдірсем деп едім Талқыланған мәселенің артықшылығын білдіретін фразалар • Айтылғандай, мен соның пайдасына ... бірнеше себептерге • Соның пайдасына айтылатын көптеген заттар бар... • Ең жақсы. Ол..туралы..табылады... Көзқарасты санамалап шығу фразалары Біріншіден, ең әуелі • Бірінші кезекте • Содан бастайық • Екіншіден,үшіншіден, ақырында • Соңғы кезекте емес Жаңа аргументтер қосатын фразалар • Бұдан басқа • Сондай ақ • Бұдан басқа,..сондай- ақ • Тек қана емес • Бұдан өзгеше • Ол туралы сөйлемей -ақ, ... 3 абзац • Кейбір адамдар ойлайды, ... • Алайда олар түсінбейді, ... • Олар есепке алмайды,.. • Олар ұмытады,... • Кейбір адамдар сендіреді,... • Мен онымен келісе алмаймын, өйткені... • Мен бұл пікірмен келісе алмаймын,өйткені... 4 абзац Қорытынды фразалар • Толықтай алғанда • Қорытындысында • Қорытындылай келе • Барлық жағдайларды ескере отыра • Соңында • Барлығын ескере отыра Дескриптор Білім алушы - эссенің құрылымын сақтайды;
61 - қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданады; - көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады. 27-сабақ «Үздік эссе» конкурсы «Мен тәуелсіз елдің ұланымын» АТТЫ ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері: 1. 2. Қазақстан өзінің азаттық алған жылдарында әлемдік өркениет дамуына қосқан үлесін зерделеуге қуатты серпін беретінін, жастардың ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыру; 3.Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақ санасына ғұламалардың терең ойлары мен тамаша тағылымдарын сіңіру. Бабалар дүниетанымына, ұстанымына сай, қазақы сипаттағы бағытын қалыптастыру, дамыту; 4.Ұлт болмысы, діні, ділі, тілі, рухы бүгінгі ұрпаққа қандай көрініс беретіндігін көрсету. 5. Тәуелсіздік дәуіріндегі мүмкіндіктер туралы айту; 6. Тәуелсіздік жолында құрбан болған батырлардың ерлігін насихаттау; 7. Тәуелсіздікті болашақ ұрпаққа табыстау үшін атқарылуы керек жұмыстарға өзіндік ой-пікірін саралап айту. Эссеге қойылатын талаптар: 1. Ұсынылған шығарманы бағалауда мазмұнына, идеясына, құрылымына, көркемдігіне және тақырыптың жан-жақты ашылуына мән беріледі; 2. Эссе 3 беттен аспауы керек; 3. Эсседегі тақырыптың толық ашылуы, жазу стилі, жеткізу тілінің мәнерлілігі, материалдың жанрлық ерекшелігі, дәлдігі әрі түсініктілігі, қатысушылардың эссені жазудағы деректерді пайдалану шеберлігі және сауаттылығын көрсету. 28- сабақ Көркем-публицистикалық жанрлардың сатиралық түрлері түрлері 1-тапсырма 1.Сатира дегеніміз не? V бөлім Көркемпублицистикалық жанрдың сатиралық түрлері
62 2.Қазақтың қандай сатирик ақын-жазушыларын білесің? 3.Сатиралық шығармаларды не үшін жазады деп ойлайсың? Тілдік бағдар «Сатира» грек тілінен аударғанда «қоспа», бұл нақты шындықты көрсету, жетілдіру мақсатында оны сынау деген мағына береді. Сатира ежелгі заманда қоғамдағы әлеуметтік құрылыстың пайда болуымен пайда болды. Журналистикадағы сатиралық жанрлар суреттеудегі шыншылдығымен, деректерінің нақтылығымен өзгешеленеді. Журналистика теориясын зерттеушілер сатиралық жанрлардың мынадай түрлері: фельетон, памфлет, эпиграмма, мысал, шарж, карикатура, анекдот т.б. бар екенін айтады. Журналистиканың басқа жанрларынан сатиралық жанрлар сатира, әзіл, ирония, сарказм, гротеск, гипербола және басқа көркемдік әдістерді қолдануымен ерекшеленеді. Сатиралық жанрлар әлеуметтік тұрмыстағы келеңсіз құбылыстар мен кертартпа қылықтарды юморлық не сатиралық пішіммен әшкерелейді, кемшіліктерді жоюға шақырады. 2-тапсырма С.Торайғыровтың «Ауырмай есімнен жаңылғаным» өлеңін оқып, жанрлық ерекшелігін ажыратыңыз. Өз ойыңызды дәлелдеңіз. — Алты жыл қимай күткен, қайын атам! Мынау ма сонда берген алғыс, батаң? Өлсем де отқа күйіп, суға түсіп, Қойнына мылқау иттің қайтіп жатам? Алты жыл қимай күткен, қайын енем! Қай жерде қайтқаны бар көңілің менен? Қайныңның өзі түгіл, атын айтсаң, Шошиды селк-селк етіп барлық денем. Алты жыл қимай күткен, құлыным - ай! Он үзген омыртқамды, жұлыным - ай! Қарбаңдап, сүйіп мауқым басатұғын, Айрылып сенен - дағы ұлыдым - ай! Алты жыл қимай күткен, ауыл - аймақ! Алдыңнан кесе өткем жоқ, құдай айғақ. Күйіп тұрған жанымды отқа сал деп, Көтердің түс - түс жақтан бәрің сайғақ. Ал енді менің қайда барсам тауым. Нәрсенің көз алдыма бәрі жауым. Ініңді алтындасаң, құлқым сүймес, Басқа жоқ, онан өзге айтар дауым. Жазаңды ақіретке құдай берсін. Жер болып жетім-жесір жылай берсін.
63 Жиылып бәрің бірдей мені жеңген Ел - жұртым, қалай ерсің, қалай ерсің! 3-тапсырма Өзіңіз қалаған тақырыпта өлең немесе қара сөз түрінде сатиралық шығарма жазып көріңіз. 4-тапсырма «Бес саусақ» тәсілі Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды? Балаң үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс істедім? Кімге көмек бердім? Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым? Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім? 29-сабақ Фельетон Тілдік бағдар Фельетон. Сатиралық жанрдың бір түрі — фельетон (французша feuilleton – парақ), бұл да - әрі әдеби жанр, әрі газет жанры. Өлеңмен де, қара сөзбен де жазыла береді. Фельетон дегеніміз — шағын көлемді, публицистикалық үнді, әсерлі тілді, сын-сықаққа бай, күлкілі жайлары бар әдеби көркем шығарма. Фельетон негізінен баспасөз беттерінде жиі көрініс табады. Бірақ, зерттеушілердің айтуынша, фельетон талаптары жоғары, бір сыншының бойынан әрі көркем, әрі публицистикалық ой айту, әрі әдеби тілмен өрнектеп жеткізу қабілеті кездесе бермейтіндіктен бұл жанр өте сирек кездеседі. Қазақ сатирасы халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Алдар Көсе туралы аңыз әңгімелерде ащы мысқыл, сынап-мінеу сарыны басым болса, Қожанасыр туралы күлдіргі әңгімелер юмор, достық рәуіштегі сын, астарлы әзілге құрылады. Тазша бала туралы немесе өтірік өлеңдерде әсірелеу мол кездеседі. Қазақ фольклорында ұлттық ауыз әдебиетінде ғана кездесетін Шық бермес Шығайбай, Қарабай сияқты сараң байлардың типтік бейнелері жасалған. Түрлері: 1. Адрестік фельетон – біреуге арналған 2. Адрессіз фельетон 3. Фельетон-мақала 4. Фельетон-корреспонденция 5. Фельетон-драма 6. Фельетон-өлең
64 7. Фельетон-баллада 8. Фельетон-ертегі 9. Фельетон-хат https://martebe.kz/feletonny-t-rleri/ 1-тапсырма Берілген үзіндіні оқып, фельетонды әрі қарай жалғастырып жазып көріңіз. ...Ұзын сирақ, жіпсік көз бала мен тауықтың үрпек бас балапанындай шынжау бала шарт та шұрт шекісті де қалды. Құды әтеш дерсің, қоқиланып кеп, бірінбірі түтіп тастайтындай қоттиысып қалады. Дау-шар, талас басы – трактордың бір бөлшегі. Сандарын шапаттап, оларды қот-қоттаған ши борбайлар да жүр төңіректеп... С.Әлжіков «Аманым жақсы» 2-тапсырма Асқар Тоқмағанбетовтің өмірі мен шығармашылығын баяндаған мәтінді мұқият оқып шығыңыздар. «Топтастыру» әдісі арқылы сатирик жайында берілген мәліметке сүйеніп және қосымша ақпараттарды жинақтап, топ атынан жоба қорғап шығыңыздар. 1905 жылы Қызылорда облысы Тереңөзек ауданында кедей шаруаның отбасында туған. Алғашқы білімді ауыл молдасынан алған. 1924-1926 жылдары Ташкенттегі политехникумда оқыған, ал 1926-1930 жылдары «Лениншіл жас» және «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Социалистік Қазақстан» гезеттерінің редакциясында істеген. 1932 жылы Мәскеу полиграфия институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Асқар Тоқмағамбетов баспасөз бетінде 1924 жылдан бері белгілі. Тұңғыш баспа бетіне шыққан «Ленин суретіне» деген өлеңі «Еңбекші қазақ» газетінде 1925 жылы, «Еңбек жыры» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1928 жылы жарық көрген. Кейіннен өлеңдері мен поэмалары, очерктері мен фельетондары бірнеше рет жеке кітап болып басылып шықты. «Екі заң», «Сайлау», «Алдар Көсе», «Бір семья» атты пьесалары бар. А.Тоқмағамбетов қалам ұстағаннан бастап қазақ еңбекші шаруасының өмірі мен тіршілігін, оның кеңес дәуірі шындығын түсіну жолындағы қиыншылықтары мен ізденістері туралы жазды. Оның «Мұғалім», «Жас дәрігер», «Шойынқараның ойын қара» өлеңдері жаңа дәуірде өсіп келе жатқан жаңа адамдарды суреттесе, «Сәуле», «Фатиманың хаты», «Ағасының жауабы» өлеңдері қазақ әйелінің азат өмірге ұмтылысын бейнелеген. 30-жылдары «Түрксіб түйіскенде» өлеңінде Түркістан – Сібір темір жолының салынуымен байланысты кірген өзгерістерді жырлаған. Ақын лирикасының бір саласы 1930-1940 жж. жазылған «Біздің Сәуле», «қош, аман бол», «Күт мені», «Сүйген жарға», т.б. әндерге арналған. Проза саласында «Сыр диқаны» (1959), «Асыл азамат» (1959), «Әке мен бала» (1961), Ы.Жақаев өмірін бейнелейтін
65 «Қыран тұғырдан ұшады» (О.Бодықовпен бірігіп, 1969), Қазан революциясы қарсаңындағы ауыл өмірін суреттейтін «Ақмоншақ» повестерін, 19 ғасырда өмір сүрген қазақ ақындары туралы «Жыр күмбезі» (1975) атты тарихи романын жариялады. Романға 19 ғасырдың 2-жартысында өмір сүрген Базар жырау Өтемісұлы және белгілі ақындар Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары, т.б. шығармашылы мен өмірі арқау болған. 3-тапсырма Асқар Тоқмағанбетовтің «Еңкейіп кіріңіз, есігі нашар...» атты фельетонын мұқият тыңдаңыз. Шығармадан автордың ойы мен көтерілген мәселені анықтаңыз. Сатирик бұл шығарманы қандай мақсатта жазды? 4-тапсырма «Бір (+) плюс, бір (–) минус» стратегиясы Тапсырмаларды орындау барысында сәтті шыққан бір мезетті, сәтсіз, түсініксіз болған бір мезетті атаңыз. 30-сабақ Памфлет Тілдік бағдар Памфлет, қаһарлы сөз (ағылш. рamphlеt – парақ) – белгілі бір құбылыстарды, беделді саяси және мәдени қайраткерлерді әшкерелеуге арналған өткір сатиралық шығарма; өткір сатираға құрылған әдеби туынды; қоғамдық-саяси өмірде қандай да бір тұлғаны немесе құбылысты өткір сатирамен масқаралайтын, нысаналы, айқын тілмен ерекшеленетін, жағымсыздық, жамандық такырыбын әшекерелейтін саяси публицистиканың жанры. Памфлет термин ретінде 12 ғасырда қолданыла бастағанымен, оның классикалық түрі Қайта өрлеу дәуірінде (16 ғ.) қалыптасты. Ежелгі Грекия мен Римде шешендік сөз, ғылыми трактат (Демосфен, Цицерон, Ювенал) түрінде келіп, кейін мазмұн, пішін тарапынан барлық жанрды қамтыды. Памфлет қара сөзбен де, өлең түрінде де келеді, насихатқа негізделіп, барша қауымға түсінікті болады. Памфлет қоғамның саяси-әлеуметтік тынысын бейнелейді, нақты оқиға, дерекке байланысты туындайды. Кейде Памфлет жала жабу мағынасында келсе, пасквиль деп аталады. Публицистиканың жанры ретінде қара сөзбен ғана емес, өлең түрінде де жазылады. Памфлет белгілі бір құбылыс, оқиға, деректерді, мемлекеттік саяси жүйе мен беделді қоғам қайраткерлерінің ықпалын қысқа негізде сатира үлгісінде де әшкерелейді. Сәбит Дөнентаев мысал, фельетон жазумен қатар, қазақ сатирасын сюжетті сықақ өлеңдермен байытты. С.Сейфуллин «Күзетші иттер», «Ұлтшылдың сандырағы», «Отарба мен ақ төбет», «Қара aрбада», т.б. сатиралық өлеңдер жазды. Бейімбет Майлин шығармаларын, сатираға мол орын берілді. https://qazbrand-info.translate.goog/all/1684/
66 1-тапсырма 1. Памфлет дегеніміз не? 2. Памфлет термин ретінде қай кезеңде қалыптасты? 3. Памфлет үлгісінде жазылған қандай шығармаларды білесіз? 2-тапсырма Памфлет пен фельетонның ұқсастығы мен айырмашылығын венн диаграммасы арқылы салыстырып көрсетіңіз. Памфлет ұқсастығы Фельетон 3-тапсырма С.Сейфуллиннің «Күзетші иттер» өлеңін оқып, памфлет жанрына жататынын дәлелдеңіз. Ерекшеліктерін көрсетіңіз. Біздің ауыл жиналды Қой сойып, ет жеп тоюға. Жиналған соң кеңесті Қотанға күзет қоюға. Бірнеше ит әкеп қойысты Қотанды аман сақтар деп. «Бөріден гөрі игі ғой Тамағын жеген ақтар» деп. Түнделетіп Айтжа-екең Қотанды жүрсе аралап, Күзетші иттер қойыпты Талай қойды жаралап! Айқай салды Айтжа-екең Оятуға ауылды. Еркелейтін кешегі Арсылдап иттер жабылды. «Кет!» деп еді иттерге, Иттерге ие табылды.
67 Жиналған жұрт Айтжанға — «Алмашы дейді мазамды!» «Не қылдың, бәлем, - деп иттер, Берерміз дейді сазаңды!» 4-тапсырма «Аяқталмаған сөйлем» «Мұғалімге жеделхат» тақтасына стикер жапсыру арқылы өздеріңізге жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырыңыз: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім. - бүгін сабақта қуантқаны..... - мен өзімді.....үшін мақтар едім. - маған ерекше ұнағаны..... - сабақтан соң маған........келді. - бүгін маған..........сәті түсті. - қызықты болғаны..... - ......қиындық тудырды. 31-сабақ Мысал 1-тапсырма «Топтастыру» әдісі арқылы мысал жанрына қатысты білетін ақпараттарды жинақтаңыз. Осының ішінде тереңірек білгіңіз келетін ақпараттарды белгілеңіз. Тілдік бағдар Мысал
68 Мысал — шағын көлемді , тәрбиелік, тағлымдық мәні бар шығарма. Көбінесе аң, xайуанаттар,жәндіктер туралы жазылады. Сол арқылы адам бойындағы мін,әлеуметтік ортадағы кемшіліктерді кекесін ретінде жазады. Мысал-өмірді шыншылдықпен суреттеуге, әртүрлі топ өкілдерінің мінезін, ісәрекетін дәл көрсетіп, сатиралық бейнелер жасауға сөз өнерінде мысал жанрынан асқан көркемдік құрал жоқ. Ортақ сюжетке жазыла берер мысал жанрының типологиялық дәстүрі бар. Мысалмен өмірден алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал етуге болады. Бір жағынан қызықты форма, екінші ағынан ұғымды идея, үшінші жағынан тұрмысқа ет-жақын суреттер ұласа келеді. 3 бөліктен тұрады: 1 бөлік – жағдайды түсіндіреді. 2 бөлік – болған оқиға 3 бөлік – нақыл сөз, түйін. https://martebe.kz/mysal-zhanry-turaly-t-sinik/ 2-тапсырма А.Байтұрсыновтың «Өгіз бен бақа» мысалын оқып шығыңыз. Адам бойындағы қандай жағымсыз қасиеттерді мысалға алған ? Бір Өгіз айдын шалқар көлге келді, Жағалап суаты бар жерге келді. Шілденің сарша тамыз ыстық кезі, Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді. Су ішіп, көлдің шықты жағасына, Мал еді көз тоятын қарасына. Артықша бір көлбақа күншіл екен Сол көлдің бақасының арасында. Өгізді суға тойған Бақа көрді, Секіріп көршісіне жетіп келді. «Боламын мен де сонау Өгіздей», - деп, Жел тартып, ісіп-кеуіп, қарнын керді. Сұрады жолдасынан: «Толдым ба? - деп, -Өгіздей анау тұрған болдым ба?» - деп. Өгіз бен екеуіне қарап тұрып, Жолдасы жауап берді сондай бүй деп: «Өгіздей болу саған қайда, шырақ, Араңыз екеуіңіздің тым-ақ жырақ. Онымен бірдей болып толмақ түгіл, Қалпыңнан асқан жоқсың артығырақ».
69 «Қарашы, енді қандай болдым?» - деді, - Міне, мен жаңа әбден толдым», - деді. Жолдасы тағы қарап денесіне: «Қалпында қараң менен формың», - деді. Дүниеде мұнан күншіл кем-ді Бақа, Зорланды қарнын керіп енді Бақа. Шыдамай жұқа қарын керуіне, Жарылып сол арада өлді Бақа. Күнәсі күндегеннің жаман қатты, Күндеме біреуге Алла берген бақты. Өгізді күндеп, сондай боламын деп, Көлбақа онан қанша пайда тапты?! Әуелде Құдай өлшеп берген дене, Қаншама зорлағанмен артылмапты. Нақыл сөз «Әлін білмес әлек» деген Осындай әуре болған жаннан қапты. 3-тапсырма Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерге қандай мінез-құлықтарды жатқызасыз? Атап беріңіз. Ішінен біреуін алып, мысал өлең шығарыңыз. 4-тапсырма «Бағдаршам» Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету: Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым. Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды. Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті. 32-сабақ Эпиграмма 1-тапсырма «Атаулар туралы үш сұрақ» 1. Қайда? Бұл эпиграмма терминін сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз? 2. Қалай? Өз тәжірибеңізбен осы эпиграмманы қолданудың мысалдарын
70 келтіре аласыз ба? 3. Қандай? Осы сабақта бұл эпиграмма атауы қандай қолданыста болады деп ойлайсыз? Тілдік бағдар Эпиграмма (грек. epiqramma - қолтаңба) - белгілі бір адамды, затты, болмысқұбылысты әзіл тұрғысынан бағалайтын сатиралық поэзияның шағын жанры. Эпиграмма қысқа жазудың, белгілі ойды емеурінмен, тұспалмен түсіндіру құралы. Эпиграмма фактісі мен объектісіне қарай нақты және шартты; сынапмінеу, суреттеу дәрежесіне қарай сатиралық, юморлық және жағымды. белгілі бір адамды, затты, болмыс-құбылысты әзіл тұрғысынан бағалайтын сатиралық поэзияның шағын жанры. Эпиграмма жанры әр кезеңде де қазіргі оқиғаға, автордың көз алдында өтіп жатқан көріністерге арналады. Эпиграмманың тағы бір қасиеті - ол әрқашанда ақынмен замандас тірі адамға арналып жазылатындығы. Ертедегі қазақ айтыскер ақындарының көптеген айтыстарда, әсіресе, қыз бен жігіт, бәдік айтыстарында дөрекі әзілге бару, қарсыласын уытты сөздермен кекетіп-мұқату тәсілдері көп кездесетін. Сондай-ақ Эпигондар қысқа жазудың, белгілі ойды емеурінмен, тұспалмен түсіндіру құралы. Эпигондар фактісі мен нысанына қарай нақты және шартты; сынап-мінеу, суреттеу дәрежесіне қарай сатиралық, юморлық және жағымды Эпигондар болып бөлінеді. Ал қозғайтын тақырыбына қарай әдеби, саяси және тұрмыстық Эпигондарлар болып 3 топқа жіктеледі. Эпигондар алғаш ертедегі Грекияда сентенциялық қысқа өлең түрінде пайда болып, кейін элегия жанрымен бірікті де, элегиялық дистих деген атауға ие болды. https://adebiportal.kz/kz/genres/view/179 2-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, негізгі ақпарат, қосымша және детальді ақпараттарды табыңыз. Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат Детальді ақпарат Қазіргі қазақ поэзиясындағы эпиграмма жанры Ж.Әбдірашевтың есімімен тығыз байланысты. Себебі бұл жанрдың ұлттық әдебиетімізде жанр ретінде тамыр жаюына ақынның үлесі зор. Поэзияда қайталанбас даралығымен мойындалған ақынның эпиграмма жанрындағы шеберлігі де жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Біз мақалада ақынның стильдік ерекшеліктерін айқындау мақсатында назар аударатынымыз — ақын эпиграммаларының құрылымдық, мазмұндық, тілдік ерекшеліктері. Ж.Әбдірашев эпиграммалары «Әзілің жарасса» деген атпен жарық көрді. Кейіннен 2001 жылы шыққан «Құлпытас» жинағына енді. Жинақтың
71 құрылымдық сипатының өзі жүйелі түрде түзілген. Әдеби қауымдағы алдыңғы буын, кейінгі буын өкілдерінің мінезі мен болмысын, әрқайсысының ерекшелігін қалтықсыз аңғарып, қапысыз бейнелеген ақын эпиграммалары жанрдың барлық талаптарына жауап берумен бірге, тілдік құнары, көркемдігі, өткірлігі жағынан 70–80-жылдар поэзиясындағы үлкен жетістікті, ұлттық поэзиямыздың зор мүмкіндіктерін танытады. Әрине, бұл жанрдағы туындыларынан ұлттық сипат та айқын көрінеді. Ең әуелі ақын өзі сөз арнайтын адамның жас ерешеліктерін ескереді. Осыған орай эпиграммаларын «Әкелерге — наз», «Ағаларға — уәж», «Он жас — о да құрдас», «Бес жас — бел құрдас», «Құлын-тайдай тебіскен» деп жүйелеген. Бұл эпиграммалар, ақын өзі айтқандай, «автордың әдебиетшілермен көп жыл қоян-қолтық араласуының, олардың қаламгерлік те, қарапайым пенделік те мінез-құлықтарын қаламдас һәм замандас көзімен байқап-бақылауының, оны, «аялда, тоқта, қас-қағым» деп Гете айтқандай, қалт жібермей қағазға түсіруге талпыныс жасауының жемісі» Ақын эпиграммаларында қаламдастар болмысы мен мінезі кейде уытты әзіл, кейде ащылау сықақ арқылы өрнектеледі. Жарасқан Әбдірашев қазақ әдебиетінде эпиграмма жанрын тың өріске шығарып, жаңа биіктерге көтерген ақын. Бұл туралы Қалтай Мұхамеджанов былай дейді: «Жарасқанда ақындардың көпшілігіне біте бермейтін тағы бір қасиеті бар. Ол сатира жанрында да қаламын еркін сілтейді. Әр эпиграммасында ақын алып отырған объектісінің өмірдегі орнын, мінез- құлқын дәлме-дәл көрсетіп, керемет минипортрет, миниобраздар жасайды. Бұл — көрінген ақынның маңдайына жазыла бермейтін байлық» 1989 жылы Жарасқан Әбдірашевтің қазақ әдебиетінде тұңғыш «Әзілің жарасса» деп аталатын кітабы жарық көрді. Бұл жинақты шығаруда Жарасқан Әбдірашевтің көп еңбектенгені байқалады. Ең алдымен, оның өз ортасына, бірге жүрген үлкен-кіші, құрбы-құрдас қаламгерлеріне байыппен, сыни көзбен қарайтыны, олардың әрқайсысының бітім-пішімін, пендешілік әдет-дағдысын аңғара жүретіні байқалады. Соның нәтижесінде ол көптеген ақын, жазушылардың игі істері мен ізгі мінездерін тап басып түсірген. Қалам иелерінің шығармашылықтарындағы, мінез-құлықтарындағы кейбір ерекшеліктерді де дөп басып, көрсете білген тұстары баршылық . 3-тапсырма Төмендегі эпиграмманы оқып, не туралы айтылғанын түсіндіріңіз. Өзіңіз қалаған тақырыпта эпиграмма жазып көріңіз. Ғ.Мұстафинге Дейсіз ғой: Қыстау-жайлау-Қарғалыда, Өкінбен оған көшіп бараныма.
72 Сөз тергендер суысып алыстады, Көз көргендер ілінер қармағыма. 4-тапсырма «Диаманта» тәсілі бойынша өлең құрастырыңыз. 1,7 – жолдары – антоним-зат есімдер; 2 – бірінші зат есімге екі сын есім; 3 – бірінші зат есімге үш етістік; 4 – зат есімді екі сөз тіркесі; 5 – екінші зат есімге үш етістік; 6 – екінші зат есімге екі сын есім; 33-сабақ Пародия Тілдік бағдар Пародия – гректің para (против - қарсы) , edo (песня – өлең) деген сөздерінің біріккен, кіріккен түрі, яғни, қарсы өлең, өлеңге қарсы өлең деген сөз. Бұған қарап, пародия поэзия түрінде ғана жазылады екен деп ұғынуға болмайды. Кең мағынасында ол шығармаға қарсы жазылған шығарма деген ұғымды білдіреді. Демек, пародия проза түрінде де жазыла береді. Пародия, негізінен, белгілі бір автордың немесе бүтіндей бір әдеби ағымның сәтсіздіктері мен жеке туындыларының мінін іліп - шалып, келемеждеу үшін жазылады. Пародия сын объектісіне, мақсатына қарай екі түрлі – юморлық, сатиралық болып келеді. Юморлық пародиялар белгілі бір тұлғалардың шығармашылығындағы ағат пікір, әлсіз жайларды аңғарту, олардың шығармашылық ерекшелігін ашып, стилін қалыптастыру мақсатымен, игі ниетпен жазылады. Ал сатиралық пародиялар идеялық жағынан жау әдебиет өкілдеріне туралы жазылады. https://stud-kz.translate.goog/referat/show/ 1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңдаңыз. 2-тапсырма Оралхан Дәуіттің Олжас Сыдықбековпен сұхбатынан пародистің алғашқы өнер жолындағы қадамы жайында не білдіңіз? Пародист болу үшін, не қажет де ойлайсыз? 3-тапсырма
73 Мәтінді мұқият оқыңыз. Автордың айтайын деген ойын, көтерген мәселесін талдаңыз. Пародияның басты ерекшелігі неде? Пародияның басқа сын жанрларынан артықшылық жағы – онда өнер жарыстырудың барлығы. Әдетте ақын-жазушылардың сыншыларға айта беретін «біреуге ақыл айтпақ түгілі, алдымен, өзің осындай шығарма жазып ал» қарсы уәжі бұл жерде іске аспай қалады. Өйткені, сыншы пародияда ғана сынап қоймайды, қалай жазудың үлгісін де көрсетеді. Пародияда сыналып отырған шығарма «қисық айнаға» түскендей, кемшілігі күлкі тудырып келемежделеді. Сынға ұшырап отырған әдеби туындының тілдік, стильдік, идеялық ерекшеліктерін мазмұны мен түрін, жалпы көркемдік болмысын оқырманға сол күйінде жеткізе білуде пародияның басқа сын жанрларына қарағанда бейнелілік, әсерлілік жағынан көп артықшылығы бар. Пародияны оқыған оқырман белгілі бір әдеби кемшілік туралы сыни пікір білумен бірге эстетикалық тұшыным татуы оның басты ерекшелігінен саналады. https://massaget.kz/qaarc/qa/18970/ 4-тапсырма «Еркін жазу» әдісі бойынша сабақ барысында қарастырылған жаңа ақпарат жайында, одан алған әсеріңіз, не үйренгеніңіз, нені әлі де біле түсу керек екендігі т.б. туралы өз пікіріңізді қағаз бетіне түсіріңіз. 34-сабақ Шарж 1-тапсырма Суреттерге зер салыңыз. Бұл суреттердің бүгінгі тақырыпқа қандай қатысы бар деп ойлайсыз? Шарж термині жайында не білесіз? Бұл сөз сізге таныс па?
74 Тілдік бағдар Шарж –сатираның бір түрі. Шарж француз тілінде әсерлеу деген ұғымды білдіреді. Ол екі элементтен – сурет пен мәтіннен тұрады. Шарж суреті орындалу жағынан карикатураға жақын. Ол да композициялық құрылысы жағынан карикатураға ұқсайды. Ол да әсерлеу, бұрмалау, гипербола... элементтері болады. Ал мәні, мақсаты жағынан шарж карикатураға мүлдем ұқсамаса керек. Достық шарж суретінде кейіпкерлер бейнесі тым бұрмаланбайды. Бет-әлпетін аса өзгертпей, сол қалпында сақтап, басқа дене мүшелерін ғана сәл оғаштау етеді. Шарждың екінші элементі – мәтінге де биік талап қойылуында. Ол да ойнақы, үйірімді, айқын идеялы етіп жазылуы тиіс. Бірде ол эпиграмма түрінде, енді бірде мақал-мәтел, қанатты пікір және бірде әдемі әзілді жолдар болып келе береді. https://stud-kz.translate.goog/referat/show/ 2-тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтінде кім туралы айтылған? Шарж саласын меңгерген жанның бойында қандай қасиеттер болуы керек? Суретші Жеңіс Кәкенұлы Еркін Нұразханның «Шарж шеруіне» енген екі жүз елуге тарта танымал туындыларын кітап етіп қалыптауына елеулі үлес қосқан азамат. Ол Еркін ағамен сонау сексенінші жылдары «Балдырған» мен «Ақжелкен» журналдарында бірге қызмет істеген екен. «Кітапты дайындау барысында Еркін ағаның ойын, мінез-құлқын, болмысын біле түстім. Оның бағыты – шарж саласы. Бұл біріншіден, міндетті түрде күлкі шақыру керек. Екіншіден, автор бойында әрбір адам байқай бермейтін аңғарымпаздық қасиеті ерекше басым болу керек. Осы екеуін де ұштастыра білген. Оған қоса, карикатура мен шарждың арасында өте бір нәзік шекара бар. Карикатура улы сарказм, қорлау мен мазаққа негізделген. Ал, шарж тек қана бәрі байқай бермейтін адамның қылықтарын күлкілі етіп бейнелеу. Осыны түсініп, бұл заңдылықты сақтап жүрген де Еркін аға. Жалпы, қазақ халқы бір-бірін қағытып, әзілдеп күлгенді ұнатады. Ал бүгінгі тынымсыз тіршілікте қалжыңдасу мен әзілдесудің өзі азайып бара жатқан секілді. Осы тұрғыдан алсақ бұл суреттер қазақтың сол дәстүрін жаңғыртуға үлес қосады.
75 Ерекше алғысымызды кітапты басып шығарған «Фолиант» баспасына білдіреміз», – деді Жеңіс Кәкенұлы. 3-тапсырма Еркін Нұразханның шарж еңбектерін қараңыз. Суреттерден кімдерді таныдыңыз? Танымал тұлғалар жайында айтып беріңіз. Ғаламтордан шаржда суреттелген танымал тұлғалар жайында ақпарат жинақтап, шағын мәтін жазыңыз. 4-тапсырма 35-сабақ Тест сынағы 1. «Жанр» ұғымы қай елдің сөзінен шыққан? а) француз ә) ағылшын б) орыс 2.Қазақ баспасөзінің тарихы қай ғасырдан басталады? а) ХVIII ғ ә) XIX ғ б) XXғ 3.Баспасөз жанрлары тобына қайсысы жатады? а) талдамалы ә) насихаттық б) тарихи
76 4.Ақпараттық жанрға жататын түрі? а) рецензия ә) корреспонденция б) есеп 5. Есептің түрлері а) тура есеп ә) кеңейтілген есеп б) нақты есеп 6.Сұхбат дегеніміз не? а) әңгімелесу, пікір ә) оқиғаны баяндау б) мәселені зерттеу 7. Талдамалы жанр түрі. а) хабар ә) рецензия б) заметка 8.Мақаланың түрлері нешеге бөлінеді? а) 3 ә) 4 б) 5 9.Проблемалық Мақала: а) шешуді, тексеруді, зерттеуді қажет ететін теориялық және практикалық мәселелерді көтереді; ә) ғылым, техника, өнер жаңалықтары заман талабына сай бүгінгі өмірдің практикалық міндеттерімен байланыстырып отырады; б) қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды. 10. Эссенің түрлеріне қайсысы жатады? а) аргументті эссе ә) насихаттық б) ақпараттық 11. Салыстырмалы эссенің ерекшелігі неде? а) Пікірді, көзқарасты растайтын, қолдайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдер келтіріліп, аргументтермен түйінделіп отырады. ә) Бірнеше мәселе талқыланып, олардың арақатынасын ажыратып жазу көзделеді. б) Детальдар арқылы жер, зат, адам бейнесіне сипаттама беріледі. 12. Пародия қандай мағынаны білдіреді? а) пародия – гректің сөзі, «қарсы өлең» деген мағынаны береді. ә) француз тілінде «әсерлеу» деген ұғымды білдіреді. б) гректің сөзі, «қолтаңба» деген мағынаны білдіреді. 13. Эпиграмма дегеніміз не? а) шағын көлемді, публицистикалық үнді, әсерлі тілді, сын-сықаққа бай, күлкілі жайлары бар әдеби көркем шығарма ә) белгілі бір құбылыстарды, беделді саяси және мәдени қайраткерлерді әшкерелеуге арналған өткір сатиралық шығарма б) белгілі бір адамды, затты, болмыс-құбылысты әзіл тұрғысынан бағалайтын сатиралық поэзияның шағын жанры 14. Қозғайтын тақырыбына қарай эпиграмманың түрі а) шартты ә) нақты б) тұрмыстық 15. Қазақ баспасөз жанрының дамуына ықпал еткен алғашқы газеттердің бірі қалай аталады? а) «Орталық Қазақстан» газеті ә) «Түркістан уалаятының» газеті б) «Қазақ» газеті
77 16. Мақала қайда жарияланады? А) радиода В) теледидарда С) газет-журнал бетінде 17. Мақаланың түрлері нешеу? А) 2 В) 3 С) 4 18.Репортаж қай елдің сөзі? А) латын В) грек С) ағылшын 19. Ұлттық идеология дегеніміз: а) ұлттық үстемдікті негіздейтін ғылыми жүйе. ә) әрбір ұлттың өзіндік игіліктері туралы ілім. б) халықтың экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ақпараттық кеңістікте өмір сүруінің жарасымды идеялық жүйесі. 20. Бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа түрі А) газет В) журнал С) теледидар 36-сабақ Жылдық қайталау 1-тапсырма Берілген тақырыптардың біріне эссе жазыңыз. Эсседе көтерілген ғаламдық тақырыптарға жаңаша көзқараспен сыни тұрғыдан баға беріңіз 1. Сенің болашақ мамандығыңның адам өмірін сақтаудағы маңызы қандай деп ойлайсың? 2. Ұлттық индустрияны өркендетуге қандай үлес қоса аласың? 3. «Адамзат баласы құндылыққа мүдделі әрі мұқтаж» тұжырымына қатысты кӛзқарасың қандай? 4. Өзің өмір сүріп жатқан ортада ғаламдық проблемаға айналған мәселелер бар ма? 5. Әлемдік жаһандану мен «Рухани жаңғыру» идеясындағы өзара үйлесімділік. Дескриптор Білім алушы - көтерілген мәселенің жаңашылдығына пікір білдіреді; - мысал келтіріп, мәселені талдайды; - мәселенің өміршеңдігін қазіргі өмірмен байланыстырады; - ғаламдық өзекті тақырыптармен байланыстырады; - мәселеге сыни тұрғыдан баға береді.