ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ АТЫРАУ2022 Қ@З@ҚШ@ С@ЙР@ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚІТАПХАНАСЫНАН ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Бірінші том / Том первый ИЗ ЭЛЕКТРОННОЙ БИБЛИОТЕКИ ПРОГРАММЫ Қ@З@ҚШ@ С@ЙР@ АТЫРАУ2022 12
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Бұл кітап қазақ ертегілерінің екі тілді жинақтарының 1ші томы. Екі тілде құрастырылған кітап оқырмандардың қазақ және орыс тілдерін салыстырмалы түрде үйренуіне көмектеседі. Сондайақ бұл туынды әдебиет, тілтану, пәндерге қосымша оқу құралы болып табылады. Сонымен бірге кітаптың жастар тәрбиесінде маңызы жоғары: олардың патриоттықотансүйгіштік рухын оятуға, дамуына қызмет етеді. Кітап үлгісі электрондық оқулықтарды пайдаланушылар арасында бүкіл әлемде кеңінен таралған iPad және Android тұғырнамаларымен біріктірілген, яғни олар электрондық әдебиеттің барлық дерлік ридерлер типін тұтынушыларға қолжетімді етуге мүмкіндік жасайды. Аталған кітап тізбектеу арқылы жалпы қолжетімді әдеби серверлерде, танымал ақпараттық және әлеуметтік желілерде таратылады. Оқулықты жүктеп алу тегін. Аталған кітап Академик З.Қабдолов атындағы қордың «Қ@З@ҚШ@ С@ЙР@2022» жобасы бойынша «Теңізшевройл» ЖШСнің қаржылай демеушілігі негізінде шығарылған. Ол қазақ тілін үйренуге ынталы көпшілік оқырманға арналған. Редакциялық коллегия: М.М. Әуезов, Бекет Қарашин. Аудармашы, бас редактор және корректор – Бекет Қарашин. Суретші және дизайнер Мария Кель. Беттеу Аждар Улдуз. Данная книга представляет собой 1 том сборников казахских сказок на 2х языках. Двуязычное произведение составлено так, чтобы читатели могли сравнительным способом изучать одновременно и казахский, и русский языки. Издание является также дополнительным учебным пособием по языкознанию и литературе. Она также несёт огромный воспитательный заряд для молодёжи, её формирования и развития в духе патриотизма, любви к Родине. Формат книги совмещается с наиболее распространенными среди пользователей электронных книг во всём мире платформами iPad и Android, что делает ее доступной пользователям практически всех типов ридеров электронной литературы. Книга распространяется посредством выкладки на общедоступных литературных серверах, в популярных информационных и социальных сетях. Скачивание бесплатное. Книга издана на спонсорские средства ТОО ТШО по проекту фонда имени академика Зейноллы Кабдолова «Қ@З@ҚШ@ С@ЙР@ 2022». Она предназначена для широкого круга читателей, изучающих казахский язык. Редакционная коллегия: М.М. Ауэзов, Б. Карашин. Переводчик, главный редактор и корректор – Бекет Карашин. Художник и дизайнер Мария Кель. Верстка Аждар Улдуз. 34
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Түлкі мен жолбарыс Бұрынғы уақытта түлкі мен жолбарыс жолдас болыпты. Екеуі бір жардың басына келіп қоныпты. Жолбарыс айтыпты: – Мен мына жардан құлап кетермін, сен түлкі, менен төмен жат, – депті. Сөйтіп, түлкі жолбарыстың аяқ жағына жатыпты. Жолбарыс ұйықтап қалғанда, түлкі жолбарыстың үстіңгі жағына шығып жатып: – Әй, жолбарыс, мені басып кеттің, арырақ жат! – депті. Жолбарыс жылжи бере, жардан құлап кетіпті. Құлап барып, өліп қалыпты. Лиса и тигр В прежние времена лиса и тигр были друзьями. Както они остановились на ночлег у обрыва. Тигр говорит: — Я могу упасть с обрыва. Ты, лиса, ложись ниже меня. Легла лиса ниже тигра. Тигр крепко заснул. А лиса встала, перебралась на другую сторону и сказала: — Эй, тигр! Ты задавишь меня, подвинься немного! Подвинулся тигр, да и упал с обрыва. 56
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Түлкі мен тауық Бір түлкі жортақтап тамақ іздеп келе жатып, биік ағаш басында тұрған тауықты көреді де бұл тауықты алдап қапқаныма түсірейін деп ойлайды. Түлкі: – Тауығым, неге отырсың биікте? Жерге түс, тілімді алсаң, дос болайық, осы жерде намаз оқып алайық, ойнапкүлейік, – дейді. Тауық: – Рас айтасың, түлкім, бесін намазының мезгілі болып қалды, анау жерде имам жатыр, оята ғой, – дейді. Түлкі қуанып кетіп, биіктегі тауықты жей алмасам да жердегі тауықты жеймін ғой, – деп жүгіріп барса, бір тазы ұйықтап жатыр екен, тұра түлкіні қуады. Түлкі қаша жөнеледі, тауық оны намазға шақырады: «Байтал түгіл бас қайғы». Тазы түлкіні қуып жетіп, алқымынан алады. «Біреуге ор қазба, өз басыңа келер» деген. Япырмай, тауық қандай, түлкі қандай, түлкіні тауық па еді алдағандай. Лиса и курица Шла както Лиса, видит: сидит на дереве Курица. Вот, думает, полакомлюсь курятинкой. Подошла кумушка к дереву и ласково так говорит: — Курочка, цыпцып! Что ты забралась так высоко? Хочешь, будем друзьями. Спустись на землю — намаз прочтем, поиграем. Курица: — И правда, Лисонька: подходит время намаза. Вон там лежит имам, пойди разбуди его. Обрадовалась Лиса, побежала, куда указала ей Курица. Там лежала Собака. Увидела Собака Лисицу и погналась за ней. А Курица с дерева: — Лисонька, куда же ты? Время молитвы пройдет, мы же договорились подружиться. Но Лиса не слышала Курицы, она думала о своем животе. Говорят, этот случай послужил основанием для пословицы: «Не рой другому яму — сам в нее попадешь». 78
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Түлкі мен құмыра Бір әйел далаға егін ора келіп, құмырасын сүтімен шөптің арасына тығып қояды, бұны түлкі көреді де жасырынып келіп, құмыраның ішіне басын тығып, сүтті ішіп қояды. Енді түлкі құмырадан басын шығара алмай әлек болады. Түлкі: – Әу, құмыра! Біраз ойнадың жетер, жібер менің басымды – дейді. Қалай жұлқынса да басын шығара алмады. Түлкі ашуланып, қап , бәлем, тұра тұр, жақсылықпен қалмасаң, сені суға батырармын деп жүгіріп келіп, өзенге құмырамен өзі де бірге батып кетіпті. Лиса и кувшин Пришла одна женщина в поле жать, а кувшин с молоком запрятала в траву. Это заметила Лиса. Она проползла к кувшину, просунула в него голову и вылакала все молоко. Стала голову вытаскивать — никак. Выбилась Лиса из сил. — Ну, кувшин! — взмолилась она. — Побаловался немного и хватит, отпусти мою голову! Но кувшин не отпускал ее. — Ну постой же, если ты не отстанешь похорошему, так я утоплю тебя в реке! Прибежала Лиса к реке, опустила в воду кувшин и сама вместе с ним пошла ко дну. 910
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Түлкі мен қырғауыл Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де, жақындап келіп: – Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халың қалай? – дейді. \Қырғауыл: – Жақсы, өзің қалай тұрасың? – дейді. Түлкі: – Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді. Қырғауыл: – Жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, – дейді. Түлкі: – Әй, достым, биылғы заман бұрынғы заман емес, жаңа ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, – дейді. Қырғауыл: – Жақсы хабарыңыз бар екен, рахмет, достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, есітсін, – дейді. Ит деген сөзді есіткен соң, түлкі алдыартына қарамастан қаша жөнеледі. Қырғауыл: – Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді. Түлкі: – Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, – дейді міңгірлеп. Лиса и фазан Бежала Лиса по лесу, увидела сидящего на дереве Фазана, подбежала к нему. — Здравствуй, дорогой Фазан, как живешь? —обратилась Лиса к Фазану. — Хорошо живу, а как твои дела, сестрица? — спросил Фазан. — Спустись на землю, а то я глуха на одно ухо, — сказала Лиса. — Боюсь спускаться на землю. Там много разных зверей, они могут меня съесть,— ответил Фазан. — Эх, дружище, сейчас времена уже не те. Только что я узнала: вышел приказ, чтобы никто друг другу не чинил вла. Овцы с волками должны жить в дружбе, а лисы должны дружить с курами,— поведала Лиса. — У тебя хорошие новости, спасибо, сестрица! Вон там бегут собаки, сообщи заодно и им эту новость! — сказал ей Фазан. Услышала Лиса слово «собаки» и рванулась без оглядки. — Куда бежишь, сестрица, разве ты забыла приказ?— закричал ей вслед Фазан. — Кто знает, быть может, они не слышали ничего об этом приказе,— буркнула Лиса и была такова. 1112
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Тапқыр қоян Бірде орманда аңдардың патшасы арыстан бәйге жариялапты. Ол бір қазан суды қайнаттырып: Осы суды кім ішіп қойса, көп сыйлық берем, деген шарт қойыпты. Көп сыйсияпаттан дәмеленіп, бақтарын сынап көргісі келген аңдар бірінен соң бірі келеді. Қанша өжеттенсе де, олардың қай қайсысының да қайнап тұрған суды ішуге батылдары бармапты. Ең соңында ойнақтай басып қоян келеді. Ол қыпқызыл шоқта тұрған қазанды көтеріп алады да: Суды ыстықтай ішуді жақсы көремін, деп жанжағына қарайды. Ендеше, ішеғой, дейді аңдар аңтаң қалып. Аңдардың бәрі қоянның не істейтінін көздерімен көруге асығады. Қоян ұзыннанұзақ қазқатар тізіліп тұрған аңдарды жағалай жүріп: Мінеки, достарым, мынау ыстық су. Көздеріңмен көріңдер, сенбестік танытып жүрмеңдер, деп басбасына көрсетіп шығады. Қоян аңдарды басынан аяғына дейін аралап шығып, бәріне бірдей көрсетем дегенше қазандағы су суып қалады. Ал қулығын асырған тапқыр қоян суып қалған суды басына бірақ көтеріп, сіміріп салады. Таңданған аңдар ауыздарын ашып, көздерін жұмады. Тіпті олар қоянға қызыға қарай бастайды. Алданған аң патшасы арыстан қоянға көп сыйлықтар беріпті. Міне, нағыз ер! – деп мақтапты. Сөйтіп, небір айлалы аңдардан асып түскен тапқыр қоян көп сыйлыққа ие болып, қуанышы қойнына сыймаған екен. Сметливый заяц Както раз созвал лев зверей, вскипятил в казане воду и объявил, что щедро наградит того, кто выпьет ее. Один за другим подходили звери, но выпить кипящую воду так никто из них и не решился. Заяц пришел последним, поднял казан, стоявший на раскаленных угольях, огляделся по сторонам и сказал: — Ох и нравится мне, когда вода горяча! — Тогда пей!— в нетерпении вскричали звери, удивленные поведением зайца и жаждавшие увидеть интересное зрелище. Заяц, медленно проходя мимо выстроившихся в ряд зверей, приговаривал: — Вот, друзья мои, горячая вода — взгляните своими глазами, чтобы потом не упрекать меня Пока заяц обошел всех, показывая всем горячую воду в казане, вода успела остыть. Только тогда сметливый заяц поднес казан к губам и выпил одним махом. Удивленные звери раскрыли рты рты и закрыли от страха глаза. А обманутый царь зверей щедро одарил зайца, и похвалил: — Смотрите, вот настоящий герой! Таким образом, заяц превзошел всех зверей в находчивости, получив много подарков, удалился радостный и счастливый. 1314
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ 1516
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Ақ тиын мен қасқыр Ақ тиын бұтақтанбұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып, оны жегісі келеді. Ақ тиын жалынып: – Мені жеме, жібер – дейді. – Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр уақытта шат болып жүресіңдер? – Мені жіберіңіз, сонан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп сөйлей алатын емеспін, – дейді. Қасқыр ақ тиынды босатады. Ақ тиын ағаш басына шығып алып: – Сен, қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады, сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз, сол үшін де әр уақытта шат болып жүреміз, – депті. Белка и волк Белка прыгала с ветки на ветку и упала на Волка, спящего под деревом. Волк схватил ее и хотел разодрать. Белка жалостливо: — Не убивай меня, !— взмолилась Белка. — Хорошо, отпущу, только ты мне расскажи: отчего вам все время бывает весело? — Отпусти меня сначала, я задыхаюсь,, мне трудно говорить, расскажу потом — заплакала Белка. Волк отпустил ее. Белка вмиг взобралась на дерево. — Ты, Волк, злодей. Злость жжет все твое нутро, поэтому ты всегда ходишь угрюмый. Мы никому не делаем зла и оттого всегда живем весело,— ответила Белка. 1718
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Арыстан мен тышқан Ерте ерте ертеде орман патшасы арыстан тоғайдың қалың беделінде ұйықтап жатады. Бір тышқан ойнақтап, үстінен жорғалап жүргенін сезіпті. Арыстан ұйқысынан ызаланып оянып, тышқанды ұстап алып, өлтірмекші болғанда тышқан жалбарынып: Тақсыр, мені өлтірмеңізші, бір жолға кешіре көріңіз. Бір күні мен де бір қызметіңізге жарармын, депті. Арыстан оның сөзіне күліп: Сен өзің кішкентай бір тышқансың, менің қандай қызметіме жарамақсың, деп жаны ашып, тышқанды қоя беріпті. Тышқан байғұс қуанып, «арыстан досым», деп, жүгіріп ойнап кете беріпті. Күндердің күнінде арыстан жортып ойнап жүріп, аңшылардың құрған тұзағына түсіп қалыпты. Шарқ ұрып тыпырлап, ақырыпбақырып жатса да тұзақтан құтыла алмапты. Сол жерден өтіп бара жатқан тышқан арыстанның бұл халін көріп, қасына келіп қарап тұрса, сонда арыстан тышқанға қарап: Лажың бар ма бұған қылар? – депті. Тышқан дереу тістерімен тұзақтың жіптерін кеміріп қиып кеп жіберіп, арыстанды тұзақтан құтқарыпты. Тышқан арыстанға: Мені кішкентайсың, деп мән бермеуші едің. Міне сені бір ажалдан алып қалдым, депті. Осылайша арыстан жасалған жақсылықтың қайтарымы болатынын жақсы түсініпті. Лев и мышь Давнымдавно, давным давно царь зверей Лев спал в густом лесу. Он почувствовал, что по нему ползает мышка. Лев разозлился и поймал мышь, хотел ее умертвить. Мышь взмолилась: Господин, не убивайте меня, простите на этот раз. Может быть, когданибудь, я стану полезной для вас. Лев, рассмеявшись над ее словами, молвил: Ты всего лишь малюсенькая мышка, в чем же ты мне пригодишься?! Но потом пожалел ее и отпустил. Бедная мышка, обрадовавшись, пропищала: «Лев мой друг!» и игриво убежала. Както лев, гуляя в поисках жертвы , попался в петлю охотников. Хоть он дергался, издавая громкий рев, но вырваться из нее не мог. А в это время пробегавшая мимо мышь увидела это и подбежала к месту события. Тогда лев, уставившись на мышь, проревел: Сможешь чтото с этим сделать?! Мышка быстробыстро перегрызла верёвку, освободила льва из западни. Мышь пропищала: — Помнишь, ты смеялся над тем, что я маленькая и беспомощная? Тогда лев хорошо понял, что добро возвращается. 1920
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Екі лақ Ақ лақ пен Қара лақ әрі жүгіреді, бері жүгіреді. Жанжағына алақжұлақ қарайды. Мына жағы қалың шілік, ана жағы қалың бау. Маңайда ешбір қойешкі көрінбейді. Сен Ақ лақсың, түк білмейтін ақымақсың. Мені әрліберлі сүйреп жүріп, ақыры адастырдың. Жаның барында қойды тауып бер! деп, Қара лақ Ақ лақты бүйірден бір түйіп кеп қалады. Қара лақ бір күн бұрын туған еді. Ол Ақ лақтың ағасы саналатын. Денесі шымыр, жұпжұмыр, мағдайында екі мүйізі бар. Өзі барып тұрған сотқар, желбас еді. Ақ лақты «бауырым екен» деп аямайтын. Қит етсе «Ақ лақсың ақымақсың» деп мазақтайтын. Ашуланса болды, мүйізімен бүйірден түйіп қалатын. Өзі және жалақор болатын. Бағана: «Бәә, бәә! Мына жердің шөбін қараа!» деп, қалың шіліктің ішіне бастап келген де өзі болатын. Енді адасқан соң, Ақ лақты жазғырып тұр: Ақ лақ ақымақ! Жаның барда түс дейім алға! деп, зекіреді Қара лақ тағы да. Ақ лақ әрі ойланады, бері ойланады. Жүргентұрған жерлерін еске алады. Ұзап кеткен қойды қалай табамыз. Кім біледі, ендігі тау асып, жайлауға жетіп те қалған шығар. Ал жайлауға барар жолды табу да оңай емес. Сонда да жол кесіп көрейін. Бірақ саған айтатын сөзім бар, ешкіммен егеспейсің, айтқанымды істейсің. Осыны орындамасаң, адасып өлеміз, дейді Ақ лақ. «Өлеміз» деген сөзді естігенде Қара лақ үрейі ұшып қорқып кетеді. Қанша тентек болғанмен, Ақ лақтың тілін алуға уәде береді. Ақ лақ жол бастап, алға түседі. Қалың шөпті олайбұлай жапырып жүріп отырады. Алдынан жыра кездессе секіріп өтеді, тас кездессе қарғып өтеді. Сөйтіп, екеуі бір кезде таудың етегіне ілінеді. Маңайда бір қара көрінбейді. Айнала жымжырт. Ойда жоқта алдарынан бір Түлкі шыға келеді. Два козленка Бегали по поляне два козленка: один Белый,другой — Черный. Посмотрели вокруг: с одной стороны — густой лес, с другой — густой бурьян. Кругом — ни коз, ни овец. — Ты Белый козленок, ты глупый беленок. Водил меня по лесу, и вот мы заблудились. Сейчас же найди нашу отару,— заплакал Черный козленок и боднул Белого в бок. Белый козленок вскрикнул от боли. Черный козленок старше Белого. На лбу у него рожки. Он большой шалун и забияка и не считается с тем, что Белый ему братец, чуть что — дразнит его: «Белый — глупый». А рассердится — боднет того в бок. Ведь он сам привел Белого сюда, сказав: — Бээ! Смотри, какая тут сладкая трава. — А теперь всю вину сваливает на брата. — Белый козленок, глупый козленок, иди сейчас же вперед,— приказал Черный Белому. Белый козленок долго вспоминал, где, по каким местам они ходили. — Найдем ли мы теперь отару. Кто знает, может быть, она уже перешла гору и сейчас пасется на жайляу? А нам не только жайляу — дорогу найти нелегко. Ну что ж, все равно придется идти. Пойду я впереди. Найду я дорогу. Но вот тебе два условия: ни с кем не будешь ссориться и будешь слушаться меня.Если не будешь выполнять эти условия, мы заблудимся и погибнем,— сказал Белый. Услышав слово «погибнем», испугался Черный козленок. Дал он слово во всем слушатьсяБелого.Белый козленок пошел вперед. Он раздвигал густую траву, очищал тропку. Встретится на пути арык — перепрыгнет, камень — перескочит. Так дошли козлята до подножия одной горы. Тишина. Никого не видно вокруг. Вдруг откуда ни возьмись — Лиса. Завиляла хитрая хвостом: 2122
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Түу, өзің бір аппақ қардай, әдемі лақ екенсің. Ағаң да әдемі. Шаршап қалған шығарсыңдар. Біздің үйге соғып, дәм татып кетіңдер. Менің де өздеріңдей екі балам бар, бірге ойнайсыңдар, дейді Түлкі. Ал өзі ішінен: «Ақ лақ кішкентай екен. Қапысын тауып, осыны жәукемдейін. Бірақ мұны көрген ағасы қорқып, қашып кетедіау!» деп ойлайды. Не айтатынын күні бұрын ойлап қойған Ақ лақ былай деп, тіл қатады: Түке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді касқыр күтіп отыр. Ол Қара лақ екеумізді қонаққа шақырып еді. Сізге еріп кеткенімізді көрсе, ашуланады ғой. Қасекеңнің кәрі қатты. Мүмкін өзіңіз де бізбен бірге жүрерсіз. Жарайды, ендеше. Жүре беріңдер, мен арттарыңнан барармын, дейді де, Түлкі бір қулық ойлайды. Бір кезде алдарынан тайыншадай көкжал Қаскыр кез бола кетеді. Ол аузын арандай ашып, бірден екі лаққа тап береді. Қасқырды көрген Түлкі сайға қарай зытады. Қарным ашып келе жатыр еді, мұндай жақсы болар ма! Мен қазір сендерді жеймін! дейді Қасқыр. Қасеке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді Арыстан күтіп отыр. Ол таудағы жортқан аң, ұшқан құс атаулыға патша болу үшін кеше осында келіпті. Ертеңгі асына екі бұзау, түскі асына екі лақ, кешкі асына екі қозы жейді екен. Сіздің мына қылығыңызды көрсе, ол бұлқанталқан боп ашуланып жүрер. Тіпті, өзіңізді жазым етер, дейді Ақ лақ. Бәә! Әй, Қасқыр! Мына Арыстанды қараа! Шақырып тұр, деп, бақырып қоя береді Қара лақ тыныш тұрмай. Қасқыр қатты сасқалақтайды, әрібері алақтап тұрады да: Бәлесінен аулақ. Бар, жандарыңның барында кетіңдер, түге! деп жөнімен жүре береді. Жүгірген бойымен екі лақ бір таудың басына шығады. Тауға шығып, айналаға қараса, тауды бөктерлей бір қора қой қаптап жайылып келеді, қойдың артында астында аты бар, қасында иті бар қойшы келеді. Қойды көргенде есі шығып қуанғаннан екі лақ «Бә... Бә» деп маңырап қоя береді. — Ах ты, какой беленький, какой красивенький, так и хочется проглотить тебя. И братец твоей миленький. Вы, наверно, устали. Идемте ко мне, отдохнете, подкрепитесь. У меня есть такие же миленькие два лисенка, поиграете с ними,— говорила Лиса. А сама думала про себя: «Беленький еще маленький. Надо сначала его съесть. Но братец его может увидеть это и убежать». Белый козленок уже заранее приготовился к ответу: — Лиса, вон на той вершине около черного камня нас ждет Волк. Мы идем к нему в гости. Если Волк узнает, что мы ушли с вами, рассердится. А злоба Волка всем известна. Если не верите, идемте с нами. — Ладно уж, идите,— сказала Лиса, а сама себе на уме. Когда козлята пошли дальше, Лиса последовала за ними. Много ли, мало ли шли козлята — вдруг перед ними вырос огромный, ростом с теленка, Волк. Лиса испугалась — только ее и видели. — Как хорошо, что мы встретились! Я так голоден!— обрадовался Волк. Взмолился Белый козленок. — Ваша милость, вон на той вершине у черной скалы нас ожидает Тигр, Он явился вчера, чтобыстать ханом всех птиц и зверей этих мест. На завтрак он съедает двух телят, на обед — двух козлят, на ужин — двух ягнят. Если он узнает о вашем поступке, то рассердится, и вам несдобровать. — Бээ! Эй, Волк, смотри, Тигр идет, смотри, он зовет нас,— вдруг закричал Черный козленок.Волк сразу утратил весь свой геройский вид, затрясся от страха и кинулся в густые заросли.— Подальше от беды! Уходите, пока живы! Убежали козлята. Достигли вершины горы и увидели у подножия старикачабана верхом на коне. Обрадовались козлята, наперегонки побежалик отаре и смешались с овцами и козами. 2324
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Шопан ата жол бастап, бұрын келген Ақ лақты жерден көтеріп алады. Мен сендерді ойданқырдан іздеп, таба алмай қойып едім. Өздерінің тауып келгенін қарашы. Жарайсың, Ақ лағым, жарайсың! Сені «Ақ лақ ақымақ» деп мазақтайтындардың өздері ақымақ! деп, Ақ лақты құшақтап бауырына қысады. Старикчабан, увидев прибежавшего первым Белого козленка, поднял его на руки: — Смотрика, сами явились! Молодцы. Молодец, Белый козленок! Теперь никто тебя не будет дразнить: «Белый козлик — глупый козлик».— И старикчабан крепко обнял Белого козленка 2526
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Өгіз Бір шал мен кемпірдің жалғыз сиыры болыпты. Сол сиырдың сүті олардың қорегі екен. Сондықтан сиырдың бұзауы сүтке жарымай, өліп кала беріпті. Жылдар өтеді, шалкемпір қартая түседі Ал бұзаулардың бұрынғыша өлуі тоқталмайды. – Қой, болмас, – дейді, бір күні шал кемпіріне, – бір жылға бір нәрсе етіп шыдармыз. Сиырды саумайақ койшы, бұзауы өссін. – Жарайды, – деп, кемпір де келісе кетеді. Үш күннен соң сиыр еркек бұзау туады. Бұған қуанған олар қанша тарыға тұрса да сиырды саумай, барлық сүтті бұзауға береді. Енесінің сүтін бір өзі еміп өскен бұзау үлкен өгіз болады. Келекеле ол өзінің семіздігіне мастанады. Оған мынандай ой келеді: «Осындай зор денемен сиырлардың арасында жайыламын. Жоқ, бұл лайықсыз, түйелерге қосылайын». Сөйтіп, ол түйелерге қосылады. Өзін ерекше зор сезініп жүрген ол барыншаақ түйе болуға тырысып бағады. Солардың жеген шөбін жейді, олармен шөлге кетіп, сортаң жалайды. Ақырында, шөлден қатып, іші ауырып, шыдай алмай: «Жылқыларға барайын, түйеден кішірек қой, азабы да жеңілірек болар», – деп ұйғарады. Сөйтіп, жылқыға қосылады. Бірақ бұл да жайлы тимейді. Солардың санатынан қалмай шауып жүремін деп титығы құриды. Бір күні қасқыр тиіп, жылқылар дүркірей қашады. Бұл ілесе алмай, айдалада қалады. Бақытына қарай, қыр астында сиырлар жайылып жүр екен. Өгіздің өкірген даусын есітіп, жолдасын мүйіздерімен қорғай жүріп, қасқырдан құтқарып алады. Өгіз қуанғаннан жылап жіберіпті. – Өз тобыңнан бөлінсең, көрер күнің осы екен, – депті, ол жасын сүртіп тұрып. Өгіздің бұл сөзі бұзауларға тәлім болыпты. Вол У старика и старухи была единственная корова. Они кормились молоком этой коровы. Поэтому телятам молока не хватало, и они умирали. Проходят годы, старик со старухой совсем состарились. А телята попрежнему гибнут. — Нет, так дело не пойдет,— говорит както старик старухе, один год какнибудь потерпим. Не доика ты корову, пусть у нее теленок вырастет. — Хорошо,— тут же согласилась старуха. Через три дня корова родила бычка. Обрадовались они этому. Как ни туго им приходилось, а корову не доили, все молоко отдавали теленку. Теленок один питался молоком матери и вырос в большого вола. Гордость ему голову вскружила, что он такой жирный. Пришла ему на ум такая мысль: «Стану я с таким огромным телом пастись среди коров! Нет, это мне не подходит. Пойдука лучше к верблюдам!» Так он присоединился к верблюдам. Считал себя особенным и вовсю старался походить на верблюдов. Ел ту траву, которую они ели, вместе с ними лизал в степи солончак. Наконец, измучившись от жажды и боли в животе, не вытерпел; «Пойдука я к лошадям! Они ведь меньше верблюдов, и мучения с ними полегче, наверное». Так он присоединился к лошадям. Но и здесь оказалось не легче. Скача и стараясь не отстать от них, он выбился из сил. Однажды напали волки, и лошади разом бросились бежать. Не сумел вол угнаться за ними и остался в степи. На его счастье, в низине паслись коровы. Услышали они вола, защитили товарища рогами и выручили от волков. Вол от радости расплакался. — Вот как бывает, оказывается, если отделишься от своего стада,— сказал он, вытирая слезы. Эти слова вола стали для телят уроком. 2728
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ 2930
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Қасқыр мен кісі Бір қасқыр тамақ іздеп жатып, құрулы тұрған қақпанға түсіп қалады. Олай жұлқынып, бұлай жұлқынып зорға құтылады. Қашып бара жатқан қасқырды аңшылар көріп артынан қуа жөнеледі. Қасқыр сасқалақтап бір егіншіге келіп жайын айтады: – Қайтсеңде мені жасыр, ұмытпаспын жақсылығыңды, мені қабыңа салып арқалап жүре бер, – дейді. Қасқыр жылап тұрған соң, егінші адам қабына салып алып, арқалап жүре береді. Кешікпей, аңшылар мылтық, қылышын жырқылдатып жетіп келеді. Кісіден сұрайды: – Қашып бара жатқан қасқыр көрмедің бе? – деп. Кісі: – Жаңа бір қасқыр анау шоқыдан қашып өтті, тезірек ұмтылыңдар, – дейді. Аңшылар асып кеткеннен кейін, егінші қаптың аузын шешіп, қасқырға жөніңе бар, маған да бір жақсылық етерсің дейді. Қасқыр қуанып секіріп шығып, егіншіге «мен сені жеймін, қарным ашты» – деп таптап береді. Егінші байғұс сасқалақтап: Ай, қасқыр, бұның қалай, мен сені өлімнен құтқарып алып қалып едім, жақсылыққа жамандық ете ме екен, олай болса төрлетейік қайсыміздікі жөн екен, дейді. Екеуі керісіп тұрғанда қаңғырып бір жағынан түлкі келеді. Бұлар түлкіге оқиғаны бастанаяқ айтып шығады. Түлкі: Жоқ, сөзді айтпаңыздар, менен басқа біреу естісе күліп жүрер, дорбаға үлкен қасқыр сыйды дегенге нанбаймын, барып тұрған өтірік дейді. Қасқыр мен кісі бұл рас деп керісіп болмайды. Түлкі қасқырға: Волк и человек Однажды волк, выискивая себе добычу, угодил в капкан. Он и так рвался, и эдак и наконец насилу выбрался. Увидев убегающего волка, вслед за ним бросились охотники. Растерявшийся волк прибежал к пахарю и говорит: — Спрячь меня куданибудь, а я не забуду добра! Положи меня в мешок, взвали на спину и неси! Пожалев плачущего волка, пахарь положил его в мешок, взвалил на спину и понес. Вскоре к нему подбежали охотники с ружьями. — Не видел ли ты убегавшего волка?— спросили они. — Только что один волк пробежал вон в ту сторону, догоняйте его скорее!— ответил пахарь. Когда охотники скрылись за перевалом, пахарь развязал мешок и сказал волку: — Ступай куда хочешь, а мне тоже когданибудь добром отплатишь! Волк обрадовался, выпрыгнул из мешка и, приготовившись броситься на человека, произнес: — Я очень голоден и сейчас съем тебя! Бедный пахарь растерялся. — Эй, волк, как же так? Ведь я тебя от смерти спас, разве за добро платят злом? Если так, давай спросим у когонибудь, кто из нас прав,— сказал он волку. Пока они спорили, к ним подошла бродившая поблизости лиса и они рассказали ей все как было от начала до конца. — Не говорите чепухи!— ответила им лиса.— Услышит еще ктонибудь, кроме меня,— засмеет! Ни за что не поверю, чтобы в этом мешке поместился такой большой волк, выдумки все это!!— Нет, это правда!— в один голос сказали волк и человек. 3132
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Қапқа кірмей сенбеймін, дейді. Қасқыр сендірмекші боп қапқа кіргенде, түлкі егіншіге байла қаптың аузын, енді қимылдамаймын кезің келді, қане, мен көрейін, күзді күні егінді қалай соғып жүрсің дейді. Егінші қүралын алып қасқырды ұра бастайды. Түлкі: Енді қаптың аузын аш, дейді. Қасекең алды артына қарамастан шыға жөнеледі. Артынан түлкі көптен бері істеген бір әділ төрем еді, деп сақсақ күліпті. Сөйтіп, егінші байғұс түлкінің айласымен ажалдан құтылыпты. — Пока не влезешь в мешок—не поверю! —сказала лиса волку. Едва волк влез в мешок, чтобы убедить лису, как она сказала пахарю: — Завязывай мешок, пришла тебе пора поразмяться. Нука, покажи мне, как ты осенью зерно молотишь? Пахарь взял в руки свое орудие и принялся лупить по волку. — А теперь развяжи мешок!—сказала ему лиса. Выбравшись, волк без оглядки кинулся прочь. — Давненько я не совершала такого правого дела!— хохотала вслед ему лиса. Так бедный пахарь благодаря смекалке хитрой лисы спасся от гибели. 3334
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Қасқыр мен түлкі Қасқыр мен түлкі келе жатып бір жартастың үстіне шығады, қасқыр бір қой жеп тойынып алған, түлкі аш. Түлкі жемеген, біраз қайғыланып тұрып, ішін тартады. Қасқыр: – Түлкімау, неге ішің тартасың? – дейді. Түлкі: – Бір нәрсеге қайран қалып тұрмын. Бұл жартасқа екі рет келдім. Сенің әкеңнің ерлігіне сондай сүйсіндім, осы жартастан әкең баяғыда секіріп еді, баласы әкесіндей секіре алады дейсіз бе, – дейді. Қасқыр оған сеніп «мені де сынап көрші, секірейін», – деп жартасқа үш келіп, үш рет қайтады. Түлкі сақылдап күледі. Қасқыр сұрайды: – Неге күлдің? – деп. Түлкі: – Атаңа тартқаныңа күлемін, дәл сен сияқты үш келіп, үш кетіп, төртіншіде секіріп еді, – дейді. Түлкіге сеніп, төртіншіде жартастан секіргенде қасқыр байғұстың құлап түсіп, белі сынады. Досының құлағанын көріп, түлкі артынан келіп, көтеншегін суырып алып, мырс етіп күледі. Қасқыр: – Неге күлдің, түлкім? – дейді. Түлкі: – О, ақымақ! Баяғыда әкеңді де мақтапмақтап секіртіп, көтеншегін суырып жепем, – дейді. Волк и лиса Шли Волк и Лиса и взобрались на скалу. Волк недавно съел овцу и был сыт, а Лиса была голодна. Позавидовала Лиса Волку и решила отомстить ему за то, что он сыт. Притворилась она веселой. — Чему ты радуешься?— спросил ее Волк. — Я вспомнила твоего отца. Второй раз прихожу я к этой скале. Первый раз я была здесь с твоим отцом. Он был такой отважный, что прыгнул со скалы. Но разве сын может прыгать, как отец,— усмехнулась хитрая Лиса. — Почему же это не могу? Попробуй, испытай и меня,— загордился Волк. Он так расхрабрился, что захотел прыгнуть, но трижды подбегал к краю скалы и каждый раз отбегал назад. Лиса расхохоталась. — Почему ты смеешься? — спросил Волк. — Ты весь удался в отца. Он также пытался трижды прыгнуть и только на четвертый раз осмелился,— ответила Лиса. Расхрабрился еще больше Волк и на четвертый раз прыгнул. Он упал и разбился. Подбежала к нему Лиса и, усмехнувшись, начала потрошить. — Разве это смешно, Лиса? — простонал Волк не в силах шевельнуться. — О глупец! Точно так же я расхвалила твоего отца, и когда он прыгнул, я выпотрошила его,— ответила Лиса. 3536
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ 3738
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Бөдене мен түлкі Бар екен, жоқ екен, баяғыда бөдене мен түлкі дос болған екен. Бір күні түлкі бөденеге айтады: – Досым, сен мені бір өлердей, күлдірші,– дейді. Бөдене: – Жарайды, соңыма ер, — дейді. Сөйтеді де, бөдене бытбылдық, бытбылдық деп, ұшып кете береді, түлкі оның соңынан еріп отырады. Әлдене уақытта бөдене бір ауылдың сыртына келіп қонып, түлкіге: – Досым сен осы жерде қарап отыр, мен сені қазір күлдірем,– дейді. Осылай деп, бөдене ұшып барып, сиыр сауып отырған бір әйелдің басына қонады. Мұны үйдің жанында ағаш шоқпар жонып отырған оның күйеуі көріп: – Қатын, басыңа бөдене қонды, қозғалма, оны мен ұрып алайын, – дейді. Дейді де, қолағашты алып, бөденеге жіберіп қалады. Бөдене ұшып кетеді. Әйел сулап қалады. Түлкі шексілесі қатып күледі. Түлкі әлдене уақытта күлкісін әрең тыйып: – Досым, ризамын, өлердей күлдірдің. Енді сен мені өлердей бір қорқытшы, – дейді. Бөдене: – Жарайды. Мен бытбылдық, бытбылдық деп ұшып отырам, сен көзіңді тарс жұмып, менің соңымнан еріп отыр. Қөзіңді мен аш дегенде ғана аш, – дейді. Осылай бөдене бытбылдықтап ұшып отырады, түлкі көзін жұмып, оның соңынан жортып отырады. Бір кезде бөдене түлкіге: – Көзіңді аш, – дейді. Түлкі көзін ашып жіберсе, төңірегі тола ит жүгіртіп, құс салған аңшы екен. Түлкінің жүрегі тас төбесіне шығады. – Өлді деген осы екен, — деп, ол бар пәрменімен қаша жөнеледі. Ит, құс соңына түсіп қуады. Түлкі бір уақытта қашып құтылып, бір бұтаның түбіне келіп, демалып отырады. Әлденеуақытта бөдене келеді. Оған түлкі ашуланып: Перепелка и лиса Было или не было, но когдато дружили перепелка с лисой. Както лиса молвила: — Подруга, рассмеши меня до смерти ! Перепелка говорит: Хорошо, следуй за мной. С этими словами она полетела, а лиса последовала за ней. Перепелка приземлилась возле какогото аула и говорит лисе: — Ты стой здесь и смотри, а я тебя сейчас рассмешу! Полетела она и села на голову старухи, которая доила корову. А старик сидел возле дома и строгал свою березовую дубину —шокпар. Увидел он перепелку и говорит старухе: — Сиди, не шевелись, я убью перепелку, которая сидит на твоей голове! Размахнулся, чтобы ударить перепелку, а перепелка улетела. Старуха свалилась навзничь. Увидела это лиса и от души посмеялась. После этого лиса сказала: — Дружище, я вдоволь насмеялась, а теперь испугай меня! Тогда перепелка говорит: — Хорошо, только ты зажмурь глаза. Я буду покрикивать, а ты следуй за мной по голосу!— и полетела впереди. Лиса следовала за ней по ее голосу. Через некоторое время она приказала лисе: — Открой глаза! Бедняга лиса увидела, что ее окружила свора собак вместе с охотниками. Сердце лисицы готово было разорваться. Вот какой, оказывается, смерть, подумала лиса и рванула прочь! Ловчие псы и птицы ринулись за ней. Избавивившись от погони, лиса прилегла у куста и еле отдышалась. К ней подлетает перепелка. Лиса, рассердившись, молвила: 3940
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ – Қорқыт дегенде осылай қорқыт деп пе, ем. Сен мені қорқытпақшы емес, өлтірмекші болған екенсің. Сен маған дос емес, қас екенсің. Мен сені жеймін деп, бөденеге дүрсе ұмтылады. Бөдене пыр етіп, ұшып кетеді. Түлкі оның құйрығың жулып алып қалады. Бөдененің құйрығы осыдан шолақ болған екен. Я тебя просила попугать, а ты меня чуть жизни не лишила. Ты, оказывается мне не друг, а враг. Я тебя съем! С этими словами она кинулась на перепелку, но птица, фыркнув, улетела. Лиса успела только оторвать ее хвост. И вот с тех пор хвост перепелку называют куцехвостой. 4142
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Қоянның зары Бір қоян жылап отырып сөйлейді: – Дүниеде мендей сорлы жоқ. Бәрі де менің соңымда – аңшы да, ит те, қасқыр да, түлкі де, қаршыға да, бадырақ көз жапалақ та, ақымақ қарға да менің балаларымды тасиды. Қорғанарға қаруым жоқ. Тиынша ағашқа шыға алмаймын. Тышқанша ін де қаза алмаймын. Тісім өткір, бірақ тістеуге батылым жетпейді. Қорқақтық болмаса, дүниеде жүгіруге де болар еді. Бір дыбыс есітсем құлағым тікірейіп, жүрегім лүпілдеп, шапшаң жүгіре бастаймын, мені тез қуып жете алмайды, құйрығымның қысқалығы да жақсы. Итке ұстауға болмайды. Бұлардан да пайда жоқ, бір жыл болмай мені ұстап өлтіреді. Терімді сойып алады, етімді жейді, сүйегімді итке тастайды. Өмір бойы қорқақтықтан құтыла алмадым! Осылай өмір сүргенше, өлген артық! Горе зайца Однажды Заяц жаловался на свою судьбу: «Нет на свете несчастней меня,— говорил он себе,— кто только за мной не охотится: и человек, и собака, и волк, и лиса, и ястреб, и пучеглазая сова, даже глупая ворона и та уносит моих детей. Нечем мне защищаться. Не могу я, как белка, прыгать по деревьям. Не могу, как мышь, вырыть себе нору. Зубы у меня острые, но укусить врага не хватает храбрости. Стоит раздаться шороху, а у меня уже сердце колотится от страха, и я бегу без оглядки. Правда, не так легко меня догнать, и то хорошо, что хвост у меня короткий: собака не схватится за него. Но все равно нет мне спасения, не пройдет и года, как меня поймают и убьют. Шкуру сдерут, мясо съедят, а кости выбросят собакам. Все время живу под страхом! Чем так жить, лучше умереть!» 4344
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Жалқау мысық Бір үйдің мысығы бейқам өмір сүріпті. Қарны тоқ болған соң, қимылдауға ерініпті. Жалқауланғаны сонша тіпті тұмсығының астынан жорғалап өтіп бара жатқан тышқанды ұстауға да құлқы соқпапты. Тышқан «Біздің маубас» деп, мазақтайтын болыпты. Бір күні қожасы екіүш қап бидайды үйіне кіргізіп қойып, өзі сыртқа шығып кетеді. Сол кезде қап толы астыққа тышқандар тұстұстан лап қойыпты. Көзді ашыпжұмғанша қаптың тасталқанын шығарыпты. Жылы жерде пырылдап ұйықтап жатқан мысық тынымсыз сытырлаған мазасыз тықырдан оянып кетеді. Сонда қаптың жібін бытырлата қырқып, дәнді күтірлете күйсеп жүрген тышқандарды көреді де ожырая қарап қойып, жата береді. – Ә, тамақ жеп жүрсіңдер ме? – дейді де қозғалмайды. Орнынан тұрып, тышқандарды қуып жіберуге ерінеді. – Әй, қойшы, жей берсін!.. Бір кезде үйге кіріп келген қожасы тесілген қапты, шашылып жатқан дәнді көреді де манаурап жатқан мысыққа жетіп барады. – Мен үйде сен бар ғой деп сеніп жүрсем, тіпті үйге кірген ұры тышқандарды да ұстай алмайды екенсің ғой. Сені несіне бағамын. Одан да тоғайға апарып тастап құтылайын, – деп, сақылдаған сары аязда тоғайға апарып тастапты. Ақ қарға оранған тоғай ішінде бүрісіп тұрған мысықты көрген сауысқан: – Жылы үйде жатып, дайын асқа семірдің. Тышқан аулауға да еріндің. Енді қайтер екенсің? Қане, мынау қар басқан тоғайдан тамақ тауып жей қойшы! – деп, сықылықтай күліпті. Ленивый кот Один домашний кот жил беспечно. Когда он был сыт, ему было лень двигаться. Он был настолько ленив, что даже не удосужился поймать мышь, ползущую под его носом. Мышь начала дразнить: «Наш лежебока». Однажды хозяин принес в дом два или три мешка пшеницы и ушел наружу. В этот момент мыши набросились на мешки. В мгновение ока они распотрошили их.. Кошка, спящая в теплом месте, просыпается от беспокойного писка. Потом он увидел, как мыши прогрызают мешковины и грызут зерно. Он посмотрел на них и продолжил также лежать. А, вы едите? сказал кот, но не двигался. Потом встал с места, но разогнать мышей поленился. – А, пускай едят! Тут в дом заходит хозяин и, увидев дырявые мешки и рассыпанные зерна, набрасывается на кота... Я думал, что раз ты в доме, то сумеешь разогнать пробравшихся в него воров, А ты, оказывается, даже мышней не умеешь ловить... Так, зачем же мне тебя кормить.. Лучше я отвезу тебя в лес и брошу там. Он так и сделал – отвез его в морозный лес. Сорока, увидев съежившегося от холода и покрытого снегом кота, протараторила: Лежал сытым в теплом доме. Ленился даже мышей ловить. А что теперь делать собираешься? Попробуй теперь в этом заснеженном лесу найти себе пропитание, расхохоталась сорока и улетела. 4546
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ 4748
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Түлкі, аю және қойшы Бір қойшы қой бағып жүрсе, бір түлкіні бір аю қуып келеді екен. Түлкі бір тамға кіреді. Аю да тамға кіремін дегенде тар тесігіне кеудесі сыйып, бөксесі сыймай қалады. Ал, түлкі болса, басқа бір тесігінен жылт етіп шығып, айналып, есікке жақындайды. Есіктен не әрі, не бері шыға алмай ілініп жатқан аюды түлкі әжуалап, күліп кетеді. Оны қойшы көріп тұрады. Аю әрең дегенде қайта шығып, жанжағына қарайды. Болған жайды бақылап тұрған қойшыны көреді. Қойшыға жақындап келіп, аю: Е, қойшы сен не көрдің? – деп ақырады. Қойшы қорқып кетіп: Ойбай, мен ештеңе көрген жоқпын деп жауап береді. Аю: Жарайды. «Көргеніңді айтсаң өлесің» дейді де кетіп қалады. Қойшы қойларын айдап ауылына қайтады. Ауылына келген соң кездескен адамдардың бәріне айтады. Ауылдағы балашаға оқиғаны өлең қылып күліп жүреді. Осы өсекті естіген аю, ыза болып қойшыны іздейді. Қой бағып жүрген қойшыны тауып алады. Ештеңе көрмедім, ешкімге айтпаймын деген уәдең қайда? Енді сөзіңде тұрмағаның үшін мен сені жеймін – деп ақырады. Қойшы жалынып: Маған үш күн рұқсат бер, үй – ішіммен, ағайынтуыспен қоштасайын деп сұрайды. Аю: Жарайды. Үш күнге рұқсат берейін деп кетіп қалады. Қойшы қоштаса бастайды. Қойшы екі күн үйішімен қоштасып, уәделескен күніне бір күн қалғанда далада істеген ісіне өкініп жылап отырады. Осы кезде қасына түлкі келеді. Лиса, медведь и пастух Пастух пасет овец, а за лисой гонится медведь. Лиса забегает в дом. Медведь тоже пытается войти в него, но втискивает только голову и грудь, а задняя часть застревает в узкой двери. Лисица же выпрыгивает из окна, оборачивается и подходит к двери. Она убегает, издевательски хохоча над медаведем, не могущим пробраться ни туда, ни сюда. Все это видит пастух. Еле выбравшись, медведь оглянулся по сторонам. Увидев пастуха, он подошел к нему и с ревом спросил: Ну, пастух, что ты видел? Пастух испугался и сказал: «О, я ничего не видел». Медведь: Ладно. «Если ты будешь рассказывать, что видел, ты умрешь», — сказал он и ушел. Пастух погнал овец обратно в аул. Когда он прибыл, то рассказал всем, кого встретил. Жители от мала до велика, сочинив песню об этом случае, пели ее, смясь. Услышав это, сердитый медведь ищет пастуха. Он находит его, пасущего овец. Где твои слова, что ничего не видел, где твое обещание не рассказывать об этом никому?! Сейчас я съем тебя за то, что ты не сдержал слово! проревел он. Пастух умоляюще: Дай мне три дня, дай мне проститься с родными и близкими. Медведь: Ладно. Дам тебе три дня. С тем и уходит Пастух начинает прощаться. Два дня прощается с семьей и близкими. За день до срока он, сожалея о своем поступке, обливался слезами. В этот момент к нему подошла лиса. 4950
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Түлкі: Е, қойшым неге жылап отырсың? Сенің кесіріңнен енді өлетін болдым, деп жауап береді. Түлкі: Е, үндеме саған көмектесейін. Аюдан құтылудың амалын табайын. Ал, енді маған ақылыма не бересің? – дейді. Қойшы: Қуанып кетеді де: Ойбай, не қаласаң соны берейін – дейді. Түлкі: Егер мен сені аюдан құтқарсам сен маған өзіңнің бір бүйрегіңді бересің бе? дейді. Қойшы қатты сасып, қипақтап, қиналып бірақ басқа амалы болмағандықтан. Мейлі берейін. – деп келіседі. Сонда түлкі қойшыға: Аулыңа барып, демал ертең уәделескен жерге кел де, аюды күт. Аю келгенде анау жерде шаңды бұрқыратып мен жүрейін. Аю сұрап: Анау неткен шаң? – деп сонда сен: «Ол ханның баласы әйелі аюдың жүрегіне жерік болып, соны іздеп жүр» де. Аю қорыққанынан қашып кетер – дейді. Екеуі уәделесіп екі жаққа тарасады. Келесі күні басы салбырап қойшы келе жатады. Аюда келеді. Екеуі кездесе бергенде, аю алыстан бұрқырап шығып жатқан шаңды көреді. Аю: Қойшым анау бұрқыраған не шаң? –деп сұрайды. Қойшы: Е, ол ханның баласы ғой. Әйелі аюдың жүрегіне жерік болып, соны шарқ ұрып іздеп жүр дейді. Аю қорқып кетеді де, қойшыны құшақтай алып: Ойбай, қойшым онда мен тезірек қашайын. Тек сен мені көргеніңді айтпа, деп қаша жөнеледі. Осы жайды алыстан бақылап тұрған түлкі, аю қаша жөнелісімен қойшының қасына жетіп келеді. Лиса: Что ты плачешь, пастух? «Я умру изза тебя», — говорит он. Лиса: Ну, давай я тебе помогу. Дай мне найти способ избавиться от медведя. А что ты дашь мне взамен? – спрашивает она. Пастух обрадованно: О, давай я дам тебе то, что ты хочешь. Лиса: Если я спасу тебя от медведя, ты отдашь мне одну из своих почек? Так как у него не было выбора, растеряный и испугавшийся пастух дает свое согласие. Тогда лиса сказала пастуху: Иди в свой аул, отдохни, а завтра приходи в условенное место и жди медведя. Когда придет медведь, я пойду туда и подниму пыль. Когда медведь спросит: Что это за пыль? Тогда скажешь: «Беременная жена ханского сына хочет съесть сердце медведя, и он ищет его». Тогда наверяка медведь убежит от страха. На этом они расходятся. На следующий день пастух, поникнув головой, идет к назначенному месту Медведь тоже подошел. И видит пыль, летящую издалека. Медведь: Что за пыль летит сюда, пастух? спросил он. Пастух: Ну, это сын хана. Его беременная жена хочет полакомиться сердцем медведя, поэтому ищет. Испуганный медведь обнимает пастуха: Чёрт побери, тогда я исчезну. Только ты не говори, что видел меня, говорит он и убегает. Наблюдавшая за ситуацией издалека лиса, как только медведь сбежал, подбегает к пастуху. 5152
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Түлкі қуланып қойшыға келіп: Қойшым, мен саған көмектестім. Енді сен уәдеңде тұр. Маған бір бүйрегіңді бересің. Қойшы қипақтап, жыламсырап, шапанының белбеуін шеше бастайды. Осы кезде үш күн бойы жөнді тамақ ішпеген, жөнді ұйықтай алмаған қойшының іші шұрылдайды. Бұл шұрылды естіп қалған түлкі құлағын тіге қойып, Түлкі: О, не қыңсылаған? – деп сұрайды. Сол кезде қойшы: Түнеу күні бір тазының күшігін жұтқан едім. Сол енді үлкен тазы болып, ішімнен шығайын деп, қыңсылап жатыр – дейді. Түлкі шошып кетіп: Ойбай, қойшым ендеше дос болайық! Тазы шығып кетпесін мен қашайын деп алдыартына қарамай қаша жөнеледі. Түлкіден қулық үйренген қойшы басына түскен ауыртпалықтан осылай құтылады. Қойшы қойларын айдап жайына кетеді. Лиса говорит пастуху с лукавством: Пастух, я тебе помогла. Теперь ты сдержишь свое обещание. Ты даешь мне почку. Пастух ухмыльнулся и стал расстегивать ремень своего халата. И тут у пастуха, не евшего от переживаий три дня, заурчал живот. Навострив уши, лиса услышала это урчание Когда лиса услышала этот шум, она спросила: О, в чем дело, что за скуление? Тогда пастух сказал: Я прошлой ночью проглотил щенка борзой собаки. Он теперь стал большим, скулит и хочешь вылезть наружу. Лисица испуганно: Ой, пастух, давай дружить! Пока борзая не вышла наружу, я дучше сбегу. С этими словами она пустилась наутек. Вот как пастух, который научился лукавству от лисы, избавился от своей тяжкой ноши. Пастух, погнав своих овецғ удалился восвояси. 5354
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ 5556
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Өгіз бен есек Бір күндерде өгіз бен есек жолдас болып, ауыл маңында бірге жайылып жүріпті. Бірде екеуі оңашарақ шығып кетеді де ағашы қалың бір бауға кіріпті. Баудың іші жайқалған шалғын екен, екеуі өлең шөпке сылқия тойып алыпты. Қарны тойған соң, енді есектің бақырып, көңіл ашқысы келеді. Соған ыңғай білдіргенде өгіз: – Сен ақырма, – дейді аузын басып. – Біз бұл бауға ұрланып кіріп тұрмыз ғой, дыбыс шығарма. Бұған көнгісі келмеген есек: Қарын тойған соң ақыру керек, тоғың басылады. Содан абзал не бар? – депті екіленіп. Өгіз: – Қой, қой!.. – десе, тыңдамапты. Одан әріге төзуге дәті жетпей, еліре ақырыпақырып жіберіпті. Есектің бау ішін жаңғыртқан ащы даусын естіген соң, бағбан келеді де өгіз бен есекті ұстап алады. – Есірген екенсіңдер, көрейін күштеріңді, – деп, есекті тас диірменге жегіп, көп машақатқа салыпты. Ал өгізді сойып, етін қақтап, сорпасуға қарық болыпты. Сөйтіп, есектің есерлігінен өгіз ажалға ұшырапты да есектің өзі ауыр азап шегіпті. Вол и осёл Однажды вол и осел подружились и паслись вместе возле аула. Однажды они вдвоем отдалились и забрели в бахчу. Там росли густые травы. Они наелись до отвала. Осёл наелся и захотел покричать от радости. Только собрался закричать, но вол замычал: — Не кричи, закрой пасть, мы тут воруем, а ты захотел шуметь, бурчал вол. Осёл не хотел поддаваться на это: После насыщения надо покричать, чтобы переварить пищу. Что тут такого? сказал он, колеблясь. Вол мычал: «Прекрати!». Осел не слушался. Не в силах больше терпеть, он начал орать. Услышав его пронзительный ор из бахчи, прибежал бахчевод и поймал и вола, и осла. — Обнаглели совсем, посмотрюка я на вашу силу, промолвил бахчевод и запряг осла к каменной мельнице, стал погоняя его, молоть муку. А вола зарезал, мясо его завялил, а затем варил и был доволен вкусным супом и мясом. Таким образом, вол нашел смерть от тупости осла, а сам осел подвергся страданиям. 5758
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ 5960
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Тышқан ит және мысық Ертеде ит, мысық және тышқан үшеуі дос болыпты. Сонда да ит пен мысық тышқанды онша жақтырмайды екен. Тышқан күнітүні тынбайтын еңбекқор болыпты. Ал ит пен мысық тапқанын жеп, жұмсақ шөп пен жылы жерде жатып алады. Бір күні ит қасындағы мысыққа: — Осы тышқанның жұмысы таусылмайды, тіпті. Күйбеңдейді де жүреді, – деп, қынжылады. Сонда мысық: — Өзіміз шолжиып жатып біреуді күндейміз. Осынымыз дұрыс па? – деп, итке жөнін айтады. Ит ұялып қалады да өзі де шаруа істемек болады. Содан былай қарай тышқанға көмектесіп жүреді. — Сен де қол ұшыңды бер, – дейді енді ит мысыққа. Оған мысық көнбейді. — Өздеріңақ істей салыңдар!.. Ит пен тышқан оған: — Жалқаулықты қой, бірге жұмыс істе, – дейді. — Әй, мен сендердің жұмыстарыңды күндеп жатқан жоқпын ғой. Неге тиісесіңдер, – деп, мысық ашуланады. Ит пен тышқан үндемей жүре береді. Мысыққа тамақ қалдырмай, өздері жейді. Аш мысық енді ит пен тышқанның тапқанын ұрлай бастайды. Мұны көріп қойған тышқан мысықтың ұрлығын итке айтады. Ит оңдырмай талайды. Содан бері ит пен мысық өш екен. Бірінбірі көрсе талап тастауға дайын тұрады. Ал тышқанға ыза болған мысық оны ұстап алып жей салады екен. Мышь собака и кошка В древние времена собака, кошка и мышь были друзьями. Тем не менее, собака и кошка не очень любили мышь. Мышь работала день и ночь. А собака и кошка ели то, что находили, и лежали на мягкой траве и теплом месте. Както собака сказала стоявшему рядом с ним коту: У этой мыши бесконечная работа, все крутится и вертится, сокрушалась она. Тогда кот сказал: Мы самито бездельничаем, а когото виним. Разве это правильно? – отвечает кошка.. Собака смутилась и захотела работать. С тех пор она стала помогает мышке. «Ты тоже помогай», — говорит собака кошке. Кошка не соглашается. Сами работайте! Собака и мышь говорят ей: Хватит лениться, работай с нами вместе. О, я не осуждаю вашу работу. Зачем вы пристаете, сердится кот. Собака и мышь молча удалились. Они едят, не оставляя еды для кошки. Голодный кот теперь начинает воровать то, что нашли собака и мышь. Мышь сообщает собаке, что кошка крадет у них. И та сильно покусала кота. С тех пор собака и кошка – враги. Когда они видят друг друга, готовы разодрать. А кот, разъяренный на мышь, ловит ее и съедает. 6162
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ 6364
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Тышқан мен мысық Мысық пен тышқан дос болыпты. Бір күні екі дос келе жатып, бір құмыра май тауып алыпты. Мысық білгірсініп: — Құмырадағы майды қыста жейік, – деп, шұңқыр қазып, көміп тастапты. Күндер өте береді. Қыс келеді. Аяз қысып, қарны ашып жатқан мысықтың есіне өзі көміп қойған құмырадағы май түсіпті. Енді мысық сылтауратып: — Тышқан, менің апам ұл тауыпты, соған той жасайды екен, мені шақырып кетті, – дейді де кетіп қалады. Сонан соң құмырадағы майдың төбесін ғана ойып жеп қайтады. Алдынан тышқан шығады. — Бөбектің атын кім қойдыңдар? – деп сұрайды. — Төбелше қойдық, – дейді мысық. Келесі күні мысықтың тағы да қарны ашады. Құмырадағы май есіне түседі. Тышқанға келіп: — Менің тағы бір апам ұл тауыпты, тойға шақыртыпты, барайын, – деп, кетіп қалған мысық майды орталай жеп алады. Тышқан тағы да алдынан шығады. — Е, бөбектің атын кім қойдыңдар? – деп сұрайды. — Белдемше қойдық, – дей салады мысық. Бірнеше күннен кейін мысықтың тағы да қарны ашып, құмырадағы майға бармақ болып, тышқанға келеді: — Менің тағы бір апам бар еді, сол ұл тапқан екен, шақыртыпты, – деп, кетіп қалады. Мысық құмырадағы майдың қалғанын жеп келе жатады. Алдынан тышқан шығады: — Е, бөбектің атын кім қойдыңдар? — Қалдықша қойдық, – дейді мысық. Мышь и кошка Кот и мышка стали друзьями. Однажды шли двое друзей и нашли горшок с маслом. Кот с умным видом прогоаорив: Давай масло в кувшине съедим зимой, вырыл яму и зарыл в ней кувшин. Шли дни. Наступила зима. Зажатый морозом, голодный кот, вспомнив о зарытом кувшине с маслом, лукаво замяукал: Мышка, моя старшая сестра родила сына, по этому поводу она хочет устроить праздник, меня пригласила. Сообщив это, ушла. Затем она, вырыв кувшин, съела верхнюю часть масла. На обратном пути ее встречает мышка. Кем вы назвали ребенка? спросила она. «Верхотунчик», — отвечает кошка. На следующий день кошка вновь проголодалась. Вспомнила о масле. Подходит к мышке: «У другой моей сестры тоже родился сын, меня пригласила на праздник, пойду я», — сказал кот. Удалившись, он снова вырыл кувшин и съел масло до половины. Мышь снова спрашивает: Ну и кем вы назвали малыша? – спросил он. «Серединчик», отвечает кот. Через несколько дней кошка снова проголодалась и, задумав снова добраться до масла, пришла к мышке и снова пропела ту же песню: «У третьей моей сестры тоже родился сын, меня пригласила на праздник, пойду я», — сказал кот. Кошка доела остатки масла в кувшине.. Перед ним появляется мышка: Ну, и как вы назвали малыша? спросил она. «Пустынчиком назвали», — отвечает кот. 6566
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Бір күні қысқы аяз қысады. Далаға шығуға дәттері шыдамайды. Тышқан мен мысықтың қарны ашады, ашыға бастайды. Сол кезде тышқанның есіне өздері тығып қойған құмырадағы май түсіп, мысыққа айтады. Мысық пен тышқан көмген майларына келсе, құмырадағы майдың жұғыны да қалмапты. Сонда тышқан: — Імм... білдім, білдім, – дейді ренжіп, – сен үш рет үйден шығып кетіп едің. Бірінші келгенде, төбесін жеп, Төбелше, екіншісінде ортасын жеп, Белдемше, үшіншісінде қалғанын жеп, Қалдықша дедің ғой, ә? – дейді. Өз қулығын тышқан біліп қойған соң, дойыр мысық ашуға булығып, тышқанды бас салып талайды. Тышқан бір тесікке кіріп кетіп әрең құтылады. Мысық пен тышқанның достығы сонымен біткен екен. Однажды приходят зимние морозы. Они не могут и носа высунуть наружу. Обе голодают. и начинает голодать. Тут мышь вспомнила о масле в кувшине, которое они спрятали, и мышка напомнила об этом кошке. Кошка и мышка откопали зарытый кувшин, но там ничего не оказалось и в помине. Тогда мышка говорит: Гм... Поняла теперь, поняла, сердито говорит она. Ты три раза выходила из дому. В первый раз ты съела верх, отсюда – «Верхотунчик», во второй ты съела середину, отсюда «Серединчик», в третий ты съела остальное, то есть Пустынчик. Не так ли? Когда мышь узнала о подвохе, кошка разозлилась и набросилась на нее. Но мышка успела юркнуть в нору и спастись. С тех пор закончилась дружба кошки и мышки. 6768
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Мысық пен қоян Жаз күнінде мысық пен қоян кез келіп, екеуі сөйлеседі. Қоян айтады: «Екеуіміз ажыраспайтын дос болалық», – депті. Сонда мысық айтады: «Олай болса, жақсы болды. Менің балаларымды сенің балаларыңның үстіне алып барайық», – дейді. Екеуі балаларын жөнелтіп, бірге жатып жүреді. Мысық балаларына күнде кекілік, қырғауыл тістеп әкеліп береді. Қоян шөпшар беріп, күн көріп жүріпті. Бір күні мысық бір құсты аңдаусызда қармап алып, тірідей ұясына алып келеді. Құсты ұшып кетпес үшін қанат, құйрығын қырқып, балаларына береді. Балалары арыбері жорғалатып ойнап, жемейді. Оны қоян көріп айтады: «Мысықжан, мынау жуас айуан екен, балалардың ішіне қосып қоя тұрып, менің балаларымның көзі ашылғанда, осындай қылып ойнатайық», – депті. Мысық досының тілін қимай, «мақұл» деп қосып қойыпты. Ертесіне екеуі далаға кетіпті. Құс екеуінің балаларын бәрін тойғанша жеп, қалғанын өлтіріп, кете беріпті. Мақал: «Бөрі баласы – ит болмас». Кот и кролик Встретились летом кот и кролик и завели разговор. Кролик говорит: «Давай будем неразлучными друзьями». Тогда кот говорит: «Ну, вот и хорошо. Давай приведем моих детей и присоединим их к твоим» Они соединяют своих детей и все живут вместе. Каждый день кот в зубах приносит своим котятам куропаток и фазанов. Кролик же кормил своих травой. Однажды кот поймал птицу и живой принес ее в свое гнездо. Чтобы птица не улетела, он откусывает ее крылья и хвост и отдает своим птенцам. Котята играют с ней, но не едят. Когда кролик увидел это, он сказал: «Дорогой кот, эта птичка безобидная. Давай присоединим ее к общим детям. Когда у моих детей прорежутся глазки, то они также будут играть с ней». Кот не стал возражать своему другу и ответил: «да». На следующий день они отошли от дома. Птица съела часть детенышей, пока не насытилась. Остальных же убила и улетела. Пословица: «Волчонок — не станет собакой». 6970
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ 7172
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Қу түлкі Жолбарыс бір Түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп: — Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін, – дейді. Жолбарыс Түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей: — Мүмкін емес, – дейді. — Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, – дейді Түлкі. — Жарайды, көрсек көрейік! – дейді Жолбарыс. Түлкі Жолбарыстың алдына түсіп, аяқтарын паңдана басып жүріп отырады. Жолбарысты көрген аңдар мен құстар зәресі ұшып, тымтырақай қашады, үңгір мен індеріне тығылады, құстар ұяларын тастай, аспанға ұшады. Сонда қу Түлкі тұмсығын онан сайын көтере түсіп: — Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма екен? – дейді. — Иә, сен шынында да айбарлы екенсің, – деп Жолбарыс жайына кетіпті. Хитрая лиса Тигр поймал лисицу. Лисица завиляла хвостом, подняла вверх нос и сказала: Ты меня не съешь! Я пришла в этот лес, чтобы править им, говорит она. Тигр недоверчиво посмотрел на лису и сказал: «Невозможно». Если не веришь мне, пойдем вместе со мной в лес. Сам увидишь, как меня все звери там боятся, говорит Лиса. Ну, посмотрим! говорит Тигр. Лиса пошла впереди Тигра, уверенно ступая своими ногами. Животные и птицы пугаются при виде тигра, убегают, прячутся в пещерах и гнездах, птицы покидают свои гнезда и улетают в небо. Тогда лиса годо задрала нос и сказала: Ну, теперь ты убедился! Есть ли ктонибудь, кто меня не боится? сказала лиса. Да, а ты смелая и грозная молвил тигр и удалился восвояси. 7374
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ 7576
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Түлкіні алдаған қаз Түлкі жайылып жүрген бір қазды ұстап алады. Оны біраз мазақтайын деп ойлайды. Қазды алдыңғы екі аяғымен басып тұрады да, мұртынан күліп: Е, қаз, сенің қолыңа мен түссем, не істер едің? – деп сұрайды. Қаз сәл ойланып тұрып: Сені тісіммен тістеп тұрып, екі аяғымды кеудеме қоямын да, көзімді жұмып «Құдай бергеніңе шүкір!» деп жеп қояр едім, дейді. Мынауың дұрыс екен. Мен де сені өзің айтқандай етіп дейін, дейді түлкі. Ол қазды тістеп, алдыңғы екі аяғын қусырып, көзін жұмып: Е, құдай! – дей бергенде, қаз қанатын қағыпқағып ұша жөнеледі. Түлкі аузын ашып, шоңқиып қала береді. Гусь, который обманул лису Лиса ловит пасущегося гуся. Она захотела поиздеваться над ним. Придавила его двумя передними ногами и, смеясь скозь усики: Что бы ты сделал, если бы я попала к тебе в руки? — спросила она Гуся. Гусь, подумав: я тебя, укусив зубами, обе передние ноги, скрестив у себя на груди, закрыв глаза стал бы молиться: «Слава тебе Господи, за твой дар!» А потом бы съел тебя. Вот это верно. Я так и сделаю, как ты говоришь, молвила лиса. Она укусила гуся, скрестила передние лапы, закрыла глаза и только начала молиться: «Слава тебе Господи...», как Гусь, взмахнув крыльями, улетел. Лисаосталась с открытым ртом. 7778
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Екі әтеш Ертеде бір кемпіршалдың құс дегенде, асырап отырған екі әтеші бар екен. Қолдарына түскен жемдерін соларға беріп, бағыпқағыпты. Күндердің бір күнінде кемпір құсына жем шашады. Қарындары ашқан әтештер дүрсе қоя береді. Әрқашан бірге жүрген досынан шұбар әтеш жемді қызғанып, шекесінен одырая қарайды. — Шіркін, мынаның бәрін жалғыз өзім жеп, тыңқия бір тойсамау, – дейді. Сөйтеді де, шұбар әтеш қасындағы сұр әтешті қайтақайта шоқып, жем жегізбейді, мазасын алады. Сұр әтеш бір рет елемегенсиді, екінші рет абайламаған болады. Тіпті қоймаған соң, ақырында ызаланып, ол да шұбар әтешті шоқып алады. Осыдан соң екі әтеш жүндері үрпиісіп, бірі мен бірі төбелесе кетеді. Екеуінің де үстібасы жұлымжұлым болады. Бұлар өстіп қызыл шеке болып жатқанда, көршінің шібилері келіп, жемді түгін қалдырмай жеп кетеді. Два петуха Жилибыли старик со старухой. У них было два петуха. Они кормили их всем, что попадалось на руки, и заботились о них. Однажды старушка кормила птиц. Голодные петухи набросились на корм. Хотя они всегда были вместе и дружили, но тут пятнистый петух стал жадничать и угрожающе смотреть свысока на своего напарника.. «Эх, вот бы я один съел весь этот корм», — сказал он. Сказав все это, пятнистый петух мешал питаться серому петуху, клюя не корм, а своего друга. Серый петух сначала не обращал на это внимания, потом подумал, что друг угомонится. Однако тот не переставал задираться. Серый петух разозлился и начал тоже клевать пянистого задиру.. После этого два петуха взъерошив свои перья, вступили в драку друг с другом. Клочья пуха и перьев полетели у обоих. Пока они раздирали друг друга, на их корм прибежали и слетелись соседские пернатые. Они ничего не оставили двум драчунам. 7980
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Түлкі мен ешкі Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді. Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті. Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, – депті түлкі. Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», – деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті. «Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты. Лиса и коза Во время бега лиса случайно упала в глубокую яму. Когда она не могла выбраться, мимо шла коза, искавшая воду. Она увидела упавшую в яму лису. Она спросила: Эй, отважная лисицаа, что ты там делаешь? О, зачем тебе знать, моя душа нашла тут блаженство. Снаружи я умирала от жажды и жары. А тут в яме и прохлада, и чистая родниковая вода, отвечает лиса. Когда коза услышала это, то подумала: «Давай я тоже остыну и попью воды» и прыгнула в яму. Тогда лиса, вскочив на козу, встала на ее рога и выскочив из ямы, подалась, куда глаза глядят. . Отсюда появилась поговорка: «Не ведись на ложь, у тебя будут неприятности». 8182
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Арыстан күшігін асыраған мысық Бір Мысық қаңғырып жүріп өліп жатқан арыстанға тап болады да оның жетім қалған күшігін бауырына басып, емізіп асырайды. Арыстан өсіп, азулы аң болады, өз тамағын өзі тауып жейтін халге жетеді. Бір күні ашыққан Арыстан өзін асыраған Мысықты жемек болады. Мысық оның бұл ойын сезіп, өрмелеп ағаш басына шығып кетеді. Сонда Арыстан тұрып: — О, менің ақ сүтін емізген асыраушым! Маған сен туған анамдай ыстықсың. Бар ақылыңды үйреткенде, ағашқа өрмелеуді неге үйретпегенсің? – дейді. — О, қайырымды балам! Сені мен кішкентайыңнан бауырыма басып өсірдім, білген ақылайламның бәрін үйреттім. Бірақ құлқыныңнан қорқып, бір өнерімді айтпай, бүгіп қалып едім, оным ақыл болған екен! – дейді. Кошка, вырастившая львенка Одна кошка бродила и встретила мертвую львицу. Она усыновила его львенка, кормила его своим молоком. Львенок вырос, стал настоящим львом, умеющим сам себе добывать пищу. Однажды голодный лев задумал съесть выкормившую его кошку. Кошка почувствовала этот замысел и вскарабкалась на вершину дерева. Тогда Лев произнес: «О, моя кормилица! Ты дорога мне, как родная мать. Ты научила меня многому, но почему же ты не научила меня лазать по деревьям? О, мой милый мальчик! Я усыновила тебя с ранних лет, научила многим премудростям. Но я, узрев твои хищные наклонности, не стала учить этому искусству. Я оказалась и права, и умна ответила кошка. 8384
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Қасқыр мен қозы Қасқыр судың жоғарғы жағында, қозы төменгі жағында тұрып, су ішеді. Қасқыр қозыны жегісі келіп, бір айла іздей бастайды. Қасқыр қозыға айғайлап: — Мен ішетін суды неге былғайсың! – дейді. Қозы: — Қасеке, мен қалай сен ішетін суды былғаймын?! Сен судың жоғарғы жағында, мен төменгі жағындамын, мен ішкен су саған бармайды ғой, – дейді. Қасқыр тағы айғайлап: — Сен өткен жылы менің әкемді қорлағансың! — Қасеке, мен қалайша сенің әкеңді қорлаймын, өткен жылы тумаған да едім. Қасқыр ашуланып: — Әдепсіз, үлкенге неге қарсы сөйлейсің! – деп, қозыны сол жерде бас салыпты. Волк и ягненок Волк стоит наверху реки, ягненок пьет воду ниже по течению. Волк задумал съесть барашка и начинает искать повод.. Волк зарычал на ягненка: «Зачем загрязняешь воду, которую я пью?» Ягненок : Как я могу загрязнять воду, которую ты пьешь?! Ты наверху течения, я внизу, вода, которую я пью, к тебе не течет. Волк снова зарычал: Ты оскорбил моего отца в прошлом году! Как я мог оскорбить твоего отца, ведь в прошлом году я еще не родился. Волк рассердился и сказал: Невоспитанный, почему ты споришь со старшим?! И тут же съел ягненка... 8586
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Арыстан мен түлкі Арыстан қартаяды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болады. Енді аңдарды айламен аулағысы келеді. Өзі үңгірде жатады да: — Аурумын, жүруге әлім жоқ, – деп, барлық аңдарға хабар таратады. Аңдар бірбірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болады. Бір күні түлкі келеді. Ол үңгірден алысырақ тұрады да: — Халіңіз қалай, тақсыр? – деп, көңілін сұрайды. — Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, азырақ сөйлесейік? – дейді арыстан. Түлкі: Мен саған жақын барар едімау, бірақ саған кірген із бар да шыққан із жоқ! – деп жүріп кетіпті. Лев и лиса Лев постарел. Он не может охотиться на животных, как прежде. Теперь он задумал ловить их с помощью хитрости. Он лежит в норе и объявляет всем: Я болен, я не могу ходить. Один за другим животные приходят узнать о его здоровье. Но никто из них не возвращается обратно. Лев поедает всех поодиночке. Однажды приходит лиса. Она встала поодаль от норы. Как здоровье , мой господин? спрашивает она. Здоровье неважное. Почему бы тебе не подойти поближе? Давай, дорогая лиса, подойди, поговорим, заманивает ее лев. Лиса: Я бы подошла к тебе поближе, но вижу, все следы ведут к тебе, а от тебя их нет, съязвила лиса и пошла прочь. 8788
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Торғай мен тышқан Торғай мен тышқан дос болыпты. Екеуі бірігіп егін егіпті. Тышқан жерді аяғымен қазып, торғай тұмсығымен шоқып, дән сеуіпті. Егін өте жақсы шығады. Торғай мен тышқан бітік өскен бидайды жинап алып, тең бөлісе бастайды. Бір бидай артылып қалады. Соны қайсысы аларын білмей, ақыры жанжал басталады. Торғай тұмсығымен шоқып, тышқан тырнағымен тырналай осқылап, бірбірімен ұзақ төбелеседі. Маңайында арашалайтын ешкім болмаған соң, бір кезде шаршап барып тоқтайды. Ақыры өздерінің билеріне барып жүгінбек болады. Алдымен тышқандар биіне келеді. Ол бидейді: — Бұл бидайды тышқан алуға тиіс. Өйткені тышқанның күші көп. Ол тырнағымен жер жыртып, ұртымен бидай септі, – дейді. Бұған торғай келіспеген соң, тышқан екеуі торғайлар биіне келеді. Торғайлар биі: — Бұл бидай торғайдікі. Себебі торғай егінге түскен барлық құртты құртқан. Күнде үстінде ұшып жүріп, егінді күзеткен, – дейді. Бұған да келісе алмаған соң, торғай мен тышқан далада қой бағып жүрген бір шалға барады. Шал дәнді алып, екеуіне тең бөліп береді. Бұған торғай да, тышқан да разы болып, өз жөндеріне кетеді. Воробей и мышка Воробей и мышь были друзьями. Вместе сеяли. Мышь копала землю лапками, а воробей клювом сеял семена. Урожай очень хороший. Воробей и мышь начинают собирать пшеницу и делить ее поровну. Осталось одно зерно. Не решив, кому оно должно достаться, они развязали драку.. Воробей тычет клювом, а мышь царапает когтями. Долго дерутся друг с другом. Коль рядом нет никого, кто бы разнял их, они устают и прекращают драку. Наконец они решают пойти к своим судьям. Сначала идут к судье мышей. Он решает: Это зерно должна взять мышь. Потому что мышь обладает большой силой. Он пахал ногтями и сеял пшеницу ртом. Когда воробей не согласился, он и мышь пришли к воробьиному судье. Тот говорит: Эта зерно принадлежит воробью. Потому что воробей уничтожил всех червей в поле. Он летал над ним каждый день и охранял урожай. Но тут не согласилась мышь. Тогда они пошли в степь, где пас овец старый пастух. Старец взял в руку зерно и, разделив его пополам, отдал каждому по половинке. И воробей, и мышь согласились, остались довольны и разошлись по сторонам. 8990
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Құмырсқа Бір құмырсқа өз илеуінде тобынан бөлініп, сол маңдағы ара, қоңыз секілді жәндіктермен дос болыпты. Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрібері әуреленіп, дәнді орнынан қозғалта алмапты. Сонан соң көмек сұрау үшін әлгі қанатты достарын іздейді. Бір уақытта гүлденгүлге қонып, шырын жинап жүрген араға жолығады – Досым, бір дән тауып алып едім, жалғыз өзім көтере алмағаным. Маған көмектесіп жіберші, – деп өтінеді. – Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой, – деп, ара көнбей қойыпты. Солайы солай ғой, мейлі деп, құмырсқа әрі жүріп кетіпті. Ол енді қоңызды тауып алады. Ол мәнжайды айтып, көмек сұрапты. – Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын, – деп, қоңыз ызыңдап ұшып кете барады. Достарынан күдер үзген құмырсқа мұңайып қайтып келе жатады. Жолда өзінің илеулестерімен ұшырасып қалады. Олар мұның түрін көріп: – Не істеп жүрсің? – деп, жөнін сұрайды. Жалғыз құмырсқа өзінің басынан кешкенін айтып береді: – Жалғыздық деген сол, – деп, илеулестері жұбатады да құмырсқаның дәнін көтерісіп, әрі алып кетеді. Құмырсқа үйіріне қайта қосылады. «Жаңа достың қадірі ескі досқа жетпейді» деген екен сонда бір кәрі құмырсқа. Муравей Один муравей отделился от своей колонии, стал дружить с такими насекомыми, как пчелы и жуки. Муравей в поисках пищи нашел на дороге зерно. Он не мог перемещать зерно самостоятельно. Затем он ищет своих крылатых друзей, чтобы попросить о помощи. Тут он встретил пчелу, которая облетала цветы, чтобы собрать нектар. Дружище, я нашел зерно, но не смог один унести его. Пожалуйста, помоги мне, просит он. «Разве ты не видишь, я тоже работаю», — сказала она и не согласилась помочь. Что ж, все верно, подумал муравей и пошел дальше. Потом он встречает жука. Он описал ситуацию и попросил помощи. «Ради тебя я не могу бросить свою работу» ответил жук и улетел. Муравей, огорченный своими друзьями, идет с печалью. По пути он встречает своих соплеменников. Увидев его чемто опечаленного: «Что ты здесь делаешь?» спросили они. Оинокий муравей рассказывает им свою историю. «Вот оно, одиночество», — сказали его соплеменники, утешая его, подобрали зерно и понесли его. Так одинокий муравей снова Снова присоединился к муравьиной колонии. «Новый друг не стоит старого друга», подытожил этот случай один старый муравей. 9192
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ 9394
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Қасқыр мен кірпі Орман шетінде домаланып бара жатқан кірпіні аш қасқыр бас салады. Сол кезде кірпінің инелері қанжардай қадалып, қасқырдың тұмсығы мен тамағы қанға боялады. Өзінің озбырлығын, қомағайлығын сездіргісі келмеген қасқыр: — Бетіңнен сүйейін деп едім. Сенақ түрпілеріңді тастамай жүреді екенсің өмірі, – деп, сылтауратады. Кірпі түрпілерінің арасынан біздей тұмсығын шығарып тұрып, сықылықтай күледі де: — Асықпа, қасекесі, сенің азу тісің түгел түсіп біткен кезде, мен де түрпілерімді тастаймын, – дейді. Волк и ежик На опушке леса голодный волк поймал ежа. Иголки ежа вонзились, как кинжал, в морду и горло волка, которые окрасились кровью. Волк, чтобы скрыть свою кровожадность и произвол, произнес: Я хотел поцеловать твое лицо. А ты же, оказывается, все время носишь свой игольчатый панцирь, изгалялся он. Ежик, высунул изпод шубы из игл свою мордочку и рассмеялся: Не спеши, волчищедружище, как только выпадут твои клыки и зубы, я сброшу свой игольчатый панцирь, молвил он. 9596
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Тышқандар Қамбаға бас сұқсаақ мысық бас салып, ажалға тап бола берген соң, тышқандар оңаша бір қуысқа жиналыпты да кеңес құрыпты. – Жауыз мысықтан қалай құтыламыз? – депті, мәжілісті басқарып отырған тышқан. Бәрі үнсіз ойласып, амал іздей бастапты. Әрі ойлап, бері ойлап, ешқандай шара ойларына түспепті. Сөйтіп дал болып отырғанда: – Мысықтың мойнына қоңырау тағып қоялық, – депті бір тышқан білгішсініп. – Сонда оның келе жатқаны алыстан естіледі. Біз дыбысын ести сала, тығылып үлгереміз. Бұл кеңеске бір кәрі тышқан мысқылдай күліп, былай депті: – Жарайды, солайақ істейік. Дал болған тышқандар амал табылғанына қуанып: – Солай істейік! – деп дауыстап жіберіпті. Бұлардан кәрі тышқан: – Сонда мысықтың мойнына қайсың барып қоңырау тағасың? – деп сұрапты. Тышқандар не айтарын білмей, үрпиісіп қалыпты. Сөйтіп, тышқандар күні бүгінге дейін мысықтан құтылудың амалын таба алмай келеді екен. Мыши Мыши, которые пытались залезть в закрома зерна, но неминуемо погибали от кота, както собрались на совет, чтобы решить этот вопрос. Как нам избавиться от ненавистной кошки? – спросила мышь, ведущая собрание. Все думали молча и искали способы избавления. Думали, думали, но ничего не придумали. Их тяжелые думы прервала одна из мышей: «Давайте повесим колокольчик кошке на шею», — с умным видом сказала эта мышь. Тогда мы услышим ее приближение издалека и успеем спрятаться. Старая мышь посмеялась над этим советом и сказала: Ну, давайте, так и сделаем. Мыши с радостью, что нашли способ, закричали: Давайте, так и сделаем! Старая мышь спросила: «Тогда кто из вас повесит колокльчик на шею кошки? Мыши испугались, не зная, что сказать. До сих пор мыши не могут найти способы избавления от кошки. 9798