ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ 99100
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Арыстан, қасқыр және түлкі Бір күні арыстан, қасқыр және түлкі үшеуі серік болып, аңға шығыпты. Кешке дейін жортып жүріп, бір қоян, бір қырғауыл және бір елік ұстап алыпты. Кеш бата үшеуі тамақтануға отырыпты. Арыстан олжаны қалай бөлісіп жеудің амалын таппастан: — Мына олжаны сен бөлші, – деп, қасқырға бұйырады. — Жарайды, – депті қасқыр жалақтап. Сонан кейін жемтіктің қасына отыра қалыпты. Сыбанып жіберіп, бөле бастайды. – Мынау қоян жұдырықтай екен. Мұны тұтам ішекті түлкі жесін. Қырғауыл қылшықты екен, мұны қылғынсам да мен жейін. Тақсыр арыстан, бойың да, жасың да үлкен ғой, елікке ешкімнің таласы жоқ, тарт сыбағаңды алдыңа. Олжаны бұлайша бөлген қасқырдың қылығы арыстанның ашуын қоздырыпты. Бұрқылдап тұрып, қасқырды салып кеп жібереді. Сонда қасқырдың бір көзі ағып түсіпті. Арыстан енді түлкіге бұрылып: «Ал, енді сен бөліп көрші олжаны», – деп бұйырыпты. — Жарайды, тақсыр, – деп, түлкі олжаларын бөлуге кірісіпті, – Қоянға ауыз толмаса да көңілге тоқ қой, тақсыр. Бұл өзіңнің тіс қандырып, тіл басарың болсын. Қырғауыл қылшықты болғанымен, құмар ас қой, бұл түскі асың болсын. Ал жалғыз елік бүкіл елді тойдыра ма, азулы ауыз асауға лайық, кешке қарай жерсің. Ал, біз өзіңнен артылған қалғанқұтқанды жепақ жүрек жалғармыз. Түлкінің олжаны бұлай бөлгені арыстанға ерекше ұнап кетеді де: — Оу, түлкіжан, олжаны бұлай бөлуді сен қайдан үйреніп жүрсің? Өте дұрыс бөліс! – деп сүйсінеді. Лев, волк и лиса Однажды лев, волк и лиса — трое — вышли на охоту. Они рыскали до вечера и поймали зайца, фазана и оленя. Вечером все трое сели есть. Лев, не зная, как разделить добычу, приказал волку: «Подели эту добычу». — Хорошо, — ответил волк, облизываясь. Затем он сел рядом с тушами. Засучив рукава, начал делить. Этот заяц похож на кулак. Пусть лиса ест. У фазана есть перья, его съем я, пусть хоть подавлюсь. А у тебя, великий господин, и рост высок, и возраст старше, никто не может оспорить твою долю. Такой раздел добычи волком вызвал у льва гнев. Он рыкнул и, ударив волка лапой, выбил у него один глаз. Лев повернулся к лисе и сказал: «Теперь ты раздели добычу». — Хорошо, господин, — сказал лис, начиная делить добычу, хоть заяц и не наполнит ваш рот, но поднимет настроение, пусть он всего лишь на зуб, но утешит язык. Даже если фазан щетинистый, но желанная пища, пусть он станет твоим обедом. А разве один олень накормит всех нас, он удобен для глотания в твоей пасти. Съешь его на ужин. А мы же довольствуемся остатками твоей трапезы. Льву сильно понравилось, как лиса делила добычу. О, дорогая лиса, как ты научилась так делить добычу? Очень справедливый дележ ! – заулыбался лев. 101102
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Сонда түлкі: — Тақсыр, бұл әділдікті мен қасқырдың ағып түскен көзінен үйрендім, – депті. Лиса ответила: «Мой господин, я научилась справедливости такой у вытекшего глаза волка». 103014
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Әтеш пен тоты Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде, аң мен құстардың ішіндегі ең әдемісі, сымбаттысы әтеш болыпты. Сондықтан ол өте тәкаппар екен. Жүріптұрса да маңғазданып, сылаңдай басады екен. Қоқыраяды да жүреді. Бірдебір аңмен, не құспен сөйлеспейді. Жалғыз серігі тоты құс болыпты. Тоты байғұстың үстінде жібі түзу, жөнді киімі жоқ екен. Бір күні тоты құс әлгі кербез әтешке келіп: — Досым, мен бүгін қонаққа бармақ едім. Жөнді киімім де жоқ. Мына түріммен қалай барамын. Мені сенің досың деп білетін ел мазақтайды ғой. Маған үстіңдегі әдемі киіміңді бере тұршы, – деп, қиыла жалыныпты. Әтеш досының сөзіне сеніп, үстіндегі әдемі киімдерінің бәрін шешіп беріпті. Сөйтіп, тоты құс жасанып тұрып киініп алады. Қай мезгілде келетінін айтады. — Егер мен кешіксем, дауыстап шақыр. Келмей жатсам, тағы да шақыр, даусыңды естиін, – дейді. Сөйтіп, тоты құс әсем киініп тойға кетеді. Бірақ ол қайтып оралмайды. Әтеш оны естісін деп, үстіүстіне шақырады. Ешқандай хабар болмайды. Содан күні бүгінге дейін әтеш тоты құс пен әдемі киімін іздеп, таң қылаң бергеннен күн батқанға дейін айқайлап шақыра береді екен. Петух и попугай Давнымдавно, давнымдавно, самым красивым и великолепным из всех зверей и птиц был петух. Поэтому он был слишком надменным. Ходил грациозно, горделиво и высокомерно. Не общался с другими птицами и животными. Его единственным приятелем был попугай. У попугая не было ни приличной одежды, ни красивых нарядов. Однажды к моднику петуху подошел попугай Друг, я сегодня собирался в гости. У меня даже нет подходящей одежды. Как я пойду в таком виде?! Люди, называющие меня твоим другом, смеются надо мной. Пожалуйста, дай поносить мне свою красивую одежду, умолял он. Петух поверил словам своего друга и снял всю свою красивую одежду. Таким образом, попугай одел его красивые наряды. Сообщил время своего возвращения. Если я опоздаю, позови вслух. Если я не приду, прокричи еще раз и дай мне услышать твой голос. Попугай нарядился и пошел в гости. Но он не вернулся. Петух без конца кукарекает, чтобы попугай услышал его. Но все бесполезно. С тех пор и по сей день петух ревет от рассвета до заката, разыскивая попугая и свою красивую одежду. 105106
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ 107108
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Түлкінің күлкісі Елпеңдей жүгіріп келе жатқан түлкінің сирағы сарышұнақтың ініне түсіп кетіп, кептеліп қалыпты. Қанша әуреленсе де қайта тартып шығара алмайды. Інінде жатқан саршұнақ сұғынып тұрған түлкінің табанын қытықтай бастайды. Қытыққа шыдай алмаған түлкі өзіненөзі ыржаңдап, күле береді. Сөйтіп, күліп тұрғанда, қасына қасқыр келеді. — Оу, түке, неге күле бересің, қандай қызық көрдің? – деп сұрайды таңданып. Сонда түлкі: — Әлемде болып жатқан қызықты көрсең, сенің де ішексілең қатар еді, – дейді ыржалақтап. Бұған қасқыр нанып қалады да сол қызықты көзімен көргісі келіп ынтығады. — Қане, қане, маған көрсетші! – деп жалынады. Түлкі қылмаңдай қарайды қасқырға. — Ол үшін мына тесікке аяғыңды тығып, тура қарсы алдыңнан көз алмай қарап тұруың керек. — Ендеше былай тұр! – деп, қасқыр кимелеп кеп, түлкінің аяғын іннен суырып алады да өзінің жуан түкті сирағын сұғып жібереді. Мұны көріп, індегі саршұнақ ойланып қалады. «Жаңа қытықтап едім, сонда да кетпей қойды. Енді мұны сұқпастай қылайын», – деп, қасқырдың өкшесін кеміре бастайды. Қасқырдың жаны көзіне көрініп, түлкіге жалынады: — Құтқара гөр, досым!.. — Дүние кезек деген осы, өзің малды қалай жеуші ең, енді сені де біреу сирағыңнан кеміріп көрсін! – деп, кете беріпті түлкі алдыартына қарамай. Смех лисицы У рыскающей лисицы нога провалилась в нору суслика и застряла там. Как бы она ни старалась вытащить ее, не получалось. Лежащий в норе суслик начинает щекотать лисице лапу. Не выдержав щекотки, лиса начинает громко хохотать. Пока она давилась смехом, к ней подошел волк. О, лисичка, почему ты смеешься, нашла чтото интересное? — удивленно спрашивает он. Тогда лиса: «Если бы ты увидел, что происходит в мире, ты бы тоже подавился бы от смеха», сказала она. Волк поверил и захотел увидеть это своими любопытными глазами. Давай, давай, покажи мне! умоляет он. Лиса пристально смотрит на волка. Для этого нужно засунуть ногу в эту нору и смотреть прямо перед собой. Тогда отойди! – крикнул волк и выдернул ногу лисы из норы, а свою толстую и волосатую ногу отправил туда. Увидев это, суслик задумался. «Я пощекотал, а она не исчезла. А теперь сделаю так, чтобы она не совала эту лапу», с этой мыслью он впился зубами за ногу и начал ее грызть. Волчья душа ушла в пятки, а он сам кричит лисе: Спаси меня, мой друг!.. Все возвращается на круги своя, как ты сам режешь и ешь животных, так пусть и тебя ктото грызет! – молвила лисица и ускакала, не оглядываяь назад. 109110
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ 111112
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Бүркіт пен қарға Бір күні бүркіт қара қарғаға кезігіп: — Қарғам, екеуіміздің де тегіміз құс. Бірақ сендер жуас құссыңдар, не болса соны жеп, үш жүз жылға дейін өмір сүресіңдер. Ал біз болсақ, отыз жастан әрең асып барып жығыламыз. Бұл қалай? – деп сұрапты. Сонда қарға: — Сендер ылғи жемтікті тірідей жеп, қанын ішесіңдер. Біз болсақ, тек өлекселермен ғана күн көреміз, – депті. Содан кейін бүркіт пен қарға екеуі жемтік іздеуге шығады. Ұшып келе жатып, айдалада жатқан бір жылқының өлексесін көздері шалады. Іздеген жемі табылған қарға өлексені құшырлана шоқи бастайды. Ұзақ өмір сүруге себепші болар ма екен деген оймен бүркіт те дәм татуға кіріседі. Жемтікті шоқи берген бүркіт кілт шегіншектейді. — Құрысын, иістеніп кетіпті, өте дәмсіз екен. Жүрегімді айнытты. Мұндайды жеп үш жүз жыл өмір сүргенше, атабаба салтынан айнымай, отызақ жыл өмір сүргенімнің өзі артық екен, – деп ұша жөнеліпті. Орел и ворон Однажды орел встретил ворона и сказал: Ворон, мы с тобой оба – птицы. Но вы – мирные птицы, едите, что попало, однако живете триста лет. Что касается нас, то мы живем всего лишь тридцать лет, как это так получается? – спросил он. Ворон ответил: «Вы всегда едите пищу живьем и пьете ее кровь. Что касается нас, то мы живем только за счет падали. Затем орел и ворона отправляются на поиски пищи. Во время полета они увидели лежащую в степи тушу лошади. Когда нашли добычу, ворон набросился на труп и начал его клевать. Орел, в надежде, что поедание трупа поможет прожить триста лет, тоже начинает пробовать. Но потом отошел от падали. К черту, пахнет тухлятиной, к тому же не вкусно. Чем есть это и жить триста лет, лучше не отходя от обычаев предков, жить попрежнему тридцать лет, проговорил орел и улетел восвояси. 113114
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ 115116
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ Алты түлкі Бұрынғы уақытта кең далада жүрген алты түлкі бас қосып, жолдас болыпты. Алтауының ішінде бір түлкінің құйрығы шолақ екен. Ал ұзын құйрығы бұлаңдаған бес түлкі: – Сенің құйрығың жоқ, шолақсың, – деп, келекелеп күле беріпті. Олардың бұл қылығына ызаланған шолақ түлкі: «Осы мақтаншақ бес түлкіні құйрықтарынан айырып, қалай шолақ қылсам екен? Сонда менімен теңесер еді», – деп, көп ойланыпты. Ақыры, бір амал табады да әлгі бес түлкіге келіп: – Қашанғы бұйығып жүре береміз. Бір жақсы ойын ойнайықшы, ішіміз пысты ғой, – деп, өтініш айтыпты. – Ойнасақ ойнайық, сен баста, – депті, бес түлкі келісіп. Шолақ түлкі әлгі мақтаншақ серіктерін ертіп, қалың қарағайдың ішіне алып келіпті. Содан кейін ойын шартын айтып, бесеуінің құйрығын бес қарағайға мықтап таңып тастайды да өзі биік бір төбенің басына шығып тұрады. Басқа түлкілер ол хабар бергенше, көздерін жұмып тұруға тиіс болады. Бір кезде шолақ түлкі жанжағына абыржи қарап: – О, туысқандар, сақтаныңдар! Мына жақта бүркіт ұстап, тазы ерткен аңшылар келе жатыр! – деп, айқай салады да өзі белден әрі асып, қаша жөнеледі. Сол кезде қарағайға таңулы тұрған бес түлкі есі шығып, тұра қашпақ болып жұлқынғанда, бесеуінің де құйрықтары жұлынып, шолақ болып қалыпты. Өздері әдемі құйрықтарынан айырылып, шолақ болған соң, серігін мазақтауды қойыпты. Сөйтіп, шолақ түлкі өзін келекелеген бес түлкінің десін басып, өзіне серік қып алыпты. Шесть лисиц Давнымдавно шесть лисиц бродили по степям и подружились. У одной из шести лис был короткий хвост. И пять лисиц, виляя длинными хвостами, издевались над ней: «У тебя нет хвоста, ты обрубок». Возмущенная их словами, краткохвостая лиса размышляла: «Как я могу проучить этих пятерых хвастунишек, как лишить их хвостов, чтобы они сравнялись со мной», — думала она. Наконец она нашла выход и подошла к пятерым лисицам. Сколько можно валяться. Давай поиграем в хорошую игру, скучно же нам всем, сделала она предложение. «Поиграть, так поиграть, ты начинаешь», — сказали пять лис. Бесхвостая лиса завела хвастливых подруг в густую сосновую рощу. Потом рассказала правила игры, привязав всем пятерым хвосты к пяти соснам, а сама взобралась на вершину высокого холма Другим лисам приказала закрыть глаза, пока она не подаст команду открыть их. В какойто момент бесхвостая лиса огляделась вокруг и проговорила: Ой, сестрицы, будьте осторожны! С той стороны приближаются охотники с орлами и гончими собаками! кричит она и пускается наутек. В этот момент пять лисиц, привязанные хвостами к соснам, рванулись от страха, пытаясь убежать, но у всех пятерых оторвались хвосты.. Лишившись красивых хвостов и ставбесхвостыми, они перестали дразнить свою подругу. Таким образом, озорная лиса обманула пятерых лисиц, издевавшихся над нею, превратив их в равных подруг. 117128
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ 119120
ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ КАЗАХСКИЕ СКАЗКИ МАЗМҰНЫ / СОДЕРЖАНИЕ Түлкі мен жолбарыс Лиса и тигр Түлкі мен тауық Лиса и курица Түлкі мен құмыра Лиса и кувшин Түлкі мен қырғауыл Лиса и фазан Тапқыр қоян Находчивый заяц Ақ тиын мен қасқыр Белка и волк Арыстан мен тышқан Лев и мышь Екі лақ Два козленка Өгіз Вол Қасқыр мен кісі Волк и человек Қасқыр мен түлкі Волк и лиса Бөдене мен түлкі Перепелка и лиса Қоянның зары Горе зайца Жалқау мысық Ленивый кот Түлкі, аю және қойшы Лиса, медведь и пастух Өгіз бен есек Вол и осел Тышқан ит және мысық Мышь, собака и кот Тышқан мен мысық Мышь и кот Мысық пен қоян Кот и заяц Қу түлкі Хитрая лиса Түлкіні алдаған қаз Гусь обхитривший лису Екі әтеш Два петуха Түлкі мен ешкі Лиса и коза Арыстан күшігін асыраған мысық Кошка вскормившая львенка Қасқыр мен қозы Волк и ягненок Арыстан мен түлкі Лев и лиса Торғай мен тышқан Воробей и мышь Құмырсқа Муравей Қасқыр мен кірпі Волк и ёж Тышқандар Мыши Арыстан, қасқыр және түлкі Лев, волк и лиса Әтеш пен тоты Петух и попугай Түлкінің күлкісі Смех лисицы Бүркіт пен қарға Орёл и ворон Алты түлкі Шесть лисиц 121122 56 78 910 1112 1314 1718 1920 2122 2728 3132 3536 3940 4344 4546 4950 5758 6162 6566 6970 7374 7778 7980 8182 8384 8586 8788 8990 9192 9596 9798 101102 105106 109110 113114 117118