The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by rauzaalmenova7, 2021-11-03 23:56:39

сыныптан тыс 4б сынып

сыныптан тыс 4б сынып

Сабақтың тақырыбы: «Информатика білгірлері»
Сабақтың мақсаты: оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәніне
деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін
қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық
ізденістерін арттыру.
Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс
Жабдықталуы: Интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар
Көрнекілігі: Слайд презентация
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, орыс тілі
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Сайыс жоспарын таныстыру.
Жарыс кезеңдері:
1 Таныстыру,2 «Бәйге» (Әр топқа 4 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі).
3. «Кім тапқыр!» Берілген әріптерден информатикаға қатысты сөздер құрастыру.
4.«Ойлан тап!»5. «Адасқан әріптер» (Дұрыс жауапқа 5 ұпай). 6 “Тіл - өнер”(Әр топқа
жұмбақталып 2 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде
айтқан оқушыға 3 ұпай, ал екітілде айтса 2 ұпай, бір тілде айтса 1 ұпай).

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, әділқазылар және оқушылар! «Информатика білгірлері»
тақырыбындағы білгірлер мен тапқырлардың білім сайысын тамашалауға қош
келдіңіздер!

Ойынымызды бастамас бұрыс әділ қазы мүшесімен таныстырайын:

Айбекова Ж.Ү директордың оқу ісінің орынбасары, Кемелова А.М. информатика пәнінің
мұғалімі

Ойын-толқын, жатқандай асып,тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.- дей отырып, сайысымызды бастауға рұқсат
етіңіздер!

Сайысымыз 6 айналымнан тұрады.

1 айналым – Таныстыру
2 айналым – «Бәйге» (Әр топқа 4 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі).
3 айналым – «Кім тапқыр!» Берілген әріптерден информатикаға қатысты сөздер
құрастыру.
4 айналым – «Ойлан тап!»
5 айналым – «Адасқан әріптер» (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).
6 айналым –“Тіл - өнер”(Әр топқа жұмбақталып 2 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып
қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 3 ұпай, ал екітілде айтса 2 ұпай, бір
тілде айтса 1 ұпай).

І тур.

«Таныстыру». (30 ұпай)

Бұл турда өзінің білімін сынауға, алғырлығымен, тапқырлығымен шыңдауға келген
оқушылар топ атымен және эмблемаларын таныстырып өтеді.
(әр топ бірдей киініп, аттарына сай эмблемаларын, өзін — өздері таныстырады).
І топ – Скретч

ІІ топ – Робот

ІІ тур «Бәйге» (30)
«Бәйге» деп аталатын ІІ кезеңін бастайық. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады.
Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
I топ. «Скреч»
1. Ақпаратты шығару құрылғысы (Принтер)
2. Windows операциялық жүйесінің негізгі нысаны (Терезе)
3. Ақпаратты өңдеу құрылғысы (Процессор)
4. Компьютерге зақым келтіретін арнайы шағын программа? (вирус)
II топ. «Робот»
1. Көз бен монитор арасындағы ара қашықтық қанша болу керек? (60 - 70 см)
2. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы (Интернет )
3 Мәтіндік редакторы мәтіндік құжаттарды құруға, өңдеуге, қағазға басып шығаруға
апрналған программа (WordPad)
4. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус)

ІІІ тур. «Кім тапқыр?» (20 ұпай)
Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір-бірімен жатқан шулап, жалғасып.
Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,
О, толқындар арпалысып алға шық!
Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын
Құштарлықтың толғағы мен көктемі – деп Төлеген Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі
сайыс.
Ал, жас қырандар енді ІІІ-турымызды бастаймыз.
Бұл тур «Кім тапқыр» деп аталады. Барлық топқа ортақ сұрақ қойылады, алдарындағы
жалаушаны кім бірінші көтереді, сол топ жауап береді, қате болса жалаушаны екінші
көтерген топ жауап береді.
Сұрақтар:

1. Анимация латынның ....(«жандандыру» деген сөзді білдіреді )
2. Мәтіндік құжаттарды құруға, түзетуге, өңдеуге және оны пішімдеуге , оны басып
шығаруға арналған программа (ворд редакторы)
3. Суреттер мен мәтіндерді кірістіруге, оларға қимыл қозғалыс жасауға, түрлі үлгідегі
фондар қойып безендіруге, дыбыстар қоюға арналған программа (Power Point)
4. Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым (информатика)
5. Меңзердің оң жағында тұрған символдарды өшіретін перне (Delete)
6.Графикалық редактор (Paint)
7. Компьютердің негізгі құрылғысы (жүйелік блок)
8.Бүкіл әлемдік желі (интернет)
9.Компьютерді вирустан қорғайтын бағдарлама (антивирус)
10. Файлдар мен басқа да бумаларды белгілі тәртіппен сақтайтын орын (бума)
ІV-тур. «Ойлан, тап» (30 ұпай)

Берілген әріптерден информатикаға қатысты сөздер құрастыру.
РАЙЛФНТЕИНЕТЮОМПКЬТЕРСОМДЕКМРЕРТОЧОБТ

Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де –
Ақпараттық заманың! – дей келе «Информатика білгірлері» атты ойынымызға
қатысушыларды қошеметтейік.
IV- тур. «Адасқан әріптер». (10 ұпай)

Бұл турда оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әр топ әріптерді
орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне
қатысты термин сөздер шығару керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі(ал орындау
уақыты 1минут) Топтарға 4 термин сөздер берілген.

1 топ 2. ВРЕДАЙР - драйвер
1. РЕТЬЮПОМК – компьютер 4. ЛАЙФ – файл
3. ДЕМОМ – модем 6. ҚНШАТЫ-тышқан
5. СОРЕСЦПРО – процессор

2-топ

1. НОТИРОМ – монитор 2. АТЕКИСД–дискета

3. НИРПЕРТ – принтер 4. СВИРУК – курсив

5. КРАСЕН – сканер 6. АПРҚАТЕНТЕ - пернетақта

Жүргізуші: Топтардың жауап бергендеріне байланысты ұпайларын береміз.

Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың келесі кезеңіне көшейік

V-тур “Тіл - өнер”

Бұл кезеңде жұмбақ беріледі. Жауабын тауып, сөзді орыс, ағылшын тілдеріне
аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 1 ұпай, екі тілде жауап берсе 2 ұпай, 3 тілде жауап
берсе 3 ұпай қосылады.
1. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор-монитор-monitor)
2. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі-пробел-blank)
3. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені. (тікенекгүл-кактус-cactus)
4. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз. (пернетақта-клавиатура-keyboard)
5. Батырмасын басасың,
Қажетті файлды ашасың. (тышқан-мышка-mouse)
6. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш-линейка-a ruler)
7. Батырмасын басасың,
Қажетті файлды ашасың. (тышқан-мышь-mouse)
8. Жақтаулар арқылы шектеледі,
Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді. (терезе-окно-windows)

Жүргізуші:
Жарысайық сайыста,Кімнің ойы мықты екен?!
Кімнің күші аздау боп, Кім озып алға шықты екен деп,
V кезең бойынша топтардың ұпайын санаймыз.

Топтардың тапқан сөздеріне байланысты ұпайларын береміз.

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба аман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағыда үйренеміз аман болсақ!

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап, жым отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,

Соқ қолыңды білімді жас талапқа!

Сонымен, сайысқа катысушылардың әділ бағасын беретін әділ қазыларға сөз кезегін
береміз.

Жүргізуші. Бүгінгі көріп тамашалаған «Информатика білімгерлері» атты сайысымыз өз
мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!




Click to View FlipBook Version