The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by , 2022-02-17 14:30:10

Авторлық жұмыс

жұмыс

1

«Жалпы білім беретін Ы.Алтынсарин атындағы мектебі» ММ

«Оқу мен демалысқа арналған интерактивтік бағдарламалар»
информатика пәнінен қолданбалы (таңдау) курсы

Амангелді, 2020ж

2

ӘОЖ 373.5.016
КБЖ 74.263.2
О - 52

Пікір жазған:
Ғ.А.Әлмағамбетов - «Жалпы білім беретін Ы.Алтынсарин атындағы мектебі»
ММ директоры

О-52 «Оқу мен демалысқа арналған интерактивтік бағдарламалар»
информатика пәнінен қолданбалы (таңдау) курсы / /құраст.: Р.Б.Атабаев,
Амангелді селосы, 2016. – 169 б.

ISBN 978-601-316-929-3
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік іскерлігін, танымдық қабілетін,

логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген
қызығушылығын , белсенділігін арттыру үшін сыныпта үйірме жұмыстары
жоспарлы түрде өткізілуі керек. Бұл жинақта әр информатика пәні мұғалімі
оқушыларға интерактивтік бағдарламамен жұмыс істеу жүйесін үйрете алады.

ӘОЖ 373.5.016
КБЖ 74.263.2

© Атабаев.Р.Б.2016 ж

3

«Оқу мен демалысқа арналған интерактивтік бағдарламалар»
информатика пәнінен қолданбалы (таңдау) курсы

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру
еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр –
білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.

Қазіргі заман талабына сай еңбек ресурстарын материалдық жүйеден
ақпараттық жүйеге ауыстырған жөн. Бұл ретте ақпараттық өндеумен
байланысты жаңа қызметтерде пайда болды. Ақпараттың ғылымға, транспорт
жүйесіне, байланыс құралдарына тигізетін әсерін талдау нәтижесінде
ақпараттық құралдардың, информатиканың маңызды екені анықталды.

Бүгінгі білім беру ісінде оқушылардың іс-әрекеттерін дамыта отырып,
оқу сапасын жоғары деңгейге арттыруда, оқушылардың терең, мазмұнды білім
алуларына, оқыту үрдісін қызықты және күрделі ұйымдастыруға жағдай
жасалуда. Оқыту үрдісі, оның құраушы субъектілерін шексіз оқу аппаратының
кеңістігіне иелік етуге және әлемдік ақпаратты білім аймағын меңгеруге
баулиды. Осы мәселені жүзеге асыруға кері әсерін тигізетін факторлардың бар
екенін де атап кету қажет. Сондықтан білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің
бірі – болашақ мамандарды электрондық оқу басылымдарын пайдалануға
кәсіби даярлаудың көкейтесті мәселелеріне дұрыс бағыттау болып табылады.
Компьютерлерді қолданумен жалпы білім беру мектебінің барлық сыныпта
оқитын оқушылары информатика негіздерін оқыту әдістемелерін тәжірибеде
іске асыру нәтижелері, қабылданған шешімдердің мақсатқа лайықтылығын
көрсетіп, алынған тәжірибені одан ары талдап, қорытып және таратуды
қажетсінеді. Информатика пәнін оқыту мақсаты қазіргі заманғы ақпараттық
технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйелеу
арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру.

Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық
білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді
етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды
бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын
орнымен қамтамасыз етіледі.

Оқушылардың ойлауын, компьютерлік іскерлігін, танымдық қабілетін,
логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген
қызығушылығын , белсенділігін арттыру үшін сыныпта үйірме жұмыстары
жоспарлы түрде өткізілуі керек. Ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар
жеке тұлға қалыптастыруда дұрыс ұйымдастырылған үйірме жұмыстарының
берер нәтижесі өте зор.

Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытып,
информатикаға қызығушылығын арттыру мақсатында мектеп оқушыларына
арналып құрылған курстың тақырыбы ««Оқу мен демалысқа арналған
интерактивтік бағдарламалар»» деп аталады.

Мақсаты:
Оқушыларға компьютер, компьютер құрылғылары туралы мәлімет бере
отырып, қосылу жолдарын үйрету. Өз бетімен интерактивтік бағдарламалар
мен веб-сервистерді қолдануға машықтандыру. Пәнге деген ынтасын,
құштарлығын арттыру. Компьютерді толық меңгерген, шығармашыл тұлға
қалыптастыру

4

Міндеттері:
 тақырыпқа сай терең мағлұмат беру;
 мәтіндік, сандық, графиктік және дыбыстық ақпараттарды өндеу бойынша

ақпараттық технологиялар құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
 оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу;
 оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауға дағдысын қалыптастыру.

«Оқу мен демалысқа арналған интерактивтік бағдарламалар»
информатика пәнінен факультативтік курсы жалпы білім беретін орта
мектептердің оқушыларына аптасына – 1 сағаттан, барлығы 34 сағатқа
құрылған.

Курстың практикалық маңыздылығы:
Оқушылардың тақырыпты жетік меңгеріп, практикалық іс –
дағдыларының қалыптасуына, ізденімпаздықпен жүйелі түрде жұмыс жасауына
мүмкіндік береді.
Сабақты жүргізілу әдістері:
Теориялық, практикалық, жоба қорғау
Әдіс – тәсілдері:
Топпен жұмыс, шолу дәріс, пікірлесу, практикалық жұмыс, өз бетінше
зерделеу, іздену, тірек сызба, қосымша материалдар, жоба қорғау
Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың білім сапасын арттыру, өзіндік жұмыстар жасатып,
ізденушілігін арттыру, қызығушылығын оятып, білімін меңгерту.

5

«Оқу мен демалысқа арналған интерактивтік бағдарламалар»
информатика пәнінен қолданбалы (таңдау) курсының оқу-тақырыптық

жоспары

№ Тақырыптар Сағат саны
Практикалық жұмыс
Теория
1
1 Кіріспе. Қауіпсіздік ережелері 1 1

Компьютер (2 сағат) 2

2 Компьютердің құрылымы және жұмыс істеу принциптері 1 2

3 Қазіргі заманғы кеңсенің техникалық құралдары 2

Интернет желісі (2 сағат) 2

4 Интернет сервистері 1 1

5 Интернеттен ақпарат іздеу 2

Adobe Photoshop бағдарламасы (4 сағат) 2
1
6 Adobe Рhotoshop графикалық редакторының интерфейсімен 1 16
танысу

7 Adobe Photoshop-тың құралдарымен жұмыс 1

8-9 Adobe Photoshop бағдарламасы бойынша зертханалық
(практикалық) жұмыстар

Activinspire бағдарламасы (4 сағат)

10 Activinspire бағдарламасы интерфейсімен танысу 1

11 Activinspire бағдарламасы құралдарымен жұмыс 1

12- Activinspire бағдарламасы бойынша зертханалық (практикалық)
13 жұмыс

Corel DRAW бағдарламасы (4 сағат) 1
14 Corel Draw графиктік редакторының жұмыс істеу орны

15 Corel Draw графиктік редакторында құжатпен жұмыс 1

16- Corel Draw – векторлы графикалық редакторы бойынша
17 зертханалық (практикалық) жұмыс

Delphi программалау ортасы (4 сағат)

18 Delphi программалау жүйесі 1

19 Delphi программалау ортасының графикалық мүмкіндіктері 1

20- Delphi программалау ортасы бойынша зертханалық

21 (практикалық) жұмыс
Паскаль тілінде программалау (3 сағат)

22 Паскаль программалау тілінің құрылымы 1

23 Паскаль тілінде ақпараттарды қорғауға арналған программалар 1

24 Паскаль тілінде программалау бойынша зертханалық
(практикалық) жұмыс

Learningapps.org веб-сервисі (4 сағат)

25 Learningapps.org веб-сервисі туралы 1
26 Learningapps.org веб-сервисінің құрылымы 1

27- Learningapps.org веб-сервисі бойнша зертханалық

28 (практикалық) жұмыс

Web – сайттар (4 сағат)

29 WEB –сайт түрлері 1

30 Веб дизайн - сайт жасаудың маңызды бөлшегі 1

31- «Менің веб-парақшам» жобасын дайындау

32

33 Жоба қорғау

34 Қорытынды 1

Барлығы 18

6

«Оқу мен демалысқа арналған интерактивтік бағдарламалар»
информатика пәнінен қолданбалы (таңдау) курсының бағдарламасы

Кіріспе. Қауіпсіздік ережелері (1 сағат).
Компьютер (2 сағат).
Компьютердің құрылымы және жұмыс істеу принциптері. Қазіргі
заманғы кеңсенің техникалық құралдары.
Интернет желісі (2 сағат).
Интернет сервистері . Интернеттен ақпарат іздеу.
Adobe Photoshop бағдарламасы (4 сағат).
Adobe Рhotoshop графикалық редакторының интерфейсімен танысу.
Adobe Photoshop-тың құралдарымен жұмыс. Adobe Photoshop бағдарламасы
бойынша зертханалық (практикалық) жұмыстар.
Activinspire бағдарламасы (4 сағат).
Activinspire бағдарламасы интерфейсімен танысу. Activinspire
бағдарламасы құралдарымен жұмыс. Activinspire бағдарламасы бойынша
зертханалық (практикалық) жұмыс.
Corel DRAW бағдарламасы (4 сағат).
Corel Draw графиктік редакторының жұмыс істеу орны. Corel Draw
графиктік редакторында құжатпен жұмыс. Corel Draw – векторлы графикалық
редакторы бойынша зертханалық (практикалық) жұмыс.
Delphi программалау ортасы (4 сағат).
Delphi программалау жүйесі. Delphi программалау ортасының
графикалық мүмкіндіктері. Delphi программалау ортасы бойынша зертханалық
(практикалық) жұмыс.
Паскаль тілінде программалау (3 сағат).
Паскаль программалау тілінің құрылымы. Паскаль тілінде ақпараттарды
қорғауға арналған программалар. Паскаль тілінде программалау бойынша
зертханалық (практикалық) жұмыс.
Learningapps.org веб-сервисі (4 сағат).
Learningapps.org веб-сервисі туралы. Learningapps.org веб-сервисінің
құрылымы. Learningapps.org веб-сервисі бойнша зертханалық (практикалық)
жұмыс.
Web – сайттар (4 сағат).
WEB –сайт түрлері. Веб дизайн - сайт жасаудың маңызды бөлшегі.
«Менің веб-парақшам» жобасын дайындау.
Жоба қорғау (1 сағат).
Қорытынды (1 сағат).

Кіріспе. Қауіпсіздік ережелері
Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:
1. Жалпы
2. ДК-де жұмыс істеу алдында
3. Жұмыс істеу кезінде
4. Авариялық жағдайларда
5. Жұмысты аяқтағанда

7

Жалпы қауіпсіздік талаптары:
1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға,
розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпта жүруге болмайды.
4. ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
5. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге
тыйым салынады.
6. Үстелге, ДК-дің жанына сумка, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде
тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
7. Пернетақтаның үстіне ештеңені қоюға болмайды.
8. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз
аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының
бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс
жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл
бөлу керек.

ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
1. Компьютерде жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын
(60-70 см) сақтау керек.
2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын
бірнеше жаттығу орындау керек.
4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек
көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін
білуі керек.
5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.

Апат жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:
1. ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен
тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және
оқытушыға хабарлау керек.
2. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.
3. Қажет болса, электр тогымен зақымданғандарға алғашқы көмек көрсете білу
керек.
4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білу керек. Мұнда
құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
5. Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен
ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін
материалдарды пайдаланып босатуға болады.

ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:
1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

8

Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері

Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
1. Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру);
2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол
астындағы материалдарды пайдаланып босату;
3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына
байланысты көмек көрсету;
4. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел
жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

Күйгенде көмек көрсету:
1. Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин,
валерьянка);
2. Күйген жеріне май жағу (ванилин);
3. Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын ала целлофанмен орап,
суық судың астына ұтау;
4. Дәрігер шақыру.

Демі тоқтағанда көмек көрсету:
1. Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары қарай
кетіп қалған болса, қолмен орнына келтіру;
2. Дәрігер шақыру.
3. Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем
алдыру (ауыздан-ауызға) керек.

Компьютердің құрылымы және жұмыс істеу принциптері
«Компьютер» сөзі «есептеуіш» дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған
құрылғы. Компьютер – деректерді бағдарламалап өңдеуге Компьютер –
деректерді бағдарламалап өңдеуге арналған электрондық құрылғы. Қазіргі
компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мәтіндер, дыбыстар,
графика және т.б.) ақпаратты өңдейді, әр түрлі технологиялық процестерді,
деректер базасын және басқаларды басқарады.
Информатика сабағында IBM PC типті ДК-лерді оқып үйренеді, олар
осындай дербес компьютерлерді алғашқы шығарған американдық
компанияның атымен аталған (IBM фирмасының ДК-лері). Бұл типті
компьютерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер шығарады. Олар өзара
өнімділігімен, жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал
мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. ДК-нің басқа типтері де бар, мысалы, Apple
фирмасының Macintosh ДК-і. Бірақ ДК-лердің барлық типтерінің ақпарат өңдеу
және адаммен қарым-қатынас жасауының негізгі принциптері бірдей.
Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы
кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоктардан (құрылғылардан) тұрады.
Бұлардың номенклатурасы (тізімі) әр түрлі болуы мүмкін, бірақ кез-келген
компьютер жұмыс істеуі үшін, үш блоктан тұратын жинақ керек (компьютердің
негізгі жинағы). Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады. Оларға
принтер, дыбыс колонкалары, құлаққалқа, микрофон, модем, сканер,
манипулятор: «маус», трекбол, тәрте (джойстик) жатады.

9

Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі – жүйелік блок.
ДК жүйелік блогы – компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік
төртбұрышты қорапша, онда: микропроцессоры мен жедел жады және т.б. бар
аналық тақша, адаптерлер, коректендіру блогы, иілгіш және қатқыл дискідегі
жинақтауыштар, контроллер, ажыратпалар орналастырылған.

Монитор – мәтіндік және графикалық ақпараттарды экранға шығаруға
арналған, теледидарға ұқсас құрылғы.

Пернетақта – ақпараттар мен ДК-ні басқару командаларын енгізу
қызметін атқарады.

Бұлардан басқа, компьютердің тағы көптеген құрылғылары бар. Оларды
енгізу-шығару құрылғылары деп атайыды.

Дербес компьютерлердің барлық элементтерін ақпаратты енгізу-шығару,
өңдеу құрылғыларына бөлуге болады.

Енгізу құрылғыларына пернетақта, манипуляторлар, микрофон, модем
жатады.

Шығару құрылғылары: монитор, құлаққалқа, принтер, модем, дыбыс
бағандары (колонка). Бұл құрылғылардың бәрі ДК-нің аппараттық
жабдықтамасына жатады. Бірақ компьютер жұмыс істеуі үшін, оны
бағдарламалық жабдықтама қажет. ДК бағдарламалық жабдықтамасыз жай ғана
темір-терсек болып қалады. Бағдарламалық жабдықтама аппараттық
құралдардың жұмысын басқарады, пайдаланушылар мен бағдарламалардың
қолданбалы кешендеріне қызмет көрсетеді, компьютерде нақты мәселелерді
шешуге мүмкіндік береді. (пайдаланушы немесе User – бағдарламалармен
жұмыс жасайтын және олардың көмегімен өзінің барлық мәселелерін шешетін
адам).

Компьютердің мүмкіндіктерін көрсету үшін, төмендегілерді көрсетуге
болады:

- дамыту мен оқыту ойындарын;
- мәтіндік редактордағы жұмыстарды (мәтінді теру, мәтінді түзету,
суреттер қою);
- графикалық редактордағы жұмыстарды (қарапайым сурет салу, оның
кейбір бөліктерін өзгерту немесе көбейту);
- компакт-дискідегі музыкалық жазбаны ойнатуды;
- калькулятормен жұмыс жасауды;
- Интернетте жұмыс істеуді (суреттер, мәтіндер, Chat - серверлер).
IBM PC компьютерлері 3 блоктан тұрады:
1 блок жүйелік блок;

2-блок текстік және графикалық информацияны бейнелейтін монитор
немесе дисплей;

символдарды енгізуге арналған пернетақта.
Жүйелік блок компьютердегі ең басты құрылғысы болып табылады, оның
ішінде Дербес компьютердің басты құрылғылары орналасқан. Жүйелік блок
құрамында жедел жад, тұрақты есте сақтау құрылғысы, микропроцессор,
қоректену блогы мен енгізу – шығару порттары және қатқыл диск (винчестер)
және дисковод болады. Жүйелік блок ішінде компьютердің ең маңызды
құрылғылары орналасқан негізгі торапты білдіреді. Осы тораптың ішінде
орналасқан маңызды компоненттер:

10

 дербес компьютер жұмысын басқаратын электрондық схема (микропроцессор,
оперативті есте сақтау, құрылғылардың бақылаушысы және т.б.);

 компьютердің электрондық схемасына берілетін кернеуі аз тұрақты тоқтағы
электрмен қоректендіретін қоректендіру блогы;

 икемді магниттік дискіге (дискетте) жазылуда және оқуда пайдаланылатын
икемді магниттік дискісінің жинақтаушысы (немесе дискжетек – дисковод);

 алынбайтын (қозғалмайтын) қатқыл магниттік дискіге (винчестер) жазылуға
және оқуға арналған қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш.
Жүйелік блок сыртынан қосылатын құрылғы сыртқы құрылғы ішіндегі
құрылғы ішкі құрылғы деп аталады. Деректерді енгізетін, шығаратын және ұзақ
уақытқа сақтайтын сыртқы қосымша құрылғы, сонымен қатар, шалғай
(периферийное) құрылғы деп аталады.
Жүйелік блок

Дисплей (монитор) – деректерді қолданушыға бейнелейтін құрылғы. Ол
ақпаратты бейнелейтін ең танымал және маңызды құрылғысы болып табылады.
Оның негізгі тұтыну параметрлері – экран маскасының (маска) мөлшері мен
қадамы, кескінді қайта өндірудің (регенерация изображения) ең көп шамадағы
жиілігі, қорғаныс класы. Монитордың диогонал бойынша кинескоп құбырлары
сияқты бұрыштардың арасымен өлшенеді. Өлшем бірлігі – дюйм. Қазіргі кезде
23 – тен 107см – ге дейінгі экранды мониторлар шығарылады. Стандартты
мөлшерлері 14”, 15”, 17”, 19”, 20”, 21”. Қазіргі кезде 17 және 19, 21 дюймді
мониторлар ең танымал мониторлар болып табылады. Монитор экранындағы
кескін ваккумдық қолбаға тығындалған, люминофорлық жабу сәулесі өткір
бағытталған электрондар шоғырын түсіру, яғни сәуле арқылы қарап байқау
нәтижесінде пайда болады. Түрлі-түсті кескінді алуы үшін люминофорлық
жабу қызыл, жасыл, жасыл және көк түсті боп жанатын үш тұрпатты (типті)
жолаққа немесе нүктелерге ие болады. Барлық үш сәуле экранда бір нүктеге
жиналып, кескін анық көрінуі үшін люминоформның алдына ұдайы саңылау
қалдырылатын қалқа – панелін қояды. Монитордың бір бөлігі вертикальдық

11

сыммен жарықтандырылған, бұл кескіннің анық та қанық әрі жарық болуын
күшейтеді. Саңылаулар арасындағы (шаг маски - қалқа қадамы) қадам
неғұрлым қысқа болса, кескін соғұрлым дәл әрі нақты болады. Қалқа қадамы
миллиметрмен өлшенеді. Қазіргі уақытта 0,25 – 0,27мм. Қалқа қадамындағы
мониторлар кеңінен таралған. Кесінді қайта жаңарту жиілігі монитор кескіні
бір секунд ішінде қанша рет толық жаңартуын көрсетеді. Оны кадрлар жиілігі
дейді. Кесінді қайта өндіру жиілігі Герцпен (Гц) өлшенеді. Ол неғұрлым
жоғары болса, кескін соғұрлым дәл әрі тұрақты болып, көз аз талады. Ең аз
шамадағы мән 75 Гц, қалыптысы – 85 Гц, ал ең қолайлысы – 100 Гц және одан
көп мәндер. Монитордың қорғаныс класы қауіпсіздік техника талаптарына
сәйкес келетін стандартымен анықталады. Жалпыға бірдей және ортақ
халықаралық стандарттар:

 MPR –II

 TCO – 92

 TCO – 95

 TCO – 99.
MPR – II стандарты адам денсаулығына зиян келтірмейтін шекке дейін

электромагниттік сәуленің деңгейін шектейді.
TCO – 92 стандартында бұл норма сақталған, ал TCO – 95 және TCO – 99

стандарттарында бұл норма жоғары.
Экологиялық және эргономикалық нормалар ең алғаш рет TCO – 95

стандартында пайда болды, ал TCO – 99 стандарты кескіннің сапасы
жарықтығын, жыпылықтауын, жабудың антиблик өзгеруін анықтайтын
параметрлер бойынша нормаларды белгіледі. Мониторлар қызмет принципіне
байланысты:

 электронды – сәулелік трубкалы

 сұйық криссталдағы дисплейге бөлінеді.
Электрлі – сәулелік трубкалы монитор
Электрлі-сәулелі трубка шыны колба ретіндегі басында электронды

трубкасы бар электрлі-вакуумды құрылым. Түбінде люминофор қабығы бар
экран. Сәуле тарату кезінде электрондар ағымы электронды пушканы
сәулелендіреді, ол жоғарғы жылдамдықпен экранға тарайды.

Электрондар қолданушыға көрінетін люминофор жарық береді.
Люминофор электрондық ағымнан кейінгі жарықтану уақытымен
ерекшеленеді. Электронды сәуле экранды жоғарыдан төменге, солдан оңға
қарай қатарларға жоғары жылдамдықпен бөледі. Экранды қозғалтқан
уақытында, бейненің пайда болу жерінде сәуле сол қарапайым люминофорды
жайылған аймақтарға әсер етеді.

Сәуленің интенсивтілігі әр уақытта өзгеріп тұрады, сондықтан сәйкес
экран аймақтарының да жарықтығы өзгереді. Жарық тез жойылатындықтан,
электронды сәуле әрдайым экран бетін қалпына келтіруі керек.

Жарық жиілігі мен уақыттылығы бір-біріне сәйкес келу керек. Тігінен
тарату жиілігі 70 – 85 Гц тең, яғни экран жарығы 70 – 85 рет секундына
жаңартылады. Жиіліктің төмендеуі бейненің жаңартуының төмендеуіне әкеліп
соқтырады, ал ол көзді шаршатады. Мониторлар белгіленген тарату жиілігіне,
сонымен қатар кейбір диапазонда әр түрлі жиіліктерге ие.

Таратудың 2 режимы болады:

 Interlaced (жоларалық)

12

 Non Interlaced (жолдық).
Әдетте, Non Interlaced таратуды қолданады. Сәуле экранды жоғарыдан

төменге қарай қатар бойымен жүреді, бейнені бір өткен кезінде
қалыптастырады. Interlaced режимінде сәуле экранды жоғарыдан төменге қарай
2 рет жүреді: алдымен тақ қатарлар, сосын жұп қатарлар.

Жолдық қалыпында толық кадрдың қалыптасу кезіңіне кеткен уақытқа
қарағанда жоларалық тарату кезінде уақыт 2 есе аз кетеді. Сондықтан 2
қалыпқа да жаңару уақыты бірдей.

Электронды сәулелі трубкасы бар мониторлар үшін экрандар дөңес және
тегіс болады. Кейбір үлгілерде Trinitron технологиясы қолданылады. Бұл
технологияда экран көлденең бойымен сәл қисықтау, тік бойымен тегіс болады.
Мұндай экранда бликтер аз және бейне сапасы жоғары болады.

Сұйық кристалды TFT мониторының құрлымы.
Сұйық кристал негізіндегі дисплей бликсіз, тегіс экран және электр
энергиясын тұтыну қуаттылығы төмен (5 Вт, электронды – сәулелі трубкасы
бар монитор 100 Вт тұтынады).
Сұйық кристал негізіндегі дисплейдің 3 түрі болады:

 монохрамды пассивті матрицамен;

 түрлі түсті активті матрицамен.

 түрлі түсті пассивті матрицамен;
Сұйық кристал негізінде дисплейлерде 2 түрлі жарық толқындарын

құрылатын поляризациялы фильтр болады. Жарық толқыны сұйық кристалды
ұяшықтан өтеді. Әр ұяшық өз түсіне ие. Сұйық кристалдар молекулаларға ұқсас
сұйық тәрізді ағып қозғала алады. Бұл зат жарықты өткізеді, бірақ электр
заряды әсерінен молекулалар өз бағытын өзгертеді.

Пассивті матрицасы бар сұйық кристал негізіндегі дисплейлерде
ұяшықты электр қуатын басқарады, ол экран матрицасындағы транзистірлі үрді
қуатының импульсіне сезімтал жолдар мен бағандар ұяшықтарының орналасу
негізінде құрылады.

Активті матрицасы бар сұйық кристал дисплейлерде әр ұяшықтың жеке
транзистірлі кілті болады, бұл бейненің жарық болуын қамтамасыз етеді.Әр
ұяшық тұрақты электр қуатының әсерінде болады. Активті матрица электр
энергиясын көп қажет етеді. Жеке транзистірлі кілттің болуы өндірісті
күрделендіреді, соған байланысты олардың бағасын жоғары.

Пернетақта (клавиатура).
Компьютерге бастапқы информацияны енгізуде, сондай – ақоның
(компьютердің) жұмысын басқаруда пернетақта пайдаланылады. Бүгінгі күні
пернетақталар көптеген дербес компьютерлерде бірыңғайластырылған, яғни
бірегейлендірілген әрі 101/102 стандарттарында немесе 108 – пернелік
пернетақтада орындалған.
Пернетақта бірнеше регистр режимдердің бірінде жұмыс істейді.
Пернетақтаның барлық пернесін төрт топқа бөлуге болады:

 алфавитті – цифрлық және таңбалық пернелер: латын әріптері және олармен
бірге орналасқан орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері,
арифметикалық, логикалық және де басқа символдар, «бос орын» белгісі;

 функциялық пернелер: F1 – F12;

 әртүрлі қызмет атқаратын пернелер: Enter, Tab, Ctrl, Alt, Esc, Shift, Num Lock,
Caps Lock, Scroll Lock, Pause (Break), PrtSc және “*”, “+”, “-” тәрізді пернелер;

13

 түзету үшін қолданылатын басқару пернелері: Insert, Delete, Home, End, PgUp,
PgDn, BackSpace және бағыттауыш тілсызық пернелер
Пернетақта

Алфавиттік әрбір перне латынның, қазақша бір әрпін енгізе алады. Латын
әріптері QWERTY стандарты (екінші қатардың сол жақ шетінде орналасқан
пернелер тізбегі) бойынша, ал қазақ, орыс әріптері баспа машинкасындағыдай
болып орналасқан.

Цифрлық пернелер қазақ әріптері мен қоса жоғарғы қатарда тұр, сандар
енгізуді оңайлату мақсатында олар оң жақ шетте тағы қайталанған.
Функционалдық пернелер басқару командалары ретінде белгілі бір операцияны
орындай алады. Мысалы, тек бір функционалдық пернені басу арқылы файлды
(мәліметті) дискіге жазуға не оқуға, программа текстін экранда көруге, каталог
ашуға т.б. амалдар орындауға болады. Олардың атқаратын қызметі фонда
жұмыс істеп тұрған бағдарламаға байланысты болады. F1 пернесі көбінесе
ЭЕМ – нің өзінен жылдам көмек алуды сұрау үшін қолданылады. Компьютер
іске қосылған соң оң жақта орналасқан NumLock пернесін басу керек, сонда
қосымша цифрлық пернелік басқару пернелерінің рөлін атқарады.

Бағыттауыш тілсызық пернелер ( , , , ) және Home, End, PgUp, PgDn
пернелері курсорды басқару пернелері деп аталады.

Олардың қызметі:
 , , , - курсорды көрсетілген бағытта бір орынға жылжытады;
 Home – курсордың қатардың, терезенің, файлдың басына жылжыту;
 PgUp – курсорды текст бойынша бір бет жоғары көтеру;
 PgDn – курсорды текст бойынша бір бет төмен түсіру;
 BackSpace пен Del пернелері қате енгізілген символдарды өшіреді: BackSpace –

сол жақтағы символды өшіреді;
 Del – курсор үстіндегі таңбаны өшіреді. Бір сөз екінші сөзден «бос орын»

таңбасымен бөлініп жазылады,
 Tab пернесі курсорды көрші терезеге немесе кестенің келесі бағанасына

жылжытады.
 Insert пернесі тексті түзету режимінде екі мүмкіндіктің бірінен біріне ауысуын

қамтамасыз етеді, олар: «енгізу» - символдардың арасына оларды ығыстыра

14

отырып жаңа таңба енгізу режимі болса, «алмастыру» - бұрынғы енгізілген
таңбаларды теріліп отырған жаңа символдармен ауыстырылады.

 Enter пернесі кез келген қатардың немесе команданың теріліп біткенін білдіреді
де, сол команда орындала бастайды. Көптеген қолданбалы программаларда
теңбіл түсті ені бір немесе бірнеше сөзге тең болатын тіктөртбұрыш тәрізді
белгі (кестелік курсор, маркер) командалық менюдің бір элементін таңдауды
қамтамасыз етеді.
Командалық меню – белгілі бір программаның жұмыс кезінде экранға
шығарылатын, онан кейін орындала алатын оның командаларының немесе іс -
әрекеттерінің тізімі. Тізімнің әрбір элементі кестелік курсорды соның атына
әкеліп, Enter пернесін басу арқылы орындалады. Егер ол команданы
орындағыңыз келмесе, Esc пернесін басу қажет. Командалық менюдің
элементтері тағы да сол сияқты төменгі деңгейдегі бағынышты командалар
менюін (солардың аттарын) экранға шығаруы мүмкін. Мұндай сатылы
командалар иерархиялық (көп сатылы) деп аталады.
Caps Lock, Scroll Lock, Num Lock белгілі бір тәртіп (режим) орната
алатын пернелер тобын құрайды. Бұлардың бірін басқанда, мүмкін болатын екі
тәртіптің бірі орнайды, ал алғашқысы – компьютер іске қосылғанда бірден
орнатылады. Сол пернені қайта бассақ, алғашқы режим қайта шығады.
Қосымша режимге көшкенде, пернеліктегі кішкене шам жанып белгі беріп
тұрады.
Ctrl, Alt, Shift регистр пернелері болып саналады, олар басқа бір пернемен
бірге басылып, әртүрлі іс - әрекеттер комбинациясын іске қосып отырады.
Олардың атқаратын қызметтері әрбір программада өзгеріп отырады, сол себепті
атқаратын жұмысын программалар сипаттамаларынан білу керек. Ctrl, Alt
пернелері басқа бір пернелер қызметін өзгерту үшін жиі пайдаланылады.
Пернелер комбинациясын пайдаланғанда, әуелі регистр пернесі, сонан соң
қосымша екінші перне басылады. Қосымша перне рөлін кез келген символдық,
цифрлық, немесе функционалдық перне атқара алады. Комбинация 3 пернеден
де тұруы мүмкін.
Бұдан былай пернелер комбинациясын былай белгілейміз: регистрлік
перне + қосымша перне. Мысалы, Ctrl+у, Alt+ F2, Shift+5.
Компьютерді басқару мақсатында қолданылатын бірнеше негізгі
комбинация бар:

 Ctrl+Alt+ Del – компьютерді өшіріп қайта іске қосу әрекетін орындайды, яғни
операциялық жүйе жұмысын жаңалау ісін атқарады. Көптеген ЭЕМ – дерде
жүйелік блокта RESET батырмасы (кнопка) бар, соны басу арқылы да
жоғарыдағы әрекетті орындауға болады. Бұл әрекет – «жылы күйде іске қосу»
(горячий перезапуск) деп те аталады.

 Ctrl+ Break – орындалып жатқан программаны кілт тоқтату немесе команда
орындауды доғару, кейде бұл комбинация орнына Ctrl+С пернесін де басуға
болады.

 Ctrl+S – орындалып жатқан әрекетті уақытша тоқтата тұру, мұның да орнына
Pause пернесін басуға болады.

 Shift+PrtSc – экрандағы бейнені баспа құрылғысына шығару.
Текстерді түзету кезінде регистрлік пернелер ішінен тек Shift пернесінің

тікелей атқаратын қызметі бар, ол – бас әріп енгізуді іске асыру. Сонымен,
перненің бетінде жазылған екі символдың жоғары жағында көрсетілгенін енгізу

15

үшін Shift пернесін басу қажет. Бас әріптерді тұрақты күйде теру үшін Caps
Lock пернесін қолданамыз. Esc пернесін (шығу; көшу) кез келген әрекетті
орындамай тоқтату ісін жүзеге асырады. Tab – тексті түзету кезінде кестенің
келесі бағанасына көшуді орындайды. Кейбір программаларда оның атқаратын
қызметі басқаша да болуы ықтимал: экрандағы келесі терезеге көшу немесе
менюдің басқа командасына ауысу және т.с.с.

Тышқан – тетік (мышь)
Тышқан-тетік – бұл информацияны компьютерге енгізудің
манипуляторы. Тышқан – тетік – алақан аясына оңай сиятын екі немесе үш
пернелі шағын қорап.манипулятор компьютерге сым арқылы жалғасады.
Тышқан – тетік түбіндегі саңылау арқылы шарик шығарылған. Ол үстел үстінде
орналасқан тышқан – тетік корпусының ішінде айналады. Тышқан – тетіктің
орындаушы тетігі (исполнительный механизм) бұл айналдыруды сым арқылы
машинаға берілетін және тышқан – тетіктің нұсқағышы деп аталып кеткен
(текстік курсормен шатастырып алмау керек) экрандағы арнайы белгі
дисплейіннің ағымдағы жағдайын анықтайтын электрлік сигналға
айналдырады. Тышқан – тетік қорапшасын үстел үстіне орналастырғаннан
кейін тышқан – тетік нұсқағышын экранның үстіңгі жағындағы кез келген
нүктемен ұштастыруға болады. Тышқан – тетік пернесінің бірін басу, сондай –
ақ пернелермен жұмыс істеудің бірқатар басқа тәсілдері белгілі бір іс –
қимылды жасауға мүмкіндік береді.

Қазіргі заманғы кеңсенің техникалық құралдары
Компьютерге мәтінді немесе бейнені енгізу жиі кездеседі. Көп жағдайда
мәтінді енгізу перне тақтаның көмегімен жүзеге асырылады, бірақ бұл көп
еңбек пен уақытты қажет етеді. Қолданушылар қазіргі кезде сканер
құрылғысын пайдаланады.
Сканерлер.
Сканер – ЭЕМ ақпаратты тiкелей қағаз құжаттан енгiзуге арналған
құрылғы. Мәтiн, схема, сурет, графиктер, фотография және басқа графикалық
ақпаратты енгiзу мүмкiндiгi бар.
Сканерлер құжаттарды өңдеудiң электрондық жүйесiнiң маңызды түйiнi
және кез-келген “электрондық столдың” қажеттi элементi болып табылады. Өз
қызметiнiң нәтижелерi файлдарға жаза отырып және ақпаратты қағаз
құжаттардан ДК-ге бейнелердi автоматты тану жүйесi мен сканердi көмегiмен
енгiзе отырып, қағазсыз өндiрiс жүйесiн құруға нақты қадам жасауға болады.
Сканерлер әр түрлi жәнежәне оларды бiрқатар белгiлерi бойынша
классификациялауға болады. Сканерлер ақ-қара және түстi болады.
Ақ-қара сканерлер штрихтық және жартылайтондық көрiнiстердi оқи
алады. Штрихтық көрiнiстер жарты тондарды немесе сұрдың түрлерiн
бермейдi. Жарты тонды кескiндер сұр түстiң 16, 64 немесе 256 деңгейiн танып,
жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
Түстi сканерлер ақ-қара және түстi түпнұсқалармен жұмыс iстейдi.
Бiрiншi жағдайда олар штрихтық және жарты тонды кескiндердi оқу үшiн
қолданылуы мүмкiн.
Түстi сканерлерде RGB түстi моделi қолданылады: сканерленушi кескiн
айналмалы RGB жарық фильтрi немесе тiзбектеле жанатын 3 түстi лампа
арқылы жарықтанады; әрбiр негiзгi түске сай келетiн сигнал жекелей өңделедi.

16

Берiлетiн түс саны 256-дан 65536-ға дейiн (High Color стандарты), кейде 16,7
млн-ға дейiн (True Color стандарты).

Сканер – электронды механикалық құрылғы.
Сканерді

 планшетті

 барабанды

 қолмен басқарылатын деп бөлуге болады
Планшетті сканер бейнені оригиналдан ғана сканерлейді. Барабанды

сканер факсте қолданылса, ал қолмен басқарылатын сканер оригиналды кез-
келген бағытқа айналдырады.

Сканерді қолданушылар өз үйінде де қолдана алатын деңгейге жетті.
Саудада сканерлердің түрлі модельдері кездеседі. Олар бағасымен,
программамен жабдықтауымен, интерфейсімен және технологиясымен бір-
бірінен айрықшаланады.

Жұмыс істеу принциптері
Барлық түрлі сканердің жұмыс істеу принциптері бірдей. Сканерленетін
объект фотоқабылдағышқа келіп түседі. Түрлі-түсті сканердің ақ-қара түстен
еш айырмашылығы жоқ.
Қазіргі функционалды сканерлер 2 бөлімнен тұрады:
1.Пластмасса корпусындағы сканерлейтін механизм,
2.Программалық бөлігі – TWAIN драйвері.
Ол тек сканермен ғана емес, басқа программалармен және ОЖ-мен
түгелімен байланыстырады. Сканер компьютердің стандартты құрылғысы емес,
сол себепті оған драйвер орнатылады. Әр модельдің өзінің драйвері болады.
Сканерлерде стандартты драйвер болмайды.
Планшетті сканер тікбұрышты формада пластмассадан жасалады.
Корпустың ішкі жағында қозғалмалы каретка орналасқан.
Сканерде түстердің 4 типі қолданылады:

 газоразрядты лампалар – жоғары сәулелі жылдамдықпен жұмыс істейді және
ұзақ уақыт қызмет көрсетеді, бірақ энергияны көп тұтынады.

 «ыстық» катодты лампалар – бірдей спектрде сәуле береді, аз уақыт қызмет
көрсетеді (шамамен 1 000 сағат). Сканер жұмыс істеп тұрғанда лампа
өшірілмеуі керек.

 «салқын» катодты лампа — өте ұзақ уақыт қызмет көрсетеді (5-тен 10 мың
сағат), төмен жұмыс температурасы энергияны көп қажет етеді.

 Светодиодтар – энергияны аз тұтынады. СІS-сканерінде қолданылады.
Қазіргі сканерлерде 3 түрлі светодиодтар жоғарғы жиілікте

пайдаланылады. Сканерленетін бейненің сапасы оның түсінің қанықтылығына
және динамикалық диапазонға байланысты.

Сканерлердің сыртқы айырмашылықтары – сканерді компьютерге
жалғайтын интерфейс. Қазіргі кезде интерфейстердің көптеген түрлерін
кездестіруге болады.
-LPT – бұл берілген сканер интерфейсі компьютердің параллельді
портына принтердің орнына жалғанады. Бұл қосылу типінің көптеген
кемшіліктері бар. Сканермен жұмыс істеу барысында принтерге қосылу өте
қиын. Бұл мәселені SPP стандартты режимімен шешуге болады, бірақ сканер
мен принтердің жұмыс істеу жылдамдығы төмендейді.
— SCSI – бұл ескі қосылу әдісі. Компьютер мен сканер арасындағы

17

байланыс арнайы кеңейтілу платасы SCSI интерфейсі арқылы жүзеге
асырылады. Бұл интерфейстің жоғары жылдамдықта болуы жоғары сапалы
сканерлеуді қамтамасыз етеді.
— USB – қазіргі кезде қолданылатын бастапқы қалыпта
сканерлейтін интерфейс. Мәліметтердің берілуіне аса жоғары жылдамдықты
қажет етпейді.
— FireWire қымбат, бірақ перспективті интерфейс. Мұндай сканер
комплексінде 3 портты FireWire контроллері болады. Сканерден бөлек
компьютерге басқа құрылғыларды да жалғай беруге болады (мысалы, цифрлы
камера).

Барабанды сканерді факс жіберу үшін қолдануға бола
Жұмыс істеу жылдамдығы
Сканерлердің жылдамдығы түрлі болады:
— Түрлі-түсті сурет – 25-тен 60-қа дейін.
— Мәтіннің толық беті (А4) – 45-100 бет.
— Ақ-қара түсті сурет – 20-45 бет

Принтер
Лазерлiк принтерлер: бұларда осындай көшiрме қолданылатын
көрiнiстердi қалыптастырудың электрографикалық жолы қолданылады.
Лазер аса жiңiшке жарық сәулесiн жасауға қызмет етедi, бұл сәуле алдын
ала зарядталған жарыққа сезiмтал барабан бетiнде көрiнбейтiн нүктелiк
электронды көрiнiс контурларын сызады электр заряды лазер сәулесiмен
жарықталған барабан бетiндегi нүктелерден ағып түседi, электрондық
көрiнiстiң қайта зарядталған учаскелерге жабысатын бояу ұнтағымен (тонер)ай
қындалынғанынан кейiн басу орындалады – яғни тонердiң барабаннан
қағазға көшiрiлуi және көрiнiстiң қағазда тонердiң балқуына дейiн
қыздырылуы арқылы бекiтiлуi жүзеге асады.
Лазерлiк принтерлер 50 нүкте/мм (1200dpi) және 1000 белгi/с-
қа дейiнбасу жылдамдығымен сапалы басуды қамтамасыз етедi. Түстi лазерік
принтерлер кең таралуда. Мысалы, Tektronicx (АҚШ) фирмасының Phaser
550 принтерi горизонталь мен верткалi бойынша 1200dpi шешу қабiлетiн
бередi: түстi басу жылдамдығы А4 форматты 5 бет минутына, монохромды
басу жылдамдығы – 14 бет/мин.
МП-ге принтерлер параллельдi де, тiзбектi де порт арқылы қосыла алады.
Параллель порттар параллель жұмыс iстейтiн (ақпаратты бiрден байтпен
қабылдайтын) принтерлердi қосу үшiн қолданылады. Мысалы, Centronics типтi
адаптерлер бiрден 3 принтер қосуға мүмкiндiк бередi. Тiзбектi порттар (2 дана)
тiзбектi жұмыс iстейтiн (ақпаратты ретiмен 1 биттен қабылдайды) принтерлердi
қосу үшiн қолданылады. Мысалы, R3-232С (С2 қосылысы) типтi адаптерлер.
Тiзбектi басу құрылғысы өте баяу жұмыс iстейдi дегендi бiлдiрмейдi. Көптеген
принтерлер параллель порттарды қолданады.
Көптеген жылдам әрекеттi принтерлердiң сиымдылығы бiрнеше жүз
Кбайтқа дейiн өз буферлiк жады бар. Қорытындысына кең танымал ДК
принтерлерiн (олардың үлесi 30%-дан кем емес) Seiko Epson жапон фирмасы
шығарады. Бұл принтерлердi басқару тiлi (ESC/P) iс жүзiнде стандартқа
айналды. Сондай-ақ Star Micronics, Hewlett Packard, Xerox, Man-nesmann,
Citizen, Panasonic, Agfa, Samsung, Canon, Lexmark және т.б. фирмалардың
принтерлерi кең таралған.

18

Құйылма принтерлер
Бұл принтерлердiң басушы бастарында инелердiң орнына жiңiшке түтiк –
соплалар, олар арқылы қағазға бояудың (сияның) өте ұсақ тамшылары
шашыратылады. Бұл екпiнсiз басу құрылғылары. Басушы бастың матрицасы
әдетте 12-ден 64 сопладан тұрады. Соңғы жылдары оларды жетiлдiруде

айтарлықтай табыстар жетiлдi: шешу қабiлетi 20 нүкте/мм, басу жылдамдығы
500 белгi/с қамтамасыз ететiн құйылма принтерлер жасалды. Олар басу сапасы
бойынша лазерлiк принтерлерге жақын. Түстi құйылма принтерлер бар.

Термопринтерлер
Матрицалық инелi принтерлерден басқа матрицалық термопринтерлер
бар. Оларды инелi матрицалық басушы бастың орнына термоматрицалы бас
қойылған және басу кезiнде арнайы термоқағаз немесе термокөшiргiш
қолданылады (әрине, бұл олардың айтарлықтай кемшiлiгi болып табылады).

Интернет сервистері

Электрондық поштаның адресі

Интернетке кіру рұқсат етуді регистрациядан өткізу уақытында ISP

қолданушыға пошталық жәшікке дискінің белгілі-бір көлемін, пошталық

жәшіктің адресін (E-mail Account Address), қолданушының атын (E-mail

Account Login Name) және поштаға заңсыз кірудің рұқсатынан арылу үшін

парольді (E-mail Account Password) бөліп береді. Электрондық пошта адресі:

қолданушының_аты@домен_аты форматында болады,

мысалы, [email protected]. «@» таңбасының сол жағындағы бөлік – бұл

сервердегі пошталық жәшіккің аты (Account Namе), мұнан бұл адрестің иесі

хаттардың алады (берілген мысалда Sanat). Ережедегідей, қолданушының аты

пошталық жәшіктің атымен сәйкес келеді. «@» таңбасының оң жағындағы

бөлікдомен деп аталады және осы пошталық жәшіктің орналасқан жеріне

көрсетеді. Электрондық поштаның адресін пайдаланушы жеткізудің ақырғы

бекеті, яғни поштаны көріп жатқан компьютер болып саналмайтынын ескере

кету жөн. Әр қолданушы бірнеше адрестерді әртүрлі пошталық серверлерде

регистрациядан өткізе алады. Бүгінгі таңда электрондық поштаның қызметін

ақысыз көрсететін жүздеген серверлер бар, сондықтан да кез келген Интернет

қолданушы әлемнің әр бөліктерінде пошталық жәшіктерін емін-еркін

регистрациялауы мүмкін. Сондықтан электрондық пошта адресін сіздің

үйіңіздегі компьютердің адресі айқындамайды, ал Сіз пошта алатын сервердің

адресі беріледі.

Белгілі бір қолданушыда екі адрес регистрацияланған деп

ойлайық: [email protected] және [email protected].

Ол әр жәшігінен өзінің компьютеріне хаттар алады, бірақ біреуін ол Нью-

Йорктегі серверден, ал екіншісін – Алматыдағы серверден көшіреді. Осыған

байланысты электрондық поштаның көрсеткіштік адресациясы жеткізу

маршрутын адрес анықтайтыны туралы айтады.

Екі сервис – екі протокол

Электрондық пошта клиент-серверлік архитектураның принципімен

құрастырылған. Қолданушы клиенттік программамен араласады, ол программа

өз қатарымен пошталық сервермен араласады. Поштаны жіберу және алу

процедурасы әр түрлі дәрежеде жеке адамның анықталуын (идентификация

личности) сұрайтыны айқын, осыдан мұнда кәдімгі поштадағыдай толық

19

ұқсастық (аналогия) көрінеді: сізге өзіңіздің пошталық жәшіктің ішінен хатты
алу үшін кілт керек. Бұл жағдайда кілт сіздің поштаны алу құқығы бар
екендігін растайтын автоматизация құралы болып табылады. Хатты жіберу
кезінде авторизация міндетті емес. Жіберу және алу әр түрлі дәрежеде жеке
адамның анықталуын сұрайтынына байланысты екі түрлі – хатты жіберуге
және алуға арналған протоколдар бар. Хатты жберу кезінде авторизация
міндетті еместігіне қарамастан, бүгінгі таңда провайдерлердің көпшілігі
қауіпсіздік және спаммен күресу ойымен оны енгізу жоғары қойылады.

Хаттарды жөнелту үшін SMTP протоколы (Simple Mail Transfer Protocol –
поштаға сілтеме қарапайым протоколы) және оған сәйкес SMTP-серверлері
қолданылады. Көбінесе поштаны жіберу сіздің пошталық серверіңіздің
интернет-провайдерінде болады, бірақта бұл онша міндетті емсе. Әдетте SMTP-
серверлер идентификацияны талап етпейді, сондықтан сіз хатты басқа да
осындай серверден жіберсеңіз де болады. Пошталық хабарламаны алу үшін
қазірі уақытта тек нақты қолданушының поштасын серверден алып тұратын
және сондықтан жәшікке кіруге рұқсат ететін құқықтық авторизацияны
сұрайтын POP3 протоколы (Post Office Protocol – пошталық офис протоколы)
көп қолданылады.

Пошталық клиенттің негізгі функциялары
Барлық пошталық клиенттердің негізгі функциялары – хабарламларды
алу, оларды автономды режимде көруді ұйымдастыру, хабарламаларды
сорттау, жауап хабарламларын дайындауды автоматизациялау және адрестік
кітапшаны қолдау.
Пошта қалай жұмыс істейді
Хатты жіберу және жеткізу
Интернетке қосылғаннан кейін, клиенттік программа пошталық
сервермен байланысып, оған жіберушінің пошталық адресін және
хабарламаның мәтінінің өзін жібереді. Поштаны жіберу кезінде клиенттік
программа шығыс поштаның серверімен, яғни SMTP-сервермен 25 нөмірлі
портқа SMTP протоколы арқылы қосылып, ара қатынасқа түседі. Пошта
жіберілетін SMTP-серверінің аты клиенттік пошталық программаға оны күйге
келтіру кезінде алдын-ала енізілу керек. Осы процессті мұқият қарастырайық.
Хат жіберушінің серверіне жеткізілгеннен кейін, жіберушінің SMTP-сервері
алушының серверімен байланысу керек. Бұл үшін оған алушының SMTP-
серверінің IP-адресін білу қажет. Осы адресті білу үшін, ол DNS-серверге
алушының SMTP-серверінің IP-адресін білуге сұраныс тастайды.
Егер де қайсы-бір себеппен жіберушінің SMTP-сервері алушының SMTP-
серверімен байланысқа түсе алмаса, онда жіберілім жеткізілу үшін кезекке
тұрады. Әдетте әр 15 минута сайын кезектегі хатты қайта жөнелту әрекеті
өндіріледі. Шамамен 4 сағаттан кейін жіберушіге проблема туралы хабарлама
жіберіледі, ал 5 күн өткен соң серверлердің көпшілігі әрекеттерін тоқтатып,
жіберушіге жіберілменген поштаны қайтарады, сондықтан хат із-түссіз
жоғалып кете алмайды.
Егер пошталық клиент пен SMTP-сервердің қатынас протоколына
қарасақ, оның жетерліктей қарапайым екендігіне көз жеткізуге болады. Мұнда
интуитивті түсінікті командалар қолданылады: мысалы HELO
(таныстырыламын), MAIL FROM (жіберушіні анықтаймын), RCPT TO
(алушыны анықтаймын) және т.с.с.

20

Жіберушінің SMTP-сервері алушының SMTP-серверімен байланысқа
түскен сәтте-ақ, ол жіберілімді жөнелтеді. Алушының сервері адресте
көрсетілген атты қолданушының бар екендігін анықтайды және оның жәшігіне
жіберілім жөнелтеді.

Пошта серверде орналасқаннан кейін, алушы оны сол жерден көшіріп
алуға мүмкіндік алады. Пошталық жәшіктен жиналған поштаны алу кезінде,
клиенттік программа POP3-сервермен POP3 протоколы арқылы байланысады.
Интернетке кірген кезде өзіңіздің пароль мен логинді көрсеткендіктен, әдетте
поштаны алу кезінде осы мәліметтерді қайта енгізу керек емес. Сіздің
пошталық клиентіңіз POP3-сервермен байланысып, локальді машинаға
электронық пошта жіберілімдерінің копияларының жөнелтуін анықтайтын
бұйрықтарды жібереді.

Әдетте, пошта алынғаннан кейін пошталық клиентте керісінше
көрсетілмесе, сервердегі хабарламалар өшіріледі. SMTP-сервер секілді, POP3-
сервер алушының пошталық клиентпен «сөйлесу» кезінде интуитивті түсінікті
командалар жиынтығын қолданады: USER (қолданушының ID енгізіңіз), PASS
(пароль енгізіңіз), QUIT (POP3-серверден шығыңыз), DELE (хабарламаны
өшіріңіз).

Егер SMTP-протокол қарапайым және тек қана серверге алушының адресі
бар хаттардың мазмұнын жіберетін болса, онда POP3-сервермен жұмыс
әлдеқайда күрделірек болатынын ескеру жөн, ол хаттарды бөлектеліп көшіруді
іске асырады, үлкен хаттардан бас тартуға жол береді және т.б.

Поштаны қабылдау үшін пошталық серверден хаттарды таңдамалы түрде
компьютерге көшіріп алуға, папкалармен жұмыс істеуге және т.б. мүмкіндік
беретін әлдеқайда жаңартылған IMAP-протокол қолданылуы мүмкін.

Электрондық хат адресатқа жетпеген кезде, бірнеше себептермен болуы
мүмкін. Мүмкін, алушының сервері берілген жіберушінен хаттар алмаған
жағдайда. Мұнан басқа, егер сервер жұмысы аса көп болса және сұранысты
қарастыралмаса, жіберілім кері қайтарылады. Егер хат алушы серверімен
жоқталмаса да, ол қайта оралуы мүмкін, мысалы, алушы атын жазу кезінде
қателессеңіз – жүйе мұндай атты алушының жоқтығы туралы хабарлайды.
Және, соңғысы, көрсетілген атты алушы бар болса да, оның пошталық жәшігі
толып кеткен кездегі жағдай туындауы мүмкін.

Арнаулы таңбаларды және толтырма хабарламаларды жөнелту
SMTP-протокол ASCII-дың барлық символдарын жіберуді рұқсат етпейді,
ал олардың ішінен ағылшын алфавитіне сәйкес келетін және ASCII кодтаудың
негізгі кестесімен айқындалады. ASCII кодтаудың екі кестесін анықтайтыны
белгілі: базалық жетібиттік (0-127 нөмерлі символдар) және кеңейтілген
сегізбиттік (128-255).
Кириллица символдары кодтаудың кеңейтілген кестесіне жатады, және
SMTP-протоколы үшін олар арнаулы символдар болып келеді. Арнаулы
символдарды жіберу кезінде әдетте MIME стандарты (Multipurpose Internet Mail
Extensions – Интернеттің көпмақсаттың кеңейтілулерлі пошталық стандарты)
қолданылады, ол арнаулы символдарды жіберу және мәтіндік емес ақпаратты
электрондық пошта арқылы жіберу үшін кодтауды рұқсат етеді, мысалы хатқа
қосымшада орналастырылған графикалық файлдар.
Бастапқыда электрондық пошта файлдарды жіберу үшін арналмаған етін,
сондықтан қайсыбір файлды жіберу үшін оның мәтіндік хабарламаға сәйкес

21

қайта кодировкасы керек. MIME стандарты файлдың тақырыбы арқылы оның
қандай типті мәлімет(мәтін, графика, әуен және т.б.) қамтитынын анықтай
алады және қосарланған файлдарды кодтаудың біртұтас әдісін ұсынады. MIME
стандарттары қолданған кезде, кириллицаны кодтау проблемалары
туындамайды.

Интернеттен ақпарат іздеу
Барлық әлем қазіргі күні телефондық қоңырау қашықтығында тұр. Модем
мен компьютерге ие бола отырып, сендер әлемдегі ең үлкен компьютерлік
желімен – Интернетпен байланыс жасай аласыңдар (егерде сендердің жолдарың
болып жатса, онда модем де керек емес: көптеген колледжілер мен бірлестіктер
өз студенттері мен қызметкерлеріне Интернетке тура қатынауға мүмкіндік
береді)
Модем – бұл компьютер мен телефон желісінің арасындағы
аудармашыдай. Оның керек болуы телефон желілері мен компьютерлер
ақпаратты екі әр түрлі және үйлеспейтін тәсілдермен береді және өңдейді.
Компьютерлер сандар тілінде «сөйлеседі» – олар ақпараттарды сандардың
тізбегі түрінде жөнелтеді және сақтайды. Телефондық желілер осцилограф
экранында толқындар секілді көрінетін аналогтық сигналдармен жұмыс істейді.
Сендердің компьютерлерің мәліметтерді телефон желісі бойынша басқа
компьютерге беруге дайын болған кезде, модем компьютерден сандарды
сондай толқындарға түрлендіреді, яғни оларды «модульдейді». Егерде
сендердің модемдеріңе ақпарат толқындар түрінде келетін болса, онда оларды
компьютерге түсінікті сандарға түрлендіреді – «кері модульдейді». Барған
сайын жиі-жиі құрамдас модемдері бар компьютерлерді шығаруда. Егерде
сендердің компьютерлеріңде ондай жоқ болса, онда өздеріңе сатып алатын
модемнің ақпаратты жеткізу жылдамдығы қандай болуы тиісті екендігін
шешуге тура келеді. Модемнің жылдамдығы секунд ішіндегі биттермен
(бодпен) өлшенеді. Бидтың мөлшері – бұл бір секунд ішінде модем жеткізе
немесе қабылдай алатын биттің саны. Әріп немесе символ сегіз биттен тұрады.
Бүкіләлемдік Өрмек: әдетте WWW (World Wide Web-тен) немесе веб деп
аталатын, веб-браузерде қарап шығуға арналған көптеген арнайы құрамдас
беттер болып табылады. Веб-браузер мәтінді, графикті және басқа
мультимедиалық мазмұнды, мысалы, әуенді қамтитын веб-беттерді бейнелеуге
және орнын анықтауға мүмкіндік беретін бағдарламалық қосымша.
Электрондық пошта немесе e-mail, Интернеттің барлық желісінде ашық.
Ол адамдарға файлдарды барлық әлем бойынша тез жөнелтуге мүмкіндік
береді. Бұл жай ғана мәтіндік мақалалар болуы мүмкін немесе графиканы,
немесе қандайда бір мазмұнды қамти алады.
Файлдарды жеткізу: файлдарды бір компьютерден екінші компьютерге
орын ауыстырады немесе көшірмелейді. Интернет бойынша мәліметтерді
жеткізуді басқаратын Файлдарды жеткізу хаттамасы ретінде арнайы FTP (File
Transfer Protocol ) басқарушы ережелері немесе хаттамалары бар.
Usenet жаңалықтары (Usenet News): белгілі бір тақырыпқа мақалалар
алмаса алатын компьютерлер желісі, ол бағдарламалық өнімдерге қолдау
көрсетуді қамтамасыз етеді немесе алуан түрлі санаттағы сұрақтарға жауаптар
ұсынады.

22

Жаңалық тобы (newsgroups): пікір сайыс жүргізу немесе жаңалықтар
алмасу үшін ұйымдастырылған USENET-тегі желілік алқалы жиын.
Хабарларды оқу және жіберу пайдаланушылардың компьютерлерінде іске
қосылатын және жаңалықтар серверімен қосатын бағдарламамен жүзеге
асырылады.

Google, Yandex, Rambler ақпараттық іздестіру порталдары
Гиперсілтеме бойынша қатынас негіздеріне ие бола отырып, FTP-
сеансында компьютерлер арасында файлдарды қалай бағыттауды біле
отырып, Интернет-кеңістігіне батыл түрде аттануға болады
Тек қайда бару түсініксіз. Егерде адрес белгілі болса, онда жақсы, ал
егерде барлық не бары – тек сөз ғана, қандайда бір атау, қандайда бір ұғым,
қандайда бір аббревиатура болса ... , онда Не істеу керек? Қоңыраулату, жазу,
кітапхана бойынша іздестіру? Жоқ! Интернетке бару керек! Онда көмектеседі.
Интернетте елестетуге болмайтын ақпараттың ғаламат молшылығына
араласқан керектіні іздеп табу арнайы іздестіру механизмінсіз мүмкін емес.
Ондайлар бар. Бұл ресурстар каталогы (Directories) мен іздестіру машиналары-
роботтары (Search Engines). Каталогтар да іздестіру машиналары да түйінді
сөздер, тіркес сөздер, арнайы құрастырылған сөздік құрыстырылым бойынша
қисынды іздестіруге арналған тапсырмалар кездесетін сол ресурстардың
адресін табуға мүмкіндік береді.
Шет елдің іздестіру жүйелерінің ең атақтылары: Alta Vista, Northern
Light, HotBot, Exite, Infoseek, Lycos, Web Crawler, Google. Ең ірі көрсеткіштің
мөлшері — Alta Vista и Northern Light — шамамен 150 млн құжат. Осы
қатардан ең кішісі — Web Crawler іздестіру машинасы. Оның көрсеткішінің
мөлшері — миллион құжаттың бірлігі. Алайда бұл жүйе өзінің базасын күн
сайын жаңартады, сондықтан мұнда әрқашанда ең жаңа мәліметтер.
Банк жүйесі – нарықтық экономиканың маңызды және бөлінбес
құрылымының бірі. Банктер мен тауарлық өндірістің және айналымдардың
дамуы тарихи түрде параллель жүрді және тығыз өрілді.

Жаңа түсініктер мен іс — әрекеттер тәсілін қалыптастыру
Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан
желілер ғаламдық деп аталады. Интернет — миллиондаған компьютерлерді бір
алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен
қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең
танымал желі.Интернет желісініндегі мәліметтерді миллиондаған мекемелер
даярлайды. Әлемдік желідегі, ақпараттарды тез тауып алуда іздеу серверлерінің
көмегі зор. Олар мыңдаған іріктелген құжаттардың, сайттардың адрестары
сақталады. Көптеген іздеу серверлерінің ішінде кең тараған іздеу каталогтары
(directories) мен машиналары (search) бар.

23

http:\\www.google.com — GOOGL, ақпараттық іздестіру жүйесі 1999
жылы қыркүйек айында ашылған. Бүгінгі күндері Searchenginewatch.com
эксперттерінің айтуына қарағанда базаның көлемін 560 млн құжаттар құрайды.
Жүйе қолданушыларға қарапайым және кеңейтілген іздестіру интерфейсін
ұсынады. Көптеген тілдерде сонымен қатар орыс тілінде, ақпарат іздеу
мүмкіндігі бар.

http:\\www.yahoo.com — Yahoo — тез іздестіретін анықтамалықтардың
бірі. Ақпараттарды жеке сөздер бойынша немесе классификатор бойынша іздеу
мүмкіндігін береді.

http:\\www.aport.ru — Апорт — ақпараттық іздестіру жүйесі алдыңғы
қатардағы іздестіру жүйесіне кіреді. Бүгінгі күндері мәліметтер көлемін 20 млн
индекстелінген құжаттар құрайды. Жүйеде іздестірудің кең спектрлі
мүмкіндіктері бар. Онда қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндіктері
ұсынылады. Ақпараттарды, ағылшын және орыс тілінде іздеуге болады.

http:\\www.yandex.ru — Яндекс — ақпараттық іздестіру жүйесі 1997
жылы ашылған. Бүгінгі күндері базадағы индекстелінген құжаттар көлемі 33
милионға жуық. Ақпараттық іздестіру жүйесі логикалық операторлармен
белгіленген өзінің меншікті жүйесін қолданады, сонымен қатар көптеген түрлі
іздестіру функцияларын ұсынады.

http:\\www.rambler.ru — Rambler — іздестіру жүйесінде Россияның және
ТМД елдеріндегі серверлерде орналасқан 12 миллионға жуық мәліметтер
индекстелінген. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру
мүмкіндігі қарастырылған.

Қазақстан Республикасының анықтамалық іздестіру жүйелері
http:\\www.site.kz — «Весь WWW-Казахстан» — Қазақстандық іздестіру
порталы, ол Интернет әлеміндегі жүздеген мың серверлер мен сайттарды
табуда көмек береді. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру
мүмкіндігі қарастырылған.
http://tabu.nursat.kz — TABU іздестіру жүйесі KZ доменіндегі ресурстар
мен қатар Қазақстаннан тысқары жерлердегі еліміз туалы веб-парақтарды
іздестіруге арналған. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру
мүмкіндігі қарастырылған.
http://akolya.hypermart.net — қазақ тіліндегі, ақпараттарды, веб-
парақтарды іздестіруге болады. Өзекті сөз арқылы іздестіру мүмкіндігі
қарастырылған.

Adobe Рhotoshop графикалық редакторының интерфейсімен танысу
Photoshop – бұл фотография мен суреттердi редакторлеу мен құруға
негiзделген программа.
Adobe Photoshop программасы – бұл нүктелі графика бағдарламасы,
яғни бұл программадағы бейнелер нүктелерден, пиксель деп аталатын
ұяшықтардан тұрады. Бұл аббревиатура ағылшынның екі сөзінен picture
element құралған бейнелер элементі деген мағынаны білдіреді.
Adove фирманың атауы. Аталған фирмада төмендегiдей программалар
жасақталған:
 Adove Illustrator – векторлық графика редакторы. Бұл программаның
соңғы версиясы PDF форматындағы файлдарды редакторлеу мен оны ашуға
мүмкiндiк бередi.

24

 Adove Dimentions – үшөлшемдi графика редакторы. Бұл программа
Macintosh типтi компьютерлер үшiн жасақталған.

 Adove Streamline – сканерден өткiзiлген нүктелi бейнелердi векторлық
графикаға түрлендiруге негiзделген программа.

 Adove Photoshop – нүктелi графика редакторы.
 Adove Pagemaker – полиграфиялық және типографиялық баспалардың
құжаттарын түрлендiруге негiзделген программа және т.б.

Adove Photoshop программасымен жұмыс жасау барысында төмендегідей
сөздер жиі қолданылатын болғандықтан олардың түсініктемелері
көрсетілген:[14].

Растрлық графика полиграфиялық баспалар мен оларды өңдеу үшiн
қолданылады. Ең бастысы бұл графикада түстi таңдап алу болып табылады.
Мұндай типтегi бейнелердi үлкейткен кезде оның сапасы төмендеп, бейнеге
айналып кетедi.

Векторлық графика сызба бейнелер мен безендiрулердi құруға
негiзделген. Ең бастысы, бұл графикада объектiлер формасы болып табылады.
Оны үлкейткен кезде оның формасы өзгермейдi. Керiсiнше, векторлық
бейнелердi үлкейткен кезде, олардың өлшемi өзгермейдi.

Фрактальды графика математикалық есептеулер жолымен бейнелердi
автоматты түрде түрлендiруге негiзделген. Теңдеулер немесе формулалар
бойынша бейнелер салынады және олардың бейнелерi емес, коэффициенттерi
сақталынады. Мысал ретiнде ақша қардың бейнесiн алуға болады.

Штамп бейнелерден таңдаулы үлгiлердi көшiруге мүмкiндiк бередi.
Сиқырлы таяқша және Лассо – жалпы композициядан бейнелердiң
үзiндiлерiн таңдау.
Бөлiп алу (Выделение) – шекараның iшiндегi бейнелердi бөлiп алып,
көшiру, орын алмастыру және оны редакторлеу.
Монтаж, коллаж - басқа бейнелердiң үзiндiлерiн бөлiп алып, бiр бейненi
жинақтап, шығару. Ол үшiн слои және каналдар қызмет атқарады.
Передний план, задний план, слои, каналы – бейнелер бөлiктерi.
Слои – мөлдiр фондармен қоршалған бейнелердiң көрiнбейтiн бөлiктерi.
Ол бөлек элементтерден композициялар құрастыру кезiнде қолданылады. Оның
сылаы ретiнде контурлық карта (артқы жағын), онда мемлекеттер тiзбектей
бейнеленген (алғашқы қабаты), қалалар (екiншi қабаты), орман, батпақ,
шөлейттер (үшiншi қабаты) және т.б.
Каналы – бұл бейнелердiң түстерiнен бiреуiне сәйкес келетiн
монохромды бейне. Мысалы, Қызыл – жасыл - көк
Маски (маскированные области) – слойдың көрiнбейтiн аймағы.
Сондықтан оны түрлендiруге болмайды. Немаскированные области – бұл
бейненiң көрiнетiн аймағы Құрастырылатын бөлiктерге бейнелердi бөлу үiшн
қолданылады.
Растушевка - бұл шекаралар аралығынан бөлек үзiндiлердi бөлiп алу.
Түстер модельдерi
 ҚЖК (RGB) (қызыл+жасыл+көк). Бұл түс бейнелердi экранға шығару
үшiн қолданылады.
 КССҚ (CMYK) (көгiлдiр+сұрғылт+сары+қара). Мұнда қосымшаға негiзгi
түстерден ақ түстерге дейiн енгiзiледi. Ол полиграфиялық баспалардың

25

материалдары үшiн қолданылады. Мысалы, көгiлдiр = ақ-қызыл, сұрғылт = ақ
– жасыл, сары = ақ – көк.

 ТҚЖ (HSB) (тон+қалыңдығы+жарықтылық). Өнер шығармаларын құру
үшiн қолданылады. Онда түрлi құралдар, атап айтқанда, акварель, гуашь,
картон, тушь, уголь, пастель және т.б.

- – – палитраның қара-ақ түстерi.
Растрлық графикамен жұмыс істеуде Adobe фирмасының Photoshop

программасы ерекше орын алады. Бұл программа қазір компьютерлік
графикада стандарт болып табылады, басқа программалардың бәрін осы
программамен салыстырады.

Adobe Photoshop программасының атқаратын қызметтері:
 Графикалық бейнелерді өте жоғары сапада өңдеу;
 Интерфейсі қолдануға ыңғайлы және жеңіл;
 Бейнені өңдеу мүмкіндіктерінің көптігі, палитрамен жұмыс істеу,
сканерлеу, импорттау мен экспорттау;
 Фильтрлеу командаларының мол жиынтығы, олардың көмегімен әртүрлі
эффектілерді орындау;
 Аймақ пен контурды ерекшелеу;
 Сурет салудың әр тәсілдері;
 Бейнені түзетуге, қабаттар, каналдар, маскалар, фильтрлер көмегімен
бейненің өлшемі таңдау;
 Басылымға берудің әр түрлі мүмкіндіктері бар.
Іске қосу үшін: Пуск →Программы →Adobe Photoshop

Adobe PhotoshopCS3 программасының интерфейсі.

Суретте берілген Adobe Photoshop CS3 программасының терезесінің
жоғарғы бөлігінде программаның атауы жазылған тақырып
қатары орналасқан. Тақырып қатарынан төмен программаның барлық
командалары мен функцияларын пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі меню.
Сол жағында программаның негізгі құрал-саймандар тақтасы орналасқан. Оң
жағында бейненің түсін, масштабын өзгертуге т.б. орындауға
көмектесетін қызметші терезелер берілген. Терезенің ортасында өңделетін
графиктік файл ашылатын жұмыс аумағы орналасқан. Ал терезенің төменгі
жағында қалып-күй қатары берілген.
Меню командалары

Программаның негізгі менюінде бір функционалдық арнайы топқа
біріктірілген командалар тізімінің жиынтығы берілген. Бұл тізімдер жинақы
күйде беріледі де, олардың біреуін таңдағанда ашылады.

26

«Файл» менюі
Файл менюінің командалары жаңа файл құру, ашу, сақтау, орналастыру,

жабу, сканерлеу, импорттау, экспорттау, бейнені баспаға шығару, желі
бойынша файлды жіберу, кей операцияларды автоматтандыру және PhotoShop
программасынан шығу қажет болғанда қолданылады.
«Түзету» (Редактерование) менюі

«Түзету» менюінде бейнені өңдеу командалары: көшіру,
трансформациялау, бейнені орналастыру мен түсін анықтау, белгілі бір
өлшемді және формалы қылқалам, өрнектер мен фигуралар құру, іс-әрекеттерді
қайталау және болдырмау командалары орналасқан. Тазарту ішкі менюі
жадыны тазартады.
«Бейне» (Изображение)менюі

Бейне менюінің Режим ішкі менюі арқылы бейнені 8 режимнің біріне
ауыстыруға болады. Реттеу ішкі менюінің командалары бейненің
контрастылығын, түсінің тонын, ашықтығын, қанықтылығын өзгертеді. Бейне
өлшемі командасы көмегімен бейненің өлшемін, рұқсат етілімін және файл
өлшемін өзгертуге болады. Холст өлшемі командасы көмегімен бейне
орналасқан жұмыс аумағының өлшемін өзгертуге болады.
«Қабат»(Слой) менюі

Қабат менюінің командалары жаңа қабат қосуға, көшіруге, жоюға,
өзгертуге, топтауға, орындарын алмастыруға, байланыстырылған қабаттарды
басқаруға, қабаттарды біріктіруге, оларға маска қолдануға және бейнені бір
қабатқа айналдыруға мүмкіндік береді.
«Ерекшелеу» (Выделение) менюі

Ерекшелеу менюінде бейнені толық ерекшелеу және түсіне қарай
ерекшелеу командалары, ерекшеленген фрагментпен жұмыс істеу командалары
орналасқан.
«Фильтр» менюі

Фильтр менюінде бейнені өңдеу операциялары кіретін фильтрлер
орналасқан.

«Анализ» менюі
Анализ менюінде шкала өлшемін беру, берілген нүктелерді бергілеу,
сызғыш құралы, есептегіш құралы, масштаб маркерін орналастыру
командалары орналасқан.
«Қарау» Просмотр менюі
Қарау менюінде түс нұсқалары, экран режимі, көрсету, бағыттаушыны
бекіту, бағыттаушыны жою, жаңа бағыттауыш, фрагментті бекіту, фрагментті
жою командалары ораласқан.
«Терезе» (Окно)менюі
Терезе менюі командалары түрлі палитраларды экранда көрсету және
жасыруды басқарады. Сонымен қатар ашылған бейнелердің тізімі берілген.
«Көмек» (Справка)менюі
Көмек менюінің командалары Photoshop программасы нұсқаулығын
интерактивті режимде ашып қарауға, Adobe компаниясының соңғы
жаңалықтарын қарауға, Adobe Online сайтына шығуға, экранда пайда болатын
көмектерді пайдалануға көмектеседі.
Экрандағы бейнені үлкейту және кішірейту. Жұмыс экраны көрінісінің
режимдері.

27

Кейбір құжаттардың өлшемдері үлкен болғандықтан монитор бетіне
симай кетеді. Photoshop программасында көрініс масштабы жасалған. Бейнені
түгел қарау үшін масштабты азайтып сурет көрінісін кішірейту қажет. Ctrl+«+»
пернелерін бірге басқан кезде сурет өзінің терезесінің ішінде жақындап,
үлкейеді де, Ctrl+«-» пернелерін басқанда кішірейтеді. Ал Ctrl+Alt+«+»
пернелерін бассаңыз кұжат өзінің терезесімен бірге үлкейеді. Ctrl+Alt+«-»
құжат өізінің терезесімен бірге кішірейеді.

Палитралар
Photoshop программасында он екі жылжымалы палитра арқылы көптеген

операциялар орындалады. Палитраларды экранның кез келген жеріне
қозғалтуға, орналастыруға болады. Экранда көп орын алмас үшін палитралар
өзара шағын терезелерге топтастырылған: Навигатор/Ақпарат/Гистограмма,
Түс/Үлгілер/Стильдер, Қабаттар/Каналдар/Жиектер/Тарих/ Әрекеттер,
Символ/Абзац, Қылқалам.

Кез келген палитраны Терезе менюіне бару арқылы ашуға болады.
Аталған палитра өз тобындағы қалған палитралардың бетіне шығады.
Навигатор

Навигатор палитрасы арқылы жұмыс істеп отырган бейнені жақындатып
немесе керісінше алыстатып көру аймағын өзгертіп, 1% -тен 3200% аралығында
қозғауға болады.

Навигатор палитрасы бейненің масштабын өзгерту қызметін атқарады
және бейнені жұмыс үстелінде жылжытуға мүмкіндік береді. Бұл палитрада
берілген бейненің кішірейтілген нұсқасы беріледі, қызыл жиекпен қоршалған
бөлігі ол бейненің жұмыс үстелінде өңделіп жатқан бөлігін көрсетеді.
Палитраның төменгі бөлігінде орналасқан 2 слайдер батырмасы бейненің
үлкейуіне немесе кішірейуіне әкеледі.

Информация
Түс туралы мәлімет, олардың координаттары мен өлшемі немесе

ерекшеленген обьект өлшемі беріледі. Курсордың белсенді нүктесінде
ағымдағы сайман мен түстік координаттары беріледі және терезесінің төменгі
жағында горизонталь және вертикаль осьтегі тышқанның көрсеткіші мен
проекцияның өлшемі туралы ағымдағы координаталар беріледі.

28

Түс
Түс палитрасы түстерді араластыру мен таңдау үшін қажет. Алдыңғы

және артқы пландардың түстері (негізгі және фондық) таңдалады. Палитраның
сол жақ бөлігінде түс таңдауға арналған 2 тіктөртбұрыш берілген. Үстінгісі
бояу түсімен боялған, ал төменгі фон түсімен боялады.

Үлгілер
Үлгілер палитрасы – дайын түстерді қолдану қажеттігі туғанда

пайдаланылады. Мұнда қажетті түсті палитрадан таңдауға немесе жаңа түс
шығаруға болады, ол үшін бірнеше түстің қосындысы керек.

Стильдер
Стильдер палитрасы белгілі бір эффектілер қолдану қажет болғанда

пайдаланылады.

Қабат
Қабат палитрасы қабаттарды қосу, жою, көрсету/ жасыру, көшіру,

біріктіру, байланыстыру және қабаттардың орналасу ретін ауыстыруға болады.
Әр қабаттың өзінің түс араластыру режимі және мөлдірлік деңгейі бар, әр
қабатты басқаларын өзгертпей өңдеуге болады. Құрылатын құжат бірінші фон

29

қабатын қабылдайды. Ол ақ, мөлдір, немесе басқа түсті болуы мүмкін
қабаттарды құруға, жоюға, біріктіруге, орындарын ауыстыруға болады. Әдетте
жаңа бейне құрған кезде оның фоны мөлдір болмайды.

Тарих
Тарих палитрасы көмегімен бейнені өңдеу барысында орындалған бір

немесе бірнеше операцияны қайтарып алуға болады. Қылқаламның әрбір
жағылуы бөлек операциялар түрінде көрсетіледі. Егер алдыңғы операцияның
үстінен шертсек, сол операция орындалғанға дейінгі күйге қайтып келеді.
Ағымдағы күйде соңғы орындалған операциялар сақталып отырады. Бірақ
операциялар санын арттыруға да болады.

Каналдар
Өңделіп жатқан бейненің түстік және қызметтік каналдарымен жұмыс

атқарады. Канал палитрасы бейнені құруға дубликат жасауға, және
командаларды өзіндік құжатқа айналдыруға, қосылған бейненің каналдарын
қосуға және форматтауға арналған. Экрандағы бөлек каналдарды басқаруға
мүмкіндік береді, соның нәтижесінде бейнені көрінетін және көрінбейтін етіп
орналастырады.
Контурлар

Контур саймандары көмегімен құрылған векторлық контурларды басқару
қызметін атқарады.
Әрекеттер

Бейнені өңдеу әрекеттерін автоматтандыру туралы жазбалар сақталады.
Символ

Мәтіннің гарнитура, кегль, интерлиньяж, трекинг т.б. негізгі
атрибуттарын орнату мен қайта баптау үшін қолданылады.

30

Абзац
Көлемді мәтіндермен жұмыста пайдалануға арналған. Сөздер мен әріп

арасындағы интервалды, абзац аралығын, мәтінді туралау тәсілдерін өзгертуді
орнатуға болады
Қылқалам

Қылқаламның формасы, өлшемі, текстурасы т.б. ондаған параметрлерін
орнату арқылы өнердің дәстүрлі техникасын имитациялауға болады.
Гистограмма

Экранда берілген бейне, ерекшеленген бөлігі туралы тондық және түстік
ақпарат береді.

Adobe Photoshop нүктелі графика. Өйткені әрбір нүкте пиксель деп
аталатын нүктелер жиынтығынан тұрады. Adobe Photoshop-та графикалық
бейнелерді құруға, файлдарды редакциялауға болады.

Редакциялау дегеніміз – құжатқа өзгертулер, түзету және қосымшалар
енегізу.

Файлдармен жұмыс: құжат ашу, құру, сақтау.
Программамен жұмыс барысында жаңа файл құруға, ашу, жабу, сақтауды
жүзеге асыруға болады.

Жаңа құжат құру үшін Файл Жаңа құжат командасын орындау
қажет. Ашылған терезедегі «Аты» өрісіне файл атауын, бейне параметрлерін
(ені, биіктігі, рұқсат етілімі, түстік режим, фон мазмұны)
таңдап ДА батырмасын шертеміз.

Ашылған құжат книжный түрінде берілген, енді осы құжатты альбомдық
түрге келтіру үшін масштабын өзгертеміз, ол
үшін Меню қатарынан Изображение-Размер изображение командасын
орындаймыз. Ашылған сұхпат терезеден биіктігі мен енін өзгертеміз
де ДА батырмасын шертеміз.

Графиктік файлды ашу үшін Файл менюінен Ашу командасын таңдау
қажет.

1. Программада дайын құрылған бейнемен жұмыс жасау үшін, оны ашып
алу қажет. Ол үшін Файл(File) Ашу (Open) командасын таңдап, шыққан
терезеден қажетті графиктік форматты таңдап, Открыть (Open) батырмасына
басыңыз.(11-сурет)

31

Құжатты ашу сұхбаттық терезесі.
1. Бейненің масштабын өзгерту үшін меню жолынан Изображение(Image)

Размер изображения (ImageSize) командасын орындап, ашылған сұхбат
терезеге бейненің ені мен ұзындығының өлшемдерін беріп ДА батырмасын
шертіңіз.

Белсенді терезені бүктеу
Жаңа файлды немесе файлдағы өзгерістерді сақтау
үшін ФайлСақтау командасын орындау қажет. Егер файлды басқа атпен
немесе басқа папкаға сақтау үшін Файл ... деп сақтау командасын орындау
қажет. Құжатты ашу және сақтау терезелері өте ұқсас, тек файлды ашу
барысында файлдың орналасқан орын, атын және форматын көрсету қажет.

Adobe Photoshop-тың құралдарымен жұмыс
Енді Adobe Photoshop программасына тоқталар болсақ, мұнда кез келген
кескіндік суретті өңдеу, түзету, фондық түс беру сияқты әртүрлі ортада

32

даярланған объектілерді біріктіру, жинақтау, өңдеу жұмыстарында
қолданылады. Adobe Photoshop программасы арқылы ескі фотосуретті жаңалау,
яғни басқа түске бояу, көйлекке жаға салу, шашты үлкейту, беттегі әжімді алу,
бетті тазалау, ағарту, т.с.с. Қазіргі қолданылатын программалар арқылы үйлену,
сүндет той, қыз ұзату, мүшелтой сияқты шақыру билеттері өңделіп даярланады.
Әсемдік салонында адамдардың бет бейнесін бөлек шығарып оған шашын
әсемдеуде, ал криминалистикада іздеу салу жұмыстарында, портрет жасау
жұмыстарында қолданылады. Photoshop программасын іске қосақаннан кейін
экранда оның жұмыс үстелі көрінеді. Windows ортасында жұмыс істеп жүрген
пайдаланушы үшін мұндағы біраз элементтер таныс болады. Ондағы кескін
терезесі компьютердің оперативті және виртуальді жадысының мүмкіншілігіне
қарай бір уақытта бірнеше кескіндерді ашуға мүмкіндік береді. Әрбір кескін
бөлек терезелерде ашылады. Бір терезеден келесі терезелерге өту Ctrl + tab
пернелерін басу арқылы орындалады. Масштабтау алаңында – активті
кескіннің көріну өлшемі көрсетіледі (төменгі сол жақ қатарында, бұрышында
% - пайыз күйінде). Ақпарат алаңы кескіннің жад өлшемін көрсетеді. Қалып-
күй қатары бұл жерде таңдалған саймандарды және кескінді көрсетеді. Егер
қалып-күй қатары көрінбей тұрса, Окно → Отобразить строку состояния
командасы арқылы шығарамыз.

Photoshop программасы бейнедегі әрбір қабатты қабаттар палитрасында
көрсетіледі. Әрбір қабаттың аты ал тұсында кішірейтілген көшірмесі болады.
Ал егер көрініс бірнеше қабаттардан тұратын болса, қабаттар палитрасында
қабаттың атын көрсетілген жазудың үстінен басып тұрып басқа қабатпен
орындарын ауыстыруға болады. Қабаттардың бір-біріне қатысты орналасуымен
бір-біріне әсер етуі көп қабатты көріністермен жұмыс жасауда аса маңызды.
Алайда фондық қабатты қозғауға болмайды. Кәдімгі қабатты фондық астына да
қоюға болмайды. Қабаттың сол жақ тұсында орналасқан көз белгішесі қабаттың
көрініп тұрғанын және көріністі құруға қатысып отырғанын білдіреді.
Белгішенің үстінен шертсе, қабат көрінбей қалады да көрініс құруға
қатыспайды. Оны қайта шертсек, қабат қайта қосылады. Қабатты таңдау үшін
қабаттар палитрасынан керекті қабаттың аты бар жазудың үстінен шертсе
жеткілікті. Осыдан кейін көріністерге қандай әрекеттер жасасақ та,
қылқаламмен сурет салсаң, өшірсек, боясаң мұның бәрі тек таңдалған қабатқа
қана әсер етеді. Қабаттар палитрасындағы таңдалған қабат тұсындағы
қылқалам түріндегі белгіше осыны хабарлайды. Кейде қабаттар палитрасында
қабаттың кішірейтілген суретінде шахмат тақтасы сияқты боялған фрагменттер
бар екенін байқауға болады. Бұл фрагменттер қабаттың түссіз жерлері болып
табылады. Алайда мұндай түссіз фрагменттері жоқ қабатты да жартылай түссіз
етуге де рұқсат етіледі. Мұны түссіздік (непрозрачность) дәрежесі шамасы
арқылы көрсетеміз. Егер бұл шама 0-пайыз болса, қабат толығымен түссіз
болады және керісінше. Қабаттар палитрасының төменгі жағында 6 түйме
орналасқан. Оның ең соңғы түймесін таңдау арқылы активті қабатты жоюға
болады. Бесінші түйме жаңа қабат құруға мүмкіндік береді. Әдетте қабаттарға
еayers 1, еayers 2, тағы сол сияқты аттар беріледі. Қабаттың атын өзгерту қажет
болса, қабатты 2 рет шертіп, жаңа атау енгіземіз.

Қабаттың көшірмесін алу үшін менюден Қабат→Дублировать. Қабаттар
палитрасының жоғарғы жағында Lock деген атпен біріктірілген 4 түйме
қабаттың бетіне байқаусыздан өзгеріс енгізуден сақтайды. Олардың қызметтері:

33

- көріністің түссіз аймақтарын өзгертуге рұқсат етпейді.

- көріністің түссіз де, түсті де аймақтарын өзгертуге рұқсат етпейді.

- көріністің қабат үстіне орналасуын өзгертуге рұқсат етпейді.

- қабатпен кез келген операция жасауға және оны жоюға рұқсат

етпейді.

Бұдан басқа қабаттарының қасында мынадай түйме бар. Оның

қызметі осы белгімен белгіленген қабатпен активті қабат (қылқалам

белгішесімен белгіленген) арасында байланыс орнату. Бұл түйме бірнеше

қабаттың бірге жұмыс істеуі кезінде қолданады. Бірнеше қабаттарды уақытша

байланыстырудың басқада тәсілі бар. Ол үшін бірнеше қабатты бір

жиынға біріктіруге болады. Жаңа бос жиынды құруға арналған түйме

палитраның төменгі жағындағы 3-і түйме. Жиынға Set 1, Set 2, тағы сол сияқты

атаулар беріледі. Жиынның қасында орналасқан түймесін шертсек, жиынның

құрамына кіретін барлық қабаттарды программалар жасырады да, түйме басқа

түрге өзгереді. Қайтадан шертсек жиынға кіретін қабаттарды көре аламыз.

Қабат маскасы – бұл қабат үстіне орналасатын және қабат бөліктерін

көрінбейтін немесе жартылай көрінетін етуге мүмкіндік беретін арнайы маска.

Қабаттың бір маскасы ғана болуы мүмкін. Қабат маскасы “Қабаттар”

палитрасында көрінеді. Каналдар палитрасында қабат маскасы жаңа қатарға

орналасады және оның аты қабат атауына Mask сөзі қосылып аталады. Маска

мөлдірлігі негізгі түске байланысты. Егер негізгі түс қара болса, онда маска

мөлдір. Егер ақ болса, мөлдір емес болады. Негізгі түс ретінде кез келген басқа

түсті таңдалған кезде маска жартылай мөлдір болады. Қабат маскасын фон

қабаты үшін құруға болмайды. Қабат маскасы қабаттар палитрасының төменгі

жағындағы “Қабат маскасын қосу” функционалдық түймесі арқылы құрылады.

Саймандар панелі (Toolbox) Photoshop-тың графикалық құралдарының

түймелерінен тұрады. Бұл саймандар панелінде 20 түйме бар. Бірақ 40-тан

асатын сайманы бар. Бұлар көптеген операциялар және процедуралар,

ерекшелеулер, бояулар, редактрлеумен және кескінді көрумен байланысты тез

орындауға арналған құралдар. Бұдан басқа, саймандар панелі түсті таңдаудағы

басқару элементтерінен, жылдам маска режиміне ауысу және экрандағы

кескіннің көрінісін өзгерту тәсілінен тұрады. Саймандар панелі кейбір

саймандардың түймелерінің төменгі оң жақ бұрышында кішкентай

үшбұрыштар бар. Бұл деген құралдың өзінің ашылатын қосымша саймандар

панелі бар екендігін айқындайды. Мұндай панельді ашу үшін үшбұрыштың

үстіне тышқанның сол жақ батырмасын басамыз.

Саймандар панелінің қызметі:

Белгілеу құралдары:

Аймақ (область). Тік төртбұрышты облыс - кескінді жүгіртпе пунктир

ретінде белгілеу. Shift пернесін баса отырып бірнеше белгілеулер жасап

жылжытуға болады. Alt пернесімен басу аймақтағы белгілеуді өшіреді.

Эллипстік облыс (овальная область). Кескін аймағын эллипстік

контур ретінде белгілеу. Облысты шеңбер формасында белгілеу үшін

Shift пернесін баса отырып белгілеулер жасаймыз.

Пиксель қатары және пиксель бағаны (вертикальная и

34

горизонтальная строка). Пиксель қатары – бұл құралды тандай
отырып тышқан көмегімен кескіндегі жүгіртпе пунктир түріндегі
сызықты белгілей аламыз. Пиксель бағаны - бұл жоғардағы сайманың
қызметіндей қызмет атқарады, бірақ горизанталь емес вертикаль
түрінде белгіленеді.
Лассо. Белгіленген барлық аймақты бөліп алады.
"Сиқырлы таяқша" (волшебная палочка). Түстердің ұқсастығына
байланысты пиксельдерді бөліп алады.
Сурет салу және бояу құралдары:
Өшіргіш (ластик). Кескін пиксельдерінің түпнұсқасын фондық түспен
бояу арқылы өшіру үшін қолданылады.
Қалам (карандаш). Өткір шеттері бар сызықтарды салуға мүмкіндік
береді.
Пипетка. Негізгі және фондық түске кескіннен алынған түсті немесе
"Синтез" және "Каталог" палитраларынан алуға мүмкіндік береді.
Стрелка. Түйін нүктелерінің орын ауыстыруы арқылы контурдың
формасын өзгертуге қолданылады.
Редактрлеу құралдары:
Мәтін (текст). Биттік мәтін құруға мүмкіндік береді.
Қол (рука). Экранға сыймай қалған кескін бөліктерін көруге мүмкіндік
береді.
Масштаб. Кескінді үлкейтеді және кішірейтеді.
Орын ауыстыру (перемещение). Ерекшеленген аймақтарды,
қабаттарды және бағыттауыштарды орын ауыстыруда қолданылады.
Суретті бояу құралдары:
Саусақ (палец). Кеппеген бояуды саусақпен жағу эффектісін
қайталайды.
Штамп. Тура немесе кескін элементтерінің өзгерген көшірмесін және
сол кескіндегі немесе басқа құжаттағы түстік үлгілерін қайта өңдеуге
мүмкіндік береді.
Жарықтату (осветлитель). Кескіннің жеке бөліктерін жарықтандыруға
мүмкіндік береді.
Жұмыс ортасын күйге келтіру құралдары:
Стандартты режимде редактрлеу. Photoshop-пен жұмыс істегенде
негізгі функциялар режимін орындайды. Мұнда ерекшеленген аймақ
қозғалып тұрған пунктирлік шекаралар арқылы көрінеді.
Жылдам маска режимінде редактрлеу (редактирование в режиме
Быстрой маски). Уақытша маскаларды құруда және редактрлеуде
қолданылады. Бұл бір уақытта маскаларды және кескіндерді көруге
мүмкіндік береді.

Фильтр – бұл кірістірілген программа. Оның орындалуы барысында
ерекшеленген облысқа немесе бейнеге қандай да бір эффект қолданылады.
Барлық фильтрлер фильтр менюінде орналасқан және топқа біріктірілген.
Олардың атаулары олардың міндеттерін білдіреді. Соңғы фильтрді қайталап
орындау үшін Ctrl + F немесе Фильтр→Соңғы фильтр командасын орындау
қажет. Кейбір фильтрлер тобының міндеті мен баптауларын қарастырайық.

35

Sharpen (резкость) фильтрі – арқылы жуылған бейненің қателіктерін аздап
жөндеуге болады. Жаңа бейненің сапалығы нақты, өткір болуы тиіс. Бұл
топтағы фильтрлер бейненің пиксельдер арасындағы анықтықты жоғарлату
арқылы жұмыс істейді. Егерде фильтрді қолданып болған соң, бейнеде ұсақ
бөлшектер пайда болса, онда ол пиксельдердің анықтылығының артқанынан
болып отыр. Sharpen фильтрі және Sharpen More (больше резкость) фильтрлері
бейнедегі пиксельдердің бәрін не бейнеленген облыстың пиксельдерінің
анықтылығын күшейтеді. Екінші фильтр өте күштірек істейді. Sharpen Edgesi
(увеличить резкость контуров) фильтрі тек контурды өңдейді.

Blur (смазывание) фильтрі – sharpen фильтріне қарсы іс-әрекет істейді.
Noise (шум) тобындағы фильтрлер бейнеге шуды қосады немесе жояды.
Мұндағы шу дегеніміз – бейне түсімен сәйкес келмейтін кез келген түстегі
пиксельдер. Бұл фильтрлерді ескі суреттерді жөндеуге қолданған дұрыс.
Artistic (художественные) фильтрі көркем бейнелеу фильтрі. Бұл фильтлер
бейнеге қаламмен, қылқаламмен, акварельмен сурет салу техникасын
қарастырады. Colored Pencil (түрлі түсті қалам) фильтрі қағазда түрлі түсті
қаламдармен сурет салуды қарастырады. Pencil Wight (қалам қалыңдығы) – егер
оның мәні аз болса, онда штрих жұқа болады. Stroke Pressure (қарындаш
салмақтылығы) – мәні көп болса, онда алғашқы бейнеде түстер жақсы
сақталады. Paper Brightness(парақ жарықтылығы) – 50 мәнінде парақ ақ түсті, 0
мәнінде қара түсті болады. Dry Brush (құрғақ қылқалам) фильтрі акварельді
және майлы кескіндемелерді бояйды. Film Grain (зернистость фотопленки)
фильтрі көлеңке мен орташа тонды бейнеге түйіршікті ою-өрнек салады және
т.б. түрлері бар.
Render (освещение) тобындағы фильтрлер объектілерді жарықтандырумен
байланысты эффектілерді құрады. Объектіге жарық түсіру, түстің шағылуын
және сынуы, күндізгі жарық, лампа, прожектор, бұдан басқа бейнеге бұлттар
қояды және т.б. қызметін атқарады. Clouds (облака) фильтрі бейнеге бұлт
тәріздес ою қояды. Бұны қолдану үшін алдымен керекті негізгі және фондық
түсті таңдап және облысты белгілеу керек.
Lightiny Effects (жарық түсіру эффектісі) фильтрі кез келген жарық
эффектілерді құрады: күндізгі жарық, қарапайым және түрлі-түсті лампаларды,
прожектор т.б. Gloss (фактура) параметрі объектінің фактурасын басқарады.
Exposure(экспозиция) параметрі бейненің дәрежелік көзін анықтайды. Жақсы
жағы жарықтандырады, кері жағы әлсіретеді. Ambience (подсветка) параметрі
қосымша бейненің көздерінен шығатын жарықты мінездейді.
Аддитивті түстік модельдерде әр түрлі түстерді шығару үшін жарық сәулелер
қолданылады. Барлық түстердің түрлері алғашқы әртүрлі үш түстен құралады:
қызыл, жасыл, көк. Модель негізгі көрсетілген түс болып табылады, яғни түстік
модель RGB атына ие (бұл ағылшын сөздерінің алғашқы бас әріптерінен
алынған, яғни red (қызыл), green (жасыл), blue (көк)).
Осы түстерді негізге ала отырып монитор барлық түс спектрлерінен түстік
сәулелерді жаратады. Неғұрлым түстік интенсивтілігі жоғары болған сайын,
соғұрлым анық түске ие болады, ал неғұрлым аз болған сайын соғұрлым қара
түске жақындау болады. RGB моделімен сканерде жұмыс істейді. Ол адам
көзінің түсті қабылдауына аддиватты болады, яғни қызыл, жасыл, көк түстерде
негізделген рецепторлар болып табылады.

36

Түстік модель CMY-мен сіз балалық шағыңыздан бері таныссыз. Яғни сіз
сурет сабағында сары түспен бірге көк түсті бояуды араластыра отырып, жасыл
түсті алғансыз. Субтрактивті модель CMY-дің негізгі компоненттері үш түспен
құралған: cyan – ауа көк, magenta – сұрғылт, yellow – сары. Бұл түстердің
пигменттері қағазға түсірілген бейнесі қызыл түсті сіңіреді де жасыл және ауа
көк түстер ақ түсті береді. Көрінетін спектр бөлігі шағылысып бейнені
кескіндейді. Екі шағылысқан түстің араласуымен ең соңғы нәтижесінде
алынатын түс қоюланады. CMY моделінің үш негізгі максималдың
компоненттерінің араласуымен теориялық тұрғыдан қара түс алынуы керек.
Бояулар негізінен қосындылардан тұрады. Сондықтан “нашар” қою қара түс
алынуы керек. Бұл үш түстің типологиялық бояларының жетіспейтін жерлеріне
дайын қара боян қосылады. Бұл CMYК түстік моделінің ең соңғы әрпі к (black –
қара сөзінен алынған). Бұл түстік модель CMYK-ті сия-бүріккіш принтерлерде
және типографиялық басылымдарда қолданады. Барлық файлдар
типографияларда шығарылғандықтан CMYК-пен хатталған болуы керек.

HSB түстік моделі адамның түсті қабылдау ерекшелігінің максималды
есебінен өңделген. Ол Манселло түсті шеңбері негізінде қалыптасқан. Бұл
модель RGB түстік моделіне негізделген. Кез келген түс (Hue) түстік тонмен
сипатталады. (Brightness) жарықтылығымен және (Satleration) ашықтылығымен
сипатталады. Тон өзімен ашық түсті көрсетеді, басқалардан сапалы. Түстің
көркемділігі оның интенсивтілігіне байланысты болып сипатталады. Мысалы,
қызыл түстің қоюлығын азайтумен, біз оны басқаша, яғни сұр түске келтіреміз.
Яғни түстерді қоса отырып, неғұрлым көп болса, соғұрлым ашық болуы аз,
яғни қара түс алынады. HSB моделі басқа модеьдерге қарағанда маңызды
құрамдары: ол табиғатта адам түсті жақсы принциптер арқылы
қабылдайтындылығымен ерекшеленеді. Көптеген түстердің ішінде ең негізгісі
және қолайлысы HSB түстік моделі, ал ол өз кезегінде RGB және CMYK түстік
модельдері жоғалғанда ғана қолданылады. Түстік модель LAB, RGB, CMYK
және HSB модельдерінің пайда болуымен жеткіліксіздігінен пайда болып
туындаған, ал ол тәуелсіз – аппараттық модельдермен құралып және түстерді
құралдың негізінсіз-ақ айқындайды. Сондықтан түстік модель LAB монитор
қағазында тең түрде бейнеленеді. Қызыл, жасыл, көк түстерді қолдану арқылы
RGB модельді қабылдаған тонында, қаралығымен және ашықтылығымен HSB
моделі LAB түстік моделі анықтылықты (L) және түстілігімен сипатталады: а –
параметрі жасыл диапазоннан сарыға дейін өзгеріп отырады. Модельдің
ашықтылығымен түстер ерекшеленеді, тондық бейнелерді реттеуде, мінездеме
алу да ыңғайлы. Жарық, ашық түстердің диапазоны, яғни LAB моделінің
көмегімен кең түрде жаратуға болады.

Ерекшеленген облыспен жұмыс кезінде қабат, заливка, градиент, сызық,
қалам, аэрограф, қылқалам, штамп, саусақ, фокус құралдарымен жұмыс істеу
кезінде пиксельдердің орналасу режимдерін пайдалануға болады. Олардың
келесі түрлері бар: Normal (нормальный) – бұл режимде берілген түс
толығымен енгізілетін түстер ауыстырылады. Барлық өрістер енгізілетін түске
боялады. Multiply (умножения) – бұл режимде берілген және енгізілген түстер
көбейтіледі. Сондықтан қорытынды түс берілген түс күңгірттеу болады. Егер
қара түс енгізсек қорытынды түс қара болады. Ал ақ түс енгізсек берілген түске
әсерін тигізбейді. Screen (осветление) – бұл режим екінші режимге қарама-
қарсы режим. Берілген және енгізілген түстер бөлінеді. Сондықтан қорытынды

37

түс берілген түстен ашық болады. Егер ақ түс енгізсек қорытынды түс ақ
болады, ал қара түс берілген түске әсерін тигізбейді. Overlay (перекрытые) –
бұл режим екінші режим сияқты түсті көбейтеді және screen (осветление)
режим сияқты түсті әлсіретеді. Бұл режим жарық пен түсті сақтағандықтан
енгізілген түс ауыстырылмайды да, берілген түске қосылып кетеді.

Photoshop программасының құрамына мынадай палитралар кіреді. Бұл
палитралар жұмыс терезесінің оң жағында бір-біріне бірігіп көрініп тұрады. Ал
көрінбей қалған жағдайда оларды ашу үшін терезе менюіндегі ... көрсету
командасы тұрады.

1. Navigator (навигатор) палитрасы көріністі масштабтағанда және оның
жұмыс терезесіндегі орнын ауыстыруын басқарады.

2. Info (инфо) палитрасы экранға берілген көріністің ерекшеленген жерін
және басқа нүктелерді геометриялық, түсті түрінде шығару үшін қолданылады.
алитрасы жұмыс құралдарын түзету кезінде қолданылады.

3. Colors (синтез) палитрасы – бұл палитра программаның алдыңғы және
артқы түстерін синтездеуге арналған. Бұл палитра құрамына екі контекстік
меню кіреді: 1) негізгі меню палитрасы – ол терезенің оң жақ бұрышындағы
қара үшбұрыш түймені шерткенде ашылады. 2) түсті синтезатор менюі – ол
тышқанның оң жақ түймесін басқанда ашылады.

4. Swatches (каталог) палитрасы – бұл палитрада программаның алдыңғы
түстерін синтездеуге арналған. Бірақ бұған палитра терезесінде орналасқан
кітапхана нұсқасы қолданылады.

5. Brushes (кисть) палитрасы – бұл палитра кез келген 15 салатын құралмен
локальді түзету көрінісінің өлшемі мен пішінін таңдауға арналған.

6. History (события) палитрасы – бұл палитра ашылған құжаттармен жұмыс
этап аралығында фиксация жасауға көмектеседі. Тышқанды шерту арқылы кез
келген бейнеге өтуге және оларды жоюға болады. Жұмыс істеп жатқан бейне
қара түспен беріледі. Әрбір жазу палитрада операция атымен (таңдалған
инструмент аты) және сол жағында инструменттің суретімен тұрады.
Палитраның ең төменгі жағында 3 түйме орналасқан: 1) Greate new document
from current state (жаңа құжат құру) түймелі жаңа құжат құрып, оны жаңа
терезеде ашады. 2) Greate new snapshot (жаңа сурет құру) кнопкалы snapshot 1
атты сурет құрады, бұл жерде 1-реттік номер. 3) Delete current state (жою)
кнопкалы барлық командаларды жояды.

7. Eayers (слой) палитрасы – бұл палитра көп қабатты көрініс жасауға және
қабатпен әртүрлі операция жасауға арналған.

8. Path (контуры) палитрасы – бұл палитра растрлік көрініспен жұмыс
кезінде қосымша векторлық нышан түрінде болатын безье контурымен жұмыс
жасау үшін арналған.

9. Options (параметры) палитрасы жұмыс құралдарын түзету кезінде
қолданылады. Таңдаған құралға байланысты палитра аты және құрамы
өзгереді. Осындай құралдармен жұмыс кезінде 4 палитра қолданылады. Олар:
эллипсті ерекшелеу, кисть, заливка және художественная кисть событий (artkist

history).
Adobe Photoshop программасы қазіргі кезде өте көп қолданылуда. Соның ішінде
атап өтсек: фотосалондарда, әсемдік соландарында, жиһаз жасауда, кино афиша
дайындауда, жарнама жасауда, түрлі кез келген суреттер жасап өңдеуде,
фотосуреттерді жаңарту, болмаса гүл салып электрондық поштадан жіберу

38

сияқты т.б. Айта берсек, салалар өте көп, солардың біразында қолданысқа ие.
Тек қана осындай салаларда емес, сонымен қатар күнделікті оны өзіміз сияқты
адамдар, студенттер, оқушылар пайдалануда

Activinspire бағдарламасы интерфейсімен танысу
Қазіргі уақытта интерактивті технологиялар өмірімізге терең еніп, оқуда
және жұмыста табысты жетістіктерге жетуге үлкен мүмкіндік беруде.
Интерактивті құралдар көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен
жұмыс істеуіне жол ашып отыр. Интерактивті құралдар оқыту формасын
ұйымдастырудың түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер
енгізуге мүмкіндіктер жасайды. Бұл оқушының пәнге қызығушылығын
арттырады. Қарапайым құралдар мен көрнекіліктерден бастап интернет
желісіне дейінгі сабаққа қажетті барлық материалдардың шоғырланған жері-
интерактивті тақта және ол уақыт өткен сайын жетілдірілуде. Сондықтанда
интерактивті тақтаның дидактикалық мүмкіндіктері шексіз.
ACTIVboard(Promethean компаниясы) – ACTIVstudio, Activinspirе
бағдарламалары арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер,
мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті
қаламнан тұрады.

Активті қалам – дегеніміз не?
Aктивті қалам (ACTIVwand указкасы) – бұл меңзерді басқару құрылғысы және
компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.

ACTIVwand указкасы
Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы

бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында
орналасқан батырма тышқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады.

ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың
сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. "Оң қол" сонмен бірге "сол

қолмен" жұмыс жасауға қолайлы құрал.

39

ACTIVpanelpro
ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы,

онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы
қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы
тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат,
бөлмеден бөлмеге қиындықсыз – ақ алып жүре беруге болады, ал проектор
болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanel-pro ДК басқарады, сурет салады,

жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.

ACTIVslate
Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін
конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады
ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай
алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан
тұрмай-ақ тақтада жаза алады.

ACTIVtablet
ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады,
презентация мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе
ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде дайындауға
мүмкіндік бетерін құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы
қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы
батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.

40

ACTIVote
ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына
сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио
пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың
көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция
қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге
өте қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест
жүргізу үшін қолданылады.

ACTIVote қолдана отырып:
«Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio, Activinspirе бағдарламаларында
флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада
сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түрінде компьютердің
жадында сақталады. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында
экспорт жасауға болады

ACTIVstudio, Activinspirе бағдарламалары арнайы презентацияларды
өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген бағдарлама. Бұл
бағдарлама

ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған.
ACTIVstudio, Activinspirе бағдарламасының мүмкіндіктері өте көп. Атап
айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы
эффектілер
қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша
ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.

Тақтамен жұмыс істеуде негізінен екі сұрақ туындайды:,біріншісі тақтаны
не үшін пайдалануға болады?екіншісі қалай пайдалануға болады?

Не үшін пайдаланылады дегенде:
-үйреншікті тақтадағы жұмыстың бәрін де орындауға болады;
-жазба, сызбаларды флипчарт ретінде сақтап, келесі сабақтарға, басқа
сыныптарға пайдалануға болады;
-сабақ жазылған флипчартқа бейнефильм, суреттер және аудио дыбыстар
қосуға болады;
-Microsoft Word –тан немесе тура Интернет желісінен де мәтін көшіріп алуға
болады. Сол сияқты кез келген жазуыңызды өзі түсінігі бойынша баспа мәтінге
айналдырады және қажет болған жағдайда қателерін түзетуге де мүмкіндігіңіз
болады;
-флипчарттарыңызды интернетке жариялауға болады, сол сияқты жарияланған
флипчарттарды пайдалануға болады;

41

-барлық оқушылардан алдын ала дайындалған сұрақтарға бір мезгілде жауап
алып, оның қорытындысын дереу шығарып, сараптама жасап береді;
-қажеттілікке қарай флипчартты дереу өзгертуге болады;
-қарапайым құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы оқушылардың сабаққа
қызығушылығын арттыруға болады .
Тақтамен жұмысты бастау.
Тақтаны ашқанда бірден «Басқару панелі» және «Аспаптар панелі» шығады.
«Басқару панелі» жұмыстың басталуын тездету үшін ыңғайлылыққа жасалған.
«Аспаптар панелі» профессионал түрінде шығады, оны қолданушы өзіне
ыңғайлап, персонал түрге келтіруге болады. Енді ретімен панельдегі
аспаптармен танысайық.
Бас мәзірде 6 бөлім бар: 1)Файл ,2)Редакциялау, 3)Көру, 4)Қою, 5)Аспаптар,
6)Анықтама. Әрқайсысына тоқталайық:

І. Файл.Компьютермен жұмыс істейтін мұғалімдердің бәрі де файлдың не
екенін біледі.Тақтадағы флипчарт дейтініміз сол файлдар. Флипчарттар саны
шексіз болады. Флипчартқа дыбыс,анимация,қимылдарды қоса алған
интерактивті функцияларды орындайтындай түрлі объектілерді жазуға болады.
2) Бір мезгілде бірнеше флипчартпен жұмыс жасауға болады.
3)Кез келген қалтарыста флипчарт құруға болады.
4)Флипчарттарды импорттауға да,экспорттауға да болады.
ІІ. Редакциялау.Атынан-ақ атқаратын функциясы белгілі болып тұр.Не
өзгерткіңіз келсе,соны орындай аласыз.
ІІІ. Көру.Көрініске не қойғыңыз келсе,соны қоюға болады.
ІV. Қою.Флипчартқа не шығарып қою керек болса,соны қоюға болады.
V. Аспаптар.Аспаптар қалай жұмыс істейтіндігіне толығырақ тоқталайық.

42

- жұмыс столында белгілер қалдыру;
-жұмыс столының құралдары;
-екі қалам;
-экспресс-опрос;
-қалам;
-маркер;
-өшіргіш;
-бояу;
-сиқырлы сия;
-қолмен жазуды мәтінге айналдыру;
-фигураларды түзету;
-шымылдық;
-прожектор(дөңгелек,квадрат және біртекті прожекторлар,яғни бір облысты
жасырады және бір облыстан басқаның бәрін жасырады);
-камера;
-математикалық құралдар:сызғыш,транспортир,циркуль,калькулятор,ойын
сүйегі;

-қосымша құралдар:дыбыс жазу,экранды жазу,экрандық клавиатура,
сағат,телеграф лентасы,интернет,флипчарттағы грамматикалық кеткен қателер
болса,түзету,мұғалімнің құлпы,тест құрылғыларын тіркеу, пайдаланушының
таңдаған кнопкаларын редакциялау.

43

Осы жерде тағы да 5 профиль бар: авторлық, математикалық,
мультимедиалық,тақтада және тілдер. Әркім өзіне ыңғайлы профильде жұмыс
істейді.

Тақтаның сол жақ бұрышында шолушылар жеке орналасады.Олар:беттер
шолушысы,қорлар шолушысы,нысандар шолушысы,ескертпелер шолушысы,
қасиеттер шолушысы,амалдар шолушысы,дауыс беру шолушысы.

- Беттер шолушысында барлық флипчарттар слайдтағыдай көрініп тұрады.
- Қорлар «менің» және «жалпы» болып 2-ге бөлінеді.Бұл жерде пәнге
керектінің бәрі бола алады.

44

- Нысандар шолушысы олардың орналасу тәртібін реттейді.
- Ескертпелер шолушысы жаңа редакцияларды орналастыру үшін
пайдаланылады.
- Қасиеттер шолушысында құрамында контейнер,шектеушілер болатын
қасиеттер түріне,орналасуына қарай топталған.
- Амалдар шолушысында алдында аспаптар туралы айтылғандардың бәрі
қайталанады.
- Дауыс беру шолушысында «экспресс-опростағыдай» Activoteге қатысты
керектің бәрі осы жерден табылады.Олар: оқушылар туралы мәліметтер
базасы,сұрақтар шебері, тестілеуші қондырғыларды тіркеу, жауап беру
нұсқасын таңдау, жауап беру, жауаптарды қорытындылау және сараптау.

Аспаптар панелін персонал түрге келтіру үшін амалдар шолушысындағы
құралдардың бәрін де осы панельге орналастыруға болады.Сонымен тақтаның
ActivInspire бағдарламасының жетістігі - барлық құралдардың және барлық
амалдардың кез келген жерден табылатындығын көрдіңіздер,сондай-ақ қазіргі
тақталар дыбыс шығарушы қондырғылармен толықтырылған. Тақтаның
пультінің де бірнеше функциялары бар.Олар дыбыс реттегіш,уақытқа таймер
болуы мүмкін,сол сияқты тақтаның бетіне фиксация жасауға болады,осы
уақытта компьютерде басқа жұмыстар істеуге мүмкіндік туады.

45

Activinspire бағдарламасы құралдарымен жұмыс

Corel Draw графиктік редакторының жұмыс істеу орны
Corel Draw графиктік редакторында құралдармен және басқа

ресурстармен негізгі терезе мен құжат терзесінде жұмыс жасалынады.
Негізгі терезе
Программа жүктелгеннен кейін

қыстырма(заставка) терезе(кейінірек
тоқтаймыз), содан кейін негізгі терезе
пайда болады. Негізгі терезеде
қолданушы интерфейсінің негізгі
элементтері: меню қатары, құралдар
тақтасы, құралдар жиыны, қалып-күй
қатары және түстер палитрасы
орналасады.
Негізгі терезе
Corel Draw графиктік редакторында Windowsтың стандартты
батырмалары, командалары( жабу, ашу, бүктеу, қайта қалпына кетіру,
буфермен жұмыс және тағы басқалар) қолданылады. Және де Параметрлер
терезесінен парақтың пішімін(формат страницы) және бағдарын(альбомная и
книжная оиентация), реңнің түсін(фон), макеттерін келтіруге болады.
Параметрлер терезесін ашу үшін Макет→Парақ параметрлері(Размещение
→Настройка страницы) командасын орындау керек.
Corel Draw графиктік редакторында құжатпен жұмыс
1 Жаңа құжатты жасау. Corel Draw графиктік редакторын ашқанда
қыстырмадан жаңа графикті таңдасақ жаңа құжат ашылады. Немесе стандартты
құралдар тақтасынан "Жаңа" батырмасын басу арқылы жаңа құжат ашуға

46

болады. Файл→Жаңа(Файл→Новый) командасы арқылы да жасуға болады.
Жаңа құжат пішімін(формат) құралдар тақтасынан таңдаймыз.

Corel Draw 11-ге қош келдің қыстырма терезесі.
2 Құжатты ашу. Мұны да қыстырмадан таңдауға немесе Файл→Ашу

(Файл→Открыть) командасы арқылы орындауға болады. Сол кезде Құжатты
ашу терезесі ашылады.

CorelDRAW қосымшасының терезесі
CorelDRAW-ды жүктегенде сурет салатын терезесі бар қосымша терезесі
ашылады. Сурет салу терезесінің ортасындағы тіктөртбұрышты аймақ – сурет
салу беті. Төменде CorelDRAW терезі және элементтері.

Элемент Түсініктеме
Мәзір қатары Ашылатын мәзірі бар аймақ

Қасиеттерпанелі Белсенді аспапқа немесе объектке қатысты
командаларыбар ауыспалы панель. Мысалы, мәтін
енгізу сайманыбелсенді болғанда, қасиеттер

47

Саймандар тақтасы панелінде мәтін құру жәнеөңдеу қасиеттер панелі
Тақырып жолы көрінеді.
Сызғыштар
Жылдам шақырылатын пернелері және басқа
Саймандар тақтасы командалары бар ауыспалы панель
Сурет салу терезесі
Сол кезде ашулы тұрған суреттің аты көрінетін
Сурет салу беті аймақ.

Түс палитрасы Суреттегі объекттердің жағдайы және өлшемін
Баптау терезесі анықтау үшін қолданылатын тік және көлденең
шекаралар
Қалып-күй қатары
Суреттегі объект құру, өзгерту және толтыруға
Құжаттар арналған аспаптары бар жылжымалы панель
новигаторы
Навигатор Сурет салу аймағының сыртындағы қосымшаны
басқару элементтері мен айналдыру жолағымен
тақтасы шектелген аймақ
Үнсіз келісім
стандартты Сурет салу аймағындағы тіктөртбұрышты аймақ.
командаларын Жұмыс аймағының бұл бөлігін баспаға беруге
мен басқару болады

Түстердің үлгісі бекітілген панель

Белгілі бір аспапқа немесе есепке қатысты жұмыс
атқаруға болатын командалар мен параметрлердың
тобы бар терезе

Қосымшадағы объектінің қасиеті, мысалы, типі, түсі,
өлшемі, бояу аймағы бар терезенің төменгі жақ
бөлігіндегі аймақ. Қалып-күй қатарында тышқанның
ағымдағы орны көрсетіледі.

Беттер арасында ауысуды және бетті қосуды
көрсететін басқару элементтері бар қосымша
терезесінің төменгі жақ бөлігі

Төменгі сол бұрыштағы оны басқанда кіші терезе
ашылатын, оның көмегімен сурет бойынша қозғалыс
жасайтын батырма

Стандартты саймандар

бойынша көрінетін

саймандар тақтасы мәзір

тез шақыру батырмалары

элементтерін қамтиды.

48

Панельдер жайлы мәліметтер
CorelDRAW программасында стандартты саймандардан басқа белгіді
міндеттерге арналған панельдер бар. Мысалы, Мәтін саймандар тақтасында
Мәтін сайманына жататын командалар бар. Саймандарды жиі қолдану керек
болса, жұмыс алаңында үнемі тұратын етіп қоюға болады. Келесі кестеде
стандартты саймандардан басқа панельдердің қызметі қарастырылады:

Саймандар тақтасымен танысу
CorelDRAW мәзірінде сәйкесінше саймандар тобы суреттеледі.Панельдегі
немесе батырманың оң төменгі жағындағы кішкене бағыттауыш сызық мәзірдің

49

бар екенін білдіреді.Мысалы, Форманы өзгерту мәзірі бағыттауышты басқанда
өзара байланысқан аспаптар тобы ашылады.
Келесі кестеде CorelDRAW-дағы мәзір және саймандар берілген.

Саймандар

50


Click to View FlipBook Version