The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by asil19, 2024-01-09 11:08:08

1-сынып ҚМЖ

1-сынып ҚМЖ

1 Р.А. Қадырқұлов, Н.К. Беристемова ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ Әдістемелік нұсқау Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сынып мұғалімдеріне арналған 2023


2 Алғы сөз Бұл әдістемелік нұсқау 1-сыныптың «Цифрлық сауаттылық» электрондық оқулығын оқытуда мұғалімдерге көмекші әдістемелік нұсқау ретінде ұсынылады. Әдістемелік нұсқауда жаңартылған білім беру мазмұнының талаптарына сай дайындалған оқулықты үйлесімді пайдалану үшін әрбір тақырыпты тиімді жоспарлау, оқыту және қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру барысында мұғалімдер қауымына арналған бағыт-бағдар берілген. Сонымен қатар, «Цифрлық сауаттылық» оқулығын оқытудың мақсат-міндеттері, әдіс-тәсілдері, оқушы жетістігін бағалау, оқытудың әдістемелік ерекшеліктері, оқулық мазмұнының құрылымына түсіндірме, ұзақмерзімді және қысқамерзімді сабақ жоспарлары қамтылған. Оқулықтың әрбір тақырыбының мазмұны мен құрылымы оқушы игеретін жаңа білім мен тәжірибеге бағытталған ой қозғау, психологиялық жағымды көңіл-күй туғызатын ширату тапсырмалары, қызығушылықты арттыруға арналған проблемалық миға шабуыл сұрақтары, өз бетімен түсінуі үшін теориялық ақпарат, тәжірибелік дағдыны дамытуға арналған практикалық тапсырмалар, қосымша ақпараттар, жаңа білімді бекіту мен сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған сұрақтар, зерттеу жұмыстары қарапайымнан күрделі әрекетке бейімделіп берілді. Әдістемелік нұсқаулықта оқытудағы саралап оқыту тәсілдері барлық сабақ жоспарында берілген. Саралаудың тәсілдері оқушы мен мұғалімге жұмыс істеу барысында өз көмегін тигізеді. Атап айтар болсақ, қарқыны жылдам және қарқыны баяу оқушыларға арнайы жетелеуші, қолдаушы, түрткі сұрақтар қою арқылы оқушыға қолдау көрсетіледі. Диалог және қолдау көрсету тәсілінде оқушы өз ойын еркін айтуға мүмкіндік туғызатын тапсырмалар құрастырылған. Оқушылардың ойлау дағдысын сыни тұрғыдан дамыту мақсатында Блум таксономиясының деңгейлеріне сай тапсырмалар берілді. Бұл әдістемелік нұсқаудың әрбір сабағының жоспары А және Б деп аталатын екі бөлімнен тұрады. А бөлімінде сабақтың қысқамерзімді жоспары құрастырылды. Ал Б бөлімінде оқулықтағы берілген материалдарға методикалық тұрғыдан түсініктеме берілді. Нақтырақ айтар болсақ: • Сабақ мақсаты қалай орындалады? • Оқушылардың күнделікті өмірдегі іс-тәжірибесіне сүйеніп, негізгі оқу мақсаты ортақ тақырып арқылы қалай ашылады? • Жаңа білімде сабақ мақсатына жету үшін қандай материал қарастырылған? Жаңа материалды қалай беру керек? • Топтық жұмысты ұйымдастыруда оқушылардан не талап етіледі? Оларға өз жұмыстарын қай формада берген тиімді? • Жұптық жұмыс берудегі мақсат не? Оны ұйымдастыруда оқушылардан не талап етіледі? • Оларға өз жұмыстарын қай формада берген тиімді? • Оқушылардан бұл бөлімде не талап етіледі? Мұғалім неге мән беру керек? Қазіргі электрондық оқулықтың заманауи компоненттерінің бірі – білім беру үдерісінің барлық қатысушылары: мұғалім, оқушы, ата-аналар пайдаланатын интернетресурстар жүйелі ақпарат, тәжірибе алмасу алаңы болып саналады. Сіздерге ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешен авторлардың жинақтаған тәжірибесі негізінде жасалды.


3 Бастауыш сыныпта « Цифрлық сауаттылық» бойынша оқытудың мақсаты мен міндеттері 1. Бастауыш орта білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Цифрлық сауаттылық» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29031 болып тіркелген). 1. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, роботтехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету. 2. Негізгі міндеттері: 1) білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифрлық құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру; 2) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылардың есептей білу, роботтарды жинау және программалау, іздеу, жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау және тарату дағдыларын қалыптастыру; 3) білім алушылардың әртүрлі қолданбалы программаларды қолдану арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету; 4) байланыс, ақпарат алмасу және ынтымақтастық үшін ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдалануға ынталандыру; 5) білім алушыларды компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері мен авторлық құқықтарды құрметтеуді үйрету. Оқу бағдарламасының ерекшелігіне оның пән бойынша білім мен білігінің қалыптасуына бағдарлануы ғана емес, сонымен қатар, білімді функционалдық және шығармашылық жағынан қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, әртүрлі коммуникациялық әдістерді пайдалану, топта және жеке жұмыс істей білу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдылар жатады. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең спектрлі дағдылардың табиғи үйлесімде дамуы - білім алушылардың бойында: «қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты базалық құндылықтарды қалыптастырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушылардың мінез-құлқына және күнделікті іс-әрекеттеріне ынталандырушы болуға арналған оның тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс. 2. «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 1-параграф. «Цифрлық сауаттылық» пәнінің мазмұны «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша білім жүктемесінің көлемі: 1-сынып, аптасына 1 сағаттан, ІІ жартыжылдықтан бастап 19 сағат. 1–4-сыныптарда «Цифрлық сауаттылық» пәнін тиімді өткізуге арналған қажетті жабдықтардың тізімі: 1) Гарнитурамен жабдықталған дербес компьютерлер (микрофоны бар құлаққаптар); 2) Интернетке кең жолақты қосылуымен мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы байланыс құралдарын деректермен алмасуды қамтамасыз ететін жоғары сапалы ашық қатынас желісі;


4 3) Перифериялық құрылғылар: принтер, сканер, көшіру техникасы, интерактивті проектор/интерактивті тақта; 4) Роботтехникаға арналған жиынтықтар. Пәннің негізгі мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды: 1) Ақпараттық этикет; 2) Менің алғашқы суретім; 3) Біздің өміріміздегі алгоритм; 4) Программалар; 5) Компьютер; 6) Ақпаратты ұсыну және өңдеу; 7) Интернет желісінде жұмыс істеу; 8) Есептей білу; 9) Роботтехника. «Компьютер» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды: 1) Компьютердің құрылғылары; 2) Программалық қамтамасыз ету; 3) Қауіпсіздік. «Ақпаратты ұсыну және өңдеу» бөлімі келесі бөлімдерден тұрады: 1) Мәтіндер; 2) Графика; 3) Презентациялар; 4) Мультимедия. «Интернеттегі жұмыс» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды: 1) Ақпаратты іздеу; 2) Ақпаратпен алмасу. «Есептей білу» бөлімі төмендегі бөлімдерді қамтиды: 1) Алгоритмдер; 2) Программалау. «Роботтехника» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды: 1) Жалпы роботтехника; 2) Роботтың қозғалысы. 3. «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны: І. Ақпараттық этикет: Өз денсаулығымызды сақтаймыз; Компьютермен танысу; Біздің айналамыздағы ақпарат; Ақпарат және компьютер; Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік. ІІ. Менің алғашқы суретім: Tux Paint графикалық редакторымен танысу; Фигуралар; Сурет салу және оны өңдеу; Фигуралармен орындалатын ісәрекет. ІІІ. Біздің өміріміздегі алгоритм: Әрекеттердің реті. Оқиға; Алгоритм. Сызықтық алгоритм; Біздің өміріміздегі алгоритм. ІV. Программалау: Scratch-пен танысу; Scratch-те спрайт және фон таңдау; Менің алғашқы жобам; Scratch-те жоба құру. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, роботтехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс істеудегі білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету.


5 Негізгі міндеттері: 1) білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифрлық құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру; 2) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылардың есептей білу, программалау, іздеу, жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау және тарату дағдыларын қалыптастыру; 3) білім алушылардың әртүрлі қолданбалы программаларды қолдану арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету; 4) байланыс, ақпарат алмасу және ынтымақтастық үшін ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдалануын ынталандыру; 5) білім алушыларды компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері мен авторлық құқықтарды құрметтеуді үйрету. 4. Оқу программасының ерекшелігіне оның пән бойынша білім мен білігінің қалыптасуына бағдарлануы ғана емес, сонымен қатар, білімді функционалдық және шығармашылық жағынан қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, әртүрлі коммуникациялық әдістерді пайдалану, топта және жеке жұмыс істей білу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдылар жатады. 5. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең спектрлі дағдыларын табиғи үйлесімде дамуы – білім алушылардың бойында: «қазақстандық отансүйгіштік, ұлтжандылық және азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты базалық құндылықтарды қалыптастырудың негізі болады. Бұл құндылықтар білім алушылардың мінез-құлқына және күнделікті іс-әрекеттеріне ынталандырушы болуға арналған оның тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.


6 Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Цифрлық сауаттылық» бойынша оқу бағдарламасында ұсынылған ұзақмерзімді жоспар № Бөлім Тақырып Оқу мақсаты Сағат саны 3-тоқсан 9 І І бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат») Денсаулық және компьютер 1.1.3.1 компьютермен жұмыс істеу барысында тәртіп ережелерін ұстанып өз денсаулығын сақтау; 1 Компьютермен танысу 1.1.1.1 компьютердің негізгі құрылғыларын атау 1 Біздің айналамыздағы ақпарат 1.3.2.1 Қабылдау тәсілдерін қолданып ақпарат түрлерін анықтау 1 Ақпарат және компьютер 1.3.2.2 Ұсынуформасы бойынша ақпарат түрлерін ажырату; 1.3.2.3 ақпаратты ұсыну кезіндегі ақпарат көздері мен қабылдағыштардың байланыс арналарына мысалдар келтіру 1 Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік 1.3.2.4 адам өмірінде интернет желісінің қолданылуына қарай мысалдар келтіру; 1.1.3.3 желідегі барлық ақпарат сенімді және пайдалы емес екенін талқылау; 1.1.3.2 интернет желісіне жеке ақпаратты беру кезіндегі қауіптерді талқылау 1 ІІ ІІ бөлім. Менің алғашқы суретім (ортақ тақырып: «Дәстүр және фольклор») Tux Paint графикалық редакторымен танысу 1.2.2.1 кескін салуда стандартты фигураларды қолдану; 1.2.2.2 кескін салуда түстер палитрасындағы негізгі түсті таңдау; 1.2.2.3 кескін салуда палитрадағы фон түсін таңдау; 1.2.2.4 контурын өзгерту арқылы фигураны салу; 1.2.2.5 фигура түсін құйып бояу арқылы өзгертіп салу 1 Фигуралар 1.2.2.6 кескін бөлігін ерекшелеуде форма мен параметрді қолдану; 1.2.2.7 кескін салуда көшіру, қиып алу және қою құралдарын қолдану; 1.2.2.8 бұру немесе айналдыру құралдарын қолданып кескін салу; 1.2.2.9 түспен толтыру құралын қолданып кескін салу 1 Сурет салу және оны өңдеу 1.2.2.6 кескін бөлігін ерекшелеуде форма мен параметрді қолдану; 1.2.2.7 кескін салуда көшіру, қиып алу және қою құралдарын қолдану; 1.2.2.8 бұру немесе айналдыру құралдарын қолданып кескін салу; 1.2.2.9 түспен толтыру құралын қолданып кескін салу 1


7 Фигуралармен орындалатын ісәрекет 1.2.2.6 кескін бөлігін ерекшелеуде форма мен параметрді қолдану; 1.2.2.7 кескін салуда көшіру, қиып алу және қою құралдарын қолдану; 1.2.2.8 бұру немесе айналдыру құралдарын қолданып кескін салу; 1.2.2.9 түспен толтыру құралын қолданып кескін салу 1 4-тоқсан 10 ІІІ 3-бөлім Біздің өміріміздегі алгоритм (ортақ тақырыптар: «Демалыс және хобби» Әрекеттердің реті. Оқиға 1.4.1.1 алгоритм, әрекет және команда ұғымдарын түсіндіру; 1 Алгоритм. Сызықтық алгоритм 1.4.1.2 орындаушы және оның командалар жүйесін анықтап алгоритм құру; 1 Біздің өміріміздегі алгоритм 1.4.1.3 алгоритм түрлерін өмірмен байланыстырып мысалдар келтіру 1 IV 4-бөлім Программалау, Біздің өміріміздегі алгоритм (ортақ тақырыптар: «Дені сау ұрпақ – ел болашағы» Scratch-пен танысу 1.4.2.1 Сахна кейіпкері үшін кітапханадан спрайт таңдау 1 Scratch-те спрайт және фон таңдау 1.4.2.2 кітапханадан сахна фонын таңдау; 1 Менің алғашқы жобам 1.4.1.4 Scratch (скретч) программалау ортасында дайын сценарийді алгоритм бойынша іске асыру; 1.1.2.1 Scratch (скретч) программалау ортасында жобаны құру, сақтау және ашу 1 Scratch-те жоба құру 1.4.1.5 Scratch (скретч) программалау ортасында есептің шарты бойынша сызықтық алгоритмді әзірлеу; 1 Шығармашылық тапсырмалар 1.4.1.4 Scratch (скретч) программалау ортасында дайын сценарийді алгоритм бойынша іске асыру; 1.4.1.5 Scratch (скретч) программалау ортасында есептің шарты бойынша сызықтық алгоритмді әзірлеу; 1.1.2.1 Scratch (скретч) программалау ортасында жобаны құру, сақтау және ашу 1 Шығармашылық тапсырмалар 1.4.1.4 Scratch (скретч) программалау ортасында дайын сценарийді алгоритм бойынша іске асыру; 1.4.1.5 Scratch (скретч) программалау ортасында есептің шарты бойынша сызықтық алгоритмді әзірлеу; 1.1.2.1 Scratch (скретч) программалау ортасында жобаны құру, сақтау және ашу 2 Барлығы 19


8 «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері Оқулықтың негізгі мазмұны оқушылардың информатика ғылымының базистік негіздерін меңгеруге, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға, тұлғалық дамуына ықпал ете отырып, кәсіби бағдар алуға, функционалдық сауаттылығы мен зияткерлігін арттыруға бағытталған. Ұсынылып отырған оқулық білім мазмұнын жаңарту аясында оқытудағы әлемдік озық үлгідегі тәжірибелер мен әдістерді, заманауи оқыту технологияларын оқыту процесіне қолданып, білім алушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттырады. Оқушыларды логикалық, сыни және сындарлы ойлау тұрғысынан дамыту арқылы оқытудың сапасын арттыру, алған білімдерін оқуда, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету басшылыққа алынады. Интерактивті және жобалау түріндегі оқыту технологияларын пайдаланып, оқушылардың фронтальды білім алуынан жұптық және жеке білім алуға өтуі қамтамасыз етіледі. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту мақсатында оқулықтың барлық кезеңдері Блум таксономиясының танымдық сатыларына негізделіп құрылымдалған. Оқушылар оқулықпен жұмыс жасау барысында берілген теориялық материалды білу, түсіну және қолдану жолдарын меңгереді. Талдау сатысында берілген оқу материалын терең түсініп, оларды зерделейді, құрылымын анықтау үшін тұтас бөліктерді құрамдас бөліктерге бөледі, оларды ажыратады, өзара байланыстарды айқындайды. Жинақтау сатысында оқушылар өз ойларын тұжырымдап, оқу материалын талдау нәтижесінде алған білімдерін жаңашыл сипатта қорытады, өз идеяларын немесе үлгілерін, жобаларын ұсынуды үйренеді. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын өзгеше ретпен хабарлау (баяндау, пікір таласу), жұмыс жоспары, схемалар, жобалар түрінде ұсынуды қарастырады. Бағалау сатысында берілген оқу материалының информатика саласында және күнделікті өмірде пайдалануының маңызын анықтайды, ол туралы өзіндік пікір ұсынуды, ойын білдіруді үйренеді. Оқулықпен жұмыс жасау барысында оқушыларда төмендегі көрсетілген дағдылар: - оқулықта берілген теориялық материалдар мен практикалық жұмыстарды талдау, жинақтау және бағалау негізінде берілген тапсырмаларға топта және жұпта «жобалау» жұмыстарын жасау; - ақпараттық үдерістердің қоғамдағы рөлін түсіну және оған сындарлы баға беру; - ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында пайдалану мәселелерін түсініп, анықтау; - ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек ісәрекетінде тиімді қолдану; - талдау, модельдеу мен программалау тапсырмаларын шешу; - ақпараттық мәдениетті қалыптастыру; - технологиялық ғылыми тілді меңгеріп, пән бойынша тілдік дағдыларды дамыту мақсат етіледі. кезеңде оқушылар алдыңғы кезеңде алған практикалық білімдерді қолдана отырып, өз бетінше орындауына тиімді болатындай жасалған.


9 Пәнді оқытудың әдіс-тәсілдері Оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, бұған дейін алған білімдері мен қалыптасқан түсініктерін одан әрі дамыту үшін оларды қолданудың маңыздылығын құптау. Жеке және саралай оқыту тәсілін қолдану. Проблемаларды және оларды шешу стратегияларын құрастыру. Оқушылардың жетістіктерін бағалау арқылы олардың оқуына қолдау жасау. Оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерінің негізінде белсенді оқуға ынталандыру. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту. Оқушылардың ойын әрекетін, шығармашылық және жобалық жұмыстарын ұйымдастыру. Түсіндіру, идеяларды таныстыру, диалогтерге қатысу, мәтінмен жұмыс, алгоритмдер. Тапсырмаларды орындау әдістерін сипаттау және түсіндіру барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Мұқият таңдап алынған тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыру және дамыта оқыту. Оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру, жеке және топтық жұмыс. Бірін-бірі оқыту. Оқушыларды өз жұмысын талдауға және түзетуге ынталандыру (рефлексия). Практикалық жұмыстарды орындау Практикалық жұмыстар бөлімінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан қарастырып, компьютерде жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады. Оқушылардың қабылдауына оңай болуы үшін теориялық материалды практикалық тапсырма арқылы түсіндіру әдісі қолданылған. Оқулықты оқушылар мұғалімнің көмегінсіз де өздері оқып, түсінеді. Тапсырмаларды өз бетінше орындау ыңғайлы болуы үшін практикалық бөлім екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде практикалық тапсырмалар толық түсіндіріледі, ал екінші Оқушылардың жетістіктерін бағалау Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартының «Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау» бөлімінде оқушының оқу жетістігін бағалау түрі бойынша 1-сынып оқушысының оқу жетістігі бағасыз жүйемен, 2-сыныптан оқу нәтижесін бағалау балдық жүйемен өткізіледі. Осы оқу кезеңінде балалар «Жарайсың!», «Ақылды!», «Сен өте қабілеттісің!» деген сияқты т.б. сөздермен ауызша мадақталады. Бұл оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, ынталандырады. Білім нәтижелерін бағалайтын негізгі көрсеткіш стандарттың міндетті деңгейіне сәйкестік емес, жеке тұлғаның өсу деңгейі болып саналады. Баға қоймай оқыту жағдайында әр оқушының жетістігін өзгелермен салыстырмалы түрде емес, оның жеке тұлға ретінде өзін-өзі бағалауына мүмкіндік жасау керек. Бағасыз оқыту оқушының өзін -өзі бағалауына, өзінің жіберген қатесін өзі түзетуіне мүмкіндік береді.


10 Сабақ құрылымын тиімді жоспарлау Сабақтың құрылымы Басталуы • Сергіту жаттығуы. • Жаңа топ құрамын анықтау. • Жұмыс ережесін келісу. • Алдыңғы білімді еске түсіру, пысықтау (жеке, жұпта, топта, ұжымда). • Оқу мақсатын таныстыру. • Күтілетін нәтижені анықтау(оқушылар жаңа тақырып жөнінде не біледі, не білгісі келеді). Негізгі бөлім • Ойқозғау тапсырмалары. • Белсенді оқу тапсырмалары (саралау тәсілдері). • Оқулықпен жұмыс (жеке, жұпта, ұжымда). • Тапсырмалар орындау (жеке, жұпта, топта). • Қызықты тапсырма айдарында логикалық қабілетін шыңдау. Аяқталуы • Жаңа білім мен тәжірибені қолдануын бағалай алу. • Сабақта қол жеткізген нәтижені талдау. • Рефлексия (жеке, топтық, ұжымдық). • Үйге тапсырма. Топтық, жұптық тапсырмалардың басым бөлігі Блум таксономиясының талдау және жинақтау сатыларына берілген. Басталуы Аяқталуы Негізгі бөлім


11 Оқулықта қолданылған графикалық программаға түсініктеме. Оқулықта графикалық редакторды үйрету мақсатында Тux-paint программасы таңдалды. Tux Paint – балаларға музыка және анимация әсерлерімен сурет салуға арналған түрлітүсті, пайдалануына оңай программа. Оның қарапайым қолданушыға ыңғайлы интерфейсі, көптеген алдын ала орнатулар мен эффектілер, сондай-ақ дайын жұмыстардан жеке мөрлер мен слайд-шоуларды жасау функциялары бар. Бұл өте қарапайым программаның көмегімен бала сызбаларды ойын түрінде жасап қана қоймай, компьютерде жұмыс істеу негіздерін де үйрене алады. Программаның анықтама жүйесі, көңілді анимациялар мен дыбыс эффектілері және күлкілі Tux пингвин көмекшісі кез келген оқушыны өзіне баурап алады. Tux Paint графикалық редакторында сурет салуға қажетті құралдардың кең ауқымы, жануарлар, гүлдер мен кейіпкерлер түріндегі штамптар, түстер палитрасы және сызбаға қосуға арналған дайын нысандар бар. Қолданыстағы эффектілер мен штамптардан басқа, бала өзінің қалаған суретін жасай алады. Қорыта айтқанда Tux Paint программасы көмегімен: -сурет салуға; -дайын штамптарды пайдаланып суреттерді модельдеуге; -слайд шоу жасауға; -анимациялық қозғалыстар жасауға; -дайын суреттерді бояуға (раскраска); -дыбыстық және анимациялық эффектерді суретке кірістіруге болады. Программа 1-сынып оқушылары үшін меңгеруге өте қарапайым, өте қызықты сурет салу программасы. Программаны тегін көшіріп пайдалануға болады. Оны мына сілтемеден көшіріп алуға болады: 1. https://tuxpaint.org/download/ 2. https://tux-paint.softonic.ru/ 3. https://mirprogramm.ru/tux-paint Программаны көшіріп орнатқан соң (төменгі суреттегі жасыл бағдарша), суреттер штампын көшіріп орнату керек (төменгі суреттегі қызыл бағдарша).


12 Мұғалім қысқамерзімді сабақты жоспарлауда ұсынылған құрылымды үлгі ретінде пайдалана алады. Қысқамерзімді жоспар 1-сабақ. А бөлімі. Бөлімі: 1-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат») Педагогтің аты-жөні: Күні: Сыныбы: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы: Денсаулық және компьютер Оқу программасына сәйкес оқу мақсаты 1.1.3.1 компьютермен жұмыс істеу барысында тәртіп ережелерін ұстанып өз денсаулығын сақтау; Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы үшін: Компьютермен жұмыс істеу барысында тәртіп және қауіпсіздік техника ережелерін сақтауды үйренеді. Оқушылардың көбі үшін: Компьютермен жұмыс істеу барысында техникалық құралдарды пайдалануды біледі. Кейбір оқушылар үшін: ***. Компьютермен жұмыс істеу барысында информатика кабинетіндегі құралдардың қызметін біледі. Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі/Уақыты Педагогтің ісәрекеті Оқушының ісәрекеті Бағалау Ресурстар Сабақтың басы (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин. 1. Сәлемдесу. 2. Оқушыларды түгендеу. Ширату тапсырмасы. «Айна» ойыны. Оқушылар жұптасып, бірбіріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» Сандықша, қағаз қиындылары. Мұғалімдер назарына!!! Оқулықта топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері берілген. Бұл авторлардың тарапынан мұғалімдерге оқушылардың әлеуметтік өзара қарым-қатынасын нығайту үшін берілген, әдістемелік көмегі. Егер мұғалім сабақты басқаша ұйымастыратын болса, онда топтық, жұптық тапсырмаларды оқушыларға жеке орындатуға да болады. Сонымен бірге, топтық, жұптық тапсырмалардың оқулықта болуы оқушылардың деңгейіне қарай саралап беруіне мүмкіндік береді.


13 денесімен, бетәлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды солға, солды оңға қарай жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды ахуал орнатады/. 4. Топтастыру 2 мин. Оқушыларды топтастыруға нұсқау береді. «Құпия сандық» әдісі Оқушыларға құпия сандықтан бір қағаз қиындысынан алуға нұсқау беріледі. Қағаз қиындысында берілген сөздер бойынша топқа жинақталып, бірігеді. 1-топ: «Информатика» 2-топ: «Компьютер» Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, ол туралы өз ойларын айтады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» (МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі 3 мин. Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағытбағдары, нұсқауымен) жауап іздейді. Интерактивті Балалар суретке саяхат жасап біткен соң, келесі сұрақтарға жауап береді. Қалаға саяхаттан қандай әсер алдың? Бұл қалаға қандай атау бересің? Суретте Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»


14 тақтадан төмендегі сурет көрсетіліп, суреттегі қалаға саяхат жасау тапсырмасы беріледі. мектептің қай кабинеті бейнеленген? Жаңа сабаққа дайындық. 3 мин. Мұғалімнің кіріспе сөзі Оқушыларға жаңа білім бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі. Мұғалімнің сөзі: Балалар, бұл суретте информатика кабинеті бейнеленген. Ол жерде информатика сабағы өтеді. Кабинетте компьютерлер бар. Кабинетті пайдаланудың өз ережесі бар. Мұғалім балаларды өздері оқып жатқан информатика кабинетімен таныстырады. Сабақтың ортасы 7 мин. Қабырғаларға алдын ала оқулықта берілген кабинеттің суреттері ілінеді. Сол суреттерді оқушылар аралап, тамашалап, өз ойларымен бөліседі. Оқулықтағы суреттерге назар аудар! Информатика кабинетінде не істеуге болмайды? Себебін түсіндіріп көр. ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!». Интерактивті тақта 6 мин. (МК, Т). Интерактивті тақтадан компьютер алдында отырған оқушыларды бейнелейтін 4- сурет көрсетіледі. 1-тапсырма: Компьютердің алдында отырудың ережесі бар. Кім компьютер алдында дұрыс отыр? (4- сурет) Дескриптор: - Компьютер алдында жатуға болмайтынын айтады. - Компьютер алдында отырғанда мониторға жақыннан қарауға болмайтынын айтады. - Компьютер алдында отырғанда құрылғыларды дұрыс пайдалануды айтады. - Компьютер алдында орындыққа тік, түзу отыру керектігін айтады. ҚБ: Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» Интерактивті тақта 6 мин. (Ж) «Ойлан, ҚБ: Мұғалім


15 жұптас, бөліс» әдісі. Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интерактивті тәсіл. Интерактивті тақтада 3-сурет көрсетілгеннен кейін әрбір оқушы жеке өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (1-2 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 2-3 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады. Оқулықтағы суретке назар аудар. Компьютер алдында дұрыс отырмаудың қандай зияны бар? Ойыңмен бөліс. Дескриптор: - Жұптасып өз ойларымен бөліседі. - Компьютер алдында дұрыс отырмаудың зиянын атайды. - Зиян келтіретін теріс әрекеттерді болдырмаудың алдын алу шараларын айтады. оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» Интерактивті тақта 8 мин. (Д). Интерактивті тақтадан компьютер алдындағы балақайдың әртүрлі іс-әрекеті бейнеленген 3- сурет көрсетіледі. ***3- тапсырма: Информатика кабинетінде бала қандай ережені бұзды? Балаға қандай кеңес бересің? Дескриптор: - Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерді есіне түсіреді. - Бала қандай ережені бұзғанын біледі. - Балаға ток көзінен сымды қалай ажырату керектігін, қалай дұрыс отыруға болатынын, тамақтану ережесі бойынша өз кеңесін береді. ҚБ: Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» Интерактивті тақта Сабақтың соңы 7 мин. (Ж) «Ұялы телефон» әдісі Оқушылар бір- - Бүгінгі тақырып не туралы болды? - Бүгінгі тақырыпта не ұнамады? ҚБ: Мұғалімнің қорытынды бағалауы «Мадақтау сөз»


16 Сабақты бекіту. Рефлексия. біріне СМС (хабарлама) жазу арқылы төмендегі сұрақтарға жауап жазады. - Бүгінгі тақырып несімен ұнады? - Мені қызықтырғаны ... - Сабақта қандай сезімде болдың? - Тақырыпқа не қосар едің? - Тақырыптан қандай үлгі алдың? Менің қолымнан ... келеді. әдісі арқылы жүргізіледі: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» 1- сабақ. Б бөлімі (толық нұсқасы). Бөлімі «Ақпараттық этикет (ортақ тақырыбы: «Саяхат»)» Ескерту Сабақтың тақырыбы: Денсаулық және компьютер Сабақтың мақсаты Сабақ мақсаты қалай орындалады? Қысқамерзімді жоспар сабақтың бастапқы кезеңінен соңғы кезеңіне дейін оқушылардың жас ерекшелігін, оқу мақсатын ескере отырып, сараланып, Блум таксономиясы негізге алынып жасалды. Оқу мақсатынан сыныптың деңгейіне қарай сабақ мақсаты құрылды. Ал сабақтың мақсатына жету үшін бағалау критерийлері нақты, өлшемді, қолжетімді етіп ұсынылған. Мақсаттың орындалуына сабақтың басынан соңына дейін әртүрлі тапсырмалар, ой қозғау сұрақтары ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес жоспарланған. Тапсырмаларды орындау барысында өз бетінше, жұппен, топпен жұмыс жасайды. Тапсырмаларды орындау сабақтың ортаңғы кезеңіне жоспарланады. Осы кезеңде саралаудың «Қорытынды», «Диалог және қолдау көрсету», «Бағалау», «Тапсырма», «Қарқын» тәсілдері көрінеді. Бұл сабақтағы барлық тапсырмада оқушылар бірдей тапсырма орындағанымен, нәтижелері оқушының деңгейіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, соңғы шешімін беріп отырады. Бұл саралаудың «Қорытынды» тәсілі. Сонымен қатар оқушылар әр тапсырманы орындау кезінде үнемі қалыптастырушы бағалаудың әртүрлі әдістерімен бағаланып отырады. Бұл тапсырма нәтижесін жақсартуға бағытталады. Тапсырманы қандай деңгейде орындағанын, сабаққа қатысу белсенділігін көрсетеді. Іс-әрекетінің бағалануы оқушының ынтасының жоғарылауына оң ықпалын тигізеді. Бұл – саралаудың «Бағалау» тәсілі. Сабақта оқушылар жаңа теориялық ақпаратпен танысып, практикалық, талдау, жинақтау, бағалау тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдерін толықтыру жоспарланды. Бұл – саралаудың «Тапсырма» тәсілі. Топтастырудағы мақсат: Ынтымақтастық, топтық жұмыс барысында бір-біріне деген жылы қарым-қатынастар Жоспарланған тапсырмаларды орындау барысында оқушының білім дағдысына, деңгейіне қарай қарқыны жылдам және қарқыны баяу оқушылар кездесуі әбден мүмкін деген болжаммен оқулықтағы қосымша тапсырмалар берілу мүмкіндігі жоспарланды. Бұл – саралаудың «Қарқын» тәсілі.


17 дамиды, ынтымақтастық, тыңдау дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті шыңдалады. Өзгелердің идеялары мен ойларын тыңдайды, құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды. Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Құндылықтарға баулудағы мақсат: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады. Психологиялық жағымды ахуал орнатудағы басты мақсат: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастыру, көңіл күйін көтеру, бауырмалдығын ояту. Ойлан Оқушылардың күнделікті өмірдегі іс-тәжірибесіне сүйеніп, негізгі оқу мақсаты ортақ тақырып арқылы қалай ашылады? «Миға шабуыл» әдісін қолданудағы мақсат: Бұл әдіс ұжымдық жұмыс түрінде, яғни оқушылардың барлығын жұмылдыра қатыстыратын сабақтың бастапқы кезеңінде қолданылады. Себебі оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі, өткен және жаңа тақырып бойынша алдыңғы білімін тексеру мақсатында ой қозғау сұрақтары беріледі. Мақсаты: Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салады. Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, ауызша немесе қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы болады. Бұл кезеңде оқушылар суретке қарап немесе сұрақтарға жауап беру арқылы өзінің өмірлік тәжірибесімен еркін ой бөліседі. Суретте әртүрлі соңғы үлгідегі теникалық құрылғылар бейнеленген қала көрсетіледі. Оқушылар ойша қалаға саяхат жасайды. Ой қозғау сұрақтарына жауап беру мақсатында ұжымдық талқылау жүргізеді. Мұғалім оқушылардың талқылауынан жауаптың дұрыстығына бағыттау негізінде оқушылар кез келген жағдайда техникалық құрылғылардың пайдасымен қатар зиянының бар екенін біледі. Яғни сынып ішіндегі компьютердің, планшет, ноутбук, смартфонның адам денсаулығына келтіретін зиянына көз жеткізеді. Дегенмен де зиянды әрекеттерге жол бермеу үшін өзінің белгілі бір ережелерін сақтау қажеттігін біледі. Жаңа білімде сабақ мақсатына жету үшін қандай материал қарастырылған. Жаңа материалды қалай беру


18 Жаңа білім керек? Жаңа сабақтың негізгі ақпаратымен мұғалімнің кіріспе сөзі ұсынылады. Сонымен қатар сабақ басталар алдында мұғалім кабинет ішіндегі қабырғаларға оқулықтағы суреттерді іліп қояды. Бұл суреттерді оқушылар аралап көру арқылы кабинетте не істеуге болмайтынын көзбен көру арқылы түсінеді. Яғни мұғалім балалардың ең алғашқы кездесетін компьютер кабинетін көрсетіп, ондағы техника қауіпсіздік ережесімен таныстырады. Ережені сақтау арқылы біз өз денсаулығымызды сақтаймыз деген түсінік қалыптастырады. Топтық жұмыс Топтық жұмысты ұйымдастыруда оқушылардан не талап етіледі? Оларға өз жұмыстарын қай формада берген тиімді? Оқулықтағы тапсырманы орындау үшін оқушылар топпен жұмыс істеуді, бір-бірінің пікірін тыңдауды үйренеді. Сонымен қатар компьютер алдындағы дұрыс отыру ережелерін ақылдасып жазады. Жұптық жұмыс Жұптық жұмыс берудегі мақсат не? Оны ұйымдастыруда оқушылардан не талап етіледі? Оларға өз жұмыстарын қай формада берген тиімді? Жұптасып өз ойын басқалармен бөлісуге, ақылдасуға дағдыланады. Сондай-ақ компьютер алдында дұрыс отырмаудың салдарынан арқа, бел, мойын омыртқаларының қисаятынын, басқа да дене мүшелеріне зақым келетінін білетін болады. Оқушылардан бұл бөлімде не талап етіледі? Мұғалім неге мән беру керек? Бұл тапсырмада өз ойын тұжырымдауға, сыни көзқараспен ойлануға және дәлелді пікірін, кеңесін айтуға бейімделеді. Рефлексия: Бұл сабақтың соңғы кезеңіне жоспарланды. Өйткені сабақтың бастапқы кезеңінен соңына дейін оқушының нені оқып меңгергенін білу мақсатында және сабақты бекіту, қорытындылау үшін сұрқтарға жауап береді. Бұл сабақта «Ұялы телефон» әдісі қолданылды. 2-сабақ. А бөлімі. Бөлімі: І бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат») Педагогтің аты-жөні: Күні: Сыныбы: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы: Компьютермен танысу Оқу программасына сәйкес оқу мақсаты 1.1.1.1 компьютердің негізгі құрылғыларын атау Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы үшін: Компьютер құрылғыларымен танысады. Көпшілік оқушылар үшін: Компьютердің қолданылуына қарай негізгі құрылғыларын


19 бір-бірінен ажыратады. Кейбір оқушылар үшін: ***.Компьютер құрылғыларының атқаратын қызметін біледі. Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі/Уақыты Педагогтің ісәрекеті Оқушының ісәрекеті Бағалау Ресурстар Сабақтың басы (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин. 1. Сәлемдесу. 2. Оқушылар-ды түгендеу. Ширату тапсырмасы. «Боди-арт» ойыны. Барлық қатысушылар бірінің артына бірі тұрады. Соңғы ойыншы алдыңғының арқасына өзі қалаған суретті салады, ол ойыншы ненің суретін сезінгенін өзінің алдындағы оқушыға салады. Осылайша алдыңғы қатысушыға дейін сурет салу жалғасады. Соңғы және бірінші баланың суреттері салыстырылып, кімнің тұсынан ағаттық кеткені анықталады. /Бұл ойын арқылы сыныпта психологиялық жағымды ахуал туады/. Оқушыларды ынталандыру мақсатында «Мадақтау» әдісі арқылы бағалайды. 4. Топтастыру 2 мин. «Мозаика» әдісі Оқушылар мұғалім үстелінен сурет қиындысы бейнеленген бір дана қағаз қиындысын таңдап алады. Алынған қағаз қиындысында бейнеленген суретті 1-топ: «Монитор» 2-топ: «Пернетақта» Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, сурет туралы өз ойларын айтады. 5. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. Оқушыларды ынталандыру мақсатында «Мадақтау» әдісі арқылы бағалайды.


20 жинақталып құрастыру арқылы екі топқа бірігеді. (МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі 5 мин. Миға шабуыл «Ой қозғау» әдісі. Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді. Интерактивті тақтадан 1- сурет көрсетіліп, оқушыларға сұрақтар қойылады және жауап беріп, ұжыммен талқыланады. Суретте не бейнеленген? Суреттердің бірбірінен қандай айырмашылығы бар? Компьютерді қай жерден сатып алуға болады? 1-суретте қандай құрылғылар бейнеленген? Бұл құрылғылардың қайсысының қызметі басқаларынан өзгеше? Компьютермен таныссың ба? Компьютер құрылғыларының атауын білесің бе? Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!». Интерактивті тақта ндегі тапсырманы орында. Құрылғылар қалай аталады? Жаз. «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» Жаңа сабаққа дайындық. 5 мин. Мұғалімнің кіріспе сөзі Оқушыларға жаңа білім бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі. Мұғалімнің түсіндірмесі: Компьютер – ақпаратпен жұмыс істеуге арналған құрылғы. Монитор – мәтін, цифр, суреттерді экранда көрсететін құрал. Пернетақта – компьютерге мәтін енгізуге арналған құрылғы Тінтуір – бұл құрылғы меңзермен басқарылып, компьютерге команда береді. Жүйелік блок – ішкі құрылғылар орналасқан корпус. Сабақтың ортасы 10 мин. «Галерея» әдісі. Қабырғаларға алдын ала Оқулық. Тәжірибеңе сүйеніп, ҚБ: Мұғалім топта белсенділік


21 оқулықта берілген құрылғылар бейнеленген суреттер ілінеді. Сол суреттерді оқушылар аралап, тамашалап, өз ойларымен бөліседі. компьютерге қатысты құрылғыларды анықта (2-сурет). Бұл құрылғылардың қызметін білесің бе? Дескриптор: - Қабырғада ілінген суреттермен танысады. - Құрылғыларды атқаратын қызметіне қарай ажыратады. - Компьютерге қатысты құрылғыларды анықтап жазады. - Жазған құрылғылардың қызметін айтады. танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!». 10 мин. (Ж) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Интерактивті тақтадан әртүрлі құрылғылар бейнеленген сурет көрсетіледі. Көрсетілген құрылғылардың бәрінің қызметін қосса, қандай құрылғы шығады? Түсіндір. Дескриптор: - Экранда көрсетілген құрылғылармен танысады. - Құрылғыларды атқаратын қызметіне қарай ажыратады. - Құрылғылардың бәрінің қызметін қосса, қандай құрылғы шығатынын анықтайды. ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!». Интерактивті тақта Сабақтың соңы 8 мин. Сабақты (Ұ). Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға Бүгін мен не білдім? Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім? ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан Интерактивті тақта


22 бекіту. Рефлексия. жауап береді. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім? оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!». 2- сабақ. Б бөлімі. Бөлімі Ақпараттық этикет (ортақ тақырыбы: «Саяхат») Ескерту Сабақтың тақырыбы : Компьютермен танысу Жаңа білім Жаңа білімде сабақ мақсатына жету үшін қандай материал қарастырылған? Жаңа материалды қалай беру керек? Жаңа сабақтың негізгі ақпараты мен мұғалімнің кіріспе сөзі ұсынылады. Сонымен қатар сабақ басталар алдында мұғалім кабинет ішіндегі қабырғаларға оқулықтағы компьютердің құрылғыларының суреттерін іліп қояды. Оқушылар сыныпқа ілінген суреттерді аралап көру арқылы компьютердің құрылғыларымен танысады. Бір-бірімен топтық талқылау жүргізеді. Топтық жұмыс Топтық жұмысты ұйымдастыруда оқушылардан не талап етіледі? Оларға өз жұмыстарын қай формада берген тиімді? Оқулықтағы тапсырманы орындау арқылы оқушылар топта жұмыс істеуді, бір-бірінің пікірін тыңдауды үйренеді. Сонымен қатар компьютерге қатысты құрылғыларды анықтау барысында басқа да техникалық құрылғылардың қызметімен танысады. Құрылғылардың атқаратын қызметін анықтайды. Жұптық жұмыс Жұптық жұмыс берудегі мақсат не? Оны ұйымдастыруда оқушылардан не талап етіледі? Оларға өз жұмыстарын қай формада берген тиімді? Оқулықтағы жұптық жұмысты орындайды. Жұбымен ақылдасып, ой бөлісіп, суретте көрсетілген техникалық құрылғылардың қызметінің жиынтығынан қандай құрылғы шығатынын анықтайды. Ұжымға өздерінің жауабын хабарлайды. 3-сабақ. А бөлімі. Бөлімі: 1-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат») Педагогтің аты-жөні: Күні: Сыныбы: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:


23 Сабақтың тақырыбы: Біздің айналамыздағы ақпарат Оқу программасына сәйкес оқу мақсаты 1.3.2.1 Қабылдау тәсілдерін қолданып ақпарат түрлерін анықтау Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы үшін: Қабылдау тәсілдерін қолданып ақпарат түрлерін анықтайды. Көпшілік оқушылар үшін: Қоршаған ортадан ақпаратты қабылдаудың түрлерін ажыратады. Кейбір оқушылар үшін: ***. Қабылдау тәсілдерін қолданып өмірлік тәжірибеден ақпарат түрлеріне мысал келтіреді. Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі/Уақыты Педагогтің ісәрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар Сабақтың басы (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин. 1. Сәлемдесу. 2. Оқушыларды түгендеу. Ширату тапсырмасы. «Бұлт үстіндегі саяхат» ойыны Нұсқау: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең дем алыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Мұнда. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып және таңғаларлық оқиға орын алуы мүмкін....(30 секунд). Енді сендер тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар... Бұлт ақырындап ауада ери бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл-күй сыйлайды/. Оқушыларды ынталандыру мақсатында «Мадақтау» әдісі арқылы кері байланыс беріп бағалайды Топтастыру 3 мин. «Мозаика» әдісі. 1-топ: «Интернет» 2-топ: «Браузер»


24 Оқушылар мұғалім үстелінен сурет бөлігі бейнеленген бір дана қағаз қиындысын таңдап алады. Алынған қағаз қиындысында бейнеленген суретті жинақталып құрастыру арқылы екі топқа бірігеді. Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, сурет туралы өз ойларын айтады. 5.Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. (МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. 5 мин. Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағытбағдары, нұсқауымен) жауап іздейді. 1-суретте қыс мезгілі бейнеленген. Суретке қарап сұрақтарға жауап бер: Балалардың беті неге қызырған? Балалар қай құстың даусын естіді? Сәбіздің дәмі қандай? ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!». Сабақтың ортасы 5 мин. (Т) «Суреттер сөйлейді» әдісі. Интерактивті тақтадан ақпаратты қабылдау түрлері көрсетіледі. 2-сурет. Адамның ақпаратты қабылдау түрлері. Тапсырма: Берілген ақпаратты қабылдау түрлеріне салыстырмалы талдау жасау. Дескриптор: - Топта бірігіп, суреттермен танысады. - Суреттерді салыстырады. - Топтар арасында өз ойымен бөліседі. ҚБ: Мұғалім топтық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!». Интерактивті тақта 7 мин. (Ж) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Тапсырма: Ойларымен бөліседі. Мысалы, мұрнымызбен таудың таза ауасын жұтамыз. ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік Интерактивті тақта. Оқулық


25 Орманда, тауда, жайлауда, шөлде қай сезім мүшесі басым ақпарат қабылдайды (2-сурет). Дескриптор: - Берілген суреттермен танысады. - Суреттерді салыстырады. Ең көп ақпарат алуға болатын сезім мүшесін анықтайды. танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!». 8 мин. ***. (Жұптық жұмыс) Тапсырма: Кестеде сынып бөлмесінде орналасқан екі зат таңдалған. Бұл заттарды ақпаратты қабылдаудың қай түрлері бойынша қабылдайсыңдар. Ойларыңмен бөлісіңдер. Дескриптор: - Берілген кестемен танысады. - Заттарды ақпаратты қабылдаудың қай түрлеріне жататынын белгілейді. - Өз ойымен бөліседі. Заттың атауы Кө р у Е с т у Дәм Иі с сезу Сипап Парта Гүл ҚБ: Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!». 5 мин. Тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға тапсырма береді. Тапсырманы дұрыс орындау үшін нұсқауымен таныстырады. Тапсырма: Ақпаратты қабылдаудың бес түрі де қатысатын бір затты ата. Мысалы, біз Күн туралы ақпаратты қабылдаудың екі түрі: көру, сезу арқылы қабылдаймыз. Дескриптор: - Кез келген ақпаратты қабылдаудың бір түрін атайды. - Аталған түріне мысал келтіреді. «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» Оқулық Сабақтың соңы 7 мин. Ой толғаныс Рефлексия. (Ұ). Оқушылар берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді. Бүгін мен не білдім? Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім? Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім? ҚБ: Мұғалім сабақта белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш Интерактивті тақта


26 – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!». № 3 сабақ. Б бөлімі. Бөлімі «Ақпараттық этикет (ортақ тақырыбы: «Саяхат»)» Ескерту Сабақтың тақырыбы: Біздің айналамыздағы ақпарат Жаңа білім Жаңа білімде сабақ мақсатына жету үшін қандай материал қарастырылған? Жаңа материалды қалай беру керек? Жаңа сабақтың ақпаратын мұғалім «Броундық қозғалыс» әдісі арқылы сыныптың ішіне қағаздарға жазып жасырып қояды. Оқушылар сынып ішінде қозғалыс жасап, ақпараттарды іздеп өздері тауып, танысады. Бұл әдіс ақпаратты іздеу процесін көрсетеді. Топтық жұмыс Топтық жұмысты ұйымдастыруда оқушылардан не талап етіледі? Оларға өз жұмыстарын қай формада берген тиімді? Топтық тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар топпен, жұппен жұмыс жасауды, бір-бірінің пікірін тыңдауды үйренеді. Сонымен қатар суретке қарап әңгіме құрастыруды. Сыни көзқараспен сипаттауды, салыстыруды, бағалауды үйренеді. Берілген екі мағынадағы суретке топтық талқылау жасайды. Балалар бос уақытын ойынмен емес пайдалы іспен айналысу, ата-анаға үй шауасында көмектесу, білім алу керектігін түсінеді. Жұптық жұмыс Жұптық жұмыс берудегі мақсат не? Оны ұйымдастыруда оқушылардан не талап етіледі? Оларға өз жұмыстарын қай формада берген тиімді? Жұптық тапсырма орындау арқылы оқушылар жұптасып өзара талқылау, ой бөлісу, бір-бірінің пікірін тыңдауға дағдыланады. Бұл жерде газеттерден, оқулықтардан және интернет беттерінен ақпаратты қаншалықты қандай дәрежеде алуға болатындығын салыстырады. Нәтижесінде интернеттен жылдам, ауқымды әрі қолжетімді мәлімет алуға болатындығын айтады. Оқушылардан бұл бөлімде не талап етіледі? Мұғалім неге мән беру керек? Бұл кезеңде оқушы өзіндік ой тұжырымдайды. Егер пікір қате болса, мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап нұсқау беру керек. Ақпаратты қабылдаудың түрлерімен толықтай танысып, мысалдар келтіреді. Рефлексия: Бұл сабақтың соңғы кезеңіне жоспарланды. Өйткені сабақтың бастапқы кезеңінен соңына дейін оқушының нені оқып меңгергенін білу мақсатында және сабақты бекіту, қорытындылау үшін сұрақтарға жауап


27 береді. 4-сабақ. А бөлімі. Бөлімі: І бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат») Педагогтің аты-жөні: Күні: Сыныбы: Қатысушылардың саны: Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы: Ақпарат көздері және қабылдағыштар Оқу программасына сәйкес оқу мақсаты 1.3.2.2 Ұсыну формасы бойынша ақпарат түрлерін ажырату; 1.3.2.3 ақпаратты ұсыну кезіндегі ақпарат көздері мен қабылдағыштардың байланыс арналарына мысалдар келтіру Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы үшін: Ақпарат түрлерін ажыратады. Көпшілік оқушылар үшін: Ақпарат көзі, қабылдағыш, байланыс арнасы ұғымдарымен танысады. Кейбір оқушылар үшін: ***Өмірлік тәжірибесінен мысалдар келтіреді. Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі/Уақыты Педагогтің ісәрекеті Оқушының ісәрекеті Бағалау Ресурстар Сабақтың басы (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин. 1. Сәлемдесу. 2. Оқушыларды түгендеу. Ширату тапсырмасы. «Біз де» ойыны Ойынның шарты: Әңгімені зейін сала тыңдап, бұрыс пікірге қосылмау керек. 1. Мен өзенге бардым. «Біз де!» 2. Онда үйрек ұстап алдым. «Біз де!» 3. Үйректің жартысын итім жеп қойды. «Біз де!» Осыны айтып қалған оқушылар ойыннан шығады. Топтастыру 3 мин. «Мозаика» әдісі. Оқушылар мұғалім үстелінен сурет қиындысы бейнеленген бір дана қағаз қиындысын таңдап алады. Алынған қағаз қиындысында бейнеленген суретті жинақталып құрастыру 1-топ: «Ақпарат». 2-топ: «Компьютер». Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, сурет туралы өз ойларын айтады.


28 арқылы екі топқа бірігеді. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. (МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. 5 мин. «Ой қозғау» әдісі. Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында оқушылар берілген суреттерге мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді. Тапсырма: Суретке қарап, ақпаратты қандай түрлерге ажыратар едің. Ойыңмен бөліс. ҚБ: Мұғалім ұжымдық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды. Интерактивті тақта Жаңа сабаққа дайындық. 2 мин. Мұғалімнің сөзі. Ақпаратты ұсыну түрі бойынша беске бөлінеді. Ақпарат сан, мәтін, графика, дыбыс және бейне түрінде ұсынылады. Жаңа сабаққа кіріспе. «Білетініңіздің барлығы» әдісі. Оқушылар тақырыпты оқуға кірісудің басында жаңа білім туралы не білетінінің барлығын жазады. Сосын мұғалім


29 қайталауды болдырмас үшін, алынған ақпаратты пайдалана отырып, оқуды тиісті жолмен жүргізеді. Сабақтың ортасы 7 мин. (МК, Т). Оқушылар топтық жұмыста бір-бірімен ақылдасады, ойларын ортаға салып, ортақ шешім шығарады. Өз көзқарастарын топ арасында айтады. Тапсырма: Суреттерді ақпаратты ұсынудың бес түрі бойынша жіктеңдер. Дескриптор: - Берілген суретпен танысады. - Топ ішінде талқылайды. - ақпаратты ұсынудың бес түрі бойынша жіктейді. ҚБ: Мұғалім топтық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды. Оқулық 8 мин. (Ж) Жұптық жұмыста ақылдасып, тапсырманы орындайды. Тапсырма: Ақпараттың атауы мен оған сәйкес мысалдардың дұрыс ретін атап беріңдер. Дескриптор: - Жұбымен ой бөліседі, талқылайды. - Ақпараттың атауы мен оған сәйкес мысалдардың дұрыс ретін атап береді. ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.


30 8 мин. Оқушылар өздері мысалдар келтіреді. ***Тапсырма: Күнделікті тұрмыстан ақпарат көзібайланыс арнасықабылдағышқа 2 мысалдан келтір. ҚБ: Оқушылар өзін-өзі «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды. Сабақтың соңы 7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия. (Ө). «Жетістік баспалдағы» әдісі. «Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай білім баспалдағында тұрғандарын және өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар өздері орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады. Не үшін ондай баға қойғандарын түсіндіреді. ҚБ: Мұғалім сабақта белсенділік танытқан оқушыларды «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды. Сабақтағы қорытынды бағалауын шығарады. 5 жұлдыздан жоғары – Жарайсың! 4 жұлдызша – Жақсы! 3 жұлдызша – Орташа! 3 жұлдызшадан төмені – Талпын! 4- сабақ. Б бөлімі. Бөлімі «Ақпараттық этикет (ортақ тақырыбы: «Саяхат»)» Ескерту Сабақтың тақырыбы: Ақпарат көздері және қабылдағыштар Жаңа білім Жаңа білімде сабақ мақсатына жету үшін қандай материал қарастырылған? Жаңа материалды қалай беру керек? «Білетініңіздің барлығы» әдісі арқылы оқушылар тақырыпты оқуға кірісудің басында жаңа білім туралы не білетінінің барлығын жазады. Сосын мұғалім қайталауды болдырмас үшін, алынған ақпаратты пайдалана отырып, оқуды тиісті жолмен жүргізеді. Топтық жұмыс Топтық жұмысты ұйымдастыруда оқушылардан не талап етіледі? Оларға өз жұмыстарын қай формада берген тиімді? Оқушылар топтық жұмыста бір-бірімен ақылдасады, ойларын ортаға салып, ортақ шешім шығарады. Өз көзқарастарын топ арасында айтады. Тапсырмада суреттерді ақпаратты ұсынудың бес


31 түрі бойынша жіктеу арқылы ақпараттың түрлерін ажыратады. Жеке жұмыс Жеке жұмыс берудегі мақсат не? Оны ұйымдастыруда оқушыдан не талап етіледі? Оған өз жұмыстарын қай формада берген тиімді? Жұптық жұмыста ақылдасып, тапсырманы орындайды. Ақпараттың атауы мен оған сәйкес мысалдардың дұрыс ретін атап беру арқылы ақпарат түрлеріне қарай атауларын атайды. Оқушылардан бұл бөлімде не талап етіледі? Мұғалім неге мән беру керек? Оқушылар сабақтың басынан соңғы кезеңіне дейін интернеттің қауіпті жақтарын оқып-үйренеді. Күнделікті тұрмыстан «ақпарат көзі – байланыс арнасы – қабылдағыш» тізбегі бойынша 2 мысалдан келтіреді. Рефлексия: Бұл сабақтың соңғы кезеңіне жоспарланды. Өйткені сабақтың бастапқы кезеңінен соңына дейін оқушының нені оқып меңгергенін білу мақсатында және сабақты бекіту, қорытындылау үшін сұрақтарға жауап береді. 5-сабақ. А бөлім. Интернет желісінде жұмысістеу кезіндегі қауіпсіздік Бөлімі: І бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырыбы: «Саяхат») Педагогтің аты-жөні: Күні: Сыныбы: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы: Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік Оқу программасына сәйкес оқу мақсаты 1.3.2.4 адам өмірінде интернет желісінің қолданылуына қарай мысалдар келтіру; 1.1.3.3 желідегі барлық ақпарат сенімді және пайдалы емес екенін талқылау; 1.1.3.2 интернет желісіне жеке ақпаратты беру кезіндегі қауіптерді талқылау Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы үшін: Интернетті қауіпсіз пайдаланумен танысады. Көпшілік оқушылар үшін: Желідегі барлық ақпарат сенімді және пайдалы емес екенін ажыратады. Кейбір оқушылар үшін: ***. Интернет желісін өмірде қолдану мысалдарын келтіріп, қауіптерін анықтайды. Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі/Уақыты Педагогтің ісәрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар Сабақтың басы (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин. 1. Сәлемдесу. 2. Оқушыларды түгендеу. Ширату тапсырмасы. «Жұмбақ зат» ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау және сөйлеу


32 қабілеттерін арттыру. Ойынның шарты: Оқушылардың алдына ыдысқа салынып бір зат әкелінеді. Сол затты мұғалім, жауабын айтпай сөзбен сипаттайды. Оқушылар шешімін табуы қажет. Топтастыру 2 мин. «Мозаика» әдісі. Оқушылар мұғалім үстелінен сурет қиындысы бейнеленген бір дана қағаз қиындысын таңдап алады. Алынған қағаз қиындысында бейнеленген суретті жинақталып құрастыру арқылы екі топқа бірігеді. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. 1-топ: «Мысық пен тышқан». 2-топ: «Екі лақ». Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, сурет туралы өз ойларын айтады. (МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. 5 мин. «Ой қозғау» әдісі. Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді. • «Интернет», «желі» ұғымдары саған таныс па? • Суретте не бейнеленген? Ойыңмен бөліс. ҚБ: Мұғалім ұжымдық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды. Қағаз қиындылары


33 Жаңа сабаққа дайындық. 2 мин. Жаңа сабаққа кіріспе. «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, танысып шығу. Мұғалімнің сөзі Күнделікті бірбірімен байланысты түрлі ісәрекеттерді орындаймыз. Тапсырма орындау нұсқаулығы төмендегідей: •Интернетте жалғыз саяхаттаудың қаупі қандай? •Сурет бойынша өз ойыңды ортаға сал (3- сурет). • 4-суреттегі кейіпкерлер туралы не білесің? •Олардың интернетке қандай қатысы бар? ҚБ: Мұғалім ұжымдық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.


34 Сабақтың ортасы 10 мин. (МК) Мұғалімнің көмегімен төмендегі тапсырманы орындайды. Тапсырма: Төменде берілген қай дереккөзден жылдам ақпарат алуға болады? Дескриптор: - Бір-бірімен ақылдасады, ой бөліседі. - Көрсетілген дереккөздердің ақпарат алуға жылдамдығын анықтайды. ҚБ: Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды. 8 мин. (Ж) Тапсырма: Интернеттен алынған қай ақпарат сен үшін пайдалы ? Себебін түсіндіріңдер Дескриптор: - Көрсетілген суреттерді талқылайды. - Ақпараттарды бірбірімен салыстырады. - Өзіне пайдалы ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.


35 ақпаратты таңдайды. 8 мин. (Ө) Интернетте пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтамау қандай қауіптерге әкеледі? Тапсырма: Дескриптор: -Қауіпсіздік ережесін еске түсіреді. -Ережені сақтамаудың қауіптерін анықтайды. ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік танытқан оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды. Сабақтың соңы 7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия. (Ө) Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді. • Интернеттің адам үшін қандай пайдасы бар? • Саған интернеттің зияны тимеу үшін, қандай ережелерді сақтау қажет? ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік танытқан оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды. № 5 сабақ. Б бөлім 2-бөлім 1-бөлім – Ақпараттық этикет(ортақ тақырыбы: «Саяхат») Ескерту Сабақтың тақырыбы: Интернет желісінде жұмысістеу кезіндегі қауіпсіздік


36 Жаңа білім Жаңа білімде сабақ мақсатына жету үшін қандай материал қарастырылған. Жаңа материалды қалай беру керек? Жаңа сабақтың мәтінін «Түртіп алу» әдісі арқылы оқиды. Мұғалім күнделікті өмірлерінде болып жатқан іс-әрекеттер жиынтығын еске түсіреді. Оқушылар өздерінің күнделікті іс-әрекеттерінің жиынтығынан оқиға шығатынын біледі. Топтық жұмыс Топтық жұмысты ұйымдастыруда оқушылардан не талап етіледі? Оларға өз жұмыстарын қай формада берген тиімді? Оқулықтағы тапсырманы орындау арқылы оқушылар топпен жұмыс жасауды, бір-бірінің пікірін тыңдауды үйренеді. Тапсырмадағы математикалық есептерді орындау арқылы реттілікті, оқиғаны жете түсінеді. Жұптық жұмыс Жұптық жұмыс берудегі мақсат не? Оны ұйымдастыруда оқушылардан не талап етіледі? Оларға өз жұмыстарын қай формада берген тиімді? Жұппен бірігіп тапсырма орындайды. Сонымен қатар суретке қарап әңгіме құрастыруды, сыни көзқараспен сипаттауды, салыстыруды, бағалауды үйренеді. 6-сабақ. А бөлім. Бөлімі: 2-бөлім. Менің алғашқы суретім (ортақ тақырыбы: «Салт дәстүр мен ауыз әдебиеті») Педагогтің аты-жөні: Күні: Сыныбы: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы: Tux Paint графикалық редакторымен танысу Оқу программасына сәйкес оқу мақсаты 1.2.2.1 кескін салуда стандартты фигураларды қолдану; 1.2.2.2 кескін салуда түстер палитрасындағы негізгі түсті таңдау; 1.2.2.3 кескін салуда палитрадағы фон түсін таңдау; 1.2.2.4 контурын өзгерту арқылы фигураны салу; 1.2.2.5 фигура түсін құйып бояу арқылы өзгертіп салу Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы үшін Стандартты фигураларды қолданып салады Көпшілік оқушылар үшін Түстер палитрасындағы негізгі түсті өзгертіп кескін салады. Кейбір оқушылар үшін ***.Түстер палитрасындағы түстерді пайдаланып стандартты фигуралардың көмегімен сурет салады. Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі/Уақыты Педагогтің ісәрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин. 1. Сәлемдесу. 2. Оқушыларды түгендеу. Ширату тапсырмасы «Жылдам фото» ойыны Бұл ойын оқушылардың зейіндерін шоғырландырып, есте


37 сақтау қабілеттерін арттыру үшін жүргізіледі. Оқушылар шеңбер құрып отырады да, 1-2 минут бір-бірін көзбен жылдам фотоға түсіреді. Содан соң кері бұрылып отырып, мұғалімнің түрлі сұрақтарына жауап береді. Өзінен кейін үшінші кім отырғанын, қарсы отырған оқушының үстіндегі киім түсін, кімнің көк көзілдірік тағып отырғанын т.с.с сұрауға болады. Соңында қайта бірбіріне қарап, өз фотоларының дұрысбұрыстығына көз жеткізеді. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық тұрғыдан жағымды көңіл-күй сыйлайды/. Топтастыру: 2 мин. «Жыл мезгілдері» әдісі. Қатысушылар үнсіз өздері дүниеге келген жыл мезгілдері бойынша топқа бөлінеді. Содан соң әр топ өз жыл мезгілдерін пантомимо арқылы бейнелейді, қалған топ табады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. 1-топ: «Қыс» 2-топ: «Көктем» 3- топ: «Жаз» 4-топ: «Күз». (МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. «Ой қозғау» әдісі. Алдыңғы білім Ою-өрнекпен қандай заттарды безендіреді (1-сурет)? ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беру


38 7 мин. мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдар нұсқауымен) жауап іздейді. барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Сабақтың ортасы 10 мин. (МК, Ө) Тапсырма: Tux Paint-та Бояу, Пішіндер құралымен фигуралардың түстерін өзгертіп сал (3-сурет). Суретті салуда қате жіберсең Өшіргіш құралын пайдалан. Сақтау құралын тінтуірмен шертсең салған суретің сақталады. Дескриптор: - Tux Paint редакторын қолданады. - Бояу, Пішіндер құралымен фигуралардың түстерін өзгертіп сурет салады. ҚБ: Оқушылар өзін-өзі «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. 8 мин. Практикалық тапсырма: Tux Paint редакторында берілген құралдарды іске қосыңдар. Қызметін тексеріңдер. Олардың қызметін анықтап, ауызша айтып беріңдер. Дескриптор: - Tux Paint редакторында берілген құралдарды іске қосады. - Қызметін тексереді. - Олардың қызметін анықтап, ауызша айтып береді. ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. 8 мин. ***.(Ж) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. ҚБ: Жұптық жұмыста


39 Тапсырма: Ою-өрнекті әртүрлі фигуралардан құрап салуға болады. Түзу, үшбұрыш, дөңгелек фигуралардан құралған оюөрнекті қағазға салыңдар. Оюөрнек құрастырудың үлгісі 4-суретте көрсетілген. Дескриптор: - Жұптасып өзара ақылдасады, ой бөліседі. - Түзу, үшбұрыш, дөңгелек фигуралардан құралған оюөрнекті қағазға салады. оқушылар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Сабақтың соңы 7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия. (Ө) Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді. Бүгін мен не білдім? Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім? Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім? Суретті қағазға немесе компьютерге салудың қайсысы ұнады? Таңдау себебіңді түсіндір. ҚБ: Мұғалімнің қорытынды бағалауы жүргізіледі. 6-сабақ. Б бөлім. Бөлімі 2-бөлім. Менің алғашқы суретім (ортақ тақырыбы: «Салт дәстүр мен ауыз әдебиеті») Ескерту Сабақтың тақырыбы: Tux Paint графикалық редакторымен танысу Жаңа білім Жаңа білімде сабақ мақсатына жету үшін қандай материал қарастырылған? Жаңа материалды қалай беру керек? Жаңа сабақтың мәтінін оқуға, мысалдарымен танысуға нұсқау беріледі. Оқушылар өзара мәтіннің желісі бойынша талқылау жүргізеді. Мұғалім оқушылардың пікірін тыңдап, өз тарапынан толықтырулар жасайды. Мысалда берілген Асқардың оқиғасы арқылы алгоритмнің сөз түрінде және блок-сызба түрінде де кездесетінін және бұл алгоритмнің сызықтық екенін біледі.


40 Топтық жұмыс Топтық жұмысты ұйымдастыруда оқушылардан не талап етіледі? Оларға өз жұмыстарын қай формада берген тиімді? Тапсырманы орындау арқылы оқушылар топпен жұмыс істеуді, бір-бірінің пікірін тыңдауды үйренеді. Топпен ақылдасып, пікірлерін ортаға салып, алгоритмнің блоксхема түрін жете меңгеру мүмкіндігіне ие болады. Ол үшін мысалда берілген алгоритмге блок-схема құрастырады. Жұптық жұмыс Жұптық жұмыс берудегі мақсат не? Оны ұйымдастыруда оқушылардан не талап етіледі? Оларға өз жұмыстарын қай формада берген тиімді? Жұптық жұмыс жасау арқылы бір-бірінің пікірін тыңдауға, құрметтеуге, өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады. Бірінің түсінбеген жерін екіншісі айтып, бір-біріне үйретуге, оқытуға, көмектесуге бейімделеді. Сонымен қатар берілген суретке қарап, домино тастарын орналастырудың алгоритмін сөз түрінде жазып, блок-схемасын құрады. Оқушылардан бұл бөлімде не талап етіледі? Мұғалім неге мән беру керек? Суретке қарап, оқиға желісі бойынша өзіндік талдау жүргізеді. Сабақтың бастапқы кезеңінен бастап жинақтаған, түсінген, білгенін пайдаланып, алгоритмнің қадамдарын дұрыс реттілікпен сөз түрінде жазады. Сондай-ақ оның блок-схема түріндегі нұсқасын қоса жасайды. Мұғалім әрбір оқушының тапсырманы орындау деңгейіне қарап сабақты дұрыс түсінгендігіне көз жеткізу керек. Ал керісінше жағдай орын алса, жақсарту үшін жекелей кері байланыс бергені дұрыс. 7- сабақ. А бөлім. Фигуралар Бөлімі: 2-бөлім – Менің алғашқы суретім (ортақ тақырыбы: «Салт дәстүр мен ауыз әдебиеті») Педагогтің аты-жөні: Күні: Сыныбы: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы: Фигуралар Оқу программасына сәйкес оқу мақсаты 1.2.2.6 кескін бөлігін ерекшелеуде форма мен параметрді қолдану; 1.2.2.7 кескін салуда көшіру, қиып алу және қою құралдарын қолдану; 1.2.2.8 бұру немесе айналдыру құралдарын қолданып кескін салу; 1.2.2.9 түспен толтыру құралын қолданып кескін салу Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы үшін: Түстер палитрасы және құйып бояумен танысады. Көпшілік оқушылар үшін: Контурын өзгерту арқылы фигура салуды үйренеді. Кейбір оқушылар үшін: ***Палитрада фон түсін таңдап, контурын өзгерту арқылы фигура салады. Сабақтың барысы: Сабақтың Педагогтің іс- Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар


41 кезеңі/ Уақыты әрекеті Сабақтың басы (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин. 1. Сәлемдесу. 2. Оқушыларды түгендеу. Ширату тапсырмасы: «Комплименттердің бұрқасыны» ойыны. Оқушылар берілген уақыт ішінде (1-1,5 минут) бір парақ қағазға өздерінің сүйікті адамдарынан естігісі келген мақтау сөздерді жазады. Мақтау сөздердің жеке сөздер түрінде болмай, толық сөйлемдер түрінде болғаны дұрыс. Жазып болған соң оқушылар бұл парақтарды домалақтап, домалақ қармен атқыласқандай оларды бір-біріне лақтыруы керек. Содан кейін мұғалім оқушыларға бір-бірден «қар домалағын» ашып, оларды оқуды тапсырады. Мақтау сөздерді барлық оқушылардың кезектесіп оқуына да болады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық тұрғыдан көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды/. Топтастыру: 2 мин. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. Топтастыру. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, үштікке саналу арқылы үш топқа бірігеді. (МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. 5 мин. «Ой қозғау» әдісі. Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдар, Суретті бояуда түстерді қалай таңдау дұрыс деп ойлайсың? Ойыңмен бөліс. Ою-өрнекпен безендірілген қандай тұрмыстық заттарды білесің? Адам ою-өрнек туралы ақпартты қай сезім мүшелерімен қабылдайды? ҚБ: Мұғалім сабаққа қатысып, белсенділік көрсеткен оқушыларды «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды. Интерактивті тақта


42 нұсқауымен) жауап іздейді. Өз ойларымен бөліседі. Сабақтың ортасы 10 мин. (МК, Ж) Оқулықта берілген «Жаңа білім» айдарымен танысуға тапсырма береді. Оқушылар жаңа тақырыптың теориялық білімін кітаптан оқып, танысады. Сұрақтарын қояды. Жауабын алады. 10 мин. Практикалық жұмыс: Боялған геометриялық фигуралардан ою-өрнектер салайық. Боялған фигура салу үшін тінтуірмен: 1.Түстер (Цвета) палитрасынан түс таңда. 2.Пішіндер (Формы) құралынан іші боялған фигураны таңда (5-сурет). Тапсырманы орындау нұсқаулығы: «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» 8 мин. ***. Практикалық тапсырма: 7-суреттегі оюөрнектерге атау беріңдер. Бұл оюларды Tux Paint -та салу ретін атаңдар. Тапсырма орындау нұсқаулығы: Берілген суреттер үш түске үйлесімді боялған ба? 1, 2-суреттерді талдаңдар. Сендер бұл суреттерді қалай бояр едіңдер? Дескриптор: - Tux Paint редакторын қолданады. - Берілген суреттер үш түске бояу үйлесімділігін анықтайды. - 1, 2 суреттерді қалай бояйтынын ұсынады. ҚБ: Мұғалім жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды. Сабақтың соңы 7 мин. (Ж). «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі. · Сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз; ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау Интерактивті тақта


43 Сабақты бекіту. Рефлексия. Бұл әдіс оқушылар сабақты қорытындылау бойынша өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Сурет салу кезінде қандай құралдарды қолдандың? Атап бер. Тұрмыста оюөрнек салу үшін қандай құралдар қолданады? · одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз; ·оқушыларға өткен тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білген барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз. барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды. 7- сабақ. Б бөлім. Бөлімі 2-бөлім – Менің алғашқы суретім (ортақ тақырыбы: «Салт дәстүр мен ауыз әдебиеті») Ескерту Сабақтың тақырыбы: Фигуралар Жаңа білім Жаңа білімде сабақ мақсатына жету үшін қандай материал қарастырылған? Жаңа материалды қалай беру керек? Оқушылар жаңа сабақтың мәтінін оқиды. Мәтінді ұжымдық талқылаудың нәтижесінде компьютерлік ойындарды арнайы программалау тілінде немесе программалау орасында жасайтынын түсінеді. Scratch-программалау ортасында ойын құрастыруға болатынын мысалдарын талқылау арқылы біледі. Қолдан Жаңа материалды қалай қолдану керек. Компьютерде жұмыс қалай ұйымдастырылу керек. Бұл кезеңде оқушыларға өзіндік жұмысты мұғалімнің көмегімен жасауды жоспарладық. Себебі оқушының компьютермен жұмыс істеу дағдысының толық қалыптаспағанын ескеріп, оқушыға барынша мұғалім тарапынан қолдау көрсетілген дұрыс. Оқулықта дайын тапсырма ретінде мысал ұсынылған. Оқушы бұл мысалдан сахнаға оқиға қоюды және программалау ортасында жұмыс істеуді үйренеді. Топтық жұмыс Топтық жұмысты ұйымдастыруда оқушылардан не талап етіледі? Оларға өз жұмыстарын қай формада берген тиімді? Топтық жұмыста оқушылар пікірлесуге, ортаға өз ойларын


44 салуға дағдыланады. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар кейіпкердің іс-әрекетін анықтайды. Ауызша сипаттайды және оқиғаның блок-сызбасын құрастырып ұсынады. Оқушылардан бұл бөлімде не талап етіледі? Мұғалім неге мән беру керек? Суреттегі белгілер қандай қызмет атқаратынын анықтау арқылы оқушылар ойын программалау ортасының құралсаймандарымен толықтай танысады. 8-сабақ. А бөлім. Суреттер салу және оны өңдеу Бөлімі: 2-бөлім. Менің алғашқы суретім (ортақ тақырыбы: «Салтдәстүр және ауыз әдебиеті») Педагогтің аты-жөні: Күні: Сыныбы: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы: Суреттерді салу және оны өңдеу Оқу программасына сәйкес оқу мақсаты 1.2.2.6 кескін бөлігін ерекшелеуде форма мен параметрді қолдану; 1.2.2.7 кескін салуда көшіру, қиып алу және қою құралдарын қолдану; 1.2.2.8 бұру немесе айналдыру құралдарын қолданып кескін салу; 1.2.2.9 түспен толтыру құралын қолданып кескін салу Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы үшін: Көшіру, қою құралдарын қолданып кескін салуды үйренеді. Көпшілік оқушылар үшін: Форма мен параметрлерді қолданып кескін бөлігін ерекшелеуді үйренеді. Кейбір оқушылар үшін: ***.Өзіне ұнамды ою-өрнектерді бейнелейтін кескін салады. Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі/Уақыты Педагогтің ісәрекеті Оқушының ісәрекеті Бағалау Ресурстар Сабақтың басы (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин. 1. Сәлемдесу. 2. Оқушыларды түгендеу. Ширату тапсырмасы: «Күн! Тас! Қоршау!» ойыны. Ойын оқушылардың зейіні мен қозғалыс жылдамдығын дамытуға бағытталған. Ойын шарты: оқушылар бірнеше топтарға бөлініп отырады. Кезеккезек балаларға «Күн!», «Тас!», «Қоршау!» атты бұйрықтар беріледі. Сөздердің айтылу ретін үнемі өзгерту қажет. Оқушылар әрбір сөзге қимылмен жауап берулері шарт. Егер «Күн!» деген сөз айтылса, олар алақандарын ашып, саусақтарын


45 тарбитып, қолдарын жоғары көтереді. «Тас!» сөзінде қолдарын түюлі жұдырықтарымен көтереді. «Қоршау!» сөзінде алақандарын ашып, қолдарын көтереді, бірақ саусақтары бір-біріне тығыз жанасып тұруы керек. Ойын жылдамдығы біртіндеп жоғарылауы қажет. Ешбір қате жібермеген топ жеңімпаз атанады. Топтастыру. 2 мин. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. «Шаттық шеңбері» әдісі. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, үштікке саналып, үш топқа бірігеді. (МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. 5 мин. «Ой қозғау» әдісі. Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді. Өз ойларымен бөліседі. 1-суреттегі ертегі кейіпкерлері туралы әңгімеле. Қолмен сурет салғанда 3 дана көшірмесі керек болса, не істейсің? Ал компьютермен ше? ҚБ: Мұғалім сабаққа қатысып, белсенділік көрсеткен оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды. Интерактивті тақта Жаңа сабаққа дайындық. 3 мин. (МК, Д) Оқулықпен жұмыс істеу Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқиды. Мәтіннен өзінің түсінгендері бойынша пікір алмасады. Мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, толықтырып отырады. Оқулық Сабақтың ортасы 10 мин. (МК, Д) Оқулықта берілген практикалық жұмыстың орындалу Тапсырма: Магия, Штамп құралдарын пайдаланып, оқулықта берілген «Жыл басы» «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте


46 үлгісіне қарап, тапсырманы жасап үйренеді. ертегісін (4-сурет) сал және әсер бер. Дескриптор: - Tux Paint редакторын қолданады. - Суретті Магия, Штамп құралдарын пайдаланып салады. -Суретке әсер береді. жақсы! Талпын!» 7 мин. Оқушыларға сурет салуға тапсырма береді. Тапсырма: Өздеріңе таныс бір ертегіні таңдаңдар. Штамп және Магия құралдарын пайдаланып, ертегі суретін салуды жоспарлаңдар. Дескриптор: - Өздеріне таныс бір ертегіні таңдайды. - Штамп және Магия құралдарын пайдаланады. - Суретін салуды жоспарлайды. «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» 8 мин. Сабақты бекіту мақсатында қорытындылау сұрақтарын қояды. Тапсырма: Tux Paint редакторында суретті қалай көшіріп қоюға болады? Суретті үлкейту үшін қай құралды пайдалану керек? ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды. Сабақтың соңы 7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия. (Ө) Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді. Бүгін мен не білдім? Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім? Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Мен сабақта өзімді қалайша ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.


47 сезіндім? 8-сабақ. Б бөлім. Бөлімі 2-бөлім. Менің алғашқы суретім (ортақ тақырыбы: «Салт дәстүр және ауыз әдебиеті») Ескерту Сабақтың тақырыбы: Сурет салу және оны өңдеу Жаңа білім Жаңа білімде сабақ мақсатына жету үшін қандай материал қарастырылған. Жаңа материалды қалай беру керек? Жаңа сабақтың мәтінін оқуға беріледі. Оқушылар мәтіннен түсінгендерін ортаға салып, пікір алмасады. Түсінеген сұрақтарын мұғалімге қойып, дұрыс жауап алады. Яғни программалау ортасында жасалған жобаны өшіріп алмас үшін жалпы кез келген ақпаратты жоғалтып алмауы үшін сақтау керектігін түсінеді. Ойын программалау ортасында жобаны қалай сақтау және ашу керектігімен танысады. Сақтау командаларын дәптерлеріне жазып алады. Қолдан Жаңа материалды қалай қолдану керек. Компьютерде жұмыс қалай ұйымдастырылу керек. Компьютердің көмегімен Tux Paint редакторында өздерінің алғашқы жобасын құрып және оны сақтап үйренеді. Оқулықта арнайы дайын жоба ұсынылған. Оқушылар мұғалімнің көмегімен бірге сол жобаны компьютерде орындау арқылы жаңа сабақтың практикада түсінікті болуына бейімделеді. Бұл тапсырма арқылы жобаның скриптін және блок-схемасын құрастырып үйренеді. Жұптық жұмыс Жұптық жұмыс берудегі мақсат не? Оны ұйымдастыруда оқушылардан не талап етіледі? Оларға өз жұмыстарын қай формада берген тиімді? Бұл кезеңде оқушыларға өздеріне таныс бір ертегіні тау беріледі. Штамп және Магия құралдарын пайдаланып, ертегінің суретін салуды жоспарлау арқылы практикалық жұмысты жандандырады. Оқушылардан бұл бөлімде не талап етіледі? Мұғалім неге мән беру керек? Жобаны сақтау мен ашуды білудің маңызы туралы топпен жұмыс жүргізіледі. Топ мүшелері тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салады. Барлығы ақылдасып бір келісімге келеді. Өз ойларын постерге түсіріп келесі топқа ұсынады. Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейіне қарай кері байланыс береді. 9-сабақ. А бөлім. Фигуралармен орындалатын іс- әрекет Бөлімі: 2-бөлім. Менің алғашқы суретім (ортақ тақырыбы: «Салт дәстүр және ауыз әдебиеті») Педагогтің аты-жөні: Күні: Сыныбы: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:


48 Сабақтың тақырыбы: Фигуралармен орындалатын іс-әрекет Оқу программасына сәйкес оқу мақсаты 1.2.2.6 кескін бөлігін ерекшелеуде форма мен параметрді қолдану; 1.2.2.7 кескін салуда көшіру, қиып алу және қою құралдарын қолдану; 1.2.2.8 бұру немесе айналдыру құралдарын қолданып кескін салу; 1.2.2.9 түспен толтыру құралын қолданып кескін салу Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар үшін: Суретті бұруды үйренеді. Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі/Уақыты Педагогтің ісәрекеті Оқушының ісәрекеті Бағалау Ресурстар Сабақтың басы (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин 1. Сәлемдесу. 2. Оқушыларды түгендеу. 3. Психологиялық жағымды ахуал орнату. Мұғалім әрекетіне жауап береді. Топтастыру: 5 мин. Оқушылар хатқалтаны ашып, ішінен геометриялық фигуралардан қалағанын алады. Бірдей фигуралар топтасып, бір топқа бірігеді. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. 1-топ: «Төртбұрыштар» 2-топ: «Үшбұрыштар» 3- топ: «Жұлдызшатер» Фигуралар салынған хатқалта (МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. 5 мин. «Ой қозғау» әдісі. Алдыңғы білім мен практикалық тапсырмаларды байланыстыру мақсатында төменде берілген тапсырманы орындайды. Төрт түлік туралы қандай тақпақ, мақал білесіңдер. Төрт түліктің қайсысының суретін салғың келеді ? ҚБ: Мұғалім тапсырманы орындауда белсенділік көрсетіп, дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!» Интерактивті тақта Сабақтың ортасы Жұптық жұмыс: Тапсырманы орындау Жұптық жұмыста Оқулық


49 15 мин. Практикалық жұмыс: Жылқының суретін бұру. нұсқаулығы: Дескриптор: 1. Жылқының суретін таңдап, көшір (1-сурет). 2. Бұру құралын шерт. 3. Жұмыс алаңына қой. 4. Жылқының суретін қайталап көшір. 5. Жұмыс алаңына қой. 6. Қажетті түстерді таңдап, боя. белсенділік көрсетіп, тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!» 10 мин. Топтық жұмыс Практикалық тапсырма: Tux Paint редакторында берілген жемістерді көшіріп қой. Қай жеміс басқаларға қарағанда өзгеше? Тапсырманы орындау нұсқаулығы: Көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, сипап сезуге мысал болатын заттарды жұмыс үстеліне қойып шық. ҚБ: Топтық жұмыста белсенділік көрсетіп, тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!» Сабақтың соңы 7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия. (Ө) Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді. Бүгін мен не білдім? Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім? Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Мен сабақта өзімді қалай сезіндім? ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!» Интерактивті тақта 9-сабақ. Б бөлім. Бөлімі 2-бөлім – Менің алғашқы суретім (ортақ тақырыбы: «Салт дәстүр мен ауыз әдебиеті») Ескерту Сабақтың тақырыбы: Фигуралармен орындалатын іс-әрекет


50 Ойлан Оқушылардың күнделікті өмірдегі іс-тәжірибесіне сүйеніп, негізгі оқу мақсаты ортақ тақырып арқылы қалай ашылады? «Миға шабуыл» әдісін қолданудағы мақсат: Бұл әдіс ұжымдық жұмыс түрінде, яғни оқушылардың барлығын жұмылдыра қатыстыратын сабақтың бастапқы кезеңінде қолданылады. Себебі оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі, өткен және жаңа тақырып бойынша алдыңғы білімін тексеру мақсатында ой қозғау сұрақтары беріледі. Мақсаты: Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салады. Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, ауызша немесе қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы болады. Бұл кезеңде оқушылар практикалық тапсырмаларды орындау үшін бөлімге қорытынды жасайды. Оқулықта арнайы берілген кроссвордты ұжымдық талқылау үлгісінде шешеді. Яғни сұрақтарға жауап беру арқылы кроссвордтың шешімін табады. Мұғалім оқушы жауабын тыңдап, дұрыс, бұрыстығына кері байланыс беріп тұрғаны дұрыс. Топтық жұмыс Топтық жұмысты ұйымдастыруда оқушылардан не талап етіледі? Оларға өз жұмыстарын қай формада берген тиімді? Тапсырманы орындау арқылы оқушылар топпен жұмыс істеуді, бір-бірінің пікірін тыңдауды үйренеді. Сонымен қатар бөлім бойынша оқып, зерделеген тақырыптарды қорытындылау мақсатында қайталау тапсырмаларын орындайды. Бұл тапсырмада алгоритм сөз түрінде берілген, оқушылар Scratch жобасына айналдырады. 10-сабақ. А бөлімі. Әрекеттер реті. Оқиға Бөлімі: 3-бөлім Біздің өміріміздегі алгоритм (ортақ тақырыптар: «Демалыс және хобби») Педагогтің аты-жөні: Күні: Сыныбы: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы: Әрекеттер реті. Оқиға Оқу программасына сәйкес оқу мақсаты 1.4.1.1 алгоритм, әрекет және команда ұғымдарын түсіндіру; Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы үшін: «Әрекеттердің реті», «оқиға» ұғымымен танысады. Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі/Уақыты Педагогтің ісәрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар Сабақтың басы (Ұ) 1. Сәлемдесу. 2. Оқушыларды түгендеу. Ширату тапсырмасы. «Жұмбақ зат» ойыны. Ойынның мақсаты:


Click to View FlipBook Version