The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by asil19, 2024-01-09 11:08:08

1-сынып ҚМЖ

1-сынып ҚМЖ

51 Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин. Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін арттыру. Ойынның шарты: Оқушылардың алдына ыдысқа салынып бір зат әкелінеді. Сол затты мұғалім, жауабын айтпай сөзбен сипаттайды. Оқушылар шешімін табуы қажет. Топтастыру 2 мин. «Мозаика» әдісі. Оқушылар мұғалім үстелінен сурет қиындысы бейнеленген бір дана қағаз қиындысын таңдап алады. Алынған қағаз қиындысында бейнеленген суретті жинақталып құрастыру арқылы екі топқа бірігеді. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. 1-топ. Тағам 2-топ. Сусындар Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, сурет туралы өз ойларын айтады. (МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. 5 мин. «Ой қозғау» әдісі. Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді. 1-суретте нелер бейнеленген? Әрекеттер реті дұрыс берілген бе? Ретін дұрыс нөмірлеп көрсетеді. ҚБ: Мұғалім ұжымдық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды. Сабақтың ортасы 5 мин. МК, Ұ Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы «Жаңа білім» айдарын оқуға тапсырма береді. Тапсырманы топпен орындайды. Берілген жаңа ақпаратты оқиды, топта бір-бірімен пікір алмасады. Сұрақтар қойып, жауап береді. ҚБ: Мұғалім ұжымдық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды. Оқулық.


52 8 мин. Теория мен практиканы ұштастыру мақсатында практикалық тапсырма береді. Тапсырма: Мысал тізбегін орында. 1. Сұрақ белгісінің орнындағы сандарды тап. 2. Мысалды неше іс-әрекетке бөлуге болады? 10-4=?+7=?+3=?-?=11 Дескриптор: -Сандар тізбегімен танысады. -«?» белгісінің орнына санын табады. -Мысал неше іс-әрекетке бөлінентінін анықтайды. ҚБ: Мұғалім жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды. 7 мин. Теория мен практиканы ұштастыру мақсатында практикалық тапсырма береді. Тапсырма: Сандар тізбегі дұрыс болу үшін «?» белгісінің орнында қандай сан болу керек? 2, 5, 8, ?, 14, 17, ? 19, ?, 11, 7, 3 Дескриптор: -Сандар тізбегімен танысады. -«?» белгісінің орнына санын табады. ҚБ: Мұғалім жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды. 8 мин. Оқушыларға алгоритм бойынша тапсырма береді. Тапсырма: Шай дайындаудың ретін дұрыс тап (2-сурет). Әрекет, оқиғаға тағы қандай мысал келтіресің? Дескриптор: -Шай қайнату алгоритмін орындайды. -Әрекет, оқиғаға мысал келтіреді. «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» . Сабақтың соңы 7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия. (Ө) Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді. Бүгін мен не білдім? Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім? Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім? ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік танытқан оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.


53 10-сабақ. Б бөлім. Бөлімі 3-бөлім Біздің өміріміздегі алгоритм (ортақ тақырыптар: «Демалыс және хобби») Ескерту Сабақтың тақырыбы: Әрекеттер реті. Оқиға. Жаңа білім Жаңа білімде сабақ мақсатына жету үшін қандай материал қарастырылған. Жаңа материалды қалай беру керек? Жаңа сабақтың мәтінін «Түртіп алу» әдісі арқылы оқиды. Мұғалім күнделікті өмірлерінде болып жатқан іс-әрекеттер жиынтығын еске түсіреді. Оқушылар өздерінің күнделікті іс-әрекеттерінің жиынтығынан оқиға шығатынын біледі. Топтық жұмыс Топтық жұмысты ұйымдастыруда оқушылардан не талап етіледі? Оларға өз жұмыстарын қай формада берген тиімді? №1 тапсырманы орындау арқылы оқушылар топпен жұмыс жасауды, бір-бірінің пікірін тыңдауды үйренеді. Тапсырмадағы математикалық есептерді орындау арқылы реттілікті, оқиғаны жете түсінеді. Жұптық жұмыс Жұптық жұмыс берудегі мақсат не? Оны ұйымдастыруда оқушылардан не талап етіледі? Оларға өз жұмыстарын қай формада берген тиімді? №2 тапсырмада жұппен бірігіп тапсырма орындайды. Сонымен қатар суретке қарап әңгіме құрастыруды, сыни көзқараспен сипаттауды, салыстыруды, бағалауды үйренеді. 11-сабақ. Алгоритм. Сызықтық алгоритм Бөлімі: 3-бөлім. Біздің өміріміздегі алгоритм (ортақ тақырыптар: «Демалыс және хобби») Педагогтің аты-жөні: Күні: Сыныбы: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы: Алгоритм. Сызықтық алгоритм Оқу программасына сәйкес оқу мақсаты 1.4.1.2 орындаушы және оның командалар жүйесін анықтап алгоритм құру Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы үшін Алгоритмді сөз түрінде құра алады. Көпшілік оқушылар үшін Сызықтық алгоритм бойынша есептер шығарады. Кейбір оқушылар үшін ***.Алгоритмді блок- схема түрінде құрастырады. Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі/Уақыты Педагогтің ісәрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар Сабақтың басы (Ұ) 1. Сәлемдесу. 2. Оқушыларды түгендеу. Ширату тапсырмасы «Жылдам фото» ойыны


54 Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин. Бұл ойын оқушылардың зейіндерін шоғырландырып, есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жүргізіледі. Оқушылар шеңбер құрып отырады да, 1-2 минут бір-бірін көзбен жылдам фотоға түсіреді. Содан соң кері бұрылып отырып, мұғалімнің түрлі сұрақтарына жауап береді. Өзінен кейін үшінші кім отырғанын, қарсы отырған оқушының үстіндегі киім түсін, кімнің көк көзілдірік тағып отырғанын т.с.с сұрауға болады. Соңында қайта бірбіріне қарап, өз фотоларының дұрысбұрыстығына көз жеткізеді. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық тұрғыдан жағымды көңіл-күй сыйлайды/. Топтастыру. 2 мин. «Жыл мезгілдері» әдісі. Қатысушылар үнсіз өздері дүниеге келген жыл мезгілдері бойынша топқа бөлінеді. Содан соң әр топ өз жыл мезгілдерін пантомимо арқылы бейнелейді, қалған топ табады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен 1-топ: «Қыс» 2-топ: «Көктем» 3- топ: «Жаз» 4-топ: «Күз».


55 таныстыру. (МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. 5 мин. «Ой қозғау» әдісі. Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді. Спорт – денсаулық кепілі. Шабандоз бәйге алаңын толық бір айналды (1- сурет). Шабандоздың әрекетін ретімен ата. Алаңды толық бір айналу оқиғасын неше әрекетке бөлесін (2-сурет)? ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беру барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жаңа сабаққа дайындық. 3 мин. Жаңа сабаққа кіріспе. Мұғалім сөзі: Күнде түрлі ісәрекеттерді, тапсырмаларды орындайсың. Белгілі бір қадамдардан кейін нәтижеге жететін ісәрекеттердің реті алгоритм деп аталады. (МК, Д) Оқулықпен жұмыс. Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқып, мысалдармен танысып, өзара бір-бірімен ой бөліседі. Мұғалім толықтырып отырады ҚБ: Мұғалім сабаққа қатысып, белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Оқулық. 2 мин. 3-сурет бойынша Асқардың қозғалыс алгоритмін анықтауға берілген тапсырманы Асқардың қозғалыс ретін анықтап, алгоритмнің блоксхемасын құрастырып жазады. Бұл қозғалыстың сызықтық алгоритмге жататынын түсінеді. «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»


56 орында. Сабақтың ортасы 8 мин. Асқардың қозғалысының қықартылған алгоритмімен танысады. берілген. Осы алгоритмге блоксхема құрастыруды үйренеді. Дескриптор: - Топта бірбірімен ақылдасып, ой бөліседі. - Берілген алгоритмге блок-схема құрастырады. - Топтар арасында бірбірімен бөліседі. ҚБ: Топтық жұмыста оқушылар бірбірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Оқулық. 7 мин. Асқардың таңертеңгі ісәрекеті 4-суретте берілген. Оның іс-әрекетін ретімен орналастыр. Алгоритімін сөз және блоксхемамен ұсыныңдар. Дескриптор: - Берілген суретпен танысады. - Асқардың іс-әрекетін реттілікпен сөз түрінде жазады. - Жазылған алгоритмнің блоксхемасын құрастырады. ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. 8 мин. Домино тастарын біреуі қалып кетпейтіндей орналастыру алгоритмін тап. Алгоритмнің блок-схемасын құрастырып, оны сөзбен сипатта. Дескриптор: - Жұптасып өзара ақылдасады, ой бөліседі. - Орналастыру алгоритмін жазады. - Алгоритмге блок-схема құрастырады. ҚБ: Жұптық жұмыста оқушылар бірбірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Сабақтың соңы 7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия. (Ө) Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді. Бүгін мен не білдім? Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім? Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім? ҚБ: «Кемпірқосақ» әдісі Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төмендегі қызыл түстен ең жоғары орналасқан Интерактивті тақта


57 күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді. 11- сабақ. Б бөлім. Бөлімі 3-бөлім Біздің өміріміздегі алгоритм (ортақ тақырыптар: «Демалыс және хобби») Ескерту Сабақтың тақырыбы: Алгоритм. Сызықтық алгоритм. Жаңа білім Жаңа білімде сабақ мақсатына жету үшін қандай материал қарастырылған? Жаңа материалды қалай беру керек? Жаңа сабақтың мәтінін оқуға, мысалдарымен танысуға нұсқау беріледі. Оқушылар өзара мәтіннің желісі бойынша талқылау жүргізеді. Мұғалім оқушылардың пікірін тыңдап, өз тарапынан толықтырулар жасайды. Мысалда берілген Асқардың оқиғасы арқылы алгоритмнің сөз түрінде және блок-сызба түрінде де кездесетінін және бұл алгоритмнің сызықтық екенін біледі. Топтық жұмыс Топтық жұмысты ұйымдастыруда оқушылардан не талап етіледі? Оларға өз жұмыстарын қай формада берген тиімді? №1 тапсырманы орындау арқылы оқушылар топпен жұмыс істеуді, бір-бірінің пікірін тыңдауды үйренеді. Топпен ақылдасып, пікірлерін ораға салып, алгоритмнің блок-сызба түрін жете меңгеру мүмкіндігіне ие болады. Ол үшін мысалда берілген алгоритмге блок-сызба құрастырады. Жұптық жұмыс Жұптық жұмыс берудегі мақсат не? Оны ұйымдастыруда оқушылардан не талап етіледі? Оларға өз жұмыстарын қай формада берген тиімді? Жұптық жұмыс жасау арқылы бір-бірінің пікірін тыңдауға, құрметтеуге, өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады. Бірінің түсінбеген жерін екіншісі айтып, бір-біріне үйретуге, оқытуға, көмектесуге бейімделеді. Сонымен қатар берілген суретке қарап, домино тастарын орналастырудың алгоримін сөз түрінде жазып, блок-сызбасын құрады. Оқушылардан бұл бөлімде не талап етіледі? Мұғалім неге мән беру керек? Суретке қарап, оқиға желісі бойынша өзіндік талдау жүргізеді. Сабақтың бастапқы кезеңінен бастап жинақтаған, түсінген, білгенін пайдаланып, алгоритмнің қадамдарын


58 дұрыс реттілікпен сөз түрінде жазады. Сондай-ақ оның блок-сызба түріндегі нұсқасын қоса жасайды. Мұғалім әрбір оқушының тапсырманы орындау деңгейіне қарап сабақты дұрыс түсінгендігіне көз жеткізу керек. Ал керісінше жағдай орын алса, жақсарту үшін жекелей кері байланыс бергені дұрыс. 12-сабақ Бөлімі: 3-бөлім Біздің өміріміздегі алгоритм (ортақ тақырыптар: «Демалыс және хобби») Педагогтің аты-жөні: Күні: Сыныбы: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы: Біздің өміріміздегі алгоритм Оқу программасына сәйкес оқу мақсаты 1.4.1.3 алгоритм түрлерін өмірмен байланыстырып мысалдар келтіру Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар үшін: Сызықтық алгоритмге мысалдар келтіреді. Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі/Уақыты Педагогтің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар Сабақтың басы (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин. 1. Сәлемдесу. 2. Оқушыларды түгендеу. Ширату тапсырмасы: «Қар көшкіні» ойыны. Оқушылар шеңбер құрайды, мұғалім да оқушылар арасынан орын алады. Әрбір қатысушы өз есімін атап, оған бастапқы әріптен басталатын бір сын есімін қосады. Мәселен, «Айнаш» есімі «А» әрпінен басталады, яғни Айнаш өз есіміне «алғыр» (немесе «ақылды», «айбынды», «асқақ», «айлалы», «арынды» т.б.) сын есімді қосады. Келесі оқушы да дәл осылай өз есімін атайды, оған сын есім қосады да, алдында тұрған барлық оқушылардың есімдері мен эпитеттерін қайталап шығуы керек: «Алғыр Асан, думанды Дәмеш, сабырлы Сейітжан, әділ Әбілғазы, реңді


59 Рызуангүл, жалынды Жомарт! Ал мен - берекелі Бақытпын!». Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға мұқият тыңдау мен зейін қою қасиеттерін іске қосу қажет. Мұғалімнің танысуды өзінен бастауына болады, ал егерде ол оқушыларға өзінің жады мен есте сақтау қабілетін көрсеткісі келсе, онда ең соңында жауап береді. Топтастыру. 2 мин. «Конверт» әдісі Оқушылар хатқалтаны ашып, ішінен геометриялық фигуралардан қалағанын алады. Бірдей фигуралар топтасып, бір топқа бірігеді. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. 1-топ: «Төртбұрыштар» 2-топ: «Үшбұрыштар» 3- топ: «Жұлдызша» Фигуралар салынған хатқалта (МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі 5 мин. (МК, Ұ) Миға шабуыл. «Ой қозғау» әдісі Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген суреттер бойынша сұрақтарға жауап береді. • Қандай тамақты ұнатасың? • Жұмыртқа қуыру реттілігі дұрыс па (1- сурет)? • Дұрыс реті қалай болу керек? Алгоритмді сөзбен сипатта. ҚБ: Мұғалім тапсырманы орындауда белсенділік көрсетіп, дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!» Сабақтың ортасы Практикалық тапсырма: «Мадақтау сөз» әдісі .


60 5 мин. Егін егу алгоритмі 1. Көгөніс егудің реті дұрыс берілген бе (2-сурет)? 2. Көгөніс егу алгоримін сөзбен сиптаттаңдар. 3. Көгөніс егу алгоритмінің блок-схемасын құрыңдар Дескриптор: - Көгөніс егу алгоритмінде орындаушыны анықтайды. - Алгоритмде қолданған командаларын жазады. арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» 8 мин. Практикалық тапсырма: Ұннан бауырсақ қалай жасалады? 1. Алгоритм қадамдарын сөзбен сипаттаңдар. 2. Алгоритмнің орындаушысын анықтаңдар. 3. Алгоритмде қолданған командаларды жазыңдар. Тапсырма орындау нұсқаулығы: Дескриптор: -Алгоритм қадамдарын сипаттайды. -Алгоритм орындаушысын анықтайды. -Алгоритмде қолданған командаларды жазады. ҚБ: Мұғалім топтық тапсырманы орындауда белсенділік көрсетіп, дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!» Суреттер 7 мин. Практикалық тапсырма: Үй салу алгоритмі. Алгоритм қадамдарын пайдаланып, үйді қағазға бейнелеп салу керек (3- сурет). Тапсырманы орындау нұсқаулығы: Дескриптор: -Үй салу алгоритмін жазады. -Алгоритм командаларын пайдаланып, үйді ҚБ: Мұғалім жұптық тапсырманы орындауда белсенділік көрсетіп, дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»


61 қағазға салады. 8 мин. Практикалық тапсырма: Жемістерді орналастыру алгоритмі. Келесі қадамда қандай жеміс орналасады? Ойлан! Тапсырма орындау нұсқаулығы: ҚБ: Мұғалім тапсырманы орындауда белсенділік көрсетіп, дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды. «Жарайсың! Жақсы! Талпын!» Сабақтың соңы 7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия. (Ө) Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді. Бүгін мен не білдім? Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім? Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Мен сабақта өзімді қалай сезіндім? ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!» Интерактивті тақта 13-сабақ. А бөлім. Scratch-пен танысу Бөлімі: 4-бөлім. Программалау. Біздің өміріміздегі алгоритм (ортақ тақырыптар: «Дені сау ұрпақ – ел болашағы») Педагогтің аты-жөні: Күні: Сыныбы: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы: Scratch-пен танысу Оқу программасына сәйкес оқу мақсаты 1.4.2.1 Сахна кейіпкері үшін кітапханадан спрайт таңдау Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар үшін: Scratch программалау ортасының терезесімен танысады. Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі/Уақыты Педагогтің ісәрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар Сабақтың басы (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сәлемдесу 2.Оқушыларды түгендеу 3.Топтастыру Оқушылар Ширату тапсырмасы. «Сенемін-сенбеймін» ойыны Оқушылар шеңбер құрып отырады. Мұғалім тек


62 3 мин. шеңбер бойында тұрып үш-үштен санап, үш топқа бірігеді. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. шындықты айтқан кезде ғана допты қағып алулары керек. Егер жаңылысып, допты қағып алатын болса, онда оған ескерту карточкасы беріледі. Бір ескерту алмаған оқушы «ең зейінді» болып есептеледі. Мұғалім допты кез келген бір оқушыға лақтырып, былай деп айтады: – Піл ұша алады; – Армансыз адам болады; – Мамандықсыз да ақша табуға болады; – Құстар апанда ұйықтайды; – Балықтар құрлықта өмір сүреді; – Армандар орындалады; – Ұшпайтын құстар да болады; – Күлкі адам өмірін ұзартады, т.с. (МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. 5 мин. «Ой қозғау» әдісі. Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. • Өзің ұнататын компьютерлік ойындар, мультфильмдер жайлы әңгімеле (1-сурет). • Ойын мен мультфильмдер қалай жасалады, білесің бе? ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Отшашу» әдісі арқылы бағалайды. Жаңа сабаққа дайындық. 3 мин. Жаңа сабаққа кіріспе. Оқулықпен жұмыс істеу (МК, Ұ): «Мәтінмен жұмыс» әдісі Тапсырмалар: • мәтінді бірнеше бөліктерге бөлу; • әр бөлікке атау беру; • мәтіндегі оқуға орын алған жерлерді атау; • мәтінді аяқтаудың нұсқасын ұсыну.


63 Оқулықтағы мәтінді оқиды. Өзара талдау жүргізеді. Мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, тексеріп отырады. Сабақтың ортасы 10 мин Практикалық жұмыстар: (Ө) Мұғалімнің көмегімен сахнаға баланың спрайтын қой. Баланың аты - Сырым. Оның қозғалысы алгоритмі сөзбен берілген. Тапсырманың скрипті 5- суретте, орындалуы 6- суретте берілген. Дескриптор: Сөзбен берілген алгоритм 1. Алға қозғалды. 2. Сәлем берді. 3. Кідірді. 4. Алға қозғалды. 5. Қоштасты. 6. Кідірді. 7. Сахнадан шықты. ҚБ: Мұғалім тапсырма орындауда белсенділік көрсеткен оқушыларды «Отшашу» әдісі арқылы бағалайды. 5 мин. (Ө) Мысық спрайтының скрипті берілген. Скрипт орындалғанда: 1) Мысық қандай ісәрекеттерді орындайды? Сөзбен сипаттаңдар. 2) Мысықтың іс-әрекетінің блокДескриптор: - Мысықтың әрекетін анықтайды. - Алгоритмін сөзбен сипаттайды. - Іс-әрекеттің блоксхемасын сызады. ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды «Отшашу» әдісі арқылы бағалайды.


64 схемасын сызыңдар. 5 мин. Тапсырма: Берілген батырма және командалар қандай қызмет атқарады? Тапсырма орындау нұсқаулығы: «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» . Сабақтың соңы 7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия. (Д). Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді. Бүгін мен не білдім? Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім? Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім? ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Отшашу» әдісі арқылы бағалайды Интерактивті тақта 13-сабақ. Б бөлім. 4-бөлім. Программалау. Біздің өміріміздегі алгоритм (ортақ тақырыптар: «Дені сау ұрпақ – ел болашағы») Ескерту Сабақтың тақырыбы: Scratch-пен танысу Жаңа білім Жаңа білімде сабақ мақсатына жету үшін қандай материал қарастырылған. Жаңа материалды қалай беру керек? Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді • Өзің ұнататын компьютерлік ойындар, мультфильмдер туралы әңгімеле. • Ойын мен мультфильмдер қалай жасалады, білесің бе? Сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабаққа кіріспе


65 жасайды. Топтық жұмыс Топтық жұмысты ұйымдастыруда оқушылардан не талап етіледі? Оларға өз жұмыстарын қай формада берген тиімді? Қолдан тапсырмасын орындау арқылы оқушылар мұғалімнің көмегімен сахнаға баланың спрайтын қояды. Баланың аты – Сырым. Оның қозғалыс алгоритмі сөзбен берілген. Тапсырманың скриптісі 5-суретте, орындалуы 6-суретте берілген. Жұптық жұмыс Жұптық жұмыс берудегі мақсат не? Оны ұйымдастыруда оқушылардан не талап етіледі? Оларға өз жұмыстарын қай формада берген тиімді? Берілген батырма және командалар қандай қызмет атқарады? деген сұраққа жауап беру арқылы жұптық жұмыста бірбірімен ой бөліседі. 14 -сабақ. А бөлімі. Scratch-те спрайт және фон таңдау Бөлімі: 4-бөлім. Программалау. Біздің өміріміздегі алгоритм (ортақ тақырыптар: «Дені сау ұрпақ – ел болашағы») Педагогтің аты-жөні: Күні: Сыныбы: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы: Scratch-те спрайт және фон таңдау Оқу программасына сәйкес оқу мақсаты 1.4.2.2 кітапханадан сахна фонын таңдау; Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы үшін: Scratch-те сахнаға спрайт және фон қоюды үйренеді. Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі/ Уақыт Педагогтің ісәрекеті Оқушының ісәрекеті Бағалау Ресурстар Сабақтың басы (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Ширату тапсырмасы. «Мәселенің түйіні» жаттығуы Бәріміз шеңбер бойына тұрайық. Қолымызды алдымызға созып, көршімізден басқа кез келген адамның қолынан ұстасып тұрайық. Шиеленісіп болсақ, қолымызды жібермей біріміздің арамызда біріміз өту арқылы шешілуге


66 тырысайық. Осы жеткен жерімізден тоқтайық. Қандай мәселенің де шешімі бар. Ол үшін сабырлы болып, асықпаған жөн. /Бұл жаттығу оқушыларға психологиялық тұрғыдан жағымды көңіл-күй сыйлайды/. Топтастыру 2 мин Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. Оқушылар шеңбер бойында тұрып үшүштен санап, үш топқа бірігеді. (МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. 5 мин. «Ой қозғау» әдісі. Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. • Қандай спорттық ойын түрлерін білесің (1-сурет)? • 1-суреттің кейіпкерлерін ата. • 2-суретте не бейнеленген? • Оны қай жерде қолданады? Ойыңды ортаға сал. ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды. Жасыл түс – «Жарайсың!» Сары түс – «Жақсы!» Қызыл түс – «Талпын!» Жаңа сабаққа дайындық. 3 мин. Жаңа сабаққа кіріспе. Оқулықпен жұмыс істеу (МК, Ұ): «Мені түсін» әдісі Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, түйінді сөздерін дәптерлеріне жазып алады. Мұғалім оқушылардың кітаптарын жабуын, қолдарына парақ пен қарындаш алып, осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін он шақты сөз жазуларын талап етеді. Соңынан мұғалім парақтарды жинап алып, өзі алдын ала даярлаған түйінді сөздермен салыстырады. Кімнің осы түпнұсқамен сәйкес келген сөздері көп болса, сол жеңімпаз деп танылады. /Бұл тапсырмадан оқушылар жаңа сабақтың негізгі ақпаратынан хабардар болады. Әрі жаңа сабақты түсінген немесе түсінбегені айқындалады/.


67 Сабақтың ортасы 9 мин. Практикалық Тапсырма. Теңбіл доп жобасы. Танымал спорт ойыны футбол тақырыбына жоба құрастырайық. Жоба орындалғанда: доп екі қақпаның ішіне кіріп шығады. Жобаның скрипті 5, орындалу көрінісі 6- суретте берілген. Дескриптор: -Теңбіл доп жобасын талдайды. -Әрбір команданың қызметін атап береді. Скриптідегі секундтарды алып тастағанда болатын өзгерісті анықтаңдар. ҚБ: Жұптық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды. Жасыл түс – «Жарайсың!» Сары түс – «Жақсы!» Қызыл түс – «Талпын!» 7 мин. Практикалық жұмыс: «Теңбіл доп» жобасында доп екі қақпада екі реттен болу үшін скриптіге өзгерістер ұсыныңдар. Дескриптор: - Доп екі қақпада екі реттен болу үшін скриптіге өзгерістер ұсынады. «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» .


68 8 мин. Практикалық тапсырма: Суретте берілген жобаның скриптін құрыңдар. Автокөлік 3 рет барып қайтып орнына келсін. Дескриптор: -Автокөліктің бару алгоритмін құрады. - Автокөліктің қайту алгоритмін құрады. -Алгоритмді 3 рет қайталайды. «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» . Сабақтың соңы 7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия (Ө): «Оқушылар сұрақ қояды» әдісі. Оқушыларға бүгінгі өтілген сабақ бойынша қорытындылау мақсатында сұрақтар қоюға мүмкіндік жасаңыз. Сұрақтар сыныптастарға, мұғалімге қойылуы мүмкін немесе талқылауды дамыту құралы ретінде қолданылуы тиіс. Жазбаша түрдегі сұрақтарға арналған «Сұрақтар қорапшасы» оқушылар үшін қарым-қатынас жасаудың өзгешелеу түрі болып табылады. Оқушылардың жұмыс туралы сұрақтарды дауыстап айтуына уақыт Сұраққа жауап береді: • Сахнаға неге фон қою керек? Ойыңмен бөліс • Спрайты жоқ жоба жасауға болама? Неге? ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды. Интерактивті тақта


69 беріңіз. Бұл бағалау үдерісін іске қосуға және ұғымның екіұдайы түсінілуін болдырмауға көмектеседі. 14-сабақ. Б бөлімі. Бөлімі 4-бөлім. Программалау. Біздің өміріміздегі алгоритм (ортақ тақырыптар: «Дені сау ұрпақ – ел болашағы») Ескерту Сабақтың тақырыбы: Scratch-те спрайт және фон таңдау Жаңа білім Жаңа білімде сабақ мақсатына жету үшін қандай материал қарастырылған. Жаңа материалды қалай беру керек? Жаңа сабақтың ақпаратымен оқушылар «Мені түсін» деген қызықты әдіс арқылы меңгереді. Мұғалім бұл әдісті ойын түрінде жүргізіп оқушыларды жаттықтыруға болады. Алдымен оқушылар мәтінді оқиды. Оқып біткен соң жұмыс дәптерлеріне мәтіннен кездескен тақырыпқа байланысты 10 сөзден жазады. Бұл жерде оқушылар шапшаңдыққа, зеректікке, мұқият түсініп оқуға дағдыланады. Қолдан Жаңа материалды қалай қолдану керек. Компьютерде жұмыс қалай ұйымдастырылу керек. Бұл кезеңде оқушылар берілген 4-суретте берілген жобаның скриптісін құрайды. Автокөлік 3 рет барып қайтып орнына келсін. Топтық жұмыс Топтық жұмысты ұйымдастыруда оқушылардан не талап етіледі? Оларға өз жұмыстарын қай формада берген тиімді? Топтық тапсырмада Теңбіл доп жобасында доп екі қақпада екі реттен болу үшін скриптіге өзгерістер ұсынады.. Жұптық жұмыс Жұптық жұмыс берудегі мақсат не? Оны ұйымдастыруда оқушылардан не талап етіледі? Оларға өз жұмыстарын қай формада берген тиімді? №1-тапсырмада оқушылар жұптық жұмыс жасайды. Бірлесіп, бір-біріне өзінің білгенін айтып, көрсетіп, бірбірін оқытуға, үйретуге бейімделеді. Теңбіл доп жобасы. Танымал спорт ойны футбол тақырыбына жоба құрастырады. Жоба орындалғанда: доп екі қақпаның ішіне кіріп шығады. Жобаның скрипті 5-суретте, орындалу көрінісі 6-суретте берілген. 15-сабақ. А бөлім.


70 Бөлімі: 4-бөлім. Программалау. Біздің өміріміздегі алгоритм (ортақ тақырыптар: «Дені сау ұрпақ – ел болашағы») Педагогтің атыжөні: Күні: Сыныбы: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы: Менің алғашқы жобам Оқу программасына сәйкес оқу мақсаты 1.4.1.4 Scratch (скретч) программалау ортасында дайын сценарийді алгоритм бойынша іске асыру; 1.1.2.1 Scratch (скретч) программалау ортасында жобаны құру, сақтау және ашу Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы үшін: Дайын сценарийді алгоритм бойынша іске асырады. Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі/Уақыты Педагогтің ісәрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар Сабақтың басы (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Ширату тапсырмасы. «Ұста-ұстама» ойыны. Ойынға қатысушылар үш командаға бөлінеді, бірбіріне үшбұрыш түрінде қарап тұрады (Әр команданың ойыншылары бір жағы үшбұрышты құрайды, арақашықтықтары бір-бірінен 2 метр болады). Ойыншылар ашық және қоңыр түсті 2 допты бірбіріне алма-кезек лақтырады. Ашық түсті допты әрқашанда ұстап алу керек, ал қоңыр түсті допты үндемей лақтырғанда ұстау керек. Мұндай «жай» допты кімде-кім ұстай алмаса, сол ойыннан шығады. Үшбұрыштың ортасында жүргізуші тұрады. Ол допты лақтырады, құлап қалғандар үшбұрыш ортасында. Жүргізуші және ойыншылар допты жанында тұрған келесі топқа лақтырады. Егер доп жерге кетсе, онда оған топ ие болады. Егер де топта ешқандай ойыншы қалмаса, онда ойын аяқталды. Қай жақтың ойыншысы көп болса, сол жақ жеңімпаз болып табылады.


71 Топтастыру. 2 мин. Оқушыларды топтастыру мақсатында «Пазлдар» әдісін жүргізеді. «Пазлдар» әдісі Мақсаты: Командалар құру, топ ішінде рөлдерді бөлу дағдысына үйрету. Ресурстар: Кішкентай «миқатырғыш пазлдар» (суретті открытканы бірнеше бөліктерге бөлуге де болады) Ойын барысы: Әр топ «миқатырғыш пазлдар» алады. Мақсат – бөліктерді жылдам жинау. Жаттығудың психологиялық мәні: Қатысушылар ойын түрінде командада тиімді әрекет жасауға, рөлдерді бөлуге, жұмыс сапасын жақсартуға, ортақ мақсатқа жетуге үйренеді. Талдау: Командада тапсырманы орындау қалай болды? Неліктен? Тапсырманы тиімді орындау үшін не қажет деп ойлайсыңдар? Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. (МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. 5 мин. «Ой қозғау» әдісі. Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. • 1-суретті пайдаланып, қандай тақырыпта жоба құрар едің? • Суреттерге қарап оқиға алгоритмін құрастырып көр. Ойыңды ортаға сал. ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды: Жарайсың! Жақсы! Талпын!


72 Жаңа сабаққа дайындық. 5 мин. Жаңа сабаққа кіріспе. Оқулықпен жұмыс істеу (МК, Ұ): «Парасатты диалог» әдісі Оқушы мен мұғалім арасындағы диалог парасатты, рефлексивті, түсінушілік білдіру мен тексеруге бағытталған болып, барлық оқушылар өз ойлары мен пікірлерін білдіре алатындай болуы тиіс. Оқушылармен диалогтің сапасын талқылаңыздар және олардың мақсатын айтуды және оны қалайша жақсартуға болатынын (қажет болуына қарай) айтуды сұраңыз. Яғни оқушылар оқулықтағы мәтінді оқиды. Мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, тексеріп жауап беріп отырады. Сабақтың ортасы 10 мин. Практикалық тапсырма. (Ж) Оқулықта берілген дайын практикалық жұмысты талқылап, соның негізінде төмендегі тапсырманы орындайды. «Алма ағашы жобасы» Тапсырманы орындау нұсқаулығы: 1-қадам. Оқиғаның мазмұнын құру. «Оқиға. Далада өсіп тұрған алма ағаштың жемісі үлкейді. Пісіп, түсін өзгертті. Ағаштың астына түсті. Домалап шөпке жасырынды.» 2-қадам. Оқиғаның сөз-бен сипатталған алгоритмін құру 1. Алма өсіп, үлкейді. 2. Алма пісті. 3. Түсін өзгертті. 4. Жерге түсті. 5. Домалады. 6. Жасырынды 3-қадам. Жоба құруға қажетті спрайт пен фонды сахнаға орналастыру (2- сурет) . 4-қадам. Алгоритм бойынша жобаның скриптін құру (3-сурет). ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды: Жарайсың! Жақсы! Талпын!


73 5-қадам. Жобаны іске қосу. Орындалуын тексеру (4- сурет). 6 мин. Практикалық тапсырма орындатады. Тапсырма: «Алмаағаш» жобасын талдаңдар. Дескриптор: 1. Командалардың қызметін атап беріңдер. 2. Скрипті өзгертіп тағы бір алма қосыңдар. «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» . 7 мин. Практикалық тапсырма орындатады. Тапсырма: Шар спрайты мен фонды таңда. Далада қалықтап ұшқан шар жобасын құр. Ол үшін қандай командаларды қолданасын? ҚБ: Мұғалім топтық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды: Жарайсың! Жақсы! Талпын!


74 Сабақтың соңы 7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия. (Ө). «Плюс, минус, қызықты» әдісі Бұл рефлексияны ауызша да, жазбаша да орындауға болады. Жазбаша орындау үшін үш бағаннан тұратын кестені толтыру ұсынылады. «Плюс» бағанына сабақта ұнаған кезеңдердің барлығы жазылады. «Минус» – оқушының пікірінше, бұл ақпарат ол үшін керексіз, пайдасыз. «Қызықты» бағанына оқушылар қызығушылық тудырған деректер мен әдістерді, ол туралы басқа дерек көздерінен көбірек білгісі келгендіктері туралы жазады. ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Жақсы! Талпын! Интерактивті тақта 15-сабақ. Б бөлімі. Бөлімі ІV бөлім. Программалау Ескерту Сабақтың тақырыбы: 4-бөлім. Программалау. Біздің өміріміздегі алгоритм (ортақ тақырыптар: «Дені сау ұрпақ – ел болашағы») Жаңа білім Жаңа білімде сабақ мақсатына жету үшін қандай материал қарастырылған. Жаңа материалды қалай беру керек? «Парасатты диалог» әдісі арқылы жаңа сабақтың ақпаратын меңгеру тиімді болып келеді. Өйткені мұғаліммен оқушылар еркін пікір алмасу формасында жүргізіледі. Яғни оқушылар өзінің білгісі, түсінгісі келген сұрақтарды қояды. Мұғалім жауап береді әрі түсіндіреді. Оқушылардан бұл бөлімде не талап етіледі? Мұғалім неге мән беру керек.? «Ой қозғау» әдісі рқылы алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. 16 -сабақ. А бөлім. Scratch-те жоба құру Бөлімі: 4-бөлім. Программалау. Біздің өміріміздегі алгоритм (ортақ тақырыптар: «Дені сау ұрпақ – ел болашағы») Педагогтің аты-жөні: Күні: Сыныбы: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы: Scratch-те жоба құру Оқу программасына сәйкес оқу мақсаты 1.4.1.5 Scratch (скретч) программалау ортасында есептің шарты бойынша сызықтық алгоритмді әзірлеу; Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар үшін:


75 Scratch (скретч) программалау ойын ортасында сызықтық алгоритімді өңдейді, жобаны құрады оны сақтайды. Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі/Уақыты Педагогтің ісәрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар Сабақтың басы (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин. Ширату тапсырмасы. «Егер осылай болса...» ойыны. Балалардың біреуі фантастикалжағдайды ойлап табады, ал басқалары оның шешімін табуы керек. Мысалы: егер әр адтуғаннан бастап барлық басқа адамдардың ойлаған ойларын оқуға қабілетті болса, ожердегі өмір қалай өзгерер еді? Егер жер бетіндегі адамдардың әрқайсысы өзіне ғана түсінікті тілде сөйлейтін болса, ожердегі өмір қалай өзгерер еді? Егер жануарлар тілін адамдар түсіне алатын болса, ожердегі өмір қалай өзгерер еді? Егер адамдар құс сияқты ұша алатын болса, онда жердегі өқалай өзгерер еді? Егер оймен барлық өсімдіктер тіршілігін басқаруға болатын болса, ожердегі өмір қалай өзгерер еді? Егер адамдар жер астында өмір сүре алатын болса, онда жбетіндегі өмір қалай өзгерер еді? Егер адамдар су астында өмір сүре алатын болса, оЖердегі өмір қалай өзгерер еді? т.с.с. Фантастикалық әңгімелерге үлесін қосқандардбарлығы марапатталады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. (МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. 5 мин. (МК, Ұ) Миға шабуыл. «Ой қозғау» әдісі. Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген суреттерді талқылап, сұрақтарға жауап береді. Сызықтық алгоритм құрамыз. Жоба скриптерімен жұмыс жасаймыз. ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Бес жұлдыз - Жарайсың! Төртбұрыш - Жақсы! Үшбұрыш - Талпын! Сабақтың ортасы 10 мин. Теориямен практиканы ұштастыру мақсатында практикалық тапсырма орындатады. Дұрыс орындау мақсатында қолдау көрсетеді. Тапсырма: Көгөніс және жеміс жобасы . Көрсетілген спрайттың көгөніс не жеміс екенін тауып, атын атайтын жоба құр. Жоба сызықтық алгоритм бойынша орындалады. Жобаға Scratch кітапханасынан 5 спрайт таңдалады. Жобадағы спрайттардың скриптілері 3, 4, 5, 6- суреттерде берілген. Жобаның көрінісі 7- суретте . ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Бес жұлдыз - Жарайсың! Төртбұрыш - Жақсы! Үшбұрыш - Талпын!


76 Дескриптор: - Көгөніс және жеміс жобасына орындайды; - Скриптін құрастырады. 10 мин. Теориямен практиканы ұштастыру мақсатында практикалық тапсырма орындатады. Дұрыс орындау мақсатында қолдау көрсетеді. Тапсырма: Саябақта (суретпен орындалатын жұмыс). Әлия саябақта қыдырып жүр. Ол тоқтап, жан-жағын тамашалады. Балмұздақ сатып алды. Орындыққа барып отырды (8- сурет) Әлияның іс-әрекетінің алгоритмін құрыңдар. 1-тапсырма. Алгоритмді сөзбен сипаттаңдар. 2-тапсырма. Блок-схеманы толықтырыңдар. 3-тапсырма. Осы алгоритм бойынша скриптісін құрыңдар. Дескриптор: -алгоритмін сөзбен сипаттайды; -блок-схемасын толықтырад; - сөзбен сипаттаған алгоритм бойынша скриптісін құрады. «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» 10 мин. Теориямен практиканы ұштастыру мақсатында практикалық тапсырма орындатады. Дұрыс орындау мақсатында Көгөніс және жеміс жобасына құлпынайдың спрайтын қосыңдар. Скриптісін құрастырыңдар. Жоба дұрыс жұмыс істеуі үшін скриптінің секундтарын өзгертіңдер ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды.


77 қолдау көрсетеді. Дескриптор: - Көгөніс және жеміс жобасына құлпынай жемісін қосып, скриптін құрастырады. - Жоба дұрыс жұмыс істеу үшін скрипттің секундтарын өзгертіп, ұсынады. Бес жұлдыз - Жарайсың! Төртбұрыш - Жақсы! Үшбұрыш - Талпын! 1-сурет. Қазынаның картасы Сабақтың соңы 7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия. (Ө) Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді. • Жоба құруды бастамас алдын алгоритмін құрудың маңыз не де? • Өзіңе таныс іс-әрекеттердің қайсының Scratch жобасына құрғың келеді? Ойыңмен бөліс. ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Жақсы! Талпын! Интерактитақта 16-сабақ. Б бөлім. Бөлімі 4-бөлім. Программалау. Біздің өміріміздегі алгоритм (ортақ тақырыптар: «Дені сау ұрпақ – ел болашағы») Ескерту Сабақтың тақырыбы : Scratch-те жоба құру Жаңа білім Жаңа білімде сабақ мақсатына жету үшін қандай материал қарастырылған. Жаңа материалды қалай беру керек? «Ой қозғау» әдісі арқылы алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген суреттерді талқылап, сұрақтарға жауап береді. Қолдан Жаңа материалды қалай қолдану керек. Компьютерде жұмыс қалай ұйымдастырылу керек. Теориямен практиканы ұштастыру мақсатында практикалық тапсырма орындайды. Дұрыс орындау мақсатында қолдау көрсетеді. Топтық жұмыс Топтық жұмысты ұйымдастыруда оқушылардан не талап етіледі? Оларға өз жұмыстарын қай формада берген тиімді? Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар топпен, жұппен жұмыс істеуді, бір-бірінің пікірін тыңдауды


78 үйренеді. Жұптық жұмыс Жұптық жұмыс берудегі мақсат не? Оны ұйымдастыруда оқушылардан не талап етіледі? Оларға өз жұмыстарын қай формада берген тиімді? Теориямен практиканы ұштастыру мақсатында практикалық тапсырма орындайды. Дұрыс орындау мақсатында қолдау көрсетеді. 17-сабақ. А бөлім. Шығармашылық тапсырмалар Бөлімі: Бөлімдер бойынша қайталау Педагогтің аты-жөні: Күні: Сыныбы: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық тапсырмалар Оқу программасына сәйкес оқу мақсаты 1.1.3.1 компьютермен жұмыс істеу барысында тәртіп ережелерін ұстанып өз денсаулығын сақтау; 1.1.1.1 компьютердің негізгі құрылғыларын атау 1.3.2.1 Қабылдау тәсілдерін қолданып ақпарат түрлерін анықтау 1.3.2.2 Ұсынуформасы бойынша ақпарат түрлерін ажырату; 1.3.2.4 адам өмірінде интернет желісінің қолданылуына қарай мысалдар келтіру; 1.1.3.3 желідегі барлық ақпарат сенімді және пайдалы емес екенін талқылау; Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар үшін: Жоба скриптерімен жұмыс істейді. Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі/Уақыты Педагогтің ісәрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. Топтастыру. Ширату тапсырмасы. «Карусель» жаттығуы Топ мүшелері 2-ге бөлінеді. 1- ші топ – ішкі, 2-ші топ – сыртқы топ болып бөлініп, екі шеңбер жасайды. Жетекшінің берген белгісі бойынша ішкі топ сағат тілі бойынша қозғалады, жетекшінің сигналы бойынша олар тоқтайды да, екеуден ішкі топ пен сыртқы топ бір-біріне қарама-қарсы тұрған адамдар болып бірігеді. Әрбір топқа кезекпен жетекші белгілі бір рөл беру керек, олар тез арада сол рөлді 2-3 минутта көрсетуі керек. Мысалы: сатушы – сатып алушы; мұғалім – оқушы; дәрігер – қаралушы; полиция – жүргізуші; әке – бала; анасы – қызы. ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Жасыл түс - Жарайсың! Сары түс - Жақсы! Қызыл түс - Талпын!


79 Сабақтың ортасы 32 мин. Практикалық жұмыстар. (Ж) Оқулықта берілген дайын практикалық жұмысты талқылап, соның негізінде төмендегі тапсырманы орындайды. Тапсырманы орындау нұсқаулығы: 1-тапсырма. Информатика кабинетінде қандай әрекеттер жасауға тыйым салынады? (1-сурет). Әңгімеле. 2-тапсырма. Зертте. Отбасы мүшелерінің интернетті пайдалануы (2- сурет). 1. Тәулігіне неше сағат пайдаланады? 2. Қандай мақсатта жиі пайдаланады? 3-тапсырма. Сауалнама. Кестеде интернеттің пайдалы және зиянды жақтары көрсетілген. Дәптеріңе пайдалы жағын «+», зиянды жағын «–» таңбасымен белгіле. 4-тапсырма. Суретке қарап, ақпарат көзі болатын заттарды жаз (3-сурет). ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Жасыл түс - Жарайсың! Сары түс - Жақсы! Қызыл түс - Талпын! Сабақтың соңы 8 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия. (Ө) Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді. Бүгін мен не білдім? Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім? Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім? ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Жасыл түс - Жарайсың! Сары түс - Жақсы! Қызыл түс - Талпын! 18-сабақ. Шығармашылық тапсырмалар Бөлімі: Бөлімдер бойынша қайталау Педагогтің аты-жөні: Күні: Сыныбы: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық тапсырмалар Оқу программасына сәйкес оқу мақсаты 1.1.2.1 Scratch (скретч) программалау ортасында жобаны құру, сақтау және ашу 1.2.2.7 кескін салуда көшіру, қиып алу және қою


80 құралдарын қолдану; 1.2.2.8 бұру немесе айналдыру құралдарын қолданып кескін салу; 1.4.1.2 орындаушы және оның командалар жүйесін анықтап алгоритм құру; 1.4.1.4 Scratch (скретч) программалау ортасында дайын сценарийді алгоритм бойынша іске асыру; 1.4.1.5 Scratch (скретч) программалау ортасында есептің шарты бойынша сызықтық алгоритмді әзірлеу; Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар үшін: Жоба скриптерімен жұмыс істейді. Сабақтың барысы: Сабақ кезеңі/Уақыты Педагогтің ісәрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. Топтастыру. Ширату тапсырмасы. «Карусель» жаттығуы Топ мүшелері 2-ге бөлінеді. 1-ші топ – ішкі, 2-ші топ – сыртқы топ болып бөлініп, екі шеңбер жасайды. Жетекшінің берген белгісі бойынша ішкі топ сағат тілі бойынша қозғалады, жетекшінің сигналы бойынша олар тоқтайды да, екеуден ішкі топ пен сыртқы топ бір-біріне қарама-қарсы тұрған адамдар болып бірігеді. Әрбір топқа кезекпен жетекші белгілі бір рөл беру керек, олар тез арада сол рөлді 2-3 минутта көрсетуі керек. Мысалы: сатушы – сатып алушы; мұғалім – оқушы; дәрігер – қаралушы; полиция – жүргізуші; әке – бала; анасы – қызы. Сабақтың ортасы 32 мин. Теориямен практиканы ұштастыру мақсатында практикалық тапсырма орындатады. Дұрыс орындау мақсатында қолдау көрсетеді. 1-тапсырма. «Нан дастарқанға қалай келеді?» алгоритміндегі қадамдар шатасқан (1-сурет). Алгоритмнің дұрыс ретін тап. 2-тапсырма Сөзжұмбақты шеш. Көлденеңінен: 1. Алгоритм түрі (Сызықтық). 2. Командалар жиыны (Скрипт) 3. Іс-әрекеттер реті (Алгоритм) 4. Алгоритмнің әр қадамы (Команда) Тігінен: 1. Сахна кейіпкері (Спрайт). 2. Іс-әрекеттер тізбегі 3-тапсырма. Ғабитте жасырылған қазынаның картасы бар. Ол карта бойынша командаға сәйкес жоғары, төмен, оңға, солға «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» .


81 қозғалуы тиіс. Мысалы, солға 4 метр (2-сурет). (Оқиға) 4-тапсырма. 3-суретте Әлияның сөзбен сипатталған қозғалыс алгоритмі берілген. Осы алгоритмді Scratch жобасына айналдыр. Сабақтың соңы 8 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия. (Ө) Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді. Бүгін мен не білдім? Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім? Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім? ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Жасыл түс - Жарайсың! Сары түс - Жақсы! Қызыл түс - Талпын! 19-сабақ. Шығармашылық тапсырмалар Бөлімі: Бөлімдер бойынша қайталау Педагогтің аты-жөні: Күні: Сыныбы: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық тапсырмалар Оқу программасына сәйкес оқу мақсаты 1.4.1.4 Scratch (скретч) программалау ортасында дайын сценарийді алгоритм бойынша іске асыру; 1.4.1.5 Scratch (скретч) программалау ортасында есептің шарты бойынша сызықтық алгоритмді әзірлеу; 1.1.2.1 Scratch (скретч) программалау ортасында жобаны құру, сақтау және ашу Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар үшін: Жоба скриптерімен жұмыс істейді. Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі/Уақыты Педагогтің ісәрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. Топтастыру. Сәлемдеседі. «Сандар» әдісі бойынша төрттікке саналу арқылы 4 топқа бірігеді. 1-топ 2-топ 3-топ 4-топ Ынталандыру мақсатында оқушыларға сәттілік тілейді. Сабақтың Теориямен 5-тапсырма. Қазақтың «Мадақтау .


82 ортасы 10 мин. практиканы ұштастыру мақсатында практикалық тапсырма орындатады. Дұрыс орындау мақсатында қолдау көрсетеді. ұлттық музыкалық аспаптарын білесің бе? Оларды ішек санының кемуіне қарай орналастыр (4-сурет). сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» 10 мин Тапсырманы орындатады. Дұрыс жауабын табуға түрткі сұрақтар, нұсқаушы сұрақтар, жетелеуші сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетеді. 6-тапсырма. Арман жайлаудағы атасының үйіне бара жатыр (5-сурет). Анықта. 1. Арманның қозғалысы бойынша блоктарға қандай деректер жазылады? (6-сурет). 2. Ағаштың жанынан әжесіне жеткенше қанша қадам жүреді? Оқушылар жауап беру нәтижесәне қарай «Бас бармақ» әдісі бойынша өзін – өзі бағалайды. ДК экраны, жұмыс дәптерлері 12 мин Тапсырманы орындатады. Дұрыс орындау үшін оқушыларға түрткі сұрақтар, нұсқаушы сұрақтар, жетелеуші сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетеді. 7-тапсырма. Tux Paint-тің Магия құралындағы Калейдоскоп батырмасын пайдаланып, «қошқармүйіз» (7-сурет) оюын саламыз. 8-тапсырма. Графикалық редакторды пайдаланып, геометриялық пішіндегі өрнектерді сал (8-сурет). 9-тапсырма. Scratch сахнасында 3 спрайт берілген. Осы спрайттардың үшеуі де қозғалыста болатын жобаның скриптісін құр (9- сурет). Оқушылар жауап беру нәтижесәне қарай «Бас бармақ» әдісі бойынша бірін-бірі бағалайды. ДК Жұмыс дәптерлері Оқулық Сабақтың соңы 8 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия. (Ө) Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді. ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Жасыл түс - Жарайсың! Сары түс - Жақсы!


83 Қызыл түс - Талпын! Пайдаланылған әдебиеттер 1. Акимова Т.А., Көпжасарова Т.М., Кашкенова З.Т., Дарменова Г.У. «Разминки для тренингов» АОО НИШ ЦПМ, Астана, 2015. 2. А.Х. Әлімов. «Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер» Астана, «НЗМ»ДББҰ, 2014. 3. Егізбаев А.Ж. – Шымкент қ. ПШО филиалының аға менеджері «5 әдістен» - «50 әдіске». 4. Нұржанова А.Т. «Формирование коммуникативных умений в контексте уровневых программ курсов повышения квалификации педагогов» АОО НИШ ЦПМ, Астана, 2015. 5. Шымырбаева Ж.К., Идришева З.Е. «Активные упражнения для создания обучающей коллаборативной среды» АОО НИШ ЦПМ, Астана, 2015.


84 Кадыркулов Роман Алауович Беристемова Нуржамал Косымтаевна Цифрлық сауаттылық Әдістемелік нұсқaу (электрондық нұсқa) Бaстaуыш білім беру деңгейінің 1-сынып педaгогтеріне aрнaлғaн Әдіскер Ф.С. Лекеровa Редaкторы Л.С. Ахметова Цифровая грамотность Методическое руководство (электроннaя версия) для педaгогов 1 клaссa уровня нaчaльного обрaзовaния Методист Ф.С. Лекеровa Редaктор Л.С. Ахметова


Click to View FlipBook Version