The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by perizat1965.m, 2021-06-29 15:48:40

Қан мен тер

-1238047307

Бағалау критерийі Дескриптор
Оқушы
С.Мұқанов
шығармасынан үзінді  тақырыпты болжайды, сұрақтарға жауап береді;
тыңдап, тақырыбы  сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіреді;
мен идеясын  сұрақтарды жұбымен талқылап, жауап береді;
талдайды.
 кестені толтырады;
 дұрыс ақпаратты анықтайды.

5.4 Кәсіп – бақыттың шырағы. Еңбек – ырыстың бұлағы
Жалқаулық – адам бойындағы ең жаман қасиет

Оқу мақсаттары 8.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа
байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу
Сабақ мақсаттары жолдарын ұсыну.
Құндылықтарды дарыту Құрылымын сақтап, мәселенің шешу жолдарын ұсынып,
Бастапқы білім эссе жазады;
Тірек сөздер
құрмет, азаматтық жауапкершілік.

С.Мұқанов «Саятшы Ораз» (үзінді)

Сұраныс, біліктілік, тәжірибе, құлшыныс

Сабақтың жүргізілу барысы
Ж Жазылымға дайындық тапсырмасы
1-тапсырма. Берілген суреттерге назар аудар, сабақтың тақырыбына болжам жаса.

Өзіңе лайықты жұмыс табу үшін не істеу керек?
Адамды табысты болуға не жетелейді?

2-тапсырма. «Лабиринт» ойыны арқылы тақырыпқа
байланысты сөздерді тап. Сөздердің мағынасын түсіндір.
Дәптерге сөйлем құрап жаз.

СҰРБ І C
ТFАТЛ І
ӘЖНЫС К

M І E HЖТ
ИРК І Л І
Б Қ Ұ Л ШЫ
Е І А СЫН
ЙЗ ДЕНУ

1. Біліктілік 2.__________ 3. ____________4.___________

3-тапсырма. «Егер жұмыс істеуге ынта болмаса, Қазақстанда ғана емес, бүкіл
дүниежүзінде жұмыс жоқ. Жұмыс жоқ деген адамның өзі ойлап тапқан сылтаудың бірі
ғана» деген тұжырымға қатысты ой-пікірді топта талқылап, «себеп-салдар
айналмасын» толтыр.

Мәселенің • ________ Мәселенің • ________ Мәселенің • ________
өзектілігі • ________ туындау салдары • ________
себебі • ________

Өмірмен • _______ Мәселеге • _______ Мәселенің • _______
байланысы • _______ қатысты • _______ шешу
пікірлер жолдары • _______

Ж Жазылым тапсырмасы

4-тапсырма. Себеп-салдар айналмасында жазылған аргументтер мен идеяларды
басшылыққа алып, «Жұмыссыздық сылтау ма, әлде жалқаулықтың белгісі ме?»
тақырыбында эссе жаз.

Эссе мазмұны төменде берілген сұрақтардың төңірегінде өрбуі қажет.

Жұмыссыздықтың салдары неге алып келеді?
Жұмыссыздық мәселесін қалай шешуге болады?

Бағалау Тапсырма Дескриптор
критерийі № Оқушы
сұрақтарға жауап береді;
Құрылымын 1

сақтап, мәселенің тақырыпқа байланысты сөздерді тауып, сөздердің

шешу жолдарын 2 мағынасын түсіндіреді;

ұсынып, эссе тақырып бойынша «себеп-салдар айналмасын»
жазады 3 толтырады;

эссе құрылымын сақтайды;
4 себеп-салдар айналмасында жазған идеяларды

қолданады;

мәселенің шешу жолдарын ұсынады.

5.5 Кәсіп – бақыттың шырағы. Еңбек – ырыстың бұлағы
Үйрең де, жирен

Оқу мақсаттары 8.5.1.3 етістіктің шартты рай және бұйрық рай қызметін
білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.
Сабақ мақсаттары Етістіктің бұйрық рай қызметін біліп, ауызша және жазба
жұмыстарда орынды қолданады.
Құндылықтарды дарыту
Бастапқы білім құрмет, азаматтық жауапкершілік.
Тірек сөздер
Жалқаулық – адам бойындағы ең жаман қасиет.

Нәтиже, көрсеткіш, даму

Сабақтың жүргізілу барысы

Т/Б Грамматикаға дайындық тапсырмасы
1-тапсырма. Берілген суреттерге қарап, үшеуінің арасындағы байланысты анықта. Өз
ойыңды білдір.

2-тапсырма. Төменде берілген сұрақтарға жауап бер. Бұйрық рай етістігін пайдаланып,
сөйлем құрастыр.

Етістіктің райлары дегеніміз не?
Етістіктің райлары мен шақтары арасында қандай ұқсастық пен өзгешелік бар?
Етістік райларының қандай түрлері бар?
Бұйрық райдың мағыналары қандай және қалай жасалады?
Бұйрық райдың жіктелу ерекшеліктері қандай?

- Т/Б Грамматиканы түсіндіру

Қазақ тілінде 4 түрлі рай бар:

1. Ашық рай. 2. Қалау рай. 3. Шартты рай. 4. Бұйрық рай.

Бұйрық рай. Қимылдың, іс-әрекеттің тыңдаушыға (П-жақ) я бөгде біреуге (3-жақ)
немесе өзіне (І-жақ) қаратылып, бұйыра, талап, тілек етіле айту мағынасын

3-тапсырма. Төменде берілген тапсырмаларды орында.
а) сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай суретпен байланыстыр;
ә) сурет бойынша бұйрық райды және тірек сөздерді қатыстыра отырып, диалог құрастыр.

Сөз тіркестері Сурет

Нәтиже, көрсеткіш, даму үшін,
ойластыру, кешікпеу
Жаз бойы, ақырын, байқаңдар, ас
Үйді жинау, анам, кір жуу, ыдыстар,
шаршадым

Т/Б Грамматиканы бекіту тапсырмасы

4-тапсырма. Абай атамыздың төменде берілген өлеңін қалай түсінесің? Сенің ойыңша,
адам жетістікке жету үшін не істеу керек? Өлеңді әрі қарай қара сөзбен бұйрық райды
қатыстыра отыра жеткіз (өлеңдегі бұйрық райда тұрған етістіктердің астын сыз).

Ғылым таппай мақтанба.
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба.
Ойнап босқа күлуге...

Бағалау Тапсырма Дескриптор
Оқушы
критерийі № сурет бойынша мәселені анықтайды;

Етістіктің 1 сұрақтарға жауап береді;

бұйрық рай сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай суретпен
байланыстырады;
қызметін біледі; 2

Ауызша және

жазба 3 сурет бойынша бұйрық райды және тірек сөздерді
жұмыстарда қатыстыра отырып, диалог құрастырады.
орынды
қолданады. өлеңді қара сөзбен дамытады;
4 бұйрық рай етістігін қолданады.

6-бөлім: Қазақстанның су ресурстары
6.1 Қазақстанның су ресурстары. Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер»

Оқу мақсаттары 8.1.1.1 - мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар
арқылы көтерілетін мәселені болжау
Сабақ мақсаттары Шығармада көтерілген мәселені тірек сөздер,
иллюстрациялар арқылы болжайды.
Құндылықтарды дарыту
Пәнаралық байланыс Құрмет, өмір бойы оқу
АКТ қолдану дағдылары
Бастапқы білім тарих
Тірек сөздер
Қажетті ресурстар «Қан мен тер» романынан сурет галереясы (презентация)
С. Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі туралы сабақ

Теңіз, балық аулау, балықшылар

Фотосуреттер, үлестірме қағаздар

Сабақтың жүргізілу барысы
Т Мәтіналды тапсырмасы
1-тапсырма. Берілген суреттің біреуін таңдап, жұбыңа сипатта.
 Суреттен нені байқап тұрсын?
 Суретте не бейнеленген?
 1 минут уақыт ішінде кітапты жауып қойып, жұбыңа суретте көргеніңді баяндап

бер. Тыңдалым не туралы болатынын болжап көр.

Т Мәтінмен жұмыс
2-тапсырма. Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» шығарма үзіндісін тыңда. Кейіпкерлердің
сөздерін анықтай отырып, көтерілген мәселені болжа.
Кейіпкерлер Кейіпкерлердің сөзі

1. Кәлең А) – Ағажан, басыңызды бұрыңызшы! Жаман үйдің төбесін мойныңмен
іліп әкетерсің.
2. Рай ─ Шодырға бар... Билік сонда.
3. Еламан Ә) - Әй, Еламан, шаруам сенде. Қысқасын айтқанда, кәсіп іздеп келдім.

Т Мәтінсоңы тапсырмасы
3-тапсырма. Ертең аспан ашық бола ма? Жел бола ма, жоқ па Райдың үйіне жиналған
балықшылар бүгін де теңіз жайын, балық жайын, ауа райын әңгімелеп, әр саққа жүгіртіп
жатыр еді...деген шығармадан алынған үзіндіні одан әрі не болғанын болжай отыра жазып
көр.

Қажетті сөздер: белгісіз біреу, атпен келді, жаяу келді, жас жігіт, қарт адам, аң
аулапты, балық әкелді.

4-тапсырма. Жұбыңмен бірге тақырыпқа қатысты сөз бен сөз тіркестерінің сәйкестігін
тап.

Ересек, су, буға, көгілдір, газдай Түссіз, айналады, түсті, адам, жеп-жеңіл

Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор
Тыңдалым 1 берілген суреттің біреуін таңдап, жұбыңа сипатта;
мазмұнын түсініп 2
тыңдайды. кейіпкердің сөзін анықтайды;
3 көтерілген мәселені болжайды;
шығарманы болжап жаза алады;

6.2 Қазақстанның су ресурстары. Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер»

Оқу мақсаттары 8.2.6.1 кесте, диаграмма, нұсқаулық, шартты белгілер мен
сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру
Сабақ мақсаттары Шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты
талдайды және бағалайды.
Құндылықтарды дарыту Құрмет, өмір бойы оқу
Пәнаралық байланыс
АКТ қолдану дағдылары География
Бастапқы білім
Тірек сөздер Презентация
Қажетті ресурстар Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер»

Судың тапшылығы, таза су, ауызсу,
Үлестірме

Сабақтың жүргізілу барысы
А Айтылымға дайындық кезеңі

1-тапсырма. «АКРОНОМ» әдісі

Оқушылар қасында отырған жұбымен бірге берілген сөзден сабақ тақырыбына қатысты
сөйлем немесе мақал\өлең жазады (ауызша орындауға да болады).
А-
У-
Ы-
З-
С-
У-
Мысалы:
Т-
І-
Л-
Тілді
Ілгерілету үшін
Лауазымды тұлға болудың қажеті жоқ.

А Айтылым тапсырмасы
2-тапсырма. Топ мүшелері бірге берілген кесте, диаграмма бойынша өз ойыңды

айтып талқыла.

А Айтылым тапсырмасы
3-тапсырма. «Сусыз тіршілік жоқ» деген халық даналығының мәні неде?

Пікіріңді білдір.

Бағалау критерийі тапсырма Дескриптор
Шартты белгілер мен 1
сызбаларда берілген берілген сөзден сабақ тақырыбына қатысты
ақпаратты талдайды 2 тапсырманы орындайды;
және бағалайды. берілген кесте, диаграмма бойынша өз ойларын
3 айтып талқылайды;
халық мақалына өз пікірін жазады.

6.3 Қазақстанның су ресурстары. Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер»

Оқу мақсаттары 8.3.5.1 қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді
қолдана отырып, мәтінге өзгеріс енгізу, ерекшеліктерді
Сабақ мақсаттары бақылау.
Алынған мәліметтерді қолданып, мәтінге өзгеріс енгізеді,
Құндылықтарды дарыту мәліметтердің өзгерісі туралы талдайды.
Пәнаралық байланыс
Өмір бойы оқу

география

АКТ қолдану дағдылары Cудың тапшылығы туралы презентация.

Бастапқы білім Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер»
Тірек сөздер Биосфера, жер шары, энергия алмасу, құрлық
Қажетті ресурстар
Үлестірме материал

Сабақтың жүргізілу барысы
О Мәтіналды тапсырмасы

1-тапсырма. Әмбебап сөздігін пайдаланып, төмендегі сөздердің мағынасын жаз.
Биосфера-
Жер шары-
Энергия алмасу-
Құрлық-

О Мәтінмен жұмыс

2-тапсырма. Жеке жұмыс. Берілген мәтінді мазмұнын, стилін жоғалтпай, 80-90 сөз
көлемінде ықшамдап жаз.

Компрессия (мәтінді ықшамдау) – біршама жинақы пішінге келтіру үшін, бастапқы
мәтінді өзгерту арқылы жүзеге асырылатын аударма тәсілі. Контекспен немесе тілден
тыс жағдаятпен анықтала алатын сөйлемнің артық элементтерін түсіру, сондай-ақ
біршама жинақы құрылымдарды қолдану арқылы жүзеге асады.

Су ресурстарының мәселелері
Су – тірі ағзалардың маңызды материалдық негізі. Биосферадағы заттар мен энергия
алмасу судың қатысуы арқылы жүреді. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, Жер шары
халықтарының жартысынан астамы ауыз судың жетіспеушілігінен жапа шегуде. Осыған
орай, Дүниежүзілік деңсаулық сақтау ұйымы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету
шараларын жүргізіп келеді. 2000 жылы Жер шары өзендерінің суын пайдалану 14%
құрады. Оның көп бөлігі ауыл шаруашылығына жұмсалды.
Судың ластануы бірнеше факторларға байланысты:
Біріншіден, атмосфералық жауын-шашын жердің беткі қабатына келіп түскен
өнеркәсіп қалдықтарын шайып, құрлық және Дүниежүзілік мұхит суына құяды. Мысалы,
Ертіс су алабы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Риддер қорғасын зауыты, Зырян
өндіріс орындарының сарқынды сумен ластануда. Судың құрамында қорғасын, мырыш,
сынап, т.б. шектеулі рауалы мөлшерден асып кетуі байқалады.
Екіншіден, су ресурстары ауылшаруашылық тыңайтқыштары мен пестицидтерін көп
қолдануға байланысты ластанды. Мысалы, Ақдала, Шарын, Шенгелді массивтерін күріш
алқаптары үшін игеруге байланысты мин. Тыңайтқыштар мен химиялық препараттар өте
көп қолданылуда. Соның әсерінен Іле өзенінің сапалық құрамы төмендеуде.

Мәтінсоңы тапсырмасы
О 3-тапсырма. Бүгінгі күнде тұщы су тапшылығы ХХІ ғасырдың он жаһандық

қатерінің қатарына еніп отыр. Ресми деректерге сүйенсек, дүниежүзiндегi
1 миллиард адам iшуге жарамды суға зәру. Төмендегі тұжырымның бірін таңдап, топта
пікір бөлісіңіздер.

1. «Табиғатты аялау – адамзаттың борышы»
2. «Су – тіршілік көзі»

Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор
Қосымша ақпарат
көздерінен алынған 1 сөздердің мағынасын анықтайды;
мәліметтерді қолдана 2 берілген мәтінді мазмұнын, стилін жоғалтпай,
отырып, мәтінге өзгеріс
енгізу, ерекшеліктерді 80-90 сөз көлемінде ықшамдап жазады;
бақылайды.
3 төмендегі тұжырымның бірін таңдап, ой
бөліседі.

6.4. Қазақстанның су ресурстары. Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер»

Оқу мақсаттары 8.4.5.1 тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін
дұрыс жазу (жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы
Сабақ мақсаттары жазылатын сөздер)
Жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын
Құндылықтарды дарыту сөздерді дұрыс қолданады.
Пәнаралық байланыс
АКТ қолдану дағдылары Мейірімділік жасау, құрметтеу

Бастапқы білім тарих
Тірек сөздер
Қажетті ресурстар Арал теңізінің қазіргі және бұрынғы жағдайы туралы
бейнематериал, фотосуреттерді экраннан көрсету

Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер»

алай-дүлей, тап-таза, үлкенді-кішілі, құп-құрғақ

Үлестірме материалдар, нысана суреті, маркерлер

Сабақтың жүргізілу барысы
Ж Жазылымға дайындық кезеңі
1-тапсырма. Мына суреттер бойынша арал теңізінің тартылуын және оның қоршаған
ортаға әсері туралы өз ойыңды білдір.
-Суреттен не байқадыңыз?
-Қандай жағдайды бейнелеп тұр?
-Суретті 1 минут мұқият қара да, жұбыңа баяндап бер.

2-тапсырма. Дефис арқылы жазылатын сөздерді пайдаланып, 2-3 сөйлем жаз.

Дефис арқылы жазылатын сөздер: алай-дүлей, тап-таза, үлкенді-кішілі, құп-құрғақ

Ереже
Дефис орфографиялық, сызықша пунктуациялық таңбаға жатады. Сондықтан
дефис келген жерде кідіріс жасалмайды. Бұл – оның сызықшадан ажыратылатын
басты белгісі. Екіншіден, дефис сызықша секілді сөйлемнің мазмұнына еш әсер
етпейді. Үшіншіден, шартты түрде алғанда, дефис сызықшадан қысқаша болады.

3-тапсырма. Мәтін бойынша жұмыс жаса:
- мәтіннің стилін анықта;
- терминдерді теріп жаз;
- мәтін мазмұнын баянда.

Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл даладағы бірден-бір көгілдір су
айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км³, тереңдігі – 30-60 метр,
тұздылығы – 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен
қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан
едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін
әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз
өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық
комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға
алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдай Өзбекстан мен Тәжікстанда
1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария
бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық
санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар
аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік
факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі
қарқындап дамыды (Шардара).

Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен
бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965
жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал
теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін
қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы
шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге
өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.

Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн
тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.

Ж Жазылым тапсырмасы

4-тапсырма. Су қабығы біздің планетамыздың 71% алып жатыр. Жалпы,
адамзат қабылдаған теория бойынша, алғашқы тіршіліктің өзі жерде емес, суда пайда
болған. Мысалы, адам денесінің 65%-ы судан тұрады. Жер тереңдігінің 1 шақырымында 4
миллион текше шақырым су сақталады, ал атмосферадағы сулар әр шаршы шақырымда 20
тоннадай су бу күйінде қалқып тұрады. «Ауызсудың тапшылығы бізді қаншалықты
алаңдатады?» тақырыбына эссе жаз.

Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор

Жеке сөздер, бірге, 1  суреттер бойынша өз ойыңызды білдіріңіз.
бөлек және дефис
арқылы жазылатын 2  дефис арқылы жазылатын сөздерді
сөздерді дұрыс пайдаланып, 2-3 сөйлем жазады;
қолданады.
3  мәтін бойынша жұмыс жасайды;
4  берілген тақырыпқа эссе жазады;

6.5. Қазақстанның су ресурстары. Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер»

Оқу мақсаттары 8.5.1.1 күшейткіш үстеулерді ауызша және жазба
жұмыстарда орынды қолдану.
Сабақ мақсаттары Ауызша, жазба жұмыстарда күшейткіш үстеулерді
орынды қолданады.
Құндылықтарды дарыту
Пәнаралық байланыс Өмір бойы оқу
АКТ қолдану дағдылары
Бастапқы білім экология
Тірек сөздер
Қажетті ресурстар Презентация.

Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер»
ең әдемі, өте жақсы, аса терең, тым биік, кілең жүйрік,
орасан зор.
Үлестірме материал

Сабақтың жүргізілу барысы
Грамматиканы түсіндіру

Есте сақтайық!
Құрамына қарай үстеу сөздер дара және күрделі болып келеді. Дара үстеу бір ғана түбірден
(негізгі немесе туынды) тұрады (кеше, былтыр, кейде). Кемінде екі түбірден тұратын үстеуді
күрделі үстеу дейді (бүгін, қыс бойы, бірте-бірте).
Үстеу сөз тұлғасына қарай негізгі және туынды үстеу болып жіктеледі.
Бөлшектеуге келмейтін төл үстеулерді – негізгі үстеу (ең, бұрын, ертең),
ал түбірге жұрнақ жалғануы арқылы немесе кейбір септік жалғауларының көнеленуі арқылы
жасалғанын туынды үстеу (бірге, зорға, балаша) дейді.

Білу. Сыныпта ілініп тұрған ережелер тізбегін тауып алып жұбыңмен талқыла.
Берілген сұрақтарға жауап бер.
1. Үстеу дегеніміз не?
2. Дара және күрделі үстеу дегеніміз не?
3. Үстеу қандай сөз табымен тіркесіп қолданылады?
4. Негізгі және туынды үстеу дегеніміз не?
5. Күшейткіш үстеу дегеніміз не? Қандай сөздер арқылы жасалады?

Практикалық тапсырмалар
1-тапсырма. Сызбада көрсетілген үстеудің құрамдық түрлеріне тобыңмен ақылдасып,
төмендегі мысалдарды пайдаланып бөліп жаз.

Қажетті сөздер: кеше, кешке, қыстай, ертең, қазақша, жаңаша, балаша, ескіше, бүгін,
арыстанша, құсша.

Үстеу

Құрамына қарай Тұлғасына қарай

Дара Күрделі Негізгі Туынды
үстеу үстеу үстеу үстеу

2-тапсырма. Төменде берілген үстеулерді етістікті сөздермен сәйкестендіріп жаз.

Үстеулер Етістіктер

1. биыл а) отырды
2. былтыр ә) келді

3. түнде б) айтады
4. жоғары в) кетті

5. кешке г) тұрады
6. ерте д) барды

Өнім не нәтиже

Су – өмір тірегі. Ол өмірге ауадай қажет. Дегенмен, ешкім оның маңызын түсініп,
бүгінгі күндегі су тапшылығымен байланысты қандай проблемалардың бар екенін
білмейді. Әлемде шамамен миллиардтаған адамдар таза сусыз өмір сүріп келеді. «Адам
өміріндегі судың маңызы қандай?» деген сұрақты негізге алып, төмендегі күшейткіш
үстеулерді пайдаланып, шағын мәтін жаз.

Керекті сөздер: ең әдемі, өте жақсы, аса терең, тым биік, кілең жүйрік, орасан зор.

Бағалау Тапсырма Дескриптор
критерийі
Ауызша, жазба 1 ережелер тізбегін тауып алып, жұбымен талқылайды;
жұмыстарда 2 үстеудің құрамдық түрлеріне мысалдарды жазады;
күшейткіш
үстеулерді 3 үстеулерді етістіктермен сәйкестендіріп жазады;
орынды 4 күшейткіш үстеулерді қатыстырып шағын мәтін жазады
қолданады

7 бөлім: Тарихи тұлғалар тағылымы
7.1 Сабақтың тақырыбы: Т.Әбдіков «Қараой» шығармасындағы Махамбет бейнесі

Оқу мақсаттары 8.3.2.1 - публицистикалық стильдің (қысқа очерк) тілдік
Сабақ мақсаттары ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау;
Құндылықтарды дарыту 8.4.2.1 - эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа
байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу
жолдарын ұсыну

-Мәтінді оқып, сұрақ қою арқылы мәтін жанрын
анықтау;

-Мәтіндегі мәселелерді анықтап, себептері мен шешу
жолдарын көрсетіп, эссе жазу

Өмір бойы оқу, құрмет

Пәнаралық байланыс Тарих
АКТ қолдану дағдылары Презентация
Бастапқы білім Қазақстанның су ресурстары.
Тірек сөздер Шайқас, жалғыздық, қару, ашуға булығу
Қажетті ресурстар Үлестірме

Сабақтың жүргізілу барысы
О Оқылымалды тапсырмалары

1-тапсырма. Төменде берілген қасиеттердің мағынасын жұбыңмен талқыла. Махамбетке
қай қасиет тән? Неге?

1. жаудан қорықпау
2. қалың дұшпанға қарсы шабу
3. намыс пен арды жоғары қою
4. еліне қамқорлық

2-тапсырма. Төменде берілген ақпараттардың қайсысы М.Өтемісұлының өмірімен
байланысты? Біліміңді тексер.

1. Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі болды.
2. Руы – Тана.
3. Әкесі елге ықпалды би болды.
4. Бала кезінен мұсылманша, орысша білім алды.
5. «Соғыс», «Ереуіл атқа ер салмай» атты өлеңдері бар.
6. Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында дүниеге келген.
7. Екі баласы жау қолында қаза тапты.
8. Баймағамбет сұлтан батырды ұстау үшін 1000 сом тікті.
9. Кіші ұлының есімі – Нұрсұлтан.
10. Өмірінің соңғы уақытын Қараойда өткізеді.

3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. 2-тапсырмада берілген ақпараттарды сәйкестендір.

Тәкен Әлімқұлұлы
Қараой

(әңгіме ықшамдалды)
Қараойда Махамбеттің жалғыз үй отырғанына үш ай болды. Үстінен құс ұшпайтын
шөл ешкімнің көзіне түспейтін жерде.
Махамбет үй жанында ұзақ тұрып қалды. Денесінде қызу бардай көрінді. «Қой,
үйге кірейін»,-дейді Махамбет.
Хан-сұлтанның қарулы әскеріне қарсы соғыста Исатай оққа ұшып, Махамбеттің
жалғыз қалғанына сегіз жыл да, үш ай. Исатай батырдың сенгіштігінен Жәңгір ханға 10
күн уақыт беріп, бір алданды. Кейін ру басыларының әлсіздігінен Баймағамбет сұлтанның
басын шаба алмай қайтуы – бір өкініш.
Махамбет басынан кешкен түрлі жағдайларда жұбайы Әуес оған қолдау болды.
Әуес үшін Махамбет мінезімен ыстық. Махамбет отбасында өте жайлы. Қараойдағы
күйбең тірлікте жұбайына болысып, жас баласын жұбатысады. Іші пысқанда, оқтауды
домбыра қылып, ән айтады.
Күйеуінің бүгінгі қобалжуын Әуес ұнатып отырған жоқ. Сәскеге дейін шайға
келмей үй сыртында күбірлеуі, баласын барлауға жұмсауы да – Әуес үшін жат қылық.

Отбасында Махамбеттің Әуеске өкпесі жоқ, тағдырға өкпесі бар. Тұңғыш ұлы Жәңгір
ханмен соғыста оққа ұшты. Ортаншы ұлы Баймағамбет сұлтанмен шайқаста жаралы
болып өлді. Түйе бағудан аса алмай жүрген баласы – Нұрсұлтан. Әуестің отыз жеті
жасында тапқан баласының кім болары әзір белгісіз.

Махамбет ауыр күрсінді. Арыстан ұлдарын жоқтап, ішінен жыламсырады. Жүрегі
елжіреп, кеудесі сағынышқа толды. Әуес күйеуінің қараторы жүзі мұңға толып отырғанын
байқады. Көзінен жасы ыршып шықты.

Осы жасқа дейін Махамбеттің сенген адамы көп те, сенімін ақтағаны аз. Әсіресе
Махамбеттің басына Баймағамбет сұлтанның мың сом тіккені туралы лақап таралғалы
бері жүрексінеді. Көлеңкесінен қорыққан қоянға да ұқсағысы да келмейді.

Бүгінгі күні Махамбеттің отбасын елмен араластырушы – Ықылас. Ықылас ертеден
Махамбеттің көңілін жығып көрген жан емес. Алайда Ықыластың бір жұма жоғалуы
Махамбеттің күдігін туғызды. Махамбет әртүрлі болжау жасады.
-Көке, қыраттан бес-алты кісі түсті,-деді баласы.
-Қарулы кісілер ме?
-Қарусыз.
-Е, онда Ықыластар шығар.

Келе жатқан Ықыластар екен. Сәлемдесті. Әуес пен Нұрсұлтан ас қамына кірісті.
Мол тағамның үстінде қонақтар көп сөйлемеді. Қонақтың бірі:
-Махамбет қарағым, сонымен не істемек ойың бар?-деді.

Махамбет ашуға булығып: -Қару жию керек. Еркек атаулыны атқа қондыру керек.
Сіз бастаңыз, мен қостайын,-деді. Осы сәтте Ықылас Махамбеттің үстіне қона кетті.
Махамбет жығылмады. Ықыласты бұқаша сүзіп жіберді. Екеуі екі қолын қайыра бастады.
Махамбет төрт адамды сүйрете сыртқа шыға бергенде, табалдырыққа сүрініп етпетінен
құлады. Ықылас қазықтың қасында жатқан тоқпақпен Махамбеттің басына ұрды.
Махамбет ақтық рет: «Әуес!»-деп сылқ түсіп, сұлады.

Қараойдың қойнауында қаралы үй жапа-жалғыз қала берді. Әуес күйеуін құшақтап
жылады. Нұрсұлтан етпеттеп еңіреді. Үй маңынан бота боздады. Өрістен енесі аңырады.
Сол күні ай тұтылды...

Бағалау критерийі Дескриптор

Мәтінді оқып, сұрақ қою арқылы 1.Мәтінге «не істеді?», «қандай?», «не себепті?»
мәтін жанрын анықтау сұрақтарының сәйкес келетінін анықтайды.
2. Мәтін түрін анықтап, себебін 2 дәлелмен
келтіреді.

4-тапсырма. Суреттегі Махамбет бейнесіне қарап, не ойланып
тұрғанын болжап жаз. Болжамыңды мәтінмен байланыстыр.
Мысалы, Махамбет Ықыластың неге кешіккенін ойлап тұр. Себебі,
бір жұмадан бері хабар жоқ.

5-тапсырма. Берілген мәселелерді ала отырып, себебін және
шешімін көрсетіп эссе жаз.

1. Махамбеттің жалғыз қалғанына сегіз жыл да, үш ай. Неге?
Шешімі бар ма?

2. Күйеуінің бүгінгі қобалжуын Әуес ұнатып отырған жоқ. Неге? Шешімі қандай?
3. Махамбет ауыр күрсінді. Неге? Шешімі бар ма?

4. Ықыластың бір жұма жоғалуы Махамбеттің күдігін туғызды. Неге? Шешімі бар
ма?

Бағалау критерийі Дескриптор

Мәтіндегі мәселелерді анықтап, себептері 1. Берілген мәселенің кемінде екеуін
мен шешу жолдарын көрсетіп, эссе жазу таңдайды.

2. Себебі мен шешу жолын дәлелдеп
жазады.

7.2 Сабақтың тақырыбы: Халық қаһармандары (Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов,
Т.Бигелдинов)

Оқу мақсаттары 8.2.1.1 - тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды
Сабақ мақсаттары қолданып, ауызша мәтіндер құрау.

Құндылықтарды дарыту Ұлы Отан соғысының батырлары туралы мәтінмен
танысып, көркемдегіш құралдардың мағынасын
анықтау, талдау, айтылым барысында қолдану.

Ұлы Отан соғысының батырларына құрмет

Пәнаралық байланыс тарих
АКТ қолдану дағдылары
Бастапқы білім Батырлардың портреттері экранда көрсетіледі.
Тірек сөздер
«Тарихи тұлғалар» тіркесінің мағынасын түсінеді;
Қажетті ресурстар Халық қаһарманы, жау тылы, майдан даласы, тізе
бүктіру, жеңіске жету
Үлестірме материалдар, нысана суреті, маркерлер

Сабақтың жүргізілу барысы
А Мәтіналды жаттығуы

1-тапсырма. Ерлік туралы мақалдарды оқы. Мағынасы сәйкес келетін мақалы бар
сыныптасыңды тап. Бірге талда.

1. Батыр майданда шынығады.
2. Ерді намыс өлтірер.
3. Ер жігіт үйде туып, түзде өлер.
4. Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі.
5. Батыр туса – ел ырысы.
6. Ер – елдің айнасы.
7. Батырлық айқаста танылар.
8. Шын батыр сын үстінде танылар.
9. Айлалы батыр алдырмас.

О Мәтінмен жұмыс кезеңі

2-тапсырма. Мәтінді оқып, жақындық аймағын толтыр.
Шеңбердің ортасына топқа берілген қаһарманның есімін жаз.
Жақын шеңберлерге батырға жақын сөздер мен сөз тіркестерін
жаз. Шеңбер алыстаған сайын, оның өмірінде маңызы аз
түсініктерді жаз. Жұмысты топта орында. (Шеңбер ретінде
нысананың суреті А3 қағазына салынып беріледі).

3-тапсырма. Мәтіндегі асты сызылған сөздердің мағынасын топта талда. Шеңбердің
ішіндегі сөздердің арасында бұл сөздер кездесе ме, салыстыр. Мысалы: жау жайлаған ел –
дұшпан орналасқан мекен, жеті қат көкте – аспанда, биікте, т.б.

Бағалау критерийі Дескриптор

Мәтіндегі асты сызылған сөздерді 1. Кем дегенде асты сызылған 5 сөздің
шеңбердегі сөздер не сөз тіркестерімен мағынасын талдайды; анықтама
салыстырады; береді не синонимін табады.
Мағынасын талдайды;

А Мәтіннен кейінгі кезең
4-тапсырма. «7 линза» стратегиясы бойынша оқылым мәтінімен таныс. Әр топ

өз линзасы бойынша жұмыс жасайды. Сабақта тек 3 линза бойынша жұмыс жасалады.
1-топ «Журналист» линзасын киеді.

 «Журналистердің» міндеті:
-Мәтіннен майдангердің ерлік істерін табады.
-сабақтың басындағы 1 мақалды қолданады.
-Батырдың ерлігін теледидардан мақтап жеткізеді.
-Сөзін 3-жақта сөйлейді.

2-топ «Майдангер жолдастар» линзасын киеді.
 «Майдангер жолдастардың» міндеті:

-1-жақта жекеше, көпше түрде сөйлейді.
-Батырдың ерлік істерін мақтап айтады.
-Бұл адаммен бірге майданда болғанын мақтан тұтады.

3-топ «Ұрпақтар» линзасын киеді. Дескриптор
 «Ұрпақтардың» міндеті:

-3-жақта сөйлейді;
-Батырдың ерлік істерін мақтайды;
-Батыр атасындай болғысы келетінін айтады.

Бағалау критерийі

Мәтінмен толық танысып, «3 линза»  мәтіндегі кем дегенде 4 ақпаратты
стратегиясы бойынша жұмыс жасайды. пайдаланады;

 мәтіндегі кем дегенде 5 көркемдегіш
құралды қолданады;

 1 мақалды орынды қолданады;
 рөлге еніп ойнайды;
 талапқа сай 1,2-жақта сөйлейді;
 халық қаһарманын мақтайды.

Рефлексия. Бүгінгі сабақтан нені шабаданға салып аласың, нені әлі қорытасың, нені
қоқыс жәшігіне саласың?

1-топ Қосымша
Халық қаһарманы Қасым Қайсенов туралы үзік сыр

Сұм соғыстың біткеніне биыл 70 жыл толды. Бұл аз уақыт емес. Ұлы Отан
соғысында әсіресе, қазақ жауынгерлері өзінің батылдығымен, қайсарлығымен көзге түсіп,
жеңіске жетуге елеулі үлес қосты. Айқас алаңдарында өшпес ерлік жасағаны үшін 500-ге
тарта қазақ жауынгері Кеңес Одағының батыры атанды, 100-ден аса адам Даңқ орденін
иеленді. Бұл марапатқа ілінбей қалғаны қаншама. Мен бүгін қазақтың қайсар ұлы Қасым
Қайсенов туралы жазғанды жөн санадым.

Сұрапыл соғыс жылдары от кешіп, ерлік көрсеткен қазақтың аяулы ұлдарының бірі
– Қасым Қайсенов.

Қазақстанның халық қаһарманы, атақты партизан, әрі жазушы Қасым Қайсенов
1918 жылғы сәуірдің 23-інде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында дүниеге келген.
1934 жылы мектеп бітіргеннен кейін Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына
түсіп, 1938 жылы оны бітірген соң Павлодар облыстық оқу бөлімінің саяси-ағарту
жөніндегі нұсқаушысы болып қызмет атқарып жүргенде әскер қатарына шақырылып,
әскери-барлау мектебіне жіберіледі. 1941 жылы Мәскеудегі барлаушылар мектебінде
соғыс әліптерін танығаннан кейін, Қасым Қайсенов жау қолында қалған Украина жеріне
аттандырылады. Жау жайлаған елге ұшақпен келіп түскен сәттен бастап, Қасымның
партизандық өмірі басталады. Өмірге Қасым Қайсенов болып дүниеге келген ол
Украинаға барғанда бәрі оны "Василий, Вася" деп атап кеткен. Ол кезде Украина жеріне
аттану жау тылына, ажал аузына барумен тең болатын. Қазақтың қас батыры Чапаев
атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады.

Қасым Қайсеновтың Ұлы Отан соғысы кезінде партизандардың жау тылында
көрсеткен ерлік қимылдары Отан соғысы тарихында алтын әріппен жазылған. Сол кезде
партизан жасақтары түн қатып, түсі қашып жорытқанын бәріміз білеміз. Қасым атаның
кейде қасына жалғыз ғана серік ертіп, жарты ай ішінде бес жүз болып шыға келетін
кездері де аз болмаған.

Одан кейін Батыр атамыз 1944 жылдың аяғына дейін Молдавия, Украинаның
Закарпатье, Чехословакия, Румыния жеріндегі партизан қозғалыстарына қатысады. Отряд
командирі болып жүріп, жау тылында жүздеген жорықты басынан өткереді. 1944 жылы
Украинаның Закарпат, Карпатты азат етуге қатысқан. Карпатты қақ жарып өткен жорықта
құрама командирі Александр Тканко: «Қасым, сенің бұл ерлігің Карпат шыңының тасына
жазылуға тиіс» деп айтқан. Бұл қайтпас қайсар батырға қарата айтылған шынайы баға еді.
Қасым Қайсенов бұл туралы бір естелігінде: "Мен Украинада легендарный адаммын, онда
мені тек Вася деп біледі. Украинада маған орнатылған ескерткіш бар. Карпат тауының ең
ұшар басына, ең соңғы рет жау тылына барғанда алпыс адам ұшақтан түсіп іріткі салған
ғой. Ол тауға түскен алпыс адамның елу үші қаза тауып кетті, жетеуіміз тірі қалдық. Сол
Карпатта ұрыс салған алпыс адамға арнап, таудың ең биігіне мрамордан ескерткіш
орнатқан. Вот, солай!", - деп айтқан болатын. Сонымен қатар ол Киев және Полтава
облыстарындағы партизандар қозғалысын алғаш рет ұйымдастырушылардың бірі ретінде
тарихта қалды. Партизандардың қалың қолын басқара отырып, жау тылында жүздеген
жорықты басынан өткеріп, фашистерді сан рет тізе бүктірді.

Қаламгер-партизанның қаламұшынан «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Ажал
аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында» деп аталатын кітаптар
жазып, ерлік жолдарын кейінгі ұрпаққа мұраға қалдырғанын да айта кетуім керек.

Автор: Адина Сапарғалиқызы

2-топ
Талғат Бигелдинов туралы үзік сыр
Қазақтың текті қыраны, жеті қат көкте жаумен қисапсыз жағаласқанда жүрегі
әсте шайлығып көрмеген, ел бағына туған қаһарман ұланы Талғат Бигелдинов Кеңес
одағы батыры атағын екі мәрте алған қазақ халқының мақтанышы. Бигелді атасының 101
жасап қайтқан қарындасы – Қадиша әжесі кішкентай Талғатты керемет жақсы көрді.
Әкелері 1931-1932 жылдардағы ашаршылық кезінде еттірілік танытып, колхоздан жалға
жер алып, тау жақтағы ай далада пияз, жүгері екті. Үй іші алты ай жаз бойы түгелдей
егістік басында болады. Сонда әжесімен бірге қалып, үйді қарайтын, бие мен сиырды
бағып, сауатын да Талғат еді. Осылай еңбекке баулынды. Қара жұмысқа шынықты.
Әуелі Саратовтың арнайы барлаушылық ұшқыштар авиамектебіне оқуға жіберілді.
Оны бітірген соң, Чкаловтағы 3-ші бомбалаушы және 1-ші жойғыш авиациялық
ұшқыштар мектептерінде аспан қыраны мамандығының қыры мен сырын тәптіштеп
меңгерді. Одан соң, ИЛ-2 шабылдаушы ұшағында ұшуға үйренуден өтті. Осының бәріне
ұзын-ырғасы екі жарым жыл шамасында уақыт кетті. Тек содан кейін ғана, 1942 жылғы
желтоқсан айында Талғат Бигелдинов кейіннен 144-гвардиялық деп аталған алғы шептегі
800-шабылдаушы авиаполкке келіп қосылыпты.
Бигелдиновке берілген сипаттама-мінездемелерден оның қырандық қасиетінің
қалыптасқан нышандары бай­қалғандай. “ИЛ-2 ұшағын меңгеруі тамаша. Ұшуды жақсы
көреді, ұшқан кезде шаршамайды. Еңбексүйгіш. Үйренудегі ұғымталдығы ғажап. Әуеде
сабырлы, сеніммен ұшады” деген бағаларға лайықтылығын ол соғысқа кірген алғашқы
күндерде-ақ дәлелдейді.
Талғат соғыста 305 рет жеңіске жетті, жауынан мерейін 305 рет үстем етті. Ол жер
жастандырған жау саны, талқандаған техника мен жабдық-жарақ, дұшпанды ойрандатқан
шығын молая берді. Бір өзі алғашқы он ұшу жорығында-ақ дұшпанның Демьян
тобындағы 10 автомәшинесін, 2 зеңбірек, 4 дзотын, 100 шақты гитлершіл мен бір
жойғыш-қырғиын құртып жіберген. Сол ерлігі үшін ең алғаш рет Екінші дәрежелі Отан
соғысы орденін алды.
Соғыста ерлік көрсеткіші жауға келтірілген шығынмен есептеледі. Тек Днепрдің оң
жағалауынан плацдарм алу жолындағы ұрыстарда ғана Т.Бигелдинов 10 танкті, 32
автомәшинені, 18 атарбаны, 8 зеңбіректі жоқ қылып, 180 неміс солдатын жер
жастандырды, әскери қоймаларда жойқын өрт шығарды. 1943 жылдың желтоқсанында
Талғаттың звеносы Шевченко қаласы маңында 16 истребитель қорғаған, әскер, техника
мен қару-жарақ әкеле жатқан үш эшелонды талқандап, жау ұшақтарының үшеуін құлатты.
Жол істен шығарылып, пойыздар қозғалысы тоқтап, соның нәтижесінде дұшпанның
белгілеген қарсы шабуылын болдырмай тастады

Ғаламтор бетінен алынған мәлімет

3-топ
Мәлім де беймәлім Бауыржан Момышұлы
– Зейнеп апай, сіздің суреттеуіңізде атаңыз қандай кісі болды? Бойы, түр-тұрпаты,
мінезі қандай кейіпте есте қалды?
– 1972 жылы біз қолына көшіп келгенде атаның шашына енді-енді ақ кіре бастаған. Бірақ
өте сергек, тікесінен тік тұратын. Жалт етіп қарағанда көзінің қарасына төтеп беру мүмкін
емес. Қасы қалың, қап-қара. Салбурыл тарта бастаған мұрты болды. Қараторы кісі болды.
Бойы 1 метр, 78 сантиметр. Мұны Бақытжан анық білетін. Өйткені, өзінен анықтап
сұраған болатын. Қыстай жатқызып қойып, жақсы күтім жасадым. Бір күні маған ұрысты.
«Мынау қарын қайдан пайда болды? Өмірі маған қозықарын бітіп көрмеп еді. Осыны
маған сен жапсырып бердің», – деп әбден ұрысты. Сіңірлі, қарулы болған. Тіпті қартайған
кезінде ұстаған жерінің өзі көгеріп қалатын. Киім киген кезде көріктеніп шыға келетін.

Әскери адам екені көрініп тұратын. Ауру меңдеген адам болса да еңсесін тік ұстайтын.
«Әркімнің өз Баукеңі бар» деп Олжас Сүлейменовтің айтатыны бар ғой. Атаны әркім
өзінің көзімен, өзінің өресімен көрді. Кейбіреулер бет жағындағы көбігін ғана қалқып,
арғы жағына үңіле алмады. Ал менікі тек келіндік көзқарас. Үстелді тарс еткізіп ұрып:
«Көзіме тура қара. Ойыңды ашық айт! Қазулы көр тұрса да шындықты айт!» – дейтін. Ол
кісінің көзіне тура қарау қайда маған? Көзін суреттеп бере алмаймын. Жанып тұрған от
еді. Менің бойымнан жылт еткен бірдеңені көрді ме екен, әділетінен әділетсіздігі басым
дүниеде, өзі де сондай нәрсені басынан көп өткізгеннен кейін де шығар, «жақсының да,
жаманның да аяғында төселіп жататын төсеніштей болмасын, пысық болсын» деп
үйреткен болу керек деп ойлаймын. Әңгіме айтып отырған кезде, ортадан кілт үзіп,
пікірімді сұрайды. Кейде есің шығып кетеді. Үндемесең ұрсады. Қазір кез келген нәрсені
ашық айтатыным, ұнамағанды бетке айтатындығым атадан қалған болу керек. Менің ең
жақсы қасиетім – үндемей құтылатынмын. Жарылып кетейін деп тұрсам да үндемей
қалатынмын. Бір кезде: «Балам, мен артықтау кеттім, кешір» дейтін. Бұл енді ұлылық!

Ата бір күні Жазушылар одағына барғанда, Ілияс Есенберлин мен Әнуар
Әлімжановтың кітаптарына Ержанның атына арнап, қолтаңба алып келді. Негізі өзі:
«Ержан немереме! Алжыған атасынан» деп жазып қоятын. Сыртқа шыққанда открытка,
төсбелгі ғана алып келетін. «Өзге болмаса да, қазақтың жазушыларынан Ержанның атына
автографымен кітап жинаңдар. Өскенше әжептәуір кітапхана болады», – деді. Қазір сол
жазушылардың бәрі өмірде жоқ. Мысалы, Шыңғыс Айтматов, Фариза Оңғарсынова,
Әбділда Тәжібаев, Ғафу Қайырбековтердің керемет сөздері жазылған. «Барлығы атаңдай
бол!» деп атасымен байланыстырып жазады тілектерін.

«Атам «Қазақстан» темекісін тартатын еді. Соның ішіндегі жылтыр қағазын алатын
да ою оя салатын. Бұл бір альбом болады. Осыны шығара алмай жүрмін. Өйткені, жақсы
ғып шығару үшін демеуші керек. Бәрін өзі ойып, қолын қойған. Бақытжан ағаңның басына
қойған құлыптасқа әдейі осы оюды салғыздым. Ою оқитындар таңғалды. Сөйлеп отырып
қағазды бүктейді де, қасында тұрған кішкентай қайшымен қия салады. Бір күні түскиіз
фабрикасынан хабарласып: «Атаның оюлары бар екен. Соны бізге берсеңізші» дейді.
«Жоқ, көкетай, бермеймін. Алдымен альбом ғып шығарамын. Халықтың игілігіне
жұмсалсын. Содан кейін…» дедім. Оюлары бір-біріне ұқсамайды. Әрқайсысында өзінің
қолының ізі тұр.

Ғаламтор беттерінен алынған мәлімет (Жас өркен)

7-бөлім: Тарихи тұлғалар тағылымы
7.3 Сабақтың тақырыбы: Қажымұқан Мұңайтпасұлы – тарихи тұлға

Оқу мақсаттары 8.4.2.1 - эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа
байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу
Сабақ мақсаттары жолдарын ұсыну
Қажымұқан туралы мәтінді оқи отырып, екі балуанның
Құндылықтарды дарыту күресін бейнелейтін сөздерін теріп жазу және эсседе
Пәнаралық байланыс пайдалану.
АКТ қолдану дағдылары
Құрмет
Бастапқы білім
Тірек сөздер Спорт
Қажетті ресурстар
Қажымұқанның фотосуреті, тұтынған заттары
презентация арқылы таныстырылады.

Ұлы Отан соғысының батырлары

Жанкүйер, төреші, күрес, қарсылас

Үлестірме материал

Сабақтың жүргізілу барысы

О Оқылымалды тапсырмасы

1-тапсырма. «Сөздік гол» ойынын жұбыңмен ойна. Түсіндірме сөздікті пайдалан.

Сөз, сөз тіркесі Менің анықтамам Түсіндірме сөздіктен Сөйлемді
Шабуыл алынған анықтама Қажымұқанмен
байланыстырып құр

Зақымдану

Төреші

Кимоно Күрес спортында
арнайы киетін киім

Қарусыз қорғаныс

Жанкүйер Қажымұқанға зал толы
халық жанкүйер болды

О Оқылым

2-тапсырма. Мәтінді «Кім? Не? Қайда? Қалай? Неге?» стратегиясын пайдаланып оқы.
Флипчартқа мәтіннен сұрақтарға жауап тауып жаз.

Қажымұқанның қатерлі күресі

Бәрі де қатерлі күрестің тезірек басталуын ішкі қызығушылық пен қобалжу сезімімен
қалауда. Жапон тілімен айтқанда, Дзю-дзюцу, қазақшалағанда қарусыз қорғаныс және
шабуыл деген мағына беретін бұл күрес түрі жергіліктілерге ертеден белгілі болатын.
Дзю-дзюцуды Жапонияның билеушілері самурайлар қолданған.

Сәлден соң аренадағы шам жарқырай түсті. Сол кезде төрешілер алқасы да өздерінің
тиесілі орындарына келіп жайғасты. Артынша қабырғалардың әр жеріне орнатылған
дыбыс күшейткіштерден хабарлаушының жапон тіліндегі сөздері саңқылдап жөнелді.
Меймандар ол сөздерді орындықтарындағы құлаққа ілгіштері арқылы өз тілдерінде
тыңдап отырды.

-Құрметті күрес өнерінің жанкүйерлері! Бүгін сіздер күрестің ерекше түрінің куәгері
болғалы отырсыздар. Дзю-дзюцу шарты бойынша екі балуанның бірі зақымданғанда және
мерт болған жағдайда ешкімге жауапкершілік жүктелмейді. Бұл шараға екі балуан да қол
қойды. Аренаға денесі ерекше үлкен, қоңыр көзді, қара мұртты, батыр тұлғалы балуан
төрешімен бірге шықты. Төреші балуанның Ресей балуандарының құрамында келген
«Қара Иван» екенін айтты. Төреші кілемнің екінші жағына көз тастады. Сол-ақ екен, екі
қолын жоғары көтеріп, қайта түсіріп, мүсіні сымбатты, қара мұртты балуан шыға келді.
Жанкүйерлер дуылдатып қол соғып, кейбіреулері орындарынан тұрып кетті. Халық
арасынан «Саракики! Саракики!» деген дауыстар хорға айналып шығып жатты. Арнайы
дабыл берілді. Күрес басталып кетті. Саракики Жендофу кілем ортасына шықты. Қазақ
балуаны оған селт еткен жоқ. Қазіргі мәселе – қарсыласының әлсіз жерінен қармау.
Саракикидің ерекше жылдамдықпен мойнынан қос қолымен жабысқанын аңғармай қалды.

Қаны қайнаған қазақ балуаны тез айналып, сілкіп қалғанда, Саракики анадай жерге ұшты.
Алыс-жұлыс басталды. Кенет сол құлағы тыз ете түсті. Қып-қызыл қан судай ақты.
Кимононың омырауы қызыл қанға боялды. Қазақ балуанын ашу қысты. Адамның
осылайша жылдам қозғалатынын бірінші рет көруі. Саракики тағы да ұмтылды. Оң
қолымен ерніне бас салды. Қазақ балуаны шалқайып үлгергенше еріннің бір бөлігін
жұлып әкетті. Тағы да қан. Қазақ балуаны оның мойнынан қос қолдап ұстап, оң
жағындағы ұйқы тамырын қысып қалды. Саракики сәл есеңгіреп қалды. Ернінен тартқан
кезде, Саракикидің аузынан қан құйылды. Есінен танып, қазақ балуанына сүйеніп құлады.
Балуан Саракикидің денесін көтеріп алды да, еденге қарай лақтырып жіберді. Жұрт
дүркіреп орындарынан тұрды. Тек орыс балуандары ғана қазақ балуанын қоршап алды.
Саракики Жендофудың денесін дәрігерлер зембілге салып әкетті. Қазақ балуанына
дәрігерлік ем жасалды...

Жанкүйерлер мен күллі жапон халқы Саракики Жендофумен белдесуге батылдары
бармаған орыс балуандарының ішінен суырылып шығып жеңіске жеткен ғаламат күш
иесінің қай елдің өкілі екенін білуге құштар болды. Оны тапты да. Ол қазақтың әйгілі
балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы еді. Оған 1927 жылы Қазақстан Орталық Атқару
Комитеті «Қазақ даласының батыры» атағын берді.

Ал, Жапонияда Саракики Жендофу өлімінен кейін Дзю-дзюцу күресінің адам өміріне
қатер төндіретін шарттарын алып тастап, спорттық Дзю-до күресіне айналдырды.

Жүніс Сахиев

3-тапсырма. Мәтіндегі екі балуанның күресін сипаттайтын сөйлемдерді теріп жаз.
Мысалы: Саракикидің ерекше жылдамдықпен мойнынан қос қолымен жабысқанын
аңғармай қалды.

Бағалау критерийі Дескриптор
Мәтінді түсініп оқиды. 1. Әр сұраққа кемінде 3 жауап табады.

Ж Жазылым

4-тапсырма. Төмендегі тұжырымның бірін таңдап, 150 сөзден тұратын эссе жаз.
Тұжырымдар:

1. Қажымұқан - Дзю-дзюцу күресінің шартын өзгерткен балуан.
2. Қажымұқан – күрес өнерінің шебері.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________

Бағалау критерийі Дескриптор

Мәтіндегі ақпараттарды пайдалана  эссе құрылымын сақтайды;
отырып, тұжырымның біреуіне 150  мәтіндегі балуандар күресін суреттейтін
сөзден тұратын эссе жазады.
кемінде 2 ақпаратты пайдаланады;
 сөздік голдағы кемінде 3 сөзді қолданады;
 Қажымұқанның шебер спортшы не дзю-

дзюцу күресінің шартын қалай өзгерткені
туралы нақты көрсетеді.

7-бөлім: Тарихи тұлғалар тағылымы
7.4 Сабақтың тақырыбы: Суретші Әбілхан Қастеев – тарихи тұлға

Оқу мақсаттары 8.1.1.1 - мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар
арқылы көтерілетін мәселені болжау
Сабақ мақсаттары Тыңдалым мазмұнын түсініп тыңдайды.
Суреттер арқылы кейіпкер өмірін болжап айтады.
Құндылықтарды дарыту
Пәнаралық байланыс Құрмет, өмір бойы оқу
АКТ қолдану дағдылары
Бастапқы білім Өнер, тарих
Тірек сөздер
Қажетті ресурстар Әбілханның сурет галереясы көрсетілетін презентация

Қажымұқан Мұңайтпасов туралы сабақ

Мүсін жасау, сұлулық, тыйым салу

Фотосуреттер, үлестірме

Сабақтың жүргізілу барысы
А Айтылым

1-тапсырма. Галереяны аралап, төмендегі сұрақтарды жұбыңмен талқыла.
1. Суретші туралы не білесің?
2. Суретші қай кезде өмір сүрген?
3. Суретшінің тұрмыстық жағдайы туралы не айта аласың?
4. Суретші суреттерін қай кезде, қайда салған?
5. Суретші суреттерін қандай тақырыпта салған?
6. Осы суретшінің тарихта қалған суреттері бар деп ойлайсың ба?

Галереяға арналған суреттер

Т Мәтінмен жұмыс кезеңі

2-тапсырма. Мәтінді тыңдап, шын не жалған ақпаратты белгіле.

1. Әбілханның отбасы шағын болды. Ж
2. Суретші қой бағып, жер жыртты. Ш
3. Суретші табиғаттың әдемілігін байқады.
4. Қыздарға ағаштан әшекей жасады.
5. Ол қойшының мүсінін жасайды.
6. Түркісіб теміржолында жұмыс жасайды.
7. Әбілхан майданға аттанады.
8. Ол үстелде отырып жұмыс жасады.
9. Күніне төрт-бес сағат жұмыс жасады.
10. Амангелді, Шоқан, Абайдың суретін салды.

Т Мәтіннен кейінгі кезең

3-тапсырма. Галерея сұрақтарына қайтадан толықтырып жауап бер.
1. Суретші туралы не білесің?
2. Суретші қай кезде өмір сүрген?
3. Суретшінің тұрмыстық жағдайы туралы не айта аласың?
4. Суретші суреттерін қай кезде, қайда салған?
5. Суретші суреттерін қандай тақырыпта салған?
6. Осы суретшінің тарихта қалған суреттері бар деп ойлайсың ба?

Бағалау критерийі Дескриптор
Тыңдалым мазмұнын түсініп тыңдайды. 1. Сұрақтардың бәріне қысқа болса да

жауап береді.
2. 1-тапсырмадағы болжаған

жауабымен салыстырады және
толықтырады.

А Айтылым
4-тапсырма. Тарихи тұлға туралы тыңдаған ақпаратты 3 сөйлеммен жеткіз. Өзгелердің
жауабын қайталамауға тырыс.
Мысалы:

1. Әбілхан отбасына көмектесу үшін, мал бағып, жер жыртты.
2. Сол кезде табиғаттың әдемілігін байқай білді.
3. Түркісібтегі жартасқа салған суреті оның Алматыда оқуына жол ашты.
5-тапсырма. «Ыстық орындық» ойынын ойна. Ыстық орындыққа Әбілхан Қастеев
рөлінде отыр. Сыныптастарыңның сұрағына жауап бер.
Үлгі:
- Сіз сурет салуды қай кезден бастадыңыз?
-Шешеме көмектесу үшін мал бақтым. Сол кезде табиғаттың
әдемілігіне таң қалдым. Содан бастап сурет сала бастадым.

Бағалау критерийі Дескриптор

Тыңдалым мазмұнын түсініп тыңдайды. 1. Әр оқушы кемінде 3 сұраққа мәтін
негізінде жауап береді.

2. 1-жақта жауап береді.
3. «Неліктен, неге?» деген сұрақтарға

болжаммен жауап береді.

Рефлексия. «Бір сөзбен» әдісі бойынша төмендегі сөздердің бірін таңдап, сабаққа баға
бер.

Қуаныш, шынайылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік, сенімділік, рахаттану, алаңдау

7-бөлім: Тарихи тұлғалар тағылымы
7.5 Сабақтың тақырыбы: Би падишасы – Шара Жиенқұлова

Оқу мақсаттары 8.3.4.1 - мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін
салыстырып, талдау жасау
Сабақ мақсаттары
Тақырып бойынша 2 мәтінді оқып, түрін, тілдік
Құндылықтарды дарыту ерекшеліктерін салыстыру
Пәнаралық байланыс
АКТ қолдану дағдылары Құрмет, өмір бойы оқу

Бастапқы білім Өнер, тарих
Тірек сөздер
Қажетті ресурстар Шараның өмірінен мағлұмат беретін бейнематериал не
фотосуреттерді экраннан көрсету

Ә. Қастеев жөніндегі сабақ

Дөңгелене билеу, ұлттық би, нақышына келтіру

Үлестірме

Сабақтың жүргізілу барысы

А Мәтіналды жаттығулар

1-тапсырма. Қолыңдағы сұраққа сыныптастарыңнан жауап ізде.

-Мәтін неден құралады?
-Мәтін деген не?
-Мәтіннің атауын не деп атаймыз?
-Мәтін тақырыбы қалай, неге сүйеніп құрылады?
-Қандай сөйлемдер мәтін құрайды?
-Мәтіндегі сөйлемдердің орнын ауыстыруға бола ма?
-Мәтін қандай бөліктерден тұрады?
-Әр бөлік қалай жазылады?
-Мәтіннің қандай түрлерін білеміз?

2-тапсырма. Мәтіндерді анықтамасымен сәйкестендір. Жауапты жұбыңмен салыстыр.

Әңгімелеу Сөйлемдер заттың түр, түсін, қасиетін
суреттейді. «Қандай?» деген сұраққа жауап
береді. Тірек сөздері сын есімнен болады.

Сипаттау «Неліктен?» деген сұраққа жауап береді.
Пайымдау Бірінші сөйлемде негізгі ой айтылады. Қалған
сөйлемдерде сол ой дәлелденеді.

Мәтін «не істейді, не істеді?» деген
сұрақтарға жауап береді. Тірек сөздері
етістіктен болады. Мәтін соңында негізгі ой
айтылады.

1-тапсырманың жауаптарын білгің келе ме? Сұрағыңа жауап тап.
1. Сөйлемнен
2. Жазбаша, ауызша ойды жеткізу
3. Тақырып
4. Негізгі ойға, мазмұнына
5. Бір-бірімен байланысты сөйлемдер ғана мәтін құрайды
6. Жоқ, Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің өз орны болады
7. Басы, негізгі бөлімі, соңы
8. Абзацтан және жаңа жолдан басталып жазылады
9. Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау

О Оқылымалды тапсырмалары

3-тапсырма. Суреттегі биші туралы не білесің? Берілген сөз бен сөз тіркестерін

қатыстырып, жұбыңа әңгімеле.

Дөңгелене билеу
Ұлттық би

Шапалақ ұру

Концерт

4-тапсырма. (Мәтінмен жұмыс кезеңі.) Биші Шара Жиенқұлова туралы екі мәтінді оқып,
мәтіннің түрін анықта. Астын сыз. Анықтамаға сай дәлелде.
1-мәтін – Әңгімелеу. Сипаттау. Пайымдау.
2-мәтін - Әңгімелеу. Сипаттау. Пайымдау.

1-мәтін
Алатаудың бөктерінде бау-бақшаға малынған әсем Алматы. Алматыны алманың
атасы десе дегендей-ақ, жас кезімнен есімде қалған бір нәрсе – алыстан алма иісі аңқып
тұрушы еді. Мен осы Алматыда 1912 жылы дүниеге келіппін.
Таудың айы кеш туады, күні де кеш шығады. Сондықтан жайлаудың жұрты ай туғанға
қаратпай сауықты бастап жібереді. ...Жұрт ортасына қалай топ ете түскенімді білмедім.
Көзім жапақ-жапақ етіп жан-жағыма қараймын. – Ей, мына қыз билейін деп тұр! – Қане,
Гүлшара, биле! Хұсайын деген гармоншы жігіт бидің бір сазын құйқылжыта жөнелмесін
бе? Дөңгелене жөнелдім. Әлі ойланам, соным не би, апыр-ау?! Сірә, мен көргенімді,
ұғынған-түйсінген, айналамды қоршаған әлемнен көріп-баққанымды би тіліне
айналдырсам керек. Содан кейін де мен осымнан жазбадым. Күнде кешкілік сауық-серіде:
«Ал, Шара, биле!» – дейді, билеп ала жөнелем. Күй ырғағына қарай ат боп шабам, ұршық
иірем, киіз басам, күбі пісем, не керек, көрген-білгенімнің бәрін жұрттың көз алдына
келтірем. Басыма бөрік, беліме белбеу тағып, қамшы ұстап, кейде бозбала болып
шығамын, «қыздарға қырындап», көз қысып, елдің ішек-сілесін қатырам. Күніне, әйтеуір,
бір өнер шығарам.
«1928 жылы, бейсенбі күні, марттың бірінде «Орион» клубында «Тілші», «Камбағарлар
ауазы», «Искра» басқармалары тарапынан үлкен әдебиет-би кеші жасалады. Бұл кеште
Алматы қаласындағы қазақ, орыс сауықшыл жастарының қатыспайтыны болмайды.
Әсіресе, Алматыдағы атақты биші Шара Баймолдақызы тарапынан «Майрамхан»,
«Шамиль» кавказ билері деген билер биленеді...». Әр өнер адамының осындай бір
жұлдызы жанатын күн болады. Менің таза артистік бишілік өмірімнің жұлдызы тап осы
күні жанды! «Халық көп болды, шапалақтан құлақ тұнды» деу қиын, бірі де есімде жоқ.
Қорқу мен қуаныш қатар келгенде ес болмайды екен адамда. Өң мен түстің арасында
өткендей ғажап сәт еді ол. Ұққаным: тағдырым – би. Одан басқа жол жоқ!

Шара Жиенқұлованың «Өмірім менің – өнерім» кітабы бойынша
дайындаған Марфуға ШАПИЯН

2-мәтін
Өткен ғасырдың 60-шы жылдарының басында біздің ауылға концерт қоюшылар жиі
келетін. Бір күні ауыл клубы алдында “Шара Жиенқұлованың би концертіне шақырамыз”
деген жарнама пайда болды. Хабарландыру қасына мың бұралған бишінің үлкен суреті
ілінген екен. Мектептен бірге қайтқан сыныптастар бәріміз ә дегеннен тани кеттік.
“Мәдениет және тұрмыс”, “Қазақстан әйелдері” сияқты журналдар мұқабасында талай рет
жарық көрген таныс бейне...
Сонымен концерт басталды да кетті. Клуб ішінде ине шаншар жер жоқ. Көмекшісіне

айтып, Шара апай бізді алдыңғы қатарлардың біріне жайғастырған еді. Сондықтан қанша
кішкентай болсам да, мойнымды созып, әуре болмай-ақ, ол кісінің өнерін еркін
тамашалауға мүмкіндік алған едім.

Міне, өнер деп осыны айтыңыз! Әуелі сахнаға ол кісі қазақ биін билеп шықты. Ұлттық
биіміздің осыншалық көркем нақыштарға толы екендігін алғаш көріп, айран-асыр күйде
отырдым. Көркем сөз оқушысы қысқа бір сөздерін айтып болғанша, Шара апай әп - сәтте
киімін өзгертіп, біресе өзбек биін, келесіде үнді, орыс, ауған билерін билеп шыға келеді
сахнаға. “Қалай үлгереді екен?” деп таңқалудамын.

Қос білегін бірдей ирелеңдеткенде, жылан жорғалай жөнелгендей әсерде қалады
екенсің. Тағы бірде бүркітші, аңшы, шабандоз билерін билеп шыға келгенінде өз көзіме
өзім сенбей қаламын. Бағана ғана біздің үйде түскі асты бізбен бірге ішкен кісіге мүлдем
ұқсамайтын сияқты. Біртүрлі концерт жалғасқан сайын құлпырып, сұлуланып кеткендей.
Әр жолы тотыдайын таранып шыға келгенінде, сол кісі ме, жоқ па, деп сәл абдырап
отырғаным да есімде.

Нұрлытай Үркімбай

5-тапсырма. (Мәтіннен кейінгі кезең) Асты сызылған сөздерді не сөз тіркестерін
анықтамасымен сәйкестендір.

1. _________________________________________қатты күлдіру
2. _________________________________________айналып билеу
3. _________________________________________көңіл көтеретін думанды жиын-той
4. _________________________________________қыздарға көз салу
5. _________________________________________ән-күйдің, өлеңнің мәнері, сазы.
6. _________________________________________бос орын жоқ.
7. _________________________________________таң қалу, қайран қалу.

Бағалау критерийі Дескриптор

Мәтінді түсініп оқиды. 1. Екі мәтіннің түрін анықтайды.
2. Анықтама арқылы дәлелдейді.
3. Мәтіннен сипаттамаға сай сөздерді

табады.
4. Бұл сөздер мәтіннің қай түріне жауап

беретінін анықтайды.

8-БӨЛІМ: «Қызым – жағадағы құндызым, ұлым – аспандағы жұлдызым»

8.1. Сабақтың тақырыбы: «Жақсы жігіт белгісі»

Оқу мақсаттары 8.1.4.1 - орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық
шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау;
Сабақ мақсаттары 8.2.5.1 - пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша
Құндылықтарды өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін
дарыту жауап беру.
Бастапқы білім Үзіндіні тыңдап, тақырыбы мен идеясын талдайды;
Тірек сөздер пікірталасқа қатыстып, өз пікірін сенімді дәлелдейді.

Адамгершілік

Тарихи тұлғалар тағылымы

Жақсы жігіт, батыр, мырза.

Сабақтың жүргізілу барысы
Т Мәтіналды жаттығулар

1-тапсырма. Шеңбер бойымен тұрып, жасыл түспен берілген сөздерден бастап
оқы. Осы сөздің мағынасын қызыл түспен жазылған сөздің ішінен тауып айт.

Естимін Айтамын Естимін Айтамын Естимін Айтамын
жарасар дұрыс түз батырлар жебе тұлпар
киген сауыт
арғымақ садақтың жөн көбе үйден алыс
оғы үйлесер

2-тапсырма. Жігіттің бойында қандай қасиеттер болуы керек? Осы туралы ойланып,
жұбыңызбен ой картасын толтыр.

Т Мәтінмен жұмыс кезеңі
3-тапсырма. Ізбасты шешеннің «Қас жүйріктің белгісі» туындысын тыңда. Мәтін
бойынша жақсы және жаман жігіттің белгісін бөліп жаз.

4-тапсырма. Жұбыңызбен талқылып, сұрақтарға жауап бер.
 Шығарма не туралы?
 Автор шығарма арқылы қандай ой тастайды?
 Автордың пікірімен келісесіз бе?
 Шығарма тақырыбы бүгінгі заманда қаншалықты өзекті?

А Айтылым
5-тапсырма. «Жігіттерді жақсы мен жаманға бөлуге бола ма?» тақырыбында алты топқа
бөлініп, «Ақылдың алты қалпағы» әдісі бойынша пікір білдір.

Бағалау критерийі Дескриптор

Шығармадан үзінді Сұрақтарға жауап береді;
тыңдап, тақырыбы мен шығарманың тақырыбын бүгінгі өмірмен салыстырады;
идеясын анықтайды. өмірден мысалдар келтіреді.
Пікірталасқа қатыстып, өз Өзіне тиесілі қалпаққа сай ой білдіреді;
пікірін сенімді дәлелдейді сенімді сөйлейді;
дәлел келтіреді.

8.2. Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин әңгімелері

Оқу мақсаттары 8.3.3.1 - прозалық және поэзиялық шығармалардың
Сабақ мақсаттары композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс -
әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру

Әңгіменің композициялық құрылымын анықтайды;
кейіпкердің әрекетіне баға береді.

Құндылықтарды дарыту Адамгершілік

Бастапқы білім «Жақсы жігіт белгісі»
Тірек сөздер Қанағат, әке тәлімі, шеше ақылы

Сабақтың жүргізілу барысы

О Мәтіналды жаттығулары

1-тапсырма. Сөздерді мағынасына сай орналастыр.

Ертіп жүру, таға, ұста, аяңдап жүру, қанағат, құр, қиқым.

1. ____________ - жылқының тұяғы тозбау үшін қағылатын темірден жасалған құрал.
2. ____________ - ақырын, асықпай жүру.
3. ____________ - өзінің қасына алып, бірге жүру.
4. ____________ - барға ризашылық ету.
5. ____________ - бірнәрседен қалған қалдық.
6. ____________ - босқа, бекерге.
7. ____________ - шебер адам.

О Мәтінмен жұмыс кезеңі.

2-тапсырма. Әңгімелерді түсініп оқы. Екі әңгіменің мазмұнын салыстыр.

Әке мен бала
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір
ескі тағасын көріп, баласына айтты: — Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп. Бала әкесіне:
— Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп
алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі
қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие
сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына
түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер
өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ
қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды.
Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір

әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі
тоқтап тұрып айтты: — Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп
алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің
орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп
жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді.

Бір уыс мақта
Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып,
ақыл айтты: - Балам, дүниедегі жаратылған жәндік-жансыздардың ешқайсысының да
керексіз болып, жерде қалатыны болмайды,- деп. Сол сөзді айтып отырғанда, қыз бала
киімін жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады: -
Әже, осы қиқымның ешнәрсеге керегі бола қалмас,- деп. Шешесі: - Балам, сол да жерде
қалмайды,- деді. Осылайша сөйлесіп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел
көтеріп ұшырды, мұны бір торғай көріп қуып барып, мақтаны тұмсығына тістеп қана
алып, ұшып кетті. Қыз әжесінен: - Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны
неғылады? – деп сұрады. Әжесі айтты: - Көрдің бе, балам, күн айналмай манағы айтқан
сөздің келгенін. Ол кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық
етеді,- деді.

(Ыбырай Алтынсарин)

3-тапсырма.Мәтіндер бойынша «Шын немесе жалған» тапсырмасын орында.

Шын Жалған

Тағаны бірге алып жүруге бала бірден келісті.

Әке тағаны ұстаға сатты.

Тағаны сатқан ақшаға әкесі шие сатып алды.

Әкесі жол бойына балаға бір шиеден қолына беріп отырды.

Соңында әкесі баласына өз ақылын айтты.

Шешесі шапан жамап отырды.

Қыз мақтаның қиқымын терезеден лақтырды.

Мақтаның қиқымын жел ұшырып әкетті.

Шешесі қызына өз ақылын айтты.

4-тапсырма. Әңгімелердің композициялық құрылымын анықтап жаз.

Сюжеттің басталуы - оқиға Сюжеттік байланыс – Шарықтау шегі – ең негізгі Шешім – көріністердің
басталмастан бұрынғы әрекеттің басы, тартыстың маңызды оқиғалардың соңғы сахнасы, оқиғалар
жағдай, қоғамдық орта, өрбуі.
оқиға орны суреттеледі. басталуы. мен тартыстардың
аяқталуы.

О Мәтіннен кейінгі кезең
5-тапсырма. Кейіпкерлердің әрекеті туралы не ойлайсың?

Әке Шеше Бала Қыз

Бағалау критерийі Дескриптор

Әңгіменің композициялық сюжеттің басталуын анықтайды;
құрылымын анықтайды. сюжеттік байланысты жазады;
шарықтау шегі мен шешімді анықтап жазады;
Кейіпкердің әрекетіне баға әр кейіпкердің әрекетіне пікір білдіреді;
береді. өз ойын анық, түсінікті жеткізе алады.

8.3. Сабақтың тақырыбы: «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры (үзінді). Баян бейнесі

Оқу мақсаттары 8.1.2.1 - тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну,
Сабақ мақсаттары детальді ақпараттарды анықтау.
Құндылықтарды дарыту 8.2.1.1 - тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды
қолданып, ауызша мәтіндер құрау.
Мәтін мазмұнын түсініп, детальді ақпараттарды
анықтайды;
көркемдегіш құралдарды қолданып, мәтін құрайды.

Құрмет

Бастапқы білім Ы.Алтынсарин әңгімелері
Тірек сөздер Баян сұлу, сұлу, тал бойында міні жоқ

Сабақтың жүргізілу барысы

Т Мәтіналды жаттығуы

1-тапсырма.
Төмендегі сөздердің мағынасын болжап көр. Мұғалім жауабымен салыстырып, дәптерге
жазып ал.

 Тал шыбықтай бұралған
 Қыпша бел
 Алма мойын
 Қолаң шашты
 Меруерт тісті
 Қылығы наз

Т Мәтінмен жұмыс кезеңі

2-тапсырма. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырынан үзіндіні тыңда. Бос орындарға
қажетті сөздерді жаз.

..Қарабай — Сарыбаймен мерген екен.
Күні жетіп Сарыбай өлген екен.
Бұл ауғалы ______________болып қапты,
Қыз Баян да он төртке келген екен.
Тал шыбықтай бұралған өзі көрім,
Мінеки оны айтатын келді жерім,

_________, ________, сұлу Баян,
Сипаты жаннан асқан ол бір серім!
Тал бойының міні жоқ, қолаң шашты!
Шашының ұзындығы тізін басты.
_____________аузына меруерт тісті,
Ондай жан дүниеде жаралмас-ты.
Аппақ көрік ___________, қылығы наз.
Малың түгіл басыңды берсеңдағы аз.
Сыртынан күлімсіреп сөйлессе де,
Көңілі қош болмайды, баймен араз.
Жұрт айтатын темірлі күймесі бар,
Қозы Көрпеш дегенде дүниесі тар.
Анда-санда болмаса сөйлеспейді,
Жалғыз жатып Қозы үшін қылады зар
Киімі Баян қыздың бәрі —__________,
Алтын сырға, білезік жаннан бөлек,
Үлде-бүлде, _________________,
Екі апаның көңілі тіпті зерек.

(«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырынан үзінді)

3-тапсырма. Сұрақтарды жұпта талқылап, жауап бер.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры не туралы?
Жырда Баян сұлуды қалай бейнелейді?
Баянның бейнесін басқа бір кейіпкердің бейнесімен салыстырып көріңіз.
Бүгінде Баян сияқты сұлу қыздар көп пе?

А Мәтіннен кейінгі кезең

4-тапсырма. «Бүгінгінің Баян сұлуы» байқауының қатысушысы –
Жанардың суретіне қарап, таныс. Жоғарыдағы жаңа сөздерді
қолданып, Жанарды көпшілікке таныстырып көр.

Түр келбеті; Дескриптор
қызығушылығы;
білімі, оқу орны; Сөздерді бос орынға қойып жазады;
үлгі тұтатын адамдары. сұрақтарға жауап береді.

Бағалау критерийі Мәтіндегі көркемдегіш құралдарды
қолданып, суреттегі қызды таныстырады;
Мәтін мазмұнын түсініп, детальді
ақпараттарды анықтайды.

Көркемдегіш құралдарды қолданып, мәтін
құрайды.

8.4. Сабақтың тақырыбы: «Қыз бен ұл тәрбиесі»

Оқу мақсаттары 8.3.5.1 - қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді
қолдана отырып, мәтінге өзгеріс енгізу, ерекшеліктерді
Сабақ мақсаттары бақылау.
Құндылықтарды дарыту 8.4.1.1 - мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін
сақтап, пікір жазу;

Мәтін мазмұнынын түсінеді;
мәтінге өзгеріс енгізеді;
мәтіндегі ойға қатысты пікір жазады.

Адамгершілік, құрмет, ашықтық

Бастапқы білім «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жыры. Баян бейнесі.
Тірек сөздер Халықтық педагогика, ұл мен қыз тәрбиесі, үлкенге құрмет.

Сабақтың жүргізілу барысы
О Мәтіналды жаттығулары

1-тапсырма. Сөздерді дұрыс орналастырып, қанатты сөзді оқы. Қанатты сөздің
мағынасын жұпта талқылап, сабақтың тақырыбын болжа.

тәрбиелейміз халықты, ұл тәрбиелей отырып, қыз тәрбиелей тәрбиелейміз отырып,
ұлт.
М.Әуезов

О Мәтінмен жұмыс кезеңі

2-тапсырма. «Қазақ отбасындағы қыз бен ұл тәрбиесі туралы не білесіз?» деген сауалға
жауап берушілердің пікірін оқы. Тұжырымдардың қай сөйлеушінің пікірі екенін тап.

Оқылым мәтіні
А) Жанат. Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика
мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында
жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер,
ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі
дүниетанымды ғана ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп
отырған.
Ә) Сәбит. Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық,
экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие
түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды.
Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту,
ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына
тәрбиелеу болды. Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп
қарастырды. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған.
Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз
баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйрету
арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын үнемшілдікке, тәуекелшілдікке
үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған.

Б) Зейнеп. Қазақ отбасында ер баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген. Оны жүзеге
асыруда олар тек үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілікке арту әдістерін шебер пайдаланған.

Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа
мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз
жүргізу сияқты істерге бірге ертіп жүрген.

В) Батыр. Қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор. Қазақ халқының
отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтын бір ұшы олардың жасы кішісінің
үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың,
шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептемейміз. Және қазақ отбасындағы
бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке-жеке мән беріп қарастыру да оның
өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі. Үлкенді құрметтеу отбасы
мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін
туғызған. Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген «заңдары» әке мен ұлдың,
шеше мен қыз баланың, әке мен қыздың, қыз бен жеңгенің, келін мен ененің, келін мен
атаның, нағашы мен жиеннің, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым-қатынастары
әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті.

Ғаламтордан

Ер баланы ел ісіне ерте араластырған __________
Әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың сөйлеуі ұят саналады _________
Қазақ халқында ежелден халықтық педагогика дамыған ________
Ұлдарды кішкентайынан өз отбасын асырауға, қорған болуға баулыған ______
Қазақ халқында ұл мен қыз тәрбиесінде өзіндік ерекшеліктер бар ________
Қыз балаларға үй шаруасымен айналысуды жастайынан үйреткен ________
Қазақ отбасында бір-бірін сыйлап, құрметтеуге ерекше көңіл бөлген ________

3-тапсырма. Мәтін мазмұнына сай келетін мақалдарды тауып белгіле.

Мақал-мәтелдер Сай келеді Сай келмейді
Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,
шеше тұрып қыз сөйлегеннен без.

Әке – балаға сыншы
Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
Әке көрген – оқ жонар, ана көрген – тон пішер.

4-тапсырма. Жоғарыдағы мақалдардан басқа бала тәрбиесіне қатысты мақалдарды
қосымша дерек көздерден тауып көр. Сол мақалдарды қолданып, мәтінге өзгеріс енгіз.

Ж Жазылым жұмысы

5-тапсырма. Ұл мен қыз тәрбиесіне қатысты ой білдірушілерге арнап пікір жаз.

Сіз олардың пікірін қолдайсыз ба?
Сіздің пікіріңіз кімнің ойына жақын? Неліктен?
Қай пікірмен келіспейсіз? Неліктен?
Халық мақалдарына қатысты ой білдіріңіз.
Сіздің ойыңызша бұл мақалдар бүгінде қаншалықты маңызды?

Бағалау критерийі Дескриптор

Мәтін мазмұнынын  тұжырымдарды кімнің пікірі екенін анықтап, белгілейді;
түсінеді;  мәтін мазмұнына сай/сай емес мақалдарды анықтайды;
мәтінге өзгеріс  мақал-мәтелдерді табады;
енгізеді;  өздері тапқан мақалдарды қолданып, мәтінге өзгеріс
мәтіндегі ойға
қатысты пікір енгізеді;
жазады.  пікір жазады;
 өз ойын айқын жеткізеді;
 жазылымда мақал-мәтелдерді қолданады.

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ қызы»

Оқу мақсаттары 8.1.1.1 - мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы
көтерілетін мәселені болжау.
Сабақ мақсаттары 8.2.1.1 - тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды
қолданып, ауызша мәтіндер құрау.
Құндылықтарды Суреттерге сүйеніп, мәтін мазмұнын болжайды;
дарыту көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтін құрайды.
Бастапқы білім
Тірек сөздер Құрмет, ашықтық

Ұл мен қыз тәрбиесі

Қыз сыны, қарақат көзді, қасы қиылған, талбойы нәзік.

Сабақтың жүргізілу барысы

Т Мәтіналды жаттығулар

1-тапсырма. Қыздардың суреттеріне мұқият қара. Ұсынылған тұжырымдарды оқып,
дұрыс немесе бұрыс екенін тауып көр.

Бірінші бойжеткен ақ сары жүзді.
Екінші бикеш қайқы кірпікті, қой көзді.
Суреттегі үшінші сұлудың шашы иықтан жерге төгілген.
Төртінші қыздың қасы қиылған, қарақат көзді.
Бесінші ару ұзын қара шашты, шашбау таққан.

2-тапсырма. Кестедегі сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір.

Бүрмелі көйлек Шашы ұзын, қолаң шашты
Үкілі кәмшат Қазақ халқының дәстүрлі көйлегі
Иықтан шашы төгіліп жерге Бойы нәзіктікке толы
Талбойы нәзік Үкі тағылған бас киім
Дидары нұрлы Жылы жүзді

Т Мәтінмен жұмыс кезеңі
3-тапсырма. Ән мәтінімен танысып шық. Мәтіндегі суреттердің орнына болжаммен
қажет сөзді қойып шық.

Қыз сыны

Әні мен сөзін жазған: М.Омаров
Үкілі кәмшат,

Тұрғандай өзі қимылсыз билеп
Иықтан шашы төгіліп жерге

жарасып белге

Қиылған қасы,
Жүректі баурап оятар сезім

Талбойың нәзік

Дидарың нұрлы

Жаңарып қайта, жаңғырып көнем
Ләззәт алар көрген жан сенен
Көркіңнен сенің айналдым еркем
Қазақтың салтын сақтаған көркем
Көркіңнен сенің айналдым еркем
Қазақтың салтын сақтаған көркем

4-тапсырма. Әнді тыңдап, болжамдарыңның қаншалықты сәйкес келгенін тексер.
Аяқталмаған сөйлемдерді жалғастыр.

Әннің тақырыбы...

Автор осы ән арқылы...
Қыздардың бейнесі...
Әннің мазмұны...
Әннің мелодиясы...

А Айтылым

5-тапсырма. Ұсынылған тіркестерді қолданып, сыныптағы қыздарды сипаттап бер.

Аққу мойын, қиғаш қас, қарақат көзді, бидай өңді, қалың қабақты, дөңгелек жүзді,
көзі үлкен, шашы иығына төгілген, жазық маңдайлы, қыпша белді, ұзын шашты, шие
ерінді, меруерт тісті, наз қылықты, ерке.

Бағалау критерийі Дескриптор

Суреттерге сүйеніп, Суреттерге қарап, қажет сөзді болжаммен жазады;
мәтін мазмұнын болжамының қаншалықты сай келгенін бағалайды;
болжайды. ұсынылған тіркестерді қолданып, сыныптағы қыздарды
Көркемдегіш сипаттайды;
құралдарды қолданып, ойын көпшілікке еркін жеткізе алады.
ауызша мәтін құрайды.

9-бөлім: Биоалуантүрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер
М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі

9.1 Сабақтың тақырыбы: «Қызыл кітап»

Оқу мақсаттары 8.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде
деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру
Сабақ мақсаттары
«Қызыл кітап» мәтінін тыңдап, сұрақтарға дәлелді
Құндылықтарды дарыту жауап беру
Пәнаралық байланыс
АКТ қолдану дағдылары жауапкершілік, құрмет
Бастапқы білім
биология
Тірек сөздер
Қажетті ресурстар аудио ресурс

«Қызым – жағадағы құндызым, ұлым аспандағы –
жұлдызым»

сүтқоректі, қосмекенділер, жойылу, тіркеледі, сирек

суреттер, таратпа материал

Сабақтың жүргізілу барысы

Т Тыңдалым

1-тапсырма. Тірек сөздерді төмендегі суреттермен, синоним сөздермен сәйкестендір.
а

жоқ болу, құру тізімге енгізу, кітапқа жазып қою аз
б в г

2-тапсырма. Мәтінді тыңда, мәтінге сай келетін 3 дұрыс тұжырымды анықта.

Тұжырымдар Дұрыс + Бұрыс -
Қызыл кітапқа саны азайып, қорғауға алынатын жануарлар мен
өсімдіктер енгізіледі.
Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 21
ғасырдың бас кезінде қолға алынды.
Сүтқоректілер Қызыл кітаптың 1-томында тіркелген.
Жойылып бара жатқан жануарлардың санын көбейту үшін
зоологиялық парктер жұмыс істейді.
Халықаралық табиғат қорғау одағы 1948 жылы
ұйымдастырылды.

3-тапсырма. Мәтінді екінші рет тыңда. Деректерді қолданып, сұрақтарға жауап бер.

 Сенің ойыңша қызыл түс ненің белгісі?
 Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағының мақсаты қандай деп ойлайсың?
 Адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасаған алғашқы қадамдарын ата.
 Қорғауды қажет ететін тіршілік түрлерін көбейту шаралары қалай шешілуде?

4-тапсырма. "Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ"
тақырыбында пікірталасқа қатыс. Көзқарасыңды білдіруде тірек сөздерді, мағыналас
сөздерді қолдан.

Пікірталас шарттары:
1. Екі топ өз ойларын ортаға салады

(регламент 3 минут)
2. Сұрақ-жауап кезеңі.
3. Спикерлердің қорытындысы.
4. Сарапшылардың қорытынды сөзі.

Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор
Тыңдалым №
материалдарының Оқушы
мазмұны негізінде 1 - тірек сөздердің мағынасын түсінеді;
деректерді келтіре 2 - мәтінге сай келетін 3 дұрыс тұжырымды анықтайды;
отырып, дәлелді 3 - кем дегенде 3 сұраққа мәтіннен ақпараттар табады;
жауап береді - 1 сөйлеммен жауап береді;
4 - мәселеге қатысты көзқарасын 3-4 сөйлеммен
білдіреді;
- жауабында тірек сөздерді орынды қолданады.

9.2 Биоалуантүрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі

Оқу мақсаттары 8.3.1.1 перифраз түрінде берілген сұрақ арқылы қажетті
ақпаратты анықтау
Сабақ мақсаттары
Құндылықтарды дарыту мәтінді оқып, қажетті ақпаратты анықтайды
Пәнаралық байланыс
АКТ қолдану дағдылары жауапкершілік, құрмет
Бастапқы білім
Тірек сөздер биология

Қажетті ресурстар PowerPoint презентациясы

«Қызыл кітап»

күшік, ін, қаңырап қалды, асырау, жақындатпайды, ер
жете.

Сабақтың жүргізілу барысы

О Оқылымалды тапсырмасы

1-тапсырма. Сыныпта «сары кітап», «қара кітап», «қызыл кітап» түрлерімен үш
топқа бөлініп, кітап түрлерінің айырмашылықтарын түсіндір. Сурет бойынша
әңгіме мазмұнын болжап көр.

- Әңгіме кейіпкерлері кім болады деп ойлайсың?
- Қасқыр жайлы не білесің?
- Аңның қандай ерекшеліктері бар?
- Қасқыр туралы қандай шығармалар оқыдың?

2-тапсырма. Әңгіме үзіндісін оқып, берілген сұрақтарды жұпта талқылап, жауап бер.

М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі (үзінді)
Ертеңіне түсте жат иіс шықты, алыстан әлдеқандай дабырлаған дауыстар естіліп,
жақындап келе жатты. Күшіктерді жоталарынан тістелеп, індерге тығып-тығып тастап, ақ
қасқыр қараған ішіне кірді.

Ін үстіне мүйіз тұяқтар тасырлап дүбірлетіп келді, айқай-дабыр молайды. Бірі үстіне
бірі келіп, жиын көбейді. Жерге ат үстінен тастаған ағаштар сарт-сарт түсіп жатты. Ін
аузына екі аяқтылар жыбырлады. Көргіш көздер ін түбіне қадалды. Күшіктер бірі үстіне
бірі үйіліп, баурын көтеріп қыбырлай алмай, жақын жерде жатыр еді.

Жып-жылы мықты тұсаулар мойнынан, жотадан ұстап бар күшікті сыртқа алып
шықты. Жеті күшіктің бесеуін көздеріне қарап отырып өлтірді де, екі кішкенесін тірі
қалдырды. Кетерде бұның біреуінің тірсегін қиып қалдырды да, екінші біреуін - ең
кенжесін алып жүріп кетті. Қалған жалғыз күшікті тістелеп алып, екі қасқыр жоқ болды.
Ін қаңырап қалды... Осыдан соң бір жұма бойы маңайдағы ел күндіз-түні у-шу болып
жатты. Қой жараланды. Қозы алып қашылды. Бұзаулар өлтірілді. Далада құлындаған
биелердің бірнеше құлындары желінді...

Тұтқын болып кеткен көк күшік ауыл тұрғыны болды. Көзін ауылға келгесін екі
күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш «Көксерек» деп ат қойып
алды. Ертенді-кеш айналасынан шықпайды. Өзіне жеке асқұйғыш-итаяқ әзір болды.
Баурын көтеріп, тырбанып жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды. Үй ішінен
шықпайды. Түн баласында Құрмаш қасына алып жатады. Сол үшін кәрі әжесінің
қойнынан да шығып кетті. Бөлек жатады. Қасында не аяқ жағында, көрпенің астында
Көксерек жатады.

Жаз ортасына жақындаған кез болды. Көксерек үлкейді. Семіріп жонданғандай да
болды. Бірақ үлкейісі даладағыдай емес, бәсендеу. Ауылдағы өзі құрбы күшіктерден
сонша үлкен емес. Бұл уақытқа шейін Көксерек ауыл итінен көресіні көрді. Бірде-бір ит
мұны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл төбеттер бұны
талап та тастайды. Өзге көп ит те ырылдап үріп, кейде тап беріп, әр жерінен тістеп тартып
кетеді.

Құрмаш қасында болғанда таяқ жемейді. Бірақ ержете бастаған сайын бұдан иесі көз
жазып қала берді. Сондай кезде Көксерекке ылғи жау иттер кездеседі...

Көркем шығармада қандай тақырып көтерілген?
Қасқыр інінің қаңырап қалуына не себеп болды?
Құрмаштың күшікке бауыр басып қалуының салдарын болжап көр.
Мәтін негізінде екі сұрақ құрастырып, сыныптасыңнан жауап ал.

3-тапсырма. 1-топ «Көксерек», 2-топ «Құрмаш» портреттерін тірек сөздерді қолданып,
суреттеп бер (асыраушы, қатал, ызалы, қарсы келу, дос көрмейді, жақындатпайды,
аяушылық білдіреді, т.б.).

Перифраз – сөйлемге тілдік өзгерістер жасай отырып, белгілі бір ойды басқа сөзбен жеткізу.
Перифраз жасау тәсілдері:
Сөйлемдегі сөз формасын басқа сөз табына алмастыру.
Мысалы: зат есім → етістік, зат есім → сын есім, т.б.
Түпнұсқа: Ауа райы өзгерісі адам денсаулығының нашарлануына әкеп соқты.
Перифраз: Ауа райы өзгергендіктен адам денсаулығы нашарлады.
Синонимдерді қолдану.
Түпнұсқа: Менің апам ажарлы адам.
Перифраз: Менің апам әдемі жан.

Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор
Перифраз түрінде №
берілген сұрақ 1 Оқушы
арқылы қажетті - берілген сурет пен сұрақтар негізінде әңгіме
ақпаратты анықтау 2 мазұмнын болжайды;
3 -сұрақтар арқылы қажетті ақпаратты анықтайды;
-Құрмаш пен Көксеректі 2-3 сөйлеммен сипаттайды;
-тірек сөздерді орынды қолданады;

9.3 Биоалуантүрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер

М.Әуезов «Көксерек», «Қасқыр» әңгімелері

Оқу мақсаттары 8.2.4.1 идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар
желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнынның дамуын
Сабақ мақсаттары салыстыру және талдау

Құндылықтарды дарыту мәтіндердегі мазмұнының дамуын салыстыру және
Пәнаралық байланыс талдау
АКТ қолдану дағдылары
Бастапқы білім жауапкершілік, құрмет
Тірек сөздер
биология
Қажетті ресурстар
PowerPoint презентациясы
М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі

бөлтірік, көкжал, шабуыл, бағып-қаққан, қиянат,
қаңырап қалды, иесі

Венн диаграммасы, маркерлер, А3 форматындағы қағаз

Сабақтың жүргізілу барысы
Оқылымалды тапсырмасы
1-тапсырма. Кітап мұқабалары мен тірек сөздерге назар аударып, әңгіме мазмұнындарын
болжап көр. Кестеде берілген тірек сөздердің мағынасымен таныс.

Сөздер Мағынасы
Бөлтірік қасқырдың күшігі
Көкжал
Қиянат қасқырдың арланы
адамға жасалған зорлық-
Бағып-қағу зомбылық
Қаңырап
қалды асырау, тәрбиелеу
бос қалды

2-тапсырма. М.Әуезов «Көксерек» және «Қасқыр» әңгімелерінің үзіндісін оқып,
төмендегі тапсырмаларды орында.

М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі (үзінді)
..Бұл уақытқа шейін Көксерек ауыл итінен көресіні көрді. Бірде-бір ит мұны дос
көрмейді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл төбеттер бұны талап та
тастайды. Өзге көп ит те ырылдап үріп, кейде тап беріп, әр жерінен тістеп тартып кетеді.
Құрмаш қасында болғанда таяқ жемейді. Бірақ ержете бастаған сайын бұдан иесі көз
жазып қала берді. Сондай кезде Көксерекке ылғи жау иттер кездеседі...
…Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін

ұға алмады. Біресе өздері беріп тұрып: "же" дейді. Біресе сондай тамақты өзі тауып алып
жеп жатса, ұрып салады. Сол себепті кей кездері алдына дайындап қойған тамақты да
жемей, көзінің астымен жалт-жалт қарап жатушы еді.
…Осымен жүріп жаз ортасы ауған кезде Көксерек зіңгіттей көк шолақ қасқыр болып
шықты. Енді қара ала төбет те талай алмайды. … Көксерек арлан еді. Сондықтан бұның
бойы биіктене берді. …Өскен сайын сызданып, суықтанып келеді.
— Енді бұны өлтіріп, терісін алу керек осы кәпір түбінде ел болмайды, - дейтін де болып
еді. Бірақ Құрмаш көнбеді.
— Түу, мына кәпірдің екі көзі жап-жасыл боп кетіпті-ау, тұқымын сезген екен мына
жүзіқара қой балам, енді мұны өлтіріп, терісін алайық, - деп еді. Құрмаш бұл сөзге
көнбеді. Бірақ осы кештен екі күн өткен соң, Көксерек бір түн ішінде жоқ болды. Құрмаш
қашып кетті деуге қимай, айналадағы ши-қарағанды, жар-жыраларды тегіс арылтты. Таба
алмады. Осымен жұрттың бәрі кеттіге есептеп қойып еді, үш күн өткенде бір күні
таңертең ойда жоқта Көксерек өз-өзінен сап ете түсті. Құрмаш пен әжесі қасқырдың бұл
мінезіне сүйсініп, қуана қарсы алды.
…Күздің бір қара дауылды қара түнінде Көксерек тағы жоқ боп шықты. Бұл жолғысы
шын болды. Енді қайтып оралмастай болып кетті. …Түн баласында бір ауылдың шуын бір
ауылдікіне қосып, бықпырт тигендей қылады. Жаздай жеген қозы, бұзауының саны елу-
алпысқа жетті.
…Жаз бойы жалғыз тіршілік етті. Ащы көлдің солтүстік жағын жайлаған бес-алты ауыл
Көксеректен тағы да көресіні көрді. Күндіз келіп көл жағасындағы қамыста жатады.
…Қайтадан қарлы, боранды қыс келді. Аязды, елсіз ұзақ далаларда аштық түндері
басталды. ...Қойшы үлкен емес, бала даусы шошытпайды. Қой дүркіреп үркіп, қойшыға
қарай қашты. Қасқыр жақындап, бір қызыл қойға ауызды салғалы ентелеп келіп қалып еді,
бағанадан айғайлап келе жатқан қойшы қасына кеп қалыпты. Еріксіз жалтарып бұрыла
беріп еді, қойшы бастырып қуып жөнелді. …Туғаннан бергі барлық көресі осыдан — екі
аяқтыдан дегендей, жығылып домалап жатқан балаға тап берді. …Екпіндеп секіріп,
ырылдап кеп баланы бас салды. Бұл бала Құрмаш еді. Қойшы ауырып қалып, әкесі бір
күнге қойға жіберген еді. Содан әрі баланың үні өшті….

http://alashainasy.kz/proza/muhtar-auezov-kokserek-52914/

М.Әуезов «Қасқыр» әңгімесі (үзінді).
Аударма. Джек Лондоннан

Сонымен таудағы үйге Қасқыр қайта оралып келді.
Бұл жолы оны бір жұмадай шынжырлап қойысты. Ері мен әйелі кезек-кезек күтіп
барынша құштар болды. Бірақ бұлар барынша жақсы көріп сөйлесе де, ол ылғи ырылдай
қоя береді. Бөтенсіп бойына дарытпайды. Өзі еш уақытта үрмейді. Мыналар бірде-бір
үрген дыбысын естімеді.
Оны бойға үйір қылу өте ауыр болды. Бірақ Ирвин осындаймен арпалысуды жақсы
көруші еді. Ол қарғы жасатып, соған: "Калифорния, Сонома елкесі, Глин-Элендегі Уолт
Ирвинге қайтарылсын" деген жазу жаздырып, иттің мойнына кигізді. Содан кейін
шынжырдан босатып еді, ит сол сәтте жоқ болды. Арада бір күн өткен соң, Мендосино
өлкесінен телеграмм келді. Жиырма сағат шамасында Қасқыр жүз шақырым жерге кетіпті.
Беті ылғи Терістік. Жолда ұстап алмаса — кете беретін.
Оны жүк поезымен тағы қайта әкелді. Үш күндей шынжырда тұрып, төртінші күн
босатқанда тағы қашты. Бұл жолы Орегонға жеткен жерден ұстап қайтарыпты. Келесі
жолы қашқанда бұл қаңғыбас Калифорнияның жарымын кесіп өтіп, Орегон штатынан
асып, Вашингтон штатының да көп жерінен асқанда барып ұсталыпты. Жүрісінің
жылдамдығы тіпті ғажап!
Тынығып, тамақтанып, әл жиып алған сайын шырқап жөнеледі. Қашатыны ылғи
Терістік. Бірдеңе бастағандай, ұдайы солай тартады.
Ақыр аяғы бір жыл бойы қаша-қаша құтылмайтын болған соң, әйтеуір кеп көнді…
Ирвиндер Қасқырдың бұрынғы иесі кім екенін біле алған жоқ. Бұларға сүт әкеп
тұратын көрші әйел миссис Джонсон бұл Клондайкадан шыққан ит дей беретін…
Бір күні бұлар сейіл құрып, соқпақпен келе жатыр еді. Қалың түп тоғайдың

арасымен бір жіп-жіңішке су ағып жатыр екен. Сол судың соқпақты кесіп өтіп жатқан
жеріне бұлар жете бергенде, төмен жақтан бір дыбыс естілді…

Бағанадан бері тоғай арасында жортып жүрген қасқыр дәл осы кезде көрінекке шыға
кеп еді. Скиф Миллердің жүзі жарқ еткендей болды. Ол итке қадалып қарап қалғанда,
барлық денесі бір нәрсеге қатты ғажаптанғанның белгісін білдіргендей еді. Жай, салмақты
үнмен:

— Міне, ғажап! — деді.
Мұның үні шыққанда Қасқырдың екі құлағы жымиып, езуі күлгенге ұқсап ыржия
бастады. Ол жүргіншіге таман жүгіріңкіреп кеп, қолын иіскелеп, жалап алды.
Скиф Миллер иттің басын сипап қойып, тағы да жай салмақты үнмен:
— Міне ғажап! — деп тұрып, — ғафу етіңіз, ханым!
— Біз де аң-таңбыз, — деп Медж үн қатып, — біз Қасқырдың бөтен кісіге бүйткенін
көріп тұрғанымыз осы! — деді.
— Жирен! — деп қалып еді, ит құлағын жымитып еркелегендей болды. Сонымен
анау — ти! — дегенінде шыр айналып оңға қарап тұра қалды.
Медж дауысы қалтырап тұрып:
— Бірақ енді алып кетпейсіз ғой? — деп еді, анау болмайды дегендей қып басын
шайқады.
— Енді былай болсын. Өзі не тілесе, сол болсын. Сіз екеуіңіз осы арада отырып қалыңыз,
мен қоштасып кетейін. Егер маған еріп кетсе, кеткені болсын. Бірақ мен шақырмаймын,
сіздер де шақырмаңыздар, — деді де Меджге күдіктене қарады…
… Қасқырдың қысылуы ұлғая берді. Мұның бір уақытта екі жерде бірдей болғысы келеді.
Бұрынғы иесін де, жаңа иесін де қимады. …Барлық ықыласы соқпаққа ауған
тәрізді. …Қасқыр басында жортақтап бара жатыр еді, енді шаба жөнелді. Артына бір де
бір қараған жоқ. Мүйістен бір-ақ секіріп айналғанда, көзден ғайып болды.

https://kitap.kz/books/muxtar_auezov_qasqyr

А) екі үзінді бойынша топта жоспар құрып, екі әңгіменің мазмұнын салыстыр.

«Көксерек» «Қасқыр»

Ә) екі әңгіменің мазмұнына сәйкес келетін 3 дұрыс ақпаратты анықта.

№ Ақпарат «Иә» «Жоқ»

1 Екі шығармада адам мен табиғат арасындағы байланыс
көрсетілген.

2 Қасқыр есейген сайын бостандықты сағынбайды.

3 Құрмаш өзі бағып-қаққан жануардан қиянат көреді.

4 Жирен адалдығын танытып, бірінші иесін танып, артынан
еріп кетті.

3-тапсырма. Ит пен қасқырдың айырмашылығын топта әңгімелеп, Венн диаграммасын
толтыр (айырмашылығы, ортақ белгілер, ұқсастықтары).

4-тапсырма. Топта пікір алмасып көр.

 «Көксерек» әңгімесінде үлкендер қауымы қасқырдың бөлтірігін асырап бағу жаман
іс екенін біле тұра, Құрмаштың күшікті қолда ұстауына қарсы тұра алмауының
себептері мен салдары туралы ой білдір.

 «Ит тамақ үшін үреді, қасқыр ұрпақ үшін» деген сөздерді қалай түсінесің?

Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор
Идеялық жағынан №
ұқсас мәтіндердегі 1 Оқушы
оқиғалар желісіне - әңгімелер мазмұнын 2-3 сөйлеммен болжап айтады;
бақылау жасай 2
отырып, - жаңа тірек сөздердің мағынасын түсінеді;
мазмұнының 3
дамуын 4 - әңгімелердің оқиға желісін түсініп, жоспар құрады;
салыстырады және - шығармадағы мазмұнының дамуын салыстырады;
талдайды. - ит пен қасқырдың айырмашылығын көрсетеді;
- топта берілген сұрақтарға пікір білдіреді;
- сыныптастарының пікірлерімен
келісу/келіспеушілігін
айтып, жауаптарды толықтырады.

9.4 Биоалуантүрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер

Оқу мақсаттары 8.4.2.1 эссе құрылымы мен мен дамуын сақтап,
тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы
Сабақ мақсаттары шешілу жолдарын ұсыну

Құндылықтарды дарыту эссе құрылымын сақтайды;
Пәнаралық байланыс көтерілген мәселенің шешу жолдарын ұсынады
АКТ қолдану дағдылары
Бастапқы білім жауапкершілік, құрмет
Тірек сөздер
Қажетті ресурстар биология

PowerPoint презентациясы

М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі.
күзен, елік, тырна, қаншама, қиянкес, қоректенеді

Сабақтың жүргізілу барысы
Ж Жазылым
1-тапсырма. Қызыл кітапқа тіркелген құс, жанаурлармен танысып көр. Жойылып бара
жатқан тіршілік иелерін сақтап қалудың оңтайлы шешімін ұсынып, мәселені талқыла.
Қажетті сөздер: бақылау, жүйе, қорық, хайуанаттар паркі, есепке алу.

Елік – бұғылар тұқымдасына жататын жұптұяқты, сүтқоректі жануар.
Еліктің 3 түр тармағы (Еуропа, Сібір, Маньчжур) таралған. Қазақстанда
Сібір түр тармағы кездеседі. Дене тұрқы 120 – 160 см, шоқтығына дейінгі
биіктігі 75 – 100 см, салмағы 30 – 55 кг. Құйрығы өте қысқа. Ешкісі
мүйізсіз, текесінің мүйізі 25 – 40 см болады. Аяқтары жіңішке әрі ұзын.
Жеміс-жидек, мүк, қына және шөптесін өсімдіктердің жүзге жуық түрімен
қоректенеді. Жазда жеке-жеке, ал басқа кезде топталып жүреді.

Ақ тырна — тырналар тұқымдасының бір түрі. Қазақстанның
батыс және орталық аймақтарын көктемгі және күзгі ұшу
кезінде қоныстайды. Бұл кезде Наурызым қорығында, Ырғыз
және Торғай өзендері мен Арал теңізі жағалауында жиі
кездеседі. Мойны, аяғы ұзын. Қанатының қарымы 2 метрге,
салмағы 10 кг-ға дейін жетеді. Жойылып кету жағдайында
тұрған тұр. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Түрдің
жалпы саны 1,5 мыңнан аспайды. Қазақстанда ұшып өтетін ақ
тырналар тек Қорғалжын қорықтарында ғана қорғалады. Ақ
тырнаның қоныс аудару жолында орналасқан Торғой қорығын
құруды тездету қажет. 1981 жылдан Халықараралық “Ақ
тырна” жобасына сәйкес Ресейдің Окскі қорығында,
Американың Барабу, Германияның Вальсроде питомнигінде
қолдан өсірілуде.

Қара күзен
1-категория (жойылып бара жатқан). Ертеде Жайық өзенінің алқабы мен Еділдің
атырауында мекендеген. Бәсекесі америка су күзенін жерсіндіргеннен кейін қара күзен
бұл жерлерде кездеспейтін болды. Қазақстанда оның толық жойылып кетуі де мүмкін.
Еуропа қара күзенін қолда өсірудің шараларын дайындауды қолға алып, оны бұрынғы
мекендеген ортасына қайта жіберіп, сол жерлердегі америка су күзенін жоспарлы түрде
аулау шараларын қарастырудың мезгілі жеткен сияқты.

3-тапсырма. Эссе құрылымына назар аударып, ерекшеліктерімен танысып шық.
Кіріспе бөлімі 2 ойдан тұрады:

I. Кіріспе бөлім Жалпы пікір – оқырман көңілін аудару

1.Жалпы ой мақсатында жазылады және бірнеше сөйлемнен
2.Тезистік ой тұруы мүмкін;

ІІ. Негізгі бөлім Тезистік пікір – эсседегі талқыланатын негізгі
А. ойлардан тұрады және ол тақырыптық сөйлемге
ұқсайды. Яғни оқырманға эссе мазмұны туралы
Аңдату жалпы идеяны береді.
Мазмұндау
Мазмұндау

Мазмұндау Негізгі бөлім – бір немесе бірнеше абзацадан
тұрады. Әр абзацада бөлімдерге бөлінген
Қорыту тақырыпшалар дамытылады, ойлар талқыланып
В. ашылады. Олардың саны бөлінген
тақырыпшаларға байланысты.
Аңдату
Мазмұндау

Мазмұндау Қорытынды бөлім – негізгі бөлімде
Мазмұндау талқыланған мәселелерді қорытып, бір
тұжырымға келген сөйлемдерден тұрады.
Қорыту
С.

Аңдату

Мазмұндау 4-тапсырма. Тақырыптардың біреуін таңдап,
Мазмұндау 120 сөз көлемінде эссе жаз.
Мазмұндау
 «Адамның табиғат заңдылығына қарсы
Қорыту шығуы, табиғатқа жасаған қиянаттары»

Қорытынды бөлім  «Табиғат – тіршілік атаулының құтты
Негізгі ойларды қорытындылау қоныс-мекені, алтын ұя, тал бесігі»
және бір тұжырымға келу

Бағалау критерийі Дескриптор

Эссе құрылымы мен - кіріспе бөлімде кілт сөзге 3-4 сөйлеммен анықтама береді;
дамуын сақтап, - негізгі бөлімде мәселеге қатысты пікірін білдіреді; мысалдар
тақырыпқа байланысты
берілген мәселенің келтіреді; мәселенің шешу жолдарына 2-3 ұсыныс береді;
оңтайлы шешілу - тақырып бойынша меңгерген сөздерді орынды қолданады;
жолдарын ұсынады - қорытынды бөлімде тақырыпқа қатысты ой қорытындысын
жасайды.

9.5 Биоалуантүрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер

Сабақтың тақырыбы: «Өсімдіктер экологиясы»

Оқу мақсаттары 8.5.1.5 демеулік шылаулардың (болымсыздық немесе
қарсы мәнді, нақтылау) қызметін білу, ауызша және
Сабақ мақсаттары жазба жұмыстарда орынды қолдану

Құндылықтарды дарыту Демеулік шылауларды ауызша және жазба жұмыстарда
Пәнаралық байланыс орынды қолданады
АКТ қолдану дағдылары
Бастапқы білім азаматтық жауапкершілік
Тірек сөздер
Қажетті ресурстар биология

PowerPoint презентациясы

М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі
тал, көшет, қалпына келтіру, көзделіп отыр

Сабақтың жүргізілу барысы
Грамматиканы түсіну.
1-тапсырма. Демеулік шылаулар – тіркескен сөздеріне қосымша мағына, сөйлемге
эмоционалды өн беретін шылаулар.

Нақтылау мәнді демеуліктер: Болымсыздық демеуліктер: тұрсын,
қой (ғой), -ды, -ді, -ты, -ті. тұрмақ, тұрғай, түгіл.

Мысалы, сол ғой, айтқан-ды, көрген-ді. Мысалы, ол түгіл, сен тұрмақ.

Практикалық тапсырма
2-тапсырма. Мәтіннен демеулік шылауларды тауып, мағыналарын анықта.

Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып
келді және де өзінің жан-жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын
қолданып қана қойған жоқ, сонымен бірге табғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің
өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа ықпал етудің әсерінен жер бетінде
өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды. Ал жасыл
өсімдіктер Жер ғаламшарының «өкпесі» ғой, өсімдіктердің адам өмірінде де алатын орны
ерекше. Адам күнделікті өзіне қажетті тамағын, киімін және тұрмысына қажетті
бұйымдар мен заттарды да өсімдіктерден алады. Дана халқымыз «Атаңнан мал қалғанша

тал қалсын», «Бір ағаш кессең, он тал ек» деп айтқан-ды. Наурыз мейрамы кезінде
бұлақтардың көзі ашылып, жағалауына жасыл көшеттер егілген. Бұл мыңдаған жылдар
жалғасып келе жатқан халықтық экология үлгі-өнегелік дәстүр. Халықтық тыйым
сөздердің көпшілігі өсімдіктерді аялай білуге арналған. Мысалы, «жалғыз ағашты кеспе»,
«орманды өртеме», «көкті таптама», «гүлді жұлма», «бұтақты сындырма».

Қазақстанның өсімдіктерге арналған Қызыл кітабы 1981 жылы шықты. Онда 306
өсімдік түрі тіркелген-ді. Жаңа нұсқасына 400 өсімдік түрін тіркеу көзделіп отыр.

Өнім не нәтиже

3-тапсырма. Нақтылау, болымсыздық демеулік шылауларды қолданып, берілген тақырып
бойынша топпен постер жасап, сынып алдында қорға.

1-топ: «Орман – ел дәулеті, жер сәулеті».
2-топ: «Бабалар еккен шынарды балалары саялайды»
3-топ: «Табиғатты аялап, қорғайық!»

1

1-сурет. Науырзым қорығы. 2 сурет. Қызғалдақ. 3 сурет. Бәйшешек.

Жағдаятттық тапсырма.
«Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясы өткізілуде. Сенің
ата-анаң да «Көгалдандыру – көптің ісі» деп барғалы жатыр. Ал сен
болсаң, бірнеше күн бұрын досыңмен кинотеатрға баруды жоспарлап
қойған едің. Осындай жағдайда сенің шешімің қандай болмақ, демеулік
шылаудың бір түрін қолданып, досыңа не ата-анаңа бармаудың себебін
түсіндір.

_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________

Бағалау критерийі Дескриптор

Демеулік шылауларды - нақтылау, болымсыздық демеулік шылаулардың жасалу
ауызша және жазба жолын түсінеді;
жұмыстарда орынды - демеулік шылауларды ауызша және жазба жұмыстарда
қолданады орынды қолданады.

10-бөлім: Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу ерекшеліктері
Б.Ж.Бопайұлы «Қазақы наурызнама» (үзінді)

10.1. Сабақтың тақырыбы: «Наурыз салты»

Оқу мақсаттары 8.1.4.1 - орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық
шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын
Сабақ мақсаттары талдау;

Құндылықтарды дарыту Б.Ж.Бопайұлының «Қазақы наурызнама» атты
Бастапқы білім шығармасынан үзінді тыңдап, тақырыбы мен идеясын
Тірек сөздер талдайды.

Құрмет

Биоалуантүрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен
өсімдіктер

Наурыз мерекесі, Қызыр ата, Ұлыс күні

Сабақтың жүргізілу барысы

Т Мәтіналды жаттығулар

1-тапсырма. «Қатесін тап»

 Мұғалім оқыған әңгімені тыңда;
 қате жерінде қол соқ;
 қатені дұрыста;
 әңгімені тыңдап, сабақ тақырыбын болжа.

Мәтін.
Бүгін наурыз мейрамы. Ұйқыдан оянып, күнтізбеге көз салдым, 22 ақпан екен. Тез

жуынып, үстіме аяз атаның киімін киіп, мектепке асықтым. Кеше анама осы мерекенің
басты тағамы – күркетауық пісіріп беруін өтінген едім. Анам менің тілегімді
орындапты. Тағамды алып, мереке болатын алаңға жол тарттым. Мен келсем, мереке
басталып кетіпті. Барлығы ұлттық ойындар ойнап, қазақтың салт-дәстүрін
тамашалап жүр екен.

2-тапсырма. Екі бағандағы сөздерді мағынасына сай сәйкестендір.

Дабыралы Ырыс
Құт Думанды, салтанатты

Үрку Қорқу

Ескі-құсқы Қыстан қалған, сақталған ет

Сүр ет Ескі, тозған
Қатық пияз тұқымдастар тобына жататын өсімдік

Сарымсақ Сүттен жасалатын тағам

Қызыр ата Мифтік бейне, бақыт әкелуші

Ырыздық Береке

Т Мәтінмен жұмыс кезеңі

3-тапсырма:
А) Мәтінді тыңдап, әр бөлікке тақырып қой. Ол үшін тыңдап отырып, тірек сөздерді

жазып ал. Сол тірек сөздерден сөйлем құрастыр.

№ Тірек сөздер Тақырыбы
1
2
3
4
5

Ә) Суреттегі әрекеттердің қайсысын Наурыз тойында орындауға болмайды? Неліктен? Ол
қандай сенімнен туған?

4-тапсырма.
А) Мәтін мазмұнына сай келетін екі тақырыпты таңда. Дәлел келтір.

 Наурыз мерекесін тойлауға қатысты халық сенімі
 Наурыз мерекесінің шығу тарихы
 Наурыз бата
 Қазақ халқының ұлыс күнін тойлау ерекшеліктері
Ә) Мәтіннің мақсаты мен мақсатты аудиториясын анықта.
 Мәтін кімдерге арналған? /жастарға, балаларға, ересектерге, барлық адамдарға

және т.с.с./
 Мәтіннің мақсаты қандай? /ақпарат беру, үндеу, тәрибелеу, сендіру және т.с.с./

А Мәтіннен кейінгі кезең

5-тапсырма. Ұсынылған сөз тіркестерін пайдаланып, рөлдік ойын ойна.
Ұсынылатын рөлдер:

 Наурызда кездескен екі дос
 Наурыз тойында ақсақал мен баланың сәлемдесуі
 Наурыз тойын тойлауға шыққан әке мен бала
 Наурыз тойына алғашқы рет қатысып отырған шетелдік қонақ пен Қазақстандық

азамат
Ұсынылатын тіркестер:

 Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
 Наурыз көжеден дәм татыңыз!
 Қызыр ата жолдас болсын!
 Береке-бірлік болсын!
 Ақ түйенің қарыны жарылған күн.
 Батамен ел көгерер...

 Наурыз – жыл басы. Дескриптор
Бағалау критерийі 1. 5 абзацқа тақырып қояды.
Шығармадан үзінді 2. Наурызда орындауға болмайтын әрекетті табады.
тыңдап, тақырыбы мен 3. Мәтін мазмұнына сай келетін тақырыпты дәлелдеп
идеясын анықтайды.
айтады.
4. Мәтіннің мақсаты мен мақсатты аудиториясын

анықтап жазады

10.2. Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу ерекшеліктері
Сабақтың тақырыбы: «Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?»

Оқу мақсаттары 8.3.6.1 - тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген
мәселелерді салыстыра отырып, баға беру
Сабақ мақсаттары Бірнеше мәтіндерді оқып, көтерілген мәселені
Құндылықтарды дарыту салыстырады; мәтіндегі ойға баға береді.
Бастапқы білім
Тірек сөздер Құрмет, жарқындылық, ашықтық

Б.Ж.Бопайұлы «Қазақы наурызнама»

Орта Азия халықтарына ортақ мереке, дәстүр, мерекелік
дастарқан, бақыт, молшылық.

Сабақтың жүргізілу барысы
О Мәтіналды жаттығулар

1-тапсырма. Төмендегі сөздердің мағынасын сөздіктерден қарап жаз.

Баршамызға аян, ай пішіндес, бидай сабақтары, айрықша, нышан, зығыр дәні, оттан
секіру.

2-тапсырма. Суреттерге қарап, әлемде Наурыз мерекесін қалай тойлайтыны туралы
болжаммен пікір білдір.

Әзірбайжан Қырғызстан


Click to View FlipBook Version