The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by perizat1965.m, 2021-06-29 15:48:40

Қан мен тер

-1238047307

Тәжікстан Иран

О Мәтінмен жұмыс кезеңі

3-тапсырма. Бірнеше шағын мәтіндерді оқып шық.

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?
1-мәтін

Наурыз – бес мың жылдан астам уақыттан бері тойланып келеді. Бұл мейрам Орта
Азия халықтары, соның ішінде қазақ халқының да ұлттық мейрамы екені баршамызға аян.

Әзірбайжанда Наурыз мейрамы – күн мен түннің теңескен күні ретінде аталып
өтеді. Ел тұрғындары бұл мейрамды қатты ұнатады. Мереке күні ас дайындайды, адамдар
бір-біріне бақыт пен молшылық тілейді. Дәстүр бойынша «тонгал» деп аталатын от
жағып, одан жеті рет секіретін болған.

Мерекелік дастарханның басты тағамы шекербура дайындалады. Ол – Ай пішіндес
қамырдан жасалған тәтті тағам. Ал, өсіп тұрған жасыл бидай сабақтары “Күн символын”
білдіреді. Бидай қуырылып, жұмыртқалар қызылға боялады.

2-мәтін
Қырғызстан
Көрші айыр қалпақты ағайындар елінде бұл мейрам айрықша тойланады.
Мейрамда дастархан жайылып, май, қант және бидай ұнынан жасалған дәстүрлі ұлттық
тағам – сумелек (сүмөлөк) және көже дайындалады. Халық арасындағы сенімге
байланысты “су” және “мелек”(періште) сөздерінен құралған және бұл тағам жәннат
тағамы, қасиетті екендігі айтылады. Қарызынан құтылып, адамдар бір-бірімен татуласады.
Кейбір жергілікті сенім бойынша мейрам күні нәресте дүниеге келсе, есімін "Нооруз" деп
қояды. Ал, қар жауу да – жақсылықтың нышаны. Қазіргі таңда, Қырғызстанда бұл
мейрамда алаңдарда жалпыхалықтық серуендер, мерекелік концерт пен ұлттық ойындар
өтеді.

3-мәтін
Тәжікстан
“Навруз” деп атайтын Тәжікстан тұрғындары мереке күндері бір-бірімен ерекше
түрде сәлемдеседі. Мерекенің басты тағамы – кәуап және дәндерден қосып жасалған тәтті
палау. Дәстүрлі түрде палауды ерлер дайындайды. Тәжіктерде Наурыздың басты символы
– от. Яғни, жаңару мен емдік қасиеті бар деп сеніп, отқа байланысты көріністер қойып,
көрсетілімдер орын алады.
Дастарханда “с” әрпінен басталатын ең аз 7 түрлі тағам дайындалады. Олар:
суманак пен сипанд, сирке мен сэмени, сабзи және т.б. Бұл тағамдардан басқа үстелде
айна, балауыз және боялған жұмыртқалар болады. Осы барлық аталғандардың
символикалық мән-мағынасы бар: балауыз – адамды жаман рухтан сақтаушы жарық пен
от, ал жұмыртқа мен айна – ескі жылдың аяқталуын білдіріп, жаңа жылдың алғашқы

күнінің басталғанын сипаттайды. Үстелдің сәні ретінде самбуси (самса), сабси (көкөніс)
және өсіп тұрған жас бидайдың сабағы қойылады.

4-мәтін
Ирандықтар Наурыз мейрамын 13 күн тойлайды. Дәстүр бойынша ирандық
әйелдер, мейрам қарсаңында “осы уақытқа дейін болған барлық жамандық атауы кетсін
әрі өздері үшін денсаулық пен әсемдікті қалау” ниетімен оттан секіретін болған. Ерлер
болса, қызыл түсті киім киіп беттерін қара күйе немесе қара бояумен бояп қала көшелерін
серуендейді.
Наурыз – басқа мемлекеттер сияқты Иран елінің де маңызды мерекелерінің бірі
болып саналады. Мерекелік дастархан “хафт-син”, яғни “с” әрпінен басталатын 7 түрлі
тағаммен әрленеді. Олардың арасында міндетті түрде болуы тиіс: монета (секке), сірке су
(серке), сарымсақ (сир), дәмдеуіштер және мерекелік тағамдар бар. Үстелде міндетті түрде
айна мен жанып тұрған балауыз қойылады. Ал, тазаланған зығыр дәні немесе бидай –
денсаулық пен жаңарудың символы іспеттес дастархан көркін келтіретін болған.

http://adebiportal.kz/kz/news/view/3010

4-тапсырма. Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, салыстыр.

Мерекеде дайындалатын ас

Мерекелік астың құрамы

Наурыз мерекесімен байланысты наным-сенімдер
Халық мерекені қалай қарсы алады?

5-тапсырма. Қай елдің Наурызды тойлауы біздің елдің мерекені тойлауына жақын?
Неліктен? Үш дәлел келтір.

Қай елдің мерекені тойлауы біздің елдікінен мүлдем өзгеше? Төмендегі формулаға
сүйеніп, пікір білдір.

Менің ойымша...
Мен оны былай түсіндіремін...
Мен оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...
Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім...

Бағалау критерийі Дескриптор
1. Мәтіндерден ұқсастығы мен айырмашылығын
Бірнеше мәтіндерді оқып,
көтерілген мәселені тауып (мерекелік ас, мерекелік астың құрамы,
салыстырады; наным-сенімдер, халықтың мерекені тойлауы)
мәтіндегі ойға баға береді. салыстырады.
2. Ұқсастығын тауып,3 дәлел келтіреді.
3. Айырмашылықтарын ұсынылған сөйлемдерді
қолданып айтады.

Ж Мәтіннен кейінгі кезең

6-тапсырма. Өзіңді журналист ретінде елестетіп көр. Мәтіндердегі елдердің
біреуін таңдап, сол елдегі Наурыз тойының тойлануы туралы репортаж жаз.

10.3 Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу ерекшеліктері
Сабақтың тақырыбы: «Наурызда орындалатын салт-дәстүрлер»

Оқу мақсаттары 8.4.2.1 - эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа
байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу
Сабақ мақсаттары жолдарын ұсыну
8.5.2.1 - жазба жұмыстарында себеп-салдар салалас
Құндылықтарды дарыту құрмалас сөйлемдерді құрастыру
Бастапқы білім
Тірек сөздер Құрылымын сақтап, мәселенің шешу жолдарын ұсынып,
эссе жазады;
себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдерді анықтап,
құрай алады; жазылымда орынды қолданады.

Құрмет, адамгершілік

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

Ұмыт қалған дәстүрлер, қайта жандандыру

Сабақтың жүргізілу барысы

О Мәтіналды жаттығулар

1-тапсырма. Шеңбер бойымен талқыла.
Ішкі және сыртқы шеңбер құрап, бір-біріңе қарама-қарсы тұр.
Сағат тілі бойынша қозғалып, сұрақтарды талқыла.

Наурыз мерекесін отбасыңмен қалай өткізесің?
Наурызда қандай салт-дәстүрлер орындалады?
Мерекеде адамдар бір-біріне қандай тілектер айтады?
Отбасыңда мерекеге орай қандай тағамдар дайындалады?

Наурыз мерекесінің басты тағамы қандай? Неліктен?

2-тапсырма. Сөйлемді жалғастыр. Сөйлемдердің жасалуына назар аудар.
 Наурыз мерекесі наурыз айының жиырма екінші жұлдызында тойланады, себебі ...
 Наурызды қазақ халқы ерекше тойлаған, өйткені...
 Мұрат атасынан Наурыз мерекесінің тарихы туралы көбірек білді, сондықтан...
 Биылғы Наурызда күн ерекше шуақты болды, сол себепті...

3-тапсырма. Анықтаманы оқып, танысып шық. Осы анықтамаға сүйеніп, сөйлемдердің
жасалуын түсіндіріп көр.

Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем – құрамындағы жай сөйлемдердің бірі
екіншісінде айтылған ойдың болу себебін білдіретін салаластың түрі.
Себеп-салдар салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық
шылаулар (сондықтан, сол себепті, себебі, өйткені) арқылы да, жалғаулықсыз, іргелес
тұрып та байланысады.
Мысалы: Мұраттың балалық шағы елде болып жатқан үлкен өзгерістермен тұтас болады,
сондықтан да ол тез есейді (Т.Ахтанов)
Қарт онымды байқамады білем, - бәйек бола берді. (С.Мұқанов)

О Мәтінмен жұмыс кезеңі

4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннен себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдерді
тауып, астын сызып оқы.

Ұлыстың ұлы күні қарсыңында елімізге танымал тарихшы-этнограф Жамбыл
Артықбаевтан мейрамның мән-маңызы туралы әңгімелескен едік.

- Наурызда жасалуы тиіс, бірақ ұмыт қалып отырған салт-жоралғылар, ойын
түрлері бар ма?

- Наурызға қатысты мейрамдар мен дәстүрлердің көпшілігі әлі орындалмай келеді,
өйткені бүгінде көпшілігі ұмыт болған. Бұл – этнографтардың және қоғамның кінәсі.
Наурыздан бір апта бұрын басталатын Көрісу бар. Көрісудің өзі шап беріп қол алысып,
құшақтасу ғана емес. Ертедегі жұрт бір-бірімен «Қыстан аман шықтың ба, мал-жан аман
ба, шаруашылығың жақсы ма» деген сарында өлеңдетіп көріскен.
Қазір телевизиялық айтыстың түр-түрі ұйымдастырылып жатыр. Ерте уақытта ақындар
төрт түлікпен де айтысқан. Жылға таласу айтыстары да бар. «Қыс пен жаздың айтысы»,
«өлі мен тірінің айтысы», «қыз бен жігіттің айтысы» - Наурыздың түбегейлі
философиясы, дүниетанымы осы. Осыларды қолдану керек және қайта жандандыру керек,
себебі бұл біздің мәдениетіміз. Тағы бір айта кетерлігі, Наурыз тойларда баланы бесікке
бөлеу, тұсауын кесу үрдістері белең алып келеді. Бұл – отбасылық дәстүр, әр отбасының
жағдайына қарай айналысатын дүниесі. Сәті келсе, Наурызда жасайды, сәті келмесе
жасамайды. Ерте уақытта Наурызда жағдайы жететін байлар үлкен өгіз бен жылқы
сойған. Бәйбішелер қарын-қарын женттерін, сары майын, қазақтың қадірлі тамағының
бәрін қоюға тырысқан, неге десеңіз Наурыз молшылық пен берекенің ізгі мерекесі. Ірі
қара союға шамасы жетпегендер де қазан көтеріп «Менің де дастарханымнан жұрт дәм
татсын» деп жеті түрлі дәннен көже пісірген.

http://www.reaktor.inform.kz/kz/zhambyl-artykbaev-nauryz-salt-dasturdi-tugendeu-emes-

tiriltu_a3192837

Сұрақтарды жұбыңмен талқылап, жауап бер.
 Мәтін не туралы?
 Автор қандай ұмыт қалған дәстүрлерді атап айтты?
 Автордың көзқарасымен келісесіз бе?

Ж Жазылым тапсырмасы

5-тапсырма. Сұрақ: Наурызда жасалуы тиіс ұмыт қалған салт-дәстүрлерді қалай
жандандыруға болады?

«Тоғыз гауһартас»
Ұсынылған сұраққа қатысты топта 9 идея жаз

Идеяларыңды басқа топқа ұсынып көр.
Өзге топтың идеяларымен танысып, қайсысына басымдық беретініңді талқыла.
Маңыздылығына байланысты төмендегі суреттегідей
орналастыр.
Неліктен осылай орналастырғаныңды түсіндір.

6-тапсырма. Оқылым мәтінін және «9 гауһартасқа»
жазылған идеяларды басшылыққа алып, «Наурызда
жасалуы тиіс ұмыт қалған салт-дәстүрлерді қалай
жандандыруға болады?» тақырыбында эссе жаз.

Бағалау критерийі Дескриптор
1. Эссе құрылымын сақтап жазады;
Құрылымын сақтап, мәселенің 2. Мәтіндегі және өздері жазған идеяларды
шешу жолдарын ұсынып, эссе
жазады; басшылыққа алады;
3. Мәселенің шешу жолдарын ұсынады;
Себеп-салдар салалас құрмалас 4. Жазылымда кемінде 5 себеп-салдар салалас
сөйлемдерді анықтап, сөйлем құрай
алады, жазылымда орынды құрмалас сөйлемді қолданады.
қолданады.

10.4. Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу ерекшеліктері

Сабақтың тақырыбы: «Берекелі дастарқан»

Оқу мақсаттары 8.1.1.1 - мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар
Сабақ мақсаттары арқылы көтерілетін мәселені болжау.
8.1.2.1 - тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну,
детальді ақпараттарды анықтау.
8.2.1.1 - тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды
қолданып, ауызша мәтіндер құрау.

Тірек сөздер арқылы болжам жасайды;
тыңдалым мәтінін түсініп, детальді ақпаратты анықтайды;
көркемдегіш құралдарды қолданып, мәтін құрайды.

Құндылықтарды дарыту Ашықтық, құрмет

Бастапқы білім Наурызда орындалатын салт-дәстүрлер
Тірек сөздер Наурыз көже, ұлттық тағам, жеті түрлі дәм

Сабақтың жүргізілу барысы
Т Мәтіналды жаттығулары

1-тапсырма. Сөздерді тауып жаз
(тігінен және көлденеңнен).
Таныс емес сөздердің мағынасын
түсіндірме сөздіктен қарап, жазып
ал.

2-тапсырма.
«Сөздер бұлтындағы» тірек сөздерді байланыстырып, мәтін құрастыр. Мәтінді жұпта

әңгімелеп бер.

Т Мәтінмен жұмыс кезеңі
3 – тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, наурыз көженің дайындалу барысын дұрыс
ретпен орналастыр.

Дайындалу барысы Реті
Қазанға су құйып, ет, қазы-қартаны салып, қайнатамыз.
Қазаннан түсірілген еттерді ұсақтап тураймыз.
Құртты суға ерітіп, малта жасап көжеге қосамыз.
Етті айранмен сорпаға қосып араластырамыз.
Етті жуып, қазанға суға саламыз.
Су бір қайнағанда көбігін алып, тұздаймыз.
1,5-2 сағаттай қайнатып, етті сүзіп аламыз.
Дәндерді жақсылап жуып, қазанға салып қайнатамыз.
Дақылдар піскен соң оттан алып, салқын жерге қоямыз.

4-тапсырма. Суреттегі
тағамдардың қайсысы
артық? Қай тағам
туралы тыңдалымда
айтылған жоқ?
Айтылым тапсырмасы
5 -тапсырма. Даяшы
әрі қонақ рөліне еніп,
диалог құрастыр.
Ұсынылған ас мәзірінен тағамдарды
таңдап, тапсырыс бер.
Айтылым барысында пайдалануға
болатын тірек сөздер мен тіркестер:
дәмі тіл үйірерлік, балдай, ұлттық тағам,
берекелі дастарқан.

Бағалау критерийі Дескриптор
Тірек сөздер арқылы болжам жасау; Тірек сөздерді байланыстырып, мәтін
тыңдалым мәтінін түсіну, детальді құрайды.
ақпаратты анықтау; Наурыз көженің дайындалу барысын ретімен
көркемдегіш құралдарды қолданып, орналастырады.
мәтін құрау. Суреттен артығын табады.
Ұсынылған тіркестерді пайдаланып, диалог
құрады.

10.5. Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу ерекшеліктері.

Сабақтың тақырыбы: «Наурыз мерекесін бірге тойлайық!»

Оқу мақсаттары 8.2.6.1- кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен
сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру.

8.4.1.1 -мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін

сақтап, шағын мақала, пікір, интервью жазу.

Сабақ мақсаттары Кестедегі ақпаратты түсіндіріп, баға береді;
кейіпкердің атынан пікір жазады.

Құндылықтарды дарыту Адамгершілік, құрмет, ынтымақтастық.
Бастапқы білім Берекелі дастарқан

Тірек сөздер Мереке, мәдени-бұқаралық шаралар

Сабақтың жүргізілу барысы
О Мәтіналды жаттығуы
1-тапсырма. Суреттерге қарап, өзіңіз Наурыз мерекесіне қатысқандай елестетіп көр.
Суреттер мен тірек сөздерге сүйеніп, мерекенің қалай өткенін әңгімелеп бер.

Тірек сөздер: Наурыз-думан, мол дастарқан, ұлттық ойын, ақ жаулықты әжелер, ұлттық
аспап, алтыбақан, киіз үй.

О Мәтінмен жұмыс кезеңі

2-тапсырма.
 Кейіпкерлердің мерекені қалай өткізгісі келетіні туралы оқы.
 Сен Наурыз мерекесін қалай өткізгің келеді?
 Төмендегі Наурыз мерекесінде болатын шаралар туралы ақпаратпен танысып, әр
кейіпкерге қайда баруға болатыны туралы кеңес бер.

Әділ Наурыз мерекесінде Сұлтан Наурыз мерекесінде
отбасыммен бірге демалып, балаларымды қуантып,
халқымыздың ұлттық өнерін бүлдіршіндерге арналған
тамашалағым келеді. Ұлттық мерекелік шараларға баруды
аспаптардың жоспарлаудамын.
үнін қанып бір тыңдасам...

Наурыз күні Наурызда арулар
отбасыммен алаңға байқауы болса, соны
шығу дәстүрге тамашалар едім...
айналды. Биыл көңіл
Алма көтеретін басқа да Гүлнар
шараларға қатысуды
жоспарлап отырмыз.

3-тапсырма. Кестедегі ақпараттармен танысып, сұрақтарға жауап бер.
1. Әр кейіпкерге қай мерекелік шараға баратынына кеңес бер.
2. 16 наурыз күні қандай мерекелік шараларға қатысуға болады?
3. 16 күні өтетін бірнеше шараның ішінен қайсын таңдар едің? Неліктен?
4. Кішкентай бүлдіршіндер үшін қай мерекелік шара қызықты болады деп ойлайсың?
5. Мектеп оқушылары қай шараны таңдар еді? Неліктен?
6. Кімге «Өнер қырандары» әзіл шоуына баруға кеңес бересің? Неге?
7. Сенің ойыңша, қай шараға отбасымен баруға болады?
8. Тағы қандай мерекелік шараларды қосу қажет деп ойлайсың?

Жұпта ақылдасып, бірнеше мерекелік шараны қосып көр.

Ж Жазылым тапсырмасы

Әр кейіпкердің атынан өздері қатысқан мерекелік шараның қалай өткені туралы
пікір жаз.

1. Қатысқан шараның атауы
2. Шараның форматы
3. Көрермендердің қатысуы және көңіл күйі
4. Ең қызықты, есте қаларлық сәттері
5. Шарадан алған әсерің

Бағалау критерийі Дескриптор

Кестедегі ақпаратты – Сұрақтарға кестеге сүйеніп жауап береді
түсіндіріп, баға беру – Кестедегі ақпаратқа қатысты пікір білдіреді
– Кестедегі шараға өзінің мерекелік шарасын ұсынады
Кейіпкердің атынан – Шараның форматы туралы түсіндіреді
пікір жазу – Көрермендердің қатысуы және көңіл-күйін суреттейді
– Өз әсерін жеткізеді
– Сауатты жазады
– Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдерді қолданып

жазады

11-бөлім: Мәңгілік елдің нұрлы жолы
11.1 Сабақтың тақырыбы: Қазақстан жолы. Білім беру

Оқу мақсаттары 8.3.2.1 - публицистикалық стильдің (қысқа очерк) тілдік
ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау;
Сабақ мақсаттары 8.2.3.1 - ауызша мәтіндер құрауда сөз ішіндегі және сөз
аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал
Құндылықтарды заңдылықтарын ескеріп айту
дарыту -Түрлі критерийлерге сай жанрды анықтайды.
Пәнаралық -Ауызша мәтін құрауда ықпалдарды анықтайды, орынды
байланыс қолданады.
АКТ қолдану Өмір бойы оқу, жауапкершілік
дағдылары
Бастапқы білім Тарих
Тірек сөздер
Қажетті ресурстар Білім беру саласындағы жаңалықтарды бейнелейтін қысқаша
бейнесюжетті көрсету
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы» туындысымен таныс
Білім беру жүйесі
Үлестірмелер

Сабақтың жүргізілу барысы
-А Оқылымалды тапсырмалары

1-тапсырма. Сұрақтарға жұбыңмен бірге жауап бер.

1. Екінші дүниежүзілік соғыс қай уақыттарды
қамтиды?

2. Су неден тұрады?
3. Балықтар қалай тыныс алады?
4. Абайдың жыл мезгілдеріне арналған қандай

өлеңдерін білесің?
5. Фонетика нені зерттейді?
6. Ғарышта тартылыс заңы неге жоқ?

2-тапсырма. Жоғарыдағы сұрақтарды пәндермен сәйкестендір.

Қазақ әдебиеті
География
Математика
Физика
Биология
Тарих
Химия
Тіл

3-тапсырма. Жұбыңмен А-Я ойынын ойынын ойна. Әліпби ретімен әріптерді жазып, осы
әріптерден басталатын білім жүйесіне қатысты сөздерді жаз.
Үлгі:
Б – баға, бағалау
К – критерий Орфоэпия.
Д – дескриптор Ілгерінді ықпал: көзқарас-көзғарас;
Кейінді ықпал: сабақ – сабағым.

Тоғыспалы ықпал: жұлдызша - жұлдышша

С - сөмке
4-тапсырма. Жұбыңмен жазған сөздердің ішінен ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалға
мысал тауып көр.

О Оқылым
5-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Әр абзацтан кейін мазмұнға сай білетін ақпаратыңмен
бөліс. Орфоэпия заңдылығын сақтап сөйле.

Қазақстандағы білім беру жүйесі жастарға жанұясының материалдық
мүмкіншіліктеріне, тұрған жеріне, ұлтына және денсаулығының жағдайына қарамастан,
толыққанды білім алып шығуларына бірдей тең мүмкіндік береді. Бұл ата-анасының
қамқорлығынан айырылған балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік жағынан қорғауды
іске асыруға, олардың өз мүмкіндіктерін пайдалануға жағдай туғызады.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________

2008 жылдан бастап Қазақстан мектебі 12-жылдық білім алуға көшеді. Отандық
мектептің дәстүрлерімен есептесе келе және халықаралық тәжірибені ойға ала отыра,
жаңа жүйеде орта білім берудің 5+5+2 принципі бойынша құрылымы ұсынылады.
Біріншіден, бұл бастауыш мектеп (1-5 сыныптар): мұнда бірінші класқа қабылдау 6
жастан іске асырылады.

Екіншіден, бұл негізгі орта мектеп (6-10 сыныптар). Осы тұста, жас түлек 10-сыныпты
бітіргеннен кейін, оқуын бағдарлы сыныптарда, кәсіби мектептерде және лицейлерде,
колледждерде, жоғары техникалық мектептерде жалғастыруға кең көлемді таңдау
мүмкіндігі бар екендігін атап айтқан маңызды.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Үшіншіден, 11-12 сыныптар – бұл жоғарғы сынып оқушыларын бағдарлы түрде оқыту.
Бағдарлы оқытуға көшу оқушылардың саналы түрде, жауапкершілікпен өздерінің
болашақ кәсіби қызметтерін, жеке бастарының қалыптасуын, өзіндік өмір жолдарын
анықтап алуларына жағдай туғызады.

Мектеп – жеке тұлғаның қалыптасатын жері. Ол жеткіншектің тек қана одан арғы
оқуына негіз болатын базалық білім мен машықтарды ғана беріп қоймайды, сонымен бірге
өмірлік тәжірибенің де алғашқы тәжірибесін береді.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
6-тапсырма. Мәтіннің жанрын берілген критерийлерге сай анықта. Қай жанрдың белгісі
көп?

 Мақал-мәтелдер жиі қолданған.
 Фразеологиялық тіркестер көп.

 Нақты ақпараттарға сүйенген.
 Ақпарат беру мақсатында жазылған.
 Басты кейіпкер бар.
 Сюжеті бар мәтін.
 Мақала түрінде жазылған.
 Газет беттеріне арналған.

Бағалау критерийі Дескриптор

-Түрлі критерийлерге сай жанрды 1. Әліпби ретімен білімге қатысты жазған
анықтайды. сөздердің ішінен кемінде 1 ілгерінді,
кейінді не тоғыспалы ықпалды анықтайды.
-Ауызша мәтін құрауда ықпалдарды 2. Оқылым мазмұнына сай ақпаратты
анықтайды, орынды қолданады. айтқанда, ықпал кездесетін сөздерді
орпоэпиялық заңдылыққа сай атайды.
3. Мәтін жанрын критерийге сай нақты
анықтайды.

Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлемдер»

Бүгін мен...................... білдім
................. қызықты болды. .......................... қиын болды.
.................... тапсырманы мен орындадым.
........................ екенін түсіндім.
Мен енді....................... білемін.
Мен............................... сезіндім
Мен..................................... білім алдым.
Мен......................................... үйрендім.
................................. менің қолымнан келді.
Мен...................................... жасай алдым.
Мен.................................... жасап көруге талпынамын.
.................. мені таң қалдырды.

11-бөлім: Мәңгілік елдің нұрлы жолы
11.2 Сабақтың тақырыбы: Қазақстан жолы. Қара алтын

Оқу мақсаттары 8.1.3.1 - оқу-еңбек тақырыптарына байланысты күрделі
Сабақ мақсаттары сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсіну
Мәтінді түсініп тыңдап, мұнайға қатысты кәсіби сөздер
Құндылықтарды дарыту мен сөйлемдерді теріп жазады, мәтінге критерий бойынша
Пәнаралық байланыс баға береді.
АКТ қолдану дағдылары
Бастапқы білім Өмір бойы оқу
Тірек сөздер
Қажетті ресурстар Химия

Мұнай тарихын көрсететін бейнематериал

Қазақстан жолы. Тіл

Барлау жұмыстары, кен орындары

Сабақтың жүргізілу барысы
Т Тыңдалымалды тапсырмасы
1-тапсырма. Жұбыңмен мұнай туралы 5 дәлелді тап. 1 минут ішінде сыныптастарыңа
айтып бер. Мысалы, мұнайдың сары, қызыл, жасыл түстері болады. Оның түсі ашық
болған сайын сапасы да жоғары болады.

2-тапсырма. Жұбыңмен талқыла.
1. Ежелгі замандарда мұнайды қандай мақсаттарда қолданды деп ойлайсың?
2. Қазақстанның қай аймақтарында мұнай игеріле бастады? Аймақтарды ата.
3. Мұнай туралы қандай кітаптар оқыдың?
4. Қандай бейнефильмдер көрдің?
5. Мұнайды өндіруде қандай маман иелері қызмет атқарады?
6. Мұнай фонтанын қайдан көрдің?
7. Оны сипаттап бере аласың ба?
8. Мұнайды неге «қара алтын» деп атайды?

Т Тыңдалым
3-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңда. Берілген тіркестер бойынша түсінгеніңді қысқаша
жеткіз.
а/қара алтын
ә/орыс кәсіпкерлері
б/жер телімдері
в/барлау жұмыстары
г/кен орны
4-тапсырма. Мәтін рейтингін анықта. Сол жағындағы критерийге -1 балл, оң жағындағы
критерийге – 0 балл. Сыныптастарыңмен салыстыр.

1. Көлемді мәтін / қысқа мәтін
2. Маңызды оқиға / маңызы төмен оқиға
3. Дәлелі көп мәтін /дәлелі аз мәтін
4. Өте қызықты мәтін / қызықсыз мәтін
5. Көп адам саны қамтылған/ аз адам қамтылған
6. Менің өміріме қатысы бар/ өміріме байланысы жоқ
7. Түсінуге жеңіл /тілі ауыр
8. Соңғы ақпарат/ескі ақпарат
9. Позитив оқиға/ жағымсыз оқиға
10. Елдегі жағдай/ тыс жердегі жағдай
5-тапсырма. Мәтінді тыңдап, тек осы салаға қатысты кәсіби сөздерді теріп жаз. Қызықты
деп тапқан 2 ақпаратты жаз.

Кәсіби сөздер – белгілі бір кәсіппен, шаруашылық саласымен
шұғылданатын адамдар арасында қолданылатын, көпшілікке бірдей
түсінікті бола бермейтін сөздер

Кәсіби сөздер Мұнай туралы қызықты ақпарат

Бағалау критерийі Дескриптор
Мәтінді түсініп тыңдап, мұнайға қатысты 1. Мәтін мазмұнын критерий
кәсіби сөздер мен сөйлемдерді теріп
жазады, мәтінге критерий бойынша баға бойынша бағалайды. Кемінде 3
береді. критерийдің себебін айтады.
2. Мәтіннен кемінде 2 кәсіби сөз бен 2
Рефлексия. Өзіңе баға бер қызықты ақпаратты теріп жазады.

Өзіңе баға бер Теорияда Практикада
Бүгінгі сабақта не істей
алдым?

Қай тұста қиналдым?

11-бөлім: Мәңгілік елдің нұрлы жолы
11.3 Сабақтың тақырыбы: Қазақстан жолы. Теңге – тәуелсіздік нышаны

Оқу мақсаттары 8.2.2.1 - түрлі жанрдағы көркем мәтіндерге сүйене
отырып, көңіл-күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен
сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу

Сабақ мақсаттары Мәтінге сүйене отырып, өзінің қарым-қатынасын, көңіл-
күйін дәлелдермен келтіре сипаттайды.
Құндылықтарды дарыту Құрмет, жауапкершілік
Пәнаралық байланыс
АКТ қолдану дағдылары Тарих
Бастапқы білім Теңге тарихын бейнелейтін бейнежазбаны қолдану
Тірек сөздер
Қажетті ресурстар Қара алтын
Ұлттық валюта, бағам, жария ету
Үлестірме

Сабақтың жүргізілу барысы
А Оқылымалды тапсырмасы
1-тапсырма. Теңге туралы нақылдарды қайтала. Мағынасын жұбыңмен талқыла. Өзіңнің
білетін мақалыңды қосып айт.
 Теңге тиыннан құралады.
 Ақша кетуге тырысады

Есеп ұстауға тырысады.
 Ақшада көз жоқ.
 Ақша – адалдан тапқанға бітеді.

2-тапсырма. Сөзіңді төмендегі шумақтан бастап, теңгенің мүмкіншіліктерін айтып бер.
Жоғарыдағы нақылдарды қолдан.
Миллион теңге болса егер менде…
Қуантар едім анамды (орнына өзгені ауыстырып жазуға болады) күнде. Қалай қуантасың?
Немесе:
Менің миллион теңгем болса, мен анама киім-кешек сатып алар едім.

Киім-кешек сатып алу Кәсіпті бастау Саяхатқа шығу/ел аралау

Қоғамдық – көпшілік Қайырымдылықпен Депозитке салу
орындар салу (мектеп, айналысу
аурухана)

Ән жазу, бейнебаян түсіру Үй жануарын асырау Спорттық шараларға
қатысу (бокс, футбол)

3-тапсырма. Әлем елдерінің валюталарын сәйкестендір. Теңгенің осы валюталарда құны
қандай? Жұбыңмен талқыла.

Ресей сум

Қытай евро

Қырғызстан юань

Өзбекстан сом

Үндістан доллар

Германия рупий

Америка рубль

Үлгі: Ресей валютасы бойынша 1 теңге 5 рубльге тең.

О Оқылым тапсырмасы
4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Жұбыңа әңгімелеп бер.

Мен күн сайын кешке қарай біздің топ жұмыс істеп жатқан қала сыртындағы саяжайға
келемін. Ақшаның қалай аталуы жөнінде бізде үлкен айтыс болды. Оларды «сом», «ақша»
немесе «теңге» деп атау ұсынылды. Менің өзіме «алтын» атауы ұнады. Ақыр аяғында,
орта ғасырлық тарихтан, Қыпшақ даласының жерлерінде айналымда болған «теңге» деген
құйма ақшадан шығарып,«теңгеге» тоқтадық. Шынында да «деньги», «теңге» сөздерінің
түп-төркіндері бір еді.
Бірақ, ақшаның түрі мен атынан басқа да, бізде үлкен проблема болды. Ол кезде
Қазақстанның өзінің банкнот басатын фабрикасы болған жоқ, барлығы Мәскеуден
әкелінетін. Мамандармен ақылдаса келіп, осы бір өзіндік ерекшелігі бар тапсырысты
еуропалық елдердің біріне орналастыруға шештік. Таңдау осы салада үлкен тәжірибе
жинақтаған «Харрисон және ұлдары», «Томас Деля Ру» деп аталатын ағылшын
компанияларына түсті. Бізді банкноттардың сапасы, келісімшарттың қаржы жағы және
құпиялылығы қанағаттандырды. Ресеймен келісімшартқа отыруға қол жеткен жағдайда,
меншікті валютамызды дайындауға кететін шығындар көлемді болып қана қоймай,
сонымен бірге қажетсіз де болушы еді. Бірақ та Қазақстанның тапсырысты шетелге
орналастырудан басқа амалы қалған жоқ еді. Біздің қателеспегенімізді уақыттың өзі
көрсетті.
1993 жылы 15 қарашада 08.00 сағаттан бастап Қазақстанның территориясында өзінің
ұлттық валютасы – теңге енгізілді. Мынадай бағам қойылды: 500 рубльге - 1 теңге. 12
қарашада қол қойылды, ал 13 қарашада «Қазақстан Республикасында ұлттық валютаны
енгізу туралы» Жарлық халыққа жария етілді. 12 қарашада, кешкілік мен теледидар

арқылы еліміздің тұрғындарына арнап сөз сөйледім: Қазақстанның тарихындағы бірінші
ұлттық валюта – теңгені енгізетінімізді жарияладым.

«Қазақстан жолы», Н.Ә.Назарбаев

А Оқылымнан кейінгі тапсырма

5-тапсырма. Мәтін мазмұнына сүйеніп, төмендегі үлгі бойынша сөйле.

Төл теңгеміздің сапасымен мақтануға болады. Себебі, _______________________________
Ұлттық валюта «теңге» деп аталды. Себебі, ________________________________________
Теңге банкноттары шетелде дайындалды. Себебі, ___________________________________
Мен ұлттық валютамен мақтанамын. Себебі, _______________________________________

Сөз әдебі – тіл қатудың, сөз жұмсаудың қоғам қабылдаған,
жұртшылық ұйғарған, ұлттық сипатқа ие ережелері мен
тәртібі. Мысалы, нақылдар, ұлтқа тән эмоционалды-
экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер,т.б.

6-тапсырма. Теңгенің дизайнындағы суреттерді нақыл сөзді қатыстыра отырып сипатта.

Үлгі: 1000 теңгелік банкнотта Бәйтерек монументі бейнеленген. Бұл Астана қаласының
символы іспеттес. Бәйтеректі сырттан келген адамның бәрі тамашалайды. Мен
Бәйтерекпен мақтанамын. Теңге тиыннан құралады. Сондықтан 1000 теңге деп қарамай,
есепсіз жоймау керек.

Бағалау критерийі Дескриптор

Мәтінге сүйене отырып, 1. 4 аяқталмаған сөйлемді мәтін мазмұнына сай
өзінің қарым-қатынасын, аяқтайды.
көңіл-күйін дәлелдермен
келтіре сипаттайды. 2. Теңгенің дизайнындағы суреттерді тарихпен
байланыстырып айтады. Кемінде 5 сөйлем
құрастырады.

3. Ақша туралы кем дегенде 1 нақылды қолдан.

Рефлексия. Сабақтағы жұмысыңды теңгемен бағала.

-тек 1 дескрипторға толық жауап бердім. Қиындықтар болды.
Жұмысымды 1000 теңгеге бағалаймын.

-2 дескриптор бойынша тапсырмаларды орындадым. Қиындық болды.
Жұмысымды 5000 теңгеге бағалаймын.
-тапсырмалардың бәрін дескрипторларға сай орындадым.
Жұмысымды 20000 теңгеге бағалаймын.

11-бөлім: Мәңгілік елдің нұрлы жолы
11.4 Сабақтың тақырыбы: Қазақстан жолы. Байқоңыр – жер кіндігі

Оқу мақсаттары 8.1.4.1 - орта көлемді прозалық, драмалық және
поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен
Сабақ мақсаттары идеясын талдау

Құндылықтарды дарыту Мәтінді түсініп тыңдап, тақырыбы мен идеясын
Пәнаралық байланыс анықтайды.
АКТ қолдану дағдылары
Бастапқы білім Жауапкершілік, құрмет, өмір бойы оқу
Тірек сөздер
Қажетті ресурстар астрономия

Байқоңыр, ғарышкерлер туралы қысқа бейнематериал

Қазақстан жолы. Теңге – тәуелсіздік нышаны

Жер кіндігі, ғарыш айлағы, ғарышкерлер

аудиоматериал

Сабақтың жүргізілу барысы
А Айтылым
1-тапсырма. Төменде берілген ақпараттардың қайсысы саған таныс? Сен Байқоңыр
туралы тағы қандай мәліметті қосар едің? Жұбыңа айтып бер.
1. Байқоңыр» – әлемдегі тұңғыш әрі ең ірі ғарыш айлағы.
2. «Байқоңыр» ғарыш айлағының астанасы – Байқоңыр қаласы. Қала 1955 жылдан

бері салына бастаған. Құрылыс ғарыш айлағының маңызды нысандарын салумен
бірге жүргізілген.
3. Байқоңыр ғарыш айлағы мен Байқоңыр қаласы бірігіп «Байқоңыр» кешенін
құрайды.
4. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы шартқа сәйкес,
«Байқоңыр» кешені Ресей Федерациясына 2050 жылға дейін жалға берілген.
5. 2000 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров
«Жыл адамы» деп танылды.
6. 1998 жылы ғарышқа екінші рет ұшқан Талғат Мұсабаев «Мир» орбиталық
станциясын құтқарды.
2-тапсырма. Төменде берілген суреттерге жоғарыдағы ақпараттар негізінде тақырып қой.

Т Тыңдалым
3-тапсырма. Төменде берілген сөздерге анықтама бер.
Тылсым -
Жер кіндігі -
Ғарыш айлағы -
Табиғат апаттары -
4-тапсырма. Тыңдаған мәтініңді 5 сөйлеммен жұбыңа әңгімелеп бер.
5-тапсырма. Тыңдалым мәтінінен ғарышқа, Байқоңырға қатысты 3 сөз не сөз тіркесін
анықта.
6-тапсырма. Байқоңыр туралы мәтінді тыңдап, мәтіннің тақырыбы мен идеясын тап.

1. Мәтінде қай кейіпкердің аты аталды?
2. Жер кіндігі қай жер?
3. Неге бұл жер «жер кіндігі» деп аталды?
Мәтіннің тақырыбы –
1. Байқоңырды неге ғарыш айлағы ретінде таңдады? 2 себебін ата.

а/механиканың заңы бойынша
ә/климатына байланысты
Мәтінде қозғалған негізгі идея –

Бағалау критерийі Дескриптор
Мәтінді түсініп тыңдап, тақырыбы мен -сұраққа жауап беру арқылы мәтіннің
идеясын анықтайды. тақырыбын атайды
-сұраққа жауап беру арқылы мәтіннің
идеясын анықтай алады

11-бөлім: Мәңгілік елдің нұрлы жолы
11.5 Сабақтың тақырыбы: Қазақстан жолы. Жаңа дәуірдің жаңа Астанасы

Оқу мақсаттары 8.5.2.1 - жазба жұмыстарында талғаулы салалас құрмалас
Сабақ мақсаттары сөйлемдерді құрастыру

Құндылықтарды дарыту Мәтін мазмұны бойынша проблемаларды анықтайды.
Пәнаралық байланыс Тапқан мәселелері негізінде талғаулы салалас құрмалас
АКТ қолдану дағдылары сөйлемді құрастырады.
Бастапқы білім
Жауапкершілік, құрмет

География, тарих

Астананың бүгіні мен өткенін бейнелейтін
бейнематериалды ұсынуға болады

Байқоңыр – жер кіндігі

Тірек сөздер Сейсмикалық жағдай, экологиялық проблема, тұрақты,
Қажетті ресурстар көпұлтты

Сабақтың жүргізілу барысы

А Айтылым. Мәтіналды жаттығулар

1-тапсырма. Көзіңді жұмып картаға саусағыңды бас. Түскен сұрақ бойынша жұбыңмен
Астана туралы сөйлес.

Сөйлесуге арналған карталар

Астана үлкен қала ма? Астана арзан қала ма, әлде Астана мен сенің тұратын
Тұрғындар саны қанша? қымбат па? Турист ретінде қалаңдағы уақытта
Бұл туралы айта аласың ба? бір күнде қанша ақша айырмашылық бар ма?
жоятын едің? Интернеттен
анықта. Астанада қандай қоғамдық
көліктермен жүреді? Өзің
Астана қаласында тұратын Астанадағы қандай туристік тұратын қаламен салыстырып
танымал адамдардан кімді орындарды білесің? Сен қай айт.
білесің? Ол туралы не айта жерге барар едің? Астанада қандай жергілікті
аласың? тағамды пайдаланады?

2017 жылы Астанада өткен Астананың әкімі кім? Ол 1900 жылы Ақмола уезінің ең
қандай халықаралық мәні туралы не білесің? Анықтап мықты балуаны және қара
бар шараны білесің? көр. күш иесі кім еді?
Сеніңше, ол сәтті өтті ме?

Астана рәмізі «Бәйтеректің» Қазақстанның схемалық
ұзындығы не себептен 97 картасы іспетті саябақ
метр? қалай аталады?

«Думан» океанариумында Көпірдің оң жағалауында Астанадағы ең басты қатынас
теңіз суымен толтырылған тұрған биік ғимарат қалай жолы қалай аталады?
қанша аквариум сыйып тұр аталады?

О Оқылым
2-тапсырма. Төмендегі сұрақтар бойынша өз болжамыңды айт.

1. Астананы неге Ақмолаға көшірді?
2. Алматының астана болуға қандай кемшіліктері болды?
3. Ақмола астана болуына қандай артықшылықтары болды?
3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Мәтінге тақырып қой. Болжамың қаншалықты сәйкес
келді?
Алматының Астана ретінде, шынында да, өзіндік кемшіліктері бар еді және оларды
жою мүмкін емес болатын. Мысалы, жылдан-жылға қаланың экологиялық жағдайы
асқына берді. Атмосфераның, әсіресе қыс айларындағы былғанышы жағынан, бұрынғы
астана Қазақстан қалаларының арасында бірінші орында тұрады. Оның көшелері және
ауасы жүз елу мыңға жуық көлікке әрең шыдап тұр. Қаланың сыртында, жиі түсетін
тұманның аумағында орналасқан әуежай әуе байланысына жиі-жиі кідіріс туғызды.
Қорғаныс министрлігінің, Сыртқы істер министрлігінің және Парламенттің ғимараттарын
салу керек болатын. Ал егерде оларды Алматыда, осы өңірдің сейсмикалық жақтарын

ескере отырып салғанда, бізге екі есе қымбатқа түсер еді. Жеке тұрғын үйлерді қалай
болғанда да салу керек болды. Мамандардың есептеуінше, бір шаршы метр тұрғын үй
құрылысы және қызмет ғимараттары Ақмолада, Алматымен салыстырғанда, арзанға
түсетін көрінеді.

Тәуелсіз мемлекеттің астанасы, мүмкіндігінше, сыртқы шекараларынан жырақта және
елдің ортасында орналасуы тиіс. Астананы аймаққа қарай көшіре отырып, құрамы
жағынан көп ұлтты біз, тұрақты полиэтникалық мемлекетті құру, Қазақстанды мекендеп
отырған халықтардың арасындағы достықты сақтау және көбейту бағытын тағы да
дәлелдедік.
Ресми түрдегі көрсетілген себептерге, бірінші кезекте, Алматының болашағы жоқтығы,
қаланың тау етегіндегі қазан шұңқырда орналасқаны жатқызылды. Осыған байланысты,
ескі астананың экологиялық проблемалары, белсенді сейсмикалық аймақтың қауіптілігі,
Қытай шекарасына жақындығы, оның республиканың басқа аймақтарымен қатынасын
қиындататын, географиялық тығырыққа орналасуы еске түсірілді. Сонымен бірге,
Қазақстанның солтүстік аймақтарын дамытудың қажеттігімен және 1986 жылдың, қала
алаңында болған студенттер толқуының ауыр оқиғаларын еске түсіруден құтылу ниетімен
байланысты себептер де айтылды.

«Қазақстан жолы», Н.Ә.Назарбаев
4-тапсырма. Мәтіннен қала туралы жағымсыз ақпараттарды анықта. Бұл мәселелер
қаланың астана болуына кедергі келтіре ме? Ойыңды айт.
Мысалы, Алматы қыс айларында ауасы лас қала. Бұл Алматының астана болуына кедергі
келтіреді. Себебі, астанаға халық шоғырланады. Сондықтан олардың денсаулығын ойлау
қажет.

Кемінде 5 мәселені анықта!

Ж Жазылым
5-тапсырма. Мәтіндегі ақпараттарды пайдаланып, талғаулы сөйлем жаз. Алматы мен
Астананы салыстыр.
Мысалы, Сіз үйді сейсмикалық қауіпті Алматыда саласыз, не экологиясы жақсы
Астанада саласыз.
1.Қаланың сыртындағы әуежай не тұман астында қалады, не ..._______________________
2.Алматының Қытай шекарасына жақындығы елге не қауіп туғызады,
я ..._____________________________________________________________________
3.Алматыда үй салу сейсмикалық жағдайы жағынан не қолайсыз,
яки ...________________________________________________________________________

Грамматика
Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемнің біреуіндегі ғана іс-әрекет, қимылдың жүзеге
асатындығына болжам жасауды білдіретін салаластың түрі.
Талғаулы салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен әдетте не, немесе,
болмаса, не болмаса, я болмаса, я, яки, әйтпесе, әлде шылаулары арқылы құрмаласады.
Мысалы, Сіз үйді сейсмикалық қауіпті Алматыда саласыз, не экологиясы жақсы
Астанада саласыз.

Бағалау критерийі Дескриптор

Мәтін мазмұны бойынша 1. Мәтіннен Алматыға қатысты кемінде
проблемаларды анықтайды. Тапқан 5 мәселені анықтайды.
мәселелері негізінде талғаулы салалас
құрмалас сөйлемді құрастырады. 2. Осы мәселелерді қатыстыра отырып,
кемінде 2 талғаулы салалас құрмалас
сөйлем құрастырады.

3. Не берілген 3 сөйлемді мәтінге
сәйкес жалғастырады.

12-БӨЛІМ: ҚАЗАҚТЫҢ АЙТЫС ӨНЕРІ МЕН МӘДЕНИЕТІ
12.1 Сабақтың тақырыбы: Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері

Оқу мақсаттары 8.1.3.1 - оқу-еңбек тақырыптарына байланысты күрделі
сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсіну
Сабақ мақсаттары
оқу-еңбек тақырыптарына байланысты күрделі сөздер мен
Құндылықтарды дарыту тұрақты тіркестердің мағынасын түсінеді.
Бастапқы білім
Тірек сөздер құрмет, азаматтық жауапкершілік.

Мәңгілік елдің нұрлы жолы!

сөзге жүйріктік, білгірлік, тапқырлық, ділмарлық

Сабақтың жүргізілу барысы
Т Тыңдалымалды тапсырма
1-тапсырма. Тақырыпты болжайық.

2-тапсырма. Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір. Жаңа сөздермен сөйлем құрастыр.

табан астында, тосыннан қапы қалдыру
тығырыққа тірелді күтпеген (ойламаған) жерден, кенеттен
сүріндіру шарасыз
ділмарлық амалы таусылды, не дерін, не айтарын білмеді
дәрменсіз сөзге жүйріктік, шешендік

Т Тыңдалым тапсырмасы

3-тапсырма. Мәтін бойынша тест сұрақтарына жауап бер.
1. Айтыс өнері тағы басқа қандай ұлттарда кездеседі?
А) украин
Ә) неміс
Б) арабтың бәдеуилер тайпасында
және түрік тілдес елдердің
бірқатарында
В) тек қана қазақта

2. Шөже, Балта, Орынбай, Сүйінбай
ақындар қай ғасырда өмір сүрді?
А) XX ғ.
Ә) XVII ғ.
Б) XVIII ғ.
В) XIX ғ.

3. Ақындар өлеңді қалай шығарады?
А) табан астында
Ә) 10 күн дайындалады
Б) көп жылды талап етеді
В) біршама уақыт

4. Айтыстың ескі түрі болып қай түр саналады?
А) жұмбақ айтыс
Ә) салт айтыс
Б) жар-жар
В) бәдік

4-тапсырма. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен анықта.

1. Дәреже - _________________

2. Барлық - __________________

3. Байқау - __________________

Т
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

5-тапсырма. Айтыскер ақын қандай болу керек? Кестені толықтырып, пікіріңді «Әуе
шары» негізінде дәлелдеп көр.

сөзге
жүйрік

Айтыскер
ақын

Жақсы айтыскер ақын болу үшін...

Әуе шарында кім болу керек? (ақынға көмектесетін
адамдар)

Ой жүзеге асу үшін не қажет? Ойдың жүзеге асуына
қажетті элементтерді шарға жазады.

Шардың ұшуын не баяулатады? Зәкір (якорь)
жанына ойдың жүзеге асуына кедергі болатын
факторларды жазады.

Шардың жылдам ұшуына не көмек береді?

Шарды ұшып бара жатқан бағытынан не
тайдырады? Мәселелерді шардың екі жағынан
жазады.

Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор
№ Оқушы
оқу-еңбек тақырыптарына 1 тақырыпты болжайды;
байланысты күрделі сөздер 2
мен тұрақты тіркестердің сөздерді мағынасына қарай
мағынасын түсінеді. 3
4 сәйкестендіреді;
5
сөздермен сөйлем құрастырады;

тест сұрақтарына жауап береді;

сөздердің синонимін мәтіннен анықтайды;
кестені толықтырады;
пікірін «әуе шары» негізінде дәлелдейді.

12-БӨЛІМ: ҚАЗАҚТЫҢ АЙТЫС ӨНЕРІ МЕН МӘДЕНИЕТІ.
12.2 Сабақтың тақырыбы: Айтыс – ақиқат

Оқу мақсаттары 8.2.1.1 тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды
қолданып, ауызша мәтіндер құрау.
Сабақ мақсаттары
тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды
Құндылықтарды дарыту қолданып, ауызша мәтіндер құрастырады.
Бастапқы білім
Тірек сөздер құрмет, азаматтық жауапкершілік.
Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері.

тыңдарман, көзі ашық, қарсылас, елеулі оқиға.

Сабақтың жүргізілу барысы
А Айтылымға дайындық тапсырмасы
1-тапсырма. Төменде берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табыңыз, мағынасын

түсіндір.

1. Өз тілің – бірлік үшін,
____________________

2. Шешеннің тілі ортақ,
____________________

3. Шешеннің сөзі — мерген,
______________________

4. Жүзден біреу — шешен,
_____________________

5. Ақынның хаты өлмейді,
____________________

Шебердің көзі – Батырдың аты Шебердің қолы Өзге тіл – Мыңнан біреу
мерген. өлмейді. ортақ. тірлік үшін. – көсем.

2-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерден түсіп қалған сөздерді мағынасына қарай қой.

1. Өнер алды – ... тіл.
2. Тіл... жарады,... жармаса,... жарады.
3. Жанды жаралайтын да..., емдейтін де....
4. Адамның өзі жетпеген жерге... жетеді.
5. Бал тамған тілден... тамар.

сөз сөзі тас, бас у қызыл

3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап бер.

1. Сіздің ойыңызша, айтыс өнері жалпы өнерде алар орны қандай?
2. Адам тәрбиесінде айтыстың рөлі қаншалықты маңызды?
3. Сіздің ойыңызша, айтыс өнері жалпы өнерде алар орны қандай?

4-тапсырма. Айтыс түрлері туралы ақпарат тауып оқы. Сыныппен бөліс.

Бәдік айтысы - ... Жұмбақ айтысы -
Жануарлар мен адамның айтысы - Қыз бен жігіт айтысы -

Интервью жанры: көсемсөз жанры, журналистің бір не бірнеше адаммен
қандай да бір өзекті мәселе төңірегінде сұхбат жүргізуі интервью барысында
белгілі бір оқиғаның, құбылыстың мән-мазмұны маман әңгімелесушінің
түсіндіруі, айтуы бойынша терең ашылады. Интервью жанры, негізінен,
хабарламалы интервью және түсіңдірмелі интервью болып екіге бөлінеді.

5-тапсырма. Жұпта мақал-мәтелдерді қатыстырып, интервью
құрастыр. Сіз айтыс қарауға келген журналист мамансыз. Сіздің
сұхбат алушыңыз белгілі айтыскер ақын. Ұсынылған тақырып
«Қазіргі жастардың көркем әдеби шығармаларға қызығушылығы
және айтыс өнеріне деген көзқарастары қаншалықты?»

Қажетті сөздер: тыңдарман, ғаламтор, қабырға қайыстырады, көзі ашық, қарсылас, бос
уақыт, елеулі оқиға, Кітап – ең сабырлы ұстаз (Н.Ә. Назарбаев).

Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор
№ Оқушы
тұрақты тіркестер мен 1 мақал-мәтелдердің жалғасын табады;

көркемдегіш құралдарды 2 мағынасын түсіндіреді;
3
қолданып, ауызша мәтіндер 4 мақал-мәтелдерден түсіп қалған сөздерді
мағынасына қарай қояды;
құрастырады. сұрақтарға жауап береді;
жанрлық ерекшелігін сақтап, интервью
құрастырады;
мақал-мәтелдер қолданады.

12-БӨЛІМ: ҚАЗАҚТЫҢ АЙТЫС ӨНЕРІ МЕН МӘДЕНИЕТІ
12.3. Сабақтың тақырыбы: Ринат Зайытов пен Аманғазы Кәріпжанов айтысы

Оқу мақсаттары 8.3.1.1 перифраз түрінде берілген сұрақ арқылы қажетті
ақпаратты анықтау.
Сабақ мақсаттары
перифраз түрінде берілген сұрақ арқылы қажетті
Құндылықтарды дарыту ақпаратты анықтайды.
Бастапқы білім
Тірек сөздер құрмет, өмір бойы оқу

Айтыс – ақиқат

Байтақ ел, дара туған, күллі әлем

Сабақтың жүргізілу барысы
О Оқылымалды тапсырма
1-тапсырма. Суретте кімдер бейнеленген? Бұл кісілер туралы не білесің?

2-тапсырма. «Сөздік қоржын» әдісі арқылы сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір.
Дәптерге берілген сөздермен сөйлем құрап жаз.

1. Дара туған Бақыт тіледім
2. Бағы ашылған Бағы жанды, бақытты болды.
3. Бақ тіледім Бүкіл әлем
4. Күллі әлем Ерекше тұлға

О Оқылым тапсырмасы

3-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап бер.

Ринат Зайытов:
Ардақты айбын асқан Алашымнан,
Ақылды азаматтар жаратылған.
Ақ тулы Абылайлар дара тұлғаң,
Бұқар жырау байламды бағыт беріп,
Бірлігімен қазақтың бағы ашылған.
Төле би, Әйтеке мен Қазыбектер,
Ой түйінін қопарған нақ асылдан.
Қабанбай, Бөгенбай мен Наурызбайлар,
Қазақты алып шыққан нақ асылдар.
Кеңгірбай, Алшынбай мен Құнанбайлар,
Ақ сұңқардай аспанда аласұрған.
Ұлы Абай, Мұхтар менен Шәкәрімдей,
Семейдің даласында дара туған
Бас иіп, бақ тіледім бар анаға,
Ардақты асылдарды ана туған.

Аманғазы Кәріпжанов:
Ассалаумағалейкум, қазақ деген,
Тарихтың тамшылаған бұршақтары.
Келеді мен де сырды айта бергім,
Әйтеуір бір ұлы едім байтақ елдің.
Ал, бүгін тәуелсіздік айтысы деп,
Сонан соң жан сырымды айта келдім.
Жәнібек, Қабанбай мен Ақтамберді,
Боранбай, Ырғызбайдың ұрпақтары.
Абай мен Мұхтар болып күллі әлемге,
Тұтанды киелі елдің бір шақпағы.
Мерекең құтты болсын қазақ деген,
Тарихтың мұң көтерген бөлшектері!

Ринат Зайытов жыры Аманғазы Кәріпжанов
жыры
Ақындар жырында
қозғалған негізгі идея?

Жырда қандай тарихи

тұлғалар сөз етіледі? - тармақ, - буын, - тармақ, - буын, -бунақ, -
Алғашқы өлең шумағына
талдау жасаңыз. бунақ, - ұйқас түрі. ұйқас түрі.

Айтыс қандай мерекеге байланысты өткізілді? ________________________________

Есте сақтайық!

«Қазақ поэзиясында ұйқастардың түрі көп, –

деп жазды академик Қ. Жұмалиев, – бірақ ең

негізгісі және көп қолданылатындары

мыналар:

1) қара өлең ұйқасы (ааба),

Ринат Зайытов — 1983 жылы 17 2) шұбыртпалы ұйқас (аааа),

қараша айында Шығыс Қазақстан 3) ерікті ұйқас (абвгб),

облысының Аягөз қаласында дүниеге 4) кезекті ұйқас (абвб),
келген. Қазақтың айтыскер, суырып-
салма және жазбаша ақыны, драмалық 5) шалыс ұйқас (абаб),
актер, филолог. М. Төлебаев атындағы 6) егіз ұйқас (аабб),
музыка колледжінің «Драмалық театр 7) аралас ұйқас (аабвбвббб),
актері» мамандығы бойынша 8) осы күнгі ерікті ұйқастар (абабвгд)».

тәмамдаған. Семей Мемлекеттік
педагогикалық институтында филолог
мамандығын алып шықты.
2008-2010 жылдар аралығында республикалык айтыстағы дүлдүл жеңімпазы. Аягөз
ауданының құрметті азаматы; «Астана қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» медалінің
иегері.

О Оқылымнан кейінгі тапсырма

4-тапсырма. Егер сен айтыскер ақын болсаң, еліміздегі қандай жақсы жаңалықтарды
және қоғамда болып жатқан қандай өзекті мәселелерді жырға қосар едің? Неліктен?
Болашақ жас ұрпаққа нені дәріптер едің?

Еліміздегі жақсы *
жаңалықтар: *
*
Қоғамдағы өзекті *
мәселелер: *
Болашақ жас ұрпаққа *
мен дәріптеймін: *

Бағалау Тапсырма Дескриптор
критерийі № Оқушы

перифраз түрінде 1 суреттегі тұлғаларды анықтайды;
2
берілген сұрақ 3 сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіреді;

арқылы қажетті ақындар жырында қозғалған негізгі идеяны
анықтайды;
ақпаратты жырда кездескен тарихи тұлғаларды жазады;

анықтайды.

өлең шумағына талдау жасайды;

кестені толтырады;

мысал келтіреді.
4

12.4 Қазақтың айтыс өнері мен сөз мәдениеті

Сабақтың тақырыбы: Айтыс – сөз бәсекесі

Оқу мақсаттары 8.5.2.1 - жазба жұмыстарында кезектес салалас құрмалас
сөйлемдерді құрастыру.
Сабақ мақсаттары жазба жұмыстарында кезектес салалас құрмалас
сөйлемдерді құрастырады.
Құндылықтарды дарыту
Бастапқы білім құрмет, азаматтық жауапкершілік.
Тірек сөздер Ринат Зайытов пен Аманғазы Кәріпжанов айтысы

Көшпенділер, ойын-той, дүлдүл

Сабақтың жүргізілу барысы
Сабақтың кіріспе кезеңі
1-тапсырма. Адасқан әріптерді орнына келтір. Мағынасын түсіндір.
іберес -
ейкед –
бріед -
Грамматиканы түсіндіру
2-тапсырма. Ережемен танысып, жалғаулықтарға мысал келтір.

Кезектес салалас құрмалас сөйлем — баяндалатын іс-әрекеттің бірінен соң бірі кезектесіп
іске асатындығын білдіретін кұрмалас сөйлем. Кезектес салалас сөйлемнің бір ерекшелігі
тек жалғаулықтар арқылы байланысатынында. Кезектес салалас құрмалас сөйлемді жасауға
қатысатын жалғаулықтар: біресе, бірде, кейде. Мысалы: Кейде қабағы түксие қалады, кейде
бет әлпеті күлім қағады (Б. Майлин). Қазан тұрып біресе атын мақтады, біресе өзін мақтады,
бірақ айналып келгенде, бәрі де Бегілдің өнерін сөз етісті (Қорқыт).

3-тапсырма. Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын сызып, сөйлемнің

мағынасын түсіндір.
Бірде айтыс қарауға сәт түскенмен, бірде қолым босамай қалады. Айтыс үйірмесіне

кейде уақытылы барамын, кейде кешігіп қаламын. Асқар үй жұмысын біресе орындайды,

біресе ұмытып кетеді.

Грамматиканы бекіту тапсырмасы

4-тапсырма. Кезектес салалас құрмалас сөйлем мен қажетті сөздерді қатыстырып, қиял-
ғажайып әңгіме құрастыр. Сен «Уақыт машинасы» арқылы көшпенділер заманына тап
болдың. Сондағы әсеріңді әңгімелеп бер. Көшпелі халықтың тұрмыс-тіршілігі мен
біркүндік өмірін сипаттап бер. Көшпенділер ғасырындағы айтыс өнерінде қозғалған
мәселелерімен қазіргі мәселелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде? Сөз
көлемі 110-120 сөз.

Тапсырма барысы.
 Жазылым жұмысына ең алдымен жоспар құрып алу.
 Сол жоспар негізінде жазылым жұмысын жасау.
 Жазылым жұмысының мазмұнында талқылау болу керек, яғни кейіпкерлердің
тақырып бойынша қарама-қайшы пікірлерін келістіріп жазу керек.

Қажетті сөздер: дүлдүл, ойын-той, кейде, біресе, бірде

Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор
№ Оқушы
жазба жұмыстарында 1 адасқан әріптерді орнына келтіреді;

кезектес салалас 2 ереже бойынша мысалдар келтіреді;
3 кезектес салалас құрмалас сөйлемнің
құрмалас жалғаулықтарын сызып, сөйлемнің мағынасын
4 түсіндіреді;
сөйлемдерді көшпелі халықтың тұрмыс-тіршілігі мен біркүндік
өмірін сипаттап қиял-ғажайып әңгіме жазады;
құрастырады. кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді орынды
қолданады;
бұрынғы және қазіргі айтыста қозғалатын
мәселелерідің ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын анықтайды;
cөз көлемін сақтайды.

12.5 Қазақтың айтыс өнері мен сөз мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Ақылың мен еңбегің екі жақтап!»

Оқу мақсаттары 8.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін
сақтап, пікір жазады.
Сабақ мақсаттары мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап,
пікір жазады.
Құндылықтарды дарыту
Бастапқы білім құрмет, азаматтық жауапкершілік.
Тірек сөздер Айтыс – сөз бәсекесі

Қызығушылық, пікірталас, үйірме

Сабақтың жүргізілу барысы
Ж Жазылымға дайындық тапсырмасы
1-тапсырма. Төмендегі суреттерді не байланыстырады?

Пікірталас туралы не білесің?
Пікірталас пен айтыстың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?

2-тапсырма. Берілген кестедегі пікірмен келісу/келіспеу себебін көрсет.

«Пікірталас – тек Себебі, ____________________
қана ұрыс алаңы» - ___________________________
деген пікірмен ___________________________
келісесің бе? ___________________________
__________Мысалы__________
ИӘ / ЖОҚ ___________________________
___________________________
____________________

«Айтыс – ескі салт- Себебі, ____________________
дәстүр. Бұл өнерді ___________________________
болашақ ұрпаққа ___________________________
дәріптеу маңызды ___________________________
емес» - деген __________Мысалы__________
пікірмен келісесің ___________________________
бе? ___________________________
____________________
ИӘ / ЖОҚ

Пікірлер дегеніміз /комментарий/ - бұл қосымша контент (блог, сайт үшін), бұл –
диалог (оқырмандар мен автор арасындағы; өзара байланыс). Бұлар жазбаңызды кең
ауқымдылыққа жетелейді. Құнды пікірлер – блогтың болмысын қалыптастыруға септігін
тигізеді, блог пен оның оқырмандарының болмысын, дәрежесін айқындайды.

Ж Жазылым тапсырмасы
3-тапсырма. Төменде берілген бір жағдаятты таңдап, досыңызға 90-110 сөз көлемінде хат

жаз.
1. «Мен болашақта тіл маманы болғым келеді. Алайда,
күнделікті жоспарымнан кітап оқуға уақытым жоқ.
Нақты қызығушылымды арттыратын кітаптардың
саны да аз»

Досыңның осы пікіріне қандай кеңес айтар едің?

Жанар 2. «Маған қоғамда және жаһанда болып жатқан
Айбол жаңалықтар мен мәселелерге қатысты
қатарластарыммен бірге пікірталастырған ұнайды.
Әкемнің ойынша, пікірталас жігіттің бойына
жинайтын қасиеттердің бірі емес»

Досыңа қолдау көрсетіп, алдағы уақытта әкесінің ойын
өзгерту үшін қандай кеңестер берер едің?

3. Мен 5-сыныптан 8-сыныпқа дейін айтыс үйірмесіне
қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрдім.
Отбасылық жағдайға байланысты, басқа қалаға
көштік. Жаңа мектебімде аталмыш үйірме жоқ, тіпті
жаңа сыныптастарымның да айтысқа деген
көзқарасы менің көңілімнен шықпады

Досыңа қалай қолдау білдіресің және бұл мәселені шешу
үшін қандай кеңес айтар едің?

Қанат

Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор
№ Оқушы
мәтіндердің жанрлық және 1 суреттегі байланысты анықтайды;
стильдік ерекшелігін сақтап,
пікір жазады. 2 пікірталас пен айтыс арасындағы
3 ұқсастықтар мен айырмашылықтарды
айтады;
пікірмен келісу/келіспеу себебін көрсетеді;
пікіріне мысал келтіреді.
жанрлық ерекшелікті сақтап, хат жазады;
досына кеңес айтады, ойына пікір білдіреді;
сөз көлемін сақтайды.

13-БӨЛІМ: ҚАЗАҚСТАН-БАЙҚОҢЫР-ҒАРЫШ
13.1 Сабақтың тақырыбы: Ғарыш. Скафандр

Оқу мақсаттары 8.1.6.1 – тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде
деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру;
Сабақ мақсаттары 8.4.1.1 - мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін
сақтап, интервью жазу;
Құндылықтарды дарыту -мәтінді түсініп тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Пәнаралық байланыс -тыңдалым мәтінінен алған ақпараттарды қолданып,
АКТ қолдану дағдылары интервью жазады.

Бастапқы білім Өмір бойы оқу
Тірек сөздер
Қажетті ресурстар Астрономия, физика

https://www.youtube.com/watch?v=2vX02SHELcc
(скафандр туралы ақпарат)

«Қыран қазақ»

Скафандр, ғарышкер, ғарыш кемесі

Тыңдалым материалы

Сабақтың жүргізілу барысы

Т Тыңдалым

1-тапсырма. Сұрақтар бойынша жұбыңның
жауабын тыңдап, қосымша ақпаратты қос.

 Ғарышкерлерге скафандр неге қажет?
 Скафандрды тек ғарышта қолдана ма?
 Сеніңше, скафандр ауыр ма?
 Скафандр тек ақ түсті бола ма?
 Скафандрды қалай сипаттар едің?

2-тапсырма. Скафандр туралы мәтінді тыңдамас
бұрын, сұрақ бойынша өз болжамыңды жаз. Кейін
тыңдалым бойынша салыстыр.

Сұрақ: Егер ешқандай қиындықтар болмай,
ғарышкерлер ғарыштағы үйлеріне аман-есен
жетсе, ол жерде скафандрдың қажеті бар ма?

Сенің жауабың: Мәтін бойынша жауап

Сұрақ: Ғарышкер кемеден ұзап кетсе, скафандр жолдастарымен байланысуға қалай
көмектеседі?

Сенің жауабың: Мәтін бойынша жауап

Сұрақ: Скафандрдың әйнегі терлеп, киім дымқыл тартса, не істеуге болады?

Сенің жауабың: Мәтін бойынша жауап

Ж Жазылым (рецептивті дағдылармен байланыс орнату)
3-тапсырма. Берілген тірек сөздер мен сөз тіркестерін пайдалан. Ғарышкер Айдын
Айымбетовпен арадағы сұқбатты құрастыр.

Кабина, дулыға,
қолғап, жылу беру
жүйесі, ауа қоры,
тетікті басу, радио

Сұхбат алушы

Үлгі:
Сұхбат алушы: Скафандрдан тоңу мүмкін бе?
А.Айымбетов: Жоқ. Скафандрда жылу беру жүйесі бар. Тетікті бассаң, тез жылына
қояды.

Бағалау критерийі Дескриптор

-мәтінді түсініп тыңдап, сұрақтарға жауап 1. Тыңдалым мазмұнына сәйкес
береді. сұрақтардың бәріне жауап береді. Өз
жауабымен салыстырады.
-тыңдалым мәтінінен алған ақпараттарды 2. Тірек сөздер мен материал ақпараттарын
қолданып, интервью жазады. пайдаланып, кемінде 3 сұрақ-жауаптан
тұратын интервью жазады.

13-БӨЛІМ: ҚАЗАҚСТАН-БАЙҚОҢЫР-ҒАРЫШ
13.2 Сабақтың тақырыбы: Ғарышкер тамағы

Оқу мақсаттары 8.4.5.1 - тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін
дұрыс жазу (жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы
Сабақ мақсаттары жазылатын сөздер)
8.2.5.1 - пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып
Құндылықтарды дарыту бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған
Пәнаралық байланыс сұрақтарға еркін жауап беру
АКТ қолдану дағдылары
Бастапқы білім -Сөз тіркестеріне жалғауларды орынды жалғайды;
Тірек сөздер -Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, ғарышкердің
Қажетті ресурстар тағамын сипаттайды;
-Тұжырымдарға көзқарасын білдіріп, дәлелдейді.

Өмір бойы оқу

Астрономия, физика

https://www.youtube.com/watch?v=i93Bbgo2Ago
(ғарышкердің тамақтануына ғана назар аударту)

Ғарыш. Скафандр

Сықпа құты, шар формасы, салмақсыздық

Ғарышкерлер тағамдарының суреттері, үлестірмелер

Сабақтың жүргізілу барысы
А Айтылым
1-тапсырма. Жұбыңның жауабын тыңда. Өз пікіріңді қос.
 Суреттегідей сықпа құтыдағы тағамды қайдан көрдің?
 Сықпа құтыға әдетте қандай тағамдар салынады?
 Ғарышкерлер неге осындай сықпа құтыдағы тағамдарды пайдаланады?
 Ғарышкерлер тағамына қандай ұлттық тағамды тіркеуге болады? Неге?

Ж Жазылым тапсырмасы
2-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін бос орындарға орналастыр. Тиісті
жалғауды қолдан.

1. сықпа құтылар
2. шар формасы
3. арнайы қалталар
4. салмақсыздық
5. ғарышкерлер

Сұйық заттың бәрі де, мейлі ол таза су ма, морс па, кофе әлде шай ма – бәрі
1_______________жағдайында 2 __________________ ие болады. Сондықтан, оларды
құмырадан не құтыдан құйып алу қиын. Оларды қағып түсіру қажет. Бірақ қағып түсірсе,
сұйық шар ұсақ тамшыларға айналып, моншақша шашылып кетеді. Оны шаңсорғыштың
көмегінсіз жинау қиын.
Ғарышта барлық тамақ 3___________________мен 4 _________________ сақталады.
5_______________ тәрелкенің қажеті жоқ. Себебі ғарышта олардың да салмағы болмайды.
Тәрелке болмаған соң, қасық пен шанышқының да керегі жоқ. Көжені, ботқа мен
пудингті, барлық сұйық, қою тағамдарды сықпа құтыдан ішуге тура келеді.
2-тапсырма. Жоғарыдағы сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, «Ғарышкердің түскі асын»
50 сөзбен сипаттап жаз.

1. Түскі ас мәзіріне не кіреді? (15 сөз)
2. Қандай ыдыстарға салынады? (10 сөз)
3. Тағам құнарлылығы қандай? (15 cөз)
4. Тағамды қандай орында ішеді? (10 сөз)

Айтылым
4-тапсырма. Төменде берілген тұжырымдарға келісіп не келіспейтініңді дәлелдермен
келтір.
Тұжырымдар:

1. Ғарышкерлердің ас мәзіріне қазы-қарта, қымызды қосу олардың шаршамауына
әсер етеді.

2. Қазақстан ғарышкерлердің тағамын әзірлеуге дайын.
3. Ғарыш кеңістігінде тек тюбиктен тамақтану адам ағзасына зиян келтіреді.
4. Ғарышта да тамақ ішу әдебін сақтайды.
5. Ғарышкерлердің туған күніне орай тюбикке тортты дайындап беру олардың

ынтасын арттырады.
6. Ғарышта тағам ішу уақыттары жермен салыстырғанда өзгеше.

Бағалау критерийі Дескриптор
1. 5 сөз бен сөз тіркесін бос орындарға
-Сөз тіркестеріне жалғауларды орынды
жалғайды; жазады.
-Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, 2. Кемінде 3 сөз бен сөз тіркесін

ғарышкердің тағамын сипаттайды; қолданып, ғарышкердің түскі асын
-Тұжырымдарға көзқарасын білдіріп, сипаттайды.
дәлелдейді. 3. Берілген тұжырымның кемінде
екеуіне көзқарасын білдіріп, дәлел
келтіреді.

Рефлексия. Кемінде 2 арал бойынша өзіңнің жұмысыңа баға бер. Қай арал саға жақын
болды? Неге?

13-БӨЛІМ: ҚАЗАҚСТАН-БАЙҚОҢЫР-ҒАРЫШ
13.3. Сабақтың тақырыбы: Аспан денелеріне байланысты халық аңыздары

Оқу мақсаттары 8.3.6.1 - тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген
Сабақ мақсаттары мәселелерді салыстыра отырып, баға беру;
Құндылықтарды дарыту
Бірнеше халық аңыздарын оқып, салыстырады;
Аңыздардың ұқсастығы мен айырмашылықтарына баға
береді.

Өмір бойы оқу

Бастапқы білім Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті
Тірек сөздер Үшарқар-Таразы, шоқжұлдыз, темірқазық, халық аңызы.

Сабақтың жүргізілу барысы
О Мәтіналды жаттығуы

1-тапсырма. Суреттерге қарап, қиял-ғажайып әңгіме, аңыз құрап айт.

О Мәтінмен жұмыс кезеңі

2-тапсырма. Мәтіндегі түсініксіз сөздердің астын сызып оқы. Сөздердің мағынасын
сөздіктен қарап көр.

1-аңыз. Темірқазыққа Құдай өзінің аттарын байлайды. Темірқазықтың қасындағы қос
жарық жұлдыз – Құдайдың ақбоз тұлпарлары – Ақбозат пен Көкбозат арқанмен
Темірқазыққа арқандаулы. Жетіқарақшы түнімен бұл екі атты ұрлаймыз деп торып, аттар
қозғалмай, қағулы тұрған қазықты айналып, күзетті алдырмай, таң атып кетеді. Шынымен
байқасаңыз Жетіқарақшы түнімен темірқазықты айналып шығады.

2-аңыз. Ежелден белгілі Үшарқар-Таразы шоқжұлдызы жөніндегі бір аңыз Маралбай
есімді аңшының тағдырын суреттейді. Ол биік шың басындағы жартаста тұрған үш
арқарға оқ атып барып аяғы сәл тайып кетеді. Алтындалған жалпақ белдігі үшкір тастың
біріне оралып қалады. Мерген сол белдіктен ұстап қайта шығады. Белдігін қайта тағып,
жоғары қарағанда таудан да биіктей қашып, аспанға шығып кеткен үш арқарды, атылған
мылтығынан шыққан көк түтінді көріп санын соғады. Содан бастап ол үш арқар түн
мезгілінде көктен шоқжұлдыз болып көрінетін болыпты.

3-аңыз. Ай мен күн. Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы
болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен бірі асқан сұлумын деп, бірімен бірі
үнемі ұрысып, жиі жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған
Айсұлуға тиісіп: - Сенен мен сұлумын! – дейді. Ал Айсұлу болса: - Жоқ, сен сұлу емессің,
мен сұлумын! – деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза
қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап
алады. Күнсұлу тырнағының дағы Айсұлудың бетіне өшпестей болып тиеді. Міне, содан
бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал, бейбастықпен қатты
ұятқа қалған Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен
Күнсұлу біріне-бірі көрінбей, бірінен-бірі жасырынып, аулақтап жүреді екен.

4-аңыз. Бүркіт шоқжұлдызын да қазақ халқы ерте аңғарған. Бір аңызда аңшы жігіт киелі
арқарды атамын деп өзі қапыда терең құзға құлайды. Сол замат томағасы сыпырылған
Бүркіт ұшып шығып, қос қанатын жігіттің астына тосады, шама-шарқы келгенше демеп,
құз түбіне жете бере тайқып ұшып, қайта көкке көтеріліп кетеді. Жігіт тасқа соғылмай,
қатты құламай аман қалады. Бүркіт жігітті елдегілер қашан тауып, шыңыраудан шығарып
алғанша қоян, құс әкеліп тастап тұрады. Кейіннен ол Бүркіт әлдекімдердің оғына
ұшырайды. Жігіт қатты қайғырады, жоқ Бүркітін көктен іздейді. Дәл соған ұқсаған
шоқжұлдызға Бүркіт атын береді.

Мәтін бойынша тірек сөздерді анықтап, тақырып қой.

Тірек сөздер Тақырып

1-мәтін
2-мәтін
3-мәтін
4-мәтін

3-тапсырма. Аңыздардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыр.
Тақырыбы:
Мазмұны:
Кейіпкерлері:

Ж Мәтіннен кейінгі кезең

4-тапсырма. Аңыздың бірін таңдап, оқиға желісін өз сөзіңізбен өзгертіп, ұсынылған
кестеге жаз.

Бағалау критерийі Дескриптор

Аңыздарды түсініп оқиды Мәтіннен тірек сөздерді тауып жазады,
Аңыздардың ұқсастығы мен тақырып қояды;
айырмашылықтарына баға береді. аңыздардың кейіпкерін, мазмұнын,
тақырыбын салыстырады.

13-БӨЛІМ: ҚАЗАҚСТАН-БАЙҚОҢЫР-ҒАРЫШ

13.1. Сабақтың тақырыбы: Нұртөре Жүсіп «Қыран қазақ» (үзінді)

Оқу мақсаттары 8.1.6.1 – тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде
деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру.
Сабақ мақсаттары Тыңдалым мазмұнын түсінеді;
сұрақтарға тыңдалымнан деректер келтіре дәлелді жауап
Құндылықтарды береді.
дарыту Өмір бойы оқу
Бастапқы білім
Тірек сөздер Аспан денелері туралы халық аңызы

Тұңғыш ғарышкер, ғарышқа ұшу, батыр.

Сабақтың жүргізілу барысы

Т Мәтіналды жаттығулар
1-тапсырма. «Қайсысы қате?» Тоқтар Әубәкіровтің өміріне қатысты деректердің біреуі
қате. Ғарышкерге қатысы жоқ тұжырымды тауып көр.

1991 жылы сәуірдің 2-сінде Кеңес Одағы
Ғарышкерлер даярлау орталығында
ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол
жылы қазанның 2-сінде Байқоңырдан
«СоюзТМ-13» кемесімен ұшқан.
Президент Тоқтарға ғарышқа ұшу туралы
қолқа салды.
Оның туған жері Қарағанды облысы, бірақ
ол барлық Қазақстанды Отаным деп
санайды.
Ең алғаш ғарышқа ұшуға дайындық кезінде
Біріншісі қате болуы мүмкін, себебі... денсаулығына байланысты іріктеуден өтпей
Екіншісі қате болуы мүмкін, себебі... қалды.
Үшіншісі қате болуы мүмкін, себебі...
Төртіншісі қате болуы мүмкін, себебі...

2-тапсырма. Мағыналас сөздерді сәйкестендір.

Бас тарту Сыртынан шешім қабылдау
Тон пішу Келісім бермеу
Тағдырына қол сұғу Ашулану
Бауырына тарту Өміріне араласу
Күйіп-пісу Жақын тарту

Т Мәтінмен жұмыс кезеңі

3-тапсырма. Тыңдалым мазмұны бойынша сұрақтарға мәтіннен дәлелдер келтіріп жауап
бер.

1. Тоқтар Әубәкіров не нәрсеге ашуланды?
2. Ғарышкер Елбасымен кездесуде қандай мәлімдеме жасады?
3. Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшу туралы шешіміне қандай сөздер әсер етті?

4. Талғат Сүйінбайдың кітабындағы Елбасы мен Тоқтар Әубәкіров арасындағы
әңгіменің түйінін өз сөзіңізбен жазыңыз.

5. Тоқтардың ғарышқа ұшуы қай кезеңге тұспа-тұс келді?

4-тапсырма. Тыңдалым мәтіні негізінде Тоқтар Әубәкіровтің мінез сипатын бағалап,
пікір білдір. Пікіріңізге мәтіннен дәлелдер келтір. Айтылым барысында жаңа сөздерді
орынды қолдан.

БАТЫРЛЫҚ жоғары________________________________төмен
ҚАЙСАРЛЫҚ жоғары________________________________төмен
ОТАНСҮЙГІШТІК жоғары________________________________төмен
ТӘУЕКЕЛШІЛ жоғары________________________________төмен
КҮЙГЕЛЕКТІК жоғары________________________________төмен
ӨЗІМШІЛДІК жоғары________________________________төмен

Т Мәтіннен кейінгі кезең

«Ыстық орындық»

 гарышкер рөліне енетін оқушыны таңдап ал;
 кейіпкерді ыстық орындыққа отырғызып, өз

сауалдарыңды қой;
 жаңа сөздер мен мәтіндегі ақпараттарды орынды

пайдалан;
 рөлдегі кейіпкерді кезекпен ауыстырып отыруға

болады.

Бағалау критерийі Дескриптор
Тыңдалым мазмұнын түсінеді; Тыңдалым бойынша сұрақтарға жауап
сұрақтарға тыңдалымнан деректер келтіре береді;
дәлелді жауап береді. сұрақтарға мәтін бойынша нақты дәлел
келтіріп жауап береді;
мәтіндегі тілдік оралымдарды орынды
қолданады.

ТЫҢДАЛЫМ МӘТІНДЕРІ

1-бөлім: Білім. Ғылым. Инновация

1.1 Білім. Ғылым. Инновация.
Адамзат баласы санаулы ғана жылдардың ішінде ғарыш кеңістігін игеруде үлкен
жетістіктерге қол жеткізді. Ғарыш технологияларының ғылымға, техниканың дамуына игі
ықпалын тигізіп отырғаны сөзсіз. Осы уақытта орбитада мыңдаған жерсеріктері ұшып
жүр. Олар адамзат үшін қажетті аса маңызды стратегиялық міндеттерді орындауда.
Ғарыш аппараттары Айға және Венераға, Марсқа ұшып, түрлі зерттеулер жүргізуде.
Қазіргі заманғы жоғары технологиялардың барлығы да ғарышпен байланысты. Мәселен,
Ресей, АҚШ, Қытай сынды бірқатар елдер бірнеше бағытта қатар жұмыс жасай береді:
байланыс саласы, әскери қорғаныстық, ғылыми-академиялық зерттеулер мақсатында. Ал
көптен бері ғарыштық держава атануды өзіне мақсат етіп қойған еліміз Қазақстан ғарыш
саласындағы барлық бағыттары бойынша бірдей күш жұмсай алмайды. Біріншіден, бұған
өте ауқымды қаржылық ресурстар қажет болар еді. Сондай-ақ еліміз дәл қазіргі жағдайда
ғылым-білімнің ғарыш әлемін танып-білуге деген құштарлығы үшін миллиардтар бөле
алмайды. Әзірге ғарыштық ғылыми жобалар үшін қомақты қаражат бөлу дамыған
мемлекеттердің қолынан келеді. Демек, Қазақстан ғарыш саласын дамыту барысында
негізінен өз жерімізді зерттеу мәселесіне көп икемделгені дұрыс. Ғарыш әлемінің
құпиялары ғылымның арқасында ашылып, адамзат игілігіне қолданыла бастады.
Қазақстанда «Қазсат» байланыс және хабар тарату спутниктік жүйесі ұшырылып, жұмыс
істеуде.

(148 сөз) massaget.kz

2-бөлім: Сауда жасай білесің бе?

Базарға, қарап тұрсам, әркім барар
Базарға, қарап тұрсам, әркім барар,
Іздегені не болса, сол табылар.
Біреу астық алады, біреу маржан,
Әркімге бірдей нәрсе бермес базар.
Әркімнің, өзі іздеген нәрсесі бар,
Сомалап ақшасына сонан алар.
Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар,
Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар.
Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?
Демекпін жалпақ жұртқа бірдей жағар.
Жазған соң жерде қалмас тесік моншақ,
Біреуден біреу алып, елге тарар.
Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой
Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар.
“Ит маржанды не қылсын” деген сөз бар,
Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.

Абай Құнанбаев

3-бөлім: Жаһандық энергетикалық дағдарыс
3.1. Сабақтың тақырыбы: Ш. Айтматов «Кассандра таңбасы»

Тыңдалым мәтіні. (Ш. Айтматов «Кассандра таңбасы»)
Бәрі де осы шұғыл жиналыстан басталды. Газет бетінде мұндай мәлімдеме жариялау
деген адамның өңі түгіл түсіне де кірмес! Бірақ, бір тоқтамға келіп, тездетіп әрекет етпесе
тағы болмайды. Мәселе осылай қойылып отыр-кінің бірі. Сөйтіп «барша құрлықтардағы
ақыл-ойдың әміршісі» деген атағына шаң жуытқысы келмейтін «Трибюн» де арбалып

қалды (кейін бәсекелестері мұны әзәзілдің арбауы десіп те жүрді), өйткені бар гәп мынада
болатын-бүкіл әлем халқын естен таңдырарлық тосын хабарды жұртшылықтың назарына
ұсыну керек пе, жоқ па? Бұл материалды жариялауға әзірше тек осы редакцияға ғана
ұсыныс жасалып отыр, сондықтан олар тәуекелге бел буып, адамзат тарихындағы бұрын-
сонды құлақ естіп, көз көрмеген шулы жаңалықты дереу жариялауға шешім қабылдады.

Міне, сол кезде, оқиға енді ғана өрістер алдында редакциядағы шолушылардың бірінің
айтқан сөзі біраз адамның есінде қалыпты. «Міне, жігіттер, болды»,-деді ол әлгі материал
басылған, әлі сиясыда кеппеген газет санын қолына ұстап тұрып,-тарих қиялданда озып
кетті! Мұндай жетістікке ешкім де жете алмайды, басқалар үшін бұл алынбас асу болып
қала бермек. Ал, қалғанын көріп алармыз, оған өмірдің өзі төреші. Бұл қайда апарып
соқтыруы мүмкін? Оны көре жатармыз! – Сосын басын шайқап қойып былай деп қосты:-
дегенмен, әріптестер, мынаны ескертіп қояйын, әркім өз қамын өзі ойласын-бір сағаттан
кейін не болатынын ешкім де білмейді».

Ашығын айтқанда, оның қауіптенетін жөні бар еді. Мұны бірі де түсінді. Сол күні
редакциядағы көңіл күй ауаны сәт санап өзгеріп тұрды-бас редактордан бастап
журналистика факультетінен осында тәжірибе жинақтау, болашақ хабарларын жазуға
машықтану үшін келген студенттерге дейін біресе есікті жауып алып, бір-бірімен
тілдесуден де қашқалақтап, үстелдерінен бас шұқшиыса қалса, енді бірде жаппай
сенделісіп, дәліздермен бөлмелерді кезіп, ішкі толқыныстан көздері жалтылдап, бір-
бірімен жарыса ауыз жапай сөйлеп кетеді, алайда басқа нәрсе ойлайтын уақытта жеткен
болатын-есік-терезені мықтап бекітіп қою керек еді, әйтпесе ашуға булықққан көшедегі
тобыр мұндай хабарды жариялаған редакцияның күлін көкке ұшыру үшін баса-көктеп
кіріп келуі ғажап емес бұған күманданған ешкім болған жоқ, өйткені, бұл үшін себеп те
жеткілікті, ондай жағдайда құтырынған тобыр (оған ешқандай полицияның шамасы
жетпесі кәміл) әйнек атаулыны шағып, телефондарды табанға салып таптап, жиһаз бен
жазу құралдарын қиратып, жанжал шыққан жерге елден бұрын жететін теледидар
тілшілерінің алдында бұларды-бір сағаттың ішінде күллі әлемді шулатып, адам баласын
Құдайдың өзіне қарсы қоймақ болған газетшілерді жағасынан алып сілкілеуі әбден
мүмкін…

Ал әзірше ештеңеден алаңсыз адамдар Американың осы бір үлкен қаласының
көшелерімен әдеттегідей ерсілі-қарсылы ағылып жатты, әйнек қабырғалы биік үйлердің
арасымен жосылған адам селімен қатар, жалтыраған машиналар нөпірі де толассыз
қозғалыс үстінде, көк жүзінде қалықтаған тік ұшақтар күн сәулесімен жалт-жұлт
шағылысады.

4-бөлім: Достық пен татулық – таптырмас бақыт. Т.Айбергенов «Бір тойым бар»
1-сабақтың тыңдалым мәтіні

Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені! Қазақстан – небір қиындықты бастан
кешірген мемлекет. Бірақ әрдайым ғасырлар көшінде жасап, гүлденіп, тағдырдың
тартысымен арпалысып келеді. Соның нәтижесінде қазақ елі – тәуелсіздігін алды,
бейбітшілікке қол жеткізді. Ал оның негізі, түп-тамыры – xалықтың бірлігінде,
татулығында, біртұтастығында. Қазақ елінде татулығы жарасқан 130-дан астам ұлт
өкілдері тұрады. Олардың барлығының жүрегінде бір ел, бір арман, бір сенім деген ұғым
бар. Егер арманы мен мақсаты қиылысқан, кемел келешекке бір көзбен қараған,
ынтымағы мен бірлігі ұштасқан ұлттар болмаса, республикамыз мұнша жасамас еді.
Дегенмен әлем елдері қызғана да, қызыға да қарайтын мемлекетіміз көк аспанның
астындағы бейбіт өмірінің тұғырын биік ұстауда. Себебі бір жеңнен қол, бір жағадан бас
шығаратын алтын асықтай ұлдары, күміс қасықтай қыздары, данагөй қарттары бар!
Еліміздегі бірлікті мақтана да, тамсана да ән-жырымызға қосуға болады! Жыл сайын
дүркіретіп атап өтілетін 1 Мамыр ұлттар достастығы мерекесі айқын мысал емес пе?!
Сондықтан да елімнің жанашыр патриоты ретінде Қазақстанымның әр жетістігін, әр
бақытын кеудемді көкке көтере айтуға міндеттімін. Татулық пен ынтымақтың не екенін

көріп өскеннен кейін, оның жалғастырушысы болу да - біздің азаматтық парыз. Ата-
бабаның маңдай терімен, төккен қанымен келген киелі аманатқа тәуелсіз елдің ұландары
қиянат жасамайды деп ойлаймын! Қазақстан - Ұлы Дала Елі! Қазақстан - татулық пен
бірліктің мекені!

https://massaget.kz/blogs/22397/

5-бөлім: Кәсіп – бақыттың шырағы. Еңбек - ырыстың бұлағы. Еңбек түбі - береке

5.2. сабақ. Тыңдалым мәтіні

Б.Әділов «Еңбексіз өмір – сүреңсіз»

(мысал әңгіме)
Қара пышақ дүкеннен шығып, ас үйге келген соң тыным таппады. Нан турады, пияз
аршыды, әйтеуір тамақ дайындалып, ас дайындалса, қолдан түспейтін болды. Ол жалқау
еді. Бала кезіндегі «шалқайып жатсам» деген арманы есіне түсіп, жылап та алатын. Бір
күні қара пышақ ауыр еңбектен құтылудың оңай жолын тапты. Иесінің көзін ала беріп,
еденнің жырығына қойды да кетті. «Болды, - деді ол қуанып. - Енді еңбекті желкемнің
шұқыры көрсін!...
Ай өтті, жыл өтті. Қара пышақ орнынан қозғалған жоқ. Онын қайда жатқанын ешкім
білмейтін еді. Бір күні:
- Әй туысқан, - деген дауысқа елең етіп қараса, еденнің жарығынан жылтылдаған көз
сығалап қарап тұр екен. Бірден таныды, баяғы өзімен бірге жасалған Сары пышақ. Өзі өте
көңілді, жүзі жарқ-жұрқ етеді. Сұлуланып кетіпті.
- Төмен секір, - деді Қара пышақ. - Бірге жатайық. Бізді ешкім білмейді.
- Ол жерде не бар?
- Жатамыз, ұйықтаймыз, демаламыз. Ой, қандай рақат!
- Ал жұмысты кім істейді?
- Жұмыс бізсіз де істеледі. .
- Рақмет! - деді Сары пышақ. - Еңбектен қашқанша, тер төккенім артық. Еңбексіз
өмір – сүреңсіз. Өзің-ақ жата бер, рақатыңа бата бер.
Қара пышақ орнынан тұрайын деп еді, тұра алмады. Өне бойын тот басқан. Барлық
жері сынып бара жатқандай сезінді.

http://sc0009.celinograd.akmoedu.kz/documents/view/c05e6f760a21ed06e031cb8726a95367/?s

=ROOT&p=

6-бөлім: Қазақстанның су ресурстары

Тыңдалым материалы. Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» романы (үзінді).
Ойхой, дүние!.. теңіз жайында әңгіме шерткен қандай ғанибет! Құй өзің сөйле! Құй
өзгені сөйлетіп қойып, жиын арасында жантайып жат та, жұртты тыңда, мейлің. Өзің
сөйлесең де, сен, бәрібір, бір құлағыңды қауқылдаған көптің әңгімесіне тігіп қоясың да,
аржағыңда қыштап тұрған ойыңды ортаға саласың. Өзіңнің айтатының да, өзгеден
есітетінің де баяғы бір ескі жыр: биылғы балық талабы. Балық неге тереңге кетті? Тайызға
қашан соғады? Күн қызарып бұлтқа батты. Бұны неге жоруға болады? Ертең аспан ашық
бола ма? Жел бола ма, жоқ па Райдың үйіне жиналған балықшылар бүгін де теңіз жайын,
балық жайын, ауа райын әңгімелеп, әр саққа жүгіртіп жатыр еді, аттылы біреу кеп есік
алдына тоқтады. Дүрс етіп аттан түсті. Шылбырын босағаға байлай салды да, сәлем беріп
кіріп келді.
– Ағажан, басыңызды бұрыңызшы! Жаман үйдің төбесін мойныңмен іліп әкетерсің, – деді
Рай.
Кәлен жас жігіттің әзілін құлағына ілген жоқ, ішке кірген бойда бірден:
– Әй, Еламан, шаруам сенде. Қысқасын айтқанда, кәсіп іздеп келдім.

─ Ау, ағасы - ау, біз адал кәсіппен күн көріп жүрген ауылмыз ғой. Сізге лайық кәсіп...
Кәлен Райға жалт қарады. Әр талы айғыр жалындай сұйқылтым мұрт тікірейіп, қара сұр
бұжыр бет қатты бұзылып кеткен екен. Мұның арты бір шатаққа апарып соғарын білген
балықшылар сақтанып, бәрі бойын дереу жиып ала қойып еді, Кәлен күтпеген жерден
күрт жадырады:
─ Ой, күшік. Бала ғой деп жүрсем, сен де башайдан тартуға жарап қапсың ғой.
Жұрттың арқа - етегі кеңіп сала қойды.
─ Шаруаңды айт!- деді Еламан.
─ Саған кісі керек дейді ғой.
─ Иә, керек.
─ Ендеше, мені жұмысқа ал!
-Қаратазың қайда?
─ Әй, бала, өткенді қазбалап қайтесің? Олай десең, бір кезде сен де сол таздың қосын
жеккенсің. Өзіңе мұз оятын адам керек пе?
─ Ал, керек.
─ Ендеше мені ал!
─ Шодырға бар... Билік сонда.
─ Міне сөз! Қаратазды қайтесің?! Ендігі жерге сендермен бірге қарашекпеннің де қосын
жегіп көрейік. Әуселесін кейін көре жатармыз.
─ Уә, болыс кім болды?- деді Есбол қария.
─ Болысың - Қаратаз!
─ Ой, Құдай - ай!.. Бақыттың да көзі соқыр сорлы екен ғой,- деді Рай.
Есбол қария мырс етті:
─ Уә - ә!.. Итсигек екеш итсигек те мәуелеп өседі - ау бір... Балықшылар жамырап сөйлеп
кетті:
─ Енді оңарсың. Олай бассаң Қаратаз, былай бассаң қарашекпеннің байы...

7-бөлім: Тарихи тұлғалар тағылымы

7.4. Тыңдалым материалы (транскрипт)
Менің әкем 1904 жылы Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы) Панфилов
ауданы Шежін ауылында дүниеге келген. Үш жасында әкесінен айырылды. Отбасы үлкен
болды, сондықтан шешесі мен кіші іні-қарындастарына көмектесу үшін, ерте жұмыс істей
бастады. Жалшы болды, қой бақты, жер жыртып, қара жұмыс істеді. Сол кезде табиғаттың
әдемілігін байқайтын болды. Ол қарапайым заттардың сұлулығын тани білді, оған
ағаштың тамыры, тастар, сүйектердің қалдығы ерекше әдемі көрінетін. Сөйтіп әкем ұсақ-
түйек жасай бастайды - ағаштан мүсін істейді, сырға, сақина жасайды. Ауылдың қыздары
оны кешкі өрістен күтіп, әшекей жасауды өтінетін. Бір күні осы қызығушылығы үшін
әкем ұрыс естіпті. Ол мұсылман заңында тыйым салынатын адамдардың мүсінін жасай
бастаған екен. Оған қоса, ол ауылдық молданың мүсінін жасапты. Оны естіген молда
әкемнің сазайын тартқызған.
- Әкемнің алғашқы жұмыс орны Түрксіб темір жолының құрылысында басталды.
Ауылдастарымен бірге ол сол құрылысқа қара жұмысшы болып орналасты. Бір күні
демалыс уақытында әкем тасқа Лениннің суретін салған екен. Оны бастықтардың бірі
көріп, авторды көрсетуді сұрапты. Осындай талант босқа жерде қалмасын деп, әкемді
Алматыға оқуға жіберуді шешкен.
Соғыс басталғанда, Қастеев майданға аттанбақшы болады, бірақ оған басқа бұйрық
келді. Ол соғыс тақырыбына арналған плакаттарды салды.
- Әкем түрегеп тұрып қана сурет салушы еді. Ол эскизді үстелге қойып, мольберттегі
суретті жарыққа қарай бұрып, сағаттап сурет салды. Ол таңертең тұрып, кешке дейін
жұмыс істейтін. Арасында ол төсегіне жатып демалатын да, радио тыңдайтын, одан соң
қайта суретке кірісетін.

Қазақ елінің тарихын, оның болмысын, туған жердің әсем табиғатын бейнелеу оның
басты тақырыбы болды. Ол – туған жері мен өскен елін, халқының бірегей және
ұмытылып кеткен дәстүрлерін шежіре ретінде көркемдеп жеткізген. Ол Шоқан
Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Амангелді Иманов, Біржан-сал, тағы да
көптеген қазақ халқының ұлы тұлғаларының портреттерін салды.

8-бөлім: Қызым – жағадағы құндызым, ұлым – аспандағы жұлдызым»

ЖАҚСЫ ЖІГІТ БЕЛГІСІ
Жақсы туған жігітті
Жаным десе жарасар.
Жақсы ұл туған қатынды
Ханым десе жарасар.
Жақсы туған жігітке
Бүкіл елі таласар.
Жаман туған жігіттер
Қара жолдан адасар.

Арғымақ аттың құйрығы
Сатса жібек, кессе қыл.
Жақсы жігіт белгісі
Түзде мырза, үйде құл.

Қошқар болар тоқтының
Маңдай жері дөң болар.
Адам болар жігіттің
Айтқан сөзі жөн болар.

Би болатын жігіттің
Төбеде болар жұмысы.
Мерген болар жігіттің
Жебеде болар жұмысы.

Батыр болар жігіттің
Көбеде болар жұмысы.
Қызық көрер жігіттің
Бүркітте болар жұмысы.
Жаман болар жігіттің
Жалаңаяқ, жалаңбас
Итте болар жұмысы.

8-бөлім: Қызым – жағадағы құндызым, ұлым – аспандағы жұлдызым»

..Қарабай — Сарыбаймен мерген екен.
Күні жетіп Сарыбай өлген екен.
Бұл ауғалы он үш жыл болып қапты,
Қыз Баян да он төртке келген екен.
Тал шыбықтай бұралған өзі көрім,
Мінеки оны айтатын келді жерім,
Қыпша бел, алма мойын, сұлу Баян,
Сипаты жаннан аскан ол бір серім!

Тал бойының міні жоқ, қолаң шашты!
Шашынын ұзындығы тізін басты.
Гүл төгілер аузына меруерт тісті,
Ондай жан дүниеде жаралмас-ты.
Аппақ көрік 1 мандайы, қылығы наз.
Малың түгіл басыңды берсеңдағы аз.
Сыртынан күлімсіреп сөйлессе де,
Көңілі қош болмайды, баймен араз.
Жұрт айтатын темірлі күймесі бар,
Қозы Көрпеш дегенде дүниесі тар.
Анда-санда болмаса сөйлеспейді,
Жалғыз жатып Қозы үшін кылады зар
Киімі Баян кыздың бәрі — жібек,
Алтын сырға, білезік жаннан бөлек,
Үлде-бүлде, мамықтан төсектері,
Екі апаның көңілі тіпті зерек.

9-бөлім: Биоалуантүрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер

Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” – халықаралық дәрежедегі
құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан,
айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі.
Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға
алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық
конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат
қорғау одағы ұйымдастырылды. Ең алғашқы Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді.
Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабы 1966 ж. 2 том болып шықты. Оның
1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер
берілді. Кейінгі жылдары Қызыл қітап толықтырылып, 1-томы сүтқоректілерге, 2-томы
құстарға, 3-томы қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларға, 4-томы балықтарға
арналды, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналды. 1983 ж. шыққан
Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген
түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту
шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген
сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37
түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат
қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық
кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі
бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі
іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.

https://kk.wikipedia.org/
10-бөлім: Наурыз және әлем халықтары-ның оны қарсы алу ерекшеліктері

Наурыз салты туралы ұғым

Қазақ халқы Наурыз тойын өткен ғасырларда өте үлкен мейрам ретінде дабыралы
өткізген. Осы кезде оның дәстүрлі әдебиеті мен мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-санасы, өткен
тарихы, бүгінгі мен болашағы көгенкөз жас буын ұрпаққа үгіттеліп отырған.
1. Қазақ халқы наурыз күнінен бір күн бұрын үйлерін қағып-сілкіп тазалайды. Мереке
күні киетін сәнді киімдерін әзірлейді. Мейрам күні кір жумайды. Кір жуса үйден «құт
үркеді». Бастан бақ таяды. Егер сол күні білмей кір жуса, қолы қалтақ болады деп нанады.
Ескі-құсқы киімдері болса жаға түймесін үзіп алып қалады. Қалғандарын отқа жағып
жібереді.

2. Қазақтың ежелгі ұғымында 21-наурыз күні жер иесі Қызыр ата даланы аралайды екен.
3. Қазақ халқындағы Наурыз күнінің тағы бір басты ерекшелігі сол күні бір-біріне
жолыққан адамдар ерекше жылы жүзбен сәлем береді, төс қағыстырып амандасады. Бір –
біріне жаңа жыл тілегін білдіреді. Мәселен,
Ассалаумаалейкум!
Ұлыс күн оң болсын,
Қайда барсаң жол болсын.
Алдыңнан шығып Қызыр, Ілияс,
Құрметтеп саған қол берсін.
4. Қазақ соғымынан қалған сүр ет, болса қойдың басы, сүт, қатық, тары, бидай, сарымсақ
қатарлы жеті тағамды қосып, қазан толы «Наурыз көже» немесе «Тілеу көже» жасайды.
Ал, Ұлыс күні ауыл адамдары бірінің үйіне бірі қыдырады. Ұлыс күнге арнап жасалған
тағамдардан ішіп-жейді. Соның ішінде «Тілеу көжені» тойып ішу ырымы бар. Ал қойдың
басын ауыл ақсақалдарына таратады. Жастарға бермейді. Себебі, жасында кәрілік
келмесін, әдепсіз болып ауыл ақсақалдарының алдынан өтпесін деген жолды, жоралғыны
білдіреді.
5. Қазақ Наурыз күні таңмен таласа тұрады. Өйткені, «Ұлыс күні, Алланың жанындағы
жақсылар періштесі жерге түседі. Таңмен таласып, жақсы іс істеген адамдарға бақыт
нұрын шашады, құт береке дарытады. Күн шыққанда ұйықтаған адам, сол бақыт пен
бақтан құр қалады» деп нанады. Атам қазақта ерте тұрған ердің ырыздығы артық, ерте
тұрған әйелдің бір ісі артық» деген мақал бар. Осы мақалдың мәнін мықтап ұстанған
аталарымыз бен аналарымыз Наурыз күні ерте тұрған. Ерлер қолдарына кетпен, күрек
тағы да басқа құралдар алып, бұлақ көздерін ашады, су жолдарын аршиды. Ағаш егеді.

Б.Бопайұлы «Наурызнама», 11-12 беттер

11-бөлім: «Мәңгілік елдің нұрлы жолы!»

Қазақстан тарихында мұнай аса маңызды рөл атқарды. Ғылыми сипаттама бойынша,
«мұнай – бұл газ тектес және басқа да заттардың сұйық ерітіндісінен құралған
көмірсутегінің күрделі қоспасы». Осы «қара алтыннан» алынатын бірнеше мыңдаған
заттардың тізімі бір парақ қағазбен бітпейді. Бір кезде Д.И.Менделеевтің өзі «пешке
мұнай жағу оған қағаз ақша жағумен бірдей» деп айтқан еді.
Қазақстан аумақтарынан сонау ерте замандарда-ақ мұнайдың табылғанын алғашқы
деректер дәлелдейді. Алайда Қазақстан мұнайына тек XVII ғасырдың соңында ғана
патшалық Ресейдің тарапынан ерекше назар аударыла бастады. XVIII-XIX ғасырлардың
өн бойына Ресей өзінің жетекші топографтарын, геологтары мен тау-кен инженерлерін
Батыс Қазақстанға жіберумен болды.

1892 жылы Батыс Қазақстан аумағында орналасқан жекелеген жер телімдеріне
барлау жұмыстарын жүргізу туралы орыс кәсіпкерлерінің алғашқы өтінімдері келіп
түседі. Доссор, Қарашұңғыл және Ескене жерлеріне тұңғыш өндірістік барлау жұмыстары
жүргізіледі.

Қазіргі кезде біздің еліміз табылған мұнай қорының көлемі жөнінен дүние жүзінде
12-ші орында, газ бен газ конденсаты жөнінде – 15-ші орында тұр. Әлемдегі соңғы 30
жылда ашылған тағы бір өте ірі мұнай кен орны – Каспий теңізінің солтүстігіндегі
Қашаған мұнай кеніші еді. Бүгінде одан алынатын мұнай қоры 10 млрд. баррель деп
бағаланады.

Бұл кен орнының ашылуы Қазақстанды әлемдегі ең мол көмірсутегі ресурстарына
иелік етуші негізгі елдердің қатарына кіргізді. Осыншама мол мұнай қорының табылуы
Каспий аймағына деген бүкіл әлем елдерінің қызығушылығын туғызып, оның
инвестициялық тартымдылығын арттырды.

11-бөлім: «Мәңгілік елдің нұрлы жолы!»

11.4 сабақ

Менің ғарышқа деген көзқарасым, басқа да адамдардікі сияқты, ерекше болды. Бұл –
тылсым дүние. Бір қызығы, Байқоңыр жерінің ғарыштық болашағы туралы, өз заманында
Қорқыт ата көріпкелдікпен айтып кеткен. Сақталып қалған аңыздарда Қорқыт-атаның
қасиетті жерді іздегені айтылады. Оның соңынан ылғи да, өзі қатты қорқатын өлім еріп
жүреді. Ақырында ол ғайыптан: «Егер жердің кіндігін тапсаң, онда аман қаласың» деген
сөзді естиді. Қорқыт ата Шығыстың көптеген елдерінде болады. Еш уақытта соғыс,
табиғат апаттары болмайтын және өлім дегенді білмейтін жерді іздеген. Ол Жер
бетінде сондай жердің бар екеніне сенген.

Ақырында, Қорқыт ата туған жеріне, Сырдарияның жағасына қайтып оралады.
Өлерінің алдында ол өзінің қасиетті жерді тапқанын айтады. Бұл жер – Сырдарияның
бойы екен. Ол өзі көз жұмған жерін «жер кіндігі» деп атаған көрінеді. Қорқыт ата дәл осы
жерде өзінің аспанмен және Жаратушымен байланысты сезінгенін айтыпты.

Талай ғасырлар өткеннен кейін, Сергей Королев бастаған кеңес ғалымдары ғарыш
айлағын салу үшін қазіргі Байқоңырды таңдап алды. Бұл Қорқыт ата жерленген өңірге
таяу тұрған жер. Ол қателеспепті. Бірнеше ондаған ғарыш айлақтарының ішінде
Байқоңыр өзінің орналасуы бойынша ең қолайлысы деп табылды. Ол экваторға жақын
орналасқан. Механиканың заңы бойынша ғарышқа ұшыру үшін отын аз жұмсалатын
көрінеді. Сонымен бірге экватордың өзінде орналасқан ғарыш айлақтарынан ерекшелігі
сол, мұнда жауын-шашын жоқтың қасы. Күн жылдың 300 күнінде жарқырап тұрады.
Шынында, Байқоңыр дүние жүзі ғарышкерлігінің бесігіне, ғарыш орталығына, адамдар
ғарышқа аттанатын Жердің айлағына айналды. Дәл осы жерде, қазақ жерінде, олар
ғарышкерлер атанды.

«Қазақстан жолы», Н.Ә.Назарбаев

12-бөлім: Қазақтың айтыс өнері мен сөз мәдениеті

12.1. Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері
Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың
бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы
Үндістан халықтарында бар. Айтыс – әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан
халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ
тойларына айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін
көтере түскен.
Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының
табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш
туды, оны айту қиын.
Айтыстың дамуы XIX ғ. етегін кеңірек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты
ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Сүйінбай, Омарқұл, Мұрат, Сүгір, Бала
Омар, Біржан, Сара, т.б.
Ақындар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтысар тақырыбы
белгісіз болады. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа тіреу үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін,
өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады. Мұның бәрі ақындардан сөзге жүйріктікті,
білгірлікті, тапқырлықты қажетсінумен қатар, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын,
этнографиялық ерекшеліктерін білуді керек етеді. Олай болмаған күнде құр ділмарлықпен
ештеңе өндіре алмайды, сайыста дәрменсіз болып қала береді. Жаттанды сөз қолдану
ақынға абырой әпермейді.
Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да ерекше
орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық
қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр.

http://kitaphana.kz/ka/downloads/referatu-na-kazakskom/231-kazak-adebieti/2513-aitis-onin-
tyrleri.html

13-бөлім: Қазақстан - Байқоңыр-Ғарыш

13.1.Тыңдалым мәтіні /транскрипт/
Ғарышкерлер: «Скафандрды тексеру аяқталды»,-деп баяндайды да, беттеріне мөлдір

пердені түсіреді. Енді ұшуға болады.

Кеме іші суытып кетті делік. Қорқатын ештеңе жоқ. Ғарышкер скафандрдағы бір

тетікті баса қойса, ол жылытқышқа айналады. Ал егер ыстық болса ше? Онда скафандрды

шешпей-ақ, оның ішін желдетіп алуға болады. Дулығаның әйнегі терлеп кетсе ше? Киім

дымқыл тартса? Басқа бір тетікті баса қойыңыз. Скафандр лезде құрғап шығады.

Егер ешқандай қиындықтар болмай, ғарышкерлер ғарыштағы үйлеріне аман-есен

жетсе, ол жерде скафандрдың керегі бар ма? Әрине, бар. Ғарышкерлерге ашық кеңістікке

шығуға тура келеді. Станцияны сыртынан қарап, бақылаулар жасау керек. Сонда қайтпек?

Ғарышта аяз бен ыстық қатар болып отырады. Мұндайда жан сақтайтын жалғыз амал –

скафандр. Оның ішінде ауаның қысымы бірқалыпты. Демалуға жеңіл. Скафандр радиомен

жабдықталған. Ғарышкерлер кемеден қанша алыстаса да, кеме ішінде қалған

жолдастарымен еркін сөйлесе алады. Жалпы скафандрды киім демей, жеке кабина деп

атаса, әлдеқайда дұрыс болар еді. Тек бұл кабина металдан емес, жұмсақ, берік әрі сенімді

материалдан адамның бойына шақтап тігіледі.

«Негеш» энциклопедиясы

13.4.сабақ
Төртінші перне немесе Назарбаевтың қолқасы

Кім көрінген кесімді сөз айта алмайды. Адамның өз беті болады. Өз бетінше өмір
сүру, өз бетінше шешім қабылдау ер мінез адамның ғана қолынан келетін шаруа. Тоқтарға
ғарышқа ұшу туралы екі мәрте ұсыныс жасалыпты. Мұның алғашқысында сүйікті ісін
тастағысы келмегендігі себептен бас тартса, екінші жағдайда оның келісімін алмастан-ақ
жарияланып кетіп, қызық болған екен.

Шымбұлақта демалып жүрген жерінде бір танысы телефон соғып, “Теледидарды
қосшы, сен туралы айтып жатыр”, дейді. Онда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшуға
дайындалып жатыр деп хабарлайды. Өмірбақи өз бетінше өмір сүріп келе жатқан батыр
жігіт өзінің сыртынан бұлай тон пішкенге күйіп-пісіп, “Менің жеке өміріме, тағдырыма
қол сұққандары қалай?”, деп тұрғанда Президент Назарбаевтың қабылдауына таңертең
келіңіз деген хабар алады.

Ертесіне Президентпен кездесуге барады. Барған бетте ғарышқа ұшудан бас
тартатынын мәлімдейді. Сонда Нұрсұлтан Әбішұлы:
– Тоқтар, бауырым! – деп майда қоңыр даусымен бауырына тартып сөз бастайды. – Мені
дұрыс түсін, бұл ұшу сен үшін, я болмаса мен үшін қажет емес, біздің қазақ халқы үшін
керек. Білесің бе: Байқоңырдан осынау отыз жылдың ішінде ғарышқа кімдер ұшпады? Ал
сол жердің иесі – қазақтар “Біздің жерден біздің ғарышкер қашан шығады?” деп
армандаумен келеді. Өзіңді туған сол халықтың арманын орындаудан неге бас
тартпақсың, а? Оның үстіне сен барлық жағынан дайын тұрсың... Керек десе, Кеңес
Одағының Батырысың! – дейді.

Аталы сөзге тоқтаған қазақ емеспіз бе: Тоқтар осы сөзге тоқтайды. Бірақ батырдың
аты – батыр ғой, Елбасына өзінің келісімін бере отырып, бірнеше шартын да қойып
үлгереді. Онысы Қазақстанның ғарыштық ғылыми бағдарламасы болсын деген тілек еді.

Талғат Сүйінбайдың кітабында Елбасы мен Тоқтар Әубәкіровтің арасындағы
әңгіме түйіні былай көрініс тапқан.
“Қалайда осы қазір ұшуға тиіссің!”, – деді Елбасы.
“Ұшамын!..” – дедім мен.
“Қазағың үшін басыңды қауіп-қатерге тігесің”, – деді ол.

“Тігемін!..” – дедім...
– Байқоңырдағы “Энергия” ғылыми-өндірістік бірлестігінде “Халқым үшін,

қазағым үшін өліп кетуге дайынмын!..” деген таспаға жазылған сөздер бар. Қажет деп
тапсаң, барып көруіңе болады...

Тоқтардың ғарышқа ұшу кезеңі қазақтың Азаттық туралы арманының орындалуға
бет бұрған уақытпен тұспа-тұс келді. Елбасымыздың күш салуымен 1991 жылғы 21
қаңтарда Тоқтар Әубәкіровтің кандидатурасы жедел түрде бекітіліп, бас-аяғы төрт айдың
ішінде бүткіл дайындықтан сүрінбей өтіп, 1991 жылдың 2-10 қазаны аралығында
қазақстандық бағдарлама бойынша ғарышқа жол тартты. 7 тәулік, 22 сағат, 12 минут, 40
секунд ғарыш кеңістігінде болған Тоқтар Әубәкіров тұңғыш қазақ ғарышкері атанды.

Нұртөре Жүсіп «Қыран қазақ»


Click to View FlipBook Version