1
«Туған өлке сырлары» облыстық жоба аясында өлкетану бойынша
тапсырмалар жинағы.
Құрастырушылар:
Қарағанды қаласының география пәні мұғалімдері: Оспанова Г. А.,
Жаманова Г.У., Баймолда А. С., Махметова К. К., Искакова Л. М.,
Габдуллина С.К., Сапарбекова А. Ж., Кайырберлина К. Р., Ильяшова Ж. Р.,
Сатыбалдина Г.М., Бимурзина Ж. Р.
Қарағанды ҚББ.Тарих және география пәндері әдіскері: Ильясов Ш.А
2
Түсінік хат
«Туған өлке сырлары» орта білім беретін мектептерде 5-9 сынып
оқушыларына арналған «Өлкетану» бағыты бойынша тапсырмалар
жинағы. «Туған өлке сырлары» тапсырмалар жинағы негізінде білім
алушылар туған өлкенің тарихы, географиялық жағдайы, табиғаты,
туристік маршруттары, өлкенің дамуына зор үлес қосқан тарихи тұлғалар
туралы білімдерін шыңдай отырып, білімдерін тексере алады.
Мақсаты: білім алушылардың білім-білік-дағдыларын әлеуметтендіре
отырып, шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай туғызу, туған жерін
зерделей келе елін, жерін сүйетін ұлтжанды, елжанды тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Туған өлкенің табиғаты мен тарихы, халқы жайлы жеткіншектердің
білімін кеңейту;
- Туған өлке сырларын танып-білуге қызығушылықтарын оятып, өзінің
кіші Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру;
- Ұрпақ бойында өлкеміздің рухани құндылықтары мен табиғи
байлықтарына құрмет сезімін қалыптастыру;
- Шығармашылық тапсырмалар ұсыну арқылы әр оқушының
зерттеушілік іскерлігін жетілдіру.
Күтілетін нәтиже:
- Оқушылардың туған жерге деген қызығушылығы оянады, туған өлкенің
табиғаты мен тарихы туралы оқып, үйренеді.
- Өлке мақтаныштарына айналған тұлғалар туралы білімдері кеңейеді.
- Туған өлке мұрасын зерттеу барысында алған білімдері мен дағдылары
арқылы азаматтық көзқарасы қалыптасады.
«Туған өлке сырлары» тапсырмалар жинағы 8 бөлімнен тұрады. Әр
бөлімде Қарағанды облысының географиялық орнынан бастап, көне
тарихынан бүгінгі күнге дейінгі дамуы, табиғат жағдайы мен ресурстары,
шаруашылығы мен мәдениеті, халқы мен өлкенің дамуында өшпес із
қалдырған тарихи тұлғалары, туристік маршруттары мен тарихи-мәдени
ескерткіштері туралы сұрақтар мен тапсырмалар қамтылған. Тапсырмалар
мазмұн жағынан алуан түрлі, оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін
ескере отырып құрастырылған, олардың таным қабілетінің дамуын,
функционалдық сауаттылығының артуын көздейді.
3
1.Географиялық орны және географиялық жағдайы, халқы.
1-тапсырма.
Қарағанды облысындағы ауаның ең төменгі температурасы -44°С. Ең жоғары
температура +43°С. Ауа температурасының амплитудасын табыңдар.
2-тапсырма
1. Картада 5 санымен берілген географиялық ауданда қандай облыс
орталықтары орналасқан.
2.Географиялық аудан Б----- Ш қарай қанша шақырымға созылып жатыр.
3.Сарыарқада жер бедерінің қандай формалары басым?
4.Сарыарқа өлкесінің биік шыңы қалай аталады?
5. Ең биік шың облыстың қай бөлігінде орналасқан ?
3-тапсырма
Қазақстан аумағында жауын-шашынның таралу ерекшеліктері. Қазақстан
аумағында жауын-шашынның таралуы циркуляциялық факторларға және
Жер бедерінің ерекшелігіне байланысты өзгереді. Оның мөлшері оңтүстіктен
солтүстікке, батыстан шығысқа қарай көбейеді.Жазық аймақтарында ылғал
аз түседі, Ылғалды ауа массасына таулар кедергі келтіріп, ылғал түсуіне
өзгеріс әкеледі. Ең ылғалды аймақтарындағы мұздықтардың болуын жауын-
шашынның мол түсетіндігінен аңғаруға болады.
4
Сұрақ 1. Қарағанды облысының жауын-шашынның орташа жылдық
мөлшерін анықтаңдар.
Сұрақ 2. Қазақстанның қай аймақтарына жауын - шашын өте аз түседі?
Сұрақ 3. Қазақстандағы жауын-шашын ең көп түсетін жерді атаңыз?
Сұрақ 4. Республикамыздың жазық және аласа таулы өлкелерінде жауын-
шашын қай бағытқа қарай кемиді?
Сұрақ 5. Қазақстанда жауын-шашын мөлшері батыстан шығысқа қарай
қалай өзгереді?
4- тапсырма. Қарағанды өңіріне қатысты анықтама тізбегін құрыңдар.
А) Ұсынылған тізімнен Сарыарқа жазығына қатысты кем дегенде алты
ұғымды таңдаңдар:
Каспий теңізі, орманды дала зонасы, Ақсораң, Хантәңірі, Зайсан көлі, мұнай,
шөлейт зонасы, Нұра, марал, Шұбаркөл, Қарашығанақ, арқар, мыс, Балқаш
көлі, Алтай тауы.
Б) Жеке нысанды сипаттайтын әрбір нұсқадан бір ұғымды анықтаңдар:
Қызыларай таулары-қасқыр, қамыс, арқар, Тоқырауын, Ақсораң, құр.
Қарқаралы таулары- Құнанбай мешіті, Шайтанкөл, қарағай,
Шортанды, бөдене, көкек.
Ұлытау таулары-Бетпақдала, тиін, Байқоңыр, Жезді, Ақмешіт.
5 -тапсырма.
А) Графикалық диаграмма көмегімен жергілікті ауа температурасының
көрсеткіштерін берілген уақытқа белгілеңдер.
1-ші күн –көк түс
2-ші күн – қызыл түс
3-ші күн-жасыл түс
5
Б) Қай күні ең жоғарғы температура байқалған, қай күні ең төменгі температура?
С) Қай күні ең ұзақ жылылық бақыланған, қай күні сен температураның шұғыл өзгерісін
байқадың?
6-тапсырма. Республикалық ірі агломерацияға жататын Қарағанды
қаласының серіктес қалаларын суреттерімен сәйкестендіріңдер.
1. Абай
А.
2. Теміртау
В.
3. Саран
Д.
4. Шахтинск
С.
6
7-тапсырма.Қарағанды облысының құрамындағы қала мен аудандарын
топтастырып жаз. Саны қанша? Дұрысын анықтап, кескін картаға қала мен
аудандардың аттарын жазып түсіріңдер.
8-тапсырма. Өлкеміздегі елді мекендердің, жергілікті жер, тау атауларының
«тау» сөзімен аяқталатын атауларын теріп жазыңдар.
№ Елді мекеннің аты Жергілікті жер, тау атаулары
9-тапсырма. Қарағанды обылысының халқының ұлттық құрамына
(қазақтар 51,31 %, орыстар 35,83 %, украиндар 2,98 %, немістер 2,34 %,
татарлар 2,24 %, басқалары 5,29 % (2018ж.) берілген пайыздар бойынша
диаграмма құрып, ұлт өкілдерінің елді мекендерде орналасуын сипаттама
бер. Себебін түсіндіріңдер?
10-тапсырма. Өлкенің тарихында мына цифрлар нені білдіреді: 1932 жыл
10 наурыз; 1934 жыл 10 ақпан; 1936 жыл
11-тапсырма Ұлан-ғайыр Қазақстан жерінде біз өмір сүріп жатқан өлке-
Сарыарқа. Сол Сарыарқа төсінде орналасқан Қарағанды облысының жер
бедерінің қалыптасуы палеозой дәуірінің соңында континенттік түзілу
кезеңінде басталған. Алғашқы қоныстар 1856 жылы пайда болды,тарихы
1932 жылдан бастау алады. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында
көмірді алғашқыда орыс көпестері, артынан ағылшын, француз
американдық
кәсіпкерлер өндіре бастады.
Сұрақтар:
1. Сарыарқа өлкесінің ерекшелігіне қарай,қосалқы тарихи атауы қалай
аталады?
7
2. Қазақстан Республикасының облыстары ішінде Қарағанды көлемі
жағынан нешінші орында?
3. 1932 жылы облыс орталығы қай қала болды?
4. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында көмірді алғашқыда кімдер
өндіре бастады?
12-тапсырма. Атластың физикалық, тектоникалық және геологиялық
карталарын пайдаланып, жоспар бойынша Сарыарқаның аласа тауларына
сипаттама беріңдер.
Сұрақтар:
1. Сарыарқаны «Қазақтың ұсақ шоқылары» деп неге атайды?
2. Оның ең биік жері?
3. Қандай аласа таулы массивтерден тұрады?
4. Адам үшін қолайсыз болатын құбылыстар осы аумақтың жер
бедерімен байланысқан?
13-тапсырма. Туған өлкенің климат жағдайлары
Атлас картасына және климатограммаға сүйеніп , туған өлкеміздің
климатына сипаттама беріңдер.
8
Сұрақтар:
1.Климатограмма бойынша қаңтардағы орташа және шілдедегі орташа
температуралары?
2. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшерін анықтау.
3.Қолайсыз және қауіпті метеорологиялық құбылыстар қандай?
14-тапсырма.
Ұлттық құрамы
Есептілік деректер бойынша
2021 жылдың басына қалада
тұратын халық санының
49%-ы қазақтар, 40%-ы
орыстар, 6%-ы немістер,
3,2%-ы татарлар, 5,2%-ы
украиндер, 1,3%-ы
белорустар, 1,6%-ы корейлер,
4,2%-ы басқа ұлт өкілдері.
Сұрақтар:
1. 2021жылы туған өлкеміздегі қазақтардың үлесі?
2. Өлкемізде өзгеде қандай ұлт өкілдері өмір сүреді?
3. Түрлі ұлт өкілдерінің татулығы не үшін қажет?
Тапсырма: 2021 жылдың есебі бойынша қаламыздағы өзге ұлт өкілдерінің
үлесіне диаграмма құрастырыңдар.
15-тапсырма. Берілген тұжырымдарды оқып, «иә немесе жоқ» әдісімен
жауап беріңдер.
9
Тұжырымдар «иә» «жоқ»
Қарағанды облысындағы ірі қалалар
Теміртау, Саран, Абай, Осакаров, Шет
Өлкеміз оңтүстік-шығысында Алматы облысымен
шектеседі
Бірінші облыс орталығы Жезқазған қаласы болды
Ұлытау ауданы облыс орталығы болды
Жер көлеміне Еуропаның бірнеше мемлекеттерін
сыйдыруға болады
16-тапсырма.
«ПОПС» формуласын қолданып, «Арқаның кербез сұлу, құт мекені –
Қарқаралының географиялық орны» тақырыбы бойынша өз пікірлеріңді
білдіріңдер.
1. «Менің ойымша, ... »
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2. «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3. «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын…»
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
4. «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
17-тапсырма. Суреттегі негізгі ойды алып шығатын сөздерді табыңдар.
___________Сарыарқа төсінде орналасқан аласа таулардың бір бөлігі. Ол
солтүстіктен оңтүстікке қарай ______ шақырымға созылып жатыр. Оның
10
ең биік нүктесі _______ (1131 м). Осы Ақмешіт әулие биігі еліміздегі
ерекше қорғалатын табиғи мұра ескерткіштер тізіміне кіреді. Тағы бір
қызық жайт, қазіргі Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында Ақмешіт
аталатын үңгір бар. Бұл қос атаудың арасында қандай байланыс бары
белгісіз. Атақты филологтардың бірі Ш.Сәтбаева ______денесі
жатқандығын айтады. Бірақ, кей ғалымдар Ақмешітті Асан қайғының өзі
десе, тағы бір ақпараттарда досы екендігі айтылады. Сол сияқты осындағы
_____ өзі құлпытас салған дейді. Тарихи жәдігердің Қарағанды облыстық
тарихи-өлкетану мұражайында көшірмесі қалса, Санкт-Петербор
қаласындағы Эрмитажға түпнұсқасы тапсырылған.________Едігеде Алтын
Орданы билеген Едіге мен Тоқтамыстың денелері жатыр.
18-тапсырма.
Зерттеу жұмысы:Қарағанды қаласындағы тіркелген диаспора орталықтары
туралы ақпарат жинақтау (үш диаспораға тоқталыңдар).
19- тапсырма. Картаны пайдаланып Қарағанды өңіріндегі жауын-шашын
таралуына талдау жасаңдар.
А) Жауын-шашын мол түсетін аймақты атаңдар;
Б)Өңірдегі жауын-шашынның азаю бағытын анықтаңдар;
С)Картадан аласа-жазық аймаққа қарағанда таулы аудандарға жауын-шашын
мөлшері көп түсетінін байқауға болады. Себебін түсіндіріңдер.
20-тапсырма.
Семантикалық карта(дұрыс жауабы деген ұяшыққа +белгісін қою) «Орталық
Қазақстан халқы
11
Ұлттар Аймақтағы Қазақстанға Католик Словян Саны Алтай
жергілікті жер дінін халқы жағынан тілі
халық аударып ұстайтын екінші әулеті
келген халық орындағы жататын
халық халық ұлт
Қазақтар
Орыстар
Украйндар
Поляк
Татарлар
Кәрістер
21-тапсырма. «Туған өлкенің географиялық орны»
Берілген мәтіндегі бос орындарға қажетті ақпараттарды жазу арқылы
толықтырыңдар:
«Қарағанды облысы Қазақстан Республикасының .................................
бөлігінде орналасқан. Географиялық орны экваторға қатысты
.................................... жарты шарда, бастапқы меридианға қатысты
................................ жарты шарда орналасқан. Қарағанды қаласының
координатасы ................................ . Солтүстігінде .....................................
облысымен, оңтүстігінде .................................. облысымен, батысында
................................................... облысымен, шығысында
........................................... облысымен шекараласады.
22-тапсырма. Кескін картаға Қарағанды облысының шекарасын қызыл
түспен және көршілес облыстардың атауын жасыл түспен белгілеңдер.
12
Шартты белгілері:
23-тапсырма. «Қарағанды облысының таңбаларының шығу тарихын
зерттеу»
Берілген таңбалардың үшеуі де Қарағанды облысының таңбалары. Олардың
шығу тарихына шағын зерттеу жүргізіңдер.Олардың арасындағы
айырмашылықтар мен ұқсастықтарды, пайда болған уақытын анықтаңдар.
13
24-тапсырма. Қарағанды облысының таңбасы ретінде өз нұсқаларыңды
(суретін салып ) ұсыныңдар.
25-тапсырма «Өлке аумағының жер бедері мен климаты»
Шеңбердің бос қиықтарына облыс аймағының климатын қалыптастыратын
ауа массаларын және олардың әсер ететін жыл мезгілдерін жазыңдар.
Облыс
аймағының
климатын
қалыптас-
тыратын ауа
массалары
26-тапсырма. Кестедегі мәліметті пайдаланып Қарағанды облысының
климатограммасын салыңдар.
tᵒC І ІІ ІІІ IV V VI VII VIII IX X XI XII
-15,1 -14,5 -8,7 3,0 12,4 17,9 20,3 18,0 11,7 2,8 -7,0 -10,3
Ж-ш, 20 20 28 27 34 47 49 32 25 32 26 24
мм
14
27-тапсырма. Облыс аймағындағы жер бедерінің нысандарын анықтап
жазыңдар. Осы анықталған нысандарды кескін картада белгілеңдер.
Таулары
...................................................................................................................................
..............................................................................................................................
Жазықтары
.....................................................................................................................................
.........................................................................................................................
Шартты белгілері:
15
2.Өлкенің тарихи тұлғалары
1-тапсырма.
Қарағанды қаласындағы жазушылар аты берілген көшелер қатарын
табыңдар:
А) Гапеев, Язев, Сатыбалдин, Дүйсембеков
В) Ерубаев, Мұқанов, Мұстафин, Майлин
С) Ермеков, Карбышев, Гоголь, Аманжолов
D) Күзембаев, Белинский, Люксембург, Нұржанов
2-тапсырма.
Салынуына қанатты сөз себеп болған мына ескерткіш қалай аталады?
3-тапсырма.
Қарағандылық атақты дәрігерлер
Дәрігердің фотосуреті Қысқаша мәлімет Жауабы:
Қарағандының тұңғыш дәрігері,
қалада алғаш салынған
аурухананың бас дәрігері, құрал-
жабдықтар жетіспегендіктен
операция жасауға алюминий қасық
т.б. қолданған, қалада атына көше
берілген
16
Атақты травматолог-дәрігер,
облыстық денсаулық сақтау
бөлімінің басшысы болған, қазір
бұл хирург атына көпсалалы
аурухана аты берілген
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының иегері,
Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері, әлемге әйгілі онколог,
медицина ғылымының докторы,
профессор
Қарағанды медицина
университетінің профессоры, ҚР
Медицина ғылымдары
академиясының және Халықаралық
ақпараттандыру және Нью-Йорк
ғылымдары академияларының
академигі, Қазақстан мен Орта
Азияда бірінші болып
микрохирургиялық ота жасауды
енгізген дәрігер
4-тапсырма.
Қарағандылық атақты тұлғалар мен олардың атына берілген өнер
ұжымдарын сәйкестендіріңдер:
№ Атақты тұлғалар Тұлға атына не берілді?
17
1 Тәттімбет А Концерттік бірлестік
2 Қали Байжанов В Облыстық драма театры
3 Сәкен Сейфуллин С Қарағанды өнер колледжі
5-тапсырма.
Қайсысы артық?
А) Нұркен Әбдіров, Тоқтар Әубәкіров, Мартбек Мамыраев.
В) Темірғали Көкетайұлы, Евней Букетов, Нұрбақыт Қабдыкәрімова.
С) Ықылас Дүкенұлы, Манарбек Ержанов, Жүсіпбек Елебеков.
D) Геннадий Головкин, Серік Сәпиев, Ақан Сатаев.
6-тапсырма.
Өлкеміз бен оның тарихи тұлғалары, табиғаты жайлы жазылған әдеби
шығармалардың авторларын анықтаңдар:
1. «Оянған өлке» романының авторы _____________________________;
2. «Қарағанды» романының авторы _____________________________;
3. «Қаздауысты Қазыбек би» романының авторы _______________________;
4. «Қарқаралы», «Үшқара» әндерінің авторы __________________________;
5. «Ақсақ киік» поэмасының авторы _____________________________;
6. «Туған жер», «Өзім туралы» өлеңдерінің авторы ______________________;
7. «Қарағанды вальсі» өлеңінің авторы _____________________________.
7-тапсырма.
«Қарағанды ғалымдары». Сәйкестендіріңдер:
№ Ғалымның еңбектері Ғалымның аты-жөні
1 Физика-математика ғылымдарының докторы, А Ақжан Машани
профессор, «Ғасыр адамы», «Әлемнің 2001
жылғы атақты ғалымы» атақтарының иегері
2 ЖОО-ына арналған «Геология» оқулығының В Төрекелді Шарманов
авторы, әл-Фарабиды зерттеп, оның қазақ
екенін дәлелдеген, Қарағанды қаласындағы
мешітке аты берілген атақты ғалым
3 Қарағанды техникалық университетіне аты С Серғазы Әдекенов
берілген ғалым
4 Химия ғылымдарының докторы, академик, D Темірғали Көкетайтегі
қатерлі ісікке қарсы «Арглабин» дәрісін
жасаған ғалым
18
5 Гигиенист-нутрициолог ғалым, медицина Е Әбілқас Сағынов
ғылымдарының докторы, профессор,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Қазақ тағамтану академиясының президенті,
Ресей Медицина Ғылым Академиясының
және Қазақстан Ұлттық Ғылым
Академиясының академигі, ҚР Мемлекеттік
сыйлығының иегері.
8-тапсырма.
Біздің өлкеміздің Ұлы Отан соғысының батырлары туралы жазыңдар.
Ұлы Отан соғысына қатысқан 1.
батырларды суреттен анықтап, аты- 2.
жөндерін жазыңыз 3.
Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері
жайлы жазыңыз
Ұрпаққа қалдырған қандай
шығармашылық мұраларын білесіз?
9- тапсырма.
19
Суретте бейнеленген адамның кім екенін анықтаңдар? Бейнеленген нысандардың
бұл адаммен қандай байланысы бар? Нысандардың біреуі жайлы қызықты ақпарат
табыңдар.
Жезқазған шахтасы Қарсақпай зауыты
Өлкедегі атауы ауысқан елді мекенді тауып, ауысу себебін анықтап кестеге жазыңдар.
№ Бұрынғы атауы Қазіргі атауы Себебі
10-тапсырма. Қарағанды қаласының ескерткіштері
Суретте берілген сүйікті қаламыздың орталығындағы ескерткіштерді,
көрнекті орындарды анықтаңдар.
20
Сұрақтар:
1.Қаламыздың орталық бөлігінде қазақтың қандай ұлы ғұламаларының
ескерткіштері орнатылған?
2. Қаламыздағы көрікті орындарды табу.
21
3.Өлкенің туристік маршруттары
1-тапсырма.
Сілтеме бойынша туристік-бағдар картасын пайдаланып тарихи-
географиялық деректер базасын құрастырыңдар.
http://saryjailau.kz/wp-content/uploads/2020/11/karta-sakralnyh-mest-karagandinskoj-oblasti-
0006.jpeg
Кесене Орналасқан Мұражай Орналасқан Киелі жерлері Орналасқан
атауы аймағы атауы аймағы аймағы
2-тапсырма. Жас дос «КарЛаг» мұражайына берілген сілтеме
арқылы виртуалды саяхат жасайық! (muz-kar-
izo.kz,https://youtu.be/NbCQoB9FH6Y )
Мұражайды аралап жүріп, берілген суреттерді пайдалана отырып
алған әсерлеріңді жазып отырыңдар.
1 бөлме
22
2 бөлме
3-бөлме
4 бөлме
5 бөлме
23
3-тапсырма.
Қазақстан қалаларының гералдикалары бойынша облыс орталықтарын
анықтаңдар, аймақтың шаруашылығының мамандану салаларын жазыңдар.
Қалалардың Облыс орталықтары
гералдикасы Аймақтың шаруашылығының мамандану салалары
24
4- тапсырма. Суретте берілген Қарағанды қаласының ұлттық-мәдени
орталықтары қандай көшелер мен даңғылдарда орналасқанын табыңдар.
1.
2.
3. 4.
5-тапсырма. Картадан жер мен елді мекен атаулары қайталанып тұрған
өңірлерді анықтаңдар?
25
6- тапсырма.
Суретте Ұлытау жеріне автобуспен баратын біркүндік тарихи тур
№ Маршрут атауы Сипаттамасы
1
Ұлытау тауларының оңтүстігінде
2 орналасқан тау. Қарсақбай кентінен
батысқа қарай 20 км жерде орналасқан.
Абсолюттік биіктігі 628 м. Ұзындығы мен
ені 2-1,5 км шамасында. Беткейлері сай-
жыралармен тілімденген.
Олардан Сарысай, Шоқырсай өзендері
бастау алады. Солтүстік беткейінде қайнар
көздері көп. Шығысында өзімен аттас
қыстау орналасқан.
Ұлытауда XV-XVI ғғ. халық шеберлерінің
қолымен салынған Қазақстандағы бірден-
бір ерекше архитектуралық ескерткіш.
Кесене Ұлытау жері Қаракеңгір өзенінің оң
жақ аңғарында, Малшыбай ауылынан 2
шақырым жерде салынған. Мазар төрт
бұрышты етіп қызыл кірпіштен қаланған,
күмбезді. Сырт көрінісі кірпіштен әр түрлі-
кескінді өрнекпен қаланған. Өрнектің
түрлері әсіресе кіреберіс бетінде шығыс
кілемнің суретімен безендірілген.
26
7-тапсырма.
Орталық Қазақстанмен шектесетін аймақтарды сәйкестендіріңдер.
Түркістан және Жамбыл шығысында
Қостанай солтүстік – шығысында
Павлодар оңтүстік – шығысында
Шығыс- Қазақстан солтүстік – батысында
Алматы облысы Оңтүстік
8-тапсырма.
Картадағы нысаналардың атауларын реттік саны бойынша жазыңдар.
2 4
3
1
5
Шартты белгілері:
1.
2.
3.
4.
5.
9-тапсырма.
Өлкемізге туристерді тарту үшін қандай бағытта шаралар ұсынар едіңдер?
Кестені толтықтырыңдар.
Туристерді тарту бағыттары
10-тапсырма. Қарағанды аумағының уақыттық сызығын аяқтаңдар.
27
Жылдар Уақыт сызығы
1936 жыл 3 тамыз Қарағанды қаласы облыс орталығы болды
1973 жыл ............
1997 жыл ............
2022 жыл ............
11-тапсырма. Сарыарқаның тауларын зерттей отырып, «Ұлытаудың Ұлы
атануы тақырыбына эссе жазыңдар. (50-60 сөз)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
_______________________________________________________________
12-тапсырма. Берілген диаграммадағы аудандардың атауын анықтаңдар.
Мысалы: 65000км² - Қарқаралы
Аумақ ауданы км²
65000 20093
50,9 52000
14576
121694
Ауданы Атауы
65000 Қарқаралы
121694
14576 28
52000
20093
50,9
13-тапсырма. Қарағанды өңіріне карта арқылы шағын зерттеу жүргізіңдер.
Тапсырмалар Оқушы жауабы
Мал шаруашылығы облыстың қай
өңірлерінде дамыған?
Қарағанды облысы шектесетін
облыстарды ата
Аймақта электрэнергиясы өндірісінің қай
түрі дамыған, себебін анықта
Су жетіспеушілігі аймақтың қай
бөліктерінде байқалады
29
4.Өлкенің экологиясы
1 –тапсырма.
1. Карта бойынша жергілікті жердің топырақ түрін анықтаңдар.
2.Жергілікті жерде топырақ жамылғысының қандай проблемасы
бар?
3.Топырақты қалпына келтірудің қандай шараларын ұсынар едіңдер ?
2 тапсырма.
Суретпен жұмыс: суреттерде өнеркәсіптің кері әсерінен туындаған
жағдайлар суреттелген. Қарағанды аймақтық карталарын қолданып, кестені
толтырыңдар.
1-сурет 2-сурет 3-сурет
Сурет Кері әсер жағдайлары Себебі Салдары Кездесетін аймақтар
1сурет
2сурет
3сурет
30
3- тапсырма. Тау-кен өндірісіндегі ортаға шығатын экологиялық
проблемаларды анықта. Сызбаны толықтырыңдар.
4- тапсырма.
А) Суреттегі пайда болған жер телімінде қандай жұмыстар атқарылған?
Б) Біздің аймағымызда бұндай қалпына келтіру жұмыстарын қай жерлерге
жүргізу қажет?
5- тапсырма.
«Экологияны сақтау-болашақты болжау» Пайдалы қазбаларды
өндіруден кейін пайда болатын экологиялық мәселелерді қалай шешуге
болатынын жазыңдар.
-------------------------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------
6-тапсырма.
Берілген күндерде қандай экологиялық айтулы күндер атап өтілетінін біліп,
жазыңдар.
1 сәуір
22 сәуір
5 маусым
22 наурыз
2 ақпан
11 қаңтар
31
7- тапсырма.
Өлкеміздің рекреациялық мақсаттағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға
мысалдар келтіріңдер.
----------------------------------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------------------------------
8- тапсырма.
Картаның мәліметтерін пайдалана отырып көмір өнеркәсібінің Қазақстанға
тигізген оң және теріс әсерін бағалаңдар.
Оң әсері Теріс әсері
32
9-тапсырма.
Кескін картаға Қарағанды облысының жерасты сулары тараған аймақтарды
түсіріңдер.
10-тапсырма. Жер асты ауызсуды пайдалануға байланысты мәселелерді
шешудің 3-жолын ұсыныңдар.
----------------------------------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------------------------------
33
5.Туған өлкенің тарихи ескерткіштері, мәдени орындары.
1-тапсырма.
Өлкедегі аңыздар
Ұлыдала елінде (шамамен ХІІ-ХІІғғ) атақты Майқы,Қотан,Қондыгер,Қобан
деген әулие адамдар өмір сүрген кезінде бір билеуші болыпты.Оның бір
әйелінен туған баласының денесі ала-құла болыпты.Қазақ халқы мұндайды
«алапес» деп атайды.Көп жылдардан кейін Майқы би алапес балаға Үйсін
деген баласының басшылығымен 100 жігітті беріп,жорыққа жібереді.Аңызда
олардың Ұлытау,Қаракеңгір,Сарыкеңгір жерлеріне барғаны туралы
айтылады.Алапес баланы қасындағы жігіттері Ұлытау биігінде алашаға
отырғызып ,хан көтереді.
Мәтінді мұқият оқып, тапсырманы сәйкестендіріңдер.
1. Алапес баланы қамқорлығына А. Ұлытау
алған би В. Майқы би
С. Алаша
2. Алаша хан кесенесі орналасқан D. Сарыарқа
жер
3. Алапес бала 100 жігітті ертіп қай
жерге аттанды?
4. Аңыз бойынша алапес бала
атанған –хан есімі
2-тапсырма. https://youtu.be/ztXP1AScMHU сілтемедегі
бейнересурспен танысып,суреттегі тарихи нысандарға қатысты
қандай аңыздарды білесің? Қысқаша мәлімет келтіріңдер.
А) «Қызылкеніш» туралы аңыз
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
34
Ә) Бектауата туралы аңыз
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Б) «Гүлшат» кен орны туралы аңыз
________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
3-тапсырма. Туған өлкенің аңыз-ертегілері бойынша сөзжұмбақты
шешіңдер.
1. Балқаш көлінің маңайын зерттеген ғалым?
2. Ұлытау жерінде орналасқан кесене?
3. Қарағанды облысындағы өзен?
4. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралады.
5. Әмір Темір қалдырған тас көшірмесі қай тауда тұр?
6. Қиялдан туған туынды немесе шығарма
7. Доғал және Қоңыр Кент тауларында аты аңызға айналған сарай?
8. Балқаш қаласынан 60 км жерде орналасқан тау қалай аталады?
35
1
2
3
4
5
6
7
8
Тастағы таңбалар
Тастағы таңбалар кездесетін аймақтар:Ұлытау ауданындағы Байқоңыр
жерінде,Желтау тауларында,Теректі әулие жартастарында.Халық арасында
«Періштенің ізі», «Тұлпартас», «Әулие сырғанағы»деген аттаулармен белгілі
болған.
4-тапсырма. Суретте берілген тастағы таңбаларды атауларына сәйкес
орналастырыңдар.
А) В) С)
Атаулары Петроглифтер
Байқоңыр жерінде жартастарында.
Желтау тауларында
Теректі әулие жартастарында.
5-тапсырма. https://youtu.be/aT3ATwsMRPU (сілтемеден бейнересурсты көріп)
Тұжырымның «ақиқат» немесе «жалған» екендігін анықтаңдар.
№ Тұжырым Ақиқат Жалған
Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Байқоңыр
1 жерінде жартасты петроглифтер өте көп кездеседі.
2 Киелі мекен сақталған Теректі әулие атты жер бар,ол
Жезқазғанның шығысында 20 шм қашықтықта
орналасқан..
3 Теректі әулиеде бірінің артында бірі тұрған 12
таутекенің суреті бейнеленген,оны адам баласының
бірмүшелімен немесе күнтізбемен байланыстыруға
болады.
36
4 Ақтоғай ауданындағы Желтау тауындағы петроглифтер
Тоқырауын өзенінен солтүстікке қарай 11 км жерде
орналасқан.
5 Теректі әулиенің ең биік шыңдарының бірінен биіктігі-
2,5 м болатын тік түсетін тегіс сызық табылған,бұны
халық арасында «Періштенің ізі» деп атаған.
6-тапсырма. «Адасқан әріптер» тапсырмасын орындау арқылы бірнеше
кесене атауын анықтап жазыңдар.
ЫОШЖ ДНЕҮЗ АШАЛА БЫУДОМАЛ ҚААРЛОМА
7-тапсырма. Суретте берілген кесенелердің қай кезеңге жататынын тауып,
кестеге орналастырыңдар.
Алаша хан кесенесі Домбауыл кесенесі Болған ана кесенесі
Қарамола кесенесі Жошы хан кесенесі Дүзен кесенесі
VIII-XII ғасырлар
XV-XIX ғасырлар
37
8-тапсырма. Берілген мәтінді және суретті пайдалана отырып, Қарағанды
жеріндегі археологиялық қазба байлықтары жөнінде мәтінді толықтырыңдар.
Сақ дәуірінің жәдігерлері
Қарқаралы ауданы Қасым Аманжолов ауылының шетіндегі Талды
қорымдарында 20 қорған болатын болса, оның сегізі – ежелгі сақтардың
қорғаны. Бұл қорғандарға жәй қарапайым адамдар жерленбеген. Экспедиция
жетекшісі Арман Бейсенов бұл Орталық Қазақстан аймағынан табылған
алтын адам деп айтуға толық негіз бар дейді. Себебі 8 үлкен белдіктің
әшекейі, одан кішірек 82 белдіктің әшекейі, 8 құйма арыстан белгісі,
Астанадағы хан шатырының формасындай 20 құйма алтын әшкейлер
табылған.Бұдан басқа да таза алтыннан құйылған сақина мен әйелдерге тән
киім әшекейлерінің табылуы бұл әйел адамның мүрдесі екендігіне еш дау
туғызбайтындай. Сөйтіп Қарқаралы өңірінен “Алтын адам” табылды.
Ғалымдардың пайымдауынша, бұның барлығы б.з.б VII-VI ғасырдың
дүниелері. Археолог Арман Бейсеновтің айтуынша қабірдің айналасына
дінгектер орнатылып төбесі жабылған болуы керек. Кезінде тонауға
ұшырағанда бәрін бұзып тастаған. Орталық Қазақстан аймағындағы ерте сақ
дәуірі мәдениетінің бір көрінісі болып табылады.
Сақ тайпаларынан қалған тарихи ескерткіш Қарағанды жерінен табылды:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
А.Марғұлан атындағы археология институтының ғылыми жетекшісі
Арман Бейсенов табылған байлықтың маңыздылығы туралы айтқан пікірі:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
38
9-тапсырма.
Ұлытау- Сарыарқаның ежелгі тау жүйелерінің бірі. Ұлытау - бұл біздің
ата-бабаларымыздың мыңдаған ғасырлық рухани аңызына айналған,
ақындары жырлаған, сан ғасыр адамдарды баураған қазақ халқының
құрметтейтін қасиетті жері. Осы бір көне таудың кереметтігі Қазақстанның
ұлттық тарихының маңыздылығымен берілген. Ұлытауды «көлдер мен
бұлақтар елі» деп атайды. Ұлытаудың кең бұлақ суларының пайдалы
қасиеттері туралы осы өңірден шеткері жерлерде білген.
Ұлытау көшпенді тайпа хандарының сүйікті орнына айналған.
Ұлытауда бірсыпыра архитектуралық ескерткіштер сақталған.
А) Кесене қалай аталады және кімге арналған?
10-тапсырма. «Ескерткіш» «ес», «есте» деген сөзден шыққан және
«өткенді еске алу» ұғымын білдіреді. Ескерткіштердің әртүрлі үлгілері бар:
Тарихи ескерткіштер – халықтың, қоғам мен мемлекеттің өміріндегі
маңызды тарихи оқиғалармен байланысты ғимараттар, орындар.
Археологиялық ескерткіштер – туған өлкенің тарихын қалпына келтіруге
көмектесетін, ежелгі және ортағасырлық қоғамның материалдық және
рухани мәдениеті жайлы жәдігерлер. Ірі археологиялық ескерткіштерге
қоныстар мен зираттар, ертедегі шеберханалар, тау-кен орындары,
ғибадатханалар, пирамидалар, жартастарға салынған суреттер т.б. жатады.
Архитектуралық ескерткіш – адам өміріндегі ең көрнекті және қажетті
тарихи-мени мұралардың бірі. Олар – туған өлкенің тарихы мен
мәдениетін зерттеп білуге көмектесетін құнды мұралар.
Ескерткіш түрлері
тарихи археологиялық архитектуралық
мысал келтір.
39
11- тапсырма.
Жошы хан кесенесі- XV-XVI ғасырларда Ұлытау жерінде билік құрған
Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы ханның кесенесі. Жошының осы жерде
1227 жылы аң аулау кезінде өлгендігі туралы аңыз сақталған. Бүгінде
кесененің жанында «Жощы Ордасы» немесе «Орда Базар» деп аталатын
Жошының бас ордасының үйінділері сақталған.
Алаша хан кесенесі- халық шеберлерінің қолымен ХІ-ХІІ ғасырларда
салынған. Оның есімі қазақтың үш жүзінің пайда болуымен тікелей
байланысты. Алаша хан кесенесі Ұлытаудың Қаракеңгір өзенінің
жағасында (Сарыкеңгір өзенінің құярлық саласында) биік жотаның үстінде
тұр.
а) Кімге арнап тұрғызылған кесене?
__________________________
ә) Бұл кесене қай ғасырларда тұрғызылды?
__________________________
б) Кесене орналасқан өңір қалай аталады?
__________________________
40
6.Флора мен фаунасы
1-тапсырма.
Кестеде өлкемізге қатысты адам, жер-су, өсімдік, жануар, пайдалы қазба
атаулары берілген. Төрт әріптен тұратын осы сөздерді дұрыс оқыңдар:
АБ НАҚНСҚ
ЙАҰР ЯОАЯ
УСР АҮЙИЗ
ЫР Н У Т Е Е Н
Ұ Р Е К МИ О Қ
ЛАНТ ДӘТ А
Ә Т А Л Қ ЫИ І
Е СТ АНАКК
2- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
Суретте қандай өсімдік бейнеленген?
Қарағанды облысының қай жерінде кездеседі?
Өсімдікті қандай мақсатта пайдаланады?
3- тапсырма. Берілген мәтінмен танысып,сұрақтарға жауап беріңдер.
Арглабин дәрісі
Қарағанды қаласындағы «Арглабин » дәрісі туралы
Қазақстандық мамандар қатерлі ісікке қарсы дәрі жасап
шығарды. Дәрі ТМД елдеріндегі онкологиялық клиникаларда кеңінен
қолданылатын болды.
Қарағанды қаласындағы фитохимия иниститутының өнімі – «Арглабин»
дәрісі Ресейдің ғылыми орталығында клиникалық сынақтан өтіп, ТМД
аумағына таралу құқығына ие болып отыр. Бұл туралы Ұлттық ғылым
41
академия өкілдері хабарлады. Бұған дейін осы дәрі 11 елдің патентімен
қорғалған болатын.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл дәрі бауыр, өкпе және сүт бездерінде пайда
болған ісіктерді емдеуге және олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Осы
уақытқа дейін қатерлі ісік ауруларына қолданылатын бұл дәріге шетелдерден
11 миллион данаға тапсырыс түссе, ішкі сұраным 2 миллион данаға жетіп
отырған көрінеді.
Сұрақтар:
1. «Арглабин » дәрісі қандай өсімдік түрінен жасалады?
2. Аталған өсімдіктің емдік қасиетті қандай ауруларға ем?
3. Фитохимия иниститутының өнімі қай қалада шығарылады?
4-тапсырма. Өлкемізде мекендейтін ұзындығы Ақбөкеннен 50 см-ге қысқа
жыртқыш сүтқоректіге түсіндірме жазыңдар.
Жыртқыш сүтқоректі Түсіндірме (комментарий)
Сусарлар тұқымдасына жататын
жыртқыш.
5-тапсырма. Берілген тұжырымдарды оқып, «Иә немесе жоқ» әдісімен
жауап беріңдер.
Тұжырымдар «иә» «жоқ»
Сарыарқа жері арқылы дала, шөлейт, шөл зоналары
өтеді
Шөл зонасында қарағай, қайың, көктерек өседі
Даланың қызыл топырағында жусанды, бетегелі,
көделі, боз өсімдіктер жамылғысы таралған
Далалы аймақтарында жираф, піл, маймылдар
мекендейді
Дала мен шөлейт зоналарында ақбөкен, қасқыр,
түлкі мекендейді
42
6- тапсырма.Берілген суреттердің арасынан өз өлкеңнің өсімдіктері мен
жануарларын теріп жазыңдар.
Өсімдіктер:
.................................................................................................................
Жануарлар:
..................................................................................................................
7-тапсырма.
«Өлкенің ҚР «Қызыл кітабына» енген өсімдіктері мен жануарлары»
Қарағанды облысында сирек кездесетін және жойылып бара жатқан
өсімдіктерге мысалы: шолпаншаш сүмбіл, Қарқаралы бөріқарақаты
(барбарис) , қырғыз қайыңы, ақбоз тұңғиық, жабысқақ қандыағаш, жұқа
көкнәр т.б. Олар негізінен Ақдым, Белағаш, Қу, Қарқаралы қорықшаларында
қорғауға алынған. Осы қорықшалар жайлы ақпараттар жинап, төмендегі
кестені толтырыңдар.
Қорықшаның аты және Географиялық орны Қорғауға алынған
оның құрылған уақыты өсімдіктердің түрлері
43
8-тапсырма. Таңдауыңыз бойынша Қызыл кітапқа енген туған өлкеңіздің бір
жануары жайлы шағын зерттеу жүргізіңіз, ол үшін төмендегі жоспарды
пайдаланыңдар.
Облыс жеріндегі көптеген аң құстардың ареалдары (таралу аймақтары)
азаюына байланысты олардың саны сиреп кетті. Олардың бірнеше түрі
Қазақстанның Қызыл кітабына, кейбірі халықаралық Қызыл кітапқа
енгізілген. Мысалы: атжалман, бес башпайлы ергежейлі тышқан, үш
башпайлы ергежейлі тышқан, ақ тырна, реликт шағала, ақбөкен т.б.
Жоспар:
а/ атауы
..................................................................................................................................
ә/ таралған аймағы
.....................................................................................................................................
.....................................................................................................................................
б/ азаю немесе жойылып бара жатуының себебі
.....................................................................................................................................
.....................................................................................................................................
....................................................................................................................................
в/ жойылып кетуін болдырмауға бағытталған ұсыныстарыңыз
.................................................................................................................................
.................................................................................................................................
.................................................................................................................................
44
9-тапсырма.
Терминді еске түсіріңдер және жазыңдар.
а) ___________________ өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе
микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен
өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты.
ә) Қарағанды облысынында қандай тапырақ түрлері басым таралған?
------------------------------------------------------------------------------------------------
б)Топырақтың сарқылуы мен қалпына келуі тұрғысынан қандай ресурстарға
жататынын еске түсіріңіз және жазыңыз.
---------------------------------------------------------------------------------------------------
10-тапсырма.Контексттік тапсырмаларды орындаңдар:
«Арқаның ақ жусаны»
Жусан астралылар тұқымдасына жататын
көпжылдық, кейде бір не екі жылдық өсімдік.
Қазақстанның барлық жерінде – шөл
шөлейтті далада, таулы жерлерінде өсетін 81
түрі бар. Шілдеден қыркүйекке дейін
гүлдейді. Жусанның 17 түрінен түрлі дәрілер
жасауға болады. «Арглабин» дәрісі Арқа ақ
жусанынан жасалады.
1. Қарағанды облысы территориясында
өсетін жусанның «Арқаның ақ жусаны» деп
аталуының себебі неде деп ойлайсың?
...............................................................................
...........................................................................................................................
...........................................................................................................................
2. «Арқаның ақ жусаны» неліктен Қарағанды облысында өсетінін
анықтап жазыңдар:
...........................................................................................................................
...........................................................................................................................
...........................................................................................................................
3. Неліктен аймақтағы аллергиясы бар халықтың дерті жаздың ортасынан
күздің басына дейінгі уақытта күшейеді?
...........................................................................................................................
...........................................................................................................................
...........................................................................................................................
45
11-тапсырма. «Арглабин» дәрісі
Қарағандылық мамандар қатерлі ісікке қарсы жергілікті жусаннан дәрі жасап
шығарды. Қарағанды қаласындағы Халықаралық ғылыми өндірістік
«Фитохимия» холдингінің өнімі «Арглабин» Ресейдің ғылыми орталығында
клиникалық сынақтан өтіп, ТМД аумағында таралу құқығына ие болды.
Химия ғылымдарының докторы, академик Серғазы Әдекенов шығарған бұл
дәрі бауыр, өкпе және сүт бездерінде пайда болған ісіктерді емдеуге және
олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Арглабин ҚР Денсаулық сақтау
министрлігінің өмірлік маңызы бар дәрілер тізіміне енгізілген. Бүгінде бұл
дәрі 11 елдің патентімен қорғалып отыр.
1. «Арглабин» дәрісі қандай өсімдіктен жасалған?
...........................................................................................................................
...........................................................................................................................
...........................................................................................................................
2. «Арглабин» дәрісі қандай дертке қарсы қолданылады? Жауаптарыңды
төмендегі бос орынға жазыңдар:
...........................................................................................................................
...........................................................................................................................
...........................................................................................................................
3. «Арглабин» дәрісі неліктен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің
өмірлік маңызы бар дәрілер тізіміне енгізілген?
...........................................................................................................................
...........................................................................................................................
...........................................................................................................................
46
12-тапсырма. «Қарқаралы» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы
Сарыарқаның Қарқаралы және Кент тауларындағы дала өсімдіктері
мен қарағайлы орман өскен аймағын алып жатыр. Бұл аймақта бұрын биік
таулар болатын, уақыт өте бұзылып, көптеген ұсақ шоқылар мен адырларға
бөлініп кеткен. Олардың биік беткейлері қатты өзгеріске ұшырап, жартасты
шыңдары терең сайлармен және аңғарлармен бөлінген. Көп жерлерде
гранитті тақталар жалаңаштанған. Саябақ үш белдемнен тұрады:
қорықтық белдем - Кент тауларын қамтиды. Мұнда таулы-орманды
алқаптың төл табиғаты бастапқы қалпында сақталып, қорғалады;
рекреациялық белдем - Қарқаралы тауларын қамтиды. Мұнда табиғатты
қорғаумен қатар туристік, сауықтыру шаралары ұйымдастырылады;
эндемиктік белдем - тек қана осы саябақта тіршілік ететін жануарлар,
өсімдіктер, сондай-ақ бірегей табиғат нысандары қорғалады.
Саябақ аумағында шаруашылық әрекеттерге тыйым салынған.
1. Бұрын биік болған таулардың қазір ұсақ шоқыларға бөлініп кетуіне
әсер еткен үдерістерді атаңдар:
...........................................................................................................................
...........................................................................................................................
...........................................................................................................................
2. Саябақтың рекреациялық белдемінің қорықтық және эндемиктік
белдемдерінен ерекшелігін анықтаңдар:
...........................................................................................................................
...........................................................................................................................
...........................................................................................................................
47
3. Неліктен саябақ аумағында шаруашылық әрекеттерге тыйым салынған?
...........................................................................................................................
...........................................................................................................................
...........................................................................................................................
13-тапсырма.
«Туған өлкемнің визит карточкасы: географиялық
өлкетанудың деректер базасын әзірлеу, презентация
жасау» топтық жұмыс
Төмендегі әр топқа берілген мәтіндегі бос орындарға тиісті атауды қою.
Ойлану, ойларын жинақтау.
1-топ --------------------
Ең биік жері - Ақмешіт (1133 м).
Ұлы қорғандар, қорымдар, Беғазы Дәндібай мәдениетінің кесенелері, тастағы
таңбалар, петроглифтер, шахталар, мыс, қалайы, күміс, алтын және
балқытқан металл қорыту пештері және басқа да көне ескерткіштердің
табылуы ........................дың көне заманнан бері Сарыарқаның және барлық
даланың орталығы болғанын куәландырады.
............................... - бұл біздің ата-бабаларымыздың мыңдаған ғасырлық
рухани, аңызына айналған, ақындары жырлаған, сан ғасыр адамдарды
баураған қазақ халқының құрметтейтін қасиетті жері. Осы бір көне таудың
кереметтігі Қазақстанның ұлттық тарихының маңыздылығымен берілген.
................................. көшпенді тайпа хандарының сүйікті орнына айналған.
Осы жерде ұлы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы ханның ордасы
орналасқан, осы жерден Батый хан шығысқа бағыттаған өзінің жаугершілік
жорығын бастаған.
2-топ -------------------------
Комсомол шыңы, 1403 м, алқаптың ең биік нүктесі
Өзен жүйесі біршама жиі. Таулардан ................................... (Қараөзек,
Түлкілі, Тасбұлақ салаларымен қоса), Жарым, Жарлы өзендерінің оң
салалары Қопа, Құрөзен, Кендара, т.б. өзендер бастау алады.
Тау басында туристік маңызы бар көркем Шайтанкөл, Бассейн көлі, етегінде
Үлкенкөл, Шортанды, т.б. көлдер бар. ............................... таулары жер асты
тұщы суларына бай, олардан Суықбұлақ, Тасбұлақ, Сыращы бұлағы, т.б.
ағып шығады. Бұлардың .......................... қаласын сумен қамтамасыз етуде
маңызы зор.
3-топ ------------------------------
48
Ең биік жері - Ақсораң тауы (1565 м, Сарыарқа ұсақ шоқылы тауларының ең
биік жері).
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының солтүстігінде, Сарыарқаның Ертіс-
Балқаш суайрығында орналасқан. Ұзындығы 70 км, енді жері 50 км.
...............................дан Балқаш алабына жататын Тоқырауын өзенінің Қасабай,
Қаратал, Жіңішке салалары, Қаршығалы өзенінің Сарыөлең, Қарасу, Ақсай
салалары басталады.
........................дың табиғат жағдайлары мен ресурстары шаруашылыңқ
әрекеттерге көп ұшырай қоймауы, мұнда алдағы болашақта қорық
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. ......................... Қазақстанның табиғаты
көркем жерлерінің бірі.
49
7.Табиғи ресурстар, кен орындары.
1-тапсырма.
Орталық Қазақстанның пайдалы қазбаларының кестесін толтырыңдар.
№ Пайдалы қазбалары Шартты Алаптары , кен орындары
белгілері
1
2
3
4
2-тапсырма. Қарағанды қаласының негізгі өнім шығаратын
кәсіпорындарын анықтап жазыңдар.
Кәсіпорындардың қайсысы бүгінгі таңда халыққа қажетті өнімдерін шығара
алмай келеді және қай жылдан бері? Кестеде берілген мәліметті
толтырыңдар.
№ Кәсіпорын атауы Шығаратын өнім түрлері
1
2
3
3-тапсырма. Өлкенің ірі өндірісті қалаларын сәйкестендір, әр қаланың
өндірісіне қысқаша сипаттама беріңдер.
1. Қарағанды
А.
2. Жезқазған Б.
50