Алматы обылысы Іле
ауданы Білім бөлімінің
«№24 лицей» мемлекеттік
коммуналдық мекемесі
Елбасы Н.Әбішұлы Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»
бағдарламалық мақаласы және «Ұлы
даланың жеті қыры» бағдарламалық
мақаласы аясында өткізілген жұмыстар
бойынша презентация
2019-2020 оқу жылы
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәңгілік
Ел» идеясының мәні-қазақ халқының Ұлттық
құндылықтарын жаңғырту мақсатында «Рухани
жаңғыру» бағдарламасы бүгінде елімізде жоғары
қарқын алуда.
«Рухани жаңғыру » бағдарламасы аясында
лицейіміздегі оқушылары «Рухани жаңғыру» кіші
бағдарлама барысында «Ауылдағы екі апта» жобасына
112 - оқушы қамтылды.
Жобаның мақсаты:
Ауыл өмірімен танысу арқылы оқушы бойына рухани
құндылыққтарды сіңіру,үлкендерге құрмет көрсетіп,
олардың өнегелі әңгімелерінен ғибрат алу. Жоба аясында
ауыл өмірімен танысып,күнделік жүргізіп, фото- видео
материалдар жинақтады.
Кіндігі ауылға
байланған
елімнің тыныс-
тіршілігімен
танысып,
елжандылық
қасиеттерді
бойына сіңіре
білді.
«Атамекен» кіші бағдарламасы аясында «Туған елге тағзым»
өлкетану–танымдылық зерттеушілік эспедициялық саяхатына
128 -оқушы қамтылды.
10 «Ә» сынып оқушылары «Есік қорғанына», 8 «А» сынып
оқушылары «Таңбалы тасқа», 9«В» сынып оқушылары
«Қуғын-сүргін құрбандары ескерткішіне» бару
жоспарланды. Біздің негізгі алға қойған мақсатымыз: «Есік
қорғаны», «Таңбалы тас», «Қуғын сүргін құрбандары
ескерткіші» тарихымен қоса тарихи-мәдени орталықтары мен
архитектуралық ескерткіштері, табиғатымен танысып,
зерттеулер жүргізу.
«Туған елге тағзым» атты өлкетану–
танымдық зерттеу жұмыстары
барысында әр оқушының міндеті –
белгілі бір жердің пайда болу
тарихын, мәдениетін, өмір сүру
кезеңдерін, табиғатын танып,
зерттеп, сұрыптай келе өзіне жақын
деген, не болмаса ұнаған бір
тақырыпты таңдап алып ғылыми
жоба жазу
«Туған жерім-алтын бесігім» демекші, Алматы
қаласындағы «Іле –Алатау мемлекеттік ұлттық
табиғи паркіне » оқушыларды табиғаттың
ерекшеліктерімен таныстыру, өсімдік түрлері,
жергілікті жердің кең тараған құстары мен
жануарларын танып, дұрыс атауға үйрету,
табиғатпен адам еңбегі арасындағы байланыс
туралы түсінік қалыптастыру, табиғатты аялауға,
оларға қамқор болуға үйрету мақсатында 7-
сыныптардан 102- оқушы қамтылп, саяхат
сабағына ұйымдастырылды.
Табиғат аясында өткізілген сабақтар оқушыларға
ұнады. «Жүз рет естігеннен, бір рет көрген
артық» деген сөз бар. Оқушылар табиғаттың
кереметтілігін көріп, жақсы әсер алып қайтты
«Жеті қайрымдылық іс» жобасы аясында көмекті
қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен
нақты көмек көрсету. Қайырымдылық жасау- әрбір
адамның азаматтық борышы екенін
түсініп,ынтымақтастықта түрлі акциялар өткізілді.
Жақында ғана 1 -11- сыныптар арасында
«Қайырымдылық-адамгершілік белгісі»
тақырыбында қайрымдылық акциясы өте
белсенділікпен ұйымдастырылды. Акцияға 1121-
оқушы, 86- мұғалім қатысты.
7-сыныптардан 84 оқушы қазан айында Шамалған
ауылындағы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне
ашылған "Атамекен" мұражайына барды.Ол жерден
оқушылар президентіміз туралы көптеген мағлұмат,яғни
оның балалық шағын,сол замандағы еңбектері мен
жетістіктері туралы білді.
Оқушылар "Атамекен" мұражайында көптеген құнды
экспонаттар, макеттер және фотосуреттерді тамашалады.
Соның ішінде айта кететін болсақ:Нұрсұлтан Назарбаевтың
балалық шағындағы үйінің макеті және Астананың сәнін
келтіріп тұрған Бәйтерек,Хан Шатыр,Ақ орда
ғимараттарының макеті жасалған.Экспонаттан біздің
Елбасымыздың өмірінде спорттан түрлі сайыстардан алған
жетістіктері.Сонымен қоса қолданған заттары экспонат
ретінде қойылған.Оқушылар Н.Ә.Назарбаевтың құнды
жәдігерлерімен танысып қана қоймай,сонымен қатар
Елбасымыздың балалық шағындағы оған жақын болған
адамдарымен түскен фотосуреттерін
көріп,танысты.Президентіміздің аялап,түн ұйқысын төрт
бөлген анасымен;білім есігін ашып,ілімдерге үйреткен
ұстазымен және достарымен түскен суреттерін тамашалады.
"Атамекен" мұражайы еңбекшілдік пен талпынысқа,яғни өз
мақсатына,арманына жету үшін де алға ұмтылуға үйрету үшін
ашылған шығар.Өйткені президентіміз Н.Ә.Назарбаев та
осындай үлкен дәрежеге жету үшін де қаншама
еңбекпен,талпыныспен жетіп отыр.Және ең бастысы
отансүйгіш болу мен Елбасымыздың тарихын білу үшін
ашылды.
Енді келешекте осы "Атамекен"мұражайы тек тарихи-мәдени
орталығы ғана емес,тұтас еліміздің мақтанышына айналатын
рухани кешенге айналмақ
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәңгілік Ел»
идеясының мәні-қазақ халқының Ұлттық құндылықтарын
жаңғырту мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бүгінде
елімізде жоғары қарқын алуда.
2017 жылғы 12 сәуірдегі Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар:
қоғамдық сананы жаңғырту» жолдауын іске асыру мақсатында Іле
ауданы білім бөлімінің 2019 жылғы 8 қаңтардағы № 37 бұйрығы
негізінде №24 лицейде №19 бұйрық шығарылып, жоспар құрылды.
Жұмыс жоспары ІІІ кезеңнен тұрады:
І кезең – Ұйымдастыру кезеңі
ІІ кезең – Іздестіру кезеңі
ІІІ кезең – Қорытынды кезең, кітапша шығару
2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары арасында «Болашаққа
бағдар: рухани сананы жаңғырту» бағдарламасын іске асыру
мақсатында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы, «Өлкетану»
базалық бағытының ішіндегі «Тарих мұрасы» жобасының
«Ауылымның тарихын болашақ ұрпаққа жаңғырту» жоба
паспортын іске асыру мақсатында іздестіру тобы
құрылды.Іздестіру тобына 9-сыныптан 19 оқушы және
лицей ұстаздары:Топ жетекшісі Тлекеева Л – география пәнінің
мұғалімі,Нұрғожаева А – тарих пәнінің мұғалімі,Кисанбина Б -
география пәнінің мұғалімі ,Шойтымова Г - география пәнінің
мұғалімі,Арипжанова А- тарих пәнінің мұғалімі,Тележкина И –
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі,Құрбанбаева Б – қазақ тілі мен
әдебиет пәнінің мұғалімідері бекітілді
2019 жылдың 7 ақпан күні Елбасы « Ұлы даланың жеті
қыры» атты мақаласында ұлы даланың есімдерін ұлықтап,
батыр бабаларымыздың ерлігін келер ұрпаққа дәріптеу
болатын Ұлы есімдер – ұлт руханиятының өркениет
көшіндегі ұлттық құндылықтарын насихаттау мақсатында
Іле ауданы мектептері арасында оқушылар өздерінің
жобаларын ұсынды
Осы мақсатта № 24
лицейде өз жобасын
ұсынды. Бұл жоба
«Ұлы даланың рухты
ұрпағы - Өтеген»
атты тарихи жобамыз
XVIII ғасырдың I
жартысында жоңғар
басқыншылығына
қарсы күрескен
батыр Өтеген
Өтеғұлұлының өмір
жолын насихаттау
арналған.
«Ұлы Даланың рухты ұрпағы» - Өтеген мұражайы алты
бөлімнен тұрады:
1-бөлім: Өтеген батыр Өтеғұлұлының өмірбаяны
2-бөлім: Өтеген батырдың қатысқан жорықтары
3-бөлім: Өтеген батырдың өмірі туралы зерттеген
ғалымдар мен қаламгерлер
4-бөлім: Өтеген батырдан тараған ұрпақтары туралы
зерттеулер
5-бөлім: Лицей ұстаздары мен оқушыларының
экспедициялық жобасының нәтижесі
6-бөлім: Өтеген батырдың өмір жолы және
жорықтарының макетін жасау.
Алдарыңызда оқушыларымыз бен ұстаздарымыздың
Өтеген Өтеғұлұлының жорық жолдарына арналған
макеттін көрсетті.
Бұл макетте ХVIII ғасырдағы Қазақстан ту түстес
түспен бейнеленген.
- Қазақстанның шығысында -Кенді Алтай тауы
- Оңтүстік – шығыста - Алатау
- Оңтүстігінде - Қаратау жоталары белгіленген
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Әрбір халықтың, әрбір
өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол
халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты
негіздерінің бірі. Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы
бар елміз», – дей келе, Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа
Ахмет Ясауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата
кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі
мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт
жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыру керектігін айтқан
болатын.
Осыған орай, туған жерге, оның мәдениеті мен салт-
дәстүріне шынайы патриоттық сезіммен атсалысуды мақсат тұтқан
Іле ауданы №24 лицейдің 1- сыныптардан 221-
оқушы 22- ақпанда «Орталық мұражайға» саяхаттап қайтты.
Орталық мұражай
Іле ауданы №24 лицейдің 5-6-сыныптан 150 оқушы
наурыз айының 27 күні Алматы қаласындағы
Археологиялық мұражайына саяхатқа шықты. Бұл
саяхаттың мақсаты 5-6-сынып оқушыларын өз туған
жерінің тарихы, географиялық ерекшелігі туралы
мәлімет алуына, рухани байлығын дамытуға,
дүниетанымын кеңейтуге мүмкіндік туғызу
Мұражай 3 бөлімнен тұрады екен. Олар: таихи,
ботаникалық, археологиялық бөлім.
Мұражайдың бірінші қабатынан орын алған көне
жәдігерлеріміздің бірі – кітаптар
бөліміндеА.Байтұрсынов,т.б. Алаш зиялылырының
қолжазбаларымен, әл-Фараби мүсіні, төте жазумен
жазылған қолжазбалар, Орхон-Енгисей
ескерткіштеріндегі тасқа қашалып жазылған жазулар,
Кеңес дәуірінде басылған кітаптармен, бұрынғы ата-
бабаларымыздың қағаз жасау тәсілдері туралы
экскурсовод ағайдың баяндауымен таныстық.
Саяхат барысында оқушылар
елімізден табылған Алтын
адам киімі, қару-жарақтары
туралы, археологиялық қазба
жұмыстары нәтижесінде
табылған сақ тайпаларының
адамдарды жерлеу рәсімдері
туралы, ат әбзелдері мен
қару-жарақтары, ондағы
қолөнер шеберліктері туралы
құнды мәліметтер алды.
Ботаникалық бөлімінде
оқушылар елімізде тіршілік
ететін Қызыл кітапқа енген
жыртқыш аңдар мен құстар,
жәндіктер мен балықтар
туралы ақпараттар алды.
Сондай-ақ, жерімізде өсетін
өсімдіктер түрлерімен де
танысып қайтты.
Оқушылар жер бетінен жойылып кеткен тіршілік иелері туралы да мәлімет
алып, дүниетанымын кеңейтті. Атап айтсақ, осыдан 225 миллион жыл
бұрын бүкіл жер шарын мекен еткен динозавр, анкилозавр, сейсмозавр,
мамонт, пілдердің түрлерімен таныстырылды. Жер бетін мұз басу палеолит
кезеңіндегі біздің елді мекенде де алып жануарлардың тіршілік еткендігі
оқушылардың ерекше қызығушылығын арттырды. Сондай- ақ, біздің
тұрғылықты жеріміз Өтеген батыр кентінде ең биік алып ағаштардың
өскендігі, уақыт өте келе жойылып кеткендігі туралы мәлімет біздер үшін
құнды болды.
«Мың рет естігенше, бір рет көзбен көр» демекші,
мұражай ғимараты өзінің үлкен аумағы, тарихқа
толы құнды мәліметтерімен кез келген адамды
баурап алатынына көзіміз жетті. Осындай өзінің
туған елінің, жерінің тарихымен таныстырып,
бағасыз құнды мәліметтерге толы мұражайдың ел
ертеңі бүгінгі өскелең ұрпаққа берері шексіз.
Сәуір айының 3 күні №24 лицейдің 8-сыныптардан 50-
оқушы «Шарын шатқалы» тарихи-мәдени орынға
саяхатқа барды. Саяхат барысында оқушылар Шарын
шатқалының Алматы қаласынан 195 шақырым, Талғар
ауданыныан 180 шақырым қашықтықта
орналасқандығын. Шатқалды бойлай ағып жатқан
Шарын өзені ең үлкен өзен аңғары болып есептеледі.
Табиғаттың мұндай көркі сонау 30 млн жыл бұрын
пайда болған
Шарын шатқалы
Шарын – қазақ елінің туристерін құшақ жая қарсы алатын
қонақжай мемлекеттерінің бірі. Төбесі көкке тиіп тұрған
үлкен тастар өздігінен салынған ертегілер қаласын еске
түсіреді. Оның пішіндері қолдан салынған ғимарат
мұнараларға, қатты ұқсайды.
Шатқалдың қыр-сырымен тек толық бас сұғып шыққаннан
кейін ғана танысып шыға аласыз. Егер алып тастардың
қасынан ілгері өтіп, жолмен тіке қарай алға беттей берсеңіз
Жер ананың шеткі нүктесіне аялдап қалған секілді күйде
боласыз. Лицей оқушылары жұмбақ тастардың қыр-сырымен
танысып, табиғат аясында терең тыныстап, рухани азық алып
керемет көңіл-күймен оралды.
Мамыр айның 17 күні 6-сынып оқушыларынан 130
оқушы «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар»
бағдарламасы аясында «Есік тарихи –мәдени қорық
мұражайына » саяхат жасап, ұлтымыздың құнды
жәдігерлерімен, ұлттық жауҺарларымен танысып
қайтты.
Есік қаласы мұражайы
2020 оқу жылының 21 ақпан күні
«Ұлы адамның ұлы есімдері»
арнайы жобасы негізінде Абай
өлеңдерінің барлық жанрларын
талдау,өлеңдердің көркемдік және
идеялық табиғатын ашу, нақыл
сөздердің тақырыптық ,тәрбиелік
мәнін түсіну, «Рхани жаңғыру»
бағдарламасын жүзеге асыру
мақсатында «№24 лицей»
мемлекеттік коммуналдық
мекемесінің 7-сынып
оқушыларының қатысуымен
«Ұлылардың ұлысы-Абай»
тақырыбында кездесу өткізілді.
2020 жылы қараша айының 16 күні «Рухани жаңғыру»
бағдарламасы аясында жоғары сынып оқушыларына
арналған «Жетістікке жеткен қазақстандықтың
қағидалары мен дағдылары» айлығы негізінде
республикалық семинарға «№24 лицей»
оқушыларынан 100 оқушы тіркеліп,семинарға қатысты.
2020-2021 оқу жылы
«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру
аясында оқу –тәрбие жоспары негізінде 10 қыркүйек 2020 жылы 5
- г сынып оқушыларына «Кітап – қазына» арнайы әзірленген
бейнероликті көрсету арқылы білімнің кітап арқылы берілетінін,
адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру,
кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын ояту
екендігі жіті түсіндіру мақсатында сынып сағаты ZOOM интернет
желісі арқылы өтілді. Оқушылар видеороликті тамашалап алғаннан
кейін, өз ойларымен бөлісті, кері байланыс жасады.
Видеоролик:https:// https://www.youtube.com/watch?v=foAcmI3dJ9I
8 ақпан 2021 жылы Іле ауданы № 24 лицейдің 8-в сыныбында
ЗУМ платформасы арқылы үлгілі ұстаз, суретші,ақын Еділбай
Болатұлының өмірбаяны, шығармашылығымен таныстыру.Туындыларымен
таныстыру мақсатында Құрықбаев Еділбай Болатұлымен «Есімі ел
аузындағы ағалар» атты кездесу кеші өткізілді . Кездесуге сыныпта 25
оқушы, барлығы қатысты.
Сұхбат барысында құрметті ұстаз, сүретші Еділбай Болатұлы өзінің
өмірбаянымен таныстырды.Ол кісінің отбасы құндылығы,өмірбаяны
шығармашылығымен таныстырылып, жастарға эстетикалық тәрбие берілді,
суретші туындыларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстырылды.
Ағай көптеген туындыларымен таныстырып,шығу тарихын әңгімелеп берді
Кездесу барысында домбырамен терме орындап,қоңыр даусымен балалар
мен мұғалімдерді қуантты. Оқушылар өз тараптарынан қылқалам шеберіне
бейнелеу өнері жайында көптеген сұрақтар қойып отырды.
Шара соңында үйірме мүшелеріне Еділбай Болатұлы сурет салудың
қыр-сыры мен бояу ерекшеліктері туралы түсіндіре отырып, шеберлік
сабағын көрсетті.
29 қаңтар 2021жылы 5"Д" сыныбында "Қазақстан
қалаларына саяхат" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
Бұл іс- шараның мақсаты, әрбір азамат өз Отанының
патриоты болуға, еліміздің қазба-байлығын қадірлей
білуге,тіл мәдениетіне, сұлулыққа, сезімталдыққа,
имандылыққа, адамгершілік ізгі қасиеттерді сіңіруге
тәрбиелеу.
Оқушылар Қазақстанның әр түрлі қалаларына тоқталып,
өз бетерінше ізденіп, қалалардың көрікті жерлеріне және
көптеген демалыс орындарына тоқталды.
«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру
аясындағы жоспар негізінде халқымыздың шеберлі күрескері,әлем
чемпионы,бүкіл ғұмырын балуан болуға арнап, Ұлан байтақ мекенін
бірінші болып шет мемлекеттерге атақты қылып, бірнеше алтын мен күміс
медальдардың иесі Қажымұқан Мұңайтпасов өмірі мен қосымша
деректермен таныса отырып, күш атасын құрметтеу мақсатында
2021жылы сәуір айының 8 күні қазақтың атақты палуаны Қажымұқан
Мұңайтпасовтың туғанына 150жыл толуына орай танымдық тәрбие
сағаты 10 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен, сынып жетекшісі Қ.Б.
Өтегенованың ұйымдастыруымен өткізілді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=915724259262025&id=1000
24733788972
Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»
бағдарламасын жүзеге асыру аясында оқу –
тәрбие жоспары негізінде 18 қаңтар күні 2020
жылы Дина Нүрпейісова 160 жылдығына орай
Дина Нүрпейісова туралы мағлұмат беру.
Күйлерін тыңдау арқылы адамгершілік,
имандылық, патриоттық тәрбие беру.
Эстетикалық қызығушылықтарын арттыру,
сөздік қорларын молайту, дүниетанымын
кеңейту мақсатында
04.01.2021ж 6 «Б» сыныбымен онлайн форматта
зум платформасы арқылы «Күмбірлеген
домбыраның сазды үні» тақырыбында іс-шара
өткізілді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=86
5333050967813&id=100024733788972