The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кенті №24 лицей

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by sultanbekova337, 2021-04-22 14:38:17

Рухани жаңғырту

Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кенті №24 лицей

Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беру
мақсатында 10.03.2021 жылы ZOOM платформасында
6 «Б» сынып оқущыларының қатысуымен , сынып
жетекшісі Б.Копбаеваның жетекшілігімен оқушыларға
туған өлке тарихы мен географиялық орны, халқы
туралы мәлімет бере отырып, Отанына шексіз берілген,
патриоттық рухы жоғары ардагер ағалар ерлігін,
өнегесін үлгі ету.
Оқушылардың ой – өрісін, белсенділігін арттыру
мақсатында «Рухани жаңғыру» жоспары негізінде
«Өлкеңді танығаның - өзіңді танығаның»
тақырыбында саяхат сабақ өтілді

Қосымша өлкетану
материалдарын пайдалануға
дағдыландыру.
Отанын, елін сүюге,
ұлтжандылыққа, туған жерін
қорғауға тәрбиелеу. Саяхат
туған елге, отанымызға
арналған өлең
шумақтарынан басталып, Іле
ауданы, туған өлкеміздің
тарихы, георгафиялық орны,
экономикасы, халқы туралы
мәліметтермен жалғасты.
Тарихи деректі фильмдер
көрсетіліп, оқушылардың
қызығушылығын арттыру
мақсатында викториналық
сұрақ-жауап ойын ойнады

Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы
№24 лицей мемлекеттік коммуналдық мекемесінің іс
шаралар жоспарына сәйкес "Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру" бағдарламасы аясында оқу-тәрбие жоспарына
сәйкес, ақпан айының 03 күні қазақ тілі мен қазақ әдебиеті
пәні мұғалімі Р. Б. Тлепованың ұйымдастыруымен
«Қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбайұлы мен ақиық ақын
М.Мақатаев поэзия әлемінің биігінде» мақаласы
жарияланды. Ұлы ақын А.Құнанбайұлының өмірден түйген
ойларын, бала тәрбиесі,имандылық, адалдық, жалпы «толық
адам» пәлсапасын өлең жолдары мен қарасөздерінде бүкіл
халықтың мүддесін ойлап жазғандығы туралы, М.Мақатаев
өз заманындағы қайшылықтар мен қиындықтарды, ақын
ретінде поэзияның ертеңіне алаңдайтынын айқын көрінді.



Наурыз айының 3 жұлдызында 5-в сынып оқушылармен
«Латын «әліпбиіне өту - заман талабы» тақырыбында ашық
тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: латын
әліпбиіне көшудің маңызын, латын әліпбиінің кирилл
әліпбиінен айырмашылығын түсіндіру. Аталмыш іс-шараға
24 оқушы қатысты. Zoom платформасында
ұйымдастырылған іс-шарада оқушылар латын әліпбиімен
танысты. «Латын әліпбиіне өту-заман талабы»
тақырыбында бейнеролик тамашалады. Кері байланыс орын
алып, оқушылар өз аты-жөндерін латын әліпбиі бойынша
жазды. Оқушылар латын әліпбиі бойынша сұрақтар қойды.
Балалардың сұрақтарынан-ақ латын әліпбиіне деген
қызығушылықтарын байқатты.




Click to View FlipBook Version