The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кенті №24 лицей

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by sultanbekova337, 2021-04-22 14:41:20

Жаңғырту полюсі

Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кенті №24 лицей

«Жаңғырту
полюсі»

Тақырыбы: “Құсбегілік”

Зерттеу мақсаты: Құсбегілік дәстүрді қазақ

тарихындағы аңшылық кәсібінің бір үлкен саласы ретінде
анықтап, бұл кәсіптің болашақ ұрпаққа берері көп екенін
көрсету. Ата – бабамыздың ежелгі аңшылық, саятшылық
дәстүрін жаңғырту, деректер жинақтау, тарихи тұрғыдан
талдау.
Қақпан, тұзақ құру, аң аулау, ит қосып аң аулау –
аңшылықтың халыққа жақын түрі де осылар екенін
көрсету.
Адам мен қыран құс арасындағы байланысты ақыл-
ойдың, қабілеттің құдіретін таныту.

Зерттеудің міндеттері:

Аңшылық көшпелі өмір салтының құрамдас бөлігі, әрі
шаруашылықтың өзіндік ерекшелігі бар саласы екенін
дәлелдеу.
Қазақ жерінің тамаша байлығы мен сұлулығын, берекелі
тіршілігін сақтау, қорғау жөнінде, ит жүгіртіп, құс салу
қазақтың ежелден келе жатқан ата дәстүрі, кәсібі,
ұлттық машығы екенін түсіндіру.
Құсбегілік сонымен қатар жеріміздің асты-үсті көл-көсір
байлығын қорғап, сақтап қалуға өте тиімді, әрі қолайлы
өнер саласы деп қабылдауымыз қажет екенін білу.

Құсбегілік
бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи, тұйғын, тұрымтай, сұңқар, лашын, жағалтай сияқты
жыртқыш құстарды қолға үйретіп, аңға, құсқа салатын саятшылық өнер. Құсбегілік
қазақ, қырғыз халықтарында ежелден келе жатқан үлкен өнер ретінде саналады. Қазақ
халқының арасында бұл өнердің тамаша шеберлері кең дәріптеледі. Мәселен, «Аспанда
жүрсем қанатым талады, жерге қонсам жалайыр Шора алады», «Тінейдегі қасиет —
ұялас екен сарқұспен, Шорадағы қасиет — тілдес екен бар құспен»,— деген сөз-дер бар
Құсбегілер қыран құсты тор құрып ұстайды немесе қарақанат балапан кезінде ұядан
алады. Оның аяғына балақбау мен шыжым тағып, көзіне томаға кигізеді. Құсты әуелде
шыжыммен ұшырып, қайыруы жеткен соң семіртіп түлетеді. Бұдан кейін құсты
ақжеммен асырап, бос керілген арқанга қонақтатып, ұйқысын алып арытады. Жеңіл
ұшып, жеңіл қонатын күйге келгенде аңға салады.

Тарихи деректерге қарағанда, құсбегілік өнері бұдан үш мың жыл бұрын пайда
болған. Орта ғасырлардағы итальян саяхатшысы Марко
Полоның жазбаларында Құбылай ханның саятшылық мақсатта қолға үйреткен
500 ақ-сұңқары және басқа да қыран құстары болғандығын және оларды баптап,
күтуге, арнайы 10 мың құсбегі ұстағанын жазады. Орта ғасырларда Орталық
Азия мен Қазақстан, Қырым, Еділ бойын билеген патшалар мен хандар да өз
сарайларында арнайы құсбегілер ұстаған. Олар сарай қызметкерлерінің
құрметтісі саналған. Сондықтан да хан сарайындағы құсбегілік қызметке тек
ақсүйектер, бектер, әмірлер тағайындалған. Кейбір тарихи
деректерде Шыңғысханның ұлы Жошының 3 мың бүркітші ұстағаны туралы
жазылады

Құсбегі - қыран құстардың бабын тауып,
оны түрге, текке жіктей алатын,
олардың түр-тұлғасын ажырата алатын,
сүйек бітіміне, қанатына қарап құсты сынай
білетін, олардың мінез-құлқын, жасын,
ерекшеліктерін айыра білетін адам.
Ал осы тұста «бүркітші деген кім?» деген
сұрақ туу мүмкін. Ол- бүркітті бағып, бабын
таба білетін, бүркітті қолында аттылы
немесе жаяу алып жүре алатын, аңға сала
білетін, аңшылық өнерден орташа сауатты
адам.
Осы тұста құсбегілердің арасында
«қағушы» деген адам болады. Ол-қолында
құсы жоқ, бірақ бүркітшілерге қолғанат
болып жүретін, бұғып жатқан аңдарды
айқайлап, тебінгі қағып ұясынан шығаруға,
аңды бүркіттің көруіне жағдай жасайтын
адамды қазақ аңшылығында «қағушы» деп
атайды.

Құсбегілер аңға салатын құстар қатарына : бүркіт, тұйғын, қаршыға, сұңқар, лашын,
ителгі, бидайық, қарақылыш, қырғи, тұрымтай, жағалтай т.б. жатады. Құсбегілер осы
қырандарды өзара екі тобқа ажыратады. Олар:
1. Қара көздер: бүркіт, ителгі, лашын, сұңқар, қарақылыш, бидайық, тұрымтай,
жағалтай;
2. Шегір көзділер: қаршыға, тұйғын, қырғи.
Ал аңды алу тәсіліне қарай: іліп алатындар, теуіп алатындар деп те екіге жіктейді.
Аса білгір құсбегілер бұл қырандар тобын ары қарай тағы да түр текке ажыратып,
жіктеп бөліп жатады. Кейбір құсбегілер бүркіттің өзін жеке бір текке жатқызады.
Бұдан ары қарай Қыран құстар тұқымына қарай өз ішінен жеке-жеке түрге жіктеліп
кетеді. Мысалы, қаршығаның: қара қаршыға, тұнжыр қаршыға, сырғақ қаршыға деп
бөлінсе; тұйғын: ақ тұйғын, кір тұйғын, құл тұйғын деп бөлінеді.

Қазақ халқының тектілігін, жігіттерінің
серілігі мен жүректілігін танытатын бұл
өнер аса білгірлік пен мықтылық,
қырандай қырағылықты талап етеді.
Нағыз құсбегілердің табиғаттың аса асау,
жыртқыш, қауіпті құспен тіл табысып,
оны айтқанына үйрету үшін де ұзақ уақыт
пен төзімділікті, біліктілікті талап етеді.
Жаратылысынан жабайы, жыртқыш
болып жаралған қыранқұсты шошытып,
үркітіп алмай байланысуы аса маңызға
ие. Құсбегілер алғашында жағымды
дыбыс пен ақырын үн қатудан, шақшиып,
тесіле қарамай, жылы қараудан бастайтын
көрінеді. Себебі, адам дыбысы мен адам
көзінен қорықпайтын хайуан болмайды.
Осыны ескере отырып, құсбегілер қалай
болғанда да өзінің зиянсыз екенін құсқа
сезіндіруі қажет-ақ.

Құсбегілік өнер соңғы 10 — 15 жылдың ішінде Қазақстанда қайта
жандана бастады.
1998 жылдан бастап құсбегілердің басын қосып, баптаған қырандарын
сынға салатын "Салбурын” мерекесі дәстүрлі түрде жыл сайын
өткізіліп келеді.
Қарағанды мемлекеттік университетінің жанынан арнайы құсбегілер
мектебі ашылды.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Нұра
ауылындағы Жалайыр Шора атындағы құсбегілер мектебі жанынан
Республикалық құсбегілер мұражайы ашылған.

Әлімбатыр Диас Бакытжанұлы
8-сынып


Click to View FlipBook Version