Қазақстан тарихы
Емтихан жұмысының сипаттамасы
Орындау уақыты 3 сағат Балдардың үлестірілуі
Білім алушылар БМ 1 - 15 б.
БМ 2 - 15 б.
ұсынылған отыз
билеттің бірін таңдайды. Білу және түсіну
Әр билетте үш тақырып Білім алушы Қазақстандағы
берілген, оның негізінде әлеуметтік қатынастардың,
БМ 1 мәдениеттің, мемлекеттің
оқушы ауызша жауап дамуы және Қазақстанның
экономикалық даму туралы біледі,
беруі керек. түсінеді.
Максималды балл 30 балл Қолдану, жоғары деңгей
дағдылары
Білім алушы себеп-салдарлық
байланыстарын анықтау мақсатында
Емтихан жұмысына балл қою тарихи
және баға беру
оқиғаларды, құбылыстарды,
процестерді анықтайды; Қазақстанның
тарихи дамуын, тарихи тұлғалар
Емтихан Балдардың Баға қызметінің нәтижесі мен уәждерін
жұмысының проценттік
балдары құрамы, % БМ 2 саралайды; Қазақстанның даму
үрдістерін, қоғамдық, экономикалық,
саяси және мәдени процестерін
2 зерттейді, талдайды; проблемалық
(қанағаттанар
0-11 0-39 сұрақтарға жауап беру үшін түрлі
12-19 40-64 лықсыз)
тарихи дереккөздерді салыстыра
3
(қанағаттанар талдау жүрізеді; бір тарихи оқиғаларға,
лық) құбылыстар мен процестерге түрлі
көзқарастарды салыстыра отырып,
қорытынды жасайды.
20-25 65-84 4 (жақсы) Толық ақпарат
26-30 85-100 5 (өте жақсы) осында
Мазмұны
1 Бағалау мақсаты.......................................................................................................... 3
1.1. Оқу бағдарламасымен өзара байланысы.................................................................. 3
1.2 Критериалды бағалау жүйесімен байланысы .......................................................... 3
2. Емтихан жұмысының сипаттамасы .......................................................................... 3
2.1. Бағалау міндеттері ...................................................................................................... 4
2.2. Балдарды бөлу............................................................................................................. 4
2.3 Емтиханды өткізу тілі ................................................................................................ 4
3. Емтиханды өткізу үдерісін басқару .......................................................................... 4
4. Емтихан жұмысына балл қою және баға қою үдерісі............................................ 4
5. Бағалар сипаттамасы .................................................................................................. 5
6. Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгілері ...................................................... 6
2
1 Бағалау мақсаты
Білім алушылардың «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасының көлемін
меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына
(бұдан әрі – МЖМББС) сәйкес анықтау.
1.1. Оқу бағдарламасымен өзара байланысы
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-
сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу
бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
мазмұнын қамтиды.
Оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасымен оқитын білім алушыларды
қорытынды аттестаттау үшін жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-
математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәні бойынша
оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны қамтылады.
Білім алушылардың білімі мен біліктілігінің деңгейі, сондай-ақ дағдылары МЖМББС-
ның күтілетін нәтижелермен анықталады.
1.2 Критериалды бағалау жүйесімен байланысы
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау қалыптастырушы және жиынтық
бағалауды қамтитын критериалды бағалау жүйесінің бөлігі болып табылады.
2. Емтихан жұмысының сипаттамасы
Орындау уақыты 3 сағат
Білім алушылар ұсынылған отыз билеттің бірін таңдайды. Әр билетте үш тақырып
берілген, оның негізінде оқушы ауызша жауап беруі керек.
Максималды балл 30 балл
3
2.1. Бағалау міндеттері
1-БМ Білу және түсіну
2-БМ Білім алушы Қазақстандағы әлеуметтік қатынастардың, мәдениеттің, мемлекеттің
дамуы және Қазақстанның экономикалық даму туралы біледі, түсінеді.
Қолдану және жоғары деңгей дағдылары
Білім алушы себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында тарихи
оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді анықтайды; Қазақстанның тарихи
дамуын, тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждерін саралайды;
Қазақстанның даму үрдістерін, қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени
процестерін зерттейді, талдайды; проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін түрлі
тарихи дереккөздерді салыстыра талдау жүрізеді; бір тарихи оқиғаларға,
құбылыстар мен процестерге түрлі көзқарастарды салыстыра отырып, қорытынды
жасайды.
2.2. Балдарды бөлу
Бағалау міндеттеріне сәйкес балдарды бөлу кестеде берілген.
Бағалау міндеттері Балл
1-БМ 15
2-БМ 15
Барлығы 30
2.3 Емтиханды өткізу тілі
Емтихан оқыту тілінде тапсырылады.
3. Емтиханды өткізу үдерісін басқару
Емтихан «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық
және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125
Бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың
үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау
жүргізудің үлгі қағидаларына сәйкес өткізіледі.
4. Емтихан жұмысына балл қою және баға қою үдерісі
Емтихан жұмысына балл қою үдерісін балл қою кестесі негізінде аттестациялық
комиссия жүзеге асырады.
Білім алушыларға қойылған балл, балдарды бағаға айналдыру шәкіліне сәйкес бағаға
ауыстырылады.
4
Емтихан жұмысының Балдардың пайыздық Баға
балдары құрамы, %
2 (қанағаттанарлықсыз)
0-11 0-39 3 (қанағаттанарлық)
12-19 40-64 4 (жақсы)
20-25 65-84 5 (өте жақсы)
26-30 85-100
5. Бағалар сипаттамасы
Негізгі бағалардың сипаттамасы білім алушылардың мүмкіндік деңгейін анықтайтын
белгілі бір стандарт жөніндегі жалпы түсінігін қалыптастыру үшін беріледі. Іс жүзінде білім
алушыларға берілген баға оның тапсырмаларды қалай орындағанына байланысты болады.
Баға Сипаттамасы
5 Білім алушы пән бойынша терең білімі мен түсінігін көрсетеді. Қазақстандағы
әлеуметтік қатынастардың, мәдениеттің, мемлекеттің дамуы және Қазақстанның
экономикалық дамуы туралы толық түсінігі бар. Себеп-салдарлық байланыстарын
анықтау мақсатында тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді зерттеу
қабілетін көрсетеді. Қазақстанның тарихи дамуын, тарихи тұлғалар қызметінің
нәтижесі мен уәждерін өте жақсы саралайды. Қазақстанның даму үрдістерін,
қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени процестерін түсініп, талдау
жасайды. Проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тарихи дереккөздерді
салыстыра отырып, талдау жүргізеді. Тарихи оқиғаларға, құбылыстар мен
процестерге байланысты әртүрлі көзқарастарды салыстыра отырып, сыни
қорытынды жасайды.
4 Білім алушы пән бойынша білімі мен түсінігін жақсы деңгейде көрсетеді.
Қазақстандағы әлеуметтік қатынастардың, мәдениеттің, мемлекеттің дамуы және
Қазақстанның экономикалық дамуы туралы түсінігі қалыптасқан. Себеп-
салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында тарихи оқиғаларды,
құбылыстарды, процестерді талдау қабілетін көрсетеді. Қазақстанның тарихи
дамуын, тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждеріне жақсы саралау
жасайды. Қазақстанның даму үрдістерін, қоғамдық, экономикалық, саяси және
мәдени процестерін талдау қабілетін көрсетеді. Проблемалық сұрақтарға жауап
беру үшін түрлі тарихи дереккөздерді салыстыра отырып, түсіндіреді. Тарихи
оқиғаларға, құбылыстар мен процестерге байланысты әртүрлі көзқарастарды
салыстырып, қорытынды жасайды.
3 Білім алушы пән бойынша білімі мен түсінігін қанағаттанарлық деңгейде
көрсетеді. Қазақстандағы әлеуметтік қатынастардың, мәдениеттің, мемлекеттің
дамуы және Қазақстанның экономикалық дамуы туралы түсінігі қанағаттанарлық
деңгейде. Себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында тарихи
оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді түсінеді. Қазақстанның тарихи дамуын,
тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждерін саралауы қанағаттанарлық
деңгейде. Проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тарихи дереккөздерді
қолданып, баяндау сипатында түсіндіреді. Тарихи оқиғаларға, құбылыстар мен
процестерге байланысты әртүрлі көзқарастарды оқып, қайталама сипатында
қорытынды жасайды.
2 Білім алушының пән бойынша базалық білімі жеткіліксіз.
5
6. Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгілері
Бұл бөлімде қорытынды аттестаттауда қолданылатын сұрақтардың кейбір түрлері
ұсынылған.
Әр сұрақ тұсына тік жақшада [ ] ұсынылатын балл көрсетіледі.
Басшылыққа алу үшін балл қою кестесі ұсынылады. Онда әр сұраққа берілетін балл
саны көрсетіледі.
№1-билет
1) «Сауатсыздықты жою», «қызыл отау» тарихи терминдерінің анықтамасын беріңіз.
[5]
2) Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы нарықтық экономикаға көшудің негізгі
міндетін түсіндіріңіз.
[10]
3) «Кеңес өкіметінің 20-30-жылдардағы саясаты қазақтарды толық отырықшылыққа
көшірді». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін
бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.
[15]
№2 –билет
1) «Жәдитизм», «пантүркизм» тарихи терминдерінің анықтамасын беріңіз.
[5]
2) 1917 жылдан бастап қазақтың білім мен ғылым жүйесіндегі басты өзгерістерді
түсіндіріңіз.
[10]
3) «Қазақстан – ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің үлгісі». Сіз бұл пікірмен
қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен
дәйектерді келтіріңіз.
[15]
6
№3-билет
1) «Полиэтникалық қоғам», «депортация» тарихи терминдерінің анықтамасын
беріңіз. [5]
2) «Ұлы Дала» ежелгі мәдениеттерінің ошақтары мен олардың өзара сабақтастығын
түсіндіріңіз.
[10]
3) «Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қандастарымыздың елге оралуына тікелей
әсер етті». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу
үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.
[15]
№4-билет
1) Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениетінің негізгі бағыттары мен жанрларын
сипаттаңыз.
[5]
2) Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстандағы көші-қон саясатының
ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
[10]
3) «Бүгінгі таңда жаңғыртылған «Жаңа Жібек жолы» Қазақстан экономикасын
дамытуда басты рөл атқаруда». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз
жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.
[15]
№5-билет
1) «Ру», «жүз» тарихи терминдерінің анықтамасын беріңіз.
[5]
2) Қазақстандағы қалалардың пайда болуы мен дамуындағы Ұлы Жібек жолының
рөлін талдаңыз.
[10]
3) «Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан индустриясы өнеркәсіптік және өңдеу
үдерісінен сәтті өтті». Сіз бұл тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Өз
жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.
[15]
7
Балл қою кестесі
Жалпы балл қою кестесінде балдар белгілі ауқымда (диапазонда) көрсетілуі мүмкін
(мысалы, 1–2 балл). Бағалау міндеттеріне сәйкес (білу және түсіну/ қолдану, жоғары
деңгей дағдылар) жалпылама сипатта ұсынылады және қосылып бірге есептеледі.
Тапсырма Макс. Сипаттама
№ балл
1 Білу және түсіну (5 балл)
5 5 балл: сұрақты өте жақсы білетінін және түсінетінін көрсетеді.
2 4 балл: сұрақты жақсы деңгейде білетінін және түсінетінін
10 көрсетеді.
3 балл: сұрақты орташа деңгейде білетінін және түсінетінін
көрсетеді.
2 балл: сұрақты төмен деңгейде білетінін және түсінетінін
көрсетеді.
1 балл: сұрақты өте төмен деңгейде білетінін және түсінетінін
көрсетеді.
Білу және түсіну (5 балл)
5 балл: тақырыпқа сәйкес маңызды терминдер қатарын контексте
жүйелі және тиімді түрде қолданып, терең білімін көрсетеді.
Тақырыпқа байланысты барлық аспектілерді терең біліп түсіндіреді.
4 балл: тақырыпқа сәйкес маңызды терминдер қатарын контексте
тиімді қолданып, терең білімін көрсетеді.
Тақырыпқа байланысты барлық аспектілерді нақты біліп
түсіндіреді.
3 балл: тақырыпқа сәйкес маңызды терминдер қатарын контексте
дұрыс қолданып, базалық білімін көрсетеді. Тақырыпқа
байланысты барлық аспектілерді бірқатар біліп түсіндіреді.
1-2 балл: тақырыпқа сәйкес шектеулі терминдер қатарын
контексте дұрыс қолданбай, білімін көрсете алмайды. Тақырыпқа
байланысты барлық аспектілерді аздап біліп түсіндіреді.
Қолдану, жоғары деңгей дағдылар (5 балл)
5 балл: сұраққа анық және құрылымды түрде жауап береді.
Сұрақтың мақсатына сәйкес жауапты нақты ұсынады. Сұрақтың
өзектілігін (тақырыбымен және идеясымен байланыста) толық
негіздеп жан-жақты түсіндіреді. Сұрақ бойынша тапсырманы
жүйелі және толық орындайды. Сұраққа сәйкес әртүрлі ақпараттар
мен дереккөздерді жинақтап, ауызша түсіндіру үшін тиімді бірнеше
әдістерді қолданып, жауапты мазмұнды және жүйелі түрде
ұсынады. Жауаптың рефлексиясында жан-жақты, нақты, терең
бағалау жүргізеді.
4 балл: сұраққа жауап беру кезінде логикалық бірізділікті
сақтайды. Сұрақтың мақсатына сәйкес жауапты дұрыс ұсынады.
Сұрақтың өзектілігін (тақырыбымен және идеясымен байланыста)
дұрыс негіздеп жан-жақты түсіндіреді. Сұрақ бойынша
тапсырманы тиімді түрде дұрыс орындайды. Сұраққа сәйкес
әртүрлі ақпараттар мен дереккөздерді жинақтап, ауызша түсіндіру
үшін бірнеше әдістерді қолданып, жауапты мазмұнды және жүйелі
ұсынады. Жауаптың рефлексиясында нұсқаулыққа сәйкес бағалау
жүргізеді.
8
3 балл: сұраққа жауап беру кезінде логикалық бірізділік жоқ.
Сұрақтың мақсатына сәйкес жауапты дұрыс ұсынады. Сұрақтың
өзектілігін (тақырыбымен және идеясымен байланыста) жалпылама
түсіндіруге тырысады. Сұраққа сәйкес әр түрлі ақпараттар мен
дереккөздерді жинақтап, ауызша түсіндіру үшін бірнеше әдістерді
қолданса да, жауаптың мазмұнын жүйесіз түрде ұсынады.
Жауаптың рефлексиясында нұсқаулыққа сәйкес бағалау жүргізуде
қиналады.
1-2 балл: сұраққа жауап беру кезінде логикалық бірізділік жоқ.
Жауапты сұрақтың мақсатына сәйкес дұрыс бағыттауға тырысады.
Сұрақтың өзектілігін (тақырыбымен және идеясымен байланыста)
жалпылама 1 сөйлеммен сипаттайды. Сұраққа сәйкес емес
ақпараттарды жинақтап, ауызша түсіндіру үшін біраз әдістерді
қолдануға тырысады. Жауаптың рефлексиясында шектеулі түрде
ақпарат береді.
3 15 Білу және түсіну (5 балл)
5 балл: тақырыпқа сәйкес маңызды терминдер қатарын контексте
жүйелі және тиімді түрде қолданып, терең білімін көрсетеді.
Тақырыпқа байланысты барлық аспектілерді терең біліп түсіндіреді.
4 балл: тақырыпқа сәйкес маңызды терминдер қатарын контексте
тиімді қолданып, жақсы білімін көрсетеді.
Тақырыпқа байланысты барлық аспектілерді нақты біліп
түсіндіреді.
3 балл: тақырыпқа сәйкес маңызды терминдер қатарын контексте
дұрыс қолданып, базалық білімін көрсетеді. Тақырыпқа
байланысты барлық аспектілерді бірқатар біліп түсіндіреді.
1-2 балл: тақырыпқа сәйкес шектеулі терминдер қатарын
контексте дұрыс қолданбай, білімін көрсете алмайды. Тақырыпқа
байланысты барлық аспектілерді аздап біліп түсіндіреді.
Қолдану, жоғары деңгей дағдылар (10 балл)
9-10 балл: берілген оқиғаларға, фактілерге, тарихи құбылыстарға
жан-жақты көзқарас тұрғысынан жауап береді. Сұраққа жауап беру
барысында қарама-қайшылықты мәселені дұрыс логикалық жүйеде
қарастырады, мағыналық бірізділік, басты тезистер мен
пайымдаулардың өзара сәйкестілігін анықтайды. Тарихи
мәнмәтінде хронология мен тарихи деректерді кең түрде
қолданады. Дәйектер мен дәлелдерді келтіруде тарихи білімдер,
деректер, мен түрлі статистикалық мәліметтерді толыққанды
қолданады. Сұрақты қортындылағанда тарихи маңыздылығын
айқындайтындай тың идеяларды ұсынады.
7-8 балл: берілген оқиғаларға, фактілерге, тарихи құбылыстарға
бірқатар көзқарас тұрғысынан жауап береді. Сұраққа жауап беру
барысында қарама-қайшылықты мәселені дұрыс логикалық жүйеде
қарастырады, мағыналық бірізділік, басты тезистер мен
пайымдаулардың өзара сәйкестілігін анықтайды. Тарихи
мәнмәтінде хронология мен тарихи деректер біршама түрде
қолданады. Дәйектер мен дәлелдерді келтіруде тарихи білімдер,
деректер, мен түрлі статистикалық мәліметтерді біршама
қолданады. Сұрақты қортындылағанда тарихи маңыздылығын
айқындайтындай әртүрлі идеяларды ұсынады.
9
4-6 балл: берілген оқиғаларға, фактілерге, тарихи құбылыстарға
әртүрлі көзқарас тұрғысынан жауап береді. Сұраққа жауап беру
барысында қарама-қайшылықты мәселенің логикалық бірізділігі,
басты тезистер мен пайымдаулардың өзара сәйкестілігі төмен.
Тарихи мәнмәтінде хронология мен тарихи деректер аз қолданады.
Дәйектер мен дәлелдерді келтіруде тарихи білімдер, деректер, мен
түрлі статистикалық мәліметтерді аз қолданады. Сұрақты
қортындылағанда тарихи маңыздылығын айқындайтындай әртүрлі
идеяларды ұсынуда қиналады.
1-3 балл: берілген оқиғаларға, фактілерге, тарихи құбылыстарға
жауап беруге қиналады. Сұраққа жауап беру барысында қарама-
қайшылықты мәселенің логикалық бірізділігі жоқ, басты тезистер
мен пайымдаулардың өзара сәйкестілігі төмен. Тарихи мәнмәтінде
хронология мен тарихи деректерді қолдануда қателер жібереді.
Дәйектер мен дәлелдерді келтіруде тарихи білімдер, деректер, мен
түрлі статистикалық мәліметтерді қолданбайды. Сұрақты
қортындылағанда тарихи маңыздылығын айқындайтындай әртүрлі
идеяларды ұсынбайды.
10