АДАМНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ ҰҒЫМДАР МЕН ТҰЖЫРЫМДАР
Адамдардың пайда болуы туралы екі теория Ч.Дарвиннің биологиялық теориясы Ф.Энгельстің еңбек теориясы.
Ч. Дарвиннің теориясы • Ч. Дарвиннің теориясын симиалъдық теория деп атайды (Симиа- маймыл). Ол адамдар ертеде тіршілік еткен жоғары сатылы маймылдардан келіп шықкан деп ойлаған. Шынында да, адамдардың анатомиялық құрылысы және дамуы, биохимиялық және физиологиялық көрсеткіштері қазіргі кездегі адам тәрізді маймылдарға (шимпанзе, горилла) өте ұқсас. Адамның шығу процесіне биологиялық заңдылықтарды тарата отырып, Ч.Дарвин жыныстық сұрыптарға барынша үлкен маңыз берді. Оның 1871 жылы шыққан «Адамның пайда болуы және жыныстық сұрыпталуы» атты еңбегі осы уақытқа дейінгі көзқарастарға ұқсамайтын жаңа ілімнің негізін қалады. Оның еңбегінде адамның жануарлық шыққан тегі анықталған. Шәкірттері: Карл Фогт, Томас Гексли, Иоганн Якоб Бахофен, Льюс Генри Морган, Герберт Спенсер, Джон Леббок, Эдуард Тайлор, Адольф Бастиан, Джон Фергюсон Мак-Леннан, Юлиус Липперт сынды ғалымдар эволюциялық ілімнің жан-жақты қалыптасуына жағдай жасады.
Фридрих Энгельстің еңбек теориясы XIX ғасырдың 70 жылдары Ф.Энгельс антропогенездің еңбек теориясын қалыптастырды. Оның негізгі мәні антропогенез процесіңде адамның прогрессивтік эволюциясының және тарихи дамуының негізгі факторы болып — еңбек, қоғамдық өмір, сөйлеу, яғни әлеуметтік факторлар саналады. Еңбек құралдарын жасау және пайдалану, бұл қызметтің мәнін түсініп ұғу адамдардың табиғатқа тигізетін әсерінің еселеп өсуіне алып келіп, бірте-бірте эволюцияның биологиялық факторларын ығыстырып шығарған. Антропогенез құбылысының органикалық дүниенің дамуынан бірденбір сапалық ерекшелігі де осында болып саналады.
К. Маркс, Ф.Энгельс адамды адам еткен, адам қоғамын қалыптастырған еңбек деп санаған. 1873-1876 жылдары Ф.Энгельстің аяқталмай қалған «Табиғат диалектикасы» еңбегінің бір тарауы болып саналатын «Маймылдардың адамға айналу процесінде еңбектің рөлі» деген еңбегінде антропогенездің еңбек теориясында шешуші маңызы бар тұжырымдар айтылған.
• ХҮІІІ ғ. екінші жартысы мен ХІХ ғ. І жартысында Томас Гексли адамның жүйелік жағдайын анықтауда адамның адам тәрізді маймылдардың ең жақын туыс екендігін көрсетеді. • Олар тұру, жүру, ұстау, сөйлеу ептіліктерінің қалыптасуымен ерекшеленді. Тернифин, Омо, Чесованджа, Нармада, Юаньшоу, Лук Йен, Хэцзян, Триниль аймақтарындағы сүйек қалдықтарының қоныстанған жергілікті жерге байланысты ерекшеліктердің басым екендігін дәлелдеп отыр. • Жалпы приматтардың қабылданған классификациясы жоқ. Бірақ барлық классификацияда бір ортақ мәселе бар ол адам тәрізді немесе антропоморфты маймылдардың дербес семьялары ретінде бөлінуі болып табылады. Дарвиннің өзі бұларды адамның ең жақын туыстары деп көрсетеді. • Антропоморфты семьялармен қатар приматтар отрядының барлық классификацияларында осы заманғы адам мен оның ең жақын ата-тектерін біріктерін гоминид семьялары бөлініп шығады. Бұлардың ерекшеліктері: милары приматтардың миынан әлдеқайда үлкен, денелері түзулене түскен, екі аяқпен тік жүреді, өте қозғалғыш, саусақтары қимыл жасауға икемді болып келген. • Бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша, бұл құбылыс тіпті терминологияда көрсетілуге тиіс болды. Мәселен, белгілі орыс геологы А.П.Павлов төрттік дәуір үшін «антропоген» атауын ұсынды, ал көрнекті кеңес натуралист-геологы, геохимиг және биолог В.И.Вернадский тіпті жер тарихында адам тегінің тіршілік еткен уақытын ерекше эраға бөлу қажет деп санады, ол мұны «психозойск эрасы» деп атады.
Антропология ғылымы бірнеше бөлімдерге бөлінеді: 1) антропогенез — адамдардың пайда болған жерін, уақытын, нақтылы ата-тегін, адамның пайда болуының негізгі кезеңдерін, қозғаушы күштерін, адамдардың алғашқы қоғамының және сөйлеуінің дамуын т.б. зерттейді; 2) адам морфологиясы адамдардың қалыпты сыртқы құрылысын зерттейді; 3) адам физиологиясы — адамдардың қалыпты физиологиялық және биохимиялық процестерін және олардың көптүрлілігін зерттейді. Мысалы, популяция қан тобының, гемоглобиннің көптүрлілігін, адам тұрпатымен сыртқы орта факторларының өзара байланысын, ағзаның әр түрлі ауруларға бейімділігін т.б. зерттейді; 4) этникалық антропология — адам нөсілдерін, олардың таралу ерекшеліктерін зерттейді.
• 1925 жылы Оңтүстік Африкада (Кения) адамдарға ұқсас жәндіктің бас сүйегі табылған. Оны оңтүстік маймылы — австралопитек деп атаған. Қазіргі кезде австралопитектердің бірнеше түрлерінің қазба қалдықтары табылған. Олардың ішінен ең қарапайым түрі — афар австралопитегі— Australopithecus afarensis. • Австролопитектер осыдан 2-3 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Олардың бойлары — 120-150 см, ми көлемі 380-550 см3 , екі аяқтарымен тік жүрген. Архантроптар осыдан 2 млн жыл бұрын пайда болып 200- 100 мың жылға дейін тіршілік еткен. Оларға, тік жүретін адамдар деп аталатын құрама түр Homo erectus — питекантроп, синантроп, Гейдельберг адамы т.б. жатқызылады. Питекантроптардың сүйектері Шығыс және Солтүстік Африкадан, синантроптар Азиядан табылған. Бұлардың тіршілік еткен уақыты 1 млн жылдан 600-400 мың жыл аралықтарыңда. Олардың ми сауытының көлемі үлкен болған — 850-1100 см3 . Антропологтардың жорамалдауынша ең қарапайым сөйлеу ми көлемі 750-800 см3 жеткен кезде пайда болған, демек питекантроптар, синантроптар өте қарапайым сөйлей білген. Палеоантроптар — ертедегі адамдар 100 мың жылдан 25-35 мың жылға дейін өмір сүрген. Оларға неандерталь адамы — Ното sаріепs жатады. Бұлардың ми көлемі 1500 см3 дейін болып, күрделі қауымдық тіршілік еткен. Олар өздері отты ала білген, сөздері күрделірек, былдырлап сөйлейтін болған. Неоантроптар (грек. neos – жаңа, anthropos– адам)– археологиялық қазбалардан табылған және бүгінгі саналы адамдардың (Homo sapіens) жиынтық атауы. Неандерталь адамын кейінгі палеолитте кроманьондықтар, яғни Неоантроптар алмастырды. Олардың палеоантроптар мен архантроптардан негізгі антропологиялық айырмашылықтары – бас сүйегінің ми сауыты сопақ, маңдайы тік, иегі жақсы жетілген, шығыңқы, қабақ сүйектері орташа жетілген.
• Қазіргі адамдар бірнеше нәсілдерге бөлінеді. Нәсілдер дегеніміз адамдардың үлкен популяциялары болып табылады. Нәсіддердің физиологиялық, психологиялық ұқсастығы олардың айырмашылықтарынан әлдеқайда жоғары болады, олардың көптеген гендері де бірдей, ортақ болып келеді. • Адамдардың 3 үлкен нәсілдері белгілі: негроидтық, еуропоидтық және монголоидтық нәсілдер. Негроидтық (австралонегроидтық) нәсілдердің шаштары бұйра, қара түсті, көздері қара, мұрындары қысқа және кең, қалың ерінді, терісі қоңырқара болып келеді. • Еуропоидтардың шаштары жұмсақ, толқынды, әр түрлі ренді, терісі ашық түсті, сақал-мұрттары жақсы дамыған, мұрыңдары қысыңқы, үлкен, жұқа ерінді болып келеді. • Монголоидтар шаштары қатты, қара түсті, сақалмұрты нашар дамыған, терісі сары ренді, мұрындары жуан, орташа, қабақтары (эпикант) жақсы дамыған.
Назарларыңызға рахмет!