ТƏЖІРИБЕ ПАРАҚШАСЫ Жетістікке жету үшін өзіңіздің шын мəнісінде нені қалайтыныңызды түсініп, бар ынта-жігеріңізді мақсаттарыңызға бағыттаңыздар. Өзіңізге осы сұрақтарды қойып, жауаптарын жазыңыздар: 1. Менің өмірлік миссиям қандай? Мен не істегім келеді жəне өзімнен кейін қандай із қалдырамын? _____________________________________________________________________________ 2. Алдағы жылға жоспарлаған басты мақсатым қандай? _____________________________________________________________________________ 3. Осы мақсатқа жетсем, өзіме қандай сый жасаймын? _____________________________________________________________________________ 4. Өз арманыма жету үшін бір жыл бойы қандай білім алуым керек? _____________________________________________________________________________ 5. 5 жылдан кейін өзімді қалай елестетемін: • мен қайда тұрамын? (қай елде, қалада, үйде, пəтерде) немен айналысамын? _____________________________________________________________________________ отбасым қандай? _____________________________________________________________________________ 5 жылдағы менің басты жетістіктерім: _____________________________________________________________________________ қоғам үшін не істедім? _____________________________________________________________________________ Осы жазғандарыңызды күнде қайталап оқыңыз, сол кезде саналы жəне бейсаналы түрде бар ойыңыз мақсаттарыңызға ауады да, оларды тезірек жүзеге асырасыз.
МЕНІҢ ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІМ 1. «Өмірді жеңіл сүр» – Эндрю Мэтьюз Менің сүйікті кітаптарымның бірі. Жетістікке жетуде бастысы – бұл біздің ұмтылысымыз бен жетістікке бағытталған жарқын ойлауымыз екеніне тағы да сендіреді. 2. «Ешқашан жалғыз тамақтанбаңыз» – Кейт Феррацци Өмірде бар адамдардың шынайы өмірдегі оқиғалары жазылған кітаптарды əрдайым қызығып оқимын. Бұл нағыз, «таза» қарым-қатынастардың маңызды екені жəне жеке байланыстардың көп нəрсені шешетіні туралы кітап. Оқуға кеңес беремін! 3. «Менің өмірім, менің жетістіктерім» – Генри Форд Мен жиі табысты адамдардың өмір жолын оқуға кеңес беремін. Мен үшін үлгі боларлық адамдардың бірі – өзінің ақылы мен еңбексүйгіштігінің арқасында мультимиллионер атанған, шағын шеберханадан ірі корпорация құра білген Генри Форд. Осы кітаптан сіз оның қандай өнертапқыш, кəсіпкер, басқарушы болғанын білесіз. 4. «Ішкі түйсік бəрін шешеді» – Джон Кехо Кітап табысты, толыққанды, іскер адам болу үшін өзіңді, ішкі түйсігіңді өзгертуге шақырады. Оқып шыққаннан кейін сіз барлық түйткілдің шын мəнісінде шешім табатынын, ал барлық армандар мен мақсаттардың жүзеге асатынын түсінесіз. Осы кітапқа арнайы уақыт бөлсеңіз, оған өкінбейтініңіз анық. 5. «Үшіншіден бірінші əлемге айналу. Сингапурдың тарихы» – Ли Куан Ю Бұл кітапты міндетті түрде оқып шығу керек! Ұлы адам, Сингапурдың бұрынғы премьер-министрінің абырой мен табысқа қалай жету керектігі туралы ғибрат аларлық ойлары. Аз уақыт ішінде табысты мемлекетті қалай құрды, Сингапур бизнес жүргізу рейтингі бойынша бірінші орынға қалай шықты? Əрбір мемлекеттің өз жолы бар, алайда оны жүріп өткен адам ғана біледі. 6. «Көшбасшылықтың айнымас 21 заңы» – Джон Максвелл Автор басқалардың жетістіктері мен сəтсіздіктерін мысал етіп, заңдардың мəнін ашады. Бəлкім, осы заңдардың кейбірі өз өміріңіздің түрлі саласына жарап қалар! Бұл кітаптың өз мансап жолыңызды бастауға жақсы түрткі боларына сенімдімін. 7. «Бизнес жолы: Джек Уэлч. Əлемнің ең ұлы менеджмент королінің 10 құпиясы» – Стюарт Крейнер Бұл əрбір бизнесмен үшін «жол картасы» секілді. Одан менеджмент стратегияларының сипаттамасын, басқару құпияларын жəне жетістікке жету үшін қандай адамдармен араласу керектігін білесіз. Оқуға кеңес беремін! 8. «Бай əке, жарлы əке» – Роберт Киосаки Қаржылық сауаттылықтың классикасына айналған, қолдан түсірмей оқитын кітап. Өз ісіңізді бастамас бұрын оқып шығуға кеңес беремін. 9. «Табысты болудың ұстанымдары» – Коносуке Мацусита Matsushita Electric империясының негізін қалаушы өз кітабында менеджментте, кез келген жұмыста жəне жалпы өмірде жетістікке жетуге мүмкіндік беретін 105 ұстанымымен бөліседі. 10. «Феррариін сатқан тақуа» – Робин Шарма Өз өмірін жақсы жаққа өзгерткісі келетін əрбір адам оқуы тиіс кітап. 11. «Махаббаттың бес тілі» – Гэри Чепмен Автор əрбір адамның өзіндік махаббат тілі бар деген теория ұсынады. Олар бесеу: Мақтау, Көмек, Уақыт, Сыйлықтар, Жанасу. Əркім махаббатын өзінше білдіреді, тек сол тілді түсіне білу керек. Бұл қалай қарымқатынас құрып, адамдармен жұғыса білу туралы кеңестер. «Махаббаттың бес тілі» кітабын əрбір отбасы оқып шыққаны жөн.
АЛҒЫС АЙТАМЫН Бұл кітап өмірімнің əрбір кезеңдерінде маған күш берген, мені қанаттандырып, қолдаған адамдардың арқасында жарыққа шықты. Алдымен бұл – менің ата-анам. Менің бойыма маңызды отбасылық құндылықтарды еккені үшін, маған əрдайым сенім білдіріп, қателіктерімнен сабақ алып өмір сүруге, оқуға мүмкіндік бергені үшін оларға алғысым шексіз. Сондай-ақ екі қарындасымның болғанына қуанамын. Солардың арқасында мен бала кезден бөлісуді, басқа адамдардың мүдделерімен санасуды үйрендім. Мені мықты, өз бетімен шешім қабылдай алатын, сабырлы адам етіп тəрбиелеген, өз мақсаттарыма жетуге үйреткен бапкерім Сергей Николаевич Куденко мен сынып жетекшім Людмила Петровна Сторожеваяға алғысым шексіз. Маған Ленинград политехникалық институтын таңдауға көмектескен ағам Қадырғали Қонысбайұлы Жаманбалинге рахмет айтамын. Сол кезде жасаған дұрыс стратегиялық таңдауым өміріме үлкен ықпалын тигізді. Көп жыл бұрын Петербордың табысты бизнесмендерінің бірі бола тұрып, маған яғни ісін жаңадан бастаған кəсіпкерге қолдау көрсеткен Илья Кравцовқа алғыс айтамын. Осы бірлескен бизнестен мен теңдесіз тəжірибе жинақтадым, өз идеямды жүзеге асырып, дұрыс жолда екеніме көз жеткіздім. Сонымен қатар менің білімімді жүйелеп, бойыма оқу мен жетілуге деген құлшынысты еккен Стокгольм бизнес-мектебіне алғыс айтамын. Ең бастысы, оқу орныма маған жаны жақын адамдар ортасына түсіп, бүгінге дейін пайдаланып келе жатқан мықты байланыстар орнатуыма көмектескені үшін алғыс білдіремін. Кезінде маған сеніп, өмірде менімен бірге талай жағдайларды бастан өткізген, ең сенімді серіктес əрі дос ретінде жанымнан табылатын адам, серіктесім, пікірлесім Юрий Маркеловқа жекелей алғыс айтамын. Барлық əріптестеріме үлкен алғысымды білдіргім келеді. Arman Holdings-те компаниямыздың миссиясын, мақсаттарын, мүдделері мен мəдениетін сыйлайтын нағыз кəсіби шеберлер жұмыс істейді. Бірігіп, біз армандарымызды жүзеге асырамыз жəне өзіміз өндіретін байланыс жүйелері арқылы бұл əлемді қауіпсіз етеміз. Пайымы, болмысы бөлек жан Самвел Аветисянға алғысым шексіз. Онымен кез келген тақырыпқа (шарап, сигаралар, маркетингтік амалдар туралы) əңгімелесу менің дүниетанымымды кеңейте түседі. Мен үшін əрдайым табысты бизнесменнің үлгісі болған Олег Хусаеновқа көп рахмет. Оның жолы бизнесті тепе-теңдікке құрылған жүйе ретінде құруыма ынталандырды. Сол кісінің арқасында қазір еш қиналмастан жаңа жобаларға (оның ішінде осы кітап та бар) ойыса беремін, ал компаниям өз бетімен алға жүре береді. Сонымен қатар Ernst & Young компаниясына «Жыл кəсіпкері» халықаралық байқауы үшін рахмет айтамын. Осы сайыста жеңіске жетіп, мен күш-қуат алдым, өз күшіме деген сенімім молайды. Бұл мені жаңа биіктерге жетуге, бұдан да ауқымды жобалармен айналысуға, адамдарға көбірек пайда əкелуге ынталандырады. Ең алдымен сонау «Ленинградтық кезеңдерден» бері яғни 25 жылдан астам уақыт бойы қасымда бірге келе жатқан Ерлан Бажековке үлкен алғыс айтамын. Оның өзі жəне «Қаздизайн» компаниясындағы командасы идеяларым мен ойларымды жүзеге асыруда, сайт пен қатар əлеуметтік желіде парақшалар ашып, теңдесіз көмек көрсетті. Жұлдыз Шəріповаға да алғысым шексіз. Бастапқыда менің идеямды қолдап, бүкіл шимайланған қолжазбамды оқып, психология саласындағы тəуелсіз сарапшы ретінде бағалы кеңестер берді. Ол осы кітапты жазуда ғана емес, «Жетістікке жету Күнделігін» жасауға да үлкен септігін тигізді. Сонымен қатар «Friends MG» командасына үлкен кəсіби біліктілігі мен ерекше құлшынысы үшін алғыс айтамын. Əсіресе бүкіл материалдарды редакциялаған Жұлдыз Сейсенбековаға үлкен еңбегі үшін жəне кітаптың дизайнын безендірудегі ұйымдастырушылық жұмыстарымен оны медиа-кеңістікке алып шыққаны үшін Махаббат Есенге, кітаптың мұқабасын жасауда бүкіл қиялымды жүзеге асыра білген Жанар Əшімге ерекше ризашылығымды білдіргім келеді. Сондай-ақ Мəдина Байболоваға оның жобама деген шынайы қызығушылығы, оның осы кітаптың жарыққа шығуына мүмкіндік берген қажырлы еңбегі мен шығармашылық қабілеті үшін алғыс айтамын. Серікбай Бисекеев Мадина Байболованың қатысуымен Бəрі де өз қолыңда Жоба жетекшісі: Махаббат Есен Жауапты редактор: Жұлдыз Сейсенбекова Редактор: Ақкенже Кəрібаева Аударма: Гүлнұр Жақсылықова Дизайн: Жанар Əшім Беттеуші: Дилара Ярмамбетова Баспаға дейінгі жəне басқа да жұмыстар Friends Media Group ЖШС-де атқарылды. Баспаға жіберілген күні 28.02.2016 ж. 70х90/16 форматы. Офсеттік қағаз. Офсеттік баспа. Есептік баспа таб. 12,5. Тиражы 5 000 дана. Тапсырыс № 2332 «Можайский полиграфический комбинат» ААҚ-да басылды. 143200, Можайск қ. Бейбітшілік көш, 93. www.oaompk.ru, www. оаомпк.рф тел.: (495) 745-84-28, (49638) 20-685 Өндіруші-Ел: Ресей, Кітап, Сақтау мерзімі шексіз.
Тауар міндетті сертификациялауға жатпайды. Тауар барлық сапа жəне қауіпсіздік стандарттарына сəйкес келеді. Ұсынылатын жасты орамадан қараңыз. Қазақстан Республикасында өнімнің сапасы жөніндегі шағымдарды импорттаушы: ЖК Бисекеева Ж.К., Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Абай көшесі, 13, 1105 кеңсесі тел.: 8 (7172) 25-03-33 Өз армандарыңызды жүзеге асырғыңыз келе ме? Күнделік – бұл өміріңіздің: Басты құндылықтарын айқындауға Өзіңізді шабыттандыратын мақсаттар қоюға Күн сайын сол армандар үшін біртіндеп қадамдар жасауға Өз өміріңізді бір жыл ішінде күрт өзгертіп, бақытты да, үйлесімді адам болып қалыптасуыңызға көмектеседі Жететін жетістіктеріңізді жоспарлай біліңіз, биік мақсаттарды бағындырыңыз жəне бақытты болыңыз!