Көк тәңірі
406 топ
Бексұлтан Жәудір
Глосссарий:
Аруақ – бабалардың жебеушілік, қолдаушылық құдіреті. Аруақ –
рух деген сөз.
Адорация – (лат.) бас ию, құрметтеу.
Онтология - әлемнің сыр-сипатын, дүниенің түп мағынасын, ішкі
мәнін, айнала қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен
процестердің өзара байланысын, олардың дамуы мен өзгеруін,
адамзат қоғамының сан түрлі құпияларын танып білу қажеттігі –
«болмыс” деп аталатын кең мағыналы, терең ауқымды
философиялық ұғымның тарихи тұрғыдан қалыптасуының басты
себебі әрі алғышарты болып табылады.
Миф – грек тілінен аударғанда аңыз, нақыл деген сөз.
Тәңірі атауы оның болмысы мен шынайы табиғаты
көшпелілерде «иудаизм, зорастризм, манихеизм, буддизм,
христиан, ислам» -нан бұрын қалыптасты деп батыл айтуға
болады. Бұдан Тәңірі – барлық діндарлардың атасы болды
деген ойдан аулақпыз. Керісінше, Тәңірі атауын
көшпелілердің «құдайы, алласы, буддасы, исусы» болдырған,
солай атап кеткен діни туындылар, тарихи миссионерлік
фактілер баршылық. Мысалы, көшпелілердің Тәңірі-
атауымен буддизмдегі Будданы - «тәңрі тәңрісі»,
манихеизмдегі құдайлардың мекенін – «тәңрі йері» және т.б.
атады.
Iryt - Teŋіri > Тәңірі
iLGUisiK - Kisi oγulï >
Кісіұлы
Rj - Jer > Жер
Teŋіri küč > теңірі күч. Тәңірдің күші
Teŋіri qan > теңірі қан
Teŋіri qut > теңірі құт Тәңірдің құты
Teŋіriteg Тeŋiride bolmuš Türük Bilge qaγan> Тәңірітег
Тәңіріде болмұш Түрік Білге қаған
Türük Teŋrisi > Түрік Тәңірісі
Kök Teŋrі > Көк Тәңір
Umay>Ұмай «Ұмай»
Тәңіршілдік – бұл тылсым болмысқа деген наным-сенімнің
қайта жаңғыртылған заманауи тұжырымдамасы болып келеді,
оның негізінде келесі нәрселер жатыр:
Жоғарғы құдай Қиыр шығыс
туралы ілімге философиясын
негізделген ың
пантеистік космогониясы
онтология
Алтай шағын
халықтарының
фольклорының
мифологиясы
мен
демонологиясы
«Тәңір» ұғымы Шумер сына жазуларында, ғұндарда “зингир”
(қазақта «зеңгір» сөзі бар) түрінде кездеседі. Ұлы Тәңірді «Көк, Ұлы,
Нұр», т. Б. сипаттаудың бәрі аспанды білдіреді.
Ибн Фадлан (Аббас халифатының
елшісі) 10 ғасырдың басында оғыз
еліне жасаған саяхатында
«түріктердің қиын-қыстау кезеңде
«Бір Тәңірі» деп, басын көкке
қаратып мінәжат ететіндіктерін»
айтқан.
VII ғасырда ислам дінінің келуімен қазақтың
Тәңір туралы ұғым-нанымы түгел
мұсылмандық түсінікке алмасты.
Атап айтқанда, «Бір Тәңіршілдік» танымы
«Жалғыз Алла-Тағаланың» ұғымына дәлме-дәл
келді. Қазақтар әлі күнге дейін «Алла
жарылқасын» мен «Тәңір жарылқасын»
ұғымдарын қатар қолданады. Тәңір – ұлы
Алланы білдіретін ұғымға айналды.
Десек те оның элементтері мен танымдары
қазақтың бойына ислам құндылықтарымен
кірігіп, бүгінге дейін жетіп отыр. Ырым, тарихи
салт-дәстүрге айналып, ұрпақтан ұрпаққа
жалғасып келеді.
Түркі халқы өздерін "көк бөрі емген, көк Тәңіріне сенген
түркіміз" деп атайды. Көк Тәңірі – ол түркілердің ең жоғары
құдайы. Тәңірді аспандағы жалғыз жаратушы әрі басқарушы
Құдай деп білген, оған табынған. Ал көк бөрі – өте ақылды, әрі
айлалы жыртқыш аң.
«Қасқыр да қас қылмайды жолдасына»
«Иттің иесі, бөрінің Тәңірісі бар»
«Бөрінің өзі бар, ізі жоқ»
«Ит ала болса, бөрінің бағы» деген секілді түрлі мақал-
мәтелдер көп таралған.
Қыдыр ата – мифтік бейне. Түркі халықтары
мифологиясында Қыдыр бейнесінің астарынан ислам дініне
дейінгі және онан кейінгі кезеңде пайда болған екі діни-
фольклорлық дәстүр түсінігі қатар аңғарылады.
Қыдыр ата – қазақ түсінігіне қыдырып жүретін, кездескен
адамы ұнаса бата беретін ақсақал. Бата алған адам «Қыдыр
дарыған» аталып, сәттілік пен бақытқа кенеледі екен.
Ал Құранда Қызыр туралы ашық айтылмайды. Алайда
«Кәһф» сүресінің 60-82 аяттарындағы: «Өз тарапымыздан оған
рақым берген және ілім үйреткен құлдарымыздың бірі» (18/65)
деп тілге тиек етілетін кісінің Қызыр (а.с.) екені білінуде.
Өйткені тіке пайғамбарымыздан жеткен сахих хадистерде бұл
кісінің Қызыр екені анық айтылған.
Қаржаубай Сартқожа, түрколог, академик
« Шын мәнінде сахалар да және басқа түркі
халықтары да Тәңіршілдік туралы толық біле
бермейді. Сонау түркі империяларының
кезіндегі дүние танымның сарқыншақтары
ғана қалған. Кейбір Еуропа тарихшыларының
жазбасымен «Шаманизм» немесе
«Тәңіршілдік» аталып кетті. Діннің аты Бүгу
болатын. Тәңіршілдіктің ғибадатханасы
ретінде Тоныкөк, Күлтегін ескерткіштерін
атауға болады. Ол ғибадатханаларға адам
жерленбеген, тек түрлі жоралғылар өтіп
отырған.
Алғашқыда, табиғаттың құдіретті күштеріне
бір кезде бүкіл алдыңғы Азия халықтарының
ортақ діні болған, қазір де дараланған дін
саналатьн шамандықты ең алгаш жүйелі
түрде, жақсы зерттеген марқұм Банзаров еді.
Банзаровтың «Кесапат сенім немесе
монғолдардың шаман дініне сенуі» («Черная
вера или шаманство у монголов») атты
зерттеуі шамандық туралы ең құнды да, жеке-
дара, теңдесі жоқ еңбек болып саналады.
теңеу арқылы, сол құдіретті бейнелеу, әрине,
адам санасында тәңірі кейінірек дүниеге
келді, оның айғағы, тәңірі сөзінің өзі бағзы
замандарда — көк-аспан деген сөздің
баламасы екені белгілі. Банзаров тауып
айтқандай, шамандықта зороастризм дінінің
әсері бар.
С.Г. Кляшторный көне түркі мифологиясына байланысты
архаикалық Орталық Азия наным-сенім кейіпкерлері ретінде
жоғарыдағы наным-сенім иелерін көне түркі пантеонының
басты сипаты етіп көрсетеді.Тәңір қағандарға билік пен
даналықты сыйлаған болса, Жоғары әлемнің тағы бір құдайы
Ұмай ана адамзат баласына өмір сыйлаған. Өлім мәселесі
түркі мифологиясы бойынша Эрклигтің (Ерлік) қолында
болған.Кляшторный X ғасырдан қалған«Ырқ бітіг» деп
аталатын Дуньхуан үңгірінен табылған руникалық жазбадан
«Жол Тәңірі» деген атқа ие болған бірі ала, бірі қара аттағы
жолдың құдайын анықтайды.
Төбе өзенінің маңында табылған ескерткіштің соңғы екі
жолында: О, менің көк аспаным, бізге шатыр бола көр!
О, менің елім-Еділім, мәңгі жасай көр!-деп жазылуы
түркілердің әлем жайлы түсінігін танытады. Бұл жөнінде
Ышбара қағанның 585 жылы Суй императорына жазған мына
хат мәтіні үзіндісінен түркі әлемі модулын шарықтата
көрсетеді –«Аспан жауып тұрады, жер көтеріп жүреді, жеті
ғаламшар сәуле беріп тұрады» делінген. Айта кетерлік тағы бір
жайт дәл осындай үйлесімді қайталау 600 жылы Кимін
қағанның хатында да кездеседі.
Л.П. Потапов Тәңір, Ұмай, Жер-Су үш құдайына сену – көне түркі қоғамындағы барлық
топтарға тиесілі ұғым болды деген пікір білдірген. Осы негізде үш мифтік
шығармашылық цикліне арналған мифологиялық сюжет ғылыми айналымға енді.
Нақтыласақ:
Космология және Әлемнің пайда болуы,
космогония оның құрылымы туралы
және ғарыштық кеңістік
туралы мифтер
Пантеон және социум Құдайлар туралы, құдай
қалауындағы мемлекеттің
Этнология және және Тәңірі дүниеге алып
генеология келген қағандар туралы
мифтер;
Түркі тайпасының шығу
тегі туралы және түркі
халқының қаһармандары
туралы мифтер
Л.Н. Гумилев ежелгі қытайлықтарда
түрік ұғымындағымен бірдей көк тәңір
нанымы болғанын растайды. Көне Қытай,
Мысыр, Рим, Месопотамия елдерінде көк
тәңір туралы нанымдардың болғандығын,
аталмыш елдердің патшаларының атағы
көбіне «Көктің ұлы», «Күннің ұлы»,
«Аспанның перзенті» боп аталғандығын
«Древние тюрки» атты еңбегінде
дәлелдейді.
Белград университетінің докторы Эренжен Хара-Даванның 1929 жылы
басып шығарылған «Қолбасшы Шыңғыс хан және оның мұрасы. XII-XІV
ғасырлардағы Моңғол империясы туралы мәдени-тарихи очерк» атты
еңбегі арналған. Орысша басылымның алғы сөзін жоғарыда атап өтілген
Лев Гумилев жазған.
Классикалық ғылыми ортада (этнография, дінтану) «тәңіршілік» дін
мен наным-сенімнің жеке анықтамасы ретінде қолданылмайды. Мұның
себебі этногенездің пассионарлық теориясының ғылыми-теориялық
негізінің әлсіздігінде, сол теорияны әзірлеу аясында ежелгі түркілер мен
дала көшпелілерінің сенімдері туралы тезистер ұсынылған еді.
Сондай-ақ альтернативті тарихтың танымал авторы еуразияшыл
Мұрат Аджи «тәңіршілдік» бұл ежелгі түркілердің монотеизм
тұжырымдамасы бар діні деген гипотезаны ұсынған. «Түркілер және
әлем: сырлы тарих» атты кітабында М. Аджи «түркілер әлемге Көктегі
Құдайға деген сенімді әкелген» деп жазады, Құдай деп «Мәңгі Көк Аспан»
культін айтады.
Ағартушы-миссионер Николай
Ильминскийдің «Қазақтарға «сендер
мұсылман емессіңдер, сендердің діндерің
басқа, ата-бабаң тәңір дінін ұстаған» деп,
түсіндіру қажет, бұл ұғым толық орныққан
жағдайда оларды христиан дініне кіргізу оңай
болады» деген құпия ұстанымын 1860 жылы
патша үкіметіне жазған құпия хатында
жазылған дәлелді келтіріп, қазіргі таңда қазақ
зиялыларының көбі тәуелсіздіктен кейін
қоғамда пайда болған мұсылманшылықты
сіңіре алмауына себеп осы»,-дейді.
Л. Гумилевтің пікірі бойынша «тәңіршілдік» діни ілім ретінде
көшпенділердің «Мәңгі Көк Аспан» – Тәңір деген жоғарғы құдайға
табынуына негізделеді, бұл табынуда «ттүярнкьі тдаим»ысрөзыінбеанрш-мыықсқ. аБніз,дбіұңл
ойымызша, «тәңір» атауы қытайдың
«аспан иесі» деген мағынаны білдіреді, бұл шығу тегі қытай
болғанына сілтейді. Сонымен бірге түркі тілінде «аспан» «көк»
(ккөёшокп)енддепілаейрдтіыңлқаыдыта, й«төәрңкіерн»исеөтзіімнеіңн пайда болуы түркітілдес
тығыз байланыста болуымен
түсіндіріледі. Түркілер этнотілдік қауымдастық ретінде біздің
даләуғіаршімқіыздісңая1с-миыбіңржлыеслтдікытғеырін(дкаөшқаплеындпітлаесрқдаінңыпнрожтәонмеемоллаеркдетытңері) б.
з. VI ғасырында пайда болғанын ескерсек, онда бұған дейін
эққлааежлмыеетпнтттілатсіекқртаіменретінну)ықнаса-ннтаыағймапт-атслеанныідмқы,дрнемрегаміғзеаінмндлдеыектғоеытттетмікүдсқіікнұір(каытніли.ымсиызмның
• Тәңірберген
• Тәңірберді
• Тәңірбай
Қатардағы мәмлүк жауынгері болып, Египет сұлтаны
дәрежесіне қол жеткізген тегі түркі Бейбарыстың заманында
ғұмыр кешкен, тарихшылардың бірінің есімі Ибн Тәңірберді.
Ол туралы басқа тарихшылар «Түркі ахуалын жетік білетін
тарихшы» деп баға берді ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ
ғасырдың басында өмір сүрген белгілі ақын Әріп
Тәңірбергенұлы . Екінші дүниежүзілік соғыстың атақты
батыры Бауыржан Момышұлының әдебиет пәнінен сабақ
берген ұстазының есімі Тәңірберген Отарбаев
Бата
Тәңірім өзі оңдасын!
Әулиелер қолдасын,
Тәңір сені қолдасын
Ешбір қайғы болмасын !
Саябол өзің талыққан жанға
Бере гөр, Тәңір, тілеуді,
Тәңірім өзі жарылқап!
Талабыңды оңдасын !
Уа, отау иесі, Қолдасын Тәңір киесі
Тірлікте түзу жол тапсаң, тәңірім берер басқасын
Тәңірім, қабыл ет, жарылқаудың қамын ет ,
Я, Тәңірім, жарылқа, жарылқағанның ішінде ет
Бекерден бекер жатқаннан Тәңір безер [9.12 б.].
Күштіде Тәңір жоқ [9.12 б.].
Таңғы нәсіп Тәңірден [9.12 б.].
Иттің иесі болса, бөрінің Тәңірі бар [9.317 б.].
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлы 1895 жылы 27 жасында
Алматыда қайтыс болған ұлы Әбдірахманға арнап жазған
өлеңінде:
Тәуекел ғып білдірмей,
Күтіпсің Тәңірі жарлығын .
Жамиғат тоңбай, күн жылып,
Тәңірім рахым еткені-ай!
Жырау Үмбетей Тілеуұлының
(1706-1778) Бөгенбай батыр өлімін
Абылай ханға естіртуі өлеңінен:
Тәңірім берген сондай сый!
Ұмыттың ба соны, Абылай!
Мағжан Жұмабаев
Зор Тәңірі, күштісің сен, сенеміз біз, Кесір деп кек алатын өгей балаң
Әділ деп, әр ісіңе көнеміз біз. Біз бе едік? Көп төбетке жырым
Өз құлын өзі еңіретпес тура Ие деп, қылдың
Өзіңе ерік тізгінін береміз біз. Жібердің басқа жұртқа жолбасшылар,
Ауыздан Алла атыңды тастамаймыз, Әр жұрттың жолбасшымен көзі
Алласыз ешбір іске бастамаймыз. ашылар.
«Әділ хан, бұйрығыңа бойсұндық»- деп, He елші, не жол сілтер кітабың жоқ –
Бұйрықсыз бір адым да аттамаймыз. Алашқа әлде жазғаны бар да шығар?
Кеш, Тәңірім, болса сөзім пендешілік,
Мінекей, айқын зұлым, қайда әділдік? Бақытсыз қаңғып жүрген қазақ
сорлы,
Соншама кең рахметтен құр тастайтын,
Баласы алты Алаштың – біз не қылдық? Әркімге күні кетіп, мазақ сорды.
Бір елші жібермедің, санға алмадың
Басқаға орын бердің жақсы жайдан – Жалаңаш түйе баққан араб құрлы!
Зеңгір тау, түпсіз дария, терең сайдан. Кеш, Тәңірім, сорлы құлға қаһар етпе,
Рақым қыл, біз сорлыны шетке теппе.
Үмітсіз, тілегі жоқ, тұрағы жоқ,
Қуылған дәргаһыңнан біз бе шайтан? Сөз шықты жан ашумен, Әділ
Бізге отсыз шөл даланы орын қылдың, Тәңірім,
Бақ-дәулет, өнер-білім қырын қылдың.
Тиген соң ащы таяқ тұщы етке.
Айт – той, мейрам мағынасында.
Қорытынды :
Зерттеуші Бекен Қайратұлы:
«…отарлаушылар таңған тағы бір қисынсыз
ұстаным-Тәңір діні дейтінге келсек, бұл ары
кеткенде байырғы көшпенділерге тән
тұрмыстық салт ғана. Отарлаушылар әртүрлі
ғибадат жасап қиналмайтын, күнәлі істерден
адам баласын тыймайтын, оқып-жаттайтын
жалбырану сөздері жоқ, жеп-жеңіл жалған
дүниені дін деп тықпалаудағы мақсаты:
халықты тек исламнан тайдыру еді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
• Бес ғасыр жырлайды, 1т. — Алматы, «Жазушы», 1989, 36 б.
• Авеста в русских переводах. – Изд. 2-е, исправл. – СПб, 1998,
С. 467
• ӘУЕЗХАН ҚОДАР «ӘЛЕМДІК ДІНДЕР ЖҮЙЕСІНДЕГІ
ТӘҢІРШІЛДІК» ( мақала ) .
• Махмұд Қашқари « Диуани лұғат ат түрік» .