The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілін ойлау арқылы дамыту (1)

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Aigul Shongarova, 2023-06-09 06:48:06

Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілін ойлау арқылы дамыту (1)

Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілін ойлау арқылы дамыту (1)

ТІЛ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРҒА, ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШЕТІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІНІҢ ЖӘНЕ БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ ( балаларға араналған) Кіріспе Оқыту жүйесінде ойынды қолдану мәселесі көптеген философ, педагог, психологтардың еңбектерінде қамтылып көрсетілген. И. Т. Пестолоций, Ф Фребель, Я. А. Коменский, К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко және басқа да педагогтар оқыту барысында ойынның педагогикалық потенциалын және дамытушылық мүмкіндіктерін жоғары бағалаған. Ойынның теориясы мен практикасының өңделуі көптеген белгілі психологтардың есімімен байланысты. Олар А.Н. Леонтев, Л.С.Выготский, Д.Б. Эльконин т.б. ойынның теориясы Ф.Шиллер, В.Штерн, Г.Спенсер, Вудтың еңбектерінде қарастырылған. Ғалымдар баланың дамуында және қалыптасуында ойынның рөлі мен маңыздылығы өте зор дейді. Сондай-ақ ойынның түзету жұмыстарында да маңызы зор. Р.М. Боскис, Л.М. Плаксина, Е.А. Стреблеваның зерттеу жұмыстарында қалыпты сөйлеу тілі, ақыл-ойы, есту және көру қабілеті бұзылған балалардың ойын әрекеттерінің ерекшелігі көрсетілген. Сонымен қатар психофзикалық бұзылыстарды түзету барысында ойынды қолданудың ғылыми әдістемелік аспектілерін өңдеуін қарастыруға тырысты. Педагогика және психология әдебиеттерінде ойын туралы маңызды мағлұматтар жинақталған. Ойын мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы баланың негізгі ісәрекеті, бала дамуының заңдылықтарының бірі деп көрсетілген. Ойын баланың іс-әрекет формасы ретінде оның психикалық процестерінің және тұлғалық белгілерінің сәйкестілік дамуына мүмкіндік тудырады. Ойын баланың ынталығын, көпшілдігін, басқа балалармен қатынаста болуын талап етеді. Сондықтан әр түрлі ауытқуы бар балалармен түзету жұмысын ұйымдасатыруда ойын әрекетінің маңызы зор. Бұзылған және сақтаулы анализаторлардың жаттығуына ойын әрекеті керемет құрал болып табылады. Бала ойын барысында еш қиындықсыз жаңа білім дағдыларды игереді. Бұл ойынның даму және түзету құрал ретіндегі құндылығы және спецификасы деп саналады. Баланың ойын арқылы дамуы ойын әрекетіне деген қызығушылығы біртіндеп ойлау операцияларына ауысуымен көрінеді. Түзетушілік жұмыс барысында қолданылатын ойындарының бай қоры жинастырылған. Түзете-дамытушылық ойындар баланы оқытуына және дамытуына керекті бұзылған функцияларының орнын басу, жаңа функционалды жүйелерді қалыптастыруға бағытталған. Ойын сөйлеу тілі дамуы мен сөздік қатынастың құралы және белсендірудің қайнар көзі деп айтуға болады. Ойынның өзі ойыншыққа заттың нақты көрсетуі ретінде көңіл бөлу, психологтардың көз қарасы бойынша сөзді ойын іс-әрекетіне қосуда байқалады. Бірақ ол біртіндеп іске асады. Адамның интеллектуалды және эмоционалды дамуы сөйлеу тілін қамтумен тығыз байланысты. Сондықтан баланың ерте жасында сөйлеу тілінің дамуы ерекше орын алады. Баланың әрбір іс-әрекеті қоғамдық ортада жүреді және қоршаған ортамен қарым-қатынастан тұрады. Бала ойнай ма еңбек ете ме осының барлығы қоршаған ортамен қарым-қатынас болып санала отырып, сонымен қатар сөйлеу тілінің дамуы бір негізі ретінде көрінеді. Ойын барысында бала сабаққа қарағанда күрделі мәселелерді шешуге ынталанады. Ойын баланың ойлау белсенділігін арттыра түседі. Ойын баланың ойлау белсенділігін арттырады. Бала ойын барысында өз еркімен ойын міндеттерін шешіп және оларды өз сөзімен айта білуге үйренеді. Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілі дамымауы бар ересек балалардың еңбекке тәрбиелеу барысында сөйлеу тілін дамуын зерттеуге арналған И.Г. Веретенникованың еңбектерінде баланың сөйлеу тілін тиімді дамытуының формасы тематикалық экскурсиялармен қатар сюжетті –рөлдік ойындар болып табылады деп көрсетілген. Ойын кезінде балалар тақырыпқа байланысты құрал-жабдықтардың атауын және алған білімдерін бекітеді. Ойын балаға психологиялық жүйе арқылы жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік


береді. Баланың бір затқа назар аударуы, бақылаушылық, елестету, сөйлеу тілінің белсенділігі және таным процестерінің дамуына ықпал етеді. Сонымен әр түрлі заманның ғалымдарының ойынға деген көз қарасын алдау барысында төмендегідей қорытынды жасауға болады. Ойын баланың ерте жастан тәрбелеу және дамытуының күшті стимулы және тәсілі деп саналады. Ойын әрекеті баланың жан-жақты дамуына бағытталған және мектеп жасына дейінгі тәрбиелеудің негізгі тарапының бірі болып есептеледі. Ойын барысында оқу,тәрбие, түзету және дамыту міндеттері тиімді шешіледі. Ойынның ерекше құндылығы баланың сөйлеу тілін ерте жастан дамуына негізгі ең тиімді тәсіл ретінде негізделеді. Қазіргі таңда қоғамда шырмауықтай көбейіп жатқан жалпы сөйлеу тілі дамымаған деген балаларға қойылып жатқан диагноздың алдын алуға ықпал етудің тиімді бірденбір жолы болып табылады.


ОҚЫТУДЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ ЖАСЫ: 1 жас 3 ай — 2 жас. БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар ерте жастағы балалардың көпшілігінде қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмен, жаңалыққа реакциясы жоқтың қасы. Сенсорлық қабылдауы өте төмен. Ересектермен және өз қатарластарымен қарым-қатынасқа түсуінде қиындықтар туындайды, назары тұрақсыз, ортаға бейімделуі балада эмоционалдық қиындықтар тудырады.. Ұйымдасқан қызметте де назарын шоғырландыру ұзақтығы 1,5-2 минуттан аспайды. Бұл дегеніміз баланың өзінен басқа өзге адамның үнемі сырттан бағыттап отыруын қажет етеді деген тұжырым. Бала өз еркімен іс-қимылдар жасауға талпынысы азаяды, сенсомоторлық жағдайының бұзылуына әкеп соғады. Бір кемшілік екінші кемшілікке себеп болады демекші баланың ұсақ қол моторикасының әлсіздігі немесе жеткіліксіздігі байқалады. Затты саусақтарымен емес, бүкіл алақанымен алуы. Ойын іс-әрекет қызметі дамымаған. Сабақ нәтижесінде оқытудың бірінші кезеңінің соңына қарай баланың сөзі дыбысты қайталауы, былдырлаған және мә, бер, бөпе және т.б. сияқты жиі қолданылатын алғашқы сөздер деңгейіне дейін көтеріледі. Енжар сөздік қоры анағұрлым ұлғайып, бала белгілі бір жағдайда ісқимылымен және онсыз қарапайым нұсқауларды орындай алатын болады. Ойын барысында балалар нұсқау бойынша мақсатты іс-қимылдар жасауды меңгереді: ашжап, ки-шеш, ал-қой және т.б. Олардың назар салып қарау және тыңдау қабілеті біршама жақсарады. Қолдың ұсақ моторикасы дамып, қимылдарының үйлесімділігі жетіледі. Үлкен саусақты басқасына қарсы қою функциясы қалыптасады. Манипулятивті ойын жүйелі ойынға ауысады.


Ерте жастағы баланың сөйлеу тілін дамытуда әр түрлі ойындарды қолданудың әдістемелік нұсқалары 1. «Ойыншықтың дыбысы қайдан шығады?» М а қ с а т ы. Ойын барысында балалардың есту-көру қабілетін қалыптастыру. Жағдайға байланысты қарапайым нұсқауларды түсінуді дамыту, оларды қайталау арқылы үйрету. О қ у қ ұ р а л ы. Сылдырмақ. С а б а қ б а р ы с ы. Манежде 2-3 бала отырады. Логопед оларға сылдырмақты көрсетіп, оны қолымен ұрып: ля-ля-ля деп әндетеді. Баланы қолынан алып, ля-ля-ля деп әндетуін тоқтатпай, оны сылдырмақты ұруға шақырады, яғни ересек адам балалардың назарын дыбысты тыңдауға тартады. Ойын әр баламен 3-4 рет қайталанады. Логопед сылдырмақта ойнауын тоқтатпай манеж айналасында қозғалып, балалардың дыбыс артынан еруін қадағалайды. Ойын сылдырмақ (тоқ-тоқ-тоқ), қоңырау (сыңғыр-сыңғыр), дабыл (таңқтаңқ-таңқ) сияқты дыбыс шығаратын басқа да ойыншықтармен дәл осылай ойнатылады. «Қуыршақ қайда?» М а қ с а т ы.Дәл сондай. О қ у қ ұ р а л ы. Қуыршақ. С а б а қ б а р ы с ы. Манежде 2-3 бала отырады. Логопед балаларға қуыршақты көрсетіп, оны бөпе деп атайды. Баланың қолын алып, қуыршақтың басынан сипайды да бөпе, бөпе деп айтады. Қуыршақты қызықтырып көрсетіп, жан-жақты қарауға мүмкіндік береді. Содан кейін қуыршақты манеж жиегімен жүргізіп, «Бөпе тәй-тәй» деп түсіндіреді. Балалар оның қозғалысын қадағалауы керек. Логопед қуыршақты кенеттен манеждің сыртқы қабырғасына балаларға көрінетіндей жерге жасыр ады да «Бөпе қайда?» деп сұрайды. Балалар қуыршақты көзімен іздеуі керек. Ересек адам қуыршақты манеждің жақтауына отырғызып, «Міне бөпе!» деп айқайлайды.


Ойын 2-3 рет қайталанады. Барлық ойында қуыршақ белгілі бір жерде жасырылып, пайда болады. Ойын мысық, ит, аю сияқты басқа да ойыншықтармен дәл осылай ойнатылады. Тығылыспақ М а қ с а т ы.Дәл сондай. О қ у қ ұ р а л ы . Түрлі-түсті орамал. С а б а қ б а р ы с ы. Балалар (2—3) манежде отырады. Логопед балалардың бірінің басын бетімен бірге орамалмен жабады. Балаларға қарап, «Сұлтан қайда?» — «Сұлтан жоқ» дейді. Орамалды алып, «Міне Сұлтан!» деп айқайлайды.Ойын әр баламен 2-3 рет ойнатылып, қайталаған сайын ересек адам баладан басындағы орамалды өзі алуын талап етеді. Мен сияқты жаса М а қ с а т ы.Балаларды белгілі бір жағдайда көрсету қимылымен сүйемелденетін қарапайым нұсқауларды (мә, бер, ал) түсінуге және орындауға үйрету. Ойыншықтармен қайталау, сөйлеу нұсқаулары бойынша іс-қимылдарды қалыптастыру. Балаларды дыбыстарды қайталауға ынталандыру: тоқ-тоқ, шиқшиқ, сыңғыр-сыңғыр. Ойыншықтарды сәйкестендіруге үйрету. О қ у қ ұ р а л ы . Дыбыс шығаратын ойыншықтар: сылдырмақ, қоңырау, резеңкеден жасалған құстар. С а б а қ б а р ы с ы. Логопед қолындағы сылдырмақты балаға көрсетіп, «Міне қандай әдемі сылдырмақ. Сылдырмақ: тоқ-тоқ-тоқдеген дыбыс шығарады» дейді.Сылдырмақты балаға қарай созып, «Мә, сылдырмақты ал» деп сылдырмақты көрсетеді. Егер бала ойыншыққа қолын созбаса, оның қолын ойыншыққа қарай бағыттайды да «Мә, сылдырмақты ал» деп қайталайды. Егер бала ойыншықты


алса, логопед өзіне соған ұқсас сылдырмақты алып, оны сілкілеп, қимылы мен дыбысын қайталайтындай тоқ-тоқ-тоқ дейді. Сабақтың соңында логопед өзінің ойыншығын шетке алып қойып, баланың ойыншығын сұрап, «Сылдырмақты бер» дейді. Егер бала оны өзі бермесе, логопед «Сылдырмақты бер» деген өтінішін қайталап, ойыншықты жайлап өзі алады. Осы сияқты сабақтар қоңырау байланған резеңке құспен өткізіледі I нұсқа. Логопед сылдырмақты көрсетіп, оның толық атауын айтып, сілкілейді де бала соңынан қайталайтындай тоқ-тоқ-тоқ деп дыбыстайды. Содан кейін сылдырмақты баланың алдына үстел үстіне қояды. Осы жаттығуды құспен орындап, баланышиқ-шиқ дыбысын қайталауға тартады. Құс үстел үстінде қалады. Логопед қолына басқа құсты алып, оны көрсетеді де: «Қараша қолымдағы құс қандай керемет. Ол: шиқ-шиқ-шиқ- деп ән шырқайды» дейді. Өзінің қолындағы құсты үстел үстіндегі құсқа жақын апарып: «Құсты қолыңа ал», — дейді де, баланы үстел үстіндегі ойыншықты алуға тартады. Содан кейін «Құстың қалай ән салатынын тыңдап көрейік» деп ұсыныс жасайды. Қолындағы құсты қысып,шиқшиқ-шиқ деп дыбыстайды, яғни баланың қимыл мен дыбысты өзімен бірге қайталағанын талап етеді. Содан кейін өзінің ойыншығын шетке алып қойып, қолын баланың ойыншығына созып «Құсыңды маған берші» деп сұрайды. Бала өзінің ойыншығын оған береді. Логопед құсты үстел үстіндегі сылдырмақтың қасына қояды. Өзінің сылдырмағын бала алдында жатқан ойыншыққа жақын апарып, оның сылдырмақты қолына алып, ойнағанын және тоқ-тоқ-тоқ дыбысын қайталағанын қалайды. II нұсқа. Логопед қоңырауды қолына алып, баланың сыңғыр-сыңғыр дыбысын қайталағанын қалап, онымен қызықтыра ойнайды. Содан кейін қоңырауды үстел үстіне қояды. Баланың қолына құсты беріп, онымен І және ІІ сабақтардағыдай ойнатып, үстелге қояды. Логопед балаға соған ұқсас құсты көрсетіп: «Осындай құс қайда? Осындай құсты көрсетші», — дейді үстел үстіндегі ойыншықтарға меңзеп. Бала ересек адамның көмегімен немесе өзі құсты көрсетсе, логопед: «Мінекей құс, шиқ-шиқ» деп айқайлайды. Содан соң логопед қоңырауды көрсетеді. «Қоңырау қайда сыңғыр-сыңғыр?» — деп сұрайды үстел үстінде жатқан ойыншықтарға көрсетіп. Бала логопедтің көмегімен, содан соң өзі қоңырауды көрсетеді. Логопед: «Мінекей қоңырау сыңғыр-сыңғыр» деп айқайлайды.Осылайша бала қолындағы ойыншық пен соған ұқсас ойыншықты салыстыруды үйренеді. Әрбір сабақта логопед 3 түрлі үйлесімдегі 2 ойыншықты ғана қолданады. Алақай ойыны М а қ с а т ы.Ойын қимылдарын орындау барысында пассивті сөздік қорын кеңейту. С а б а қ б а р ы с ы. Манежде немесе үстел басында 2-3 бала отырады. Логопед алақанын соғып: «Алақай, Алақай» деп әндетіп, балалардың назарын қолының қимылына тартуға тырысады. Балалардың біріне қарап, логопед: «Ермахан, алақаныңды соқшы» дейді. Балалардың қолынан алып, алақандарын соғып: «Алақай, алақай»деп әнін жалғастырады. Осы ойынды әр баламен 2-3 рет


қайталайды. Содан кейін логопед алақан соғуды өзінің соңынан қайталау арқылы үйретеді. Үлкен — кішкентай М а қ с а т ы: Дәл сондай. С а б а қ б а р ы с ы. Сабақ манежде немесе жерде өткізіледі. Бала тұрып тұрады. Логопед оның қолын жоғары көтеріп: «Міне Арман қандай үлкен!» дейді. Осыны айтып, қимылды бірнеше рет қайталайды. Содан кейін өзі сәл отырып, балаға да отыруға көмектеседі де былай дейді: «Ал енді Арман кішкентай». Бұл қимыл да сөзбен бірнеше рет қайталанады. Бала тұрып тұрғандағы нұсқа. Логопед оның қолын жоғары көтеріп: «Міне біз қандай үлкенбіз», — дейді баланың қимылды өзі қайталағанын қалап. Содан соң логопед сәл отырып: «Ал енді біз кішкентаймыз» дейді. Бала қимылды біреуге қарап немесе логопедтің көмегімен қайталауы тиіс. М а қ с а т ы.Дәл сондай. С а б а қ б а р ы с ы. Балалар (2—3) манежде немесе үстел басында отырады. Логопед балалардың біріне қарай қолын созып: «Арман, қолыңды берші» дейді. Егер бала ишараға жауап бермесе, логопед оның қолын алып, өзіне қарай созып, оның қолымен өзінің алақанын соғып, баланың қолын жайлап сілкілеп: «Сәлем, сәлем, Арман!» дейді. Ойын әр баламен 2 - 3 рет қайталанады. Қуыршақпен амандас М а қ с а т ы.Дәл сондай. О қ у қ ұ р а л ы . Кішігірім ойыншықтар: қуыршақ, қонжық. С а б а қ б а р ы с ы. Алдыңғы сабақтардағыдай балалар манежде немесе үстел басында отырады. Логопед оларға қуыршақты көрсетіп, оны: бөпе деп атайды. Қуыршақтың оң қолына алдыға созылған, ал сол қолы төмен түскен. Ол қуыршақты әр балаға жақын апарып, жақсылап көрсетіп: «бұл бөпе, бөпемен амандас, бөпеге қолыңды бер» дейді. Балаға әрекет жасауға көмектесіп, нұсқауды бірнеше рет қайталайды. Ойын дәл осылай қонжықпен ойнатылады.


ОЙЫНШЫҚТАРМЕН ОЙНАТУ КЕЗІНДЕ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ Дабылмен ойнайық М а қ с а т ы. Балаларды ойыншықтармен ойнау және ересектермен қарымқатынас жасау кезінде қарапайым нұсқауларды түсініп, орындауға үйрету (пассивті сөздікті кеңейту, нақтылау). Таныс ойыншықтарды, әрекеттерді білдіретін дыбысты, былдыр сөздерді айтуға ынталандыру. Балалардың белсенді сөйлеу тіліне жеке, жиі қолданылатын сөздерді, сондай-ақ жақын адамдар мен қызмет көрсетуші қызметкерлердің аттарын енгізу. Көзбен бақылау кезінде қол қимылдарын үйлестіруді жетілдіру. О қ у қ ұ р а л ы. Дабыл және таяқшалар. С а б а қ б а р ы с ы. Сабақтар үстел басында өткізіледі. Логопед баланың алдына дабыл қойып, «Бұл дабыл таңқ-таңқ-таңқ» деп атайды. Балаға дабылды жан-жақты қарауға мүмкіндік береді. Таяқшаны алып, «Мынау таяқша. Мен дабылды таяқшамен ұрамын» дейді. Дабылды бірнеше рет таяқшамен ұрып, анық, аздап әндетіп дыбыстап, баланы дыбысты қайталауға шақырады. Содан кейін «Арман, менен таяқшаны сұра да, бер, бер» деп айт дейді. Дыбысты қимылмен бірге орындап, баланы қайталауға шақырады. Ересек адам дабылды таяқшамен ұрып, таяқшаны балаға береді де «Таяқшаны ұста. Міне, дабыл, ұр» дейді. Егер бала нұсқауды орындауға қиналса, логопед оның таяқшаны ұстап тұрған қолынан алып, дабылды қалай ұру керектігін өзі көрсетеді.Бала қимылды орындағаннан кейін, логопед одан: «Таяқты маған берші»,— деп тиісті ыммен өтініш білдіреді және ишарасын қайталауын талап етеді. Содан соң баладан: «Дабыл қайда таңқтаңқ - таңқ?» деп сұрайды. Баланың қолымен ойыншықты көрсетіп: «Міне дабыл таңқ-таңқ-таңқ! Дабылды бер» деп сұрайды. Сөздерін ыммен айтады. Бала дабылды береді, логопед оны алып қояды. Бекіту үшін сөйлеу нұсқаулары 2-3 рет қайталанады. Бұл баланың оларды орындауын жеңілдетеді. Сылдырмақ М а қ с а т ы.Дәл сондай. О қ у қ ұ р а л ы. Сылдырмақ.


С а б а қ б а р ы с ы. Алдыңғы сабаққа ұқсас. Алайда бұл жерде бала сылдырмақты таяқпен емес, қолымен ұрады; логопед қаңқ-қаңқ-қаңқ сөзінің орнына әндете отырып, анық ля-ля-ля дейді. Допты домалат М а қ с а т ы. Дәл сондай. О қ у қ ұ р а л ы. Кішігірім доптар. С а б а қ б а р ы с ы. Логопед пен бала үстел басында бір-біріне қарама-қарсы отырады. Ересек адам балаға допты көрсетіп, оны толық атауымен атап: «Доп— оп-па» деп дыбыстайды. Допты бірнеше рет үстелге лақтырып, өзі тосып, баланың назарын допқа, ойынға және дыбысқа аудара отырып, оп-па дыбысын қайталайды. Допты балаға қарай домалатып: «Допты тос — оп-па!» деп, балаға допты тосып алуға көмектеседі. Балаға дыбысты қайталатып, допты үстел үстімен домалатуды үйретеді. Ойын 3—4 рет қайталанады. Содан кейін логопед допты үстелге қойып, баладан: «Данияр, доп оп-па қайда?» деп сұрайды. Бала өзі немесе ересек адамның көмегімен допты көрсетеді. Логопед: «Данияр, допты маған берші оп-па», — дейді, өтінішін ыммен айтып, қимылын қайталауды талап етеді. Допты себетке лақтыр М а қ с а т ы.Дәл сондай. О қ у қ ұ р а л ы. Орташа көлемді доп, кішігірім себет.


С а б а қ б а р ы сы. Логопед еденге себетті қойып, допты қолына алып, баламен оған жақын келіп: «Міне себет» дейді. Логопед допты себетке лақтырып, «Доп түсті, оп-па» дейді. Балаға басқа доп беріп, «Мә, Данияр оп-па, допты себетке лақтыр!» дейді. Бала өзі немесе ересек адамның көмегімен допты себетке лақтырады. Әрекет оп-па, оп-па деген дыбыстармен жасалады. Машина кетті М а қ с а т ы.Дәл сондай. О қ у қ ұ р а л ы. Кішігірім машина. С а б а қ б а р ы с ы. Сабақ үстел басында өткізіледі. Логопед балаға машинаны көрсетіп, «Машина би-би-би» деп атайды. Балаға машинаны сұраса ғана береді. Логопед баланы «Машина кетті, би-би-би» деген сөзбен машинаны үстел үстімен жүргізуге үйретеді. Баланы дыбысты қайталауға шақырады. Содан кейін ересек адам машинаны баланың жанына тоқтатып, «Машина келді. Сұлтан, машина би-би-би қайда?» дейді, бала ойыншықты көрсетеді, ал логопед: «Міне машина би-би-би. Машинаны маған бер» дейді. Бала машинаны береді, ересек адам оны алып қойып, «Машина кетті, би-би-би, машина жоқ» дейді. Қуыршақ қонақта М а қ с а т ы.Дәл сондай. О қ у қ ұ р а л ы. Сәнді көйлектегі кішігірім қуыршақ. С а б а қ б а р ы с ы. Сабақ 2-3 баламен үстел басында өткізіледі. Логопед қуыршақты көрсетіп, «Бұл бөпе» дейді. Балаларға қуыршақты жанжақты қарауға мүмкіндік береді. Қуыршақты үстел үстімен жүргізіп, «Бөпе балаларға келе жатыр, тәй-тәй-тәй» дейді. Қуыршақты тоқтатып, «Міне, балаларға қандай жақсы бөпе келді» дейді. Қуыршақты әр балаға жақын апарып,


қуыршақтың басынан сипап «Жақсы бөпе» дейді. Балаларды бөпе сөзін қайталауға үйретеді. Қуыршақты баланың қасына отырғызып, «Аяулым, бөпе қайда?» деп сұрайды. Бала қуыршақты меңзейді ал логопед: «Міне бөпе!» деп айқайлайды. Ыммен: «Бөпені маған берші!» деп сұрайды. Бала қуыршақты логопедке береді; ол қуыршақты басқа баланың алдына қойып, ойынды қайталайды. Соңғы бала қуыршақты берген кезде логопед оны тәй-тәй-тәй деп айта отырып, жетелеп, алып кетедіде: «Бөпе жоқ. Бөпе кетіп қалды» дейді. Балалар шаршамаған болса, тәй-тәй-тәй дыбысын қайталап, оларға қуыршақты үстел үстімен жүргізуді үйретуге болады. Бөпені тербет М а қ с а т ы.Дәл сондай. О қ у қ ұ р а л ы . Кішігірім қуыршақ, төсек. С а б а қ б а р ы с ы. Логопед балаға қуыршақты көрсетіп, оны: «Бұл бөпе» деп атайды. Бөпе сөзін бала қайталайтындай бірнеше рет айтады. Ересек адам: «Бөпенің ұйқысы келді. Бөпені тербетейік» дейді.Қуыршақты баланың қолына беріп, әлди-әлди-әлди-әлди... деп әндетіп, оған қуыршақты тербетуді үйретеді. Баланың дыбысты қайталауын талап етеді.Содан кейін логопед: «Бөпе ұйықтап қалды, оны төсекке жатқызайық» деп, бөпені төсекке жатқызады. Итке тамақ бер М а қ с а т ы.Дәл сондай. О қ у қ ұ р а л ы . Ойыншық ит, қуыршақтың ыдыс-аяғынан алынған тәрелке. С а б а қ б а р ы с ы. Сабақ 2— 3 балмен үстел басында өткізіледі. Логопед итті көрсетіп: «Бұл ит, міне қандай сүйкімді ит келді балаларға. Ит: арс-арс» деп үреді дейді. Балалардан: «Ит қалай үреді?» деп сұрайды. Балалар: «арс-арс» деп қайталайды. Содан кейін ересек адам: «Иттің қарны ашты, бәлкім итке тамақ


берерміз. Міне тәрелке, онда ботқа бар» дейді. Логопед «ботқасы» бар тәрелкені иттің аузына апарып: «Міне ботқа, ит ботқа же» дейді. Логопед әр баланың қолына тәрелке беріп: «Итке тамақ бер» деп сұрайды. Бала өзі немесе ересек адамның көмегімен қимылды орындайды. Бала итке тамақ беріп болғаннан кейін, логопед: «Итке бер. Мә» деп айт дейді. Баланың қимылды сөзбен орындағанын қалайды. Сабақтың соңында логопед әр баладан иттің қалай үретінін сұрайды. Ит «қашып барады». Ит қашып кетті, ит жоқ» дейді. Ойыншық мысықпен де ойын осылайша ойнатылып, мяу дыбысы пысықталады. Ат шауып барады М а қ с а т ы.Дәл сондай. О қ у қ ұ р а л ы. Баланың ұстағанына ыңғайлы кішігірім ат. С а б а қ б а р ы с ы. Сабақ үстел басында өткізіледі. Логопед атты көрсетіп, оны: «Ат, мох-мох» деп атайды. Бала ойыншықты жақсылап қарап алады. «Аттың қалай шабатынын қарашы», — деп ересек адам атты сәл секіртіп, үстел үстімен жүргізеді де таңдайын тақылдатып, былай дейді: «Ат шауып келе жатыр, мох-мох». Балаға қарап: «Рамазан, атты сұрашы мох-мох, бер» деп айтшы дейді. Егер бала бер десе, атты қолына ұстатып: «Мә, атты ал» дейді. Бала ересек адамның көмегімен дыбыстай отырып, атпен ойын қимылдарын орындайды. Содан кейін логопед атты тоқтатып: «Дррр, ат шауып келді» дейді. Өзінің қимылын «мә» дыбысымен (өзі немесе қайталап) айтып, ойыншықты беруін сұрайды. Ат «қашып барады». Ойыншықты алып қойып, логопед: «Ат қашып кетті, ат жоқ» дейді. Ойын 2—3 рет қайталанады. Дән шоқыған тауық М а қ с а т ы.Дәл сондай. О қ у қ ұ р а л ы. Жүретін тауық.


С а б а қ б а р ы с ы. Сабақ үстел басында өтеді. Логопед балаларға тауықты көрсетіп, оны: «Тауық қыт-қыт-қыт деп атайды да, тауықтың қалай дән шоқитынын қараңдар» дейді. Тауықты үстелге қойып жүргізеді де: «Мен тауыққа дән шашамын» дейді. Дәнді қолымен шашып: «Мә, тауық, дән же» дейді. Балаларға тауыққа дән шашуды үйретеді. Содан кейін оның дәнді қалай шоқып жатқанын көрсетіп: «Міне тауық дәнді қалай шоқиды қыт-қыт-қыт» дейді. Балаларға қимылы мен сөзін қайталауды үйретеді. Содан кейін әр бала тауықты көрсететіндей: «Тауық қайда қыт-қыт?» — деп сұрайды. Сабақтың соңында логопед ойыншықты алып қойып: «Тауық қашып кетті қыт-қыт, тауық жоқ» - дейді. Әтешпен де осындай ойын, ку-ка-ре-ку дыбысы қайталанады. Құс ұшып жүр М а қ с а т ы.Дәл сондай. О қ у қ ұ р а л ы. Жұқа резеңкеге ілінген ашық түсті құс. С а б а қ б а р ы с ы. Балалар үстел басында отырады. Логопед оларға құсты көрсетіп: «Бұл құс шиқ-шиқ» дейді. Олардың ойыншықты жақсылап қарап алуына мүмкіндік береді. Сосын оны жайлап резеңкесінен тартып: «Оның қалай ұшатынын қараңдар» дейді. Балалар «ұшып жүрген» құсқа қарап, логопедтің шиқ-шиқ сөзін қайталайды. Ойын барысында логопед балаларға бердеген сөзді айта отырып, ойыншықты сұрап, оны логопедке берген кезде мә деген сөзді үйретеді. Ересек адам құс «ұшып барады» деп: «Құс ұшып кетті. Құс жоқ» дейді.


БҰЙЫРУ НҰСҚАУЛАРЫН ТҮСІНУДІ ҮЙРЕТУ ЗАТТАРМЕН ІС-ҚИМЫЛ БАРЫСЫНДА ҚОЛДЫҢ ҰСАҚ МОТОРИКАСЫН ДАМЫТУ Ал — қой М а қ с а т ы. Балаларға қарапайым нұсқауларды (ал, қой) түсінуді және орындауды үйрету. Құлап кетті, мә сөздерін айтуға тарту. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту. О қ у қ ұ р а л ы. үш түсті текшелермен кішігірім қорап. С а б а қ б а р ы с ы. Балалар үстел басында отырады. Логопед баланың алдына текшелері бар жабық қорапты қойып: «Неткен әдемі қорап! Оның ішінде не жатқанын көрейік». Қорапты ашып: «Қандай әдемі текшелер! Мен текшені аламын» дейді. Логопед текшені саусақтарымен алып, балаға қарап: «Кәусар, текшені ал» дейді. Балаға текшені алақанымен емес, саусақтарымен алуға көмектеседі. Бала ойыншықты алған кезде логопед баланың оң қолына жақын тұрған қораптың қақпағына өз кубигін лақтырып: «Текше құлап кетті», — деп баланы қимыл мен құлап кетті сөзін қайталауға тартады. Ойынды жалғастыра отырып, логопед тағы бір текшені алып лақтырады. Бала соны қайталайды. Содан кейін қақпақтағы текшелер қайтадан қорапқа салынады. Логопед қорапты қақпақпен жауып, баладан: «Маған қорапты берші, ал деп айтшы» деп сұрайды. Бала қорапты қайтарып жауап береді, логопед оны алып қояды. Мұндай ойынды кішкентай матрешкалармен, саңырауқұлақтармен, шариктермен және басқа да ойыншықтармен (әр сабаққа бір түрден 5-6 дана) өткізуге болады. Текшені текшеге салу М а қ с а т ы. Балаларға үлкенінен кішкентайын (текшені) алуды және оны нұсқау бойынша (ал — сал) көрсету ишаратымен қайта салуды үйрету. Балаларға құлап кетті деген сөзді қолдануды үйрету. Қолдың ұсақ моторикасын жетілдіру. О қ у қ ұ р а л ы.Көлемі айтарлықтай өзгеше 2 текше.


С а б а қ б а р ы с ы. Логопед балаға үлкен қызыл текшені көрсетіп: «Қарашы, қандай әдемі текше. Міне тағы бір текше». Кішкентай текшені көрсетіп: «Мен текшені осы жерге қоямын». Үлкен текшені көрсетіп, кішкентай текшені үлкен текшенің ішіне салады, содан кейін балаға қарап: «Текшені ішінен ал» - дейді. Оған текшені алуға көмектеседі. Содан кейін: «Осы текшені мына текшенің ішіне сал» деген басқа нұсқау береді. Алдымен кішкентай, содан кейін үлкен текшені көрсетеді. Балаға қимылды орындауға көмектеседі. Осыдан кейін логопед кішкентай текшені үлкеніне жылдам салып: «Текше құлап кетті»—деп, баладан құлап кетті сөзін қайталауын сұрайды. Ойын әр баламен 2-3 рет қайталанады. Аш — жап М а қ с а т ы. Балаларға қарапайым нұсқауларды (жап, аш) түсінуді үйрету. Қимылды орындау барысында (мә, бер, солай) сөздерін қайталап немесе өз бетінше айтуға тарту. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту. О қ у қ ұ р а л ы. Шағын бір құрамды матрешка немесе оңай жабылатын қақпағы бар қорап. С а б а қ б а р ы с ы. Сабақ үстел басында өткізіледі. Логопед балаға матрешканы көрсетіп, оны: «Матрешка. Қарашы, қандай әдемі матрешка» дейді. Бала оны жақсылап қарайды. «Аружан, матрешканы сұра, бер» деп айт дейді. Бала сөзді айтады, логопед мә деп ойыншықты береді. Содан кейін: «Аружан, маған матрешканы бер. Мә» деп айт дейді. Логопедке ойыншықты қайтара отырып, бала қимылын сөзбен орындайды. Логопед матрешканы үстелге қойып: «Матрешканы ашайық» деген ұсыныс жасайды. Балаға ойыншық ашуды үйретеді: «Матрешканы ашайық. Солай». Қимыл аяқталғаннан кейін баладан солай сөзін айтуды талап етеді.


Содан кейін балаға матрешканы қалай жабу керектігін көрсетеді. Бала қимылды: «Матрешканы жап. Солай» нұсқауы бойынша орындайды. Ол матрешканы өз бетінше немесе ересек адамның көмегімен бірнеше рет ашып, жабады. Әр жолы логопед баладан қимылды аяқтағаннан кейін солай сөзін айтуды талап етеді. Ойын соңында бала логопедтің өтініші бойынша өз қимылын мә сөзін айту арқылы орындай отырып, матрешканы қайтарып береді. Ол матрешканы алып қояды да:«Матрешка тәй-тәй, матрешка кетті, матрешка жоқ» деп айтады. Ойын әр баламен 3-4 рет өткізіледі. Ойын осылайша қораппен өткізіледі. БАЛАЛАРҒА ҚАРАПАЙЫМ ҚҰРАСТЫРУДЫ ҮЙРЕТУ, СӨЙЛЕУ ТІЛІН, ҚОЛДЫҢ ҰСАҚ МОТОРИКАСЫН ДАМЫТУ Мұнара М а қ с а т ы. Балаларға 3 текшені бір-біріне қойып, мұнара салуды үйрету; қимылды көрсете отырып, сөйлеу нұсқауларын орындауды (текшені ал, текшені текшеге қой, құсты мұнараға отырғыз) үйрету. Құсты білдіретін (шиқ-шиқ) дыбысы арқылы (солай, құлады, бер) сөздерді айтуға тарту. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту. О қ у қ ұ р а л ы . 3 бір түсті текше (әрбір бала және логопед үшін), 2 кішкене құс. С а б а қ б а р ы с ы. Сабақ үстел басында өткізіледі. Логопед үстел үстіне текшелерді қояды да оларды балаға көрсетіп: «Міне, қандай әдемі текшелер!» дейді. Логопед текшені көрсетіп: «Бұл не?» деген сұрақ қояды. Және өзі: «Бұл текшелер» деп жауап береді. Баладан сөзді қайталауын сұрайды. Содан кейін текшені алып, баладан дәл сондай текшені алуын сұрайды. «Қазір біз бұлардан мұнара саламыз», — деп текшені үстелге қояды. Бала қайталай отырып, қимылды орындайды. Логопед текшеге текшені қойып, балаға дәл солай жасауға көмектеседі: «Мына текшеге ана текшені қой» деп көрсетеді. Ересек адамның көмегімен бала үшінші текшені қояды. Мұнара салынып болғаннан кейін логопед: «Міне, қандай әдемі мұнара!» деп айқайлайды. Балаға құсты көрсетіп: «Бұл құс. Құс: шиқ-шиқ-шиқ деп ән шырқайды» дейді. Баланы дыбысты қайталауға т артады. Содан кейін логопед: «Назерке, құсты сұра, бер» деп айт дейді. Бала сөзді қайталап, ересек адамның: «Құсты ал. Құсты мұнараға отырғызайық» деген сөздерімен құсты қолына алады. Басқа құсты алып,


оны өзінің мұнарасына отырғызып: «Солай!» дейді. Балаға құсты өзінің мұнарасына отырғызуға көмектеседі. Құстар мұнарада отырады да «ұшып кетеді» және логопед: «Құс жоқ, құс ұшып кетті!» деп айқайлайды. Содан кейін мұнараны жайлап итеріп құлатады, текшелер шашырайды. Логопед: «Мұнара құлап кетті» деп баланы «құлап кетті» деген сөзді айтуға тартады. Сабақ соңында ересек адам үстелге қорапты қойып, балаға текшелерді қорапқа салуды ұсынады: «Текшелерді ал, текшелерді сал», — деп қимылды өзі көрсете отырып, нұсқау береді. Үй М а қ с а т ы. Балаларға 2 бөліктен тұратын үй салуды үйрету: текшелер және үшбұрышты призма (шатыры). Сөйлеу нұсқауларын түсіну және орындауды (шатырды ал, шатырды текшеге қой) үйрету. Балаларды бөпе, бер, үй, солай деген сөздерін айтуға, тәй-тәй дыбысын қайталауға тарту. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту. О қ у қ ұ р а л ы . Бала мен логопед үшін 1 текше және 1 үшбұрышты, 2 кішкентай қуыршақ. С а б а қ б а р ы с ы. Сабақ үстел басында өткізіледі. Логопед балаға текшені көрсетеді, оны сөзді қайталауға тартады. «Данияр, менен текшені сұра, бер» деп айт дейді. Бала ересек адамның соңынан қайталайды. Логопед оған затты беріп: «Текшені ал» деп дауыстайды. Содан кейін текшені өзіне алып, оны балаға көрсетіп: «Менде де, сенде де текшелер бар. Текшені үстелге қой» дейді. Екеуі де текшелерді үстелге қояды. Логопед үшбұрышты призманы көрсетіп, оны үйдің шатыры деп атайды. «Үй салуды» ұсынады. Текшелерге призманы салып, солай дей отырып, балаға бірдей жасауға көмектеседі. Үй дайын болғанда, логопед: «Сенің үйіңнің қандай әдемі екенін көр!» деп айтады. Қуыршақты көрсетеді, оны бөпе деп атайды. «Бөпені сұра, бер» деп айт дейді. Бала сұрайды, ересек адам оған қуыршақты: «Бөпені ал» деп береді. Басқа қуыршақты өзіне алып, оны үйге қарай жүргізіп: «Бөпе тәй-тәй деп жүреді» дейді. Балаға бұл қимылды дыбысты қайталау арқылы орындауды үйретеді. Қуыршақтарды үйлердің артына қояды. Содан кейін ересек адам балаға ол атаған ойыншықты беруін (бөпені, шатырды, текшені) сұрайды және баладан өз қимылдарын мә деген сөзбен орындауын талап етеді. Жол М а қ с а т ы. Балаларға қарапайым құрастыруды үйрету: білеуден (кірпіштен) жол салу. Ойын үшін жолды пайдалану: онымен қуыршақты алып жүру, машинаны жүргізу. Балаларға: бер, ал, бөпе, тәй-тәй, би-би сөздері мен


дыбыстарын айтуды үйрету. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту. О қ у қ ұ р а л ы. Бір түсті білеулер (4-5 дана), кішкентай ойыншықтар, бала және логопед үшін қуыршақтар мен машиналар. С а б а қ б а р ы с ы. Балалар үстел басында отырады. Логопед үстелге білеулерді қояды және оларды көрсетіп: «Міне, қандай әдемі кірпіштер! Мен кірпішті аламын. Гауһар, кірпішті ал! Гауһар қандай жақсы кірпіш алды! Біз кірпіштерді үстелге қойып, жол саламыз» дейді. Логопед үстелге өзінің білеуін қояды да баланың кірпішін үстел үстінде жатқан өз кірпішіне жақын апарып,балаға дәл солай жасауға көмектеседі. Қалған білеулердіде дәл солай қастарына қояды. Білеуді қойған сайын баламен логопед: солай деп айтады. Барлық білеулер қойылғаннан кейін логопед: «Біз қандай жақсы жол салдық! Гауһар, жол қайда, көрсетші»- деп айқалайды. Бала жолды көрсетеді. Логопед үстелге қуыршақты отырғызып: «Бұл бөпе» дейді. Баланы бөпе деген сөзді қайталауға тартады. «Гауһар, бөпеден сұра: бер де» дейді. Бала оны қайталап, қуыршақты қолына алады. Логопед өзіне басқа қуыршақ алып, оны жол бойымен жүргізіп: «Бөпе жол бойымен жүреді: тәй-тәй-тәй» дейді. Баланы қимылдары мен дыбыстарын қайталауға тартады. Содан кейін ересек адам үстелге машинаны қойып: «Бұл машина» дейді. Көлікті жолға қойып, оны жүргізіп отырып: «Машина жүріп кетті, би-би» дейді. Балаға машинаны жолмен жүргізіп, дыбысты қайталауды ұсынады. Оған қуыршақты беріп: «Бөпені машинаға отырғызып, жүргіз» -дейді. Егер балаға нұсқауды орындау қиын болса, логопед оған көмектеседі. Сабақ соңында логопед баладан оған қуыршақ пен машинаны беруін, ал текшелерді қорапқа салуын сұрайды.


АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ аппаратты дамытуға арналған жаттығулар «Сағат» Ауыз ашық, тіліміздің ұшын ерініміздің екі жағына кезек-кезек апарамыз. «Тарақ» Күлеміз, тілімізді шығарып, тісімізбен тілімізді басып, тілімізді алдыға-артқа тараймыз. «Піл» Ернімізді жауып тұрып, алға қарай созамыз, піл тұмсығын көрсетеміз «Бақа» Күлеміз, тістерімізді көрсетіп ерінімізді екі жаққа керіп күлеміз.


ОҚЫТУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ Балалардың жасы 2-3 жас. БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Оқытудың осы кезеңінің басында балалардың сөйлеу тілін түсінуі әлі де шектеулі болады. Балалар белгілі бір жағдайдағығана қарапайым ынталандыру нұсқауларын орындайды. Белсенді сөздік қоры мардымсыз болады. Сөйлеу тілі жеке дыбысты қайталау, былдырлау және бірнеше жалпы сөздерден тұрады. Оқыту барысында балалардың сөйлеу тілін түсінуі жақсарады. Қимыл реттілігін талап ететін ал.., қой.... сияқты қарапайым нұсқаулар мен тапсырмаларды орындау көлемі айтарлықтай артады. Көбінесе зат атауынан тұратын белсенді сөздік қорын толықтыру, сондай-ақ логопед айтқан үлгі сөйлемдерді қайталау нәтижесінде балаларда жай жалаң сөйлем түріндегі сөз тіркесімен сөйлеу тілі дамиды. Кейбір балалар стереотипті сұрақтарға қысқа ғана жауап беруі мүмкін. Балаларда заттың пішіні, көлемі, түсі сияқты сенсорлық қасиеттер туралы түсінік қалыптасады. Олар қарапайым геометриялық пішіндерді (текше, шар, кірпіш) ажырата бастайды. Ересектердің көмегімен тікелей салыстыру арқылы заттарды көлемі бойынша (үлкен — кішкентай) саралап, заттардың түсі бойынша ұқсастығы мен айырмашылықтарын (негізгі түстері) анықтайды. Ересектердің қимылын қайталай отырып, балалар құрылыс материалынан қарапайым ғимараттар тұрғызады. Бұл кезеңде ойынға қызығушылық әлі де жеткіліксіз, ойын қысқа және үйреншікті қимылдармен ойнатуға негізделген болады. ОЙЫН САБАҚ ҮЛГІЛЕРІ ЖАЙ ЖАЛАҢ СӨЙЛЕМ ТҮРІНДЕГІ СӨЗ ТІРКЕСІМЕН СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ Бөпені тербет М а қ с а т ы. Нұсқауларды түсіну және орындауға үйрету (бөпені тербет, бөпені сал, көрпесін жап). Бөпе ұйықтайды, әлди-әлди, бөпені бер сөздерін қайталауға тарту. Заттардың атауымен таныстыру: төсек, көрпе, жастық. О қ у қ ұ р а л ы . Қуыршақтар, төсек жаймалары бар төсектер (2 данадан). С а б а қ б а р ы с ы. Үстел үстінде төсек жаймалары бар 2 төсек пен 2 қуыршақ. Логопед балаға әр қуыршақты көрсетіп: «Бұл қуыршақ-бөпе, мынау төсек, ал мынау көрпе, жастық» деп айтады. Қуыршақты алып: «Бөпені сұра, бөпені бер деп айт» дейді. Бала сөздерді қайталайды. Логопед қуыршақты беріп, өзіне басқасын алады. «Бөпенің ұйқысы келді. Бөпені тербет» дейді. Екеуі де әлди-әлди


деп әндете отырып, қуыршақтарды тербетеді. Содан кейін логопед өз қуыршағын төсекке салып, көрпемен жабады, балаға: «Өз қуыршағыңды төсекке сал, көрпемен жап» дейді. Бала нұсқауларды орындайды. Логопед ұйықтап жатқан қуыршақты көрсетіп, баладан: «Бөпе не істеп жатыр?» деп сұрайды. Бала: «Бөпе ұйықтап жатыр, ұх-ұх» деп жауап береді. Бөпеге тамақ бер М а қ с а т ы. Нұсқауларды түсінуге және орындауға үйрету: бөпені үстелге отырғыз, тәрелкені үстелге қой, қасықты ал, бөпені тамақтандыр, бөпені сұра. Үстел, орындық, тәрелке, қасық және «Бөпе отыр, бөпе тамақтанып отыр, бөпені бер» сөздерін қайталауға тарту. О қ у қ ұ р а л ы . Қуыршақ, қуыршаққа арналған жиһаз және ыдыс-аяқ. Са б а қ б а р ы с ы. Баланың алдында үстел үстінде ойыншықтар жатады. Логопед оларға қарап, ойыншық деп атайды, баладан: үстел, орындық, тәрелке, қасық атауларын қайталауды сұрайды. Балаларды осы заттардың атауымен таныстырады. Содан кейін қуыршақты алып, балаға: «Аяулым, бөпені сұра. Бөпені бер»деп айт дейді. Бала сөзді қайталап, қуыршақты алады. Ересек адам: «Бөпенің аузы қайда?» деп сұрайды. Бала өздігінен немесе логопедтің көмегімен оны көрсетеді. «Ал сенің аузың қайда?»- деп сұрайды логопед баладан. Бала өзінің аузын көрсетеді. Логопед баладан: «Бөпені орындыққа отырғыз» деп сұрайды. Бала қуыршақты үстел алдындағы орындыққа отырғызады. Логопед: «Бөпе отыр» дейді. Содан кейін баланы бөпе отыр деген сөз тіркесін қайталауға тарту үшін баладан: «Бөпе не істеп отыр?» деп сұрайды. Тәрелкені үстелге қояды да: «Мынау тәрелке. Тәрелкеде ботқа бар. Қасықты ал. Бөпенің қарны ашты. Бөпеге тамақ бер» дейді. Бала қасықты алады, ересек адам қуыршақты қалай тамақтандырып, оның аузына қасықтықалай апару керектігін көрсетеді. Қасықтағы «ботқа» қуыршақтың аузына тиген кезде, логопед: «бөпе тамақтанып отыр» деп айтады. Баланы сөз тіркесін қайталауға тартады. Содан кейін: «Бөпе тамақтанып болды» дейді. Баладан оған тәрелке мен қасықты беруін сұрайды. Сабақ соңында логопед балаға қуыршақтың және өзінің аузын көрсетуін сұрайды. Содан кейін баладан: «Бөпе керек пе? Бөпені сұра. Не айту керек?» дейді, яғни, баланы бөпені бер деген сөзтіркесін қайталауға тартады. Бөпенің қолын жу М а қ с а т ы. Балаларды жуынатын заттармен таныстыру (сабын, сүлгі,су


(жылы), шелек, шылапшын) және осы заттардың атауларын қайталауды талап ете отырып, олардың қолданылу мақсатымен таныстыру. Нұсқауларды түсінуге және орындауға үйрету: жуыну, қолды сүрту, қуыршақтың және өзінің қолдарын жуу. О қ у қ ұ р а л ы. Кішкентай целлулоидты немесе резеңке қуыршақ, жылы суы бар шылапшын, сүлгі, шелек. С а б а қ б а р ы с ы. Балалар үстел басында отырады. Логопед үстелге шылапшынды қойып: «Бұл шылапшын»деп атайды. Шелекті көрсетіп: «Бұл шелек. Шелектің ішінде су» дейді. Баланы қайталату үшін су сөзі бірнеше рет айтылады. Суы бар шелекті беріп, суды шылапшынға құйып: «Бүлк-бүлк-бүлк деп су құйылады» деп, баланы дыбысты қайталауға тартады. Содан кейін: «Су жылы» дейді. Баланың қолын алып, жылыны сезіндіру үшін суы бар шылапшынға салады. «Міне сүлгі, қолыңды сүлгімен сүртейік», — деп баланың қолын сүртеді. Содан кейін логопед қуыршақты алып, балаға: «Бөпенің қолдары қайда?»дейді. Бала өз бетінше немесе ересек адамның көмегімен қуыршақтың қолын көрсетеді. «Қуыршақтың қолын жуайық»,— дейді, балаға қуыршақтың қолын қалай жуу керек екенін көрсетіп: «Міне сабын. Бөпенің қолын сабынмен жуайық. Бүлк-бүлк, су жылы» дейді. Көрсеткеннен кейін логопед балаға: «Бөпені сұра» дейді. Бала: «Бөпені бер» деп айтады. Ересек адам оған қуыршақты беріп: «Бөпеніал, бөпенің, қолдарын жу» дейді. Бала қуыршақтың қолын жуғаннан кейін, логопед өзінің және қуыршақтың қолдарын сүлгімен сүртуін сұрайды. Содан соң: «Бөпенің қолдары таза. Сұлтанның да қолдары таза» дейді. Қуыршақты киіндір М а қ с а т ы. Балаларды киім-кешекпен (көйлек, іш киім, шұлық, туфли) таныстыру, осы сөздерді қайталауға тарту. Нұсқау бойынша қимылдарды түсінуге және орындауға үйрету: шеш, ки, ал. Белсенді сөйлеу тілінде сөз тіркестерінқолдануға тарту: Асылым ұйықтап жатыр. Асылым, тұр! Балаларға қуыршақтың және өздерінің қолдары мен аяқтарын көрсетуді үйрету. О қ у қ ұ р а л ы. Қуыршақ, киім жиынтығы, аяқ киім, төсек жаймасы бар төсек


С а б а қ б а р ы с ы. Баланың алдындағы үстел үстінде төсектекөрпе жабылған қуыршақ, жанында көйлек, іш киім, шұлық, аяқ киім жатады. Логопед: «Аружанұйықтап жатыр», деп баланы сөз тіркестерін қайталауға тартады. Ересек адам: «Аружанның көрпесін аш. Аружанды ал», дейді. Бала көрпені ашып, қуыршақты қолына алады. «Аружан серуендеуге барады» дейді логопед. - Аружан қуыршағын киіндіруі керек. Үстелде үстінде не жатыр?» Ол әрбір нәрсені атайды, оны жан-жақты қарауды ұсынады. Логопедтің нұсқауы бойынша және оның көмегімен бала қуыршақты киіндіре бастайды, бұл ретте ересек адам әр затты қайтадан атайды, баланы сөздерді қайталауға тартады. Қуыршағына туфлиді кигізер алдында, логопед: «Нәзира, қуыршақтың аяқтары қайда?» деп сұрайды. Бала көрсетеді. «Сенің аяқтарыңмен қолдарың қайда, көрсет» — деп сұрайды, ол баланы көрсетуге ғана емес, бұл сөздерді айтуға да тартады. Қуыршақты киіндірген соң, логопед оны алып, балаға қарап: «Аружан, қарашы қандай әдемі қуыршақ» дейді.Аружансеруенге кетеді. Қонжықты машинамен жүргіз М а қ с а т ы. Балаларды нұсқау бойынша қимылдарды орындауға:жүргіз, отырғыз; ойыншықтарды атауға: қонжық, машина үйрету. Сөз тіркестерін айтуға тарту: қонжықты бер, машинаны бер, қонжықты ал, машинаны ал. О қ у қ ұ р а л ы . Машина, қонжық. С а б а қ б а р ы с ы. Ойыншықтар үстел үстінде тұрады. Логопед машинаны алып, оны жүргізеді. Балаға қарап: «Қарашы, қандай машина», — деп, ойыншықты жан-жақты қарауға мүмкіндік береді. «Машина керек пе? Сұра. Қалай айту керек?» деп сұрай отырып, машинаны бер деген сөз тіркесін қайталауға тартады. Логопед балаға машинаны береді, ал ол оны жүргізеді. Содан кейін ересек адам қонжықты алады да: «Қара, қандай қонжық! Қонжықты сұра. Қалай айту керек?» дейді. Бала «Қонжықты бер» деп жауап береді. Логопед ойыншықты береді де: «Қонжықты машинаға отырғыз. Қонжықты машинаға отырғызып жүргіз» дейді. Бала ересек адамның көмегімен немесе өздігінен машинаға қонжықты отырғызып,


жүргізеді. Логопед: «Қонжықты бер» дейді. Егер бала ойыншықты үнсіз бере салса, логопед: «Машинаны ал» деп жауап беру керектігін еске салады. Ол сөзтіркестерін бірнеше рет айтып, баланы қайталауға тартады. Содан кейін логопед одан машина беруін сұрайды. Бала машинаны беріп: «Машинаны ал» дейді. Басқаға бер М а қ с а т ы. Балаларға өз атын атауды және құрдастарын аттарымен ажыратуды үйрету. Ойын қимылдарын сөзтіркестерімен сүйемелдеу: допты бер (машинаны, қуыршақты), допты ал (машинаны, қуыршақты). О қ у қ ұ р а л ы. Доп, машина, қуыршақ. Са б а қ б а р ы с ы. Үстел басында 3-4 бала отырады. Үстел үстіне ойыншықтар жайылады. Логопед әр баладан аталған ойыншықты атауын сұрайды. Содан кейін ересек адам допты алып, балалардың біріне қарап, былай дейді: «Аяулым, допты сұра. Допты бер деп айт». Өтінішке жауап ретінде логопед ойыншықты созады және былай дейді: «Аяулым, допты ал». Бала өтінішке жауап ретінде өз көршісіне допты созады немесе логопедтің артынан қайталап: «Асылым, допты ал» дейді. Осылайша ойыншық бір баладан екіншісіне ауысады. Ересек адам балалардың қимылдарын сөздермен сүйемелдегенін қадағалайды. Басқа ойыншықтармен де осылайша қайталанады. Сабақ соңында логопед әр баланы өзінің атын атап және де атын атаған баланы көрсетуін сұрайды: «Сұлтан қай жерде тұр, көрсет» және т. б.


БАЛАЛАРДЫҢ СЕНСОРЛЫҚ ДАМУЫ ПІШІН ТУРАЛЫ ТҮСІНІК Биік-аласа Жұмсақ-қатты Жуан-жіңішке Ұзын-қысқа КӨЛЕМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК Үлкен-кішкентай


СЕНСОРЛЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ДАМЫТУ ПІШІН ТУРАЛЫ ТҮСІНІК Бұл не? М а қ с а т ы. Геометриялық фигуралардың әртүрлілігі туралы түсінік беру. Белсенді сөздік қорына кейбір көлемді геометриялық фигуралардың атауларын енгізу және бекіту. Заттардың пішіні бойынша ұқсастығы мен әртүрлілігі туралы ұғымды қалыптастыру. Баланың жай сөйлемдерден тұратын сөз тіркестерімен сөйлеу тілін қалыптастыруды жалғастыру. О қ у қ ұ р а л ы.Көлемді геометриялық фигуралар: үшбұрышты призма (шатыр),тік төрт бұрыш, шар. С а б а қ б а р ы с ы. Логопед үстелге аталған пішіндерді қояды. «Қарашы, қандай әртүрлі ойыншықтар», — дейді ол балаға. Оларды кезекпен көрсете отырып, ересек адам балаға заттарды атауды ұсынады. Бала атай алмағандарын ересек адам өзі атайды. Осыдан кейін логопед барлық фигураларды қорапқа жинайды. Қораптан 1 фигурадан шығарып, логопед баладан әр ойыншықты қайта атауын сұрайды. Барлық заттар осылайша ойнатылады. Сонымен қатар, логопед баланың көру және есту зейінін заттардың түріне аудару арқылы әр фигураны бірнеше рет өзі атайды. Текше— шар М а қ с а т ы. Балаларға пішіннің әртүрлі жалпы белгілеріне назар аударуды үйрету. Көлемді білдіретін 2 қарапайым пішіммен таныстыру: шар, текше. О қ у қ ұ р а л ы . Бір типті текшелермен шарлар; балалар табақтары


С а б а қ б а р ы с ы. Логопед балаға шарды көрсетіп «Бұл шар» дейді. Шар сөзін бірнеше рет айтып, баланы қайталауға тартады. «Мә,шарды ал» деп шарды қолына береді. Шарды сезінуді үйретеді, оны баланың алақанына домалатып немесе екі алақанының арасында домалатып, шардың дөңгелек екенін сезіне отырып, «шар дөңгелек, оны домалатуға болады» дейді. Балаға шарды табаққа қойып, домалатуды ұсынады, қимылды орындауға көмектеседі. Ойын 3-4 рет қайталанады. Логопед балаға текшені көрсетеді: «Бұл текше» деп атап, оны қайталауға тартады. Текшені қолға беріп, баланың оның бұрыштары бар екеніне назарын аударады, оларды қолмен сезінуді ұсынады; текшені домалатуға болмайды, текшеден құрылыс салуға болады. Логопед балаға тағы 2 текше береді, онымен бірлесіп, мұнара салады. Содан кейін түртіп, мұнараны құлатып, 2 текшені алып тастайды. Үстелде текше мен табақтағы шар қалады. Логопед баладан әр заттың қайда екенін көрсетуін сұрайды: «Міне шар. Міне текше» деп, қимылдарын сөзбен сүйемелдейді. Ойын 3-4 рет қайталанады. Дұрыс орналастыр М а қ с а т ы. Балалардың назарын нысандардың айырмашылықтары мен ұқсастығына, олардың сөздік белгілеріне қарату. Белсенді сөздік қорына текше, шар сөздерін енгізу. О қ у қ ұ р а л ы. Бір типті текшелер, шарлар, қораптар


С а б а қ б а р ы с ы. Үстелде 2 қорап тұрады. Бірінде текше, екіншісінде шар жатады. Логопед қораптан текшені алып: «Бұл текше» дейді. Оны қорапқа салады. Шармен де солай жасайды. Әр затты көрсете отырып, ересек адам: «Асылым, бұл не?» деп, баланы текше, шар сөздерін айтуға тартады. Сабақ соңында логопед баланың алдына шарлары мен текшелері бар қорапты қояды, оларды қораптарға орналастыруды ұсынады, ал олардың бірінде текше, екіншісінде — шар салынып тұр. «Шарды шарға (қораптағы шарды көрсетеді), текшені текшеге сал» дейді. Бала тапсырманы көзбен салыстыру арқылы орындайды. Тапсырманы орындау кезінде логопед баланың жайылатын ойыншықтарды атауын талап етеді ТҮС ТУРАЛЫ ТҮСІНІК Пирамиданы жина М а қ с а т ы: Заттардың түстері бойынша ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтау барысында негізгі түстердің (қызыл, көк, сары, жасыл) атауларын белсенді сөйлеуде бекіту; аталған түсті 2-3 басқа түстен бөліп көрсету; логопедтің нұсқауы бойынша заттың түсін өз бетінше анықтау. Жай сөйлемдерден тұратын сөз тіркесімен сөйлеу тілін қалыптастыру жұмысын жалғастыру. Сөз құрылымын, сөйлеудің фонетикалық жағын, оның грамматикалық құрылысын жетілдіру. О қ у қ ұ р а л ы . Әрқайсысы 3 сақинадан 4 негізгі түсті пирамидалар. С а б а қ б а р ы с ы.Үстел үстінде қызыл және көк пирамидалар тұр. Логопед балаға қызыл пирамиданы көрсетіп: «Пирамида қандай түсті?» деп сұрайды. Ол «Қызыл» деп жауап береді. Логопед жауап үлгісін беріп: «Бұл қызыл пирамида» дейді. Бала қайталайды. Логопед көк түсті пирамиданы көрсетіп: «Ал бұл қандай түсті?» деп сұрайды. Егер бала түстің атауында қателессе, ересек адам өзі жауап береді. Логопед балаға пирамидадан сақиналарды шешіп, оларды үстелге қоюды ұсынады. Пирамидалардың екі өзегі баланың алдына қойылады. Ересек адам сақиналарды араластырып, баладан сақиналарды түсі бойынша ғана емес, көлемі бойынша да таңдап, пирамидаларды жинауын сұрайды. Егер бала пирамида жинау кезінде қателессе, логопед: «Дұрыс емес. Сақиналарды түсіріп, оны үстелге қой


және осы пирамидаға қандай сақиналарды кигізу керектігін қара» деп оны түзетеді. Жіберілген қателіктің сипатына қарай ересек адам баланың назарын қате кигізілген сақинаның түсі немесе көлеміне аударады. Жасыл және сары түсті пирамидалар да осылайша ойнатылады. Қалпақты кигіз М а қ с а т ы: Балаларға заттарды түсі бойынша сәйкестендіруді, қызыл түсті ажыратып, атауға және көрсет, ки деген нұсқауларды орындауды үйрету. Жасыл түс деген ұғыммен таныстыру. О қ у қ ұ р а л ы . 2 түсті пирамидалар мен қалпақтар: қызыл және жасыл. С а б а қ б а р ы с ы. Логопед балаға қызыл пирамиданы көрсетіп, «Қызыл пирамида» дейді. Түстің атауын дауыс екпінімен көрсетеді. Үстелге жасыл пирамиданы қояды да «Бұл жасыл пирамида» дейді. Баладан қызыл және жасыл пирамиданың қайда екенін көрсетуді сұрайды. Егер бала қателессе, оны тапсырманы дұрыс орындауға жетелеп, өзі көрсетеді. Логопед балаға қызыл қалпақты көрсетіп, «Мынау қызыл қалпақ. Мен қызыл қалпақты қызыл пирамидаға кигіземін» дейді де, қалпақты кигізеді. Дәл осылай жасыл қалпақты пирамидаға кигізіп көрсетеді. Содан кейін қалпақтарды пирамидалардан алып тастайды. Балаға қызыл қалпақ береді де «Қалпақтың түсі қандай?» деп сұрайды. Бала өзі немесе ересек адамның көмегімен түсті атайды. «Сұлтан, қызыл қалпақты қызыл пирамидаға кигіз». Бала тапсырманы орындағаннан кейін, логопед пирамидадан қызыл қалпақты алып, баланың қолына береді жасыл қалпақты береді: «Сұлтан, жасыл қалпақты жасыл пирамидаға кигіз». Бала нұсқауды орындағаннан кейін логопед оның алдына екі қалпақ қояды және оларды пирамидаларға кигізуді сұрайды. Ұқсас жұмыс басқа негізгі түстермен жүргізіледі. Ойын 3-4 рет қайталанады. Бала тапсырманы орындау кезінде пирамидаларға қалпақшаларды механикалық емес, түспен бағдарлануы үшін қалпақшаларды беру тәртібін және пирамидалардың орналасуын өзгерту пайдалы.


Түрлі-түсті заттар М а қ с а т ы. Балалардың назарын заттардың түсі, олардың сөздік белгісі бойынша ұқсастығына аудару. Қызыл және сары түстерді белгілеуге және атауға үйрету, қимылдарды орындау: ал, қой, көрсет.Сәлден соң төрт негізгі түстерді белгілеу. О қ у қ ұ р а л ы.. қызыл,сары,көк,жасыл түсті текшелер, тиісінше боялған қорапшалар. С а б а қ б а р ы с ы. Логопед қорапшаларды үстелге қойып, олардың түсін атайды. Қызыл текшені алып: «Бұл қызыл текше». Балаға қарап: «Сұлтан, қызыл қорапшаны» көрсет» дейді. Егер бала қателессе, логопед текшені қорапшаға әкеледі де: «Қызыл текше және қызыл қорапша». Сары текшені алып: «Бұл сары текше. Сұлтан, менен текшені сұра». – «Текшені бер» деп айт дейді. Логопед затты береді: «Сары текшені сары қорапшаға сал». Содан кейін логопед балаға қызыл текшені береді. «Текше қандай түсті?» деп сұрайды да өзі жауап береді: «Бұл қызыл текше. Қызыл қорапшаға қызыл текшені қой». Бала нұсқауды орындайды. Оның алдына текшелері бар қорап қойылады. «Сұлтан, сары текшелерді сары қорапшаға , қызыл текшелерді — қызыл қорапшаға қой». Бала затты қолына алған сайын логопед оның түсін атап, баланы қайталауға тартады. Текшелер қорапшаға бөлінгенде, логопед: «Сұлтан, маған сары текшені бер» деп сұрайды. Бала береді. Логопед қорапшаға қызыл текшені алып, баланы оның түсін атауға тарту үшін: «Текше қандай түсті?» - деп тағы сұрайды. Қызыл түс ұғымын бекіту үшін логопед баланың белсенді сөздігіне осы түсініктерді енгізе отырып, 2 басқа негізгі түстерді (жасыл және көк) ойнату кезінде, қызыл түсті заттарды ойынға қосады.


Кеңістікке бағдарлау Кіші жастағы балалардың кеңістік қабылдауының даму ерекшеліктерін зерттеуге көптеген еңбектер арналып отыр. Олардың көрсетуіне қарағанда, кеңістік қабылдау қабілеті төрт- бес аптада ақ білінеді; нәресте 1 -1,5м жердегі нәрсеге көз тоқтатып қарайды. Қозғалып бара жатқан нәрседен көзін айырмай қарайтын кез екі төрт айда ақ байқалады. Алғашқы кезеңде көзін кенет аударып қараса, кейін кеңістікте қозғалып бара жатқан нәрседен көзін айырмай қарайтын кез әр түрлі балада үш айдан бес айға дейін кездеседі. ЗАТТАР САНЫ ТУРАЛЫ ҰҒЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ Бір — көп М а қ с а т ы. Баланы бір және көп ұғымымен таныстыру. Логопедтің қимылын қайталай отырып, бір және көп затты алуды үйрету. О қ у қ ұ р а л ы. Есептеу материалы: 10 үйрек.


С а б а қ б а р ы с ы. Логопед үстелге үйректі қойып, балаға көрсете отырып: «Бір үйрек», дейді. Одан біраз қашықтықта логопед топпен 9 үйрек қойып, оларды көрсете отыра: «Көп үйрек» деп түсіндіреді. Балаға қарап: «Мен бір үйректі аламын» дейді. Оны бала саусақпен қалай алу керектігін көрсін деп, көрсете отырып, қорапқа салады. «Ал мен енді көп үйрек аламын», — деп логопед оларды екі қолымен алады. Алақандарын ашып, үйректерді көрсетеді. «Қара, үйрек көп» дейді логопед және оларды қорапқа салады. Содан кейін ойыншықтарды қайтадан алып, оларды бұрынғы тәртіппен қояды. Логопед: «Бұл бір үйрек, ал бұл көп үйрек»,—деп, көрсетеді. Ол: «Бір үйректі ал», — деп сұрай отырып, баланың саусақпен алуын қадағалайды. Баланың қолында үйрек қанша екенін сұрайды және «Бір үйрек»деп өзі жауап береді. Үйрек тобымен де осылай жасалады. Сабақ соңында бала логопедтің өтініші бойынша барлық үйректерді қорапқа салады. Бір және көп матрешканы көрсет Мақсаты: Заттардың саны (бір, көп) туралы ұғымды қалыптастыру.Бір, көп сөздерін түсіндіру. О қ у қ ұ р а л ы. Есептеу материалы: бір типті 3 матрешка. С а б а қ б а р ы с ы. Логопед баланың алдына 1 матрешка қояды да: «Бір матрешка» дейді.Одан аздаған қашықтыққа 5 матрешка қойып: «Көп матрешка» дейді. Содан кейін баладан: «Сұлтан, бір матрешка қайда, көрсетші» дейді. Бала өзі немесе ересек адамның көмегімен көрсетеді. Бала дәл солай көп матрешканы табады. Әр тапқан сайын логопед баланың қимылын: «Міне бірматрешка. Міне, көпматрешка» сөздерімен сүйемелдейді. Кез келген бір типті материалды осылайша ойнатуға болады.


Бір және көп матрешканы ал М а қ с а т ы. Заттардың саны туралы ұғымды қалыптастыру (бір, көп). Нұсқауларды орындауға үйрету. О қ у қ ұ р а л ы. Есептеу материалы: 5 матрешка, қорап. С а б а қ б а р ы с ы. Логопед қораптан матрешканы алып, оны үстелге, өзінің қасына қояды.Ол: «Бір матрешка» деп атап көрсетеді. Балаға: «Ибраһим, қораптан бір матрешка ал (бала алады) және: бір матрешка» деп айт дейді. Бала қайталайды. «Матрешканы осында қой», — ересек адам қоятын орынды көрсетеді. Бала нұсқауларды орындағаннан кейін логопед қораптан 4-5 матрешканы алып, өз матрешкасынан қашықтау жерге оларды өз алдына қойып, былай дейді: «Көп матрешка». Әр балаға осылай жасауды ұсынады. Содан кейін ересек адам баладан (логопедтегі) бір матрешка және көп матрешка қайда тұрғанын көрсетуді сұрайды. Бала көрсетеді және логопедтің артынан қайталайды: бір матрешка, көп матрешка. Ересек адамның өтініші бойынша бала алдымен қорапқа көп, содан кейін бір матрешканы салады. Бала қолына бір немесе бірнеше зат алған сайын логопед оның затты саусағымен не бүкіл қолымен алғанын қадағалайды. ҚҰРАСТЫРУДЫ ҮЙРЕТУ Күшікке үй саламыз М а қ с а т ы. Қарапайым құрастыруға үйрету: қырлы білеулерді қабырғаға қою — оларды бір-біріне тығыз жақындатып, үй салу. Нұсқауларды түсінуді және орындауды үйрету: кірпішті ал, үстелге кірпішті қой, күшікті шақыр. Балаларды сөздерді айтуға ынталандыру: бер, ал, бар, үй. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту. О қ у қ ұ р а л ы. 6 білеу-кірпіш, шағын ойыншық күшік.


С а б а қ б а р ы с ы. Сабақ үстел басында өткізіледі. Логопед ойыншықты көрсетеді, оны былай атайды: «Бұл күшік.Күшік қалай үреді?» Бала арс-арс дыбысын өзі немесе қайталап айтады. Күшікті алып тастайды. Ересек адам үстел үстіне білеулерді қояды. «Бұл кірпіштер, — дейді логопед. Күшікке арналған үйшік салайық. Мен кірпішті аламын. Інжу, кірпішті ал, оны үстелге қой. Солай деп ересек адам білеуді қалай қою керектігін көрсетеді. Егер бала қиналса, оған логопед көмектеседі. Үй салынғаннан кейін ересек адам: «Міне, Інжу салған үй. Бұл күшікке арналған үй. Ит қайда? Інжу, күшікті ал дакел, күшік кел деп айтшы» дейді.Баланыкелсөзін қайталауға тартады. Логопед күшікті үстелге қойып: «Күшік үйіңе бар» дейді. Бала ересек адамның көмегімен күшікті үйшігіне «апарады». Ойын аяқталғаннан кейін логопед одан күшікті беруін сұрайды, бұл жағдайда бала мәсөзінайтады. Мысық пен қонжық та дәл осылай ойнатылады. Диван М а қ с а т ы. Құрылыс салу дағдысын қайталау арқылы қалыптастыру. Құрылыс салу ойынын ойнату кезінде нұсқауларды орындау арқылы көрсету (түсіндіру) қимылымен балалардың пассивті және белсенді сөздігін кеңейту. Жай жалаң сөйлемнің көмегімен сөз тіркесін қалыптастыру. Қолдың ұсақ моторикасын жетілдіру. О қ у қ ұ р а л ы . Бала мен логопед үшін 2 білеу кірпіш, кішкентай қуыршақ. С а б а қ б а р ы с ы. Логопед үстел үстіне 4 қырлы білеуді қойып: «Бұл кірпіш» дейді. Баланы кірпіш сөзін қайталауға тартады. «Қуыршаққа арналған диван жасаймыз». 1 білеуді алып,оны балаға көрсетіп: «Мен бір кірпіш алдым,


Арман, бір кірпіш ал. Қәне, кірпіштерді үстелге қояйық» дейді. Логопед өзінің білеулерін үстелге қояды, бала оған еліктеп, сол сияқты жасайды. Ересек адам кірпішті алып, оны өзі қойып, яғни, жіңішке ұзын қырға қояды, оны үстелде жатқан қырлы білеуге дейін жылжытады. Логопед балаға кірпіштерді дұрыс қоюға көмектеседі. Логопед қуыршақты көрсетіп: «Бұл не?» деп сұрайды. Бала: «Бұл қуыршақ, бөпе» деп жауап береді. Логопед: «Қуыршақты диванға отырғыз. Қуыршақ не істеп жатыр?» деп сұрайды. Бала: «Қуыршақ отыр» деп жауап береді. Ересек адам «Қуыршақты ал» деп айтып, баланы қуыршақты беруге ынталандырады.Логопед пен бала кірпіштерді қорапқа бірге жинап салады. Құлақ ауырады М а қ с а т ы. Балаларға еріндерін дөңгелектетуді үйрету. О қ у қ ұ р а л ы . Қуыршақ, мақта, орамал. С а б а қ б а р ы с ы. Логопед қуыршақты көрсетеді: «Қуыршақтың аты Аяулым. Қуыршақтың аты кім?» дейді. Бала: «Аяулым». Аяулымның құлағы ауырады, ол жылайды: о-о-о» депжауап береді. Ересек адам баланың назарын еріннің дөнгелектенуіне аударады.«Аяулым қалай жылайды?» Бала логопедке еліктеп: «о» деген дыбыс шығарады. Логопед: «Міне мақта, орамал. Аяулымның құлағын орайық. Аяулым, жылама» дейді. Содан кейін баладан қуыршақтың атын және ол қалай жылайтынын қайталап сұрайды. Құс әндетеді М а қ с а т ы. Балаларға «жымиып» езу тартуды үйрету. О қ у қ ұ р а л ы. Дыбыс шығаратын, жүретін құс. С а б а қ б а р ы с ы. Логопед құсты көрсетіп: «Қара, қандай әдемі құс» дейді. Оны бұрап қосып, үстелге қояды: «Құс ән салады ши-и-қ, ши-и-қ, ши-и-қ, ши-и-қ». Логопед баланың назарын езудің тартылуынааударады да: «Құс қалай ән салады?»


деп сұрайды. Бала дыбысты қайталайды М а қ с а т ы.Баяу дем шығару мен дем алуды қалыптастыру, бағытталған ауа лебін күшейту. О қ у қ ұ р а л ы . Домалақтанған мақта немесе ұсақ қиылған қағаз, тәрелке. С а б а қ б а р ы с ы. Логопед шағын домалақтанған мақтасы бар тәрелкені қояды. Балаға: «Қараңдар, мен қазір үрлеймін және шарлар ұшады» дейді. Үрлейді, шарлар бытырап жан-жаққа ұшып кетеді. Бала логопедке шарларды тәрелкеге жинауға көмектеседі. Ересек адам балаға шарлардыонымен бірге үрлеуді ұсынады. Қаттырақ үрле М а қ с а т ы.Дәл сондай. О қ у қ ұ р а л ы. Пластмассадан жасалған айналғыш С а б а қ б а р ы с ы. Логопед айналғышқа ауа үрлейді, ол айналады. Баланың назарын үрлеу неғұрлым күшті болса, айналғыш соғұрлым жылдам айналатынына аударады. Баланың оған ауа үрлеуін сұрайды және оның дұрыс дем шығарғанын бақылайды. Ұшатын шарлар М а қ с а ты. Дәл сондай. О қ у қ ұ р а л ы . Сабын ерітіндісі бар түтіктер мен кесе.


С а б а қ б а р ы с ы. Логопед сабын көпіршігін үрлейді. Ол балаға қарап: «Қара, қандай әдемі шар» дейді. Түтіктің бір ұшын сабынды ерітіндіге салып, балаға түтікке үрлеуді ұсынады. Бала ересек адамның бақылауымен сол қимылды жасайды.


ОҚЫТУДЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІ Балалардың жасы 3-4 жас БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Өмірдің төртінші жылында мектеп жасына дейінгі балаларда пассивті және белсенді сөздік қоры қарқынды түрде кеңейеді: олар күрделі нұсқауларды орындауға қабілетті болады; сөзтіркестермен сөйлеу тілі барлық сөйлем мүшелері қамтылатын жай жалаң сөйлемдерге негізделеді; сөйлесу ересектермен де, құрдастарымен де қарым-қатынас жасаудың негізгі құралы болып табылады. Логопедтің сөздерін қайталау барысында сөздің құрылымы, тілдің фонетикалық жағы, оның грамматикалық құрылысы жетіледі. Балалар қарапайым сұрақтарға жауап беріп, оларды өздері қояды. Олар суреттің қарапайым сюжетін, логопедтің сұрақтары бойынша суреттің мазмұнын 2-3 қимылмен баяндап, 2 сюжеттен тұратын суреттер сериясы менқысқа ертегілерді айтып бере алады. Егер оқытудың екінші кезеңінде балаларда көлем, пішін, түс туралы түсінік қалыптаса бастаса, бұл кезеңде балалар заттың көлемін (үлкен, кішкентай) көрсете алады, негізгі түстерді, кейбір қарапайым геометриялық фигураларды атайалады. Заттарды көлемі бойынша жіктеу нақтырақ болады. Заттардың саны (бір, екі, көп) туралы түсінік қалыптасады. Балалар күрделі тапсырмаларды орындай алады, атап айтқанда заттарды олармен жүргізілетін негізгі қимылмен жіктейді. Жеке тапсырмаларды орындау тәсілдері де жетіледі. Мысалы, пирамидаларды сақиналардың көлеміне қарай жинау немесе тілікті суретті құрастыру кезінде балалар сынақтар мен қателер тәсілдерінен өлшеу, көзбен салыстыру тәсіліне көшеді. Жаңа тапсырмаларды орындау кезінде мектеп жасына дейінгі балалар логопедтің көрнекі, нақты көмегін пайдаланады. Ойыншықтарға деген таңдамалы қатынас пайда болады. Ойын сюжет элементтері бар процессуалдық ойынға айналады.


СЮЖЕТТІ СУРЕТТЕРМЕН БАЛАЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІ СӨЗДІК ҚОРЫН КЕҢЕЙТУ Кітап оқып отырған қыз М а қ с а т ы.Дәл сондай О қ у қ ұ р а л ы. Сюжетті сурет. С а б а қ б а р ы с ы. Логопед: «Қыз не істеп отыр?». Бала: «Қыз кітап оқып отыр» дейді. Логопед. «Зере саған анаң үйде ертегі кітап оқып береді ме ?» дейді. «Зере, иә» деп жауап береді. Ұйықтап жатқан бала М а қ с а т ы.Дәл сондай. О қ у қ ұ р а л ы. Сюжетті сурет.


С а б а қ б а р ы с ы. Логопед: «Бұл кім ?» Бала: «Бұл бала». — «Балаға ат қояйықшы аты кім?» — «Баланың аты Аңсар». — «Аңсар не істеп жатыр?» — «Аңсар ұйықтап жатыр». — «Аңсар қайда ұйықтап жатыр?» — «Аңсар төсекте ұйықтап жатыр». — «Аңсардың басы қайда?» — «Аңсардың басы жастықта». — «Аңсардың жанында кім отыр?»- «Аңсардың жанында анасы отыр» Ойнап отырған балалар М а қ с а т ы.Дәл сондай. О қ у қ ұ р а л ы. Сюжетті сурет. С а б а қ б а р ы с ы. Логопед: «Бұл кім ?» Бала: «Бұл балалар». — «Балаларға ат қояйықшы аттары кім?» — «Балалардың аты Аңсар мен Ибраһ және Муслим». — «Аңсар мен Ибраһим не істеп жатыр?» — «Аңсар мен Ибраһим ойнап отыр ». — «Үшеуі немен ойнап отыр?» Анасына көмектескен қыз М а қ с а т ы.Дәл сондай. О қ у қ ұ р а л ы. Сюжетті сурет С а б а қ б а р ы с ы. Логопед: «Бұл кім ?» : Қыз «Бұл қыз». — «Қызға ат қояйықшы аты кім?» — «Қыздың аты Тасним ». — «Тасним не істеп жатыр?» — «Тасним анасына көмектесіп жатыр».


ТАҚЫРЫПТЫҚ СУРЕТТЕР АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІ СӨЗДІК ҚОРЫН КЕҢЕЙТУ


Біз ойнаймыз М а қ с а т ы.Жай жайылма сөйлем түрінде сөз тіркестерін сөйлеуді жетілдіру. Балалардың белсенді сөздік қорындағы ойыншықтардың (машина, ат, доп) атауларын бекіту. Ойыншық атауларының (мысық, ит, әтеш) есебінен белсенді сөздік қорын кеңейту. Ойыншықтармен негізгі қимыл туралы түсінік беру. О қ у қ ұ р а л ы . 6 ойыншық және оларға сәйкес келетін тақырыптық суреттер С а б а қ б а р ы с ы. Үстел үстінде ойыншықтар: машина, ат, доптар, мысық, ит, әтеш жайылған. Логопед балаға осы ойыншықпен не істеп жатқанын сұрай отырып, оларды атауды ұсынады. «Болат, машинамен не істейсің?». «Мен машинаны жүргіземін» деп жауап береді бала. «Дұрыс, — дейді логопед. «Машинаны жүргізеді, онымен ойнайды. Ал сен доппен не істейсің?» деп сұрайды логопед. «Мен допты лақтырамын» деп жауап береді бала. «Дұрыс, — дейді логопед. «Доппен ойнайды». Осылайша, баланың қандай ойыншықпен не істейтінін білгеннен кейін логопед бұл ойыншықпен ойнайтынын тағы да айтады. Содан кейін логопед кезекпен суреттерді көрсетіп, онда бейнеленген заттарды атауды және оларды тиісті ойыншықтардың жанына қоюды сұрайды. Бала барлық тақырыптық суреттерді орналастырғаннан кейін ойыншықтар жинап алынады. Үстелде қалған тақырыптық суреттер ойыншықтар сияқты ойнатылады. Сабақ соңында логопед баланың аталған ойыншықтармен жасалған қимылдарды жалпылайды: «Машинамен, әтешпен, доптармен... – ойнаймыз». Қыз үстіне не киген? М а қ с а т ы.Жай жайылма сөйлемнен тұратын сөйлеу тілін қалыптастыру жұмысын жалғастыру, сөйлеудің фонетикалық жағын, оның грамматикалық құрылысын жетілдіру. Балалардың белсенді сөздік қорындағы жеке киімнің, аяқ киімнің атауларын бекіту. Киім, аяқ киім заттарымен орындалатын негізгі қимыл туралы түсінік беру. О қ у қ ұ р а л ы. «Қыстық киімдегі балалар » суреті.


С а б а қ б а р ы с ы. Логопед балаға суретті көрсетіп: «Қара. Көшеде қар. Суық. Жылдың осы уақыты қандай: қыс па әлде жаз ба?» дейді. Бала өзі немесе ересек адамның көмегімен «Қыс» -деп жауап береді. «Қыз серуендеуге шықты. Қыз үстіне не киді?» деп жалғастырады логопед. «Ол пальто, қалпақ, етік, мойынорағыш киді», — деп жауап береді бала. Логопед сабақты қорытындылап: «Көйлек, бас киім, мойынорағыш, етікті киеді» дейді. Көкөністер М а қ с а т ы. Балаларды табиғи көкөністермен және олардың атауымен таныстыру; олармен орындалатын негізгі қимылдар туралы түсінік беру. Сөз тіркестерімен сөйлеуді қалыптастыру, белсенді сөздік қорын кеңейту, сөз құрылымын жетілдіру, сөйлеудің фонетикалық жағын, оның грамматикалық құрылысын жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру. О қ у қ ұ р а л ы. Табиғи көкөністер (сәбіз, қияр, пияз, қызанақ); себет. С а б а қ б а р ы с ы. Логопед үстелге көкөністерді қойып, олардың атауын атайды. Бала сол атауларды қайталайды. Барлық көкөніс үстел үстіне қойылғаннан кейін ересек адам баладан оларды қайталап атауын сұрайды. Содан кейін балаға


қарап: «Сәбізді ал. Ермахан, сен нені алдың?» — «Мен сәбізді алдым», — деп жауап береді бала. «Сәбізді себетке сал». Бала сәбізді себетке салады, логопед одан: «Ермахан, сен себетке нені салдың?» - деп сұрайды. Бала: «Мен себетке сәбізді салдым», — деп жауап береді. Дәл осылай ойын қалған көкөністермен ойнатылады. Логопед баладан көкөністер салынған себетті алып, оларды үстелге қайта қойып: «Бұл сәбіз, қияр, пияз, қызанақ. Біз оларды жейміз» - дейді. Бала сөз тіркесін қайталайды. Атын атап, орнына дұрыс қой М а қ с а т ы. Балалардың белсенді сөздік қорына жекелеген көкөністердің атауын бекіту. Көкөністермен орындалатын негізгі қимыл туралы түсінікті қалыптастыру жұмысын жалғастыру. Баланың тіліне кең таралған қарапайым сөздерді енгізу жұмысын жалғастыру. Сөз құрылымын, оның фонетикалық жағын, грамматикалық құрылысын жетілдіру. О қ у қ ұ р а л ы. Табиғи көкөністер және олардың тиісті муляждары (5—6 дана); себет. С а б а қ б а р ы с ы. Үстел үстіне табиғи көкөністер салынған себет қойылады. Логопед себеттен сәбізді алып шығып, оны көрсетіп: «Дархан, бұл не?» деп сұрайды. Баладан: «Дархан, менен сәбіз сұра». — «Маған сәбізді бер». — «Мә, Дархан, сәбіз. Сәбізді үстелге қой». Бала көкөністі қасындағы себетке салады. Ойын қалған көкөністермен дәл осылай ойнатылады. Нәтижесінде барлық көкөністер үстел үстіне қойылады. Логопед үстел үстіне муляждар салынған себетті қояды. Муляждардың бірін қолына алып, оны балаға көрсетіп: «Бұл не?» деп сұрайды. Бала жауап береді немесе ересек адамның соңынан қайталайды: «Бұл шалқан*. Логопед баладан үстел үстінде шалқанның қайда жатқанын көрсетуін сұрайды. Содан кейін балаға муляжды беріп, оны табиғи шалқанның қасына қалай қою қажеттігін көрсетеді. Қалған муляждармен және көкөністермен ойын дәл осылай ойнатылады. Ойынның соңында бала себетке муляждар мен көкөністерді салып: «Мен себетке қияр (шалқан, сәбіз) салдым» сөз тіркесін айтады. Баланың түсіндіруін логопед: «Сәбізбен (шалқанмен) не істейміз?» деген сұрақ қою арқылы қол жеткізеді. Бала жауап берген кезде негізгі қимылды атағанын қалайды. Сабаққа 2-3 бала қатыса алады. Бақша М а қ с а т ы.. О қ у қ ұ р а л ы. Көкөністердің, жүйектердің жазықтық контурларының жиынтығы, себет.


С а б а қ б а р ы с ы. Сабақ 2-3 баламен өткізіледі. Әр баланың алдына логопед атауын оның белсенді сөздік қорында бекітуге тырысатын көкөністер жиынтығын қояды. Көкөністердің бір жиынтығын логопед өзінде қалдырады. Олардың ішінен сәбізді алып шығып, оны балаларға көрсетіп: «Қараңдаршы, бұл не?» дейді. Жауабын алып, келесі көкөністі көрсетіп, оны атауды сұрайды. Осылайша әр бала оларға көрсетілген көкөністі атайды. Логопед жүйектерді көрсетіп: «Бұл жүйектер. Біз жүйектерге пияз, сәбіз, қырыққабат, қияр, шалқан отырғызамыз. Мен пияз отырғызамын, — дейді де логопед қалай «отырғызу» қажеттігін көрсетеді. — Сұлтан, шалқанды алып, оны жүйекке отырғыз» дейді. Жүйекте шалқан отырғызатын ойық болады. Бала көкөністі «отырғызады». «Сұлтан, сен жүйекке не отырғыздың?» — «Мен жүйекке шалқан отырғыздым». Балалар барлық көкөністі отырғызып болғаннан кейін логопед: «Ал енді мен жүйектегі пиязды жұлып аламын, — дейді де жүйектегі ойықтан пиязды жұлып алады. — Оны себетке саламын» дейді. Салғанын көрсетіп, балалардың біріне қарап: «Арман, қиярды жұлып ал» дейді. Бала жүйек ойығынан көкөністі жұлып алады. «Сен нені жұлып алдың?» — «Мен қиярды жұлып алдым». — «Қиярды себетке сал». Бала қимылды орындайды. «Сен қиярды қайда қойдың?» — «Себетке». — «Сен қиярды не істейсің?» — «Қиярды жеймін». Осылайша әр бала көкөністермен ойынды ойнап шығады. Сабақтың соңында логопед балаларға мынадай сұрақ қояды: «Біз сәбіз, қырыққабат, қияр, шалқан, пиязбен не істейміз?». Балалар: «Жейміз» деп жауап береді. Жемістер мен жидектерді де көкөністердей ойнатуға болады. Ескертпе. Ыдыс-аяқ, жиһаз және басқа да тұрмыстық заттармен таныстыру үшін режимдік сәттерді пайдалануға болады. Мысалы, түскі ас кезінде логопед балалардан олардың ненің үстінде отырғанына, тарелканың ненің үстінде тұрғанына, нені және немен жеуге болатынына назар аударуды сұрайды. Жатын бөлмеде тұрып, логопед балаларды төсек жабындарымен және т.с.с. таныстырады. Жоғарыда аталған ұғымдарды бекіту үшін тақырыптық суреттер, лото пайдаланылуы мүмкін. Үй жануарлары М а қ с а т ы: Балалардың белсенді сөздігінде үй жануарларының атауларын білдіретін сөздерді бекіту. Осы жануарлардың денесінің бөліктерін атауға үйрету. О қ у қ ұ р а л ы. Үй жануарлары бейнеленген суреттер (3 аспайды).


Click to View FlipBook Version