Пиктограмма (лат. pictus- бейнеленген + гр. gramma - жазба, жазу) - белгілі бір мағлұматты қарапайым графикалық түрде бейнелейтін кескіндер.
Пиктограммалар ақпаратты қандай да болмасын тілге тәуелсіз және жылдам жеткізеді, әрі қауіптен сақтандыру мақсатында ролі ерекше.
ПИКТОГРАММАНЫ балабақшада қолданудың маңыздылығы
Пиктограмма арқылы бала еркін сөздерді айта алады және сөйлемдерді толық құрауды үйренеді.Ертегі мазмұнын мазмұндауға, өлең жолдарын жылдам жаттауға жаттығады.Бейнелі суреттердің белгісін көз алдарында елестете отырып, естеріне сақтап, кез келген уақытта жылдам айтып береді.
Пиктограмманы қолдана отырып өлең жолдарын немесе ертегіні жаттатудың кезеңдері: 1. Мәтінді мәнерлеп оқимыз 2. Мәтін ішінде кездесетін таныс емес сөздерге тоқталып мәлімет беріп түсіндіреміз 3. Бейнелі суреттермен мәтінді сәйкестендіре түсіндіреміз 4. Пиктограмманы қолдана отырып өзіміз бірінші мәнерлеп айтып оқып береміз
Бас бармағым -атам , Үйдің данасы . Балан үйрек -әжем , Ошақ анасы . Ортан терек -әкем , Отау тынысы . Шылдыр шүмек –шешем , Шаңырақ ажары . Кішкентәй бөбек -мен, Бәрінің назары . Саусақ жаттығуын қайтала
Шынықсаң шымыр боласың Толысып айдай толасың Спортты серік ете біл Жақсы азамат боласың «Денсаулық» өлеңін Белгілерге қарап жаттап ал
Алманы сипаттап әңгімеле
БҰЛ ҚАЙ ЕРТЕГІ? МАЗМҰНДАП БЕР
БЕЛГІЛЕР НЕНІ БІЛДІРЕДІ?
ҚОЛ ЖУУ ЕРЕЖЕСІН ЕСІҢЕ САҚТА!
МАҚАЛДЫ ЖАТТАП АЛ «ЕГІСТІКТЕ ДӘН АЛТЫН ДАСТАРХАНДА НАН АЛТЫН»
ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІН АТА, ЕСІҢДЕ САҚТА