The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілін ойлау арқылы дамыту (1)

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Aigul Shongarova, 2023-06-09 06:42:59

Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілін ойлау арқылы дамыту (1)

Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілін ойлау арқылы дамыту (1)

С а б а қ б а р ы с ы. Логопед балалармен бірге үй жануарларының суреттерін қарайды, әрбір жануарға тән дене бөліктерін көрсетеді және атайды. Үй жануарлары не жейді? М а қ с а т ы. Үй жануарлары не жейтінін түсіндіру. Балаларға толық жауап беруді үйрету. О қ у қ ұ р а л ы. Үй жануарлары мен олардың жейтін тамақтары бейнеленген суреттер: шөп, тәрелкедегі сүт, көкөніс, сүйегі бар ет. С а б а қ б а р ы с ы. Логопед балаларға суреттерді көрсетіп, оның «Бұл не?» деген сұрағына олар жануарларды атайды. Суреттер астына жануар бейнеленгенімен қатар олардың жейтін тамағы бейнеленген тағы бір суретті қоюға болатындай етіп үстел үстіне қойылады. Барлық суреттер аталып, үстел үстіне қойылғаннан кейін логопед тәрелкеге құйылған сүтті көрсетіп: «Бұл не?» деп сұрайды. Балалар: «Бұл сүт құйылған тәрелке» деп жауап береді. — «Сүт ішкенді қай үй жануарыжақсы көреді?» деген сұрағына балалар: «Мысық сүт ішкенді жақсы көреді» деп жауап береді. Ересек адам суретті балалардың біріне беріп: «Болат, мысыққа сүт құйылған тәрелкені қойшы» дейді. Бала суретті алып, мысықтың суреті


бейнеленген суреттің астына қояды. Логопед: «Ал мысық сүтті қалай ішеді?» деп сұрайды. Балалар: «Тілімен жалап ішеді. Міне былай» деп көрсетеді. Содан кейін ересек адам шөптің суреті бейнеленген суретті көрсетіп: «Балалар, шөптіқай мал жейді?» деп сұрақ қояды. Балалар сиырды атайды. Логопед: «Шөпті тағы ешкі мен ат жейді» деп қосады. Балалар шөптің суреті салынған суретті кезекпен ат, сиыр, ешкі салынған суреттерге қояды. Алған білімдерін бекіту үшін сабақтың соңында логопед балаларға әңгіме барысында қойылған сұрақтарды қайталайды. Балалар сөз тіркесімен жауап береді. Тағы не келді? М а қ с а т ы. Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін бекіту. Көру есін дамыту. Белсенді сөздік қорын толықтыру. О қ у қ ұ р а л ы. Үй жануарлары бейнеленген суреттер. С а б а қ б а р ы с ы. Логопед балаларға 3 сурет (сиыр, мысық, ит) көрсетіп, олардан: «Бұл не?»-деп сұрайды. Балалар атайды. Әр сурет үстел үстіне қойылады. Ересек адам балаларға суреттерді жақсылап қарап, оларды естерінде сақтап, көздерін жұмуды сұрайды. Үстел үстіне тағы бір сурет қойылады - ат. Көздерін ашқан кезде балалар: «Тағы не келді?» деген сұраққа жауап беруі тиіс. Содан соң логопед суретті ауыстырып, ойынды 2-3 рет қайталайды. Суреттердің санын 4-5 дейін арттыруға болады. Ересек адам 1 емес, екі сурет қоюы мүмкін, балалар оларды атауға тиіс. Не екенін тап М а қ с а т ы. Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін бекіту. Тақпақ түріндегі мәтінді қабылдауға үйрету.


О қ у қ ұ р а л ы. Жануарлар бейнеленген суреттер. С а б а қ б а р ы с ы. Логопед суреттерді үстел үстіне қойып: «Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жақсылап тыңдап, жұмбақта қандай жануар жасырылғанын табуға тырысыңыз. Қожайынын жоқтатпай, Үйді күзетеді. Бөтен адам келсе егер, Ырылдап үре кетеді. (Ит) Бұл не?» Балалар: «Ит» деп жауап береді. Жұмбақты бірінші болып тапқан бала суретті өзіне алады. Логопед басқа жануарлар туралы жұмбақ жасырады, мысалы: Мұртымды сипап күні бойы, Бетті сусыз жуамын. Мяу! Тамақты аңдып түні бойы, Жылы сүтті тосамын. (Мысық) Сабақтың соңында логопед кім қанша жұмбақ шешкені, яғни балалардың қайсында сурет көбірек екені туралы қорытынды шығарады. Төлін тап М а қ с а т ы. Балаларды үй жануарларының төлімен таныстыру. О қ у қ ұ р а л ы. Үй жануарлары мен олардың төлдері бейнеленген суреттер. С а б а қ б а р ы с ы. Логопед үй жануарларының суреттерін көрсетеді, ал балалар оларды атайды. Содан кейін суреттер әрбір үй жануарына өзінің төлін қоятындай етіп үстелге қойылады. Үй жануарлары бейнеленген суреттердің барлығы үстел үстіне қойылғаннан кейін, логопед олардың төлдерінің суреттерін


көрсетеді, мысалы марғауларды көрсетіп: «Бұл марғаулар. Олардың енесі — мысық. Марғаулар мяу-мяу деп мяулап, өзінің енесін іздейді. Сұлтан, марғаулардың енесі қайда?» дейді. Бала мысықты көрсетіп: «Марғаулардың енесі мынау. Бұл мысық» дейді. Логопед марғаулар бейнеленген суретті беріп, мысық бейнеленген суреттің үстіне қояды. Осылайша төлдер бейнеленген қалған суреттер аталып, орындарына қойылады. ЕРТЕГІ АЙТУДЫ ҮЙРЕТУ « Бауырсақ» ертегісі М а қ с а т ы. Балаларды ертегі кейіпкерлерімен, олардың қимылдарымен таныстыру. О қ у қ ұ р а л ы. «Бауырсақ» театры. С а б а қ б а р ы с ы. Логопед балаларды ертегі кейіпкерлерімен таныстырады: қатысушы адамдардың мүсіндерін кезекпен көрсетіп, оларды атайды. Кейіпкерлер мүсіні ертегі сюжетіне сәйкес бір қатарға тізіледі. Логопед әр баладан оларды атауын сұрайды. Осыдан кейін мүсіндер шетке қойылады. Ересек адам кейіпкерлер мен олардың қимылын көрсете отырып, ертегіні айтуға кіріседі. Ертегі барысында балаға көрсетілген кейіпкерді атау, оның жасаған қимылын қайталау ұсынылады.


Нұсқа. М а қ с а т ы.Ертегінің мазмұны бойынша сұрақтар қою арқылы ертегіні есте сақтауға көмектесу. С а б а қ б а р ы с ы. Сабақ сұрақтар мен жауаптар түрінде өткізіледі. Егер бала өз бетінше жауап бере алмаса немесе дұрыс жауап бермесе, логопед жауап үлгісін береді, бала қайталайды. Логопед үстелге бауырсаққа арналған таған қояды, балаға бауырсақты көрсетіп: «Бұл не?» деп сұрайды. Бала: «Бауырсақ » деп жауап береді. Логопед атаны көрсетіп: «Бұл кім?» дейді. Бала: «Бұл ата» дейді. Логопед ертегісін бастайды. Ертегі желісін толықтай баяндап шығады. Ескертпе. Балалар ертегіні есте сақтаса да логопедтің көмегіне жиі жүгінеді, ал кейбіреулері ертегіні ересектердің аздаған көмегімен өзі айтып беруі мүмкін. Ол үшін «Бауырсақ» сюжетті суретін пайдалануға болады. Логоритмика ХХ ғасырдың басында Европада–швейцариялық педагог және сазгер Эмиль Жак Далькроз «ритмикалық тәрбие», жүйесінің негізін қалады. ХХ ғасырдың 30-жылдары Россияда – В.А. Гиляровский, Н.А. Власова логопедиялық ритмиканы тіл кемістігін түзетуде қолдануды ұсынады. Қазіргі кезде, логопедиялық ритмика–жалпы тіл кемістігі бар балаларды түзетутәрбиелеу жүйесіндегі міндетті компонент болып отыр. Логоритмикалық ойын жаттығуларының негізгі мақсаты: дамыта-тәрбиелеу және түзету бағытымен қимыл-әрекет аймағын сөзбен және музыкамен біріктіріп сөйлеу тілінің бұзылымдарын алдын-алу және түзету. Сонымен қатар алға қойған мынадай міндеттері бар: жалпы және ұсақ моториканы дамыту. Қимылды мәтінге және ырғақ сезіміне сәйкес дәл орындай білу дағдысын жетілдіру. Артикуляциялық аппаратты дамыту. Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. Әуенді қабылдауға тәрбиелеу, зейінді, есте сақтауды, тілді дамыту. Сөзді, әуенді және қимылды біріктіру нәтижесінде балалар оқу іс-әрекеттері кезінде өздерін еркін ұстай білуге үйренеді. Олардың ритмикалық қабілеттері жақсарады. Балалардың өз қимылдарын басқара білуі жетіледі, ширақ және дербес бола түседі. Логоритмикалық ойын жаттығуларды жасату арқылы бала дауысын, тыныс алуы, еске сақтау, байқау қабілеттерін жақсартуға болады. «Бұғының үйі» Бұғының үйі үлкен ( екі қолды жоғары көтеріп үй бейнесін көрсету) Ол қарайды терезеден ( үй терезесінен сығалаған кейіп таныту ) Қоян жүгіріп келіп ( қоянның жүгірісін келтіру ) Ашты есігін ( есікті ашқан кейіп таныту ) Тук-тук ( қолмен тоқылдату) Есік аш Орманда жаман аңшы ( мылтықты бейнелеп көрсету ) Қоян жүр үйге кірші ( қолымызбен қоянды шақыру ) Қолыңды берші ( екі қолды беру ) Кел балақан


Жаттығу сипаты: Балалар орындықта отырып мұғаліммен бірге саусақ қимылдарын жасайды. Кел балақан, балақан! Шапалақта алақан Жай, жай, жай! Қозғап барлық денеңді. Қолды қатты соқ енді, Сарт, сарт, сарт. ... Қолға, алып шарды, Үрлеймін мен былай. Уф-ф-ф, уф-ф-ф-ф Үрлеймін деп қатты, Жарып алдым шарды. Пах. Ойын, жаттығулардан бөлек фонетикалық ритмикаға арналған өлең, тақпақтар таңдалды. 1. 1 дегенде тұрайық, 2, 3, 4 – алақанды соғайық, Оң жаққа бұрылып, Сол жаққа бұрылып, Бір отырып, бір тұрып, Біз жүгіріп алайық. 5 дегенде асықпай, Орнымызды табайық. . 1. «Шапалақта қолыңды» әні Шапалақта қолыңды жәй-жәй-жәй Шапалақта қолыңды тез-тез-тез. Алға қарай адымда жәй-жәй міне былай, Жолыңнан еш жаңылма тез-тез-тез. 2. «Топ-топ балақан» әні Топ топ балақан, Шапалақта алақан. Топ топ балақан, Шапалақта алақан. Мәпелеген анамыз, Әке деген панамыз. Кәмпит берсе біздерге Шын қуанып қаламыз. 3. «Маймақ аю жүрші» әні Маймақ аю жүрші, Маймақ аю жүгірші. Міне былай,міне былай Міне былай билеші. 4. «Маймақ аю тұршы» әні


Маймақ аю тұршы, Маймақ аю отыршы. Міне былай,міне былай Міне былай билеші. Балалармен қарым-қатынысты дұрыс ұйымдастыруға өте маңызды. Әр балаға деген жылы шырайлы, мұқият көзқарас-бұл табысты жұмыс кепілі. Кез-келген логоритмикалық жаттығулар адам миының жұмысын белсенді етеді. Жүйелі логоритмика әрекеті балалардың тілінің дамуына, құрдастарымен қарым-қатынас жасауға ықпалын тигізеді. Сондықтан логоритмикалық ойын жаттығулары балалар үшін әдемі сөйлеу мерекесіне айналды. Саусақ жаттығулары. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады.Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан,бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын логопед сабағында және үй жағдайында әсерлі, көнілді түрде ұйымдастыруға болды. Шынжыр. Оң және сол қолдағы басбармақпен баланүйрек саусақтары түйісіп, жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды. Піл. Оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса, баланүйрек саусақ пен шылдыршүмек саусақ алдыңғы аяқтар,ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.


Гүл. Қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады, Саусақтар ашылады Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады: Саусақтар шынжыр болады, Үзілмейді тартсаңда. Ал, піл келіп шынжырды, Үзіп кетті басқанда. Тұмсығымен доп іздеп, Ойнағысы келіп тұр. Достық үшін пілге мен, Гүл сыйлағым келіп тұр. Саусақтар жүреді. Екі саусақпен 5-ке дейін тура және кері санап, алға-артқа жүреді Санамақ Балаға қарама-қарсы отырып, логопед көрсетіп отырады, қолдарды құлыпқа ұқсатып түйеді. Саусақтарын кезек-кезек создыра көрсетіп, «Кел,санайық санамақ, саусақтарға қарап ап. Басбармақ, Балан үйрек, Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек.» Бала қозғалыстарды қайталайды.


«Сәбіз салаты» саусақ ойыны Сәбізді алып тазалаймыз ( оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды) Үккішпен үгіп майдалаймыз ( екі қолды фжұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғарытөмен қозғайды) Қанттан сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың ұшымен қант себеді) Міне дайын нәр тағам ( екі қолын алдына жайып көрсетеді). Дәруменге байыған ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді). «Кірпі» жаттығуы Момақанмын алайда (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады) Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды). Кіріп кетсе қолыңа, Өкпелеме жарайма! «Достық» жаттығуы Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос ( қолдың саусақтары өзара бірігеді) Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз ( екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу)Бір, екі, үш, төрт, бес (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)


Ұсынылған әдебиет тізімі 1. Выготский Л.С. Игра и ее роль в психическом развитии ребенка// Вопросы психологии. 1966. 2. Запорожец А.В. Некоторые психологические моменты детской игры. –М., Просвещение,1966. 3. Усачева Л.Н. Коррекционная направленность игравой деятельности дошкольников с общим недоразвитием речи. Дис., М., 1983 4. Аугене Д. Й. Игра как средство активизации речевого общения умственно отсталых детей старшего дошкольного возраста. Автореф.; М., 1987 5. Алтынсарин Ы. Киргизская хрестоматия. Алма-ата, Жазушы, 1979. 6. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы 1992 7. Нургалиев К.А. Этнопсихологические особенности решения проблем, ситуаций (анализ процесса отгадывания загадок казахской общности.) Автореф., М.,1984 8. Тотенаев Б.Т. Казахские народные игры. А-А., Казахстан, 1976 9. Сағындықов Е. Использование народных игр в учебно-воспитательной работе 1-4кл.каз.школы. Алма-Ата,1988. 10.Воспитательные возможности казахских народных игр (С.А. Узакбаева, А.К. Айтпаева).- Алматы, 1996.


МАЗМҰНЫ Алғы сөз ……………………………………………………….. 2 Оқытудың бірінші кезеңі ………………………………………… 5 Оқытудың екінші кезеңі …………………………………………. 18 Оқытудың үшінші кезеңі ………………………………………….. 35


Click to View FlipBook Version