The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

721 БҰЙРЫҚ Арнайы педагогика 218 топ

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by bazarbaevasirin20, 2023-11-20 04:27:24

721 БҰЙРЫҚ Арнайы педагогика 218 топ

721 БҰЙРЫҚ Арнайы педагогика 218 топ

№ 721 БҰЙРЫҚ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ Орындағандар: Абсамат Аяулым Алмабекқызы Шолпан Базарбаева Ширин, Әбдеш Жансая Бейсенова Алуа , Берікболова Аида


«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелді, 2016 жылғы 28 қыркүйектегі «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттыққұқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы»;


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы «29» желтоқсандағы № 721 бұйрығына сәйкес 1) Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балалар үшін 2) Көру қабілеті бұзылған 3) Есту қабілеті бұзылған 4) Зерде бұзылыстары бар 5) Тірек қимыл аппараты бұзылған 6) Күрделі бұзылыстары бар болып жеке жеке қарастырылады.


Сөйлеу тілі зақымдалған балалар «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 14 - баптарына сәйкес әзірленді. Бағдарламаның мақсаты - сөйлеу тілі жалпы дамымаған (бұданәрі - СТЖД) балаларда бастауыш мектеп бағдарламасы бойынша әрі қарай ана тілін меңгеруге сапалы дайындыққа және қоршаған ортада әлеуметтік бейімделуге, жалпы дамуына ықпал ететін, қарым-қатынас мәдениетін және сөйлеу белсенділігінің базалық үрдістері мен қызметін қалыптастыру Бағдарлама міндеттері: 1) қарым-қатынасты қажетсіну деңгейін жоғарылату және қоршаған ортадағы адамдарға қызығушылығын тәрбиелеу; 2) импрессивті және экспрессивті сөйлеуді дамыту (енжар және белсенді сөздікті жүйелендіру және байыту); 3) ауызша байланыстырып сөйлеуді дамыту (диалогтық және монологтық);


Бағдарламаның мазмұны балалардың дене және психологиялық дамуының жас кезеңдерін қамтиды: 1) бірінші кіші топ – 2 – 3 жастағы балалар; 2) екінші кіші топ – 3 – 4 жастағы балалар; 3) ортаңғы топ – 4 – 5 жастағы балалар; 4) мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер – 5 – 6 жастағы балалар; 5) жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы – 6 – 7 жастағы балалар.


Бірінші кіші топ (2-3 жастағы балалар) «Коммуникация» білім беру саласы «Коммуникация» білім беру саласының базалық мазмұны бұл топта тіл дамыту арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады. Мақсаты: қолжетімді сөйлеу құралдарымен сөйлеу қарым-қатынас дағдыларын және қоршаған ортадағы адамдардың сөйлеуіне қызығушылықты дамыту болып табылады. Міндеттері: 1) сөйлеуді түсінуді дамыту; 2) енжар және белсенді сөздікті кеңейту; 3) тілдің лексико-грамматикалық құралдарын қалыптастыру; 4) түрлі формалар және іс-әрекет түрлерінде ауызша байланыстырып сөйлеудің алғышарттарын қалыптастыру; 5) балаларды бір-бірімен қарым-қатынасқа итермелеу.


Екінші кіші топ (3-4 жастағы балалар) Бұл топтағы «Коммуникация» білім беру саласының базалық мазмұны тіл дамыту арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады. Мақсаты:қоршағандардың сөйлеуіне қызығушылықты және ауызша байланыстырып сөйлеуді дамыту, сөздік қорды кеңейту болыптабылады. Міндеттері: 1) сөйлеуді түсінуді дамыту; 2) тілдің лексико-грамматикалық құралдарын қалыптастыру; 3) фонематикалық естуді және сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту; 4) байланыстырып сөйлеудің қарапайым дағдыларын қалыптастыру; 5) балаларды құрдастармен қарым-қатынас жасауға ниеттендіру.


Көру қабілеті бұзылған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 14 - баптарына сәйкес әзірленді.Бағдарламаның мақсаты - балалардың жастық және жекелей мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес арнайы түзетушікомпенсаторлық және әлеуметтік-бейімдік дағдылар мен икемдерді қалыптастыру; оқу, ойын, тұрмыстық ісәрекеттің алуан түрлеріне өз бетімен қатысуға даярлау, әлеуметтік жағдайларға бейімдеу. Көру қабілеті зақымдалған балалар Бағдарламаның міндеттері: 1) әртүрлі құрылымы мен көріну дәрежесі көру патологиясы бар балаларға коррекциялық көмекті ұйымдастыруда дара-дифференциалды тұғыр қағидасымен қамтамасыз ету; 2) коррекциялық, алдын алу және дамытушы міндеттердің бірлігін қамтамасыз ету; 3) емдік-қалпына келтіру процесімен түзетедамыту жұмысының өзара байланысын қамтамасыз ету; 4) қоршаған ортаны қабылдауда балалардың сенсорлы мүмкіндіктеріне адекватты коррекциялық-дамытушы ортанықұру; 5) тифлопедагог пен баланың жақын әлеуметтік аймағының ынтымақтастығы.


Бірінші кіші топ (2-3 жастағы балалар) «Таным» білім беру саласы «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады – көру түйсігі (көзі көрмейтін балалармен көру түйсігін дамытудың орнына сезіну және сипап сезуді дамыту бойынша түзеу оқу қызметі жүргізіледі), кеңістікте бағдарлау. Мақсаты ретінде қоршаған әлем туралы адекватты ақпарат алу үшін сақталған анализаторларды және зақымдалған көруді қолдану біліктілігін қалыптастыру алынады. Көру қабілеті зақымдалған балалалардың үлгілік оқу процесі 6 параграфқа бөлініп кеңінен талданылған Екінші кіші топ (3 - 4 жастағы балалар) «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны – көру арқылы қабылдау (көрмейтін балалармен – түйсіну және ұсақ моторика), кеңістікте бағдарлау арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады. Мақсаты ретінде, полисенсорлы қабылдау негізінде қоршаған әлемді тануда іс-әрекеттің арнайы тәсілдерін қалыптастыру.


Есту қабілеті зақымдалған балалар Есту қабілеті бұзылғанбалаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұданәрі -Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 14 - баптарына сәйкес әзірленді. Бағдарлама мақсаты: мектеп жасына дейінгі есту қабілеті бұзылған балалардың типологиялық, жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес рухани-адамгершілік құндылықтарын,білім, білік, дағдыларын қалыптастыру. Міндеттері : 1) есту қабілеті бұзылған балаларды түзету-дамыту көмегін көрсетуде педагогтарға көмек беру; 2) есту қабілеті бұзылғанбаланың жалпы дамуын жетілдіру; 3) есту қабілеті бұзылған балаларды мектепке даярлау; 4) білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, баланың зияткерлік, әлеуметтік және тұлғалық дамуы үшін білім беру салаларын кіріктіру, 5) тәрбиелік, дамытушылық және оқыту міндеттерінің бірлестігін, мектеп, балаларды тәрбиелеуде мектепке дейінгі ұйым мен отбасының ынтымақтастығын қамтамасыз ету.


Бірінші кіші топ (2-3 жастағы балалар) Тіл дамыту, есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту арнайы түзеу оқу қызметінде іске асырылады Тіл дамыту бағдарламасы келесі бөлімдерді қамтиды: 1) қатынас; 2) қабылдау /сөйлеу тілін түсіну; 3) айтылым; 4) оқылым Екінші кіші топ (3-4 жастағы балалар) Тіл дамыту Екінші оқу жылында, егер балаларды оқытуды 2 жастан бастаса,оларды кестеде жазылған сөздерді танып оқуға, педагогтар айтатын сөздер мен сөйлемшелерді естіп-көріп қабылдауға, нақты сөйлеу жағдайларда ұсынылатын тілдік материалдыөз бетінше шамамен жақын көрсетілген және жақын ұштасқан түрде айтуға үйретеді.Дактиль сөздерді меңгеруге дайындық жұмыстары жүргізіледі. .Егер балаларды оқыту 3 жастан басталса,онда бағдарламаның бірінші оқу жылыныңмазмұнынжоспарлау кезінде тіл дамыту жұмыстары жүзеге асырылады және 2-ші оқу жылындабалалардың есту, сөйлеу және интеллектуалды даму деңгейі ескеріледі.


Зерде бұзылысы бар балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы Зерде бұзылған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 14 - баптарына сәйкес әзірленді. Бағдарлама мақсаты: зерде бұзылысы бар балалардың эмоционалды, зияткерлік және әлеуметтік дамуы үшін жағымды жағдай жасау және олардың тұлғалық оң қасиеттерін қалыптастыру. Бағдарлама міндеттері: 1) бала өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-әрекеттік даму ортасын құру; 2) бала бойында адамдармен және қоршаған орта заттарымен әрекеттесу сияқты әлеуметтік тәжірибені меңгеру тәсілдерін қалыптастыру; 3) балаларда қоршаған орта туралы білім жүйесі мен жалпылама түсініктерін қалыптастыру, танымдық белсенділігін дамыту; 4) әрбір жасерекшелік кезеңге тән балалар ісәрекетінің барлық түрлерін қалыптастыру; 5) баланың жеке ерекшелігі мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мектепте оқуға дайындау.


Бірінші кіші топ (2 - 3 жастағы балалар) «Денсаулық» білім беру саласы «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны – дене шынықтыру, мәдени-тазалық дағдылары ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады. Мақсаты дененің қалыпты өсуін, баланың жеке типологиялық ерекшеліктеріне қарай омыртқасын және толыққанды денесін дамытатын жағдайлармен қамтамасыз ету, жеке гигиеналық бастапқы дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Күтілетін нәтижелер: 1) дене жаттығуларын орындауға ынта білдіреді; 2) жаттығуларды педагогтың әрекетіне еліктей отырып орындайды; 3) тәрбиешінің артынан топтасып жүреді; 4) допты лақтырады; 5) жол бойымен және ізін баса жүреді; 6) кілем, тақтай бойымен еңбектейді; 7) арқанның, орындықтың астынан өрмелеп өтеді; 8) ішінен бүйіріне, арқасына, арқасынан бүйіріне, ішіне қарай аударылады. Екінші кіші топ (3-4 жастағы балалар) Барлығы 12 параграфты қамтиды. Оның ішінде күтілетін нәтижелер мен қоса сурет салу, шығармашылық, денсаулық сақтау, таным,коммуникация салалары қамтылады.


НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ


Click to View FlipBook Version