Жансая Рүстембекова smart технологиялар
Шрифты предоставлены компанией «ПараТайп» © Жансая Рүстембекова, 2024 12+ Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero
ОГЛАВЛЕНИЕ smart технологиялар SMART ТЕХНОЛОГИЯЛАР САНАТТАРЫ SMART ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ДАМУТАРИХЫ ӘЛЕМНІҢ10 SMART ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАР ҚАЛАЛАР Білім беру Медицина Smart-Home SMART SMART ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ Процестерді автоматтандыру және құрылғыларды біріктіру технологиялардың жалпы тиімділігін арттырады SMART ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ SMART ASTANA BAGDARLAMASY SMART ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫ
SMART TECHNOLOGY Р Ү С Т Е М Б Е К О В А Ж А Н С А Я СМАРТ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АНЫҚТАМАСЫ SMART технология — бұл барлық қолда бар ақпаратты жинақтауға, қолайлы жұмыс мерзімдерін белгілеуге, ресурстардың жеткіліктілігін анықтауға мүмкіндік беретін заманауи тәсіл. Оның көмегімен көптеген проблемалардың алдын алып, өмір сүру деңгейін біршама жақсартуға болады.Smart технологиялар-жүзеге асатын мақсаттарды қалыптастыру үшін заманауи тәсіл. Яғни, ақылды технология, ақылды техника, пайдалануға ыңғайлы, мейлінше ықшам, көп функциялы құрылғыларды атаймыз.
SMART ТЕХНОЛОГИЯЛАР
САНАТТАРЫ — Смартфондар (әмбебап мобильді құрылғылар) мен гаджеттер (планшеттер, ноутбуктер және т.б. портативті технологиялар) — Smart үй (smart сенсорлар, шамдар, термостаттар және қауіпсіздік жүйелері) — Киілетін электроника (smart сағаттар, фитнес-трекерлер және есту аппараттары) — Көлік (автопилот мүмкіндіктері бар smart көліктер) және дамыған болашақ
SMART ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ДАМУТАРИХЫ Smart технологияның даму тарихы 20 ғасырдың аяғында электроника мен компьютерлердің күнделікті заттарға интеграциялануының алғашқы белгілері пайда болған кезден басталады. Бірнеше негізгі кезеңдер: 1990 жылдар: смартфондар мен PDA (Қалта компьютері) пайда болуы. 2000 жылдар: мобильді технологияны дамуы. 2010 жылдар: смарт гаджеттерге көшу (смарт сағаттар мен құлаққаптар және т.б.) Smart үй және Интернетті заттар (IoT) 2020 жылдар: жасанды интеллект және автономды технологиялар.: Қазіргі таңда Smart технологиясын өндірушілер — АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея елдері. SMART фон, SMART қала немесе SMART құрылғы сияқты бүгінде xалық арасында жиі қолданылып жүрген сөздердің шығуы осы өндіруші мемлекеттермен тығыз байланысты. www.reallygreatsite.com
ӘЛЕМНІҢ10 SMART ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАР ҚАЛАЛАР ҚАЛАЛАРЫ: Лондон, Ұлыбритания Цюрих, Швейцария Тайбэй, Тайвань Нью-Йорк,АҚШ Барселона, Испания Сингапур Париж, Франция Осло, Норвегия Амстердам, Нидерланды Сурат, Индия www.reallygreatsite.com SMART ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢӘРСАЛАДА АЛАТЫНОРНЫ БІЛІМ БЕРУ МЕДИЦИНА SMART-HOME Білім беру бөлігіндегі Smart тұжырымдамасы ақылды тақта, экрандар, әлемнің кез келген нүктесінен интернетке кіру сияқты заманауи технологиялардың пайда болуына әкеледі. Мысалы: балл қою системалары. Оқушы немесе студент болсын кез келген уақытта, қай жерде екендігіне қарамастан өз үлгерімін телефон арқылы көре алады. Оған қоса, өзге пәндерге қарағанда уақытты тиімді пайдаланып, үнемдеуге болады. Ол дегеніміз — қандайда бір ақпаратты кітапxанаға бармай-ақ, онлайн түрде интернет арқылы алуға мүмкіндік жасалған деген сөз. Осыдан біршама жыл бұрын студенттер ауыр әрі ескі кітаптармен оқыса, бүгінде желіден әрдайым жаңартылып отыратын нұсқасын жүктеп ала алады.
Смарт технология медицина саласында да қарқынды дамуда, яғни «Smart» емхана жобасы да қолға алынған болатын. Жобаның басты мақсаты-халықтың денсаулығына баса назар аудара отырып, онлайн түрде емделушінің денсаулығын тікелей қадағалау. Емделуші кезек күтіп тұрмайды және ол үшін көп қағаз толтыру қажет болмайды. Ұялы телефонға немесе компьютерге арнайы бағдарламаны енгізіп, өзіміз жайлы мәліметтерді толтырамыз. Осы шарттарды орындау арқылы дәрігерге алдын ала жазылуға болады. Ал дәрігер диагнозды қою барысында емделушіге қажетті нұсқауларды ұсынып, емделушіні қадағалап отырады. Сонымен қатар емделуші ақылы бөлімге жазылған болса, онлайн түрде терминал арқылы қаражатын өтей алады. Қазіргі таңда «Damumed» бағдарламасы да жедел қарқында дамып келе жатыр. Үйді автоматтандыру-әрекеттерді орындауға және адамның араласуынсыз белгілі бір міндеттерді шеше алатын үй құрылғыларының жүйесі. Мысалы, Өрт және басқа төтенше жағдайларда автоматты түрде үй иесіне хабарлама жіберу, шамдардың автоматты жанып-өшуі, ауаны тазарту, автоматты жылыту. Сонымен қатар теледидар, бейнебақылау, тоңазытқыш, кір шуғыш машина, электр пеші, шаңсорғыш және т.б жатады.
SMART БІЛІМ БЕРУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНАМЫНАЛАР КІРЕДІ: 1. Оқу үдерісіне қатысушылардың құзыреттіліктерін, соның ішінде формальды және формальды емес оқыту үдерісінің ісәрекеттерін қоса, үздіксіз дамуы үшін интеллектуалды ортаны құру, оның нәтижесі алынған жаңа құзыреттерді пайдалану арқылы көрсетілген мінез-құлықтағы өзгерістер. 2. Мақсат — цифрлық қоғамда және ақылды экономикада сәттілікке жету үшін қажетті дағдыларды қамтамасыз ету. SMART білім берудің негізгі сипаттамалары: 1. Әр түрлі операциялық жүйелер үшін жасалған бағдарламалық жасақтама арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз ету. 2. Уақыт пен мекеннен тәуелсіздік, ұтқырлық, барлық жерде, үздіксіздігі және білім туралы ақпаратқа қол жетімділік. 3. Оқу ақпаратына қол жеткізу үшін мобильді құрылғыларды пайдалану арқылы мұғалім мен оқушының дербестігі. 4. Әр түрлі мотивациялық модельдердің анықтамасы. 5. Жұмыс берушілер мен мекеменің жеке және ұйымдастырушылық мақсаттары арасындағы байланыс. 6. Көрсетілген құзыреттердегі өзгерістерді бағалау — білім беру процесінің тиімділігі алынған біліммен емес, оны практикада қолдана білуімен өлшенеді. 7. Оқушының қалауы мен жеке мүмкіндіктері тұрғысынан икемді оқыту. Интерактивті жабдықты пайдаланатын презентацияның жаңа түрі — SMART Boards интерактивті тақталары, Sympodium интерактивті дисплейлері.
SMART ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ПРОЦЕСТЕРДІ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ БІРІКТІРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРАДЫ Автоматтандырылған жүйелер мен смарт құрылғылар тапсырмаларды тезірек және тиімді орындау арқылы уақытты үнемдейді. Smart үйлердегі энергия сияқты ресурстарды оңтайландыру үнемдеуге ықпал етеді. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау, білім беру, бизнестегі инновациялардың пайда болуы.
SMART ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ Смарт технологияның болашағы интернетті заттардың (IoT) қарқынды өсуін, жасанды интеллекттің (AI), машиналық оқытудың смарт қалалардың дамуын білдіреді. Бұл тенденциялар қоғамды, жұмыс құрылымын өзгертеді және автоматтандыру мен оңтайландыру арқылы өмір сүру сапасын жақсартады. www.reallygreatsite.com
SMART ASTANA BAGDARLAMASY «Астана Innovations» АҚ хабарлағандай, қазіргі уақытта елордада төлем сервистерін кеңейтуге үлкен мән берілуде. Осы жылы Smart Astana мобильді қосымшасы түрлі әлеуметтік салада қала тұрғындарын керек ақпаратпен қамтамасыз ететін болады. Smart Astana мобильді қосымшасында қазірдің өзінде «Автобус аялдамасының таблосы» сервисі қол жетімді, ол автобустың қанша уақытта келетінің көрсетеді. Сервис қызметі QR-кодты сканерлеумен жүзеге асады, осындай QR-кодты барлық аялдамаларға қою ойластырылған, ол барлық аялдамаларды виртуальды табломен
қамтуға мүмкіндік береді. Наурыз айында такси шақыру (Astana Taxi) сервисі іске қосылады және жол құны көрсетіліп тұратын болады.
SMART ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫ Нәтижесінде, смарт технологиялар біздің өмір салтымызды өзгертіп қана қоймай, болашағымыздың ажырамас бөлігіне айналды. Олардың маңыздылығы денсаулық сақтау, білім беру және бизнесті қоса алғанда, әртүрлі салалардағы ыңғайлылықты, тиімділікті және инновацияны арттырудан көрінеді. Cмарт-технологиялардың одан әрі дамуы ақылды және заманауи қоғамды қалыптастыруда шешуші рөл атқаратыны белгілі.