Республикалық ғылыми - әдістемелік журнал
ZHARQYN BOLASHAQ
Республиканский научно - методический журнал
Арнайы басылым: Ұ.Құлымбетовке 130 жыл
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ
ҰЗАҚБАЙ ҚҰЛЫМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ
№64 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІНІҢ
Ұ.ҚҰЛЫМБЕТОВТІҢ ҰЛЫЛЫҒЫН НАСИХАТТАУШЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІДЕРІ
1
ЕР ЕСІМІ АТЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ОРДАСЫ
Ақтөбе қаласы
Ұ.Құлымбетов атындағы № 64 ЖББОМ КММ
директоры
Латып Алиби Турсынгалиулы
Мектеп – жастардың талантын шыңдап, даналардың түлеп ұшар тұғыры. Ұлттың рухани байлығы –
білімінде болса, ұстанар бағыты – тәрбиесінде. Ал, білімнің сарқылмас «көзі» – мектепте!
Әр мемлекеттің басты байлығы халық дейтін болсақ, халықтың білімділігі бәсекеге қабілеттіліктің
негізі құралы. Қазақстанда заманауи үлгідегі , әлемдік білім стандартына сай білім мен тәрбие беруде
жаңаша бағыттағы мектептер бой көтерді, осындай білім беру ордасының бірі – «Ақтөбе қаласының
Ұзақбай Құлымбетов атындағы № 64 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ.
Ақтөбе қаласының Батыс-2 шағын жаңа ауданында 2017 жылдың 2 қыркүйегі күні 600 орындық №
64 жалпы білім беретін орта мектебі ашылып, болашақ жас ұрпақты тәрбиелеп, таудай азаматтарды
қалыптастыра, мектеп түлектерінің түлеп ұшуына ұстаздар қауымы өз үлестерін қосып үлгерді.
2019 жылы 21 мамыр күні ресми түрде көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Ұзақбай
Желдірбайұлы Құлымбетовтың есімі берілді.
ҚББ ұйымдастыруымен Ұ.Құлымбетовтың есімі берілуіне байланысты «ҰЛТЫН ҰЛЫҚ ТҰТҚАН
ҰЗАҚБАЙ» атты тарихи танымдық конференция өтті. Шараға мемлекет қайраткерінің туыстары,
тарихшы ғалымдар, өлкетанушылар, қаламыздағы жоғары, арнаулы орта және жалпы білім беретін орта
мектептердің тарих пәні мұғалімдері қатысты.
Білім ордасының есімі Ұлтын ұлық тұтқан - Ұзақбай Құлымбетовтың өмірі мен ол туралы
жинақталған деректерді білім алушылар мен педагогтарға дәріптеу, насихаттау, ұрпақтарымен кездесу
2
ұйымдастыру барысындағы іс шаралардың мүмкіндігінше жылма жыл өткізілуіне аса зор көңіл бөліп,
дәстүрге айналуда.
Биылғы жылы мемлекет қайраткері Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетовтың 130 жыл толу мерей
тойына орай білім ордасында «АЗАТТЫҚТЫ АҢСАҒАН –ҰЛТ АРЫСЫ» атты тарихи бұрыш
орнатылып, білім алушыларға ұлы қайраткерді насихаттауда, толық танып білуге мүмкіндік алды .
Сонымен қатар 130 жыл толу мерей тойға арналған түрлі іс шаралар жыл бойы өз жалғасын
табуда.
Мектеп өмірінің тынысымен, түрлі іс шаралардың нәтижелі өтуі басты назарда алынып , талдаулар
жасауы алдағы мақсатты айқындайды.
Білім ордасының заман ағымына қарай дамуына, ұжымда білім алушыларға дәріс беретін замануаи
көзқарастағы , жаңашыл педагогтар легі қалыптасып келеді.
Білім беру ұйымында қазіргі таңда 1800 жуық оқушы үш аусымдық кезеңге сәйкес білім алуда.
Барлық педагогтар саны- 122, оның ішінде жоғары білімді педагогтар - 109 (90%), ғылыми академиялық
дәрежесі (магистр, бакалавр) бар педагогтар -63 (52%); «педагог - зерттеуші» біліктілік санатты
педагогтар - 33 (31%) құрайды.
Педагогар бойынша кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздары саны: қалалық - 12, облыстық -
49, республикалық - 103, халықаралық -45.
3
Білім алушылар жеңімпаздар саны: қалалық - 28, облыстық - 39, республикалық -251, халықаралық -
330. Ақтөбе облысына қызметтік сапармен келуші мамандардың педагогтар
Мектебімізде
қауымдастығымен және білім беру саласының қызметкерлерімен жиі кездесулер ұйымдастырылады,
соның бірі Білім және ғылым министрі А.Айтмағамбетовпен кездесу барысында мектептерге магистрлік
білімі бар мамандарды тарту қажеттілігі туралы баса айтқан сөзі педагогтарға ой салды.
Білім алушылардың сапалы білім алуы мен педагогтардың шығармашылықтарын шыңдауда бірден бір
жолы - мектептің материалдық базасы, осы бағыттың жоспарлы түрде іске асуы басты назарда .
Соның бірі тосқауылсыз ортаның (пандус, лифт, көтергіш, тактильді жолдар, Брайль тақтайшалары)
болуы : А және Б блоктарында пандус, тактильді жол, Брайль тақтайшалары орнатылып , әр қабатта
көрсеткіш белгілері қондырылған .
«Қолайлы жағдай және қауіпсіз орта жасау барысында 42 - бейнебақылаумен қамтамасыз етілген және
ғимаратқа кіруді (турниктердің болуы (қарапайым, бет тану, білезікпен, саусақ ізімен) бақылауды
ұйымдастыру мақсатында заман талабына сай жабыдықтармен қамтылды.
«А» – блогы турникеті « Б» – блогы турникеті
- хабарландыру жүйесінің болуы ("дабыл түймесі");
- күзет қызметі субъектілері: күзетшілер, вахтерлермен қамтылған.
4
Материалдық-техникалық базаны жақсарту мақсатында қазіргі заманғы жабдықтарды, цифрлық
зертханаларды, интерактивті жабдықтарды, оқу кабинеттері мен т.б. сатып алу барысында 16- интерактивті
тақта , 4-сатып алынған кабинеттер (биология, химия, физика, робототехника) және 18-құжатталған оқу
кабинеттері жұмыс жасауда.
Жалпы Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ педагогтары кәсіби біліктілігін
шыңдап , озат тәжірибелі ұстаздардың іскерлігі мен шығармашылығы ұштаса, ата-анамен бірлесе
жоғары деңгейдегі жетістіктерге жетуіне зор үлесін қосып, белсенділік танытып келеді.
Ел тарихында елеулі еңбек атқарған қоғам , мемлекет қайраткерлерінің есімі білім ордаларына берілсе -
біздің рухани жаңғыруға бет алғанымыздың бір көрінісі.
Білім ордасындаға білім алушылар , болашақ жас ұрпақ үлгі тұтып, бой түзері анық.
Білім беру ордасы - мемлекет қайраткері Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетовтың есімімен аталуы біз
үшін үлкен мәртебе, біз үшін зор мақтаныш, біз үшін үлкен жауапкершілік!
ЖАППАЙ ЖАЗАЛАУ ҚҰРБАНЫ ҰЗАҚБАЙ ҚҰЛЫМБЕТОВ ЖАЙЛЫ БІРЕР
СӨЗ...
Ақтөбе қаласы
Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Садуов Есет Мухамедкалиулы
Көрнекті мемлекет қайраткері, қара¬пайым ауыл мұғалімінен қазақ үкіметінің төрағалығы қызметіне
дейін көтерілген аяулы азамат Ұзақбай Құлымбетов есімін бүгінде біреу білсе, біреу біле бер¬мей¬ді. Шын
мәнінде, оның өмір жолы, қазақ елінің мемлекеттігін нығайту, әл-ауқатын арттыру, өндірісін, ғылым-білімін
жолға қою жолында сарп еткен күш-жігері, ерен еңбегі өз заманында күрескерліктің жарқын үлгісі болды.
Білімі мен білігін, ақыл-парасатын жоғары бағалаған үлкенді-кішілі қауым Құлымбетовті қатты
сыйлағандығы соншалық, 40-тың о жақ, бұ жағындағы жасына қарамастан, «ақсақал» деп ардақ тұтты.
5
Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетов 1891 жылдың 18 наурызында Ырғыз
уезі, Аманкөл болысында қарапайым отбасында дүниеге келген. 1910 жылы
Ырғыздың екі сыныптық орыс-қазақ училищесін, 1912 жылы Ақтөбе
мұғалімдер семинариясын бітірген соң, Ырғыз, Торғай ауылдарында
мұғалімдік қызметте болады. 1919-22 жылдары Ырғыз революциялық
комитетінің төрағасы, сол жылы құрылған Ақтөбе губерниясының
әлеуметтік қамсыздандыру бөлімін, артынан губерниялық оқу бөлімінің
меңгерушісі қызметтерінде болды, губкомның бюро құрамына енгізілді.
Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында облыстық, губерниялық
партия комитеттері мен атқару комитеттерінің төрағасы болған. 1923 жылы
Ақмола губерниялық атқару комитетінің төрағасы болған.
1925-37 жылдары Қазақ АССР Халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы,
Қазақ Өлкелік ішкі және сыртқы сауда халық комиссары, мемлекеттік
Жоспарлау комиссиясының төрағасы, Қазақ Өлкелік Орталық Атқару
Комитетінің (КазЦИК) Төрағасы қызметтерінде болған. Республикадағы
өнеркәсіптің қалыптасуына, Түрксіб сияқты теміржол құрылысының салынуына, Қызылорда, Алматы
қалаларының астана болып қалыптасуына тікелей басшылық жасаған. Ұ.Құлымбетовтың кезінде Қазақ
автономиялық республикасы Одақтың республика мәртебесін алды. Қазақ ССР конституциясы бекітілді.
Қазақ даласына ашаршылық жылдары Монғолия жеріне 6 ай жол жүріп 8 мың бас түйе айдап әкеледі.
Ұ.Құлымбетов "Карлаг", "Алжир" сияқты өлім лагерьлерінің Қазақстан жеріне қоныс тепкендігіне қарсы
болады.
1937-1938 жылдардың зобалаңы қазақтың талай боздақтарының ғұмырын қиды. Ұзақбай Құлымбетов
1937 жылы қыркүйекте 19 наркоммен бірге қамауға алынып, 1938 жылдың 22 наурызында (47 жасында)
«халық жауы» деген жалған жаламен атылды. Сүйегінің қайда қалғаны белгісіз. Кейіннен жазық жаланың
құрбаны болғаннан кейін «АЛЖИР»-де жұбайы Әйіш Құлымбетова 8 жыл отырды.
Ұзақбай Құлымбетов 1958 жылы ақталды. Ұрпақтары 20 жыл бойы «халық жауының» балалары
болып елімізден жырақта жүрді.
(Ақтөбе қаласындағы «Ұ.Құлымбетов атындағы
№64 жалпы білім беретін орта мектеп»)
Қазіргі таңда ер есімін ұлықтап Ақтөбе қаласында мектеп пен көше атауы Ұ.Құлымбетов атына берілген
болатын. Ер есімі – ел есіңде!
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Шөмен ата шежіресі Кіші жүз Шөмекейлер шежіресі: тарихи шежіре кітап. Каракожаев М. – Алматы,
DS Yanus, 2015. - 448 бет.
2. Тарихты арашалау. Репрессияның құрбаны Ұзақбай Құлымбетов жайлы не білеміз?
3. кк.wikipedia.org сайты
6
ҰЗАҚБАЙ ҚҰЛЫМБЕТОВКЕ АРНАУ
Ақтөбе қаласы
Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Имамбаева Айнур Мухамметовна
Туған ел үшін, туған жер үшін, туған Отан үшін олар жасап кеткен игілікті істердің барлығы – кешегі өткен
тарих пен бүгінгі тарихтың сабақтастығы.
Уақыт тілі ілгері жылжыған сайын отызыншы жылдардың құрбандарының ардақты есімдері бүгінгі
ұрпақтың есіне жаңаланып, дараланып еске түсіріліп отыруға тиіс.
Елін сүйген, елі үшін күйген ерлердің есімі ел жадында. Солардың бірі – қазақтың қайсар ұлы – Ұзақбай
Желдірбайұлы Құлымбетов.
«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді». Бұл сөз мәйегін мәнерімен ұстаған қазақтың аталы
сөзі. Небір хас таланттарды дүниеге әкеліп, тал бесігінде әлдилеп тербеткен Ақтөбе өлкесінің перзенті
«Ұзақбай Құлымбетовтің қызмет жасаған ортасы – кілең білімділер мен біліктілердің шоғыры» - дейді
тарих беттері.
Менің алғашқы ұстаздық еңбек жолым қазақтың қайсар ұлы – Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетов
атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебінен бастау алғаны мен үшін мәртебе, үлкен қуаныш !
Шәкірттеріме білім бере отыра, олармен бірге қоғам қайраткері , ұстаз Ұзақбай Құлымбетов туралы
тарихи шығармаларға зерттеулер жасап өз қоржынымды толықтырудамын.
Биылғы жылы қоғам қайраткері , ұстаз Ұзақбай Құлымбетовтың 130 жылдық мерейтойына өз үлесімді
қоспақ ниетпен төмендегідей өлең жолдарын шумақтадым:
Ырғыз, Торғай баурайында өскен ұл,
Дарынымен құт әкелген көшке дүр.
Жеңіп шығып жау деп таққан айыпты,
Тарихымның тұғырына қош келдің!
Өткен күннен өшпес мұра қалдырған,
Асыл бейнең бүгін қайта жаңғырған.
Елім дейтін ерге айналдың сын сәтте,
Бір күндері ойын қуған балдырған.
Ұлтым деген қорғап асыл ұлдарды,
Ғазиз жаның көрді талай сындарды.
Сен суарған ізгіліктің нұрымен,
Талай балғын шәкірттерің бүр жарды.
Шын бағалап ерлік дейтін құсыңды,
Қадіріңді қайран халқың түсінді.
Үлгі етіп болашаққа, жастарға
№64-ші білім ордасына, есіміңді ұсынды!
7
ҰЗАҚБАЙ ЖЕЛДІРБАЙҰЛЫ ҚҰЛЫМБЕТОВТІҢ 130 ЖЫЛДЫҚ
МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ-ТАНЫМДЫҚ КЕШ!
Ақтөбе қаласы
Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Аманжол Айгүл Әлібекқызы
Мақсаты : «Халық жауы» деп атылған ірі мемлекет қайраткері Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетовтің
өмірі, ата-тегі, шежіресі туралы мәліметтер мен еңбектерін болашақ жас ұрпаққа таныстырып, насихаттай
отырып, қайраткердің 130 жылдық мерейтойын атап өту.
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі Ұзақбай Желдірбайұлы
Құлымбетовтің 130 жылдық мерейтойы аясында «Халық жауы» деп атылған ірі мемлекет қайраткерінің
өмірі, ата-тегі, шежіресі туралы мәліметтер мен еңбектеріне тағы да кеңінен тоқтала отырып әдеби-
танымдық кешімізді толықтырмақпыз, қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Ақтөбеде қайраткердің атымен аталатын білім ордасы барын тілге тие еткенімен, ердің
ел дамуына қосқан ерен еңбегі туралы жас буынның бірі білсе , бірі толық білмейтіні жасырын емес .
1-жүргізуші: ия, атап айтсақ Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетов 1981 жылдың 18 наурызында Ырғыз
уезі, Аманкөл болысында дүниеге келген. 1912 жылы Ырғыздың екі сыныптық орыс қазақ учелищесін,1912
жылы Ақтөбе мұғалімдер семинариясын бітірген соң, Ырғыз, Торғай аудандарына мұғалімдік қызметте
болды. Ол – Кеңес одағының саяси қызметкері, Қазақ АКСР Орталық атқару комитеті төрағасы. Ол –
Қазақстанда өнеркәсіптің қалыптасуына түрткі болды.Ол – алтын кеншілерін ұлтқа қайтару туралы мәселе
көтерген алғашқы қайраткер. Бұл оның біз білетін еңбектерінің бір парасы ғана.
2-жүргізуші: Біз осы ретте Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетовтің өмірі, мінезі, қандай қызметкер
болғаны жайлы түрлі архивтік құжаттан ресми деректерді келтіре отырып, оның болмысын еске алғымыз
келді. Ердің ісін нақты деректермен көрсетіп көрейік.
Көрініс «Қасіретпен күрес» (орындаушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері)
1-жүргізуші: «Өлді деуге бола ма, артында өлместей іс қалдырған» - демекші Қазақ Кеңес
республикасын құрушылардың бірі болып, оның аяққа тұруы жолында орасан зор еңбек етіп, алайда ұлтты
жоюды көздеген өзінің ұлттық мүддесін жоғары қойып, «Халық жауы» деп атылған ірі мемлекет қайраткері
Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетовтің туғанына биыл 130 жыл толды.
2-жүргізуші: Қайраткер Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетовтің өмірі жайлы, оның ата-тегі, шежіресі
туралы мәліметтер жинай келе сіздермен бөлісе келе , жазушының жүректен шыққан туындысын қазақ тілі
мен әдебиеті пәні мұғалімі Байтенова Асел Карагуловна назарларыңызға ұсынады.
8
1-жүргізуші: Ұзақбай Құлымбетов туған халқының болашағы үшін күрескен тұлғаның еліне сіңірген
еңбегі, есімінің кеңінен ұлықталмай келетіні қынжылтады, онымен тағдырлас қызметтес болған
қайраткерлер халыққа кеңінен таралып, олар туралы кітаптар, деректі фильмдер жарық көрді. Мүсіндер
орнатылып, институт аты берілді.
Бір өкініштісі Ұзақбай Құлымбетовке елімізде бір мектептің аты да берілмеген, өзінің тарихи бағасын
осы кезге дейін ала алмай келе жатқан тұлғаның еңбегін елейтін, ерлігін ескеретін кез жеткенін әрине біз
үшін қуаныш, үлкен мәртебе.
2017 жылы № 64 жалпы білім беретін орта мектебіне Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетовтің есімі
беріліп, саяси қайраткерге арнап ескерткіш орнатылды. Айтулы іс шараның куәгері болған мектебіміздің
тарих пәні мұғалімі Азаматов Қобылан Құттығұлұлына сөз кезегі берілді.
2-жүргізуші: « Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл-пәл кем бұра,
Нағыз қазақ - қазақ емес,
нағыз қазақ – домбыра» дей отыра, әр қазақтың жүрегімен үндескен
әдемі күйімізбен бүгінгі кешіміз өз жалғасын тапсын.
(Самета Жазира Мырзагалиевна мен Аманжол Айгүл Әлібекқызының орындауында Құрманғазының
«Балбырауын күйі»)
9
1-жүргізуші: Елін сүйген, елі үшін күйген ерлердің есімі ел жадында. Заман көші ілгері жылжыған
сайын сол бір зұламат жылдар құрбандарының ардақты есімдері бүгінгі ұрпақтың жадына жаңалынып,
дараланып еске түсіріліп отыруы қажет... Сондай ардақты есімнің бірі, біз айтқан Ұзақбай Құлымбетов!
Әріптесіміз Бейсембай Қапарұлының ұлы тұлғаға арнау өлеңін қабыл алыңыздар!
( Орындаушы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Үсенғали Ақерке Өмірбекқызы)
2-жүргізуші. Ұлттық мүддені бәрінен жоғары қойған, ұлтжандылығы халқының қамымен ұласқан
қайраткер ұрпағының жадынан да, ғылыми танымынан да мәртебелі орынға әбден лайық.
1-жүргізуші: Ендеше, Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетовтің 130 жылдық мерейтойына арналған
әдеби танымдық кешімізді қорытындылай ұлтжандылығы халқының қамымен ұласқан, саяси қайраткерді
болашақ жас ұрпаққа насихаттау, дәріптеу біздің борышымыз және міндетіміз!
Саяси қайраткердің есімі мәңгі жадымызда қала отырып, Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетовтің
есімімен мектебіміздің аталуы біз үшін, мақтаныш, біз үшін мәртебе !
АҚТАҢГЕР АЛАШ АЙБЫНЫ!
Ақтөбе қаласы
Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жиенбаева Назгүл Сарсенбайқызы
10
Өткен күннен қарайласақ бүгінге өтіп,
Тарихыңа қалады шерің бекіп.
Қазақ үшін жанашыр іс атқарған,
Аяулы ұлы Алаштың Құлымбетов.
Бұл күндері бір төмпешік қырға қонған,
Ел дегенде ақ пейілі нұрға толған.
Қоғамдық жайыттарға шын кірісіп,
Азаматтық істерімен тұлға болған.
Ешбір адам тақпаған затына мін,
Адал еңбек жолымен аты мәлім.
Қылышынан қан тамған кеңес кезі,
Аралады қазақтың бар атырабын.
Күн сөнгенше сөнбейтіндей арайлаған,
Ел мүддесін бәрінен әрі ойлаған.
«АЛЖИР», мен «КАРЛАГ-қа» қарсы болып,
Ұлтының ізгі күнін көп ойлаған.
Қазағым текті еріне қалпы биік,
Биік қойған Алты Алаштың қасиетін.
Алпыс төртінші мектеп бүгін атын алып,
Орындаймыз бабамыздың өсиетін.
Адамзатқа бір ортақ заңдылық бар,
Қазақ елі Ұзақбайдай жанды ұмытпар.
Білімнің заманауи көшіне ілесіп,
Құлымбетов есімін мәңгі ұлықтар.
«ҒҰМЫРЫН ХАЛҚЫНА АРНАҒАН ҚАЙРАТКЕР»
Ақтөбе қаласы
Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Искакова Шолпан Акынтаевна
XIX ғасырдың 60-70-ші жылдарында сол кезде қала мәртебесі болған Ырғызда европалық үлгіде
білім беретін мектептер жұмыс жасады. Оның бастауында халқымыздың тұңғыш ағартушылары
Шаһмұрат Құлыбеков, Ыбырай Алтынсариндер тұрды. Бұрын тек діни медресе-мектептер болған қазақ
даласы үшін бұл үлкен жаңалық, ерекше оқиға болды.
Сол Ырғыз мектебінен қанаттанып ұшқандар ХХ ғасырдың басындағы аласапыран саяси
оқиғаларға белсене араласты, кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында-ақ республикалық деңгейдегі
органдарда жауапты қызметтер атқарды. Олар - республиканың халық ағарту министрі Темірбек
Жүргенов, экономист-ғылым Тел Жаманмұрынов, қазақ тілі білімінің негізін салушылардың бірі Телжан
Шонанов, алғашқы әскери комиссар Мұхамедияр Тұңғашин, КазПИ-дің ректоры, баспа директоры
сияқты жауапты қызметтер атқарған Бәймен Алмановтар еді.
11
Солардың қатарында ауыл мектебінен білім алып, аз ғана жылдар ішінде республика үкіметінің
басшысы деңгейіне дейін көтерілген Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетовтің аты ерекше атауға лайық.
Ұ.Құлымбетов 1891 жылы Ырғыз уезі Аманкөл болысындағы Сасықкөл аулында туған. Әкесі
Желдірбай тұрмысы ортадан төмен, байлардың жалшысы болған кедей адам екен. 2-3 түйемен Орск,
Қазалыдан Ырғызға зат тасушы болыпты. Ұзекең Ырғыздағы екі кластық (төрт жылдық) орыс-қазақ
училищесін үздік бітіріп, 1912 жылы Ақтөбедегі педкурстан мұғалімдік мамандық алып шығады. Содан
кейін Ырғызға оралып, ауыл мектебінде ұстаздық етіп жүрген Ұзақбайға 1916 жылғы патша жарлығына
байланысты оқиғалар, үстем тап өкілдерінің кедей-кепшіктерге көзбе-көз жасаған зорлық-зомбылығы
қатты әсер етеді. Сол бір қиын кездерде - жергілікті билік біресе алашордашылардың, біресе ақ
гвардияшылардың, тағы бірде қызыл большевиктердің қолына тиген аумалы- төкпелі күндерде - өз
бағытын айқындау кімге болса да оңай тимегені анық. Ұзақбай Құлымбетовте 1918 жылы Киселев пен
Кузнецов басқарған Ырғыз қызыл партизандар отрядына кіреді. Жылтыр аулында Киселев жергілікті бір
қазақтың астындағы атын зорлықпен тартып алып жатқанын көрген Ұзақбай оған ара түсіп, қызуқанды
жас кезі ғой, Киселевпен төбелесіп қалады. (Айта кетейік, Киселев Ұзақбайдың Ырғыз мектебіндегі
ұстазы болатын). Осындай кикілжіңдер асқынып, көп уақыт өтпей отрядтың ішінде алауыздық
туындайды, командирдің орынбасары Кузнецов пен Құлымбетов және оларға ерген көпшілік
жауынгерлер Алашорда әскері жағына шығып кетеді. Киселов пен Алманов тобында (қызылдар жағында)
оншақты адам ғана қалған.
Осы жылдары Ұзекең Торғайдағы Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтармен танысып, білісуі
оның саяси ұстанымын айқындай түседі. Тарихтан белгілі, 1919 жылы алашордашылар жеңіліс тауып,
билік басына қызыл коммунистер келді. Осыдан кейін «Мен Кеңес үкіметін жек көремін, бірақ
мойындауға мәжбүрмін» деген алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың басындағы жағдай тәуелсіз Түркістан
мемлекетін құруды көксеген қазақ зиялыларының басым көпшілігіне тән еді. Құлымбетов те кеңес
үкіметін қолдаушылар жағына шықты, 1919 жылдан бастап алдымен Ырғыздағы кеңестендіру жұмысына
араласа бастайды, уездік кеңестің тапсырмасымен Кенжеқара, Тәуіп ауылдық кеңестерін ұйымдастыру
жұмыстарына басшылық етеді. Алайда, Алашорда жағында болған аз ғана уақыты 37-жылы өзінің
атылуына басты себептердің бірі болған еді.
Ырғыз өңірін кеңестендіру жұмыстарындағы белсенділігі мен іскерлігі Ұзақбайдың мемлекеттік
қызметтегі өсу жолдарының баспалдағы болды. 1923 жылы Ақмола губерниялық кеңесі атқару комитеті
төрағасының орынбасары, бір жылдан соң төрағасы болып тағайындалды. Ол кезде Ақмола
губерниясының қарамағына қазіргі Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Өскемен, Семей өңірлері қарайтын.
Ұзақбайдың ең алғашқы қолға алған ісі - ұлттық кадрлар тәрбиелеу мақсатында мемлекеттік
қызметкерлер даярлайтын курс ашып, оған 40 бала қабылдатып, оқытқызған. Сол балалар кейін кеңес
үкіметінің белді қызметкерлері болды. Осы өңірлердегі өндірістік орындардың бастауы Ұзақбайдың
басшылығымен сол жылдары қаланды. Оның негізгілері Петропавл-Көкшетау теміржолы салынды.
Аймақтарда бұрынғы ағаш өңдеу, консерв жасау зауыттарын қалпына келтіріп, алтын өңдеу ісін жолға
қойдырды.
Осындай жігерлі де батыл маман 1925 жылы сол кездегі астана Қызылордаға шақыртылып, Қазақ
АССР Халық Шаруашылығы кеңесінің төрағасы қызметіне жоғарылатылды. Ұйымдастырушылық
қабілеті мықты, қазақ және орыс тілдерінде бірдей шешен сөйлейтін Ұзақбай Құлымбетов бұдан кейін
республиканың басқару органының ең қиын әрі ең жауапты деген учаскелеріне жіберіліп отырған. 1926
жылдан бастап Қазақ АССР Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары, сонымен бір мезгілде
республика сауда халық комиссары, Қазақ АССР-ы Жоспарлау комиссиясының төрағасы сияқты
қызметтер атқарды. Осындай жауапты лауазымдарда кейін республиканың игілігіне айналған көптеген
жұмыстардың жолға қойылуына тікелей басшылық жасады.
Бұл жылдары ол, ең алдымен, республика индустриясының өркендеуіне, ауыл шаруашылығын
жаңаша дамыту ісін ұйымдастыруға бар күш-жігерін жұмсады. Нақтырақ айтқанда, Риддер, Екібастұз,
Атбасар мыс комбинаттарының жұмыстарын дамыту, Елек тұз өндіру кәсіпорнын игеру, Ембіден мұнай
өндірудің қуатын арттыру, Жітіқара, Аққарға, Бозбие алтын кеніштерін Қазақстанға қайтару сияқты істер
Ұзақбайдың тікелей басшылығымен және ұсынысымен іске асырылған. Республика бойынша тау-кен
және металлургия өнеркәсібін дамытуға 23 млн. сом қаржы бөлдіріп, «Атбасцветмет»,
«Алтайказполиметалл» трестерін ашты. Құлымбетовтің үлкен еңбектерінің бірі РСФСР Халық
12
Комиссарлары Кеңесінде қызмет жасайтын Т. Рысқұловпен бірге Түрксиб теміржолын салдыртуы еді.
Рысқұлов орталықтан жәрдем беріп, ал республикадағы жұмыстарға Құлымбетов тікелей басшылық
жасап отырды, мұнда ол Түрксиб құрылысын жергілікті жұмысшы кадрларын тәрбиелеу мектебіне
айналдырды. 1928-1929 жылдары сауда халық комиссары қызметін атқарып, республикада жаңа
(кеңестік) сауда жүйесінің қалыптасуына еңбек сіңірді.
Жалпы, Ұзақбай Құлымбетовтің өмірбаяндық деректеріне және ол туралы естеліктерге көз
жүгірткенде оның өндіріс пен ауыл шаруашылығының қай саласын да өте жетік білгенін, сол салалардың
халыққа пайдасы тиетін жағын бірінші кезекке қоятын, яғни алысты болжап, терең ойлайтын басшы
болғанын аңғару қиын емес.
Ол өз өмірін қазақ елінің мемлекеттілігін нығайту, өндірісін өркендету, халықтың әл-ауқатын
арттыру, ғылым-білімін дамыту, жас кадрларын тәрбиелеу жолына арнады. Ұзақбай Құлымбетовтің өмір
жолын жастарға өнеге етуге әбден болады. Ол - қарапайым қазақ шаруасының отбасында дүниеге келіп,
мемлекет басшысы деңгейіне дейін көтерілген жан. Оны Т. Рысқұлов, О. Жандосов, Н. Нұрмақов сияқты
қайраткерлердің қатарына қосу керек. «Халық жауының» әйелі болғаны үшін ғана 8 жылын түрмеде
өткізген Әйіш апамыз күйеуі ақталмай тұрған кездің өзінде жарына деген адалдығынан айнымай «Менің
Ұзақбайымның жүрегінің әрбір соғысы елім, халқым деп соғатын» депті.
Ал, жүрегі елім, халқым деп соққан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ халқының
қайсар ұлы, ұлтының үлкен тұлғасы Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетов репрессияға ұшырағанда небәрі
47 жаста еді...
Қолданылған әдебиеттер:
1.Ұзақбай Құлымбетов Материалдар мен құжаттар жинағы / [құраст.: С. О. Смағұлова, М. Р.
Сатенова, Р. Е. Оразов]. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2017.
2.Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? – Алматы, 1993.
Баймырза, Л. Б.
3.Жаппай жазалау құрбаны Ұзақбай Құлымбетов жайлы бірер сөз Молодой ученый. — 2018. — №
44.1
«ҰЛТЫН СҮЙГЕН ҰЗАҚБАЙ... »
Ақтөбе қаласы
Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Арыстанбеккызы Бибигуль
Биыл көрнекті мемлекет қайраткері, кезінде қарапайым ауыл мұғалімінен республика
Үкіметінің басшысы дәрежесіне дейін көтерілген жерлесіміз Ұзақбай Құлымбетовтің туғанына 130 жыл
толды.
1891 жыл Ақтөбе өңіріндегі Ырғыз уезі, Аманкөл болысында дүниеге келген Ұзақбай -Құлымбетов
1910 жылы екі сыныптық орыс-қазақ училищесін, 1912 жылы Ақтөбе мұғалімдер семинариясын бітіреді.
Бірден Ырғыз, Торғай ауылдарында мұғалімдік қызметке кірісіп, қазақ жастарының сауатты болуы үшін
қызмет етеді. 1919-22 жылдары Ырғыз революциялық комитетінің төрағасы, сол жылы құрылған Ақтөбе
губерниясының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімін, артынан губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі
қызметтерінде болды, губкомның бюро құрамына енгізілді. Осы жылдары мектептер, жетім балалар үшін
интернат ашқызады. Ат жалын тартып мінгеннен, өмірінің соңына дейін халық мүддесі үшін қызмет
13
жасап өткен Құлымбетов Калининге жазған хатында, Қазақ¬стандағы балалар саны Одақ көлеміндегі
панасыз балалардың үштен бірін құрайды, болашақ ел иелерінің талапқа сай оқуы үшін, олардың оқу
орындарын жабдықтау үшін қосымша үш миллион сом қаржы бөлуін сұраған. Елдің келешегі- жастар
екендігін, оларды дер кезінде оқытып, тәрбие беріп, қоғамның белді мүшесі етіп дайындау керектігіне
ерте бастан қам жасау –қайраткердің қарымды істерінің бір көрінісі ғана. Елге, жерге деген жанашыр
қамқорлығы – патриот ұлдың ұлағатты ойының тек, бір күнді емес, болашақты барлаған көрегенділігі
екенін байқаймыз.
Табандылығымен, қайраттылы¬ғымен, ептілігімен көзге түскен іскер азаматтың иығына жүктелген
қайсар мінезді ердің ғана қолынан келетін, қауіпі мен қатері қатар жүретін өте жауапты әрі шұғыл
атқарылатын іс-қимылдар. Ел басына түскен қарама-қайшылыққа толы, ызы-қиқы, қым-қуыт заманның
қай ағынына түсерін білмей дел-сал күй кешкен алакөңіл халықты ақ шуағы енді туып келе жатқан
жайма-шуақ заманға үйрету, үлкен мұхит бетінде аударылып, төңкеріліп жатқан тау-тау толқындар
секілді мінез танытып, дауылдатып келе жатқан төңкерістің бейбіт күнге айналатынын сендіре қою-
әрине, қиынырақ болатын.Тайғанақ мұздан басталған қауіпті өткел жолдың бас¬тауы қайратты азаматты
29 жасында, 1920 жылы Ресей Коммунистік (большевиктер) партиясына мүше етіп қабылдады.
Нар тұлғалы азамат иығына туған елінің ауыр жүгін артарын және сол артылған жүктің барар
жеріне жеткізілу қажеттігін мойын¬дау азаматтық парызым деп ұқты. Ат жалын тартқан тұлғаның
жанында халықтың қамы жүретіні ақиқат. Адам арлы болса, ақиқаттан аттамай¬тыны шындық.
Жақсылардың сарқытын ішіп, ұлағаттылардың үлгісін көріп өскен Құлымбетовтің жастайынан ойынан
терең, бойынан биік елдік мәселелерге ерте араласуының бір себебі осы болса керек. Қашанда халық өзі
туып, өзі өсірген ұлын жасаған еңбегіне қарап бағалайды. Жасынан әр ісіне мұқият қарап, табандылық
танытып өскен азаматтың өсу жолдары қиядан-қияға өрлеп, шыңға бастап апарған.
Тарих бетінде жазылған мәліметтер Құлымбетовтің Ырғыз уездік қамсыздандыру бөлімінде
қызметкер, ішкі басқарманың төменгі бөлім меңгерушісі, Ырғыз уездік ревкомының ішкі басқармасы
бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1921 жылы Ырғыз Төтенше Комиссиясындағы қылмысты ашу
бөлімінің төрағасы, Ырғыз аудандық партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарғанын, Ырғыз уездік
Атқару Комитетінің мүшесі, Қазақ КСР-ы Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болғанын растайды.
Осы жылдардан басталған жаңа сүрлеу-Құлымбетовтің өмірінің соңына дейін көзсіз ерлікке нар
тәуекелмен баратын жұмыстарға жекті.Өзіне тапсырылған жауапты жұмысты абыроймен атқарған оған
қандай іске де икемді, шебер басқарушы, білікті ұйымдастырушы деп, кеңес жұмыстары тапсырылған.
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының
докторы, профессор Зиябек Қабылдинов Нұр-Сұлтан қаласындағы мұрағат құжаттарында Ақмола
уезіндегі 1921-1922 жылдардағы ашаршылықты жоюға Құлымбетовтің аянбай еңбек еткені көрсетілгенін
айтады.
Қазақ өлкелік Орталық атқару комитетінің төрағасы қызметтерінде болған жылдары республикадағы
өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының қалыптасуына, Түрксіб теміржол құрылысының салынуына
ықпал етеді. Пленум, конференция, съездерде жасаған баяндамаларында, мақалаларында Екібастұз,
Атбасар комбинаттарын қалпына келтіріп, Жетіқара, Аққарға, Бозбие алтын кеніштерін қазақ еліне
қайтару туралы мәселелерді батыл түрде көтерген. Елек тұз өндіру, Ембі мұнай кәсіпорнының қуатын
арттыру, мұнай өңдейтін зауыт салу, мал шаруашылығын дамыту, тері өңдеу, тоқыма кәсіпорындарын
салу жайында бағдарламалар ұсынған.
Ұзақбай Құлымбетов астананы Қызылордадан Алматыға ауыстыру кезінде комиссияның алғашқы
төрағасы болды. 1927 жылы 3 наурызда өзі бастаған комиссия мүшелерінің отырысында Алматы аумағын
батысқа қарай ұлғайту, үкімет үйлерін, кірпіш, нан, ағаш өңдеу зауыттарын салу туралы, электр
энергиясын беретін 300 кв-тық стансалар, су желісін, құбырлар тарту сияқты көптеген мәселелер комитет
мүшелеріне жүктелді. Ташкенттегі пединститутты Алматыға көшіру мәселесі көтерілді. Келесі жылы ол
оқу орны Алматыға көшірілді. Қазіргі Өнер академиясының ғимараты Құлымбетов салдырған үкімет үйі
болды. Алматыдағы Ботаника бағын аштырды. Ұзақбай Құлымбетов Алматының ел астанасы болуына,
оның рухани-мәдени орын болып қалыптасуына көп үлес қосқан.
1937 жылдың маусым айында өткен съезде Құлымбетовке «ұлтшыл» деп айып тағылған кезде, Левон
¬Исаевич Мирзоянның: «Құлымбетов – қазақтың бетке ұстар азаматтарының бірі, адал адам, оның
адалдығына мен шек келтірмеймін. Сондықтан да, мен Құлымбетовті жақтап, дауыс беремін» деп,
14
сөйлеген сөзін мысалға алады оның өмірін зерттеушілер. Ат жалын тартып мінгеннен, өмірінің соңына
дейін халық мүддесі үшін қызмет жасап өткен.
Кейбір деректерге сүйенсек, 1937-1938 жылдардағы зобалаңда елімізде 25 мыңнан аса адам
жазықсыз жаладан ажал құшып, оққа ұшқан. Солардың бірі – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері
Ұзақбай Құлымбетов. Ол 1937 жылы қыркүйекте қамауға алынып, 1938 жылдың 22 наурызында 47
жасында 18 наркоммен бірге «халық жауы» деген жалған жаламен атылды. Сүйегінің қайда қалғаны
белгісіз қазақ қайраткері 1958 жылы ақталды.
Білімі мен тәжірибесін бір арнаға тоғыстырған Құлымбетов ел өміріне тыңнан түрен салып, еніп
жатқан саяси қозғалыстардың басы-қасында болып, бар мүмкіндігін туған халқының пайдасына сарқып,
қызмет жасап, үлгере алмаған ұланғайыр істерін бүгінгі ұрпаққа аманаттап кетті. Сол аманаттың бір
көрінісі – Көшбасшымыздың қолға алған тың идеяларының шұғыл түрде жүзеге асырылуына күш-қайрат
беріп келе жатқан біздің жастарымыз. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, Тәуелсіз еліміздің
жарқын болашағы үшін жасалынып жатқан орасан зор шаралардың мәні мен мазмұнынан жасалатын бір
түйін, ол – ел мүддесі, ел игілігі, ел бақыты. Ертеңгі ел болашағының тізгінін ұстайтын бүгінгі жастар-
ертеңгі ел тұлғаларының халқының тамыры тереңге тартқан төл тарихын жете білуі – зор қуаныш.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Жүгенбаева Г. Ұзақбай Құлымбетовтің шығармашылық мұрасы- Түркістан, – 2017.
2.Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? – Алматы, 1993.
3.Баймырза, Л. Б. Жаппай жазалау құрбаны Ұзақбай Құлымбетов жайлы бірер сөз Молодой ученый.
— 2018. — № 44.1
АРДАҚТЫ ЕСІМ ҰЗАҚБАЙ ҚҰЛЫМБЕТОВ БЕЙНЕСІ: ЕСТЕЛІКТЕР МЕН
МӘЛІМЕТТЕР
Ақтөбе қаласы
Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ КММ
тарих пәні мұғалімі
Төремұратова Нұрсәуле Хусейінқызы
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстан үкіметінің
жоғарғы билігінде отырған Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетов Қазақстан тарихының қиын да, аса ауыр
жылдары ел басқарып, Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағынан дамуына
зор үлесін тигізді. Ауылдарды кеңестендіру, екі бірдей ашаршылықпен күрес барысында, сауаттандыру,
білім мен ғылымның дамуында, Қазақстандағы Ғылым Академиясының жұмысының жандануында,
халықтың мәдени өсуі, ірі өндіріс орындарының қалыптасуы, қазақ әліпбиінің латын әліпбиіне көшуі,
Қазақстан астанасының Қызылордадан Алматыға көшірілуі мен екі астананың да көркейіп, абаттануында
оның тікелей тигізген қолтаңбасы бар.
Тұлғасы биік халық ұлының қызметі туралы зерттелген деректер қазіргі таңда анықталып, тарихи
айналымға енгізіліп келе жатыр. Сол деректермен өсіп келе жатқан ұрпақты таныстыруда тарих пәні
мұғалімдерінің де қосар үлесі бар. Бұл мақалада Ұзақбай Желдірбайұлы туралы мәліметтерді жинақтап
зерттеулер арқылы ұсынуды жөн көрдік.
1933 жылдың 10-16 шілде аралығында өлке комитеті пленумындағы Құлымбетов: "Өлкелiк
ко¬ми¬теттiң соңғы пленумында Ораз екеумiз Голощекинмен табандат¬қан үш күн бойы айтысып, әуре
болдық. "Пленумнан кейiн обком хатшыларының арнаулы мәжiлiсiн шақырайық, сонда олардың ауыл
қамын жемей отырғандарын айтайық", - дедiк. "Осының бәрiн обком хатшыларының өздерiне әдейiлеп
15
ескертейiк", - деп қолқа салдық. Амал не, мұндай мәжiлiстiң шақырылу қажеттiгiне Голоще¬киннiң көзiн
жеткiзу өте қиын болды[1].
Профессор Закратдин Байдосов дара тұлға жайлы былай деп пікір білдіреді. "Ұзақбай Құлымбетовтің
неғұрлым батыл, халық ісіне шын берілген, біртуар тұлға екендігіне мынадай мысал келтіруге болады.
Ол 1936 жылдың қыркүйегінде Қарағанды обкомының бірінші хатшысы Пинхасикке, облаткомның
төрағасы Асылбековке талай мыңдаған адамдар үшін тар қапасқа айналған, бүгінде дүйім жұртшылыққа
белгілі "Карлагтың" жерін Шет ауданының колхоздарына беру жөніндегі ұсынысын жолдайды.
Ұ.Құлымбетов "Карлаг", "Алжир" сияқты өлім лагерьлерінің Қазақстан жеріне қоныс тепкендігіне қарсы
болады. Бірақ, бұл тұста күш НКВД жағында еді, олардың ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болатын".
Ұзақбай Құлымбетовтің қазақ халқының тарихына қандай өзгерістер әкелгенін тарих
ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді:"Ұзақбай Құлымбетов күрделі тарихи кезеңде
өмірге келіп, қатардағы ауыл мұғалімінен қазақ мемлекетінің басшысы дәрежесіне дейін көтерілген
бейнеті мол жолдан, бірақ азамат, қайраткер үшін қайталанбас жолдан өтті. Қиын-қыстау кезеңде туған
халқының, еңбекші бұқараның болашағы үшін күрескен қайраткер ретінде ол республика тарихында өз
орнын сақтап қалатындығы сөзсіз".
Тарихшы, профессор Көшім Есмағамбетов былай дейді. " (...) Мұстафа Шоқайдың туған жерінде
болып, туыстары¬мен кездескен едім. Әңгіме барысында олар М.Шоқайдың туысы ретінде кезінде
қуғын-сүргінге ұшырап, көп қиындық көргендерін айтты. Ол кісілерден естігенім, сол кезде басшылық
қызметтер атқарған Ұзақбай Құлымбетовтің сол Мұстафа Шоқайдың туыстарына әртүрлі мәселелер
бойынша көмектескен, жәрдем берген кезі де болыпты. Яғни бүкіл ел-жұрт Мұстафадан "жау" деп сырт
айналғанда, Ұзақбай Құлымбетов жоғарғы шеніне, қызметіне қауіп төнеді деп қорықпастан, оның
жазықсыз жапа шеккен туған-туыстарына мүмкіндігінше қол ұшын берген. Мұның өзі Ұ.Құлымбетовтің
адамгершілігі зор, ақыл-парасаты биік тұлға болғанын көрсетеді".
Тарих бетінде жазылған мәліметтер білім көкжиегі кең, парасат-пайымы жоғары, өмірлік
тәжірибесі бар, биік пен тереңге шолу жасап үлгерген көрнекті азаматтардың шоғыры, жаңа қоғамды
қалыптастыруға күш салысқан қазақтың алғашқы интеллигенциясының өкілі Ұзақбай Желдірбайұлының
халқы үшін ғұмырын арнағанын дәлелдеп-ақ беріп отыр.
«Өткенін құрметтемеген адам, бүгінінің қадіріне жетпейді» деген нақыл сөзді есімізге салсақ, тарих
толқынында жатқан шеті, шегі жоқ рухани мол қазыналарымыздың бізге беймәлім парақтары күн өткен
сайын ашыла беретіні шындық. Ұлтын ұлық тұтқан ұлы тұлғаның ұрпақ жадында жарқын бейнесі мәңгі
сақталады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/mangilik_el/betkeustar/37194/
2. Қарабалина О. Жүрек сыры.- Алматы,2009. 126 бет
3. З.Байдосов. Үш ғасыр перзенттері. Ақтөбе,2003.
4. Жургенев Т.: Зерттеулер, мақалалар, естеліктер мен арнау, жыр толғаулар. Құраст. А.Алматов,
Б.Мырзабай – Астана, 2014
ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ - ХАЛЫҚ АҒАРТУ КОМИССАРЫ
Ақтөбе қаласы
Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ КММ
тарих пәні мұғалімі
Азаматов Қобылан Құттығұлұлы
16
Бүгінгі ұрпақ есімін құрметпен атайтын айтулы тұлғалардың бірі — Қазақстандағы мәдениет,
әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, республиканың көрнекті мемлекет
және қоғам қайраткері -Темірбек Жүргенов.Ол халықтың мұң-мұқтажын жоқтап, жұртшылықпен етене
араласқан басшы ретінде елдің есінде қалды. Қазақы қалпымызды сақтауға және мәдениетіміз бен
өнерімізді дамытуға өлшеусіз үлес қосқан ардақты азаматтың руханият тарихында алатын орны бөлек.
Әсіресе, Қазақстан үкіметінің халық ағарту комиссары болып қызмет істеген тұсында ұлттық ой-сананың
ілгерілеуіне ерекше еңбек сіңірді.
Т.Жүргенов - ұлттық мәдениет пен өнер саласы мамандарын даярлауға көп көңіл бөліп, қазақ
жастарының КСРО-ның орталық қалаларындағы оқу орындарында білім алуына көмек көрсетіп отырды.
М.Әуезов, Ж.Шанин, Ә.Қастеев, т.б. қайраткерлердің шығармашылық жұмыспен айналысуына жағдай
жасады.Т.Жүргенов Қазақстанда алғашқы музыка театрын ұйымдастыруға үлкен үлес қосты.
Т.Жүргенов 30-жылдардың басында әдеби сын мақалалар жазуға, соның ішінде театр сынына көбірек
көңіл бөлген.
Темірбек Жүргеновтің жан ауыртқан саласының бірі — тіл тақырыбы. Қазақ тілінің ахуалы
кайраткерді үнемі толғандырған, оның өзге тілдер ауқымында жұтылып кетпей, табиғи қалпын сақтауына
мүдделі болған. Тіл мәдениетіне кері әсерін тигізетін сөз қолданыстарына алаңдаған. Сөздік қорымыздың
өңін қашыратын оғаш өзгерістерді қабылдай алмай, тұрақты түрде пікірін жариялап отырған. «Тіл
мәселесі дегенді бұл жерде біз қазақ тілі хақында ғана айтпақпыз», — деп бірден тақырыптың басын
ашып алуынан оның үнемі ойы анық, ұстанымы берік болғанын көреміз.
Ұлтын ардақтай білетін азамат ұлтының тілін де шексіз қадірлеген. Ол қазақ тілінің дәрежесі әлемнің
ірі елдерінің тілімен қатар тұрғанын қалайды, мақсат-мұратын осыған орай негіздеп түсіндіреді. Тіл мен
білімді және мәдениетті ұлттың көшін өрге сүйрейтін үйлесімді ұштаған ретінде қарастырады. «Қазақ
тілі байыса, басқа мәдениетті жұрттардай өз шаруашылығына керекті өз тілінде түсіндіре алатын болса,
былайша айтқанда, адам баласының барлығы бірдей білімге жетіссе, халық мәдениетінің де өскені ғой»
— деп ой қорытады.
Тіл мәселесін тиек еткен Темірбек Жүргенов мемлекеттік тұлға ретінде ауқымды тұжырымдамалық
міндет арқалайды. Оның ой-арманы қазақтың тілін әлемнің іргелі тілдерінің қатарына қосу болған. Бұған
қол жеткізу үшін таңдалатын жолды да, бұл орайда қолданылатын әдіс-амалдарды да санамалап
көрсетеді. Тілдің куат-құнарын жақсы сезінген, оның болашағына сенген адамның мүддесі мен көзкарасы
айқын аңғарылып тұрады.
Тілді жазушы мәдениеттің, білімнің іргетасы деп білген.Ол тіл туралы айтыстан шет қалмай, сол
өредегі білікті де салмақты пікірлерін көп талқысына салып, ең бастысы, практикалық басшылық
саласына көшіріп отырған. Қайраткердің қазақ тілінің түсініктілігі, мәдениеттілігі, тазалығы туралы
ойлары, әсіресе терминологияға қатысты ұсыныс-пікірлері әлі күнге маңызын жойған жоқ. Жүргенов тіл
қолданушыларды, әсіресе зиялы қауымды қазақ әдеби тілінің бұзылып көпшілікке түсініксіз болуынан
сақтандырды.
Темірбек Жүргенов - ойы ұшқыр, қаламы қарымды публицист. Оның көсемсөз мұрасы бастауын үш
нәрседен: жеке басының бұйдагерлік (лидерлік), саясаткерлік және ұйымдастырушылық үздік
қабілетінен алады. Темірбек Қараұлы Жүргенов өмірінің соңғы күндеріне дейін қазақ халқына, еліне адал
қызмет етті, қалың жұртшылық арасында үлкен құрметке, зор беделге ие болды. 1937 жылы 3 тамызда
«халық жауы» деген жалған айыппен ұсталып, РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 10-, 11-
тармақтары бойынша ату жазасына кесілді. Қайраткердің зайыбы, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген дәрігері-
Әлімхан Ермековтің қарындасы Дәмеш Ермекова Темірбек Қараұлы атылған күні абақтыға жабылған, 18
жыл ғұмырын АЛЖИР-де өткізген. Күйеуінің де, өзінің де жазықсыз жазаланғандығы жөніндегі ақтау
қағазын алғаннан бері 30 жылдан астам уақыт бойы ол бар күш жігерін игілікті іске - Темірбек
Қараұлының халқына сіңірген еңбегін кейінгі ұрпаққа жеткізу ісіне сарп етумен келді. Айнымас адал
жарының қажырлы ізденістері нәтижесінде Жүргеновтің екінші, мәңгілік өмірі басталды. 1957 жылы
КСРО Жоғары сотының әскери коллегиясы Т.Жүргеновті толық ақтағасын, Дәмеш Ермекова жарының
адал есімін халқына жаңғыртам деп фольклорист М.Байділдаевпен көп шаруа тындырды. . 1993 жылы
Алматыдағы Қазақ ұлттық өнер академиясына Т.Жүргеновтің есімі берілді. Алматы, Қызылорда
қалаларында, Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы мен Қызылорда облысының Жалағаш аудандарында
Т.Жүргенов есімімен аталатын мектептер мен көшелер бар. 1998 жылы Жүргеновтің 100 жылдығы
17
республика көлемінде аталып өтті. Туған жері Жалағаш кентінде ескерткіш орнатылды. 2008 жылы 14-
15 қарашасында туған жері Қызылорда, алғаш қызметін бастаған Ақтөбе облыстарында қайраткер-
қаламгердің 110-жылдығы жоғары деңгейде аталып өтілді. Ғылыми-танымдық конференциялар мен
фестивальдар ұйымдастырылып, әр түрлі мәдени шаралар өтті.
Т.Жүргеновтің ісі, атқарған қызметі, халқының болашағына сіңірген қалтқысыз еңбегі, атап
айтқанда артында мұра болып қалған әдеби-мәдени, оқу-ағарту саласында жазған құнды дүниелері шаң
басқан мұрағат сөрелерінен алынып, жоғары бағасын ала бастады. Себебі, асыл азаматтың өмірі көпке
үлгі, кейінгілерге өнеге болары хақ.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 4 том Алматы, 2002ж.
2.Б.Иманғалиев, «АНА ТІЛІ» газеті /05,06, 2009/
3.Тілеуқұлов Г. Жазықсыз жазаланған тұлғалар. -Ташкент, 2000.
4.Иманғалиев Б.С. Темірбек Жүргенов (зерттеулер, мақалалар, құжаттар жинағы), Алматы 2012
ЕСІЛ ЕР ТУРАЛЫ АСЫЛ СӨЗДЕР
Ақтөбе қаласы
Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Азбергенова Данагул Тураровна
2017 жылы Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Батыс-2 ауданында № 64 жалпы білім беретін орта
мектебі ашылып, 2019 жылы мамыр айында қоғам қайраткері Ұзақбай Құлымбетов есімі ресми түрде
берілген болатын .
Қоғам қайраткері Ұзақбай Құлымбетов есімі берілген күннен бастап Ұ.Құлымбетовтің ғұмырымен,
ұлы тарихта қалған істерімен оқушыларды таныстыру , насихаттау мақсатында іс-шаралар жүйелі түрде
өткізіліп келеді. Тарихи іс -шаралар барысында ұлы тұлға Ұзақбай Құлымбетовтың өміріне арналған
арнау, өлең жырлар , жыр шумақтар қоры көбейуде.
Соның бірі мектебіміздің ұлағатты ұстазы , қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бердигожин
Бисембай Қапарұлының жүрекжарды арнау өлеңі бүгінде мектептің оқушыларының мәнерлеп оқып,
жатқа айтатын сүйікті өлеңдеріне айналды.
Жалпы, біз бұл өлең жолдарынан Ұзақбай Құлымбетов күрделі тарихи кезеңде өмірге келіп,
қатардағы ауыл мұғалімінен қазақ мемлекетінің басшысы дәрежесіне дейін көтерілгенін, бейнеті мол
қайталанбас жолдан өткенін көреміз. Құлымбетовтің көрегендігі мен мемлекеттік деңгейдегі ойлау
жүйесі көптеген әріптестерімен салыстырғанда көш ілгері болғандығы, ол өз ісін жетік меңгерген,
ұйымдастыру қабілеті орасан зор, қызметкерлерді таңдай және жұмсай білгенін байқаймыз. Екі тілді
еркін меңгеріп, ерік-жігері мықты, тұрақты, табанды, әділ, турашыл, өз қателігін мойындап, қорытынды
шығара алатын ұлы тұлғаға арналған өлең жолдары төмендегідей:
Орындалған ұлы арман
Жаңғырып Дала бүгін шындығымен,
Айналған «Мәңгілік ел» бірлігіне.
Ұлықтап ұлағатын Ұлы Дала,
Нәр алған Азаттықтың кіндігінен.
Ер туып елдің жайын ойлағанда,
Төнген-ді талай апат сол заманда.
18
Толғантып талай Алаш арыстарын,
Тәуелсіз ел болуды қолдағанда.
Сұм заман суық тартып ызғарынан,
Кеңестің қор болды ерлер ызбарынан.
«Ұлтым» деп ұлықтаған ерін қорлап,
«Елім» деп еңіреген бабам қанша?!
Шың құлап, шибөрілер қаптағанда,
Арысын арсыз жандар таптағанда.
Ұз-аға – ұлт арысы – Ұзақбайдай,
Елдіктің арын қорғап жақтағанда,
Сол еді ғой «қоғамға» жақпаған да,
Текті арысын табанға таптағандар.
Жала жауып жалғандық тұмшалады,
Ұрпағынан айырылды қанша жаны?!
Өз әкесін «Әке»,- деп айта алмаған,
Өкініштер өртеді қанша жанды?!
Ұлықталды арыстар заман ауып,
Тарих таңба басқандай қалады анық.
Тәуелсіз ел болуды аңсаған ер,
Ескерткіш боп қойылды бағаланып.
Ұлы Дала ұмытпас ұландарын,
Орындалған ел үшін ізгі арманы.
Аңсап өткен Азаттық туы астында,
Биіктеп тұр мәртебең, қыран бабам!
Ұлағатты ғұмырдың үміті екен
Қомданған қыран құстай қамқор бабам,
Тұғырың тұр биікте далаң қойған.
Биіктеп шыққан сайын шың басына,
Шындықты естіп жатыр балаң қанша?!
«Ұлтым» дер, ер Ұзағын мақтан етер,
Ырғыздың кең саласы тапқан екен.
Қазақтың қарапайым мұғалімі,
Шәкірттерге білім нәрін жаққан екен.
Өтіпті өмір тануға кең даласын,
Жан дүниесін еліне арнағасын.
Тағдырын да , бақытын аямаған,
Ұзақ ғұмыр сүретін нар бабамсың!
Өмірің де өнеге өткендерге,
Туған күнің келетін көктем келсе.
Қимай-қимай Орынша апамыз да,
Еске алады кездерді өткен кеше.
19
Мәңгілікке жол салған ескерткіштің,
Еңсесі де биік тұр жеткен елге.
Елдің арын қорғаған арыстардың,
Разы болсын аруағы қолдап елді!
Паң даланың нар тұлға ұлдарына,
Құтты болсын құрметің айта келдім.
Ескерткішке бас иген Шәкірттерге,
Арыстардың ерлігін қайта берсін.
Ұлықтаған орны бар әрбір ердің,
Елдігімді қорғаған ерлігімсің.
Ұзақбайдай бабамның ескерткішін,
Ұзағынан еліме сүйіндірсін!
Мектебіміздің ұлағатты ұстазы Бисембай Қапарұлына осындай керемет өлең жолдары үшін рахмет
айта отырып, шығармашылық шабыт тілейміз!
ҒҰМЫРЫН ХАЛҚЫНА АРНАҒАН ҚАЙРАТКЕР
Ақтөбе қаласы
Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Байтенова Асель Карагуловна
Заман мәнін, адам жанын аз біліп,
Ішкен тамақ, киген киім мәз қылып,
Шыныменен өтеді ме бұл ғұмыр?!
Алдап-арбап лауазым мен шен-шекпен,
Бөлінбейтін бүтініңді бөлшектеп,
Шыныменен өтеді ме бұл ғұмыр?!
Салқынды ыстық, ыстығыңды салқын деп,
Темірді мыс, мыс пен жезді алтын деп,
Шыныменен өтеді ме бұл ғұмыр?!
Бейшара боп қарауында масылдың,
Бағасына өткізе алмай асылды,
Шыныменен өтеді ме бұл ғұмыр?!
Қ.Мырза Әли
Қазақ халқында ХХ ғасырдың бірінші жартысы "ақтаңдақ жылдар" деген теңеумен айтылып жүр. Бұл
тегіннен емес. 1930-1933 жылдардағы аштық халық санын еселеп қысқартса, 1937-1939 жылдар қазақ
халқының бас көтерген зиялы қауымын қуғын-сүргінге салды. 1925-1933 жылдар аралығында Қазақстан
20
Компартиясының ОК бірінші хатшысы болған Филипп Голощекиннің ұранымен қазақ халқының негізгі
тұрмыс салты - мал шаруашылығын тәркілеу саясаты елге нәубет әкелді. Әйтсе де, ақтаңдақ жылдардың
ақ-қарасын танитын осы біз, келесі ұрпақ емес пе едік? Ендеше сол арыстардың бірі әрі бірегейі,
қоғамдық және саяси қызметі Қазақстан тарихының күрделі де қайшылықты кезеңіне тұспа-тұс келген -
Ұзақбай Құлымбетов.
Елі үшін, жері үшін, халқы үшін, атамекені үшін ұлтты жоюды көздеген билеушілердің бұйрығынан
өзінің ұлттық мүддесін жоғары қойып, "Халық жауы" деп атылған ірі мемлекет қайраткері Ұзақбай
Құлымбетовтің туғанына биыл 130 жыл толып отыр.
Өткен ғасырдың 20 – 30 жылдарында Қазақстанның саяси, экономикалық, мәдени өміріне етене
араласқан, 30 – жылдың соңында «халық жауы» деген жалған жаламен саясаттың құрбаны болған ұлт
зиялыларының арасында шоқтығы биік азаматтың бірі- Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетов. Бойында
жігері мол Ұзақбай өмірінің жеті жылын бала оқытуға арнады. 1918 жылдың желтоқсанынан бастап
Кеңес өкіметінің қызметіне араласа бастайды. Бастапқы кезде Ырғызда жаңа құрылған депутаттар
кеңесіне сайланып, оңың мүшелерімен бірге Кенжеғара мен Тәуіп болыстарына кеңес ұйымын құруға
және сол кездерде ауылдар мен болыстарда әлі де әрекет етіп жатқан земсто басқармасының қызметін
тоқтату мақсатында іссапарға жіберіледі. Екі айдан аса бұрынғы болысты жақтаушылардың,
контрреволюцияшыл күштердің қарсылығына қарамастан тапсырылған міндеттерді абыроймен
атқарады. Бірақ осы сапар барысында сүзек ауруын жұқтырып, үш айдай ауруханаға жатуға тура келді.
Ұйымдастырушылық қабілетімен, қайсарлығымен, талапкершілігімен көзге түскен Ұзақбай 1919
жылдың сәуірінде болған Ырғыз уездік сьезінде Ырғыз уездік атқару комитетінің мүшесі болып
сайланады. Алайда мамыр айында Ырғызды ақтардың басып алуына орай комитеттің басқа мүшелерімен
бірге Шалқардағы теміржол станциясына кетуге мәжбүр болды. Шегініп бара жатқандардан Ырғыз
кавалериялық партизан отряды құрылып, Ұзақбай осы отрядқа қатардағы жауынгер ретінде ақтарға
қарсы күреске шығады. Партизандық отрядты сол кезде бұрынғы патша офицері И.Ф.Киселев басқарып,
П.А.Кузнецов оған көмекші болған еді. Ұзақбай осы отрядтың сарбаздарымен үш ай ішінде Талдысайда
және екі рет Жалтырда ақтарға қарсы шайқасқа қатысады. Қолға түскен қызылдарды ақтар шалғайда
жатқан Шалқарға жаяу айдап апарып абақтыға қамап тастайды. Тұтқынға түскендердің арасында Ұзақбай
да болды. Ол бірден ақтардың жағына шығудан бас тартты. Оны тағы да жаяу – жалпы Шалқардан 100 –
200 шақырым аралықтағы Бершүгір теміржолына айдап апарып, қара жұмыс істеуге мәжбүрлейді.
Бір жарым айдан кейін өз офицерлеріне қарсы шыққан Шалқардағы ақтар гарнизонындағы
солдаттардың бүлігінің нәтижесінде босап шығады да, үлкен қиындықпен Ырғыз уезіне оралады.
Ырғыз ақтардан тазартылғаннан кейін ол 1919 жылдың күзінен уездік революциялық комитетке
жұмысқа кіріп, кеңес өкіметін қалпына келтіруге атсалысады. 1920 жылдың қаңтарында Беркімбаев,
Дайрабаевтардың ұсынысымен Ырғыз партия ұйымына мүшелікке өтеді. 1919 жылдың желтоқсан
айының басында Ырғыз уездік атқару комитеті оны қылмыстық – тергеу комиссиясының төрағалығына
тағайындайды. Халқының жағын жақтап, қиындықты, аштық кезеңнің бәрін өз көзімен көрген Ұзақбай
жанын шүберекке түйіп шырылдайды.
Осындай «Елім!» деп емініп, «жұртым!» деп жүгініп қызмет қыла тұра, Ұзақбай Құлымбетов
жөнсіз жаза кешіп, небәрі 47 жасында құйрықты жұлдыздай алаш аспанынан ағып түсті. Әділетсіздік
оның отбасын да айналып өткен жоқ. Ұ.Құлымбетов атылысымен, іле-шала жан жары Әйеш те
тұтқындалып, тектен-текке он жыл ғұмырын Карлагта өткізді. Ал Ақтөре, Кәбира, Бостан, Орынша, Болат
есімді бес баласы тағдырдың тауқыметін барынша тартады. Ешкімнен ештеңе даулаған жоқ, «Аққа –
құдай жақ» демекші, әділеттің түбі бір салтанат құрарына сенді. Ол күн ақыры жетті де. Асқар таудай әке
есімі ақталды.
Жерлес, халқы үшін зар жылаған, ғұмырын халқына арнаған қайраткердің есімі берілген
заманауи мектепте болашақтың жарқын өрендерін тәрбиелеп, білім беруде сапалы жетістікке қол
жеткізіп еңбек ету –мен үшін үлкен мақтаныш!
21
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қарабалина - Қазыбаева О., Мырзабай Б. «Ұзақбай Құлымбетов: естеліктер, зерттеулер, мақалалар
және ғұмырнамалық хикаят» - «NOBEL» баспаханасы, 2016 ж – 450 б.
2. Өтеміс И. Құлымбетовты ұлықтау – өз тарихыңды ұлықтау...//Ақтөбе газеті 2016 жыл 26 қараша –
30 б.
3. Өтеміс И. Қазақтың Құлымбетовын ескерусіз қалдырғанымыз қалай? // Ақтөбе газеті 2016 жыл 11
қазан – 27 б.
4. Бекжанұлы Е. Елі барда Құлымбетов ұмытылмайды. // Ақтөбе газеті 2011 жыл 6 қыркүйек – 20 б.
5. Бекарыстан М. Халық жадындағы Ұзақбай. //Ақтөбе газеті 2016 жыл 24 қараша–35
ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ...
Ақтөбе қаласы
Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Шандина Мирамгуль Амангосовна
Көрнекті мемлекет қайраткері, қара¬пайым ауыл мұғалімінен қазақ үкіметінің төрағалығы қызметіне
дейін көтерілген аяулы азамат Ұзақбай Құлымбетов есімін бүгінде біреу білсе, біреу біле бер¬мей¬ді. Шын
мәнінде, оның өмір жолы, қазақ елінің мемлекеттігін нығайту, әл-ауқатын арттыру, өндірісін, ғылым-білімін
жолға қою жолында сарп еткен күш-жігері, ерен еңбегі өз заманында күрескерліктің жарқын үлгісі болды.
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебі қоғам қайраткері Ұзақбай
Құлымбетов есімімен атаулы мектеп ұжымы мен білім алушылар үшін баға жетпес байлық, зор мақтаныш!
Көрнекті мемлекет қайраткеріне арнаған 6 «б» класс оқушысы Идиатулла Рамазан Нұржанұлының жүрек
жарды өлең жолдарынан тарих беттеріне қысқаша жолу жасауға мүмкіндік алуға болады...
Есімі ел есінде...
Қазағымның бір туатын, асыл перзенті
Халқына жан-тәнімен салды ойып өткелді,
Мұра болып қалды бізге ерлігің
Есімін ойып жазып өткенге.
Ғасырдың ауыр жүгін арқалаған,
Өз атын жер тасына таңбалаған,
Туған елің елеңдеп, еске алады
Болашаққа салған әрбір ізің қымбат маған!
Жолыңнан ақиқат пен шындық көрдім
Елің үшін әрқашанда елеңдедің,
Өзің басқан шыңдарың биік маған,
Сол биікті қол жетпейтін қорған дер ем.
Ай жылдар бірін-бірі алмастырып
22
Өзіңе тән қайратты, салмақтылық
Ерлігіңді ұрпағың ұран етіп,
Келеді ізбасарлар жалғастырып.
Қара қылды қақ жарған тарихың бар,
Тереңде тұнып жатқан ойлар да бар,
Қалың елдің қайғысын арқалаған,
Ұмытпай Ұзақбай ағаны еске алыңдар!
ҰЗАҚБАЙ ҚҰЛЫМБЕТОВ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Ақтөбе қаласы
Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ КММ
тарих пәні мұғалімі
Есенбаева Гулнур Есенбаевна
Ырғыз жері - Оңтүстігінде Қызылордамен, шығысында Жезқазғанмен, солтүстік-батысында Әйтеке би,
оңтүстік-шығысында Шалқар аудандарымен шектесіп жатқан аймақ. Ел ұғымында Ырғыз өзенінің қос өңірі
бірдей бағзыда Ырғыз жері деп аталған. Мұндай шалқар кеңістіктің табиғи бітім-бедері бірдей: биік-биік
шыңдар, шоқылар мен жоталар, бетегелі белдер, аумақты құмдар, сан-салалы өзендер, қопалы көлдер – бәрі
осы өлкенің өн бойын өрнектеп жатыр.
Қазақ тарихында ерекше орны бар Ырғыз өлкесі халық аузында "Жеті жұрт көшкен жер" деп аталады.
Бұл өңірді Алтын Орда ханы Тоқтамыс та, жер жаһанды тітіркенткен Ақсақ Темір де қалың қолын ертіп
басып өткен. Дала көкжалы, қазақтың соңғы ханы Кенесарының да Ырғыз жерінде ізі қалған. Ырғыз
даласында бірнеше ұрыс жасаған. Бұл өңір жайлы қазақ жеріне келген бейтаныс жолаушы, украин ақыны
Тарас Шевченко 1848 жылы Ор бекінісінен Ырғыз жері арқылы Райым бекінісіне барған екен. Жанқожа мен
Есет батырдың жорығына ерген ол "Ырғыз қала" атты картина салған. Рычков, Добромыслов, Бларамберг
сынды орыс ғалымдары Ырғыз жерімен экспедиция жасаған. 1736 жылы Әбілқайыр ханның арнайы
шақыруымен Ырғыз даласына саяхатқа келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль қазақтың киіз үйінде
отырып Әбілқайыр хан мен оның баласы Ералы сұлтанның суретін салған. Ыбырай Алтынсариннің
ағартушылық қызметі де Ырғыз елімен байланысты.[5]
Көрнекті ағартушы, қазақ жазба әдебиеті мен қазақ әліпбиінің негізін қалаушы Ыбырай Алтынсарин
1887 жылы 15 қарашада Ырғыз ауданында қыздар училищесінің негізін қалаған болатын. Ыбыраймен бір
көзқараста, ниеттес болған Шаһмұрат Құлыбеков 1864 жылы 25 қазанда Ырғызда тұңғыш бастауыш қазақ
мектебін ұйымдастырды. Бұл білім ұясы Ақтөбе аймағындағы тұңғыш мектеп деуге болады. Бұл
мектептерден өңірдің елге тұлға болып танылған мықты азаматтары білім алды. Олардың ішінде Ахмет және
Мұхамедияр Тұңғашиндар Варшава университетін, қазақтың тұңғыш теміржолшыларының бірі болған
Төлепберген Серғалиев Петербургтегі І Александр атындағы теміржол инженерлері институтын бітіріп,
мамандықтары бойынша білім алған. Ал қазақтың тұңғыш дәрігерлерінің бірі Мұхаметжан Қарабаев байтақ
даладағы алғашқы аурухананы Ырғызда ашып, осында он жылдан астам қызмет жасаған. Cонымен қатар
Ұзақбай Құлымбетов, Темірбек Жүргенов, Телжан Шонанов, Тел Жаманмұрынов, Бәймен Алманов және
басқа да республика көлемінде танымал болған мемлекет қайраткерлері.[5]
23
Ұзақбай Құлымбетовтың өмір жолында бірге жүрген, дос, таныс болған азаматтар туралы мәлімет
келтіретін болсақ, РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесінде қызмет жасайтын Тұрар Рысқұловпен бірге
Түрксиб теміржолын салдыртқаны белгілі, Рысқұлов орталықтан жәрдем беріп, ал республикадағы
жұмыстарға Құлымбетов тікелей басшылық жасап отырған, мұнда ол Түрксиб құрылысын жергілікті
жұмысшы кадрларын тәрбиелеу мектебіне айналдырды. Ал 1936 жылы Мәскеудегі Тұрар Рысқұловпен
ақылдасып, республикада жартылай көшпелі мал шаруашылығын дамыту үшін Тел Жаманмұрыновты аз
топпен Моңғолияға жіберіп, сегіз мың бас түйе алдырады. Осылай жартылай көшпелі мал шаруашылығын
қайта дамытты.[1]
1933 жылы Голощекин биліктен кетіп, орнына Левон Исаевич Мирзоян келісімен арнайы қабылдауында
болып, «коллективтендіру» мен «тәркілеуден», ашаршылық нәубатынан кейін кенжелеп, тұралап қалған ұлт
мәдениетін көтеру жөнінде ұсыныстар жасаған. Ол үшін сыртта жүрген, білікті мамандарды елге шақыру
керектігін жеткізді. Мирзоян оның бұл ұсыныстарына қарсы болған жоқ. Ұзақбай Құлымбетов өзбек
жерінде жүрген қазақ халқының музыка өнері мен этнографиясын жақсы білетін Темірбек Қараұлы
Жүргеновті елге шақыртып, ұлт мәдениетін көтеруді тапсырды. Жүргенов мұны санаулы жылдарда жолға
қойды. 1936 жылы Мәскеуде болған онкүндік декадада ұлт мәдениеті мен өнерін жаңаша сипатта көрсете
білді. [3]
Құлымбетов Қазақстанды басқарып тұрғанда республика министрліктерінде Телжан Шонанұлы, Тел
Жаманмұрынов, Темірбек Жүргенов, Әбіш Тойбазаров, Бәймен Алманов, Мұхамбетияр Тұңғашин,
Төлепберген Хасанов, Таран Беркімбаев, Сержан Шонанұлы секілді Ырғыз азаматтары қызмет жасады.[1]
Ол туралы мұрағат деректеріне қарасақ, республиканың сол кезеңдегі екі басшысы Мирзоян мен
Құлымбетовтің арасы, өзара қарым-қатынасы жаман болмаған сияқты. Левон Исаевич жергілікті жағдайды
жақсы білетін, әрі іскер, қандай қиын мәселенің де шешімін дұрыс табатын Ұзақбай Құлымбетовтің ұсыныс-
пікірлерімен әрдайым санасып отырған. Керек десеңіз, репрессия өрті тұтанған сол 37-нің маусымында
Құлымбетовке күдік келтірілген алғашқы күндері Л. Мирзоян республиканың партия съезінде «Құлымбетов
- қазақтың бетке ұстар азаматтарының бірі, адал адам, оның адалдығына мен шек келтірмеймін. Сондықтан
да мен Құлымбетовті жақтап дауыс беремін» деп сөйлеген. Кейін Мирзоян мырзаның Құлымбетов туралы
жалған ақпараттар айтып Сталин мырзаға жазған мәлімдемелері де болған екен. [1]
Ұзақбай Құлымбетовтың өмір жолында жолыққан азаматтардың туған жылдары мен олардың ірі тарихи
оқиғалар кезіндегі жас шамалары көрсетілген кесте:
Тұлғалар Туған 1925 1933 1937 1938 1958 2021
жылдары
Ұзақбай 1891 34 42 46 47 67 жас 130
Құлымбетов жас
Тұрар Рысқұлов 1894 31 39 - - - 127
Левон Мирзоян 1897 28 36 40 - --
Темірбек Жүргенов 1898 27 - 39 - - 123
Тел Жаманмұрынов 1888 37 - 49 - - 133
Кестеде көрсетілген тұлғалардың жас шамаларына қарайтын болсақ, бәрі бір - бірімен қарайлас,
замандастар болған. Басшылық қызметтер атқарған бұл тұлғалардың көзқарастары бір, өзара жақын адамдар
болған.
1937 жылы 5 тамыз күні Ұзақбай Құлымбетов тұтқынға алынды. Сол күннің ертеңіне 6 тамыз (!) күнгі
санында «Казахстанская правда» газеті «Ұлтшыл-фашист Құлымбетов шебер жасырына отырып, ұзақ уақыт
әшкереленбеді... жапон-герман тыңшыларымен байланыс орнатты» деп ұрандатып жазып жатты. [2]
1938 жылы 25 ақпанда СССР Жоғарғы Соты Әскери Коллегиясының шешімімен қазақ халқының
перзенті Ұзақбай Құлымбетов РСФСР ҚК-нің 58-2, 58-9, 58-11 баптары бойынша айыпталып, ату жазасына
үкім шығарылды. Сол күні Алматының маңындағы Боралдай деген жерде Ұзақбай өзінің жерлестері -
ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері Темірбек Жүргенов, Тел Жаманмұрынов, Құдайберген
Жұбанов, сондай-ақ Санжар Асфандияров, Сейтқали Меңдешов, Ізбасқан Құрамысов сияқты 19 арыспен
24
бірге атылды. КСРО Ішкі істер халық комиссары Ежовтың №447 бұйрығы бойынша атылған және
атылғандығы жария етілген алғашқы құрбандар еді бұлар.
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ халқының қайсар ұлы, ұлтының үлкен тұлғасы
Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетов репрессияға ұшырағанда небәрі 47 жаста еді... Ұзақбай Құлымбетов
тек 1958 жылы ғана КСРО Жоғарғы сотының шешімімен толық ақталды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. https://turkystan.kz/article/23078-ajshyly-ty-zaman-ajratkeri-2/
2. https://www.inform.kz/kz/gumyryn-halkyna-arnagan-kayratker_a2935041
3. https://kk.wikipedia.org/wiki/Темірбек_Қараұлы_Жүргенов
4. https://kk.wikipedia.org/wiki/Тел_Бұқпанұлы_Жаманмұрынов
5. https://egemen.kz/article/246344-yrysty-yrghyz
ПУТЬ ОТ СЕЛЬСКОГО УЧИТЕЛЯ ДО ГЛАВЫ КАЗАХСКОГО ГОСУДАРСТВА...
г.Актобе
СОШ №64 имени У.Кулымбетова
учитель истории и географии
Жубатканова Нурсауле Кейкивна
В семидесятые годы XIX века в Иргизе, который в то время имел статус города, были школы, дающие
светские знания. Для степного края, где преобладали духовные учебные заведения — медресе, они были
большим прогрессом. Кстати, выпускники этих школ уже в первые годы Советской власти вышли на
политическую арену. В этой первой плеяде казахской интеллигенции особое место занимает Узакбай
Кулумбетов, который от простого аульного учителя поднялся до руководителя республики. Узакбай
Кулумбетов — фигура общенациональная, но в первую очередь он — уроженец актюбинской земли.
Узакбай Кулумбетов родился в 1891 году в ауле Сасыкколь Аманкольской волости Иргизского уезда.
Закончив двухклассное (четырехгодичное) русско-казахское училище в Иргизе, в 1912 году он поступил на
педкурсы в Актюбинске и стал учителем.
Нынче исполнилось 130 лет Узакбаю Кулумбетову — одному из создателей Казахской советской
республики, поставившему всего себя национальным интересам и за это принявшему смерть. Жизненный
путь Кулумбетова может служить образцом для молодежи.
Узакбай Кулумбетов, еще начиная свою деятельность учителем на земле актюбинской, поставил
высокой целью служение своему народу. В обстановке, сложившейся после Октябрьского переворота, он,
защищая интересы людей, вступил в противостояние с красными отрядами и командирами. За это сидел в
тюрьме. Стремился честно служить своему народу и позже, когда стал председателем Центрального
исполнительного комитета Казахской ССР. Узакбай Кулумбетов признавал, что в случившемся в те годы
голоде есть вина и партийно-советских работников. Узакбая Кулумбетова нельзя рассматривать, как
«сподвижника Голощекина». Его нужно причислять к рядам таких деятелей, как Т. Рыскулов, У. Жандосов,
Н. Нурмаков. Он внес огромный вклад в дело образования и просвещения. Поскольку основной профессией
его была педагогика, где бы он ни находился, уделял много внимания открытию школ. Он заложил основу
Актюбинского пединститута. Служил застрельщиком открытия при пединститутах в областях
двухгодичных учительских институтов. Разумеется, дел, зачинателем которых он был и в которых
участвовал, множество.
25
Узакбай Кулумбетов со всей присущей ему энергией принялся в 1919 году устанавливать Советскую
власть на территории Иргизского уезда. Это время стало началом его сознательного политического выбора.
В 1923 году он был избран заместителем председателя Акмолинского губернского исполкома. В те
годы в состав этой губернии входили Кокшетау, Петропавловск, Павлодар, Усть-Каменогорск и
Семипалатинск. Кстати, по инициативе Кулумбетова были открыты курсы по подготовке государственных
служащих. На них одновременно проходили обучение сорок человек. Была проложена железнодорожная
линия Петропавловск — Кокшетау, начала создаваться перерабатывающая отрасль — построены
деревообрабатывающий и консервный заводы.
В 1925 году работоспособный и инициативный руководитель был вызван в столицу, которая
находилась в Кызылорде. У Кулумбетова было много личностных преимуществ: он в одинаковой степени
владел казахским и русским языками, был прекрасным организатором производства и несравненным
оратором, поэтому его направляли на самые ключевые участки работы. Он трудился заместителем
председателя Совета народных комиссаров Казахской ССР, был народным комиссаром торговли,
председателем экономической комиссии. Он был назначен председателем Совета народного хозяйства
Казахской АССР. После того, как Кулумбетова избрали в январе 1935 года председателем КазЦИК, одним
из главных направлений его деятельности в этот период, как он сам писал, стала активная помощь новому
краевому руководству в борьбе за изжитие последствий допущенных старым руководством политических
ошибок, а также организация подъема экономики и условий жизни трудящихся. В 1936 году была с принята
новая Конституция СССР, Казахская Автономная ССР была преобразована в союзную республику. Большие
изменения в экономике и культуре республики, ее преобразование в союзную республику потребовали
разработки новой Конституции Казахской ССР. 20 июня 1936 года Президиум ЦИК Казахстана избирает
Узакбая Желдирбаевича Кулумбетова председателем конституционной комиссии. Проект, подготовленный
под непосредственным его руководством, был утвержден на Х съезде Советов Казахской ССР, проходившем
21-26 марта 1937 года.
Поистине настоящего уважения вызывает деятельность Кулумбетова во главе Центральной детской
комиссии при КазЦИК. В тех исторических условиях это был важнейший участок работы. В Казахстане
тогда насчитывалось огромное количество безпризорных детей. При этом абсолютное большинство их
являлось выходцами из казахских семей — жертв голода 1932 года.
Как известно, 1937 год вошел в историю нашей страны как год массовых репрессий. Тысячи невинных
людей стали ее жертвами. Трагедия не обошла и Узакбая Желдирбаевича. Судом Кулумбетов был признан
виновным в том, что «являлся организатором и руководителем антисоветской националистической
организации, якобы действовавшей в Казахской ССР. 22 апреля 1958 года Верховный суд СССР отменил
приговор Военной коллегии от 25 февраля 1938 года и из-за отсутствия состава преступления дело
прекратил. Кулумбетов был реабилитирован судебными органами посмертно. 31 октября того же года
постановлением ЦК Компартии Казахстана он был реабилитирован и в партийном отношении.
Сегодня можно сказать, что Узакбай Желдирбаевич, родившись в сложный переломный период истории
и окунувшись в активную общественно-политическую деятельность, прошел путь от сельского учителя до
главы Казахского государства. Он навсегда вошел в историю как видный государственный деятель,
посвятивший свою жизнь самой высокой и благородной цели — процветанию казахского народа. И сейчас
в суверенном Казахстане сбываются его мечты.
Список литературы :
1.Орынша КАРАБАЛИНА-КАЗЫБАЕВА, заслуженный деятель РК; Роза РАХЫМКЫЗЫ, Узакбай
Кулумбетов – это наша история: (Перевод Амантая Утегенова)// «Алаш айнасы».- 18 марта 2011 года:
1.Ракымжан УТЕМИСОВ. От учителя — до председателя КазЦИК: особое место занимает Узакбай
Кулумбетов (Ракымжан УТЕМИСОВ,член Союза журналистов Казахстана) //Актюбинский вестник.-
15.04.2016.- раздел История
3.Закратдин Байдосов. «Звезда Узакбая»: В годы репрессий... (Закратдин Байдосов, кандидат
исторических наук)// Актюбинский вестник.- 26.05.2011.- раздел История.Общество
26
ҰЗАҚБАЙ ҚҰЛЫМБЕТОВТЫҢ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ
ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Ақтөбе қаласы
Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ КММ
тарих және география пәнінің мұғалімі
Алгашбаева Санимай Базарбаевна
Қазақ халқында ХХ ғасырдың бірінші жартысы "ақтаңдақ жылдар" деген теңеумен айтылып жүр. Бұл
тегіннен емес. 1930-1933 жылдардағы аштық халық санын еселеп қысқартса, 1937-1939 жылдар қазақ
халқының бас көтерген зиялы қауымын қуғын-сүргінге салды. 1925-1933 жылдар аралығында Қазақстан
Компартиясының ОК бірінші хатшысы болған Филипп Голощекиннің ұранымен қазақ халқының негізгі
тұрмыс салты - мал шаруашылығын тәркілеу саясаты елге нәубет әкелді. Біз сол саясаттың қалай жүзеге
асырылғанын, қазіргі тарихшы ғалымдардың "ұлы террор" деп атап кеткен оқиғаға кімдердің кінәлі екенін,
сонымен қатар, ең бастысы осы саясатқа бірінші болып қарсы шыққандардың аты-жөндерін білмей келеміз.
Әйтсе де, ақтаңдақ жылдардың ақ-қарасын танитын осы біз, келесі ұрпақ емес пе едік? Ендеше сол
арыстардың бірі әрі бірегейі, қоғамдық және саяси қызметі Қазақстан тарихының күрделі де қайшылықты
кезеңіне тұспа-тұс келген - Ұзақбай Құлымбетов.
Ұзақбай Құлымбетов жайлы бүгінгі жас ұрпақ көп біле бермейді. Көп ақпараттарға қанық емес. Ат
жалын тартып мінгеннен, өмірінің соңына дейін халық мүддесі үшін қызмет жасап өткен қайсар ұлдың ерен
еңбегі мен ерлігі - бүгінгі жастар үлгі аларлық айбынды іс. Ол - ауыл мұғалімінен Қазақ КСР Орталық
Атқару Комитетінің төрағасы қызметіне дейін жоғарылаған тұлға.
Қазақтың қайсар ұлы 1891 жылдың 18 наурызында Ырғыз уезі, Аманкөл болысында дүниеге келген.
1910 жылы Ырғыздың екі сыныптық орыс-қазақ училищесін, 1912 жылы Ақтөбе мұғалімдер семинариясын
бітірген соң, Ырғыз, Торғай ауылдарында мұғалімдік қызметте болады. 1919-22 жылдары Ырғыз
революциялық комитетінің төрағасы, сол жылы құрылған Ақтөбе губерниясының әлеуметтік
қамсыздандыру бөлімін, артынан губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі қызметтерінде болды, губкомның
бюро құрамына енгізілді.
Ұ.Құлымбетовтың еңбектері: Ұзақбай Желдірбайұлының 1928 – 1936 жылдар аралығында жетінші
кітабы жарық көрді. Бұл еңбектері Қазақстанды саяси, экономикалық, мәдени жағынан көтеруге арналды.
Сонымен қатар республикалық мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген жиырмадан астам ғылыми –
көпшілік мақалалары, баяндамалары жеке тұлғаларға, Қазақстанның өнеркәсібін, малшаруашылығын,
егіншілігін дамытуға, мәдени саланы көтеру және тағы басқа сол кездегі өзекті мәселелерге арналған.
Үкіметтің 1938 жылы 28 маусымдағы шешімімен халық жауы болып ұсталып, сотталып, атылған
қайраткерлердің орыс және қазақ тілдеріндегі кітаптары қолданыстан шығып қалған. Берілген тізімде
С.Асфендияров, А.Әлімбаев, Ә.Байділдин, О.Беков, І.Жансүгіров, Н.Нұрмақов, Ғ.Тоғжанов, Б.Майлин және
т.б. ақын – жазушылар мен партия қайраткерлері болатын. Ұ.Құлымбетовтың 1927 – 1936 жылдары жарық
көрген 5 кітабын қолдануға тиым салынды. Міне, сол кезден бері қайраткердің еңбектері кітапхана қорының
сөресінде жатып қалды. Жуырда Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты мен
Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты есіл азаматы өміріне қатысты құжаттар мен
материалдарды, ХХ ғасырдың 20 – 30 жылдары жарық көрген еңбектері мен мақалаларын екі томдық жинақ
ретінде баспадан шықты.
Ұйымдастырушылық қабілетімен, қайсарлығымен, талапкершілігімен көзге түскен Ұзақбай 1919
жылдың сәуірінде болған Ырғыз уездік сьезінде Ырғыз уездік атқару комитетінің мүшесі болып сайланады.
Алайда мамыр айында Ырғызды ақтардың басып алуына орай комитеттің басқа мүшелерімен бірге
Шалқардағы теміржол станциясына кетуге мәжбүр болды. Шегініп бара жатқандардан Ырғыз кавалериялық
партизан отряды құрылып, Ұзақбай осы отрядқа қатардағы жауынгер ретінде ақтарға қарсы күреске
шығады. Партизандық отрядты сол кезде бұрынғы патша офицері И.Ф.Киселев басқарып, П.А.Кузнецов
27
оған көмекші болған еді. Ұзақбай осы отрядтың сарбаздарымен үш ай ішінде Талдысайда және екі рет
Жалтырда ақтарға қарсы шайқасқа қатысады. Отрядтың командирінің арнайы тапсырмасымен бірнеше рет
барлауға шығып, тың мәліметтер әкеледі. Өкінішке орай ақтардан шегініп, қашып күйісі кеткен қызыл әскер
отряды Ырғызға барып ақтарға берілуге мәжбүр болады. Қолға түскен қызылдарды ақтар шалғайда жатқан
Шалқарға жаяу айдап апарып абақтыға қамап тастайды. Тұтқынға түскендердің арасында Ұзақбай да болды.
Ол бірден ақтардың жағына шығудан бас тартты. Оны тағы да жаяу – жалпы Шалқардан 100 – 200 шақырым
аралықтағы Бершүгір теміржолына айдап апарып, қара жұмыс істеуге мәжбүрлейді.
Талапты жас ұйымдастырушылық, іскерлік қабілетінің арқасында ел арасына таныла бастады. Осы
кезден қызметтік өсу сатысына көтерілді. 1921 жылдың мамыр айының соңында Қырғыз облыстық
комитетінің шақыруымен Ақтөбе губерниясына жіберіліп, Ақтөбе губерниялық сьезінде губерниялық
атқару комитетіне мүше болып сайланады және Ақтөбе губерниялық қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі
болып тағайындалады. Осы қызметті 1921 жылдың 1 шілдесінен 1922 жылдың 1 ақпанына дейін, яғни ІІ
губерниялық сьезге дейін атқарды. Бұл кезде қазақ даласын аштық пен жұқпалы ауру жайлап, ел малдан да,
жаннан да шағынданып, босып кеткен кез еді. Батыс өңірдің жағдайы тым ауыр болатын. Өлім – жетім
көбейіп, күннен – күнге халықтың жағдайы нашарлай түсті. Ақтөбе Қазақстандағы аштық құрсауында
қалған бірден – бір губерния еді. Ұзақбай аштықтан қырылып жатқан ауылдарды өз көзімен көрді. 1922
жылдың 1 қаңтарынан 15 мамыр аралығында «АРА» ұйымына өкіл ретінде жіберіліп, губернияны жайлаған
аштықты ауыздықтауға қатысады. Әлсіздердің қолындағы арық – тұрық бар малдарын күштеп тартып алған
қарақшы топтарды жоюға, дер кезінде аштардың тамақтанып, дәрігерлік көмек алуына жәрдемдесті.
Ал, 21 сәуір күні әйелі Әйіш «халық жауының» әйелі болғандықтан тұтқындалып, 8 жылын АЛЖИР-де
өткізіп, тек 1946 жылы ғана босап шықты. Бостандықта да қуғыннан құтыла алмай Қарақалпақстанға кетуге
мәжбүр болды. Ұзақбайдың өзінің және бауырына басқан інісінің ұл-қыздары Бостан, Марат, Ақтөре,
Кәбира, Орынша «халық жауының тұқымдары» ретінде көп жылдар бойы қуғын-сүргіннен құтыла алмады.
Кәбира КазГУ-дің химия факультетінде оқып жүргенде, өмірбаянына «әкем халық жауы боп сотталған» деп
жазғаны үшін оқудан шығарылыпты, Ұзекеңнің көзін көрген жанашыр жандардың көмегімен КазПИ-дің
химия-биология факультетін бітірген. Сол жылдардағы отбасының, әулетінің басындағы ауыр жағдайлар
Орынша апайдың «Тағдыр» кітабында егжей-тегжейлі баяндалған. Ел оны «ақсақал» дейтін Ол өз өмірін
қазақ елінің мемлекеттілігін нығайту, өндірісін өркендету, халықтың әл-ауқатын арттыру, ғылым-білімін
дамыту, жас кадрларын тәрбиелеу жолына арнады. Көп жыл КазПИ-де ректор болған экономист-ғалым,
Қазақ ССР Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті С.Толыбеков өз естелігінде: «Ұзекең бойы
еңселі, толық келген, қараторы жүзді, кең маңдайлы, шашын қырғызып тастап жүретін кісі болатын. Мінезі
де сабырлы, асығыс іс істемейтін, жұртқа қадірлі, ақылды адам еді. Жұрт оны құрметтеп сол кездің өзінде
«елдің ақсақалы» деп сыйлаушы еді» деп жазды. Ал, белгілі тарихшы-ғалым, профессор Талас Омарбеков
«Халқымызға еңбегі сіңген айтулы қайраткерлеріміздің еңбегін зерттеп, зерделеу мәселесін қайта қарап,
қайта бағалап жатқан тұста Ұзақбай Құлымбетовтің өмір жолын жастарға өнеге етуге әбден болады. Ол -
қарапайым қазақ шаруасының отбасында дүниеге келіп, мемлекет басшысы деңгейіне дейін көтерілген жан.
Оны Т. Рысқұлов, О. Жандосов, Н. Нұрмақов сияқты қайраткерлердің қатарына қосу керек».
Елін сүйген, елі үшін күйген ерлердің есімі ел жадында. Заман көші ілгері жылжыған сайын сол бір
зұлмат жылдар құрбандарының ардақты есімдері бүгінгі ұрпақтың жадына жаңаланып, дараланып еске
түсіріліп отыруы -уақыттың бір талабы да. Сондай ардақты есімнің бірі, біз айтқан - Ұзақбай Құлымбетов.
Ұлттық мүддені бәрінен жоғары қойған, ұлтжандылығы халқының қамымен ұласқан қайраткер ұрпағының
жадынан да, ғылыми танымынан да мәртебелі орын алуға әбден лайық.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қарабалина - Қазыбаева О., Мырзабай Б. «Ұзақбай Құлымбетов: естеліктер, зерттеулер, мақалалар
және ғұмырнамалық хикаят» - «NOBEL» баспаханасы, 2016 ж – 450 б.
2. Өтеміс И. Құлымбетовты ұлықтау – өз тарихыңды ұлықтау...//Ақтөбе газеті 2016 жыл 26 қараша – 30
б.
3. Өтеміс И. Қазақтың Құлымбетовын ескерусіз қалдырғанымыз қалай? // Ақтөбе газеті 2016 жыл 11
қазан – 27 б.
4. Бекжанұлы Е. Елі барда Құлымбетов ұмытылмайды. // Ақтөбе газеті 2011 жыл 6 қыркүйек – 20 б.
28
ЕЛІ АРДАҚТАҒАН АСЫЛ АЗАМАТ
Ақтөбе қаласы
Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Едиман Венера Едиманкызы
Қазақ тарихының беттеріндегі адамзат баласының есінен кетпейтін қастерлі парақтардың бірі-
отызыншы жылдардағы зобалаң уақыт. Кеңестік дәуірдің «зымиян саясаты» болып саналатын бұл уақыттың
ұлт зиялыларының өміріне балта шапқан әрекеті қолына қалам ұстаған жандардың есінен бір сәт шыққан
емес. Олай дейтініміз, естіген құлақ түршігетін «зымиян саясаттың» қанды құрығына іліккен азаматтар –
ұлтымыздың маңдайына біткен марғасқалары мен жақсылары.
Елім деп жылап туып, елім деп жылап өткен дарабоз тұлғалар. Туған ел үшін, туған жер үшін, туған
Отан үшін олар жасап кеткен игілікті істердің барлығы – кешегі өткен тарих пен бүгінгі тарихтың
сабақтастығы.Уақыт тілі ілгері жылжыған сайын отызыншы жылдардың құрбандарының ардақты есімдері
бүгінгі ұрпақтың есіне жаңаланып, дараланып еске түсіріліп отыруға тиіс. Елін сүйген, елі үшін күйген
ерлердің есімі ел жадында. Солардың бірі – қазақтың қайсар ұлы – Ұзақбай Желдірбайұлы
Құлымбетов.«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді». Бұл сөз мәйегін мәнерімен ұстаған
қазақтың аталы сөзі. Небір хас таланттарды дүниеге әкеліп, тал бесігінде әлдилеп тербеткен Ақтөбе
өлкесінің перзенті Ұзақбай Құлымбетовтің қызмет жасаған ортасы – кілең білімділер мен біліктілердің
шоғыры. Жастайынан дүние дүрмегіне ширақ көзбен қараған өжет мінез иесін арманның биігіне шығарған
– оның мұқалмас жігері. Шарболаттай рухын шыңдаған төс пен балғаның ортасында өткен заман
қайшылығы.
Бүгінде аты тарихта қалған Ұзақбай Құлымбетовтің туған топырағы-Ақтөбе жері. 1891 жылдың 18
нау¬ры¬зында Ырғыз уезінің Аманкөл болысында жарық дүниенің есігін ашқан болашақ қайраткердің
алғаш білім алған шаңырағы – ауылдық жердегі мұсылмандық мектеп. Сегіз жасында сауатын ашқан
табанды баланың білім көкжиегін одан әрі кеңейтуіне көмектескен әкесі Желдірбай. Сұңғыла әке
перзентінің тілегін қанағаттандырып, Ырғыздағы екі класстық қазақ-орыс училищесіне оқуға береді. Ұстаз
сабағы зерделі шәкірттің орыс тілін жақсы меңгеріп, үздік оқуға ықпал жасаған бір мүмкіндік.
А.Т.Афанасьев, П.Т.Матвеев, Бөлебай Сарыбатыров сынды ұстаздардан тәлім алған талапкер көкжиегі кең
білімнің алысқа, ұзаққа адастырмай апаратын темірқазық жұлдызы екенін іштей сезген.
1910 жылы оқуын үздік бітірген Құлымбетовтің педагогикалық кеңестің шешімімен Ақтөбедегі
педагогикалық курсқа жіберілуі – болашақ мемлекет қайраткерінің жанған жұлдызды сәтінің бір еді. Кісі
есігінде жалданып, күйбең тіршіліктің құрбаны болған әке тағдыры, сол тағдырды бастан кешірген
отбасының өмірі жарқын күндерге ұмтылған намысқой баланы қай кезде де ойдың мұхитына батыратын.
Үлкенді-кішілі білім шаңырақтарынан алған рухани азығы жалындап жанып тұрған жігітке күш-қуат берді.
Зерек көңіл уақыт ағысымен болып жатқан қоғам бетіндегі аумалы-төкпелі заманды көрді. Өмір мұхитында
аласапыран дәрменсіз күй кешкен қарапайым халқының ауыр халі толғандырды. «Күштінің құйрығы
диірмен тартқан» дәуірдің ақжал толқындарына туған елінің тағдыры көміліп кетпей, аман қалса екен деп
тілекпен белін буды. Мақсаты – елді сауаттандырып, көкі¬рек-көзін ашу, қоғамда болып жатқан
құбылыстарды жете түсіндіру. Бала тілегіне сенім артқан туған әкенің, жанашыр ағайынның, ауылдағы
ұстаздардың үмітін ақтаған Құлымбетов Ақтөбедегі педагогикалық курсты бітіріп, 1912 жылы туған ауылы
Сасықкөлге оралады.
1918 жылдың аяғына дейін Торғай, Ырғыз уезінің шалғай жатқан ауылдық мектептерінде оқытушы
болып жұмыс жасайды. Білім жолында жүрген жас жігіттің өмірге деген көзқарасы өзгеріп, болашақта ел
игілігі үшін үлкен жауапты істерге қатысып, өзінің азаматтық позиция¬сын көрсету қажеттігін түсінеді.
Толғамды ойлар, жаңа көзқарас, зия¬лы ортада қалыптасқан соң Ұзақбай Желдірбайұлын Ырғыз өңірін
кеңестендіру жұмыстарына қатысуға ықпал жасайды. Оған сенім артқан басшылық Ырғыздағы Кенжеғара,
29
Тәуіп болыстарын кеңестендіру жұмыстарына, ауылдардағы бас¬қарудың жаңа халықтық жүйелерін құрып,
ескі әкімшілік орындарын жоюға өкіл етіп жібереді. Өзіне тапсырылған жауапты жұмысты жеделдетіп,
тиянақты орындағаны үшін Құлымбетов Ырғыз уездік Атқару комитетінің мүшесі болып сайланады.
Жылтыр бойында ақтармен болған шайқастарға қатысып, дұшпанның кім екенін түсінеді. Тиянақты білім
алып, елімнің бір қажетіне жарасам деген жалынды жастың шынайы бейнесін мына бір тарих үзігінен көруге
болады: «Ұзақбай Құлымбетов контр-революцияшыл ақтардың, Кеңес үкіметіне қарсы қарақшылардың
қалдықтарын құрту, ревком уәкілі ретінде елді, аймақтарды кеңестендіру, қару-жарақ жинау барысында
көптеген жұмыстарды тындырды. Оның ерекшелігі – қолға ал¬ған ісін тиянақтап, аяғына дейін жет¬кізу,
қалың қауыммен тығыз байланыста болу, оны сендіре білу, оған сену, шапшаңдық кеңесшілдік, туралық
және әділдік. Ревком мүшелері, коммунистер Ұзақбайдың партия ісіне қалтқысыз берілгендігіне көзі жетіп,
оны РК(Б) қатарына алуды қажет деп тапты. Оның да ойы осы деп» жазылды «Үш ғасыр перзенттері» атты
кітапта (авторы Зәкіратдин Байдосұлы).
ЕЛІНІҢ ӨРКЕНДЕУІН КӨЗДЕГЕН ЕЛ АҒАСЫ
Ақтөбе қаласы
Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қади Күнсая Тәңірбергенқызы
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ жері толығымен Ресей құзырына өтіп әдебиет тарихында
«зар заман» атауымен белгілі дәуір басталды. Оның әкелген ауыртпашылығы мен кереғарлықтарын ұлы
Абай Абай Алтайдан Алатауға дейінгі қалың елі жақсы мен жаманды айырудан қалғанын көрсе, Алаш
қозғалысының басшылары туған халқын оятуды ұлттық идея биігіне көтерді. Қоғам өміріндегі осынау
ізденіс пен іркіліс көзіқарақты ешкімді айналып өтпеді. Заманымен бірге есейген, қуа¬нышы мен
қасіретін теңдей көр¬ген тұлғалардың бірі Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетов еді. Ескі мен жаңаның,
отарлау мен ағартушылықтың ымырасыз күресі басталған тұста – 1891 жылы Ыр¬ғыз даласының
Аманкөл болысында дү¬ниеге келген Ұзақбай Құ¬лымбетов қиын-шылық пен кү¬реске, жеңіс пен
шегініске то¬лы тағдыр жолын бастан кешті.
Ақтөбе өңірінде мұғалімдік қызметті бастаған кезінен-ақ өзінің халқына қызмет етуді биік мақсат
ретінде қойған адам. Қазан төңкерісінен қалыптасқан ахуалда ол жергілікті халықтың мүддесін қорғап,
орыстың қызыләскер отрядтарымен, командирлерімен текетіреске барған, сол үшін түрмеде де отырып
шыққан.
Осындай мемлекет басшысына лайық іскерлік қасиеттеріне қоса Ұзақбай Құлымбетов өмірде өте
қарапайым, қайырымды, жоқ-жітік, кедей-кепшіктерге жаны ашығыш жан болыпты. Қызы Орынша
Қарабалина-Қазыбаева өз естелігінде былай деп жазады: «Мемлекеттік мәселелермен ел ішінде жиі
болатын әкем барған жерінен үйсіз, күйсіз балаларды алып келіп, қашан тиісті жерге орналастырғанша
үйде ұстайтын. Оларды жуындырып, шайындырып, бағып-қағып жүретін анамыз қанша қиын болса да
әкемізге қарсы келмейтін». Қазақстан тарихының трагедиясы болған 1930-1932 жылдары аштыққа
ұшыраған адамдарға қанатымен су тасыған қарылғаштай жақсылық жасауға ұмтылған, сөйтіп Алматыда
аштарға арналған асхана аштырған да Ұзақбай екендігі архив құжаттарында сақталып қалған.
Ол өз өмірін қазақ елінің мемлекеттілігін нығайту, өндірісін өркендету, халықтың әл-ауқатын
арттыру, ғылым-білімін дамыту, жас кадрларын тәрбиелеу жолына арнады. Көп жыл КазПИ-де ректор
болған экономист-ғалым, Қазақ ССР Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті С.Толыбеков өз
естелігінде : «Ұзекең бойы еңселі, толық келген, қараторы жүзді, кең маңдайлы, шашын қырғызып тастап
30
жүретін кісі болатын. Мінезі де сабырлы, асығыс іс істемейтін, жұртқа қадірлі, ақылды адам еді. Жұрт
оны құрметтеп сол кездің өзінде «елдің ақсақалы» деп сыйлаушы еді» деп жазды. Ал, белгілі тарихшы-
ғалым, профессор Талас Омарбеков «Халқымызға еңбегі сіңген айтулы қайраткерлеріміздің еңбегін
зерттеп, зерделеу мәселесін қайта қарап, қайта бағалап жатқан тұста Ұзақбай Құлымбетовтің өмір жолын
жастарға өнеге етуге әбден болады. Ол – қарапайым қазақ шаруасының отбасында дүниеге келіп,
мемлекет басшысы деңгейіне дейін көтерілген жан. Оны Т.Рысқұлов, О. Жандосов, Н. Нұрмақов сияқты
қайраткерлердің қатарына қосу керек». Танитын, танымайтын жұрт бір-біріне «қандай мәселе бойынша
қиналсаң да ақсақалға бар, ол ешкімнің меселін қайтармайды» дейді екен. «Халық жауының» әйелі
болғаны үшін ғана 8 жылын түрмеде өткізген Әйіш апамыз күйеуі ақталмай тұрған кездің өзінде жарына
деген адалдығынан айнымай «Менің Ұзақбайымның жүрегінің әрбір соғысы елім, халқым деп соғатын»
депті.
Ал, жүрегі елім, халқым деп соққан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ халқының
қайсар ұлы, ұлтының үлкен тұлғасы Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетов репрессияға ұшырағанда небәрі
47 жаста еді...
«Күштінің құйрығы диірмен тартқан» дәуірдің ақжал толқындарына туған елінің тағдыры
көміліп кетпей, аман қалса екен деп тілекпен белін буды. Мақсаты – елді сауаттандырып, көкі¬рек-көзін
ашу, қоғамда болып жатқан құбылыстарды жете түсіндіру. Бүкіл қажыр-қайратын қазақты еңселі ел етуге
жұмсап, адамдық қалпынан, тұлғалық қасиетінен таймаған ұлтының адал перзентінің шын мәнінде
лайықты дәрежеде ұлықталар сәті алда деп сенемін. Көрнекті мемлекет қайраткері, кезінде қарапайым
ауыл мұғалімінен республика Үкіметінің басшысы дәрежесіне дейін көтерілген есіл ер есімі ел жадынан
ешқашан ұмытылмақ емес.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Қарабалина -Қазыбаев О., Мырзабай Б. «Ұзақбай Құлымбетов: естеліктер, зерттеулер мақалалар
және ғұмырнамалық хикаят» - «NOBEL» баспаханасы, 2016 ж. – 450 бет
2. Өтеміс И. Құлымбетовты ұлықтау – өз тарихыңды ұлықтау...//Ақтөбе газеті 2016 жыл 26 қараша –
30 б.
3. Бекжанұлы Е. Елі барда Құлымбетов ұмытылмайды. //Ақтөбе газеті 2011 жыл 6 қыркүйек – 20 б.
4. Бекарыстан М. Халық жадындағы Ұзақбай. // Ақтөбе газеті 2016 жыл 24 қараша – 35 б.
31