The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Алтын сақа, І кезең, 6 сынып, 2022-2023

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by ekbgoo.gov.kz, 2022-11-22 22:13:03

Алтын сақа, І кезең, 6 сынып, 2022-2023

Алтын сақа, І кезең, 6 сынып, 2022-2023

«Алтын сақа»
математикалық олимпиадасы

6 сынып
І кезең
2022-2023 оқу жылы

Аты-жөні: Мектебі: Сыныбы: .
Тел. нөмірі: +7 .
Ата-анаңыздың тел. нөмері: +7

Барлығы 100 ұпай, уақыты 60 минут

І. Таңдау сұрақтары (Әр тапсырма үшін берілген төрт жауаптың біреуі ғана
дұрыс). (10 × 5 = 50 ұпай)
1. 2, 5 және 9-ға бөлінетін ең үлкен үш таңбалы санның цифрларының қосындысын
есептеңіз.

A. 9 B. 15 C. 18 D. 27

2. Мақсат 5 күнде 115 есеп шығарды. Ол күн сайын алдыңғы күнгісінен 7 есеп аз

шығарып отырса, соңғы күні неше есеп шығарды?

A. 37 B. 23 C. 9 D. 7

3. “Алтын сақа” олимпиадасына 120 оқушы қатысты. Оның ішінде қыздарға

қарағанда ұлдар 3 есе көп болды. Олимпиадаға неше ұл қатысты?

A. 30 B. 120 C. 40 D. 90

4. “Зерделі” сөзіндегі дыбыстардан 1 дауысты және 1 дауыссыз дыбыс таңдап, неше
сөз құрастыруға болады? (Сөздің мағынасы болуы міндетті емес).

A. 8 B. 12 C. 24 D. 16

5. Ағайынды Самат пен Мараттың ақшалары бар. Егер Самат Маратқа өз

ақшасының 25%-ын берсе, олардың ақшалары теңесер еді. Саматтың ақшасы

Мараттың ақшасынан неше пайызға артық?

A. 100% B. 75% C. 50% D. 25%

6. А нүктесінің координатасы −100-ге тең, ал В нүктесінің координатасы 100-ге

тең. Қоян алдыға 6 бірлік немесе артқа 5 бірлік ғана секіре алады. Қоян А нүктесінен

В нүктесіне ең кем дегенде неше рет секіріп бара алады?

A. 34 B. 35 C. 36 D. 37

7. Екі қатар тұрған санның ЕҮОБ мен ЕКОЕ-сінің қосындысы 133-ке тең. Осы екі

санның қосындысы нешеге тең?

A. 7 B. 23 C. 25 D. 134

8. Екі айлақтан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы катер мен сал шықты. А

пунктінен шыққан катер 5 сағаттан кейін салмен кездесті және кездескеннен кейін

1 сағатта В пунктіне жетті. Катер В пунктіне жетіп, бөгелместен кері қайтты. В

пунктінен кері шыққан катер салды қанша уақыттан кейін қуып жетеді?

A. 30 минут B. 40 минут C. 50 минут D. 60 минут

9. Zerdeli мектебінде өткен спорттық жарыста әр сыныптан командалар қатысты.

Zerdeli мектебінде 217 ұл бала және 155 қыз бала оқиды. Барлық командада ұлдар

саны және қыздар саны тең болды. Әр командада неше бала болды?

A. 12 B. 17 C. 20 D. 31

10. 15-ке бөлгенде бүтін бөлігі мен қалдығы тең болатын барлық сандардың
қосындысын табыңыз.

A. 1350 B. 1500 C. 1680 D. 2022

ІІ. Бос орын толтыру сұрақтары (Тапсырма соңында қалдырылған бос орынға тек

дұрыс жауабын жазсаңыз жеткілікті). (10 × 5 = 50 ұпай)

1. Саматтың жасының жартысына 5 жыл қоссақ, оның 12 жыл бұрынғы жасы

шығады. Самат биыл неше жаста? [ ]

2. △ логикалық амалы келесідегідей есептеледі: △ = ( + ) ∙ 2. -ның

қандай мәнінде 6 △ ( △ 9) = 64 болады? [ ]

3. Есептеңіз: 1 + 1 − 56 = [ ]
6 337
4. Тізбектей 5 натурал сан жазылған. Осы сандардың ең үлкені мен ең кішісінің

айырмасын осы екі санның қосындысына көбейткенде 400-ге тең болды. Осы 5

санның қосындысын есептеңіз. [ ]

5. Асқар Zerdeli мектебіне әр аптаның жұп (сейсенбі, бейсенбі, сенбі) күндері барып

отырды. Ал Әли айдың жұп күндері (2-сі, 4-і, ...) барып отырды. Егерде қандайда

бір айда Асқар мектепке 12 рет, ал Әли 15 рет барған болса, онда екеуі бірге неше

рет барды? [ ]

6. (1 + 1) ∙ 1011 + 3 = 6,5 теңдеуін шешсек, = [ ]
2023
2022
7. Шаршының әр қабырғасын 6 см-ге арттырғанда, ауданы 228 см2-қа артты.

Шаршының бастапқы ауданы нешеге тең? [ ]

8. Егер Асқар велосипедпен 10 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын болса, онда

межелеген жерге 13:00-де барады. Егер 15 км/сағ жылдамдықпен қозғалса, 11:00-де

барады. Сағат 12:00-де бару үшін қандай жылдамдықпен қозғалу керек? [ ]

9. Zerdeli мектебінде бір сыныпта 30-дан көп бала болмауы керек. Осы мектепте

оқитын Ерасыл дене шынықтыру сабағында алдында тұрған балалар саны артында

тұрған балалар санынан 3 есе көп екенін байқады. Ерасылдың сыныптасы

Нұрланның алдында тұрған балалар саны артында тұрған балалар санынан 4 есе кем

екенін байқады. Олардың барлығы бір қатарда тұрған болса, Ерасыл мен

Нұрланның арасында неше бала тұр? [ ]

10. Асқар ойын тасын екі рет лақтырды. Сонда ойын тасы бірінші рет түскенде,

бүйір жағындағы сандардың қосындысы 12-ге тең, ал екінші ретте 15-ке тең болды.

Ойын тасында 3 санына қарама-қарсы қай сан жатыр? (Ойын тасының алты жағына

1, 2, 3, 4, 5, 6 сандары кездейсоқ ретпен жазылған). [ ]


Click to View FlipBook Version