The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by ademaazamat2645, 2023-11-21 01:27:49

5CB42135-6B71-4672-8D5C-5B2221C54BDA

5CB42135-6B71-4672-8D5C-5B2221C54BDA

Арнайы педагогика


Арнайы педагогика Оқу құралы Алматы-2023


Кіріспе: Қазіргі таңда білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осы категориядағы тұлғалардың білім алудың теориясы мен тәжірибесі ғылыми тұрғыдан қарастырылады. Заманауи талаптарға сай қазіргі кезде «білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар» - деген термин кеңінен қолданыла бастады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында - денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беру оқу бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламасын қажет ететін адамдар (балалар) деп көрсетілген. Алайда бұл терминнің мәні өте ауқымды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ОЭСР) елдері ұсынылған анықтамаларға сәйкес қарастыратын болсақ, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды ары қарай келесі топтарға бөлеміз: - мүмкіндіктері шектеулі балалар: көру, есту, сөйлеу бұзылыстары, тірек-қымыл аппараты зақымдарған, зиятының жетіспеушілігі бар – яғни білім алудағы қиындықтары органикалық бұзылыстарымен байланысты; - балалардың білім алудағы қиындықтары мінез құлықтық, эмоционалды жетіспеушілігіне және әр түрлі қолайсыз жағдайлардан пайда болады – әлеуметтік, тәрбиелік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық, мәдени себептер. Ұсынылған оқулықта біз «білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар» және «мүмкіндігі шектеулі балалар» деген терминдерді қатар қолданамыз. Өйткені дәстүрлі арнайы педагогикада мүмкіндігі шектеулі топтағы балалармен жұмыс жүргізудің негіздері қарастырылса, инклюзивті білім беруде барлық аталған топтарды да аа


1. Арнайы педагогиканың пәні, нысаны, мақсаты мен міндеттері 2. Арнайы педагогиканың негізгі түсініктері 3. Арнайы педагогиканың салалары 4. Арнайы педагогиканың әдістері АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ § 1. АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК Көптеген жылдар бойы арнайы педагогика саласындағы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды зерттеу, оқыту мен тәрбиелеу мәселесі басқа ғылыми салалармен бірігіп қарастырылып келеді. Психикалық дамудың кешеуілдеуі зерттеулерде клиникалық, психологиялық және педагогикалық тұрғысынан зерттелген. ХХ ғасырда екі ғылымның: арнайы педагогика мен арнайы психология саласының бағыттары дербес дами бастады. Арнайы педагогика аралас ғылымдармен, соның ішінде медицинамен, арнайы психологиямен тығыз байланыса отырып, педагогикалық ғылымның бір саласы ретінде қарастырылды.


Арнайы психология зақымдалған психикалық ерекшеліктерін, оның ішінде себептерін, оның мәнін, заңдылықтарын, танымдық әрекеттері мен эмоциялық-ерік саласын, тұлғалық дамуын зерттейді. Арнайы педагогика жалпы педагогиканың құрамдас бөлігі бола отырып, оның бір саласы ретінде дене және психикалық дамуында кемшілігі бар тұлғаларға арнайы білім берудің теориялық және қолданбалы аспектілерін құрастырады. Қазіргі уақытта халықаралық педагогикалық теория мен практикада «арнайы педагогика» мен «арнайы білім беру» атаулары қатар қолданылады. Бұл атаулар әлемдік білім беру жүйесіндегі гуманистік көзқарастар бойынша «коррекция», «қолдау» түсініктерімен сәйкес келеді. Ағылшын тіліндегі «special» атауының түп-тамыры бойынша «ерекше, жеке» деген ұғымды бере отырып, арнайы педагогиканың жеке түрдегі бағытын анықтайды.


Компенсация Компенсация – (лат. compensatio - өтеу, теңдестіру, толықтыру, орнын басу) - организмнің бұзылған немесе толық дамымаған қызметтерін алмастыру, толықтыру немесе қайта құру. Бұл жүре иеленген немесе туа біткен кемістіктердің нәтижесінде пайда болған организмнің күрделі, әр алуан үрдісі. Әлеуметтік бейімдеу Әлеуметтік бейімдеу – нысаналы әлеуметтік және медициналықпедагогикалық түзету арқылы қолдау процесінде кемтар балалардың қоғамда қабылданған құндылықтарды, мінез-құлық ережелері мен нормаларын игеруі мен қабылдануы және еңбекке даярлануы жолымен әлеуметтік орта жағдайларына белсенді түрде икемделуі


Коррекция – (лат. correctio - түзеу) – балалардың психикалық және дене дамуының кемшіліктерін түзетуге немесе оның салдарын жеңілдетуге бағытталған педагогикалық шаралар жүйесі. Коррекция Реабилитация – бұзылған функцияларды медициналық, әлеуметтік, білім беру тұрғысынан қайта қалыпқа келтіру процесі. Реабилитация Абилитация Абилитация – ерте жастағы балалардың дамуындағы функцияларды қалыпқа келтіру.


3. Логопедия – сөйлеу тілінің кемшіліктері туралы ғылым, сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді анықтаудың әдістері мен алдын алу шаралары арқылы арнайы оқыту және тәрбиелеумен айналысатын арнайы педагогиканың бір саласы. 2. Тифлопедагогика – көру қабілеті бұзылған тұлғаларға білім берудегі ғылыми білімдердің жүйесін анықтайтын арнайы педагогиканың бір саласы. 1. Сурдопедагогика – есту қабілеті бұзылған тұлғаларға білім берудегі ғылыми білімдердің жүйесін анықтайтын арнайы педагогиканың бір саласы.


5. Коррекциялық педагогика – жалпы білім беру бағдарламасын игеруде қиындықтар туындайтын, психикалық дамуының тежелуі байқалатын тұлғаларды оқыту және тәрбиелеумен айналысатын арнайы педагогиканың бір саласы. Бұл терминнің қолдануында шатасулар жиі кездеседі, өйткені кейбір әдебиеттерде «коррекциялық педагогика» терминінің «арнайы педагогика» ұғымының синонимі ретінде қолданылады. 4. Олигофренопедагогика – ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесімен айналысатын арнайы педагогиканың бір саласы. Осы төрт негізгі бағыттан басқа қазіргі уақытта арнайы педагогика келесі бөлімдері бар:


Назарларыңызға рахмет!!


Click to View FlipBook Version