Тақырыбы : ОМЖ,ҰМЖ, ҚМЖ
сабақтастығы
Оқу жоспары – оқу орындарында пәндерінің құрамын,
оқу жылы бойынша өту тәртібі мен бірізділігін, әр оқу
пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының
құрылымын белгілейтін құжат. Оқу жоспары оқу
орнының мақсат-міндетіне сай жасалады. Оқу
жоспарында көрсетілген білім бағыты мен сипаты оқу
бағдарламалары мен оқулықтарда айқындалады.
Оқу жоспары – оқу жылының, тоқсандардың, демалыс
күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің
тізімін, әрбір оқу жылы (сыныптар) бойынша оқу
тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде
және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың
мөлшерін анықтайтын нормативтік құжат
Сабақ жоспары жасалатын мақсатты мерзіміне
қарай 3-ке бөлінеді:
Қысқа мерзімді жоспар – ҚМЖ (күнделікті сабақ
жоспары);
Орта мерзімді жоспар – ОМЖ (белгілі бір тарауға
немесе көлемді тақырыпқа байланысты жасалуы
мүмкін);
Ұзақ мерзімді жоспар – ҰМЖ (тоқсанға немесе
оқу жылына жасалуы мүмкін).
Ұзақ мерзімді жоспар және оның құрылымы
Ұзақ мерзімді жоспар білім беру деңгейі бойынша
барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп,
олардың жалпы ережелерін анықтайды. Ұзақ
мерзімді жоспар оқу бағдарламасының элементі
ретінде оқу жылына арналған тақырыптар мен
бөлімдерді анықтайды. Ұзақ мерзімді жоспар белгілі
бір бөлімнің/бөлімшенің/тақырыптың аясына
қажетті оқу мақсатын қамтиды.
Орта мерзімді жоспар және оның құрылымы
Орта мерзімді жоспар дегеніміз - әр мұғалім әр сыныпқа өз бетінше
жоспарлау үшін қолдана алады. Тізбектелген сабақтардың орта мерзімдік
жоспарындағы жеке сабақтың оқыту мақсаттары мұғалімнің оқушыларға
нені үйретуге ұмтылатынын анықтайды. Осы орайда сабақ берудің және
оқытудың мақсаттарында мынадай сұрақтар қамтылуы тиіс:
Сіздің көзқарасыңыз бойынша оқушылар қандай білімді меңгерулері тиіс?
Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері тиіс?
Оқушылар тарапынан қандай сұрақтарды зерттеп және оған талдау
жасаулары тиіс?
Оқытудың нәтижесі сабақта оқушыларды оқыту үшін қойылған мақсат
жетістікке жеткізетіндей сәтті түрде жоспар құрылды ма, сол туралы
ақпараттар береді.
Қысқа мерзімді жоспар және оның құрылымы
Ал, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың негізгі міндеттеріне келсек:
сабақтың тақырыбын анықтау;
әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;
оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдану;
тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша түрлі жұмыс түрлерін
дайындау;
төрт дағдыны қалыптастыру үшін ұсынылатын оқу материалдарымен
ресурстардыоқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алу;
уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру;
жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін рефлексия ұйымдастыру.
сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау;
оқушыларға өзін-өзі тексеруге және бағалауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
дайындау;
тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасын әзірлеу.
Қысқа мерзімді жоспар мұғалімге сабақты тиімді құруға
көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктеп алуы
керек.Әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген
жерлерін анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасап отыруы керек.
Қысқа мерзімді жоспарды құрған кезде мұғалім төмендегі ұсыныстарды басшылыққа
алуына болады:
- сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу
мақсаттарын басшылыққа алу қажет;
- сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы
мақсаттар қою;
- орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді,
ресурстарды мұқият зерделеу