ЕСКЕНДІР ПОЭМАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
Әңгімеде жауыздыққа жетелейтін тойымсыздық екенін көрсете келіп, әділдік, даналықты соған қарсы қояды. Қақпа мен адамның көз сүйегін символ ретінде алады да, ол жұмбақтарды ақылға шештіреді. «Бұл — адам көз сүйегі», — деді ханға. Тоя ма адама көзі мың мен санға? Жеміт көз жержүзіне тоймаса да, Өлсе тояр, көзге құм құйылғанда. Кәпір көздің дүниеде араны үлкен, Алған сайын дүниеге тоя ма екен? Қанша тірі жүрсе де, өлген күні Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен. Аристотельдің даналық сөзі қанағатсыз Ескендірге ой салады, ол алған бетінен қайтады. Сөйтіп, ақын Аристотельге Ескендірді бағындырып, жауыздықты әділетке жеңгізеді.
Шығыс аңыздарының негізінде жазылған Абайдың гуманистік көзқарасын танытқан көркем шығарма- «Ескендір» поэмасы. Туындының сюжеттік желісі Шығыста қатыгез де, атақты грек қолбасшысы Ескендір Зұлқарнайынның айналасында өрбиді. Сонымен қатар, оның уәзірі, кеңесшісі ғұлама Аристотельдің даналығы арқылы ақынның өзіндік өмірлік ақылы мен кеңесін оқырманға жеткізгісі келді. Автор Ескендірдің баққұмарлығының символы ретінде пайдалынылған көз сүйегінің сырын Аристотель арқылы ашқызады. Ол тойымсыз патшаға бас сүйекті сыйға тарту арқылы құрметсіздік танытты деген пікірін теріске шығара алды. Таразыға тартылған сүйектің барлық асылдар мен бағалы дүниелерден де асып түсуінде үлкен мән жатыр. Сүйектің ауырлығын топырақ арқылы жеңілдетуінде фиолософиялық түйін бар деуге болады. Ашкөздік көзін тұмшалаған Ескендір патшаның надандығы мен ақылсыздығын баяндай отырып, өз қоғамындағы жемқор, арсыз бай-билерді сынағанын байқаймыз. Қорыта келе, ақынның бұл поэмасындағы философиялық түйін-оның үшінші қарасөзіндегі «әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады» деген жолдарына сәйкес келетінін пайымдадым.
Абай суреттеген Ескендір: Македония патшасы Мейірімсіз,тойымсыз Қатал басқыншы Қаһарлы әмірші Қан төккіш патша,жаһангер
Шығыстың Ескендір Зұлқарнайы •Ескендір бейнесі жағымды болып суреттелді. • Он сегіз мың ғаламды билеуші Жер бетінде теңдесі жок ірі батыр,әрі қолбасшы ретінде дәріптелді. * Ақылшысы -Қызыр пайғамбар болды. • Қай қаладан екені айтылмайды
Шумақ саны – 42 Тармақ саны – 168 Буын саны – 3 бунақты Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы (ааба) Шығарманың композициялық құрылысы: 1. Сюжеттің басталуы. Филипп патша қайтыс болған соң Ескендірдің таққа отыруы. Әскер жиып көрші елдерді жаулауы. 2. Сюжеттік байланыс. Елсіз шөлге тап болуы. Өлдім - талдым дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі. 3. Шиеленісуі. Алтын қорған. «Бұл – Құдайға бастайтын қақпа» деп ашпай қоюы. Қақпаның ар жағынан алған сый. 4. Шарықтау шегі. Алғаш сыйдың қу сүйек екенін біліп ашуға булығу. Аристотельдің ақылы. Таразыға түскен қу сүйек. 5. Шешімі. Хакім Аристотельдің жауабы: Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Назарларыңызға рахмет